Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.
Pdf просмотр
бет6/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

ХАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ ТУРАЛЫ

Әдебиетті  әдебиет  тарихы  бойынша  тексергенде  екіге 

бөлінеді. Бірінші, халық әдебиеті

1

, екінші, жазба әдебиет



2

.

Халық  әдебиеті  деп  бір  халықтың  мәдениет  жүзінде  жас 



болып, оқу, оқыту деген нәрселер болмаған надан шағында сол 

халықтың арасында ауыздан ауызға көшіп, бірден бірге қалып ай-

тылып жүрген: өлең

3

, жыр



4

, ертек


5

, мақал


6

, жаңылтпаш

7

, айырым 



бесік жырлары

8

, діндар өлеңдер



9

, үлгілі әңгімелер

10

, жын, шайтан, 



аруақтар туралы айтылған әр түрлі хикаялар

11

, халық дәрігерлігі, 



олардың жері, сиқырлар, албастылар һәм басқа да осылар сияқты 

сөздердің  бірсыпырасы  халық  әдебиетіне  жатады

12,13

.  Халық 



әдебиетінде жоғарғыларды кім айтып, кім шығарғандығы, анық 

иесі мәлім болмайды. Ескі білетін кісілерден кім ұғып жаттап 

айтса,  сол  не  болып,  бірден-бірге  тапсырылып  жүре  береді. 

Ондай белгілі иесі болмаған сөздер жалпы халыққа ортақ мүлік 

есебінде қалып отырады. Сондықтан жоғарғы айтылған адамның 

құлқына, тіршілігіне пайдалы жалпы халыққа ортақ сөздер халық 

әдебиеті деп аталады.

Жазба әдебиет болса, халықтың әлгі мәдениетке аяқ басып, 

араларына өнер-білімнің таралған, сөздің қадірі артқан, іштерінен 

белгілі ақындар, шешендер шыққан шағында, солардың қолымен 

жазып, яки тасқа бастырып шығарған өлеңдері, үлгілі сөздері 

жазба әдебиетке жатады.

Жазба әдебиеттің қайраткерлері туысынан талантты болған, 

маңайындағы  көрінген  түрлі  көрініс,  оқиғаларды  ашық  су-

реттеп отыратын заманның тілшісі болады. Оқымыстылар бір 

халықтың келешектегі болатын бағасын тексергенде, алдымен 

сол халықтың әдебиетін қолға алып қарайды. Бұл халыққа тұлға 

болатын  негізгі  ірі  нәрсенің  бірі  сол  халықтың  әдебиеті  деп 

санайды.


72

Біздің қазақ-қырғыз халқы әдебиетінің тарихын тексерген 

шет жұрттың оқымыстылары қазақ-қырғыз халқының әдебиетіне 

қарап, қазақ-қырғыз халқы өзі тұрғылас халықтардың арасын-

да  әдебиетіне  бай,  басқалардан  бұлардың  болашағы  гүлді, 

түбінде іргелі ел болады деп ой жүргізетін. Һәм біздің өз жа-

зушыларымыз деп қазақ-қырғыз елінің халық әдебиетін басқа 

жұрттың,  халық  әдебиетімен  салыстырып,  халық  әдебиетіне 

баймыз, болашағымыз гүлді деп жобалап қуанатын. Бірақ біздің 

халық  әдебиетіне  баймыз  деп  ауызбен  айтып  құр  жұбанып, 

құр қуанғанымыз болмаса, әлі күнге халық әдебиетін жарыққа 

шығару  туралы  аса  күрделі  іс  істеп  жүргеніміз  жоқ.  Халық 

әдебиеті жиналып, жазылып қағаз бетіне түспесе, бірден бірге 

ауызға тапсырылып жүргенде, қайта жоғалып өшпесе, өнбейді.

Халық әдебиетінің өркендеп дәуірлеген шағы – халықтың 

шаруасы  күйлі,  жері  кең,  үдере  көшіп,  ен  жайлап,  сауық-

сайран, мереке қызықпен күнелткен көшпелі тұрмыста болған 

шақтарында  болды.  Егер  халық  көшпелі  тұрмыстан  қалып, 

отырықшы  тұрмысқа  айналса,  отырықшы  халықтың  кәсібіне 

кіріп, еңбекпен күнелтіп, бос жүретін іссіздікті тастаса, бұрынғы 

ойын-той, сауық-сайран сиреп жоғала бастайды.

Халық бір түрлі тұрмыстан екінші тұрмысқа көшкен соң, 

бұрынғы  тұрмыстың  шағында  қолданған  ғұрып-ғадет,  түрлі 

рәсімдердің  бәрі  де  ескіріп,  тотыға  бастайды.  Осымен  қабат 

бұрынғы сауықшыл кездегі ауыздан ауызға көшіп жүрген өлең, 

жыр, тақпақ, мақал, айтыс өлеңдер сияқты халық әдебиеті де 

тотығып, жоғала бастайды.

Екінші, бөгде, көршілес отырған халықтармен кәсіптері бір, 

қатынасы мол болған соң, олардың салттары да зор әсер беріп, 

бұрынғы  тұрмысы  үсті-үстіне  тотықтыра  бермекші.  Кейінгі 

жаңа буынның жастары жақын, көршілес халықтың салтын әуес 

қылып қолдана бастайды. Ел арасына сыбайлас көрші отырған 

халықтың түрлі рәсімдері, өлең-жырлары тарала бастайды. Міне 

осы ретпен халық бұрынғы кездегі салтынан, қолданып жүрген 

халық әдебиетінен заман өте-өте бүтіндей тотығады. Ескілікті 

өлең-жырларды жаңа буын жастары білмейді.

Аздап  кәріқұлақты  ескі  кісілердің  ғана  жадында  қалады. 

Ондай ескілікті халық әдебиетін әуес қылатын адамдардың өзі 

де ел арасында сирек қалады.


73

Қазіргі  уақыттағы  қазақ-қырғыз  халқының  жалпы  халін 

алсақ, жоғары айтқандарды тап басады. Шет халықтарымен сы-

байлас отырған жердің жаңа буын оқымаған жастары бұрынғы 

уақыттағы:

Ала бием тай табар,

Мінсем көңілім жай табар.

Мен қалқамды сағындым,

Сәлемімді айта бар

14

, –



деп айтатын ескі халық өлеңдерінің орнына:

Ах-ау не дарит, не шумит,

Биуаш гуляйт.

Гуляйт болмасаң черномайт 

Ах-ау не дарит, не шумит.

болмаса:


Люблю, люблю, мамажай,

Люблю тебе айуажай.

Черт тебе ох, милый мой,

Ташкент уезжай.

Міне,  осы  сияқты  іске  аспайтын  өлеңдер  халық  арасына 

сіңіп орын алып, қазіргі күнде бұрынғы тақпақ, үлгілі билер сөзі 

ел арасында атымен жойылып барады деп айтуға болады. Ел 

тағдырын қолына алған пысықша атқамінерлер, аздап шала-пұла 

орысша білетін закүншік болыстар, олардың бәрі де бұрынғы 

үлгілі  сөзді  билердің  орнын  баспақ  түгіл,  казақтың  түзу  екі 

сөзінің басын қосып сөйлей білмейді.

Ел арасында халық әдебиетінің көмескілене бастауына екі 

күшті  себеп:  соғыс  әлегі

15

,  ашаршылық  апаты  болды



16

.  “Бір 


күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама”, – дегендей шаруасы 

күйзеліп, естен тандырып бас көтерместей қылып кетті. Талас 

жоқ,  қашан  да  болса  халықтың  шаруасы  күйзеліп,  тұрмысы 

нашарласа,  халық  әдебиеті  көмескіленіп  жоғала  бастайды. 

Сондықтан халық әдебиетін жинап, жарыққа шығаруды мақсат 

қылушылар ел арасында халық әдебиетінің із-түзі бар кезінде 

жинап қалуға қам қылу керек. Егер салақтық қылып, ермек еткен 

сияқты оқтын-оқтын үн шығарып, ескі үйреншікті әдетімізге 

салынсақ, біраз жылдың ішінде халық әдебиетінен жұрдай бо-

луымыз айдан анық.



74

Ел арасынан халық әдебиетін жинау туралы бұл күнге шейін 

Түркістан Білім Комиссариатының біраз еңбегі болмаса

18

, жай 



құрғақ сөзден басқа көзге көрінерлік еш нәрсе де істелген жоқ. 

Қазақстан мәтбұғатында

19

 халық әдебиетін жинау туралы 20-



жылы “Еңбек туында”

20

 бір мақала һәм 22-жылы “Бостандық 



туында”

21

 бір-бір мақала басылып еді. Одан бері олардың да 



мәтбұғаты

*

  халық  әдебиеті  туралы  “жым-жырт”  ойлағандай 



болып жатыр. Енді өткенге салауат, бірақ жұрттылығымызды 

ашық көрсетіп халық әдебиетін жинаудың шарасына кірісуіміз 

керек. Меніңше, халық әдебиетін жинауға қолайы бар адамдар 

оқыған шәкірттер болуы. Шәкірттер жаз елдеріне бара алған 

жақтарында халық әдебиетін жинап, керекті тауып пайдалана-

тын, басылып жарыққа шығаратын баспасөз майданына түсетін 

жерге  жеткізуі  керек.  Және  жинаушы  шәкірттердің  аса  күш 

салып жинайтыны ескі, халық арасына өлеңдері кең тараған 

ақындардың өлеңдері, олардың өмірі, қай уақытта болғандығы 

туралы мағлұмат жинауға кірісуі керек. Әсілі ескі әдебиетімізді 

жинауға жас оқығандарымыз күш көрсетпесе, халық әдебиетімен 

аз  жылдың  ішінде  ашық  қоштасамыз.  Мұны  оқыған  сергек, 

әдебиеттің қадірін білетін азаматтар еске алуы өте қажет.

* Мәтбұғат – баспасөз.



75

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ДӘУІРІ 

(Тарихи-әдеби сын)

Қазақ әдебиетінің осы күнгі қалпымен әм келе жатқан бетімен 

таныстығы бар адамдардың біздің әдебиет туралы айтатын әр 

түрлі пікірі бар. Орыс жазушыларының

1

 қысқаша сындарына 



қарағанда  біздің  ескі,  ауызша  әдебиетіміз  бай,  өрнекті,  түрі, 

тарауы  көп  кестелі,  қысқасынан  айтқанда,  қазақтың  даласы 

секілді кең, келешегі көрікті, үлкен, жалпы түрік әдебиетінің 

ішінде үлкен өріс алатын әдебиет секілді көрінеді. Бірақ осы 

жазушылардың айтуына қарағанда, жазба әдебиетіміз әлі іргесі 

нығаймаған,  беті  анықталып  ашылмаған,  белгілі  түрге  түсіп 

қалыптанбаған майысқақ, сынғақ әдебиет деп саналғандай.

Бұл мәселе туралы бізде өз жазушыларымыздың бір жерге 

қойылған пікірі, бір қалыпқа тоқтаған сыны әзірше жоқ. Бірақ 

өткен күннің әдебиетін еске түсіргенде, ескіліктен сол белгіні 

қалдырып кеткен адамды ойлағанда, айтылған өлең, жыр, тақпақ, 

мәтелдердің ауыздан шыққан кезін ойлағанда, бәріміз де өткен 

күннің өнеріне ішімізден бас игендей боламыз, сөзі қалған кісінің 

атын құрметпен атағандай боламыз.

Сөзінен  туатын  мағынасын,  ішіндегі  қайратты  рухы, 

сыртындағы  кестесі  мен  келісімі  өзін  еріксіз  елеткендей 

болады.  Біз  ескі  әдетімізді  сүйеміз,  сүюіміз  дәлелсіз  емес. 

Құрметтейміз, құрметіміз орынсыз емес. Себебі, әдебиетімізде  

өзге  жұрттың ауызша әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр. 

Ауызша әдебиет бір заманда тәртіпті жазба әдебиеттің қызметін 

атқарғандығы білініп отыр. Сол міндетін ұққандықтан ауызша 

әдебиет өз өрісін кеңейтіп әкеткенін көріп отырмыз. Сол ескі 

сөздің ішінде ескі қазақ өмірінің әрбір дәуірі, әрбір мезгілі және 

әрбір жеке-жеке суреттері де айтылған. Мұның үстіне жазба 



76

әдебиетте, классические произведениелерде

2

, кездесетін үлгілі 



мінездер – типтер, ел ішіндегі айрықша таптардың өзгеше пси-

хологиясы да дәл айтылған жерлер бар. Бұның бәрі құрғақ сөз 

болмас үшін, төмендегіше дәлелдерді көрсетпекшімін.

Мысалға  қазақ  өміріндегі  бақташылық  салтты  көрсететін 

атақты  “Қозы  Көрпеш  –  Баян”

3

  өлеңін  алайық.  Мұнда 



бақташылықтан  адамға  жұғатын  теріс  мінез,  сараңдық  (от-

рицательная  черта)

4

  “тоқсан  мың  жылқы  айдаған  бай  болса 



да, үйінде сілкіп салар сырмағы жоқ” Қарабайдың мінезінен 

көрінеді. Қарабайдың мінезі, әдеті, өміріндегі мақсаты өлеңнен 

бастан-аяқ көрінеді. Қарабай – Пушкиннің Скупой рыцарының

5

 



қазақтағы айқын тұрған типі. Бұған қарсы қойылған сол өлеңдегі 

байдың үлгісі, мінездісі – Сарыбай. Бұл да өлеңде бүтін адам 

болып көрінеді.

Бұлардан соңғы тағы сол өлеңдегі өзгеше қызық тип – Қодар. 

Қодарда малшының ең жақсысы қандай болмағы көрінеді, мал 

бағушы елдің арман қылған бақташысы, қиял қылған қайратты 

азаматы көрінеді. Бірақ осымен бірге ең мағыналы жері Қодардың 

пішінінен адам баласындағы ойсыздық, шолақтық, тар ғана бір 

бетпен, малмен бірге мал болып кеткен білімсіздік, надандық 

көрінеді. Өлеңші бұл жерде Қодардың пішініне қарап тұрып, 

қазақ қалпындағы жалпы кемшілікке күлгендігі білінеді. Жасы-

рын мазақ, ащы мысқыл сезіледі. Осы секілді шебер көрсетілген 

үлгілі типтер “Қозы Көрпеште” біреу ғана емес, әлденеше.

Бұл турасынан айтылатын толық сөзді кейінге қойып, екінші 

мысалдарға  келейік.  Қазақ  әдебиетінің  өрнектілігіне  толық 

дәлелдер батырлар өлеңінде де бар. Қазақ батырлары бәрі бір 

қалыпқа соққандай барған жерін қырып келіп, жойып келетін, 

үнемі жолы болып отыратын, хазірет Әли Сейтбатталша

6

 ба-


тыр емес. Бұларда қазақ мінезі түгел бар деуге болады. Қазақ 

батырларындағы  мақсат  –  алдыменен  қаншыл  болу.  Бұның 

мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын. Қобыланды – атаны, руды, 

туысты бел қылған батыр.

“Атадан туған атасыз, атасын сөйлеп не етесіз, анадан туған 

некесіз, некесін сөйлеп не етесіз...” – дегені қазақтың ұғымы, 

қазақ тәрбиесінің ісі...

Қора толған қойымды 

Аш бөріге тастадым.

Азу тісі балғадай 

Жас бөріге тастадым

7

...–



77

дегені бақташы қазақ батырының сөзі. Қобыланды, алдымен, 

қара қазақ; екінші, елшіл болып көрінеді. Және жауы қазақ емес, 

жат болады. Сондықтан бұның жолы болғыш.

Екінші, мұның қарсысындағы – Ер Тарғын. Бұл – қазақтың 

бірлігі кетіп, азған заманының батыры. Арысы мұсылман, берісі 

қазақ ішінен жау тауып, ұйытқы бұзған, шепті жарып, шеңбер 

бұзған батыр. Сондықтан мұның жолы болмайды. Қазақтың жәй 

сылбыр мінезді салғырт батыры:

Атадан кескекті туған аюмын,

Кескілеспей басылман.

Кілегей қара бұлтпын,

Кенет жаумай ашылман.

Түтедей сүйегім қалғанша,

Дұспаным, саған бас ұрман,

Балуан, сұлтан, батыр хан,

Қыларың болса, қылып қал.

Күндердің күні болғанда 

Бас кесермін, жасырман

8

...



Әуелі туысынан бастап сөйлейтін тәкаппар, нағыз қазақ бұл 

сөзінен көрінеді. Қазақ батырының барлығының жайынан айта-

тын сөз. Бәрі де – өзге батырлыққа айналдырған салқын қанды, 

дене қайратынан да жан қайратын артық бағалаған батырлар. 

Сондықтан  бұлардың  ортасынан  орта  ғасырдың  рыцарына 

ұқсаған Тарғын сияқты әйелшілі болса, оның жолы болмаған.

Біздің  әдебиетіміздің  бізге  сүйкімді  жерлері  осындай 

ірі  жерлерінде,  ірі  қалпымен  өзге  жұрттікіне  ұқсамай,  таза 

қазақтікі  болып  шығатындығында.  Біздің  ауызша  әдебиеттің 

бұдан басқа түрлеріне, ұсақ тарауларына келгенде, алдымыздан 

көзді  қуантып,  жайнап  шығатын  асыл  тас  сияқты  қымбатты 

бұйымдары басқа жерде де бар.

Сол ауызша әдебиетте қара сөзбен айтылатын аңқаулықтың 

исі аңқыған қарапайым ертегімен қатар, Сарыарқаның “ақ көде 

малға  шүйгін  шөбі,  кір  жуып,  кіндік  кескен  жері,  көлеңкелі 

ағашы,  қоңыр  желіне”  шейін  шеберліктің  орамына  кіргенін 

көреміз.

Тайлақтың енді аман бол, калған елі,

Арқаның сен де аман бол, қоңыр желі

9

...



Нәзік сезімді әйел заты Ай, Таңсықтың аузына туған елі, өскен 

жерімен қоштасарда, ел қиялының салған сөзі – осылар. Қазақ 



78

даласында ақындықтың тәтті сұлулығынан қой баққан қотыр 

тайлы тазша бала, жар басында жарты лашықтағы сақау қатынға 

шейін құр қалмағандықтан, ел еркесі батыр да, жұрт тұрғысы бір 

төре де құр болмаған. Сондықтан өлеңмен айтқан билік, жыр-

мен айтқан өсиет, тақпақпен айтқан дау бір кезде “татуды араз, 

жақынды жат қылуға” жараса, бір кезде іріген елді біріктіріп, 

іріткішінің шіріген сөзін саф қылуға жараған. Хан, қара, би, 

төре, аламаншыл батыр, жетекшіл қарашы – бәрі де айырмасыз 

кестелі, сырлы сөздің қадірін білімге ұстартып, зейіні ашылған 

европеецтен кем білмеген.

Ескі қазақ баласы, шынында, туған жерде өлеңмен қарсы 

алынып, өлеңмен шығарып салынатын болған. Бұл қазақ рухы-

на анық сіңген мінез еді. Сондықтан қазақтан шыққан ту ұстар 

адамдардың  бәрі  де  өмірінде  кез  келген  ірі  істердің  бәрінің 

жанынан  ақын  рухы  мінген  тұлпары  –  өлеңменен  желдіртіп 

өткенге ұқсайды.

Ол замандағы қазақтың өміріндегі кез келетін қиын асу, тар 

кезеңде жорыққа аттанып, жасанған жаудың қарсысына бару 

болса, Абылайдың

10

 үлкен соғысының біріне бара жатып, керей 



Жәнібектің

11

 өзіне берген батасы мынау:



Қарулы мылтыққа жолықтыр,

Құрсаулы жауға жолықтыр,

Ел сасқандай,

Етек басқандай,

Абылайдың сарт... ашқандай күнге жолықтыр, 

деген. Бұл – асау қанды батыр, тайғақ кешу, тар жолда еліне еңбек 

сіңіруді қиял қылған елшіл аламан сөзі.

Ел өміріндегі үлкен өлім – атақты басшылардың өлімі болса, 

онда да шамырыққан көңілдің шерін сыртқа шығарушы өлең 

болған.


Абылай  өлім  халінде  жатқанда  айтқан  Бұқар  жырау  сөзі 

мынау:


Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай,

Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,

Үш жүздің баласынан үш кісі айтсам,

Қалар да ма екен, жаның-ай!

12

Осы бір ауыз өлеңдегі мағына қанша? Мұнда – Абылайдың 



жауынгерлігі,  жолы  болып,  кезенген  жауын  көп  жеңгендігі, 

елді билеуге шеберлігі, тентек бұзықты тыя білгендігі, ел ішіне 



79

тыныштық орнатқандығы, сол үшін үш жүздің баласының оған 

деген тілегі, құрметі түгел көрінбей ме? Аз сөзде көп мағына 

осыдан артық бола ма?

Әр адамның өз басына кез келген қиын күн – өлім; күні болса, 

оны да өлеңмен қарсы алып және өлім халіне лайықты зарлы 

сарынмен ән шығарып кеткен адамдар біреу ғана емес.

Сыбан Сабырбай ақынның

13

 өлерде шығарған өлеңі мен әні 



қазақ даласында әлі күнге даланың мұңлы күйінің бірі болып 

күңіреніп жүр.

Мінеки,  бізге  ескі  әдебиетімізді  сүйгізетін  себептер  осы 

айтылған секілді мысалдардан туады.

Рас,  өткен  күннің  әдебиеті  біздің  сүюімізді  тілемейді. 

Сүюімізбен семірмейді де түрленбейді. Жек көруімізбен жоғалып 

та кетпейді. Ескі әдебиеттің түрлерін білу, бетін ұғу, ағымына 

түсіну – біздің өзіміз үшін керек. Бүгінгі әдебиетке белгілі жол 

салып, дұрыс бағыт береміз дегенде, жалпы қазақ әдебиетінің 

өткен күнін, бүгінгі қалпын әм келешегін де түгел түсіну керек. 

Сонда ғана әрбір жазушы хақиқатқа жақын сөйлеуі де мүмкін.

Сондықтан  мен  бұл  мақаланы  қазақ  әдебиетінің  қазіргі 

дәуірі деп атасам да, бүгінгіні сынға салу үшін ескілікті айтпау, 

әдебиеттің басын айтпау, бізге атадан қалған дәулетті айтпау 

лайықсыз болғандықтан туып отыр.

Ескіліктен  жоғарыдағы  айтылған  қысқаша  мағлұматпен 

тоқтап, енді жаңа жазба әдебиетке келеміз.

Бұл  күнге  шейін  қазақтың  жазба  әдебиеті  жайынан  сөз 

жазушылардың көбі біздің жазба әдебиетіміздің басы Абайдан 

басталады деп есептейді. Бұл пікір суретті художественная ли-

тература

14

 ретінен қарағанда дұрыс болса да, әдебиет тарихынын 



ретімен қарасақ, үлкен адасқандық болады.

Қазақта  жазба  әдебиет  Абайдан  көп  бұрын  басталған. 

Бұл  есепке,  көбінесе,  дін  мақсұтымен  жазылған  қиссаларды 

кіргізбесек те, айтыс өлеңдерді кіргізбеуге болмайды.

Наурызбай мен Тілеуқабақ қызының айтысуы 

15

, Біржан мен 



Сараның айтысуы

16

 бір жағынан, ауызша әдебиетке кірсе, бір 



жағынан, жартылап келіп жазба әдебиетке кіреді.

Тегінде, қазақтағы айтыс өлеңдер – өзге жұрттың әдебиетінде 

кез  келмейтін,  біздің  әдебиеттің  байлығына  дәлел  болған 

айрықша бір түрі.



80

Айтыс өлеңдерінің ерте күндегілері, ауызша әдебиетке кірсе 

де,  бергі  замандағы  айтыстың  ішінен  ұзақ  әңгіме  тудыратын 

Наурызбай  мен  Біржан  –  Сара  сияқтылары  жазба  әдебиетке 

кіреді.  Екі  кісінің  айтысуынан,  немесе  екі  кісінің  жайынан 

туатын әңгімелер ертерек уақытта ағылшын әдебиетінде Гран-

дисон

17

, Ричардсон



18

, Достоевскийдің

19

, уақыттарында туылған. 



Орыстардың  “Бедные  люди”

20

  деген  кітабында  бар.  Мұндай 



әңгімелерді эпистолярный роман деп атаған. Біздің айтыстардың 

көбі – осы эпистолярный роман

21

 түріндегі өлеңдер.



Сондықтан жазба әдебиеттің әуелгі басына бұл өлеңдер кіруі 

тиіс. Одан беріде жазба әдебиеттің өз міндетін ұға бастап, қазақ 

тұрмысындағы  кем-кетікті  қолға  ала  бастағаны  да  Абайдан 

бұрын басталады. Бұл жағынан қарағанда, Абайдың алдындағы 

адамдар деп Шортанбай

22

, Алтынсарин



23

, Мәшһүр Жүсіп

4

 әм 


Нарманбеттерді

25

 алу керек.



Бұл адамдардың кейбірінің Абайдан жасы кем болғандығын 

есеп қылуға болмайды. Бәрінің жазған сөздеріндегі бетті, белгіні, 

сарынды еске алу керек. Осы соңғы екі сыпатынан қарағанда, 

әлгі төртеуі қазақ әдебиетінің көшпелі дәуірінің ақындары деп 

саналуға тиіс.

Көшпелі деп ауызшадан жазбаға қарай көшкенін айтамыз. 

Мана  сол  замандағы  ой  ойлаған  адамдардың  ойында  болған 

өзгерісті, сөздерінен туған жаңа күйді айтамыз.

Әдебиеттегі бұл көшпелі дәуір қазақтың жалпы тұрмысындағы, 

тарихындағы көшпелі дәуірмен жалғасып келеді. Қол ұстасып 

қатар келді, егіз болып туды деуге болады. Қазақты патша сая-

саты билеп алған, қол-аяғын байлап бағындырып алған, жерін 

алып, өзінің төрелерін қазаққа ұлық қыла бастаған, отаршылдық 

әрекетін күшейте бастаған, дінінен айыра бастаған уақытына 

келеді.

Сыртқы  өмірдің  осы  сияқты  себептерінен  қазақтың  ойы-



на уайым араласқан, көңілі жабығып, қайғы басқан, сөзінен, 

өлеңінен,  әнінен  бұрынғы  билік,  еркелік,  еркіндіктің  бәрі  де 

арыла бастап, оның орнын арман, зар-шер, қайғы басқан.

Сондықтан  әдебиеттегі  көшпелі  дәуір  де  осындай  мұңды 

күйден құралған. Осы ретпен қарағанда Шортанбай жазған “Зар 

заман”


26

 – әдебиеттегі, тарихтағы көшпелі дәуірдің зор айнасы. 

Бұл  өлеңнің  ішінде  қазақ  тұрмысына  жанасқан  кемшіліктің 

айтылмағаны  жоқ  деуге  болады.  Патша  ұлығынан  бастап, 



81

қазақтың өз ішіндегі берекесіздігі, бұрынғы мінезден айыры-

лып бара жатқандығы, дінін жоғалтып, жастарының азып бара 

жатқандығы – барлығы да зарлы сарынмен айтылып өтеді:

Заман қайтып оңалсын,

Адам қайтып қуансын,

Жандарал болды ұлығың.

Майыр болды сыпайың.

Айырылмайтын дерт болды,

Кедейге қылған зорлығың.

Тілмәшті көрдік биіңдей,

Дуанды көрдік үйіңдей.

Абақты тұр қасыңда,

Қазылып қойған көрінбей.

Байлар ұрлық қылады,

Мал көзіне көрінбей.

Билер жейді параны,

Сақтап қойған сүріңдей...–

деген жоғарғы сөздерге дәлел.

Осы сияқты ел уайымының бір жыршысы – Нарманбет. Бұл 

бүгінгі күннің қайғысы қажытқандықтан, өткен күннің қызығын 

көксейді. Бұл да сол күнгі елдің әдеті болатын:

“Сарыарқа, сарқыраған суық қайда?

Түнде шық, күндіз мұнар буың қайда?

Найзағай жарқ-жұрқ етіп нөсер құйған,

Көк жасыл кемпірқосақ туың қайда?..”

27

Бүгінгіге қанағаттанбаудың себебінен бұл күнгі табиғатқа 



да ырза болмағандық – сол көшпелі дәуірдің сүйегіне сіңген 

мінезінен туып отыр.

“Сандалтып Сарыарқаны алды мұжық,

Қолынан келер де жоқ, өнер де жоқ,

Баласы байғұс қазақ қалды мыжып”

28

.



Айла құрығандықтан ең болмаса қазақты ұрсу да сол заманға 

хас мінез.

Осы сияқты қайғы, уайымның сарыны Ыбырай Алтынса-

рин өлеңдерінде де кездеседі. Бірақ мұнда алдыңғылар сияқты 

шексіз  уайым  болса,  сонымен  араласқан  жалпы  дертпен  ем 

іздеудің талабы  да бар. Аурудың емі мынау деп, ашып айтып бір 

нәрсені шешіп бермесе де, бірде дінді, бірде оқуды, бірде таза 

адамшылықты ем қылып ұсына бастаған Алтынсарин.

6–1246


82

Көшпелі дәуірдегі ақындардың бәрінің жайынан айтатын сөз – 

бұлар өз заманының бел баласы. Олардың заманы – қараңғыда 

сипалап сенделудің, қиналудың заманы. Ел дертіне не нәрсенің 

ем  екенін  білмей,  бірі  дінді,  бірі  ескілікті  жақтап,  бірі  орыс 

ұлығын  жамандап,  бірі  қазақты  жамандап,  түпкі  дертті  таба 

алмай, жалпақ адасқан заман.

Сондықтан ол дәуірде күншығыстың, діни дерті – религиоз-

ный мистицизм

29

 де байқалады, ұлтшылдық та сезіледі, болым-



сыз өнершілдік те көрінеді.

Бірақ осылардың ешбірі де жеңген емес: бір жерге тоқтаған 

тілек жоқ, бір қалыпқа түскен бет жоқ. Әр жерде әркім өз ауруы-

мен қиналуда, ыңыранып зарлануда болған.

Мінеки, көшпелі дәуірдің айрықша мінезі – осы. Сондықтан 

ол мезгіл көшпелі дәуір деп аталады. Бірақ ол дәуірдің ақындары 

жазба  әдебиеттің  басы  екендігі  даусыз.  Себебі,  бұлардың 

өлеңінде  ел  тұрмысының  бұрынғы  айтылып  жүрген  жалғыз 

қызығы мен желігінен басқа, тұрмыстағы негізгі дерт, негізгі 

себептер  айтыла  бастаған.  Ел  күндегі  өмірі,  күндегі  сезімі, 

күндегі ойыменен әдебиет шеңбері ішіне кіре бастаған. Абай-

ды әдебиеттің басшысы дегенде, осындай кейінгі дәуірді еске 

алып айтамыз. Қазақ әдебиетіне Абай кіргізген жаңалық көп. 

Абай – қазақтағы суретті, сұлу сөздің атасы, терең де сырлы, 

кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы. Қазақ өлеңіне үлгі, өрнек 

берген, түрін көбейтіп, қалыбын молайтқан – Абай. Ол қазақтың 

ішінен оқушы тапқан.

Әдебиетке, өлең-жырға бұрыннан орнаған теріс пікір, теріс 

ұғымның бәрін жоғалтып, жұрттың ойын тәрбиелеген.

Бұдан соңғы бір үлкен қызметі – қырдағы қалың қазаққа Евро-

па мәдениетінің есігін ашқан. Орыстың Пушкин

30

, Лермонтов



31

Крыловтарын



32

 қазаққа танытушы – Абай.

Мәдениетті жұрттың ысылған тілімен айтқан тәтті күй, нәзік 

сезімдерін Абай қазақтың дүкен көрмеген жалпақ тілімен өзіндей 

тәтті қылып, сезімді қылып айтып берген. Сондықтан Абай қазақ 

оқушысының ойымен қатар сезімін де тәрбиелеген. Қазақтың 

тіліне Абайдың сіңірген еңбегінің арқасында, бұл тілдің барлық 

байлығы, орамдылығы, өрнектілігі табылған.

Абайдың барлық өлеңі – қазақтың сол күшті тілінің ішінен 

туған асыл құрыш, қырдағы қалың қазақтың осы күйге шейін 



83

сөйлеп жүрген жалпақ тілінің жемісі, соның сырымен сымбатын 

көрсететін айнасы. Бұл – Абайдың қазақ тіліне істеген қызметі.

Абайдың  өлеңін  ішіндегі  мағынасы  мен  беттеген  бағыты 

жағынан қарағанда, көшпелі дәуірдің өлеңдерінен айырылатын 

жері – мұнда сүлдері құрыған зар да, әлі құрыған уайым да жоқ, 

оның орнында қазақ өмірінің кем-кетігін түсінген көзі ашықтық 

бар,  дәлелдеп,  ауруын  тауып,  емін  айтқан  ширақтық  бар. 

Бұрынғыдай әр нәрсені ем көрген далбасалықтың орнына, Абай 

қазақтың жасына білім жарығына ұмтыл дейді, кәрісіне малыңды 

дұрыстан бақ дейді, атқа мінген жақсыларына елді іріткіге сал-

май, адал еңбек қыл, қарызыңды атқар дейді. Қазақтың өміріндегі 

кемшіліктің қайсысына болса да, Абай өз емін айтып кеткен.

Әдебиеттің  зор  міндетінің  бірі  –  елдің  мінезін  түзеу  деп 

білгендіктен, Абай ел ішіндегі көпшіліктің мінезін өлеңменен 

суреттеп, белгілі типтерді де көрсеткен. “Мәз болады болысың”, 

“Адасқанның алды жөн, арты соқпақ”, “Болыс болдым, мінеки” 

деген өлеңдерінің бәрінде де қырдағы әрбір таптың адамдарының 

мінезін сипаттаған.

Абай өлеңінде кездесетін мұң мен зар болса, ол бұрынғы зардың 

сарқыты емес, өз жүрегіндегі сырын айтқан сыршылдықтың са-

рыны. Бұл да – Абай өлеңіндегі жаңа түрдің бірі.

Мінеки,  бұл  айтылған  түрлердің  бәріне  қарағанда,  Абай 

өлеңіндегі беттеген бағыт, құлаққа естілген сарын ненің сарыны 

екені байқалады. Ол – ашық тілек, айқын ұғымның, здоровый 

реализмнің

33

 сарыны. Әдебиетте жұрттың тілегі айқын көрініп, 



беттеген беті ашық білінген соң, көшпелі дәуір бітеді.

Абай ол дәуірдің ақыны емес екендігін өз өлеңінде де айтып 

кеткен. Сондықтан өлеңді бастағанда, ескіліктің акындарымен 

арбасудан бастайды. Рас, олармен ұрысу Абайдың қақысы шығар, 

өзін тапқан енесін тепкенге ұқсар-ақ. Бірақ ол ұрысу – ескіліктің 

бетіне  қанағаттанбай,  жаңадан  бет  іздеудің  белгісі  болатын. 

Сондықтан ол қатасы Абайға кешіріледі.

Абай бастаған сол реализмнің сарыны қазақ әдебиетіне осы 

күнге шейін жол болып келе жатыр. Рас, бұл жолда кейде) бір 

ағым  күшейіп,  кейде  жалпақ  жарысқа  ұқсап,  бытыраңқылық 

күшейіп жүрген мезгілдер бар. Бірақ негізгі сарынға келгенде, 

қазақ өміріне тез боламын деген әдісіне, айласына келгенде, қазақ 

әдебиеті Абай салған жолдан көп ұзап, өзгеріп кете қойған жоқ.


84

Жазба әдебиетте Абайдан соң аты аталатын – “Қазақ газеті”

34



“Қазақ” газетінің мезгілі әдебиетке ұлтшылдық туын көтерген 



мезгілмен тұстас. Ол уақыт қазақ жұрты 1905 жылдың өзгерісін

35

 



өткізіп, ел дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып, 

күшін бір жерге жиып, патша саясатына қарсылық ойлап, құрғақ 

уайымнан да, бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп, талап 

қыла бастаған уақытына келеді.

Сондықтан  бұл  уақыттағы  іс  пен  сөзде  тығыз  қамның, 

асығудың  ретінде  бұдан  өзгенің  бәрін  қоя  тұрып,  бір  саясат 

әңгімесіне жұмылдырудың, жалғыз соған ғана үңілудің қалпында 

өтті... “Қазақ” газетінің бетіндегі бағыт пенен тұтынған жол да 

осы ретпен жүрді. Жазылған ұсақ өлеңдер, әңгімелер, барлық 

мақалалардың  бәрі  де  қазақты  ұйқыдан  ояту,  сергіту,  күшін 

біріктіру, оқығандарын түзу жолға салу, соларға басшы болу, 

қазақ  ісіне  көз-құлақ  болуға  арналған.  Бұл  тұтынған  жолда 

“Қазақ” газеті өз міндетін атқарды. Бірақ таза әдебиет көзімен 

қарағанда, “Қазақ” газетінің заманында қазақ әдебиеті бөлекше 

түр тауып, өркендеп кетіп еді деп айтуға болмайды. Затында 

тарихпен салыстырғанда, әдебиет саясат жүзіндегі бір беткей 

жұмылудың  заманында  көп  жаңа  түр  тауып  кете  алмайды. 

Жаңа түр өзге жұрттың ізіне қарағанда, тұрмыс жүзіндегі қиқы-

жиқылықтың, брожениенің мезгілінде көп туады. Сондықтан ол 

күндегі өте жас әдебиетте жаңа түрлерді іздеу де болған жоқ.

Жұрттың бәрінің сөзіндегі бір сарын жалғыз ұлтшылдық са-

рыны болатын. Бұл турада ескіден келген тарауы, түрі көп ауызша 

әдебиетпен салыстырғанда, ол күнгі әдебиет ауданы тарылып, 

түрі азайып, солақай бірақ бетпен кеткен сияқты...

Бірақ “Қазақ” газетінің кезінде бұл ақындардың бәрі де сол 

газеттің бетін өздеріне бет қылып тұтынғаны даусыз. “Қазақ” 

газетінің  басшылық  дәуірі  1917  жылдың  төңкерісіне  шейін 

жүріп  келді.  Өзгерістің  алғашқы  жылдары  қазақ  әдебиетіне 

айрықша жаңалық кіргізген жоқ. Өзгеріске дейін жүріп келген 

“Қазақ” газетіндегі сарын бұл жылдарда қалпынан ауған жоқ, 

бұрынғыдай білініп отырды.

Бірақ бұл жылдардың жаңалығы – әдебиеттің беті өзгермесе 

де, түрі көбейе бастады. Қазақ тілінде пьесалар, әңгімелер жа-

зыла бастады. Аз уақыт шығып тұрса да, ғылыми, әдеби журнал 

болып  “Абай”  журналы  азынаулақ  түр  шығарды.  Өзгерістің 

алғашқы  жылдарындағы  әдебиет  қалпы  осы  болды.  Жазба 



85

әдебиеттің  Абайдан  бергі  дәуірін  алғанда,  жолын  өзгертетін 

жаңалық соңғы жылдарда туып келеді.

Ол  жаңалық  –  жаңа  басталып  келе  жатқан  сезімшілдік, 

сыршылдық (романтизм)

36

 дәуірі. Бұрынғы ауызша әдебиеттен, 



одан бергі Абай заманынан бері қарай келе жатқан реализм са-

рыны көбінесе құрғақ ой, жадағай сөз (рассуждение)

37

 күйі осы 



күнде ішкі терең сезім, нәзік сыр күйіне айналып келеді... Бұдан 

басқа сезім жағына көбірек көз салған бірен-саран пьесаларда, 

соңғы жылдардың кішілеу әңгімелерінде бар. Жаңа басталып 

келе  жатқан  әдебиет  дәуірінің  бұл  сияқты  жұрнақтарында, 

көбінесе, құлаққа ілінетін күй – сезім күйі. Бұлардың ішінде 

тіршіліктің  суреті,  әңгімесі  аз  болса  да,  ішкі  өмірдің  сыры 

көп, адамды өз ішіне үңілтетін мұң мен шердің сарыны бар. 

Сыршылдық  дәуірі,  қай  жұрттың  болса  да  әуелгі  кезде  ескі 

ертегідегі жын, пері, жалмауыз, жезтырнақ сияқты жаратылысы 

тұманды, қараңғы заттарды жыр қылумен басталған. Қазақта да 

осының белгісі көрініп отыр.

Қазақ  әдебиетінің  бұл  күнге  шейін  жүріп  келген  жолына 

қарағанда, жаңа дәуір жаңа үлгінің туатын кезі жеткендей. Жазба 

әдебиеттің жаңадан түбір тауып, ауданын кеңейтіп, келесі өрнекті 

дәуірге қарай аяқ басуы осы белгілерден басталса керек.

Қазақ әдебиетінің бұл дәуірі буыны берік, қатарға кірерлік 

әдебиет болғандығын көрсететін сыршылдық – романтизм дәуірі 

болады.


Бұл арада біздің әдебиеттің өткен күні туралы айтылатын бір 

сөз: Абайдан бергі дәуірді орыстың реализм дәуіріндей, толық 

реализм дәуірі деп айтпаймыз. Ол уақыт қазақ әдебиетінің аяғын 

апыл-тапыл басып келе жатқан кезі болғандықтан, толық реализм 

шартын көрсеткен жоқ.

Бұл мақалада ол дәуірде реализм

38

 болды деген сөз болса, ол 



өзге күйдің ішіндегі күштірек болған сарын сол деп айтылған. 

Әйтпесе, әр нәрсеге арналып айтқан ұсақ өлеңдерден белгілі 

дәуірді туғызатын ұзақ күй шығады деуге болмайды.

Қазақ әдебиетінің тарихы, бағыты жағынан айтылған осы 

сияқты азын-аулақ мағлұматқа қарап, барлық жазба әдебиеттің 

салмағын өлшегенде, қазіргі қалпын бағалағанда айтатын сөз: 

біздің әдебиет әлі жас, әлі бойы өсіп жетілген жоқ. Өткен күніне 

қарап, келешегі зор десек, біздің әдебиет келесі күнде шығатын 

талай тұғырларының біреуіне ғана жаңа-жаңа тырмысып келеді. 


86

Біздің ескі әдебиеттен қалған көп сарын, кең ауданның бәрі де 

жазба әдебиетке келіп, тарылып азайып отыр. Жазба әдебиет 

бірбеткейліктен арылса, жаңа арылайын деп, жаңа ғана қайтадан 

тарауланып, ауданын кеңейтейін деп отыр.

Болмаса ауызша әдебиет жасаған күлдіргі тип – Қодарды, 

қайғылы (трагический)

39

 геройлардың типі – Қозы Көрпеш – 



Баянды, елдің зар-мұңының тілшісі – Асан қайғыны

40

, еркелік-



серіліктің типі – Ақан серіні

41

 жазба әдебиет жасады ма? Әлі 



жасаған жоқ. Бұларды айрықша жан деп (тип деп) ұға білген 

қазақ кейінгіні де ұға алады, ұрпақ түгілі өміріне үлгі қылып, 

еліктеуге де жарайды.

Ел ішіндегі бозбала Біржанның ақындығы мен салдығына, 

Ақанның  серілігіне  еліктесе,  батагөй  қария  Асан  қайғының 

қайғысына  еліктесе,  далада  еркін  өскен  ерке  қыз  Сараның 

салдығы мен айтысқұмарлығына еліктесе, бұл еліктеудің Чайл-

Гарольдке

42

, Печоринге



43

 еліктеген орыс жастарының мінезінен 

қай жері кем? Әдебиеттің қазақ мінезін түзеп, басшы болуына 

мүмкін екендігі осы белгілерден білінбей ме?

Олай болса, жазылатын пьесаларда, романдарда, әңгімелерде, 

поэмаларда қазақтың негізгі мінездерін айқын көрсететін типтер 

жасау керек. Қазақ әдебиетінің ішіне қазақ өмірін түгел суретімен 

алып кіру – әдебиеттің ендігі міндеті. Бұл күнге шейін біз саяз 

жүзіп жүрміз. Қазақ әдебиеті қазақ өмірінің бетіндегі қаймағын 

жалап жүр. Бұрынғы әдебиеттің ішіне тазша бала менен жалшы, 

сақау  қатын  да  кірген  болса,  бүгінгі  әдебиетке  қалпақ  киген 

оқығаннан бастап, қой жайып жүрген қойшыға шейін кіруге тиіс. 

Әдебиет сол күнде ғана өмір айнасы, өмір тезі болуға мүмкін.

Коңыр.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет