Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.

бет5/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

ОҚУҒА ҰМТЫЛАТЫН УАҚЫТ

Оқудың керектігі турасында сөз жазып отырудың керектігі 

жоқ! Аспандағы күннің барлығына қандай сенім болса, оқудың 

керектігіне  де  сондай  сенім  болған:  оқусыз  ел  –  дүниедегі 

тіршілік жарысына ере алмай жоқ болады. Біз: “Қазақ хүкіметі, 

қазақ ұлты” – деген сөздің бәрін де оқу таразысымен өлшейміз: 

оқусыз  атақ  –  өрмекшінің  ұясы  сияқты  бос  нәрсе.  Қазақтың 

азаматтары  1917-інші  жылы  һәм  одан  бергі  уақыттарда  оқу 

жұмысына өте көңіл беріп кіріскен түрде болды. Өткен 21-інші 

жылдан бері бүгін Қазақстан өлкесінде, оның бергі жағында осы 

Семей губерниясында қазақтың оқу жұмысы өте көңілсіз халге 

айланды. Оның себептерін бұрынғы мақалаларымызда көп жа-

зып, елдің алдына салып, пікір жүргіздік

1

. Сол сөз, сол пікір бұл 



уақытта пікір бойынша қалып отырған түрі бар. Губерниялық 

уездің оқу бөлімдерінен қазақ азаматтары сытылып шығып кетіп 

отыр. Мұғалімдердің жараулысы басқа қызметке, басқа кәсіпке 

ауысып кіріп отыр. Оқу іздеген қазақ балалары құры сандалаққа 

түсіп жүр. Оқу жұмысын біз газет бетінде ғана емес, уездік, 

губерниялық топтардың алдында да қозғадық. Неше түрлі әдемі 

жобаларды өткізіп, қаулылар шығардық: міне, оқу уақыты келіп 

жетті, дайындық істеген ұлттың мектептері ашылып, балалары 

оқи бастады, біздің қазақ... (ше)? Бұрынғы көп мектептер азайты-

лып ықшамдалды: сол ықшамдалған мектептерден қазақ өзінің 

санына қарай сыбаға алды.

Семей қаласында партшкол ғана ашылып, 80 бала шамасы 

қазақ балалары оқып отыр. Бұрынғы Семейдегі рабфак жабылды. 

Институт деген оқу жұрты да қазақтың кісісі жоқ болғандықтан 

жабылып отыр. Қазірдегі қазақ үшін ашылғалы отырған мек-

теп  орта  дәрежелі  (педагогический  техникум)  мұғалімдік 

жұрты

2

.  Қазақ  оқытушыларының,  азаматтарының  жоқтығын 



еске  алып,  оқу  бөлімі  бұл  мектепті  де  керексіз  (деп)  тапқан 

59

екен. Губерниялық топта қазақ уәкілдері “Кісі табылады, ашу 

керек” – деген жобаны қуаттап өткізіп отыр. Бұл мектепке әлі 

шәкірт те келген жоқ, мұғалімдер де келген жоқ. Бұл мектепте 

оқытуға лайықтанған азаматтар Әлікей Сәтбайұлы, Сейтбаттал 

Мұстафаұлы, Имам Әлімбиікұлы еді. Сейтбаттал келіп отыр, ана 

екеуі келген жоқ. Басқа уездерде қаншалық мектеп ашылды, қай 

дәрежеде болып ашылды? Бізде түсіп отырған мағлұмат жоқ. Елді 

түзу жолға жетектейтін азаматтар, қазақ елін қатарға кіргізуді 

мақсұт еткен азаматтар, оқу жұмысын қарастырыңыздар. Оқу 

жұмысы қасиетті жұмыс екенін, саясатқа құрбан болуға жарамай-

тын жұмыс екенін һеш уақытта көңілдеріңізден шығармаңыздар. 

Оқу бөлімдеріне қазақ азаматтары кіріп, қазақ мектептерін ретке 

салулары  керек.  Жергілікті  елдің  қазынасынан  асыралатын

3

 

мектептерімізді өңдеп, барлық керектерін табу керек. 20-21-інші 



жылдардағы елдің орталарына салынбақ болған, кейбіреулері 

қаланып  бітіп  қойған,  кейбіреулерінің  кірпіші  дайындалып 

қойылған мектептерді аяқсыз қалдыруға жарамайды. Оған оқу 

бөлімдері ие болып, жергілікті қазына есебінен түзеттіріп, мектеп 

жасап алулары керек. Сол күйінде аяқсыз қалып, жоғалып кетсе, 

халықтың малы, қанша еңбегі босқа жоғалғанына есеп болады. 

Ол кешірілмейтін күнә. Мемлекет ішкі жағынан һәм сыртқы 

жағынан қауыпсыз халге айланып, тишықты, ашаршылықтан 

құтылды. Ендігі күш салып қарастыратын жұмысымыз – оқу һәм 

шаруаны түзеп, өнімді арттыру. Губерниялық оқу бөліміндегі 

һәм уездік оқу бөлімдеріндегі қазақ азаматтарынан оқу жұмысы 

туралы мағлұмат жіберіп тұруларын айрықша өтініш етеді. Оқу 

жұмысы не халде екенін біліп отыруды жалпы қазақ елі керек 

етеді. Сондықтан оқу жұмысын гәзетке жазып, мән-жәйін елдің 

алдына салып отыруға міндеттіміз.


60

К ТРЕХЛЕТИЮ КИРРЕСПУБЛИКИ

Сегодня  исполнилось  три  года  со  дня  объявления  Авто-

номной республики трудящихся Киргизии

1

. В истории нашей 



революции этот день стал днем фактического раскрепощения 

ранее угнетенных туземных масс Киргизского края от бывшей 

царской колонии.

В истории же киргизского трудового народа этот день знаме-

нует собой реальное воплощение в жизнь его идеалов и стрем-

лений на пути освобождения от колониального гнета и велико-

державной кабалы. Перенеся последние пытки самодержавия, 

вылившиеся в дикие формы мобилизации киргиз на тыловые 

работы

2

 в 1916 году, и усилившийся режим полицейских держи-



морд в степи, доходивших до абсолютного попрания всех прав 

его как народа, трудовая масса кирнаселения

3

 в тумане грядущих 



дней тогда еще инстинктивно чувствовала приближение восхо-

дящего солнца свободы над унылыми степями. И в последние 

дореволюционные годы в сознании обитателей этих полудиких 

степей уже бродили чаяния о свободе и заветные мечты о дале-

кой “автомонии” (так киргизы произносили слово “автономия”). 

Начиная с того момента, киргиз своими внутренними пережива-

ниями постепенно втягивался в орбиту революционной жизни. 

В первые годы революции он уже реагировал всеми фибрами 

души на все события, происходившие на видимом для него по-

литическом горизонте.

Правда, не все события он понимал правильно потому и пред-

ставлял себе значение многих из них очень смутно. Некоторые 

события до слухов степняков доходили в легендарной форме и 

служили сюжетом весьма распространенных фантастических 

рассказов где беллетрист-киргиз в качестве полумифических 

героев выставлял на сцену “большого бека”

4

 и “меньшого бека”



5

 


61

как двух противников, борющихся насмерть за идеал, и оба – за 

народное благо.

Прошло немного времени с тех пор, и мы теперь видим вырос-

шую в дыму и пламени революционных событий, выросшую на 

наших глазах стройную фигуру молодой республики трудового 

народа, занявшего уже свое место в семье остальных ранее угне-

тенных, а ныне точно так же освобожденных национальностей 

Российской республики.

Его республика оформляется, крепнет на наших глазах и как 

цельный государственный организм пускает глубокие корни в 

толщу трудовой массы, устанавливая непосредственную связь 

и тесное сотрудничество с ней в деле создания своей государ-

ственности, близко стоящей к непосредственным интересам и 

жизненно бытовым особенностям той же самой массы.

В близости этой республики, этой новой государственности, 

по своему духу, по своим принципам и намеченным задачам к 

трудовой массе нет сомнения не только у сознательных слоев 

трудящихся, но даже и у степняка. Справедливость этих слов 

выясняется не путем теоретических рассуждений и не путем 

предположительных  догадок,  а  путем  несомненных   фактов 

роста  политического  правосознания,  пролетарского  чутья  и 

рос та симпатии к власти Советов. Вопреки злостной агитации и 

навеянным ложным мыслям предыдущих контрреволюционных 

правительств против Советской власти, огромное большинство 

трудовой киргизской массы судит весьма логично и трезво по тем 

результатам, которые достигнуты им во времена каждого из этих 

правительств. И в этом отношении для него является вполне оче-

видной та огромная разница, которая существует между властью 

Советской и властью эсеров и остальных контрреволюционеров

6

 

различных мастей.



Факты существования автономной республики, во главе кото-

рой стоят представители этого трудового народа, существование 

бесчисленных льгот для кочевого населения сообразно хозяйст-

венно-бытовым особенностям при несении государственных по-

винностей, существование судов, построенных по национальным 

признакам, точно так же соответственно укладу его жизни, по-

всеместное мировое привлечение кирбедноты в ряды милиции, 

в органы административного управления с целью сближения 



62

власти с толщей трудовых слоев, и, наконец, начавшиеся недавно 

государственные мероприятия по урегулированию земельных 

отношений  киргиз  с  казачьим  и  крестьянским  населением  с 

целью удовлетворения земельных нужд коренного населения

7

 



в первую очередь служат прежде всего живой агитацией за Со-

ветскую власть и бесспорным фактом о несомненной близости 

власти Советов к интересам трудящихся всех угнетенных на-

циональностей.

Что значат такие крохи, обещанные Комитетом членов Уч-

редительного собрания и Уфимским совещанием контрреволю-

ционных групп

8

, работавших под лозунгом возврата к черной 



реакции и возрождения единой неделимой России, в сравнении с 

перечисленными выше реальными достижениями при Советской 

власти, – в этом вполне трезво разбирается реалист-степняк. Ему 

помогает разбираться в этом не наша агитация, а наши действия. 

Логика прошлых событий и анализ мероприятий сегодняшнего 

дня раз и навсегда определяют для киргиза его путь, его направ-

ление и разрешают для него вопрос, на чьей стороне должна 

быть его симпатия.

Представшая перед ним дилемма: капитал или труд – была 

ясна для него. И он ныне уже всецело приобщился к труду.

В этом нет преувеличений, нет восторженного пафоса, это 

есть объективное изложение действительности нашим языком, 

языком обыкновенной плебейской прозы, которым мы говорим 

о всех наших недочетах и достижениях с одним и тем же спо-

койствием.


63

АХАҢНЫҢ ЕЛУ ЖЫЛДЫҚ ТОЙЫ

Қазақ  жұртының  өткен  күндеріне  көз  салғанда,  оқыған 

азаматтарының артынан ерген күндері аз да болса мағыналырақ, 

тәуір күндерінің бірі деп саналады.

Сол оқыған азаматтың тұңғышы, алғашқы шыққан көсемі 

болған  Ахаңа  арналған  тұңғыш  той

1

  –  ой  ойлаған  қазақ 



баласының жүрегіне жылы тиетін қуанышты ісінің бірі. Әркімнің 

қалғыған сезімін оятып, өткен күндерін есіне түсіретін көп істің 

ішіндегі ірісі.

Ахаңның  майданға  алғаш  жыры  шығып,  әдебиет,  саясат 

жолында жол бастаған күндері бәріміздің де есімізде. Кешегі 

күні  оқушы  болып,  соның  тәрбиесінде  жүрген  күндерімізді 

көз  алдымызға  елестеді.  Ахаңның  қазақ  оқушысының  ойы 

мен пікірін тәрбиелеген заманнан бір ай ұзағамыз жоқ. Кешегі 

күндерге шейін бәріміз де жетегінде келгенбіз.

Қаламынан  туған  өсиет-үлгісі  әлі  есімізден  кеткен  жоқ. 

Патша  заманындағы  үкіметтік  өр  зорлыққа  қарсы  салған 

ұраны, ойымызға сіңірген пікірі әлі күнге дейін үйреніп қалған 

бесігіміздей  көзімізге  жылы  ұшырайды,  құлағымызға  жайлы 

тиеді.


“Қазақ” газетінің сүтін еміп өскен

2

 бір буын осы күнде пікір-



білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына шығып отырса, 

кейінгі жас буын Ахаң салған өрнекті біліп, Ахаң ашқан мектепті 

оқып  шыққалы  табалдырығын  жаңа  аттап,  ішіне  жаңа  кіріп 

жатыр. Ахаңның бұл істеген қызметі қазақтың ұзын ырға тари-

хымен жалғасып кететін қызмет. Істеген ісімен өзіне орнатылған 

ескерткіш – мәңгілік ескерткіш.

Қазақ жастарының ардақты тәрбиешісі Ахаң сөйлегенде менің 

есіме “Қазақ” газетінің әндері түседі. Біз ол күнде мектеп ішінде 

жүрген бала едік. Бірақ патша саясаты темір бұғаудай мойынға 

батып, қазақ жұртын әлсіретіп, “кедейді шалапқа мас қылып, 



64

байды қымызға мас қылып”, елдігін жоғалтып бара жатқанын 

тұманды оймен сезуші едік, көмескі жауы қазақтың бесіктегі 

баласының көзіне де елестегендей еді.

Сол уақыттарда “Қазақ” газетінің бетінен анда-санда оқып 

отырған  әсерлі  анық  сөздер,  қауіптің  пішінін  айқын  қылып 

көрсетіп, мектептегі жас балалардың сезімін түзу жолға беттет-

кендей болушы еді. Жас буынның жаңа туып келе жатқан әлсіз 

ойын жол мұндалап, жетегіне алып бара жатқандай байқалушы 

еді. Мектептегі сабағын оқымайтын бала “Қазақ” газетін көрген 

жерде қадалып тұрып қалатын.

Бөтен  қалада  қыр  есіне  түсіп,  елін  ойлап  жүрген  балаға 

“Қазақ” газеті ауылынан келген сәлемдемедей болатын. Ел ба-

сына келген бәленің атын білмей, түсін танымаса да елі мінген 

еспесі  жоқ  қайықты  теңіздің  ішінде  жылжытып  бара  жатқан 

жел мен құйынның бар екенін оқып жүрген бала да сезетұғын. 

“Қазақтың  еңкейген  кәрі,  еңбектеген  жасына”  түгелімен  ой 

түсіріп, елін ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, 

күзгі  таңның  салқын  желіндей  ширықтырған,  етек-жеңін 

жиғызған “Қазақ” газеті болатын. Ол газеттің жаны кім еді? 

Ішіндегі қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? 

Ол екпін ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген 

соң “маса” болып

3

 талай ызыңдап “оятамын” деп ұзақ бейнетті 



мойнына міндет қылып алған Ахаңның екпіні болатын. “Қазақ” 

газетінің  сол  заманнан  бері  қарай  талай  өмірі  өткен  сияқты. 

Бұл уақыттың жылдай, саусақпен санағандай аз жыл болса да 

болып өткен уақиғаларына қарағанда көп, заманға жауап ұратын 

толқынды заманның бірі.

Өзге  дүниеде  болып  жатқан  ұлы  өзгерісті  қоя  тұрып, 

қайықтың  өзін  алғанда,  әлденеше  тарихшыға  еңбек  болатын 

тарихи уақиғалар өтіп жатыр. Бұрынғы уақытта қазақ баласының 

есіне келмеген, мағынасы үлкен уақиғаның бірі – қазіргі жасалып 

отырған Ахаңның 50 жылдық тойы.

Саясат толқынына түсіп, ойы ашылған, мәдениет жолында аз 

да болса ілгері басып беті ашылған қазақ жұрты, бұрынғы ауыр 

күнде басшысы болған азаматының атын құрметпенен атағысы 

келеді. Еркін ойды ойлатпай ауыздан шыққан сөзді баққан пат-

ша заманында қазақ жұрты қайрат қылған еріне арнаулы сөзін 

айта алмаса, бүгінгі күнде азаматы 50 жасқа келіп, сақал-шашы 

ағарған күнде өксікті сөзін айта алады.


65

Ахаңның атын қазақ даласындағы қазақ баласының естімегені 

аз шығар! Бірақ Ахаңды туғызған елі жалаң атын естіп қоймай, 

басынан  кешірген  өмірін  білуге  де  ынтық  болғандықтан 

білгенімізше бала күннен бергі өмірін қысқаша қылып айтып 

өтпекшіміз.

Ахаң 1873 жылы Торғай облысы, Торғай уезінде Тосын бо-

лысында туған, сүйегі Арғын, оның ішінде Үмбетей болады. 

Бергідегі аталары Үмбетейден шыққан Шошақ. Ахаң Шошақтың 

немересі. Өз әкесінің аты – Байтұрсын.

Ахаңның туып-өскен ауылы қыр қазағының ұғымынша ол 

кездегі Үмбетейдегі іргелі, аталы ауылдың бірі болған. Оның 

үстіне  белгілі  батырдың  тұқымы  болғандықтан  Ахаңның 

жақындарының ішінен батырлықты, мықтылықты салт қылған 

ірі мінезді адамдар көбірек шыққан.

Ахаңның әкесі Байтұрсын баласын өзге ағайындары түскен 

жолға  түсірмей,  өнер-білім  үйретпекші  болып,  жас  кезінде 

Торғайдағы  екі  сыныптық  орыс-қазақ  школына

*

  берген.  Сол 



школда оқып жүріп, 13-ке келгенде әкесі Байтұрсын үкімет ал-

дында “жазықты” кісі болып, Сібірге айдалып кеткен.

Мұның себебі, Тосын болысының сайлауына шыққан Торғай 

уезінің  начальнигі  “кәрі  ояз”  Яковлев  Үмбетейге  бұрыннан 

көптігін  көрсетіп,  зорлық  қылып  жүрген  Дәуітбай  тобына 

болысып,  соның  сөзін  қостап,  бұларға  қиянат  кылғандықтан 

Байтұрсын “кәрі оязды” сабап, басын жарған, Байтұрсынның 

айдалған себебі осы. Бұл уақиға Ахаңның соңғы кездегі “Ана-

ма  хат”  деген  өлеңінде  бала  күндегі  жүрегіне  қандай  әсер 

бергендігін көрсетеді:

Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам, –

дегені сол күнде әкесі көрген бейнеттен қалған белгісі.

Торғайдағы алғашқы түскен школын жастай бітірген соң

4

 

тағы ілгері оқуды талап қылып, Ахмет Орынбордағы учительдік



** 

школына  түскен

5

.  Әуелгі  школында  да  һәм  соңғы  Орынбор 



школында да сабақтас балалардың алды болып, жақсы оқыған. 

Учительдік школдан 4 жыл оқып, жасы 19-ға келгенде, 1892 

жылы оны да бітірген.

* Школ – мектеп.

** Учительдік – мұғалімдік.

5–1246


66

Ахаңның тәртіпті мектептен алған барлық оқуы осы. Оқу 

бітірген соң әуелде мақсұт қылған жолымен ел ортасына ба-

рып, қазақ балаларын оқытпақ ниетімен Ақтөбе уезі Сатпақты 

болысындағы  Ахметкерей  Қопсыбақовтардың  ауылындағы 

ауылнай школға барып, оқытушы болған

6

. Мұнда біраз уақыт 



болған соң, Қостанай уезінде Әулиекөл деген жерде болыстық 

школында екінші рет оқытушы болған

7

. Әулиекөлден үшінші 



рет ауысып барған школы Қостанай қаласының уезіндегі екі 

сыныфтық орыс-қазақ школы

8

. Бұл айтылған үш школда неше 



жылдан тұрғаны бізге белгісіз. Жиыны үшеуінде төрт жыл тұрып, 

1896 жылы Омбыда Ақмола, Семей школдарын басқарып тұрған 

Алекторовпен хабарласып, Омбыға барған

9

.



Ахаңның  Қостанайдан  кетуіндегі  себептерінің  көбі  бізге 

белгісіз.  Кетуінің  бір  себебі,  қазақтың  басқа  жерлердегі  хал-

жайын көріп-білу болса керек. Омбыға барып, Алекторовпен 

көрісуі – Ахаңның кейінгі күндегі адамшылығы мен ісіне екі 

түрлі  әсер  берген.  Біреуі,  Алекторовтың  қазақ  турасындағы 

отаршылдық саясатының басын біліп, көздеп жүрген мақсұтын 

сезген болар. Атақты Ильминскийдің жолымен қазақтың көзін 

ашу үшін осы оқу керек деген саясатты тұтынып жүргендігін 

сөздерімен  білдірген  Алекторовтың  ниетімен  жақын  келіп 

танысқан соң, Ахмет қазақ халқының жағдайының ауырлығын 

ұғып, ел турасындағы түкпірлі ойы сол кезде ояна бастаған.

Алекторовпен танысудың екінші әсері – Ахаңның жолы ашы-

лып, пікірі ашылып, бұрынғы білім-өнер жүзіндегі шала білініп, 

көмескілеу түсініп жүрген нәрселерін таза білуіне себеп болған. 

Омбыдан  соң  аз  уақыт  тұрған  жері  –  Қарқаралы.  Онда  1896 

жылдан бастап 1907 жылға шейін тұрған. Қарқаралыда әуелде 

сыныфтық  орыс-қазақ  школында  болып,  артынан  городское 

училищенің оқытушысы болған

10

.

Қарқаралыда тұрғандағы соңғы 4 жыл Ахаңның саясат ісіне 



белсеніп кірісіп, жазуымен де, ісімен де бой көрсеткен кезі. Сол 

мезгілде 1905 жылдың өзгерісі болған

11

. Қазақтың Мәскеуден 



келген бірен-саран студенті, басқа қалаларда оқып жүрген жаста-

ры һәм ескіліктен келе жатқан пікірі түзу үлкендерінің арасына 

өзгеріс рухы жайылып, қазақтың елдігін сөйлей бастаған кездері 

сол мезгіл болатын.



67

1905  жылы  Қарқаралыда  Ахаңмен  басқа  біраз  оқығандар 

бас  қосып,  кіндік  үкіметке  қазақ  халқының  атынан  петиция 

(арыз-тілек) жіберген

12

, ол петициядағы аталған үлкен сөздері – 



бірінші,  жер  мәселесі.  Қазақтың  жерін  алуды  тоқтатып, 

переселендерді  жібермеуді  сұраған,  екінші,  қазақ  жұртына 

земство беруді сұраған, үшінші, отаршылардың орыс қылмақ 

саясатынан құтылу үшін ол күннің құралы барлық мұсылман 

жұртының қосылуында болғандықтан қазақ жұртын мүфтиге 

қаратуды  сұраған.  Петициядағы  тілек  қылған  ірі  мәселелер 

осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселесі 

осылар  болғандықтан  Ахаңдар  бастаған  іске  қыр  қазағының 

ішінде  тілеулес  кісілер  көп  шыққан.  Көпшіліктің  оянуына 

себепші  болған.  Сол  жылдардан  кейін  бас  қосқан  жиында, 

жазысқан  хатта,  оңашада  болған  әңгімеде  ел  қамы,  ел  мұңы 

деген сөздер Ахаңның аузынан кетпейтін сөзі болған. Елшілдік 

ұранын  салып,  агитацияның

*

  ауданын  кеңейтіп,  ел  ішіне  ар-



манды сөздерін жая бастаған. Сол жылдардың ішінде белгілі 

“Қырық мысал” жазылған

13

. Қалың қазақ жұртының алғашқы 



естіген төңкеріс рухындағы сөзі “Қырық мысал” болатын. Бұдан 

кейін Ахаңның атағы жайылып, елдің шын қамқоры екендігі 

екінің біріне мәлім бола бастаған. Бірақ сол кезде төңкерістің 

күні бітіп, патшаның жауыз үкіметі қайта күшейіп, елшілдерге 

қуғын  жасап,  қысымшылық  жасайтын  қанды  күндері  қайта 

туған. Қазақ ішінен ежелден елді ұмытып, адамшылық қарызын 

шенді-шекпенге сатқан құзғын сияқты тілмаштары, өзімшіл на-

дан болыстары бірен-сарандап бас көтерген. Қараңғы үйді бинт 

қылған “сабаздарға” жем айыратын жер табылған. Олар “Қырық 

мысалдың” өлеңдерін перевод

** 

қылып


14

, 1905 жылдағы петиция 

берген адамның бәрінің атын жиып, үстінен белгілі доностарын

***


 

жүргізе бастаған

15

. Бұлардың бейнеті көпке созылмай-ақ, аз күнде 



еңбегі жанған. Қазақтық өзгеріс уақытында түзелуді ойлап, тура 

бетпен жүрген азаматтарының бәрі де үкіметтің қырын қабағына 

ілініп, абақтыға түсе бастаған.

Сол доностың арқасында 1907 жылы Қарқаралы қаласында 

*

 

Агитация – үгіт.



** Перевод – аударма, тәржіме.

*** Донос – сыбыс, өсек-аяң жеткізу.



68

Ахаңды 6 жолдасымен абақтыға салған. Қарқаралы тұтқынында 

аз уақыт отырған соң “жазалыларды” Семейге айдаған. 12 жыл 

өмірін өткізіп, еңбегі жанбай айдалып бара жатқанда Ахаңның 

қайғылы көңілінен шыққан ауыр сөздің бірі:

Қош сау бол, Қарқаралы, жуылмаған,

Айдай бер, қалса адамың қуылмаған, –

деген өлеңінен анық көрінеді. Семейде сегіз ай абақтыда отырған 

соң бір жарым жылға (административтік ссылкаға) айдау ретімен 

Орынборға келген

16

. Орынборда сол тұрған жылдарындағы әуелгі 



ниет қылған бетінен тайынбай, бұрынғыдан ащырақ, күштірек 

тілмен  “Масаны”  жазған.  Қазақ  оқушысына  естілген  екінші 

елшілдік ұраны “Маса” болатын.

Бұл кітабы шыққан кезде Уфадағы “Ғалияда” оқып жүрген 

қазақ  шәкірттері

17

  тырбанып,  талап  қылып,  қазақша  газет 



шығармақшы болған. Керекті қаржыны елден жиып, өз орталары-

нан шығарып, газеттеріне шығарушы болуға Ахаңды белгілеген.

Қазақтың  ол  кездегі  ерте  оянған  тобының  бірі  “Ғалия” 

шәкірттері  еді,  солардың  талабымен  кейінгі  уақытта  атақты 

болған  “Қазақ”  газетіне  алғашқы  негіз  салынған.  Ахаң 

шығарушы болып, “Ғалия” шәкірттері көмекші жазушылары 

болып, Орынбордағы орыс школында жүрген барлық қазақ ба-

ласы басқарманың қара жұмысшылары болып, көптеп-көмектеп 

алғашқы сандарын шығара бастаған. Артынан “Қазақ” нығайып, 

өзін-өзі алып жүріп кетті.

1917 жылдың төңкерісіне шейін Ахаңның уақыты “Қазақ” 

газетімен бірге өтті. Бұнда да “Қазақтың” сатылған тілмәштары 

жасаған  доностары  аз  болған  жоқ.  Әлденеше  рет  “Қазақты” 

жаппақ  болған,  штраф

*

  төлеткен



18

,  Ахаңды  абақтыға  салмақ 

болған күндері бізге белгілі. Бірақ Ахаңның денсаулығын ойлап, 

халін  ұққан  жолдастары  абақтыға  жатқызған  жоқ.  Үкіметтің 

тілеген штрафын беріп босатып алды.

1917  жылдың  төңкерісінен  бері  Ахаңның  істеп  жүрген 

қызметі, жазып жүрген кітаптары, сөздері жұрттың көбіне белгілі 

болғандықтан одан бергі жайларын көп жазбақшы емеспін. Осы 

күнде Ахаң Орынборда.

* Штраф – айыппұл



69

Басынан  кешкен  толқынды  күндер  сақал-шашына  ерте 

күннен ақ кіргізіп, бетіне әжім түсірсе де әзірше дені сау, жас 

күнінен көңілі сүйген қызметі болғандықтан Орынбордағы қазақ 

институтының  һәм  басқа  қазақ  баласы  оқыған  мектептердің 

оқытушысы  болып  жүр.  Мектептен  босаған  уақытта  қазақ 

мектептеріне керекті кітаптар жазады.

Бұрынғы  оқушыларға  белгілі  “Тіл  құралы”,  “Оқу 

құралдарынан”

19

 басқа соңғы жылдарда “Әліппе істерін” һәм 



қазақша жазған. Бұл соңғы кітабы осы күнде Орынборда басы-

лып жатыр. Жаңадан алған хабарға қарағанда, былтырдан жазып 

жүрген “Мәдениет тарихы” деген кітабын осы күнде бітіріпті

20



Жақында о да басылып шықса керек. Ахаң соңғы жылдардағы 

уақыттың  бәрін  қазақтың  мектебіне  сарып  қылып,  істеген 

ісі де, жазған жазуы да соған арналған. Сондықтан бұрынғы 

уақыттағы жас буынның әлсіз ойын тербеткен, жүрекке жылы 

тәтті өлеңдерін соңғы жылдары ести алмай жүрміз.

Бірақ  Ахаңның  бұрынғы  айтқан  сөзін  әлі  қазақ  баласы 

ұмытқан жоқ, өлеңіндегі белгілі сарын әлі ескірген жоқ.

Әлі күнгі қазақ даласының күшті сарыны болып, Арқаның 

қоңыр  желімен  бірге  есіп,  шалқып  жатыр.  Бұдан  10–15  жыл 

бұрын:


Алаштың үмбетінің бәрі мәлім,

Кім қалды таразыға тартылмаған? –

деп Ахаң айтса, біз де осы күнде соны айтамыз. Айналып келіп 

таразыға тартылған, сыннан өткен деп Ахаңның ғана ардақты 

атын атаймыз. Одан басқа жалпақ елдің сынына толып, мейірін 

қандырған кісілері санаулы.

Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған 

әдебиеттегі елшілдік ұраны – “Қырық мысал”, “Маса”, “Қазақ” 

газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген 

еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз 

ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.

Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім де 

дауласпайды.

Сондықтан 50 жылдық тойын істеп отырған қуанышты күнде 

Ахаңа біздің айтатын сөзіміз: “Ахаң – еңбегі жанған жанның бірі. 


Істеген ісінің жемісі – артынан келе жатқан жастар. Оның арты 

Ахаң мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе 

жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп санайды”.

Қаламынан тамған бал ем болудан айнымайды, әлі де болса, 

өмірінің ұзақ болып, еңбегінің өнімді болуын тілеуден қазақ 

баласы қайтпайды.



71


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал