Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.
Pdf просмотр
бет4/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

ЛӘЙЛӘ, МӘЖНҮН

Бұл өлең арабтың ескі әңгімесінің бірі

1

. Қазақ ортасында дәл 



әңгімесі жайылмаса да, атағы көп жайылған, бірақ көпшіліктің 

ұғуына қарағанда бұл бір ертегі сияқты болып көрінуі де мүмкін 

болғандықтан, алдарақ жәйін түсіндірмекшіміз

2

.



“Ләйлә,  Мәжнүн”  –  араб  әдебиетінің  ішінде  өзінің 

сұлулығымен, терең мағына, терең фантазиясымен үлкен орын 

алған ірі сөздің бірі. Сондықтан араб әдебиетін қарастырған 

Еуропа білгіштерінің көзіне де алдымен көрінетін

3

 “Арабстан 



гауһары” осы болатын.

Бұл өлеңнің ішінде махаббат, ғашықтық деген нәрсенің барып 

тұрған жақсысы идеальная форма қандай болуы керек, соны 

көрсетеді. Сондықтан әңгімесі түпсіз терең фантазиядан, мінсіз 

нәзік сыршылдықтан (лирикадан) құралған. Бұл жақтарына кел-

генде, бүкіл дүние әдебиетінің ішінен “Ләйлә, Мәжнүн” сияқты 

әңгімелердің кездесуі оңай емес.

Сол себепті “Ләйлә, Мәжнүнді” оқығанда Еуропаның атақты 

сыршыл ақыны Генрих Гейне

4

 бұл өлеңдегі терең сыршылдыққа 



таң қалып, шыныменен тамашалаған...

Мінеки, осы секілді себептермен, “Ләйлә, Мәжнүн” қазақ 

әдебиетінің ішінен орын алсын демесек те, қазақ оқушылары ескі 

әдебиеттің асыл бір жұрнағымен таныссын деп басып отырмыз.

Бұл  өлеңді  қазақ  тілінде  жазушы  араб  әдебиетімен  жете 

таныстығы бар қазақтың белгілі өлеңшілерінің

5

 бірі Шаһкерім 



Құдайберді баласы.

Бұл Физули Бағдадидің

6

 өлеңін қазақ тіліне аударып жазған 



еді. Соның әңгімесін өзінше өлең қылған.

Басқарма

46

ОРЫНБОРДАН ТЕЛЕГРАМ

Губисполкомға

1

, копиясы Губком секретарына



2

.

Облыстық  партия  комитетінің,  Қазақстан  Орда  Атқару 



Комитетінің

3

, Қазақстан Кіндік кәсіпшілер бюросының



4

 уәкілі 


хисабында

5

  16-ыншы  апрельде



6

  Семейге,  жалпы,  оның  бір 

жағында қазақ арасында партия, кеңес, кәсіпшілер жұмыстарын 

күшейту  үшін  шығам.  Әуелгі  жұмыстар:  бар  кәсіпшілік 

аудандарындағы  қазақ  жұмысшыларын

7

  ұйымдастыру,  жер 



туралы шыққан декреттерді іске асыру һәм қазақ кедейлерін 

милицияға кіргізу

8

. Бұл жұмыстарды жүзеге шығару жоғарғы 



аталған жұмыстармен таныс ысылған қазақ қызметкерлерінің 

барлығына байлаулы

9

. Сондықтан Губком мен Губисполкомға 



тапсырылады: тез арада айтылмыш қызметкерлерді аудандардан 

губернияға шақыртып алу. Әуелгі уақытта 20 кісі керек. Және 

де мәлімдеймін: Қазақстанның барлық губернияларына уәкілдер 

жіберіліп, қазіргі уақытта қазақ арасында Қеңес жұмысы жан-

дандырылады. Бұл жұмыс айрықша маусымды болады

10

. Сол 



себепті оған салқын қарау жарамайтын қылмыс болып саналады.

Номер 157.

Облыстық партия комитеті, Қазақстан Орда 

Атқару Комитеті һәм Қазақстан Кіндік 

кәсіпшілер бюросының уәкілі Әуезов.

Облыстық партия комитеті, Қазақстан Орда Атқару Комитеті 

һәм Қазақстан кәсіпшілер бюросының уәкілі есебінде Ақмола 

губерниясына  облыстық  партия  комитетінің  мүшесі  жолдас 

Асфандияр Кенжин шығатын болыпты.


47

АШЫҚ ХАТ 

(Семей губерниясындағы қазақ қызметкерлеріне)

“Қазақ тілінің” осы нөмерінде ортақшыл партиясының

1

 кіндік 


комитетінің

2

  Қазақстандағы  ортақшылдарға  жазған  бұйрық 



хаты басылып отыр

3

. Кіндік мекемелерде шығатын бұл секілді 



хаттар көп бұйрықтың бірі, көп сәлемнің ішіндегі бір сәлем деп 

қарауына керек емес. Кеңес хүкіметі құрылғаннан бері қарай 

ортақшыл  партиясының  кіндігі  осы  сияқты  хаттарды  ұсақ 

республикалардың

4

 әрқайсына арнап жазған болатын. Соларға 



қарасақ, бәрінде де еншісін алып, бөлек болып шыққан ұсақ 

ұлттар тізгінін қалай ұстап, көшін қалай бастап, отауын қалай 

тігіп жүргенін сынға алып, дұрыс ісін мақұлдап, терісін жөнге 

салып отыратын. Бастан аяқ істелген жалпақ ісін қорытынды 

жасап, келешектегі ісіне нұсқау беріп отыратын.

Қазақстан автономиясы құрылғаннан бері қарай біздің рес-

публикада  болып  жатқан  жөн  жұмыс,  кем-кетікке  кіндіктің 

өз  пікірін  ашық  айтқаны  осы  жол.  Қазақстандағы  жалпы 

кемшілікті, оны емдейтін емді айтып: жазған бірінші хаты осы. 

Сондықтан бұл хатты жай-жапсарды сұраған жайға ғана сәлем 

хат деп қарамаймыз. Не кеңестер съезінде, не партия съезінде 

Қазақстан турасында жасалған белгілі қаулы, негізді жол есебінде 

тұтамыз. Кіндік хатына осындайлық мағына беріп, маңызды деп 

санағандықтан Семей орташылдарының губерниялық комитеті 

барлық уездік комитеттері һәм жергілікті қызметкерлерге өз тара-

пынан қосымша хат жазып, губерния ішінде шаншулы мәселелер 

туралы өзінің ем-домын айтып отыр.

Губком хатында көбінесе уездердің орыс қызметкерлерінің 

кемшілігі, теріс мінездері турасында жазылғандықтан

5

, мен олар-



ды қойып, қазақ қызметкерлеріне біраз сөз арнап айтпақшымын.

48

Соңғы  уақытқа  шейін  ұсақ  республикалардың  бәрінде 

бірдей  болса  да,  әсіресе,  Қазақстанда  арылмай  келе  жатқан 

бір дерт – ұлтшылдық пен ортақшылдық тартысы

6

. Бұл әңгіме 



кеңес  хүкіметі  құрылғаннан  бері  қарай  көп  сөйленіп  келе 

жатқан сөз болса да, әлі күнге аяғы жерге тиген жоқ. Республика 

денесіндегі бір дерт болса, емі әлі күнге табылған жоқ. Жергілікті 

қызметкерлер өз қотырын өзі қасып, осы аурудың емін табайық 

деп келген күнде де, бірімен бірінің пікірі қайшы өтісіп, кемшілігі 

қатар түсіп, жарысып келеді. Бірінің ұғуынша, ұлтшылдықты 

ортақшылдық туғызады, екіншісінің ұғуынша, ортақшылдықты 

ұлтшылдық туғызады? 78 күнге шейін аяқтамағандықтан, бұл 

әңгіме  қатындардың  ұрысына  ұқсап  барады.  “Мен  салдақы 

болсам, сен де салдақысың”

10

 – дегеннің кебін киіп отыр. Осын-



дай халдың себебінен, ел ортасында істелетін негізгі ауқымды 

істердің көбі бір орнынан жылжымай, бір қалпынан аспай отыр. 

Бұның бәрінің залалы айналып, үйіріліп келгенде (тасы қызған 

жарысқойлар да қалып отырған жоқ), солардың өзіменен қолына 

қарап отырған еңбекшіл қалың елде қалып отыр.

Біздің ұғуымызша, өз қотырын өзі қасығанның бір түрлісі 

осы болады. Сондықтан, бұл күнге шейін қазақ қызметкерлерінің 

мінезінде  болған  кемшіліктерді  айтып  өтпекшіміз.  Қазақ 

қызметкерлеріндегі кемшілік неше тараулы. Бір табы

7

 – негізгі 



мәселелерді  өз  ойында  дәлдеп  шеше  алмай,  арлы-берлі  сан-

далып, шатасып жүрсе, бір табы – көпшілігі күндегі істейтін 

ісінің  бетін  дұрыстап  айыра  алмай,  өз  жолын  өзі  білмей, 

қақтығумен сенделуде жүр. Кешегі пікіріне – бүгінгі ісі, бүгінгі 

пікіріне  –  ертеңгі  ісі  үйлеспейді,  пікір  жолында  қатпаған, 

нығаймаған былқылдақтығын көрсетіп жүр. Көбінесе саяздық 

пен тұрақсыздық білініп отыр. Бір күні өте ұлтшыл, бір күні өте 

ортақшыл. Бір мәселенің тұсында елшіл, екінші мәселеге көпшіл. 

Шек білмей жөнді айырмайтын, әрбір істің өңін айналдырып 

кететін қалыпсыздық мол болып отыр.

Бір  табының  кемшілігі  осы  болса,  ендігі  бір  табы  –  өте 

төменшік. Өзгеріс заманына лайықты болған екпін кеуде жоқ. 

Маңайындағы  жұрттың  бәрін  жат  көріп,  бөтенситін  мінезі 

көп. “Қазақтан қаны басқа адам болса – бәрі бірдей дұспан”, – 

деп  ұғынатын,  жалпақ  қазақтың  жауы  деп  ұғынып,  қазақ 


49

қызметкерлерінің бәрін бірдей кінәсі, кемшілігі жоқ, ақжүрек 

деп  ұғынатын  шалалық  бар.  Өзгенің  бәрін  жат  дұшпан  деп 

ұғынғандықтан, ішінен бәріне де қарсы болып, ол қарсылығын 

тағы  да  сыртына  шығарып  айтпай,  айналып  өз  арасында 

қыңқылдап, ішінен бықсып жүрген қызметкерлердің де саны 

аз емес. Ортаға кіріп, пікірін ашық айтып, қазақтан басқаның 

бәрі қазақтың дұспаны дегенді тастап, ұғып – сөз үйлестіріп, 

келісіп – іс үйлестіріп жүрген жігіттер губерния ішінде өте аз. 

Жатсыну, жасқанудың арқасында төңкеріс уақытында мұндай 

қызметкерлер ешбір тәжірибе, үлгі ала алмай, пікірге саяз, іске 

олақ, құр ғана байбаламшыл жігіт болып жүр. Олардың өндірген 

де, өндірер де ісі жоқ.

Іске  қатыспай,  оңашада  –  ұлтшыл,  кең  байтақта  –  батыр 

болу, түбінде, қиын жұмыс емес. Бірақ бұл мінез – нәрсіздіктің 

белгісі, шынына келгенде, олардың елшілдігіне де сенім жоқ. 

Көбінесе  ұлтшылдықты  мода  есебінде  үлгі  қылып  жүр  деу 

керек. Әйтпесе, ұлтшыл болсаң: тұмсығыңның ар жағындағы 

жерді көрме – деп, тоты құсша бір сөзден басқа сөзді білме – 

деп ешкім де айтқан жоқ. Бір жыл өтсе де, он жыл өтсе де бір 

ұзақ сонар сөзден айырылмай, іс жүзінде дәнеңе істемей жүру 

баяғыдағы орыс оқығандарының обломовщинесі

8

 болады. Қазақ 



қызметкерлерінің мінезін өзіне тартпай, дәл сынағанда көзге 

айқын  көрінетін  орасан  мінездер,  негізгі  кемшіліктер  толып 

жатыр. Қай қазақтың қызметкерін алсақ та, мемлекеттің негізін 

түсініп,  мемлекетшілдіктің  рухын  бойына  сіңіріп  алған  жоқ. 

Бәрінің ісінде де шалалық, жарым-жартылық көп, іске сенбейтін 

сенімсіздік, олақтық көп, белсеніп кіріспейтін жерқорқақтық

9

 

көп, ісі өнімсіз, пікірі байлаусыз, беті белгісіз.



Россияда болып өткен әр түрлі хүкіметтерді былай қойып, 

қазақ қызметкерлерінің өз қызметін алғанда, бадырайтып санап 

беретін қандай істері бар? Істеліп қалған азын-аулақ істер болса, 

сәті келіп, ойда жоқтан кездесіп істеліп отыр. Болмаса, қазақ 

жігіттерінің  мемлекеттің  саясаты  билеп,  мемлекетшіл  рухы, 

беті билеп істеліп отырған дәнеңесі де жоқ. Ондай өнімді істі 

істей алмайтынын қазақ қызметкерлерінің бәрі де көрсеткен. 

Бұл сөздерге мысалды алыстан іздеу керек емес, біздің жалпы 

мінездерімізді көрсету үшін дәлелдер де жетеді. Қазақ ішінде қай 

заманда болса да бірінші керек нәрсе – оқу десек, сол оқуды ретті 

қылып қоятын қазақ учительдері

10

 қазақ баласын оқытып отыр 



4–1246

50

ма? Жоқ. Бұл нені көрсетеді? Қазақтың кейінгі үрім-бұтағына 

ұлт  мектебін  жасамақшы  болдық.  Соған  қолынан  іс  келетін 

жігіттер мектеп құралын дайындап, тиісті кітабын жазды ма? 

Жоқ. Қазақтың елі кейін қалған екен, оны өрге сүйреу үшін тәртіп 

пен талмай іс істеу керек екен. Сол тәртіпті түсініп, істің пайда-

сы үшін көпшілікке бағынып жүретін қызметкер бар ма? Жоқ. 

Өзге жұрт қызметкерінің жиырмасын бағындыру (...)

11

. Қазақ 


қызметкерінің тоңқылдақ өкпесі бар, біреу ерегіссе қызметін 

тастап кететін де өкпесі бар. Мемлекет рухы түгілі болымсыз 

тәртіп сақтауға, қисынды іске бағынуға да мойыны жар бермейді.

Іс ауыр, қиын болғандықтан талмай ұзақ істеу керек болса, 

соны түсініп, талмай істеп отыратын қазақ қызметкері бола ма? 

Жоқ. Себебі, денсаулығы тәтті, қырда жатып тынығуына керек. 

Кейбір жігіттер жазды жыл сайын қырда өткізіп, күз болып, 

қыр көңілсіз тартқанда ғана қалаға келіп, сонда да ел үшін жар 

құлағы жастыққа тимей жүр деп жүрген жоқ па? Бір себептермен 

қырға шыға алмай, қалада қалатыны болса, ертеңді-кеш уһілеп 

күрсініп: “Мәскеуге... Мәскеуге!..” – деп ыңыранған Чеховтың 

кәрі қыздарындай

12

 “Қыр... Қыр!..” – деп аңсасы құрып жүрген 



жоқ па?

Бұның  бәрі  нені  көрсетеді?  Бірінші,  қазақ  жігіттерінің 

қолынан  өнімді  істің  келмейтінін  көрсетеді.  Пікір,  білім 

жолындағы шалалығын, әлеуметшіл жолындағы жетілмегенін, 

нығаймағандығын көрсетеді. Сондықтан бізде өркендеп кеткен 

іс жоқ. Ретке басқан, беті ашылған дұрыс жол жоқ. Қызметке 

ысылып,  тәртіпке  бойсынып,  қалыпталған  қызметкер  жоқ. 

Сондықтан біздің барлық істеріміз “кустарничестводан”

13

 асып 


жүрген  жоқ.  Ісіміз  болса,  қазақ  қолымен  тоқылған  шекпен 

секілді, өзіміздің өнеріміз сол шекпеншінің ғана өнеріндей.

Міне,  осы  халді  қазақ  қызметкерлері  түсіну  керек.  Қазақ 

еңбекшілінің пайдасын шын ойлайтын болса, осы күнде де та-

лай жұмыс істеуге болады. Қазақ жігіттері: “Іс істейтін өрісіміз 

тар болғандықтан істей алмадық”, – деп айта алмайды. Қайта 

өрісін ұзақсынғандықтан, жалқаулықтан істей алмай отыр. Бұл 

даусыз хахиқат.

Ұлтшылдық пен отаршылдық тартысы, Ахаң айтқандай

14



“орыс мәдениеті мен қазақ мәдениеті теңескенге шейін арылмай-

тын ұзақ дерт”. Бірақ, іс жүзінде оның кедергісін әр бір күнде 

жоғалтып, кемітіп отыруға болады. Сол үшін қазақ қызметкерлері 

өз  кемшіліктерін  мойнына  алып,  теріс  мінездерін  жоғалтуға 

тырысу керек. Тәртіпті, ұғымды, ұзақ сонар қызметкер болуға 

ұмтылу керек. Сол уақытта ғана істеген істен жеміс күтіп, келе-

шекке үміт артуға болады. Бұдан басқа жол жоқ

15

.

Мұхтар



52

СЕМЕЙДІҢ ГУБЕРНИЯЛЫҚ ҮШІНШІ КЕҢЕСТЕР 

ТОБЫНА

Семейдің  губерниялық  үшінші  кеңестер  тобы  бүгінгі  күн 

ашылып отыр. Бұл сияқты губерниялық топ бұдан бұрын Се-

мейде екі рет болып өтті

1

. Сондықтан губерниялық кеңестер 



тобы деген сөз – қазақтың құлағына жат сөз емес. Топтың бәрі 

бір атана болғанымен де, істеген жұмысы, маңызы, мағынасы 

әр түрлі болмақ. Бұдан бұрынғы болған екі топ маңыз, мағына 

жағынан карағанда салғастыруға келмейтін екі түрлі маңызда 

болды. Бұл үшінші топ – олардан көрі де тіпті басқа мағынада 

болуы керек.

Губерниялық топтардың маңыз, мағыналарын салыстырғанда 

мен қазаққа жұғысы бар мәселелер жағынан ғана қарастырып 

салмақтаймын. Бірінші: губерниялық  кеңестер  тобы  болған 

уақытта  Семей  губерниясы  Сібірдің  төңкеріс  комитетінің 

қарауында тұрды. Сібірдің төңкеріс комитетінің ұстанған жолы, 

көздеген мақсаты – губерниясын өзінің қарауында қалдыру еді. 

Сол мақсатын орындау жолында Семейді билегенде отаршылдық 

әдісін (саясатын) қолданды. Іс басында отырғандардың бәрі де 

бұрынғы  отаршылдық  қаны  тамырын  кеулегендер,  нашарды 

құлдану (ды), иеленуді өнер көру жолында тәрбиеленгендер бол-

ды. Соның салдарынан бірінші губерниялық кеңестер тобында 

еңбекшіл қазақ елінің дауысы далада қалды. Отаршылдардың 

айтқаны ғана болды. Губерниялық атқару комитетіне қазақтан 

жалғыз ғана кісі мүше болып кірді. Бұл орасандық Орынбордағы 

кіндік қазақ комитетінің бірінші жалпы жиылысында үлкен сөз 

болды


2

. Семей губерниясы Қазақстанға қарағаннан кейін күшпен 

сайланған губатком тарқатылып

3

, оның орнына уақытша төңкеріс 



комитеті жасалды. Отаршылармен Орынбордан келген уәкілдің

4

 



53

арасында үлкен тартыс басталды. Ақырында Орынбор уәкілі 

еріксіздікпен Орынборға қайтып кетті.

Екінші  губерниялық  кеңестер  тобы  шақырылған  уақытта 

губерниядағы қазақ елі өте көңілсіз түрде болды. Губерниялық 

топ  уақытында  Орынбордан  келген  уәкілдің  қайтып  кетуіне 

қазақ елінің ренжуде қалған, оның уақытында болған қазақтың 

лепірген көңілі өте бәсеңдеп, қайтып қалғанын шет жағалатып 

қазақ уәкілдері білдіріп те жүрді.

Губерниялық атқару комитетінің һәм губерниялық уақытша 

болған төңкеріс комитетінің істеген қызметтерін баяндағанда, 

губерниялық атқару комитетінің қазақ елі үшін істеген ешбір 

қызметі  көрінбеуі.  Губерниялық  төңкеріс  комитетінің  аз 

уақыттың ішінде қазақ елінің, рухын едәуір көтергендігі, қазақты 

өкімет қызметіне жақындатқандығы көрінді. Бұл баяндамаларды 

тыңдап, қорытынды жасаған уақытта қаулы өткеру үшін топқа екі 

қорытынды ұсынылды: бір қорытынды – губаткомның жұмысын 

ұнамсыз тауып, губерниялық төңкеріс комитетінің ұстанған жо-

лын дұрыс табады. Екінші қорытынды бұған қарсы: губаткомның 

ісін дұрыс тауып, губерниялық төңкеріс комитетінің жолын қата 

дейді. Осы екі қорытынды топқа қойылғанда

5

, біріншісіне – айы-



рымсыз ылғи қазақ, екіншісіне – айырымсыз ылғи орыс дауыс 

берді


6

. Көпшілікпен екінші қорытынды қаулыдан өтті. Осы орын-

да

7

 бұл күнге шейін орыс пен қазақтың ешбір бірлесе алмағаны 



көрініп қалды. Қай түрлі топ болса да қазақ өкілдері ала болып, 

жіктеніп көрген емес. Жалпы қазақ атаулының мұңы бір болған 

соң, ала болуларына ешбір жол жоқ. Екінші топ та, қазақ халқы 

да хакімдік (тің) бір жақ тізгініне жармасты. Бұрыннан отырған 

отаршылдардың  бұлтарысына  Орынбордан  дәл  сол  уақытта 

келген Авдеев

8

 жолдас жол қоймады. Еңбекші қазақтың өзіне 



тиісті мүшелі орнын берді. Сол екінші топтан бері бұл үшінші 

топқа дейін болған уақытта, Семей губерниясының қазағы шетке 

қағылған жоқ. Жұмыстарына бөгет көрген жоқ.

Осы ашылып отырған үшінші топта қазақ елі басқалардан гөрі 

үлкенірек жауапты, үлкенірек міндетті көтергелі отыр. Дәл осы 

уақытта: “Хүкімет қазақтікі” – деген сөз құр жазуда ғана емес, 

іс жүзінде көрініп отыр. Орынбордан уәкілдер үстіне уәкілдер 


келіп, Семей губерниясының ауасын жаңартып, жолын түзеп, 

саралап берді. Қазақ уәкілдері бұл топта ынталы болып, көздерін 

ашыңқырап, құлақтарын түріп, әр мәселені жете қарап, негізінен 

шешулері керек. Бұдан былай хүкімет жұмысының бағытына 

көбінесе еңбекшіл қазақ елі көбірек жауапты екенін естен бір 

минут шығармасқа керек. Осы ашылып отырған губерниялық 

топтың жұмысқа бөгет дерлік ешбір сылтауы қалған жоқ. Бұл 

топ – қазақ елін қатарға кіргізіп, мұң-мұхтажын қарастырады, 

жалпы шаруашылықтың түзелуіне барлық шараны қолдану жо-

лын көрсетеді деп білеміз.



55

АРҚАЛАНУДЫ ҚАЛДЫРУ КЕРЕК

Газетымыздың  осы  санында  жазылып  отырған  “200  түйе 

құн”

1

 деген сөзде жазушы көбінесе құн алушылардың хакімдік 



басында жүрген азаматтарды арқалануын көрсетеді. Өзінің көп 

сөзінде кұн алушыларды көпшіктеп, өзі жалтақтаған мінезін 

көрсетеді. Бұл біреуді арқалану, басқалардың атымен пайдалану 

деген сөз қазақ елінде арылмай келе жатқан аурудың бірі: бір 

жұмыс істелсе, біреу тұтқынға алынса, біреу орнынан түссе, 

біреу орынға мінсе, яки өнер тапса сыртқы қазақ ол жұмыстың 

бәрін  екінші  біреуден  деп  біледі,  өзінше,  ылғи  теріс  мағына 

беріп, жориды.

Бұл жазуды ылғи түпсіз қиял деп айтуға болмағанмен де, көбі 

құрғақ ой екендігіне шубһа

*

 жоқ. Бұл бұрынғы надандық жемісі, 



ру,  ата,  жерлестіктің  қазақ  елінде  өте  күшті  болғандығынан 

қалған жаман мұра. Ілгергі құба қалмақ заманда қазақтың күшті 

табы  нашар  тапты  шауып  алып,  құлданып,  күңденіп  жүрді. 

Русиаға қарағаннан кейін де бұл нашар әдет қалмады: екі дуан 

елдің дауын бітіретін төтенше бас қосу да (ширезушайни сиез)

2

 



һәр елдің “әділ” деген билері өз елінің дауын даулап, арам бол-

са да жатқа сөз бермеуді ойлайтын, руға бөлініп, көпшілікпен 

бүктеп, нашар рудың ақысын ылғи ғана сіңіріп отыратын.

Міні, сол уақыттан бері келе жатқан осы тарихы жаман әдет 

осы күнде де өзінің қара ноқтасын қазақтың жүрегінде сақтап 

отыр; бұған мысал етіп осы жазылып отырған Сыбанұлының 

сөзін  көрсетейін;  Сыбанұлы  барлық  жазған  сөзінде  құн 

даулаушылардың руынын күшті екенін, олардың сырттан айтқан, 

қара буралаған сөзін ғана көрсетеді. Бұл сөз хүкімет басындағы 

* Шубһа – шүбә.



56

кісілердің алдына түсіп, олар ана күшті руды жақтады деген сөзді 

айтпайды. Іс солай болса, бұл Сыбанұлының жазып отырғанын 

ескі нашар әдеттің ізі ғана деп түсінуге болады, шыңғыс елінде 

аухалби,  аухалтырге  һәм  басқа  да  хүкімет  кісілері  тұрғанын 

біз білеміз. Солардың қайсысына барып Сыбанның сөзі дала-

да қалды екен? Әрине, оған Сыбанұлы жауап бере алмайды. 

Бұл жұмыс турасында қырдағы жоғарғы көрсетілген хүкімет 

кісілері өз тұстарынан шарасын істемей отырған жоқ. Семейдегі 

губхалбикеңді

3

де хабарландырмай отырған жоқ. Губхалбикеңнен 



алған мағлұматымызға қарағанда бұл жұмысты түбірлеп тек-

сертуге барлық шарасы істелген көрінеді. Жәбір көріп отырған 

Сыбанұлы осы газетке жазған хабарынан басқа һеш бір орынға 

білдірмей, құн сұраушыларға мойынсұнып қарап отырғанын өзі 

айтып отыр. Ал енді бұл жұмысқа кім айыпты?

Әрине, зорлықшылар айыпты, сонымен бірге құрғақ зорлық, 

өзімшіл билікке бас иіп, мойынсұнып отырған Сыбан айыпты. 

Сыбан қырдағы дайын тұрған хүкімет кеңселеріне шауып барып, 

неге көмек сұрап алмайды?

Осыны істеп, құн іздеп жүрген Тұрағұлды

4

 Сыбанұлы әлде 



нелік мағына беріп, дәріс оқыған азаматтардың ретіне қосып 

көрсетеді  (кекеп  айтса  да).  Онысы  тіпті  үлкен  қате.  Тұрағұл 

кім?  –  Ол  әншейін  қатарлы  қыр  қазағы,  оның  ісін  басқа 

қазақтардан айырып қарауға болмайды. Марқұм Абай ақынның 

қасиетін Тұрағұл мен Мекайылдың

5

 айналасынан іздеген үлкен 



адасқандық. Құнанбай ұлдарының осы істеген қылмыстарын құн, 

яки барымта деп айтуға болмайды. Құн болса, кісіні өлтірген 

елден,  ауылдан  сұралады  (Уголовный  кодекс  228-ші  статья). 

Барымта болса, ақысына жету үшін алынады (Уголовный кодекс, 

229-шы статья). Бұл жұмыс ол екеуінің біріне де келмейді; өлген 

кісі кімнің оғынан өлді, әлде үш рудың кісісі қатар атты ма, 

өлтіруде анық кім айыпты? Ол жағы әлі көмескі жатыр. Соған 

қарағанда бұл жұмысты сылтаумен мал табу үшін жасалған қол 

қимыл деп түсінуге болады (Уголовный кодекс, 182–186 статья-

лар). Сыбанның бұл мақаласы газетке жазылып отырылғандағы 

мақсұт  қылмыс  істеушілерді  ел  алдына  салып  масқаралау, 

жазасын  ауырлату  емес,  ондай  мақсұт  бұл  сияқты  кісілердің 

қылмысын жариялаумен орындалмайды. Қатарлы ел азаматы 

болған, ел алдында жауапты саналатын кісілердің қылмысы ғана 

жоғарғы мақсұтпен газетаға жазылады. Бұл мақаланы жазудағы 


басқарманың  мақсұты,  қазақтың  ескі  әдетпен  адасқан  ойда 

жүргенін көрсету. Бұдан былай сондай ойдың қалуына шара іздеу, 

арқаланып, сырттан малдануды құрту; Абыралының хабарында 

да  осы  мақсұтты  көз  алдында  ұстаған  басқарма  Майқы  мен 

Бошанға

6

 бөлінген Қарқаралы уезінің азаматтарына да ескерту 



салып өтті (74-ші сан, “Қазақ тілі”, 19 сентябрь 22-інші жыл).

Әлі де болса басқарманың айтатыны: іс басындағы азамат та 

өте сақ болып, әділет тізгінінен айырылмау керек, арқаланып 

қылмыс істеушілерге арқа болған азаматтың өзі көз болып, қуғын 

салу керек, деген сөз болады. Кейбір шолақ ақылды, аз оқулы 

іс басына мінген азаматсымақтың ескі әдетті қолдануы сезілсе 

алдын ала тыйым салып, тиісті жазасын тарттыру керек. Сол 

уақытта ғана арқалану, сырттан малдану өсегі қалады деп білеміз.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет