Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.
Pdf просмотр
бет32/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

“БӘЙБІШЕ-ТОҚАЛ”

(Текстологиялық түсінік)

“Бәйбіше-тоқал”  пьесасының  1923  жылы  баспа  бетін  көрген 

нұсқасы  мен  1960  жылы  жинаққа  енген  нұсқасының  арасындағы 

айырмашылықтар  мен  қысқартулар,  жаңадан  қосылған  сөздер  мен 

сөйлемдер  негізінен  төмендегідей.  Ескерту:  екі  нұсқадағы  тексті 

қатарластыра  салыстырып  беруді  басылымның  көлемі  көтермейтін 

болғандықтан әрі текстологиялық тұрғыдан зерттеушілерге пайдалануға 

қолайлы  болуы  үшін  түсініктемеде  тек  қана  алғашқы  Ташкент 

қаласында  кітап  болып  шыққан  нұсқасының  тексі  ғана  берілді.  Ал 

кейіннен жасалған өзгерістер негізгі текстің ішіндегі өзгерістер жақшаға 

алынып, үстіне сандық белгі қойылды. Сол сандық белгіге қарап қандай 

айырмашылықтар бар екенін түсініктемедегі тексті салыстыру арқылы 

анықтауға болады.

1.  269-бет.  1923  жылғы  басылымның  мұқабасына  былай  деп 

жазылған:  “Мұхтар  Әуезов.  Бәйбіше,  тоқал.  Төрт  перделі  (драма) 

қайғылы  хал.  Қырғыз-қазақ  тұрмысынан  жазылды.  1918-інші  жыл. 

Түркістан республикасының баспасөз тарату махкемесі. Ташкент 1923 

жыл.

2. 270-бет. 1-нұсқадағы кейіпкерлердің саны кейіннен қысқартылған, 



алғашқы нұсқада мынадай:

ОЙНАУШЫЛАР:

1 – Есендік – 55 жастарда.

2 – Қайша – тоқалы, 35 жастарда.

3 – Төлеужан – үлкен баласы (бәйбішеден).

4 – Демеужан – кіші баласы (о да бәйбішеден, 20-да).

5 – Дәмеш – қызы (бәйбішеден), 16–17-де.

6 – Қуатжан – тоқалдың баласы, 20-да.

7 – Бейсембі – партия басы, Есендіктің ағайыны.

8 – Әбділдә – о да партия басы. Бейсембі, Есендіктің жауы.

9 – Аманбай – Қайшаның бауыры, таз, 25-те.

10 – Байсалбай – Қайшаның әкесі.

11 – Күләш – Төлеужанның келіншегі.


471

12 – Ғазиз – оқып жүрген жас жігіт.

13 – Рақыш – Ғазиздың жолдасы.

14 – Күзетші.

15 – Жігіт 20-жаста.

16 – Екінші жігіт 25-жаста.

17 – Кәрім. Ел сайлауға келген инструктор.

3. 272-бет. 1-нұсқада: “ Д ә м е ш.  Ағам не дейді соған?

К ү л ә ш. Айнакем басында құлақ қойған жоқ”.

4. 273-бет. 1-нұсқада: “ Д ә м е ш.  Апам байғұс бұл сөзді естігенде 

қайтты екен”.

5. 273-бет. 1-нұсқада: “ К ү л ә ш.  Апам өлім аузында жатқанда 

табалаған бұл дұшпан не қылмайды дейсің”.

6. 273-бет. 1-нұсқада: “Әбділдә құран оқиды, бата қылады. Аллаху 

ла-илаһһ. Алқайуль алқайм. Латәһ қууза сунаату ла наум. (Құранды 

оқып шықты, бата қылады.) Шырақтарым, шешелеріңнің алдынан 

жарылқасын”.

7.  274-бет.  1-нұсқада:  “Әбділдә  амандасады”  –  деген  авторлық 

нұсқау түсіп қалған”.

8. 275-бет. 1-нұсқада: “Көтіне” – деп жазылған”.

9. 276-бет. 1-нұсқада: “ Б е й с е м б і.  Олар 11 старшыннан – 2 

старшын Жәрке, 2 старшын Бәйке, 1 старшын Қоске алдық деп отыр”.

10. 277-бет. 1-нұсқада: “ Б е й с е м б і.  Отыз ат, 10 мың сом ақша”.

11.  280-бет.  1-нұсқада:  “Заман  орыстікі  болғанмен  орысшылды 

аламыз ба? Тек баланың бағы болсын. Е с е н д і к. Ал орыстың  ісі 

екені рас қой”.

12.  280-бет.  1  нұсқада:  “(Байсалбай  кіреді  амандасып  орын 



береді)”.

13. 281-бет. 1-нұсқада: “Бір қауіптің жотасын отырды”.

14. 282-бет. 1-нұсқада: “Әзірше айтқан жерінен шығып жатыр”.

15. 282-бет. 1-нұсқада: “Есепке қолым жетпесе”.

16. 282-бет. 1-нұсқада: “ Д ә м е ш.  Маған ондай мазақтың керегі 

жоқ. Апамның бет топырағы жасырынбай жатып бұл қалай қорлағаны. 

Қ а й ш а .  Қарағым, бұл апаң барда айтылып жүрген сөз болатын”.

17. 283-бет. 1-нұсқада: “ Д ә м е ш  (қысып). Ақырын! Біреу келіп 

қалмасын. Кәне, айтыңызшы?”.

18. 284-бет. 1-нұсқада: “Шымылдық түседі”.

19. 284-бет. 1-нұсқада: “Ырза емеспін деген сөзді айта алмадың 

ба?  Қалқам. Іс мұндайға айналған соң, салақтық қылуға болмайды”.

20. 285-бет. 1-нұсқада: “Өлген жалғыз апам емес екен ғой! Маған 

жаны ашитынның бәрі өлгені екен ғой, бәрінің де жау болғаны ғой”.

21. 286-бет. 1-нұсқада: “Әлде кіші апаң бірдеме деп от тастап кетті 


472

ме? Айтшы, қалқам. Д ә м е ш. Қайша емес, оған кінәлі болмай-ақ қой. 

К ү л ә ш.  Енді кім, айтшы қалқам?”.

22. 287-бет. 1-нұсқада: “Бүгін қалың малын әкеледі деп”.

23. 287-бет. 1-нұсқада: “ Д ә м е ш.  Қалқам ырзалығыңмен жүрмін 

деп аңқаусымаңдаршы!”.

24.  288-бет.  1-нұсқада:  “Сәулем,  сені  шын  жылатқан  екен  ғой. 

Қайшаның күндестігін ескермеппін ғой (Құшақтап, маңдайынан сүйіп.) 

Жаңылған екем ғой. Д е м е у ж а н.  Өзің не ғылып жүргенсің”.

25. 289-бет. 1-нұсқада: “Түрін көрмеймісің, ойбай?! (Итеріп)”.

26. 290-бет. 1-нұсқада: “ Дәмеш.  Ағай! Тоқалға болысып, бәрімізді 

ұрдың ба?”.

27. 290-бет. 1-нұсқада: “Қоңыз тергіземін бұларға, не бауыздаса-

мын”.


28.  291-бет.  1-нұсқада:  “Әйтеуір  тигізер  қастығы  таусылмайды 

білем! Қайша бір бәлемен тоқтамайды, оның қуып жүргені кегі. Бәрін 

де  енді-енді  ұғып  келеміз  ғой,  кешегі  келіншек  күнінде  апамнан, 

ағайымнан көрген қорлығының өшін бізден алғысы келіп отыр” – деген 

сөздер соңғы басылымда қысқарып қалған”.

29. 291-бет. Бұл арада жазушы Дәмеш пен Төлеудің сөзін қосып 

бір адамның аузынан айтқызады. 1-нұсқада: “Төлеш. Қалқам! Елемеді 

деймісің.  Тоқалдың  күндес  екенін,  дұшпан  екені  жас  күннен-ақ 

жүрегімізге сіңген ғой. Апаммен сол ұрсысып жүргенде бізге оңай 

болды деймісің. Жалғыз-ақ, білдірмей жауырды жаба тоқып жүре бердік 

қой”. (Екі толғауды бір толғау жасаған. –  С. Ж.).

30. 292-бет. 1-нұсқада: “Біз емес, әке істеген іс болған соң, не шара 

бар? Енді тоқалдың қуғаны – кегі болса, оған қосылып Бейсембінің 

қуғаны Есендіктің мал-басын билеу, қайтейік. К ү л ә ш.   Осы рас сөз 

ғой. Осы күнге шейін олар неге ескертілмеген”.

31. 293-бет. 1-нұсқада: “Одан да бүгін осылардың қасынан көшіп 

кетіп сөзін есітпей есемді артынан қуып алсам қайтеді?”.

Ә б д і л д ә (ойланып). Бұл да дұрыс сөз екен. Бүгін бұлардың ал-

дында кішірейме. Ертең өзімнің қасыма кел. Содан соң есең кетпейтіні 

мәлім ғой. Тиеп алсам да, қайтсем де алып беремін”.

32.  293-бет.  1-нұсқада:  “ Д е м е у ж а н.   Иә,  енді  осыдан  басқа 

ақыл жоқ”.

33. 294-бет. 1-нұсқада: “Құдайшылығыңды айтшы, мен қуарламайын” 

– деген сөз қысқарып қалған.

34.  294-бет.  1-нұсқада:  “Боқты  саған  сүйеу  бола  алар  осы”  деп 

өзгертілген.

35. 295-бет. 1-нұсқада: “қоңыз теріп жесін, боқты сен есесін алып 

берерсің!”



473

36. 295-бет. 1-нұсқада: “бұрышынан бөз үйдің бір жақ сырты көрініп 

тұрады”.

37. 297-бет. 1-нұсқада: “Ту, сарамес! (Күліседі.)”.

38. 299-бет. 1-нұсқада: “Ғ а з и з (жалғыз). Дәмеш көнсе, бүгін 

алып кетейін. Алып кетсем бұлар бізге не қылады. Біздің ауылды оңай 

қоржын қыла алмас. Қайсысы басып, жаншып кете алады? Көп болса 

малын алар. Байсалбай ауылы әрі өзімізге қарсы жау. Бәлем, кіммен 

ұстасып жүргенін білсін. Біздің жақ та осыған сүйінбей бәле – сөкпес. 

Сүйгенімді алу мен партиядағы жауымды мұқату қабат келсе, ол жерден 

аяйтын не бар? Жұрттың қолы жетпейтін ерлік пен жуандық осы емес 

пе? (Дәмеш шығады.)

39. 299-бет. 1-нұсқада: “Сен лайық көрсең бүгін де болса, алып 

кетейін деп тұрмын”, – деген сөйлем қысқарған.

40. 300-бет. 1-нұсқада: “ағаммен де”.

41. 301-бет. 1-нұсқада: “Д ә м е ш. Жоқ ол күнді қоя тұрыңызшы. Егер 

олай болатын болса, әйтеуір мені бір алып кетіп, осы жұрттың өсегіне 

қалдырмақшысыз ғой, сол күнде-ақ қам қылармыз. Бүгін кетсем, тіпті 

өмір бойы Төлештің бетін көре алмаймын ғой”.

42. 301-бет. 1-нұсқада: “Ғ а з и з. Біржолата ма? Мен әлі жеңілгемін 

жоқ. Әлі айтатын сөзім бар”.

43. 304-бет. 1-нұсқада: “Аяғында бәрі де “ақысы құрсын” деп жүрген 

күніне ақы алмай безіп кетіп жүргені – анау”.

44.  304-бет.  1-нұсқада:  осыдан  кейінгі:  “Бәлемдер  бір  қиян-

кескі болсын. Араз болғаны жақсы емес пе? Қайта сөздерін қостап 

үйлерінен тамақ ішіп жүрейін тұра тұр”. (Жөнеледі.),   –   деген сөздер 

қысқартылып кеткен.

45. 305-бет. 1-нұсқада: “Мен айтайын ба саған?”.

46. 306-бет. 1-нұсқада: “Аулақ жүр”.

47. 306-бет. 1-нұсқада: “ Д ә м е ш .  Кет әрі, не деп жүр өзі?”.

48.  307-бет.  1-нұсқада:  “Жөнеліңдер,  есіріп  жүрген  шығар  бұл 

кеселді күң!”.

49. 307-бет. 1-нұсқада: “ Д е м е у ж а н  (Қайшаға). Кесела қатын! 

Бәрін істеп жүрген сенбісің тағы? (Жығып салып ұрады.)

50. 308-бет. 1-нұсқада: “Қойғызсаңызшы енді. Ит болса да шешей 

ғой. Өлтірді ғой”.

51. 308-бет. 1-нұсқада: “ К ү з е т ш і .  Талай қызық болды. Есендік 

қорыққанынан  үйінен  де  шықпай  қалды.  Қайшаның  да  жон  терісі 

жазылған  шығар.  Шық,  бәлем!”  (Созып.)  Міне,  майдан  соң!  Міне, 

қызыл шеке!

52. 309-бет. 1-нұсқада: “Ағамның”.

53. 309-бет. 1-нұсқада: “Одан да бар ғой”.



474

54. 309-бет. 1-нұсқада: “IV перденің II көрінісі тұтас қысқартылған. 

1923 жылғы басылымда ол былай берілген:

Ғ   а   з   и   з  (инструкторға). Кәрім, менің жолдасым Дәмеш деген 

кісі мынау болады (Күліңкіреп.) Таныстырған деген осы да?

И н с т р у к т о р  (қысылыңқырап). Ә... ә... жарайды жақсы. Сала-

матсыз ба, Дәмеш?

Д ә м е ш. Шүкір.

И н с т р у к т о р  (күліп). Мен де сіздің жолдасыңыздың бірі бо-

ламын бұйырса. Қалаға да барасыз ғой. Жақынырақ таныс болармыз 



(Күледі. Дәмеш, Күләш та біріне-бірі қарап қысылыңқырап күледі.)

Ғ а з и з  (аздан соң Кәрімге). Біздің елдің сиқын көрдің ғой, бұнда 

да құтырған партия.

К ә р і м.  Партиясы жоқ ел бар деймісің?! Қыр тұрмысында біреудің 

жуан деген айғырлығы қалмай, біреудің жіңішке деген жалтаң көздігі 

қалмай, елдің бәрі бірдей түсінген харекет кәсіп болмай, байға кедейдің 

көз  сүзіп  тұратын  телміргіштігі  қалмай  партия  тиыла  ма?  Жалғыз-

ақ осы партиядан оқығандар аман болсын десеңші.  (Әбділда кіреді, 



амандасады.)

Ғ а з и з. Оқығандардан партияға кіретін кім бар екен (Қымыз келеді.) 

Қырда тұрғаны болмаса қаладағылар кірісе қоймас. Және түбінде не 

шықса да қызметте жүргендерден шығады ғой.

К ә р і м. Реті келсе ептеп бәрі де кірісер. Мұның түп себебі қызметте 

не оқуда жүргендік емес қой.

Ғ а з и з. Кірісуге не себеп бар? Қалада жүріп қызмет қылса жұрттың 

бәрінен солар жуан емес пе? Кім қорлық-зорлық көрсете алады.

К ә р і м. Себептің бәрі, менің білуімше, қазақ оқығандарының 

шалалығында.

Ғ а з и з. Қай шалалығын айтасың?

К ә р і м. Шалалық бір жағында емес бар жағында. Қазақ жігіттері 

білімге шала. Алдымен оқу, іс-пікірі саяз. Елшіл болып қызмет істеп 

көрген жоқ. Тәжірибесі жоқ. Өзгерістің төңкерістің адамы болып көрген 

жоқ. Бірдемені құлағы есітсе, кешегі (революциядан) бері қарай ғана 

есітіп отыр. Ол негізгі білім емес, бояма?

Ғ а з и з. Бүгінгі қызметі үшін бүгінгі хал-жайды білсе болмай ма? 

Жұрттың бәріне тарих қажет пе? Бұның тарихсыз өмір сүруге болмайды 

дегенге ұқсайды ғой деймін.

К ә р і м.  Жоқ, олай емес, тарих керек емес болса да әр адамды адам 

қыларлық негіз керек. Кеше патша заманында үйез бен мировойға пере-

водчик болсам деп соны арман қылып, соны қиял қылған оқығандарда 

немене негіз бар, не білім, не пікір бар. Жетілсем деген тілегінің барып 


475

жеткен жері парашыл төренің болыс ағасы болған соң, онда не кісілік 

болады? Қазаққа не жүлде әпереді.

Ғ а з и з.  Е... қазақ оқығандарының бәрі солар секілді ме, жақсысы 

да бар емес пе?

К ә р і м.  Мен көпшілігін айтам. Бірінен бірі қара үзе де кеткен 

емес қой. Шеру күні қаралас деген бар емес пе? Осы күні қай жердегі 

қазақ жігіттерін алсаң да тоқсан проценті әлгідей. Солар осы күнде не 

істеп отыр? Нені мақсат қылып отыр?

Ғ а з и з.  Не істейді?! Әзірше оқығандар елді сынатты, пәлендей 

қиянат қылды деген сөз естілмейді ғой.

К ә р і м. Қиянаты осы партияға кірісуде қалада тұрып, қызметте 

жүріп қатарлы интеллигентке ұқсап жүрсе де, солардың ойы мен қиялы 

қырда жүреді. Жетілген күнде қырға барып, мырза болып, бай болсам 

дегенді қиял қылады.

Ғ а з и з. Бұнысын сөгуге бола ма? Бұл елді сүйетіндігін көрсетпей 

ме? Оның түпкі себебі оқығандардың елшілдігінде деп білемін.

К ә р і м. Елшілдік бір оқып адам болып, надан жұрттан озып ба-

рып, содан қайтадан елдегі жуан мен мырзаның қалпына келуде болса, 

(басын изеп.) оған тәңір жарылқасын айтайық. Біздің жігіттердің көбі 

қаладағы кісілікке тоқтай алмай, қырда да атағы жер жарып, айдынынан 

жұрт ығысып отырса екен дейді. Сондықтан партияға кірісіп, қулық пен 

сұмдықты қоймай жүрген жуандардың бірін сүйейді. Оның арты елге 

түпсіз залал. Мына Қызылшілік болсын қаладағы оқығандары осындай 

қылып бүлдіріп отыр.

Ғ а з и з. Осының бәрінде қазақ оқығандарының қырды сүйетіндігі 

бар. Бұл және басқа жұрттарда бар ма екен?

К ә р і м.  Басқа жұрттың қазақ секілдісінде бар. Расын айтасың, 

онан соң бір оқығанның партияға кіруі жүз жуанның кіруінен залалырақ, 

себебі ұлық кіріскен соң, кімде болсын белсеніп кіріседі. Сондықтан 

зорлық та, жуандық қиянат та, өштік пен қастық та әншейіндегіден үш 

есе артық болады. Өстіп пәлеге өзіміз дем берген соң, қырдағы партия 

басыларға не сорым?

Ә б д і л д ә  (еңкейген басын көтеріп). Төреңе құлдық, қарағым, 

төреңе құлдық (бәрі күліседі.) Тіпті талайдағы айта алмай жүрген ар-

манды сөзімді өзің айттың ғой!

Ғ а з и з  (күліп). Әбен балта сабы жерден қосылайын деп, бағанадан 

баспа ғып отыр екен ғой.

Ә б д і л д ә.  Қалжыңым емес, шыным осы. 3 болыстың партиясына 

қаладағы ұлық болып отырған Мұхамеджаның кіріспесе, біз де қойдық 

партияны. Осы елдің тынымсыз дейтіні – мен. Мен міні өзіңмен байлау 



476

қылдым, жалғыз-ақ ана тентегің Мұхамеджанды тыйшы. Ол мына елдегі 

жуан достарын тыйсын. Сонда біз сап боламыз.

К ә р і м  (күліп). Жуандар тыйылса шын тыйылар ма едіңіз?

Ә б д і л д ә.   Өзге  жуанды  қойып,  осы  Бейсембіні  ауыздықтап, 

партияға кіргізбеші, тіпті сонда да мен тыйылайын.

Ғ а з и з. Бұл елдің таласына бас болатын Бейсембі екені рас, бағана 

айтып едім ғой, ол сайлау басында еркін жүрсе, ел бүлінбей отырмайды.

К ә р і м (Әбділдәға). Ақсақал енді Бейсембі тыйылса тыйыламын 

дегеніңді мен уағда қылып ұстадым. Бейсембіні мен тияйын, сізді мына 

Ғазизге тапсырамын. Осы сізді аңдиды. Уағда ма осы, жарай ма?!

Ә б д і л д ә.  Болды мен тоқтадым. Ақ жүрегіңнің бірі осы ғой, 

момындығы  болмаса  бұ  да  бір  қызметте  жүрер  еді  ғой.  Әншейін 

момындық тазалықпен құр қалып жүр, осы Ғазиз жолдасыңа-ақ тапсыр.

К ә р і м. Жарайды. Тапсырғаным осы. Ғазиз сен мына ақсақалды 

бағасың ғой?

Ғ а з и з   (күліп).  Бағайын,  баяғы  ақсақал  бұзылған  күні  мен  де 

бұзылам ғой (Аз тым-тырыс, һәм жиылады.)

К ә р і м. Жә! Енді мен жүрейін, үйлеріне келген шығар.

Ғ а з и з. Енді кешке біздің ауылға қонақ боласың ғой?

К ә р і м. Барайық дедік қой бағана.

Ғ а з и з.  Кешке сайлау үйіне барайын, мен әзірше жүрейін. (Кәрім 



шығады.) (63 – 67-беттер).

55. 310-бет. 1-нұсқада: “Кімнің пайдасы тиетін болса, соның сойы-

лын соғады. Құдайшыл, жақсылардың ісі осы ма!”.

56. 310-бет. 1-нұсқада: “ Т ө л е ш .  Бейсембінің өзге істеп жүргені 

де толып жатыр ғой, бірақ соның ішінде осы маған қылғаны көріну 

құдайдан безгендік емес пе!..”. “Неғе қас-қабағыма қарамайды. Тіпті 

Есендікке шықтым десін, сонда құтыла ма? Есендік не, тоқал не? Мен 

жығылсам – тоқалға жығылған болам”.

57. 310-бет. 1-нұсқада: “Жұрттың бәрі оны төбесіне көтереді. Ай-

рандай аттап, күбідей пісіп отырсың. Мынауың қалай деп айтатын бір 

мұсылман жоқ.

58. 311-бет. 1-нұсқада: “Қаңғырып жүре беретін қозы бұты, қой 

саны, құл-құтаны менмін бе? Неге көтерейін мен мұны?”.

59. 311-бет. 1-нұсқада: “асыратын сөз болады”.

60. 311-бет. 1-нұсқада: “Ел келесі сайлауда осы”.

61. 311-бет. 1-нұсқада: “осы алтыншы старшын”.

62. 311-бет. 1-нұсқада: “ Ә б д і л д ә .  Балаң сайлаушының басын 

қайырып алған көрінеді. Бұл өз жұмысын бітіретін. Ғ а з и з. Мені 

бүгін бір жағынан әдейі ағам жіберіп еді. Жайлары қалай екен? Елдерің 

шеті бүтін бе екен? Салқындық қылып елін уысынан шығарып алып 



477

жүрмесін деді. Ә   б   д   і   л   д   ә .  Иә, дұрыс. Ол жұмысты біз сенің 

әкеңнен әлдеқашан бұрын ойлаған шығармыз. Құдайға шүкір, мына 

сақал менен шашты немен ағартты ғой дейсің? (Күледі.)”.

63. 312-бет. 1-нұсқада: “Не екенімен ісі жоқ қайтсем біледі?.. деген 

сөз қысқарған”.

64. 313-бет. 1-нұсқада: “Тәңірім-ай, сұмдық! Қорған бол, өзің сақта! 

К ү л ә ш.  Сәулем-ай!..”.

65.  315-бет.  Бұл  арада  1-нұсқадағы  мынадай  бір  үлкен  үзік 

қысқартылып қалған. Т ө л е ш.  Ух (Әбділдәға) Әбеке! Қайда? Әкеме 

ұрыспа. Менің сөйлесетін сөзім бар. Е с е н д і к  (жылап). Айт, сәулем! 

Айт, қуатым. Менде қатын жоқ, сендерден басқа балам жоқ. Сендерді 

бүйіткен Қуатжан мені қайтып аяйды. Т ө л е ш   (жылап). Аға! Мен 

өлемін. Мені (басын көтеріп алып.) Айтатын ақырғы сөзім, мына... 



(Демеужан, Дәмешке қарап.) Мыналардың бәрін өздерінің орынына 

апар... Есесін бер. Екінші тілегім: Ғазиз, Дәмеш! Бері келіңдерші – 



(Екеуі қасына келеді. Қолдарын ұстап.) Мен екеуін қостым (Ғазиз, 

Дәмеш жылап отырады.) Мен осы Дәмешке жетімдік көрсетпеймін 

деп өлгелі отырмын ғой. Шешесі өліп, бір жетім болып еді, енді тағы 

жетімдік зарын өткізбе. Мына Ғазиздан айырма.  (Есендікке.) Уағда 

беремісің. Е с е н д і к.  Берем, жарығым, уағдамды. Т ө л е ш  (Қолын 



жайып). Олай болса ықыласыңмен бата бер. Е с е н д і к  (Қол жайып 

бата қылады). Қарақтарым, жастарың ұзақ болсын”...

66. 315-бет. 1-нұсқадағы мына толғаулар кейіннен қысқар-тылған: 

“Сенің қуатыңды біздің бірлігімізді сорып жүргелі отыр. Сенің әкелік 

жүрегіңді... менің балалық жүрегімді... мұздатқан суық... Бейсембінің 

суығы,  соның  ызғары!  Е  с  е  н  д  і  к.  Қарағым,  жарығым!  Ұқтым, 

менің  тірлігімді  ұмытқан  екем.  Мен  өлік  екенмін.  Енді  мен  кеттім 

тоқалдан.  Кеш,  жарығым!  Төлеш.  Енді  арманым  жоқ...  Ризамын... 

Әке! Мен қорлықты тоқалдан көрдім... Ондағы кегімді өзің эпер. Осы 

айтқандарымды істесең кештім (Ұмтылып.). Өзі құшақтап!.. Маған... 

(жылап)  жүрегіңе  қыс.  Қуғында  жүріп  суып  кеттім  ғой...  Жібітіп 

жібер... (Құшақтасады.) Есендік (жылап). Жарығым... жалғызым... 

айырылдым, ғой... жандым ғой... Айтқаныңды орындаймын... (Сүйіп) 

Қуатым.. Төлеш. (Айналаға.) Қош!.. (

.) Есендік (Ақырын). 

Қош, жарығым, қуатым... (бәрі ақырын жылайды.)

67. 316-бет. 1-нұсқада: “Шымылдық түседі” деп жазылған.

Б. Байғалиев,  

С. Жұртбаев


478

М А З М Ұ Н Ы

I. МАҚАЛАЛАР ..................................................................................... 3

Қырдағы елге ............................................................................................ 5

Қазақ қызметкерлерінің міндеті ............................................................. 8

Сот ........................................................................................................... 11

Қазақ бөлімдері туралы ......................................................................... 18

Жалпы жарлық ....................................................................................... 21

Не себептен? ........................................................................................... 22

Егінге дайындалыңдар ........................................................................... 25

Есіл Қарқаралы ....................................................................................... 29

Қазақ институты ..................................................................................... 32

Қазақстан өкілдерінің хабары ............................................................... 35

Қазақстан елшілерінің хабары .............................................................. 38

“Қызыл сұңқарлар”  ............................................................................... 41

Ләйлә, Мәжнүн ....................................................................................... 45

Орынбордан телеграм ............................................................................ 46

Ашық хат ................................................................................................. 47

Семейдің губерниялық үшінші кеңестер тобына ............................... 52

Арқалануды қалдыру керек ................................................................... 55

Оқуға ұмтылатын уақыт ........................................................................ 58

К трехлетию Кирреспублики ................................................................ 60

Ахаңның елу жылдық тойы .................................................................. 63

Халық әдебиеті туралы .......................................................................... 71

Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі  ........................................................... 75

Қобыланды батыр  ................................................................................. 87

Әдебиет ескілігін жинаушыларға ......................................................... 95

II. ӘҢГІМЕЛЕР .................................................................................. 101

Қорғансыздың күні .............................................................................. 103

Қыр суреттері ....................................................................................... 125

Қыр суреттері

1. Кешкі дөң басында ..................................................................... 131

2. Түнгі ауыл ................................................................................... 133



479

3. Қысқы түн ................................................................................... 135

4. Қысты күнгі дала ........................................................................ 137

Қыр әңгімелері

1. Сыбанның моласында ................................................................ 140

2. Текшенің  бауырында ................................................................ 145

Үйлену ................................................................................................... 154

“Оқыған азамат” ................................................................................... 162

Кім кінәлі? ............................................................................................ 181

Сөніп-жану ........................................................................................... 205



III. АУДАРМАЛАР ............................................................................. 229

Жердің жаратылысы жайындағы әңгімелер.

(Ю.Вагнер) ............................................................................................ 233

IV. ПЬЕСАЛАР ................................................................................... 267

Бәйбіше-тоқал ....................................................................................... 269



V. ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР................................................. 317

ӘУЕЗОВ МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ

Шығармаларының елу томдық толық жинағы

2-том

Академиялық ғылыми басылым

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының

ғылыми кеңесінде бекітіліп, баспаға ұсынылған

Баспа жобасының жетекшілері: 

С. Назарбаева, Б. Қанапиянов

Редакторлары: Б. Хабдина, Б. Мұсахан

Көркемдеуші редакторы Л. Өтебаева

Техникалық редакторы И. Селиванова

Компьютерде беттеген И. Селиванова

Басуға 

қол қойылды.



Пішімі 84х108 

1

/



32

. Офсеттік қағаз.

Қаріп түрі “Таймс”.

Шартты баспа табағы 25,2.

Таралымы 4000 дана.

“Жібек жолы” баспа үйі

050000, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 50.

Тел.: 272-65-01, 261-11-09.

Тапсырыс № 1246.

11.03.2014 ж.



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.79 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет