Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.
Pdf просмотр
бет30/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

КІМ  КІНӘЛІ?

Әңгіме  алғаш  рет  1923  жылы  “Шолпан”  журналында  жарияла-

нады. Одан кейін бұл әңгіме 1935 жылы басылып шыққан “Ескілік 

көлеңкесінде” (78–100-беттер) деп аталатын жинақ пен “Қараш-Қараш” 

(1960 жыл), он екі томдық шығармалар жинағынын 1-томында (1967 

ж., 125 –146-беттер), “Қилы заман” жинағында (“Жазушы”. 1979, 284– 

308-беттер), жиырма томдық шығармалар жинағының 1-томында (“Жа-

зушы”, 1979,169–193-беттер) жарық көрді. “Шолпан” журналындағы 

нұсқасы  табылмағандықтан,  1935  жылғы  “Ескілік  көлеңкесінде” 

жинағындағы басылым, жиырма томдықтағы нұсқасы салыстырылып, 

елу томдық академиялық толық басылымға жіберіліп отыр. “Ескілік 

көлеңкесіндегі” басқа әңгімелерді алғашқы жарияланымымен салысты-

рып қарағанда, бірлі-жарым өзгеріс болмаса айта қоярлықтай түзету, 

толықтыру сияқты өзгерістер байқала қоймайды. Соған қарағанда “Кім 

кінәлі?”  әңгімесінде  де  жанарту,  жаңғырту  процестерінің  болмауы 

мүмкін.


“Ескілік  көлеңкесінде”  мен  1960  жылғы  “Қараш-Қараш” 

жинағындағы  басылымдарды  салыстыра  қарағанда  мынадай 

айырмашылықтар байқалды:

“Ықшамды  киімі”  –  “Ықшам  киімі”,  “жас  жігіттерге  ұсайды” 

–  “жас  жігіттерге  ұқсайды”,  “кетпеген  сияқтанды”  –  “кеткен  жоқ”, 

“кінәлағандай болып” – “кінәлап”, “сондықтан байының” – “байынын”, 

“сөйлеспекші болды” – сөйлеспек болды”, “қарап отырып” – “қарай 

түсіп”, “Сүйтіп отаудағы жігіттер” – “Отаудағы жігіттер”, “Сен сонда 

бар”  –  “Сонда  бар”,  “Шыдайтындай  еді”  –  “шыдайтындай”,  “ниет 

қылғандай болды” – “ниет қылған”, “қызғанып еді” – “қызғанады”, 

“Есләмнен уағда алды” – “Ісләмнен уәде алды”, “ұсады” – “ұқсады”, 

“ашу белгісі шыққандай болып томсарып қалды” – “шыққандай томса-

рып қалды”, “Айша бұл сөзге тан, қалған пішінмен күліп” – “Айша бұл 

сөзге таң қалды”, “айтқан сөзі” – “айтқан тілегі”, “анықтап түсінгендей 

болды” – “түсіне берді”, “тұрған еді” – “тұрған”. “Ертең шақырсан да 

жылы ұшырай қалады екен деп ойламай-ақ қой” – “Ертең шақырсаң да 

басқа болмаспын”, “сөйлеспекші болды” – “сөйлеспек болды”, “мығым 


көрінеді ғой” – “мығым көрінеді”, “уағда қылып” – “әуре қылып”, “соны 

айт?” – “осыны айт?”, – “тепкілеп ұра бастады” – “тепкілей бастады”, 

“тиылмай жылап жатты” – “тиылмады”, “жол көріп еді” – “жөн көрген”, 

“күшейе бастады” – “күшейе түсті”, “Сол сөздің” – “Бұл сөздің”, “арбаға 

отырды” – “арбаға мінді”.

Міне, бұлар 1960 жылғы басылымға енгізген өзгерістер. Енді 1935 

жылғы басылымнан қалып қойған сөз-сөйлемдер де кездеседі. Кейде 

кейбір сөйлемдер ықшамдалған немесе басқалай құрылған.

“Жас әйелдің жүрегі әлденеден қысылып дүпілдегенін, сұлу жүзіне 

ойнап шыққан ыстық қаны сыртқа шығарып алғандай болды” (81-бет), 

“Енді  ол  қаттылықтың  бітетін  кезі  жетті.  Мен  бүгін  тілемесем  де” 

(85-бет), “Сол тілегімді орындайсың деді” (85-бет), “Бұл күнге шейін 

бақытты  үміт  қартайған  көңілдей  болып  салқындаған  сияқты,  көр 

қараңғылығындай суық қараңғылық басып барады” (90-бет).

Осыларға қарағанда қайта басылымдарында жазушының алшақтық 

танытатындай жөндеп-өңдеулерге бармағандығы көрінеді. Жас кезінде-

ақ шымыр жазуға машықтанған суреткердің туындылары ондайларды 

қажет етпейтін де еді.



Т. Әкімов

444

СӨНІП-ЖАНУ

“Сөніп-жану” атты бұл әңгіме тұңғыш рет Ташкентте шығып тұрған 

“Шолпан” журналының 1923 жылғы 6, 7, 8-сандарында “Заман еркесі” 

“роман” деген атпен жарияланды. Шығарманың соңына “Аяғы бар. 

Мұхтар”  деп  қол  қойған.  Кейіннен  “Сөніп-жану”  деген  атпен  1936 

жылы жарық көрген “Қараш-Қараш”, 1960 жылы шыққан сол аттас 

жинақтарда өңделіп, қысқартылып, ішінара толықтырылып басылды. 

Сондай-ақ, жазушы шығармаларының он екі томдық басылымының 

1-томына  (1967,  100–124-беттер),  жиырма  томдық  шығармалар 

жинағының  1-томына  (1979,  142–170-беттер)  және  әр  жылдары 

жекелей  жарық  көрген  түрлі  жинақтарға  енді.  Мұның  барлығына 

1960 жылғы “Қараш-Қараш” кітабындағы нұсқа негіз етіп алынды. 

Шығармаларының елу томдық толық жинағына да сол басылым негіз 

болды. Алайда, “Шолпан” журналындағы алғашқы нұсқасымен салы-

стырылып, текстологиялық саралаудан өтті. Саралауды жүргізгендер 

Бейсенбай Байғалиев пен Сұңқар Жұртбаев.

Жазушының  өзі  “роман”  деп  атағанымен  де  шығарма  толық 

жарияланбаған. “Заман еркесі” романы жазылды ма, жоқ па, ол тура-

лы нақты деректер жоқ. Тек “Өз жайымнан мағлұмат” атты Смағұл 

Сәдуақасовқа  берген  анкеталық  жауабында  (“Әуезов  үйі”  ғылыми-

мәдени орталығының қолжазба қоры, 382-папка) ертеректе жазылған бір 

көлемді шығармасының бар екендігін, оның қазір қайда қалғандығын 

білмейтіндігін тілге тиек етеді. Бұл арада М. Әуезовтің қай шығармасы 

туралы сөз болып отырғаны көрсетілмеген. Із-түссіз жоғалып кеткен 

“Сұғанақ сұр” хикаяты ма, әлде, “Заман еркесі” ме? Бұл жағы әзірше 

беймәлім.

Шығарманың негізгі желісіне жиырмасыншы жылдардағы қазақ 

зиялыларының  басынан  кешкен  психологиялық  қайшылықтар  мен 

сентиментальдық сезім иірімдері арқау болған. Жеке өмірбаяндық сы-

пат беретін тұстар да бар. Ол туралы толық дерек пен әдеби талдаулар  

Ғ. Сармурзиннің, Т. Жұртбаевтың, А. Әуезовтің естеліктері мен зерт-

теу кітаптарында баяндалған. “Сөніп-жану” әңгімесі шет тілдеріне әлі 

аударылған жоқ.


445

Жазушы өзінің бұл әңгімесін екі рет – 1936, 1960 жылдары қайтадан 

өңдеген. Алғашқы нұсқа мен кейінгі нұсқалардың арасында пәлендей 

елеулі  өзгерістер  болмағанымен  де  назар  аударарлық  жайлар  бар. 

Соның ішінде, ұлт тағдыры туралы толғанатын кейіпкер толғаулары, 

заман туралы ойлары, ішкі буырқанысты сезімді бейнелейтін тұстары 

кейіннен қысқартылған. Бұл шығарманың лирикалық әуеніне әсер ет-

кен, кейіпкердің көңіл күйлерін толық ашуға, оның өмірден түңілуі мен 

сүйінуінің себептерін түсіндіретін, ашатын психологиялық желілерді 

тереңдете түсуге мүмкіндік бермеген. Ондай мүмкіндіктің тумайтынына 

көзі жеткен соң, шығарманы аяқтамай, осы арадан үзіп тастауды жөн 

көруі де мүмкін.

Екі нұсқаның арасындағы негізгі айырмашылықтар мыналар:

11. 205-бет. “Заман еркесінің” басында берілген:

“Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы,

Салқын, қуыс – өмірі ия қараңғы.

Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,

Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды...

Бала мінез, ойыншы бұрынғылар,

Аңқау екен, мазақтап соны сынар.

Артқа қарап, ақ пейіл шалға күліп,

Абұйырсыз, атақсыз көрге құлар.

Абай”, –

деген шығарма эпиграфы кейінгі нұсқада алынып тасталған.

Бұл  негізінен  Абайдың  өзінің  төл  туындысы  емес,  орыс  ақыны 

М. Ю. Лермонтовтың “Ой” деген 11 шумақтан тұратын өлеңі. Соның 

ең бірінші және тоғызыншы шумақтары ғана эпиграф етіп алынған.

2. 205-бет. “Шолпанда” жарияланған нұсқада: “Жүргіншілер келе 

жатқан қабат-қабат биіктің арасында бұралып жатқан жіңішке жасыл 

өзек кейде тарауланып көп салаға бөлініп” – деп жазылған. Кейіннен 

жазушы “бұралып, жасыл” деген сөздерді қысқартқан.

3. 205-бет. “Заман еркесінде”: “... бұлардың жолдасы – Есімжан 

еді” – деп жазылған.

4. 205-бет. “Заман еркесінде”: “айырылған апа-қарындас”.

5. 206-бет. Бұл сөйлемдерді жазушы кейіннен өңдеп, түзеу барысын-

да жаңадан жазған. 1-басылымдағы мәтіні мынадай: “Оқыған жігіттер 

елдің бұл күйін көзімен көрсе де, жаңадан қырға келгендіктен ағайын-

туысқанды аралап, қыдырып жүрген”.

6. 206-бет. Мұндағы “еді” деген сөздің орынына бұрын “болатын” 

деп жазылған.

7.  206-бет.  Бұл  араға  да  түзетулер  енгізген.  Алғашқы  нұсқасы 

мынадай:  “Жігіттер  әуелгі  келе  жатқан  бетінен  жалт  бұрылып,  ит 



446

дауысы шыққан жаққа жүрді. Енді біраз бүлкектеп, кішкене төбенің 

басына шыққанда жарты шақырымдай жерде тұрған ауылдың тыстағы 

жарқыраған оты көрінді”.

8.  207-бет.  Бұрын  бұл  сөйлем:  “Иттер  жолаушылар  ауылға 

жақындаған сайын қатты үріп” – деп басталған.

9.  208-бет.  1-нұсқада:  “...  бұрын  түс  таныстығы  жоқ  болса  да 

жатырқамай, бұларды күтіп-сыйламақ болған”.

10. 208-бет. Кейінгі нұсқада: сөз аяғындағы жалғауларды өзгерткен.  

Бұрын: “ақырын дауысында, әдепті, сыпайы сөзінде” – делінген.

11. 208-бет. “Бұрын мұндай ауыртпалық кезінде басшылық етеді 

деп үміт қылатыны – оқыған азаматтар болушы еді” – деген сөйлем 

кейіннен қысқарып қалған.

12. 208-бет. 1-нұсқада: “Сыздық Мақыш ақсақалдың айтқан сөзіне 

әбден  сүйсінгендей  болып:  –  Рас  айтасыз,  қазақтың  оқығанында 

күш-қайрат қазіргі заманда жоқ болса да, елді шын көңілімен сүйетін 

ақжүректік,  азаматтық  бар”  –  деген  сөз  идеологиялық  қысымнан 

сескенгендіктен қысқартылған сияқты. Кейінгі басылымда жоқ.

13. 208-бет. Бұл сөйлем 1-нұсқада былай: “Кісі көп үміт қылған 

адамы айтқан жерінен шықпаса, көбірек түңіледі ғой. Бірақ әлі сынала-

тын күніміз алдымызда деп білеміз, – деді”. Кейіннен сөйлемге сөйлем 

қосылып, толықтырылған, стильдік түзетулер енгізген.

14. 209-бет. 1-нұсқада: “Мақыш ауылынын іргесінде тұрған”.

15. 209-бет. “1-нұсқада: “Аспанда бұлтпен араласқан...”.

16. 209-бет. Бұл сөйлемдерге жазушы стильдік түзетулер жасап, 

ішінара қысқартқан. 1-нұсқада былай: “Жартасты, зор кеуделі, үлкен 

биік, ұзақ түнге созылып сарылған, салқын намаз – ұлы дұғадан басын 

қоршаған бұлт жоғары көтеріліп, айыққан сайын зор қабағын сабырмен 

ашқандай болып, ұйқылы көзі тұнжырап, етекте керіліп жатқан далаға 

қасын түйіп қарағандай болады”.

17. 209-бет. 1-нұсқада: “жіңішке ұзын бойлы”.

18. 209-бет. 1-нұсқада: “кішкене тарлау там екен”.

19. 210-бет. 1-нұсқада: “... шығуға айналып есікке қарай жүрді”.

20. 210-бет. 1-нұсқада: “... алуыма жолдасы кұрғырлардың...”.

21. 210-бет. 1-нұсқада: “... айтқалы келе жатқан айтпақ сөзінен”...

22. 211-бет. 1-нұсқада бұл сөздер жоқ, кейіннен қосылған.

23. 211-бет. Бұл сөйлемдер кейіннен түзетілген. Алғашқы нұсқада 

мынадай: “Бұған ұнаған жалғыз ғана түсі емес, қыз үндемесе де, бұл 

түстің ар жағындағы мінезін де сынады. Әкесі өте есті мінезді адам 

сияқты. Жақсы тәрбие беретін әуелгі әке осындай-ақ болады. Бұлар 

ауылы менен малы аз нашар адамдар болса да өзге кісілерге ұқсамайды.

Мінездері,  тәртіптері  бұрыннан  Сыздықтың  қиял  қылған,  шын 

іздеген адамшылығы мол кедейлеріне ұқсайды”.


447

24 211-бет. Бұл арада: “Осы қызды Сыздық ұнатты” – деген сөз 

қысқарып қалған.

25. 211-бет. “Біз оқып жүрген уақытта қатындыққа орыс қызы да, 

ноғай қызы да, тәртіпті, оқыған қазақ қызы да жарамайды. Қырда жақсы 

тәрбие алған, мінезі жақсы, адамшылығы бар ел қызын алу керек”, – 

деген сөйлем ықшамдалып, түзеліп берілген.

26. 212-бет. Бұл арадағы “Есімжан” деген сөз қысқартылған.

27. 213-бет. Бұл сөйлемнің әуелгі үлгісі мынадай: “Онын көңіліне 

қатын алу деген адам өміріндегі ең бір мағыналы, ең ірі және ең қызықты 

іске бұның жақындары базардың саудасындағы сарамастық әдетті әкеп 

сала берген сияқтанып...” – деп келіп, әрі қарай жалғаса береді.

28. 213-бет. Бұл абзац та өзгеріске ұшыраған. 1-нұсқада: “Бірақ 

көп жолдас, көп туысқанның талқысына көніп, Жұмақанның қызын 

да көрмекші болды. Арада тағы бірер күн өткен соң бұрынғы жігіттер 

қасына тағы бір-екі жолдас ертіп Жұмақандыкіне күндіз келіп түстенді” 

– деп жазылған.

29. 214-бет.1-нұсқада: “... өз елдеріне қарай біраз жүрген соң”.

30. 214-бет. 1-нұсқада: “...артық дегенге көп құлақ та қоймайтын”.

31. 214-бет. 1-нұсқада: “Мақыш ақсақалдың бұларға айтқан сөзі”.

32.  215-бет.  “Сыздықтың  көңіліне  жақындық  жолымен  болып 

жатқан бұл сияқты істің бәрі де жарастықты, қызықты істей көрініп, әр 

біріне ішінен сүйініп жүрді” – деген сөйлем кейіннен толықтырылып 

жазылған.

33. 215-бет. Бұл арада сөйлемдердің ұзын ырғасы қайта құрылып, 

түзетілген. Кейбір сөздер қысқартылған. Әуелгідегі мәтіні мынадай: 

“Бұл сияқты жолдастардың бәрі болмаса да, бірен-сараны бұрын “ел 

қамы” деген сөзді көп сөйлеп жүргендіктен, өздеріне, ең болмаса бір 

қызметте отыруды борыш көргендей болып, қалада отырып қызмет 

қылып жүр еді. Сыздық бұлармен хат жазысқанда: – Менің биылғы 

жылым  текке  өтуге  айналды.  Бірақ,  қатын  алу  деген  де  адамның 

өміріндегі  ірі  жұмыстың  бірі  ғой.  Биыл  қатын  алып,  ендігі  жылы 

алаңсыз болып кіріспекшімін, – деп өзінің іссіз жүрген күніне жұбаныш 

қылып, жолдастарының алдында ақталып хат жазушы еді. Сыздықтың  

бұл байлауына кейбір жолдастары болымсыз кінә қойғандай болса да, 

көпшілігі бұның жаңа өмірге қарай басқан қадамын құттықтап...” – деп 

әрі қарай ескі текспен жалғасып кетеді.

34. 217-бет. Бұл сөйлем де қайтадан өңделген. 1-нұсқасы мынадай: 

“көп таудың аңшылардың тобында бір айдай жүріп қайтты.

Биік шың таудың қия жартастары, терең құздары, үскіріп соққан 

қатты желі, алай-түлей болған ақ түтек борандары, жер-көкті қаптаған 

ызғарлы  қары  және  соның  бәрінің  ортасында  таңертеңнен  кешке 



448

шейін салпылдап жүрген аңшылықтың бейнетті жүрісі аз күннен соң 

Сыздыққа ауыр тиіп, жалықтырғандай болды”.

35.  217-бет.  Бұл  арадағы  сөйлемдерге  де  стилистикалық  және 

мағыналық  түзетулер  енгізген.  Алғашқы  нұсқасы:  “Іргесі  көмулі 

кішкене қостың ішінде “төбеқызар” қылып жас отынды жағып қойып, 

шыртылдап лаулап жанып жатқан үлкен қызулы оттың  айналасында 

арқаларына қалың киімдерін жамылып, жағалай қақтанып отырып, 

буы  шығып  қайнап  жатқан  етті  күтіп,  қос  ішіндегі  үлкен-кішінің 

айтқан әңгімесі Сыздықтың көңіліне қызықты кездей көрінді. Онан соң 

жылқышылардың молқолдығы, тамаққа мырзалығы өзгеше сияқтанды”:

36.  218-бет.  Бұл  арада  да  ықшамдаулар  мен  толықтырулар 

жүргізілген.  Алғашқы  басылымдағы  мәтін  мынадай:  “Сыздық  бұл 

жүруінің  бәрінде  өзін  осыншалық  бейнетке  ықтиярымен  салынып 

жүрген геройдай көрсе де, аяғында барлығынан жалығып, елге қайтуға 

асықты. Ой мен қырдағы бұрыннан көрсем деп жүретін айырықша 

қызығы бар сияқты қалдың көбін көрді. Бірақ һеш бірінен байлаулы 

қызық таба алған жоқ. Бәрі де әңгіме қылып айтуға жақсы. Бір-екі 

рет көруге жақсы. Бірақ соңына түсіп салынатын, үнемі айнымайтын 

қызығы бар һеш бір ермекті таба алмады”.

37. 218-бет. Бұрынғы нұсқасы мынадай: “Ел салтына лайықты әдет-

ғұрыптың бәріне мойындап, Сыздық бұл жолы ұрын баратын болған”.

38.  218-бет.  Әуелгі  мәтіні:“...  сыпайылықпен  сыйлап  отыратын 

болды”.


39.  218-бет.  Алғашқы  нұсқасында:  “Сондықтан  Сыздық  оларды 

қораш санаса да, жанындағы Сүлеймен сықылды оқыған жігіттер және 

салтанатты сүйетін бозбалалар келген әйелдермен көп қызықтас бола 

алған жоқ”.

40.  218-бет.  “...  ажарсыз,  ақылсыз  көрінген  қыз-келіншектерден 

өзі де жалығып, көбінесе үндемей отырды. Қалыңдықты күйеулердің 

жанына кешкі шайдың алдында ғана алып келді”, – деген сөздерге сөз 

қосылып, толықтырылған.

41.  219-бет.  Бұл  арадағы  “жауап  бермей”  дегеннен  кейінгі  “не 

қысылып” деген сөз қысқарып қалған.

42. 219-бет. 1-нұсқада: “жасықтыққа жеткізгендей отсыз, ауыр адам”.

43. 220-бет. 1-нұсқада: “... Сыздықтың көңіліне жолдастарының 

мінезі де ұғымды сияқтанды”.

44. 220-бет. Бұл арада да өңделген сөйлемдер бар. Түпнұсқада былай: 

“Неше жылдай қиял қылып іздеп жүрген өмірлік жолдас деп аңсағаным, 

қырдағы көп кедейдің қатынының біріндей қызықсыз бір қыз болып 

шықты ма? – дегендей күдікті сауалдар келсе де, артынан бұның бәрін 

орынсыз көріп, өзін-өзі жұбатып...” – деп әрі қарай жалғаса береді.



449

45. 221-бет. Сөз, сөйлем өзгертіліп, тыңнан жаңа үстеме бояулар 

қосқан.  Алғашқы  мәтін  мынадай:  “һеш  бір  сезім  жоқ,  саяздықтан 

туған бояу екен – деп санай бастады. Бұл ойды туғызған себебі: күні 

бойы ұялған болып майысып, түзу сөзге жауап бере алмай қызарып, 

қиылып отырған қалыңдықтың енді қараңғы түн болды деп, дүниядағы 

еркек пен ұрғашының арасындағы ең төмен, ең кірлі, қараңғы іске өзі 

келгендігінен болды. Қазақ әйеліндегі сыпайылық, әдептілік – майысқан 

мінездік сырттан көрінетін ғана бір жансыз сурет”.

46. 221-бет. 1-нұсқада: “... отсыз жандай көрінді”.

47. 221-бет. Бұл арада: “Бұл ойдың бәрі мәдениеттің сіңірген нәзік 

сезімдері еді. Соның іштегі азырақ қозғалып, күңкілдеген дауысына 

кұлақ  салғанда  басына  әлгіндей  ойлар  келіп,  ел  салтынан  сезімді 

жүрегін жиренткендей болды” – деген сөз қысқарып қалған.

48.  222-бет.  1-нұсқада:  “...  сондай  кездерде  көп  аңдағандықтың 

артынан туады”.

49. 223-бет. Бұл арада сөздердің орындары ауыстырылған. Негізгі 

нұсқада былай басылған: “Сыздық бір барып қайтқан соң, арада бір-

екі ай өтсе де қалыңдығына баруға асыққан жоқ. Жәмилә жайынан 

бұрынғыдай көп сөйлеп, көруге асығатындығын енді жолдастарына 

айтпайтын болды. Жолдастарымен қанша күн бірге болып, ойнап-күліп, 

бір жерге түстеніп, бір жерге қонып, қызықтасып жүрсе Жәмиләнің аты 

һеш бір уақытта аталмайтын болды. Жастар бұл турада үндемей жүріп, 

ішкі жайды түсінгендей еді.

50. 223-бет. 1-нұсқада: “сөздерінің ыңғайсыз, орымсыз екенін ...”.

51. 223-бет. 1-нұсқада: “Бұл әңгімені...”.

52. 224-бет. 1-нұсқада: “Сыздық бұл сөздегі кінәнің бәрін өз мойнына 

алса да, һеш нәрсені шығармай, үндемей отырып алды”.

53.  224-бет.  Бұл  арадағы:  “маңайындағы  жақындарының  күнде 

көріп жүрген көп кедейлердің біріндей көрінгендігі де жас жігіттің 

көңілін жалықтырғандай болды” – деген сөздер қысқартылған. Содан 

кейінгі: “Әсіресе, солардың күйеуі болған болып, өзіне жақын кісімсітіп 

жүргендігін де бойынан төмен көре бастады. Олардың ортасына кел-

генде жасып, төмендеп кететін сияқтанды” – деген сөйлем стильдік 

өңдеуге түскен.

54. 224-бет. Бұл арада ұлт-азаттық рухына, бостандығына байла-

нысты үлкен бір үзік қысқартылған. Мұның идеологиялық тұрғыдан 

сәйкессіз деп табылғаны анық. Кысқартылған текстің нұсқасы мынадай:

“Ел рухы көтеріңкі, қуанышты, қазақ оқығандары бас біріктіріп, 

төңкеріс уақытымен пайдаланып, ұлт ұйымдарын жасап, қуанысып 

жатқан. Жастар арасында толып жатқан қызықты, үміті үлкен сенішпен 

іске кіріскен екпінділік бар екен. Сыздық жолдастарының ортасына 

29–1246


450

келіп, болып жатқан оқиғалардан толық мағлұмат алды. Бұрын өзгеріс 

деген аты болмаса, һеш бір нәрсені естімеген, білмегендігін, өзгеріс 

дегеннен хабарсыз жүріп һеш бір мағлұматы жоқтығын байқады. Бірақ 

бұл жалғыз мұның басында емес, барлық қазақ оқығандарының басында 

бірдей бар екен”.

“Сөніп-жанудың” алғашқы нұсқасынан 1960 жылғы нұсқаға кірмей 

қалған  мынадай  сөздер  бар:  “Сондықтан  жолдастарымен  бірін  бірі 

жұбатып: араласа жүріп үйренеміз, қазаққа теңдік, бостандық әпереміз, 

құлдықтан, зорлықтан кұтқарамыз деген сөздеріміз іске асатын болса, 

осы заманда ғана асады. Әйтпесе бұдан артық қазаққа келетін игілік 

жоқ десіп, енді бас алмай іс істемек болған ниеттерін айтысты. Сыздық 

қалада, жолдастарының тобында жүріп, болып жатқан облыстық съез-

де болды. Оқығандардың ішіндегі үлкендері мемлекет ісіне төселіп 

қалғандай болып басшылық етті. Көлденеңнен қарағанда қырдан келген 

ел кісілері оқығандарды шын ниетімен бастық қылып, өздері артынан 

еріп, солардың сүйеніші болғандай түрлері бар еді. Бұның бәрі рухты 

көтеретін  өзгеріс  күндердегі  қуанышты  суреттің  бірі  еді.  Сыздық 

жолдастарының рухына түсіп, қоса қызып желіккендей болды. Бұрынғы 

уақытта жасалған жастар ұйымының жиылысын шақыртып, сонда өзге 

жұртқа  қызулы  сөздер  сөйлеп,  өзгеріс  толқынына  салынып,  төселе 

бастады. Жас жігіттердің көбі бұрын Сыздықтан басшылық күткендей 

болушы еді. Бұл қазірде һәрбір жиында сөйлеп жүрген сөзімен, һәркімге 

беріп  жүрген  орнықты  ақылымен  жолдастыраның  бұрынғы  үмітін 

ақтағандай болды. Осымен бір ай шамасындай уақытты қалада өткізген 

соң оқығандардың көбі сайлау жасамақ болып әр жерлерімен қатынас 

түземек болып, жер-жерлерге тарай бастады” (“Шолпан”, 1923, 6–7 – 8).

55. 224-бет. “Шын төрелікше” – бұл сөз алғашқы нұсқада жоқ.

56. 225-бет. “... болғандай түрі еді” дегеннен кейінгі: “Бұл күйден 

аман кісіні Сыздық өз көзімен қазақ жігіттерінің ішінен көре алмаған 

сияқтанды. Бірақ бұны сөгуші кісі де шыққан жоқ”, – деген сөз кейінгі 

басылымдарда қысқарып қалған.

57. 225-бет. Бұл үзік кейіннен қосылған. Бұрынғы басылымда жоқ.

58. 225-бет. Бұл арада: “қайтып, жұрттың бәрі қуанышқа батып”, – 

деген сөз қысқарып қалған.

59. 225-бет. 1-нұсқада: “... басқа жиылып келген көрші елдердің... ”.

60. 226-бет. 1-нұсқада: “... көңілсіз болды”.

61. 226-бет. Бұл арадағы әңгіме мәтіндері үлкен-үлкен қысқартуларға 

ұшыраған. Әуелгі нұсқадағы толық мәтіні мынадай: “Жәмиланы өз үйіне 

алып келгенмен, бұрынғы уақыттарда айтатын жалпы өсиеттерін қойып, 

енді күндегі отырыс-тұрысындағы, сұлық мінезіндегі кемшіліктердің 

бәрін  оңаша  жерде  есіне  салып,  мұндайды  істеме,  адамшылыққа, 



451

есті  адамға  үйлеспейтін  іс,  –  деп  айтқан  болды.  Сыздықтын  ендігі 

ойы: бұрынғы қатын алмай тұрған уақытта айтып жүрген сөз бойын-

ша  Жәмилаға  жақсы,  жаманды  ұқтырып  айтып,  адамша  тәрбиелеу 

еді.  Күзге  шейін  осы  тәлімді  үнемі  өткізді.  Бірақ  Жәмилада  һәш 

бір өзгерісті: жақсы, жаманды өз ақылымен айыратын ширақтықты 

байқай алмады. Ол бұрынғысындай жасық, төменшек, әдеп дегенді 

ұқпаған, тәрбиесіз, үлгісіз сөлекет адам сияқты болды. Сыздық қатын 

турасындағы көңілінде жүрген өзінің үлкен тілектерінің бәрін Жәмила 

үшін кекеткендей болып:

– Бұрын осыны қыр әйелінің ішіндегі ең маңды, ең ақылдысы деп 

түсініп едім. Бұл олардың алдыңғы қатарына қосылатын адам сияқты 

түрі жоқ. Енді ең болмаса жібі түзу қатын болуға жараса екен. Көлденең 

кісі  кемшілігін  көрмейтіндей  болса  екен  деп,  соны  тілек  қылатын 

болды. Бірақ Сыздық сол тілегінің өзінде де шек білмей, көп нәрсені 

тіледі ме, жоқ, Жәмила тіпті жібі бос, бошалаң адам болды ма, әйтеуір 

Сыздық күндегі отырыс-тұрысынан барлық қыбыр еткен қозғалысынан, 

қата тауып, қисынсыз, икемсіз істерді көріп отырғандай болды. Осы 

қалыппен жаз өтті”.

62.  226-бет.  “Күндер  өтіп  жатыр”  –  дегеннен  кейінгі:  “Өмір,  ай 

артынан айды айдап, жылжып сырғанап кетіп бара жатыр”, – деген 

сөздер жоқ.

63. 226-бет. 1-нұсқада: “... бұрынғы ерке, ойсыз...”.

64.  226-бет.  1-нұсқада:  “Жәмиланы  ауылына,  әке-шешесінің 

қолына...”.

65. 227-бет. 1-нұсқада:

“Жиындарда  көбінесе  жастар  ортасынан  сөз  сөйлеп  шығатын 

Сыздық болып, кейде ауыр істердің кезі келгенде үлкендерге де қызу 

беріп сөйлеп, іркілмей, қауіп-қатерден қорықпай іс қылатын отты жігіт 

сияқтанып көріне бастады. Сыздықтың өз көңілінде: бұл жалғыз мен 

ғана елшіл, әлеуметшілдік болып жүргем жоқ, шын жүрегімен, барлық 

ойымен, пікірімен бұрынғы сөйлеп жүрген сөздерінің бетімен іс істеп 

жүрген сияқты болды. Сондықтан бұл өзін де және өзі ұқсаған жастар да 

елшілдіктің орнаған негізі бар ең саф таза қызметкерлер өздері деп біліп 

жүрді. Сонымен қалада тұрып, көрнекті орындарға мініп қызмет істеп, 

үлкендердің тобына араласа бастаған соң бұл бұрынғы бетте алыстан 

жүріп үлкендер-басшылар деген сөздерден өзгеріп, сол үлкендердің 

әрқайсысын жік-жік сынап, кемшілігін теріп айта бастады. Шынында, 

барлық жастардың ұғымынша да, үлкендер деп жүрген үміт қылған 

адамдардың ішінде талай еңбексіз, бейнетсіз орын алып, мақтанға ілініп 

жүрген басы артық адамдар көп еді. Мұндайлардың кейбірі: бұрынғы 

уақытта тілмәш болған, бірақ қазірде соны өзгерістің қаһарманы қылып 



452

жүрген себебі ол бұрынғы тілмәш болған уақытында пара алмаған, 

бұдан басқа бұрынғы күнде де, қазіргі күнде де қазақ үшін қыбыр етіп, 

іс істеп, болмаса қамын жеп қайғырып, бір ауыз сөз сөйлеген емес еді. 

Осындай адамдар туралы жастар атынан үлкендердің ішіндегі бастық 

болып жүрген тазаларымен сөйлескенде Сыздық шынымен назаланып, 

қазіргі халға қанағаттанбаған кісінің пішінімен: – “Біздің ортамызда 

үлкен деп сөйлеген – сақалы үлкен, жасы үлкен, патшадан алған шені 

үлкен дегені болмаса, ақылымен, елге істеген қызметімен, кейінгіге бер-

ген пікір жолындағы тәрбиесімен үлкен болған жан бар ма? Осы күнгі 

адал жақсы қызметкер деп жүрген адамдарымыздың көбінің адалдығы, 

жақсылығы жаңғыз ғана пара алмағандығында болып шығады. Өзгеріс 

заманындағы ел басшысына, ұлт қызметкеріне біздің қоятын барлық 

требованиямыз сол ма екен, наконец олар параны тазалықпен алмады 

ма, жоқ қорқақтықтан алмады ма? Жандарал оязнойға жақпақшы болып, 

лакей болып жүріп алмады ма? Оны да анықтап білгеніміз жоқ қой. 

Солардың бәрі осы күнде іс басында отырғанда, баяғы қалпында моп-

момын болып, басқа ұрсаң өлдім, көтке ұрсаң көндім дегеннен басқа 

не біліп отыр. Бүгінгідей замандарда елдің қызметкерлеріне өзгерістің 

толқыны, требованиесі бірге өсіп отыратын екпін, жалын керек. Бізге 

сары түйменің ішінде бір қалпында қатып қалған, мумия вовсе керек 

емес. Батагөй қария ел ішінде толып жатыр”, – дейтін еді. Соған басты 

жігіттердің жауабы: – “Қайтеміз, басқа табатын қызметкеріміз жоқ, 

солардың һәр қайсысының ел ішінде белгілі атағы бар. Біз олар түгіл 

елдің  де  барлық  жуаны,  мырзасымен  қол  ұстасып  істеп  отырмыз. 

Елді сондайлармен ұстамасақ, оқығанның артынан мен оқыған едім 

дегенге  кім  ереді.  Қазіргі  заманда  біз  ел  шеңберін  бұзбай,  жұртты 

тұтас қылып ұстауымызға керек қой”, – дейтін. Жастар мен үлкендер 

арасындағы негізгі әңгімелер осы сияқты болушы еді. Бұндай сөздердің 

кезінде Сыздық жаңа пікір, жаңа сөздерді тауып айқын, ашық жарқын 

ой тапқыш жігіт болып көрініп жүрді. Сыздықта өзгеріс толқынына 

араласып қызметке кіріп іс істей бастағаннан бері қарай қалыптанған 

негіз, нығайған пікірі байқалғандай еді. Бұны һәркіммен сөйлескен 

әңгімесінде  көрінуімен  бірге  істеп  жүрген  істен  де  сезіліп  жүрді. 

Сондықтан  үлкен  жолдастарының  арасында  да,  ел  көзінде  де  үміт 

қылған жас жігіттің алдыңғы қатардағы бірі болып санала бастады. 

Оқығандардың бұл заманда елге істеп жүрген қызметінде бұлардың 

жанын ауыртып қауіпке бас іліндіретін, бойындағы негізін, пікіріндегі 

салмағын сынайтын іс болған жоқ. Мәккәмәда істейтін болса, бәріне де 

көңілді төрелік пен әлеуметшілдік тілегін қабат орындайтын қызықты, 

жылы, жайлы орын болуға айналды. Бұл уақыттағы қазақ жігіттерінің 


453

көпшілігі қызмет қылған орын “земство мәккәмәлері еді” (“Шолпан”, 

1923, 6 – 8, 137-139-бб.). (100).

66. 227-бет. “Оны ойлаудың орынына” деген сөзден кейінгі: “жастық 

желігі мен қызған көңілін басу үшін...” – деген сөздер қысқарып қалған.

67.  227-бет.  Бұл  арадағы:  “Уақытша  болса  да  өзін  ырза  қылған 

өмірінің  жарастығын,  жас  жүрегінің  күнделік  тілегін  орындаумен 

түрлендіріп жүрді” – деген сөйлем қысқарған.

68. 227-бет. 1-нұсқада: “... берді. Бұдан басқа естіген...”.

69. 227-бет. Бұл абзацтың алдында: “Сыздық өмірінде өзінің сұлу 

пішінімен, әйелге жұғымды, сүйкімді мінезімен көп әйелдің жүрегін 

билеген, жастықтың көп қызығын көрген болса да, жан-тәнімен сүю, 

ашық болу деген сөздерге өз жүрегін салқын тұратындай көруші еді” 

– деген сөйлем бар. Ол кейіннен қысқартылыпты.

70.  227-бет.  Осы  арадағы:  “Салқын  қаны  сүйген  әйелінің  тәтті 

қылығынан,  нәзік  күлкісінен,  жүрекке  жылы  мінезінен,  балқып 

ерігендей  болды.  Бұл  барлық  қиялымен,  барлық  ықтиярымен,  бір-

ақ жанға бағынады, бір-ақ тілектің соңына түсіп, соның толқынына 

батқандай еді. Жас жігіттің тиыштығын алып, жүрегіне сүю дертін 

орнатуға кінәлі болған адам бір орыс әйелі – Лосовская деген еді. Ека-

терина Павловна Лосовская орыстың бай, оқымысты, тәрбиелі үйінен 

шыққан адам еді. Өзі де жақсы тәрбие алған оқымысты адам болатын” 

деген сөздер қысқартылып, өңделіп берілген.

71. 227-бет. 1-нұсқада: “беті жұқалаң ақ қызылды...” – делінген.

72. 227-бет. 1-нұсқада: “сұлу денесі ажарлы, ашық түсі, жеңіл...”.

73. 228-бет. 1-нұсқада: “бірақ, қалаған тілекке...”.

74. 228-бет. 1-нұсқада: “аяқтарын жай ақырын басып...”.

75. 229-бет. Бұл екі абзац кейіннен қосылған. Алғашқы нұсқасында 

былай: “Сыздық ерімді жүрегімен табиғаттың көмескі алып, жүрек 

толқынынан сұрланып қаны қашқан ақ түсі мен Айға қарсы тұрып, 

алдындағы сүйгеніне бұрын айтып бітірмеген сөзінің аяғын” – деп 

келеді.


76. 229-бет. “Жас әйел біраз үндемей тұрып” – деген сөз қысқарған.

Кейбір жалғаулар мен жұрнақтардың алып, қосылғаны түсінікке 

кірмеді. Олардың шығарма мазмұнына ешқандай қатысы жоқ.

Т. Жұртбай

1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет