Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.

бет3/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

ҚАЗАҚ ИНСТИТУТЫ

Өткен  февральдың  аяқ  шенінен  бастап  Семейдегі  орыс 

институтының  жанынан  қазақ  институтының  бөлімі  ашыл-

ды

1



. Биылша ашылғаны екі класс

2

. Біреуі дайындайтын, біреуі 



институттың нағыз өз сабағын бастайтын кластар. Қазіргі күнде 

осы екі класта оқитын шәкірттердің саны 70 шамалы болды. 

Институттың бекілуі, оқитын айы (белгіленбегендіктен – ред.) 

һәм оқытушылары мезгілімен табылмағандықтан, табылғаны 

болса көңілдегідей сайлы болмағандықтан, сабақ өте кеш бас-

талды. Сондықтан биылғы оқуды өнімді, көңілдегідей жемісті 

болады, оқушылар жартымды білім ала қояды деп сенуге бол-

майды. Биылғы жылдың олжасы сол институтке негіз салғандық, 

тәртібін түзегендік. Көзге түсерлік көрнекті жемісті келесі жылғы 

ісінен күтеміз.

Қазіргі уақытта бұл институт турасынан айтатын сөз құрылған 

негізі турасында. Бұның аты қазақ институты болса да оқытатын 

тілі орыс тілі болып отыр. Қазақ тілімен дайындайтын класында 

ғана оқытады. Одан кейін бірінші кластан бастап орыс тілімен 

оқылады.

Институтта  орыс  тілімен  оқыту  қазақ  қызметкерлерінің 

мақұлдауымен кіріп отыр. Бұл турасында қазақ қызметкерлерінің 

қолданған пікірі: бірінші төңкеріс заманы туғаннан бері қарай 

оқу  жұмысын  көркейтеміз,  осыған  жұмыламыз  дегенмен  әлі 

күнге өнген оқу жоқ.

Қазақтың  қай  жерін  алсақ  та  өз  тілімен  оқылып  жатқан 

оқудың ең үлкені мұғалімдік курстарында ғана болады. Бірақ 

олардан шала мұғалімнен басқа һешкім де шығарғамыз жоқ. 

Бұның бәрінің себебі амалға, епке келмейтін істерден туып отыр. 

Қазақта орта дәрежелі мектепке мұғалім болатын тәжірибесі, 

білімі  мол  учительдер

3

  жоқ,  ертеден  орта  дәрежелі  мектепке 



арналған кітаптар жоқ.

33

Мінеки, осы амалсыздық, жоқтықтардың бәрі еріксіз бір жол 

табуды керек қылып отыр. Сондықтан уақытша жол деп біздің 

алып отырғанымыз осы орыс тілімен оқыту, екінші – орыс тілімен 

оқыта бастасақ, әрі білім бар, зор тәжірибесі бар молдалар

4

 оңай 



табылатын болады. Оқушылар көңілді болып, көп табылатын 

болды. Ерікті болып шығатын болды. Үшінші – қазақ тіліндегі 

оқудың орысы аз болғандықтан, қазақ баласының бір буынын 

орысша оқытып, тезірек жетілтіп, тереңірек білім беріп, баста-

уыш мектептердің мұғалімдерін түлету болды.

Төртінші – осы үстіміздегі заманда қазақ тілінде (түсініксіз 

сөз  –  ред.)  оқитын  оқудың  өте  өнімсіз  болатынына  көзіміз 

жетті. Себебі: мұғалім қылып сайлайтын оқығандарымыз да, 

оқушыларымыз  да  қызметтерінің  бір  иығын  саясатқа  сүйеп 

жүр. Жалғыз оқу жұмысымен тұрған жоқ. Сондықтан оқыту 

оқуларының да тұрлауы болмайтын болды. Оқуға белгіленген 

уақыттың жартысы оқумен өтсе, қақ жартысы оқылмай өтетін 

болды. Оқушылардың көп уақыты бос жүріспен рәсуә болатын 

болды.


Мінеки, орыс тілін кіргізуге қамшы болған зор себептер осы.

Біздің  пікірімізше  осы  ретпен  қазақтың  орта  дәрежелі 

мектептерінде қазақ тілімен оқытумен қатар орыс тілімен оқыту 

да бірталай уақытқа шейін жарыса жүріп отыру керек.

Қазақтың  оқыған  азаматтарының  санын  көбейтуге  және 

көбінесе талабы болса да оқи алмай қалған ересек азаматтарды 

ретке кіргізуге бұл еріксіз қолданатын жол қазіргі күнде біздің 

институтта  жоғарыдағы  айтылған  шарттардың  көбі  орында-

лып  отыр.  Бірінші  класта  оқытуға  алған  учительдердің  бәрі 

де  орыстың  гимназия

5

,  семинарияларының



6

  оқытушылары. 

Оқытуларынан шәкірттер жақсы мағлұмат аларлық тәжірибесі, 

білімі жақсы учительдер. Дайындайтын кластағы оқу әзірше 

қазақ  тілінде.  Ондағы  уақыттың  көбі  орыс  тілінде  беріледі. 

Мақсаты:  биыл  орыс  тілін  күштеп  оқытып,  келесі  жылдағы 

орыс тіліндегі сабақтарды ұғатын қылу. Оқу орыс тілінде болған 

кластағы шәкірттерге әзіргі қойылатын шарт: орысша сөйленген 

сабақты ұғатын болу, сабақты орысша сөйлеп айтып бере білу, 

әзірше үлкен шарт деп саналмайды.

3–1246


Институтта  оқылатын  сабақтар  орыс  институтындағыдан 

басқа:  қазақ  тілі,  қазақ  тарихы  –  бұл  орысша оқылады  және 

қазақ әдебиеті. Қазақ тарихын оқытуға ертеден осы мәселені көп 

қарастырған, толық мағлұмат жиған, қазақ мәселесіне көптен 

білген, қызыққан кісілер алынып отыр.

Мінеки,  Семей  институтының

7

  әзіргі  құрылып  отырған 



қалпы осы. Бұл негізінен аумаса келешекте оқуы өнімді болуына 

сенеміз.


35

ҚАЗАҚСТАН ӨКІЛДЕРІНІҢ ХАБАРЫ

“Қазақ жұртына автономия тие ме, тимей ме?” – деген түйінді 

кіндік өкіметтің жарлығы 1919 жылдың 10-үйілінде шешсе де, 

әлі күнге аяғы жерге тимей келе жатыр еді

1

. Түйіннің шешілуі 



оңай болса да, соны жамап-жасқап қалқайтып іс қылып шығару 

оңай болған жоқ. Іс болып көзге көріну үшін талай сәт, талай 

сәрсенбіні

2

 керек қылып еді. Жұрттың ойында дәнеңе жоқ кезде 



шыға келген автономия хабары талайдың үміті мен қуанышын 

еліртіп, желіктіріп еді.

Бірақ көпшіліктің күткен ойы іс болмай үміт орнына жел 

қауып, күдік орнап, желбуаз болғандары да бар еді. Бұл уақытқа 

шейін Семей, Ақмола қазақтары сол халде келген елдердің бірі 

болды. Ақмола, Семей облыстары бүгінде Қазақстан автономия-

сына қарамақ болып отырған елдердің қақ жартысындай болса 

да, бұл күнге шейін Қазақстан автономиясына тілектен басқа 

еш нәрсе қоса алмаған һәм ала алмаған, қақпайда, қақас қалған 

елдің нағыз өзі болды.

Қазақ автономиясы турасындағы жарлықтың шыққанына екі 

жылдай болып, қазақтың елін билейтін өкімет жасалғанына бір 

жарым жылдай болғанда, сол автономияға кіретін елдің қақ жар-

тысы елеусіз, ескерусіз қаға берісте қалуы – қаншалық қыйсынды 

екені жұрттың бәріне мәлім. Қазақстан автономиясы деп ауыз 

толтырып айтқанымызда бақандай екі облыс далада қалып отыр-

са, автономиямыздың қаншалық маңызы барын көрсетер еді.

Ондағы автономия – Қазақ автономиясы емес, қазақ елінен 

жасаған ойыншық болар еді.

Бірақ түбінде біздің жұбанышымыз: “Ештен кеш жақсы” – 

деген мақал ғой. Аяғы не болса да – болғанына қанағаттанамыз, 

ризамыз.


36

Сол Қазақстан автономиясына қосылуы (осыдан) екі жыл 

бұрын шешілген екі облыс Қазақстанға қосылу деген мәселенің 

кезегіне жаңа ғана жетіп отыр.

Өзгеріс заманындағы іс тез шешіліп, тез іске асады деп мың 

жерден  құлағымызға  құйса  да,  біздің  салпылдап  келіп  жетіп 

отырғанымыз-ақ осы.

“Қазақ  тілінің”  өткен  сандарында  жазылған  КирЦИК-тің 

екі облысты алатын комиссиясы Омбыға келіп отыр. Комисси-

ясы бастық болып келгендердің көбі КирЦИК-ке мүше болып 

отырған қазақ азаматтары. Председателі – КирЦИК-тің бастығы 

Меңдешев


3

 жолдас.


Осы комиссияның мүшесі Әбілқайыр

4

 жолдас 27 март күні 



Семейдегі Халел

5

 (мен) Нығметті



6

 төте сымға шақырып сөйлесті.

Әбілхайыр (дың) сөзіне қарағанда: Сибревком комиссиясының 

келуін де, һәм облыстарды беру де мезгілді деп тапқан көрінеді. 

Сибревкомның  26  мартта  болған  мәжілісінде  облыстарды 

Қазақстан  өкілдеріне  берудің  жобасын  жасау  үшін  арналып 

кісілер шығарылған. Енді облыстарды беру деген сөз туралы 

жарықшақ  шыға  қоятын  көрінбейді.  Бірақ  Сибревкомның 

ұғуынша: әлі күнге басы ашылмаған мәселе осы облыстардың 

шегі  турасынан  болса  керек.  Сондықтан  облыстарды  алудан 

бұрынғы сөз – сол шек турасынан болды

7

.



Сибревкомның әзірге ұсынып отырған жобасына қарағанда

Кереку  уезіне  қараған  Ертіс  қаласы  барлық  ауданымен 

Сибревкомға қарауына керек.

Ертіс  ауданына  қазақтың  жеті  болысы,  крестьяннан  онға 

тарта  болыс  кіреді.  Тағы  сол  Сибревкомның  жобасы  бойын-

ша Бұқтырма уезі түгелімен Семей облысына кірмек. Ақмола 

облысы  турасындағы  Сибревкомның  межесі:  Омбы  уезінен 

бірнеше қазақ болыстарын шығарып, Сибревкомның қол астында 

қалдыру. Бұған орайлап Түмен губерниясынан Қызылжарға 13 

крестьян болыстарын қоспақшы.

Бұл  жобаның  көбіне  Қазақстан  уәкілдерінің  пікірі  қайшы 

көрінеді. Әзірге байланған сөз жоқ. Семей облысына қатынасқан 

сөздер туралы

8

 жергілікті шаруа жайларынан мағлұмат керек 



болғандықтан  Халел  һәм  Губсовнархоздың  бастығы  Попов 

жолдастар

9

 Омбыға шақырылды.



Бұлардың біреуі Қазақстанның жер комиссариатының, біреуі 

шаруа комиссариатының уәкілі болып сайланған. Бұл кісілер 



37

жақында  Омбыға  жүрмекші.  Әбілқайыр  жолдастың  сөзіне 

қарағанда, Сибревком мен комиссияның сөзі 15-інші апрельге 

шейін бітпекші.

Осымен облыстарды алуға ендігі бөгет болып тұрған мәселе – 

осылардың шегі туралы

10

.

Сибревком өзінің көздеген мақсұтын өткізу үшін жоғарыда 



айтқан Ертіс қаласының ауданы ежелден шаруа жүзінде Ом-

бымен жалғасатын – демекші болса керек. Кіндік өкіметтің

11

 

жарлықтарында: тұтынған барлық саясатында Қазақ автономия-



сы  ұлт  айырмасына,  шаруа  жақтарына  қарай  беріледі.  Қазақ 

автономиясы болған соң қазақ жұрты тұтас кіретін болсын деген 

нұсқалары Сибревкомның жобаларына әсер беретін көрінбейді.

Қазақ автономиясынан крестьян халқын жартылап жырып 

алмақ  болғанында  мағына  болса  да,  қазақ  болыстарын  іле 

кетуінде қандайлық мағына бар екенін біле алмаймыз. Қазақ 

шаруасының жалпақ қазақтығынан ала-бөтен болып, крестьян 

шаруасына жалғас болып кеткені көңілге ертегі секілді көрінеді. 

Кім біледі, әлде Сибревком автономия қадірін білмейтін қазаққа 

осындай бөгеулер салып, қиындықпен қолына тигізіп, автоно-

миясын дәмді қылып бермек шығар

12

.



Ол еңбегіне рақмет айтамыз.

38

ҚАЗАҚСТАН ЕЛШІЛЕРІНІҢ ХАБАРЫ

Баспахананың  жұмысы  уақытша  тоқтап  қалғандықтан, 

газетіміз мезгілінде шыға алмай, елшілер хабарының көбі кешігіп 

қалды. Құлағын түріп отырған елдің көбі күнбе-күн күтіп отырған 

хабарларының көбін қызу үстінде ести алмай дағдарып қалды. 

Сондықтан хабарлардың қызулы кезі өтіңкіресе де ел құлағына 

естілуі қажет болған хабарларды қорытып жазбақшымыз.

Қазақстан елшілері Омбыға келіп

1

 жұмысқа кіріскеннен бері 



Семей қызметкерлері Меңдешев

2

 жолдаспен екі рет төте теле-



графпен сөйлесіп, үш-төрт рет жай телеграм алды.

Жолдас Меңдешев 13 апрельде ең алғашқы сөйлескен жо-

лында Сибревкоммен

3

 келіскен сөздерінің қорытындысын ай-



тып және Семей облысының ішіндегі көңіл мен күшті көбірек 

аударатын уездер жайын айтты.

Бұл жолдағы сөздерінің қысқасы: Семей облысы бұрынғы ескі 

шегіне


4

 уақытша Бұқтырма уезін

5

 қосып, түгелімен Қазақстанға 



қосылатын болды.

Ақмола облысында даулы жері – Омбы уезінің шегі

6

, оның 


кесігін Мәскеу айтады, одан басқа уездер түгелімен Қазақстанға 

қарайды, губерниялық кіндігі Қызылжар

7

 болады дейді.



Бұл губерниялар 20-шы апрельден бастап Қазақстан ауданына 

кірген болып саналады. Иелері Орынбордағы КирЦИК

8

 бұдан 


былай тығыз жұмыс болса Омбыдағы елшілермен, асығыссыз 

жұмыс болса Орынбормен сөйлесесіңдер дейді.

Семей  губерниясының  қал-жайы  турасында  Меңдешев 

жолдастың көп сұрағаны – қыстың қалай өткендігі, жұт қазасына 

ұшыраған елдердің жайы, оларға беріліп отырған күш-көмек 

қандайлық, жалпы қазақ шаруасын түзетуге, көтеруге қандайлық 

көмектер берілді, ел астық алды ма, пұл-шай алды ма, бұл жол-

да істелген қандайлық шара, қамдар бар – солардың жайынан 

сұрады.


39

Меңдешев жолдастың бұдан соңғы көбірек айтқаны Жайсаң 

уезіндегі

9

  қазақтардың  жайы  болды.  Жұрттың  көбіне  мәлім, 



Жайсаң  уезінің  Қытаймен  шектескен  жерлерін  жайлаған 

қазақ  болыстарының  көбі  кеңес  хүкіметінің

*

  салықтарына 



киіз туырлықты қазақ болғалы көзіміз көрмеген кұқайымыз,

**

 



апат, қазамыз деп, ескі әдетіне салып, ауа көшіп, қытай кеткен, 

бірақ қарық боламыз деп барған кең өріс, шалқар қоныстағы 

құдандалары  бұларды  қарық  қылудың  орнына,  айдап  барған 

малдарына  өздері  қарық  болып,  мал-мүлкін  олжалап,  үлесіп 

алған. Сонымен бал орнына у жұтқан Жайсанның “ауғыштары”

***


 

сеңдей соғылып, арлы-берлі жосылуда болатын. Бұлардың жай-

жапсары Меңдешев жолдасқа мағлұм болған соң, солардың ара-

сына не қылса да күш-көмектің көбін соларға аударып, бұрынғы 

орындарына  орналастыру  керек.  Кеңес  хүкіметінің  бағыты, 

мақсұтымен таныстырып, олардың досы екенін ұқтыру керек, бет 

алды елеусіз, ескерусіз адастырып жібермеу керек деп, Жайсан 

уезінде алдымен іс бастауға тез бұйрық айтты.

Семей  облысын  Қазақстан  ауданына  қолма-қол  кіргізіп 

алу  үшін  комиссия  мүшелерінен  екі-үш  кісі  20-сынан  соң 

жіберілмекші. Бұл кісілер, Ақмоланың губерниялық мекемесі 

сайланып жатқандықтан, әзірше Семейге келе алмай тұр.

Меңдешев жолдастың пікіріне қарағанда, Ақмоладағы ретпен 

Семейдің де губерниялық уездік атқару комитеттері өзгеріп, жаңа 

адамдар сайлануға мүмкін.

Губернияда партия жұмысын және мекеме жұмыстарын алып 

жүруге  лайықты  кісілердің  кейбіреулерін  Меңдешев  жолдас 

кіндіктен ала келген көрінеді.

Губерния Қазақстанға кіруге айналғаннан бастап, Сибревком 

жергілікті қазына мүліктерін һәм жергілікті қызметкерлерді басқа 

жерге көшіруді, ауыстыруды тоқтатқан.

Бұл  хабарлар  алынып,  елшілермен  қатынас  түзелгеннен 

бері  қарай  Семейдегі  қазақ  азаматтары  келешектегі  іргелі 

жұмыстар туралы алдын ала жоба жасап, қамданып жатыр. Әзіргі 

халдарға  қарағанда:  бұрынғы  уездер  мен  губерния  арасында 

болған алыстық, шалғайлық – барлық партиядағы һәм партия 

емес  азаматтардың  басында  болған  меңзеңдік,  ісінде  болған 

* Хүкімет – өкімет. 

** Құқайымыз – қорлығымыз, жәбіріміз.

*** “Ауғыштары” – көшіп-қонушылар. 



салқындық, салғырттық, әрі-сәрілік тамырымен жоғалмақшы. 

Ендігі  біздің  бет  қойып  отырған  мақсұтымыз:  етек-жеңді 

түзеп серпілу, ширау, екпінді іске кірісіп, елеусіз жүрген, қақы, 

да  (түсініксіз  сөз  – ред.)  келген  қалың  елді  қолға  алу.  Сөзді, 

қыңқылды қойып, етек-жеңді сыбанып, іске кірісу. Іс жүзінде 

бостандық жемісінің дәмін ел аузына татыру.

Бұл  жұмыстар  турасындағы  жасалған  қаулылар,  негізгі 

жолдар газетіміздің келесі нөмерінде жарияланады һәм барлық 

уездерге телеграмма, почта арқылы жіберіледі.

М. Ә.


41

“ҚЫЗЫЛ СҰҢҚАРЛАР”  

(Сын)

Орынборда биылғы басылған кітаптардың ішінде “Қызыл 

сұңқарлар”  деген  Сейфуллиннің  бір  кітабы  шықты.  Бұл  өзі 

пьеса. Бірақ бұл күнге шейін пьеса жазған жазушылар кітабына 

орынды, орынсыз болса да не комедия (күлкі), не драма (қайғылы 

хал), не трагедия (қанды оқиға) дегендей аттарды қоюшы еді. 

Соныменен  бұл  кітаптың  негізі,  мақсұты,  беті  бар  кітаптан 

айырылушы еді

1

.

Біздің жазушы кітабын жоғарғының қайсына қосарын білмей 



дағдарған ба, болмаса, ананың бәрі де өзінің бір-ақ кітабынан 

табылған ба (дұрысы соңғысы болса керек), әйтеуір пьеса деген 

жалпақ атты бір-ақ отырғызыпты.

Бұл сөздерге қарап, оқушы шүбәланып жүрмесін, “Қызыл 

сұңқардың” пьеса екендігінде дау жоқ. Себебі сыртына қазақшаға 

түсінбесең міне орысшам дегендей қылып, қазақша, орысша да 

“пьеса” деп қойған

2

.



Ал,  кімде  болса  пьесалығына  сендік,  қазақтың  тілінде 

жазылған, қазақ өмірінен алынған қазақ пьесасы дейік те қарап 

көрейік.

Бұл  күнге  шейін  дүние  жүзінде  жазылған  пьесалардың 

мақсаты, бағыты, неше түрлі болғанымен бәрінің де әдебиет 

жолында амалсыздан бағынатын бір заңы бар. Ол: пьесаның 

ішінде сөзімен, мінезімен, ісімен кім екендігі анық көрінетін 

белгілі  типтер  шығару

3

.  Біреу  жақсылықтың  үлгісі,  біреу 



жаманшылықтың айнасы, біреу қорқақтықтың, біреу биліктің, 

біреу ақмақтықтың, біреу қаттылықтың тағы осы секілді көп 

мінездердің  үлгісі  болып  көрінуіне  керек.  Сондай  мінезімен 

көрінген адамдар арқылы бүтін бір таптың, бір таптың ішіндегі 

әр мінезді болып жаратылған адамдардың жақсы жағы да, жаман 


42

жағы да көрінетін болуы керек. Сондықтан пьеса жазушылар 

әуелі типтерінің жайын ойлайды.

“Қызыл  сұңқарды”  әуелі  осы  жағынан  алайық:  бұнда 

пікірлері бір болса да мінезімен, сөзімен, анда-сандағы ісімен 

бірінен-бірі айырылатын жеке-жеке адам бар ма? Қазақтығын, 

орыстығын  былай  қойғанда  жеке-жеке  әр  адамның  өзіне  хас 

болған мінездерімен көрінетін революционерлер бар ма?

Бұған жауап: “Қызыл сұңқарда” бөлек типтер жоқ, жалғыз 

Ахметқалидан басқасы бәрі бір-ақ адам, шынында Еркебұлан, 

Жұмаш, Жағыппар, Лозовой, Нестеров, ауырып қалғаны болмаса 

Бәйділда түгелімен бірі айтқан сөзді бірі айтатын тұтас бір-ақ 

адам емес пе? Бәрінің мінезін жиып келсек бір Еркебұланнан 

табылады, Лозовойдың мінезін алсаң бәрінен табылады. Бәрінің 

халі бір, пікірі бір, өмірі бір болғанымен де бірі оны ойлағанда, 

бірі мынаны ойлайды, бірі оны қиял қылғанда бірі басқаны қиял 

қылатын, сөйлессе ылғи біріне-бірі (бас) шұлғи бермей, даула-

сатын да жерлері болады. Адам шын өмірін алсақ осындайдан 

құралады, бір кездескен он адамның бәрі бірден бір уақытта, ой 

ойлап, бір уақытта бір мінез істеп, бір уақытта бір-ақ нәрсені 

қиял қылады деу психология заңында бірінші рет қана айтылған 

сөз. Ол үшін бәйге тисе – біздің Сейфуллин алады. Әйтпесе, 

бәрі сөйлетіп қойған граммафон секілді, бәрін Сейфуллин бір-ақ 

қалпына соққан жансыз адамдар. Екінші: бұл пьеса қазақ өмірін 

көрсете ме, қазақ пьесасы екені таныла ма? Қазақ баласы осы 

кітаптың ішінде бар ма? Менің ойымша, қазақ пьесасы болып са-

налуы мүмкін емес. Жоғарыдағы айтқан әр геройлары түгелімен 

бір-ақ кісі болудың үстіне, оларда қазақтықтан һеш бір белгі 

де жоқ. Бұлардың құр сарнаған сөзінен басқа жайшылықтағы 

мінезі мен ісі көрінбегендіктен, әдеті мен жайшылықтағы әлді 

жері, әлсіз жері сезілмегендіктен, тегінде қандай екендігін білу 

де мүмкін емес. Сондықтан қазақтығын былай қойып, жеке ғана 

бір адам болғанда да кім екенін білу қиын. Олай болса, пьеса-

ны қазақтікі деп адасудың орны жоқ. Қазақтан кірген, артқы 

өмірі көмескілеу, бір тип – Ахметқали болса, ол мазақ есебінде 

көрсетілген. Орынсыз қылжақ сықақтың қол жаулығы болған.

Бәйділданың:  “шынына  келгенде  құдайы  мен  құмалақ  өзі 

екеуі бірдей! Екеуі де әншейін сорлы жұртты алдауға жасаған 

былшыл”, – деген сөзінен жоғарғының шындығы көрінеді.


43

Қазақ өмірін көрсетпек болған ақырғы бөлім, қазақ өміріндегі 

Сейфуллиннің қиялы болмаса, анық өмірі емес. Қиял турасынан 

не айтуға болады. Кезі келіп шалқығанда футуризмге де апаратын 

қиялға біз не дейік. Бірақ пьесаның ішінде қазақ бар ма деген 

жерде айтатынымыз – барлық пьесаның ішінде Ахметқали мен 

Еркебұланның шешесінен басқа қазақ жоқ. Кітапта олар да тип 

болып көрінбейді. Ұзын өмір

4

 кітаптың бір-ақ беті (нен) ғана 



болымсыз сезіледі?

Онан  соңғы  бір  сөз  декларацияны  сипаттауда.  Төртінші 

бөлімде: “Оң жақта анау биік таулар...” сөзден бастап сол беттің 

аяғына шейін ойын бөлмесінің сипаты кетеді

5

.

Түгелімен поэтической описание. Пьесаның беті



6

, мақсұты 

үшін сонша тамылжытпақ болып әйгіленуі неге керек екенін 

жазушының өзі білмесе, оқушы біз, білмедік.

Тағы бір сөз кітаптың бас геройы Еркебұланның аты тура-

лы: бұл қазақта кез келмейтін ат. Мұнда қойылса – мақсұтпен 

қойылған болуы керек. Сондағы мақсұт не? Бұл атта мырзалық 

пен серілік бар. Бұла болып, болпаш болып өскен, ерке жалғыздың 

сипаты бар, болмаса басы ауған жағына кететін сәйдік

7

 сипаты 



бар. Бірақ бұл атты еш уақытта еңбекшілдің қамқоры, от пен 

судың азабында жүрген бейнетқорға жабыстыруға болмайды. 

Ол  болмаса,  бұл  адамның  аузынан  көбігін  ағызып  жүрген 

былшылдығы – бір келістігінен, бұлаңдығынан шыққан ғана 

уақытша бір мінез болуы керек. Онда негіздің жоқтығы білінеді.

Әйтпесе,  бұл  кітаптың  бәрі  бастан-аяқ  қазақ  әдебиетінің 

ішіндегі еркелік пен шолжыңдық шығар. Еркебұлан деген атпен 

жазушы соны көрсетпек шығар.

Тіпті болмаса бұланның кім екенін білдірмей жұртты сан-

далтып қуланғанша, өзі көрген кісілерінің шын атын атағаны 

дұрыс емес пе. Сонда өмірге жақын болмас па еді. Кітаптың 

шын мақсұты мен мағынасы да ұғылмас па еді?

Осы  себептерге  қарағанда  жазушы  келешекте  шынын  ай-

тар деген үміттеміз. Әзірше кітапта түгел көрінетін бір адам 

(законченный  цельный  тип)  жоқтықтан,  жазушының  адам 

танымайтындығынан  бар  кісісі  тұтасып,  бір-ақ  кісі  болып 

кеткендіктен, екінші: адамдардың жан сипаты көрінбейтін жарты 

адамдар болғандығынан, үшінші: Еркебұлан деген ат сияқты һеш 



бір ойсыз, ақылға симайтын, қисындылық (целесообразность) 

дегеннен алыс тұрған қалыптарына қарағанда, бұл кітапты өзге 

жақтарынан сынау орынсыз деп білемін.

Кітаптың бір мақсұты – агитация десек, онда да жоғарғы 

шарттарды орындап отырып агитация жүргізуге болады. Болмаса 

мұндайларды желігіп отырған жеңіл қолмен жазып жіберген рек-

лама дейді. Оның ішінде, мақтанып кеткенін байқамай қалатын 

әңгүдіктік болады.

Әйтпесе, не жазушылықтың, не жан сипатының (психология) 

адам баласы түгел қолданған заңдарына бағынбай, ауыздығымен 

алысып  кеткен  қисынсыздықтарына  жоғарғыдан  басқа  себеп 

таба алмаймыз.

Өмірінің қызуы мен салқыны жоқ, ойы менен қыры жоқ, ұзақ 

бейнет, ауыр жаза, өлім қаупі болса да, бір-ақ сөз, бір-ақ іс, бір-ақ 

мінез, бір-ақ қиялда тұратын он шақты адам болады деп бұл күнге 

шейін һеш кім жазып көрген жоқ. Мұндай жандар болмайды. 

Сондықтан мұнда өмір жоқ, жан жоқ. Көбінесе шынға қосып 

бұлдырды аламыштаған пьеса.

Бұл кітаптың болашағына келгенде айтатыным (мыз) сол: 

қазақ әдебиетінің жұрнағы болып ішінен орын алуы неғайып. 

Олай болса қызыл түсті сұңқар көрінгенше бұл кітаптың ішіндегі 

шала көрінген геройлардың сұңқарлығы да түсініксіз бола тұрар.

“Қызыл сұңқарлар” туралы енді тілейтін тілегіміз: басында 

да өлі аруақ, тірі достың талайына сый есебінде арналған екен, 

оның үстіне Орынбордағы жиын сайын жиылушыларға сый деп 

үлестіріледі – дейді. Баяғының қазағы біріне-бірі сыйға тауыстың 

бір тал құйрығын бергенде қуанысып алысады екен. Тек мына 

сыйымыз сол құйрықтай қуантуға жарап, сондай кәдірлі болғай 

еді.

Қоңыр


45



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал