Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.
Pdf просмотр
бет29/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

2. Түнгі ауыл

“Қыр суреттері” топтамасының екінші әңгімесі. “Кешкі дөң ба-

сында” әңгімесіне жалғаса “Шолпан” журналының 55–57-беттерінде 

жарияланған.  Содан  бері  жазушының  ешқандай  жинағына  енген 

емес. Шығармалар жинағының елу томдық толық басылымына сол 

“Шолпандағы” нұсқасы бойынша беріліп отыр. Араб һарпінен кирилл 

һарпіне көшіріп, басылымға әзірлеген Сұңкар Жұртбаев пен Мұқаш 

Қожахметұлы.



3. Қысқы түн

“Қыр суреттерінің” топтамасына кіретін үшінші әңгіме. “Шолпан” 

журналының 1923 жылғы 4-5-санының 42–44-беттерінде жарияланған. 

Жазушы  бұл  шағын  әңгімені  қайта  бастыру  кезінде  көп  қырнап, 

түземеген. Алғашқы нұсқасын толықтай сақтаған. Тек ішінара ғана: “...

тұтасып алған”, “тау басында”, “болады”, “суықты сезіп”, “көңіліндегі”, 

“іштегі”, “көрсетіп тұр”, “ұшырайды”, “жаланып тұр” деген сөздерді 

– “тұтасып алды”, “шын басында”, “қаһарланады”, “суықтан бұғып”, 

“іштегі”, “көрсетіп келеді”, “ұшыртар”, “жалана береді” деп өзгерткен. 

Бұдан басқа түзету жоқ.



4. Қысты күнгі дала

“Қыр суреттерінің” соңғы әңгімесі. “Шолпан” журналының 1923 

жылғы 4-5-сандарында “Қысқы түн” әңгімесіне тіркестіріліп “Қысқы 


430

күнгі далада” деген атпен 45–48-беттерде басылған. Кейін “Қысқы күнгі 

дала” деп қана қалдырған. Жазушы кейінгі басылымдарда түзетулер 

жасап, ішінара кейбір тұстарды қысқартқан. Олар мыналар:

1.  138-бет.  Алғашқы  нұсқадағы:  “Аз-аздап  жер  мен  көк  жалпақ 

сұрғылт  түске  боялып  тұтасқандай.  Қысқы  күннің  қоңырқай 

кеші  барлық  табиғатқа  өзінің  ...  түсін  жайғандай.  Кеш  батқаннан 

күншығыстан шыққан ызғырық жел қатаңдап, жаңада жауған күпсек 

қарды  сырғанатып,  жаяу  борасындатып  тұр”  –  деген  сөйлемдерді 

ықшамдап, қысқартқан.

2. 138-бет. “Күйеуінен қалған жақын туысқан жоқ болатын” – де-

геннен  кейінгі:  “Жаңада  жарынын  жылын  берген  соң”  –  деген  сөз 

қысқартылған.

 3. 139-бет. Әңгіменің соңы кәдімгідей өңделіп, қысқарып, едәуір 

түзетуден өткен. Алғашқы нұсқадағы жазылуы мынадай: “Осы күйде 

біраз уақыт өткен соң үсті-басын жұлқып, артынша қиналып, киімдерін 

лақтыра  бастады.  Рабиғаның  қиналған  жаны  өлім  һаліне  жеткен 

уақытында ғана көмегіне сеніп шыққан бауыры Мұқаш келіп тауып 

алды. Бірақ уақыт өтіп кетіп еді. Қасына Мұқаш келіп, құшақтап жа-

тып жылай бастағанда Рабиғаның есі шала кіріп, ақырын сыбырлап: 

“Жалғызым, сенен басқа сүйенішім бар ма еді!? Неге кешіктін? Неге 

мені қинадың?” – деп тіл, аузын қойды. Мұқаш есі шығып, жанталасып 

үйіне әкетпекші болып қам қылып жүргенде Рабиғаның денесі сіресіп, 

қол-аяғы домбығып ісініп, демі таусылып, үзіле берді. Боран үскіріп 

соғып тұр. Асау жел ашы күйінен жаңылған жоқ, ойнақ салып тұрды. 

Ақ дала меңіреу болып түнеріп тұр. Қайғылы сары бел боран әкеліп 

тұрған ақ кебінін қымтай түсіп жата берді”.

Әңгіменің сонына “Жаяу сал” деп қол койған.



Т. Жұртбай

431

ҚЫР ӘҢГІМЕЛЕРІ

“Қыр  әңгімелері”  “Шолпан”  журналының  1923  жылғы  6–8 

сандарының  84–99-беттерінде  “Жаяу  сал”  деген  бүркеншік  ат-

пен  жарияланған.  Содан  кейін  1935  жылы  жарық  көрген  “Ескілік 

көлеңкесінде”  атты  жинақта  латын  һарпінде,  1960  жылы  шыққан 

“Қараш-Қараш”  жинағында  кирилл  һарпінде  басылып  шықты.  

М. Әуезов шығармаларының он екі томдық басылымының 1-томын-

да  (117–132-беттерінде),  жиырма  томдық  шығармалар  жинағының 

1-томында (78–91-беттерінде) жарияланды. Әңгімені М. Хамраев пен  

Ф. Моргун орыс тіліне аударған. Ол алғаш рет “Простор” журналынын 

1963 жылғы 1-санында басылды. Шығармалар жинағының елу томдық 

толық басылымына жиырма томдықтағы нұсқасы бойынша енгізілді. 

“Шолпан” журналындағы нұсқаны 1960 жылғы жинаққа енгізгенде 

ішінара  түзетулер  жасалған.  Онда  кейбір  сөздер  мен  сөйлемдері 

өзгертілгенмен, негізгі оқиға желісі сол күйінде сақталған.

Шығарма  тарихи  деректерге  құрылған.  Кейіпкерлердің  өмірден 

алынғандығы туралы Сапарғали Бегалиннің “Сахара сандуғаштары” 

(1976), А. Әуезовтің “Жас Мұхтар” (1977), Т. Жұртбаевтың “Бесігінді 

түзе!..” (1997) атты кітаптары мен “Мұхтар Әуезов туралы естеліктер” 

атты  жинақта  (1997)  молынан  мағлұмат  берілген.  “Текшенің  бауы-

рында” атты екінші әңгіменің прототипі белгілі қазақ бунтары Тәуке 

Мұстафаулы Саптаяқов. Бұл туралы Мұхтар Әуезовтің өзінін берген 

мағлұматтары  жоғарыда  аты  аталған  қаламгерлердің  еңбектерінде 

келтірілген.

Жазушының  “Шолпан”  журналындағы  алғашқы  нұсқасына 

кейіннен енгізген өзгертулері онша көп емес. Дегенмен де қаламгердің 

шығармашылық шеберлігі мен көркемдік шыңдалу жолынан хабардар 

ету үшін бірінші нұсқадағы мәтіндерді назарға ұсынамыз.



1. Сыбанның моласында

1.  140-бет.  “Шолпан”  журналындағы  нұсқаның  84-бетіндегі: 

“Даладағы  кең  таза  ауадан,  көрікті  суреттен  көңілге  белгісіз  болса 


432

да  бір  қуанышты  үміт  кіргендей  болып,  кең  даладай,  кең  қиял  сол 

даланың еркін желінше адам ойында еркі алып тұрғандай еді”,– деген 

сөйлем кейінгі басылымдарда: “Даладағы мөлдір таза ауадан, сүйкімді 

суреттен көңілге белгісіз бір өмір кіргендей болады, қиял кезеді”,– деп 

ықшамдалып берілген.

 2. 141-бет. Бұл арадағы сөздер өңделіп, қысқарған. Алғашқы нұсқада 

мынадай: “Ұзақ жолда ыстық күннен оңғандай болып сарғыш тартқан 

отты көздері, үлкен құлақ, кесек мұрын бұл адамды ескіліктің тірі қалған 

белгісіндей көрсетіп, көңілдін өзіне үлкен құрмет тудырғандай болатын. 

Жортар ескінің шын сарқыты екен. Қасымыздағы екі-үш кісімен дөң 

басына келіп отырған соң мен ақсақалға көңілге алған тілегімді айт-

тым. Ақсақал басында әдепті жылы шыраймен: “Қарағым, көргеннің 

көбі көмескі тартып, ұмытылып қалды ғой, еске түседі деймісін”, – 

деп аз отырды. Артынан қасымызда отырған жұрттын бәрі де менін 

тілегімді қостап, шалымыздың тұрғыласы Құдайберген ақсақал: “Ай-

тып бер балаларға бір әңгімеңді. Енді бізге әңгіме айтқаннан басқа 

не қалды”,– деп күлген соң Жортар ақсақал бір әңгімесін айтпақшы 

болды. Батырдық ұғымды, шешен тілмен айтқан әңгімесі мынау еді: – 

Сендерге мен көрген соғысымды, ұрыс-төбелесімді айтпай-ақ қояйын. 

Өзімнін қатты бір қорыққан жерім болды. Соны айтайын, – деді. Біз 

тыңдауға ыңғайланып, батырдын салқын жүзіне телміріп: “Айтыңыз, 

айтыңыз” – дедік.

 3. 144-бет. Бұл сөйлемдер де өңделгеннен кейінгі нұсқа болып 

табылады.  Алғашқы  басылымда  былай  жазылған:  “Сөйтіп,  есім 

шыққан күйде зәрем кетіп отырғанда әлгі нәрсе қыбырлап, маған қарай 

қозғалғандай болды. Иманымды айта бастадым”. Әрі қарай сол текст 

бойынша жалғаса береді.

Бұлардан өзге елеулі түзету жоқ. Тек: “елестегендей болып еді”, 

“сияқтанушы еді”, “ығымды”, “жетуші еді”, “еш нәрсе көрінбейді”, 

“қолсозымдай”,  “ұмтылдым”  деген  сөздер  кейіннен  –  “елестеген-

дей еді”, “сияқтанды”, “мазаны”, “жетпеуші еді”, “түк көрінбейді”, 

“қолсұғымдай” деп өзгертілген.

2. Текшенің бауырында

Бұл “Қыр әңгімелерінің” ішіне кіретін екінші әңгіме. “Шолпан” жур-

налында “Сыбанның моласында” атты әңгімеге жалғаса жарияланған. 

Мұнда елеулі өзгерістер жоқ. Кейіннен өңделіп, қысқарған тұстардың 

тұпнұсқадағы үлгілері мынадай:

1. 146-бет. “Көз алдымнан бүгін шыққан ауылдың жаздайғы қызығы, 

жайлаудағы өмірдін көз көрген көп-көп желігі, рақаты бірінен соң бірі 


433

келіп, елестеп еске түсіп, ұйқы бермеді. Ақырында талып, шаршағандай 

болып ұйықтап кетіппін”.

2. 147-бет. “Бүгінгі түн жарық. Айлы. Қалғып тыныс алған майда түн 

еді. Көңілге әлдеқайда: тоғайлы, ұйқылы, маужыраған сайда күбірлеп 

сөйлесіп, бұралып сүйісіп, махаббат, сағыныш қызуымен, бір тоңазып, 

бір ысып, сүлдер құрып, үздігіп тұрған кездерді еске түсіргендей еді. 

Түн сондайлық махаббатты демалыстың, бақытты сағаттың түні еді-

ау. Шіркін, сұлудың сондағы тілі тәтті еді – деген, әлсіз арман ойға 

түсуші еді”.

3. 147-бет. “Кей жерде күлкілі жүзі өзгеріп, қоңырқай тартып томса-

рады. Екі жағындағы аласа тоғай ұйқыға батып, тыныштық алып тұр. 

Қалғып тұрған жапырақтардың шұбартқан көлеңкесі су бетіне түсіп 

дірілдейді. Суы көп сайдың дымқыл салқыны денені шымырлатып, 

тоназытқандай  болады.  Сайдын  екі  жағындағы  қалың  биік  таулар, 

өзенмен  бірге  жарысып  келе  жатқан  иінтірескен  қара  жартастар, 

салқын тыныштықтың ортасында әлі мінәжат пен кәрі жүзі томсарып 

тұрған сопыларға ұқсайды. Дүние қараңғылығына ұқсаған қара көлеңке 

қайғылы жүздерін түнертіп, қоңырқай тарттырады”.

4. 147-бет. “Алдымызда Қоянды таудың ең үлкен биігі – Текшенің 

қоңырқай аспанда қарақошқылданған биік басы көрінді”.

 5, 6.148-бет. “Біз әңгімесін күтіп келе жатқанда ақсақал жанынан 

шақшасын алып, мұрнына насыбайын баптанып иіскеп алып...”.

7. 148-бет. “Ауылдың үлкендері ол күндері көрсе – жібермейді. 

Әкемнің дәулеті сол күнде де мол болатын. Сондықтан менің ұрлық 

қылғаным үшін барлық ағайын-туысқанның бәрі де иттің етінен жек 

көретін. Хабарды алған соң: “А, құдай! Енді ауылдын біреуінің көзіне 

түспей кетсем екен”,– деп атымды әкеп, өз отауымнын тасасына байлап 

қойдым. Қас қарая салысымен жөнелмекші болып  отырмын. Ауыл 

қозысын алып болды. Ымырт жабылып, қарайды. Сонан соң жалма-

жан атымды ерттеп жіберіп, жолға керек саймандарымды жиып алып, 

жүріп кеттім. Ешкім білген жоқ. Түні бойы соқтырып жүріп отырып, 

таң ағарып атып келе жатқанда осы Текшенің бауырында бір машықты 

сайым бар-ды, соған жетіп келдім”.

8. 150-бет. “Сол жерге келіп, балта сабы екі кезеңнің түбінде қақ 

бөлініп тұра қалыстық. Түстеріміз сол уақытта бір түрлі суық болып 

кеткен екен. Тымақтың құлағын тегіс жымыра байлап алғанбыз. Түсіміз 

сұп-сұр болып кеткен. Қолда шашақты найза, қара сойыл, ұзын айбал-

та, азғантай ғана уақыт тостық. Бір мезгілде кәдуескі көшкен елдей 

ырғалып-жырғалып  жаймен  келе  жатыр  екен.  Ылғи  күліп-ойнап, 

рақаттанып келе жатқан кыз-келіншек, бозбалалардың қасында тұрып 

екі қыздың қосылып салып келе жатқан әнін де естідік. Содан әбден 

28–1246


434

жақындап, екі-үш арқан бойындай ғана жер қалғанда қиқуды салып, 

ағашты қағыстырып сатырлатып келіп тиіп кеттік. Жер де айқай, көк 

те айқай болды. Жүргіншілер жер астынан шыққандан болып самсаған 

сары қол қаптап қоя берген соң есі шығып кетті. Қашуға да шамасы 

келмеді.  Келе  араласқанда  топырлатып  түсіре  бастадық.  Қару  жоқ, 

бір сасқалақта бір-екеуінін қолына ғана ағаш түскен екен, қарсылық 

көрсеткен солар болды. Оның біреуі – қыздың күйеуі, біреуі қыздың 

жас бауыры екен”.

 9. 151-бет. “Кыз – Матайдың ең бір бай жерінін қызы екен. Алты 

қанат ақ отауымен оншақты түйеге жасау артып, толықсып келе жатқан 

беті екен. Қыздың басында сәукелесі бар, мінгені судай қара жорға ат. 

Қасында екі қыз, бір келіншек нөкері бар, қара көз, қызыл жүзді, ақ 

қыз екен. Жасы 19-дың шамасына келген, сұлу пішінінің толықсып 

тұрған кезі”.

10. 151-бет. – “Менің әлі іздеп жүргенім дүние ме екен? Олай бо-

латын болса, Найманның жылқысын алудан оңай іс бар ма еді? Мен 

Мырзатай  ауылынан  өмірінде  кетпестей  кек  алмақпын.  Сондықтан 

қасақана жасауынан бір жіп алмаймын,  9-10 күнге шейін тұтқын қылып 

жатамыз. Қазір бәрінің де көзін таңып, еркектерінің қолын тегіс артына 

байлап, атқа мінгізіп Текшенің бауырына алып барамыз, – деді. Бәріміз 

де осыны мақұл көрдік”.



Т. Жұртбай

435

ҮЙЛЕНУ

“Үйлену” әңгімесі алғаш рет “Сана”  журналының 1923 жылғы 

1-санынын 74–82-беттерінде “Жас жүректер” деген атпен жарияланды. 

Шығармаға “Қоңыр” деп қол қойған. Әңгіменің соңына: “Аяғы бар”, – 

деп ескертпе берген. 1935 жылы шыққан “Караш-Қараш” атты жннаққа 

“Үйлену” деген тақырыппен енген. Кейіннен 1960 жылы жарық көрген 

осы аттас кітапқа да сол басылым бойынша кірген. Алайда әр басылымға 

кезінде үлкенді-кішілі өзгерістер жасап отырған. Сөйлемдерді стильдік 

тұрғыдан өңдеген, қысқартқан, жаңадан сөз, сөйлемдер қосқан. Бірақ 

оқиғаның ұзын-ырғасы мен көркемдік шешімі сол күйінде қалдырылған.

Жазушының  он  екі  томдық  шығармалар  жинағының  1-томында 

(92–99-беттер),  жиырма  томдық  шығармалар  жинағынын  1-томын-

да  (133–141-беттер)  басылды.  Елу  томдық  толық  жинаққа  соңғы 

басылым негіз етіп алынды. 1923, 1935 және 1960 жылғы нұсқалар 

өзара  салыстырылды.  Олардың  арасындағы  айырмашылықтар 

түсініктемеде  беріліп  отыр.  Әңгімені  орыс  тіліне  В.  Дудинцев  пен  

Н.Гордеева  аударған.  Ол  М.  Әуезовтің  Мәскеуде  жарық  көрген  бес 

томдық шығармалар жинағынын 1-томында (1973) басылды.

“Үйлену” әңгімесі автобиографиялық сыпат танытатын шығарма. 

Оған  М.  Әуезовтің  жастық  шағында  басынан  кешкен  жайлары 

арқау  болған.  Бұл  жөнінде  М.  Дәулетбаевтің,  М.  Әуезованың  

Ж. Жағыпарованың (“Мұхтар Әуезов туралы естелік”, 1997) естеліктері 

мен  Тұрсын  Жұртбаевтың  “Бесігіңді  түзе!..”,  А.  Әуезовтің  “Жас 

Мұхтар” (1977) атты еңбектерінде өмірлік мағлұматтар берілген.

Әр басылымдағы (1923, 1935, 1960) айырмашылықтар мынадай:  

1.  154-бет.  “Жайлауға  жаңа  жеткен  ел  жіңішке  өзеннің  бойына 

шалғынды жерді қуалап, жағалай қонған. Жіңішке өзеннің оңтустік 

жағы  іш  пыстыратын  ұзақ  сары  жазық.  Көз  ұшында,  сар  даланың 

шетінен жотасы көрініп, иректеліп созылып жатқан көк тау көрінеді”. 

(“Сана”, 1923 жыл, № 1, 85-бет.).

“Жайлауға жақа жеткен ел жіңішке өзеннін бойына шалғынды жерді 

қуалап, жағалай қонған. Көз ұшында, сар даланың шетінен жотасы 

көрініп, иректеліп, созылып жатқан көк тау көрінеді”. “(Караш-Қараш” 

жинағы, 1960 жыл, 182-бет.).



436

2.  155-бет.  “Анда-санда  тыныштық  алайын  десе  де,  сәйгелдің 

бірқалыпты ызыңы естілгенде көзі аларып, құйрығын шаншып, жан-

жаққа бытырай жөнеліп, мазасызданып жүр”. (“Сана”, 85-бет.).

3. 156-бет. “Мұның бір себебі: күйеу болып отырған Қасым осы 

ауылдың көрші болысы, Кызылшіліктік жаңа сайланған “уолисполком” 

бастығы болатын. Ел ішінде аталы ауылдың баласы, биылғы жылы 

партия басы болып, елінде алдымен атқа мінген жігіт. Сондықтан өзі 

балаң батыр, өнерлі болмаса да, атасының әруағын сыйлап елі осыны 

болыс қойған.

Күйеулердің  бұдан  басқа  сыйлы  болатын  бір  себебі:  бұлардың 

қасына Қасымды болыс сайлаған (инструктор) Оспан да ере келген. 

Оспан осы мандағы 3-4 болысқа келген сайлаушы төре. Өзі шала оқыған 

мұғалім болса да өнерімен жетілген, ұлықтықты ұқсата білген, сый-

құрметті тәуір көретін жігіт болғандықтан, Қасым аужайын байқап, 

әдейі қасына ертіп, қонақ ретінде алып келген. Сайлаушы төренің са-

яси пікірі қыр тұрмысына үйлеспесе де, қазақты жақсы көретіндіктен 

анау-мынау ұсақ “формальностиді” былай тастап, бәйбішенің үстіне 

тоқалдыққа  Байбосынның  қызын  алғалы  отырған  Қасым  досының 

қасына еріп келген”.

 4. 157-бет. “Біраздан соң құрт қайнатып жатқан кемпірге келіп: 

“Бұдан не шығарасың, кемпір? – деп күлімсіреп: “обрабатывающий 

промышленность” осы ғой”, – деді. Қасындағы жігіттер төренін бар 

сөзін мақұлдап: “Біздің қазекеңнің осындай қазақшылығы болады” – 

деп мысқылмен күліп қойды. Оспан осыдан аз-ақ бұрын құрт ішемін 

деп жер ошақты жағалап, шешесінің мазасын ала бергенде, басына 

талай тиген ожауды ұмытып, қазір де сол құртқа кісілік көрсеткендей 

болып тұрады”.

 5. 159-бет. “– Ата-анаңыз атастырып қойған екен. Иә, оның үстіне 

күйеуіңіз бір елдің болысы, ұлығы, енді “тимеймін” дегеніңіз ылайық 

бола ма? Мен бұл сөзді тастауыңызды сұраймын, – деп қызға қарап 

күлімсіреді”. Жәмиланың түсінде жігіттің сөзі әсер бермегендігі білініп 

тұрды. Ол Оспанның сөзін естіп болған соң, ақырын езу тартып күліп, 

жігіттің бетіне тура қарап отырып: “Осы өзіңіздің аузыныздағы сөзіңіз 

бе? Жоқ, Қасымға еріп келген соң жолдастықты ақтайын деп отырсыз 

ба?” деді. Оспан басында не айтарын білмей қысылыңқырап, рақымы 

түскен пішінмен күліп: “Әйтеуір айттым ғой, әуелі менің сөзіме жауап 

берсеңізші”,– деді. Қыз:

–  Өзгенің  жөні  бір  басқа.  Жалғыз-ақ  сіздің  жеңге  болғаныңыз 

қисынсыз  емес  пе?  Әйелге  бостандық  әперетін  сіздер  десек,  өзіңіз 

бұны айтқаныңыз дұрыс па? – деп үйір болып қалған кісінің пішінімен 

Оспанға тағы қарады. Оспан:



437

  –  Сіз  мені  жеңге  деп  “оскорблять”  етесіз,  мен  мұныңызға 

ренжимін,– деді.

  –  Олай  болса  жөніңізге  көшіңіз!  Өзіңіздің  жастығыңызға, 

орыныңызға қарағанда лайық па? Жоқ, басқа жұмыс лайық па, соңы 

ойлаңыз!”.

  6.  160-бет.  “Аяғында  қыз  сөзінің  көбі,  Оспанның  үмітін  әбден 

нығайтқан  соң,  қырдағы  пішіні  тәуір  әйелдің  бәріне  істеп  жүрген 

дағдылы машығына салып, төре белгілі тілек айта бастады. Көптен 

калжыңменен  жағалатып  айтып  отырған  сөзінін  бетін  ашты.  Қыз 

бұл жерде де қысылған жоқ, көп естіген сөзінің бірі екендігі, ашық 

күлкісінен білініп тұрды”.

7. 160-бет. “Біраздан соң Оспан орнына қайта келіп отырып, қыздан 

оңаша жолығатын уақыт сұрады. Жымиып күліп:

– Айтқаныңыз жаңа, асыққаныңыз не? Әуелі менің тілегімді естіңіз, 

– деді. Оспан:

 – Айта ғой, олай болса тілегінді...

–  Тілегім: біздің жақындығымыз – аз күндік жақындық болмасын. 

Лайық көрсеңіз, өмірлік жолдас болайық деймін. Осыны қалай көресіз?

– Жәміш! Менің де айтқалы отырғаным осы еді. Енді сөзіміздің 

байлауы осы болсын. Сен – менікі, мен – сенікі!”.

8.  160-бет.  “Осымен  сөздің  аяғын  бітіріп,  екеуі  талай  жылдан 

көрісе алмай сарғайысып жүрген ғашықтардай құлаштарын жайып, 

құшақтасып, табысып, сүйісіп, уақытша айырылды”.

9. 161-бет. Әңгіменің соңындағы: “Бәрі де сандарын соғып: “Қап, 

мынау қаңғырған неме қылып кетті... Бұны оқыған деп... Окуың бар 

болғыр... Бұлардық бәрі осы! – “деп қала берді” – деген сөз кейінгі 

басылымдарда қысқартылып қалған.

Сонымен  қатар:  “сыртын  қызыл  манатпен”,  “желігіп  жүр”, 

“қалжын  қылып”,  “шырқап  салған”,  “болып  тұрады”,  “батасын  ай-

тып”, “қашқанмен”, “жарасып тұр”, “қайтарды”, “оятқандай көрінді”, 

“сөзінен”, “пішінін”, “айта 

бастады”,  “ертеңгі  күн  болады”, 

“сөйлескенге”, “деп”, “уағда қылған”, “тұрады” деген сөздер – “сыртын 

манатпен”,  “желігіп  өтіседі”,  “қалжындасып”,  “шырқаған”,  “болып 

тұрды”, “батасын беріп”, “қашқанның да”, “жарасқан”, “қайырды”, 

“оятқандай еді”, “мүсінін”, “айтуға ауысты”, “сөздерден”, “ертең 

болады”,  “сөйлескенде”,  “десті”,  “уәде  қылған”,  “тұр  еді”  –деп 

өзгертілген.

Әңгіменің соңына “Жаяу сал” деп қол қойған.



Т. Жұртбай

438

“ОҚЫҒАН  АЗАМАТ”

Әңгіме 1922–1923 жылдары арасында Түркістан АССР-і Орталық 

атқару комитеті шығарып тұрған “Шолпан” журналының 1922 жылғы 

2-3 және 1923 жылғы 4-5-сандарында жарияланды. Содан кейін латын 

һарпінде басылған “Ескілік көлеңкесінде” (1935) атты жинақта, кирилл 

һарпінде  “Жұлдыз”  журналының  1957  жылғы  8-санында,  “Қараш-

Қараш”  атты  жинақта  (1960),  Мұхтар  Әуезов  шығармаларының  он 

екі  томдығының  (1967  –  1969)  1-томында  (1967),  жиырма  томдық 

шығармалар жинағының (1979 – 1985) 1-томында (1979) жарық көрді. 

Қолжазбаның түпнұсқасы сақталмаған. Шығарманың аты алғашқы араб 

һарпіндегі жарияланымында тырнақшаға алынбаған. 1960 жылғы басы-

лымында жазушы әңгіменің кекесінді сыпатына орай “Оқыған азамат” 

деген сөзді тырнақшаға алып, онын мазмұнына өзгеше емеурін берген. 

Кейінгі басылымдардың барлығында да 1960 жылғы нұсқа бойынша 

жарияланып келеді. Әңгіме бірнеше шетел тілдеріне аударылған.

Әңгіменің  негізгі  желісіне  өмірде  болған  оқиға  арқау  етілген. 

Мұхтар Әуезовтің жас шағындағы досы, Семей уезі Кәкен болысының 

азаматы, “Ес аймақ” ойын-сауық үйірмесінің жетекшісі, “Ел ағасы” пье-

сасын сахнаға шығарған Сейітқазы Токымбайұлының тағдыры арқау 

болған. С. Тоқымбайұлы Семей жастарының басын қосып, 1918 жылы 

“Уақ қарыз серіктігін” ұйымдастырды. Осы серіктестіктің қаржысымен 

“Абай” журналы шығып тұрды. 1921 жылы ақпанында Затонда, “Ел 

ағасы” спектаклін қойып, суық тиіп, он күн өткен соң қайтыс болды. 

Ол туралы “Қазақ тілі” газетінде “Күйінішті өлім” (1921 ж., 21 наурыз) 

деген атпен қазанама басылды. Кейіннен марқұмның әйелі өзінің бір 

жақсы  досына,  Шыңғыс  болысының  оқыған  азаматына  тұрмысқа 

шығады.  Шешесі  қиялданып  жүріп  қайтыс  болады.  Бұл  оқиғаның 

өмірлік  деректері  Ғ.  Сармурзиннің  “Өмір  сабақтары”,  “Өнеге”, 

А. Әуезовтің “Жас Мұхтар”,. Т. Жұртбаевтың “Бесігінді түзе!..” атты 

кітаптарында толық талданған.

1922 жылғы “Шолпанда” жарияланған алғашқы нұсқа мен 1960 

жылғы  жарық  көрген  нұсқаның  арасында  жазушының  көркемдік 

нысанасын байқататындай немесе оқиғаның желісіне әсер ететіндей 


439

елеулі өзгеріс жоқ. Негізінен, стильдік қырнап-жонулар мен ішінара 

қысқартулар жасалған. Сондай-ақ басты кейіпкердің аты Масғұттан 

Максұт деп өзгертілген. Шығармадағы негізгі өңделіп, қысқартылған 

тұстар мыналар:

“Оқыған азамат”. 1922–1923 жылғы “Шолпандағы” нұсқа:

1. 162-бет. Әңгіменің алғашқы нұсқасында бұл арадағы көріністер 

мынадай  қалыпта  басылған:  “Түссізденген  тұңғиық  көк,  мөлдіреп 

жасарғандай  пішінде,  жарығы  көз  тайдыратын  нұрлы  күн.  Жазғы 

түріне түскендей болып өзгеше жарқырап тұрса да, ызғарлы қар, суық 

һауа қызуын жоғалтып, жарығына жансыздың табын басып тұрғандай.

Жер қарлы. Үш-төрт күннен бері қарай ажары сынған шыңылтыр аяз 

бұ күнде сықырлап білініп тұр. Күншығыстан анда-санда лебі сезіліп 

тұрған жел, суықтың көрігіндей болып, ызғарын көбейтіп тұр. Кейде 

сүйектен өткен салқыны бетті шымырлатып, денені тоназытады...

Тұрғын  халқының  көбі  қазақ  болған  Сібірдің  кішілеу  қаласы, 

қыстың ақ кебінін даламен бірге жамылып, табиғаттың жалпы күйін 

күйлеп тұр”.

2. 162-бет. Бұл арадағы сөздердің алғашқы нұсқасы мынадай: “... 

Қаланың шеттерін жыртылған ескі жабудай жалба-жұлба қылып, ыды-

ратып, тоздырып тұр.

Қаланың орта жерінде базардан суға қарай түсетін әншейінде көңілді 

Земский көшеде қазіргі сағатта жүргіншілер сиреген, иесізденіп тұр. 

Анда-санда бірен-саран теріні бұшпағынан сүйретіп, қыл-қыбырын 

арқалап, базарға қарап аяндап бара жатқан жаяу алыпсатарлар көрінеді”.

3. 163-бет. Алғашқы стильдік тұрғыдан өңделмеген нұсқасы мы-

надай: “... Кішілеу екі бөлмелі үйдің төргісінде, биік төсектің үстінде 

астына салған құс төсегі бар, басында екі-үш ақ жастық бар, қалыңдау 

көрпені жамылып, қатты ыңқылдап, шыдамсызданып Масғұт жатыр 

екен. Беті ашаңдап жүдеген. Әншейіндегі ақ сұр түсі күренденіп ісінген. 

Көзі қанталап, жастанып, шатынағандай. Қысқалау қою қара мұрты, 

сұлу қара қасы, қайырған ұзын шашы да қатып қалғандай болып жа-

бысып, жансызданып тұр”.

4. 164-бет. Әуелгі нұсқа: “Мені... сөкпейсіңдер ме? ... Менде жазық 

жоқ кой...” – деп қайтадан шатасты. Мейірханның көзіне жас келді. 

Ауызына жұбатарлық сөз түспеді”, – делінген.

 5.164-бет. Бірінші нұсқадағысы: “Мейірхан тағы да жұбатпақшы 

болып бір-екі ауыз сөздер айтты. Бұлардың бәріне Масғұттың нашар 

науқасының үстіне түйін болған нәрсе – бүгін танертең доктор келіп, 

ауыруды қарап: “Сары сүзек екен, емдеуден өтіп кетіпті, өледі” – депті”.

 6. 165-бет. Бұл арадағы бірінші нұсқадағы сөздер мынадай: “Бұл 

адамшылық тәрбиесі жоқ қала қызы... Біреумен кетеді-ау. Сол күнге 



440

шейін тірі отырса кемпірдің қайғысы қандай болады?.. Содан үлкен 

дерт бола ма?.. Жалғыз-ақ құдайдан тілейтінім: осы қатынды алатын 

кісі Масғұттың жолдасының бірі болмаса екен. Бір  танылмайтын жат 

кісі болса екен. Бүгінгі жүрген жолдасының бірі алса, ол қайғы сорлы 

кемпірге мынадан жүз қабат болады ғой. Тағдыр енді ең болмаса осы 

жерде ая, бұл байғұсты”, – дегендей ой ойлады”. Кейінгі басылымда 

бұл абзац толықтай қысқарған.

7.  165-бет.  Бұл  арадағы  сөйлемдерге  стильдік  тұрғыдан  өзгеріс 

енгізілген. Әуелгі нұсқадағысы: “Кішкене үйдің ішіндегі бұл секілді 

күдікті, ауыр һал көп күндерге созылған жоқ. Еңсесі кеткен ауру күннен 

күнге төмендеп, сөніп бара жатқан жарықтай бәсеңдей берді. Ақырында 

бір күн түске таянған мезгілде тіл-ауызын қойды. Кеудесіне дем алған 

сайын сырыл пайда болды. Ауру әлсізденіп, бұрынғыша денесін не 

қозғай алмай, көзін анда-санда ашып-жұмып, сұлық жатты”.

8. 166-бет. Бұл арада: “Қараңғы көр жұрттын есіне суық елімді 

түсіргендей болды. Көп жұрт бір қараған соң шыдай алмай, теріс ай-

налып кетісті” – деген сөйлем қысқартылып, өңделіп берілген.

9.  167-бет.  Әуелгі  нұсқадағы:  “Тағы  бірнеше  минут  өткен  соң 

жұрттың бәрі үюлі топырақты көрге төгіп, Масғұтты ықыласпен көмді” 

– деген бір сөйлем кейінгі нұсқада жоқ, қысқартылып қалған.

  10.  168-бет.  Бұл  сөйлем  соңғы  басылымда  өңделіп,  қысқарып 

берілген. Алғашқы басылымдағы сөйлем құрылымы мынадай “Соңғы 

уақытта Жұмағұл жалғыз да болса келгіштеп, Қадишаның келген сайын 

көңілін көтеріп кететін ермегі болуға айналған сияқты”.

11.  170-бет.  Бұл  абзац  та  өңдеуге  ұшыраған.  Кей  сөздер  мен 

сөйлемдері қысқартылған. Түпкі мәтіні мынадай: “Далада су молайған. 

Айналада  көз  ұшында,  жарқыраған  айнадай  шарасынан  суы  асып, 

мөлдіреп  жатқан  көлдер  көрінеді.  Жағалай  жүрген  мал,  шашырап 

жайылып, көл айналасында шұбартып жүр. Жарық күнге шағылысып, 

шалқиып  көрінген  ақ  ауылдарды  сағым  көтеріп,  елестетіп,  үйлер 

жұмыртқадай болып жұмырланып тұр. Жайлауға қарай жаңада беттеп 

көшкен ел Шыңғыс тауынан асып келіп күнгейде отыр. Ауыл-ауылдың 

бәрі де үлкен той күніндей көңілді. Қыр тұрмысындағы қызықты жаздың 

желігіне ел жаңа кірісе бастағандай”. Қыстан мал күйлі шыққандықтан, 

жұрттың бәрінің мінгені жазғытұрғы көкке семірген ат, айғыр, ту би-

елер, екі-үш кісінің басы қосылса – жарыс, аударыс, ат сынасу, күш 

сынасуды ермек қылған. Күнгейге келгеннен бері қарай ауыл-ауылдың 

үлкендері: “Құлындар жетіліп қалды, жайлауға қымызсыз барғанның 

орыны жоқ. Енді бие байлауға керек”, – деп сөз байласқан”.

12. 180-бет. Әңгіменің соңындағы: “Жұмағұл, Қадишаның Мұраты 

қара күшті жұмсамай-ақ орынына келді”, – деген сөйлемді жазушы 



қысқартып:  “Жұмағұл,  Қадишаның  мұраты  орынына  келді”  –  деп 

ықшамдап берген.

“Шолпан”  журналындағы  әңгіменің  соңына  “Мұхтар”  деп  қол 

қойған.


Жазушы  бұдан  басқа  алғашқы  нұсқадағы  бірен-саран  сөздерді 

өзгертіп, басқа баламасымен ауыстырған, стильдік тұрғыдан қырнап-

сырнаған.  Бұл  сөздер  жалпы  әңгіме  мазмұнына  елеулі  өзгеріс 

әкелмегендіктен ол сөздерді салыстырып көрсетуді артық санадық.



Т. Жұртбай
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет