Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.
Pdf просмотр
бет28/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ  КҮНІ

Бұл әңгіме 1921 жылы жазылған. “Қызыл Қазақстан” журналының 

1921  жылы  қосарланып  шыққан  3-4-сандарында  “Арғын”  деген 

бүркеншік атпан жарияланды. 1922 жылы сыртқы мұқабасына: “Мұхтар 

Әуезов.  Қорғансыздың  күні.  Жизнь  беззащитных,  произведение  

М. Ауэзова. Бастырушы – Қазақстанның облыстық партия комитеті. 

Оренбург,  1922  г.  Типография  Губсовнархоза  №  1.  (Тираж  5000 

экз.) – Р. В. Ц.”, ішкі мұқабасына: “Бастырушы – Россия коммунист 

партиясының Қазақстан аймақтық комитеті” – деген анықтама жазылып, 

жеке кітап болып басылып шықты. Кітаптың сонына да “Арғын” деп 

қол қойылған. Бұдан кейін “Қорғансыздың күні” әңгімесі жазушының 

1935 жылы шыққан “Ескілік көлеңкесінде” атты жинағында Д. Әбілев 

пен  Ж.Саин  құрастырған  “Қазақ  әдебиетінің”  хрестоматиясында 

(1940), М. Әуезовтің 1955–1957 жылдары жарық көрген таңдамалы 

шығармалары жинағының V томында (1956), 1960 жылы жарық көрген 

“Қараш-Қараш” жинағында, 1967–1969 жылдары жарық көрген Мұхтар 

Әуезов  шығармаларының  он  екі  томдық  басылымының  1-томында 

(1967), Мұхтар Әуезовтің жиырма томдық шығармалар жинағынын 

(1979–  1985)  1-томында  (1979)  және  жекелеген  жинақтарда  жарық 

көрді.  Жазушы  әңгіменің  желісін  сақтай  отырып,  1935,  1956,  1960 

жылдардағы басылымдарға авторлық өзгерістер енгізіп, түзетулер жа-

сап отырған. 1960 жылғы басылымдағы нұсқасы Бұдан кейін шыққан 

барлық  жарияланымдарға  негіз  етіп  алынды.  “Қорғансыздың  күні” 

әңгімесін “Сиротская доля” деген атпен А. Пантиелев орыс тіліне аудар-

ды. Ол “Крутизна” (Москва, “Советский писатель”, 1965) “Избранное” 

(“Жазушы”, 1967), “Племя младое” (“Жазушы”, 1977), “Мухтар Ауэзов. 

Собрание сочинений в пяти томах, издательство “Художественная лите-

ратура”, М., 1973–1975” атты жинақтарда орыс тілінде басылып шықты. 

Орыс және шет тілдеріне аударылған нұсқаларға соңғы басылым негіз 

етіп алынды. Жазушының шығармалар жинағының елу томдық толық 

басылымына бұл әңгіме М. Әуезовтің жиырма томдық шығармалар 

жинағындағы нұсқа бойынша енгізіліп отыр. Автордың 1960 жылы 

түзеткен қолжазбасымен салыстырылып бұрын қате оқылған, түсіп 


420

қалған сөздер қалпына келтірілді, орфографиялық және емле қателері 

қазақ тілінің бүгінгі талаптарына орай үйлестірілді.

“Қорғансыздың  күні”  әңгімесі  жазушының  “сұлу  сөздегі”  

(М. Әуезов) алғашқы қадамы. Оған өмірде болған нақты тарихи оқиға 

негіз етіп алынған. Тарихи жер аттары сол қалпында сақталған. “Се-

мей қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара 

жолының  үстінде  Арқалық  деген  тау  бар...  Арқалықтың  жолы  аса-

тын кезең – Күшікбай деп аталады... Күшікбай кезенінің түбінде бір 

жіңішке қара сызық секілденіп Қанайдың жалғыз қорасының орны” 

әлі де көрінеді. Ал шығармадағы кейіпкер аттары өзгертіліп алынған. 

Ондағы Ақан болыс – Шыңғыс елінің жас болысы Біләл Ысқақов, ал 

кәрі  кемпір  –  Мұхтар  Әуезовтің  немере  апайы  Қаптағай,  қасіретке 

ұшыраған жас сұлу Ғазиза – М. Әуезовтің жиеншары болып келеді. Бұл 

оқиғаның егжей-тегжейі мен өмірлік деректері туралы Ахмет Әуезовтің 

“Бала Мұхтар” (1967), “Жас Мұхтар” (1977), Ғайса Сармурзиннің “Өмір 

сабақтары” (1975), “Өнеге” (1977), Тұрсын Жұртбаевтың “Бесігіңді 

түзе!..” (1997) атты кітаптарында толық мағлұмат берілген.

“Қорғансыздың күні” әңгімесі жазушының көзі тірісінде жарық 

көрген басылымдарынын бәрінде үлкенді-кішілі түзетулер енгізіліп 

отырған.  Түзетулер,  негізінен:  идеологиялық,  көркемдік,  стильдік 

тұрғыдан жасалған. Бұрынғы авторлық текст ретінде берілетін сөздер 

мүлдем қысқартылған, кей тұстарда сөздердің орындары ауыстырылған 

сөйлем ықшамдалып, қырналып берілген. Сондай-ақ әуел баста араб 

һарпінен Кирилл һарпіне түсірілгенде кеткен қателер сол қалпында 

түзетілмей, кітаптан кітапқа ауысып отырған. Мысалы: 1935 жылғы 

“Ескілік көлеңкесі” атты жннақтан бастап жиырма томдық шығармалар 

жинағындағы нұсқаға шейін: “Бұл жігіт – Ш-тың болысы Ақан мырза”, 

“Мені өлтірген осы Ш. қалашылары дей ме?” – деген сөздер “Ж-нын 

болысы”, “Ж. қаласы” деп қате басылып келген. Бұл басылымда мұндай 

жаңсақтықтар түзетіліп, бірінші нұсқа бойынша берілді.

Жазушының  шығармашылық  әлеміндегі  көркемдік  ізденістері 

мен  қаламгерлік  шеберлігін  ұштау  жолындағы  жауапкершілігін 

ғылыми  тұрғыдан  пайымдау  мақсатымен  әңгіменің  алғашқы,  1922 

жылғы нұсқасы мен соңғы нұсқасының арасындағы өзгертулер мен 

қысқартуларды, түзетулерді реттік тәсілмен көрсеттік. Түсініктемеде 

бірінші нұсқадағы сөздер толық берілді, ал оның өңделген нұсқасын 

осы басылымның ішіндегі әңгімедегі реттік сан бо йынша көрсетілген 

белгінің тұсындағы жақша ішіндегі текстен оқи аласыздар.

“Қорғансыздың күні”, 1922 жылғы нұсқа:

1. 103-бет. “Даланың көңілсіз ұзақ жолында қажып келе

 

жатқан ке-



руенге Арқалық алыстан көрініп тұрады. Жол аузында созылып жатқан 

421

көлденең  10–15  шақырымдай.  Бірақ  ұзыны  тәуір  болғанмен,  енсіз 

кереге сықылды жалғыз жал. Не бауыр, не сыртында ықтыртын жоқ. 

Арқалық жадағай жалғыз қабат болған соң, қыс күнінде жел терісінен 

соқса  да,  оңынан  соқса  да  панасы  болмайды.  Қыстың  басынан  екі 

жағын кар алып, жұмыртқадай қылып тегістеп тастайды” (М. Әуезов. 

Қорғансыздың күні. Орынбор. 1922 жыл. 2-бет).

2. 103-бет. “Бауыр сыртының шымы тұтас көделі жер болғандықтан, 

үй басының салған бірлі-жарымды жер егіні тәуір болып шығып; ұзақ 

қысқа қорек қылатұғыны сол болушы еді” (Сонда, 3-бет).

3. 104-бет. “Екінші, көлігіне, өзіне азық сұрап шығындандыратын 

жат  ке руен  жоқ  болуы  керек.  Сол  кезде  үйінде  бірлі-жарым  көңілі 

сүйетін, сыйлайтын қонағы болуы тиіс. Ақсақал мал қоралап болып, 

жайланып, шайын ішіп, қазан аспаның өзінде кейде жылтылдап, кейде 

лапылдап жанып жатқан отты көріп, бұрқылдап қайнап жатқан еттің иісі 

мұрнына келіп отырғанда серпіліп әңгіме бастайтын” (Сонда, 4-бет).

 4. 104-бет. “Күшікбай батыр 21 жасында дүние салған екен. 15–16 

жасында жортуылға аттанып, уақтың көп батырларының арасында, 

буыны бекіп, бұғанасы қатпағандығына қарамай, талай қиын қияда 

тапқыштық ақыл, қажымайтын қайрат, ерлік көрсеткен” (Сонда, 4-бет).

5.  105-бет.  “Көлденең  әңгімемен  ардақты  оқушының  ішін 

пыстырғандығына кешу сұрап, енді айтпақ әңгімемнің жөніне келейін. 

Ғинуар айының аяқ кезі...” (Сонда, 5-бет). Бұл қыстырма сөз қысқарып 

қалған.


6. 106-бет. “Күннін қызыл сәулесі даланы да, тауды да өз өңіне 

кіргізген, дүние тегіс қызғылт түсті” (Сонда, 6-бет).

7. 106-бет. “Жарау еті бар екі қоныр ат қажығандығын білдірмей, 

божы қаққан сайын ығыса жөнеліп, сар желіп келе жатыр” (Сонда, 

77-бет).

 8. 106-бет. “Қалың киімнін сыртынан киген, жағасына қара барқыт 

ұстаған  жана  сары  малескен  шапаны  бар,  байпағынын  қонышын 

барқытпен көмкерген жаңа қара етігі бар, алғашқы көрген жерден-ақ: 

мынау мырзасы екен дегізгендей” (Сонда, 7-бет).

 9. 106-бет. “Бұл жігіттің жасы 30-дың шамасында, орта бойлы, 

дөңгелек денелі, қысқалау мұртты, шоқша сақалды. Беті сұрғылт түсті, 

дөнгелек, жалпақтау. Суық қарайтын, кішілеу, өткір, қиықтау біткен 

көзінде һам түксиген қабағында өзгеше қаталдық бар. Мұрны кішілеу, 

көз қабағына үйлеспейді. Бұл адамның күлгендегі пішіні құмарлыққа 

көп салынғандығын және сонын артынан ергенде, ар-ұяттан айырылып 

кететіндей еріксіздігін білдіріп тұрады. Бұл жігіт – Ш-тын болысы Ақан 

мырза” (Сонда, 7-бет).

10. 107-бет. “Божы ұстап отырған Қалтай бетін ұқалап, кішкене 

қозғалып Ақанға қарап: “Бәтір-ау, мына Күшікбайын: “Мені өлтірген 


422

шешек  осы  Ш.  қалашысы  дей  ме?  Немене,  бір  емес,  екі  емес, 

ызғырықтайды да тұрады”, – деп күлді. Ақан да түсі жадырап, күліп, 

сергісіп қалды. Біраз уақыт өткен соң тағы да үндемей, күні бойғы 

әдетпен тұнжырасып отырды” (Сонда, 8-бет).

11.  108-бет

 

“Иесінің  дүниеге  келгендігінің  ақырғы  белгісі  –



томпайған бейіт аз уақытта жоғалмақ. Сонымен бірге әлгі адамнын 

да ізі бітпек. Таудан аға соқкан жел, бейіт тұрған төбешіктің басында 

әсіресе қатты ызғырықтанып, бір жағынан, топырағын ұшырып, бір 

жағынан, жалданған Кармен көміп, сездірмей кеткен, жансыз денеге 

қарлық мейірімсіздігін көрсетіп тұр. Аз уақытта бейітті түгелімен қар 

басқандай. Бейіттін үстінен жаяу борасындап өткен ұсақ қар, айналасын 

қоршап, сеппелеп сырғанап өтіп жатыр. Өзінің мейірімсіз, азасыз, оның 

үстіне еркін бір куә екендігін білдіріп тұр. Жалғыз-ақ, өлікке жан ашыр 

жақынның жүрегі суық табиғаттың ерігінде сондай болып жатқан, жаны 

туысқан ғазизін ойлағанда еріксіз қысылып езілгендей, өмір – суық, 

құр ғана алдағыш – дегізгендей. Бейіттен жарты шақырымдай жерде 

тұрған  кішкене  ескі  қора  да  бейіт  секілді  мүләйім  пішінге  мінген. 

Тозығы әбден жетіп, ескірген, төбесін де, айналасын қар басқан кішкене. 

Қыры кетіп, жымырылып, жұмырланған бұрыш-бұрышында үйілген 

қорда, тапталған топырақ қораның онсыз да аласа бойын жермен жер 

қылып тұр. Жан-жағына үйілген қар қыс басынан бір күрелмегендіктен 

қораның үстіне шығып, біржолата басып алған. Аз күнде қораны көзден 

жоғалтуға айналған.

Бұл күйден аманырақ болған есіктің ғана алды. Кішкене тар күресіні 

бар.  Қораның  айналасының  әлгідей  пішінінің  үстіне  теріскей  жақ 

бұрышындағы бір қораның төбесі ортасына түсіп, таудан аса соққан 

боран  әлгі  тесіктің  үстінде  ақ  түтектеніп,  біресе  түтін  секілденіп 

ұйытқып, біресе қиыршықтанған ұсақ қарын қораның ішіне себездеп 

төгіп, қораның ішін толтыруға тырысып жатыр. Қораның тау жағындағы 

пішен қораның ішінде бір-екі шошақтай ғана тапталған аз пішеннін 

ішінде сауырсындары бәрі қар болған бір арық қызыл торпақ, екі-үш 

жаман тоқты тұр” (Сонда, 9-10-бет).

12. 108-бет. “– Қалтай, осы үйге қайдан әкелдің? Кісі отырарлық жері 

де бар деймісің, басқа үйлердің біріне бармай, осында неге әкелдің”, – 

деді. Қалтай атты доғарып жатып:

– Үндеме, мен бастағанда жаманшылыққа ұрынушы ма едің өзің? 

Не оймен әкелгенімді үйге кіргенде білерсін,– деді.

Күтпеген жерде құлағына жайлы, жұбанышты хабар тиген соң. Ақан 

қуанып, үйге кіруге асыға бастады. Атты доғарып болған соң қонақтар 

қараңғы қораның ішіне кіріп, сыйпалап жүріп есікті тауып алып, үйге 

кірді” (Сонда, 10-бет).



423

13. 110-бет. “Бұл үйдің жаны 3-ақ әйел пештің жанында біріне-бірі 

тығылып бүрсиіп отыр. Әйелдердің біреуі 80-нен асқан, кәрілігі әбден 

жеткен кемпір, біреуі – 40-тың шамасындағы қатын, үшіншісі-15–16 

жастағы  қыз.  Кемпірдің  жасы  қартайып,  қуаты  азайғандығы  шын 

болса да, бетіндегі көрініп тұрған ерлік қайраты әлі де болса жаман 

еркектердің  әлденешесінен  артық  екендігін  көрсетеді:  пішіні  еркек 

пішіндес кесек. Үлкен жалпақ маңдайлы, қошқар тұмсықтау келген 

үлкен  мұрынды,  суық  тақырлау  қабақтың  астынан  көрінген  өткір, 

жіңішке көздері жыланның көзіне ұқсап, кісіге қараған сайын барлық 

пішіннен аса суық бір қайрат білініп тұрады. Маңдайына һам екі ұртына 

түскен қатпары, терең үлкен әжімдері өмірінде талай қайғы, талай бей-

нет басынан кешіргендігін айқын білдіріп тұр. Бұл кемпір осы үйдің 

қазіргі қожасы. Ана әйелдің біреуі келіні, біреуі сол келіннен туған 

жалғыз баласының қызы. Келініміздің пішінінде не жақсылығына, не 

жаманшылығына айғақ болған орасан белгісі жоқ, орта пішінді, орташа 

жаратылған адам. Бірақ бұның пішінінде де өзгеден бөтен бір жаттық 

(бар), қадағалап аз қараған кісіге ол көрінетін. Тұңғиық қара көздері 

бір қараған жерден аумай, ылғи жансыздықпен қарап тұрғанына көзі 

түскен адам бишараның кім екенін айырушы еді. Ол жаңа арада екі 

көзінен айырылған су қараңғы еді. Енді бұл екі әйелге ермек, жұбаныш 

болып отырған үшінші әйелге келейік. Ол – сыпайы, нәзік болып өскен 

Ғазиза. Жінішке сұңғақ бойлы, дөңгелек, азғана секпілі бар ақ сұр жүзді, 

көрген көзге алғашқы жерден-ақ сүйкімділігін сездіретін жас қыз еді” 

(Сонда, 12-13-беттер).

14. 111-бет. “Жетім-жесірге ес болып отырған кемпір басынан қара 

тұман айықпай, үсті-үстіне қайғы жауып, кабат-қабат қаза көрген соң 

құдайға, тағдырға нанған көңілімен бір уақыт шын жалбарынып, на-

заланып сұраушы еді: 

“Құдай-ау,  не  күнә  сұмдығымнан  осын-

дай қазаға дұшар қылдың? Не жазығым бар еді”, – деп шерлі, ауыр 

өксікпен күрсініп, кеудесін жазған ауыр уайымның жалынын анда-санда 

шығарып отырушы еді” (Сонда, 14-бет).

15. 111 -бет. “Үй-іші қонақтар алғашқы келгенде таңданғандары 

болса да, артынан пішіндерін, қалыптарын көрген соң көңілденіңкіреп, 

жадырап, кішкене серги бастады. Бұл үйдің еркектері өлгеннен бері 

қалған әйелдердің уайымнан босап, көңілдері жадырайтын (кез) осы 

бөтен кісілер келгенде ғана болушы еді. Одан басқа уақытта үшеуі үйде 

оңаша отырғанда жетімдік-жалғыздық та, қорғансыздық-сорлылық та 

көздеріне айқын көрініп, көңілдерін мұң мен зардан айықтырмаушы 

еді” (Сонда, 15-бет).

16.  112-бет.  “Енді  кемпірдің  сөзіне  келейік”  –  деген  авторлық 

кірістірме сөз қысқартылған (Сонда, 16-бет).


424

17. 112-бет. Бұл арадағы: “Атаңның жақсы сөзі алты алашқа жеткен 

асылдың ұрпағысың”, – деген сөз де кейінгі нұсқада сызылып қалған 

(Сонда, 17-бет).

18.  114-бет.  “Құдай  мерейін  үстем  қылып  жаратқанның  баласы 

шыдасын ба” – деген сөздер де қысқартылған (Сонда, 19-бет).

19.  114-бет.  Бұл  арадағы:  “Өміріңді  осы  арада  өткізіп  келесің, 

сақалыңды осы арада ағарттың. Жұрттың қайтып шыдап, қайтып ме-

кен қылып отырғанын білмейсің” – деген сөз де кейіннен қысқарған 

(Сонда, 19-бет).

20. 118-бет. “Бұл адамның іші – жақсы сезімге жат болып кеткен 

күңгірт дүние, қақпасы жабылған қараңғы қорадай. Сол қараңғылыққа 

үйреніп, соны қанағат қылған жарты жанды бір нәрсе. Адамнын зарына 

жүрегі елжіреуден қалған. Өз басына келген болмаса, бөтен кісінің ба-

сына келген – пәле болып көрінбейді. Оның тартқан қасіреті, көңіліне 

қонбайды,  сезіміне  сінбейді,  ұғылмайды.  Себебі:  туысында  бірге 

туған азғана рақымдылық бала күнде аз-аздап көрінсе де, осы күнде 

ұмытылған. Көңілі жадағайланған, сезімі кірленген” (Сонда, 20-бет).

21.  118-бет.  Бұл  арадағы:  “Осы  айтылғандай  белгісі  бар  жүзді 

көргенде:  барлық  қазақтын  бойындағы  сабырлылық,  саспайтын 

түкпірлілік, қиын істердің ретіндегі тапқыштық, іштілік – еске түседі.

Жас басынан дүниедегі істің бәріне сын көзбен қарап, қайғыны 

да, қуанышты да салқын қанмен қарсы алатын мінез қазақтын тәуір 

адамынын бәрінде бар. Бұндайлық сабырмен араласқан сыншылдық 

адамды күндегі өмірдің ісінде айлалы, епті, шебер қылмай қоймайды.

Бұл  мінез  қазақтың  осы  күнге  шейін  көрінген  мінездерінін  ең 

бағалы, ең маңыздысы һам келешегінде үміттендіретіні де осы. Өлім 

үстінде жатып өлең мен ән шығарған ақындары, бөлініп-жарылып, 

біріне бірі өкпелеп, ауғалы отырғанда тауып айтқан бір ауыз өлеңге 

тоқтаған  елдері  –  сабырлылығын,  өмір  күресінде  өнімді  қайраты 

барлығын көрсетпей ме?

Енді  айтылып  келе  жатқан  әнгімеміздің  қалғанына  келейік”  – 

деген үлкен үзінді кейінгі басылымдарда жоқ. Зады жазушының өзі 

“Ескілік көлеңкесін” дайындағаннан кейін қысқартқан сияқты (Сонда, 

26-27-беттер).

22. 120-бет. “Жауыздық орындалды” – деген сөз кейін сызылып 

қалған.

23. 121-бет. Осыдан кейінгі: “Аза менен кайғыдан өмірі кесілді, 



бітті. Ой тұншықтырып, есін аудара бастады” – деген сөз қысқарған 

(Сонда, 31-бет).

24. 122-бет. Осыдан кейінгі сөйлем бірінші нұсқада: “һам одан кейін 

қабірлерін құшақтап жатып өлу болды. Ғазиза бейітті бетіне алып:  



425

“А, құдай! Ендігі бар тілегім осы. Ағамнын басына жеткіз”, – деп жүріп 

кетті. Хош, бишара Ғазиза!..” – деп жазылған.

 25. 123-бет. “Ұрғашылар да дауыстың естілмейтінін білген соң 

ішінен зор қауыпқа түсіп, зарлап тұрды...

– Е, тәңірі, жоқ болды. Өлді, – деп әйелдер үйге кірді”, – деген 

алғашқы нұсқадағы “қатындар” деген сөзді “әйелдер” деп өзгертіп, 

сөйлемнің соңын: “әйелдер зар салып, дауыс айтып үйге кірді” – деп 

түзеткен (Сонда, 33-бет).

26. 124-бет. Бұл үзінді алғашқы нұсқада: “Үстіндегі онсыз да жұқа 

киімдері әр жерге шашылып, Ғазиза шашы азырақ будырап, денесінің 

жартысын  қар  басқан  әкесінің  бейітіне  жабысып,  қасіретті  өмірдің 

ақырғы қуатын сол жерде берген екен. Өлер сағатына шейін қабағын 

басқан қайғы бұл уақытта да жадыраған, ізі қалған жоқ. Барлық жүзінде 

“Менде жазық жоқ. Мен тазамын”, – деген ашық тазалықтың белгісі, 

қайғы-қасіреттен сейілген жас баланың ажары бар.

Ол ғазабтан, қайғыдан, жауыз зұлымдықтан құтылған. Ол – “әулие”, 

– деп жазылған.

Соңғы сөйлемді қысқартып, оның орынына: “Жауыздықтың жас 

құрбаны қасіретке толы өмірінің азапты ақ түтегінен адасып өліп, мәңгі 

толас тапқандай”, – деген сөзді қосқан.

“Қорғансыздың  күні”  әнгімесінің  алғашқы  нұсқасына  кейіннен 

жасалған түзетулер мен қысқартулардың негізгілері осылар. Сондай ақ, 

ішінара “қатын”, “ұрғашы” – “әйел”, “әйел” – “қыз”, “жер егін” – “бөлтек 

егін”, “ғинуар” – “январь”, “жарау” – “сылан”, “һам” – “және”, “салына” 

– “үйіле”, “ағасынын” – “көкесінің”, “қызмет” – “жұмыс”, “күнінде” 

– “кезінде”, “күрсініп” – “Аһ ұрып”, “сөйлей” – “айта”, “анау” – “мы-

нау”, “кемқор” – “кемтар”, “ойымен” – “көңілімен”, “шағу” – “айту”, 

“қатын” – “ана”, “гуілдеп” – “түтеп” – деп өзгерткен сөздер де кездеседі.

Т. Жұртбай


426

ҚЫР СУРЕТТЕРІ

“Қыр суреттері” деген дербес атпен, ешқандай қосымша тақырып 

қойылмай баспа бетінде жарық көрген бұл әңгіме алғаш рет “Жас қайрат” 

журналының 1924 жылғы 1-санынын 43–48-беттерінде жарияланды. 

Әңгіменің сонына “М. Әуезов” деп қол қойған. Содан бері жазушының 

бірде-бір жинақтарына енгізілген емес және өзге де баспасөз беттерінде 

де қайтара басылған жоқ. Жазушы шығармаларының елу томдық толық 

басылымына  “Жас  қайрат”  журналындағы  бірінші  жарияланымы 

бойынша  ұсынылды.  Әңгімені  кирилл  һарпіне  түсіріп,  басылымға 

дайындағандар – Сұнқар Жұртбаев пен Мұқаш Қожахметұлы.

Жазушы “Қыр суреттерін” шығармалар жинағына неге кіргізбеді, 

ол жағы беймәлім. Оған үш түрлі себеп қана болуы мүмкін. Бірінші: 

социологиялық  тосқауыл,  яғни  жайлауға  көшкен  елдің  көңілді 

суреттерін оқыған әсіресе белсенді әдебиетшілердің теріс пікірінен 

сескенуі. Екінші: әңгіменің қолжазбасынын жоғалып кетуі (1930 жылғы 

тінту  кезінде)  және  “Жас  қайрат”  журналының  тігіндісінін  колына 

түспеуі. Үшінші: әңгіменің көркемдік сипатына көңілі толмауы мүмкін. 

Сондай-ақ, осы “Қыр суреттері” циклі бойынша жазылған “Жайлау 

түні” деген әңгімесі болғандығы туралы кейбір естеліктерде айтылып 

қалады. Осыған орай, “Жайлау түні” деген әңгімесі осы емес пе екен 

деп те жорамалдауға болады.

 1. 125-бет.  “...  ағалмен  араластырғандай”  –  ақ  түсті  бояу,  әк 

тасынын немесе ақ сортанды ақтопырақтың ерітіндісінен жасайды.

 2. 125-бет. “Өре бастады” – өріске шықты, жайлауға бел алды – 

деген мағына береді.

3. 125-бет. “Көшеден бері от жемей” – кешеден бері шөп жемен, 

деген мағынада қолданылып отыр.

 4. 126-бет. “Өз беттеріңше өре алмай” – өз беттерімен өріске шыға 

алмай, жайыла алмай – деген мағына береді.

5. 128-бет. “Жол азық сұрап жарысатын бозбалалар” – жайлауға 

көшіп  бара  жатқанда  көңіл  көтеріп,  ойын-сауық  құру  үшін  қыз-

келіншектер  тобына  сусын,  құрт-ірімшік  сұрағансы  сылтауратып 

баратын дәстүр бар. Жазушы соны меңзеп отыр.

Т. Жұртбай


427

ҚЫР СУРЕТТЕРІ

“Қыр суреттері” деген ортақ атпен топтастырылған шағын әңгімелер 

топтамасы “Шолпан” журналының 1922 жылғы 2-3 және 1923 жылғы 

4-5-сандарында  жарияланды.  “Кешкі  дөң  басында”,  “Түнгі  ауыл” 

әңгімелерінің соңына “Қоңыр”, ал “Қысқы түн”, “Қысты күнгі далада” 

әңгімелеріне “Жаяу сал” деген бүркеншік атпен қол қойған. “Түнгі 

ауыл” “Жас қайрат” журналынын 1924 жылы 1-санында “Қыр суреттері” 

деген дербес атпен жарияланған әңгімелерден басқасының барлығы 

да аздаған өзгерістермен 1935 жылы шыққан “Ескілік көлеңкесінде”, 

1960 жылы жарық көрген “Қараш-Қараш” жинақтарында қайталанып 

басылған.  Жазушы  шығармаларынын  он  екі  томдық  жинағының 

1-томына,  жиырма  томдық  шығармалар  жннағының  1-томына  сол 

“Қараш-Қараш” жинағындағы нұсқа бойынша басылған. Шығармалар 

жинағынын елу томдық толық басылымына жиырма томдықтағы нұсқа 

бойынша енгізілді. 

1. Кешкі дөң басында

“Қыр  суреттері”  топтамасының  бірінші  әңгімесі.  “Шолпан” 

журналының  1922  жылғы  2-3  сандарының  52–55-беттерінде  

жариялағнған., Алғашқы басылым мен кейінгі басылымның арасындағы 

жазушының  өз  қолымен  түзеп,  қысқартып,  өңделген  тұстарындағы 

айырмашылықтар мынадай: 

1. 131-бет. Алғашқы басылымдағы “Қызыл сеңді бұлт батар күнді 

ентелеп қамап тұр – деген сөйлемді кейіннен “Жұқалаң,   ұзыншақ 

көп бұлт қызыл сеңдей болып, батар күнді ентелеп қамап тұр” – деп 

өзгерткен.

2. 131-бет. Бұл арада әуелгі жарияланымдағы: “Дөң басы қазіргі 

уақытта өзгеше көңілді. Кешке жақын у-шуы көбейіп, азанқазан болған 

ауылдан шығып, биік сары дөңге көтеріліп келе жатқанда, көңіл жерден 

кетіп, аспанмен екі ортадан орын алғандай, жоғары жүре бергісі келіп, 

биіктен-биікке тарта бергендей болады” – деген сөйлемнің соңғы жағын 

өзгертіп: “... бойың биікке тарта бергендей болады” – деп қысқартып 

берген. Сондай-ақ кейінгі нұсқада осыдан кейін келетін: “Әншейінде 


428

қиын десең де, онашалық, жалғыздыктың дәл осы уақытта тәтті, жайлы 

екендігін  мойындайсың.  Өзіңе-өзің  тигендей,  еркін  қолына  келген-

дей болып сергисің, жеңілдейсің. Менің де көңілімдегі осы халдың 

шындығына көзімді жеткізбекші болған болып, сары дәнді қаптаған 

бетегесі мен сары көде оралып, сумаңдаған салқын желдің лебімен 

басын изеп, шын-шыңдайды”,– деген сөйлем мүлдем қысқарып қалған.

3. 131-бет. Осы сөйлемнен кейінгі: “Күн батыстан басқа жақтың 

пішімі сұрғылт тартып, көңіліне қайдағы бір ой түсіп мұнайғандай. 

Алыстағы қара қошқыл тау да бейне көлеңкедей әжімі жиылып, салқын 

пішінмен түнергендей.

Әбден  қоңырқай  тартқан  иесіз  дала.  Жеңіл  тұманды  жамылып, 

мұңлы пішінде сазарғандай... Жым-жырт.

Бірінің иығынан бірі көрініп, қабатталған жақындағы биік сары 

дәндер күн батқан соң тыныштыққа бойы ауып, шөре тартып құлази 

бастағандай.

Күн батып болған... Күн батыстағы көрікті, қызыл ажары минут 

сайын  бәсеңдеп,  дүниені  қаптаған  сұрлықтан  жеңіліп  барады.  Жас 

сұлудың үзілген жердегі түсіндей болып, қаны тамған кызыл бетке аз-

аздап көкшіл сұрғылт өлім таңбасы араласқанға ұксайды”, – деген үзік 

кейіннен қысқартылып, қысқа-қысқа сөйлемдермен берілген.

 4. 132-бет. Бұл арадағы сөйлемдер де қырнап-жөндеуден өткен. 

Алғашқы нұсқасы былай: “Ауыл кешке өзгеше жанданып, қызықтанып 

тұрғандай. Үйде отырған жан жоқ... Қатын, бала, кемпіршалға шейін 

тыста... Әркім әртүрлі шаруамен қарбаласып жүр. Жасыл шөптің үстінде 

көз қуантатын жарастықпен тұрған ақ үйлерден шыққан қолы бос қыз-

келіншек біресе қалжыңдасып, күліп су жаққа барып, біресе топтанып 

ойнап, дөң асып кетіп жатыр...

5. 132-бет. Бұлардың тобынан жырылып қалған сұлу қыз ақ көйлек, 

қара камзолымен ауылдың түсін ашып, арқадағы ақ шолпы, қолындағы 

қос білезіктерін сылдырлатып жүргенде даланың ерке, тәтті күнін еске 

түсіргендей болады.

Осыдан кейінгі: “Дүние қалың кайғымен жүдегендей жым-жырт 

болған.  Өлім  тыныштығындай  зор,  салқын  тыныштығымен  мұңды 

шерін сыртына шығарғандай.

Бірақ бұл қайғы мен шер, бұл мұң әлсіз көздің ыстық жасына, нәзік 

жүректің аласұрған қайғысына ұқсамайды.

Қайта сол жасты тиятын, сол қайғыны айықтыратын қуат берген-

дей болады. Белгісіз үміт ойға кіріп, салқын тыныштық бойға сіңіп, 

табиғаттың шерлі күйімен қосылып, әлсіз нәзік қиялды тербеткендей 

болады...

Өлген ата-анаңнын бейітіне ұқсаған қалың сары дөң жұмырланып, 



429

ішіне бүккен сырын ашқандай. “Мен де жансыз емеспін, менде де өмір 

бар. Бірақ мендей сабырлы бол”,– дегендей болады...

Тыныштық тауып, өмірге жаңа қуат алған көңілмен етектегі ша-

шылып, жыбырлап жатқан ауылға қараймын” – деген үлкен үзік 1960 

жылғы “Қараш-Қараш” жинағындағы нұсқада мүлдем сызылып қалған.

“Жұқа қара шапанын ақ білегіне арта салып, бұ да бір дөңнен асып 

барып отырып, омырау қалтасынан бүктеп салған хатты алып оқып 

отыр...”.

6. 132-бет. Әңгіменің соңындағы: “Табиғаттан сол жерде алған:

“Сабырлы  бол”–  деген  сабағымды  ұмытып,  мен  де  етектегі 

Саршегірге қарап домалай жүгірдім” – деген сөйлем соңғы басылым-

дарда қысқарып қалған.

1960 жылғы “Қараш-Қараш” жинағына кірген нұсқада қате оқылған: 

“жымдасқандай” деген сөз – “сырласқандай”, болып түзетілді.


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.79 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет