Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.

бет27/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

танбай,  Жанақ,  Кемпірбай  сияқты  ақындары”.  –  Бұқар  жырау 

Калқаманұлы (1668–1781) – Арғынның ішіндегі Қаржастан шыққан 

ұлы  жырау.  Тәуке,  Әбілмәмбет,  Абылай  хандар  оның  көз  алдында 

өтті. Солардың ақылшысы болды. Жырау десе алдымен осы Бұқардың 

есімі ауызға түседі, оның толғаулары елдікке, бірлікке, ынтымаққа, 

тұтастыққа шақырған.

Шөже Каржаубайұлы 23 түсінікті қараңыз.

Шортанбай Қанайұлы (1818 – 1881) – әрі жазып, әрі суырып салып 

айтатын белгілі ақын. Әдебиетімізде ол “Зарзаман” дастанымен белгілі.

Жанақ Сағындықұлы (1770 – 1856) – айтыс ақыны. Кезінде Шокан 

“Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырын осы Жанақтан жазып алған. Халық 

арасында ол он алты ақынды бір айтыста жеңіп шыққан деген сөз бар.

Кемпірбай Бөгембайұлы (1834–1895) – айтыс ақыны. Ол Шөже, Әсет, 

Жәмшібай тағы басқа ақындармен сайысқа түскен сөз дүлдүлдерінің 

бірі. Оның айтыстары алғаш “Таң” журналында, одан кейін С. Сейфул-

лин құрастырған “Ескі әдебиет нұсқаларында” жарық көрді.

41, 42, 43, 44. 99-бет. “ертегі адамынша айтылатын Асанқайғы, 

Жиренше,  Алдар  көсе,  Қорқыт”.  –  Асанқайғы  XV  ғасырда  өмір 

сүрген қазақ ақыны, ойшылы, аңыз кейіпкері. Оның есімі кейінгілерге 

“Жерұйықты” іздеуімен, ойлы сөздерімен қалды. Асан атына үнемі 

ел  болашағын  ойлап  мұңға  батып  жүретіндіктен  “қайғы”  қосылып 

айтылатын  болған.  Тарих  деректері  оны  Ұлы  Мұхаммед  ханның 

ықпалды билерінің бірі болған деседі, кейін Керей, Жәнібек хандардын 

төңірегінде жүрген. Шоқан Уәлиханов Асанқайғыны “көшпенді ноғай-

қазақ ұлысының философы” дейді.

Жиренше шешен – қазақ ауыз әдебиетінің белгілі кейіпкері, ақыл, 

парасат, тапқырлықтың символы. Оның Әз-Жәнібек ханның тұсында 

өмір  сүргендігі  айтылады,  бірақ  бұл  сөздік  тарихилығын  анықтап 

нақтылай түсетін деректер жоқ.

Алдар көсе – қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері. Айлакер, қу, сөзде 

де, істе де, ойда да тапқыр жан. Оның мақсаты – пасық байларды, қара 

ниет ханды, саудагерді, шайтанды алдау, сол арқылы елдің оларға кеткен 

есесін алып беру.

Қорқыт – даналығымен, күйшілігімен белгілі баба. Оны Қойлыбай, 

Нысан Абыз сияқты көптеген бақсылар пір тұтқан. “Жыраудың үлкен 



пірі Қорқыт ата, бата алған барлық бақсы асқан ата”, – деген сөз содан 

қалған. Оның шыққан тегі Оғыз тайпасынан екендігі айтылады.

45, 46. 99-бет. “Ескі атақты билер жайынан да жиналуға керек. 

Ол Төле, Шоң, Торайғыр, Қазыбек, Ақтайлақ сияқтылар болады”, 

 Төле би Әлібекұлы (1663–1756)– Ұлы жүздің төбе биі, “Жеті жарғы” 

заңын шығарушылардың бірі. Дулаттың Жаныс руынан шыққан тұлға. 

Ол – Тәуке, Абылай тұсында ел бірлігі, тұтастығы үшін кызмет еткен 

жан.


Шоң, Торайғыр – “Абай жолында”: “Шоң, Торайғыр деген екеуі 

бірдей  суырылған  шешен.  Сүйіндік  ішінен  шыққан  қос  өркештей 

адамдар болған. Олар айтты деген нақыл-тақпақ иісі Орта жүзге мәлім”, 

– деген жолдар кездеседі. Осының өзінен-ақ елге олардың кім екендігі 

белгілі болғандай.

47. 100-бет. “Қарқаралыдағы қазақ техникумы”. – Деректерде 

сол тұста Қарқаралыда 3 мектеп, 1 училище болғандығы кездеседі” 

Автордың техникум деп отырғаны мүмкін осы училище шығар...



Т. Әкімов

410

МҰХТАР ӘУЕЗОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНІҢ, ПОЭТИКАСЫ

Мұхтар Әуезов алғашқы шығармаларының көбін әңгіме түрінде 

жазды. Көркем прозаның осы шағын түріне жас жазушының айрықша 

көңіл аударуы, әрине, тегін емес. Әңгіме жанры көлемі шағын бол-

са  да,  мағыналық  сыйымдылығымен  жазушының  өз  идеялық  және 

эстетикалық бағыт-бағдарын айқындауға, өзіндік стиль қалыптастырып, 

суреткерлік  шеберлігін  жетілдіруге  бірден-бір  қолайлы  еді.  Әңгіме 

– көркем прозанын ең ықшамды түрі, бірақ жеңіл түрі емес. Оның 

қиындығы  да  сол  ықшамдылығында,  аз  сөзге  көп,  терең  мағына 

сыйғызып, негізінен, бір оқиғаны баяндау арқылы мол өмір шындығын 

ашып беру қажеттігінде.

Әңгімеде кейіпкерлердік көп болмайтыны, негізгі геройлар екеу-

үшеуден аспайтыны да олардың мінез-құлқын, характерін солардың 

бірнеше нақтылы, бас-аяғы жинақы іс-әрекеттері арқылы ашып беруге 

үлкен суреткерлік шеберлік қажет екенін аңғартады. Әңгіме көркем 

прозаның  жазба  әдебиетінде  қалыптасқан  түрі,  ауыз  әдебиетіндегі 

әңгімелеп  айту  үлгілерімен  тамырлас-жалғастығы  болса  да,  мүлде 

жаңа,  соны  жанр.  Басты  ерекшелігі  –  қалыптасқан  дәстүрлі  баян-

дау  тәсілдерінің  шеңберінде  қалмайтын  еркіндігі,  творчестволық 

ізденістерге  жол  беретіні,  әңгіме  жанрында  тақырып  таңдау,  өмір 

шындығын әр жағынан қамту мүмкіндігі шексіз десек, оқиға желісін 

еркін  өрістету,  шығарманың  композициялық  құрылысын  неғұрлым 

ұғымды, ширақ етіп келтіру мүмкіндіктері де мол. Әңгіме жанрының 

ерекшелігі жағынан сан алуан түрлері болады да, мұның өзі әрқилы 

суреттеу тәсілдерін қолдануға да жағдай туғызады.

Мұхтар  Әуезовтің  әңгімелерінен  осы  жанрды  бірден  жақсы 

игергенін,  оның  өмір  шындығын  жан-жақты,  терең  бейнелеу 

мүмкіндіктерін толық пайдалана білгенін анық байқаймыз. Алғашқы 

әңгімесі “Қорғансыздың күнін” алсақ, соның өзінен оқырманға естен 

кетпейтін әсер қалдыра алатын жас жазушының көркемдік шеберлігін 

көре аламыз.

Ал  онан  кейінгі  жылдарда  жазылған  “Оқыған  азамат”,  “Қыр 

суреттері”, “Қыр әңгімелері”, “Үйлену”, “Сөніп-жану”, “Кім кінәлі?”, 


411

“Ескілік  көлеңкесінде”,  “Жетім”,  “Кінәмшіл  бойжеткен”,  “Қаралы 

сұлу”  секілді  әңгімелердің  қай-қайсысынан  да  жазушының  ауыл 

өмірін,  елдің  тұрмыс-жайын,  әдет-ғұрпын  жетік  білетіні  айқын 

танылады.  Әсіресе  Мұхтар  Әуезовтің  осы  кездің  өзінде-ақ  барған 

сайын  суреткерлік,  баяндаушылық  шеберлігі  арта  түсіп,  сан  түрлі 

адамдардың мінез-ерекшелігін, психологиясын, ойлау-сөйлеу мәнерін 

тап басып тани білетін көрегендігі мен сезімталдығы назар аудартады. 

Сол замандағы қоғамдық өмірде орын алған алуан түрлі мәселелерді 

– ауыл адамдарының өмір-тұрмысы, күн көрісі, үйлену, семья құру 

және  құдаласу,  күйеу  келуі,  қыз  көру  сияқты  ескі  әдет-ғұрыптар, 

оқыған жігіттердің мінезі, іс-әрекеттері – осының бәрі адамгершілік 

идеялары – әйелдін бас бостандығы, әділеттілікті жақтау тұрғысынан 

ашып көрсетіледі. Аталған әңгімелерінде жас жазушының панасыз, 

қорғансыз адамдардың жанашыры болуға ұмтылып, қайғы-қасіретке 

душар болған жетім-жесірлердін ауыр халын тебірене бейнелеуінен 

оның  творчествосындағы  гуманистік  сипаттың  пафосы  сол  кездік 

өзінде аса күшті болғаны анық байқалады. “Қорғансыздың күнінде” 

жаны  таза,  пәк  сезімді  жас  қызға  жасалған  зорлықтың,  қорлаудың 

жантүршігерлік  айуандық  екенін  қандай  әсерлі  бейнелесе,  басқа 

бірталай  әңгімелерінде  де  адал,  ар-ұяты  бар,  бірақ  қолы  қысқа, 

жоқшылықты,  өмір  ауыртпалығын  көп  көрген  адамдарды  аяныш 

сезімімен бейнелеп, әділетсіздікті, озбырлықты, дүннеқоңыздықты, 

пасықтықты  жеріне  жеткізе  әшкерелейді.  Осыларды  айта  отырып, 

Мұхтар Әуезов әңгімелерінің басты ерекшелігі қандай десек, алдымен 

айналадағы өмір құбылыстарын бейнелеудегі шыншылдық, реалистік 

суреттеу әдісін шебер қолдана білетіндігі дер едік. Әңгімелерде ба-

яндалатын  оқиғалардың,  бейнеленетін  кейіпкерлердін  бәрі  өмірден 

алынған,  сол  ортада  болатын  оқиғалар,  іс-әрекеттерді  бейнелейтін 

типтік  мінез,  типтік  характерлер.  Әрине,  кейбір  жайлар  әсірелеп 

көрсетілген. Бірақ , тіпті айналадағы табиғат көріністері – даланың 

қысы, желі, бораны, айлы түні, тау-тасы – бәрі нақтылы, дәл, анық 

бейнеленген. Және олар құр жай ғана сурет, адамдар өмір сүретін орта 

ғана емес, әңгімедегі кейіпкердің көңіл-күйі, қайғысымен үндес келетін, 

кейде оның тағдырымен ажырамас бірлікте көрінетін дүние болмыстың 

нақтылы ақиқат белгілері. Поэ тика тұрғысынан қарасақ, табиғат суреті 

көркемдік символ бейне де бола алады, ол қуаныш сезімін де, не қауіп-

қатерден қорқыныш сезімін де күшейте алады. Сөз жоқ, жазушының 

оқиға желісін суреттеуінен күтпеген, оқыс жай-жағдайға тап болып, 

таңырқағандай әсер алу да кездессе, ол оқырманның сол жағдайды, 

іс-әрекетті қалай қабылдайтынына да байланысты.


412

Айталық жас Ғазизаның қорлыққа шыдай алмай, әкесінен, бауы-

рынан айырған аяусыз ажалдың зардабына қоса, сорына кез болған 

нәпсіқор тажалдың зорлық қылғанына төзе алмай өзін өлімге қиғаны 

кейбір оқырманға тосын жағдай болып көрінсе, ол оқиғаның мұндай 

трагедиялық аяқталуын әркім әртүрлі қабылдайтындықтан да болуы 

мүмкін. Немесе, алты жыл бойы қайғылы болған Қарагөздің төзімі 

таусылған кезінде басқа емес, өзіне тең келмейтін қойшыны аяқастынан, 

кенет бауырына тартуы да шығармадағы оқыс шешім болып көрінуі 

мүмкін. Бірақ алдыңғы жағдай да, бұл да кейіпкердің көңіл күйі, психо-

логиясы жағынан қисынды, әбден дәлелді көрсетілген. Ал оқырманның 

көңіліне  сыймағандай  болса,  соларды  сондайға  қимағаннан,  яғни 

оқырманның психологиясына көбірек байланысты дейміз.

Бұл  орайда  жазушынын  өмір  құбылыстарын,  кейіпкерлердің 

әрекетін бейнелеу ерекшелігін ескеру қажет секілді. Мұхтар Әуезовтің 

көркемдік  стиліне  оқиғаны  асықпай,  байсалды  түрде  баяндау  тән. 

Оның оқиғаны баяндауында кейде суреттеп көрсету жағы басым да, 

ал автордың атынан кейіпкердің жай-күйін түсіндіру жағы азырақ бо-

латын кездері де бар. Мұны оқырманға әсері күштірек болады. Оның 

өзі тебірене сезініп, ойлап, өзінше түсінуіне мүмкіндік туады. Бірақ 

Мұхтар Әуезов оқиғаны баяндай отырып, әртүрлі жай-жағдайларға, 

кейіпкерлердің әр қадамының дәлелді болуын құнттап, түсінік беретін 

тұстары  да  аз  емес.  Оқиғаны  асықпай  баяндаған  кезде  бұл  тәсілді 

көбірек  қолданады.  Әсіресе  көлемді  көркем  шығармада  (романда) 

оқиғаларды кейіпкерлердің іс-әрекетін бір арнаға түсіру үшін мұндай 

авторлық түсінік беру тәсілі жиі қолданылады. Ал Мұхтар Әуезовтің 

әңгімелері туралы айтсақ, жазушы оқиғаны өмірде болған қалпында 

баяндағандай етіп көрсетуі жағынан Антон Чеховқа ұқсаса, автордың 

өзі араласып болған жайжағдайды түсіндіруге бейімділігі жағынан Лев 

Толстойға көбірек ұқсайтын сияқты. Әрине, жазушының оқиғаны өз 

атынан баяндауы бар да, кейде басқа айтушының, айтушы кейпіндегі 

персонаждың  атынан  баяндауы  бар.  Мысалы,  “Қыр  суреттері”  деп 

аталатын  бірнеше  әңгіме  жазушының  баяндап  суреттеуі  арқылы 

берілсе,  сондықтан  оларда  табиғат  көріністері,  кейіпкерлердік  хал-

жағдайын, көңіл күйін керсету де мейлінше нақтылы, көрнекті болса, 

“Қыр әңгімелері” деген топқа жататын екі әңгіме автордың өзі емес, 

айтушының атынан баяндалады. Айталық “Текшенің бауырында” де-

ген әңгімеде Сүлеймен ақсақал жас күнінде өз көзіммен көрдім және 

қатыстым деп, бір оқиғаны есіне түсіріп, баяндап шығады. Жобалай 

батыр бастап, жорыққа сайланып шыққан жігіттердің кек алу үшін 

істедік деген ісі–жасау-жабдығымен қыз ұзатып келе жатқан адамдарды 


413

төрт күн бойы тұтқын қылып ұстағаны. Мұндай жол үстіндегі әңгіменің 

тыңдаушысын қызықтыру мақсатымен өсіріп, көпіртіп айтылатыны, 

қоспасы  көп  болатыны  белгілі.  Бірақ  баяндаудың  алғашқы  қалпы 

сақталғандан берілуі сол айтушынын ойлау, сөйлеу ерекшеліктерін, 

соның түсінігін, ой-өрісін толық, дәл елестету үшін кажет.

Жобалап батырдын, оған ерген жігіттердің кек алу, ерлік істеу тура-

лы түсінігі де болған жайды баяндаушының сөзінен анық аңғарылады. 

Алыстағы  бір  ауылдың  үстінен  өтіп  бара  жатқанда  інісін  біреулер 

ұстап алып, тонап, соққыға жыққан соң, Жобалай соған кектеніп, бірақ 

жазықты нақтылы кім екенін анықтап білмей, әйтеуір сол ауылдың бір 

мырзасының қалыңдығын ұзатып келе жатқан адамдарды қолға түсіріп, 

күш көрсетеді. Жазықсыз жас қызды батырдың өзі оңаша ұстап, ала 

алмай жүрген өшін содан алады. Қыз сол төрт күнде жылаудан көз 

ашпайды. Жобалайға: “Менің бақытым күйді. Жарық дүниеге көрінер 

бетім қалған жоқ... Өзім көрген жанның ішінде барып тұрған жауым 

сенсің”, – дейді. Жобалай ұялғандай болады.

Жобалайдың  жолдастары  да  қыз-келіншектерді  бөліп  алып,  өз 

білгендерінше жігіттік, ерлік жасайды. Міне осының бәрін баяндаушы 

“ертегінің қызығындай қызық көріп” мәз болдық, “сол уақытта көрген 

қызығымыздың ұшы-қиыры жоқ” деп, қыздырмалап айтады.

Ал  “Қыр  суреттері”  аталған  үш  әңгімеде  шынайы  қылқалам 

шеберінің қолымен салынғандай бедерлі сурет бар. Бірақ бұл суреттер 

қимыл-қозғалысқа толы жанды суреттер. Бірінші сурет: жаздың бір 

жайлы кешіндегі ауыл өмірінің сырт көрінісі: өзен жағасында жылқы 

аралап жүрген еркектер, ойнап-күліп, әзілдесіп жүрген қыз-келіншектер 

тобынан  бөлініп  шыққан  ак  көйлек,  қара  камзол  кигек  сұлу  қыз, 

солардың ішінен әсіресе көз тартатыны – жігіттің қолындағы қыранын 

ұшырып, қаз ілдіргені.

Екінші  сурет:  ақтүтек  болып,  ұйтқып  соққан  боранның  ызғары 

кішкене үйдің іргесінен өтіп, долы желдің ысқырығы естіліп тұрғандай. 

Азамат баласы мен келіні өлген кемпір мен шалдың сүзек болып, демі 

бітіп, үзілгелі жатқан жас баланың – немерелерінің жанында сарылып 

отырған қалпы. Осы суретте өзгеріс, қимыл-қозғалыс та байқалмайды. 

Тек екі бейшараның аянышты халы әбден санамызға сіңгендей. Баланың 

өмірі таусылып, жарығы сөнді деген соңғы сөздер ғана селт еткізіп, 

жанашырлық сезіміміз күшейе түседі.

Үшінші сурет: бейуақыт мезгіл, қалың қар, қатты боранда алпысқа 

келген кәрі шалға тиіп өмірін қайғы-шермен өткізуден бас тартып, 

қашып  келе  жатқан  жас  жесір  әйел.  Ат  әкелмекші  болған  бауыры 

оны  суыққа  тонып,  талып  жығылып  жатқан  жерінен  тауып  алады. 


414

Әйелдің жай-күйін қысқы даланын сұсты, суық көрінісінен де анық 

аңғарғандаймыз.

“Қалың қарды жамылған ақ дала. Айналада көз тоқтатар бұдыр жоқ. 

Ақ кебінге оранған дүние ұзақ ұйқыға батқандай, өлім тыныштығындай 

зор тыныштық басында бағып ұйықтатып тұрғанға ұқсайды. Тіршіліктің 

бір белгісі білінбейді” деп басталуынан-ақ әңгімеде табиғат көрінісі 

адамды қоршаған орта ғана емес, кейіпкердің жан дүниесінен елес 

беретін көркемдік символда екенін байқаймыз.

Әңгіме соңында іздеп тауып алған інісі үстіне сеңсең ішікті жауып, 

бойын жылытқан соң есі шала кірген әйел бірауыз тіл қатады. Суыққа 

тонып, есінен әбден адасқан әйелдің ендігі хал-жағдайын жазушы бұдан 

әрі баяндап түсіндіріп жатпайды. Оны тек әйтеуір тілге келгенінен және 

тағы соқыр табиғат суретінен сезгендейміз: “Мені неге қинадың, – деп, 

дірілдей берді.

Боран үскіріп соғып тұр. Асау жел ащы күйінен жаңылған жоқ, 

ойнақ салып, ысқырып тұр.

Ақ дала меңіреу болып түнеруде. Қайғылы сары бел боран әкеліп 

тұрған ақ киімін қымтай түсіп жата берді”.

Жазушының суреткерлік шеберлігі, әсіресе кейіпкерлердің мінезін, 

жан дүниесін суреттеуінен айқын танылады. Алғашқы “Қорғансыздың 

күні”  әңгімесінде  кейіпкер  бейнесін  сипаттаудың  бірнеше  ұтымды 

тәсілдері көңіл аударады. Негізгі кейіпкер Ғазизаны жазушы: “Көрген 

көзге алғашқы жерден-ақ сүйкімділігін сездіретін уыз жас. Жалғыз-ақ, 

ұяң, жұмсақ қарайтын қара көзіне және ылғи шытынған, кірбеңдеген 

қабағында қалың уайымның солған ізі бар. Пішіні мұңды, жүдеу. Жас 

басына орнаған қайғы, жүрегін жеген дерт сыртында шығып тұр”, – деп, 

ықшамды түрде мінездейді. Оның күйініш-қайғысын, ой-толғанысын, 

жанталасқан әрекетін көбінше сырттай қарап баяндау арқылы әсерлі 

көрсетеді. Өзін сөйлетуі аз. Тек Қалтай Ақанға жеңгетайлық етпекші 

болып, Ғазизаға сөз айта бастаған кезде ол қатты ашуланып:

–  Сенің  ойыңдағы  сұмдығыңды  білмей  тұрмын  ба?  Аулақ 

жүр.  Мен  сенің  мазақ  қылатын  кісің  емеспін!  –  дегенінен  есті 

қыздың    ұстамдылығы  анық  байқалады.  Бірақ  Ғазизаның  мінезі  – 

оның  жетімдікке,  жоқшылыққа  төзсе  де,  қорлық-мазаққа  шыдай 

алмаған  адалдық,  адамгершілік  қасиетінен,  ашу-ыза  үстіндегі  өзін 

шарасыздықтан  өлімге  қиған  тосын  шешімінен  толық  танылады. 

Ал  Ғазизаның  әжесі  мүлде  басқаша  бейнеленген.  Жазушынын  оны 

тікелей сипаттауы ықшамды ғана, кемпірдің өзін ұзақ сөйлету арқылы 

бас  көтерер  адамдарынан  айырылып,  жетім-жесір  болып  қалған 

бейшаралардың ауыр хал-жағдайы туралы көп жайды анық білдіреді. 


415

Кемпірдің  айтқан  сөздерінен  оның  өз  жай-күйі  де  байқалса,  басқа 

кейіпкерлердің де мінезі айқындала түседі. Мысалы, Ақан болыстық 

осы үйдегі жетім-жесірлер тағдырдын салған соншалық ауыр азабын 

тартып отырғанын естіп-білсе де, көзімен көргендей болса да, ешбір 

шімірікпестен жас қызға зорлық жасаудан тайынбайтыны оның шектен 

асқан жауыздыққа бейім екенін айқындай түседі. Болыс атанып жүрген 

Ақан қыз-келіншек іздесе, қолы жетпейді емес. Жетім-жесір, сүйеніші 

жоқ адамдар маған не қыла алады деп, соларды зар еңіреткеніне ар-

ланбайды.

Тек өз басын, өз пайдасын ойлайтын қаталдықтың, озбырлықтың 

оқыған  жігіттердің  де  бойынан  табылатыны  “Оқыған  азамат”  атты 

әңгімедегі Жұмағұлдың бейнесі арқылы айқын көрініс тапқан. Ол жесір 

қалған досының әйелі Қадишаға үйленіп, аяқастынан дайын үй-жай, 

қанша дүниеге ие болып шыға келеді. Бірақ оны да азсынып, өлген 

жігіттің кәрі шешесінің қолындағы мал-мүлікті де ретін тауып тартып 

алудың қамына кіріседі. Мұны естіген кемпірдің есі ауысып, ауруға 

шалдығып, ұзамай қайтыс болады.

Оқыған, қалада білім алған жігіттердің типтері әр алуан. Осындай 

оқыған азаматтың біреуі – “Сөніп-жану” әңгімесіндегі Сыздык.

Ресейде патшаның құлауы нәтижесінде шет аймақтарда да болып 

жатқан  өзгерістердің  бетін  қалаға  барып  байқап,  естіп  білсе  де,  ол 

қоғамдық  өмірге  араласып,  орынды  қызмет  етуге  асықпайды,  қыз 

көру, үйленудің қамында ел ішінде жүреді. Бірде аң аулаған жігіттерге 

қосылып кетіп, соны қызықтап, онан соң отардағы жылқышылардың 

арасында қос ішінде уақытын өткізеді.

Өзі  “әйелдің  әрқилысын  көріп,  көп  талғап  үйренген”  жігіт 

болғандықтан ба, Жәмиланы жолдастарымен ауылына барып көріп, 

түрін, түсін, мінезін ұнатқандан болады, бірақ ғашық болып елжіреген 

сезім тумағанын ойлап, осы таңдауым қалай, ауылдағы ұяң, жасық 

қыздардың бірі емес пе өзі деген күдік те ойына келе береді. Сөйтіп, 

тағы барып анықтап көріп, үйленуге бел байлайды. Қыз оңаша отауға 

кіріп, екеуі жалғыз қалғанда ыстық сезімге бойын жеңдіріп, кейін басқа 

күйге түскендей болады, қалыңдығының қылығынан, сөзінен өзі іздеген 

нәзік сезімділікті байқай алмайды. Сонда да, аз-кем ойланып жүріп, “не 

болса да Жәмиланы аламын, қатын қылып көремін! Кейінгі күні немен 

тынарын көре жатармын” деп, тезірек үйленуге бекінеді. Жәмиланы 

алып, жазды келіншегімен ауылда өткізеді де, онан соң өзі қалаға кетіп 

қалады. Қаладағы ойын-жиындарға араласып жүріп, жесір, жас орыс 

әйелімен танысып, өзге дүниені ұмытып, жаңа бақытын, нағыз ғашығын 

енді тапқандай болып, сонымен көңіл қосып жүре береді. Зерек, сөзшең 


416

жігіт ауылды жердегі қыз көру, күйеу келгенде қалыңдығымен оны 

кездестіру секілді бұрынғы әдет-ғұрыптарға сын кезімен қарайды, өз 

еркімен үйленген келіншегі Жәмиланың кемшіліктерін көріп, айниды. 

Бірақ оған ауылда қалған жас келіншегі мен кішкене баламның жағдайы 

не күйде екен деген ой келмейді. Ескі әдет-ғұрыптардың осал жақтары 

болатынына жазушы да назар аударып, бір күлкілі жағдайды келтіреді. 

Таңдауымыз орнықты болсын, тағы біреудің қызын көреміз деп жолда-

старымен барғанда, Сыздық өзі қайтып кетіп, еріп барған жолдастары 

бір қызды көреді. Бірақ ол қыз іздеп барған қыздың өзі емес, жанындағы 

малшының қызы екенін олар кейін біледі.

Жазушы әйелдің бас бостандығын жақтап, бұл мәселеге айрықша 

назар аударады. “Үйлену” атты әңгімеде Жәмила ата-анасы атастырып 

қойған жерге, Қасым болысқа әйел үстіне барудан бас тартып, нұсқаушы 

болып  қаладан  келген  жас  жігіт  Оспанды  ұнатып,  сонымен  қашып 

кетеді. Бұдан қазақ қыздарының күйеуге шығу, семья құруында өзгеріс 

бар екенін, олар өз таңдауымен өмірлік жар болатын адам табуға ұмтыла 

бастағанын көреміз. Бірақ ескі әдет-ғұрыптың ықпалы да әлі күшінде.

“Кім кінәлі” атты әңгімесінде жазушы қатыны өлген кәрі Жақыпқа 

әйел болуға көне алмаған Ғазизаның қайғылы тағдырын бар ықыласымен 

тебірене суреттейді. Жақыптың айтпақ болған ойыңның бәрін ашық айт 

деген сөзіне иланып, Ғазиза ішкі сырын бүкпей, ақтарылып, ашық айтып 

салады: “Олай болса, көңілімде ойлайтыным: саған жолдас болғым 

келмейді. Осы істің бәріне көніп жүрсем – әуелі тағдырдың екінші, 

ата-ананың зорлығымен ғана жүрмін. Ісләмді жақсы көретінім рас, 

құдайдан жасырмағанды адамнан жасырайын ба!?” Қыз мені менсінбеді 

деген сөз тарайтын болды деп өзінше қорланған, жалған намысқа бойын 

жеңдірген Жақып қызды ұрып-соғып, текпілеп, өлімші қылып, кетіп 

қалады. Содан қыз ауруға шалдығып, сандырақтап, есі кіргендей болған 

кезде” жасынан білетін, жақында кездесіп, ынтықтығын білдірген жігіті 

Ісләмға: “Ісләм, жаным! Кетіп қалма! Осында бол, кетсең – қорқамын!.. 

дейді. Мұны естіген жүрт, әсіресе күйеу жағы, Ісләм дуалап басын 

айналдырып қойған екен деген сөз таратады.

Ауыр соққыдан айыға алмаған жас қыз топастықтың, қара

1

 күштің 


зұлымдықтың құрбаны болады.

Әрине, әлі өз теңіне қосылып, бақыт іздеу дәрежесіне жетпеген 

қыздар  да  аз  емес.  “Ескілік  көлеңкесінде”  атты  әңгімеде  жас  қыз 

елудегі  шалға  қайтыс  болған  тоқалы,  өз  әкпесінің  орнына  қатын 

үстіне өз ықтиярымен тимекші. Бұл – Жәмешке “ескілік үлгісі әбден 

жұққандықтан”. Бірақ күйеуі келіп, соның жанында болып шыққаннан 

кейін: “алғаш рет жар өмірінің шетін, шын пішінін” көрген соң қыздың 


417

көңіл  күйіне  өзгеріс  енеді.  Ешкімге,  жеңгесіне  де  сыр  бермейді. 

Жәмештің бұл өзгерген жай-күйін жазушы: “Бірақ ұйқы көрген жоқ. 

Үндемей күрсінеді, іші у жұтып жібергендей пәре-пәре. Әлдекімнің 

қолы қастықпен ішкізген зәр сияқты”.., “...өксіп-өксіп жылап алды” 

–  деп  бейнелейді.  Жәмеш  сырын  ішіне  түйіп  алып,  талай  жылдар 

бойы  өзіне  құмар  болып  жүрген  жігіт  Қабышпен  оңаша  кездесуге 

бел байлайды. Жеңгесі Бибіш екеуі осындай ниетпен отаудан шығып, 

сөз байласқан жерге, ауылдың сыртындағы тоғайға беттегенін әсерлі 

бейнелейді:  “...Жәмештің  жүзі  дағдылы  күйінен  өзгеріп,  жүдеп, 

сұрланып тұр еді. Ол күрсінді де, Бибіштің білегін қысып: “Тез жүр, 

тез!” – деді. Әңгіме осымен аяқталады. Бұдан қыздың тағдыры енді 

мүлде  өзгереді  дегендей  әсер  алмасақ  та,  оның  көңіліне  қобалжу 

кіргенін де аңғарғандай боламыз.

Жоғарыда әр қырынан талданған әңгімелерден Мұхтар Әуезовтің 

бұл саладағы идеялық, көркемдік ізденістері жарқын, өнімді екенін, 

тақырыбы,  жанрлық  өзгешелігі,  көркемдік  стилі,  баяндау,  суреттеу 

тәсілдері қай жағынан алсақ та, жаңалығы мол екенін байқаймыз. Жас 

жазушы коғамдық өмірді әр қырынан бейнелеуге әңгіме жанрының, 

онық әр алуан түрлерінін ұтымды, оңтайлы келетін жақтарын көре 

білген және соны сан алуан адамдардың жан дүниесін, мінез-құлқын, 

іс-әрекеттерін адалдық, адамгершілік, әділдік секілді биік гуманистік 

принциптер тұрғысынан бейнелеуде ұтымды пайдаланған. Әңгімелердің 

поэтикасы, бейнелеу әдістері жағынан алсақ, өмір құбылыстарын су-

реттеуде, әсіресе кейіпкердің характерін, мінез бітімін ашып көрсетуде 

жазушы үлкен шеберлік танытады. Портрет пен авторлық сипаттау, 

пейзаж (табиғат суреті), монолог (кейіпкер сөзі) және диалог (өзара 

сөйлесуі), кейіпкердің іс-әрекетінің сюжеттік қақтығыс аркылы көрінуі, 

оқиғаны баяндау тәсілі (автордың немесе кейіпкердің атынан) – осының 

бәрін орнымен, керекті жерінде пайдалана отырып, Мұхтар Әуезов 

сан алуан адамдардың бейнесін типтік дәрежеге көтере сипаттап бере 

алған. Жазушынын қолданатын көркемдік әдісі жағынан келсек, ол 

осы жанрда орыс, Еуропа, дүниежүзі әдебиетінде жинақталған құнды 

көркемдік тәжірибеге сүйене отырып, сан-алуан бейнелеу тәсілдерін 

өз суреттеу мәнеріне орайлас пайдалана алған, негізінен, реалистік 

әдісті қолданған дейміз. Реалистік көркемдік әдісті кең мағынасында 

алып, өмір құбылыстарын жан-жақты, терең танып білу, тексеріп тал-

дау негізінде бейнелейтін көркемдік әдіс деп қарасақ, оған символика 

да, романтикалық сарын да, басқадай өзге көркемдік әдістерге тән деп 

саналатын бейнелеу тәсілдері жат емес екені, біздің пайымдауымызша, 

талас тудырмайды.

27–1246


Мұхтар Әуезовтің 1921 – 1925 жылдары жазылған әңгімелері оның 

көркемдік  проза  саласындағы  алғашқы  ізденістерінін  өте  жемісті 

болғанын айғақтай алады. Олар жазушының суреткерлік шеберлігінің 

кейін бара-бара шырқау шыңға көтерілуіне жол ашқан бастапқы биік 

белесі болды.

З. Ахметов,  

академик


419



1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал