Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.
Pdf просмотр
бет26/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32

оттас болған” – “Оттас болған” деп жайылымдарының бірге, ортақ 

болғандығын айтады.

  6.  87-бет.  “Алтын  Орда  бірлігінің  мезгілінен  Едіге  батыр 

әңгімесін” – Атақты билеуші, қолбасы Едігенің (1352–1419) тарихтағы 

орны, қызметі, іс-әрекеттері бір бөлек те, ол туралы үлкен эпостағы 

көрінісі, танылуы бір бөлек. Осы айырмашылықтарды “Әдебиет тари-

хы” деп аталатын кітабында таратыңқырап айтты.



399

 7, 8, 9. 87-бет. “Қырым хандығы. Қазанның ішіне Тама, Қыпшақ 



кіреді”. Қырым хандығы – Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі Қырым 

түбегінде пайда болған хандық. Мұнда Дәулет Хажыгерей (1468 жылы 

өлген), Меңдігерей (1468–1515) сияқты белгілі хандары болды. Қырым 

әскері  1521  жылы  Москваны,  1552  жылы  Туланы  қоршады.  Орыс-

түрік соғысында (XVIII ғ.) орыстың жеңіске жетуі Қырым хандығын 

әлсіретті. Ол 1783 жылдан бастап Россия империясына түгел қарады. 

Тама – Кіші жүз ішіндегі Жетірудан тарайды. XIV–XVI ғасырларда 

Шора  батыр  бастаған  Тамалар  Дешті  қыпшақтағы  қазақ,  ноғайлы 

ордасындағы іргелі елдің бірі болды. Қазан хандығы құрамында да 

белді рөл атқарғандығы көрінеді.

Қыпшақ – ірі тайпа. Қазақ құрамындағыларды алмағанның өзінде 

ол Еуропада куман, Ресейде половцы деген атпен белгілі болды. Үлкен 

рулық-тайпалық ел екендігі Махмұд Қашқари еңбектерінде де айты-

лады. Қыпшақтар басқа халықтар арасында да көп кездеседі, қазақ 

құрамындағы Орта жүзге жатады.

10. 88-бет. “Ноғайлы-қазақ бірлігін жалғыз Сайын әңгімесі емес” 

– Ел қорғаушы батырлардың ерлігін баян ететін жырдың бірі – “Ер Сай-

ын”. Осы эпостық жырды В. Радлов өзінің “Түрік халықтарының ауыз 

әдебиет үлгісі” деген еңбегіне енгізді. Эпос 1922 жылы Ташкентте, 1926 

жылы Мәскеудегі Шығыс халықтары баспасында кітап болып шықты. 

Оның нұсқалары Мәшһүр Жүсіп Көпеев жазбаларынан да кездеседі.

11. 88-бет. “Өзбек бірлігінің кезінен Қамбар батырдың әңгімесін 

алып  келеді”  –  “Қамбар  батыр”  эпосында  Ноғайлы  дәуірінің  (XV) 

оқиғалары  суреттеледі.  Қазан,  Ташкент,  С.-Петербург  қолжазбалар 

қорында жырдың жиырмадан астам нұсқасы бар.

 12. 89-бет. “Таң” журналының кейінгі сандарында өзгелердің жай-

ынан да жалпы ой жүргізбекшіміз” – “Таң” Семей қаласында шығып 

тұрған  (1925  жылдын  орта  кезіне  дейін)  әдеби  журнал.  Редакторы 

Мұхтар Әуезов. Өзінің әңгімелері, әдеби-сын мақалалары журналдың 

барлық сандарында жарияланды.

13. 89-бет. “Орынбор архивная комиссиясының мағлұматында 

Қобыландының бейіті Илецкий Зашитадан ауылға қарай жүретін 

қара жолдың үстінде Қобыланды деген бекет бар” – Илецкий дегені 

Орынбор, Орал және Ақтөбе облыстарына қарасты жердегі Елек өзені, 

Жайық алабында. Қобыланды бейіті осы өзеннің Орынборға қарасты 

бөлігінің бойында.

14,  15.  89-бет.  “Әз-Жәнібек  пен  Әбілқайыр  ханның  тұстасы 

болады”  –  Әз-Жәнібек  (туған  жылы  да,  өлген  жылы  да  белгісіз). 

Барақ  ханнын  баласы.  1456  жылы  көшпелі  өзбектер  мемлекетінің 

ханы Әбілқайырмен билік үшін күресте жеңіледі. Кереймен бірігіп 


400

Моғолстанға қоныс аударады. Есенбұға жақсы қарсы алып, Шу алабы-

нан жер бөліп береді. Өзбек ұлысындағы талас-тартыстан қашқандар 

Жәнібек  пен  Керейге  келіп  паналайды,  аз  уақыттың  ішінде  өзбек 

үшін қауіпті күшке айналады. Осыны көрген Әбілқайыр Моғолстанға 

жорыққа  аттанған  жолда  кенеттен  қайтыс  болады  (1468).  Жәнібек, 

Керей оның баласы Шейх Хайдарды соғыста жеңіп шығады. Орыс-

хан ұрпақтары Моғолстанға келгендердің қол астына, өте бастайды. 

Жәнібек іс-әрекет, ақыл-парасатымен Әз-Жәнібек деген атқа не болды.

Әбілқайыр (1412–1468) – Жошы ұрпағы, Дәулет Шайхының ба-

ласы, Алтын Орда заманы мен Ақ Орданың ыдырауы тұсындағы хан. 

Көшпелі өзбектердің мемлекеттік бірлестігін (1428–1429) құрды. Оның 

немересі Мұхаммед Шайбани Орта Азиядағы отырықшы аймақтардың 

көп жеріне билік жүргізді.

 16. 91-бет. “бұның елдігін Ақсақ Темір ойрандап” – Темірлан 

(1336 – 1405) қолбасшы, әмір, Барлас тайпасынан шыққан, 1370 – 1405 

жылдар аралығында билік жүргізді. Ғылым мен мәдениеттің өркендеуіне 

көп көңіл бөлді, ол салдырған ғимараттар ғажаптығымен күні бүгінге 

дейін көздің жауын алады. Соның бірі Түркістан қаласындағы Қожа 

Ахмед Иасауи мазары. Ол Иран, Үндістан, Кавказдық көп жерлерін 

бағындырды. 1388 жылы Алтын Орда ханы Тоқтамыспен шайқаста 

Хорезмді  тұтастай  өзіне  қаратып  алды.  Ең  өкініштісі  1394–1395 

жылдардағы жорығымен Алтын Орданы күйретті. 1405 жылы Отырар 

маңында  Қытайға  жорық  жасау  қамында  жүргенде  кенеттен  дүние 

салды.

  17.  91-бет.  “...соңғысы  1552  жылы  Иван  Грозный  Қазан 



қаласын алған уақытта”  Иван Грозный (1530–1584) орыс патшасы. 

Мемлекетті бір ортаға бағындыруға көп күш салды. 1552 жылы Қазан, 

1556 жылы Астрахан хандығын қосып алды. Үлкен ноғай ордасы мен 

Сібір хандығын да тәуелді етті. Оның тұсында самодержавиялық билеу, 

крепостнойлық қанау күшейді.

 18. 92-бет. Орыс жұртының батырлар ескілігінің барлығының 



(Владимир Красное солнышко) айналасына жиналғаны сияқты” 

– XI ғасырдағы Владимир Мономах туралы шығармаларында оның 

басына көп ерлік қасиеті жинақталады. Ылғи жеңістерге жеткен болып 

көрінеді.

  19.  94-бет.  “...көтерген  қиял  Тайбурылды  өзге  малдан  жат 



қылып, ірілетіп әкетеді”. – Бұл жерде жат сөзі бөтен, бөгде емес, 

ерекше, айырықша деген мағынада қолданылып отыр.



Т. Әкімов

401

ӘДЕБИЕТ ЕСКІЛІГІН ЖИНАУШЫЛАРҒА

Мақала алғаш рет 1925 жылдың 23 сәуірі күні “Қазақ тілі” (қазіргі 

“Семей таңы”) газетінде жарияланды. Содан кейін ғалым, профессор 

Қайым Мұхаметхановтың ұсынуымен “Семей таңы” (1970 жыл, 23 

қыркүйек). “Қазақ әдебиеті” (1971 жыл, 15 қаңтар) газеттерінде жарық 

көрді. Осы жарияланымдар бастапқы нұсқасымен салыстырылып, елу 

томдық академиялық басылымға кіргізіліп отыр.

Бұл мақаланы жазған кезде Мұхтар Әуезов Семейдегі қазақтың 

педагогикалық техникумында әдебиет пәнінің оқытушысы болып жүрді 

және “Таң” журналын шығарушылардың бірі ретінде қызмет істеді. 

Осы кезде ол көркем шығармалар, мақалалар жазумен бірге журнал, 

газеттерде халықтың ауыз әдебиеті мұраларын жариялаумен, зерттеу 

ісімен де айналысады. “Қобыланды батыр” жыры жөніндегі зерттеу 

мақаласы да осы “Таң” журналында жарияланды.

М.  Әуезов  Семей  губерниялық  оқу  бөлімінің  жанындағы 

ғылыми-әдістемелік кеңестің мүшесі болған. Содан ба осы кеңестің 

әдеби  мұраларды  жинауға  арналған  жиынын  өткізіп,  өзі  баян-

дама  жасайды.  Мақала  –  жиналыстағы  нұсқау  бекітілгеннен 

кейін  сегіз  күн  өткенде  “Қазақ  тілінде”  (1925,  23  сәуір,  

№  40  (571)  жарық  көрді.  Материалға  “Семей  техникумы”  деп  қол 

қойылған. Оның авторын анықтау үшін Қайым Мұхаметханов архив 

құжаттарын іздеп жүріп, сол жиналыстың мына төмендегі протоколына 

кезігеді:

“ПРОТОКОЛ № 21

 ЗАСЕДАНИЕ МЕТОДИЧЕСКОГО СОВЕТА

15 апреля 1925 г.

П р и с у т с т в у ю т :  Шахматов Ф. И., Шнырев Ф. Д., Сытдыков, 

Иванов С. Т., Моргайлик, Ауэзов, Сироткин, Розенталь, Лаванов, ин-

спектура губОНО: Слесарев, Кидирбаев, Турганбаев.

Начало заседания 6,5 – закрытие 9 ч.

В о п р о с ы :

26–1246


402

...Доклад члена методического совета Ауэзова об использовании сил 

учащихся Кирпедтехникума за летний сезон для сбора материалов по 

фольклору, по истории киргизского народа.

Тов.  Ауэзов  возлагает  большие  надежды,  что  силами  учащихся 

можно проделать такую работу, какую могли бы выполнить несколько 

специально снаряженных экспедиций (план заданий с пояснениями 

прилагается).

Инструкции, даваемые слушателям техникума, утвердить. По части 

обследования  социально-экономической  жизни  края  дополнить  их 

отражением революционного периода в народной поэзии и отметить 

влияние революции на верования и быт казахского народа. (Ф. 415, оп. 



1, д. 148, се. 13)”.

Ғалым  мақаланың  авторы  М.  Әуезов  екенін  осы  протоколмен 

бірге өзінің мынадай дәлелді ойларын да айтады: “Мақаланың ішінде 

келтірілген мысал-деректердің өзі-ақ мақала авторы Мұхтар Әуезов 

екенін  дәлелдеп  бере  алады.  Бір  ғана  мысал  келтірейік.  Мақалада: 

“Мол денелі алып бақташы, бұрынғы жағалай шабыс заманындағы 

Қобыланды,  Тарғыннан  кем  бағаланбайды”,  –  дей  келіп:  “Қодарға 

келгенде сол сияқты қиял қылған қара шаруанын кайраткерін еңбегіне 

сүйсіне жырлап:

Күнімен құдық аршып түске шейін 

Сондай құдық қазады беске шейін.

Кейінің өз суы бар, кейінде жоқ,

Меспен тасып толтырып кешке шейін, –

деп жазған еңбегін айтып өтіп, қысқа келгенде тағы бір қырға мініп 

кететін Қодарды:

Жылқыға тіпті жайлы Қодар маман,

Сырт дұшпан бата алмайды ол бір қабан.

Қодекең шүйгітеді қайдағы отқа,

Жылқысы семіз шықты есен-аман,–

дейді.


Бұл мысалды автор “Қозы Көрпеш – Баян” жырының Бейсенбай 

ақын Жәнібеков (1858–1918) жырлайтын нұсқасынан алған. Жырдың 

бұл  нұсқасын  Мұхтар  Әуезов  ертеректе,  жасы  жиырмаға  келген 

кезде өз жерлесінің аузынан жазып алып, тек 1936 жылы жеке кітап 

етіп бастырған”, – дейді. Және мақала авторы М. Әуезов екенін Қ. 

Мұхаметханов Бейсембай жырлаған “Қозы Көрпеш – Баян сұлудан” 

одан басқа ешкім мысал келтіре алмайды деген ойтұжырымдарымен 

дәлелдейді.

М. Әуезов бұл мақаласы арқылы қазақ әдебиеті мен тарихы, жалпы 

қоғам үшін үлкен игілікті іске себепші, мұрындық болғандығын таны-



403

тады. Ол өткендегі халық мұраларының беті айқындалмай, келешегінің 

жолы  ашылмайтынын  ұғындырады.  Онын  айтуынша:  “Әдебиетті 

сүйетін қазақ оқушысына ой, сезім азығын беру болса, одан кейінгі 

зор пайдасы қазақ тілінің қалыптанып, нығайып, өзіне біткен көркі 

мен  күшін  жинау  үшін  керек”.  Ескілікті  жандандырып  көпшілікке, 

оқушысына жеткізудің пайдасы үлкен, мектеп үшін тіпті пайдалы, нағыз 

ұлттық мектеп екі негізгі нәрсеге тіреледі: біріншісі – сол елдің тілі, 

екіншісі – тарихы деп біледі. Осыларды екшеп, түйіндей келіп автор 

атқарылар істің жоба-жоспарын ұсынады, соларды екі салаға бөліп, 

нелердін қамтылып, нелерге назарды аударулары керектігі қақты-нақты 

атап көрсетіледі. Екі саланың біріншісі – әдебиет жайын, екіншісі – 

тарих жайын жинаушыларға арналған.

Енді түсініктемені керек ететін сөздер мен атаулар, тіркестер:

1.  95-бет.  “Біздің  де  артымызда  ой  тербететін  ертегіміз  бар, 

мифіміз бар” – Миф – құдай туралы, батырлар туралы ескі заман 

халықтарындағы аңыздар, қиял ертегілері.

2. 95-бет.  “Алдымызда зор сеніммен күткен келешегіміз бар, 

магиямыз бар”. – Магия – белгілі әрекетке немесе сөзге кереметтей 

қасиет, күш берушіні айтады. Бұл да діннің алғашқы формасы.

3. 96-бет. “Қазірде қазақ мектебінде тіл әңгімесі бірінші сатыдағы 

істі  істеп  келеді”.  –  М.  Әуезов  жалпы  тілге  қатысты  ойлары  мен 

ұсыныстарын  алғашқы  мақалалары  “Ғылым  тілі”,  “Оқу  ісі”  тағы 

басқаларда көтерген. Оны дамытудың жетілдірудін жолдары “өзін үнемі 

толғандыратындығы, өзге жұрттар жетістігі ойландыратындығымен 

көрінеді.

4, 5. 96-бет. “Орыс академигі А. Н. Веселовский: “Қай жұрттың 



ескілігін алсақ та әдебиет ауданы көпке бірдей кең алқап, оған неше 

тарау өнердің неше алуан адамдары бір соқпай кете алмайды. Сол 

көп мергеннің бәрінің де іздеген керегі әдебиеттен аз-көп болса да 

табылып отырады”. – Веселовский А. Н. (1838 –1906) орыс филологі, 

әдебиет тарихын зерттеуші, Петербург университетінін процессоры, 

академик, фольклорист. Еңбектерінің бірінде қазақтың “Ежігелді” деген 

ертегісін пайдаланғаны бар.

6. 96-бет. “Құлдық дәуірінде болған елдің салт-санасы қандай 

түрде болғандығы туралы бірталай мағлұматты Гомер өлеңдері 

беріп отырғаны көпке мәлім” – Ежелгі дәуірдің эпик ақыны Гомер 

(б. з. б. XII–VIII г.) “Илиада”, “Одиссея” атты жырлардың авторы. Бұл 

жырларды Шоқан Уәлиханов “Манас” эпосымен салыстырады.

7, 8. 96-бет. “Ерекше біткен ұлы денелі қол батыры, жан батыры 



болған геройы мен героинялары бар”. – Геройы, героинялары деп 

қаһарман ер мен әйелдерді айтып отыр.



404

9. 96-бет. “Бақташылық кәсібінің дәл өзінен туған шаруа геройы 



Қодар” – “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырынын белгілі кейіпкері. 

Ол Баянның әкесі Қарабайдың айтқанын екі етпейді, қызғаныштан 

Қозыны өлтіреді.

10,  11.  96-бет.  “Мол  денелі  алып  бақташы  бұрынғы  шабыс 



заманындағы  Қобыланды,  Тарғыннан  кем  бағаланбайды”  – 

Қобыланды  –  белгілі  “Қобыланды  батыр”,  Тарғын  –  “Ер  Тарғын” 

жырының қаһармандары.

12. 97-бет.    



“Таңертең шапса кешке озған,

 

 

 

Ылдидан шапса төске озған,

 

 

 

Томаға  көзді  қасқа  азбан”.  –  Бұл 

“Қобыланды батыр” жырының ат шабысын беретін суреттемелерінің 

бірі және осы арқылы батыр бітімі де танылады.

13, 14. 97-бет. “Меспен тасып толтырар кешке шейін”, “Қодекең 



шүйгітеді қайдағы отқа, жылқысы семіз шықты есен-аман”. – Жыр-

да Қодар жағымсыз бейне ретінде сипатталғанымен, оның соншалықты 

еңбекқорлығы, шаруаға мығым қалпы көрінеді.

15. 97-бет. “қазақтың жоғалып, ұмытылып, тозып бара жатқан 



сұлу өнерін” – Автор бұл жерде ел аузындағы мол мұраны айтып отыр. 

Жазылып қалмаса, жиналмаса аздан кейін жоғалып, ұмытылып кетуі 

мүмкіндігіне алаңдаушылық білдіреді.

16. 97-бет. “Сондықтан биыл жаз Семейдің техникумынан”. – Бұл 

айтып отырғаны өзі сабақ берген педагогикалық техникум. Мақаласын 

да осы техникумның оқушылары мен оқытушылары атынан “Семей 

техникумы” деп, қол қойып бастырады.

17,  18,  19,  20,  21.  98-бет.  “Бұлардың  ішінде  әсіресе 



қалдырмайтындар: “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Қобыланды”, 

“Едіге”, “Шора”, “Алпамыс” сияқтылар” – “Қозы Көрпеш – Баян 

сұлу” – Шамамен XIII–XIV ғасырларда пайда болған деген болжам 

айтылады, жырдағы адамдар тарихта болған дегенге тіреледі, өйткені 

Аягөздің маңайындағы зират Қозы мен Баянның зираты делінеді. Осы 

жырды орыс зерттеушілері И. Н. Березин (1818–1896), И. Н. Ильмин-

ский, В. В. Радлов (1837 – 1918) тағы басқалар жоғары бағалайды. 

Семей өңірінде бұл жырдың Жанақ айтуындағы нұсқасын Абайдың 

айтуымен Бейсембай ақын қайта өңдеп жырлайды. Шоқан да жырды 

Жанақтың өзінен жазып алады. Орыс ақыны Г. А. Твертин (1889–1921) 

орыс тіліне аударып бастырған.

“Қобыланды  батыр”  –  қазақтын  көне  қаһармандық  жырлардың 

бірі. Өз құрылымы, өз өзгешелігі бар жырдың Марабай, Мергенбай, 

Біржан, тағы басқалардың айтуындағы нұсқалары белгілі. Ол кезінде 

Орынбордағы “Үміт” атты баспаханадан 1914 жылы жеке кітап болып 



405

басылып шықты. В. Радлов қарасөзбен шағын түрін орыс тілінде жа-

риялады.

“Едіге” – Осы жырдың бас қаһарманы Едіге Маңғыт (Маңғытай) 

әулетінен  шыққан  Ақ  Орданын  әмірі  Құтлы-Қабаның  баласы. 

Едіге  1396–1411  жылдар  аралығында  Алтын  Орда  құрамына  енген 

аймақтарды биледі. Алтын Орда әскерінін қолбасшысы болды.

1410–1412 жылдардағы аласапыран кезінде биліктен айырылып, үкімет 

басына Тоқтамыстың балалары келді. Заманында ол Руське шабуыл 

жасаған, Литва князы Внтовтың әскерін талқандаған. Ол туралы жыр 

халық арасында кеңінен белгілі.

“Шора”  –  Нәрікұлы  Шора  тарихтағы  белгілі  адамдардың  бірі. 

Тама руынан, Қазан қаласында тұрған. Қазақ әңгімелерінде ол ұлы 

батырлардың соңы деп есептелінеді. Карамзиннің тарихында Қазан 

хандығының белгілі адамдарының бірі ретінде оның аты аталады.

“Алпамыс” – Батырлар жырының ежелден сақталып келе жатқан 

көркем де, күрделі үлгісінің бірі “Алпамыс” мазмұны жағынан Гомердің 

“Одиссеясына”  деңгейлес.  Бұл  жыр  түркі  халықтарының  (өзбек, 

қарақалпақ, татар, башқұрт) көбінде бар, “Қисса-и-Алфамыш” тұңғыш 

рет  1899  жылы  Қазанда  басылып  шықты.  Жыр  жөнінде  көптеген 

ғалымдар  зерттеулер  жүргізді.  Қазақтағы  және  өзге  халықтардағы 

нұсқаларын салыстырып үлкен еңбек жазған академик В. М. Жирмун-

ский (1891 – 1971).

22,  23.  98-бет.  “Айтысқан  өлеңнің,  мысалы.  Кемпірбай  мен 



Шөже” – Кемпірбай – Кемпірбай Бөгембайұлы (1834–1895) белгілі 

айтыскер ақын. Оның Шөжемен, Тезекбаймен, Әсет, Жәмшібай тағы 

басқалармен айтысқаны ел жадында сақталып қалған. Оның айтыстары 

алғаш “Таң” журналында, одан кейін С. Сейфуллин құрастырған “Ескі 

әдебиет нұсқаларында жарық көрді.

Шөже Қаржаубайұлы да (1808–1895) XIX ғасырдағы ең ірі айтыскер 

ақындардың бірі, “Көзіме он жеті ақын түк қылған жоқ”,– деп дес бер-

мес қуаты барлығын меңзейді. “Қозы Көрпеш – Баянның” ең көркем 

нұсқасы осы Шөженің айтуымен де белгілі болды.

24. 98-бет. “Мысалы Ақтайлақ бидің сөзі” – Ақтайлақ XIX ғасырда 

өмір сүрген қазақтын биі, ақыны. Әсіресе шешендігімен аты шыққан. 

Інісі Түбек те айтулы ақын болған. Оның Солтабаймен, Бопы төремен, 

Тіленші бимен, Балпықпен, Қанаймен қақтығыстары белгілі. М. Әуезов 

оның сөздерін “Таң” журналының 1925 жылғы 2-санында жариялады.

 26. 98-бет. “Сабырбайдың Солтабайға айтқан сөздері” – Сабыр-

бай Ақтайлақұлы (1775–1865) белгілі ақын. Тасыбаймен айтысында:

Ақтайлақтың баласы Сабыр ермін,

Бәйгеден күнде келген қарагермін.



406

Қанай төбет елімді екі шапты 

Бәлем, арғын, етіңді тірі жермін, –

деген сөзі бар. Ал Солтабайға мына төмендегі сөздерді айтқан:

Алдияр, біздің ауыл Берікқарада 

Белге соққан жыландай екі арада.

Тобықты күнде тиіп жылқы алады 

Иесіз иен елде ерік бола ма?

Шұбарым, арғымағым, арыстаным,

Сөзге бай ауыздыққа алысқаным 

Жасықты жанып-жанып тасқа салған,

Болаттың суын тапқан данышпаным.

Шұбарым, арғымағым, кермаралым,

Өз заңынша полковник, жандаралым,

Кәпір қаулан болғанда мұсылман аз,

Қайраңдап Қазығұрттай жан қаларым.

Шұбарым, арғымағым, жүлде алғаным,

Арқауылдың жоңындай күн шалғаным,

Асусыз тау, өткелсіз су келгенде,

Құйқылжып құларыңдай жол салғаным.

Арғын, найман арасы болды бүлік,

Шұбарым, арғымағым, сары жілік 

Ежел тышқан қыстайды Құндыздыны 

Иен тұр бабан қонған қызыл шілік.

Солтеке, сеніменен кай төре тең

Төрені –ақыл, қараны – қайратпен жең,

Жалды жылқы, құйрықты қой жемеген,

Хан ием-ай, сол мінезің Жайықтан кең.

Солтекем бесбайыстың қарағындай 

Әлібек, Айтақ қыстайды қара құмды-ай,

Қолына отты шала ұстап туған

Жат бауыр қыла көрме Барағымды-ай!..

Осы Солтабай төреге әкесі Ақтайлақ бидің де:

Әуелі бағыра ашылса 

Аққу шомар көлдерге,

Туысқаны кімнің көп болса 

Үлкен медеу белдерге.

Қырық кез торғын жатыр ғой

Ақ сандықтың түбінде.

Бәрін айт та, бірін айт  

Солтанжан-ау, сар қасқа ат тұр ғой белдеуде, –


407

дегендей сөздері бар. Сабырбайдың қызы Қуандық та, Қуандықтың ұлы 

Төлеу Көбдіковтер де есімдерін ел таныған ақындар болды.

27,  28.  98-бет.  “Есім,  Абылай  сияқты  көпке  белгілі  хандар 



жайындағы тарихи өлеңдер”. – Есім – туған жылы белгісіз, 1645 

жылдар  шамасында  дүниеден  өтті.  Ол  туралы  “Еңсегей  бойлы  Ер 

Есім”, “Есім салған ескі жол” деген сөздер қалды. Тәуекел хан өлгеннен 

кейін 1698 жылы таққа отырды, ордасы Түркістан қаласында болды. 

Шығыс Түркістандағы Құшар қаласына жорық жасады, қазақ-қырғыз 

ынтымағын орнатты. Самарханға дейінгі жерлерді басып алды. Содан 

бастап Ташкент қаласы мен оның атырабы екі жүз жыл бойы қазақ 

хандығының билігінде болды.

Абылай  (1711  –  1781)  –  қазақтың  ең  даңқты  хандарының  бірі. 

Ол  Әбілмәмбет  хан  өлгеннен  кейін  1771  жылы  хан  болды.  Ресей. 

Қытай, Бұхар, Жоңғар, Хиуамен қызу қарым-қатынас жасап, Жоңғар 

хандығы мен Манчжур-қытай империясына қарсы күресте үш жүздің 

басын  біріктіре  білді.  Орыс  мемлекеті  мен  Қытай  арасында  алма-

кезек дипломатиялық саясат жүргізіп, ептілігімен халық тарихында 

прогрестік рөл атқарды. Сондықтан болу керек Есім туралы да, Абылай 

туралы да халық көп жыр-дастандар туғызды.

29,  30,  31.  98-бет.  “Қабанбай,  Бөгенбай,  Ағыбай  сияқты”  – 

Қабанбай  –  XVIII  ғасырдағы  қазақтың  белгілі  батыры,  найманның 

Қаракерей руынан шыққан, сондықтан да Қаракерей Қабанбай дейді. Ол 

Дарабоз деген атқа да ие болған. Бұл кісі жөнінде көптеген жырлармен 

қатар “Ер Қабанбай” деген дастан да бар.

Бөгенбай (1690 – 1775) – Абылай заманынын атақты қолбасысы, 

“қанжығалы қарт Бөгенбай” деген атпен белгілі адам. Ол Олжабай, 

Қабанбай, Малайсары сияқты батырлармен талай-талай жорықтарда 

бірге болып, жеңіп шыққан. Оның Тұраналы, Тұрымбет деген екі ұлы 

болды, Тұраналыдан Бапан, одан Саққұлақ би туды. Бөгенбайды әулие 

жырау Бұқардын өзі жырға қосқан.

Ағыбай (1800 – 1884) – Арғынның Шұбыртпалы руынан шыққан 

атақты  батыр.  Көрегендігі,  жолы  болғыштығының  арқасында 

“ақжолтай” деген атқа ие болды. Ол Кенесары қолбасшыларынын бірі 

еді.

32, 33. 98-бет. “Мысалы, Наурызбай мен Тілеуқабақ қыздарынын 



әңгімесі”  –  Наурызбай  (1822  –  1847)  –  Кенесарының  батыр  інісі. 

Батырлығының үстіне оның өнерлілігі, әншілігі болған. Бұл жерде оның 

Тілеуқабақ қызымен айтысы туралы сөз болып отыр.

34. 99-бет. “Өзен, өлке, қоныс, мола, көл мен таулар атымен 



жалғасатын ертегіше әңгімелер, (легендалар)” – Қазақта жермен, 

елмен, өзен-су, тау-тас пен қоштасатын, еске алатын өлеңдер көп. Ал 



408

ертегілерде көлжұтарлар мен таусоғарлар жиі кездеседі. Автор мұнда 

осылар жөніндегі аңыз-әңгімелерді де жинауды айтады.

35.  99-бет.  “Қызкөргеннің  баяны  (воспоминание).  –  Аңыз-

әңгімелерде, жыр-дастандарда өткенді, ел, жер, жеке адамдар туралы 

еске алатын тұстар жиі кездеседі.

36. 37, 38, 39, 40. 99-бет. “Қазақтың Бұқар жырау, Шеже, Шор-


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.79 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет