Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.

бет25/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32

күнге шейін Түркістан Білім Комиссариатыныц біраз еңбегі бол-

маса” – Бұл істе ғалым–фольклорист Әубәукір Диваев (1856–1933) 

өлшеусіз  қызмет  көрсетті.  Осы  сияқты  жекелеген  адамдардың 

ынта-ықыласы болмаса, үкімет тарапынан жеткілікті түрде қолдау 

көрсетіле коймаған еді.

19. 74-бет. “Қазақстан мәтбұғатында” – Қазақстан ағартуында 

деген мағынада.

 20. 74-бет. “халық әдебиетін жинау туралы 20-жылы “Еңбек 

туында”  –  Бұл  газет  РК(б)П  облыстық  бюросы  мен  Қазақ 

советтері орталық атқару комитетінің органы. Қазіргі “Егеменді 

Қазақстанның” 1920–1921 жылдардағы атауы.

  21.  74-бет.  “22-жылы  “Бостандық  туында”  –  Кызылжарда, 

Солтүстік Қазақстан облысында 1921–1928 жылдары шығып тұрды. 

Жазушы осы газеттерде халық әдебиетін жинау туралы ойлардың 

жарияланғаның айтады.

Т. Әкімов


389

“ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ДӘУІРІ”

(Тарихи-әдеби сын)

Бұл мақала 1922 жылы жазылып, Ташкентте шыққан “Шолпан” 

журналында  (1922.  №  2–3,  1923,  №  4–5)  “Қоңыр”  деген  атпен 

басылған.  Одан  кейін  ұзақ  жылдар  жарық  көрмеген,  тек  1991 

жылы қайта басылған “Әдебиет тарихы” кітабына қысқартылып 

қосылған.  Жазушының  шығармалар  жинағының  елу  томдық 

толық  басылымына  бірінші  рет  кіргізіліп  отыр.  Мақала  тексті 

сол алғашқы басылыммен салыстырылып берілді. Салыстыруды 

жүргізген – С. Қирабаев.

Мақала,  негізінен,  қазіргі  дәуірдегі  1917  жыл  төңкерісінен 

кейінгі жылдардағы (С. Қ.) әдебиет дамуы, оның бағыт-бағдары 

туралы  жазушының  байқауларына  құрылса  да,  автор  алдыңғы 

кезекте  қазақ  әдебиетінің  өткен  мұрасы  жайында  сөз  қозғайды. 

Бұл тұрғыдан ол қазақ халық әдебиетінің үлгілерін жинап, алғаш 

пікір  айтқан  орыс  ғалымдарының  ой-түйіндеріне  толықтырулар 

жасайды.  Ол  қазақ  әдебиеті  тек  ауызша  шығып  тараған,  жазба 

әдебиеті жоқ деген пікірлерге дау айта келіп, “ескі сөздің ішінде 

ескі  қазақ  өмірінің  әрбір  дәуірі,  әрбір  мезгілі  және  әрбір  жеке-

жеке суреттері де айтылған. Мұның үстіне жазба әдебиетте клас-

сические произведеннелерде кездесетін үлгілі мінездер – типтер, 

ел  ішіндегі  айрықша  топтардың  өзгеше  психологиясы  да  дәл 

айтылған жерлер бар” – деп жазады. Бұл пікірін “Қозы Көрпеш 

–  Баян  сұлу”  жырындағы  Қодар,  Қарабай  бейнелері  арқылы 

дәлелдейді. Қазақ эпостары – “Қобыланды батыр”, “Ер Тарғын” 

жырларындағы таза қазақтың мінездерді, ұлттық ұғым–түсінікті 

елшілдікті  бейнелейтін  жолдарға,  туған  жерге  деген  ынтықтық 

сезімдердің суретіне назар аударады. Солар арқылы “Қазақ дала-

сында  ақындықтың  тәтті  сұлулығынан  қой  баққан  қотыр  тайлы 

тазша бала, жар басында жарты лашықтағы сақау қатынға шейін 

құр қалмайтынын” көрсетеді.

Жазушы  “Көркем  әдебиет  (художественная  литература)”, 

“Әдебиет  тарихы”  деген  ұғымдарды  айыра  қарайды.  Шын 


390

мағынасындағы көркем әдебиетті Абайдан бастауға келіскенмен, 

жалпы  әдебиет  тарихы  “Абайдан  көп  бұрын  басталған”  дейді. 

Әдебиеттің өз міндерін ұғуға ұмтылып, қазақ тұрмысының жай-

ларын  сөз  өте  бастауын  тарихи  әдебиеттің  басы  деп  қарайды. 

Ол  әдебиетті  “көшпелі  дәуірді”  әдебиеті  деп  атап,  оны  қазақ 

тұрмысының  көшпелі  дәуірімен  байланыстырады.  Қазақ  жерін 

бағындырып алған патша саясатының күшеюін “Қазақтың ойына 

уайым  араластырған,  көңілі  жабығып,  қайғы  басқан,  сөзінен, 

өлеңінен, әнінен бұрынғы билік еркелік, еркіндіктің бәрі де арыла 

бастаған” дәуір деп есептейді. Сондықтан көшпелі дәуір әдебиеті 

“мұңлы күйден құралған” дейді. Бұл дәуірдің көрнекті ақындары 

есебінде ол Шортанбайды, Ыбырай Алтынсаринді, Мәшһур Жүсіп 

Көпейұлын,  Нарманбетті  атап,  бұларды  жазба  әдебиеттің  басы 

санайды.

Бұл  пікірлерді  кейін  “Әдебиет  тарихы”  (1927)  кітабында 

автордың толықтырып жазғаны белгілі.

Бұдан  соң  әдебиеттің  өзін  көркемдік  биіктерге  көтерілуін 

Абаймен  байланыстырып,  автор  ақынның  қазақ  әдебиетіндегі 

жаңашылдық  үлгілерін  айқын  көрсетеді.  Оның  ақындық  бетін 

“Здоровый реализмге” қосады.

Абай  дәуірінен  кейінгі  қазақ  әдебиеті  дамуынын  жаңа  бір 

кезеңін  Мұхтар  “Қазақ”  газетімен,  оның  басшыларының  патша 

отаршылдығына қарсы күресі саясатымен байланыстырады. Бұл 

кездегі әдебиет “бөлекше түр тауып өркендеп кете қоймағанымен”, 

қазақты үйқыдан оятуға, күшін біріктіруге, қазақ ісіне көз-құлақ 

болуға  үндегенін,  ұлтшылдық  сарынның  күшейгенің  айтады. 

Төңкерістін алғашқы жылдарындағы әдебиеттің де осы бағытпен 

жүргенін “Абай” журналы материалдарымен негіздейді.

Төңкерістен  кейінгі  қазіргі  әдебиеттің  алғашқы  беталысын 

ол  романтизмнен,  әдебиетте  сезімшілдік,  сыршылдық  дәуірдің 

басталуы  деп  қарайды.  Оны  дәуір  ерекшеліктері  тудырып 

отырғанын  айтады.  Және  әдебиет  келешегін  де  осы  сарыннан, 

“мұң мен шердің сарыны бар” романтизмнен күтеді. Реализмнін 

өрістей алмай отырғанын көрсетіп, “Әр нәрсеге арнап айтылған 

ұсақ өлеңдерден белгілі дәуірді туғызатын ұзақ күй” шықпайды 

дейді. Әрине, бұл пікір өз дәуірі үшін маңызды болғанмен, ұлттық 

әдебиеттің  келешегі  реализммен  байланысты  болғанын  кейінгі 

тарихи тәжірибе дәлелдегені даусыз.

Дегенмен,  мақалада  Мұхтардың  әдебиеттің  болашағына 

сеніммен қарайтыны байқалады, ол “жазба әдебиет бір беткейліктен 

арылса, жаңа арылайын деп, жаңа ғана қайтадан тарауланып, ау-



391

данын кеңейтейін деп отыр” деп, оның жанрлары мен ізденісінің 

аумақтанып келе жатқанын көрмей тұра алмаған.

1. 75-бет. “ Орыс жазушыларының” – Бұл жерде әңгіме қазақ 

халық әдебиетінің үлгілерін алғаш жинап бастырған, сол жөнінде 

пікір айтқан орыс ғалымдары жайында болып отыр. Қазақ ауыз 

әдебиетінің байлығы мен алуан түрлілігі, оны айтушылардың өнері 

жайлы  А.  Левшнн  (“Описание  киргиз-кайсацких  орд  и  степей”. 

Спб. 1832), В. В. Радлов (“Образцы народной литературы тюркских 

племен, живущих в южной Сибири и Дзюнгарской степи”. Спб. 

1870.  Т.  3)  А.  Янушкевич  (“Күнделікер  мен  хаттар”.  А.,  1979),  

Г. Н. Потанин (“Фольклор в собрании Г. Н. Потанина”, А., 1972), 

тағы басқалар көп пікір қалдырған.

2. 76-бет.  “Классическое произведение” – орыс  классикалық 

шығармалары. Оқырман талғамынан өткен үздік туындылар.

3. 76-бет. “ Қозы Көрпеш – Баян” – “Козы Корпеш – Баян сұлу” 

деп аталатын халық жыры.

4. 76-бет. “Отрицательная черта”  орыс сөзі, ұнамсыз қылықтар

5. 76-бет. “Скупой рыцарь. А. С. Пушкиннің “Сараң сері” атты 

шығар масының кейіпкері.

6.76-бет. “Хазірет Әли Сейтбаттал”  Хазірет Ғали деп те ата-

лады.  Мұсылман  дінін  орнықтыру  жолындағы  күрескер.  Батыр, 

Мұхамед пайғамбардың күйеу баласы.

7. 76-бет. “Қобыланды батыр” жырынан Қобыландының жауға 

аттанар алдындағы сөзінен үзінді. Дәл нұсқасы:

Қорам толы ақты кой,

Аш бөріге тапсырдым.

  Азу тісі болаттай,

  Жас бөріге тапсырдым.

(Батырлар жыры. А., 1986. 1-т. 45-б.)

8. 77-бет. Сөз ыңғайына қарағанда, бұл үзінді “Ер Тарғын” жы-

рынан алынған сияқты. Бірақ жырдың бізге белгілі нұсқаларында 

дәл  осындай  жолдар  жоқ.  Тарғынның  өзін  ауру  күйінде  далаға 

тастап кеткен ханға айтар сөзі. Онда:

Мен бір аңқау туған бөрімін,

Көп екен деп саған нек сүйемен.

Несібемді бір тәңіріден көрермін.

...Домалатып басыңды алармын,

Жұртына бүлік салармын, –

деген жолдармен беріледі. (Батырлар жыры. А., 1987. 3-т. 131-б.).



392

Бұған  ұқсас  жолдар  Махамбеттің  Баймағамбетке  айтқан 

сөздерінде кездесетіні белгілі.

9.  77-бет.  “Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу”  жырындағы  Ай, 

Таңсықтың елімен қоштасып айтқан сөзінен. Дәл нұсқасы:

Тайлақтың енді аман бол, қалған елі,

Аман бол қазық ағаш, аққан селі.

Теруші ем еріккенде ермек етіп,

Екпе жиде, алма ағаш көлеңкелі.

(Қозы Көрпеш – Баян сұлу. А., 1959).

10.78-бет. Абылай – қазақ ханы (1711–1781). Қазақ жерін жоңғар 

басқыншыларынан азат ету күресін ұйымдастырушы, үлкен әскери 

қолбасшы, мемлекет қайраткері.

11.  78-бет.  Керей  Жәнібек  –  Жәнібек  Бердәулетұлы,  оны  Ер 

Жәнібек деп те атайды, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына 

қарсы күресінің айтулы қаһармандарының бірі, Абылайдың қолбасшы 

батыры, шешен, ақын.

12.  78-бет. Бұқар жырау Қалқаманұлы (16681781) – қазақтың 

аса көрнекті жырауы. Абылайдың тұстасы, ақылшысы. Өлең жыраудын 

Абылай  ауырып  жатқанда  айтқан  сөзінен  алынған.  (Шығармалары.  

А„ 1992. 377–б.).

 13. 79-бет.  Сыбан Сабырбай ақын –  Сабырбай (1775–1865) – 

Ақтайлақ бидің баласы. Аты белгілі ақын. Сабырбайдың Қуандықпен 

қоштасу  хатын  Мұхтар  “Әдебиет  тарихында”  келтірген.  (А.,  1991. 

317–6.).

 14.   79-бет. “Художественная литература” – орыс сөзі, көркем 

әдебиет.

15.    79-бет.  “Наурызбай  мен  Тілеуқабақ  қызының  айтысуы” 

–  “Наурызбай – Қаншайым” атты халық жырының кейіпкерлері. 

Кеңесарының інісі Наурызбай батыр түнде адасып келе жатып, қой 

күзеткен  Кіші  жүз  Тілеуқабақ  елінің  қызы  Қаншайымға  кездесіп, 

айтысады. Кейін екеуі қосылады. (“Наурызбай – Қаншайым”. Тарихи 

жырлар. А., 1996. 3–т.).

16.  79-бет. Біржан мен Сараның айтысы – Біржан сал Қожағұлұлы 

(1834–1897) – қазақтың атақты ақын, әнші, сазгері. Айтыстың белгілі 

шебері. Сара Тастанбекқызы (1878–1916) – қазақтың белгілі айтыскер 

ақын қызы.

Біржан мен Сараның айтысы қазақ халық әдебиетіндегі өте сұлу, 

тапқыр айтыс үлгілерінің бірі (“Айтыс”. (үш томдық) А., 1965. 1-т.).

17.    80-бет.  Грандисон  –  Ричардсонның  “Чарльз  Грандисон 

мырзаның тарихы” (1754) атты романының кейіпкері.


393

18.  80-бет. Ричардсон Сэмюэл (1689 –1761) – ағылшын жазу-

шысы. Карапайым адамдар өмірін жазған.

19.  80-бет. Достоевский – Федор Михаилович Достоевский 

(1821 – 1881) – ұлы орыс жазушысы.

 20. 80-бет. “Бедные люди” – Ф. М. Достоевскийдің шығармасы. 

Қазақ тіліне “Бишаралар” деген атпен аударылған.

21. 80-бет. “Эпистолярный роман” – Хат түрінде жазылған 

көркем  шығарма.  Кейде  роман,  повестерде  хаттарға  көп  орын 

беріледі. “Бишаралар” осындай үлгіде жазылған.

22.  80-бет. Шортанбай – Шортанбай Қанайұлы (1818–1881) – 

белгілі қазақ ақыны, зарзаман әдебиетінің көрнекті өкілі.

23.  80-бет. Алтынсарин – Ыбырай Алтынсарин (1841–1889) 

қазақтың белгілі ақыны, ағартушы–демократ.

24.  80-бет. Мәшһүр Жүсіп – Машһүр Жүсіп Көпейұлы (1858 

– 1931) – қазақтың көрнекті ақыны, фольклор жинаушы.

25. 80-бет. Нарманбет – Нарманбет Орманбетұлы (1870–1918) 

– қазақтың белгілі ақыны.

26.    80-бет.  “Зар  заман”  –  Шортанбай  шығармасының  аты.

Отаршылдық  езгі  туғызған  заманның  зарын  жырлаған.  Кейін 

осындай мұңлы–зарлы поэ зия түгелден зар заман әдебиеті аталған. 

Үзінді сол шығармадан алынған (Шортанбай. Толғаулар, айтыстар, 

дастан. А., 1993).

27.  81-бет. Нарманбеттің “Сарыарқа” деген өлеңінен үзінді. 

(“Жұлдыз”. 1990. № 2. 157-б.).

 28. 81-бет. Сонда. 159-б.

29.  82-бет.  “Религиозный  мистицизм”  –  орысша,  діни 

таратушылық деген мағынада.

  30.  82-бет.  Пушкин  –Александр  Сергеевич  Пушкин  (1799– 

1837). Ұлы орыс ақыны.

 31. 82-бет. Лермонтов – Михаил Юрьевич Лермонтов (1814– 

1841). Ұлы орыс ақыны.

 32. 82-бет. Крылов –Иван Андреевич Крылов (1769–1844) – 

орыстың ұлы мысалшы ақыны.

33.    83-бет. “Здоровый  реализм”  –  орысша,  айқын,  ұғымды 

реализм деген мағынада.

 34.  84-бет. “Қазақ газеті” – 1913–1918 жылдар аралығында 

Орынборда  шығып  тұрған  қазақша  газет.  Шығарушысы  –  

А.  Байтұрсынов  пен  М.  Дулатов.  Газет  қазақ  елінің  тәуелсіздігі 

мен отаршылдыққа наразылық идеясын көтерген.

35.  84-бет.  “1905  жылдың  өзгерісін”  –  сөз  1905  жылғы 

желтоқсандағы алғашқы орыс революциясы жайында болып отыр.



394

36.  85-бет. “Романтизм” – өмір шындығын көтере суреттейтін 

көркемдік әдіс. Революцияның алғашқы жылдары бірқатар қазақ 

ақын–жазушылары  (Ж.  Аймауытов,  М.  Жұмабаев,  М.  Әуезов,  

т. б.) ендігі қазақ әдебиеті сезімталдыққа, сыршылдыққа құрылған 

романтизм жолымен дамуы керек деп ұққан.

37.  85-бет.  “Рассуждение”  –  орыс  сөзі,  сөйлеу,  ойлау, 

әңгімелесу, бұл жерде бос әңгіме деген мағынада.

38.  85-бет.  “Реализм”  –  өмір  құбылыстарын  бар  қалпында, 

нақтылық  белгілерін  сақтай  отырып,  жинақтап  бейнелейтін 

көркемдік әдіс.

39.  86-бет. “Трагический” – кайғылы тип деген мағынада.

 40.86-бет. Асан қайғы – казақтың жыраулық поэзиясының басы 

саналатын, аты аңызға айналған ақын, жырау, ел қамқоры. Туған, 

өлген жылдары нақты емес.

41. 86-бет. Ақан сері – Ақан сері Қорамсаұлы (1843–1913) – 

қазақтың ақын, әнші, сазгері.

42. 86-бет. Чайль-Гарольд – Байронның осы аттас поэмасының, 

кейіпкері.

 43. 86-бет. Печорин – М. Ю. Лермонтовтың “Біздің заманның 

қаһарманы” романының басты кейіпкері.

С. Қирабаев, 

академик


395

“ҚОБЫЛАНДЫ  БАТЫР”

(Ел әңгімесіндегі Қобыланды – ел қиялындағы ұлы батыры)

Алғаш рет мақала “Таң” журналының 1925 жылғы 1-(119– 126 

беттері)  және  1926  жылғы  2-(115  –  118-беттер)  сандарында  жа-

рияланды. Содан кейін жиырма томдық шығармалар жннағының 

15-томында  (1984  жыл,  45–54-беттер)  басылды.  Елу  томдық 

академиялық  басылымға  алғашқы  нұсқасымен  салыстырылып 

жіберілді.

Негізінен  алғанда  бұл  эпостық  туынды  қазақтағы  ертеден 

белгілі  қаһармандық  жырлардың  бірі.  Оны  көп  жағдайда  “Қара 

Қыпшак Қобыланды” деп те атайды. Бұл жырды ерліктің эпопеясы 

десе де болады. Эпостың қазақ арасында он бестен астам нұсқасы 

бар.  Марабай,  Мергенбай,  Біржан,  Айса,  Мұрын,  Нұрпейіс, 

Көшелек,  Досжан  сияқты  айтушылардың  кай-қайсысының  ай-

туында  болсын  мазмұны,  оқиға  желісінде  алшақтық  сезілмесе 

де  өзіндік  ерекшеліктері  барлығы  анық  байқалады.  Марабай 

айтуындағы  нұсқасын  алғаш  жазып  алып,  оны  өзі  құрастырған 

“Әдебиет  хрестоматиясына”  енгізген  Ыбырай  Алтынсарин  еді. 

Жырдың үзінділері “Дала уалаяты”,. “Туркестанские ведомости” 

(1889), “Тургайская газета” (1901), “Орынбор оқымысты комис-

сиясы  еңбектерінде”  (1910)  жарияланды.  Біржан  Толымбайұлы 

айтуындағы  нұсқасы  1914  жылы Орынбор  қаласындағы  “Үміт” 

баспасында  басылып  шықты.  Оны  жазып  алған  Махмұдсұлтан 

Тұяқбаев. Ал Марабай айтуындағы нұсқасын Ә. Диваев 1922 жылы 

Ташкентте, Мергенбай айтуындағысы 1943 жылы басылды. Бірақ 

нағыз ғылыми зерттеушілік ойды алғаш айтқан М. Әуезов.

Бұл мақаласын М. Әуезов өзінің “Әдебиет тарихы” (Қызылорда, 

1927  ж.  266-бет)  деп  аталатын  үлкен  зерттеулерін  жазып  жүрген 

кезінде содан мақалаға лайықтап бастырғандығы көрінеді. Журналдағы 

басылымын  “Қобыланды  батыр”  (Ел  әңгімесіндегі  Қобыланды–  ел 

қиялындағы  ұлы  батыры)  деп  берген.  Кітапта  батырлар  екі  жікке 

бөлініп қарастырылады: біріншісіне – туысы бөлек, ел қиялындағы 

орыны, бағалауы жоғары ру басшысы, ел іргесін бермейтін ұлы қамқоры 



396

Едіге, Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Сайын, Шора батыр сияқтыларды 

жатқызады, бұларды Ұлы батырлар дейді; екіншісіне – Кіші батырлар 

деп Алпамыс батырҚобыланды батырларды қосады. Бұл екі жіктеуді 

мыналармен  түсіндіреді:  алғашқысындағы  сындағы  айырмашылық 

олар  бір  жағы  пері,  бір  жағы  керемет  иесі  әулиелер  мен  пірлердің 

тілеуінен, қорасанға қой айтып, әулиеге ат айтып дегендей ғайыптың 

себебінен туады және солардың қорғауымен, тілеуімен тіршілік етеді. 

Екіншісіндегі Кіші батырлар қазақтың тіршілігі тыныш, мамыражай 

кезіндегі дүниеге келген батырлар болады, былайша айтқанда қазақтың 

өзінің әдеттегі тұрмыс-тіршілігі қалпында туады, оның үстіне олардың 

күші өзара араздық, жаулыққа жұмсалады. Ұлы батырлар тобындағы 

Қобыланды ерлігіне зерттеуші ерекше мән бере қарайды. Ал мақала 

мен кітаптағы басылымның арасындағы айырмашылықтарға келсек, 

бірінде бардың екіншісінде жоқ екендігіне көз жетеді.

Әрине,  кітаптағы  басылым  әрі  толық,  әрі  көлемді.  Мұнда: 

“Қобыланды  батырдың  қысқаша  әңгімесі”,  “Қобыланды” 

әңгімесінің  мәнісі”  деген  бөлімдерге  бөлген.  Жоғарыдағы 

мақаланы соның екінші бөлімінен ықшамдап алып бастырған, бірақ 

толық  емес.  Сондай-ақ  мақаланың  бас  жағындағы  эпосқа  негіз, 

арқау болған тарихи жай-жағдайларға шолу жасайтын екі беттей 

ой-түйіндеулері мен ноғайлы – қазақ айырыларда тартылған күй, 

мына өлең жолдары кітапта кездеспейді:

Жылау, жылау, жылау күй,

Жылаған зарлы мынау күй,

Қазақ пен Ноғай айырылды,

Қазақ сыртқа қайырылды.

Ноғайлының ну елі,

Күңіренді қайғырды.

Қара қыпшақ Қобыланды,

Қара орнынан айырды,

Ел қанаты қайырылды.

Зор күн туды, зор күндер,

Кетті күлкі мол күндер.

Жылау менен қоштасу,

Келер ме қайтып ол күндер.

Мақала  Қобыланды  өлтірген  Дайырқожаның  әкесі  Қыдан 

тайшының  “Қара  қыпшақ  Қобыландыда  нең  бар  еді,  құлыным” 

дегенімен  байланысты  айтылатын  әңгімелер  төңірегіне  ғана 

құрылған  секілді.  Дайырқожамен  кектесіп  жүрген  Қобыланды 

далада кезіккенде оны өлтіріп кетеді. Мақаладағы көп жолдар, аб-


397

зацтар бірдей болғанымен, кітаптағы нұсқасы әлдеқайда толықтау, 

көлемділеу екендігі көрінеді.

Зерттеуші Қобыландыға Әз-Жәнібек, Әбілқайыр замандарын-

да ноғайлы-қазақ бірлігі тұсында болған деп қарайды, бұл – XV 

ғасырдың орта шамасына келеді. Ол ойды Шәкәрім шежіресі де 

растайды. М. Әуезов зерттеушілік түйіндеулерін осыларға сүйеніп 

өрбітеді. Қарап отырсаң Әбілқайырға Қобыланды да, Дайырқожа 

да қызмет еткен болып шығады.

Жырда Қобыланды соғысуға Қазан каласына аттанады, онда Қазан 

деген батырын жеңіп, ат көтіне түсіріп өлтіреді. Жырдағы Қазанды 

қазіргі Қазан қаласына жақын жердегі Ғазан өзенінің Еділге құйылар 

тұсында болған еді деседі. Қазан хандығы Алтын Орда әлсірей бастаған 

тұста құрылғаны белгілі. Оның алғашқы ханы Махмет (1430 жыл), 

соңғы ханы (Иван Грозный қаланы алған кездегі) Ядгар (1552 жыл) 

болғандығы белгілі. Осы екі аралықта он төрт хан алмасыпты.

Елуінші жылдардағы зерттеушілер осы эпостағы Қазан қаласына 

жорықты туысқан халықтың жеріне жасады дегенді айтқысы келмеді 

ме, қызылбастың, яғни Иранның Ғазан деген қаласы еді деген байламға 

тоқтады. Ал жиырмасыншы жылдардағы жас зерттеушінің ізденулері 

таза  тарихи  шындыққа  иек  артқандықты  танытады.  Өзіндік  ой-

тұжырымдары деректерден алшақтап кетпегендікті арғы төркініне үңіле 

түскен кісінің көзі жете түседі: “батырлар әңгімелерінің әрқайсысының 

ішінде тарих ауданына сиярлық шындық қайсы, тарих оқиғаларынан 

қалған із, сүрлеу қайсы, әрбір әңгімеде ел мінезі, ел қиялы, жалпы 

ұғымы қаншалық дәрежеде күшейіп, қаншалық қалыпқа шейін жететін, 

көрінетін жерлер аз емес” дейтіні сондықтан.

1, 2, 3, 4. 87-бет. “Алтын Орда, Қазан хандығы, Ноғайлы, Өзбек 



бірлігі сияқты хандықтардың бәріне де кірген” – Алтын Орда – XIII 

ғасырдың қырқыншы жылдарынан бастап, XV ғасырдың аяғына дейін 

өмір сүрді. Бұл, негізінен, Жошы ұрпақтары билеген мемлекет болды. 

Алтын Орданың құрамында Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Еуропаның 

халықтары болды. 1223 жылы Қалқа өзенінің бойында орыс князьдарын 

тізе бүктірген Жошының екінші ұлы Батый (1256 жылы өлді) олардың 

көп жерлерін басып алды (1236 – 1241). Польша, Венгрияны, Грузия-

ны, Кавказды бағындырды. Еділ бойындағы Сарай қаласын астанасы 

етті. Үш жүз жылдай бүкіл дүниеге айбынды көрінген Алтын Орданың 

іргесі осылай қаланды.

Батыйдан кейін Алтын Ордаға Берке (1256–1266), Мөңке Темір 

(1266 –1280), Туда Мөңке (1280–1287), Төле Бұқа (1287–1291), Тоқты 

(1291–1312), Өзбек (1312–1342), Жәнібек (1342–1358) тағы басқалар 

хан  болды.  Осы  бір  құдіретті  мемлекетті  билікке  таласу  әлсіретті. 



398

Тоқтамыс, Едіге, Ақсақ Темір алауыздықтары осыған әкелді. Мемлекет 

XIV ғасырдың аяғында бір-біріне тәуелсіз бірнеше аймаққа бөлініп 

кетті.  Мұның  бәрі  Москва  мемлекетінің  күш  алуына  себеп  болды. 

Ақсақ Темірдің соққысы ыдыраушылықты жылдамдата түсті. Орыс 

тарихшысы Павловтың Ақсақ Темірге орыстар өзіндей етіп алтыннан 

ескерткіш орнатса аздық етеді (История Туркестана, Ташкент, 1906) 

дейтіні тегін емес. Одан бері Қазан пен Қырым хандығы, Астрахан, 

Қазақ, Өзбек хандықтары құрылды.

Қазан  хандығы  –  Еділ,  Кама  бұлғарларының  территориясында 

(1430–1552) құрылды. Оның құрамында Еділ – Кама бұлғарларынан 

басқа марилар мен чуаштар, удмұрттар мен мордвалар, башқұрттар 

болды. Мухаммед Эмин тұсында Қазан 1488 жылдан 1521 жылға дейін 

Ресейге тәуелді болды. Эмин ІІІ Иван  қолжаулығына айналды. Оның 

інісі Шах Әлиді Қырым ханы Сақыгерей құлатып (1521–1524) хан бол-

ды, одан соң Сафагерей (1524–1549) тақта отырды. Ол Астрахань және 

Ноғай ордасымен одақтасты, олардың бұл бағытын Түркия қолдады. 

1552 жылы орыс әскерлері басып алды да, кейінгі тағдыры біржола 

Ресейге қарап қалды.

Ноғайлы – XIV ғасырдың екінші жартысында Еділдің шығысын 

Үлкен ноғайлы, батысын Кіші ноғайлы биледі. Борис Годунов тұсында 

(1600 ж.) Ресейге бағынды. Қалмақтардың шабуылынан (1634 ж.) кейін 

Еділдің батысына ауды. Үлкен, Кіші ноғайлы бірге көшіп-қонып жүрді. 

Азов маңына, Кубан даласы мен Донның орталығына орналасты. XVIII 

ғасырдың ортасына шейін Қырым мен Түркияға тәуелді болды. Буха-

рест бітімшарты (1812 ж.) бойынша ноғайлардың көпшілігі Түркияға 

көшті.

Өзбек – Сұлтан Мұхаммед (1342 жылы өлген) таққа 1313 жылы 



отырды.  Онын  хандығы  тұсында  Алтын  Орда  күшейіп,  мемлекет 

нығайды.  Москва  князы  Юрий  Даниловичке  қарындасын  берді  де, 

азаттық алуға ұмтылған Тверь князы Михаил Ярославичке қарсы қойды. 

1327 жылы Даниил Калитамен бірігіп, Тверь княздығын таратты, оны 

Москва мен Суздаль княздықтарының иелігіне бөліп берді. Ол өлгеннен 

кейін Алтын Орда орталық биліктен айырыла бастады.

 5. 87-бет. “Қазақ руларының бұрынғы заманда қоныстасып, 



1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал