Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.

бет24/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32

елдігімізден айрылып, қоңсы кент ағайындардың біріне табынып, 

таңбадан айрылып кететін едік. Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап 

әліппе шығарып, тіл һәм оқу құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ 

тілін талайға үйреткен Ахаң еді. Ұлт қамы дегенді ескерген адам болмай, 

қазақ құлшылыққа кез болғанда бостандыққа жол көрсеткен Ахаң еді...

Ахаңның елу жасқа толғаны туралы қазақтың көп жері білмегендіктен 

көңілдегідей болмай өтіп отыр. Олай болуға себепкер болған Ахаңның 

туған  жері  –  Орынбордағы  қазақ  азаматтарының  жерді  күн  ілгері 

құлақтандыра  алмағандығы.  Тойдың  болатұғын  күнін  бұрын 

сөйлесіп  қойғанда,  Ахаңның  атын  білетін  екі  республикадағы 

қазақ өмірде есте қаларлық қылып бірге тойлайтұғын еді. Ахаңның 

халыққа  қылған  қызметін  көрсетіп,  тәржіма  халін  айтып,  туған 

күніне арнап кітап шығару қажет еді. Осы айтылғандар Ташкендегі 

“Талап”  басқармасының  ойында  бар  еді.  Сондықтан  бұл  томды 

тегіс дайындалып алған соң, жайырақ істелсе деп ұйғарылып еді. 

Орынбор азаматтарының жедеғабыл қолға алып қалғандығынан 

көңілге  алғандай  боп  істелмей  отыр.  Тойды  тек  телеграммен 

кұттықтауға–ақ мұршамыз келді” деп білдірді.

Орынбор  азаматтарының  ішінде  тойды  ұйымдастыру  ісінде 

мейлінше табандылық көрсеткен С. Сәдуақасов еді. Оның ұстазға 

деген ықыласы, жалпы көзқарас, ел болашағын елестету жөніндегі 

ой-болжамдары  –  Қазақстан  партия  ұйымының  III  конферен-

циясында  (1923  ж.  наурыз)  қатты  сынға  ұшырады.  Конферен-

цияда  дүниежүзілік  және  азамат  соғысы  жылдарында  бүлінген 

шаруашылық  пен  кәсіпорындарды  қалпына  келтіру  мәселесін 

көтеруді сөз етумен қатар ауыл байлары мен деревня кулактарына 

үстеме салық сала отырып, кедейлердің тұрмысын түзеу арқылы 

тап тартысын күшейту жайына көбірек тоқталды. Мұндай жолмен 



379

ауылда әлеуметтік жағдай жасаудың қисынсыздығын, соның ішінде 

қазақ сияқты ұйыған жұртты кедей мен байға бөліп тап күресін 

жүргізу  –  ауыртпалықтан  басқа  ешнәрсе  бермейтінін  айтқан  

С. Сәдуақасов қазақта қанаушы, қаналушы тап бар дегенді мой-

ындамады.  1928  жылы  арнайы  декретпен  байларды  тап  ретінде 

жою, мал–мүлкін конфискелеу шараларына да қарсы шықты. Оның 

ойларының дұрыстығын кейінгі тарихтың өзі растады.

Қазақта  мүшел  жастардан  аман–сау  өткенді  ырымдау  салты 

болмаса,  белгілі  бір  белеске  көтерілген  жасты  тойлау  әдетке 

айналмағаны  белгілі:  бұл  жаңалықты  ағаларының  ақыл–кеңесі 

болу керек – С. Сәдуақасов бірінші болып ел қадірлісі Аханның 

елу  жылдығын  атаудан  бастады.  “Оқыған  азаматтың  тұңғышы, 

алғашқы  шыққан  көсемі”  ретінде  бағалайтын  М.  Әуезов  оның 

“Қазақ” газеті арқылы елдігін жоғалта бастаған халқын ұйқысынан 

оятып, қайда бара жатқаның сезіндіргенін, отаршылдыққа қарсы 

салған ұраны көп жүректерге терең ұялағанын, бұларды да жетімсіз 

көріп, заманынан аса алмағандарды маса болып ызыңдап сергітпек 

болғандығын және ілім-білімге талай буындарды тәрбиелеуімен 

де өзіне өзі ескерткіш орнатқандағы қасиеттеріне тоқтала келіп, 

көкейіндегісін:  “Ахаң  ашқан  қазақ  мектебі,  Ахаң  түрлеген  ана 

тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – “Қырық мысал”, 

“Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ ба-

ласына істеген еңбегін, ілім білім, саясат жолындағы қажымаған 

қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайды. ...Қаламынан тамған 

бал – ем болудан айнымайды, әлі де болса өмірінің ұзақ болып, 

еңбегінің өнімді болуын тілеуден қазақ баласы қайтпайды” деген-

дермен тұжырымдады.

1.  63-бет.  “алғашқы шыққан көсемі болған Ахаңа арналған 

тұңғыш  той”  –  Зиялы  қауымның,  жалпы  елдің  үлкені–кішісі 

демей А. Байтұрсыновты Ахаң деп атаған. Онын сыры ілімі мен 

білімін, елге, халыққа сіңірген қызметін жоғары бағалап, құрмет 

тұтуында жатыр.

2. 63-бет. “Қазақ” газетінің сүтін еміп өскен” – А. Байтұрсыновтың 

редакторлығымен шыққан “Қазақ” газеті туралы толық деректі осы 

басылымның 1– томындағы “Абайдан соңғы ақындар” деп атала-

тын мақаланың түсінігінен (332-бет) білуіңізге болады.

3. 64-бет. “ заман ерік бермеген соң “Маса” болып” –

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,

Сап – сары аяқтары ұзын маса,

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен қара, яки қызыл маса.


380

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша,

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?! –

деген өлең жолдарынан басталатын “Маса” атты өлеңдер жинағы 

1911  жылы  Петербургта  басылып  шықты.  “Ұйықтаған  қазақты 

айқайлап  оятуға  заман  ерік  бермеген  соң  маса  болып  ызыңдап 

оятамын” деген ойларының жалғасы әрі қарай өрісін ала береді.

  4.  65-бет.  “Торғайдағы  алғашқы  түскен  школын  жастай 



бітірген соң” –  Осындағы  орыс–қазақ  училищесіне  1886  жылы 

түсіп, 1888 жылы бітіріп шығады.

565-бет. “Ахмет Орынбордағы учительдік школына түскен” – 

Торғайдағы екі жылдық мектепті бітірісімен осында келіп түседі 

де, оны 1892 жылы тәмамдайды.

6.  66-бет.  “  қазақ  балаларын  оқытпақ  ниетімен  Ақтөбе 



уезі,  Сатпақты  болысындағы  Ахметкерей  Қопсыбақовтардың 

ауылындағы  ауылнай  школға  барып  оқытушы  болған”  –  Бұл 

1892–1893 жылдарға келеді.

7. 66-бет. “ Қостанай уезінде Әулиекөл деген жерде болыстық 

школында екінші рет оқытушы болған” – Мұндағы айтып отырғаны 

1894 жылдардың шамасы.

8.  66-бет.  “Әулиекөлден  үшінші  рет  ауысып  барған  школы 

Қостанай қаласының уезіндегі екі сыныптық орыс – қазақ школы” 

– Мұнда 1895–1896 жылдары қызмет етті.

9.  66-бет.  “ 1896 жылы Омбыда, Ақмола, Семей школдарын 



басқарып тұрған Алекторовпен хабарласып, Омбыға барған” –  

А. Е. Алекторов өзінің әріптестері Н. И. Ильминский, Н. П. Остро-

умовтар сияқты миссионерлік бағытта қызмет етті. Бұлар жөніндегі 

мағлұматты осы басылымның бірінші томындағы “ Өліп таусылу 

қаупі” деп аталатын мақаланың түсініктерінен оқып білуге болады.

10.  66-бет.  “  Қарқаралыда  әуелде  сыныфтық  орыс  –  қазақ, 



школында болып, артынан городское училищенің оқытушысы 

болған”  –  Қазақ  совет  энциклопедиясы  (3-том,  1975,  518-бет) 

Қарқаралы қаласында революцияға дейін қазақ балалары окитын үш 

кластық интернатты училище, төменгі дәрежелі ауыл шаруашылық 

және  қыздардың  бастауыш  мектептері  болды”  деген  деректі 

ғана келтіреді.  Мақаладағы  училище  энциклопедияда  айтылған  

3 кластық интернатты училище болуы мүмкін.

11. 66-бет. “ Сол мезгілде 1905 жылдын өзгерісі болған” – Әңгіме 

сол жылдардағы революциялық қозғалыс туралы болып отыр.

12. 67-бет. “...кіндік үкіметке қазақ халқының атынан петиция 


381

(арыз–тілек) жіберген” – Осы айтылып отырған арыз – тілек Ресей 

Министрлер кеңесінің төрағасы С. Ю. Виттенің атына жолданады. 

Қарқаралыда  көп  адам  қатынасқан  митингте  петицияға  он  төрт 

жарым  мыңдай  адамның  қолы  қойылады,  онда:  жер  мәселесін 

әділ  шешу,  қазақ  жұртына  өзін-өзі  басқару  құқын  беру  талап 

етілген. Мұны Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов және Ж. Ақбаевтардың 

ұйымдастырғаны  белгілі.  Соңынан  ұйымдастырушылардың  кім 

екендігі анықталып қуғын да көреді.

13.  67-бет.  “  Сол  жылдардың  ішінде  белгілі  Қырық  мысал 

жазылған” – “Қырық  мысал”  1909  жылы  Петербургта  басылып 

шықты.  Мұнда  Абай  салған  соқпақ,  Абай  жетілдірген  аударма 

дәстүрін жалғастыру бар. Кітап мәні:

Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,

Әзірге қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоққа сабыр,

Қомсынып қоңырайма, құрбыларым.

Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,

Күн қайда үздік шығар топты жарып.

Ат тұрмас аяғында желі болса,

Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып.

Бар болса сондай жүйрік қызар деймін,

Естілсе құлағына дүбір барып.

Әйтпесе арық шауып оңдыра ма,

Жүргенде қамыт басып, қажып-талып, –

деп  автордың  замандастарына  арнаған  беташарынан-ақ 

аңғарылады. Жинақта ол бастан-аяқ орыс мысалшысы Иван Ан-

дреевич Крыловтың (1768 – 1844) шығармаларын негізге алған, 

бірақ, сюжетін сақтағанмен қазақ тұрмысына жақындатып еркін 

аударады, заман тынысын танытарлық ойларын сыйғызады.

14. 67-бет. “ Қырық мысалдың” өлеңдерін перевод қылып” – 

Сөз аудару туралы.

 15. 67-бет. “...үстінен белгілі доностарын жүргізе бастаған” – 

Қаралап, ғайбаттайтын шағым–арыз.

16. 68-бет. “Семейде сегіз ай абақтыда отырған соң бір жарым 

жылға  (административтік  ссылкаға)  айдау  ретімен  Орынборға 

келген” – Сөз әкімшілік жер аудару туралы болып отыр.

17. 68-бет. “Уфадағы “Ғалияда” оқып жүрген қазақ шәкірттері – 

“Ғалия” – Оқу мерзімі алты жылдық жоғары білім беретін мектеп. 

Мұндағы оқу төте оқу – усулжәдитке, яғни жаңа әдіске негізделген.



 18. 68-бет. “Штраф төлеткен” – Айып ақша төлеткен.

 19. 69-бет. “Бұрынғы оқушыларға белгілі “Тіл құралы”, “Оқу 



құралдары ” –

1.  “Тіл  құрал”.  1-бөлім.  Фонетика,  2-бөлім.  Морфология, 

3-бөлім. Синтаксис.

2. “Тіл құрал” оқулығы. Мұнда әрбір ұғымға анықтама берілген, 

әртүрлі тапсырмалармен жаттығу мысалдары ұсынылады.

3.  “Оқу  құрал”.  Хрестоматия,  Бұл  кітапты  Т.  Шонановпен 

бірлесіп жазған.

 20. 69-бет. “Жаңадан алған хабарға қарағанда, былтырдан жа-



зып жүрген “Мәдениет тарихы” деген кітабын осы күнде бітіріпті” 

– Бірақ бұл еңбегі ешқайда жарияланбаған, әлі күнге дейін белгісіз.



Т. Әкімов,

филология ғылымының кандидаты

383

ХАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ ТУРАЛЫ

М. Әуезовтің бұл мақаласы Ташкент қаласында шығып тұрған 

“Жас  қайрат”  журналының  1924  жылғы  3-4-сандарында  жари-

яланды.  Содан  кейін  жазушының  жиырма  томдық  шығармалар 

жинағының 15-томында (“Жазушы”. 1984. 42–45-беттер) басыл-

ды. Енді елу томдық академиялық толық басылымға сол жиырма 

томдықтағы  нұсқасы  алғашқы  жарияланыммен  салыстырылып, 

ұсынылып отыр.

Бұл  мақаласын  М.  Әуезов  әдебиет  тарихын,  сонымен  қатар 

ауыз  әдебиетін  зерттеуге  шындап  бет  бұрған  кезінде  жазды. 

“Әдебиет  тарихы”  деп  аталатын  зерттеулерінің  бірінші  кітабы 

түгелдей дерлік халық әдебиетіне, фольклорға арналды, бұл кітап 

сол кездерде ашыла бастаған оқу орындарына арналған алғашқы 

оқулық десе де болады. Сол тұстың деңгей дәрежесімен қарайтын 

болсақ – жаңалығы, мазмұн салмағы, ділгірлігі жағының өзімен 

де  соңы  соқпаққа  жол  салған  еңбек  екендігін  көрсетеді.  Осы 

тұстарда қалыптасқан терминдер, ұғым–атаулар, танымдар кейінгі 

тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарында онша өзгеріске ұшырай 

қойған жоқ, халық әдебиетін сыршылдық салт өлеңдері, батырлар 

әңгімесі, ел поэмалары, тарихи өлеңдер, ертегілер, айтыс өлеңдері, 

зар  заман  ақындары  деген  тақырыптар  төңірегіне  топтастырып 

қарастырды.  Шығыс  Қазақстандағы  Бұхтарма  өңірі  мен  Қытай 

жерінде тұратын қазақтардың ауыз әдебиетін жинауға экспедиция 

шығару себеп болады. Өзі сол экспедицияны шығарған қоғамның 

мүшесі  және  оның  орынбасары  болған,  соның  нәтижесінде  ел 

аузында  жүрген  әдебиет  нұсқаларының  көптеген  үлгілері  мен 

түрлерін жинастырады.

Бұдан  кейінгі  жылдарда  мұндай  жұмысқа  Семей  қазақ 

педагогикалық  техникумының  оқытушылар  мен  оқушыларын 

жұмылдыруға да мұрындық болды. Оның бұл әрекеттерінен үлкен 

зерттеушілігінің үстіне халықтық мұраға деген жанашырлығының 

шексіздігі көрінеді. Ал осы игі істі қалай жүзеге асыру керектігінің 

жобасын жасап, оны “Әдебиет ескілігін жинаушыларға” (“Қазақ 


384

тілі”.  1925.  23  көкек)  деген  атпен  мақала  етіп  те  жариялайды. 

Онда  әдебиет  жайынан,  тарих  жайынан  нелерді  жазып  алулары 

керектігі жөнінде ұсыныстары нақты-нақты көрсетіледі: бірінші 

–  батырлар  әңгімесінен  “Кобыланды”,  “Едіге”,  “Шора  батыр”, 

“Алпамыс”, айтыс ақындарынан Кемпірбай, Шөже тағы басқалар, 

ескі билердің дау, тартыс үстінде өлең, мәтел, тақпақпен ырғасқан 

сөздері, Есім, Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Қенесары, Наурызбай, 

Ағыбай заманындағы батырлар жайындағы жорық өлеңдер, қыз 

ұзатқанда айтылатын өлеңдер, салтпен байланысты сыршылдық 

өлеңдер.  Ақтабан  шұбырынды  сияқты  аумалы–төкпелі  заманға 

қатысты өлеңдер, өзен, өлке, қоныс, қалмақ, қазақ жаулығынының 

тұсынан қалған өлеңдер, Бұхар, Шортанбай, Дулат, Жанақ сияқты 

ақындардың  өмірбаянына  қатысты  мағлұматтар;  екінші  –  әрбір 

рудың  шежіресі,  орысқа  бағынбай  хан  билеп  тұрған  заманды 

білдіретін әңгімелер, орысқа қарағаннан кейінгі әңгімелер, қазақ 

жеріне  келген  переселендердің  жер  алуы,  сондай  кездегі  қазақ 

пен  келімсектер  арасы,  туралы  әңгімелер  1916  жылдың  жайын 

білдіретін әңгімелер.

Міне, бұларда Қазақстанның солтүстік шығыс аймағын мекендейтін 

қазақтардың әдеби, тарихи мұраларына қатысты сөз болса, “Халық 

әдебиеті  туралы”  мақаласында  Қазақстанның  оңтүстігіндегі  қазақ-

қырғыздың  халықтық  мұралары  қамтылады.  “Біздің  қазақ-қырғыз 

халқы әдебиетінің тарихын тексерген шет жұрттың оқымыстылары 

қазақ-қырғыз  халқы  өзі  тұрғылас  халықтардың  арасында  халық 

әдебиетіне  бай,  басқалардан  бұлардың  болашағы  гүлді,  түбінде 

іргелі  ел  болады  деп  ой  жүргізетін.  Бірақ  біздің  халық  әдебиетіне 

баймыз деп ауызбен айтып құр жұбанып, құр қуанғанымыз болма-

са, әлі күнге халық әдебиетін жарыққа шығару туралы аса күрделі 

іс  істеп  жүргеніміз  жоқ.  Халық  әдебиеті  жиналып,  жазылып  қағаз 

бетіне  түспесе,  бірден-бірге  ауызға  тапсырылып  жүргенде  қайта 

жоғалып өшпесе, өнбейді” деген ойларымен қамқорлық, жанашырлық 

әрекеттерінің сыр-себептерін аша түседі. Негізінен, ол сол бір асыл 

көріп,  жоғары  бағалаған  дүниелердің  бояу-өрнегінен  айырылмай 

тұрғанда  жиналуын,  хатқа  түсуін  жөн  көрді  де,  оны  шын  қолдап 

қостаушысы, насихатшысы болды.

Бұл мақаладағы қадау-қадау көрініс берген ойлары “Әдебиет 

тарихында”  байыпты  пайымдауларымен  тереңдетілді,  мысалға 

өлең, жыр, ертегі, айтыс өлеңдері тағы басқалары сияқты жанрлық 

атаулар жан-жақты сараланды. Осылардың ішінде кейінгі жіктеп 

жүйелеулерден қалып қойған танымдық ой, тұжырымдары да бол-

ды. Бұл зерттеуінде автор батырларды екі жікке бөліп қарастырды: 



385

батырлар  әңгімесінің  басын  ескі  түрік  бірлігінің  заманындағы 

әңгімелерден шығарады. Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғайлы, Қырым, 

Қыпшақ  бір  жалаудың  астында  бір  ел  болып  жүргенін  айтады. 

Бірінші жіктегі ұлы батырларға туысы бөлек, орны басқа, елдің 

басшысы,  іргесін  бермейтін  ұлы  қамқоры,  ханы  болғандарды, 

кіші  батырларға  –  тыныштық  дәуірде  өмір  сүрген  батырларды 

жатқызады. Едіге, Қобыланды сияқты батырлар бірі періден, бірі 

керемет иесі әулиеден, әулиеге ат айтып, қорасанға қой айтудан 

туғандар,  енді  бірі  пірдің  батасы,  тілеуімен  туып,  солардың 

қорғауымен  тіршілік  етеді.  Кіші  батырлар  тобына  жататындар 

күші  мен  ерлігін  өз  ортасы,  айналасындағы  араздық,  жаулыққа 

жұмсайды, үйіші туыстың жоғын жоқтайды деп қарады. Бұл ойын 

зерттеуші кейінгі еңбектерінде әрі қарай жалғастырып, дамытып 

әкетпеді.

Бұл мақаласында жазушы халық әдебиетінің негізгі ерекшеліктеріне 

токталғанымен, басты назарды оның жиналуына, жариялануына ауда-

рады. Бұл үшін оқыған шәкірттерді пайдалану ісін тиімді деп біледі, 

сондағы  тоқтаған  тұжырымы:    “...ескі  әдебиетімізді  жинауға  жас 

оқырман дарымыз  күш  көрсетпесе,  халық  әдебиетімен  аз  жылдың 

ішінде ашық қоштасамыз”.

1. 71-бет. “Әдебиетті әдебиет тарихы бойынша тексергенде екіге 



бөлінеді: бірінші халық әдебиеті”. Халық  әдебиетін  сол  тұстағы 

зерттеу лерінде  ауызша  әдебиет,  ел  ақындығы  деп  қарастырады 

Оны: 1. Сыршылдық салт өлеңдері; 2. Әңгімелі өлеңдер (батыр-

лар әңгімесі,  ел  поэмасы,  тарихи  өлеңдер);  3.  Айтыс-тақпақ;  4. 

Ертегі, мақал, мәтел-жұмбақ деген түрлерге бөлді. Ауызша әдебиет 

үлгілерінің  арнаулы  шығарушысы  жоқ,  шығарушысы  жалпақ  ел 

дейді.

2.  71-бет.  “...екінші  жазба  әдебиет”  –  Бұл  жөнінде  автордың 



өзі: “халықтың мәдениетке аяқ басып, араларына өнер-білімінің  

таралған, сөздің қадірі артқан, іштерінен белгілі ақындар, шешендер 

шыққан шағында солардың қолымен жазып яки тасқа бастырып 

шығарған өлеңдері, үлгілі сөздері жазба әдебиетке

 

 жатады дейді.



3.  4, 5, 6, 7. 71-бет “ ...халықтың арасында ауыздан ауызға көшіп, 

бірден бірге қалып айтылып жүрген: өлең, жыр, ертек, мақал, 

жаңылтпаш” –

Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма, оның түрлері мен 

жанрлары алуан. Осындағы лирика – саяси лирика, көңіл-күй, ма-

хаббат, табиғат, философиялык, толғаныстан тұратын лирикаларға 

бөлініп жатады. Оның ода, элегия, сонет сияқты түрлері де бар. 

Қазақтың тұрмыс тіршілігінде қара өлең жиі қолданылады:

25–1246


386

Дегенде дүниесін, дүниесін,

Ойласаң дүниені шығады есің.

Барында оралыңнын ойна да күл,

Өлімнің кім біледі ерте-кешін.

Дүние, ойлап тұрсаң, қашқан түлкі,

Жігіттің қайда калмас жиған мүлкі.

Төменде жүріп көкке қол созамын,

Болсын деп көңіл шіркін көтеріңкі.

Дүние өте шығар аққан селдей,

Жақсының жүрген жері рулы елдей.

Сермеп қал құлашыңды оңды-солды,

Болмайды көрген қызық бір күнгідей, –

деген сияқты болып жалғаса береді, жалғаса береді. Той бастар, 

жар-жар,  бет  ашар,  жоқтау,  айтыс  өлеңдері  қазақ  өлеңдерін 

ерекшелендіріп тұрады.

Жыр – қазақ поэзиясында кең тараған көне жанр, бұл сөздің 

төркіні ертедегі түрік тілдеріне барып тіреледі. Жырдың, мазмұны 

мен тақырыбы тұрмысқа, тіршілікке, заман ағымындағы оқиғаларға 

байланысты көбінесе суырып салу түрінде айтылады. Қазақтың 

халық поэзиясындағы жыр шумаққа бөлінбей шұбыртпалы еркін 

ұйқас  түрінде  болып  келеді,  бұлардың  мағынасы  кең  әрі  терең. 

Домбыраға қосып, немесе тақпақтап айтылатын өлең де жыр деп 

атала береді, мұнда терме, тақпақ, толғау жанрлары қамтылады. 

Бұл атаудың дастан сөзінің орнына қолданылатыны да бар, мазмұн, 

түр, жанрлық жағынан топтастырып алса батырлар жыры, тұрмыс-

салт, лиро-эпос жырлары, тарихи жырлар болып бөлініп жатады. 

Жыр – фольклорда ғана емес, жазба әдебиетте де кездеседі.

Ертек  –  ең  алғашқы  қоғам  дәуірінде  пайда  болып,  келе-келе 

мазмұны  да,  сюжеті  де,  көркемдігі  де  өзгеріп  жетіліп,  дамып 

отырады. Ол ауыз-екі жолмен ұрпақтан ұрпаққа ауысып, бүгінгі 

дәуірге жетті. Ертегілер қара сөзбен де, өлеңмен де, өсиет, мысқыл, 

әжуа түрінде де айтылып келді және ол хайуанаттар, тұрмыс-салт, 

қиял-ғажайып, аңыз ертегілері болып бөлінеді.

Мақал  –  өмірлік  құбылыстарды  типтендіретін,  қорытынды 

шығаратын, түйінді ой, түйінді пікір айтатын поэтикалық жанр. 

Олар  ғасырлар  бойы  жетіліп,  дамып,  шымырланып  отырады: 

“Туған жерге туын тік ”, “Алтау ала болса ауыздағы кетеді ”, “ Ауыз 

– дарбаза, сөз – самал”, тағы тағылар. Кейінгі жазба әдебиетті бы-

лай қойғанда, қазақтың ауыз әдебиеті де халықтық мақалға өте бай.



387

Жаңылтпаш  –  ауыз  әдебиетіндегі  жанрдың  бір  түрі.  Сөздер 

мен  дыбыстарды  қиындатып,  күрделендіріп,  қайталап  айтады, 

адамды  мүдірмей,  тұтықпай  сөйлеуге  баулиды.  Ол:  “Қамаштан 

көріп қалашты, қалашқа Жарас таласты. Бөлінсін десең қалаш тең 

таласпа Жарас Камашпен” деген сияқты болып келеді.

8.  71 -бет. “айырым бесік жырлары” – Бесік жыры “Әлди, 

бөлпем, ақ бөпем, ақ бесікте жат, бөпем” деген сияқты нәрестені 

жұбатқанда айтылады. Бұл жырда ананың бүкіл тілек-армандары, 

перзентінің қалай болмақтығын қалайтындығы көрініс беріп жа-

тады.

9. 71-бет. “...діндар өлеңдер” – Діни өлеңдер көбінесе табиғат 



құбылыстарына  сиынудан,  жалбарыну  арқылы  мал-бастың 

амандығын  тілеуден  туындап  жатты.  Қазақ  арасында,  әсіресе, 

өткен ғасырда дінн хиссалар кеңінен мәлім болды.

10.    71-бет.  “...үлгілі  әңгімелер”  –  Бұған  ертегінің  көптеген 

үлгілері мен Аяз би, Жиренше, Асан қайғы, Алдар көсе сияқты 

аңыздық тұлғалар жөніндегі әңгімелер жатады.

11. 71-бет. “...жын, шайтан, аруақтар туралы айтылған әртүрлі 

хикая лар” – Бұлардың барлығы қиял-ғажайып ертегілерінде мо-

лынан көрініс беріп жатады.

12,13.  71-бет.  “...халық  дәрігерлігі,  олардың  жері,  сиқырлар, 

албастылар һәм басқа да осылар сияқты сөздердің бірсыпырасы 

халық әдебиетіне жатады” – халық дәрігерлігінің жолдары көп, олар 

шөппен, тәуіпшілік, бақсы-балгерлік жолдарымен де емдеген.

14. 73-бет. –

“Ала бием тай табар,

Мінсем көңілім жай табар.

Мен қалқамды сағындым,

Сәлемімді айта бар”. –

Бұл әдетте халық арасында жиі кездесетін өлең түрі. Мұның өзі 

сиреп бара жатқандығына, оның орнын:

Люблю, люблю, мамажай,

Люблю тебе айуажай.

Черт тебе ох, милый мой,

Ташкен уезжай, –

деген сияқты қойыртпақтардың халық арасына сіңісіп, орын алып 

бара жатқанына қынжылыс білдіреді. Үлгілі билер сөзі ел арасында 

атаусыз қалып барады деп уайымдайды.

 15, 16. 73-бет. “Ел арасында халық әдебиетінің көмескілене 

бастауына  екі  күшті  себеп:  соғыс  әлегі,  ашаршылық  апаты 

болды” – “Соғыс әлегі, ашаршылық апаты” деп 1914–1918 жыл-


388

дар  аралығындағы  Бірінші  дүниежүзілік  және  елдегі  азамат 

соғысының ауыртпалық зардабын айтып отыр, ашаршылық осы 

соғыс тұстарында белең алған халықтың тұрмыс-күйін бұлардың 

мәдениетке, ғылым-білімге үлкен тежеу, кедергі болғанын айтып 

отыр.


 18. 74-бет. “ Ел арасынан халық әдебиетін жинау туралы бұл 


1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал