Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.
Pdf просмотр
бет23/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32

хаты  басылып  отыр    Ресей  коммунистік  (большевиктік) 

365

партиясының орталық комитетінің Қазақстан большевиктеріне 

жазған “ бұйрық хаты” “ Қазақ тілі” газетінің бұл санында емес, 

бұдан  бұрынғы  63-санында  жарияланған.  Зады,  сол  санға  ар-

налып  жазылған  М.  Әуезовтің  мақаласы  бір  нөмірге  кешігіп 

барып басылған сияқты.

4. 47-бет. “ ...ұсақ республикалардың  автономиялы респу-

бликалар мен автономиялы облыстар.

5.  47-бет.  “ Губком  хатында  көбінесе  уездердің  орыс 

қызметкерлерінің  кемшілігі,  теріс  мінездері  турасында 

жазылғандықтан  әңгіме  бұл  арада  орыс  большевиктерінің 

Қазақ  автономиясының  билігін  мойындаудан  бас  тартып,  өз 

бетінше іс-әрекет жасауға ұмтылғандығы жайында болып отыр.

6.  48-бет.  “ ...ұлтшылдық  пен  ортақшылдық  тартысы   

ұлттық  мүддені  көздеп,  Қазақ  автономиясын  жақтаған  қазақ 

кызметкерлері мен большевиктердің жағына шығып, солардың 

сөзін сөйлеген қазақ белсенділерінің арасындағы айтыс-тарты-

сты мегзеп отыр.

7. 48-бет. “ Бір табы  бір тобы.

8.  49-бет.  “ Обломовщине”  –  Обломовшылдық.  Обломов  – 

орыс жазушысы Гончаровтын “ Обломов” атты романының басты 

кейіпкері. Тоғышар, керенау, сезімсіз, енжар, ынжық адамның 

бейнесі.  Бұл  арада  “ арамтамақ”,  тоғышар,  надан  мағынаны 

білдіреді.

9.  49-бет.  “ ...жерқорқақтық”  –  қараңғыда  қарайғанның 

бәрінен  үркіп,  ілгері  қарай  аттап  баспайтын  көткеншек  мініс 

атын  осылай  атайды.  Бұл  арада  –  жалтақ,  сужүрек,  секемшіл 

адам деген мағынада қолданылған.

10. 49-бет. “ ...қазақ, учительдері – қазақ мұғалімдері.

11 .   5 0 - бе т.   ...жиырмасын  бағындыру...  –  бұл  а р а д а 

баспахананың қателігінен бір жол түсіп қалған. Негізгі айтайын 

деген ойы: “ Өзге жұрт қызметкерінің жиырмасын бағындырудан 

қазақтың бір қызметкерін бағындыру қиын” – деген пікір болса 

керек.


12. 50-бет. “ Чеховтың кәрі қыздарындай  А. П. Чехов (1860–

1904, орыстың ұлы жазушысы) еліктегіш, сезімтал, әсемқұмар, 

арманшыл  қыз-келіншектерді  өзінің  пьесаларының  негізгі 

кейіпкері  етіп  алған.  Ірі  іс-қимыл  жасауға  дәрменсіз  жандар. 

Бұл  арада  қазақтың  мүддесін  емес  өзінің  жанының  тәттілігін 

жиі есіне алып, жеке басын күйттеп жүрген жігерсіз, намыссыз, 

құр қиялшыл қазақ оқығандарын сынап отыр.

1 3 .   5 0 - б е т.   “ кустарничестводан    ұ с а қ - т ү й е к т е н , 



етекбастылықтан, күйкі тірліктен асып кете алмай жүрміз деген 

мағынаны білдіреді.

14.  50-бет.  “ Ахаң айтқандай  Ахмет  Байтұрсынов  (1873–

1937) айтқандай деп түсіну керек.

15.  51-бет.  “ ...Бұдан басқа жол жоқ  “ Алашорда”  үкіметі 

мен  “ Алаш”  партиясы  және  оның  көсемдерінің  бірі  Ахмет 

Байтұрсынов:  Ресей  империясының  отарлау  саясатының  зар-

дабынан қазақ, елі қашан мәдени-рухани тұрғыдан тәуелсіздік 

алып,  биік  даму  дәрежесіне  жеткенде  ғана  толық  азаттыққа 

жетеді. Сондықтан да қазақ елінің мәдениеті мен ғылымын дамы-

ту керек, – деп есептеді. Мұхтар Әуезовтің емеурін етіп, мысалға 

алып отырғаны да сол білім мен ғылым, оқу-ағарту мәселесін 

дұрыс жолға қою. Қазақтың тәуелсіз ел болып қалуына “ бұдан 

басқа жол жоқ”, – деп есептейді.



Т. Жұртбай

367

СЕМЕЙДІҢ ГУБЕРНИЯЛЫҚ ҮШІНШІ КЕҢЕСТЕР ТОБЫНА

Үндеу-мақала “ Қазақ тілі” газетінің 1922 жылғы 6 қыркүйек 

күнгі  66-санында  жарияланды.  Шығармалар  жинағының  елу 

томдық толық басылымында сол газеттегі нұсқасынан көшіріліп 

басылып отыр. Дайындағандар – Сұңқар Жұртбаев пен Мұқаш 

Қожахметұлы.

Семей  губерниясындағы  ұйымдастыру  мәселесі  жөніндегі 

төтенше  өкіл  болып  келген  М.  Әуезов  Семей  губерниясының 

кеңесін  өткізу  мәселесіне  тікелей  атсалысып,  газет  арқылы 

тиісті нұсқау беріп отырды. Кеңесте талқыланатын мәселелер 

өте жауапты әрі ерекше даулы тақырып еді. Сол үшін де “ Ашық 

хат” жазып, қазақ қызметкерлерін бірлікке шақырған болатын. 

Қыркүйек айының 5 күні өткен бұл кеңестегі жағдай туралы ха-

бары – М. Әуезовтің Семей губерниясында 5 ай бойы жүргізген 

еңбегінің  болған  есебі  іспетті  еді.  Сондай-ақ  губерниядағы 

саяси-экономикалық,  ұлтаралық  жағдайды  талдаған  ой 

тұжырымы да еді бұл. Үшінші кеңестің уәкілдеріне арнаған бұл 

үндеу-мақаласы М. Әуезовтің мемлекеттік саясат туралы қалам 

тартқан соңғы көсем сөзі. Бұдан кейін мемлекеттік басқару ісінен 

мүлдем бас тартып, ғылыми-шығармашылық жұмысқа бет бұрды. 

Оған республикада қалыптасқан саяси жазалау, партия қатарын 

тазалау  науқаны  да  кері  ықпалын  тигізді.  Әрі  Орынбордағы 

бүкілқазақтық кеңесте “ Алашорда” қайраткерлеріне қарсы пікір 

ұйымдастырып, орыс большевиктерімен бірігіп кеткен белсенді 

қазақ қызметкерлерінің үкімет басына сайлануы М. Әуезовтің 

көңілін  қатты  алаңдатты.  Алайда,  ол  губерниялық  үшінші 

кеңестің жұмысын ақырына дейін жеткізіп кетті.

1. 52-бет. “ Бұл сияқты губерниялық топ бұдан бұрын Семейде 



екі рет болып өтті  Семейдегі сол екі кеңеске де М. Әуезовтің 

өзі қатысып, сөз сөйлеп, тиісті ұсыныстар айтты. Губревкомның 

жанындағы қазақ бөлімінің қызметі мен беделін нығайта түсті.

2.  52-бет.  “ Орынбордағы  кіндік  қазақ  комитетінің  бірінші 



жалпы  жиналысында  үлкен  сөз  болды  –  Бұл  құрылтайға  

368

М.  Әуезов  те  қатысты.  Қазақ  қызметкерлерінің  жалпы  жи-

налысында  ол:  1.  Қыр  еліндегі  ашаршылықтың  алдын  алу; 

2.  Отаршыл-большевиктерді  қызметтен  шеттеу;  3.  Қазақ 

оқығандарын мемлекет ісіне тарту туралы мәселе қойды.

3. 52-бет. “ Губатком тарқатылып  бұл арада 1921 жылғы 

мамыр айында Сибревкомға қарайтын губисполкомның күшпен 

таратылғаны сөз болып отыр.

4.  52-бет.  “ Орынбордан келген уәкіл  сөз  С.  Садуақасов 

жайында.


5. 53-бет. “ Осы екі қорытынды топка қойылғанда” – осы екі 

ұсыныс дауысқа түскенде – деген мағына береді.

6.  53-бет.  “ Айырымсыз  ылғи  қазақ,  екіншісіне    айырым-

сыз ылғи орыс дауыс берді  қазақтардың  өзі  бірыңғай  айы-

рым  орыстардың  өзі  бірыңғай  айырым  дауыс  берді  –  дегенді 

білдіреді.

7.  53-бет.  “ ...Осы  орында    осы  ретте,  осы  кеңесте,  осы 

отырыста деген мағынада қолданылған.

8. 53-бет. Авдеев – Авдеев А. Д. большевик, қазақ облыстық 

большевиктер  партиясы  облыстық  комитетінің  мүшесі,  1921 

жылғы Семейдегі екінші губерниялық кеңеске қатысып, қазақ 

автономиясының мүддесін қорғаған.

Т. Жұртбай


369

АРҚАЛАНУДЫ ҚАЛДЫРУ КЕРЕК

Бұл  мақала  Семейде  шығып  тұрған  “ Қазақ  тілі”  газетінің 

1922 жылғы қыркүйектің 28-і күнгі санында жарияланған. Бұл 

басылымға сол газеттегі нұсқасы бойынша беріліп отыр. Баспаға 

дайындағандар – Бейсенбай Байғалиев пен Сұңқар Жұртбаев.

Бұл кезде М. Әуезов Семей қаласында ҚазАткомның ерекше 

уәкілі  міндетін  атқарып  жүрген.  (Толық  мағлұматты  “ Орын-

бордан телеграм” атты мақалаға берілген түсініктен қараңыз).  

М. О. Әуезов газеттің сол санында басылған “ 200 түйе құн” деген 

мақаланы қолжазба күйінде оқып шығып, пікір білдірген. Мұнда 

М. О. Әуезов: құн даулауда бұрынғы ескі замандағыдай рудың 

мықтылығына  немесе  билік  жүйесінде  отырған  жақынының 

қолдауына сүйенбей, заңға жүгіну қажеттігін баса көрсеткен.

1.  55-бет.  “ 200  түйе  құн    мақала  мазмұнына  қарағанда 

Сыбанұлы – М. О. Әуезов талдап отырған “ 200 түйе құн” деген 

жариялымның авторы.

2. 55-бет. “ ...шерезушайни сиез  “ чрезвычайный съезд” деген 

орысша сөз тіркесінің “ қазақша” айтылуы, яғни төтенше съезд 

немесе төтенше бас қосу. Кеңес өкіметі орнағанға дейін мұндай 

съездер көбіне бір уездің, кейде сирек те болса бір облыстың 

көлемінде шақырылып тұрған. Ондай съездерге, егер олар уездік 

дәрежеде  болса  –  оны  мекендеген  болыстардың  өкілдері,  ал 

облыстық деңгейде болса – уездердің өкілдері қатынасқан. Оған 

уездік, кейде облыстық дәрежедегі орыс әкімшілігінің өкілдері 

қатынасып отырған. Төтенше съездерде жер дауы, жесір дауы, 

ұрлық пен барымта мәселелері, қоғамдық, тәртіп ісі талқыланып 

отырылған.

3.  56-бет.  “ ...Семейдегі  губхалбике    Семей  губерниялық 

халық билерінің кеңесі.

4.  56-бет.  Тұрағұл  (1876–1934)  –  Абайдың  екінші  әйелі 

Әйгерімнен туған баласы, ақын, аудармашы. Ол 1917–1920 жыл-

дары Семей өңіріндегі “ Алаш” қозғалысына белсене араласып, 

әртүрлі жауапты қызметтер атқарған.

24–1246


5.  56-бет.  Мекайыл  –  Абайдың  Әйгерімнен  туған  баласы 

(1884–1931), орысша, арабша сауатты болған, домбыра тартып, 

ән салған, әкесі Абайдың өлеңдерін түгелге дерлік жатқа білген. 

1931 жылы бай баласы ретінде ұсталып, атылып кеткен.

6.  57-бет.  Майқы,  Бошан  –  Семей  облысының  Қарқаралы 

уезін мекендейтін рулардың аттары.



Қ. Нұрпейісұлы

371

ОҚУҒА ҰМТЫЛАТЫН УАҚЫТ

Мақала  “ Қазақ  тілі”  газетінің  1922  жылғы  18  қараша 

күнгі  84-санында  жарияланды.  Бұдан  кейін  ешқайда  жарық 

көрген жоқ. Толық басылымға дайындап, ұсынғандар – Сұңқар 

Жұртбаев пен Мұқаш Қожахметұлы.

1922  жылдың  тамыз–қыркүйек  айында  өткен  губерниялық 

кеңестерде  большевиктердің  ықпалы  күшейіп,  “ Алашорда” 

қайраткерлерін  үкімет  билігінен  шеттетіп,  оларды  партия 

қатарынан  шығарды.  Ахмет  Байтұрсыновты  үкімет  құрамына 

өткізбей  тастады.  Астыртын  контрреволюциялық  ұйым  ашты 

деген  желеумен  Әлихан  Бөкейханов.  пен  Міржақып  Дулатов-

ты абақтыға жауып, айғақ таба алмаған соң, босатуға мәжбүр 

болды.  Ә.  Бөкейханов  сол  жылдан  бастап  Мәскеу  қаласында 

мырзақамақта  болып,  оның  Қазақстанға  келуіне  тыйым  са-

лынды.  Алаш  қайраткерлерінің  барлығы  оқу-ағарту  саласына 

ауысып,  жоғары  оқу  орындарының  маңына  топтасты.  Саяси 

жағдай  біршама  қалыпты  деп  есептелетін  Ташкент  қаласына 

ауысты.  Тіпті  С.  Сәдуақасовтын  өзі  шет  елге  барып  оқуға 

өтініш білдірді. Бірақ оны жібермеді. М. Әуезов те Орынборға 

қайтып оралмады. Ташкент қаласындағы Орта Азия мемлекеттік 

университетіне оқуға түсті. Міне, осы кездегі көңіл-күй әуенінің 

ауанымен жазылған “ Оқуға ұмтылатын уақыт” деген мақаласы 

өзінің  алдына  қойған  мақсатынан  хабардар  етеді:  “ Оқусыз 

ел  –  дүниедегі  тіршілік  жарысына  ере  алмай  жоқ  болады” 

деуінде  де  сондай  астар  жатыр.  Ол  өзіне  жақсы  таныс  оқу-

ағарту,  мектеп  саласындағы  селқостық  пен  енжар  тіршілікке 

ренжіп: “ Қазақ оқу жұмысы өте кепілсіз халге айналды. Оның 

себептерін бұрынғы мақалаларымызда айтқанбыз”, – деп өзінің 

бұрын жарияланған “ Оқу ісі”, “ Қазақ оқығандарына ашық хат”, 

“ Бүгінгі зор міндет”, “ Қазақ қызметкерлерінің міндеті”, “ Қазақ 

бөлімдері”, “ Қазақ институты” т. б. мақалаларындағы көтерілген 

мәселелерді еске салады. Бұл мақала – Семей жұртшылығына 

айтып  кеткен  аманат  сөзі  екені  сөз  қолданыстары  мен  астар-


лы  желісінен  бірден  аңғарылады.  Ташкентке  барған  соң  да 

“ Шолпан”  журналы  арқылы  оқу-ағарту  саласына  көңіл  бөлу 

туралы  шағымды  пікірлер  қозғады.  Мақала  М.  Әуезов  Таш-

кентке  жүріп  кеткеннен  кейін  жарияланған  сияқты.  Бұл  оның 

өзі  ұйымдастырып,  алғашқы  шығарушыларының  бірі  болған 

“ Қазақ тілі” газетіндегі соңғы мақаласының бірі.

1. 58-бет. “ ...елдің алдына салып, пікір жүргіздік  елдің наза-

рына ұсынып, пікір білдірдік деген мағына береді.

2.  58-бет.  “ ...мұғалімдік  жұрты    мұғалімдер  даярлайтын 

орын.


3.  59-бет.  “ ...қазынасынан  асыралатын    қазынадан 

қамтамасыз етілетін.



Т. Жұртбай

373

К ТРЕХЛЕТИЮ КИРРЕСПУБЛИКИ

Статья опубликована в газете “Степная правда” (ныне – “Казах-

станская правда”) 16 июня 1923 г., перепечатана в журнале “Простор” 

(1972. № 2), вошла в 20-томное собрание сочинений М. О. Ауэзова  

(А., 1984. Т. 15). Статья посвящена трехлетию образования Киргизской 

(Казахской – К. Н.) АССР. Об образовании Киргизской (Казахской –  



К. Н.) АССР в составе РСФСР было объявлено на учредительном съезде  

Советов Казахстана (4–12 октября 1920 г., г. Оренбург) согласно Декрету 

ВЦИК и СНК РСФСР, подписанному М. И. Калининым и В. И. Лениным 

26 августа 1920 г., “Об образовании Киргизской (Казахской – К. Н.) 

Советской Автономной социалистической республики”.

1. 60 стр. – “...трудящихся Киргизии” – имеется в виду “трудя-

щихся Казахстана”. До 1925 года в официальной литературе Казахстан 

назывался Киргизией, а казахи – киргизами. Пятый съезд Советов Ка-

захстана (15–19 апреля 1925 г., г. Кзылорда) вернул казахскому народу 

его историческое имя.

2. 60 стр. – “...мобилизации киргиз на тыловые работы” – моби-

лизация на тыловые работы казахов и представителей других коренных 

народов Средней Азии, а также частично Сибири осуществлялась в 

соответствии с царским указом от 25 июня 1916 г. “О реквизации ино-

родческого  мужского  населения”.  Реквизированных  планировалось 

использовать в основном для работ по устройству оборонительных 

сооружений и путей военных сообщений в районах дислокации частей 

действующей армии. Из Казахстана и Средней Азии должны были 

реквизировать 400 тыс. человек, в том числе из степных областей Ка-

захстана – более 100 тыс., из Семиречья – 87 тыс. человек. Указ от 25 

июня 1916 года явился поводом для начала национально-освободитель-

ного восстания казахского народа и коренных народов Средней Азии.

3. 60 стр. – “ ...трудовая масса кирнаселения” – имеется в виду 

основная масса казахского населения, казахов.

4, 5. 60 стр. – “ большой бек, меньшой бек” – подразумеваются 

полумифические герои казахских народных сказок.

6. 61 стр. – “ ...властью эсеров и остальных контрреволюционе-


374

ров” – имеются в виду местные органы Временного правитель-

ства  –  исполнительные  комитеты,  подавляющее  большинство 

мест в составе которых занимали представители партии соци-

алистов-революционеров  (эсеров)  и  их  сторонники  из  других 

мелкобуржуазных  партий,  а  также  партии  конституционных 

демократов  (кадетов)  (см.  ниже  –  “ Комитет  Учредительного 

собрания”).

7. 62 стр. – “ ...нужды коренного населения” – надо пони-

мать “казахского населения”.

8. 62 стр. – “...Комитет Учредительного собрания и Уфимское 



совещание...” – Комитет членов Учредительного собрания (Комуч, 

“Самарская учредилка”) – эсеровское антисоветское правительство, 

образованное из части членов Учредительного собрания в г. Самаре  

8 июня 1918 г. после свержения там советской власти. В своем противо-

стоянии советской власти правительство Алаш-Орды заключило союз 

с правительством Комуча. Уфимское государственное совещание – это 

совещание представителей антисоветских правительств, политических 

партий и организаций, состоявшееся в г. Уфе 8–23 сентября 1918 г. 

В  нем  участвовали  делегации  Комитета  Учредительного  собрания, 

Временного сибирского правительства. Туркестанской (“Кокандской”) 

Автономии, правительств Алаш-Орды, Уральского, Сибирского, Орен-

бургского, Семиреченского, Иркутского и других казачьих войск. 23 

сентября 1918 г.  Уфимское государственное совещание создало антисо-

ветский орган – “Временное всероссийское правительство”, вошедшее 

в историю под названием “Уфимская директория”.

К. Нурпеисов, 

член-корреспондент АН РК, 

доктор исторических наук

профессор


375

АХАҢНЫҢ ЕЛУ ЖЫЛДЫҚ ТОЙЫ

Мақала  тұңғыш  рет  1923  жылы  “ Ақжол”  (4  ақпан)  және 

“ Тілші” (12 наурыз) газеттерінде жарияланды. Содан алпыс бес 

жыл өткенде барып, “ Қазақ әдебиеті” газетінің 1988 жылғы 23 

желтоқсан күнгі санында жарық көрді. Осы басылым Қазақстан 

Республикасының  Ғылым  академиясының  корреспондент 

мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рымғали 

Нұрғалиевтің құрастыруымен Ахмет Байтұрсыновтың “ Ақ жол” 

деген атпен шыққан шығармалар жинағына (Ахмет Байтұрсынов. 

Ақ  жол,  1991,  17–21-беттер)  енді.  Жазушының  елу  томдық 

академиялық  толық  басылымына  алғашқы  жарияланғандағы 

нұсқасы салыстырылып, сол қалпында жіберіліп отыр.

Мақаланың  екінші  жарияланымы  қалың  оқушы  қауым  үшін 

ерекше  жаңалық  болып  көрінген  белгілі  тарихи  оқиғамен  тұспа 

тұс  келді:  ол  –  жиырмасыншы  ғасырдың  бірінші  жартысындағы 

қазақ  ұлы  ойшыл  қайраткерлері  Ахмет  Байтұрсынов,  Мағжан 

Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов есімдері мен мұраларының ортаға 

қайта  оралуымен  байланысты  болды.  Осы  есімдерді  алдымен 

Қазақстан Республикасы прокуратурасының: “Қазақстандағы Алаш 

буржуазиялық  ұлтшылдық  партиясы  мен  Алашорда  үкіметінің 

басшыларына  кешірім  жасау  туралы  Бүкілроссиялық  Орталық 

Атқару Комитетінің 1919 жылғы 4 апреліндегі шешіміне қарамастан 

белгілі әдебиетшілер М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауы-

тов  1930  жылы  және  содан  соң  1937–1938  жылдары  социалистік 

заңдылықтың тым өрескел бұзылуы жағдайында негізсіз қылмысты 

жауапқа  тартылып,  контрреволюциялық  антисоветтік  қызметпен 

айналысты-мыс деген желеумен өлім жазасына кесілген болатын.

Биыл Қазақ ССР прокуроры республика Жоғарғы сотының 

сот  коллегиясына  үкімді  жоюды  және  аталған  адамдардың 

әрекеттерінде  қылмыс  құрамының  болмауы  себепті  олар 

жөніндегі істі тоқтатуды талап еткен наразылықтар енгізген еді.

Қазақ  ССР  Жоғарғы  соты  наразылықтарды  республика 

прокурорының қатысуымен қарай келіп, оларды толық көлемінде 


376

қанағаттандырды. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев жэне Ж. Айма-

уытов жөніндегі істер тоқтатылып, олар ақталды, М. Жұмабаев 

қылмысты істердің бірі бойынша 1960 жылы ақталған болатын. 

“ КазТАГ” деп аталатын хабарламасы және Қазақстан Орталық 

Партия Комитетінің олардың мұраларын ақтау жөніндегі шешімі 

жарияланды.  Осы  жаңалыққа  орай  шыққан  “ Қазақ  әдебиеті” 

(23  желтоқсан,  1988  жыл)  газетінде  Мұхтар  Әуезов  үшеуіне 

де қатыстылығымен көрінді. Мұндағы “ Ахаңның елу жылдық 

тойы”  Ахмет  Байтұрсынов  туралы  болса,  Мағжан  жөніндегі: 

“ Мағжанды  сүйемін,  Еуропалығын,  жарқыраған  әшекейін 

сүйемін.  Қазақ  ақындарының  қарақордалы  ауылында  туып 

еуропадағы  мәдениетпен  сұлулық  сарайы на  оратылып  барып 

жайлауы  жарасқан  арқа  қызын  көріп,  сезгендей  боламын. 

Мағжан – культурасы зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен 

күйшілдігіне  қарағанда  бұл  бір  заманның  шегінен  асқандай. 

Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан асып озып ілгерілеп кеткен 

ақын болады. Әдебиет әдебиет үшін деген таңба айқын болмай 

нәрлі  әдебиет  болуға  жол  жоқ.  Сондықтан  бүгінгі  күннің  бар 

жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық 

қалуға  жарайтын  сөз  Мағжанның  сөзі.  Одан  басқамыздың 

бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін” (382-папка, 4-бет) 

деген  ой-толғанысы  өзінің  “ Өз  жайымнан  мағлұмат”  атты 

өмірбаяндық қолжазбасынан алынып берілді.

Жүсіпбек  Аймауытовтың  бірінші  рет  жарияланып  отырған 

өмірбаяндық мақаласы да М. Әуезов архивынан алынды. “ Өз жа-

йымнан мағлұмат” сияқты бұл да Смағұл Сәдуақасовтың белгілі 

қалам қайраткерлеріне жолдаған алты сұрағына орай жазылған. 

Осы жаңалық тұста М. Әуезов есімінің олармен бірге көрінуі, 

шынында да, жұртшылық үшін тазалықтың, адалдықтың және 

сол  жандармен  ниеттес,  бағыттас,  үндес,  тағдырластығының 

белгісі сияқты әсер қалдырды.

М.  Әуезов  бұл  мақаласын  қазақ  зиялылары  екі  дай  болып 

бөлініп,  айтыс-тартыстарының  ушығыңқырап  тұрған  кезінде 

жазды;  осының  алдында  ғана  Орынбордағы  билеуші  топпен 

ой-мүдделері үйлеспей қызметі мен партияға мүшелігін тастап, 

Ташкентке қоныс аударып еді. Қазақ АССР-нің бірінші конфе-

ренциясында  КазЦИК-тің  президиум  мүшелігіне,  оның  саяси 

хатшылығына  мақаласының  арқауы  болып  отырған  Ахаңның 

байшылдық-ұлтшылдық пиғылынан тыйылмады деген сылтау-

мен партиядан шығарылып, наркомдық (оқу-ағарту министрі) 

қызметінен босатылған жылдың күзінде (қазан, 1921 ж.) сайла-



377

нып еді. Оның осындағы еңбек жолы да Ахаң сияқты бір жылға 

жетпеді.  Себебі,  он  сегізінші  жылдың  басында  ұйымдасқан 

Омбыдағы “ Азамат” серіктестігінің Смағұл Сәдуақасов (1900–

1933),  Ғаббас  Тоғжанов  (1900–1937),  Әбдірахман  Байділдин 

(1897–1931),  Қошке  Кемеңгеров  (1896–1937)  сияқты  оқыған 

жастарымен және Алаштың белгілі, белді қайраткерлерімен бір 

жол, бір бағытта деп білетін Орынбордағылар оны түртпектеп 

шыдатпады. Ал олардың жолына да, бағытына да оң қарайтын 

Түркстандағы Сұлтанбек Қожанов (1894–1937), Нәзір Төреқұлов 

(1892–1937)  сияқты  тұлғалар  о сылайша  ығыстырылып, 

шеттетілгендерді  бауырларына  тартумен  болды.  Төрт-бес 

жыл  бұрын  Алаш  үкіметі  құрылған  кезде  Ә.  Бөкейханов  пен 

А.  Байтұрсыновтар  да  Нәзір  Төреқұловты  Торғай  облысы-

на  шақырып,  1913–1918  жылдар  аралығында  шығып  тұрған 

“ Қазақ” газетінің орнына ашылған “ Қазақ мұңы” газетіне жа-

уапты редактор еткен еді. Алаш таратылған соң ол Түркстанға 

қайта оралды да, республиканы басқарып тұрған кезінде қуғын 

көрген алаш азаматтарына қолынан келген жақсылығын аянып 

қалмады. Оның кейбір көрінісін Мағжан Жұмабаевтың: “ Жиыр-

ма үшінші жылы Ташкентке бардым. Онда оқу-ағарту наркомы 

Қожановтың көмегімен қазақ оқу-ағарту институтына түстім. Ол 

оқуға жолдама жазып, жәрдем жасағандар – Төреқұлов Нәзір, 

профессор Поливанов болды. Орталық баспаға орналастырған 

да Төрекұлов еді” (Ж. Әлмешұлы, “ Нәзір Төреқұлұлы”. 1996, 

88-бет)  деген  сөздерінің  өзі-ақ  көз  алдыға  келтіре  алады.  

М. Әуезовтің де Ташкентке ауысуының, одан ары солардың жол-

дамасымен Ленинград университетіне барып түсуінің астарында 

осындай сырлар жатты.

А.  Байтұрсынов  тойының  ел-жұртқа  танылатындай  болып 

өтуін  құптамайтындар,  әсіресе,  Орынбордағы  оқығандар  ара-

сынан көптеп табылды, олар мүмкіндігінше бұрып-бұрмалауға 

тырысып  бақты.  Дегенмен,  сол  тұстағы  ірі  кайраткерлердің 

көпшілігі Ахаңның қазақ халқы тарихындағы орны мен рөлін 

шынайы бағалады, мәселен, Мұстафа Шоқай: “ Ол – әйгілі қазақ 

жазушыларының  бірі.  Ол  қандай  лагерьді  жақтаса  да,  біздер, 

қазақ зиялылары оның көзқарастарының мөлдір екеніне күмән 

келтірмейміз” (М. Шоқай, “ Түркстанның қилы тағдыры”. 1922 

жыл.  104-бет)  десе,  Түркстанның  ойлы  азаматтары  өздерінің 

қалай  танып  бағалайтындарын  “ Ақжол”  газетінің  (4  ақпан, 

1923  жыл)  бетінде:  “ Қазақ  халық  болғаннан  бері  өз  бетінше 

әркімен  дәуір  сүрген  кезі  болмай,  қоңсы  халықтарының  қол 



378

астына кезекпен қарай-қарай келіп, бастаған хандарының өзара 

келісе алмаған кесепатынан орысқа бағынып, үш жүз жылдай 

үзілместен  келген  Романовтар  үкіметінің  зұлым  саясатының 

кесірінен жері мен салтынан, тілінен айырылуға айналып бара 

жатқанын алдымен сезіп, оянған Ахаң еді.

Орысқа  жақындасып,  Европа  тәрбие сін  а лған  қазақ 

оқығандары өз халқына қарамай, жан бағу дегенді жеңіл көріп, 

шен қуып, кексеге кіріп, хүкіметке жағынып, “ жақсы адам” ата-

нып  жүргенде,  оқудан  шығысымен  қырдағы  қалың  қазақтың 

ішіне барып, бар білгенін қазақ балаларына үйретуге ынта қылып, 

қазақтың кара тіліне шыр кіргізбей сақтап, қайта түзей беруге 

қам қылған Ахаң еді.

Ахаң  ұлт  матбұғатының  көзін  ашпағанда,  әлдеқашан  ескі 



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.79 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет