Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.
Pdf просмотр
бет22/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32

ЛӘЙЛӘ, МӘЖНҮН

Шәкәрім  Құдайбердіұлының  “ махаббат,  ғашықтық”  деген 

нәрсенің  барып  тұрған  жақсысы  (идеальная  форма)  қандай 

болуы  керектігін  көрсету  үшін  жазған  “ Ләйлі  –  Мәжнүн”  да-

станы  алғаш  рет  1922  жылы  “ Шолпан”  журналының  қараша, 

желтоқсан айында шыққан 2–3-сандарынан бастап жарияланып, 

жалғасы  4–8-сандардан  орын  алды.  Дастан  “ Ләйлә,  Мәжнүн” 

деген үлгіде, екі адамның есімдерінің ортасына үтір қойылып 

басылып,  оған  қоса  шағын  алғысөз  беріліп,  “ Басқарма”  деп 

қол  қойылған.  “ Басқарманың”  атынан  түсінік  жазған  және 

Шыңғыстауда  жатқан  Шәкәрімнің  дастанын  Ташкенттегі 

“ Шолпан” журналының редакциясына өзімен қоса ала барған 

адам  да  –  Мұхтар  Әуезов.  Мұны  ақынның  баласы  Ахат 

Құдайбердиев  өзінің  естелігінде  толық  растайды  (Қараңыз: 

Шәкәрім. Шығармалары. Алматы. Жазушы, 1988 жыл. 552-бет). 

Ондағы  түсініктеме  бойынша:  “ ...поэманы  журнал  редакция-

сына  тапсырған  да,  жариялануына  көмектескен  де  –  Мұхтар 

Әуезов”.  Сондықтан  да,  “ Басқарма”  деп  қол  қойған  Мұхтар 

Әуезов екендігі еш күмән тудырмайды. Бұл алғысөз жазушының 

шығармалар жинағының елу томдық басылымына журналдағы 

нұсқа бойынша тұңғыш рет кирилл һарпіне көшіріліп беріліп 

отыр. Дайындаған Сұңкар Жұртбаев.

“ Ләйлі  –  Мәжнүн”  дастанын  Шәкәрім  1907  жылы  жазған. 

“ Шолпан”  журналына  дайындау  барысында  Мұхтар  Әуезов 

дастанның:  “ Біле  ме  сіздің  қазақ  ғашық  жайын”  –  деп  баста-

латын сегіз шумақтан тұратын кіріспесін қысқартқан. Ішінара 

түзетулер енгізген. Сәкен Сейфуллин 1935 жылы бұл дастанды 

жеке  кітап  етіп  бастырып  шығарды.  Одан  кейін  1988  жылғы 

шығармалар жинағында толықтай басылды.

Шағын алғысөзде дастанның әлем әдебиетінде алатын орыны 

мен оның шыққан тегін және ол туралы Еуропа ғұламаларының 

пікірін  қысқаша  ғана  баяндап  өткен.  Сондай-ақ  “ Ләйлі  – 

Мәжнүн”  дастанын  аударма  деп  бағалайды.  Бұл  негізінен 


355

жаңсақ  қолданылған  сөз.  Негізінде,  шығыста  кең  тараған 

нәзира үлгісінде жазылған Шәкәрімнің төл туындысы екендігі 

анық. Мұны оқиғаны баяндау, дамыту, бейнелеу барысындағы 

айырмашылықтардан толық аңғаруға болады.

Таныстыру  мақсатымен  жазылған  алғысөзге  “ Басқарма” 

деп қол қоюының өзіндік себебі де бар. Дәл осы санда Мұхтар 

Әуезовтің  алты  туындысы  қатарынан  жарияланды.  Олардың 

соңына:  “ басқарма  атынан  –  Мұхтар  Әуезов”,  “ Жаяу  сал”, 

“ Қоңыр”,  “ Мұхтар”,  “ Қоңыр”  деп  қол  қойды.  Сондықтан  да, 

шағын  кіріспеге  өзінің  атын  үстемелеп  қайталамас  үшін  жай 

ғана “ Басқарма” деп жазған.

1.  45-бет.  “ ...арабтың  ескі  әңгімесінің  бірі    бұл  арадағы 

“ әңгіме” деген сөзді “ аңызы” деп түсінген абзал.

2. 45-бет. “ ...алдарақ жәйін түсіндірмекшіміз  зады “ алдарақ” 

сөзі  баспаханадан  кеткен  қате,  жаңсақ  жазылған  сөз  сияқты. 

Өйткені,  Ташкенттегі  әріп  терушілердің  дені  өзбек  емілесін 

пайдаланатын.  Жалпы  мағынасы  –  алдын  ала  оқиға  жайын 

түсіндірмекшіміз – дегенге саяды.

3. 45-бет. “ ...алдымен кететін  баспаханадан кеткен қателік, 

негізінде: “ алдымен көрінетін Арабстан гауһары” – деп жазы-

луы керек.

4. 45-бет. Генрих Гейне (1797–1856)  –  немістің  ұлы  ақыны, 

шығыс поэзиясын ерекше бағалаған, оларға арнап мадақ өлеңін 

жазған.

5. 45-бет. “ ...қазақтың белгілі өлеңшілерінің бірі  бұл арада 



“ өлеңшілерінің бірі” деген сөзді “ ақындарының бірі” деп түсіну 

кажет. Өйткені, Шәкәрім жай ғана жаттанды сөздерді айтатын 

өлеңші емес, өз жанынан эпикалық дастандар шығарған ақын. 

Мұхтар Әуезов те дәл солай түсінген. “ Өлеңші” деген ұғымды 

дәл қазіргі мағынада түсінуге болмайды.

6.  45-бет.  Физули  Бағдади  (1494–1556)  –  әзірбайжанның 

ұлы  ақыны,  шын  аты  –  Мұхаммед  Сүлейменоғлы  Физули,  ал 

Бағдади деген лақап аты. Бағдади деп өте сирек аталады. Соған 

қарағанда, Шәкәрім оның Түркия не араб елдерінде қолжазба 

күйінде тараған өлеңдерімен таныс болса керек. М. Әуезов те 

соған  сүйеніп  “ Бағдад”)  деп  жазған  сияқты.  Физулиді  Абай 

өзіне ұстаз тұтқан.



Т. Жұртбай

356

ОРЫНБОРДАН ТЕЛЕГРАМ

Жеделхаттың  еркін  аударма  арқылы  жасалған  нұсқасы 

“ Жетісіне екі рет шығатын Семей губисполкомының һәм РКП 

комитетінің газеті” – “ Қазақ тілінде” 1922 жылғы “ сәрсенбі, 26 

апрель – айт” күнгі № 30 (191) санында жарияланды. Жеделхат 

бұрын ешқайда жарияланбаған. Жазушы шығармаларының елу 

томдық толық жинағында сол газеттегі нұсқасы бойынша басы-

лып отыр. Басылымға ұсынған профессор Қайым Мұхаметханов, 

араб һарпінен кирилл һарпіне түсірген Сұңқар Жұртбаев.

Көлемі шағын болғанымен де бұл жеделхаттың тарихи мәні 

ерекше. М. Әуезовтің 1919–1922 жылдардағы кеңес өкіметінің 

басқару құрылымында істеген қызметі мен ұстанған бағытының 

негізгі  түйіндерін  қамтиды  және  ресми  мемлекет  қайраткері 

ретінде берген соңғы уәкілдік нұсқауы. Жеделхаттың астарында 

жатқан окиғалардың қысқаша тарихы мынадай:

1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында өткен Бүкілқазақтық 

кеңестін I құрылтайының шешіміне сәйкес: 1. Сібір ревкомына 

қарасты  Ақмола,  Семей  губернияларын;  2.  Орал,  Астрахань 

(Бөкей) аймағындағы қазақ жерлерін; 3. Түркістан автономия-

сына қарасты Жетісу, Сырдария губернияларын Қазақстанның 

құрамына  қайтару  туралы  қаулы  қабылданды.  Соның  ішінде, 

Ақмола мен Семей губерниялары 1921 жылдың 1 қаңтарынан 

бастап  Қазақстанның  құрамына  көшуі  тиісті  болатын.  Сібір 

ревкомы  мен  Ақмола,  Семей  ревкомындағы  ұлыимпериялық 

пиғылдағы  большевиктер  бұған  қарсы  шығып,  бағынудан  бас 

тартты. 1921 жылы 20 мамыр күні Смағұл Сәдуақасұлы бірнеше 

өкілмен Семей қаласына келіп, Қазақ кіндік өкіметінің орын-

басары  ретіндегі  ресми  құқын  пайдаланып,  Сібір  ревкомына 

қарайтын  Семейдің  губревкомын  таратып,  “ колонизаторлық-

коммунистік  атқару  комитетінің”  орынына  Қазақстанның 

орталық атқару комитетіне және облыстық (Қазақстан) РКП(б) 

комитетіне  қарайтын  Семей  губерниялық  атқару  комитетін 

құрады.  Губревкомның  төрағасы  болып  Смағұл  Сәдуақасұлы 


357

тағайындалады.  Шілде  айының  19  күні  С.  Сәдуақасұлы 

губерниялық  ұйымдастыру  жұмысын  ретке  келтірген  соң 

Орынборға  шақыртылады  да,  оның  орнына  Мұхтар  Әуезов 

Семей  губерниясының  төрағалығына  сайланады.  1921  жылғы 

қазанның 4–10 жұлдызы күндері өткен Бүкілқазақтық кеңестің 

II  құрылтайында  М.  Әуезов  Қазақ  автономиясы  орталық 

атқару комитетінің жауапты саяси хатшысы болып сайланады. 

Осы  құрылтайда  “ коммунистік-колонизаторлық  саясаттың” 

беті  әшкереленіп,  ұлт  зиялылары:  1.  ұлттық  дербес  саяси-

экономикалық,  мәдени  дамуды  ұстанған  А.  Байтұрсынов, 

С.  Сәдуақасұлы,  М.  Әуезов  бастаған  “ ұлтшылдар”  және  

2. Большевиктік-империялық бағытты ұстанған С. Меңдешев, 

А.  Әйтиев,  Ә.  Жанкелдин  бастаған  “ ортақшылдар”  тобы  бо-

лып екіге бөлінеді. С. Сәдуақасұлы Қазақстан орталық атқару 

комитетінің мүшелігіне өтпей қалады. М. Әуезов құрылтайдан 

кейін  қазақ  қызметкерлерінің  арнайы  кеңе сін  өткізіп,  

С. Сәдуақасұлының Семей губерниясын Қазақстанға қаратқан іс-

әрекетін дұрыс деп тауып, арнайы қаулы шығартады. Сондай-ақ: 

1. Аштыққа ұшыраған қыр еліне көмек көрсету; 2. Шовинистік 

саясатпен  қасақана  кеңес  құрылымынан  қуғындалған  қазақ 

қызметкерлерін мекеме жұмысына тарту; 3. Жергілікті жерлер-

ге төтенше уәкілдер жіберу; 4. Ұлы орыстық саясат жүргізген 

коммунистерді жауапқа тарту; 5. Бұрын заңсыз тартып алынған 

қазақ жерлерін иесіне қайтарып беру; 6. Келімсектердің жап-

пай қоныс аударуын реттеу және тоқтату; 7. Қазақ өкілдерінен 

жасақ қызметіне адамдар тарту туралы қаулы қабылдайды және 

оны РКП қазақ, обкомының төралқасының бекітуінен өткізеді. 

Жергілікті жерлердегі қазақ комитеттерінің жұмысын күшейту 

олардың  билігін  нығайту  және  аштыққа  ұшыраған  Торғай, 

Орал,  Қостанай,  Орынбор  аймақтарына  көмек  ұйымдастыру 

үшін:  Семейге  –  Әуезов  пен  Досов,  Ақмолаға  –  Кенжин  мен 

Төлепов, Қостанайға – Сәдуақасұлы бөлінеді. 1921–1922 жылы 

ашаршылыққа  ұшыраған  бес  губерниядағы  жағдай  туралы 

Мәскеуге жолданған “ Аштарға көмек көрсету комиссиясының” 

қорытынды  есебі  бойынша  Қазақстанда  3  миллион  353228 

адам аштыққа ұшыраған, оның 1 миллион 559 мыңы қырылған. 

Осыған байланысты М. Әуезов шұғыл түрде Семейге аттанған. 

Жолсапар куәлігінде:

№ 9. 1922 ж. 3 көкек.

Қазақстан Орталык Атқару Комитеті президиумының мүшесі 

және саяси секретары М. О. Әуезовтің куәлігі.



358

Қазақстан  Орталық  Атқару  Комитетінің  атынан  Мұхтар 

Омарханұлы  Әуезовке  берілген  бұл  куәлік,  оның,  Әуезовтің, 

аталған комитеттің мүшесі және президиумының саяси хатшысы 

екендігін толығымен растайды.

Куәлікке  тиісті  ресми  адамдардың  қолы  қойылып,  мөрмен 

бекітілді.

КазОАҚ-нік төрағасы                  

 

  (Меңдешев)



ҚазОАК-нің хатшысы                  

 

 (Алманов)



деп жазылған.

Бұған қоса М. Әуезовтің жеке басының қауіпсіздігін сақтау 

үшін жапон винтовкасын алып жүруге берілген рұхсат қағазы 

тапсырылған.

Сол кездегі саяси-экономикалық ұйымдастыру шараларына 

және М. Әуезовтің төтенше өкілдікпен Семейге келе жатқанына 

байланысты “ Қазақ тілі” газеті сол күнгі № 30 (191) санында: 

“ Сөзден іске” деген атпен бас мақала жариялаған. Мұнда соңғы 

жылдардағы басқару ісіндегі берекесіздіктерді сынай келіп:

Қазақстан – Қазақстан болғалы жасағаны – топ еді, жасағаны 

– сөз еді. Әлгі сөзден жеміс шықпасына көзі жетті ме, тамағы 

қарлықты ма, жалықты ма, соңғы кезде: “ Енді іс қылайықшы!” 

–  деген  лепес  ауыздарына  кіре  бастады.  Қазақстан  хүкіметі 

тіршілігін білдіруге ниет қылды. Оның бір белгісі – елін бау-

рап алу мақсаты мен губернияға әмірі күшті комиссия жіберу 

болды. Қостанай, Ақмола, Семей губернияларына өткен ноябрь, 

декабрь  айларында  Мырзағалиев  жолдас  бастатқан  комиссия 

шығып,  халқын  аралап  қайтты.  Басқа  губернияларда  қандай 

күрделі жұмыс қылғанынан хабарымыз жоқ. Біздің Семейдегі 

ісі – һар бір маккаманың баяндамасын тыңдау, кемдігін көрсету, 

жол-жоба нұсқау болды.

“ Киркрайдың  кең,  әмірлі  комиссиясы  келіпті,  көңіліне 

жақ пағандарды орынынан жұлып тастайды”, – деген лақап сөз 

жүректердің үрейін ұшырды. Бірақ , “ құдай оңдап”, Семейде шиі 

шыққан кісі болмады, “ басы қатты болса, түбі тәттіге” айналып, 

қағаздарын теңдеп, комиссия кетті. Есен-аман қалғандар: “ Уһ!” 

деп, алласына сиына шүкір етті.

Комиссияның  келгені  теріс  болған  жоқ:  “ отаршыл-мотар-

шыл”,  “ ұлтшыл-мұлтшыл”  адамдар  болса,  бір  желпіндірді, 

қожайыны  бар  екенін  көздеріне  бір  көрсетті.  Комиссияның 

кезінде  қай  маккамаға  барсаң  да:  “ Кирдекрет”.  “ Кирцентр”, 

“ Киркрай”,  “ кирработник”  деген  сөздер  моды  болып  жүрді. 

Оның сарқыншағы әлі де созылып келеді.


359

Осы  санда  19  апрельде  алынған  Мұхтар  Әуезовтің  теле-

грамын  басып  отырмыз.  О  кісі  де  күшті  әмірмен  келе  жатса 

керек.  Қазақстан  Кіндігіндегі  үш  үлкен  маккаманың  аты-

нан  уполномоченный  (уәкіл)  болған  көрінеді.  Телеграмына 

қарағанда беті қатты: қазақ ішінде советский, партийный һам 

кәсіпшілер жұмыстарын күшейтемін дейді; жер туралы шыққан 

декреттерді орындаймын, яғни, Ертіс бойынан қазаққа жер алып 

беремін,  милицияны  қазақ  еңбекшілдерінен  жасаймын  дейді; 

Бұл жұмыстарды орындау үшін алғашқы уақытта қазақтан 20 

шақты  қызметкер  керек;  керекті  кісілерді  Семейге  алдырып 

қойыңдар депті.

Осы майдың басы кезінде Әуезов жолдас келсе керек.

Әуезов жолдастың мойнына алып келе жатқан міндеті зор. 

Бұнын бәрі қашаннан қақсап келе жатқан тілегіміз. Ендігі кәп – 

қалайша іс болып, өмірге асу жағында. Қолында ұзындығы алты 

құлаш, күштілігі тау құлатқандай мандаты болса да, жергілікті 

маккамалар,  жергілікті  қызметкерлер  құшағын  жайып  қарсы 

алмаса, тілеуінде – бетінде болып, көмегін көрсетпесе, бір кісі 

қанша  талпынғанмен  қолынан  һеш  нәрсе  келмейді;  міндетін 

орындай алмайды. Сондықтан бұл ниеттерді орындау үшін әуелі 

Әуезов  жолдастың  білімі,  күші,  беделі,  жігері  қандай  керек 

болса,  екінші  жергілікті  қызметкерлердің  ынта-жігері,  ниеті, 

талабы сондай керек.

Қазақстан басшыларының сөзден шығып, іске кіріскендігіне 

зор қуаныш қыламыз, Алдақашан осылай болу керек еді. “ Еш-

тен  кеш  артық”,  “ қайырымен  болсын”,  –  деп  М.  Әуезовтің 

уәкілдігінен үлкен үміт күткен.

Мақаланың соңына “ Ж”-деп қол қойған. Бұл сол кезде “ Қазақ 

тілі” газетінің жауапты шығарушыларының бірі болып жүрген 

Жүсіпбек  Аймауытовтың  мақаласы  екеніне  пәленден  күмән 

тумаса керек-ті.

Толық жинаққа енгізіліп отырған жеделхаттың мәтіні “ Қазақ 

тілі” газетінің сол күнгі екінші бетінде “ Ішкі хабарлар” деген ай-

дармен “ Орынбордан телеграм” деген тақырыппен жарияланған. 

Қазақстан  Республикасы  орталық  мемлекеттік  мұрағатында 

сақталған жеделхаттың орыс тіліндегі тұпнұсқасы мынадай:

11 апреля 1922 г. Телеграмма Ауэзова М. О. председателю 

Семипалатинского губернского исполкома и секретарю губкома:

“15 апреля выезжаю в Семипалатинск для проверки деятель-

ности обкома КЦИК Казпрофбюро для усиления партсоветской 

зпт  профессиональной  работы  как  вообще  зпт  так  главным 



360

образом  среди  казнаселения  тчк  Конкретные  первоочередные 

задачи  организация  казрабочих  всех  промышленных  районов 

зпт  проведение  в  жизнь  земельных  декретов  и  вовлечение 

казбедноты  ряды  милиции  тчк  Практическое  осуществление 

означенных мероприятий тесно связано наличием казработников 

зпт имеющих опыт указанных отраслях совработы тчк Посему 

губкому и губисполкому предлагается провести срочном порядке 

учет означенных работников и вызов в губернию находящихся 

в районах тчк Требуемое количество работников первое время 

20 тчк Сообщаю зпт что усиление совработы среди казахов дан-

ный период рассматривается всеми без исключения краевыми 

учреждениями КССР как первоочередная основная задача тчк 

Посылкой уполномоченных всех губерний КССР ей придается 

характер  кампании  тчк  Посему  всякое  халатное  отношение  к 

ней считается недопустимым зпт преступным.

Уполномоченный обкома, КЦИК, Казпрофбюро           (Ауэзов)”.

(ҚР ОМА, 5 қор, 18 тізім, 94 іс, 15 бет).

Жеделхаттың  жазылу  тәртібіне  байланысты  емілелік 

белгілері  сол  тұпнұсқа  бойынша  беріліп  отыр.  М.  Әуезовтің 

өмірі туралы ғылыми зерттеулерге бұл жеделхаттың пайдалануы 

мүмкін екендігін және газеттегі мәтіннің баяндау тұрғысында 

берілгендігін  ескере  отырып,  жеделхаттың  аудармасын  қоса 

ұсынып отырмыз.

“ Семей  губерниялық  атқару  комитетінің  төрағасына  және 

губ комның хатшысына!

15 көкек күні КЦИК-тің обкомның және Қазақ кәсіпшілері 

бюросының өкілі ретінде партия, кеңес және кәсіптік жұмысты 

жандандыру мақсатымен Семейге аттанамын, басты назардағы 

жұмысым қазақ тұрғындары арасындағы белсенділікті арттыру. 

Барлық  кәсіпшілік  аудандарындағы  қазақ  жұмысшыларының 

басын қосу, жер туралы декретті жүзеге асыру, қазақ кедейлерін 

жасақ  қатарына  тарту  –  бірінші  міндет.  Аталған  шараларды 

жүзеге  асырудағы  басты  тірегім  –  кеңес  қызметінде  жүрген 

қазақ  қызметкерлері  болмақ.  Сондықтан  да  губком  мен  губи-

сполком жоғарыдағы қызметкерлердің тізімін жасап, аудандар-

дан  губернияға  шақырып  алу  ұсынылады.  Алғашқы  кезеңдегі 

қажетті адамның саны 20. Қазақ қызметкерлерімен жұмыс істеу 

–  КССР  мекемелерінің  кезек  күттірмейтін  бірінші  кезектегі 

міндеті  екендігін,  одан  ешкімнің  де  тыс  қалмауы  қажеттігін 

ескертемін.  КССР  губернияларына  жіберілген  өкілдердің 

барлығы  да  шұғыл  тапсырманы  орындаушы  болып  табылады. 



361

Сондықтан  да  оларға  немкетті  қарау  –  кешірілмейтін  қылмыс 

есебінде жауапқа тартылады.

К Ц И К - т і ң ,   о б ком н ы ң ,   К а з о р т к ә с б ю р о с ы н ы ң   ө к і л і                        



Әуезов.

М. Әуезов осы сапары барысында Торғайдағы ашаршылыққа 

ұшыраған  елге  азық-түлік,  мал  жинады,  кооперативтер, 

мойынсеріктер, ұсақ кәсіпшілік жұмыстарын, несие алу мәселесін 

ұйымдастырды. Өзінің тікелей қатысуымен Шыңғыстың сыртын-

да Бақанас өзенінің бойынан кооператив ашты. Канал қаздырып, 

егін  ектірді.  Қазақ  қызметкерлерін  кеңес  жұмысына  тартты. 

Сол  кезде  большевиктер  партиясының  облыстық  комитеті 

ұлттық  зиялылардың  орталықтан  сыртта  жүруін  пайдаланып, 

партиялық тазалау жүргізді және “ Алашорда” қайраткерлерін 

мемлекеттік қызметтен ысырып, Ә. Бөкейханов пен М. Дулатов 

іспетті көсемдерді қамауға алды. С. Меңдешев, С. Сейфуллин, 

У. Жәнібеков, А. Әйтиев, С. Шарипов, Ә. Жанкелдин, А. Ораз-

баева, Ә. Асылбеков т. б. большевиктер Қазақ облыстық партия 

комитетінің хатшысы Коростылев пен КССР халық комиссар-

лары кеңесінің төрағасы Радус-Зеньковичтің ықпалымен алаш 

қайраткерлерін ашық қудалауға ұшыратады.

Аса  күрделі  жағдайда  жұмыс  істеген  Мұхтар  Әуезов  пен 

Әбілқайыр Досовқа Семейдегі “ ортақшыл орыс большевиктері 

мен ортақшыл қазақ қызметкерлері” қатты қарсылық көрсетіп, 

олардың  пәрменін  орындаудан  бас  тартты.  Солардың  ішінде 

Қарқаралы  уезінің  бастығы  Шаймерден  Тоқжігітов  ерекше 

белсенділік  танытты.  Бұл  жөнінде  “ Қазақ  тілі”  газетінде 

Әбілқайыр  Досовтың  хаты  мен  “ Есіл  Қарқаралы”  атты  сын 

мақала  шықты.  Бұған  қарсы  Шаймерден  Тоқжігітов  те  жауап 

жазды.  Өздерінің  Семейдегі  өкілдік  қызметтері  туралы  баян-

дай  келіп,  Ш.  Тоқжігітовке  екінші  қайтара  берген  жауабында 

Әбілқайыр Досов:

“ Және де менің Қарқаралы (лық) жолдастарға артық қойған 

кінәм  болса  көлденең  адамдар  сынар.  Онан  сон  халық  ал-

дында,  жіберген  маккамалардың  алдында  да  ұялмасақ  керек. 

Есіңізде болсын, августың 6-сында болған губерниялық партия 

комитетінің  пленум  тобында  кіндіктен  келген  уәкіл  Әуезов, 

Досов  жолдастардың  істеген  қызметтері  туралы  мынадай  бір 

ауыздан қаулы қылып отыр: “ Кіндіктен келген Әуезов, Досов 

жолдастың  аз  уақытта  істеген  істері  осындай  ауырлық  һалде 

үлкен  іс  деп  білеміз.  Орынды,  тиянақты  деп  табамыз”  –  деп. 

Және де Орынборда(ғы) облыстық комитеттің көзқарасын ба-



362

сып отыр ғой. Тегінде, бұл мақалаға қарағанда, Семейге келген 

уәкілдерден асырып істегені жоқ көрінеді. Аз болсын, көп бол-

сын, не болса да Семейде іс істелгенін тауып отыр”, – деп жазды.

“ Қазақ, тілі”, 1922, 6 қыркүйек, № 66 (227).

Мұхтар  Әуезов  большевиктік  партияға  деген  сенімі  мен 

оның жүргізген саясатына қарсылық ретінде қызметке кайтып 

оралмайды,  партия  қатарынан  шығады  да  Ташкентке  кетеді. 

Ал  Облыстық  партия  ұйымының  хатшысы  Коростылев  оған: 

“ білімді, бірақ ұлтшылдықтан арылмаған, кеңсе қызметіндегі 

тәжірибесі бар, бірақ ұлтшылдық пиғылдан арылмаған” – деген 

мағынада мінездеме жазып береді.

1.  46-бет.  “ Губисполком”  –  губерниялық  атқару  комитеті, 

үкіметтің атқарушы құрылымы.

2.  46-бет.  “ Губком  секретары”  –  губерниялық  комитеттің 

хатшысы, Ресей коммунистік (большевиктер) партиясының орта 

дәрежелі орындаушы ұйымы, партиялық мекеме.

3.  46-бет.  “ Қазақстан  Орда  Атқару  Комитеті    Қазақстан 

Орталық  Аткару  Комитеті.  “ Орталық”  деген  сөзді  қазақ 

мемлекеттігінің ұлттық астарын аңғарта “ орда” деп аударған.

4. 46-бет. “ Қазақстан Кіндік кәсіпшілер бюросы  Қазақстан 

кәсіпшілерінің орталығының алқасы, ол кезде “ орталық” деген 

сөзді – кіндік деп қолдану ресми дәстүрге айналған.

5.  46-бет.  “ Хисабында”  –  есебінде,  ретінде  деген  мағына 

береді.

6.  46-бет.  “ 16-шы  апрельде”  –  жеделхаттын  түпнұсқасында  15 



көкек.

7. 46-бет. “ аудандарындағы қазақ жұмысшыларын  аудандағы 

қазақ еңбекшілерін деген мағынада түсінген абзал.

8.  46-бет.  “ ...милицияға кіргізу –  ұлттық  жасақ  құрамына 

тарту.

9.  46-бет.  “ ...байлаулы”  –  қатысты,  тиісті,  міндетті  деген 



мағына береді.

10. 46-бет. “ ...айрықша маусымды болады – өте тығыз, жедел 

жүргізіледі, ерекше мән беріледі деген мағынада қолданылған.

Т. Жұртбай


363

АШЫҚ ХАТ

(Семей губерниясындағы қазақ қызметкерлеріне)

Ашық  хат  “ Қазақ  тілі”  газетінің  1922  жылғы  17  та-

мыз  күнгі  64-санында  жарияланды.  Содан  кейін  ешқандай 

баспасөз беттерінде қайталап жарық көрген емес. Жазушының 

шығармалар жинағының елу томдық толық басылымына сол га-

зет бетіндегі нұсқасы бойынша жарияланып отыр. Ашық хаттың 

араб  һарпіндегі  нұсқасын  кирилл  һарпіне  түсіріп,  жинаққа 

дайындағандар – Бейсенбай Байғалиев пен Сұңқар Жұртбаев.

1922  жылдың  көкек  айы  мен  қазан  айының  аралығында 

Қазақ  автономиялы  кеңес  республикасының  орталық  атқару 

комитетінің,  облыстық  партия  комитетінің  және  кәсіпшілер 

одағының орталық комитетінің төтенше өкілетті өкілі ретінде 

Семей губерниясына келген Мұхтар Әуезов пен Әбілқайыр До-

сов (мұның егжей-тегжейі осы басылымдағы “ Орынбордан теле-

грам” атты хабарға орай берілген түсінікте толық баяндалған) 

үлкен  мемлекеттік  саяси  ұйымдастыру  жұмыстарын  жүргізді. 

Семей  революциялық  ревкомы  Сібір  ревкомының  құрамына 

шығып,  Қазақстанға  қосылды.  Бұл  Россия  мен  Қазақстанның 

арасындағы  қарым-қатынасты  шиеленістіріп  жіберді.  Түпкі 

тегеурінді  билік  большевиктердің  қолында  екендігі  анық 

болса да, ұлттық наразылықтан сақтанып, Ақмола мен Семей 

губерниясын Қазақ автономнясының дәргейіне беруге мәжбүр 

болды.  Бұған  Ленин  мен  “ Алашорда”  үкіметінің  арасындағы 

келісім  шешуші  ықпал  етті.  Семей  губерниясы  Қазақстанға 

қосылғаннан кейін де мамыр мен тамыз айларының арасында 

ұлы  державалық  пиғылдағы  орыс  большевиктері  мен  қазақ 

қызметкерлерінің айтысы барған сайын өрши түсті. Міне, сол 

тұста большевиктердің ықпалындағы кейбір қазақ белсенділері 

ұлттық  мүддені  ұмытып,  ашықтан  ашық  Сібір  ревкомының 

жағына шығып кетті. Ел ішіне іріткі салды. Бұл туралы пікір 

таластары “ Қазақ тілі” газетінде үзбей жарияланып тұрды. Қазақ 

автономиясының  Семейдегі  ықпалын  күшейту,  сот,  өндіріс, 



364

өкімет  биліктері,  шаруашылық  мәселелері,  оқу-білім  жүйесі 

іспетті  күрделі  істерді  ұйымдастырған  М.  Әуезов  пен  Ә.  До-

сов  өзінің  ойларын  газет  арқылы  көпшілік  қауымға  жеткізіп, 

автономияның негізгі міндеттерін түсіндіріп отырды. Мәскеудегі 

орта лық  та  бұл  мәселені  тез  шеше  қоймады.  Түрлі  өкілетті 

өкілдер  мен  комиссияларды  үсті-үстіне  жіберіп,  мәселені 

ушықтырып жіберді. Ақыры 1922 жылдың тамыз айында ғана 

большевиктер  партиясының  орталық  комитеті  арнайы  шешім 

қабылдады.  Сөйтіп,  Семей,  Ақмола  уездері  Қазақстанның 

құрамына  заңды  түрде  кірді.  Ендігі  мәселе  5  қыркүйек  күні 

өтетін  Семей  губерниясының  үшінші  кеңе сіндегі  ре сми 

талқылау  мен  дауыс  салу  кезіндегі  істің  нәтижесіне  тіреліп 

тұр  еді.  Сондықтан  да,  қазақ  қызметкерлерінің  бұл  мәселеде 

бірауызды  болуы  ауадай  қажет  болатын.  Осыған  байланысты 

“ Қазақ  тілі”  газеті  арқылы  М.  Әуезов  қазақ  қызметкерлеріне 

ашық  хат  жолдап,  оларға  бағыт-бағдар,  жөн-жоба  көрсетті. 

Газеттің 63-санында жарияланған “ Нұсқаунамаға” орай өзінің 

пікірін білдіруді азаматтық парыз деп санаған. Бұдан кейінгі га-

зет сандарында Әбілқайыр Досовтың да мақаласы жарияланды. 

“ Ашық хаттың” басты мақсаты: 1. Қазақ ұлтының автономиялық 

дербестігін  нығайтып,  қазақтың  тарихи  шекарасын  қалпына 

келтіріп, біртұтас мемлекет ретінде қалыптасуын қамтамасыз 

ету; 2. Қазақ жерінің бөлшектеніп кетуіне жол бермеу; 3. Ұлы 

державалық  большевиктік  орыстандыру  саясатына  тосқауыл 

қойып,  ұлттық  экономикалық-мәдени  даму  жолын  таңдау;  

4.  Қазақ  автономиясы  негізінде  мемлекеттік  басқару  жүйесін 

күшейту; 5. Әрбір қызметкердің азаматтық-отаншылдық сезімін 

оятып,  қазақ  елінің  іргетасын  қалауға  белсене  атсалысуға 

шақыру еді. “ Ашық хат” түйткілді мәселені шешуге тікелей әсер 

етпегенімен де орыс большевиктерінің шылауында кеткен біраз 

қазақ  белсенділерінің  көзқарасын  өзгертуге  септігін  тигізді. 

Олардың  ара  жігін  ашып,  мәселеге  байыпты  қарауға  назарын 

аударды. Сондықтан да, бұл “ Ашық хаттың” мәтінін жариялауға 

кеңес  өкіметі  тұсында  тыйым  салынды.  Сол  үшін  М.  Әуезов 

талай рет сынға ұшырап, түрмеге қамалды.

1. 47-бет. “ ...ортақшыл партиясының – деген сөз коммунистік 

партиясының деген мағынаны білдіреді.

2. 47-бет. ...кіндік комитетінің деген сөз – орталық комитеттің 

деген мағынада қолданылған.

3.  47-бет.  “ Қазақстандағы  ортақшылдарға  жазған  бұйрық 


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.79 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет