Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.
Pdf просмотр
бет20/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32

болса  да    Губерниялық  атқару  комитеттерінің  жанындағы 

бұратана  халықтар  (қазақтар)  бөлімі  –  кеңес  өкіметінің 

мемлекеттік  қызмет  құрылымында  жоқ  басқару  жүйесі  Сібір 

ревкомының  шешімімен  жергілікті  ұлттық  наразылығынан 

сескеніп, амалсыз құрылған билік буыны.


331

4.  18-бет.  “ ...тұрмыс  жүзіндегі  басқалық  жаттығының 



арқасында еріксіз бәс алып отыр  большевиктер кеңес өкіметін 

тек  қана  орыс  пролетариатының  мемлекеті  деп  түсініп,  өзге 

ұлттарды билікке жолатпады. Сондықтан да М. Әуезов “ Қазақ 

бөлімін” ұлты, тілі, діні орыстарға жаттығына қарамастан амал-

сыз құруға мәжбүр болғандығын меңзеп отыр.

5. 18-бет. “ ...қазақ жұрты қақас қалды” – қазақ жұрты шет, 

елеусіз, ескерусіз қалды деген мағына береді.

6. 18-бет. “ ...Қазақ автономиясы  1920 жылы 4 қазан күні 

Орынбор  қаласында  өткен  Қазақ  өлкелік  кеңесінін  жалпы 

құрылтайында Қазақ (Кир. Автономиялы кеңес социалистік ре-

спубликасы (КАССР) құрылды. М. Әуезов соны тілге тиек еткен.

7. 19-бет. “ ...не знаю деп  “ білмеймін деп” – иығын көтеріп, 

менсінбей жауап береді деген сөзді кекесінді мағынамен әдейі 

орыс тілінде қолданған.

8. 20-бет. “ ...тәртіп болмай, әркім өз ойына келгенін істеп, өзге 

жерлермен хабарласпаса, ол күндегі істен еш нәрсе шықпайды 

 бұл арада  М.  Әуезовтің  негізгі  емеуірін  танытып  отырғаны: 

Қазақ Автономиялы Республикасының құрамына кірмей қалған: 

1. Сібір ревкомына карасты – Ақмола, Семей. 2. Түркістаннық 

құрамындағы Жетісу, Сырдария. 3. Астрахань губерниясындағы 

қазақ  аудандарында  ашылған  қазақ  бөлімдерінің  ұстанар 

бағыты  мен  іс-әрекетінің  барлығы  бір  арнадан  шығып,  Қазақ 

республикасына  қосылу  саясатын  ұйымдасқан  түрде  табанды 

жүргізу  және  көзқарастары  мен  іс-қимыл  амалын  үйлестіріп 

отыру  –  мәселесі.  Ауыз бірлігі, топтамасы,  жалпы  қазақ  елінің 

тұтастығы қалпына  келмей, сол баяғы  “ бөлшекте  де  билей  бер” 

саясатының  құрбаны  болып  қала  беруі  сөзсіз  еді.  Ресей  мен 

Түркістан жағынан мұндай астыртын әрекеттер мен арандатулар 

белсенді түрде жүргізілді. Оған ұлтының мүддесін қорғап жүрген 

ұлт-азат  рухты  азаматтар  мен қайраткерлер  де  алданып,  аран-

далып  қалған  тұстары  болды. Мұны пролетарлық-державалық 

пиғылдағы большевиктер өте әккілікпен ұйымдастырды. Олар 

(большевиктер)  бұл  мақсатына  жете  жаздап  қалды.  Өзінің 

қателігін түсінген қазақ қайраткерлері кейіннен алаш көсемдері 

ұсынған автономиялық құрылымды жақтап дауыс берді.



Т. Жұртбай,

филология ғылымының кандидаты

332

ЖАЛПЫ ЖАРЛЫҚ

Хабарландыру мақала “ Қазақ тілі” газетінің 1921 жылғы 5 

ақпан күнгі 119-санында жарияланды. Жазушы шығармаларының 

елу  томдық  толық  басылымына  тұңғыш  рет  енгізіліп  отыр. 

Ұсынғандар – Бейсенбай Байғалиев пен Сұңқар Жұртбаев.

Мұхтар  Әуезов  1919–1921  жылдары  Сібір  революциялық 

комитетіне қарасты Семей губерниялық комитетінің бұратана 

халықтар  бөлімінің  (инородческий  отдел)  меңгерушісі  бо-

лып  қызмет  істеді.  Кейіннен  бұл  мекеме  губерниялық  атқару 

комитетінің жанындағы қазақ (киргиз) бөлімі деп аталды. Атқару 

комитетінің жанынан халық билері кеңесі (қысқартып “ халбике” 

деп атаған) құрылып, барлық заң істері соған жүктелді. Қазақ 

арасындағы дәстүрлі дау-шарлар, таласты мәселелер осы қазақ 

бөлімі  мақұлдаған  нұсқауларға  байланысты  жүргізілді.  1920–

1921  жылдардың  арасында  Семей  губерниясында  Ресей  мен 

Қазақстанның заңдары қатар қолданылып, түрлі түсінбестіктер, 

қиындықтар  тудырған.  1921  жылдың  басынан  бастап  Семей 

губерниясы Қазақстанның құрамына енгізілуге тиісті болатын. 

Үлкен  саяси-идеологиялық,  ұлттық  тартысқа  толы  шекара 

мәселесі  шиеленісіп  тұрғанда  Қазақстанның  заңына  жүгіну 

Сібревкомның  шамына  тиіп,  оны  тоқтату  туралы  нұсқау  бер-

се  керек.  Қазақ  бөлімінің  бастығы  ретінде  М.  Әуезов  “ қазақ 

съезінің  қаулысын”  қолданбай  тұра  тұруды  ескертуге  мәжбүр 

болған.  1921  жылы  мамыр  айында  Қазақстан  орталық  атқару 

комитетінің  өкілетті  уәкілі  ретінде  келген  С.  Сәдуақасұлы 

Сібревкомның  Семей  губкомын  таратып,  оны  Қазақстанның 

құрамына  қосты.  Тамыз  айында  Семей  губкомының  төрағасы 

болып М. Әуезов бекітілді.

1.  21-бет.  “ ...халық  билеріне”  –  халық  соттарына  деген 

мағынада.

2. 21-бет. “ ...тексерушісіне” – тергеушісіне.


3. 21-бет. “ ...қаулысын әйім қылып” – қаулысын нұсқау етіп. 

басшылыққа алып – деген мағынаны білдіреді.

4. 21-бет. Меңғали Түлкібаев – туған, өлген жылы, толық 

өмір баяны анықталмады.



Т. Жұртбай

334

НЕ СЕБЕПТЕН?

Мақала  “ Қазақ  тілі”  газетінің  1921  жылғы  5  ақпан  күнгі 

119-санында  жарияланды.  Бұл  кезде  Мұхтар  Әуезов  Семей 

ревкомының  қазақ  бөлімінің  меңгерушісі  және  “ Қазақ  тілі” 

газетінің  жауапты  шығарушысы  болатын.  Сондықтан  да  бұл 

мақалаға  ресми  хабар  есебінде  қарап,  өзінің  қолын  қоймаған 

және тура сол бетте “ Жалпы жарлық” деген өз атымен берілген 

ресми  мақала  басылған.  Мұхтар  Әуезовтің  қызмет  бабына, 

саяси өмірге, мемлекеттік құрылымға, науқандық жұмыстарға, 

сот,  егін  егу,  автономия  мәселелеріне  арналған  мақалалары 

қаңтар–мамыр  айларының  арасында  “ Қазақ  тілі”  газетінің  әр 

санына үзбей жарияланып тұрды. “ Не себептен?” деп аталатын 

бұл мақала да сол тұстағы қазақ ұлты үшін аса мүдделі болған 

көкейкесті  тақырыпқа  арналған.  1920  жылдың  тамыз  айында 

Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасын құру 

туралы  шешім  қабылданып,  оның  территориясы  белгіленіп, 

қазан айында ресми түрде жарияланған болатын. Ондағы шешім 

бойынша  Ресейдің  Сібір  ревкомына  қарайтын  Ақмола,  Семей 

губерниялары  Қазақстанның  құрамына  берілуге  тиісті  еді. 

Алайда, бұл мәселе тезінен жүзеге аса қоймады. Коммунистік-

колонизаторлық  пиғылдағы  большевиктердің  қарсылығына 

ұшырап, үлкен дау-дамай туғызды. Міне, 1921 жылдық қаңтар 

айынан  бастап  Қазақ  автономиясына  қарауға  тиісті  Семей 

губерниясының  тағдыры  нақты  шешілмегендіктен  де,  қазақ 

бөлімінің бастығы ретінде М. Әуезов өзінің пікірін газет арқылы 

ашық  білдіріп,  қалың  қауымға  түсінік  береді.  Бұл  мақаладан 

М.  Әуезовтің  жеке  басына  қатысты  өмірбаяндық  деректерді 

де  аңғаруға  болады.  Мақаланы  жазушы  шығармаларының 

елу  томдық  толық  жинағына  дайындаған  ғалым  Бейсенбай 

Байғалиев.  Тұңғыш  рет  кирилл  һарпінде  жарияланып  отыр. 

Өзге жайлар төмендегі түсініктерде қысқаша баяндалып өтеді.

1. 22-бет. “ ...1919 жылдың аяғында Колчак өкіметін қуып  

1919 жылдың желтоқсан айында Семейде кеңес өкіметі орнады. 


335

“ Алашорда”  үкіметі  1919  жылы  көкек  айында  кеңес  өкіметін 

мойындап, онымен одақтаса қызмет істесуге келісім жасасқан 

болатын.  “ Алашорданың”  атынан  Ахмет  Байтұрсынов  ресми 

мәлімдеме  жасады  және  ол  революциялық  комитеттің  мүшесі 

болып  бекітілді.  Сондықтан  да,  “ Алашорданың”  Семейдегі 

бөлімінің  мүшелері  де  Колчакты  колдамады.  Колчак  оларды 

жаппай  жазалауға  жарлық  берді.  Әлімхан  Ермеков,  Ыдырыс 

Мұстамбаев,  Халел  Ғаббасов,  Жүсіпбек  Аймауытов,  Мұхтар 

Әуезов т. б. азаматтар жасырын ұйым құрды. Кеңес өкіметі орна-

сымен Мұхтар Әуезов пен Әлімхан Ермеков Семей ревкомының 

бұратана  халықтар  бөліміне  қызметке  орналасты.  Бұл  иесіз, 

биліксіз, жөн-жосықсыз қалған елге жол көрсететін бірден бір 

дұрыс  шешім  болатын.  Бұл  бөлім  ел  арасында  аса  маңызды 

ұйымдастыру  жұмыстарын  жүргізді.  Әсіресе,  оқу-ағарту, 

шаруашылық саласында көп еңбек сіңірді.

2.  22-бет.  “ ...Семейдің  қызметкерлері  көзін  кіндікке  қарай 

тігіп    Кеңес  өкіметі  Қазақ  автономиясын  жариялауға  уәде 

берген  еді.  Алайда,  ол  дереу  жүзеге  аспады.  Бұл  арада,  қазақ 

қызметкерлерінің сол автономия туралы жарлықты орталықтан 

асыға күтіп жүргенін мегзейді.

3. 22-бет. “ ...көз-құлағымызды тігетініміз Орынбор болушы 

еді”  Орынбор  –  1920  жылы  30  көкек  күні  құрылған  РК(б)П 

Қырғыз  (қазақ)  облысының  орталығы  болып  белгіленген  еді. 

Енді  Қазақ  автономиясы  құрылады  деп  үміттенген  жұрттың 

көңілінің  су  сепкендей  басылғанын  мегзейді.  Қазақстанның 

дербес үкіметінің құрылмағанын айтып отыр.

4. 22-бет. “ бір үміт, бір қауіппен декабрь басынан күткеннен 



жиырмасыншы жылдың жазының ортасына шейін келіп едік  

бұл арада  1919  жылдың  желтоқсанынан  бастап  1920  жылдын 

тамыз  айына  дейін  Қазақ  автономиясының  жарияланбағанын 

мегзейді.  1919  жылы  10  шілде  күні  “ Қырғыз  (қазақ)  өлкесін 

басқару  жөніндегі  революциялық  комитетін  құру  туралы”  де-

кретке, ал 1920 жылы 30 тамыз күні Бүкілроссиялық ОАК мен 

РСФСР халық комиссарлар кеңесі РСФСР-дің құрамында “ Ав-

тономиялы  Қырғыз  (Қазақ)  социалистік  совет  республикасын 

құру туралы” декрет қабылдады.

5.  22-бет.  “ ...бұндағы  бөлімдерге  Сибревкомнан  артылып 



келіп” – 1920 жылдын 3–11 қаңтарында Ақтөбе қаласында өткен 

Қазақ совет өлкелік бірінші конференциясының шешімі бойын-

ша  “ қазақ  облыстарын  біріктіру  туралы”  қаулы  қабылданған 

болатын.  Соған  қарамастан  Ақмола,  Семей  облыстары  Сібір 



336

ревкомының  құрамында  қалып  қойды,  яғни,  Қазақстаннан 

бөлініп  қалды.  Сондықтан  да,  Қазақ  өлкелік  ревкомының 

пәрмені  мен  дәрмені  бұл  екі  облысқа  жүрмейтін.  М.  Әуезов 

Қазақ автономиясының осы дәрменсіздігін айтып отыр.

6. 23-бет. “ ...Авдеев бастап келетін комиссияға шейін” – Алек-

сандр  Дмитриевич  Авдеев  кеңес  өкіметінің  белсенді  қайраткері, 

Қазақ революциялық соғыс комитетінің және РК(б)П қазақ облыстық 

бюросының  мүшесі,  1920–1924  жылдары  Қазақ  облыстық  соғыс 

халық комиссары. Кейінгі өмірі белгісіз. Жалпықазақ кеңесінің бірінші 

құрылтайы қарсаңында, Қазақ автономиясы жарияланардың алдында  

А. Д. Авдеев арнайы комиссияны басқарып, Семейге келді. Ондағы 

басты  мәселе  –  Семейдің  Қазақстанға  қосылуы  туралы  ұсынысты 

жергілікті жерде талқыға салу еді.

7. 23-бет. “ Жалпы қазақ съезі” – 1920 жылы 4 қазан күні 

Орынбор қаласында ашылды. Қазақ автономиялы республикасы 

жарияланды. Жалпы қазақ құрылтайының шешімі бойынша 1921 

жылдың  1  қаңтарынан  бастап  Семей,  Ақмола  губерниялары 

Қазақстанға қайтарылуы тиіс еді. “ Не себептен” атты мақаланы 

жазуының бір түйткілі де сол мәселенің шешілмеуінен еді.

8.  23-бет.  “ Еңбек  туы”  –  Қазақ  өлкелік  ревкомынын  рес-

ми  басылымы,  кейіннен  “ Еңбекшіл  қазақ”,  “ Еңбекші  қазақ”, 

“ Социалды  Қазақстан”,  “ Социалистік  Қазақстан”,  “ Егеменді 

Қазақстан”, “ Егемен Қазақстан” болып жарияланып келді.

9.  23-бет.  “ Ақ  жол”  –  Түркістан  республикасының  атқару 

комитеті мен РК(б)П комитетінің ресми басылымы. Қазақ тілінде 

жарияланып тұрған. Сталиннің жарлығымен жабылды.

10. 23-бет. “ ...хабаршы Ташкент болып отыр” – яғни, Таш-

кент қаласында шығатын “ Ақ жол” газеті арқылы біліп отырмыз 

деген мағына береді.

11. 23-бет. “ ...қазіргі күндегі айырмыш мынау” – қазіргі 

күндегі айырмашылық мынау.

12.  24-бет.  “ ...Сибревкомға  уәкілімізді  жібердік”  –  1921 

жылы  қаңтар  айында  КАССР-нің  ресми  өкілі  территория 

мәселесін шешу туралы тапсырмамен Омбыға барды. 2 ақпан 

күні  С.  Меңдешев  пен  С.  Сәдуақасов  Ақмола,  Семей,  Торғай 

губернияларындағы жерлерді қазақтарға қайтарып беру туралы 

декретке қол қойды.



Т. Жұртбай

337

ЕГІНГЕ ДАЙЫНДАЛЫҢДАР

Мақала  тұңғыш  рет  1921  жылы  18  ақпанда  “ Қазақ  тілі” 

газетінде жарық көрді. Жазушының жиырма томдық шығармалар 

жинағының 15-томының 36–40-беттерінде (1984) жарияланды. 

Шығармаларының толық басылымына газеттегі нұсқамен салы-

стырылып барып енгізіліп отыр.

Мақалада қазақ ауылдарын отырықшылыққа тарту, егіншілік 

кәсіппен  шұғылдану,  оған  жасалып  отырған  жеңілдіктер  мен 

оны  пайдаланудың  жолдары  туралы  мәселе  көтеріледі.  Кеңес 

өкіметінің  жер  саясатын  түсіндіріп,  оны  қазақтардың  қалай 

тиімді  ұқсата  білуі  керек  екендігі,  сөйтіп  1920–1921  жылғы 

қуаңшылықтық  кесірінен  төніп  келе  жатқан  ашаршылық 

қаупінен сақтандырады.

1.  25-бет.  “ Землемер”  –  кесімді  жерді  өлшеушілер.  Олар 

жергілікті  мемлекеттік  басқару  органдарының  (уе здік, 

болыстық  атқару  комитеттерінің  жер  бөлімдерінің)  тапсыр-

масымен ауылдар мен болыстардан егіндік жер талаптарының 

құнарлы, құнарсыз екендігін және жайылым мен шабындықтың 

жағдайларын  анықтап,  тиісті  ұсыныстар  жасап  отырған. 

Егістіктік көлемі мен онда себілуге тиісті дақылдардың түрлері 

солардың ұсынысы бойынша жүзеге асырылған.

2. 26-бет. “ Волисполкомдар  болыстық кеңестердің атқару 

комитеттері  немесе  жергілікті  Кеңес  өкіметі  органдарының 

басқару жүйесі.

3.  26-бет.  “ старшындар  Кеңес  өкіметі  орнағанға  дейінгі 

ауылнайлар, мақала жазылған 1921 жылғы жағдайда – ауылдық 

кеңестің төрағасы. Бұл жерде ескі әдетпен “ старшындар” делініп 

отыр.


4.  26-бет.  “ Дефицитный  район    астық  өнімдеріне  аса 

зәру  аудандар  яғни  астықтың  шығымы  аз,  құнарсыздығынан 

одан  алынған  өнім  сол  өңірдің  тұрғындарын  азық-түлікпен 

қамтамасыз ете алмайтын өңірлер.

5. 26-бет. “ астық разверсткасы  азық-түлік салғырты (са-

22–1246


338

лымы) азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметі экономика са-

ласында жүзеге асырған “ соғыс коммунизмі” саясатының өзегі. 

Оның  мәні  –  күзгі  жиын-терін  болғанда  азық-түлік  өнімдері 

түгелге дерлік мемлекет пайдасына алынады, ал оны өндірушіге 

тұқымдық  астық  пен  өлмес  күнін  көруге  жетер-жетпес  қана 

“ сыбаға” қалдырылатын. Азамат соғысы аяқталғаннан кейінгі 

– 1921 жылы да бұрынғысынша азық-түлік салғырты (салымы) 

жиналды. Бұл мал басына да салынды.

Азық-түлік салғырты (салымы) 1921 жылғы наурыз айында 

болған  РКП(б)-ның  оныншы  съезінің  шешіміне  сәйкес  азық-

түлік  салығымен  алмастырылды.  Ал  азық-түлік  салығы  сол 

жылдан бастап енгізілген жаңа экономикалық саясаттың (НЭП) 

басты құрамдас бөлігі болды.

6.  27-бет.  “ посевном  (комитет  по  посеву)  –  бұл  көктемде 

егін  егу  науқанына  басшылық  жасап,  соған  байланысты 

барлық жұмыстарды үйлестіріп отырған облыстық, уездік және 

болыстық  кеңестердің  атқару  комитеттері  жанынан  құрылған 

бөлімдер.  Посевкомдар  өз  қызметтерін  20  жылдардың  соңына 

дейін  атқарды  (ауыл  шаруашылығын  жаппай  ұжымдастыру 

жүргізілгенше атқарды).

7.  28-бет.  “ исполкомдар”  –  болыстық  кеңестердің  атқару 

коми теттері.

8. 28-бет. “ волпосевкомдар  кеңестердің болыстық атқару 

комитеттерінің  жанынан  құрылған  егін  егу  ісіне  жетекшілік 

жасайтын бөлімдер.



К. Нұрпейісұлы

339

ЕСІЛ  ҚАРҚАРАЛЫ

Мақала “ Қазақ тілі” газетінің 1921 жылғы 17 наурыз күнгі 

санында жарияланды. Сонына “ М. Ә.” деп қол қойылған. Бұдан 

кейін  ешқайда  жарық  көрген  жоқ.  Кирилл  һарпінен  көшіріп, 

мақаланы жазушының шығармалар жинағының елу томдық ба-

сылымына дайындағандар – Бейсенбай Байғалиев пен Сұңқар 

Жұртбаев.

Мақала – Семей губерниясын Сібір ревкомынан Қазақ Ав-

тономиялы  кеңес  республикасының  құрамына  беру  туралы 

қаулыны жүзеге асыру үшін жаппай халықтық қозғалыс жүріп 

жатқан кезде жазылған. Әкімшілік аймақтардың нақты шекарасы 

белгіленбегенімен де мемлекеттік құрылымдардың жоспарының 

шет-жағасы анықтала бастаған болатын. Қарқаралы уезі – Се-

мейге қарайтын. Ақ пен қызыл әскерлерінің тепкісін көп көрген 

Қарқаралы  жұрты  кеңес  өкіметіне  де  сене  қоймады.  Оның 

үстіне  ақ  гвардияшылар  бүлік  те  шығарып,  большевиктердің 

біразын қырып тастады. Міне, осы оқиғаның қарсаңында Мұхтар 

Әуезов Қарқаралыға барып, бүліктің мән-жайын біліп қайтқан 

болатын.  Губерния  орталығының  алыстығын  пайдаланып 

және  большевиктік  үгіт-насихаттың  шырмауымен  жергілікті 

қара  шекпендер  Сібір  ревкомының  құрамында  қалу  туралы 

мәселе  қозғап,  оны  ушықтырып  жіберді.  Қазақтардың  өзара 

бақталастығы да өршіп, уездің берекесі кетті. Мұхтар Әуезов 

осы жайларды көркемдік тәсіл арқылы сөзіне кекесінді мысқыл 

араластыра  отырып  жазады.  Жанры  жағынан  алсақ,  “ Есіл 

Қарқаралыда” – мақаладан гөрі фельетон-памфлеттің белгілері, 

деректік  сипаттан  гөрі  –  көркемдік  сипат  басым.  Рушылдық 

пен тоғышарлықты барынша әшкерелеген. Кейіннен М. Әуезов 

Қарқаралыға уәкіл болып келіп, Автономияның бір жылдық той-

ын өткізді. Қарқаралыдағы ру таластары екі-үш жылға созылды. 

Мәди Бапиұлы, Ғаббас Айтбайұлы іспетті қазақтың біртуар өнер 

иелері осындай арандатулардың құрбаны болды. “ Қарқаралының 

ортақшыл партиясының уездік комитетінің жауапты секретары 


340

Шаймерден  Тоқжігітов  (Ә.  Досовтың  “ Тоқжігітов  жолдасқа!” 

атты ашық хатын оқыңыз: “ Қазақ тілі”, 1922 жыл, 6 қыркүйек, 

66-сан) іспетті большевиктік көзқарастағы қызметкерлер де ел 

ішінде топ құрып, қалың көпшілікті “ алтыбақан алауыз етіп” 

қойды.  Ел  болып  бірігіп,  автономия  туының  астына  бірігетін 

тұста, осындай берекесіздікке ыза болып, шығармасы тосындау 

көркемдік тәсілмен жазған дүниесі.

1. 29-бет. “ ...көз алдыма ақ бас Көлке, Петрушкенің Алексейі, 

Захарлар, Мимдер, х. ж.-лар келеді  жазушы бұл арада Қарқаралы 

қаласы мен оның маңында қоныстанған қара шекпендер (пере-

селендер) мен соларға иек артып, тыңшылық әрекет істеген, 1905 

жылғы  Патша  атына  жазылған  қазақтардың  қарсылық  хатын 

ұйымдастырған  А.  Байтұрсынов  бастатқан  халық  көсемдерін 

полицияға ұстап берген “мимдерді” – миссионерлерді, “х. ж.-ларды 

– татар тілмәштары мен сарт-көпестерді, яғни, тыңшыларды меңзеп 

отыр.


2. 29-бет. “ Әңгіменің алақабы  “ әңгіменің арқауы кім екенін 

ұғасың” – деген мағына береді.

3.  29-бет.  “ ...Достоевскийдің  кітабына  ілінген  жоқ  па?   

Ол  Омбыда  Семейге  жер  аударылып  келген  орыс  жазушысы  

Ф. М. Достоевскийдің (1821–1881) түрмеде жазылған “ Өлі үйден 

жазылған  хаттар”  атты  шығармасындағы  суреттерді  емеуірін 

етіп көрсетеді.

4. 30-бет. “ ...өнеріне сүйсінген  жазушы бұл арада кекесінмен 

мысқылдап,  қарама-қарсы:  “ Іс-әрекетінен  жерінген”  –  деген 

мағы надағы ұғымды нұсқап отыр.

5. 30-бет.

“ Хош, сау бол, Қарқаралы, жуылмаған,

Айдай бер қалса адамың қуылмаған”. –

Ахмет Байтұрсынов (1873–1937) бұл өлеңді Қарқаралыдағы 

тыңшы  қазақтар  өзін  полицияға  ұстап  берген  соң,  өзі  Семей 

түрмесіне айдалып бара жатқанда шығарған.

6. 30-бет. “ ...пар келеді  тең келеді.

7.  30-бет.  “ ...партия  істеуші  едік    бөліп-бөліп  алып  топ 

құрушы едік деген мағынада. Бұл арадағы партия – саяси пар-

тияны емес, рулық топты, жікті білдіреді.

8.  30-бет.  “ ...түрікке ақша жиды деп –  орыс-түрік  соғысы 

кезінде  Ресейдегі  мұсылмандар  мен  түркі  ұлттары  дінімізді, 

тілімізді  қандастарымызды  қолдаймыз  деп  ел-жұрттан  қаржы 

жинаған.  Науан  хазірет  пен  Шаймерден  Қосшығұлов  іспетті 

діни қайраткерлер сол үшін қуғынға ұшырап, жер аударылған. 


341

Абайды да 1902 жылы Түркиядан хат алдың, түріктерге көмек 

қаржысын  жидың  деп  тінту  жүргізген.  Бұл  –  пантүркизм, 

панисламизм  деген  жалған  саяси  терминнің  қалыптасуына 

тікелей әсер етті. Ол бағыт – түркі халқы мен мұсылман дінін 

басып-жаншу  үшін  әдейі  ойластырылған  отарлаушылар  мен 

миссионерлердің арандатуынан туды.

9. 30-бет. “ ...начальникке” – бұл арада патшалық Ресейдегі 

уез бастығы мен ақгвардияшылар мен қазақтардың әскери бас-

шыларын айтып отыр.

10. 30-бет. “ комиссарға...” – бұл арада қызыл әскерлердің 

әскери басшылары мен большевик-белсенділерді меңзейді.

11. 30-бет. “ калошын салу  галошын кигізу.

12. 30-бет. “ ...приговор” – қазіргі күнде қалыптасқан соттың 

“ үкімі” деген мағына да емес, арыз, домалақ арыз (анонимка) 

жала, көп адамның қолын қойып берген куәлігі деген ұғымда 

қолданылған.

13.  30-бет.  “ жуылмаған  Қарқаралының”  –  осы  мақалада 

берілген 5-түсіндірмеге қараңыз.

14.  31-бет.  “ Ревизор”  –  Н.  В.  Гогольдің  парақорлықты 

әшкерелейтін пьесасының аты.

15. 31-бет. “ Геройларын  кейіпкерлерін.

16. 31-бет. Н. В. Гоголь (1809–1852) – орыстың ұлы жазу-

шысы. М. Әуезов оның “ Ревизор” пьесасының оқиғасы өтетін 

шағын қаланы Қарқаралымен салыстырып отыр.

17. 31-бет. “ Уисполкомның” – уездік атқару комитетінің.



Т. Жұртбай

342

ҚАЗАҚ ИНСТИТУТЫ

Мақала  тұңғыш  рет  “ Қазақ  тілі”  газетінің  1921  жылғы  17 

наурыздағы санында жарияланды. Одан кейін қайтып баспасөзде 

жарияланған жоқ. Шығармалар жинағының елу томдық толық 

басылымына  сол  газеттегі  нұсқасы  бойынша  енгізіліп  отыр. 

Дайындағандар – Бейсенбай Байғалиев пен Сұңқар Жұртбаев.

Сондай-ақ  “ Қазақ  тілі”  газетінің  жауапты  шығарушысы 

болған дықт ан  да  мақа ланың  соңына  қолын  қоймаған, 

институттың  оқу  жоспары  мен  жай-жапсарын  жұртқа  хабар-

лау  –  оның  ресми  міндеті  болатын.  Әрі  газеттің  осы  санында 

“ Қазақ институтына” тіркес “ Есіл Қарқаралы” атты мақаласы 

басылған.  Зады  екі  мақалаға  “ М.  Ә.”  –  деп  ортақ  қол  қойған 

сияқты. Оның осы мақала авторы екендігін қосымша деректер 

арқылы да растайды.

1. 32-бет. “ ...Орыс институтының жанынан қазақ институтының 


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.79 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет