Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.

бет2/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

ҚАЗАҚ БӨЛІМДЕРІ ТУРАЛЫ

Бүгінгі күнде Орынборда отырған

1

 Кіндік комитеттен



2

 басқа, 


қазақ  губерналарының  басында  тұрған  Губисполкомдардың 

әрқайсысының жанында қазақ бөлімдері бар.

Бұл бөлімдер кеңес хүкіметінің закондарында жоқ болса да

3



әр жердің тұрмыс жүзіндегі басқалық жаттығының арқасында 

еріксіз бәс алып отыр

4

.

Губернаның басында отырған исполком мүшелері және әрбір 



бөлімдерді басқаратын адамдар түгелімен орыс жолдастардан 

болған соң, олардың қызметі тілін, әдетін білетін орыс жұртының 

ғана арасында болады.

Олардың қызметінен, ескеруінен қазақ жұрты қақас қалды

5

.

Бұл сөздің шындығына бүгінгі күнде кімнің де болса көзі 



жеткен.

Қазіргі біз көріп отырған Қазақ автономиясы

6

 осы себептен 



туған.

Және барлық қазақ бөлімдерін де туғызып отырған осы себеп. 

Сондықтан қазақ бөлімдерінің қай-қайсысын алсақ та, бірінші – 

хүкіметтің тәжірибесін, екінші – ел өмірінің керек қылғанынан 

туып отыр.

Бұл сөздерге қарағанда, қазақ бөлімдерінің міндеті, қызметі 

не болатыны әркімге де анық көрінеді. Қазақ бөлімі губерналық, 

уездік, аудандық болсын, бәрінің де мойнындағы міндет бір-

ақ түрлі. Жалғыз-ақ айырымы істерінің ауданында. Енді осы 

бөлімдердің міндетіне келсек, қазаққа қатынасатын жұмыстың 

қай-қайсына болса да кірісетін болады. Кезі келсе қазақ бөлімі 

шаруа жұмысына араласады, әрқашан азық-түлік жұмысына, оқу 

жұмысына, жер жұмысына, еңбекшілік жұмысына һәм әкімшілік 

жұмысына араласады. Осы жұмыстардың бастарында отырған 

бөлімдер қандайлық іс істеп, қаншалық пайда, зиян келтіріп 

отыр.  Істеген  істерінің дұрыстық, терістігі қандай, солардың 



19

бәрінен мезгілімен хабар алып, айырып, біліп, бетін түзеп, ел 

өміріне жанасатын істерді ғана істеп отыру қазақ бөлімдерінің 

міндеті.


Және,  біз  жоғарыда  айттық,  осы  күні  солардың  басында 

отырған орыс деп. Олардың қазақ жұртына қызмет қыламын 

деуіне мүмкін емес. Бірен-саранының қызмет қыламын деген 

көңілі бола қалса да, қолдарынан еш нәрсе келмейді.

Себебі  белгілі:  оларға  арыз  айта  барған  қазақ  жұмысын 

орындатудан бұрын, әуелі, арызын да ұқтыра алмайды. Арызын 

әкелген махкәмада

*

 отырған жолдас нені білмесе “не знаю” деп



7

қағазын өзіне қайтарып, біресе жан-жағына жалтақтап, аңырып, 



ол махкәмадан шыға береді.

Қала-қаланың қайсысында болса да осы секілденіп, аңырып, 

мылқау кісідей болып жүрген қазақтар толып жүреді. Бұлардың 

шаруалары бір махкәмада емес, сан махкәмада.

Аяғында бұлардың бәрінің айналып келіп табатыны қазақ 

бөлімдері болады. Әрине, бұлардың жұмысын бастан-аяқ ұғыну, 

істерінің ретін айтып беріп, беттерін түзеп жіберу тағы да қазақ 

бөлімдерінің міндеті. Міне, осы айтылған сөздерге қарағанда 

бір  губернада  Губисполком  барлық  бөлімдерімен  не  қызмет 

атқарса, сол қызметтің бәрін, қазақ халқына келгенде, жалғыз 

қазақ бөлімі атқаруға міндетті. Қазақ бөлімінің кіріскені үшін 

ешбір махкәма не жұмысың бар деп айта алмайды. Себебі: ол 

сөзді айту үшін әрқайсысы ел тұрмысына лайықты жұмысты өзі 

біліп, істеуіне керек. Білмесе білетін махкәманың сөзіне құлақ 

салу қайсысының болса да міндеті.

Рас,  бұл  айтылған  шарттардың  бәрін  орындап  өту  қазақ 

бөлімдеріне қиын. Көп адамның әлінен тысқары ауыр жүк.

Бірақ қайтсе де бұған жол тауып, осы міндеттерді түгелімен 

атқаратын болу керек. Мүмкін болған жерлерде қазақ жігіттерінің 

саны көп болса, әр бөлімдерге уәкілдер жіберу керек.

Және ең үлкен шарт, қазақ бөлімдерінің басында отырған 

адамдар әр бөлім турасынан шыққан жол-жобамен таныс бо-

луына керек. Бұл шарт жалғыз басқарушыға ғана емес, барлық 

жұмыскерлерге де міндет. Себебі: күн сайын топырлап келетін 

көп қазақ жұмысын бітіріп алуға келмесе де, ретін, жөнін біліп 

алуға келеді, оған жалғыз басқарушы емес, кім де болса білген 

* Махкәмада – мекемеде.


ақылын айтып, бетін түзеп жіберетін болу керек. Бөлімдердің 

бір міндеті тура өзіне тиісті жұмыстарды бітіру болса, екінші 

жұмысы: арыз ұстап жүрген қазақтардың жұмысын әр махкәмаға 

тез бітірту, жөнін айтып, анығын ұғындыру.

Сондықтан  барлық  қазақ  бөлімдерінін  һәм  барлық  қазақ 

халқының  есіне  саламыз:  бұл  бөлімдер  қазақ  бөлімінің 

басқалығынан,  жаттығынан  туған  махкәма  болған  соң,  қазақ 

қатынасатын жұмыстың қайсысынан болса да жатырқауға жол 

жоқ. Қандай жұмыс болса да не тиісті мағлұмат беріп, не соңынан 

жүріп, аяқтату бөлімдердін басын тарта алмайтын міндеті.

Әр бөлімдердің өз арасындағы міндетке келсек, әрбір ауданда, 

уезде, губернада істеліп жатқан барлық бөлімдердің істерінен, 

бұлармен жасаған қатынастарынан, шығарған істерінен толық 

мағлұмат  жіберіп,  бірімен  бірі  үзілмей  хабарласып  тұруына 

керек.  Уақытта  істелген  істердің  бәрінде  бір-ақ  түрлі  бет, 

жол-жоба болып, барлық жұмыс өнімді, орынды болмақ. Егер 

мұндай тәртіп болмай, әркім өз ойына келгенін істеп, өзге жер-

лермен  хабарласпаса,  ол  күндегі  істен  еш  нәрсе  шықпайды

8



Татымды жеміс болмайды. Бөлімдердің жасалғандағы міндеті 



атқарылмайды. Ел жұмысы көңілдегідей болып орындалмайды.

Мұхтар

20


ЖАЛПЫ ЖАРЛЫҚ

Барлық  аудан  халық  билеріне

1

  тексерушісіне



2

  Семей 


губерниялық  халық  билері  кеңесінің  қазақ  бөлімінен  тығыз 

жарлық.


Осы күнде әр жердегі билер қазақ ішіндегі қалың мал дауы-

на һәм барлық әйел мәселесіне биылғы октябрьде болған казақ 

съезінің қаулысын әйім қылып

3

 жүрген көрінеді, сол қаулыны 



бекілген закон ретінде қолданып, қалың малға берілген мал-

дарды  қазынаға  түсіріп  отырған  да  жерлері  бар.  Сондықтан 

халық билері кеңесінің қазақ бөлімі ол қаулылардың әлі күнге 

закон болып шықпағандығын һәм әлі күнгі бір тілек секілді сөз 

болып қана айтылғанын еске салып, сіздерге білдіреді: бұдан 

кейін қалыңмал турасында ол қаулыны қолданбау керек. Әзірге 

қолдануға ерте, ол закон болса заң комиссариатынан шығуына ке-

рек. Мұндай жұмыстардың турасында қазақ бөлімінің көрсететін 

жолы – әзірге уақытша Семейдің заң бөлімінің 22-інші октябрь 

4759 номерімен жіберген жарлығын қолдана тұру керек.

Губерниялық халық билері кеңесінің 

қазақ бөлімінің бастығы: Мұхтар Әуезов

Хатшысы: Меңғали Түлкібаев

4

21


22

НЕ СЕБЕПТЕН?

Семей  қаласында  1919  жылдың  аяғында  Колчак  өкіметін 

қуып

1

, қызыл әскердің ниеттестері төңкеріс жасаған уақытта 



Семейдің қызметкерлері көзін кіндікке қарай тігіп

2

, күнде хабар 



күтіп  отырушы  еді.  Сол  уақытта  алғашқы  келген  коммунист 

жолдастардың аузынан: “Қазаққа да автономия беріліп жатыр. 

Орынборда қазақтың да қызметкерлері отыр” – деген хабарды 

есітіп, біздің де күннен күнге асығып хабар күтетініміз, көз-

құлағымызды тігетініміз Орынбор болушы еді

3

. Ол күндегі біздің 



тосатынымыз саясат жүзіндегі жаңалық хабарлар болушы еді 

“Қазақ автономиясы деген шын ба екен, не қызмет істеп жатыр 

екен,  келешектегі  қызметке  істеген  қандайлық  қамдары  бар 

екен”, – деуші еді.

Күннен  күнге  хабар  келмей,  автономия  турасындағы  ха-

бар кешіккен сайын, асығып, тықыршып: “Не себептен хабар 

келмейді, не себепті ешбір істеген істері білінбейді”, – деп таң 

қалушы едік. Сол секілді бір үміт, бір қауіппен декабрь басынан 

күткеннен жиырмасыншы жылдың жазының ортасына шейін 

келіп едік

4

. Бірақ ол күндегі Орынбор үмітті жұбатқаны болмаса, 



тілекті жұбатқан жоқ. Түрілген құлағымыз еш нәрсеге жарымай, 

жазға шейін түрулі күйінде болатын. Орынбордың ол күндегі 

қызметі не еді? Саясат заманының құбылып тұрған уақытында 

шыққан  254-інші  номер  декретке  сүйеніп,  Семей,  Ақмоланы 

сыртынан меншіктеніп, бұндағы бөлімдерге Сибревкомнан арты-

лып келіп

5

, анда-санда бір бұйрық жазу болатын. Ол бұйрықтар 



Орынборда  қазақ  хүкіметінің  барлығын  білдіргеннен  басқа 

еш нәрсені тындырған жоқ. Сибревкомнан, кіндіктен көшпелі 

ревкомдар келіп хүкіметті сайлап жатқанда қазақтан да бірдеме 

келер деуші едік. Аяғында ол сенімнің барлығы да далаға кетті. 



23

Осымен жазды күнгі Авдеев бастап келетін комиссияға шейін

6

 

Семейдің қазағы да, оқыған азаматтары да Орынбор хабарына 



шөлдеуін қойған жоқ. Бірақ бұған қарсы Орынбор да өз қалпынан 

ауған жоқ. Қатынаспай, хабар бермей жатуынан айныған жоқ.

Аяғында комиссия келіп қайтты. Жалпы қазақ съезі

7

 болады 



дестік, дайындалдық, уәкілдеріміз барды. Съез болды. Түбегейлі 

хүкімет сайланды. Іске жарарлық екпін-қайраты бар деген жаңа 

адамдар іс басына отырды. Төңкерістің толқынды уақыты өтті, 

жұмыс сабасына келді.

Жә! Енді осы уақытта Семей жайы қандайлық? Көлденеңнен 

қараған кісі: “Осы күндер жұмыс өзгерген шығар, іс бастаған 

шығар, қатынас түзелген шығар”, – дер. Бірақ бір ғажабы, әлі 

күнге  өзгерген  еш  нәрсе  жоқ.  Семей  губерниясының  қазақ 

автономиясына  қарауынан  бұрын  (бізде  ол  турасынан  тырс 

еткен хабар жоқ) бір Орынбордың өзінде не болып жатқанын 

да білмейміз. Қазақ хүкіметі не істеп жатыр, ол турасынан бізге 

келген не Орынбор мекемелерінің бірде-бір жарлығы жоқ, не 

Орынбордан шыққан газет жоқ. Хүкімет тілі – “Еңбек туының”

8

 



бұл күнге шейін біздің алғанымыз бірінші ғана номері. Өткен 

номерде  “Еңбек  туының”  хабары  деп  жазған  оқу  құралдары 

турасындағы хабарды біз Ташкенттің “Ақ жолынан”

9

 алып отыр-



мыз. Сонымен қазіргі күнде Орынбор мен Семейдің арасындағы 

хабаршы Ташкент болып отыр

10

.

Біз  осыдан  бір  жыл  бұрын  Орынбордан  шыққан  бір  ауыз 



хабарға қаншалық мағына беріп, қаншалық іс күтсек, әлі күнге 

сол халдеміз, бірақ қазіргі күндегі айырмыш мынау:

11

 былтырғы 



уақыт төңкеріс уақыты болып, тынышсыздық болып, қызмет 

істеуге жол болмап еді. Қазіргі күнде жұрттың бәрі де қызметте 

отыр. Бұндағы жергілікті мекемелердің бәрі де ойындағы істерін 

істеп  жатыр.  Біздің  ендігі  қысылып  Орынборға  жалтақтап 

отырғанымыз – іс жүзінде, барлық шаруа жүзінде кейін қалып 

бара жатқанымыз. Осы күнде Семей губерниясындағы азық-

түлік, шаруа, жұмыскер алу, оқу жұмыстарының қайсысын алсақ 

та түгелімен уақытша істеліп отырған жұмыс секілді. Ешбірінде 

ұзақ күнге арнап, мықты негізге тіреп істеліп отырған жұмыс 

жоқ. Сондықтан ісіміздің ешбірінде ел қамына, ел пайдасына 

жанастырып істеп отырған іс, беттеген бет, бағыт жоқ. Істелген 

істің бәрі “көшершіліктік” іс секілді. Жалпы мемлекет пайда-

сын да түзу ойлап, дұрыс атқарып отырған жеріміз жоқ. Себебі 


көпшілік мемлекет қазынасын молықтыру үшін ел шаруасын 

түрлеп,  ретке  салудың  керектігін  ұқпайды.  Көбінің  ұғуынша 

мемлекетке пайда келтіру – елдің қолындағысын ала берумен 

табылатын секілденеді.

Мінеки, бүгінгі Орынбордан іс күткендегі Семейдің алдымен 

қоятын мұңы осы.

Орынбор  ойлайтын  шығар:  біз  Сибревкомға  уәкілімізді 

жібердік


12

, Семей хабарды содан алады. Шаншулы мәселесі болса 

сонан шешіледі – деп. Бірақ біз сол уәкілден де толық хабар ала 

алмаймыз. Себебі – тағы да Орынбордан. Уәкілдің өзіне де хабар 

шым-шымдап сараң келеді. Негізгі көп мәселелерді өз бетімен 

шешуі қиын.

Осы  айтылған  сөздер  қазіргі  күндегі  Орынбор  жайын  да, 

Ақмола, Семей жайын да білдірер. Жалғыз-ақ, осынша хабар 

бермеудің, қатынаспаудың әлі күнге көзге көрінерлік бір істің 

істелмеуінің себебі не? Біз әлі күнге білмейміз.



25

ЕГІНГЕ ДАЙЫНДАЛЫҢДАР

Қазіргі күнде егін саламын деген елдер кез-келген жерден 

тұқымдық астық, соқа-сайман таба алмайтындықтан һәм ендігі 

егін салушылар хүкімет көмегінсіз іс істей алмайтындықтан, 

Семейдің губерниялық жер бөлімінде келесі жаздың шаруасына 

істеліп жатқан қамдарын барлық оқушыға да һәм егінші елдерге 

де білдірмекшіміз.

Губерниялық жер бөлімінің бұл жұмысы туралы алдымен 

істеп  отырған  қаулысы  –  Семей  губерниясындағы  елдердің 

бәрін егін салуға міндетті қылу. Бұл міндет артылмайтындар – 

жерлеріне егін шықпайтын елдер, не олар қай жерде отырған 

елдер һәм қай ел екені жер бөліміне белгілі. Бұлардың жеріне 

егін шықпайтыны бұрынғы шыққан землемерлердің

1

 сөзімен һәм 



ғылыми дәлелдерімен анықталған елдер болады. Міне осындай 

елдерден басқаның бәріне де белгілі бір мөлшерге шейін егін 

салу түгел міндет.

Бір болыс елдің салатын егінінің ең кемі қаншалық болады? 

Оны жер бөлімі көрсетеді. Егер егін салушы елдер сол межеден 

артық салатын болса, оларға айрықша сый есебінде пұл, шай, 

ұн секілді нәрселермен көмек берілмекші.

Жер бөлімінің бұдан соңғы ойлап отырған ниеті – егін салу-

шы елдердің бәріне де тұқым беру һәм жетісінше соқа-сайман 

беру, тұқым берудің қамына жер бөлімдері қазіргі күннен бастап 

кірісе бастады. Әрбір уездерге арналған тұқымдық астық уездің 

жер бөлімдеріне осы февральдің 15-не шейін түгелімен беріліп 

болмақшы. Содан ары қарай уездік жер бөлімдері өз беттерімен 

елге тарата бастайды. Жер бөлімінің ісі сөзінің ізімен шығатын 

болса және жол біткенге шейін ел-елге тиісті тұқымдық астықты 

қолдарына беріп, жерлеріне ерте жеткізіп алатын қылмақшы. 

Онан соң елге берілетін астық тобымен бір болыс елге бір-ақ 

беріледі.  Оны  жер  бөлімдерінен  алып,  елге  таратушы  во-



26

лисполкомдар

2

  болады.  Жеке  ауылдарға,  старшиндарға



3

  әуел 


бастан  бөлініп  берілмейді.  Тұқым  беру  турасындағы  қазіргі 

қолданатын жол осы. Ендігі бір жұмыс соқа-саймандар туралы 

жақында губерниялық жер бөліміне 1500–2000 шамасындай соқа 

келеді. Бұл да егінші елдерге таратып беруге арналған нәрселер. 

Жалғыз-ақ, берілгенде волисполкомдардың қолына беріледі және 

алушылар майын ғана ұстайды. Соқаның басы жер бөлімдерінікі 

болып саналады. Мезгілінде не бұзылып, не сынып қалған жері 

болса, түзетіліп берілетін болады. Бұл екі мың соқа ел санына 

қарағанда көп болмаса да, жылдағы берілетін санына қарағанда, 

көп  деуге  болады.  Бұрын  бір  губернияға  400–500-ден  артық 

соқа берілмейтін. Биылғы жылы бұл саймандардың көбі қазақ 

халқына  берілетін  қисыны  бар.  Себебі  жер  бөлімі  бұрыннан 

егінге  бойұсынбай  келе  жатқан  қазақ  халқын  іске  үйретем, 

қаракетке түсіремін деп отыр. Қазақтың көбінде соқа-сайман 

жоқ.  Орыс  егіншілері  қазаққа  қарағанда  бұрыннан  сайманы 

көп. Шаруасы ретті және де жылда келетін саймандардың көбі 

соларға берілетін. Міне, осы себептерге қарағанда жер бөлімдері 

қазіргі ойлап отырған ниеттерінен адаспаса, көп соқасын қазаққа 

беруіне керек. Және де бұл айтылғандардың үстіне губерниялық 

жер  бөлімі  Семей  губерниясындағы  егіншілерді  үш  жікке 

бөліп отыр. Бұның біріншісі – дефицитный район

4

 (егінді не 



өзі салмағандықтан, не салса да аз салып, ішерлігін ала алмай 

өзге жерлерден сатып алатын елдер). Бұл жікке кіретін Семей 

уезіндегі қыр жақта тұратын елдер секілділер. Екінші жігі – астық 

разверсткасының

5

  елу  процентін  толтырған  елдер.  Үшіншісі 



астық разверсткасының 75 процентін толтыруға әлдері бар болса 

да, соны толтырмай отырған елдер. Бұл соңғы екі жікке кіретін 

крестьяндар. Жер бөлімінің бұларды жікке бөліп отырғандағы 

мақсаты – әрқайсысының ыңғайына қарай беретін көмегін ерте 

күннен межелеп алу.

Мұндағы бөлімнің қазіргі мақсатына қарағанда, көмектің көбі 

жоғарыда айтылған бірінші жікке кіретін елдерге берілмекші. 

Қазақ халқының тұқымнан да, соқа-сайманнан да биылғы жыл 

өзгеден артық алуына тағы бір дәлел – осы.

Кіндікте болып жатқан съездердің “енді шаруаны түзейміз” 

деген ұранының арқасында биылғы жылы күштің көбі осы егін 

жұмысына салынбақшы. Жұрттың бәрі де арысы мемлекетті 

ашықтырмас  үшін,  берісі  өзі  ашықпас  үшін  жаз  шыға  егін 


27

жұмысына жұмыла кіріскелі отыр. “Хүкімет тарапынан осы егін 

жұмысын ойдағыдай қылып аяқтандырып, ретке салып, істерінің 

бәрін  тездетіп  бітіріп  отыру  үшін,  посевком

6

  деген  бөлімдер 



ашылып отыр. Посевкомдар губернияда, уездерде де түгелімен 

болмақшы. Егін салу турасында жұмысы болған кісілердің бәрі 

де посевкомдармен сөйлесіп, тиісті көмектерін, мұқтаждарын 

солардан алады.

Мінеки,  қазіргі  егінге  дайындалу  турасындағы  біздің 

білдіретін хабарымыз – осы. Бұдан былай да осы жұмыс турасы-

нан шыққан қосымша, не өзгертілген жолжоба болса, үнемі басып 

(газетке – ред.) тұрмақшымыз. Егін жұмысы қазақ шаруасына ең 

пайдалы, ең ірі жұмыс болғандықтан, уездерде қызмет қылатын 

барлық оқыған азаматтарға, егін турасындағы жол-жобамен түгел 

танысып, посевкомдармен тізе қосып іс қылу.

Күндегі істеген істерінен мағлұмат алып хабарласып тұру. 

Екінші,  ел-елге  осының  жайын  ерте  күннен  құлақтандырып 

тұқымды, соқаны қалайша алудың жөнін ұқтыру һәм волиспол-

комдар арқылы берілген астық, соқалар ұстағанның қолында, 

тістегеннің аузында кетпейтін қылып, ретке салып аңдушы болу. 

Үшінші, қай ел не нәрсе алды, қай ел ала алмай қалды, не себеп-

тен алмады, соны біліп тұру. Ала алмаған елдерге осыны әперудің 

қамын істеу: төртінші, қалаларда қызмет қылатын жігіттердің 

бәрі де осы жұмысқа жұмылып іс шығару. Канцелярияда оты-

рып қағаз шимайлаумен уақытты ұсақ нәрселерге жоғалтуды 

қою,  бастарын  қосып,  егін  жұмысын  бөлісіп  алып,  барлық 

күшті соған салу. Бесінші, егін жайындағы жұмыстардың реті 

қандай болып отыр, соны губерниялық қазақ бөліміне білдіріп 

отыру. Алтыншы, газетке сөз жазатын жолдастардан сұрайтын 

өтінішіміз: біреу пәлендей ішік алды, біреу пәлендей тазы ит, 

қаршыға алды, біреудің көңілінде пәлендейлік жуандық жүр, 

бірінің көңілінде арамдық жүр деген сөздерді, мүмкін болса, 

азайтыңқырап, біреудің көңіліндегі күңгіртті болжамай-ақ, көз 

алдында көрініп тұрған елдің шаруа жайын айтса екен деймін. 

Әсіресе,  осы  айтылған  егін  жұмысы  қай  ретте  болып  отыр, 

қандай жақсылық, қандай кемшіліктері бар, соларды білдіріп 

отырсаңыздар екен. Бұдан былай сондай хабарларға газет бетінен 

кең орын берілетін болады. Бүгінгі күнде біздің ең маңызды 

мәселе деп отырғанымыз – осы.


Қосымша:  волисполкомдар  жоғарыдағы  айтылған  ретпен 

соқаны алғанда, алдымен ең мұқтаж кедейлерге беріп, олардың 

жұмысы бітуге тақағанда ауыстырып, екінші мұқтаж кісілерге 

беріп отыруға міндетті. Және исполкомдардың

7

 бір міндеті ерте 



бастан посевкомға ел ішіндегі егіншілердің саны һәм мөлшері 

қаншалық тұқымға мұқтаж, қолдарында қаншалық тұқымы бар, 

соның жайынан мағлұмат түсіруіне керек. Бұл – ең алдымен 

ескеретін жұмыс. Және исполкомдардың жанынан таза пысық, 

ел қызметіне ерінбейтін кісілерден волпосевкомдар

8

 жасалуына 



керек.

Мұхтар

29

ЕСІЛ ҚАРҚАРАЛЫ

Қарқаралы уезі – Семей облысында қызмет қылған орыс-қазақ 

өр қылығымен ерте таныс болып, белгілі болатын “аты шулы” 

уездің бірі, ардақты оқушы!

Аты шулы уез бола ма екен? Болса аты шулы кісіге не болат 

та

*



 дерсіз, айтқан сөзіме күдіктенерсіз, бірақ азғана сабыр қылып 

ойлаңыз, түсінесіз.

Қарқаралының қай заманын алайын? Басынан бастасам да, 

аяғынан бастасам да бәрі бір. Қарқаралы қала болғалы шудан, 

бәледен, өтірік жала, сұмдықтан аман болған күні жоқ. Патша 

заманын, төңкеріс заманын алсам да алаңы-ашығы жоқ, үзілмей 

келе жатқан зұлымдық. Қай жағынан бастайын десем де көз ал-

дыма ақ бас Көлке, Петрушкенің Алексейі, Захарлар, Мимдер, х. 

ж. лер келеді

1

, оның артынан ұзын құйрық болып, қалпақ киген 



шешейлер,  етегінен  ұстаған  тұмақтылар  келеді...  Қарқаралы 

әңгімесін басынан бастасаң да, аяғынан бастасаң да осы адамдар: 

“мен мұнда”, – деп алдыңа келіп, тағзымменен бас иіп тұрады. 

Әңгіменің алақабы

2

 кім екенін ұғасың, қай жағынан бастасаң да 



осылар шығатынын білесің.

Бірақ біз Қарқаралы әңгімесін бүгін айтқалы отырмыз ғой. За-

ман өтіп кеткен соң айтты не, айтпады не?.. Сорлы Қарқаралының 

өткен замандағы әңгімесін естісек...

Қарқаралы кіп-кішкентай болып, қулық-сұмдықты жаңа оқып 

жүрген күннің өзінде атақты Достоевскийдің кітабына ілінген 

жоқ па?

3

 Қарқаралыдай бұзылған кірлі қала жоқ деп текке айтты 



деймісің?! Өнеріне сүйсінбегеннен айтат та...

Қарқаралы үлкейгенде қайтті?! Тағы да алдымен ілінді ме? 

Қазақтың алғашқы қамқор ақыны Ахмет не айтты, естеріңде 

бар ма?


* Болат та – болады.

30

О  да  “өнеріне  сүйсінген”

4

  жоқ  па  еді.  “Хош,  сау  бол, 



Қарқаралы, жуылмаған, айдай бер қалса адамың қуылмаған”

5

 – 



... деген сөздерді өзге уездерге қашан айтып еді? Өзгелер ондай 

өнерлі болса қазақ жұрты жер үстіне де сыймас.

Қай уез Қарқаралыға пар келеді?..

6

Пар келу үшін, өнер керек.



Қайсының, қай хүкіметтің уақыты болса да бір уезді екі бөліп 

алып, партия істеуші едік

7

, қайсының біріңді-бірің патша зама-



ны болса, түрікке ақша жиды деп

8

, ақ келсе – қызыл болды деп, 



қызыл келсе ақ болды деп, өтірік жала жауып, көрсетіп, айдатып 

байлатушы едік! Партиядан туған араздықты саясат жұмысының 

төріне айналдырып, дабырайтып, ел-жұртты сабылтып, әбігер 

қылып, біреуді аттырып, біреуді айдатып, байлату кімде бар? 

Біреуден кегін алу үшін қалаға келген начальникке

9

, комиссарға



10

кім болса соған жағынамын деп сый беру, күндіз-түні қонақ қып, 



пальтосын әперіп, калошын салу

11

 кімде бар. Жаман үйреніп 



есірген  ұлықтың  төрелігі,  иттігі  асып,  елді  езіп  отырғанда, 

жұрттың көзіне қанды жасты ағызып отырғанда сіз ақылдысыз, 

сіз жәйлі төресіз деп жорғалап отыру кімде бар? Губерниялық 

махкәмалар сол төренің иттігіне шыдамай губернаға шақыртып, 

орнынан түсірмек болғанда, бұл кісі бізге жәйлі еді, Қарқаралыда 

қалдырсаңдар  екен  деп,  приговор

12

  жиып  беріп,  мойнына 



бұршағын салып тілейтін мінез кімде бар? Губерниядағы қазақ 

оқығандары  қызметке  алдырамын  десе,  оны  зорлық,  жаулық 

деп ұғып, әлгі төреге жібере көрме деп жалынып, жалпы етек 

болатын мінез кімде бар? Сондайлардың өз бастарына қорған 

болғанына  мәз  болып,  иттігінен  жылап  отырған  елдің  халін 

ұмытқан, беттің арын белбеуге түйген кім? Жауыздық қылған 

ұлықтардың жәбірлерін губерниялық махкәмаларға білдір десе, 

қарсы тұр десе сол кісінің өзін көрсететін кім?

Жылап отырған елдің көріп отырған жәбірін айтуға қорқып, өз 

басының амандығы үшін елді, жұртты құрбан қылып, қалтырап 

отырған қоян жүрек қорқақ кім?..

Ардақты  оқушы,  бұның  бәрін  істеуші  кім  десең  баяғы 

“жуылмаған Қарқаралының”

13

 жойылмаған оқығандары. Бұның 



бәрін білгің келсе, көзіңменен көргің келсе, Қарқаралыға бар. 

“Ревизорды”

14

  оқымасаң  да,  “геройларын”



15

  көзіңмен  көріп 

қайтасың.

Көрудің үстіне өзің де Гоголь

16

 боласың.



Мінеки, жарықтық Қарқаралының ерекшелігі осы еді. “Аты 

шулы”  деген  ат  осындай  мінездерінен  туып  еді.  Жалғыз-ақ 

есіл Қарқаралы осы күнде жүдеп тұр. Басына қайғылы күндер 

туып  тұр.  Ол  не  десеңіз:  талайдан  өзіне  лайықты  болып  кез 

болған көздің ағы мен қарасындай екі төресі – Метрей, Ваганов 

губкомның һәм исполкомның бұйрығы бойынша 24 сағаттың 

ішінде  орындарынан  қуылып,  Семейге  айдалып  келіп  отыр. 

Бұлардың бірі уисполкомның

17

 бастығы, бірі мүшесі еді. Оның 



үстіне  оқығандарды  губерния  жауынан  сақтайтын  қорғаны 

еді, елдегі пәлеқұмар, жемқорлардың асқар белі еді. Бұлардың 

ақсақалды сары тісті бол, тағыңда ағар деп батасын берген ерлері 

еді. Олар көзден ғайып болды, өткен күн бір күнгідей болған жоқ.

Енді Қарқаралы не күйге ұшырайды?! Ақ бас Көлке болса 

қартайды, орнын басқан Метрей болса, орнынан тайды.

Оны жоқтатпайтын ер табылар ма?..

Мектептің орындығында отырып начальникке арызды қалай 

жазады, жандаралға арызды қалай жазады деп, жасынан адвокат 

болған оқығандардың орнын басатын ерлер табылар ма?

Әй, неңе табылсын...

Бұл құрыған заман емес пе?..

Есіл Қарқаралы...

М. Ә.

31


32


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал