Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.
Pdf просмотр
бет19/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32

ҚЫРДАҒЫ ЕЛГЕ

М. Әуезовтің бұл мақаласы алғаш рет “Қазақ тілі” газетінің 

1921  жылғы  1  қаңтардағы  санында  жарық  көрді.  Содан  кейін 

еш  жерде  жарияланған  емес.  Жазушы  шығармаларының  елу 

томдық  толық  жинағында  тұңғыш  рет  жарияланып  отыр. 

Мақаланы баспаға дайындағандар – Бейсенбай Байғалиев пен 

Сұңқар Жұртбаев. Бұл кезде Мұхтар Әуезов Семей губерниялық 

революциялық  комитетінің  бұратана  халықтар  бөлімінің 

меңгерушісі  міндетін  атқарып  жүрген.  Мақала  Семей  қаласы 

мен  облысын  ақгвардияшылардан  тазартуға  байланысты  осы 

өңірде орын алған өзгерістерге арналған.

1.  5-бет.  “Семей  қаласында  соңғы  өзгеріс...”  –  Кеңе с 

өкіметінің  қайта  орнағанын  айтып  отыр.  Большевиктер 

дайындаған  жұмысшылар  мен  солдатт ардың  көтерілісі 

нәтижесінде 1919 жылғы 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған 

түні қалада ақгвардияшылардың билігі құлап, өкімет жергілікті 

соғыс – революциялық комитеттің қолына көшті. Көтерілісшілер 

ақгвардияшылардың  жазалаушы  жасағын  қарусыздандырды, 

Семейге  орналасқан  екінші  Дала  корпусының  штабын  басып 

алды,  түрмеден  саяси  тұтқындарды  босатты.  2  желтоқсанда 

Семейге  Е.  М.  Мамонтов  басқарған  партизандар  полкі,  ал  10 

желтоқсан  күні  Қызыл  Армияның  тұрақты  бөлімдері  кірді. 

(Қараңыз: Гражданская война в Казахстане. Летопись событий. 

А.,  1974.  С.  317;  Покровский  С.  Н.  Разгром  иностранных  во-

енных интервентов и внутренней контрреволюции в Казахстане 

(1918–1920 гг.). А., 1967. С. 302).

2.  5-бет.  “Дутов  Дутов  Александр  Ильич  (1879–1921)  – 

Орынбор қазақ-орыс әскерлерінің атаманы.

1917–1918  жылдары  Оңтүстік  Орал  мен  Орынбор  өңірінде 

қазан  төңкерісінің  жеңісіне  (кеңес  өкіметіне)  қарсы  қарулы 

бүліктер ұйымдастырды, 1919 жылдан генерал-лейтенант. Аза-

мат соғысы жылдарында Колчак әскерінің құрамындағы Орын-

бор жеке қазақ-орыс армиясын басқарып, Қызыл Армияға қарсы 


320

соғысты.  Колчак  әскерлері  талқандалғанда  өз  әскерлерімен 

Семей  облысы  мен  Жетісуға  шегініп,  1920  жылғы  наурызда 

Қытайға өтіп кетті. Дутовты 1921 ж. 7 наурызда Құлжа (Суйдун) 

қаласында (Шығыс Түркістан) өзі орналасқан штабында кеңес 

чекистері  атып  өлтірді.  Бұл  оқиға  Шәкен  Айманов  түсірген 

“Атаманның ақыры” кинофильміне арқау болған.

3. 5-бет. “...қызыл әскердің алдыңғы реті барып” – 1919 

ж.  10–11  желтоқсанда  Семейге  Қызыл  Армияның  алғашқы 

бөлімдерінің келгені туралы болып отыр. Олардың қатарында 

228 Карель полкі мен 226 Петроград полкінің батальоны болды. 

(Қараңыз: За власть Советов. Сборник статей и воспоминаний. 

Семипалатинск, 1961. С. 109.).

4. 7-бет. “ауылнай комитеті, не волостной комитетінің” – 

1918 жылғы көктем және жаз айларында құрылған жергілікті би-

леу органдары. Олардың дені Алашорданың тікелей басқаруында 

болған  облыстық  (оның  қатарында  Семей  облыстық)  қазақ 

комитеттерінің жетекшілігімен ұйымдасқан еді және олар аза-

мат соғысы жылдарында қазақ ауылдарында жұмыс жүргізген.

5. 7-бет. “Семейдің счастной революционный комитетіне” 

– 1919 жылы 16 желтоқсанда құрылған Семей облыстық әскери-

революциялық  комитеті.  Оның  алғашқы  құрамына  Скиба, 

Большаков,  А.  Бобр,  В.  А.  Курамжин,  Неворотов  деген  боль-

шевиктер мен большевиктерді жақтаушылар кірді. 1919 жылы 

16  желтоқсаннан  1920  жылы  10  қарашаға  дейін  оның  құрамы 

алты  рет  өзгерістерге  ұшырады.  1919  жылғы  23  желтоқсанда 

облревкомның басқару бөлімінің қасында “инородческий” подот-

дел (“бұратаналар” бөлімшесі) құрылды. Оның жетекшісі болып 

М. О. Әуезов тағайындалды. Бөлімше жергілікті халық өкілдерін 

жаңа “революциялық органдарға” тарту шараларын қарастырды, 

оның басшылығымен бірнеше “уездік информациялық сиездер” 

шақырылып, қазақ жастары өкілдерінің көптеп қатынасуымен 

әртүрлі митингілер мен мәжілістер өткізілді. М. О. Әуезовтің 

1920  жылы  23  ақпанда  облревкомға  жолдаған  бір  баяндама-

сында  осындай  мәжілістер  өткізу  3  наурызда  Семей  уезінде, 

ал облыстың қалған төрт уезінде 20 наурызда жүзеге асатынын 

көрсеткен.  (Қараңыз:  Нұрпейісов  К.  Қазақстанның  шаруалар 

советтері (1917–1929 жылдар). А., 1972; Зиманов С. Даулетова 

С. Исмагулов М. Казахский революционный комитет. А., 1981).

6. 7-бет. “...ел тезінен комитеттерін” – ескі ауылдық және 

болыстық  комитеттерді  кеңестік  негізде  қайтадан  сайлау 

(ұйымдастыру) жөнінде болып отыр.



7. 7-бет. “Семейдегі әскер басшылары” – қала мен облыста 

Кеңес  өкіметі  қайтадан  орнағаннан  (1919  ж.  1  қараша)  кейін 

құрылып, іске кіріскен облыстық әскери-революциялық комитет 

деген сөз.



К. Нұрпейісұлы,

Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының коррес-

пондент мүшесі, тарих ғылымының докторы, профессор

21–1246


322

ҚАЗАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МІНДЕТІ

М.  О.  Әуезовтің  “Қазақ  қызметкерлерінің  міндеті”  атты 

мақаласы  тұңғыш  рет  1921  жылы  14  қаңтарда  “Қазақ  тілі” 

газетінде жарық көрді. Жазушы шығармаларының он екі томдық 

басылымының  11  томының  23–26-беттерінде  (1969);  жиырма 

томдық шығармалар жинағының 15 томының 34–36-беттерінде 

(1984)  жарияланды.  Толық  жинаққа  газеттік  нұсқа  бойынша 

енгізіліп  отыр.  Текстологиялық  салыстыруды  жүргізгендер  – 

Бейсенбай Байғалиев пен Сұңқар Жұртбаев.

Семей  Губкомынық  қазақ,  бөлімінің  меңгерушісі  ретінде 

Қазақстанның мемлекеттік аппаратымен ауылдық мекемелерде 

қызмет атқарған қазақ азаматтарына ақыл-кеңес беру ниетінде 

жазылған.

1. 8-бет. Кіндік хүкіметтің  орталық үкіметтің.

2.  8-бет.  “...қазақ  халқына  автономия  береміз”  –  1920 

жылғы 30  тамызда Бүкілроссиялық ОАК мен РСФСР Халық Ко-

миссарлары Кеңесі Қырғыздың (қазақтың – Қ. Н.) Автономиялық 

Қеңестік  социалистік  Республикасын  құру  туралы”  декрет 

қабылдады. Әңгіме сол туралы болып отыр.

3. 8-бет. “...разверсткеге” – азық-түлік салғырты (салымы). 

Азық-түлік  салғырты  (салымы)  азамат  соғысы  жылдарында 

кеңес өкіметі жүзеге асырған экономика саласындағы төтенше 

саясат  –  “соғыс  коммунизм”  саясаты  дейтіннің  негізгі  өзегі 

болды.


4.  9-бет.  “...қазақ  азаматының  партиядағысы...”  – 

коммунистік  (большевиктер)  партиясына  мүше  болған  қазақ 

азаматтары жөнінде айтылып отыр.

5.  9-бет.  “...социальный  революцияны”  –  әлеуметтік 

төңкеріс.  Бұл  арада  социалистік  революция  мағынасында  ай-

тылып тұр.

6.  9-бет.  “елді  мәдениетке  жеткізіп  ағарту,  өнер-білім 

таратып, құралдандыру...” – М. О. Әуезовтің пайымдауынша, 

халықтың  қолын  кең  аядағы,  терең  мазмұндағы  мәдениетке 



жеткізу,  оны  өнер-біліммен  “құралдандыру”  әлеуметтік 

өзгерістер жасаудың басты жолы болмақ.

7. 9-бет. “...қазақ даласын билейтін комитет” – бұл жерде 

1920 жылы қаңтарда Семей губревкомының жанынан құрылған 

бұратана (қазақ) халықтар бөлімі туралы айтылып отыр.

8. 10-бет. “...төңкерістер...” – Бұл арада “төңкерістер” деген 

ұғымды  М.  О.  Әуезов  философиялық  мәнде  қолданып  отыр. 

Оның негізі – терең мазмұнды экономикалық, рухани, мәдени 

“төңкерістерге”, дәлірек айтсақ деген өзгерістерге саяды.

К. Нұрпейісұлы


324

СОТ

Мақала  “Қазақ  тілі”  газетінің  1921  жылғы  12  қаңтар  күнгі 

114-санында  жарияланған.  “ Басы  №  113  нөмірде”  деген 

сілтеме бар. “ Қазақ тілінің” бұл саны Қазақстан Республикасы 

Орталық мемлекеттік архивінің, Ұлттық кітапхананың Ғылым 

академиясы  кітапханасының,  сондай-ақ  Семейдің  қалалық 

мұрағаттарында жоқ болып шықты. Осы мақаланың және бұдан 

кейінгі  шыққан  жарияланымдардың  мазмұнына  қарағанда,  

М.  Әуезов  Семей  губерниялық  атқару  комитетінің  қазақ 

бөлімінің меңгерушісі ретінде билік, сот, неке заңы, коопера-

тив, ауыл шаруашылық мәселелеріне арнап газеттің әр санында 

жеке-жеке мақала жазып отырған. Сондықтан да “ Сот” дербес 

шығарма ретінде ұсынылып отыр. Бұрын ешқайда қайта жарық 

көрмеген. Шығармалар жинағының елу томдық толық басылы-

мына  араб  һарпінен  кирилл  һарпіне  көшіріп,  дайындағандар 

– Бейсенбай Байғалиев пен Санагүл Майлыбаева Көлбайқызы. 

Ескерту: архив тігінділерінен мақаланың бас жағы табыла қалған 

жағдайда арнайы қосымша томға толық мәтінімен басылады.

11-бет. “ Ел сотты бір-ақ турадан біледі” – Бұл сөзбен автор 

үлкен тарихи мәселені қозғап отыр.

Қ а з а қ   д а л а с ы н д а   х а н д ы қ   б и л і к   т а р ат ы л ы п ,   о р ы с 

империясының  басқару  жүйесі  кіргізілу  кезеңінде  үлкен 

өзгеріске  ұшыраған  “ билер  институты”  болатын.  Мыңдаған 

жылдар көшпелі қоғамның әлеуметтік-рухани құрылымын мінсіз 

реттеп келген билер институты өзінің маңыз, міндетінен айыры-

лып, тарих сахнасынан шықты. Бұған үлкен екі себеп әсер етті.

Біріншіден:  “ Биді”  халық  дауысқа  салып  сайлай,  оның 

біліміне,  ақылына,  адалдығына,  шешендігіне  бой  ұсынып, 

мойындайтын. Қауым ортасында тегіне қарамай би дәрежесіне 

көтеріліп, халықтың әділ таразышы, парасаты болып саналатын. 

“ Тура биде туған жоқ” – деген сөз осыдан шыққан.

Екінші:  бидің  шешімін  орындау  жүйе сі  не  ханға,  не 

атқамінерлерге бағынышты болмайтын. Сөз құдыреті, дәстүрлі 


325

мәдениет, би мақұлдаған билер кеңесі міне, осылар би шешімін 

орындатар негізгі құрал еді.

Ресей  үкіметі  ондаған  жылдар  дайындалып  барып,  1868 

жылы  Дала  облыстарына  арналған  жаңа  сот  жүйесін  кіргізді. 

(Временное положение об управлении степными областями 1868 

года). Бұл ереженің ең басты ерекшелігі билерді сайлау жүйесін 

кіргізуі  (97,  135-баптар).  Ереже  бойынша  әр  болыстан  үш 

жылға төрт адамнан сегіз адамға дейін би сайланды, сайлаудың 

қорытындысы  губернатор  жарлығымен  бекітілді.  Шешкен 

дауының 10% билік ақы есебінде алу заңдастырылды. Ақылгөй, 

шешен,  заңды  жатқа  білетін  халық  өкілдерінің  орнына  малы 

көп парақор пысықтар билікке, сот болуға ұмтылды. Халық ал-

дында сайланған билер әдет-ғұрып заңдарын білмейтіндігімен, 

әділетсіздігімен дәстүрлі кұқықтық мәдениетімізді төмендетті. 

Патша  әкімшілігі  осы  білімсіз  билер  үшін  Арнайы  Ережелер 

шығарды.  1868  жылғы  Уақытша  ереже  мен  1886  және  1891 

жылдарда шығарылған заң бойынша қазақтар үш сатылы сотқа 

тәуелді болды. Осы басқару реформасы “ сот” деген сөзді қазақ 

тіліне енгізді.

Ол  үш  саты  мынадай:  Әскери  сот,  жалпы  қылмыстық  сот, 

билер  соты.  Әскери  сот  және  қылмыстық  соттар  империялық 

заңдарды,  билер  соты  әдет-ғұрып  заңдарын  қолданды.  Билер 

соты құзыры арнайы бабпен шектелді. Енді билер 300 сомнан 

аспайтын (он бес жылқы, жүз елу қой) дауларды ғана қарауға 

құқықты болды.

Автордың “ Ол қызметі не? Ол елдің біріндегі ақысын біріне 

әперу, еселестіру, ұрыны тию, қыз, қатынның арызын орындау” 

– деп, дөп басып айтып отырғаны осы.

2. 11-бет. “ терістікке тез, аңдушы деп ешкім де ұқпайды – Бұл 

жерде “ тез” түзетуші, оң жолға салушы ұғымында берілген. Ал 

“ аңдушы”  деген  сөз,  қылмыстың  алдын  алу  туралы  соттарға 

жүргізілетін  үгіт-насихат  жұмысы  айтылып  отыр.  Сондай-ақ 

прокурор деген ұғымды да білдіреді.

3.  11-бет.  “ теңдіктің  қарақшысы  –  Бұл  арада  сот  әділ 

шешімнің  жоқтаушысы  байға,  болысқа  бұрмай,  істі  дұрыс 

шешетін,  ар-ұяттың  қарауылы,  күзетшісі  –  деген  мағынада 

қолданылып отыр.

4. 11-бет. “ Сот басында елге жат бір нәрсе болып көрінеді  

Кеңес заңы әкелген жаңа сот жүйесі құқықтық істермен қоса, 

ел ішіндегі басқа идеологиялық жұмыспен де айналысты. Бұл 

арада  автор  кеңес  сотының  байларды  әшкерелеу,  тапқа  бөлу, 



326

революция  дұшпаны  деп  әшкерелеу,  әйел  теңдігін  көп  әңгіме 

ету сияқты жаңа сипатын қазақ арасы үрке қабылдағанын ай-

тып отыр.

5.  11-бет.  “ ...мінез  үшін  жазаға  кәріфтар  қылатынын  білген 

жоқ  Кәріфтар (кіріптар) сөзі тәуелді, міндетті деген ұғымды 

білдіреді. Бұл арада істеген қылмысына сай белгіленген жазаны 



өтеуге кіріптар (міндетті), оны еріксіз мойындауы тиіс, жазадан 

құтылмайды – деген мағынада айтылып отыр.

6. 11-бет. “ ...мал тартқан, жаза тартқан тентек-тебір, болмаса” 

– Бұл арада жазушы: қылмыскерден, жазаланушыдан басқа сот 

шешіміне риза көпшілікті айтады. “ Мал тартқан” – құн төлеуші 

немесе айып төлеуші.

7.  11-бет.  “ ...хансъездің  өзі  болды    Отарлау  реформасы 

жүргізілгенге дейін қазақ арасында хандық басқару жүйесі бар 

еді.  Ол  кезде  жылына  бір  рет  үлкен  хан  кеңесі,  яғни,  халық 

жиыны өтіп тұрған. Онда ру арасындағы даулар, жер мен соғыс 

мәселелері қаралған. “ Күл төбеде күнде кеңес” – деген мәтел сол 

кезде қалыптасқан. “ Жеті жарғы” заңы осындай хан кеңесінде – 

халық жиналысында қабылданған. Халық жадында “ хан съезі” 

үлкен ілтипатпен, әділеттілік таразысы ретінде сақталып қалды.

8. 11-бет. Баяғыда болған пәлен черезвычайный, түлен через-

вычайныйлардың заманын айтады, сондағы біткен жұмыстарды 

айтады”  –  1868  жылғы  дала  облыстарын  басқару  туралы 

Уақытша  ереженің  150-бабына  байланысты  болыс  билерінің 

съезі  өткізіліп  отырған.  Олардың  қарайтын  ісінің  құны  300 

сом  мен  500  сомның  мөлшерінен  аспауы  тиіс  болатын.  Уезд 

бастығының шешімімен (156-бап) уезд билерінін чрезвычайный 

съезі, облыстық басқарма шешімімен билердің облыстық чрез-

вычайный съезі өткізіліп отырған. Абай Құнанбаев Қарамолада 

өткен  “ чрезвычайный  съезге”,  тобықтының  биі  есебінде 

қатысып, төбе би болып сайланғаны белгілі.

9.  12-бет.  “ ...һәм  өзі  емдемей,  жай-жапсарын  білмеген  ел 



емдегендіктен бұзылып кеткен мінездері, қалыптары көп  Бұл 

жерде  автор:  Ресей  заңына  бағынғаннан  кейін  бас  еркіндігі 

өз  қолынан  кеткен  халықтың  ұлыққа  –  жалтақ  тәуелді,  биі 

–  парақор,  болысы  –  жағымпаз  болғанын;  олардың  заңнан, 

әдет-дәстүрден  көрі  билік  ықпалына  мойынсұнғанын,  этнос 

психологиясына  қарама-қарсы  құқықтық  әрекеттердің  пайда 

болғанын айтып отыр.

10.  12-бет.  “ Түбегейлі  міндеттер: әлгі ұғымды ел  көкейіне 



қондыру. Шын таза соттың кім екенін, қандай болатынын елге 

327

таныту  Автор XX ғасырдың басынан бері Ресей юристерінің 

арасында  көп  айтылып  жүрген  праволық  сана,  праволық  пси-

хология  мәселелерін  сөз  етіп  отыр.  Заңға,  үкімет  шешіміне 

деген  халықтық  көзқарасын  өзгертудің,  құқыктық  мәдениетті 

қалыптастыруда  соттың  алатын  орынының,  олардың  рухани 

тазалығының, әділдігінің маңызын айтып отыр. Сот түзелмей 

– ел түзелмейтіні меңзелген.

11. 13-бет. “ Міне, бұл міндет не судиялардың тобырының ойын-



да жоқ...  Бұнда тек заңның мәртебелілігі, биліктің әділдігі ғана 

елді,  мемлекетті  дұрыс  жолға  апаратыны  айтылған.  Ең  дұрыс 

демократиялық жол – заңға бағыну. Қазақ үшін құқық мәртебесі 

биік  болған  кезең  –  билер  заманы.  Ал,  Европадағы  үлгі  –  XX 

ғасырдың басында айтыла бастаған құқықтық мемлекет теори-

ясы. “ Заң қуатына сүйенуіміз керек, мемлекет тұғыры осы болу 

керек”,  деген М. Әуезовтің ойы саясат өрт жалынындай лаулап 

тұрған кезде айтылған өте батыл ой.

1 2 .   1 4 - б е т.   “ Біздің  еліміз  тәртіпті,  жақсы  соттың 

бақташылығында  болмағандықтан,  бұрынғы  соқтықпалы  со-

дырлы мінездерден айрылған жоқ  Патшалық  самодержавие 

тұсында қалыптасқан сот жүйесінің әділетсіздігін, халық өмірі 

мен  сот  тәртібінің  екі  түрлі  қарама-қайшы  бағытта  болғанын 

айтып отыр. Отарлау пиғылына негізделген сот жүйесінің Қазақ 

даласына  тек  әділетсіздікпен  зорлықшыл үстемдіктің  ұрығын 

сепкені меңзелген.

13.  14-бет.  “ Бұрын  бір  елдің  бар  батыры  жиылып,  неше 

жұмалық, неше айлық жерге қол болып барып... – Әдетте, хан 

кеңесі  мен билер  келесі  өткен  кезде,  оған  әр  рулар  қол жиып, 

қару-жарағын асынып, азық-түлігін қамдап, сақадай сайланып 

баратын. Бұл, біріншіден, өздерінің күш-қуатын көрсетіп, сес 

білдіруден  туған.  Екіншіден,  іс  шиеленісіп,  насырға  шапқан 

жағдайда әр қилы әрекетке дайын тұру мақсатынан шыққан.

14. 15-бет. “ Ел ішінде біреудің ақысы, “права” дегенге біреудің 

жаратылыстағы еркі, билігі дегенге бойсұну, жол беру жоқ – Автор 

өзінің бұл ойы арқылы үлкен мәселені қозғап отыр. Құқықтық 

теориялық,  философиялық  түбірінде  екі  үлкен  бағыт  бар; 

біріншісі – адамға туғалы жаратылыстан берілетін ерік-құқығы 

(Естественное  право);  екіншісі  –  адамға  мемлекет  тарапынан 

берілетін құқық (Позитивное право).

Адамның туғаны қандай табиғи құбылыс болса, оның өмірі 

де,  еркі  де,  меншікке  иегерлігі  де,  заң  алдындағы  теңдігі  де, 

біреудің  қысым-зорлық  жасауынан  дербес  болуы  да  сондай 


328

табиғи  құқық  болып  табылады.  Бұл  –  жаратылыс  құқығын 

қолдаушылар тарапынан ғана емес, жалпы адамзаттық көлемде 

айтылып,  қолдау  тауып  келе  жатқан  мәселе.  Дамыған  елдің 

Конституциялары осы жаратылыстық құқық негізінде жасалған.

Ал позитивтік құқықта адамның еркі, меншікке иелігі, теңдігі 

өз  ойының  дербестігі  мемлекет  тағайындаған  заңдар  арқылы 

белгіленеді.

Кеңес  дәуірінде  адамның  өмірі,  меншігі,  ақыл-ойы,  еркі, 

жеке  басының  дербестігі  түгелдей  мемлекет  пен  партияның 

реттеуі  арқылы  шешілді.  Адамның  өмірі  түгіл,  ойына  шейін 

“ мемлекеттендірілді”,  яғни,  мемлекеттің  меншігі  есебінде 

бағаланды.  1921  жылы  М.  Әуезов:  “ Адамның  өмірі,  теңдігі, 

меншігі, ақыл-ойы дербес болуы керек. Оны жаратылыс, табиғат 

сыйлаған, оны иемденуге ешкімнің құқы жоқ”, – деп жазуы үлкен 

ерлік  және  терең  білімділіктің  белгісі.  1921  жылы  шығарған 

Кеңес  декреттеріне  жүгінсек,  онда  адамның  құқығы,  меншігі 

революциялық қажеттіліктің мөлшеріне сәйкес қарастырылған. 

Адам өмірі, оның ойы, парасаты революциялық сана денгейінде 

ғана бағаланатын уақытта Аристотель, Джон-Локк (1632–1704) 

айтқан ойларды қазақ топырағына сіңіруге ұмтылуы – автордың 

үлкен демократтық бағыттағы көзқарасын білдіреді.

15. 16-бет. “ ...жаманшылығына қамшы қылып отырған адам-

дарды қуамыз ба?  өктем  билік  тетігін  өз  пайдасына  пайда-

ланып отырған, заңды қисық әрекетке жұмсайтын зорлықшыл 

мінездерді айтып отыр.

16.  17-бет.  “ Енді  елдің  түбегейлі  тәрбиесін  көздеген  сот, 



ел  қамын  жеп  сотқа  алу  болуға  жараған  исполкомдар  болса, 

әрқашан сол жуандардың ісін бермек керек Қазақ автономи-

ясы  жарияланған  соң  пайда  болған  билік  құрылымы:  Оның 

негізгі  билік жүйесі  –  ауылдық  кеңес,  болыстық  кеңес,  уездік 

кеңес, губерниялық кеңес, Бүкілқазақтық Кеңестер съезі болып 

қалыптасқан. Исполком – осы кеңестердін атқарушы тетігі. Бұл 

арада заңды бұзған, бұзуға ықпалды жуандарды тек сотта ғана 

емес, атқару комитеттерінде де қарап, жаза қолдану керектігі 

айтылады.



Қ. Әбішев,

заң  ғылымының  докторы

329

ҚАЗАҚ БӨЛІМДЕРІ ТУРАЛЫ

Мақала “ Қазақ тілі” газетінің 1921 жылғы 29 қаңтар күнгі 

118-санында жарияланды. Бұдан кейін қайтып ешқайда жарық 

көрген жоқ. Жазушының шығармалар жинағынын елу томдық 

толық басылымына орай мақаланы араб һарпінен кирилл һарпіне 

түсіріп, ұсынғандар – Бейсенбай Байғалиев пен Санагүл Май-

лыбаева Көлбайқызы.

Мақала  Мұхтар  Әуезовтің  Семей  губерниялық  атқару 

комитетінің  қазақ  бөлімінің  меңгерушісі  міндетін  атқарып 

отырған кезде жазылған. Семей губерниясы Сібір ревкомының 

құрамында  болғандықтан  да  жергілікті  ұлт  өкілдерін  билікке 

араластырмау үшін осындай басқару жүйесін құрды. Саны басым 

түсетін қазақ елін мемлекет ісінен шеттетіп, оларды бұрынғы 

патшалық-отарлау  саясаты  қолданған  әккі  тәсілмен  билеп-

төстеп,  “ большевиктендіру-орыстандыру”  бағытын  ұстанды. 

Кеңес  өкіметінің  жазалау  саясатын  барынша  тұрпайылықпен 

жүзеге  асырып,  қазақ  даласын  оқу-білімнен,  мәдениеттен, 

ғылымнан,  мемлекет  билігінен  мақұрым  қалдыруға  тырысты. 

Семей  губерниясын  қалайда  Ресейдің  құрамында  қалдырып, 

оны  Қазақ  автономиялы  республикасына  мүлдем  жолатпауға 

барынша  күш  салды.  Сөйтіп,  қазақ  елін  өз  бетімен  томаға 

тұйық, тәуелді күйде қалдыру мақсатымен патшалық мемлекет 

құрылымының  ең  әккі  билік  жүйесі  –  болыстық  құрылымды 

қалдырды.

Губерния,  уез  бастықтары  болып  большевиктер,  яғни  тура 

самодержавие, тұсындағыдай тек қана орыстар тағайындалды. 

Ал  губерниялық,  уездік  атқару  комитеттерінің  жанынан 

ашылған қазақ бөлімі – тек қана көз бояу үшін ғана жасалған 

айла-шарғы еді. Ол бөлім жат міндеті – қазақтың ежелгі жесір 

дауы  мен  болыстық  сайлау  туралы  мәліметті  жиып  беру  ғана 

еді.  Ешқандай  саяси,  экономикалық,  мәдени,  оқу-ағарту, 

әкімшілік,  сот,  әскери  жасақ,  азық-түлік,  өнеркәсіп,  қаражат, 

кадр мәселелерін шешуге тікелей құқы жоқ еді. Алайда, қазақ 


330

бөлімі  өзінің  осындай  шектеулі  қызмет  әрекетіне  қарамастан 

аумалы-төкпелі, төңкерісті кезеңде өте үлкен жұмыстар атқарып, 

ұлттық  мүддені  қорғайтын  бірден-бір  мекеме  болып  табыла-

ды.  Олар  билік  аясының  шектеулі  болғандығына  қарамастан, 

халықтың  тағдыры  мен  тіршілігіне  қатысты  кәсіпшілік  пен 

шаруашылық, саясат пен экономика, оқу мен мәдениет, сот пен 

қаражат  салаларына  белсене  араласып,  аса  ірі  ұйымдастыру 

жұмыстарын  жүргізді.  Қазақ  бөлімінің  мақсатын  түсіндіру  – 

Мұхтар Әуезовтің тікелей міндеті еді.

Әсіресе,  1921  жылдың  қаңтар  айынан  бастап  Семей  мен 

Ақмола губернияларының Қазақстанның құрамына кіруі туралы 

Бүкілқазақ құрылтайының қаулысынан кейін қазақ бөлімдерінің 

беделі ерекше өсіп, саяси-әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, 

мәдени  шараларды  дербес  шешуге  ұмтылды.  Сібір  ревкомы-

на  қарайтын  губерниялардың  Қазақстанға  қосылуы  керектігі 

туралы  талаптар  қойып,  ел  ішінде  үгіт-насихат  жүргізді.  Кей 

тұстарда  Қазақ  автономиялы  республикасының  заңдары  мен 

қаулы-қарарларына  сүйеніп,  Сібір  ревкомы  мен  губерниялық, 

уездік атқару комитеттерінің шешімдері мен нұсқауларын орын-

даудан бас тартты. Міне, М. Әуезовтің “ Қазақ бөлімдері” туралы 

мақаласы осындай шешуші, түйткілді, саяси-әкімшілік атқару 

тұсында жазылды. Мұндағы басты мақсаты – қазақ бөлімдерінің 

әрбір қызметкерлері өзінің жұмысына Қазақ автономиясының 

қаулы-қарарларын  басшылыққа  ала  отырып,  бұрынғыдай 

большевиктік  –  ұлы  державалық  биліктің  ықпалында  кетпей, 

қазақ ұлтының мүддесін қорғап, дербес іс жүргізуі керектігін 

жұртқа  жеткізу  еді.  Мұның  егжей-тегжейі  мақалада  толық 

баяндалған.

1.  18-бет.  “ Бүгінде Орынборда отырған  Орынбор  каласы 

1920–1922 жылдары Қазақ Автономиялы Кеңес Республикасының 

астанасы болды. М. Әуезов бұл арада: “ астана” деген мағынада 

қолданып отыр.

2. 18-бет. “ Кіндік комитеттен  Орталық комитеттен деген 

мағынаны береді. Ол кезде “ Орталық” деген сөзді “ кіндік” деп 

қолданған.

3. 18-бет. “ Бұл бөлімдер кеңес хүкіметінің закондарында жоқ 


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.79 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет