Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.
Pdf просмотр
бет18/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32

ЕКІНШІ  ПЕРДЕ

I көрініс

Төлештің отауы. Дәмеш жалғыз.

Д ә м е ш   (хат  оқиды).  “Қалқам,  әнеугіден  кейін  жолыға 

алмадым. Сағындым. Көңілімнің жалғыз жұбанышы –“уағда” 

деген бір ғана сөзің. Мақсұтым – бұрынғы. Өз көңілің қалай? 

Не ойлаған ойың бар? Үйлерің Байсалбаймен құда болып қойды 

ғой” (Аңырып.) Бұл өтірікті кім айтты екен? (Оқиды.) (“Ырза 

емеспін деген сөзді айта алмадың ба? Іс мұндайға айналған соң, 

салақтық етуге болмайды

19

. Біздің де қам қылуымыз керек. Саған 



енді бір жолығып ақылдасайық. Мына Рақыштан жауабыңды 

айтып жібер. Қош. Ғазизің!” (Аз тұрып.) Не дейді, Құдай-ау!.. 

Шын ба, өтірік пе?

Рақыш кіреді, отырады.



ІІ көрініс

Р а қ ы ш. Оқып болдың ба, Дәмеш? Не жауап айтасың? 

Д ә м е ш. Рақыш-ау, мұнша өтірікті қайдан үйренгенсіздер?

Р а қ ы ш (аңырып). Е-е, мына Құдай не дейді? Қалқам-ау, қай 

арада өтірікші болып қалыппыз?!

Д ә м е ш. Осы құда болыпты дегенді кім айтты сіздерге?

Р а қ ы ш (күліп). Е-е, тәңірі, мынаны айтады екен ғой. Оған 

өтірікші болар ма екенбіз?



285

Д ә м е ш (күліп). Болар ма екенбіз дейсіз-ау, болып отырып. 

Ол рас болса, мен неге білмеймін? Маған Қайша арамдық қылса, 

Күләш айтса керек емес пе? Әлі күнге маған бір ауыз сөз айтқан 

кісі жоқ. Бұларыңыз бекер.

Р а қ ы ш. Өзің басынан бір ауыз сөз естіген жоқпысың? Жоқ, 

бүгінгі болған істі білгем жоқ деймісің?

Д ә м е ш. Басында сұрағанын естігемін. Онда ырза емеспін, 

мені қажамаңдар деп, бәрін де қойғызғамын. Сіздер жұрттың 

өсегіне малданып жүрсіздер.

Р а қ ы ш (байсалданып). Менің сөзіме нансаң қайтеді, бала, 

осы?..


Д ә м е ш. Жарайды, ұялғаныңызға көрінсін.

Р а қ ы ш. Апыр-ай, Дәмеш-ай, енді көңіліңді жыртпайын деп, 

сонша білмегенсіп қашып едім болмадың ғой. (Дәмеш аңырады.) 

Осы қарғыбауын әкеп отырса, құда бола ма, болмай ма? Анау 

үйдің жанына бір түйе, бір ат әкеліп байлап отырған кісі кім 

болушы еді?

Д ә м е ш (өңі бұзылып). Қойшы!.. Не дейсіз?.. (Аз тоқтап 

жылап.) Өлген жалғыз апам емес! Маған жаны ашитынның бәрі 

өлгені де, бәрінің де жау болғаны ғой

20

.

Р а қ ы ш. Қалқам, бұл жаулықпен істеген іс деймісің? Қазақ 



болған соң, қазақшылығы болмай тұра ма?

Д ә м е ш (жылап). Жоқ мен қорғаны жоқ жан екемін. Қарсы 

айтар жауабы жоқ сорлы екем.

Р а қ ы ш. Олай деме, Дәмеш. Қорғаның неге жоқ болады? 

Өзге қорғамаса, біз қорғаймыз. Қазақ қай қызын ырзалығымен 

беруші еді? Бәрі де өлмейтін күнін өзі көріп жатқан жоқ па? 

Өзің ойлан, Ғазиз не дейді? Біз осыны естіген соң, әдейі өзіңмен 

ақылдасайық деп отырмыз.

Д ә м е ш (жағын таянып қатты ойланып отырып). Рақыш, 

бұл рас болатын болса, Ғазизге сәлем айтыңыз!

Р а қ ы ш. Мақұл, айтам, қалқам!

Д ә м е ш. Менің мұнда сенерлік кісім жоқ екенін көзіңіз көрді 

ғой. Ендігі менің жалғыз сенетінім Ғазиз. Сөйлесемін десеңіздер, 


286

ертең кешке үйдің артындағы тоғайдың түбіне ел жатқан соң 

келіңіздер.

Р а қ ы ш. Дұрыс, енді сөздің қысқасы осы. Өзің уайымдама. 

Дәнеңе де ете алмайды бұлар. Не қылушы еді, тәңірі.

Д ә м е ш. Әй, білмеймін... әйтеуір келсеңіздерші.

Р а қ ы ш.  Құп,  ал  енді  мен  жүрейін.  Қош  бол,  қалқам. 

(Шығады.)



III көрініс

Д ә м е ш (жалғыз). Құдай-ай, бұл не деген қорлық. Күләштікі 

не? Кімге ақылдасамын? (Жылайды. Күләш кіреді.)

IV көрініс

К ү л ә ш (бата алмай, ақырын қасына келеді, теріс қарап). 

Естіп қойды ма әлде? Естісе, маған өкпелейді ау айтпадың деп! 

(Дәмешке.) Қалқам, неге жылап отырсың, Еркем?

Д ә м е ш (үндемей отырыңқырап). Не қылушы едің, неменеге 

сұрайсың? Сүйсініп тұрмысың?

К ү л ә ш. Сәулетайым-ай, не дейсің? Маған неге сонда қатты 

сөйлеп  отырсың?  Бір  нәрсеге  өкпелейсің  ғой  өзің.  Айтшы, 

қалқам! (Қасына отырады.)

Д ә м е ш.  Аңқаусымай-ақ  қой.  Апамды  сен  де  ұмытқан 

екенсің.  Өтірік  мәдірлеп  жүр  екенсің  ғой.  Маған  өзгенікінің 

бәрінен сенікі батты ғой (Жылап.) Сенен басқа кімім бар еді? 

Қайтіп ұмытып, қайтіп жаулық ойладың?

К ү л ә ш. Сәулем, жаулық ойласам, жер жұтсын? Не жазып-

пын мен, кеселді айтшы, сәулем? Әлде кіші апаң бірдеме деп от 

тастап кетті ме?

Д ә м е ш. Қайша емес, оған кінәлі болмай-ақ қой.

К ү л ә ш. Енді кім?

21

Д ә м е ш. Өзің де біліп отырсың, несіне сұрайсың, күйдіргің 



келе ме? Бәрің амалдасып, Аманбайға мені бермек болыпсыңдар 

ғой.  Осыны  білмедің  бе  сен?  Білдің,  білсең  де  айтпадың. 

Қастығың осы емес пе?


287

К ү л ә ш. Сәулем-ай, құдайшылыққа, осы сөзді Төлеш маған 

таңертең  айтты,  бүгін  қалың  мал  әкеледі  деп

22

.  Мен  аузыма 



келгенді айтып ұрыстым, Еркем жылайды, ырза болмайды деп! 

Оған сен білмейсің, ырза, әнеугіде кісі салғамыз. Өзі көнген, – 

деп аузымызды аштырмай қойды.

Д ә м е ш.  Не  дейсің?  Құдай-ай,  мен  кімге  айтыппын.  Ол 

өздерінің өтірігі. Мені Төлеш өйтіп алдамай-ақ қойсын (Аз оты-

рып.) Ал неге таңертеңнен бері айтпадың сен?!

К ү л ә ш. Қалқатайым-ау, айтуға бата алмадым, жылайды-ау, 

ренжиді-ау деп (Жылап.) Әйтпесе, сені жылатып, жаулық ойлап, 

мені  не  құдай  атыпты?  Жаңа  жылап  отырғаныңды  көргенде, 

жүрегім тас төбеме шықты. Кеселділердің ішінде жасырысқан 

кісі болып мен де кетемін-ау деп.

Д ә м е ш. Маған дұспан – тоқал емес, Төлеш екен ғой.

К ү л ә ш. Оған не деп өкпелесең де, өкпең сияды. Есінен неге 

айырылып жүр өзі?

Д ә м е ш. Қарғыбау әкеп отырғандары рас па?

К ү л ә ш.  Қарғыбау  түгіл,  қалың  малын  да  әкеліп  отыр. 

Сәулем-ау, сорақысының бәрі де шығып жатыр. Енді несін жа-

сырайын шоқ беріп, шоқ ал деп айтып жіберіпті кіші апам. Жаңа 

естідім: баласы сонымен айдап келіп отыр жаңа.

Төлеш, Демеужан кіреді.

V көрініс

Д ә м е ш (аз отырып күрсініп). Екеуің мені кім деп жүрсіңдер 

осы, қас-қабағыма қараймысыңдар, жоқ па?

Т ө л е ш. Қалқам, не дейсің, не нәрсеге ренжідің?

Д ә м е ш. Қайшамен бірігіп не істеп жүрсіңдер? Тоқалдың 

өз басының жаулығы жетпей жүр ме? Бәрің жиылып, садақа 

қылғандарың мен болдым ба?

Т ө л е ш. Қалқам, өкпеңді анықтап айтшы, мен әлі күнге сен 

ренжитін іс қылдым деп жүргенім жоқ. Сенің ырзалығыңа қарап 

жүрмін деп ойлаймын. Қатем болса – бар шығар, айт!

Д ә м е ш.

23

. Ырзалығыңмен жүрмін деп аңқаусымаңдаршы! 



Мен бала емеспін, апам өлген соң балалықтан айырылғамын. 

288

Т ө л е ш (Күләшқа). Сен айтшы-ей, ұқтыршы! Дәмешке менің 

жазығым үлкен ғой, тегі?

К ү л ә ш. Әлі ұқпай отырсыз ба? Әнеугүні кіші апама айтып-

ты ғой, Аманбайға ырза емеспін деп. Шешеңіздің бұлдыратып 

жүргенін білмедіңіз бе?

Т ө л е ш.  Япыр-ай,  не  дейді?  Құдай-ай,  мына  Қайша  жер 

өртеді ғой, қайтермін? (Дәмешке.) Сәулем, сені шын жылатқан 

екем ғой

24

. Қайшаның күндестігін ескермеппін ғой (Құшақтап 



маңдайынан сүйіп.) Жаңылған екем ғой.

Д е м е у ж а н . Өзің не қылып жүргенсің? Осы елде Аманбай-

дай ақымақ адам жоқ. Не қып! Дәмеш ырза болады дедің? Мен 

жоқта басыңды Қайша айналдырған ба, немене? Таз бауырын 

әулие қылып, Дәмешке тең қылып отырғаны бізді басынғандығы, 

асқандығы ғой.

Д ә м е ш .  Екеуіңнің  де  құр  сөздеріңе  ішім  жылымайды. 

Ойласаңдар болмады ма? Кімнен састыңдар?

Т ө л е ш.  Қалқам,  менің  саған  айтар  сөзім  жоқ.  Құдай-ау, 

қайтемін енді?! Ел болса – партия, малды алып қойып отырмыз.

Д е м е у ж а н. Партияның қара тиынға керегі жоқ. Жұрттың 

сөзінің тағы керегі жоқ. Қайша шыдатпаса – көреміз. Ана малын 

қайтарып бер.

Қайша кіреді.



VI  көрініс

Қ а й ш а   (Күләш  пен  Дәмешке).  Не  қылып  отырсыңдар, 

екеуің, осы үйден шықсаңдар жеп қоятындай болып. (Дәмешке.) 

Жүр анау үйге! Мына бір қатын ғой жыбырлап сөзуар болып 

алған.

Д е м е у ж а н. Немене, тағы қырып-жойып келгенің, жұрттың 



бәрін жайпап?

Қ а й ш а.  Тәйт  әрі,  қырсықпай!  Қарсы  сөйлегішін  өзінің 

(Дәмешке.) Жүр, ей қыз, әулиесімей! Ертең қайның келеді, құда 

түседі, істейтін іс бар.

Д е м е у ж а н. Қайша, тегінде, тіліңді тарта сөйле, Дәмеш 

бармайды.  Қайның  деп  естіртіп,  қуанта  қояйын  деп  тұрған 



289

шығарсың.  Жынды  бауырыңа  тимейді,  естіп  ал!  Ана  малын 

қайтарып бер. Дәмеш сенің бұлдыратқаныңа беріп жіберетін 

мал емес.

Қ а й ш а. Не оттайсың, өңшең қуарған? Қайтіп тигізбейсің 

сен?  Қыздың  иесі  сен  шығарсың?!  Ертең  қолынан  ұстап 

жетектетіп жіберейін. Алшы менің қолымнан!

Т ө л е ш. Шаптықпа енді, Қайша! Дәмеш бармайды, Демеу-

жанның  сөзі  рас.  Үндемеген  сайын  қалай-қалай  басынасың? 

Сенің  жаулығың  жеткен  жоқ  па  маған?  Дәмешті  қалайша 

бұлдыратасың сен? Күннің қызы ма еді ол? Өйтіп қолжаулық 

қыла  алмайсың?  Байсалбайдың  маған  керегі  жоқ.  Ерегіссе, 

Әбділдәға жүре берсін.

К ү л ә ш. Тіпті жуас түйе жүндеуге жақсы деп.

Қ а й ш а. Кәне, сендердің айтқандарыңның болғанын көрейін 

енді! Осы қызды бермесем, атым өшсін!.. Тілдерін шығаруын 

бұлардың! (Дәмешке жүгіріп, қолынан ұстап.) Жүр, кеселді күң!

Д ә м е ш. Бармаймын, аулақ жүр!

Қ а й ш а  (айқайлап).  Ойбай-ай,  тілдері  шықты  ғой 

мыналардың!  Тілдеріңді  кесейін  мен  сендердің  (Ұруға 



ыңғайланады.)

Д ә м е ш. Төлеш, тарт мынаны!

Т ө л е ш  (Қайшаны  ұстап  алып).  Әлі  неге  кұтырдың  сен 

осынша?  (Иығынан  жұлып  жіберіп,  шалқасынан  түсіреді.) 

Қайтер екен десем, шыдаған сайын төбемді ойып өлтірдің ғой.

Қайша (жарыса айқайлап). Ойбай-ай, өлтірді, Есендік, мына 

күндестің балалары! (Шаршысын жұлып алып, шашын буды-

ратып.) Өлдім... өлдім, адыра қалғыр қайдасың! (Үйден жүгіре 

шығып, есіктің алдында.) Көптеді ғой, ойбай!..

Т ө л е ш. Сенен-ақ өлдім ғой, қырғызып ал мені!

Есендік пен Қайша кіреді.

Қ а й ш а. Естідің бе, қуарған, ананың сөзін? (Есендікті итер-



мелеп.) Кеселді, өл, ойбай, қолдарында!

VII көрініс

Е с е н д і к  (Төлешке). Не қылдың-ай, иттен туған?

Т ө л е ш. Мен сенен туғамын, кім жазалы екен әуелі тексер, 

тоқалдың жасақшысы болмай?

Қ а й ш а . Сенің сақалыңды да талдап жұлғалы тұр. Түрін 

көрмеймісің, ойбай! (...)

25

19–1246


290

Т ө л е ш. Сен қатындікі жеткен, қысқарт енді!

Е с е н д і к   (жерде  жатқан  шоқпарды  алып,  Төлешке 

жүгіріп).  Жоғалт  көзіңді, жер жұтқыр  арам!  (Ұрады.) Менің 

қатыныма кім деп қол жұмсайсың? (Қайша да жүгіріп жүріп 



ұрады.)

Д е м е у ж а н  (Қайшаны жұлып айырып). Өлтіруші ме едің 

бәрің бірдей? Тартыңдар қолдарыңды!

К ү л ә ш  (жылап). Құдай-ай, бұл не деген сұмдық? (Төлеш 



шоқпардан ұстасып жүреді.)

Е с е н д і к  (шоқпарды жұлып алып тағы ұрады). Өлтіремін 

сені, көзің жоғалтамын, тумай кеткір!

Д ә м е ш . Аға-ай! Тоқалға болысып, бәрімізді ұрдың ба?

Қ а й ш а  . Қуарған Есендік, өлтір (Есендік ұрып жүреді.)

Д е м е у ж а н. Тарт енді! Саған қарсы келген бала жоқ. Төлеш, 

жұлып ал, аяйды деп тұрмысың? (Жүгіріп, шоқпарға жабысады.)

Е с е н д і к. Иттер, талаңдар мені де! Бауыздаймын екеуіңді 

де! (Тағы ұрады.)

Т ө л е ш. Ай, құдай-ай, өлдім ғой! Неменеге есірдің әлі?!

Шоқпарды жұлып ала береді.

Есендік тартысқанда шоқпар шекесіне тиіп, қан ағады.

Қ а й ш а .  Сорлы-ай,  көзіңді  ағызды  ғой,  басыңды  жарып 

жоса қылыпты ғой (Есіктен шығып бара жатып.) Көрдік-ау 

мынаның баласынан!

Демеужан.  Не  десең  –  ол  де,  кетші  үйімнен!  Әкеге  қол 

көтермегеніміз Құдайға да, өзімізге де аян.

Қ а й ш а  (тыста айқайлайды). Кеселді малшылар, қайда-

сыңдар, түге? Шақыр Бейсембіні, шақыр елдің бәрін! Есендік, 

шақырт, қаныңды көрсет, өлтірт, бауыздат, ойбай!!!

Е с е н д і к (қатты). Шақыр Бейсембіні, ағайындарымның 

бәрін шақыр, қоңыз тергіземін бұларға, не бауыздаймын!

27

Д а у ы с. Бай, қайда бар дейсіз? Құдай-ай, не болды? Бұл не 



деген сұмдық!

Қ а й ш а 

Е с е н д і к  

}

Ұш, шап! Бәрін шақыр!



Қ а й ш а .    Күндестің  балалары  бірігіп  алып,  Есендік  пен 

Қайшаның  басын  жарды  де!  Өлтіргелі  сабап  жатыр  де.  Ұш, 

ойбай, ұш.

Бұл уақытта үйдің ішінде Күләш, Дәмеш жылайды. Төлеш, Демеужан 

түсі суып, томсарып отырады

28

.



291

VIII көрініс

К ү л ә ш   (жылап  тұрып).  Ойбай-ай,  не  істедіңдер?  Бет-

аузының бәрін қан басып кетіпті ғой. Қу тоқал-ай, түпке жеттің-

ау!


Д е м е у ж а н. Ағайын жиылсын, біз де айтармыз. Біз мұнша 

неге сорлы болады екенбіз? Үрейлерің ұшпай-ақ қойсын?

Т ө л е ш. Тоқал дегеніне жетті. Ел-жұртқа не айтамын енді? 

(Тым-тырыс.)  Жә,  енді  не  айтарымыз  бар?  Келетін  ағайын 

тілімізге  нанады,  сөзімізді  мақұлдайды  деп  отырмысың? 

Тоқалдың табан астына енді әдемілеп түсесің (Демеужанға.) 

Қой, тұр, сен Әбділдәға бар, тез келсін. Менің ендігі жақыным – 

Әбділдә!


Д е м е у ж а н  (түрегеліп.) Рас, бұ да ақыл екен. (Жөнеледі.)

IX  көрініс

Т ө л е ш (Дәмешке). Қалқам жылама, қайт дейсің? Құдайдың 

қай салғанына көнбейміз? Міне, әке дұшпан болғанын да көріп 

тұрмыз. Әкені сабаған кісі болып, енді келетін жұрттан не көрер 

екеміз?

Д ә м е ш. Кеселді Қайшаның дұшпан екенін жаңа біліп пе 



едің, ағатай?!

Т ө л е ш. Ендігінің керегі жоқ. Біз енді бұларменен отаса алар 

ма екеміз? Тоқал тоздырды ғой!

К ү л ә ш .  Құдай-ай,  өзгеден  бұрын,  Атекемнің  бетіндегі 

қанды қайтесіңдер? Жұртқа не дейсіңдер? Тоқалдың іздегені бір 

пәле еді. Мұратына жетті, әйтеуір!

Т ө л е ш. Бұл – бұл ма, тоқалдың айтқаны болып отырса, аз 

күнде әрқайсымыз әр сайда отырамыз, әлі тоқтай тұрыңдар (Аз 



тым-тырыс.) Дүниеде үй ішіндегі дұшпаннан қиын жау бар 

ма екен? Өз сорыңа арнап асырап отырған үй ішіндегі жылан 

ғой ол. Қай жағыңнан қайтіп торып отырғанын қайдан білесің? 

Жатқан төсегіңнен шыға ма? Отырған орның, ішкен асыңнан 

шыға ма? (...)

29

Д ә м е ш. Бұл күнге шейін осыны айтып жүрген апамның 



сөзін еледіңдер ме? Бүгін басқа тигенде ғана біліп отырсыңдар 

ғой. Тоқалды асырып жүрген осы момындықтарың ғой.



292

Т ө л е ш. Елемеді деймісің тоқалдың күндес екенін, дұшпан 

екенін жас күннен-ақ жүрегімізге сіңген ғой. Біз емес, әке істеген 

іс болған соң, не шара бар? Енді тоқалдың қуғаны – кегі болса, 

оған қосылып Бейсембінің қуғаны Есендіктің мал-басын билеу, 

қайтейік?

К ү л ә ш.  Осы  рас  сөз  ғой.  Ендеше  бұл  күнге  дейін  неге 

ескерілмеген

30

.

Т ө л е ш.  Осы  үйдің  мал-басының  қожасы  кім?  –  Жалғыз 



Бейсембі,  одан  соң  –  Қайша.  Екеуінің  ойлап  жүргені  де  бұл 

үйдің берекесі емес, өздерінің мақсаты. (Тым-тырыс.) Дүние-

ай, айналамыз толған жауыздық, қастық болып кетті-ау! Ылғи 

дұшпанның арамдығы мен қулығына шырмалып бітіппіз ғой.

Қатын кіреді.

Х  көрініс

Қ а т ы н  (аз  тұрып).  Дәмеш,  сені  әкең  шақыртып  жатыр, 

қалқам. Шақырып кел, қорықпасын, мені сабаса – Төлеш пен 

Демеужан сабады; Дәмешімді қорқытпаймын, үрікпесін, мен 

әкесімін.  Олардың  қасында  отырмасын.  Бәтимәдан  қалған 

жалғыз исім сол, алып кел, иіскеймін деп жатыр. Барамысың, 

қалқам? Айт деген сөзін айттым әйтеуір!

Т ө л е ш  (Дәмешке).  Қалқам  барғың  келсе  –  бар,  заман 

бұзылса, ондағы күнді көрерміз. Біз болмасақ, сенің жазығың 

жоқ қой. Тоқал тиетін болса, қайтып келерсің.

Дәмеш пен қатын шығады.

ХІ көрініс

К ү л ә ш. Мына сөздері рас болса, атекем сендерге кәрін тіге 

қоймас. Тоқалдың кесірінен болғанын өзі де білмес деймісің?

Т ө л е ш.  Енді  кәрін  тікті  не,  тікпеді  не?  Құдайдың  бір 

салғанын көреміз. Бізге де ағайын табылар, қайтеміз.

Әбділдә мен Демеужан кіреді, сәлем беріп амандасады.



293

XII көрініс

Т ө л е ш.  Ақсақал,  әңгімені  бастан-аяқ  естіген  шығарсыз. 

Құдайға да, өзімізге де аян. Қанша сабап жүрсе де, қол көтеріп 

ұрайық  деп  ойлағанымыз  жоқ.  Жалғыз-ақ  Қайша  “ұр”  деген 

сайын ұра берген соң, қолындағы шоқпарды ала берем дегенде, 

шекесіне тиіп кетті. Сізді құдайшылығын айтсын деп шақырттық. 

Сізден басқа дос табылады деп отырғанымыз жоқ.

Ә б д і л д ә. Балам, мен бәрін естідім. Тіпті сол төбетті әдейі 

ұрсаң  да,  жазықты  емессің.  Сақалы  шошаңдап,  бір  көкайыл 

тоқалдың тіліне еріп, саған неге сойыл ала шабады? Сен құл-

құтанымысың? Енді ешкімнен үркіп қорықпа!

Т ө л е ш. Ақсақал, менің ендігі ойлап отырғаным мынау: бүгін 

жиылған ағайын аузына келгенін сөйлеп, Қайшаның сойылын 

соғып, біздің еселі сөзімізді тыңдамай кетеді ғой. Одан соң бұл 

іс біздің бетімізге таңба болып, сүтке тиген күшіктей жексұрын 

болармыз  да  отырармыз.  Одан  да  бүгін  осылардың  қасынан 

көшіп кетіп, есемді артынан қуып алсам қайтеді?

Ә б д і л д ә (ойланып). Бұ да дұрыс сөз екен. Бүгін бұлардың 

алдында кішірейме. Ертең өзімнің қасыма кел. Содан соң есең 

кетпейтіні мәлім ғой. Тиіп алсам да алып беремін

31

. Сенің есең 



кетуші  ме  еді  бұларда  (Қырын  қарап.)  Бұл  барса,  сайлауда 

жеңемін. Менің іздегенім осы емес пе? Бейсембінің артын аша-

тын болсам, одан артық не олжа бар?! (Төлешке қарап). Бүгінгі 

осы ақыл дұрыс екен.

Демеужан. Иә, енді осыдан артық амал жоқ

32

. Мұндағы өз 



басы қастық ойламас деген жақының – әкең болса, ол да көп 

дұспанның ортасында солардың шоқпары болып отыр.

Бейсембі кіреді.

XIII көрініс

Б е й с е м б і (Әбділдәні көріп, аз ойланып, Әбділдәға). Біздің 

сөйлесетін  сөзіміз  бар.  Сен  анау  үйге  бара  тұр.  Мұнда  сен 

кірісетін жұмыс жоқ. Бұл араға сен килікпейсің. 



294

Ә б д і л д ә. Мен ондай сөзді ұқпаймын. Бәйбіше баласы – 

менің туысқаным. Оның сөзіне мен кірісемін. Айт билігіңді, айт 

әділетіңді, мен көріп отырамын...

33

Б е й с е м б і. Туысқанымның ісін өзім тексеремін. Жат болып 



кеткен жауды отырғызбаймын. Жаттың сыншысының керегі жоқ. 

Бұл үйден шық. Қылқиып іздеп келіп отырғаның пәле ғой тағы.

Т ө л е ш.  Әбеңді  мен  алғызып  отырмын.  Жүректеріңде 

құдайшылық  болса,  қайта  осының  алдында  айтыңдар,  мен 

сөздеріңді естірткелі алдырып отырмын. Бұл кісі шықпайды.

Б е й с е м б і  (Төлешке  ашуланып).  Оңбаған,  құдай  жүзін 

көрмегір, сенің алдыңғы сұмдығың жетпеп пе еді? Қолың батып 

әкеңнің басын жарып отырғаның – анау. Қанішер арам болғаның 

аз болды ма? Енді арамдығыңды қостауға, әділет айтқан кісімен 

жауласуға мынаны алдырып отырсың ғой. Боқты сүйеу болар 

саған осы!

34

 Пәленің үстіне пәле туғызғың келген екен, сенің 



бойыңды өшірермін! Жоғалт көзіңді қазір! Сенен айырылған 

күні өліп қалсам, көрерсің.

Т ө л е ш. Бейсембі, маған ара ағайын болатын болсаң ұрып-

ұрыс. Болмаса, әдетіңе тартып, Қайшаның жасақшысы болатын 

болсаң не қылдың, неге істедің демей-ақ қой! Құдайшылық сөзге 

нанбайтын жасақшыға берер жауабым жоқ.

Бейсембі (ақырып). Сен иттің сөзіне нанбақ түгіл, тыңдайтын 

да кісі жоқ! Сен арамда не қасиет қалды? Кісі нандырып, шын 

сөз сөйлейтін немене ар қалды? Осынша істі істеп отырған сенде 

не иман бар?

Ә б д і л д ә. Сен енді өрекпімей, қылатыныңды қылшы! Бәрің 

жиылып тоқалға шоқпар болып келіпсіңдер ғой. Жетім-жесір 

қорғансыздарың – бәйбішенің баласы болыпты ғой. Кәне, сен 

қорғансыз қылшы осыларды!

Т ө л е ш. Енді маған қылатыныңды қыл! Онан басқа айтар 

сөзім  жоқ.  Мен  тоқалға  жіңішкеріп,  астына  түсе  алмаймын. 

Бүгінгі күнде тоқал да бір, сен де бірсің.

Б е й с е м б і.  Олай  болса,  кеш  қазір!  Мен  сені  көшіргелі 

келдім. Сенің мұнда елің жоқ екен ғой, еліңді тап! Кет, қазір, 

жоғал енді, арам! Біз сен кеткенде өліп қалсақ, көрерсің. Сенің 

арамдығың белгілі. Мына арамды сол арамыңды қостатқалы 

шақыртып отырсың ғой. Кет енді.



295

Ә б д і л д ә. Сенсіз-ақ ертең көшкелі отыр. Рас айтасың, мен 

қостағалы келдім, қостаймын. Есесін алып берем. Қозы бұты – 

қой саны қылып тентіретіп жіберетін шығарсың.

Б е й с е м б і. Тентіремек түгіл, қоңыз теріп жесін, сен есесін 

алып берерсің!

35

Ә б д і л д ә. Алып бермесем, көрерсің! Кіші шешенің баласы 



қылып жібере аларсың! Жіберу соңы қаралас, артыңа қара! Бұл 

менің істеп отырған ісім.

Б е й с е м б і. Саған еріп жүргенде есе берсем, атым өшсін! 

Қуарған, ел-жұрттан безген қан шелек! Қырыма салмай жүрген 

шығармын. Алдымен саған қылармын! (Бейсембі шығады.)

Ә б д і л д ә.  Ендеше  басыңа  мұның  үстіне  мың  пәле 

жауғызбасам, менің де атым өшсін! Екі үйіңе бір қазан асты-

рармын, тұра тұр! Пәлемен шоқтықтанатынымды көрсетермін!

Ш ы м ы л д ы қ 

ҮШІНШІ   ПЕРДЕ 

I көрініс

Түн. Ауылдың сырты, тоғай. Ойын бөлмесінің бір (бұрышынан боз 

үйдің бір жақ сырты көрініп тұрады)

36

.



Б е й с е м б і  (жалғыз  отырып).  Есендік  үйінің  шырқы 

бұзылып барады. Көлденеңнің көзіне сөгісті болатын, өрескел 

істер көбейіп кетті (Тым-тырыс.) Бірақ не қылмақ керек? Барлық 

дәулет осының қолында. Партия істесең, мұны кірістірмей, іс 

өнбейді. Кірістіргенде қатарыңа жүруге жарайтын біреуі жоқ. 

Бастығы  Есендік  болып,  ел  келесі  былай  тұрсын,  өз  атының 

басын да алып жүре алмайды. Бәйбіше баласын сүйейін десем, 

ұстауға ауыр, бетіңді үнемі ұғып отырмайды. Жөн білмейтін 

олақтығының үстіне, кей уақытта сөзге көнбейтін семіздігі де 

бар. “Бәйбіше баласымын” деген кеуде бар. Тоқал баласы бол-

са, оның да шаласы көп, дүние көрмеген малқор да ақылы аз 

(Тым-тырыс.) Бірақ мұны ұстау жеңіл. Уысымнан шықпайды. 

Түбінде атаның дәулеті осында қалған соң, бұл шаңырақта менің 

үлесім көп қой. Мұндайлық мол дәулетті бұлардың әрқайсысына 

билеткенше,  өз  білеуіме  керек.  Олай  болса,  енді  Қуатжанды 

ұстайын. Осы партияда жеңсем, болысқа да соны қояйын. Бір 



296

жағынан Есендік, Қайша қолымда болсын. Екінші, ел көзінде 

жас бала болып жүре берер. Түбінде мұндай шымылдық әрі іске, 

әрі есепке қолайлы екен.

Қайша шығады.

ІІ көрініс

Қ а й ш а.  Үй  ішіне  айналып  кешігіп  қалғаным.  Қадір 

білмейтін жаман қатын деп ұрсып отырмысың әлде? (Қасына 

жүресінен отырып, қолын ұстайды.)

Б е й с е м б і. Ұрысуымды сен көтеремісің. Мен түгілі, байыңа 

да ерік бермей жүрген қатынсың (Күледі.)

Қ а й ш а . Бай деп несіне көлденеңдете бересің бір қортық 

шалыңды! Сенің басың болмаса, мен Есендікке тұрар ма едім?

Б е й с е м б і. Кәпір-ай, өз есебіңді ұмытатын күнің болсайшы! 

Тағы алдағың келіп отыр-ау! Бәріміздің шөкемізге сен отырып 

жүрсің ғой осы (Күліп тамағын ұстайды.)

Қ а й ш а  (күліп). Қарағым-ай, оның несін айтасың: Сен де қара 

жерге отырып жүрген жоқ шығарсың. Екеуміздің бірлігімізден 

залал көрдім десең, құдайыңа шет боларсың. Біріміздің сырымыз 

бірімізге мәлім ғой.

Б е й с е м б і. Жә, оспақтамай-ай қой. Өзің осынша пәлені 

қайдан үйрендің, соны айтшы? Бүгінгі сырың да белгілі ғой. 

Кінәлі Төлеш емес, сен екеніңді біліп отырмын.

Қ а й ш а . Жау айтатын сөзді айтпай отыршы, төрем! Пәлені 

маған үйреткен не дейсің?

Б е й с е м б і. Немене, айтшы?

Қ а й ш а . Пәлені үйреткен – күндестік. Ағайынға қадірлі, 

байға сөзі өтімді, ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс, аюдай 

ақырған төркіні жуан күндесің болса, өзің қайтер еді? Кіші ка-

тын мен болдым, тепкіні көрген – мен. Кеше соның денесі қара 

жерге кіргенге шейін, азадан бойым сергіген күн болды ма екен?

Б е й с е м б і. Есендікті өзіңе қаратып  алған  соң  да  азалы 

болып жүрдің бе?

Қ а й ш а .  Қаратқанмен,  не  керек,  Бәтимәні  маған  жығып 

берді ме ол? Бүгін менің сөзімді тыңдаса, ертең онікін тыңдап 

отырған  жоқ  па?  Былқ-сылқ  етіп,  Бәтимәнің  зорлығы  менен 

өтіп,  төркініме  жеткен  жоқ  па?  (Тым-тырыс.)  Жә,  енді  әлгі 

сөзді сөйлесейік, Қуатжан қайда жүр? (Шақырады.) Қуатжан, 



297

әй Қуатжан, бері келші (Бейсембіге.) Ертең ана елден қайтқанда 

біздікіне қон (Құшақтап сүйіп.) Сенің үйіңдегі майысып тұрған 

сұлуың да белгілі ғой (Күледі.)

Бейсембі. Енді сонымен де күндес болғың келді ме? Ту, са-

рамас! (Күліседі.)

37

Қ а й ш а  (күліп).  Күндестік  бәрібір  күндес,  неменесі  бар? 



“Ортақ өгізден оңаша бұзау артық” деп неге айтты дейсің кеше 

кіші бәйбіше?

Қуатжан шығады.

ІІІ көрініс

Қ а й ш а  (Қуатжанға). Бағанағы сөзді бүгін істегелі отыр-

мын. Соған екеуіңнің айтар ақылың бар ма? Соны білейін деп 

едім.


Қ у а т ж а н. Оған айтатын сөз болса, Бейсе-ағам айтады да.

Б е й с е м б і. Менің бөтен айтар сөзім жоқ. Қызды әке би-

лемегенде, кім билеуші еді? Есекең ырза болса, солай болсын. 

Бірақ  ешкімге  сездірмей  істеңдер.  Байланар  сөз  байланған. 

Төлеужанның ақымақтығына кім ерік береді.

Қ а й ш а. Дұрыс енді, бұл сөз бітті.

Б е й с е м б і. Қуатжан, сен менімен бірге жүр. Екіншіден, 

елдің біраз сөзі бар еді, енді осы сайлау өткенше ат үстінде менің 

қасымда бол. Елдің сөзін ұстап әдеттене бер. Мен ойлап-ойлап, 

осы сайлауда жеңсем, сені болыс қойғалы отырмын.

Қ а й ш а.  Ер,  ағаңның  қасына,  қарағым!  Сен  болмағанда, 

Төлеужан арам бола ма болыс! Әкеден туған ұл – сенсің.

Қ у а т ж а н. Дұрыс. Олай болса, түн болып қалды, жүрейік.

Б е й с е м б і. Жүр.

Бәрі тұрып киінеді. Біраздан соң домбыраға қосылып салып келе 

жатқан күзетшінің әні естіледі.



IV көрініс

Сарғайып сары белден таң атады,

Ақ құба бидай өңді түн қатады.

(Ойын бөлмесіне шығады.)



298

...Шыдайды жігіт кайтіп ұзақ таңға;

Толықсып сары майдай қыз жатады.

(Ысқырады, айтақтайды.)

К ү з е т ш і .  Е-е!..  Бүгін  Дәмештің,  тамыры  келеді.  Ғазиз 

бүгін айт десе де, айтпадым. Маған келер пайдасы жоқ, несіне 

айтайын  жылпыңдап.  Өзі  де  келетін  болса,  ел  жатпай  келіп 

қалар. Беретінін қолыма алып отырып айтпасам, ақысыз-пұлсыз 

жеңгетай болып азабым не? (Аз тым-тырыс.) Дәмешпен тамыр 

болған  жігіттің  арманы  не  екен?  Жарайды,  оның  есесін  мен 

де толық қылып алармын. Ғазиз екі туып бір қалғаным емес 

(Айтақтайды. Тоғай жақтан біреу ысқырады. Күзетші селк 



етіп шошып қалады.) А-а-а.. Келіп қалды ма? (Тоғайға қарап, 

аңырып тұрады.)

Ғазиз шығады.



V көрініс

Ғ а з и з (қасына келіп). Ел жатты ма? Дәмеш қайда?

К ү з е т ш і . Дәмешті әуелі қоя тұр, мырза!

Ғ а з и з. Немене, айнып қалғанбең, шіркін?

К ү з е т ш і .  Айнып  неге  айниын?  Өзің  нық  болсаң,  мен 

айтқан жерімнен табыламын ғой. Жеңгетайлық мығым ба?

Ғ а з и з.  Бөгеліп  тұрғаның  жеңгетайлық  па?  Шіркін,  ол 

жағынан күдіктенбе? Ырзалаймын. Өзің айттың ба Дәмешке?

К ү з е т ш і . Айту қашпайды ғой. Ел әлі жатқан жоқ. Мені 

осы арада ырзалашы өзің. Қазір сөйлесіп шығайын.

Ғ а з и з. Шіркін, нанбадың ғой (қалтасына қолын салады.) 

Жігіт емес екенсің ғой.

К ү з е т ш і  (алуға ыңғайланып). Жоқ, қалқам, нанамын ғой. 

Бірақ әншейін бұл арада ала алмасам, іздеп жүре алмаймын ғой 

деп жатырмын.

Ғ а з и з.  Неменеге  ырза  боласың?  (Он  сомдықты  алып 



шығады.)

К ү з е т ш і .  Мырза,  құдай  білсін,  өзің  білсеңші.  Сіздей 

мырзаларға пәлен бер деп не айтайын? (Күліп.) Әйтеуір ай мен 

күндей қарындасымды беріп тұрмын ғой.



299

Ғ а з и з. Мә ендеше! (Ұсынады.)

К ү з е т ш і  (ақшаның бір шетінен ұстап). Бұның немене? 

Ақша танымаймын.

Ғ а з и з. Он сом, бола ма?

К ү з е т ш і   (қойнына  тығып  жіберіп).  Жарайды,  болады. 

Енді мен сөйлесіп шығайын. Қазір шықсын ба? 

Ғ а з и з. Қазір шықсын.

Күзетші кіреді.

VI көрініс

Ғ а з и з (жалғыз). Аманбай тазға сүйгенімді беріп жібергенім 

сүйегіме мін емес пе? Байсалбай аулы әрі өзімізге қарсы жау 

(Дәмеш шығады.) (...)

38

VII  көрініс

Ғ а з и з (қарсы жүріп, сүйіп). Қалқам, үйлерің жатты ма? 

Мына тоғайдың түбіне барайық.

Д ә м е ш (үркіп). Ақырын! Тұра тұрыңыз, үй әлі жатқан жоқ. 

Мені қазір босатыңыз. Үйдің іші жатқан соң қайта шығайын.

Ғ а з и з (құшақтап тұрып). Менің бүгін сөйлесейін деп кел-

ген сөзім көп. (...)

39

 Үйден біржолата дайындалып шық (Тоғайға 



таман екеуі құшақтасып жүреді.)

Д ә м е ш. Туһ?.. Жеделдетіп кеттіңіз ғой. Тұра тұрыңыз әлі, 

сүт көп, көмір аз.

Ғ а з и з. Дәмеш, кең жатырсың ғой өзің. Кеше мені үркітейін 

деп пе едің әлде?

Д ә м е ш. Рас, асып-сасып үркіп келіп тұрсыз ғой. Кешеден 

бері дүниенің неше қилы болғанын білдіңіз бе?

Ғ а з и з.  Білдім  ғой.  Бірақ  оның  түбінен  бізге  пайдалы  не 

шығар дейсің? Қанша араз болысқанмен, әкеден бала кетуші ме 

еді? Қайтадан тағы табысады. Оған біз несіне қараймыз? Кешіге 

берсек, Байсалбай аулы малын беріп, құда түсіп те қояды.

Д ә м е ш. Ол алып кетеді екен деп қорықпай-ақ қойыңыз. 

Төлештер оған беретін емес. Малын қайыртқалы отыр.

Ғ а з и з. Жоқ Дәмеш! Оның – балалық. Төлештер Бейсембі 

мен әкесінен кете алмайды. Одан кете алмаған соң Байсалбайдан 


300

да құтыла алмайды. Байсалбайды құда қылып жүрген Бейсембі. 

Ол барын салса да, Байсалбайды аламын деп жүрген кісі. Сені 

бергізіп отырғандағы мақсаты не ғой дейсің.

Д ә м е ш. Иә... айта беріңіз.

Ғ а з и з. Бүгінгі күні Төлеш түгіл, Есекең бермеймін десе де 

көнбейді. Тырнағын бір іліп алды, енді жазылмайды, Бейсембі – 

осы елдің жуаны. Туысқан болса да, сенің әкелерің одан қорқады. 

Ел оның қолында. Содыр-сойқанды нелер бүліктер соның арты-

нан жүреді. Сенің әкелерің көнбесе, зорлық қылады.

Д ә м е ш. Қайдан зорлық қылады. Қайша мен ағам не айтса, 

соған ұшып тұрады.

Ғ а з и з.  Оны  жұбаныш  қылмай-ақ  қой.  Бейсембі  сыртқа 

солай, ол істеп жүрген қулығы. Шынға келсе, көзін алартып, 

қазір қорқытады. Есекеңдердің ырзалығына ол қарамайды. Сені 

берерде Байсалбаймен әуелі өзі сөз байлаған жоқ па?

Д ә м е ш. Ал аяғында айтып-айтып келіп, өзіңіз бүгін мені 

алып кетемін дейсіз ғой?

Ғ а з и з. Иә, кетпесем болмайды. Мұнда біз күтетін дәнеңе 

де жоқ.


Д ә м е ш. Енді тұра тұрыңыз, мен ойымдағымды айтайын. 

Менің кешегі Төлешке өкпелегенімнің бәрі теріс екен. Жазықты 

кісі – Төлеш емес, тоқал болды. Бүгінгі шатақтың бәрі сонан 

шығып отыр.

Ғ а з и з (құшақтап). Иә... кешегі сенің Рақышқа айтқан сөзің 

шатақ шығармайтын сөз емес қой.

Д ә м е ш.  Жарайды,  менің  көріп  жүргенімді  оңай  дейтін 

шығарсыз? (Ғазиз қысып сүйіп тұрады. Күзетші шығады.)



VIII көрініс

К ү з е т ш і. Сүйісіп тұрғандарын қарашы, әттең... (Тамағын 



кенейді. Ғазиз, Дәмеш шошып айырылысады.) А-а-а, қорқа ма 

екесіңдер?! (Күледі.)

Ғ а з и з. Айта бер, Дәмеш! (Күзетші ыңырсып ән салып өтіп 

кетеді.)

Д ә м е ш.  Сонымен  енді  Төлеш  Аманбайға  қандай  күн 

болса да бермеймін дейді. Оның үстіне бүгін мынадай жұмыс 

болып, ағаммен де

40

 көргісіз болып отыр. Бәрі мен үшін, менің 



301

жылағандығымнан.  Ал  енді осындай жұртпен  түгел  ұстасып 

отырғанда мен кетіп қалсам, Төлеш не дейді.

Ғ а з и з  (ойланып).  Иә,  бұл  да  қисынды  сөз.  Бірақ  Төлеш 

өмір бойы кетіп калады дегенге мен сенбеймін. Ертең-ақ табы-

сады. Сол күні тағы Байсалбайдан айырылыса алмайды. Менің 

қорқатыным осы жағы.

Д ә м е ш.  Ол  күнді  қоя  тұрыңыз.  Егер  олай  болатын  бол-

са, сол күнде-ақ қам қылармыз. Бүгін кетсем, тіпті өмір бойы 

Төлештің  бетін  көре  алмаймын  ғой

41

.  Мен  үшін  жанын  отқа 



салып отырғанда, басын тағы бір пәлеге салып кетсем, қарызы 

менің мойнымда кетпей ме? Онда елдің де бар күнәсі менде 

болмай ма? Жұрт тіпті өзіңізді сөкпей ме, сондай есі жоқ қызды 

неге алған деп?

Ғ а з и з (күліп). Япыр-ай, сөзің ұтықты болып барады ғой. 

Мені жеңесің-ау осы сен.

Д  ә  м  е  ш.  Сізді  жеңіп,  шешен  болмай-ақ  қояйын.  Бірақ 

ойланбай баланың ісін істеп, ел-жұртқа сөгісті боламыз ба деп 

қорқамын (Бір-бірінің көзіне қарап.) Ал енді мен үйге барайын.

Ғ а з и з. Біржолата ма? Әлі айтатын сөзім бар

42

. Тез шығатын 



болсаң, бар.

Д ә м е ш.  Бүгінше  менің  ақылыма  көнсеңізші,  Ғазиз.  Бір 

жолға жеңілсеңіз де ештеңе етпес. Сізді жеңіп бәйгі алайын деп 

тұрмағаным өзіңізге аян ғой. Ал үйге барамын. (Жүреді.)

Ғ а з и з. Тоқта (қасына келіп құшақтап), шығамысың?

Д ә м е ш (күліп). Шықпаймын.

Ғазиз. Шықпасаң, жібермеймін. Әдейі ат сабылтып келген-

де, тым болмаса, бір түнді қимаймысың. Шық, мен былай тұра 

тұрамын. Жарай ма?

Д ә м е ш.  Жарайды.  (Сүйіседі,  екеуі  екі  жаққа,  бір-біріне 



қарасып кетеді.)

IX көрініс

Аз уақыт өткен соң, тоғай жақтан Аманбай, тағы  

екі жігіт бұғып шығады.

1- ж і г і т   (Аманбайға).  Мынау  жатып  қалған  үй  емес  пе, 

Аманбай?

А м а н б а й (қорқып). Үйге жақындама! Жүрегім лүпілдеп 

тұрғанын қарашы. Жатып қалған-ау деймін.

(Бірінші жігіттің артына бұғып.) Қайтсақ қайтеді?



302

1- ж і г і т . Жынды ма?! Қайтқаны несі, әдейі келіп тұрып?

А м а н б а й. Әдейі келді деп, ұстап алса, қайтесің?

1-жігіт. Кәпірдің сағын! Неге келдің ұстап алады десең? Ұстап 

алса, басыңды алар деп тұрмысың? Біреудің қатынына келіп 

тұрған жоқсың, өзіңнің қалыңдығың.

А м а н б а й.  Жоға,  әншейін  қалжыңдап.  А-а-а...  әншейін 

айтамын.


2- ж і г і т   (күліп  жіберіп).  Шіркіннің  қалжыңқойын.  Екі 

асығыс бір қарбаласта қайтайық деген қалжың бола ма екен?

А м а н б а й. Жарайды, тәлкек қылмаңдаршы.

1- ж і г і т . Өзіңе бағанағы барған кісі не деп еді? Ел жатпай 

келсін деп пе екен?

А м а н б а й  (жалтақтап).  Не  деп  еді  дейсің  бе?  Ел  жат-

пай келсін, өзім қызды шығарып тұрып, қолынан жетектетіп 

жіберемін депті Қайша, әйтпесе ертең көшіп кетеді депті.

2- ж і г і т . Көшіп кетеді десе, неге қайтайық дейсің? (Күліп.) 

Дәмеш керек емес қой тегі өзіңе. Басқа жерден тапқан сұлуларың 

да бар ғой, тегі, жылпуырынды неме?!

А м а н б а й. Е-е... Қыз табылмайды дейсің бе?

1- ж і г і т . Мынау үй жатқан жоқ екен. Енді әдейі келген соң, 

сабыр қылып отыра тұрайық.

А м а н б а й.  Отырсақ  отырайық.  (Қопаңдап.)  Бірақ  біреу 

көріп қоя ма деп, қорқып отырмын.

1- ж і г і т . Қайтесің бұны енді? (Етегінен басып отырғызып.

Қопаңдамай, отыршы өзің? (Тым-тырыс.) Ой, Қуатжан біле ме 

екен осыны?

А м а н б а й (жалтақтап). Қуатжан дейсің бе? О да білген-

ау деймін.

2- ж і г і т . Оны қайдан білдің?

А м а н б а й.  Оны  қайдан  білдің  дейсің  бе?  Бағанағы  кел-

ген кісі Қуатжан сәлем айтты (жалтақтап), бүгіннен қалса, 

қыздан  айырыламыз  деп  айтты  деді  ғой.  (Күзетші  алыстан 

айтақтайды. Аманбай шошып, тұра жөнеледі. 1-жігіт етек-

тен тартып, жібермейді.) Жүріңдерші, ой, жүр, катыныңның 

керегі жоқ, әбден тіпті...

Қайша шығады.


303

X көрініс

1- ж і г і т . Ой, антұрған. Әне, Қайша келе жатыр.

А м а н б а й. А-а-а... (Бұрылып, Қайшаға қарсы жүгіріп.) Қыз 

қайда? Қыз қайда? Алып жөнелейік, біреу-міреу көріп қоймасын.

Қ а й ш а. Тәй әрі, аусарланбай! Не қылып құтырып жүр өзі? 

Есіл қыз-ай саған қор болған!

А м а н б а й. Жоға, мен әншейін... қалжың... (Екінші жігітке 

қарайды.)

1- ж і г і т  (күліп, ақырын). Құдай атсын!

А м а н б а й . Әншейін ғой...

Қ а й ш а. Мына немені неге әкелгенсіңдер өзін елпеңдетіп?

А м а н б а й.  Не  қыл  дейсің  енді?  Өзіңнің  берем  деген 

қызыңды сұрағаным ба жазығым?

Қ а й ш а.  Ой,  ісің  құрысын,  есалаң  неме,  жынды  көбелек 

секілденбе!

А м а н б а й. Е-е... Әбден тіпті...

1- ж і г і т . Оны не қыласың, Қайша! Өзінің үрейі ұшып тұр, 

дегбірі қашып. Баланы шығарып бере аласыз ба бүгін?

Қ а й ш а. Шығарып беремін. Тек әлі үйдің іші жатқан жоқ. 

Сендердің  келгендеріңді  білейін  деп  шықтым.  Кішкене  тоса 

тұрыңдар (Аманбайға.) Адыра қалғыр, сені қыздың теңі екен 

деп бергелі жүргенім жоқ-ау! Әншейін үйіндегі кемпір-шалдың 

құрметі ғой. Қарғайын десем – жалғыз, қарғамайын десем – 

жалмауызсың ғой сен. Және күндестің баласының бойы өспесін 

деп жүрмін ғой. Сен қор, берсем де айырыласың ғой бір күні. 

Мен оны білмей жүрмін бе?

1- ж і г і т. Дәмеш қай үйде еді өзі?

Қ а й ш а  (жақындап  бәрі  бір  арада  тұрып  сөйлеседі.  Бір 

жақтан  күзетші  шығып,  ептеп  бір  жерге  тығылып  сөзге 

құлағын  салады).  Қыз  бағанағы  жанжалдан  кейін  өз  үйінде 

отыр еді. Күндіз Қуатжан екеуміз Есендік жіберген кісі қылып, 

бір қатынды жіберіп, шақыртып алдық. Содан бері өз үйімде. 

Қазір жатарда тысқа шығайық деп, ерте шығамын. Қол-аяғын 

байлап алып кетіңдер. Кеселді күң не қылмай отыр ол? Бүгінгі 

шатақтың бәрі сол үшін шыққан жоқ па!? Бүгіннен қалсаңдар – 

қалғандарың.  Қызды  алып,  ертең  аналар  көшкелі  отыр.  Бір 


304

жөнелтіп жіберсем, содан кейінгі дауын көре жатарсыңдар. Тіпті 

өзіме сермеңдер (Күзетші Қайша сөйлеген сайын бас изейді.)

1- ж і г і т. Дұрыс. Біз енді тоса тұрайық. Ай, Қайшатай, осы 

қадіріңді де білмейміз-ау біз!

Қ а й ш а. Қадір біліп не қыласыңдар, ал бір жерге тығыла 

тұрыңдар (Бәрі тарайды.)

XI көрініс

К ү з е т ш і  (тамағын кенеп ән салады).

“Ой, қалқа, сен ақ қоян секеңдеген,

Артыңда мен ақ сұңқар жетем деген,

Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің,

Айырылып сен қалқамнан кетем деген?”

Тоқтап сөйлейді.

Бүгін  бір  майдам  соң  жасайын  ба  осы?  Тоқалдың  қай 

жақсылығын қимаймын. Бастығы Есендік болып, ала жаздай бір 

жапырақ ет асатып көрген жоқ. Малшы атаулының бәрін ұрады, 

ұрсады. Бір күн бүйірін шығарып тойғызбайды. Аяғында бәрі 

де “ақысы құрсын” деп безіп кетіп жүргені – анау

43

. Өмір бойы 



малшыға істеп отырғаны осы. Бәрін де күні бітуге таянғанда 

шыдатпай қуып жіберіп, ақыдан, киімнен түк бермейді. Осының 

бәрін істеп отырған – Қайша мен баласы. Бұлардан алты ай жазға 

ішкенім Төлештің бір шайына тұрмайды. Не қыламын? Қой, қазір 

Төлешке айтайын. (...)

44

XII көрініс

А м а н б а й

, екі жігіт қайта шығып, жүресінен отырады.

1- ж і г і т. (Аманбайға). Ай, сен тыңдашы, мен бір ақыл ай-

тайын.


А м а н б а й . Айт! Ақылдарың болса, айта жүрсеңдерші! Мен 

сендердің ақылдарыңды үйренбейін деймін бе? Әншейін өздерің 

тәлкек қыласыңдар.

2 - ж і г і т. Е, сорлы, қайтсін, шынын-ақ айтып тұрған жоқ па?

1 - ж і г і т .  Мынау құрдас болған соң, аузына келгенін айтып 

күле береді ғой, болмаса мен тәлкек қылмаймын сені.



305

А м а н б а й .  Е-е-е,  сені  қойшы,  сені  өзім  де  білемін  ғой 

(Екінші  жігітке  қарап.)  Мынау  ит.  (Бірінші  жігітке  қарап.) 

Кәне, ақылыңды айтшы.

1 - ж і г і т .   Сен  жаңа  Қайшаның  көзінше  ақымақ  болып 

кеткенің не? Өйте берсең, апаңның көңілін қалдырасың ғой.

А м а н б а й . Жоқ, өзі тіпті дәйім ұрсып жүреді. Содан басқа 

бір кісі ұрыспайды. Және қай жерде кез келсе, сол жерде сөйлейді 

де жатады. Жаңағы жердегі ұрысқаны да жөн бе? Сондай жерде 

ұрысқанмен, түзелем бе?

2 - ж і г і т.  Е-е, Қайшанын өзі де ашуланшақ қой. Аманбайды 

бөтен кісідей сынап жүреді екен ылғи. (Бірінші жігітті түртіп 



қойып.) Сондай жерде ұрысқанға кісі түзеле ме екен? Жаушы-жа-

ламда жаңағы ұрысқанына мен де намыстанып қала жаздап, азар 

шыдап тұрдым (Аманбайды көрсетіп.)Мынау әйтеуір қорықпай-

ақ айтысып қалды әбден, “ит ұяласынан қорықпайды” деген ғой.

1 - ж і г і т .  Қоя тұршы оны.

2 - ж і г і т .  Не қояйын? Қайшаның қылығы кісі шыдарлық 

емес, тіпті. Ол әлі қызды әкелгенде де бірдеме дейді. Көрерсің. 

Дәмештің көзінше сынайды.

А м а н б а й . Онысы рас. Бәлем өйтетін болса, мен де аянып 

қалмаспын.

2 - ж і г і т .  Е, тіліңді тартпа! Қызын берсе, малыңа бергелі 

отыр, неменесі бар?!

1 - ж і г і т  (күліп). Қой оны (Аманбайға.) Мен айтайын ба?

45

 



Сен қазір Дәмеш келгенде, әлгі мінезіңді істеп жүрме! Онда 

қыздың көңілін осы арада қалдырасың.

А м а н б а й . Қандай бол дейсіңдер? Өздерің айтыңдаршы, 

кәне?


2 - ж і г і т .  Айтатыным мынау: қызды өзің сөйлесіп, икем-

деп әкет. Біз онымен үйір емеспіз және сен тұрғанда біздікінің 

лайығы жоқ болады.

А м а н б а й . Дұрыс, жарайды.

2 - ж і г і т  (көзін қысып). Не айтатыныңды өзің білесің ғой. 

Әуелі кішкене алдаңқырап алмасақ, ағалары оянып кетсе, бәріміз 

де қолға түсеміз.

А м а н б а й . Тек, жаман сөзді айтпашы, құдай-ай, сақтай гөр! 

(Күзетші айтақтайды, Аманбай селк етіп жалтақтайды..) Осы 

күзетшіден-ақ жаман қорқып болдым (Жалтақтайды. Екінші 



жігіт бүйірін қысып қалып шошытады.) Алла-ай! (Етпетінен 

20–1246


306

түседі, жігіттер күліседі.) Кеселді не қылды, кісінің өзі қорқып 

отырғандай! (Дірілдейді.)

2 - ж і г і т  (күліп). Байғұсым бабына келген екен, қарашы тісі 

тісіне тимей, сақылдап тұрғанын, ақпан – қаңтардағы күйіне 

келген бурадай болып.

Үйден тықыр шығады. Аманбай қашады. Қайша, Дәмеш шығады.

2 - ж і г і т  (Аманбайға). Құдай ұрғыр, бері кел!

Д ә м е ш  (қорқып шегінеді). Мыналар кім?

Қайша (қолынан ұстап). Үрікпей-ақ қой, ешкім де емес. Әй, 

бері кел, жынды неме, тағы жындандың ба?

А м а н б а й . Қайша, сөйлемеші өзің, нең бар менде? Мені 

осындай жерде түзей аламысың? (Дәмешке.) Кәне, жүрейік пе? 

А-а-а... сөйлесейік кішкене (Дәмештің қолынан ұстайды.)

Д ә м е ш   (қолын  қағып).  Аулақ!

46

  Кім  сөйлесемін  деді 



сенімен? Неғып жүр өзі?

Қ а й ш а . Кеселді Аманбай, құдай алмады ғой сені! Қайтермін 

енді? (1-жігітпен сыбырласады.)

А м а н б а й .  Дәмеш,  ұрыспа!  Ұрысқан...  тырысқанымыз 

жарай ма? Құдай қосқан соң қайтесің?

Д ә м е ш . Не деп жүр өзі?

47

 Құдай сендей жарымеске қоспай-



ақ қойсын! Сенің есіріп жүргенің құдайдың бір уақытысы шығар. 

Әйтпесе сені үміт қылатын болып па едім мен?

А м а н б а й .  Иә...  сонда  да...  өйткенмен  де...  жарай  ма? 

Дәмеш, қой... (Қолынан ұстамақ болады.)

Д ә м е ш  (ұстатпай). Құтырма енді, аулақ жүр! Тағы бір 

қастық істегісі келіп жүр екен ғой (Үйге қарай жүреді.)

А м а н б а й  (Қайшаны түртіп). Анауың кетіп барады ғой.

Қ а й ш а  (артынан жүгіріп ұстай алып). Сөйлеме, кеселді 

қырсық! Не шатып тұрсың бағанадан бері? Қайтер екен десем, 

асқақтама! Көкірегіңді керме өйтіп? Аз ғана сөйлескенге нең 

кетеді?  Сөйлесіп  қана  қайтқалы  келді,  жемейді  сені  (Ғазиз, 

Рақыш тоғай жақтан жақындап келіп отырады.)

Д ә м е ш .  Естімеймін  сөзіңді,  сен  екенсің  ғой  тағы. 

(Жұлқынады.)


307

1 - ж і г і т . Дәмеш, сен балалық қылма. Азғантай ғана мойның 

бұрып,  менімен  сөйлесіп  кет.  Бір  ауыз  жауаптан  қашқанның 

лайығы бола ма?

Д ә м е ш  (тоқтап). Не қыл дейсіңдер? Менімен сөйлесетін 

жұмыстарың жоқ. Тыңдамаймын (Үйге жүреді.)

А м а н б а й . Кой, Дәмеш! (Бірінші жігіт Дәмештің арты-

нан құшақтап ала жөнеледі. Сол уақытта Төлеш, Демеужан, 

күзетші жылдам басып келеді.)

Д ә м е ш . Ойбай!.. Төлеш! Жүгір, ойбай! (Аманбай, екінші 



жігіт қосыла жүгіреді.)

Қ а й ш а . Жөнеліңдер, есіріп жүрген бұл кеселді күң!

48

Төлештер айқайлап артынан жүгіреді. Бірінші жігіттің алдынан, 



Рақыш, Ғазиз қарсы тұра калады.

XIII көрініс

Ғ а з и з (ақырып). Қайт, босат, өлесің!

Алтыатарды жігіттің кеудесіне таяйды. Дәмеш босайды. Аман-

бай бірінші жігітке соқтығып шалқасынан құлайды. Бір жағынан 

Төлештер жүгіріп келеді.

Д ә м е ш  (босанып жылап). Қайша-ай, не деген қуарғансың?

Т ө л е ш  (Аманбайды бас салып). Кімді басынасың, сен құл? 

(Ұрады.) Байла иттерді, өлтір! (Көп айқай, дабыр-ду, “өлтір, 



бауызда”, деген сөздер естіледі. Үш жігітті байлап жатады.)

Қ а й ша. Тағы келді ғой мына кеселділер. Қуатжан, жүгір, 

ойбай!

Д е м е у ж а н  (Қайшаға). Бәрін істеп жүрген сенбісің тағы? 



(Жығып салып ұрады.)

49

Қ а й ш а . Қуатжан, ойбай-ай... Есендік, өлдім! Өлтір, ойбай, 



қайдасың?!

Д е м е у ж а н   (жармаса).  Өл,  елден  шыққан  залым! 

(Айқайлап.) Қан түртіп тұрса, шықсын балаң!

Қайша  айқайлайды.

Т ө л е ш  (жүгіріп келіп Демеужанға). Былай тұршы, осыдан 

өзім алайын өшімді!

Д е м е у ж а н  (Аманбайға жүгіріп келіп). Иттің тұқымы, кім 

үйретті саған алып қаш дегенді? (Ұрады.)



308

А м а н б а й  (жарыса). Ағатай-ай, мен емес едім. Ағатай, 

ендігәрі жоламаймын!

Д е м е у ж а н . Кім кел деді саған?

А м а н б а й . Қайша емес пе? Кел, шығарып берейін, алып 

қашып кет деген.

Т ө л е ш  (Қайшаға). Кеселді, қандай қылайын осы арада! 

(Буындырады.)

Қ а й ш а .  Ойбай,  кеселді,  Есендік,  өлдім  ғой  (Төлешке.) 

Құдай-ау, Төлеужанның қара сорпасын ұрттат! Құдай!

Т ө л е ш . Есендік құтқарып алар сені менен.

Қ а й ш а . Төлеужан, сенің қара сорпаңды ұрттамасам, кәпір 

болайын!

Т ө л е ш . Иә, ұрттарсың!

Д ә м е ш  (Ғазизге). Қойғызсаңызшы енді. Өлтірді ғой

50



Ғ а з и з  (Төлешке келіп). Қой, Төлеш, болар енді, өлтіремісің? 

(Айырып алып, Қайшаны алып кетеді.)

Қ а й ш а   (кетіп  бара  жатып).  Сенің  қара  сорпаңды 

ұрттамасам көрерсің енді!

Д ә м е ш . Құдай-ау, бұ не деген қырсық? Бұ не деген сұмдық?

Д е м е у ж а н  (Төлешке). Мыналарды қайтеміз?

Т ө л е ш . Алып жүр үйге бәрін де! Жазасын ертең берермін 

(Сүйрейді.)

А м а н б а й  (екінші жігітке). Кеселді иттер, айтпап па едім 

бағана кетейік деп? Әйтеуір қылдыңдар ма, қырсықтар!

2 - ж і г і т .  Е-е,  несін  айтасың,  бәрінен  де  нақақтан  өлген 

мен бейшараны айтсайшы? (Бәрін ойын бөлмесінен сүйреп алып 



кетеді. Үй жақтан дауыс естіледі.)

Д а у ы с .  Тұра  тұр,  тоқалдың  сойылын  соғатын  немелері 

Көрсетермін ертең! (Күзетші шығады.)

К ү з е т ш і . Есендік қорыққанынан үйінен де шықпай қалды. 

Қайшаның да жон терісі жазылған шығар. Шоқ, бәлем!

51

Ш ы м ы л д ы қ .



309

ТӨРТІНШІ  ПЕРДЕ

I көрініс

Төлештің үйі. Күләш, Дәмеш. 

К ү л ә ш . Еркем-ай, мен бір нәрседен қатты қорқып жүрмін. 

Зәрем жоқ осы.

Д ә м е ш . О не? Айтшы?

К ү л ә ш .  Біздің  ауылдың  берекесі  кетіп  барады  ғой  осы. 

Әкемен ұрсысып, ел-жұрттан шығып, біздің келіп отырғанымыз – 

мынау, бөтен болып кеткен бір ауылдың жанына. Аналар болса – 

ол жақта ойсырап қалып отыр.

Д ә м е ш .   Оның  несін  айтасың?  Бұған  кінәлі  кім?  Бәрі 

жалғыз тоқалдың ылаңынан. Ағамның

52

 бостығынан емес пе? 



Өз берекесін өзі кетіріп жүрген жоқ па?

К ү л ә ш .  Одан да бар ғой. Сөйтсе де, апам жарықтық тек 

емес қой деймін. (...)

53

 Мал-бастың, барлық дүниенін құт-берекесі 



сол кісі еді ғой. Өзі кеткен соң, артындағы дүние тозайын деп, 

әрекетке ұрынып жүр ме, немене?

Д ә м е ш . Құдайдың бір салғанын көрерміз.

(...)


54

Күрсінеді, Ғазиз, Әбділдә кіреді.

 ІІ көрініс

Ғ а з и з  (Әбділдәға). Төлеш қайда кеткен?

Ә б д і л д ә . Төлештің қасына он кісі қосып беріп, Есендіктің 

жылқысын алып кел деп жібердім.

Ғ а з и з . Не дейді? Қашан кетті?

Ә б д і л д ә . Қайтып келетін уақыты болды.

Ғ а з и з . Ең болмаса, сайлау өткенін күтпей, бұныңыз не?

Ә б д і л д ә.  Бала,  білмейсің,  мұндай  ірі  жұмыстар  сайлау 

үстінде  болса,  қайырлы  болады.  Жұрттың,  қаны  тасқындап 

тұрғанда сөзімізді қостаушы көп болады.

Ғ а з и з  (күліп). Дұрыс.

Төлеш кіреді.



310

І І І   к ө р і н і с

Ә б д і л д ә  (Төлешке). Не қылдыңдар, қарағым, жылқы ала 

алдыңдар ма?

Т ө л е ш . Алмақ түгіл, тағалы тайын қалдырғанымыз жоқ. 

Желісін қиып, құлындарына шейін алып келдік.

Ә б д і л д ә .  Бәрекелді,  өзіңді  момын  ғой  деп  жүрсем, 

ыстығың  түріңде  екен  ғой.  Мінеки,  жарайды  енді,  “қол  бол-

май жол болмайды” деген. Кезі келгенде қандай бәлеге болса 

да шыдайтыныңды бір көрсетсең, бар жауың жымдай болып 

тақымын қысады. Әйтпесе емен де, семен де басынып, оңай 

қоржын қылып алады.

Т ө л е ш   (күліп).  Әйтеуір  осы  жолы  өзіңіздің  шәкіртіңіз 

болдым ғой. Істе дегеніңіздің бірінен іркілгенім жоқ әлі күнге.

Ә б д і л д ә .  Бәрекелді,  іс  осы.  Енді  маңына  жоласыншы 

Бейсембі.  Ол  сені  мұндай  іс  қылады  деп  ойлаған  жоқ.  Не 

қорқытып көндірем, не алдап көндірем деді ғой. Ертеден елді 

меңгеріп алып, пәлені көргендігін қылғысы келеді. Бойы өсіп, 

буыны қатып марқаланғандығын көрсеткісі келеді ғой.

Күләш қымыз әкеледі.

Т ө л е ш ,  Біз де енді достың достығы қандай, қастың қастығы 

қандай болатынын білетін болдық қой. Бейсембі не қылып отыр 

бүгінгі  күні?  Кімнің  пайдасы  тиетін  болса,  соның  сойылын 

соғады

55

.



Ә б д і л д ә  . Әрине, осындай, өгейлікті көрмесе, туысқаннан 

туысқан неге кетсін? Көрермін енді жайлауы жарасып отырғанын!

Т ө л е ш .  Қысқа  күнде  тізгінді  қырық  бердім.  Ағайын 

ұйытқысы бұзылмасын, Бейсембінің шиі жазылмасын деп, ал-

дынан бір шыққаным жоқ. Мені неге тоқалға жығып береді?

56

Ә б д і л д ә . Бәлі, менің Есендікке өкпем осы емес пе? Міне, 



ертең айтысқанда ірге бермейтін сөзің – осы.

Т ө л е ш .  Қайша  кім  осы  күнде?  Ол  сүт  үстінде  қаймақ. 

Жұрттың  бәрі  оны  төбесіне  көтереді

57

.  Мен  сол  тоқалға  бұл 



күнге шейін жаңғырық болғаннан басқа, не істеп едім? Қарсы 

тұрсам, төбемді ойып бара жатқан соң қарсы тұрғаным жоқ па? 

Мен  тоқалға  жазықты  болсам,  ағайын-туғанға,  Бейсембіге  – 


311

түгелімен жазықты болатыным қалай? Орнымнан, малымнан 

айырылып, кіші шешенің баласы болып кететінім қалай? Неге 

көтерейін мен мұны?

58

Ә б д і л д ә. Көтермейсің. Бәрекелді, балта сабынан озбайды. 



Жат мінезді олар бастаған соң, сен неге тұрасың?

Т ө л е ш. Әйтеуір енді иілер жайым жоқ. Бұл әкелген мал 

түгелімен өзімдікі. Қолдан шыққан қорамжым, қол жеткен соң 

алып отырмын. Әбе, менің сізге ұстататын сөзім осы.

Ә б д і л д ә . Дұрыс, шырағым, саған енді мен бір сөз айтайын 

(Ғазизді көрсетіп.) Мына бала – бөтеніміз емес, құдай қосса, 

жақының ғой енді. Сен “ағайын береке айтсын, табыстырсын” 

деген сөзді ауызыңнан шығарма. Ондай сөз жауды бел алдыратын 

сөз болады

59

.



Т ө л е ш. Әрине, оны айтып бала болыппыз ба?

Ә б д і л д ә.  Бүгін  тіпті  өзге  ағайынның  саған  керегі  жоқ. 

Ел  келесі  осы

60

  қалпында  тұрса,  Бейсембі  өтіп  кетеді  екен 



деме? Бүгінгі күні өзі жеңіліп отыр. Бар тіртектесіп тартысып 

отырғаным – осы алтыншы

61

 еді, қандай болды өзі? Дода-дода 



болған жоқ па?

Ғ а з и з . Алтыншы тоқсан бес үй ме еді осы?

Ә б д і л д ә . Тоқсан бес, бұрын екі қырық бес үйден болып, 

арадағы бес үй – Байсалбайға таласып едік қой. Бүгін міне – 

Төлеш  келген  соң,  бұның  қайны  келді.  Демеужан  келіп  еді, 

оның қайны келді. Он бес үйді Төлештердің өзі әкеліп отыр. 

Енді  жеңілмеген  несі  қалды?  Өзге  старшындарым  тападай. 

Бейсембінің кеудесіне мінгенім емес пе енді?

Т ө л е ш  (Ғазизге). Сен сайлаудан хабар білдің бе? Қалба 

болысы сайланып болып қалған жоқ па осы?

Ғ а з и з . Хабар білдім. Сайлаушы келді. Менің жолдасым 

екен. Бүгін көріп сөйлесіп, жаңа осы үйден аттандырдық

62

.

Ә б д і л д ә  . Жылқыда кім бар, бағанағы кісілерің түгел қалып 



па еді? Осы жылқының артынан қуып келе ме деп отырмын.

Т ө л е ш .   Келмейді  деуге  болмайды.  Бағанағы  кісілердің 

бәрін де тастап кеттім. Сөйткенмен ал-бұл болса, дайын отырған 

лайық болар еді.

Қымыз жиылады.


312

Ә б д і л д ә .  Мен таңертең жұрттың бәріне хабар жібергенмін. 

Бүгін ұрыс болады, дайын отырсын деп, жиылатын шығар бәрі 

де. (...)

63

Д ә м е ш  . Ууһ!..



Ғ а з и з  (Дәмешке қарап). Қуғын болса, келіп қалатын уақыт 

болды ғой, ешкім келе қоймас. Олар жығылып отырған жоқ қой.

Т ө л е ш . Олай деме! Тегі, жығылып отырған жақ ожар бо-

лады мұндайда. Зорлық көрген кісі сықылданып отыр ғой олар.

Тыстан дауыс естіледі.

Д а у ы с . Төлеш, Төлеш, ойбай, келіп қалды.

Д ә м е ш

К ү л ә ш

}

 Құдай-ай, сақтай гөр!



Д а у ы с .   Төлеш... Бол, атқа мін енді!

Т ө л е ш . Қазір! (Қамданады.)

Ә б д і л д ә . Ай... жылқы қайда?

Д а у ы с . Жылқыны ауылға айдап келдік, қуғыншылар кейін 

келе жатыр.

Ә б д і л д ә . Алдынан шығып ұрыс салыңдар, жолатпаңдар. 

Енді неге тұрсың өзің? Шап!

Ғ а з и з . Мен де барамын (Қамданады.)

К ү л ә ш . Жасаған ие-ай, сақтай гөр!

Ә б д і л д ә .  Өліспей,  мал  берме  түге!  Бетін  қайырмасаң, 

асып кетеді.

Т ө л е ш .  Ой, тәңірі-ай, біз де еркекпіз ғой, не қыла қояр 

дейсіз?

Ә б д і л д ә .  Бәсе не қылушы еді, аямаңдар! Ай, Ғазиз! (Ғазиз 



тоқтайды.)

Ғ а з и з . Немене? (Төлеш шығып кетеді.)

Ә б д і л д ә . Бұндай жанжалда алды-артыңды болжап алмасаң 

болмайды. Мына Төлеш бірбеткей тоңғалақ шығар деймін. Сен 

олай болма!

Ғ а з и з . Иә, айта беріңіз.

Ә б д і л д ә . Жау көп болса, сен мынаның жасақшысы болмай, 

ара кісі болып: сөйлестірейін, жауап берейін деп, бетін қайтара 

тұр. Оған шекті біз де артымызды жиып аламыз. Егер аз болса, 

топылдатып түсіріп алып, тегіс байлап әкеліңдер. Онан соң не 

болса да, көрерміз.

Ғ а з и з . Дұрыс.



313

Ә б д і л д ә . Бар. Мен де шығайын, қазір қалған елге хабар 

беріп, жасақшы жиып барайын (Екеуі де шығады.)

IV көрініс

К ү л ә ш .  Еркем-ай, зәрем ұшып тұр ғой. Құдай-ақ, сақтай 

гөр.

Д ә м е ш   (күрсініп).  Күләш-ай,  мен  де  қорқып  отырмын. 



Тоқалдың анау күні түнде айтқан сөзі жаман еді. Сол сөзі есіме 

түссе, зәрем кетуші еді. Құдай-ай, қайырын бер! (Ағаш даусы, 



“қайт-қайт”, “түс аттан”, “қырамын, жоямын” деген сөздер 

естіледі.)

К ү л ә ш  (есікке қарай жүгіріп). Құдай-ай, не сұмдық бо-

лып кетті? (Есіктен қарап тұрып.) Ауылға келіп қалыпты ғой. 

Кеселділер көп екен ғой.

Д ә м е ш  (қорқып). Жеңешетай-ау, біз қайтеміз? (Жылайды.)

К ү л ә ш  (қарап тұрып). Жасаған-ай, жаман атыңнан сақта! 

Еркем, бір пәле болды, ұрысып жүр, Тоқалдың баласы да бар 

екен ғой. Алда-ай, сақтай гөр, жасаған-ай, сақтай гөр!

Д ә м е ш. Тәңірім-ай, өзің қорған бол, өзің сақта!

К ү л ә ш.   Сәулем-ай!..

64

  Төлешті  көздеп  жүр,  а  құдай!.. 



Ақсарбас! Айттым басымды жолыңа!

Д ә м е ш   (есікке  таман  жүгіріп).  Құдай-ай,  не  пәлеге 

ұшыратасың? (Мылтық даусы естіледі.) Алла! (Кейін қашады.)

К ү л ә ш .   Алла!  (Шошып  кейін  қашады.)  Сәулем-ай, 

қарашы!.. Қарашы, зәрем кетті ғой. Жүрегі құрғыр сезеді ғой. 

Қарашы, сәулем, бар ма, тірі ме? Төлеш!.. Сәулем!.. (Жылап 



талықсып төсекке жығыла сүйенеді.)

Д ә м е ш  (жылап). Құдай-ай, ақсарбас! Не күйге ұшыратасың?



314

Д а у ы с  (тыстан). Ойбай-ай, бұ не деген сұмдық еді?..

Бауырым-ай!.. Ойбай-ай!.. Түбіме жеттің-ау, тоқал! Ойбай, 

бауырым!.. (Ой, бауырымдаған көп дауыс естіледі.)

Д ә м е ш  (қатты жылап). Ойбай-ай, Күләш-ай, құдай ұрды 

ғой! Әлгі Демеужанның даусы ғой! Ойбай, не болды?

К ү л ә ш  (талықсып жылап). Не дейсің? Не дейсің? Құдай 

ұрды ма? Бақытым күйді ме? Алғаным! Сәулем!

Ә б д і л д ә  (жақындап келіп). Бейсембі, түбіме жеттің бе, 

Бейсембі?  Қанды  шелек-ай,  не  кегің  бар  еді?  Арыстанымды 

сұлаттың ба? (Жылап.) Бауырым-ай, Төлеш-ай!.. Серігім-ай!

Д е м е у ж а н .  Жалғыз ағекем, бауырым?..

К ү л ә ш .  Қуатым!.. Не болды? Қорғаным, не болды? Мені 

неге тастап кеттің! (Көп жылау, бәрі де ақырын жылайды.)

Д ә м е ш . Ағатайым, сүйенішім, жарығым!

Есіктен  Төлешті  көтеріп  алып  кіреді.  Әбділдә,  Де-

меужан, Ғазиз, тағы төрт-бес жігіт. Дәмеш қарсы жүріп 

Төлешті құшақтап.

Сәулем-ай, не қылды? Не болды? Кеселді дұспан аялдады-ау! 

Тағы жылатты-ау!

К ү л ә ш  (төсекке сүйеніп тұрып талықсып). Құдай-ау, не 

күйге ұшырадым, не пәле туды басыма, жарығым-ай! Қуатым, 

медеуім-ай!.. (Әкелген жұрт Төлешті басына жастық салып 

жатқызады. Төлеш бүйірін басып бүктеліп жатады. Күләш 

құшақтап  жығылып.)  Сәулем,  не  болдым?  Қор  болдым  ба, 

зарладым ба?

Ә б д і л д ә . Қарақтарым, қойыңдар енді. Төлештен әлі күдер 

үзгеміз жоқ. Сендер жыласаңдар, ауыр тиеді оған. Тоқталыңдар, 

өзі күйіп отырған жанды күйдірмеңдер!..

Д е м е у ж а н  (қасында отырып жылап). Қалқам, ағатайым, 

арманда кеттің-ау!

К ү л ә ш .   Жарығым!..  Қорғаным,  зорлық  көрдің  ғой, 

жалғыздық көрдің-ау!..

Дә м е ш .  Ағатай! Не болдық, не күйге ұшырадық?



315

Төлеш қолын сермеп, бәріне де ишарат қылады.

Ә б д і л д ә. Қойыңдар деп жатыр. Бірдеме айтқалы жатыр. 

Қарақтарым, тоқтаңдар енді (Төлешке.) Қарағым, не айтасың?

Т ө л е ш .  Уһ-уһ (Ыңыранып.) Мені аясаңдар жыламаңдаршы!

Ә б д і л д ә . Қарағым, қойдық енді, жыламаймыз.

Бәрі үндемей, ақырын жылап отырады.

Т ө л е ш .  Уһ.. Менің күйігім жеткен жоқ па?.. (Бәрі ақырын 



солқылдайды.) Тілеймін, жыламаңдар. (Жан-жаққа қарап.) Ғазиз 

қайда? О да тастап кетті ме?

Ғ а з и з . Мен мұндамын, ағатай!

Ә б д і л д ә . Мінеки, қарағым...

Т ө л е ш .  Отыр. (Тоқтап.) Аттың, әкем! Шешемді бауыры 

суық қара жер алды (Дәмеш жылайды.) Әкемді қаны суық өгей 

шеше дұспан алды. Менің жауым – мені қанға былғап отырған. 

Күндестің баласы... алды...

Д а у ы с  (тыстан). Қуатым-ай, Төлеш-ай! Мен ит болдым 

ғой, жаздым ғой!..

Есендік кіреді.

V көрініс

Есендік. Жаңылдым ғой, миым айналды ғой... Мұндай бола-

ды деп пе едім? (Төлешті құшақтап, маңдайынан сүйеді. Бәрі 

жылайды.)

Ә б д і л д ә . Неге келдің, қуарған? Куарып неге отырмайсың 

үйіңде? Алдап кел деп тағы тоқал жұмсады ғой.

Д ә м е ш  (жылап). Аға, түбіме өзің жеттің бе? (..)

65

Т ө л е ш .  Мені баласына... атқызған тоқал... Тоқал кім? Ол 



сенің... қойныңнан... менің шешемнің төсегінен... шыққан шұбар 

жылан.. (...)

66

 (Қиналып.) Уү-уһ... Уү-уһ! (Бүктеліп.) Әттең, ар-



маным!.. (Түзеліп.) Кегім... Тоқал! Қаныма ортақсың... уүһ-уүһ... 

ақыретте... Екі қолым жағаңда!.. (Сұлық жатады, Есендік иман 



айтады.)

К ү л ә ш  (жылап). Өңі бұзылып барады ғой... Сәулем-ай!

Ә б д і л д ә  (бәріне қарап). Қарақтарым, Төлештерің үзілді.

( Ш ы м ы л д ы қ . )  

6 7


Ғылыми 

түсініктемелер


1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет