Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.

бет17/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32

БІРІНШІ ПЕРДЕ

І көрініс

Есендіктің үлкен үйі. Үйдің іші сәнді жиылған, қаралы. Күләш, 

Дәмеш іс тігіп отыр.

К ү л ә ш . Үу-уһ, апам өткенге неше күн болды, Еркем? Есім 

шығып кеткен ғой деймін, қара басып ұмытам да қалам.

Д ә м е ш . Жиырма күн болды ғой бүгін. (Тым-тырыс.) Уһ, 

Күләш-ай, осы жүрегі құрғыр бірдеңені сезе ме, жоқ па? Көңіліме 

апам өлмеген секілденеді де тұрады.

К ү л ә ш .  Көңлің  ғой,  қалқам,  көңіл  қимайды  ғой.  Апам 

жарықтық өлімге қиярлық кісі ме еді? (Аз тым-тырыс.)

Д ә м е ш. Маған апамның өлгенінен де жүрегіме қатты бата-

тын бір нәрсе бар.

К ү л ә ш. Ол не, қалқам?

Д ә м е ш.  Әншейін,  апамның  соншама  алақанына  салып 

еркелеткен қадірін білмеппіз ғой. Сөзі болса, ылғи күндесіңді 

жамандайсың деп тыңдамаушы едік. Іс тапсырса, жүз айтқызбай 

істемеуші едік. Бір құрбы қылыппыз да жүріппіз ғой.

К ү л ә ш. Еркем-ау, менің де күндіз-түні ойлайтыным осы. 

Неге отымен кіріп, күлімен шықпадым екен? Неге батасын ала 

бермедім? – деп бір түрлі өкінем.

Д ә м е ш. Біз үшін Қайшамен не деспеді. Енді мұның  жайла-

уы жарасып, жері кеңіп отырғаны мынау. (Аз отырып.) Апамды 

осының қайғысы алып жеді ғой. Ұрыспайтын күні болушы ма 

еді? Апам тыныш отырса да, сөйлесе де соқтығып жағаласудан 

көз  ашты  ма?  Біздің  бәріміз  сонда  да  апамның  сөзіне  құлақ 

салдық па?

К ү л ә ш. Апам жарықтық кісіге жаманшылық ойлауды білуші 

ме еді? Бүгін тас-талқан болып отырса да, ертең кіші апамның бар 

мінезін ұмытып, кешіре беруші еді. “Бұл байғұсқа қылмағаным 

бар ма еді? Төркініне апартып тастамақшы да болдым. Бүгін 



272

теңессе, құдай көз жасын иген шығар”, – деп, тоқалды шақыртып 

татуласып қалатын. Өмірі ішінен кегі кетпейтін – мына кісі ғой.

Д ә м е ш. Тоқалдық қулығын кісі сезе ме? Апамды әсіресе 

күйдіргені – екі-үш жылдан бергі сатылған малдың бар ақшасы 

тоқалдың қолына жиылғандығы ғой. “Бәйбішенің балалары енші 

алғанда, малды көп алып кетеді. Осы күннен өз бетіме мал жиям” 

деп, базаршылар әкелген ақшаны ағамның қолынан талай жұлып 

алып сандығына салыпты ғой!..

К ү л ә ш. Оны білем ғой. (Тоқтап.) Еркем, есіңде бар ма, 

апамның  тағы  бір  қатты  ашуланғаны?  Бір  күні  қалаға  мал 

айдамақшы болып, ылғи Төлеш пен Кенженің тақымына басқан 

аттарын сатпақшы болды ғой.

Д ә м е ш. Ұмытып қаппын... Ол күнде апамды ұрса береді 

деп сөккеннен басқаны білуші ме едік?

Қ ү л ә ш. Апам сонда Атекеме бірталай сөз айтты.

Д ә м е ш. Не деді?

К ү л ә ш. “Менің балаларым момын. Тоқалдың қылығына 

қарай қылық қылмайды. Бұл үйде тоқал мен баласының алдынан 

шығатын – жалғыз мен, менің көзім тірі отырғанда балаларымды 

қақпайлағысы келеді, еш нәрсеге ие қылғысы келмейді. Кешегі 

есепке алынбайтын тоқал бұл күнде дүниенің бәрін бауырына 

басып әкетіп барады. Оған сен болыспасаң, тегінде, осының 

балалардың  көңіліне  түйін  болып  байланып  жүрмесін.  “Біз 

құмадан туып па едік? Неге еске алып, есепке тұтпайды? Бізді 

күннен-күнге тоқалға құл қылып барады” деп, өз басыда өкпе 

салып жүрмесін”, – деді.

Д ә м е ш. Ағам не деді соған?

К ү л ә ш.  Атекем  басында  құлақ  қойған  жоқ

3

.  “Қолында 



дәнемесі жоқ тоқалмен неменесіне арпалыса бересің? Кешегі 

күңдікте жүрген тоқал емес пе, неменені билеп-төстеп кетті?” – 

деді де қойды. Ылғи сөйдеп алдаушы еді ғой.

Д ә м е ш. Иә, сөйтіп алдайтынын да біліп отырушы едік қой. 

Тағы не айтты апам?

К ү л ә ш. Апам әлгі сөзге ашуланып: “Тоқалды өтірік бейшара 

қылғаныңды қойшы осы. Тоқал бұрынғы тоқал ма? Осы күнде 

сен ауған соң, есеге қолы жетіп, ақ дегені алғыс, қара дегені 

қарғыс болып отырғанын кім білмей отыр? Енді ол қатындікі 

өз бетіне.  Жастығынан қорықтың  ба, абыройымды  ашар  деп 

қаймықтың ба, әйтеуір жалынышты, жалпетек болдың. Онын өзі 


273

бір төбе. Енді баласын да баламнан артық ұстағың келіп отыр 

ғой. Осынын да білгендік пе? Тоқалдың баласына қай уақытта 

есе тиіп еді?” – деді.

Д ә м е ш. Мұнысына не жауап берді? Тағы бірдеме деп алдай 

салды ма? Жоқ, тоқалдың дауын айтты ма?

К ү л ә ш . Оған айтқан жауабы толып жатыр. Апаммен ұзақ 

сөйлескенін көргенім сол. Ондағы айтқаны: “Қуатжан тоқалдан 

туған бала болса, менен де туған. Алды-артында толып отырған 

інісі  жоқ,  басы  жалғыз.  Ертеден  қара  кешке  жетім  баладай 

көзге түрткі ғып отырғанымыз лайық па?! Менің басымда оның 

қарызы жоқ па? Жас күнінде шешесін қуып, бір жетімсіреттік. 

Ержеткенде  өнер  үйретіп,  оқу  оқытып  еркін  жүріс  жүргіздік 

пе? Керек десе бір тайды тақымына басқыздық па? Малшының 

баласы қандай болса, сондай болған жоқ па? Сенің балаларың 

көрген жақсылықтың, еркеліктің ширегін көрді ме? Енді малға 

не болып, дүниені басқарып отырса, пысықтығынан отыр. Сенің 

балаларыңда ол өнер жоқ, не қыл дейсің?” – деді. Сөйтіп, көрінеу 

тоқалдың сөзін айтты.

Д ә м е ш. Байғұс, бұл сөзді естігенде қайтты екен?

4

 Соңғы 


жылда Қуатжанды сүйеп жүргенде айтатын сөзі осы ғой.

К ү л ә ш. Апам ашуланып, ешбір сөз айтпай отырып қалды.

Д ә м е ш. Әйтеуір апамның айтқан сөзі күннен-күнге болып 

келеді ғой. Аузына құдай салды ма, немене? “Әй дер әже, қой 

дер қожа жоқ, бәріңе жетімдікті көрсетер” (жылап) деп еді ғой.

К ү л ә ш. Өлім аузында жатқанда

5

 табалаған бұл дұшпан не 



қылмайды дейсің (күрсініп). Мен тұрғанда үлкен үйде кім оты-

рады деп, үйге кіріп алып, дүниенің бәрін баурына тығып бара 

жатқанын көрмеймісің?

ІІ көрініс 

Әбділда, Төлеш кіреді.

Ә б д і л д ә .  Шырағым,  бір  дастарқан  жайшы.  (Күләш 

жаяды.  Әбділдә  құран  оқиды,  бата  қылады.)  Шырақтарым, 

шешелеріңнің алдынан жарылғасын

6

.

Т ө л е ш  (ақырын). Айтқаныңыз келсін (Күләшқа.) Қымыз 



әкел.

18–1246


274

Ә б д і л д ә . Әй... марқұм Бәтимәм жақсы еді-ау! Дүние шіркін 

осы ғой – ұшығына жеткізбей бара жатқан. Болмаса, тоқал өліп, 

Бәтимә қалса да, Есендік өлмес еді ғой. Бәтимә ағайынның анасы 

еді. Мына тоқал кімнің ажарын сақтайды дейсің?!

Т ө л е ш . Неге, Қайша ағайынды қуар дейсіз бе?

Ә б д і л д ә . Ай, шырағым-ай, қойшы! Ұяда не көрсе, ұшқанда 

соны алады. Кісі қадірін біліп көрмеген құрдымның қызы – бұл 

кімді  сыйлайды  дейсің?  Есендікті  мұрнын  тескен  тайлақтай 

жетектеп алғаны – анау. Әйтеуір момындық жақсы еді ғой деп, 

бәрін бірдей тоқалға бағынып кете жүрмеңдер!

Т ө л е ш .  Бағынғанмен де, не зиян болар дейсің, кімнің ба-

сына секіреді беталды.

Ә б д і л д ә . Ой, шіркін, сен де тоқал-тоқал деп, жалтаңкөз 

болам десеңші. Бірақ мұның мына балаларыма зиян ғой, мейлің.

Қайша кіреді.



ІІІ көрініс

(...)


7

Ә б д і л д ә   (Қайшаға  амандасады).  Кәпірдің  құлпырып 

кеткенін қарашы, Бәтимәдан құтылып алып!

Қ а й ш а . Сынап жүреді-ау бұл дұшпан, дұшпандығын тас-

тамай. Істесең дұшпандығыңды үйіңде істе, менің үйіме келіп 

шалуыттамай!

Ә б д і л д ә .  Адыра  қал!  Мен  сенің  үйіңе  келіп  отыр  ма 

екем? Мына балаларымның үйіне келіп отырмын. Кешегі жақсы 

Бәтимәнің орнына құран оқығалы келіп отырмын. Есендікпен 

жау болғанмен, Бәтимәмді ұмытпаймын.

Қ а й ш а .  Балалардың  үйі  жоқ!  Бұл  –  менің  үйім,  өйтіп 

бөлшектеме! Дұшпандығың осы емес пе?

Әбділдә. Дұспан десең – дұспанмын. Сенімен дос болған кісі 

не барқадар табушы еді? Бәтимәнің бет топырағы жасырынбай 

жатып, “бұл үйдің иесі мен, мен” деп, балалардың жүрегіне жара 

салып отырған сен жыланнан не жақсылық күтуге болады?

Қ а й ш а . Көлгір дұспанның сөзін қарашы, балаларға қорған 

болған  кісімсіп  отырғанын!  Бала  айтқанға  көніп,  айдағанға 



275

жүрсе – балам, ішімнен шыққан Қуат жаннан кем көрмеймін. 

Егер сендей азғырғыштың тіліне ерсе, түк те жоқ.

Ә б д і л д ә .  Кел қысқарт, кел қысқарт. Тілін, тілін кәпірдің 

шағып алып қарап тұрған!

Қ а й ш а .  Тілім  сол!  Қайтесің:  шақты  десең  –  шаққаным 

(Балаларға.) Сендер немене қымыздың бәрін бұған беріп, сөзіне 

еріп отырғандарың? Керегі жоқ бұның құранының! Күнәлі болса, 

дұспанның құраны кіпәрәт болмай-ақ қойсын. Бұл дұспан!

Т ө л е ш . Қойшы, Қайша, жоқтан өзгені айтпай!

Ә б д і л д ә . Қуарған! Осы кеше сені Бәтимә ат сауырына

8

 



мінгізіп, төркініңе апартып тастаймын дегенде, бекер тоқтатқан 

екем ғой. Мал-басқа иемін деп тұратын аю қатын боларыңды 

білмедім ғой. Айтқаныма көніп, айдағаныма жүреді дедім ғой, 

сорлы басым.

Қ а й ш а .  Қайт  дейсің?  Менің  де  көзім  ашылып,  есеге 

ілінгенімді  көр  –  міне.  Маған  көрсетпеген  қорлықтарың  бар 

ма еді? Сенен де көрген жақсылығым жоқ болатын. Құдайдан 

қорықпай, өтірікті неге айтасың?!

Ә б д і л д ә . Не айтар екен тоқтай тұр?!

Қ а й ш а . Не айтайын, неге қолым жетсе де, өз талабыммен 

жетті. Өзімнің жігер, намысымның арқасында жетті.

Ә б д і л д ә . Мына балалардың көзінше қояңды ақтартқың 

келген екен, сорың құрғыр, талабың мен өнерің жас жігітпен 

қашып кетем деп, Есендікті қорқытып алғаның ба? Екінші ай-

тып отырғаның – бар-жоғыңды беріп, Бейсембіні өзіне қаратып 

алғаның шығар, ол өнеріңді де білем! Сен ертең де істейсің оны!

Қ а й ш а .  Құдайға  шүкір,  істеймін!  Байды  да,  баланы  да, 

дүниені де билеймін! Ішің күйсе тұз жала, не қыл дейсің? Саған 

енді ақылдасарым да, жалынарым да жоқ.

Ә б д і л д ә . Жоғал, кәпір, шабаланбай! Балаларымнан садаға 

кет! Сенің не істегелі жүргеніңді мен білмейтін шығармын. Бірақ 

аяғыңды байқап бас! (Төлешке.) Шырағым, мені аттандыр, мына 

кәпір құранды да оқытатын емес қой өзі.

Әбділдә Төлеш шығады.



IV көрініс

Қ а й ш а . Неге тыңдайсыңдар ол дұспанның сөзін? Күніңе жүз 

дұспан келсе, бәріне де ұйисың да отырасың, түге. Дұспанның 


276

сөзі жағады-ау сендерге, қасқырдың күшігі құсаған өңшең жат 

бауыр неме! Сен ендігәрі отырма бүйтіп майысып (Күләшқа.

Мауқың басылатын болды ғой, түге!

К ү л ә ш . Біз не жаздық сізге? Әлгі кісімен ұрыспадың дейсіз 

бе? Апамды сіз ұмытқанмен біз қайтіп ұмытайық?

Қ а й ш а . Жоғал әрі! Күндестен құтылдым ба десем, орнын 

сен басайын деген екенсің (Қатты.) Сен де Есендіктің қатыны 

ма едің?!

Дәмеш, Күләш шығып кетеді. Бейсембі, Есендік, Төлеш, Қуатжан 

кіреді. Қайша отырады.

V көрініс

Есендік (Бейсембіге). Кәне, енді еліңнің жайын айтшы? Сай-

лау жақындаған сайын, елдің таразысына қарап қыпылдайсыңдар 

ғой.


Б е й с е м б і . Қыпылдаудан кім аман қалар дейсіз?

Е с е н д і к .  Әйткенмен  отқа  жақынның  қолы  күйеді, 

бәрімізден де сен бұрын қобалжисың ғой.

Т ө л е ш . Әбділдә құрдасыңыз да “бір старшын, екі старшын” 

деп жүрген көрінеді.

Е с е н д і к. Оны қойшы, партия болмаса. Арқамды күн шал-

майды дейтін Әбділдә елдің бүлінгенін тілемесе, нені тілейді? 

(Бейсембіге) Өзге ел қалай?

Б е й с е м б і.  Елдің  бәріне  де  сыпсың  сөз  кірген  көрінеді 

(Қымыз келеді.) Жәркенің жігіттері: “Елді алдық” деп, есіріп 

жүр. Қанша сенің бауың берік болатынын кім біледі? Біз әлі 

қозғалғанымыз жоқ. Жаңа ғана жан айласын қылып, қыбырлай 

бастағанымыз осы.

Е с е н д і к. Жәркенің жігіттері кім-кімді алдық дейді екен?

Б е й с е м б і.  Олар  11  старшыннан  –  2  старшын  Жәрке,  3 

старшын  Бәйке,  5  старшын  Қоскені  алдық  деп  отыр

9

.  Ендігі 



майданның  үлкені  осы  өздеріңнің  алтыншыларында  болады, 

Әбділдәнің  базары  көтеріліп  тұр.  Алтыншы  жеңіп  берсе,  ол 

шарыққа шықты.

Е с е н д і к. Біз мына бес старшынға сенімдіміз бе? Осының 

өзі жарықсыз тап басып тұра ма? 

Б е й с е м б і.  Бауырыңа  тартып,  бойыңды  көрсетпесең, 

олардың бірі де тұрмайды. Баяғыдан партияның ісі мәлім емес 


277

пе? Партияның тауқыметін көретін кісі алдымен белсеніп өзі 

шығуға керек. Өзің бұғып жатып, алдыма сен түс дегеніңе кім 

жүреді? Алдымен бой көрсеткен кісі соның жақсылығына да, 

жамандығына да жалғыз не болады. Әншейінде біз тәуірсиміз. 

Атаның  аруағы  бар,  бәйбіше  баласы  деген  атағымыз  бар, 

басымызға үйірілген дос бар – осының бәріне қарасаң, алдымен 

біз белсеніп шықпасақ болмайды.

Е с е н д і к. Бізден басқа да жақсы деп жүрген бар ғой. Солар 

неге бір жолша бастамайды.

Б е й с е м б і.  Бізден  басқалар  болғанмен,  олардың  арты-

нан  ел  ермейді.  Бастасаң  –  өзің  баста.  Өзіміз  сықылдыларға 

бағындырма! Тастай алмай жүрген кісілігіміз жоқ депті. Мұнысы 

дұрыс. Біз бұлай жатсақ, ел іші жарылады. Әркім әр айғырдың 

үйіріне сіңіп жүре береді. Бірақ сонда орын таба алмай, каңғырып 

қалатын біз боламыз.

Е с е н д і к. Шығын да көп шығады ғой енді бұған.

Б е й с е м б і. Бұл қалыпта көп шыға қоятын көрінбейді. Ел 

сорлы бақтың құсы емес пе, біреудің басына байыздап отыра 

ма? Болымсыз жем шашсаң, талайы-ақ теріп кетейін деп отыр. 

Әр жерден тамырын ұстап байқап жүрміз.

Т ө л е ш. Әуелі қанша шығарамыз дейсіздер?

Б е й с е м б і.  Отыз  ат,  мың  сом  ақша

10

.  Кәне,  осының 



қаншасын көтересіңдер? Бүгінгі сендермен сөйлесейін деп кел-

ген сөзімнің бірі осы?

Қ а й ш а. Шығын-шығын деп келесің де отырасың, неменең 

бар осы? Не балама берген кісілігің жоқ. Болсаң өзің боласың. 

Елден үйірлеп алып жатқан малдан тым болмаса бір тайдың 

теңі қылып, өзің біліп әкеліп те бермейсің. Бір емес, екі емес, 

шығыннан басқа айтарың бар ма осы?

Б е й с е м б і (жымиып күліп). Шығыннан басқаны неге айт-

паймын, айтамын, тұра тұр.

Қ у а т ж а н. Осы партияны істемесе болмай ма? Кімді кім жеп 

жатыр? Мал-басқа есе қылмай, жалпы жайдақтап, құл құрықтап 

бір тауысады. Болыстықтың не қызығын көрдік? Алған жалуа-

насы

*

 қонақасыға да жетпейді.



Е с е н д і к.  Партияға  берген  мал  құмға  су  құйғанмен 

бірдей екені рас қой. Не бағасы жоқ қулар құлындағы сақау, 

құнандағы тісеуін айтып бұлданады да отырады. Жалынасың, 

* Жалуанасы – жалованиесі (еңбек ақысы).



278

барыңды тығындайсың. Байлау-матау жоқ, ол қу ертең айтқан 

жерінен табыла ма, жоқ па? (Тым-тырыс). Білмеймін, әйтеуір 

жау  деп  жүргеніміз  де  өзіміздің  туысқанымыз.  Қызғанып 

жұлысатынымыз да солар. Екі арада жем айырып жүрген – ылғи 

жат, ылғи бағасыздар.

Қ у а т ж а н. Партия еріккеннің салдары ғой. Әйтеуір шығын 

шығатын болса, сол жеңгең жаққа қиналмай-ақ берсек болмай 

ма?  Біздің  берген  малымыз  басқа  жұрттыкіндей  қайтып  та 

алынбайды.

Е с е н д і к. Партияға берген мал арам мал ғой әйтеуір.

Қ у а т ж а н. Партияға беретін малымыз жоқ. Келер пайдасы 

болмаған соң, арам тер болып неміз?..

Б е й с е м б і (жарыса көтеріліп Қуатжанға). Қысқарт енді, 

сен,  сөзіңді!  Мен  саған  сынатқалы  келіп  отырмын  ғой,  тегі 

ісімді. Ел талқысын бір көрсем, сендердің талкыңды екі көрем 

ғой, тегі. Сендерге мен жалыныштымын ғой, тегі. Бұл не деген 

санасыздық? Қыс бойы тоқалдың баласы Жәркемен қосылып, 

Еркенің бойын шауып аламын деп аласұрып шықты. Еркенің 

көлденең аққан суын шаба ма? Жағасындағы ағашын шаба ма? 

Ұзында өшті, қысқада кекті қадаған жауын шабады. Жауы кім? – 

Сені мен мен. Оның ішінен жаман-жақсы болса да анама қараған 

қара шаңырақтың иесі сенсің, ауыртпалық сендерге түседі.

Е с е н д і к. Біздің не жазығымыз бар оларға? Не кінә қояды 

солар?

Б е й с е м б і. Сенің жазығың жоқ болса – менің де жазығым 



жоқ.  Тоқалдың  баласы  болса  –  туысқаным.  Туысқандықтан 

басқа  жат  мінезді  көрсе  –  айтсын.  Туысқан  ол  түгіл,  бөтен 

Жәркеге де жазығым жоқ. Қызының қойнынан шыққаным жоқ. 

Ерінің құны, нарының пұлы жоқ. Неге мал малданасың, неге 

кісі боласың? – дейді. Бұл зорлық емес пе? Жәрке кешегі менің 

әкемнің  қарашасы  болатын.  Тоқалдың  баласы  затсыздығын 

қылып  отыр.  Атамның  аруағын  жауға  қосылып  жоғалтқысы 

келеді. Еркек болсаң – атаңның аруағына қыз. Жоқ, заман келді; 

енді  Жәркенің  қарашысы  біз  боламыз  десеңдер,  оларыңды 

айтыңдар!  Малдан  туыпсыңдар  ғой,  малдың  құлы  болғанда, 

Жәркенің құлы болу қиын ба?!

Е с е н д і к. Білмеймін, аяғын өздерің білесіңдер. Енді мал-

басқа иеміз деп отырған сендерсіңдер, айтыңдар сөздеріңді.


279

Б е й с е м б і. Жүрсеңдер, ешкімге тауқымет артпайсыңдар. 

Менің қолқама жүрмей-ақ қойыңдар. Түбінде мен өз басым үшін 

саспаймын. Мен Жәркеге барсам да, сол тоқалдың баласынан 

кем орын алмаймын. Бірақ сен сықылды туысқанымды, жана-

шыр досымды жылатады, сонысы батады. Жат ағайын айдының 

жоқ, артыңда жалғыз досың жоқ. Қолыңда қыруар малың бар. 

Түбінде жем болсаңдар – сендер боларсыңдар. Әбділдә-ақ та-

уысады сендерді (Тым-тырыс). Еске алынып, есепке тұтылмай, 

Керей, Уақтың келімсегіндей Жәркенің біреуіне қоңсы қонып 

жүрерсіңдер.

Т ө л е ш. Біздікі әншейін қара жарыс қой, бише-аға! Әйтпесе 

сіздің айтқаныңыздан қайда кетеді дейсіз. Бабаның жолын сіз 

қуғанда, көзі тірі отырған әкенің жолынан біз неге адасайық. 

Мал-басқа біздің де иелігіміз жоқ.

Қ а й ш а  (Бейсембіге). Барыңды айтып тауыстың ғой өзің. 

Шығыннан басқаңды айтшы кәне.

Б е й с е м б і.  Шығыннан  басқа  сендерге  айтқалы  келген 

сөзімнің бірі мынау: бұны әнеугүні Қайша мен Есекеңе шет-

жағасын айтқанмын. Осы елдің партиясы қырық құбылып, жүз 

толқып келгенде алтыншының таразысына қарайтын көрінеді. 

Баяғыдан алтыншының қалпы осы. Әбділдәнің бойын өсіріп 

жүрген де сол. Енді оны бір отамай, көз ашылмайды. Жүнін 

жығып алып жұрт көзінде бағасын түсірмесең болмайды. Қарын 

шашы алынбай, асып кетті.

Т ө л е ш. Оны қайтіп аламыз дейсіз?

Б е й с е м б і.  Оған  мына  Қайшаның  әкесі  Байсалбай  да 

қосылып алып, бір тоқтамады. Енді не қылса да осы Байсалбайды 

алу керек. Әйтпесе – жеңілеміз. Байсалбайдың сырын тартып 

жүрмін. Ол: “Үй ішінен үй тігейік, сүйек жаңғыртайық” дейді. 

Ана Аманбайға Дәмешті сұрайды. Мен оған уәде беріп жүрмін. 

Бүгін  осында  келіп  сөйлеспекші.  Енді  осыған  сөздеріңді  бір 

жерге қосыңдар. Берген лайық.

Т ө л е ш. Кім біледі, Дәмештің өзі апасы өліп, уайымдап жүр. 

Жайлап айтып, алдынан өтпесе, жылап ренжіп жүрмесе?

Қ у а т ж а н. Ренжуіңе болады. Әуелі өзіне жайлап айтып, 

ұқтыру керек. Қас-қабағына қарамасақ болмайды.


280

Б е й с е м б і. Айту керек десеңдер, Байсалбаймен уәделескен 

соң,  Қайша  жайлап  айтар.  Біз  енді  осы  уақытқа  шейін  апа-

қарындасымыз,  балаларымызды  сұрап  алып,  күйеуге  беріп 

көргеніміз жоқ. Керек десе, еркек өзімізге де қатын әпергенде 

ырзамысың деп сұрап көрген жоқ. Тек баланың бағы болсын. 

Е с е н д і к. Солай екені рас қой

11

.



Қ а й ш а.  Қатын  үсті  болмаса,  кәрі  күйеу  болмаса,  кедей 

болмаса, салт атты, сабау қамшылы болмаса, одан артық қандай 

күйеу керек? Өзім жайлап ұқтырамын. Ағам келсе, сөздеріңді 

сөйлесе беріңдер.

Б е й с е м б і .

}

Е с е н д і к           Дұрыс.



(Байсалбай кіреді.)

12

VI көрініс 

Қымыз құйылады.

Б е й с е м б і. Ақсақал, Әбділдә досыңның не әңгімесі бар? 

Қанша туысқанға қақпан құрып жүрмін дейді? Осы күні ғой 

партиядан басқа тілеуі жоқ (Тым-тырыс.) Тілемей де қайтсін... 

Қақпанды басқалы қыбылжып жүрген ел – анау. Пышағы құйрық 

үстінде, әншейін “қанды басың бері тарт” деп отыр ғой.

Б а й с а л б а й.  Ой,  шырағым-ай,  оның  өмірін  итке  берсін 

де. Артынан ерген туысқанды қарақтаған соң, не қасиет қалды? 

Барар жер, басар тауы қалды ма өзінің? Абай жарықтық өзінің 

ел-жұртқа сыйымсыз бір туысқанына айтыпты ғой:

Соқақ-соқақ жортады көк бөрілер,

Сонда да жүйрік атқа бөктерілер.

Табынан бөтен жүрген сорлы жігіт 

Әр жерде жұрт көзіне жек көрінер, –

деп.

Е с е н д і к. Әбділдәні қанша жамандасаңдарда, елді жиіркенте 



алмайсыңдар, не керек. Қысқа күнде қырық құбылып отырса да, 

алдауы жетті деп тастап кететін бір адам жоқ.

Б а й с а л б а й. Япыр-ай десеңші? Осы менің де Әбділдәмен 

жолдас болғаныма көп болды ғой. Істеген ісімізде қаяусыз дос 



281

болдым.  Соның  алғанын  зор  қылып,  қарағанын  жер  қылмақ 

болып-ақ  жүрдім.  Еріп  жүріп  момынды  да,  жақынды  да 

жылаттық. Бірақ сол жүрістің бірінде мұның басына сеніп жүрген 

емеспін. Ал қалайша жүргенімді осы күнге шейін білмеймін.

Б е й с е м б і. Әбділдәнің кісі алғыштығы, бауырына тартып, 

үйір қылып әкеткіштігі бар-ақ. Бірақ шіркіннің бар жаманы ет-

бауыры елжіреп, біреуді туысқан, біреуді дос деп, әсте бойын 

бере  білмейді  ғой.  Қандай  айнымайды-ау  деген  дос  болсын; 

әуелі бір бәлеге сүңгітіп алып, оны өзі айырып алған кісі болып, 

досының мойнына есептеп ұпай салады. Сөйтіп жалынышты 

қылып алады ғой.

Б а й с а л б а й. Міне, осы. Бүгін ауыз жаласып отырсаңда, 

саған арнап қойныңа бір тас тығып отырады. Сен де сырт бересің 

ғой әлі, сені осымен матайын деп, бір қауіптің жотасын көрсетіп 

қояды ғой

13

. Әйтеуір ұшығына бір жете алмай-ақ койдым, не 



керек.

Қ у а т ж а н   (Бейсембіге). Атқа мінемін деп отыр едіңіз ғой. 

Мына кісілердің сөзін естіртіп кетсеңізші.

Б е й с е м б і. Иә, енді осыған келейік (Байсалбайға.) Аксақал, 

кешегі  сөзіңіз  туралы  біз  үй  іші  болып  кеңесіп,  ырзалық 

білдіргелі  отырмыз.  Әуелде  бас  сүйескендікпен  бала  алып, 

бала де беріскенбіз. Одан бергі от басы-ошақ бұты өкпе болса, 

тастасқан жөн. Енді біз қайырлы болсын айтамыз!

Б а й с а л б а й. Дұрыс, қарағым. Ат айналып қазығын табады. 

Төрімнен көрім жуық болып отырған заманда мен араз болып 

балаларымнан  қайда  барам?  Күйеумен  көркейіп,  жиенімен 

жеңкеюге мен де ынтық жанның, бірімін. Араздық шіркін не 

қасиет  береді.  Ескі  достықты  ұмытпағандарыңа  рақмет.  Тек 

балалардың өмірі ұзақ болсын! (Қымыз жиыла бастайды.)

Б е й с е м б і. Рас айтасыз, бұл дүние бабадан да қалған, ата-

дан да қалған. Бәріміз де түбіне жетпейміз. Татулықтан қызық 

не бар? Жақынымызбен жатша жұлқысып жүріп, өкініп өлеміз! 

Не қасиет бар?

Б а й с а л б а й. Бәрекелді, қарағым, рас айтасың!

Б е й с е м бі. Ендігі сөзді тағы сөйлесе жатармыз. Бүгін мына 

Қаумен аулында жиылыс бар еді. Соның жайынан тысқа шығып, 

бір сөйлесіп алайық.

Е с е н д і к. Иә, енді сөздеріңе кірісіңдер.

Бәрі шығады.



282

VII  кө р і н і с

Қ а й ш а   (жалғыз).  Бұйырса,  тағы  бір  арманыма  жеткелі 

тұрмын. Бейсембі жақындықты ақтайтынын білуші едім. Әзірше 

айтқан жерінен шығып келеді

14

. (Күлімсіреп.) Шіркін, өзгені бы-



лай қойғанда да, Есендіктің мал-жанын соған билетіп отырғаным 

жоқ  па?  Алдынан  шығатын  тірі  жан  жоқ.  Кешегі  Бәтимәнің 

заманында мұндай болып па еді? Осының бәрін о да есептер 

(Түрегеліп.) Есептесең – есепте, мен де ұтыла қоймаспын. Менің 

арманым дүние емес, басымның кегі болатын. Іздегенім есем 

болатын. Оған қолым жетпесе

15

 мен Есендікке қатын да болып 



жүрмес едім (Аз тұрып.). Рас, әуелі қызбен сөйлесейін. Ол неме 

көнбейді ғой. Бұған не айла бар? (Ойлап.) А-а-а, қыз қайда екен 

өзі? (Шақырады.) Дәмеш, ә Дәмеш!

Дәмеш кіреді.



VIII көрініс

Д ә м е ш. Немене?

Қ а й ш а. Мұнда келші, қарағым! Отыршы мына араға! Әкең, 

ағаларың маған сенімен сөйлес деп кетті. Жасың болса жетіп 

қалды.  Сен  бізге  бала  көрінгенмен,  жұрт  көзіне  бойжеткен 

қыз болдың. Кеше менің әкем Бейсембіге, ағаңа кісі салыпты: 

“Әуелден бас сүйескен жақын едік, бұрынғы сүйегім ескіріп 

барады. Қайтадан сүйек жаңғыртайық, мына Аманбайға баласын 

берсін”, –депті. Бұған не айтасың?

Д ә м е ш

16

. Апам болса, мені Аманбайға берем деп ешкім 



айтпайды ғой (жылап.) Жетім дегендері ғой. Әйтпесе, менің 

теңім Аманбай ма еді?

Қ а й ш а. Аманбайдан артық кімге тиесің? Күйеу таңдайын 

деген ойың бар ма еді? Оның масқара екенін білмегенің ғой. Қыз 

ержеткен соң борыш болады. Әке-шешенің қарызы – ертеден 

құтты орнына қондыру. Балалық қылма, қарағым.

Д ә м е ш.  Менің  ырзалығымды  сұрайтын  болсаңдар, 

Аманбайға өлсем де тимеймін. Әуре болмаңдар.

Қ а й ш а (ойланып). Мейлің енді. Сені зорлайтын әке-шеше 

жоқ. Мен айт деген сөздерін айттым. Ағаларыңның өкпесін өзің 

көтерейін дегенің ғой. Бермей-ақ қой дейін (Шығады.).


283

IX көрініс

Д ә м е ш  (жалғыз). Қайшаның қақпайына көне берсем, мені 

біреуге күң қылып беруден де тайынбас. Неге көнейін.

X көрініс 

Ғазиз кіреді. Дәмеш түрегеледі.

Ғ а з и з .   Неге  тұрдың,  Дәмеш,  үріккен  кісіше?  Мен  әлде 

мезгілсіз уақытта келдім бе?

Д ә м е ш  (күліп). Неге үркейін, кісі үркетін кісі ме едіңіз сіз?

Ғ а з и з. Үрікпей жүрген де мінезің белгілі ғой. Құрғақ қасық 

ауыз жыртады. Құр сөзбен жұбатуың жеткен жоқ па осы?!

Д ә м е ш   (күліп).  Түңілген  кісіше  сөйлейсіз  ғой.  Неден 

қажыдыңыз?

Ғ а з и з . Мен еш нәрседен түңілмеймін. Түңілетін кісі үш 

жылдай хат жаза ма? Мен әлі күнге үміттімін. Тас бауыр ет бо-

лып жібімес пе екен деп күтіп жүрмін. Тек түңілдірме (Күліседі.) 

Игіліктің ерте-кеші жоқ.

Д ә м е ш . Сіз менің сөзімді бұрмаламаңыз. Сізбен сөйлесу 

қиын ғой осы. Қашан сөйлессеңіз де сөзіңіздің арты бір түйінге 

әкеп соқпай тұрмайды. Игілігіңіз не?

Ғ а з и з. Игілік әр адамға әр түрлі. Менің күтіп жүрген игілігім 

бір басқа.

Д ә м е ш . Сіздің игілігіңіз не? Шыныңызды айтыңызшы?

Ғ а з и з.  Менің  күтіп  жүргенім  –  әнеугі  хатымның  жылы 

жауабы (Күледі.)

Д ә м е ш. Тағы хатыңызға сұрау салып жүрсіз бе? (Күліп.) 

Өзіңіз беріп, өзіңіз сұрау салуыңыз қалай?

Ғ а з и з.  Хатымның  өзін  сұрап  жүргенім  жоқ.  Соның 

бұйымтайын сұраймын.

Д ә м е ш . Одан артық сұрарыңыз бар ма?

Ғ а з и з. Бір тілегімді қабыл қылмай тұрғанда, тағы бір тілек 

айтар не шамам бар. Мен бермейді деп қорқам. Сұрайын: қай 

тілегімді берер едің?

Д ә м е ш. Өзіңіз қай тілеуімді бермейді деп қорқасыз? (Ғазиз 



түрегеліп қасына барып, қолынан ұстайды.) Акырын, біреу келіп 

қалмасын. Кәне, айтыңызшы?

17

Ғ а з и з. Менің жүрегімнің түкпіріндегі шын тілегім:



284

өзіңнің  басыңды  сұраймын  (Түріне  қарап,  қолынан  ұстап 



тұрып.). Осыған не айтар ең?

Д ә м е ш . Олай болса, сол тілегіңізді сұраңыз.

Ғ а з и з. Шын ба?.. Уағда ма?

Д ә м е ш . Бұныңыз қабыл болады (Қызарып күліп.) Уағда.

Ұзақ сүйіседі.

( Ш ы м ы л д ы қ )

1 8



1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал