Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ТОРФТЫҢ ТАС КӨМІРГЕ АЙНАЛУЫ, ТАС КӨМІРДІҢ



жүктеу 3.79 Mb.
Pdf просмотр
бет16/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32

ТОРФТЫҢ ТАС КӨМІРГЕ АЙНАЛУЫ, ТАС КӨМІРДІҢ  

ГРАФИТ, АЛМАС-ТАСҚА АЙНАЛУЫ ТУРАЛЫ

Ескі торф көлдері заман өткен соң кеуіп, құрғап қалудың 

үстіне, көбінесе іркінді топырақпен де басылады. Сонан соң 

бұрынғы көл болған жерде қайтадан ағаш шығып, дала болады. 

Бірақ жер ішінде, тереңде торфтың қалың қыртысы жатады. Осы-

мен неше мың жылдар өткенде сол торфтан бұрынғы ағаштан 

жасалғандай болып қалған өсімдіктердің түріне қарап, тас көмір 

ағашты өсімдіктен шықты ма, шөпті өсімдіктен шықты ма, соның 

екеуін айыруға болады. Тас көмір қаншалық ескі замандікі бол-

са, соншалық тығыз болып, тасқа ұсай береді. Оның ішіндегі 

қосымша  заттар  азайып,  таза  көмірдің  өзі  қалатын  болады. 

Көмірлердің түсіне қарап та қайсысы бергі, қайсысы арғы ескі 

замандікі екенін айыруға болады. Өте ескі көмір қарарақ болады. 

Жаңадан жасалған көмірлер күреңдеу, қоңырлау болады.

Тас  көмірден  жарқырауық  газ  шығарарда  көмірді  ауа 

кірмейтін үлкен пештің ішінде қыздырады, соның артынан “кокс” 

деген ең таза көмір қалады. Осындай  қыздыруда таскөмір адам 

қолына түспесе де табиғаттың өзінен көретіні де болады. Одан 



257

жарқыраған сұр түсті жұмсақ кокс сияқты бір нәрсе жасалады. 

Оны графит дейді. Графиттен кәдуескі қарындаштар істеледі.

Жер жүзіндегі графиттің бәрі бірдей тас көмірден шыққан 

емес  те  шығар,  бірақ  соның  кем  болса,  жартысы  жоғарыда 

айтылған жолмен шыққан. Графит таза көмір. Бірақ үлкен қызуда 

болғандықтан жанатын сыпатын өзгерткен. Көмірдің мұндай 

болып өзгеруі тамаша сияқтанса, бұдан да тамаша өзгеріс те 

болады.

Жұрттың бәріне белгілі ең қымбаты, ең сұлу тас – брилли-



ант. Бриллиант деп қырлап сұлулаған алмасты айтады. Бұл өте 

қымбат бағалы тас. Кейде мұны жерде қазып алады да, кейде 

қатты тау жыныстарының ішінен айырып алады.

Біз көмір мен графиттың арасында ұқсастық аз да болса бар 

дер едік. Екеуінің де түсі қара, екеуі де қағазға жұғады. Бірақ 

көмір мен алмастың арасында ешбір ұқсастық жоқ. Сөйтсе де 

алмас та көмірден шыққан. Оны пиялаға ұқсатуға болады. Сол 

сияқты жылтыр. Бірақ ол тас көмірден, пияладан һәм барлық 

басқа заттардың бәрінен де қатты.

Көмірдің  бұлай  өзгеретін  өзгерісін  ұғу  үшін  күкіртпен 

тәжірибе істеп байқау болады. Күкірт те өзінің түсін өзгертіп, 

өзінің  сипатын  тез  жаңартады.  Бұл  өзгеруі  тас  көмірдің 

өзгерісінен оңай болады. Күкіртті қай аптектен болса да тауып 

алуға болады.

Бір  құманға  суық  су  құйып  қойыңыз.  Сонан  соң  бір  құм 

шынының ішіне күкіртті салып, құмды оттың үстінде қыздыру 

керек. Күкірт аз-аздап ериді, сұйық болады. Сол бетімен қайната 

берсеңіз  аздан  соң  күкірт  қайтадан  қоюлана  бастайды.  Түсі 

қарауытып күреңітеді. Бірақ тоқтамай тағы қыздырсаңыз, ол 

тағы сұйық болады. Бұл уақытта ауада өзінен өзі жанатындай 

болады. Сондай болмас үшін ыдыстың бетін бір қақпақпен жауып 

қою керек. Содан плитадан күкіртті алыңыз да ішінде мұзы бар 

суық суға тез құйып жіберіңіз. Сонда сіз бұрынғы сары күкірттің 

орнына  қоңыр  жылтыр,  жұмсақ,  қолда  былпылдап  майысып 

тұратын балауыз сияқты нәрсені көресіз.

Күкіртте қандай өзгеріс болды?

Күкірт  бұрынғы  күкірт  қалпында  қалды.  Бірақ  қатты 

қыздырып, тез суытқандықтан оның түсі өзгерді, сыпаты өзгерді. 

Бірақ сол күкіртті бір жерге сақтап қойсаңыз түсі өзгере бастай-

17–1246


258

ды. Ақшылданып содан сарғаяды. Аяғында кәдуескі омырылғыш 

сары күкірт болады. Сондықтан табиғатта жұмсақ күрең күкірт 

кездеспейді. Ылғи омырылғыш сары күкірт кездеседі. Алмастың 

өзінен өзі барып көмір болып кетпесе де, оны да күлдей қылып 

ұсатып  сол  күлін  қыздырса,  оның  түсі  өзгеріп  қарайып,  өзі 

жұмсақ болып, көмір сияқтанады.

КӨМІРДЕН  АЛМАС ҚАЛАЙ ШЫҚҚАНЫ ТУРАЛЫ

Алмас дүниедегі ең қымбат тастардың бірі. Сондықтан талай-

дан бері жұрттың көбі арзан көмірден алмас шығарып алудың 

айласын барын салып іздеп жүр. Бірақ бұл уақытқа шейін олар 

алмасты  кесек  қылып  шығара  алған  жоқ.  Олардың  көмірден 

шығарған алмасы өте ұсақ, өте кішкене қиыршық болады. Одан 

әріні шығара алған жоқ. Тіпті ұсақ болғандықтан мыналарының 

бағасы жоқ. Сонымен бұл турада табиғат істеген шеберлікке адам 

өнері әлі жете алған жоқ.

Бірақ  табиғаттың  сырын  білумен  бірге  біз  ол  табиғаттың 

қуатымен пайдалануды да біліп келеміз. Сондықтан бір күндерде 

сол арзан көмірден кесек алмас шығару да ғажап жұмыс бол-

майды.

Жұрттың бәріне де белгілі: су ішінде әртүрлі нәрселердің 



еритіні, су кепкенде сол нәрселердің қайтадан бірігіп кристал-

данатыны,  нәрселердің  көбі  ыстық  судың  ішінде  суық  судан 

көрі тезірек ериді. Егер ыстық суға сол нәрсені күшті қылып 

еріткен болса, су салқындағанда кейбір заттары судан бөлініп, 

кристалдана бастайды.

Бірақ  су  ішінде  барлық  нәрселер  еріп  кетпейді.  Пияла, 

қарамай сияқтылар су ішінде бітеді де ерімейді. Бұлардың еритіні 

басқа  сұйық  заттар  болады.  Су  ішінде  ерімейтін  қарамайды 

алып, ағаш майына тастасаңыз қарамай қазір еріп кетеді. Қатты 

нәрселердің бірде бірі де ерімейтін сұйық зат жоқ. Бір сұйық затта 

бір қатты нәрсе, екіншіде тағы бір қатты нәрсе еритін болады. 

Біз тас көмірді ерітетін сұйық затты тапсақ, көмір еріп болған 

соң су түбіне отырғанда кристалданар еді. Сол кристалдан алмас 

шығару оңай болар еді. Бірақ істің ең қиыны көмір, ешбір сұйық 

заттың ішінде ерімейді. Онық жалғыз-ақ еритіні от болып еріген 

сұйық темірдің іші, соның ішінде көмір ериді.



259

Бұл  сұйық  зат  салқындауға  айналғанда  қоюланып  барып, 

аяғында қатты болып қатады. Темір мен көмір араласып кетеді. 

Бұрынғы жұмсақ темір қатты болып, омырылғыш болады. Сон-

дай болған темірдің кейбірін біз “шойын” дейміз. Кейбірін “асыл 

темір”  дейміз.  Бұл  күнгі  біз  ұстап  жүрген  темір  нәрселердің 

бәрінің ішінде де сондай көмір бар.

Көмірдің темір ішіне біржолата сіңіп кетпей қалған бөлімдері 

темір салқындаған сайын соның ішінде кристалданып, ұсақ-

ұсақ графит, алмастың кристалдарын жасайды. Еріткен темір 

қаншалық көп болып, соның салқындауы қаншалық жай болса, 

солардың  ішінде  кристалданатын  алмас  та  соншалық  үлкен 

болады.

Жер шары салқындаған уақытта дүниеде от болып еріген көп 



темір де аз-аздап күннен күнге жай салқындай берген. Соның 

ішінде көмір де еріген, сол көмірдің кейбір бөлімдері бұл еріген 

сұйық заттан бөлініп, алмас болып қалған. Су мен ауа көп-көп 

замандар өткенде темірді тоздырған, күйреткен, бірақ алмастар 

өзгермей қалған. Олар бұдан әлденеше мың ғасырлар бұрын 

қандайлық таза, жылтыр болса, қазірде де сол күйінде қалған.



ЖЕР ҮСТІНДЕГІ ЗАТТАРДЫҢ ӨЗГЕРУІ, БІР ТҮСТІ ЗАТТАР ҺӘМ 

ҚЫШҚЫЛТЫММЕН АРАЛАСҚАН ЗАТТАР ТУРАЛЫ

Өсімдік пен жануарлар жер үстіне пайда болғанына аса көп 

заман болған жоқ. Жер ыстық болып теңіздердегі судың бәрі 

суымай тұрған кезде жер үстінде өмір болған жоқ. Өмір сүрген 

жалғыз жердің өзі ғана. Оның өз ішінде жиі-жиі, үлкен-үлкен 

өзгерістері болып жатқан. Ол өзгеріс бұл күнде де бар. Бірақ 

қазірде бұрынғыдай жиі емес. Өзгерістің жүрісі өзгеше жай.

Жер шары суынғанша соның ішінде болған заттардың бәрі 

де өзгеруде болды. Бұл нәрселердің көбі күшті қызуды көтере 

алмай, еріген күйде де тұра алмаған. Бұл күнгі көріп жүрген 

нәрселердің көбі ол күнде жоқ болған. Жердің ол замандағы 

қызуы  қаншалық  күшті  болғанын  біз  білмейміз,  бірақ  бізге 

белгілі нәрсе: ол уақытта бұл күнгі толып жатқан неше түсті 

заттардың бәрі бірдей болмаған. Ол күнде болған. Бірақ затты 

нәрселер, бұл нәрселердің ішіне бөлек жыныс араласпаған, өздері 

бір-ақ заттан құралған. Сондықтан оларды “бір туысты” заттар 

дейді. “Бір туысты” заттар көп емес. Бір туысты заттардың бірі 


260

күкірт, таза көмірлер болады. Одан басқа бір туысты заттар деп 

барлық металдар саналады. Мәселен, темір, қорғасын, цинк, мыс, 

күміс, алтын, сынап және бұдан басқалардың бәрі де бір туысты 

нәрселер деп саналады. Қатты жердің көп бөлімі металл болады. 

Бұл металдардың бәрі де бұрын бірінен бірі бос болған, ешбір 

басқа нәрселерден қосылмай, оңаша болған. Содан кейін талай 

ғасырлар өткен соң жердің сыртқы үстінде де, терең ішінде де бір 

туысты нәрселердің бірімен-бірі қосыла бастаған. Бірімен-бірі 

қосылған соң олардың түстері өзгеріп, сыпаттары да өзгерген. 

Екі  жердегі  бір  туысты  нәрселерден  бір  “көп  туысты”  нәрсе 

жасалған. Біз егерде мұның ішіне кірген жыныстарды бөліп, 

айырып алсақ, көп туысты нәрсенің неден жасалғанын білеміз.

Мәселен,  кәдімгі  өзіміз  көріп  жүрген  су  екі  газдың  қо-

сылуынан жасалған. Бұл екі газды құр ғана араластырсақ су 

шықпайды. Су шығару үшін бірін біріне сіңдіріп, жұтқызып, 

қосып жіберу керек. Бұл уақытта екі газдың араласуы болып 

қана қалмайды. Екеуінен сыпаты бөлек, айрықша зат шығады. 

Оның аты – су.

Кейбір  заттар  бірімен  бірі  оңай  қосылады.  Кейбіреулері 

қиыншылықпен  қосылады.  Кейбіреулері  тіпті  қосылмайды. 

Тегінде  бір  түйісті  заттардың  кейбіреулері  ғана,  азғанасы 

ғана,  басқа  заттардың  барлығымен  косыла  алады.  Ол  зат 

ауаның бес бөлегінің бірі болып тұрған “қышқылтым” деген 

газ,  қышқылтымның  басқа  заттарға  қосылуын  таттану  яки 

кышқылдану  деп  атайды.  Бұлардың  қосылуынан  жасалған 

жаңа затты “тат” дейді. Мәселен, темір су болса, қышқылтым 

араласқан соң үстін сары тат басады. Қышқыл көмір, көмірдің 

таты, известь айрықша бір металдың таты. Егер мыс ақшаны 

қып-қызыл  қылып  отқа  қызартып,  артынан  салқындатсаңыз 

беті қарайып қалады. Бұл мыстың таты, мыс қышқылданады. 

Қышқылтыммен  араласады.  Осылайша  күкірт  жанғанда  да 

күкірттің таты болып, айрықша бір зат шығады. Сонымен барлық 

бір туысты заттардың бәрінің де өзінше таты болады. Металдар 

таттанған  соң,  бұрынғы  жылтыр  түсінен,  көркінен  айырыла 

бастайды. Металл күйінен өзгеріп, кеуектеніп, топыраққа ұсап 

кетеді. Сондықтан металдардың татын топырақ заты деп атайды.

Мәселен,  темірдің  таты  сары  түсті  топырақ  заты  сияқты. 

Жер салқындаған уақытта металдар алдымен қышқылтыммен 


261

қосылған болса керек. Солар топырақ сияқтанып кеткен, олардың 

бәріде қышқылтыммен оңай қосылады. Басқа заттардың бәрі де 

сөйтіп таттанған, өзгермей қалғандары азғана болғанға ұқсайды.



МИНЕРАЛДЫҢ ІШІНДЕГІ МЕТАЛДАР ТУРАЛЫ

Барлық заттар таттанумен бірге тағы өзгерілуден тоқталып 

қалмайды. Көп нәрселердің татының өзі бірімен бірі қосылады. 

Бұрын бір түсті заттың қышқылтыммен қосылғанындай енді 

таттар бір-бірімен қосылады. Осындай қосылудан әртүрлі мине-

ралдар шыққан. Бұлардың бәрінің араласуынан жер қабығындағы 

тау жыныстары жасалған.

Біз  минералдың  ішінде  қандай  минералдың  барлығын 

байқаймыз. Бірақ шындап қарасақ металл топырақта, құмда, 

известе, барлық тастардың ішінде түгелімен бар болып шығады. 

Рас, көбінен оны айырып алу қиын, металдардың кейбірі басқа 

заттармен  мықтап  байланысып  қалады.  Бірақ  қалайда  болса, 

бір металды екінші металдан айырып алуға болады. Кейде бір 

металды екіншісі айдап шығатыны болады. Оны білу үшін: сірке 

мен  қорғасынның  қосылғаны  болады.  Атын  қорғасын  қанты 

дейді. Сонымен аптектен сатып алыңыз. Бұның түсі ақ болады. 

Азырақ тұзға ұсайды. Бірақ темір затты қорғасынға да, сіркеге 

де ешбір ұқсастық жоқ болады. Бірақ екі заттың қосылғанында 

онан да ғажабырақ өзгерістер болады. Сондықтан бұған таң қалу 

керек емес. Енді сол қорғасын қантының ішіндегі қорғасынның 

анық бар-жоғын білу керек болса, оны басқа бір металмен ай-

дап шығуға болады. Қорғасынды айдап шығатын металл цинк 

қорғасын қантының бір бөлімін стаканға су құйып соның ішінде 

ерітіңіз де бір көлденең таяқтың бетіне жіп байлап, сол жіптің 

ұшына  бір  түйір  цинк  байлап,  соны  стакандағы  судың  ішіне 

кіргізіп, асып қойыңыз. Сол қалінде қозғамай қойсаңыз, бірнеше 

сағаттан соң бұнда болған өзгеріске таң қаласыз. Бұрынғы бір 

түйір цинк жоқ болады. Оның орнында жеке бір түп ағаштай 

болып жарқырап, түптеніп тұрған жапырақтарды көресіз. Бұлар 

жан-жаққа тарауланып, сұлу болып, жарқырап тұрады. Цинкке 

ұқсамайды

17

. Анығында бұл цинк емес, қорғасын. Қорғасыннан 



жасалған түп болады. Ол еріткен судан бөлініп шыққан. Оны 

цинк айдап шығып, өзі оның орнына сіркемен қосылып кеткен.



262

Енді стаканыңызда сірке мен қорғасынның қышқылы емес, 

цинк пен сіркенің қышқылы қалған болады.

Осы  сияқты,  темірдің  мысты  айдап  шыққанын  байқаңыз. 

Бұл  үшін  бір  көк  түсті,  жылтыр,  қатты  мыс  купоросы  деген 

нәрсе болады

18

. Соны алыңыз. Мұның ішінде қышқыл күкіртпен 



қосылған  мыс  бар.  Ол  көзге  көрінбесе  де  барлығы  хақиқат. 

Суға сол мыс купоросын қою қылып езіп, соның ішіне әбден 

тазартылған  пышақтың  ұшын  тығайық.  Екі-үш  минут  сонда 

ұстап тұрып, қайта суырып алсақ, пышақтың ұшы қызарып, мыс 

сияқтанып қалғанын көреміз. Бұл мысты темір айдап шыққан.

Сол  ретте  әлгінің  ішінде  пышақты  ылғи  ұстап  тұрсаңыз, 

бірталайдан соң темір пышақ мыс болып шыққанын көресіз.

Мыс купоросының ішіне бір-екі күнге бір темір шегелерді 

салып  койыңыз.  Бір  түннен  соң  сұйық  заттың  түсі  өзгереді. 

Бұрынғы  көк  түсінен  айырылып,  жасыл  бола  бастайды.  Бұл 

бұрынғы  көк  түсті  мыс  купоросының  орнына  қазірде  жасыл 

түсті еріген темір тұрғандығын білдіреді. Барлық мыс стаканның 

түбіндегі  шегелерге  келіп  отырған.  Олардың  үстінен  мыс 

қабығын жиып алуыңызға болады.

Осы ретпен басқа минералдың ішінде болған мысты оңай 

айырып алады. Әуелі оларды қышқыл күкірттің ішінде ерітіп 

барып,  мыспен  қосады.  Бұлардың  қосылғанынан  баяғы  мыс 

купоросы шығады. Оның ішінен мысты жоғарыда айтқан кесек 

темірді тастап отырып, айырып алады.

РУДАЛАР ҺӘМ ОЛАРДЫҢ ІШІНЕН МЕТАЛДАРДЫ  

ШЫҒАРЫП АЛУ ТУРАЛЫ

Заводтағы машиналармен ішінен металдар айырып алатын 

минералдарды  руда  дейді.  Сондықтан  темір  руда,  мыс  руда, 

қорғасын,  цинк  рудасы  дегендер  бар.  Темір  рудалары  кейде 

тұтасқан биік тау болып жатады. Ондай таулар әсіресе Орал 

тауында көп

19

. Сондықтан баяғы заманнан бері қарай Оралда 



әлденеше жүз темір заводтары бар. Заводтарда руданы қорытады, 

шойын мен темірді айырып алады да соларды барлық Руссияға 



263

таратып отырады. Заводтардың айналасында қалың тоғай болса 

да, биік тау болса да қалалар өсе бастайды. Қаланың барлық жайы 

үлкен-кішісіне қарамай сол заводтың қызметінде болады. Завод-

тар соларды асырайды. Кішкене қалалар үлкен сауда қалалары 

болып, байи бастайды.

Темір  заводтарының  қызметі  қыста,  жазда  тоқтамайды. 

Күндіз  де,  түнде  де  мұнараға  ұсаған  үлкен  “домна”  пештері 

тоқтамай, үлкен қызумен жанып тұрады. Сонда руданы ерітіп, 

шойын шығарады. Тарсылдаған машина даусы, жұмысшылардың 

айқайы, барлығы қосылып, таңертеңнен кешке шейін басылмай-

тын у-шу болып жатады.

Егер темір рудасы біздің Оралдікіндей жалғыз ғана татпен 

араласқан болса, оны тазартып, темірді айырып алу оңай. Бұл 

үшін домна пешіне бір рет үстіне көмір салады, соның үстіне 

бір қабат руданы салады. Одан тағы отын, оның үстінен тағы 

руданы салады. Сонымен пештің іші әбден толғанша кезек-кезек 

отын мен руданы салып қойып астынан жаға бастайды. Астыңғы 

отын  қызған  кезде  машинамен  көрік  басады.  Сонымен  отты 

қыздырып, лаулатып жандырады. Көмір қатты қызып жанып, 

ауаның қышқылтымының бәрін көмірге сіңдіріп, өзі таза темір 

болып  қалады.  Темір  күшті  қызудан  еріп,  ішіндегі  көмірінің 

жартысынан  айрылып,  шойын  болып  қалады.  Шойын  өзінің 

ауырлығының  арқасында  төмен  қарай  ағып,  пештің  түбінде 

жиылып қалады.

Ерітіп алған шойынды пештің тесігінен мезгілмен ағызып 

алып, пештің үстіңгі жағына жаңа көмір, жаңа руданы үзбей 

салып отырады. Сонымен жұмыс тоқталмай жүреді. Шынын-

да жұмыс тоқтатудың көп залалы болар еді. Себебі жұмысқа 

кіріскен сайын пешті қайта жағып, қайта қыздырып отыру керек. 

Оған артық уақыт, артық отын кететін болады.

Бұл  мысалдан  қыздырған  көмірдің  темір  рудасынан 

қышқылтымды айырып алатын қасиетін білдіңіз. Басқа метал-

дардың ішіндегі қышқылтымды да осылайша айырып алады. 

Сондықтан өзге металдарды айырарда да көмірмен пайдаланады.


264

Кейбір металдар үшін көмірді аса қатты қыздырмаған пай-

далы, кейбірі қатты қыздыруды керек қылады. Бірақ бәрінде де 

қызған көмір қышқылтыммен оңай қосылады.

Сахара шпаты сияқты көп туысты тау жыныстарының ішінде 

“калий” деген бір қызық металл болады. “Калий” қышқылтым 

мен көмірден де оңай қосылады. Мысалы: “калийдің” бір түйірін 

суға тастасаңыз, ол судың ішіндегі бөлімдерін айыра бастайды. 

Қышқылтымды өзіне тартып алады. Және бұрын қышқылтыммен 

араласқан екінші газ судан шығып кетеді.

Көп  минералдардың  татының  ішінен  қышқылтымды  ка-

лий  оңай  айырып  алады.  Бірақ  қыздырған  уақытта  калий  де 

қышқылтымын көмірге береді.

Калий  ең  жұмсақ  металдың  бірі.  Оны  пышақпен  кесуге, 

балауызша илеуге де болады. Өзінің түсімен, жылтырлығымен 

ол  күміске  ұқсайды.  Ауада  тез  қарайып  кетеді.  Себебі 

қышқылтыммен қосылады. Содан ауаға калийдің аппақ болып 

таты шығады.

Өзге металдардың бәрі бірдей калийше қышқылтыммен тез 

қосыла бермейді. Бұндай металдар көп минералдың ішінде бол-

са да, оларды қосымшасынан айырып алу қиын. Және металл 

күйінде де ұзақ тұра алмайды. Сондықтан калий мыс, темір, 

қорғасын, қалайы, күміс, алтын жараған іске жарамайды.

АЛТЫН ТУРАЛЫ

Өзге металдардың ішінде алғы бір қалыпта тұратын – алтын. 

Ол ауада да, дымды жерде де бұзылмайды. Сондықтан егер ол 

қымбат болмаса, бүгінгі темір деп жүрген нәрселердің көбін 

содан істер еді.

Алтынды әртүрлі тау жыныстарының ішінен айырып алады. 

Айрықша алтын рудасы болмайды. Басқа тау жыныстарының 

ішінде ұсақ-ұсақ түйір болып кездеседі.

Неше ғасырлар әртүрлі заттардың түрлі-түрлі болып өзгергені 

алтынға әсер бермеген. Ол өз басы бөлек, еркін қалған. Таттанған 

да емес, басқа бір туысты заттармен де қосылған емес. Әуелгі 

жер  қабығы  қата  бастаған  кезде  бір  тау  жынысының  ішінде 



265

отырып қалған бойымен осы күндерге шейін сақталып келген. 

Тау жыныстары одан беріде судан бұзыла бастаған. Алтын да 

ұсақтанған. Ұсақ құм, ұсақ топырақ болып, солардың арасында 

көрінбей кеткен. Таудан қатты сулар аққанда, оларды ағызып, 

жайдақ  өзендердің  жағасына  шығарып  кеткен.  Сол  соңғы 

отырған жерінде де алтын жарқырап, сұлу күйін жоғалтпайды. 

Осы  күнде  өзен  ертінділерінің  ішінен  сондай  алтындар  көп 

кездеседі. Кейбіреулер сол қиыршық алтынды жиып, құмнан, 

басқа минералдан айырып алады.

Алтын шыққан ертінділерді “алтын шашырандысы” дейді, 

алтын қазып алатын жерді “прииск” дейді. Алтын шашыран-

дысы көбіне Сібірде кездеседі. Барлық орыс алтыны түгелімен 

Сібірден шығады. Алтын табу үшін бұнда әр жерден келетін кен 

қазушылар көп болған.

Олар елсіз, иесіз тауды, қалың тоғайларды аралап, бір даладан 

екінші далаға түсіп, кезіп жүріп, өзен ертіндісін қазып қарап, 

алтын іздеген.

Алтын табыла салысымен бұрынғы адам, дыбыс естімеген, 

тағы  аңнан  басқа  еш  нәрсені  көрмеген  елсіздер  ұйқыдан 

оянғандай болып, жандана бастайды.

Шашыранды алтын көп көрінсе, жеңіл табыс таппақ болған 

байлар шұбырады. Олардың артынан топ-топ жұмысшылары ба-

рады. Темір заводтарының айналасындай болып, бұл кішкентай 

өзендердің айналасында да қалалар салынады.

Ағашты кесіп, жылдамдатып үйлер сала бастайды. Алтынды 

топырақтан тазартатын “шайқауыш” машиналар жасалынады. 

Әр  жерден  шұңқырлар  қазып,  арықтар  жүргізеді.  Бір  алтын 

заводының артынан екіншісі шығып, өзеннің жағасы өзгере бас-

тайды. Өзен жағасы көркінен айрылып, бұзылады. Жердің бәрі 

шұрқ-шұрқ тесік болады. Маңайдағы тоғай өртелген, кесілген, 

жағаның бәрі үйілген тас болады. Өзеннің бұрынғы мөлдір, таза 

суы лайланып, сұрланған болады.

Бұнда да шек білмейтін адам (...) пайданы қуып, жанына жем 

беретін  табиғаттың  сұлулығын  жоғалтады.  Оны  ойламайды, 

ескермейтін болады. Бірақ адам баласы әншейіндегі өмірінде 

байқалмаса да, ауырып тұрған уақытында табиғаттың қадірін 


ұғады. Ауырып тұрған адам табиғаттың сұлу көркінен басқа еш 

нәрсені қаламайтын болады.

Бұл әңгімені оқып шығып, жердің жаратылыс тарихы жайы-

нан біраз мағлұмат алған соң, сіздер де табиғатқа білім көзімен 

қарап,  жаратылыстың  сұлулығына  ықылас  бөлерсіз  деймін. 

Сонда сіздерге: мұнартқан көгілдір тау, жасыл дала, күміс өзен, 

толқынған көк теңіз сұлу көркімен қызықты, жарастықты көріне 

бастар. Сіздер де сүйерсіздер деп үміттенемін.



Пьесалар

БӘЙБІШЕ, ТОҚАЛ

Төрт перделі қайғылы хал 

(Драма)


О Й Н АУ Ш Ы Л А Р

Е с е н д і к  – 55 жастарда. 

Қ а й ш а – тоқалы, 35-те.

Т ө л е у ж а н   – үлкен баласы (бәйбішеден).

Де м е у ж а н  – кіші баласы (о да бәйбішеден) 20-да.

Д ә м е ш  – қызы (бәйбішеден), 16-17-де.

Қ у а т ж а н  – тоқалдың баласы, 20-да.

Б е й с е м б і  – партия басы, Есендіктің ағайыны. 

Ә б д і л д ә – о да партия басы. Бейсембі мен Есендіктің жауы. 

А м а н б а й  – Қайшаның бауыры, таз, 25-те. 

Б а й с а л б а й  – Қайшаның әкесі. 

К ү л ә ш  – Төлеужанның келіншегі

Ғ а з и з   –   оқып жүрген  жас жігіт. 

Р а қ ы ш  – Ғазиздың жолдасы. 

К ү з е т ш і.

 

270


1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет