Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.

бет15/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32

ЖЕР ІШІНДЕГІ ЫСТЫҚ ҚАНШАЛЫҚ

Ыстық  бұлақтар,  вулкандар  бізге  жер  ішіндегі  ыстық 

барлығын білдіріп отыр. Егер сол ыстық болмаса адам баласы 

жердің ішіне де тереңдеп кіріп кетер еді. Ыстық тоқтатып отыр.

Кен қазатын жерлерде жер ішінде талай терең жолдар салы-

нады. Бұл жолдарды шахта яки ошақ дейді. Бұл жолдар кейде 

тау ішінде, тастың ортасында  салынады. Ол да тас үңгірлерге 


245

ұқсайды. Осы сияқты үңгірлерде, тар жолдарда қолында жарық 

ұстап,  әрлі-берлі  жұмысшылар,  кен  қазушылар  жүреді.  Олар 

өмірінің тең жартысын жер астында, қараңғыда өткізеді. Бұл ең 

ауыр жұмыс, көбі ерте қартайып, ерте өледі. Бірақ өлгендерінің 

орнын екінші кедейлер басады. Сонымен жер астындағы жолдар 

көбейіп, ұзарудан тоқталмайды. Ошақ, тереңдеген сайын кен 

қазушылардын жұмысы ауырлай береді. Ауа дем алысқа ауыр 

болып,  ыстық  болып,  қинай  бастайды.  Аяғында  жер  ішінің 

ыстығы 40 градусқа жететін уақыт болады. Бұл кезде ең мықты 

деген адамдар бірнеше минут қана тұруға жарайды.

Америкада күміс мол шығатын бір кен бар. Бұрынғы уақытта 

қазушылар жылына 30 миллионның күмісін табады екен. Бірақ 

күннен-күнге ошақ төмендеген. Осы күні ең терең ошақтары 

жер астына бір жарым шақырымдай жерге кірген екен, қазірде 

сол ошақтарда қызмет қылушылар 10 минуттан артық тұра ал-

майтын болған.

Кейде  мұндай  тереңдікке  жеткен  ошақтарды  машинамен 

қазады. Солай қазатын терең ошақ Германияның Рибнль деген 

қаласының жанында бар. Тереңдігі екі шақырымдай болыпты. 

Оның түбіндегі ыстық 48 градусқа жетсе керек. Егер одан арғы 

жерде осындай болып ұлғайып отырса, жердің дәл ортасындағы 

ыстық 15 мың градус болуға керек.

Мұндай ыстықтың ішінде ешбір нәрсе шыдауға мүмкін емес. 

Барлық нәрсе еріп сұйық болумен де тұра алмайды, тұрса у болып 

қана тұра алады.

Мұнымен біз тұрған жердің іші толған от болып еріген сұйық 

заттар. Жердің сыртқы қабығы ғана қатқан. Бұл қабық қалың, 

қатты  болғандықтан  біз  өмір  сүріп  тұрмыз.  Бұл  қабықтың 

қалыңдығы қанша екенін біз білмейміз. Бірақ жердің барлық 

қарасымен өлшегенде бұл тым жұқа болуға керек.

ЖЕРДІҢ САЛҚЫНДАУЫ ЖӘНЕ ПЛАНЕТТЕР ТУРАЛЫ

Жердің ішіндегі өз қызуы қайдан шықты?

Бұл мәселе туралы көп білгіштер ойланған. Қазіргі уақытта 

айтатын нәрсеміз: жер заман өткен сайын аз-аздап салқындап 

келеді. Бұдан былай талай замандар өткенде жерге жаңадан бір 

қызу қосылмаса жердің әбден салқындап, тоңазып қалатыны 

даусыз ақиқат. Ол уақытта жер үстінде ыстық бұлақ та, вулкан 


246

да болмайды. Жердің ішіне кірген су қайта шықпайтын болады. 

Су жер ішінде қатып қалатын болады. Себебі күн қызуы жер 

ішіне жетпейді, сондықтан арғы іші суық болады.

Аз-аздап барлық су жердің астына кетуге мүмкін. Өзен, көл, 

теңіздер түгелімен қуарып қалады. Барлық жер суық шел болады, 

ол уақытта өсімдік те, басқа жан иесі де қалмайды.

Сонымен жердің тағдыры қалай болатындығы белгісіз. Бізге 

жердің алысқа өтіп кеткен күні қаншалық мағлұмсыз қараңғы 

болса, алдымыздағы күн де соншалық қараңғы, белгісіз.

Бірақ  жер  тағдыры  турасынан  басқа  жұлдыздарға,  басқа 

жерлерге қарап, белгілі мөлшер айтуға болады.

Біз бұл арада басқа жерлер деп сөйлеп отырмыз, оның себебі 

дүниеде  дәл  осы  біздің  жер  сияқты  талай  жер  бар.  Мысалы 

біздікі сияқты жердің бірі бәрімізге белгілі ай. Айдың жарығы 

өзінікі  емес,  күннен  алады.  Күн  біздің  жерді  жарық  қылып 

тұрғандай айды да жарық қылып тұрады, сондықтан түнде ай 

бізге жарқырап көрінеді.

Жер сияқты ай да домалақ, доп сияқты. Бұрынғы замандағы 

адам жерді жалпақ деп түсінген, сондықтан бір жолдан бетіңді 

аудырмай жүріп отырсаң, жердің шетіне жетесің деп түсінген. 

Олар жердің шеті теңіз болып кетеді екен, су түпсіз дүниеге 

ағып жатады екен деп білген. Сондықтан теңіздердің жағасынан 

алысқа жүзіп бара алмайды екен. Қорқатыны түпсіз дүниеге түсіп 

кетіп, қайтадан шыға алмаймыз деп түсінеді. Барлық жерді үлкен, 

мол судың ортасында тұрған биік арал деп білген. Бірақ бұл арал 

не нәрсеге тіреліп тұр, не себепті су түбіне батып кетпейді, оны 

ешкім де білмеген.

Бұл күнде ол ертегіге ешкім де сенбейді. Жұрттың бәрі жердің 

домалақ екенін біледі.

Жер  судың  үстінде  тұрған  жоқ,  су  жердің  үстіндегі 

шұқырларда тұрғанын да біледі. Жер су үстінде тұра алмайды. 

Себебі жер судан ауыр. Және түпсіз теңіз ешбір дүниеде жоқ. 

Барлық теңіздің түбі бар да, құрғақ жағасы бар. Және бұл күнде 

біздің білетініміз: бір жерден шығып тура жүре берсек, айналып 

келіп әуелгі кеткен жеріңнен шығасың. Бірақ бұған екінші жақтан 

келесің.  Осы  күнде  адам  баласы  кемемен,  пароходпен  жерді 


247

әлденеше айналып жүр. Жерді айналып шыққан жиһанкездердің 

әңгімелері жұрттың көбіне мәлім.

Біздің жердей айда да тау мен дала бар. Кейде айдың жарық 

болған түнінде бетіне қарасаңыз, жерінің сұрғылт, қоңырқай 

болып,  теңбілденіп  тұрғанын  көреміз.  Бұл  қоңырқай  жерлер 

күн жарығы аздау түсіп тұрған далалар. Ағарып тұрған жерлері 

биік таулар.

Бұрынғы уақытта айдың сұрғылт жерін теңіз деп түсінген 

екен. Ол осы заманда қате пікір болып шықты.

Айдың үстінде су да, бұлт та, ауа да жоқ, онда өмір жоқ. Не 

өсімдік, не жан иесі жоқ шөл. Егер ай бізге жақын тұрса, тауын 

да, даласын да көруге болар еді. Бірақ алыстан барлық нәрсе 

кішкене болып, нашар көрінеді. Сондықтан ай да нашар көрінеді.

Егер жерден айға қарай сапар шеккен жан болса, ол ең жүйрік 

отарбаға мініп, дамылсыз жүргенде, жарты жылда жетер еді. 

Айдың алыстығы сондайлық, сондықтан кішкене көрінеді.

Бұдан  басқа  планет  деп  аталатын  жерлер  бізге  айдан  да 

әлдеқайда алыс тұрады. Сондықтан олар тіпті кішкентай көрінеді.

Оларды  түнде  ғана  көруге  болады.  Себебі  олар  да  ай 

секілді  жарықты  күннен  алады.  Түнде  планет  те  жұлдыз 

сияқты көрінеді

13

. Бірақ айырмасы: жұлдыздар күн сияқты өзі 



жарқырайды,  жұлдыздардың  алыстығы  болмаса  олар  да  күн 

сияқты жарық болар еді.

Дүрбімен  қарамаған  уақытта  планетті  жұлдыздан  айыру 

қиын. Үйтсе де көп жұлдыздың ішінде жарығы дірілдемей, бір 

қалыптан айнымай жарқырап тұрған жұлдыз болса, ол планет 

болады. Сондай жерлер біздің жерден үлкендігі кем болмаса да 

бізден өте алыс болғандықтан талайы ең үлкен дүрбімен қараса 

да көрінбейді.

Планет кіші болса, тез суынады. Үлкен пештің ішіндегі қызу 

көп уақыт тұратыны сияқты үлкен планеттердің де салқындауы 

жай болады.

Мәселен,  ай  біржолата  салқындап  қалған.  Біздің  жердің 

ішінде  әлі  күнге  бітпеген  қызу  бар.  Ал  үлкен  планеттердің 

бәрінде әлі жер қабығындай қабық та жасалған жоқ. Әлі қызуы 

күшті, от күйінде. Үлкен дүрбімен қарағанда солардың бетінде 

әлі күнге қатпай ағып жүрген тас өзендерді көреміз. Солардың 

ағыны, түсінің өзгергені бізге білініп тұрады. Бір заманда біздің 


248

жердің үсті де сондай болған. Содан неше мың жылдар өткенде 

сырты салқындап, қабық біткен.

ЖЕР  ҮСТІНЕ  ТАУ  ҚАЙДАН  ШЫҒЫП,  

ҚАЛАЙША  ӨСКЕНІ  ТУРАЛЫ

Жер қабығы көпке шейін ыстық болған. Сондықтан ол кезде 

тау да, теңіз де болмаған. Жер үстіне тоқтаусыз жауған жауын-

дар ыстық жерге түсе салысымен бу болып, қайта аспанға кетіп 

жатқан. Сондықтан ол заманда жер үстінде ылғи қалың қою 

бұлт айықпай тұрған болу керек. Осы күнгі жер үстіндегі барлық 

өзен, көл, теңіздер, ағып жүрген сулар ол заманда ылғи бу болып 

жердің  айналасында  жүрген.  Барлық  ауа  моншаның  ішіндегі 

жылы буға толғандай болу керек және ауа да бұл күнгіден тіпті 

басқа болған. Оның ішінде неше түрлі газдар болған. Осы күнгі 

вулканның кратерінен шыққан судың буында қандайлық газдар 

болса, ондағы ауада да сондай болған.

Жер ауасы өсімдік пен жан иесіне залалды заттардан кейіннен 

тазарған.  Бұлттың  ішінде  болған  су  бір  есептен  жылы  киім 

сияқтанып  жердің  салқындауын  кешеңдеткен.  Бірақ  жерге 

түскен жаңбыр суы аз да болса қызуды әкетіп отырған. Сонымен 

жердің салқындауы қалай да болса, күшейе берген. Салқындауға 

айналған сайын сырты да өзгере бастаған. Мұны оңай ұғу үшін 

мысалға  бір  қыздырған  домалақты  алайық.  Соның  сыртына 

жапсырылған жұқа, қатты қабық болса, аздан соң домалақты 

салқындата бастасақ қарасы кішірейіп, тартыла бастайды. Сонда 

сыртындағы қабық домалақтан айырыла алмайтын болғандықтан 

онымен бірге тартылмаса да бұрынғы қалпында қалмайды. Ол да 

жиырылып, қатпарлана бастайды. Түсі күнге кептірген алманың 

сыртқы түсіндей болып, қуырылып қалады. Алманың іші сем-

генде қабығы да қуырылады. Қуырылатын себебі ол алманың өзі 

сияқты болып кішірейе алмайды. Міні, жердің қабығы да сондай 

болған. Қабық қатая бастаған соң-ақ жиырылып, қатпарланып, 

кей  жерлері  жарыла  бастаған.  Жарылған  жерінен  вулканнан 

шыққан лавадай болып қайтадан еріген ыстық зат шыққан. Ол 

да салқындап қатқан. Сонымен жер қабығы қалыңдап, қатпары 

көбейе берген.

Сол қатпарлар біздің жер үстіндегі алғашқы жасалған таулар 

болатын. Бұл таулар бізге қаншалық үлкен көрінгенмен, барлық 

жердің қарасымен салыстырғанда апельсиннің үстіндегі болма-


249

шы қыртысы, қатпары ғана сияқты болады. Сондықтан таулар 

жердің қатпары ғана болады. Сол себепті таулар қатарланып 

созылады. Сол себепті бір жер биік тау болса, екінші жер аласа 

жазық болады.

Жер суыған сайын қатпары көбейіп, тауының да саны молая 

берген.

Жердің салқындауы әлі тоқталған жоқ. Сондықтан тау жаса-



луы да тоқталған жоқ. Тау жасалуы тоқталмаса, су жердің бетін 

тегістеп жауып кете алмайды.



ҚҰРҒАҚ ПЕН СУДЫҢ АЛЫСУЫ ТУРАЛЫ

Құрғақ пен судың алысуы ертеде басталған. Бұл алысу жер 

үстіне қабық біткеннен бері қарай созылып келеді. Бұрын жаңбыр 

суық су болып кетіп отырса, жер үсті құрғаған соң, өзендер, ағын 

сулар қаптаған. Судан шығып тұрған ешбір арал болмаған. Бұл 

жағасы жоқ, ыстық сулы теңіз болып, үстінде үйіріліп ылғи ақ 

бу жүрген жер суға орын бергісі келмесе де аяғында су жеңіп, 

басып алған.

Су  мезгілімен  қайнап,  азайып  отырса  да,  жаңа  жауатын 

жаңбыр молайтып отырған. Теңіздер тереңдеген. Ол уақыттағы 

аспаннан аққан сел өте күшті болған. Жер жеңілгендей болып, 

судың астында қалған. Барлық дүниеде бұлқынып, қайнап жатқан 

су болған.

Бірақ бұл жердің судан әбден жеңілгені емес еді. Жер күшін 

жиып келіп, сілкініп жиырыла бастаған, бүктетіліп үйірілген 

толқындардың  астынан  көтеріліп  жердің  қатпарлары  шыға 

бастаған. Жаңбыр қаншалық сел болып құйса да оларды жеңе 

алмаған. Теңіз сулары алғашқы тауды сонда көріп, толқындары 

алғашқы жағаға сол уақытында соғыла бастаған, жаңа шыққан 

тасты құлатпақшы, ерітпекші болған, бірақ таулар бұған қарамай 

өсе берген. Саны көбейген. Көп жерлерден суды айдап орын 

алған. Сонымен алғашқы жерлер шыққан. Су жол беріп, саба-

сына түсе бастаған.

ТЕҢІЗ ЖАСАҒАН ІРКІНДІЛЕР, ТАС БОЛЫП ҚАЛҒАН ЖАНУАРЛАР

ӨСІМДІКТЕР ҺӘМ ЖЕР ҚАБЫҒЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ

Құрғақ көтеріліп шыққаннан бері қарай су шайып, жердің 

сыртын аз-аздап өзгерте бастады. Үлкен жерлер шыққан соң, 


250

жауған жаңбырдың суынан өзендер жасалып, сол құрғақта аға 

бастады. Олар ағызуға, ерітуге көнген нәрсенің бәрін ағызды. 

Олардың жұмысы – талмайтын жұмыс, солардың әкелген зат-

тарынан теңіздер екінші тау жынысын жасай бастады. Жаңа 

жыныстар ескілерін басып, үлкейіп жатады. Жаңадан түскен 

жыныстар  ескінің  үстіне  іркіліп  түсіп  отырады.  Сондықтан 

мұның бәрін іркінді деп атайды.

Қазіргі заманда барлық жерді сондай теңіздердің іркінділері 

басқан.  Су  жерді  түгелімен  батырып  жібере  алмаса  да 

іркінділерімен басқан. Бұл іркінділердің қалыңдығы кейде жүз, 

кейде мындай кез де болады. Мұның қалыңдығы бізге баяғыдан 

бері қарай қаншалық көп замандар өткенін білдіреді.

Сол  іркінді  болып  отырып  қалған  жердің  ішінде  кей 

уақыттарда  бұрынғы  заманда  көміліп  қалған  жануарлардың, 

өсімдіктердің таусыншығы табылады. Сол ретпен балықтың, 

бақа,  шаянның,  құстың,  аңдардың  сүйектері  әлденеше  рет 

табылған; бұл таусыншықтар бұрынғы уақытта бор сияқты, из-

весть сияқты қатты заттардың арасына түскендіктен өздері де 

қатайып, тас болып қалған. Сондықтан оларды “тас болғандар” 

деп атайды.

Жоғарыда  айтқандай  теңіз  іркіндісі  осы  күнгі  біз  тұрған 

жерлерді  де  басқан.  Бір  заманда  бұл  жерлерде  су  болған, 

бұлардың  құрғақ  болып  шығуына  талай-талай  заман  керек 

болған. Құрғақтың кейбір жерлері әлденеше рет судан шығып, 

әлденеше рет қайта батқан, жер қабығы толқынданып, қозғалып 

тұрған,  ол  қозғалуы  осы  күнге  шейін  де  басылған  жоқ.  Кей 

жері ақырын көтеріліп, жоғарылап, кей жері ақырын төмендеп 

келеді, бұл қалыпты болса неше мың жылдар өткенде осы күнгі 

біз тұрған жер суға айналып, теңіздердің түбінен жаңа жерлер 

шығуға мүмкін. Тауды жарған жер ішіндегі күш жердің барлық 

қабығын да қозғайды. Бірақ ол қозғалыс өте жай болғандықтан, 

білгіштер талай жылдар зерттеумен ғана зорға білген.

Сол зерттеумен қазірде бізге мағлұм болып отырған нәрсе: 

Россияның барлық солтүстігі көтеріліп келеді. Кей жерлерінде 

жүз жылдар шамасында жеті вершоктай көтерілгені бар

14

. Бірақ 


көп жерінде бұдан да жай көтеріледі.

251

ЖЕРДІҢ ТАУ ЖАСАЙТЫН ҚЫРТЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

Теңіз іркіндісі биік таулардан да табылғаны бар. Бұдан тау-

лар да бұрын теңіздің түбі болып, артынан көтеріліп, тау болып 

шыққаны  білінеді.  Қазіргі  таулардың  көбі  сол  іркінділердің 

қатпарлануынан  жасалған.  Таулардың  бәрінің  де  іші  қыртыс 

болады. Бұлардың кейбірінің түсі бөлек, кейбірінің өзгелерінен 

заты бөлек болады. Қыртыстардың түрі бірінің үстіне бірін са-

лып, екіншісі жанынан қысып тұрған әр түсті қағаздарға ұқсайды. 

Солардың затына қарап, тас болғандарына қарап әрқайсысының 

әр заманда, әртүрлі себеппен жасалғанын білуге болады.

Мәселен:  кейбір  қыртыста  тас  боп  қалған  су  хайуандары 

кездессе, екіншісінде тас болған құрғақтың хайуандары табы-

лады, соның үстінде үшінші қыртыстан тағы да су хайуандары 

шығады. Мұның алғашқысы қазіргі құрғақ су түбінде болғанда 

жасалған, екінші құрғақ судан көтеріліп шыққанда жасалған, 

үшіншісі қайта батқан кезде жасалған.

Бұл қыртыстар кейбір құлап жар болған жерлерден қарағанда 

сұлу болып көрінеді.

Петроградтың маңайында Юпофка деген кішкене өзеннің екі 

жағы терең жар болып, теңіз іркіндісінен жасалған қыртыстарды 

жарып ағады. Сол өзеннің ең төменгі жиегінде көк балшықтан 

қалын қыртыс көрінеді. Одан жоғары жасыл құмайт, одан кейін 

топырақпен араласқан құм, одан жоғары қап-қара болып жатқан 

“жанатын сланең” қыртысы

15

. Олардың әр жағы тағы сондай сор, 



жасыл сары қыртыстар.

Тауда қатпар қаншалық көп болса, қыртыстардың толқыны 

да сондай көп. Таудың сұлулығы да арта береді. Альпі, Кавказ 

сияқты үлкен тауларда

16

 кейде екі қыртыстың бойына бірі қарсы 



келіп, тіресіп тұрғанын көреміз. Бұндайда олар бірінің үстіне 

бірі шығып кетеді. Кейбір қыртыс майыса алмайтын заттардан 

жасалған болса, жарылып тайып кетеді, ол уақытта қатпар мен 

қыртыстар былығып араласып кетеді.

Бұлардың былығып араласып жатқан түріне қарап, осының 

бәрін қозғап, шайқап, араластырып жүрген күштің қаншалық ірі 

күш екендігіне таң қаласың.


252

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ ЖЕР ІШІНДЕ ТАС КӨМІР БОЛЫП 

КЕТЕТІНІ ТУРАЛЫ

Жануар  мен  өсімдіктің  таусыншығы  жердің  барлық 

қыртысында, барлық іркіндінің бәрінде бірдей қала бере алмай-

ды. Мәселен: ұсақ құмның ішінен ондай нәрселер табылған емес. 

Ол құмның ішіндегі нәрсенің бәрі ашық ауада жатқандай болып 

бұзылады. Себебі оған су да, ауа да оңай кіреді.

Үлкен жануарлар, өсімдіктер шіріп, суға ағып, таусылады, 

із  қалмайды.  Егер  іркінді  зат  тығыз  болса,  таусыншықтары 

аман  қалады.  Сондықтан  известен  жасалған  іркінділерде 

таусыншықтары көп табылады. Кей уақытта известің барлық 

қыртысы толған тас болып қалған жануарлардың таусыншығы 

болып шығады.

Жануарлардың сүйектері бір жерге жиылғандай, өсімдіктердің 

де су астында қатты заттары бір араға жиылады. Солардан талай 

замандар өткенде тасқа ұқсаған ауыр, тығыз тас көмір жасалып 

шығады. Тас көмірмен үлкен қалаларда пеш жылытады. Үлкен 

завод, фабриктарда, пароход, шойын жолдардағы бу шығаратын 

қазандар астына сол көмірді жағады. Ол көмірден жанатын газ 

да, тағы басқа нәрселер де жасайды.

Қай жерде тас көмір көп табылса, сол жер бай деп аталады. 

Себебі  тас  көмір  адам  баласына  жылу  береді,  жарық  береді, 

барлық  завод-фабриктарына  арзан  күш  береді.  Мәдениетті 

Европаның ешбір патшалығы тас көмірсіз күн көре алмайды.

Жыл сайын неше миллион пұтын жағып жатса да тас көмірдің 

кені әзірше мол, аз заманға таусылатын емес, жер баяғы ескі за-

мандарда үстінде өскен өсімдіктің бәрін бізге көмір қылып сақтап 

қойған сияқты. Сол ретпен тас көмірдің жер ішінде жасалып 

жатуы осы күнде де тоқталған жоқ.

Тоғай ішімен ағатын өзеннің бәрі де теңізге тоғай ішінен көп 

қоқым алып келеді. Су жағаға шығып жайылады. Содан соң 

су үстінде қалқып жүруге жарайтын нәрсенің бәрі ағып жүре 

береді. Құлап қалған бұтақтар, кейде тамырымен құлаған биік 

ағаштар да өзеннің ағысымен кете барады. Кейде сондайлық 

қоқымдардың өзінен жасалатын аралдар да болды. Саяз жер-

лерде қоқым тоқтайды. Үстін мүк басады. Шөп шығады. Со-

нымен  нағыз  жасыл  аралға  ұқсайды.  Бірақ  бұларды  да  ағын 

су бір күні ағызып әкетеді де теңізге алып шығады. Сібірдегі 


253

үлкен өзендердің бәрінің де теңізге құятын мойнында сондай 

қоқымдардан жасалған аралдар көп болады. Аяғында су сіңіп 

кіріккен ағаш ауырлап, түбіне батады. Бір ағаштың үстіне бір 

ағаш түседі. Жылдар өткенде судың түбінде толып жатқан ағаш, 

бұтақтар болады. Бұлардың жартысы шіриді, жартысы бұрынғы 

түрін сақтап қалады.

Міне, осындай затпен неше жүз жыл жиылған ағаштардың 

үстінде бір уақыттарда іркінді топырақ түсіп, молайып, басып 

алса, ағаштар аз-аздап өзгереді. Суменен кеуек болып қалған 

ағаштар ауыр топырақ басқан соң, жаншылып, қысылып, біріне 

бірі жабысып қалады. Ағаштың өзі ауасыз жерде қыздырғандай 

болып, жанбастан көмір болып қалады. Тас көмір бара-бара сол 

көмірден жасалып қалады.



АҒАШТЫҢ АУАСЫЗ ЖЕРДЕ ЖАНУЫ ЖӘНЕ КӨЛ*  

ГАЗЫНЫҢ ЖАЙЫ ТУРАЛЫ

Ауада  қыздырғанда  ағаш  жанады.  Бұған  ауаның  кейбір 

бөлімдері қосылып, бірге жанып кетеді. Ал ағашты ауасыз жер-

ден қыздырса, оның барлығы жанбайды, бірақ көмір болады. 

Бұлайша жанғанда ағаштан көмір де, басқа тағы сұйық заттар 

да, газдар да шығады. Газ деп ауаға ұқсаған нәрселерді айтады. 

Газдар көп, бұлардың түсі бір-біріне ұқсаса да, бәрінің бөлек-

бөлек сипаты бар.

Мәселен, көмір ауада жанғанда сол екеуінің қосылғанынан 

қышқыл көмір деген газ шығады.

Бұның исі де, дәмі де жоқ болса да денсаулыққа өте залал-

ды болады. Жұмыртқа шірігенде сасық газ шығады, оның аты 

“күкірт су туым”. Көшедегі фонарьларда жарқырауық газ жа-

нады. Ол да бір-ақ газ емес, әлденеше газдан құралған болады.

Мінеки,  осымен  ағаш  та  шала  жанғанда,  ауасыз  жерде 

жанғанда осындай араласқан газ шығады. Сондай араласқаннан 

шығатын газдардың ішінде ең қызығы көлдің түбіндегі шіріп 

жатқан өсімдіктерден шығатын газ. Оны “көлдің газы” дейді.

Жаздың аяқ шенінде түбі салынды мүк болып қалған көлге 

бір ұзын ағашты тығып көрсеңіз судың бетіне шаңбырақ атып 

газдар шыға бастайды.

* Көл – Ғаріп Досмұхамедовтың табиғат тануында батпақ газы дейді.



254

Рас, бұл “көл газының” таза өзі емес, оның ішінде араласқан 

қышқыл көмір де және сасық иісті “күкірт су туым” да болады. 

Бірақ шаңбырақтардың ішінде ең көп газ “көл газы” болады. “Көл 

газының” таза өзі болса ауада жарық болып, үлкен жалынмен 

жанады. Егер бұран ауаны араластырып жақса, онда тарсылдап 

атылып кетеді.

Тас  көмірдің  бәрінің  ішінде  сынған  жарығы  болады.  Сол 

жарықтарда бұрын өсімдіктер көмірге айналған кезде шыққан 

газдар  тұрады.  Тас  көмірдің  ошақтарында  көмір  құлатып 

жүргенде сол көл газы кеп жиылып қалады. Көмір ішінен бұл 

газ шыққан соң ауамен араласады.

Бұл  екеуінің  араласқан  жерінде  от  жағу  қауіпті  болады. 

Ауамен араласқан газ барлық ошақтарға толып тұрғандықтан 

атылып кетуге мүмкін. Осы ретпен талай күйінішті уақиғалар 

болған. Кейде сол атылудың күшінен жер сілкініп, ошақтардың 

төбесі құлап, ішінде жұмыс қылып жүрген көміршілерді талай 

басып қалған.



ТОРФ (ШЫМТЕЗЕК) ТУРАЛЫ

Тас көмірдің бәрі бірдей ағаштан жасалған жоқ. Кей жерлерде 

шөп нәсілді өсімдіктерден жасалғаны да бар.

Дымы көп солтүстікте, онан соң Петроградтың маңайында 

тоғай ішінің көлі деген көп көлдер бар. Бұлар тасты қыртыс көп 

болғандықтан жерге сіңе алмай қалған сулардан жасалған. Сол 

көлдерді жылдан жылға қалың болып басатын мүк болады. Осы 

мүктен тас көмірлер жасалып жатады. Көңілге бұл сыйымсыз 

сөз сияқтанса да сол жұмсақ былқылдақ мүктен қатты тас көмір 

жасалады.

Тоғай көлдерінің бәрінің де жағасы қалың мүк болады. Ол 

көл суының жағасына ұстаған көкжиектей болып, ашық күнде 

тынық көлді жасыл шілтерге оралған айнадай қылып көркейіп 

тұрады. Сол көкжиек ылғи өсіп, кеңейіп отырады.

Аздан соң жағадан шығып, судың бетінде біріне-бірі жабы-

сып, өсе беретін болады. Бара-бара барлық көлдің бетін мүк 

қаптап алады.

Бірақ бұның астында су болады. Мүктің батпайтын себебі 

оның  бүрі  тұтасқан,  бірақ  киіздей  болып  жабылады.  Және 

шеттерінің бәрі де жағада тұрады.



255

Егер сол шеттерін үзіп жіберсе, мүк тұтасымен суға батар еді.

Жылдан жыл өткен сайын сол мүк суды жеңе бастайды. Жыл 

сайын мүктің үстіңгі жағы өсіп, қалыңдай береді. Аяғында әбден 

молайғанда судың түбіне жететін болады. Көлді жеңіп алады. 

Бұдан мүк көлдері шығады. Бұрынғы уақытта солардың бәрі 

көл болған, осы уақытта мүк болып отыр. Көлдің бұрынғы суы 

мүктің ішінде болады.

Әуелгі көзге байқалмаса да оның мүктің тарауларының ішінде 

жүргені білінеді. Мүкті ұстап алып қысса, су ағады.

Мүк суды өз ішіне сорып алады. Сондықтан жаңбыр жауғанда 

мүктер ісініп, қабара бастайды. Кейде мүк көлдері шарасынан 

асып тасығандай болып жататыны осыдан.

Тоғай көлі мүкті көл болған соң, мүк төмен қарай қалыңдай 

бере алмайды. Себебі мүктің астыңғы жағы судың түбіне барып 

тіреледі. Үсті жылдан жылға жасарып өседі. Астындағы мүк шіри 

бастайды. Үстіндегілердің салмағынан жаншылады. Сонымен 

бара-бара тығызданып, қатайып торф яки шымтезек деген бір 

қыртыс жасайды.

Сондықтан ескі мүкті көлдерді торфты яки шымтезекті көл 

дейді.

Көл  қаншалық  ескі  болса,  шымтезек  қыртысы  соншалық 



қалын болады.

Кейде бұл қыртыс төрт-бес саржан да болады. Ескі заманда 

кеуіп қалған көлдерден торфты үлкен қылып ойып алып, соны 

кептірген  соң  пешке  отын  қылып  жағады,  оның  қызуы  мол 

болады.

Петерборға  сол  торфты  Финляндиядан  әкеледі.  Онда 



торф көлдері көп, шойын жолдың бойында талайы кездеседі. 

Вагондардың терезесінен қарағанда кейбір саяздау шұңқырларда 

торфты қазып алып жатқан қара шекпендерді көресің.

Сондай шұңқырлардың жанында торфтың қара яки күрең 

түсті кесектері көрінеді. Бұлардың жанында кішкене үй, торф 

кептіретін сарай және жақындағы бекетке баратын кішкене жол 

болады.

Бұл торф табушылардың мекені. Солардың жолы. 



Торфтың тағы бір пайдасы – оның ішінде нәрсе шірімейді. 

Торф күлінің ішіне ағаш түссе де, жануар түссе де неше жүз 

жылдар, не мың жылдар өтсе де соны шірітпей сақтай алады.


256

Өте ерте заманда жасалған торф көлдері бар. Соның ішінен 

әлгідей  ескіліктің  белгілері  табылған.  Сол  белгілерге  қарап 

бұрын бұл жерде қандай ағаш өскен, қандай аңдар жүрген, қандай 

құстар ұялаған – соның бәрін де білуге болады.

Бір торф көлінің ішінен баяғы заманның бір соғыс кісісін 

атымен, барлық қаруымен тауып алған. Бұлардың еттері ағып 

кетіпті,  бірақ  сүйектері,  қарулары  неше  жүз  жылдар  өтсе  де 

бұзылмаған. Бұл бақытсыз адам көлден атымен жалдатып өтемін 

дегенде батып өлген жан болса керек. Ауыр сауыт, ауыр қалқан 

көлден шығуына бөгет болғанға ұсайды.

Басқа  бір  жерде  торфты  қазып,  бір  саржандай  тереңдікке 

жеткенде ескі Римнің бір көпірін тапқан. Бұл көпір көл үстінен 

салған жол болса керек. Жолдың ізі де қалған жоқ.

Көпір  әбден  тозып,  көлдің  ішіне  құлап  қалса  да  біздің 

заманымызға шейін жоғалып бітпей, аман келген.




1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал