Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ЖЕРДІҢ ЖАРАТЫЛЫСЫ ЖАЙЫНДАҒЫ ӘҢГІМЕЛЕР



жүктеу 3.79 Mb.
Pdf просмотр
бет14/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32

ЖЕРДІҢ ЖАРАТЫЛЫСЫ ЖАЙЫНДАҒЫ ӘҢГІМЕЛЕР

ТАУЛАРДЫҢ ӨЗГЕРУІ ТУРАЛЫ

Бір  жылы  Солтүстік  Кавказдағы  бір  немістің  отарына  та-

ман кешке жақын жақындап келе жаттым. Жеккен аттарымыз 

болдырып  қалып  еді.  Арт  жағымыз  талай  шақырым  жерге 

созылып  жатқан  дала  еді.  Біздің  арбамыз  жүріп  келе  жатқан 

почтаның шаңды жолы ен далада ұзын сұр жыландай болып 

айырылып жатты. Жол біздің артымызда әлдеқайдағы алысқа 

созылып, көкжиекке жеткендей еді. Алдымызда отардың кішкене 

үйлерінің  көз-көз  болған  қызыл  шатырлары  көріне  бастады. 

Оның  ар  жағында  иректеліп  созылған  асқар  таулар  көрініп 

тұрды. Бірінен бірінің басы асып қарлы биіктер ақ бұлттар көк 

жібектің үстіне асылып тұрған сияқтанды. Мен алыста тұрған 

көк  тауларға  қарағанда,  жарқыраған  сиқырлы  биіктері  өзіне 

көңілімді тартқандай болды.

Менің оң жағымда күн төмендеп, қып-қызыл дөңгелек болып, 

жазық далаға батып бара жатты. Арба мен аттан түскен ұзын 

көлеңке бізбен бірге жүгіріп отырды. Көлеңке ұзарып, кештің 

қоңырқай түсіне араласып, бір-бірлеп жоғалып жатты.

Аздан соң күннің көрініп тұрған жалғыз шеті де жоғалып, 

қалың таулардың қарлы басы алтынды қызғылт түспен бояла 

бастады. Жалпақ дала кеш қараңғылығының күңгірт құшағына 

кірген  уақтында,  күннің  ақырғы  шұғыласы  таудың  ағарған 

басында көрікті түспен ойнап, бәсеңдеп ұшып бара жатыр еді.

Отарға жақындап келгенде менің көңіліме көрікті суреті мол 

тау мен артта қалған мұңлы ұзақ даланың арасындағы үлкен 

айырмасы байқалғандай болды.

Ертеңінде жатқан үйімнің терезесінен асқар таудың ұлы шын-

жырын тағы көрдім. Бірақ бұл кеше кештегі көрген тау сияқты 

емес. Қазірде таудың жотасы жарық күннің сәулесімен жарқырап, 

(Ю. Вагнер)


234

көкшіл-сұрғылт аспанда айқын көрініп тұрды. Таудың ақ жотасы-

нан төмен сұрланып жартасты таулар көрінді. Одан төмен қалың 

тоғай басқан қарауытқан беті көрінді. Әрине, таудың өзі өзгерген 

жоқ еді. Өзгерген оған түсіп тұрған жарық пен содан көрінген 

суреттер ғана еді. Суреті кешегіден қазірде тіпті басқа сияқтанып 

тұрды. Таулар да өз суретін теңізше өзгертеді. Бұл өзгеру оның 

көркін, түсін көбейтеді. Бірақ бұдан басқа жай өзгерсе де таудың 

өзі өзгеретіні де бар. Табиғатта өзгермей қалатын ешнәрсе жоқ.

Тауды  өзгертуге  алдымен  еңбек  қылатын  оның  бетінде 

ағып  жатқан  сулар.  Су  оны  езеді.  Бетіндегі  құм,  топырақты 

ағызады. Сол ағызған нәрселерімен таудың ішіндегі алаптарды 

толтырады. Сумен бірге тауды өзгертетін – ауа. Бұл әсте су мен 

ауаның ынтымағы күшті. Біріне бірі үлкен көмектес. Ауа судың 

жалықпайтын серігі, жәрдемшісі.

Судың әлі жетпейтін Жерде ол ылғи өз көмегін дайын қылып 

тұрады. Мәселен, су жолында кездескен үлкен тас болса, оған 

судың әлі келмеген уақытта дымқыл ауа ол тасты жұмсатады. Тас 

жарылады. Оның жарығына содан кейін барып су кіреді. Суықта 

сол су қатады да әлгі жарықты ұлғайтады. Бөтелке толған суды 

аузын мықтап бекітіп, суыққа шығарсақ, су қатуға айналғанда 

бөтелкені сындырады. Сол сияқты су қатуға айналғанда су қатты 

тасты да сындырады. Осылайша таудағы қыңыр жартас су мен 

ауаның күшінен жеңіле бастайды.

Жартас  бір  заманда  қаншалық  майыспайтын  мықты 

сияқтанып тұрса да, уақыты келгенде құлап талқан болып, ор-

нында үйілген ұсақ тас кен қалады

1

. Бір заманда ол ұсақ тасы 



да жоғалады. Ол ұсатылып-ұсатылып барып қиыршық болады. 

Оны су қағып ағызып әкетеді.

Рас, бұл өзгеріс өте жай болады. Бірақ су мен ауа тынықпайды. 

Олар өз ісін демалыссыз, мезгілсіз істейді. Тауды күйретеді. Жер 

жүзін тегістейді. Егерде олардың қызметіне басқа бөгет болмаса, 

барлық құрғақты бара-бара дастарқанның үстіндей тегіс қылып 

шығар еді.

ШАШЫРАНДЫ  ТАСТАР

Сумен таудың бәрі оңай бөліне бермейді. Таста: жар, қабат, 

тесік  көп  болса,  жаңбыр  суы  кіретін  жол  болса,  тас  ауаның 

әсерінен тез өзгеретін болса – тау сол уақытта оңай бұзылады. 



235

Ондай таулардың беттері толған я ұсақ, я кесек тастар болады. 

Бұл тастар сумен жұмырланбаған, үштері үшкір болады. Ондай 

жерді шашыранды тастар, я қорым дейді.

Мен сондай шашыранды тастарды көп көрдім. Тау басына 

шыққанда солардың үстімен де шыққан жерлерім болды. Кей 

жерде бұл тастар өте ұсақ қиыршық тас болып, ілгері басқан 

аяқты кейін тайғызып, сырғанатып отырады. Егер таудың беті тік 

болса, бір жерден домалаған тас басқа тастарды ертіп, секіріп, 

қарғып, жайдақ жерге жеткенше домалайды. Кей уақытта ша-

шыранды тастар үлкен де болады. Ондайлардың сұлу болып 

кездесетіні де бар. Бізде, Қырымның оңтүстік жағында сондай 

тастар көп. Ішіндегі ең сұлуы “хаус” –  шашыранды тас. Бұл 

теңіз жақ күнгейде Аюдақ тауының жанында

2

.

Қырым тауларының биіктері теңізге тіп-тік биік жартас бо-



лып, асылып тұрады. Оңтүстік жағадағы жолмен келе жатқанда 

күн жарығымен шағылысып тұрған, кейде қызыл, кейде сұр түсті 

тас қабырғалардың көркіне көз қуанғандай болады. Бір жақта 

биік аспанға созылып кеткен сұлу жартас, екінші жақта теңізге 

қарай созылған егіс. Бұның бәрі толған бау, бақша, жемістер. 

Осы жерлерге су құлатқан тастар домалап анда-санда келіп жа-

тады. Кей уақытта бұл тастардан тас өзен құралғандай болып, 

жартастан теңізге шейін созылып жатады. Кейбір үлкен тастар 

теңіздің ішіне де түсіп, түбіне кетіп жатады.

Осы  күнгі  Петроградта  көшеге  жайған  тастардың  бәрі  де 

бұрынғы “Фин” тауларының бөлімдері еді

3

. Табиғаттың өзі жар-



тастарды сындырып, ұсатып, солардан көшеге жаятын жұмыр 

тастарды  жасап  шығарды.  Фин  жартастары  әншейін  тастан, 

яки (тау жынысы) граниттен құралған болатын. Петроградтағы 

Айса  шіркеуінің  басқыштары

4

,  биік  дуалдары  сол  граниттен 



жасалған.  Нева  өзенінің  жағасына  қалаған  тастар,  бұрынғы 

крепост (қорғандар) және байтақтың көп үйлерінің іргелері де 

сол граниттен жасалған. Сол керектерге жаратқан тастар мықты 

болса керек еді, шынында, ондағы қызыл гранит мықты тас. Бірақ 

сол да ауаның әсерінен аз-аздап өзгереді.

Бұдан  басқа  граниттің  өзге  түрлері  де  бар.  Олар  ауаның 

әсерінен тез өзгереді. Граниттің сондай бір тұқымын финдер 

“Раффакиби”  дейді,  біздіңше  шірік  тас  деген  сөз.  Олар  үй 



236

салудың керегіне жарамайды. Себебі ауаның салдарынан тез 

өзгеріп, жұмсарып, ұсатылып кетеді.

Әрине, сырт жағы жел қақты болған тасты жұрттың бәрі де 

көрген шығар. Сол тастардың сыртында жұмсақ қабыршақ бо-

лады. Бір нәрсені тигізсе тез үгіледі. Тастың қатты, мықты заты 

сол қабыршақтың астында болады.

ТАУ  ЖЫНЫСЫ  МИНЕРАЛДАН  ЖАСАЛҒАНЫ  ТУРАЛЫ.  СУ МЕН 

АУАНЫҢ  БІР  ТАУ  ЖЫНЫСЫНАН  ЕКІНШІ  ТАУ  ЖЫНЫСЫН 

ЖАСАЙТЫНЫ  ТУРАЛЫ

Жұмыр тастың бірін алып, сындырып, ішіне қарайық. Ал-

дымен көрінетін нәрсе: қолымыздағы үлкен тас кішкене ұсақ 

тастардан, ұсақ ұрықтардан құралғаны білінеді. Ол ұсақ ұрықтың 

да  бәрі  бірдей  емес.  Сіздің  қолыңызға  қызыл  гранит  түскен 

болса, соның ішіндегі қызыл қиыршықтармен аралас жүрген 

жылтырауық сұрғылт тас та, өте ұсақ жарқыраған қара тастың  да 

қиыршығы, ұрығы көрінеді, сол әрбір ұрықтың бәрі де өз бетінде 

жеке минерал. Қолындағы үлкен тас яки тау жынысы сондайлық 

бір жерге құралған әртүрлі минералдан жасалған.

Граниттің ішіндегі қызыл минерал, сахара шпаты, жылтырауық 

сұрғылт  ұрық,  хрустигі,  ал  ұсақ  қара  ұрық  слюданікі  болып 

шығады

5

. Сахара шпаты граниттің түсі де соның түсіне қарай 



болады. Егер ол қызыл болса, гранит те қызыл, ол ақ болса, 

гранит сұрғылт болады. Осы сияқты сахара шпаты басқа көп тау 

жынысының да ішінде болады. Тау жынысы бұзылғанда алдымен 

сол сахара шпаты бұзылып өзгереді. Одан өзіне ұқсамайтын екі 

түрлі зат шығады. Біреуі – су ішінде тұз секілді болып іріп кететін 

зат, екіншісі суда ерімейді. Бірақ ұсақталып, үгіліп кетеді. Судың 

екпінді ағыны болса, бірге ағып кетеді. Жер үстіндегі су да, аспан-

нан жауатын жаңбыр да соны жуып-шаюдың әрекетінде болады.

“Тамшы тас теседі” деген мақалды естіген шығарсыздар. Бір 

тамшының артынан бір тамшы биік жерден дамылсыз бір жерге 

тамып тұрса, астында қандай қатты тас болса да ояды. Терең 

шұңқыр жасайды. Рас, тасты тесу, ою үшін ондай тамшының көп 

тамуына керек. Жеке бір тамшының қызметінің бізге білінбейтіні 

рас, ондай ойылған тастарды кейде ескі үйлердің шатырларының 

астынан көруге де болады. Оларға талай жылдар тамшы тамған 

болады. Сол тамшылар граниттің ішінен барлық сахара шпа-



237

тын жуып, айдап шыққан болады. Бірақ егерде сахара шпаты 

жоғалған  болса,  барлық  тау  жынысы  да,  гранит  та  бөлінеді, 

слюда, хрустик бөлімдері тау жынысында тоқтамайды. Соның 

артынан тау жынысы да бітеді.

Бұл өзгеріс өте жай болады. Көпке созылады. Байқалмайды. 

Аз-аздап сахара шпаты жоғалады. Біртіндеп кварц, слюданың 

ұрықтары жоғалады

6

. Бірақ табиғат уақытты білмейді. Граниттен 



жасалған бір жартастың бүлініп күйреуіне бұрын мың ғасырлар 

өтер, бірақ өйткенмен сол жартас бүлінеді. Су сахара шпатын 

әкеткендей  слюданың  қиыршықтарын  да  әкетеді.  Кварцтың 

ұрықтарын да әкетеді. Жаңбырдың тамшыларынан бұлақтар, 

өзендер  құралады.  Сол  өзендер  граниттен  жаңбыр  тамшысы 

айырған бұйымдарды алып кетпек.

Және сол тастан жасалған лайды өзен суы қайда апарады? 

Мұны білу үшін қатты жаңбырдың артынан су шайып кеткен 

жылғаны қараңыз. Оның түбін ұсақ таза құм басқанын көресіз. 

Сонын  бетін  шұқысаңыз  астынан  кесегірегін  табасыз.  Су 

жылғадан аққанда құмның ұсағын да, кесегін де бірге ағызған. 

Жаңбыр саябырлағанда су ақырын ағады. Сол уақытта кесек 

құмдар отырып қалады. Жаңбыр біржола тоқтағанда ұсақ құмдар 

отырады.


Бұлақ  кішкене  өзеннен  қаттырақ  ағады.  Кішкене  өзен 

ірі  өзеннен  қаттырақ  ағады.  Кішкене  өзендерден  үлкендері 

құралады.  Су  жай  аққан  сайын  ұсақ  лай  түбіне  отырады. 

Сондықтан ағыны қатты өзеннің түбінде ірі құм болады да, ағыны 

жай суда ұсақ құм болады. Сонымен өзен суының басқа жерден 

ағызып  шыққан  нәрселері  түбіне  отырады.  Сол  өзен  ағызып 

келген құм топырақтарды іркінді құм деп атайды.

Жазғытұрым,  болмаса  күзді  күні  қар  тез  ерігенде  яки 

жаңбыр жиі жауғанда әрбір өзенге көп бұлақтар келіп құяды. 

Олар маңайдағы дала мен тоғайдан жуып ағызып кетуге болған 

нәрсенің бәрін алып кетеді. Өзен сол нәрселерден лайланады.

Бірақ белгілі уақыт өткен соң өзен суы қайтадан тынық бо-

лады. Барлық лайды өзен аяғына таман ағызып барып, іркінді 

қылып тастап кетеді.

Өзгеден бұрын өзен кварцтің кесектерін тастайды. Жай құм 

сол кварцтің қиыршықтарынан құралады. Әрбір қиыршық бұрын 

тау жынысының бірінің ішінде болса, артынан ол тау жынысы 

үгіліп ағып кеткен соң, қиыршық содан түсіп, сумен ағып кеткен. 



238

Қиыршықтанған  соң,  су  слюданың  бөлімін  тастайды.  Бұның 

бәрінен алысқа әкететін сахара шпатынан жасалған лай болады. 

Ол лай кәдімгі өзімізге белгілі топырақ. Ол өте ұсақ, өте жеңіл 

болғандықтан нағыз тынық, ағынсыз суда ғана жерге отырады. 

Ондай жерлер теңізде, көлдерде ғана болады.

Сонымен бүлініп қираған граниттен жаңадан үш түрлі тау 

жынысы  шығады:  кварц,  слюда  және  топырақ.  Ауа  гранитті 

жеке-жеке минералға бөлді. Ал су осылардан тау жынысының 

екінші ұсақ бір түрін жасап шығарды.



ЖЕР ІШІНДЕГІ ҚЫЗУ ЖӘНЕ ЫСТЫҚ СУЛЫ  

КӨЗДЕР ЖАЙЫНАН

Дүние  жүзінің  бәрінде  де  ескі  тау  жынысы  бұзылып,  со-

лардан жаңа жыныстар жасалып отырады. Ауа мен су барлық 

жерде өз қожалығын жүргізіп, бұрынғы ағызып келген құм мен 

топырақтың қарасын молайтып үлкейте береді.

Су жер үстін тегістемекші болады. Бар тауды жуып, шайып 

кетуге шамасы келмейді. Қайта кейде судың өзі әкелген іркінді 

құмынан жер тағы да тау жасайды. Бір жерде су тауды ерітіп, 

шайып,  бұзып  жатса,  екінші  жерде  жаңа  тау  жасалып  жата-

ды. Бірақ ескі таулар да су әрекетінен біржолата талқандалып 

қалмайды: кейбір таулардың көтерілетіні болады. Сонда бұрынғы 

жел мен ауа бұзған тау жынысының орнына екінші тау жынысы 

шығады.

Осымен жер суменен ылғи алысуда болады.



Бұл алысу жер ішіндегі тауды көтеретін, жаңа тау жынысын 

жасайтын күшті қуат жоғалып біткенше тоқтамайды.

Жер ішіндегі сол қуат немене?

Ол қуат жердің ішіндегі ыстығы. Жердің үсті суып, қызып 

жылынса,  күн  қызуымен  ғана  жылынады.  Бірақ  жердің  іші 

бұндай емес. Ішінде адам баласы көріп білмеген үлкен қызу бар.

Сондықтан жердің ішіне тереңдеп барған су қызады. Қызуы 

өте  көбейгенде  су  қайнайды.  Аяғында  бу  болады.  Осындай 

сулардан жерден атқып шығып жататын ыстық көзді бұлақтар 

жасалады.  Егер  сол  көздердің  суы  ылғи  шықпай,  анда-санда 



239

мезгілімен шығып тұратын су болса, ондайды “Арасан” дейді. 

Арасанның сулары жердің ішінде қайнаған болады.

Егер бөтелкені суық суға толтырып қайнатсаңыз, аздан соң 

су  көбейген  сияқтанып  асып  төгіле  бастайды.  Бұдан  ыстық 

судың суық судан көп орын алатыны білінеді, су ысытса, ауда-

ны үлкейіп кеңейеді дейді. Міне, осы себептен жерге сіңген су 

да ыстықтан қайнаған соң кеңейіп, таси бастайды. Қызу болса, 

судан да тез кеңейетін бұйым бар. Ол – бу мен газ. Бірақ жер 

ішінде бұның бәріне сыя беретін орын жоқ. Су әуелде жер ішіне 

жарық-жарықпен келсе, қазірде ол жолмен қайта шыға алмайды. 

Себебі онда су бар. Басқа шығатын жол тағы жоқ. Содан кейін  

жылыған бу яки қатты қайнаған су жерді түртіп қатты итере бас-

тайды. Су мен будың қайнауы күшті болған сайын итеретін күші 

де мықты болады. Ақырында сондаймен жиылған күш әбден 

ұлғайып жеткенде ешнәрсе қарсы тұра алмайтын болады. Жерді 

жарып, үстіндегі, жарықтардағы барлық суларды ытқытып айдап 

шығады. Су жер үстінде фонтаннан шыққандай болып шапшып 

тұрады. Арасан суының шығысы осындай болады.

ЕРІГЕН ТАУ ЖЫНЫСЫНЫҢ ҚҰСУЫ  

ЖӘНЕ ВУЛКАНДАР ХАҚЫНДА

Егер суды аузы тығындаулы бөтелкеде қайнатсаңыз, аздан соң 

судан шыққан бу бөтелкені сындырып кетеді. Ешбір ыдыс будың 

қуатына шыдай алмайды. Ыдыс қаншалық мықты болып қалың 

болса, будың да қайнаған сайын қосылатын күші мол болады. 

Аяғында бу әбден күшейіп келіп, сол ыдысты да сындырады. 

Жарылған даусы да қатты болады. Сондай жарылу судың буы 

шығатын жол таба алмағанда жерде де болады.

Жарылудың  алдында  жер  астынан  күн  күркірегендей  бо-

лып  дүңкілдеген  дыбыс  естіледі.  Кейде  жер  дірілдейді.  Жер 

астындағы  дүңкіл  қатайып,  жиілене  бастайды.  Ақырында  бу 

өзіне жол табады. Жер үсті жарылып, судан қайнаған бу ысқырып 

атқып шығады. Бұл бу жолында кездескен нәрсенің бәрін де 

алып кетеді. Егер жердің жарығы берік болса, бу жер ішіндегі 

еріп балқыған тау жынысын да ала шығады. Тау жынысының 

жер ішінде түрі қандай екені бізге мәлім емес. Бірақ жер үстіне 

бұлар тас сияқтанып шықпайды, еріп балқыған, сұйық от болып 

шығады. Оны лава дейді

7

.


240

Әрбір  қатты  нәрсе  орташа  қызуға  ерімейтін  болса,  қатты 

күйдірумен ерітуге болады, сұйық су сияқты қылуға болады. Ал 

сұйық бұйымның бәрін де бу қылуға болады.

Бір түйір темірді қыздырса әуелі қызарады. Содан қызуды 

күшейткен сайын ағара бастайды. Жанғандай болып жарқырайды. 

Қызу тіпті күшейгенде көз қарай алмайтындай аппақ болады. 

Соның артынан темір ериді. Жарқыраған салмақты бір сұйық 

бұйым болады. Қызуды соның үстіне тағы күшейтіп тоқтатпай 

ұстай берсек, сұйық бұйым қайнайды. Одан темір буы деген бу 

шығады.

Темірді  еріткендей  тасты  да  ерітуге  болады.  Жер  ішінде 



барлық заттар сол еріген күйде болуға мүмкін. Себебі жер ішінің 

қызуы тау жынысының қайсысын болса да ерітуге жарайды. 

Және сол тау жыныстары жер ішінен бу айдап шықса, жер үстінде 

олар от өзен болып ағады.

Сонымен  су  шайған  тау  жынысының  орнына  жер  ішінен 

екіншісі шығады. Осы күнгі тауларды жасап тұрған жыныстардың 

бірталайы бұрынғы кездерде әлгідей болып жер астынан шыққан.

Олар жердің құсығы сияқтанып шыққан, сондықтан құсық 

жынысы деп аталынады.

Жер астынан шығып келе жатқан бу кейде құсық жынысының 

түйірлерін аспанға ытқытады. Түнде жарқырап аспанға ұшып 

бара жатқан, толып жатқан тастар өте сұлу көрінеді. Аспанға 

созылған будың өзі де от діңгек сияқтанып тұрады. Анығында 

бу жарқырамайды, оған түсіп тұратын сұйық лаваның жарығы 

болады. Күндіз ол діңгек қара сұр түсті болады. Себебі бумен 

бірге көп қара құм, күл ытқып шығады. Сол ұсақ қиыршықтың 

бәрі  де  қатып  қалған  лаудың  кішкене  тамшылары  болады

8



Ұсақ қиыршықтары жиылып аспанда бұлт жасайды. Кесектері 

қайтадан жерге түседі. Бұлар жерге жаңбыр суындай болып түсіп, 

аздан соң құсық шыққан жердің айналасында әлгі құмнан, басқа 

тастардан үйілген төбе жасалып қалады.

Сол төбелер өсе-өсе бір заманда үлкен тау болады, ондай 

таулар жанартау яки вулкан деп аталады. Басындағы бу шығатын 

шұңқыр тесігін вулканның кратері дейді. Кратер біздіңше кесе 

деген сөз.



241

ЕСКІ РИМ ПАТШАЛАРЫНЫҢ ГЕРКУРАНУМ,  

ПОМПЕЙ  ДЕГЕН  ЕКІ  ҚАЛАСЫ  ЖОҒАЛҒАНЫ  ТУРАЛЫ

Вулкан жер үстінде көп, бірақ соның көпшілігі баяғы заманда 

өзінен бу, лава шығаратынынан тоқталған. Осы күнде олардың 

түсінігіне  қарап  бір  заманда  бу  шығатын  жол  болғандығын 

білуге болады. Мұндай вулкандардың бірталайын су шайып, жер 

жүзінен жоғалтып жібергені де бар. Олардан қалған бұрынғы 

лавадан шыққан, қатып қалған тас өзендер әлі бар. Біз сондай 

вулкандарды сөнген вулкан дейміз, бірақ олар шын сөнді ме, жоқ 

уақытша демалыс қылып жатыр ма? Оны білу қиын. Олардың 

ұйқысы қаншалық ұзақ болса, оянуы сондайлық қорқынышты 

болады. Мен өзім көрген бір вулкан жайынан әнгіме айтайын: 

Италияның Неаполь деген қаласынан жиырма шақырым жерде 

тұратын  Везувий  деген  қара  тау  бар

9

.  Бұл  вулкан.  Оның  бас 



жағында ылғи бір кішкене ақ бұлт үйіріліп жүреді. Ал түндерде 

Неапольдан әлі күнге шейін сөнбеген лаваның жарығы көрініп 

тұрады.  Олар  таудың  жарығы.  Олар  таудың  бетіне  жайып 

тастаған қызыл көмір сияқтанып жатады.

Сол таудың дәл түбінде Италияның Резина деген қыстағы 

бар. Қыстақтың кейбір жерлері қатып қалған лаваның үстіне 

салынған. Баяғы ескі заманда дәл осы орында Римнің Геркура-

нум деген бір бай қаласы болған екен. Ол кезде Везувий қалың 

ұйқыда болған. Қаланың халқы басына келетін бақытсыздық 

күнін сезген жоқ еді. Олар қаланың жанында тұрған тауды вулкан 

деп те ойламаған. Ойлағаны болса сөнген вулкан деп ойлайды. 

Вулканның беттері толған Рим байларының бау-бақшасы, жаз 

тұратын үйлері екен. Таудың қақ басында және кратердің түбінде 

неше жүз жыл өмір сүрген қалың тоғай бар екен. Рим халқы 

бұл тауын Сұмма деп атайды екен

10

. Мұның кратері тіпті үлкен 



болғандықтан, өзі жан-жағы тау-таспен қоршалған үлкен-үлкен 

алқап, шатқа ұқсаушы еді.

Соның ішінде байынан қашқан құлдар, ел талаушы ұрылар 

жүреді екен. Тақ осы вулкан бір заманда еш күтпеген уақытта 

ояна бастады. Жер астынан күшті дүңкіл шықты, оның арты-

нан жер дірілдеді. Қаланың неше жылдар аман тұрған үйлері 

ауытқып құлай бастады. Халық қаласын тастап, таудан алысқа 

қаша бастады.

Бұл  жер  сілкіну  үлкен  қауіптің  алдындағы  белгісі  ғана 

еді. Ол басылды. Қайтадан тыныштық болды. Қала тұрмысы 

16–1246


242

бұрынғыдай болды. Осымен тыныштықта он алты жыл өткен 

соң бір күні жер тағы да дірілдеді. Жер ішіндегі бу шығатын 

жол іздеп қыса бастағаны белгілі еді. Тағы да бұрынғыдан гөрі 

қаттырақ дүңкіл естілді. Жер жеңілді. Үлкен қорқынышты бо-

лып жарылып, үйілген тастар, биік жартастар аспанға ұшты. 

Тау басына қап-қара діңгек сияқтанып күл ытқып шықты. Сол 

күл аспанды, тауды да көзге көрсетпей қойды. Тау айналасы 

қараңғы түндей болып күңгірттеніп кетті. Күл мен құм таудың 

бетіне және жақындағы айналаға түсіп, қара көрпедей басып 

алды, аспанда қалың бұлт шығып, күн жарқылдап, үлкен нөсер 

құйды. Осы судан үлкен өзендер ақты. Су күлмен ұласып, бір 

сұйық  қара  батпақ  болып,  үлкен  өзендер  таудың  бетінен  аға 

бастады. Бұл батпақ жолында не кез келсе соның бәрін басып 

қалды. Соның ағыны Римнің Помпей деген қаласына да жетті

11



Бұл қала Сұмманың екінші жағында болушы еді. Бірнеше минут-

та қаланы батпақ тегіс басып кетті. Сұйық батпақ барлық жерге 

де кіре бастады. Көшелерді, үйлерді басып, қаша алмай қалған 

адамдарды да өз ішіне батырып жатты. Бұл батпақты өзеннің 

артынан екінші ең қауіпті өзен келе жатыр еді. Ол еріген лава-

дан жасалған от өзен еді. Лава ақырын жай ағады. Бірақ өзінің 

ауырлығы  мен  ыстығының  арқасында  жолындағы  нәрсенің 

барлығын күйретеді. Сол лава Геркуранумды батырып, теңіздің 

дәл өзіне шейін жеткізді.

Құсық  тоқталып,  көлден  жасалған  қара  бұлтты  жел  қуып 

кеткен  соң,  Рим  халқы  бұрынғы  Сұмманың  орнында  екінші 

бір қара тауды көрген. Ескі Сұмманың бір-ақ шеті ғана жаңа 

таудың солтүстік жақ жағында көрініп қалған екен. Одан басқа 

теңіз жақтағы шетінің бәрі жоқ болып кеткен: ол тауды әуелгі 

атылғанда талқандап кеткен екен. Оның орнында кішкене кратері 

бар,  жаңа  тау  жасалыпты.  Бұның  да  кратерінен  ақ  бу  діңгек 

сияқтанып аспанға шығып жатты.

ВЕЗУВИЙГЕ  ЖАСАҒАН  СЕЙІЛ

Ноябрьдің кезі. Күн ашық жылы еді. Мен бір жолдасыммен 

Неапольдан  шығып,  Резина  қыстағына  таман  келе  жаттым. 

Резинаға жетпей-ақ жолда вулкан істеген істің ізін көре бастадық. 

Вулканнан қалған күл көшенің батпағына араласып, қап-қара 


243

болып жатыр екен. Кей жерде құлап жатқан баяғы заманның ескі 

үйлері көрінді. Бірталайын лава басқан екен. Резинаға жеткен 

соң біз жаяу кеттік. Қыстақтың үлкен көшесінен бір қалтарыс 

көшеге  бұрылып,  тауға  қарай  шыға  бастадық.  Аяғымыздың 

астында  бұрынғыдай  қолдан  жасалған  тас  көше  емес,  қатып 

қалған лаваның тас өзені еді. Бұл жерде тас көшені табиғаттың 

өзі  адам  қолынан  шеберірек  қылып  жасағандай.  Везувийдің 

басына баратын үлкен қара жол бар екен. Біз онымен жүрмей, 

бақшалардың  арасымен  төте  жолмен  кеттік.  Аздан  соң  ескі 

лаваның өзенінен өттік. Өтіп кеткен көп жылдар бұл өзеннің 

бетін тегістеп, кей жерлерін топырақ басқан екен.

Үстінде өскен апельсин, хұрманың және басқа жемістердің 

жуан ағаштары бар екен. Тағы біраз жүрген соң, соңғы заманда 

шыққан лаваның ішіне кірдік. Бұл лава Везувийдің кратерінен 

1872 жылы шыққан екен. Сырты әлі күнге өзгермеген.

Бұның  түсі  қарағайдың  сыртына  шығып,  қатып  қалған 

қарамай сияқты бұдыр-бұдыр. Лава қатқанда сыртынан қатады. 

Әуелде  сыртқы  жұқа  қабыршақ  қатып  іші  сұйық  күйінде 

ақырындап-ақырындап жылымжып ағып отырады. Бірақ сыртқы 

қабық қатуға айналса да жұмсақ болғандықтан және лаваның 

ішінен  шығатын  газдардың  салдарынан  кей  жері  көтеріліп, 

қабарып, томпиып, кей жерлері жарылып тұрады. Сондықтан 

лава қатқанда бұдыр-бұдыр болып, әр жері әр түсті болып қатқан 

екен.  Сыртқы  түсі  маған  бұйраланып,  толқынданып  тұрған 

сияқты көрінді.

Бұл толқынның арасымен жүру ауыр болғандықтан, біз аз 

жүрген соң үлкен жолға шығып, лаваның бір үлкен кесегінің 

көлеңкесіне отырып дем алып, азғана тамақ жедік.

Бұл  жерден  бізге  барлық  Неаполь  және  айналасы  жасыл 

бақшаға  батып  тұрған  Неаполь  қолтығының  көгеріп  жатқан 

суын көрдік. Бірталай қызықты суретті көріп, тынығып алған 

соң ілгері жүрдік.

Лаваның ендігі суреті бұрынғыдан да ерекше болып көрінді. 

Осыдан төрт-ақ жыл бұрын аққан лаваның өзеніне кездестік. 

Бұның  сырты  қап-қара  еді.  Беті  жылтыр  болмаса  да  күнге 

шағылысып жарқырап жатты. Дәл беті тегіс емес, шұбар еді. 

Шұбартып қалған лава қатарда шыққан газдардың шұрқ-шұрқ 

қылып тесіп кеткен жерлері еді. Көбінде үшкір болып шығып 


244

тұрған шеттері бар екен. Мен қолыммен сипап көрем деп екі рет 

қолымды кесіп алдым. Сондайлық өткір екен.

Бұдан жоғарғы жерде жаңа өзен қара жолды басып қалған 

екен. Біз енді соның өзінің үстінен өтіп, ар жағында тағы бір 

жарым шақырымдай жерге баратын қара жолға түспекші болдық.

Біз ілгері жүріп отырып, бұрынғы Сұмма мен Везувийдің 

арасындағы  белең  жарыққа  шықтық.  Содан  әлі  күнге  қатып 

болмаған лаваның құрғақ жерлерін аттап басып, лаваның дәл 

өзі шығатын ауызға келдік. Лава кратердің өзінен шықпайды, 

вулканның төмендегі бір жарығынан шығады екен. Кратерден 

қазірде түйірленіп бу шығып жатты. Түбіндегі жарық вулканның 

осы күнгі аузы екен. Содан сұйық от үлкен қызумен құйылып 

жатты.  Бұл  жер  өте  ыстық  қызу  болғандықтан  тұруға  қиын 

болды. Бірақ азғантай ғана от шығып жатқан ауызға қарауға 

шамамыз келді.

Төменде от өзен ақырын қозғалып ағып, қалың қара батпаққа 

араласып, жоғалып жатты.

Қайтыста  сол  жердің  бір-екі  адамы  бізге  азғана  ақша 

төлегендігіміз үшін ұзын бақырмен (шелекпен) бір терең тесіктен 

бізге әлі күнге қатпаған жұмсақ лаваны алып берді. Мен лаваның 

ішіне бір ұсақ ақшаны батырып тығып, Везувийге барғанымның 

белгісі қылып сақтап жүрмін.

Везувий оянған кезінде қаншалық қаһарлы болса, Италия 

халқы бұл вулканын жақсы көреді. Барлық суреттерде алдымен 

бусанып  тұрған  Везувийді  көресің.  Себебі  бұл  вулкан  өзінің 

күлімен Италия халқын асырап тұр. Маңайдағы егіндік жерді 

бұл күл жаңартып, жасартып отырады. Және Везувий тауының 

бетінде ең жақсы жемістердің бау-бақшалары бар.


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.79 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет