Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.
Pdf просмотр
бет1/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.О. ӘУЕЗОВ  АТЫНДАҒЫ 

ӘДЕБИЕТ  ЖӘНЕ  ӨНЕР ИНСТИТУТЫ

Мұхтар Әуезов

ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ 

ЕЛУ ТОМДЫҚ ТОЛЫҚ ЖИНАҒЫ

2-том 

МАҚАЛАЛАР,   ӘҢГІМЕЛЕР,   АУДАРМАЛАР,   



ПЬЕСАЛАР

1921–1925

“ДӘУІР”

“ЖІБЕК ЖОЛЫ”



АЛМАТЫ

2014


УДК 821.512.122 

ББК 84 Қаз-7 

Ә 82

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат 

министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің 

әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы 

бойынша шығарылды

Редакциялық кеңес:

Кеңес төрағалары – М. Құл-Мұхаммед, А. Сәрінжіпов

Жалпы редакциясын басқарған – ҰҒА корреспондент мүшесі,  

филология ғылымдарының докторы У. Қалижанов

Кеңес мүшелері:

Әкім Т., Әуезов М., Жұртбай Т., Кекілбаев Ә., Қанапиянов Б., Қасқабасов С., 

Қирабаев С., Қонаев Д., Қошанов А., Құрманғали Қ., Мағауин М., Мұртаза Ш., 

Нұрпейісов Ә., Оразалин Н., Сүлейменов О., Тасмағамбетов И., Ыбырай Ш.

Әуезов М.

Ә 82  Шығармаларының елу томдық толық жинағы. – 

Алматы: “Дәуір”, “Жібек жолы”, 201 .

2-том: Мақалалар, әңгімелер, аудармалар, пьесалар. 

1921–1925. – 480 б.



ISBN 978-601-294-144-9

Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық 

толық басылымының 2-томында жазушының 1921–1925 жылдар аралығында 

жазған  мұралары  қамтылды.  Олар:  мақалалар,  әңгімелер  және  1923  жылы 

жеке кітап болып басылып шыққан “Бәйбіше-тоқал” пьесасы. Жалпы алғанда 

мұнда жарық көріп отырған еңбектерінің көпшілігі ертедегі газет-журналдар-

да жарияланғаннан кейін қайтып ешқайда басылмаған. Бұларда қазақ өмірі 

мен әлеуметтік  жай-жағдайларының алуан-алуан қырлары мен сырлары сөз 

болады: өнер-білім, шаруашылық, мемлекет,  ағарту ісі жөніндегі қилы-қилы 

ой-толғаныстары  айтылған.  Осылардың  барлығы  да  ұлттық  мүдде,  ұлттық 

тұрғыда  қарастырылады.  Бұл  еңбектерден  жазушының  жиырмасыншы 

жылдардың  басындағы  көркемдік  ой  деңгейі,  шығармашылық  бет  алысы, 

азаматтық көзқарасының бағыт-бағдары танылады, тұлғалық бітімі күрделеніп, 

биіктей түседі.

Кітап қалың оқырман қауымға, сондай-ақ ғылыми жұртшылыққа арналған.

      УДК 

821.512.122 

      ББК 

84 

Қаз-7

ISBN 978-601-294-144-9  (2-том)

ISBN

 

978-601-294-142-5



© М.О. Әуезов атындағы Әдебиет 

және өнер институты

4

2014


Мақалалар

5

ҚЫРДАҒЫ ЕЛГЕ

Семей қаласында соңғы өзгеріс

1

 болғаннан бері шет облыстар-



дан хабар ала алмай, көп елдің не күйде екенін білмей тұрмын. 

Қазіргі күнде Семейге келген хабардың көбі Семей маңындағы 

елдерден келіп отыр. Бұл хабарларға қарағанда, осы күнде қазақ 

іші дел-сал болған күйде секілді. Кім дос, кім жау екенін айыра 

алмай отыр.

Қолынан  әкімшілік  кетуге  айналып,  табанының  астынан 

тайғанаған уақытта ақтың әскерлері, төрелері өзінің, перделеп 

жүрген қара жүзін ашты. Олар жүрген жерде таланбаған ауыл, 

мүлік, мінбеген лау, сойылмаған мал, бүлінбеген шаруа жоқ. 

Оның үстіне кез келген еркек болса, не жазықсыз дүре салып, 

не атып, ажары тәуір әйел болса, не күпе-күндіз алып кетіп, 

не  отырған  жерінде  әке-шеше,  туған-туыстарының  көзінше 

масқаралаған,  мазақтаған.  Әсіресе,  Ақмоладан  келе  жатқан 

Дутов


2

 әскері әм басқа ақтың отрядтары. Қарқаралыны басып, 

Тобықты  ішімен  жүргендер  де  жолшыбай  істеген  істері  қай 

қазаққа болса да ақтың кім екендігін анық ұқтырды. Қатын-бала 

ақтар  келе  жатыр  десе,  тау-тасқа  безіп  кететін  болып,  жаста 

зәре, үлкенде ақыл қалған жоқ. Қалың ел, жалпақ дала, тау-тас 

күңіренгендей қаталдық, жазықсыз жұртқа істеген жауыздық 

кімнің болса да жүрегін мұздатып, ыза мен кекке толтырды. Жас, 

кәрінің жалғыз тілегі: “Осы жауыздардан қашан құтылар екеміз, 

қашан тыныштық орнар екен?” – деген ғана болды. Аяғында 

қашан ақтар Семей маңынан ұзап кетпесе, жаны қалмайтынын 

біліп, серпіліп қашып, олардан көп елдің іші айықты.

Көп ел енді тыныштық алар ма екенбіз деп тынысы кеңуге 

айналғанда, қызыл әскердің алдыңғы реті барып

3

, осы күнде көп 



елдің ішін аралап жүр. Ел ішінен келген хабарларға қарағанда, 

олардың көбі елге жайлы болып, ризалап жүр депті. Бірақ елдің 



6

[....]


*

 дығына қарағанда, бұлардың арасынан да неше түрлі бұзық 

заттар

**

 табылып жатса керек. Алдыңғы құтылдық па деп отырған 



ақтардың ісіне тақау істерді бұлардың да кейбіреулері ақтап жүр. 

Әсіресе, Семейге жақын отырған елдер аса мазасыз болса керек.

“Күн бір жауса, терек екі жауады” , – дегендей елдің осыншама 

күйзеліп, басынан сырық, малынан құрық арылмай отырған ауыр 

уақытында лай судан балық аулап жүрген қара жүзділер қазақтың 

өз ішінен де табылып отыр. Семей маңындағы облыстарға ел 

талау үшін отряд алып шығып, ойына келген антұрғандығын 

істеп жүрген адамдардың аты-жөні мәлімденді.

Бұларға  еріп  жүрген  солдаттар  да  Совет  әскерінің  атын 

былғап, өкімет пен елдің арасына іріткі салып жүрген бұзық 

заттар. Қараңғы ел істің негізін айыра алмайды. Әрқашан көз 

алдына кез келген шет пұшпақ уақиғалардан ғана сын шығарады, 

соған қарағанда қазақ ішінің дел-сал болып, кім дос, кім қас 

екенін айыра алмайтын да қисыны бар.

Бірақ біздің елге айтатын сөзіміз мынау: Совет өкіметінің 

тәртіпті әскерінің ішінде жоғарыдағы айтқандай істерді істейтін 

бұзық  адам  еш  уақытта  табылмайды.  Оны  істеушілер –  Со-

вет  өкіметінің  шын  жауы.  Талай  заманнан  бері  арпалысып, 

түбін құртам деп келе жатқан зиянды заттары бұл күнге шейін 

Семей  маңында  әм  Семей  қаласының  өз  ішінде  осындай 

антұрғандықтарды  істеп  жүрген  адамдарға  тыю  салынбаса, 

оның, себебі өкіметтің  сол залымдарды  сүйегендігінен  емес, 

жалғыз себебі, сондай істерді істеп кетіп жүрген адамдардың 

кім  екенін  білмегендік.  Қазіргі  күнде  әлгідей  адамдардың 

жауыздығынан жаза тартқан қазақтардың арыздары Семейдегі 

өкімет орындарының бәрінде де толып жатыр. Өкімет басындағы 

адамдардың бәрінің де ел ішінде болып жатқан тәртіпсіздікке көзі 

жетіп отыр. Бірақ арыз беруші қазақтардың ең үлкен қатесі – сол 

өзі шауып, шаншып кетіп отырған солдаттардың еш бірінің аты-

жөнін білмейді. Осымен мұндағы өкімет орындарын да дел-сал 

қылып отыр. Міне, осы секілді түзу, ақ істің қисынын кетіріп 

отырған  себепті,  елге  айтатын  ақылымыз  мынау:  кімде-кім 

ауылына келіп, тәртіпсіздік істеген солдат болса, солардың ізіне 

түсіп, қай полк, қай ротаныкі, аты-жөні кім, соны анықтап білуі 

керек. Бұдан соң осындай талаулар бір арада отырған елдерде көп 

*  


Бұл жердегі бастапқы сөз буыны жойылып, өшіп қалған.

**

 Бұзық заттар – антұрған телі-тентектер деген мағынадағы сөз.



7

болса, не сол елдің ауылнай комитеті, не волостной комитетінің

4

 

атынан  алынған  нәрселердің  бәрінің  атын  жазып,  Семейдің 



областной революционный комитетіне

5

 арыз түсіру керек. Сол 



алынған нәрсені әдейі іздеуге бір адамды сайлап жіберу керек. 

Сонан соң әрбір қазақ халқын жем қылмақшы болып жүрген қара 

жүректердің ініне су құйылады. Ұрлығы көзге көрініп, қоймасы 

ашылған соң, тиісті жазасын тартады.

Бұл күнге шейін елдің істеп келген істерінің көрсетіп отырған 

мінездерінің  ішінде  аса  бір  кешпейтін  жаза  жұмыс  мынау; 

жұрттың бәрінің үрейі кеткен, қашан құлап кетер екеміз деп, 

көрінің аузында қалтылдап отырған, өлім жазасына бұйырылған 

адам секілді. Сонша қатты қорыққандықтың әсерінен өзін шауып, 

шаншып кеткен орыс-қазақтардың аты-жөнін айтуға да қорқады.

Онан  соң  осы  күнде  қазақ  ішінің  бірталайында  әлі  күнге 

бұрынғы болыс комитеті секілді өкімет орындарының ешбірі 

жоқ. Сондықтан ел тезінен комитеттерін

6

 өздері жиылып, сай-



лап алуы керек. Ол комитеттерін бекітіп, қолайлы адамдарын 

отырғызып, қолайсызын шығаруға жақын уақытта Семей уезінің 

болыстарының  бәріне  қазақтың  оқығандары  шығып,  сайлау 

жасайды. Оған шекті жоғарыдағы айтқандай талан-тараж болса, 

Семей ұлықтарына білдіріп тұру үшін тезінен комитет құрып 

ала тұру керек.

Ақыры,  бұл  күнде  елге  қатты  ұқтыратын  сөзіміз:  қай  ел 

болса  да  солдаттардан  қысымшылық  көріп  жатыр,  бірақ  сол 

солдаттардың аты-жөнін білмегендіктен бәрі де жазадан аман 

кетіп жүр. Егер ел бірінің аты-жөнін білмесе, білсе де айтуға 

қорқып отыра беретін болса, басынан сырық, малынан құрық 

арылмай, осы қорлықты көреді де отырады.

Қазіргі күнде Семейдегі әскер басшылары да

7

, басқа өкімет 



орындары  да  түгелімен  сол  солдаттардың  ізіне  түсіп  отыр. 

Арамдығы мойнына ауса, ешбір жазадан құтылмайды. Өкімет сол 

бұзықтарды сүйейді деп ел күнәға батпасын және еш нәрседен 

жасқанып қорықпасын.



8

ҚАЗАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МІНДЕТІ

Кіндік  хүкіметтің

1

  қазақ  халқына  автономия  береміз



2

  де-


ген  жарлығын  оқып,  яки  естіп  білген  қазақтардың  осы  күні 

сұрайтыны:  “Автономияң  қашан  болады?  Теңдігіміз  қашан 

тиеді!? Ел қатарына қашан кіреміз?” – деген сауалдар болады. 

Бұл сауалдарға қарағанда, қазақ жұрты қазіргі істеліп отырған 

істерді, айтылып жүрген сөздерді қанағат қылмағаны.

Өзінің  әр  түрлі  өмір  жүзіндегі  тілектерін  алдына  қойып, 

солардың  шешуін  сұрағаны.  Шаруа  тұрмыс  жүзіндегі  әр 

түрлі  ауыр  халдеріне  көмек  тілегені.  Әрине,  ол  тілектерінің, 

наразылықтарының ішінде орынсызы да көп шығар. Надандық, 

қараңғылық және түсінбегендіктер арқасында үстірт қарайтын 

жерлері де бар шығар.

Тілегінің бәрі де өз аманшылығын сақтап, мемлекет халін, 

көпшіліктің  жәйін  ескермегісі  келетін  де  шығар.  Үйткенмен 

де, көп тілегінің, наразылығыныц ішіндегі дұрыс жерлерін біз 

теріске шығара алмаймыз.

Шынында, қазақтың бұл күнгі қызметіне қатысып отырған 

азамат қазақ елін қай қызметімен қанағаттандырады? Қандай 

еңбек, қандай өнер, қай ісімен ризалайды? Мен мынаны істегенім 

жоқ па, мынандай үлгі, пайдалы істі ортаңа орнатқам жоқ па?– 

деп, қай қызметімен елдің аузын буады? Мен сол сауалдарға 

жауап таба алмаймын.

Рас, дауласқан кісілер айтар, қазақтың тілегін орындаймын 

десең,  алдымен  разверсткеге

3

  малын  алғанды  тоқтат,  қара 



жұмысқа  кісісін  алғанды  тоқтат,  жуанына  ауыздық  салып, 

ерік  бермегеніңді  тоқтат,  сонда  ғана  жағасың,  сонда  ғана 

наразылығынан құтыласың деп. Бірақ мен мұны орынды жауап 

деп білмеймін. Елге бұның бәрін пышақ кескендей қып тастамай-

ақ, жартылап орындасаң да жағатының шын шығар.

Елдің,  жалшы  халінің  нашарлығын  ойлап,  шаруасының 

күйзелгендігін ойлап, ауыр салықтарды аздап кемітсе, мұқтаж 


9

болып отырған өте қажет нәрселерінен аз ғана берсе, ел үсті-

үстіне алғыс айтып, әрі қуанып, әрі риза болып, азаматын мақтап 

кететіні  шын.  Бірақ  елдің  арлы  қызметкері  болсаң,  алдында 

жауап бергенде жалғыз осы секілді шаншулы мәселелеріне ғана 

жауап беріп құтылмайсың ғой. Әрі надан, әрі әлсіз, айласыз, 

көмексіз елге қызмет қылу, басшы болу міндетіне көп мойныңа 

мінген  соң  оның  барлық  кемтарына  ем  іздеу,  жетпегеніне 

жалғасу – азаматтың міндеті. Бұл міндеттен қазақ азаматының 

партиядағысы

4

 болсын, партияда емесі болсын, қайсысы болса 



да құтылмайды. Бұған себеп: қазақтың надандығы, өзге жұрттан 

төмендігі, саяси пікірінің оянбағандығы; жалпы тарихи халінің 

нашарлығы. Осы себептерден қазақ оқығандары социальный ре-

волюцияны

5

 мақсұт қылса да, қазақтың қараңғыда жатқан қалың 



елінің бір тілегі соңынан қалмайды. Ол тілегі: елді мәдениетке 

жеткізіп ағарту, өнер-білім таратып, құралдандыру

6

, дүниенің 



халін көруге көзін ашу, шаруасын түрлеп, ішінен жетілту. Міне, 

бұл  тілектің  бәрі  де  азаматтың  мойнына  қарыз.  Бұл  тілектің 

дұрыстығын ешкім теріс деп айта алмайды. Егер бұл тілектерді 

теріс деп, біз бұл міндеттерді атқаруға міндетті емеспіз дейтін 

азамат болса, ол қазақ жұртының қызметкері емес. Ол елдің 

басшысы да, уәкілі де емес. Бұл міндеттерді қарызым еді деп, 

мойнына  алмайтын  азамат  болса,  оның  қазақ  ішінде  қызмет 

қылуында мағына жоқ. Не ол адам қазақ қызметінен шығып, 

кең байтақта, міндеті аз жерлерде қызмет қылуына керек. Егер 

оны да істей алмай, не мойнына міндет алмай, жылы орында 

жайланып отырмақ болса, оған айтар сөз де жоқ. Ол құдайдың 

берген қонағы. Елдің кішкене қазанына ортақ болып, еріксіз 

кірген еркелері.

Енді елдің жоғарыда айтқан тілектеріне келейік. Ел тілегі 

белгілі – ағарту, көзін ашу. Мүмкін қадар шаруасын түзеп, орта-

сына өнер-білімнің жарығын, үлгісін орнату.

Міне, қазіргі күнде осы тілектерді орындауға уақыт жетіп, 

кезі келген секілді. Қазақтың автономиясы жарияланып, кіндік 

хүкіметі іргесін орнатып, ісіне кірісіп отыр. Қазақ азаматтарының 

іс қылуға жарарлық өнерлілері сол кіндікке жиылып, қызмет 

басына мініп отыр, ал қазақ даласын билейтін комитеттің

7

 сай-



ланып, іске кірісе бастағанына жылдан асты. Осы күнді естіп 

білген кісінің басына еріксіз келетін сауал: “Ендігі бөгет неде?

Неге іс істелмейді, не себептен ойдағы қиял іске аспайды?” – 

деген болады.



10

Бұл сауалдарға әлі күнге орынды жауап берілген жоқ және 

істелген істің де ешбірі көзге көрінген жоқ. Жолына ешбір бөгет 

жоқ, ашық жолды оқу жұмысын алсақ, өніп кеткен еш нәрсе әлі 

көзге көрінген жоқ. Не қалада, не қырда мектептің үйі салынсын 

яки пәлендей үлгілі жақсы мектептер салынсын деген де ниет-

тер, жобалар естілмейді. Ал ел ішіндегі шаруа жұмыстарына 

келсек, істелетін жұмыстар бастан асып жатыр. Бұның өзгелері 

жұмыстарын қоя тұрып, бүгінгі елдің мұқтаж болып отырған 

істеріне келсек, толып жүрген жігіттерді қолөнеріне үйретіп, 

елдің мұқтаж нәрселерін жасатып отырса, қазіргі күнде ол да 

үлкен кызмет болар еді. Міне, осы секілді істердің не жайда 

болып  жатқаны,  қандай  мақсұттар

*

  бар  екені  әлі  күнге  елге 



мәлім емес. Сондықтан елдің “қашан қатарға қосыламыз?” – деп 

сұраған сауалы орынды секілденеді. Көңілге шынымен айтылған 

сөз секілденеді.

Және  осы  секілді  сауалдарына  елдің  қайдан  жауап  алары 

белгісіз. Кіндік хүкіметтің тілі болып отырған газеттерді алсақ, 

олардың бетінен жартымды хабар алуға болмайды. Жазылған 

сөздің көбі түпсіз терең мәселеге арналады. Бүгінгі күнде өнімі 

жоқ ұзақ қиялды шұбатылған жобаға арналады. Кіндік хүкіметтің 

тілінен күткен хабарын ала алмаған кісілер аздан соң оқуға да 

көңілсіз тартады. Терең пікір, ұзақ сөздердің орны бар. Егер 

сонымен қатар іс істеліп отырса. Әйтпесе, “мың сіз бізден бір 

шыж-быж” деушілерге айтарлық дауымыз да қалмайды.

Мінекей,  осы  сөздерді  айтып  келгендегі  менің  ойымдағы 

пікірім: Қазіргі уақыттағы барлық күшті де, уақытты да, сөзді де 

бүгінгі күнде өнетін оқу жұмысына, шаруа жұмысына салу керек. 

Түбінде қазақ жұртының басынан әлденеше төңкерістер

8

 өтер. 


Бірақ іс басында жүрген азаматтардың сол замандардан белгі 

алып қалмауы ұят. Қолдан іс келетін заманда елдің бір тілегін 

орындай  алмауы  –  ұят  іс,  істейтін  уақытты  сөзбен  өткізсек, 

қараңғы елдің алдындағы міндетімізді сөз деп ұққанымыз, одан 

басқа жауапқа орын да қалмайды.

Мұхтар.

* Мақсұттар – мақсаттар.



11

СОТ 

(басы 113 номерде)

Енді қазіргі күнде елге жалғыз кез болатын сотқа келейік. 

Алдымен сотты көп ел қалай ұғады екен соны аламыз. Ең бірінші 

соттың түбегейлі мақсұтымен, тұтынған жолымен біржолата та-

ныс емес. Ел сотты бір-ақ турадан біледі

1

. Һәм бүгінгі қызметінде 



бір-ақ  түрлі  деп  ұғады.  Ол  қызметі  не?  Ол  елдің  біріндегі 

ақысын біріне әперу, еселестіру, ұрыны тыю, қыз, қатынның 

арызын орындау. Міне, елдің түсінуінше сол қызметі осы. Бұдан 

басқа сот ел ішіндегі барлық терістікке тез, аңдушы деп ешкім 

де  ұқпайды

2

.  Сот  елдің  түбегейлі  тәрбиешісі  екен,  әділеттік, 



теңдіктің қарақшысы

3

, қорғаны екен деп ешкім де ойлаған жоқ. 



Сот басында елге жат бір нәрсе болып көрінеді

4

. Ол уақытта ел 



соттың не істейтінін, қандай жол тұтынатынын, қандай мінезді 

жаманшылық деп танып, қандай мінез үшін жазаға кәріфтар 

қылатынын білген жоқ

5

. Бірақ сот келеді, сот деген шығыпты 



деген  дақпырт  хабар  елдің  бәрінің  құлағын  тіккізді.  Бұл  сот 

қайтер екен, не жұмыс істер екен дегізіп, күткізді. Ел сотты ба-

рынша сағынғандай, көптен күткендей, сотсыз көп тәртіпсіздік 

көргендей болып, шын ниетпен, тілеулестікпен қарсы алғандай 

болды. Содан бұл күнге шейін соттан ел көңілі қалған жоқ. Ел 

ішінде мал тартқан

*

, жаза тартқан тентек-тебір болмаса



6

 көпшілік 

сотқа риза, һәм сотқа тілеулес. Сот съездерінде дау көбейтіп, 

ел  ақыны  көп  алысса,  оны  мақтайды,  сүйсінеді,  “хансъездің 

өзі  болды” 

7

  –  дейді.  Баяғыда  болған  пәлен  черезвичайный, 



түлен черезвичайныйлардың заманын айтады, сондағы біткен 

жұмыстарды айтады

8

. Аяғында келіп, “біздің соттар да сондай 



жұмыс істеді, содан кем болған жоқ, жақсы болды” деседі.

* Мал тартқан – құн төлеуші немесе айып төлеуші.



12

Мінеки, соттың қызметін айтса, ел жоғарыдағы айтқан ақы 

әперу мен ұры тыюды айтады, соттың жақсылығын айтпақ болса, 

“Хансъез болды”, баяғы черезвичайныйдан кем болған жоқ дейді, 

елдің беріп отырған бағасы, әзірге ұғып отырған ұғынысы осы.

Расында соттың міндеті, мақсұты, мақтаны осы ғана ма? Жоқ, 

бұдан асары да бар ма? Сот ұры тыюды, қыздарға теңдік әперуді 

ғана қызмет міндет деп санап, ел ақсақалдарынан: бәрекелді, 

сотым жақсы болды, рақмет деген алғыс алса, сол істегендері 

жетеді  дейміз  бе?  Осы  істегендеріңе  де  рақмет,  бұдан  артық 

бұл күнде не сұраймыз десек дұрыс бола ма? Жоқ менің ойым-

ша ол соттың басына жеткен лайықты баға, қанағат қылатын 

жұбанышты қызмет емес. Себебі: сот қай мемлекетте, қай жерде 

болса  да  тазалықтың,  ақтықтың  қорғаны,  соның  аңдушысы, 

құралы дедік және қай елде болса да адамшылық, әділет, тазалық 

жолымен тәрбиелейтін сот дедік.

Сол сот бүгінгі қазақ ішінде ашылып отырған біздің сотымыз 

болса,  оның  бір  күнгі  жаманшылықты  тыйғаны,  мүмкін  сол 

жаманшылықтарды істеп жүрген адамдардан алған бір күнгі 

мақтаны не нәрсеге тұрады. Негізі нығайған, бағыты түзелген 

елдің түбегейлі тәрбиешісі болмақ нағыз шын, әділ сот болмақ 

болса, оған әлгінден мақтан-жұбаныш еш нәрсеге тұрмайды. 

Оның үстіне қазақ жұрты бұрын қазақ соты дегенді көрген жоқ. 

Қазақтын өз ауруы, өз емімен емделіп көрген жоқ. Һәм өзі емде-

мей, жай-жапсарын білмеген ел емдегендіктен бұзылып кеткен 

мінездері, қалыптары көп

9

. Оларды түзеп, оның үстінде қазақтың 



өз соты болса ел негізді тәрбие алатындығын һәм барлық жа-

ман мінездерінен тез тыйылатындығын осы соттар жұрт көзіне 

көрсетуге міндетті. Жаңа келе жатқан, буыны бекіп бұғанасы 

қатпаған сот болса да, кызметінің көбі ең болмаса елдің ұғымын 

өзгертуге жұмсалсын, ең болмаса ел соттың не екенін, шынын-

да да қандайлық мақсұт көздеп, қандайлық қызмет істейтінін 

ұқсын. Бүгінгі соттар көп жасай ма, аз жасай ма онысы шарт 

емес. Түбегейлі міндеттер: әлгі ұғымды ел көкейіне қондыру. 

Шын таза соттың кім екенін, қандай болатынын елге таныту

10



Осы міндеттерді атқара алмаса, соттардан одан артық бұ күнгі 

тілекті тарих та тілемейді.

Бұл сөздерге тоқтаған соң, енді соттардың осы жүкті атқару 

үшін қандай мақсұт қолданып, қандай жолды тұтынуына керек. 

Сөз соған келеді.


13

Менің  ойымша  бұ  күнгі  соттардың  алдында  екі  түрлі 

міндет  бар.  Біреуі,  елдің  бұ  күнгі  мұң-мұқтажын  орындау, 

яғни, елдің ішіндегі ұрыларды тыю, жоғалту. Есеге қолы тимей 

жүрген  жылаулардың  ақысын  әперу,  қолын  теңдікке  жеткізу, 

ел ішіндегі барлық еркек, әйел болсын, зорлық көрдім деген-

ге  бостандық,  теңдік  әперу,  зорлықшылықтың  құрығынан 

құтқару һәм зорлықшылды тезге салу, тыю бұ күнгі соттардың 

бәрінің  орындап  жүрмін  деген  міндеті.  Барлық  істеп  жүрген 

мақсұтты  жұмыстары.  Енді  соттың  алдында  тұрған  бұдан 

басқа екінші міндет бар. Ол кейінгі күн үшін, қазақтың түзелуі 

үшін, қазақты әділетке, адамшылыққа, тазалыққа, тыныштыққа 

қиянатсыздыққа үйрететін қызмет.

Заңмен,  билікпен  елді  жақсылыққа,  тазалыққа  жеткізетін 

қызмет. Бұл заң қуатына сүйенген, елдің қисығын тезге сала-

тын, дұрысына ерік беретін түбегейлі, бірақ өнімді, ең пайдалы 

қызмет. Ол қазақты тәрбиелеуге, надандықтан қалған кемшілікті 

мінезді  жоғалтуға  істейтін  қызметтер.  Міне,  бұл  міндет  не 

судиялардың тобырының ойында жоқ

11

 не ойында болса да бұл 



турасынан істеген өнімді қызметі жоқ, ескерусіз келе жатқан бір 

жөн және бұл міндет судиялардың көпшілігінің ойына келмейтін 

жұмыс. Себебі ел ортасынан шығып, күнде келетін арызшының 

бір-біріндегі ақысын, көрген зорлығы үшін әперетін есесін ойлап, 

барлық күш пен уақытты соған жіберіп отырған судиялардың 

келешектегі міндеттерді ойлауға шамасы да келмейді, уақыты 

да болмайды. Сондықтан судияларға қоятын кінә жоқ. Және бұл 

секілді түбегейлі негізді жұмыс әркімнің өз ойына келген қиялы 

мен істей беруіне қиын ел қызметіне ой мен ықыласпен кіріскен 

кісі ойына келген нәрселердің бәрін бет алды өз білгенінше істей 

бере алмайды, алдымен бұндай пікірлерін сөйленетін болса, іске 

асуы қажет болса, не газет жүзінде, не съездерде сынға түсуіне 

керек. Көпшіліктің мақұл көріп алуына керек.

Әгәр


*

  ол  болмаса  іске  аспайды,  бауы  берік  болмайды. 

Сондықтан жоғарыдағы айтылған елді тәрбиелейтін міндеттер 

турасынан мен өз көңілімдегі пікірді айтпақшымын. Бұл пікір 

судиялардың сынына беріледі. Елге жақын барып, барлық жақсы 

мінездерін де, жаман мінездерін де көзбе-көз көріп, солардың 

* Әгәр – егер.


14

әрқайсысына ем іздеп, тереңдеп ойлатып отырған. Ол кісілерге 

ол пікірдің оң терісі тез көрінеді.

Енді сол айтпақ пікірімізге келейік. Біздің еліміз тәртіпті, 

жақсы  соттың  бақташылығында  болмағандықтан,  бұрынғы 

соқтықпалы  содырлы  мінездерден  айырылған  жоқ

12

.  Әрбір 



мықты ауыл соттың тілейтіні, алдымен ел ішінің тыныштығы, 

біреуге біреудің зорлық қылмай жай жүруі болса, біздің елдер-

де қазіргі күнге шейін бұл мінездер жоғалған жоқ. Ел ішіндегі 

сотқа тиісті жұмыстардың бәрі де осындай соқтықпалықтан, 

зорлықшылдықтан  шығады.  Біреуге  жазықсыздан  соқтығу, 

себепсіз  біреудің  мал-мүлкін  тартып  алу,  оған  жауап  бермей 

жуандығына  салу,  ерте  күннен  келе  жатқан  қазақ  мінезінің 

зор  кемшілігі.  Бұл  мінездің  ерте  күндегісімен  қазіргісіндегі 

айырмыш

*

 істерінің үлкендік-кішілігінде, яғни қарасында ғана. 



Болмаса бұрынғы содырлы мінездер ізімен жоғалып кеткен жоқ.

Бұрын  бір  ру  елді,  бір  ру  шабатыны,  шаншатыны  болса, 

қазірде бір ауылды бір ауыл яки бір ру ел болып шабатыны бар, 

ел намысы деп барымта қылып, топтап жылқы алу бар. Бұрын 

бір  елдің  бар  батыры  жиылып  неше  жұмалық,  неше  айлық 

жерге қол болып барып

13

, үйірлеп жылқы алып, жазықсыз елді 



жебір-жесір қылатын болса, қазір де ауыл арасы, ел арасында 

түнде-түнде  ғана  жортып,  қой  ұрлығын,  бірлі-жарымдаған 

ірі-қараның ұрлығын істейтін де бар. Бұрын бір елді түгелімен 

аудырып жіберіп, жерін тартып алу болса, қазір де бір елдің 

ішінде біреуден біреу жер тартып алатын бар. Мінеки, бүгінгі 

көріп  отырған  осындай  соқтықпалы  мінездеріміздің  бәрінің 

ескіден келе жатқан жуан тамыры бар. Ол бұрынғы дағдылықтан, 

қараңғы надандықтан қалған мінездер. Рас, бұлар осы күнде 

бұрынғы  замандағы  мінездеріндей  кең,  ауданды,  көп  өріс 

алған мінез емес. Заман өткен сайын ұсақталып, әлсіреп келе 

жатқан жайы бар. Бірақ қанша әлсіреді, ұсақталды дегенмен, 

бұл мінездер қазақтың қазіргідей қаракетсіз отырған күйінде 

өзінен-өзі құрымайды. Қанша ұсақтаған, нашарлаған болса да, 

осы қалпымен көп заманға созыла береді, тыю салынып, шек 

қойылмаса, әлі де талай жылдарға шейін қазақ ішін пәледен, 

бүліктен  арылтпайды.  Бұл  мінездер  сол  ерте  күндерден  бері 

әуел тез көрді ме? Менің ойымша көрген жоқ. Себебі: ерте за-

* Айырмыш – айырма.



15

манда, яки қазіргі заманда болсын, бұл мінездер ел ортасының 

өз  тезіне,  түскенде  белгілі  бір-ақ  ретпен  ғана  түсіп  отырған. 

Әрбір жаманшылық іс, зұлымшылық мінез қуылғанда, соның 

жаманшылығы,  зұлымшылығы  еске  алынып,  қуылған  жоқ, 

соқтықпалы, содырлы мінезді жаманшылық деп қуған би болған 

жоқ, бәрін де елдің бөлінбес-жарылмас қамы үшін ғана қуатын. 

Не  бір елдің,  не  ел бастаған  басты  адамның  көңілі  көншісін 

деп қана қуатын. Және бір жағынан, сол жаманшылықты тез-

ге  салатын  билердің  өз  бастары  да  осындай  зорлықшылдық, 

содырлықтан аман болмайтын. Сондықтан жаманшылықты шын 

жаманшылық деп тамырын құрта қимыл қылуға һешкімнің де 

күші жетпейтін. Бұның үстіне жалпы надандықтың салдары-

нан, ел ішінің көпшілігі жаманшылықтан жиіркене алмайтын 

болған  соң,  жоғарыда  айтылған  жаман  мінездер,  бір  жағы 

сол көпшіліктің өзінен қуат, сүйеу алып, арқасын көпшіліктің 

жаманшылығына, надандығына тіреп, тамырымен құрымайтын. 

Мінеки, осындай себептермен бұл мінездер әлі күнге құрымай, 

әлі күнге күшті болып келе жатыр.

Шынында бұл мінездердің орасан кемшіліктері қай жерде 

көрінеді.  Қай  орында  қай  түрде  болып  айқындалады.  Енді 

соған келейік. Еңбекке салынбаған сахаралы жердегі ел ішінің 

міндерін алсақ, бәрінде айқын көрінетін бір кемшілік мынау: Ел 

ішінде біреудің ақысы, “справа” дегенге біреудің жаратылыстағы 

еркі, билігі дегенге бойсұну, жол беру жоқ”

14

. Бұл мәдениетті 



жұрттардың бәрінің де бойсұнып, жол берген нәрсесі болса да 

біздің қазақта әлі күнге бойсұнбақ түгілі әсер берген де жері 

жоқ. Ел ішінде біреудің хақысы, еркі де бұдан бұрын әуелі сол 

адамның  күші  есепке  алынады.  Ол  жұрт  ұғатын  айырымды, 

қайраты бар адам болса, оның хақысы табылады. Егер әлсіз, 

кедей, жіңішке болса онын хақысын іздеп, жуанмен тартысуы 

мүмкін емес. Ол мазақ болатын нәрсе. Сондықтан біреудің өзіне, 

не тиісті еркімен істеген ісі үшін еріксіз қылып айып алу, оған 

көнбей дүре салу, аулын шауып алу, біреудің әлі жоқтығына, 

қолы аздығына қызығып жерін тартып алу, жесірін тартып алу. 

Бұл істеген зорлықтарыңа ұран қылып есеп бермей, жауап бер-

мей жылатып кету ел ішінде күнде болып жатқан жұмыс. Осы 

айтылған істерді нашар, қуаты жоқ кісі істесе, ол көпшілікке 

күлкі болады. Алғашқы көрген зорлығының кегін алмақ болса, 

мазақ болады. Ал, әлді кісінің істегенін сөгіс алып, жаманшылық 


16

деп аталудың орнына көбінесе мықтылық, қайтпастық, батырлық 

деп  саналады.  Міне,  бұл  жоғарыда  айтқан  надандықтың  ізі. 

Бұрынғы тағылық, соқтықпалықтың сарқыты.

Жә! Біз бұны осы сөздің басынан айтып келе жатқанда елдің 

міні, көпшіліктің қасы деп келеміз. Енді осы мінезді жоғалту 

үшін сол надандықтан қалған сарқытпен алысу үшін, жалпақ 

елмен  алысу  керек  пе?  Жалпақ  елді  қуып,  салмақты  соларға 

салу керек пе? Жоқ, сол елдің ішінде осы мінездерді көбірек 

қолданып, өзінің зорлығына, жаманшылығына қамшы қылып 

отырған адамдарды қуамыз ба?

15

 Енді осыған келейік. Менің 



ойымша  ел  ішінің  жуандарын  қуу  керек.  Себебі:  сол  айтып 

отырған жаман мінездердің бәрін барынша жаманшылығына 

жұмсап, жуандығына сүйеніп, еш нәрседен именбей, үсті-үстіне 

зорлық, содырлық, зұлымдық істеп отыратын жуандар болады; 

өзге  көпшіліктің  істейтін  жаманшылықтары  бұлардың  ісіне 

астар


*

 емес, олардікі жуандардың ісінің қасында өткінші, ұсақ, 

көзге көрініксіз, болымсыз. Және жуандардың істеген ісінің бәрі 

көп елге үлгі секілді болады. Ол істеген жаманшылықтың бәрі 

де қолдан келсе, елдің бәрінің істеуіне лайықты секілді көрінетін 

болады. Бұдан басқа да жуан атаның баласы болып, жуан жер-

ден шыққан ел адамдарының сын көтермейтін сұм жиіркенішті 

мінездері толып жатыр. Олардың турасынан өзгерістен бергі 

шыққан газет, журналдардың бәрінде де көп сөздер айтылған-

ды. Оларға ауызды салып, қолынан билікті алып, жуандығын, 

кісілігін өшіріп жіберудің өте қажет екендігі, һәм қолға күш 

келген күні олармен алысу керек екендігі әлденеше рет айтылған. 

Сондықтан мен бұл турасынан сөзді көп ұзартпаймын. Жалғыз-ақ 

айтатыным жоғарыдағы елдің бойындағы кемшілікті мінездерді 

жоғалтпақ болып, енді тәрбиелеу жолына кіріскендерді алды-

мен осы адамдармен алысып, солардың жуандығының тамы-

рын  құрту  керек.  Әлгі  мінездерді  қолданатын  солар  болады. 

Сондықтан, даусыз, солардың соңына түсу керек. Ол адамдар 

осы күнде қызметке алынбай, ел ішіндегі дәрежелі орындарға 

отыра алмай, қақпай көріп отырғандай болса да, әлі күнге ел 

ішінде  маңызы  көп.  Сондықтан  исполкомның  да,  соттың  да 

жұмысына  қарамай,  өздерінің  бұрынғы  істеген  істерін  істеп 

жатыр. Бұрынғы жуандық, зорлық, соқтықпалы, зұлымдығы әлі 

күнге сол қалпында.

* Астар емес – тең емес.


17

Енді елдің түбегейлі тәрбиесін көздеген сот, ел қамын жеп 

сотқа  алу  болуға  жараған  исполкомдар  болса,  әрқашан  сол 

жуандардың ісін бермек керек

16

.

Сол аңдып отырған кезде не сотқа, не исполкомға білдірмей, 



бұрынғы бассыздығына, жуандығына салып, біреуден айып алып, 

біреуді қорқытып мал төлетіп, біреуді шауып алып, барымта 

алып отырғанын, яки біреудің зорлықпен жерін алып отырғанын 

көрсе, сол арада қолға алып, тезге салып, жуандығын басып 

жіберіп, ісіне қарай жаза тартқызып, не абақтыға жіберіп, не 

қара қызметке беріп отырса, олардың түзелуі оп-оңай. Егерде 

осы жолды сот атаулының бәрі де мақсұт қылып тұтынып, өзіне 

міндет деп санаса, төрт-бес жылдың ішінде сол жуандардың 

бәрінің де түрі сынып, шоқтығы басылып қалуы анық. Олар 

өз қолымен зорлық-зомбылық істей алмайтын болады. Бәрі де 

сот алдында, тез алдында тұрғандай, оның күшіне, әділетіне 

бас иетін болады. Ал, егер ол жуандар осы айтылғандай бо-

лып басылса, артындағы елдің жөнге түсуі тіпті оңай. Жуанын 

жуасытқан соң соны көріп, ұры да жуасып кетеді. Соттары көп 

ел үшін қайратын шығындамайды.

Мінеки,  егерде  осы  айтылғандай  болып,  ел  жуаны  жөнге 

салынатын болса, онда соттардың өз мойнындағы міндеттерін 

атқарғаны,  тарихи  қызметін  өтегені.  Бәріміздің  де  сырттан 

қылған үмітімізді ақтағаны. Қазақ жұртының келешегіне мықты 

негіз салып, түбегейлі жақсы тәрбиені бастағаны.

Әзіргі осы айтылған сөздерді әрбір судияның қолдануын тілек 

қылып, сөзімді тоқтатамын.



Мұхтар

2–1246


18

Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.79 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет