Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік



жүктеу 464.73 Kb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата23.03.2017
өлшемі464.73 Kb.
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК 

УНИВЕРСИТЕТІ  

3 деңгейлі СМК құжаты 

ПОӘК 

ПОӘК 


042-18-12.1.89/03-2013 

«Деректер базасымен 

жұмыс істеуге арналған 

қосымшалар құру»  пәнінің 

оқу-әдістемелік 

материалдары 

№1 басылым 

18.09.2013ж 



 

 

 

 

 

«

«Деректер базасымен жұмыс істеуге 

арналған қосымшалар құру

»

»

 

 

 

ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН 

5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған 

 

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

Семей 

2013 

ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 

№ 1 басылым 

18.09.2013ж. 

40 беттің 2-сі   

 

 



МАЗМҰНЫ  

 

1. Глоссарий 



2. Дәрістер 

3. Практикалық және лабораториялық сабақтар 

4. Студенттің өздік жұмысы 

 


ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 

№ 1 басылым 

18.09.2013ж. 

40 беттің 3-сі   

 

 



1. ГЛОССАРИЙ 

Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған: 



1.1.  DELPHI  –  Windows  операциялық  жүйесінің  ортасында  жұмыс  істеуге 

қалыптанған программаларды құруға арналған біртұтас  орта.

 

1.2. Объект - бізді қоршаған әлемнің белгілі бір бөлігі. 

Объекті-қалыптамалы  программа  –  бұл    объектілер  және  олардың  қарым-қатынас 

әдістерінің жиынтығы.

 

1.3. Қалып - Windows терезесі бола алатын, оның барлық қасиеттерін қабылдайтын, 

басқа компоненттер орналастыруға арналған компонентті айтады.

 

1.4.  Қасиет    -  қалыпқа  орналасқан  компоненттің  мазмұнын  ашатын  белгілерді 

айтуға болады.

 

1.5.    Оқиға  деп  компонентке  қатысты  орындалатын  әр  түрлі  әрекеттерді  айтуға 

болады.

 

1.6.  Жоба  –  тұтастай  қосымшамен  байланысқан  бастапқы  программалар  мен 



файлдардың жиынтығы. 

1.7.  Форма  –  үстіне  басқа  объектілер  орналасатын  объект.  Кез  келген  жобамен 

келесі файлдар байланысты. 



1.8.  TАpplication  класы  –  орындалып  отырған  қосымщаларды  басқаруды  жүзеге 

асырады.


 

1.9. Application айнымалысы – ауқымды айнымалы, DELPHI ортасында жазылған 

кез келген программаларға мүмкіндігі бар.

 

1.10. Initialize әдісі – инициализация қосымшасы үшін қолданылады.

 

1.11. CreateForm әдісі – қосымшада форма құру үшін қолданылады. 



1.12. Run әдісі – қосымшаны іске қосуды жүзеге асырады. 

1.13. Finalization – тек бір рет және программа жұмысының соңында орындалатын 

іс-әрекет.

 

1.14. Implementation – тарату бөлімі Implementation сөзінен басталады. 

1.15. Initialization – тек бір рет және программа жұмысының басында орындалатын 

іс-әрекет.

 

1.16. Interface (интерфейс) – басқа программа бөлімдеріне: басқа модульдерге және 

негізгі бөлімге мүмкіндігі бар ақпараттарды суреттейді.

 

 

2. ДӘРІСТЕР 



Дәріс сабағының құрылымы: 

1 тақырып. Деректер базасына кіріспе 

Дәріс жоспары 

1.

 



Терминология. 

2.

 



Бастапқы кілт және индекстер. 

3.

 



Кестелер арасында реляциялық қатынас. 

4.

 



Сілтемелі бүтіндік. 

5.

 



Деректер базасын жобалау кезінде кестелерді қарапайымдау. 

6.

 



Транзакция түсінігі. 

7.

 



Бөлшектелген ДББЖ терминологиясы. 

 


ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 

№ 1 басылым 

18.09.2013ж. 

40 беттің 4-сі   

 

Дәрістің қысқаша мазмұны 

 

1. Терминология 

Деректер базасы (ДБ) – пәндік облыстың құрылымдалған деректерінің аталған 

жиынтығы. 



Деректер  базасын  басқару  жүйесі  (ДББЖ)  –  деректер  базасын  құруға, 

сақтауға  және  оларда  қажет  ақпаратты  іздеуге  арналған  программалық  құралдар 

кешені. 

Деректер  моделінің  үш  негізгі  типі  бар  –  реляциялық,  иерархиялық  және 

желілік. 

1. Иерархиялық модель 

Деректер  базасының  иерархиялық  моделі  элементтерді  бағыну  ретіне  қарай 

жалпыдан  жекеше  орналасқан  және  тоғай  (граф)  түзетін  жиынтықты  көрсетеді. 

Берілген  модель  деңгей,  тораптар,  байланыс  сияқты  параметрлермен  сипатталады. 

Модельдің  жұмыс  істеу  принципі  төменгі  деңгейдегі  бірнеше  тораптар  жоғары 

деңгейдегі бір тораппен байланыс құру көмегімен қосылады. 



2. Желілік модель 

Деректер  базасының  желілік  моделі  иерархиялыққа  ұқсас.  Онда  негізгі 

құрастырушылар (торап, деңгей, байланыс) бар, бірақ олардың қатынасының сипаты 

басқа.  Желілік  модельде  әртүрлі  деңгейдегі  элементтер  арасында  еркін  байланыс 

қабылданған.  

3. Реляциялық модель 

"Реляциялық" (латын сөзінен relation — қатынас) термині деректерді сақтаудың 

мұндай  моделі  оның  бөліктерінен  құралатын  өзара  қатынаспен  құрылған. 

Қарапайым жағдайда ол екіөлшемді массив немесе екіөлшемді кестені көрсетеді, ал 

күрделі  ақпараттық  модель  құру  кезінде  өзара  байланысқан  кестелер  жиынтығын 

құрады. 


Реляциялық деректер базасының негізгі түсінігі 

Реляциялық ДБ кестенің әрбір жолы жазба деп аталады, яғни 



Жазба – бұл ДБ бір ғана объект туралы барлық ақпарат. 

Кестенің әрбір бағаны өріс деп аталады, яғни 



Өріс – қандайда бір жазба ішіндегі ақпарат бірлігінің бірі. 

Әрбір өріс үшін мыналар анықталады: 

 

әмбебап атау; 



 

өріс типі (яғни берілген өріс мәнінің типі); 



 

қосымша сипаттамалар (ұзындық, формат) 



Тип  берілген  өрісті  әртүрлі  жазбаларда  қабылдай  алатын  мәндер  жиынын 

анықтайды. 



Өріс  мәндері  –  бұл  белгілі  бір  типтердің  қандайда  бір  шамасы.  Шама  типіне 

онымен жүргізілетін іс-әрекеттер байланысты.  



Кілттік өріс – оның мәнін әрбір жазба анықтайтын өріс (яғни бұл өріс, оның 

мәндері әртүрлі). 



2. Бастапқы кілт және индекстер 

Деректер  базасының  әрбір  кестесінде  бастапқы  кілт  –  жазбаны  бірмәнді 

идентификациялайтын өріс немесе өрістер жиыны бар болуы мүмкін.  


ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 

№ 1 басылым 

18.09.2013ж. 

40 беттің 5-сі   

 

3. Кестелер арасындағы реляциялық қатынас 



Қатынастармен  байланысқан  кестелер  мынандай  принцип  бойынша  өзара 

әрекеттеседі: басты (master) және бағыныңқы (detail). 

Басты кестені аналық, ал бағыныңқыны – туынды деп атайды. 

Реляциялық деректер базасының кестелері арасындағы байланыстың төрт типін 

ерекшелейді: 

 



бірден  бірге—  бір  кестенің  әрбір  жазбасына  басқа  кестенің  тек  бір  ғана 

жазбасы сәйкес келеді; 

 

бірден көпке — басты кестенің бір жазбасына бағыныңқы кестенің бірнеше 



жазбалары сәйкес келуі мүмкін; 

 



көптен бірге— басты кестенің бірнеше жазбаларына бағыныңқы кестенің тек 

бір ғана жазбасы сәйкес келуі мүмкін; 

 

көптен  көпке  —  басты  кестенің  бір  жазбасы  бағыныңқы  кестенің  бірнеше 



жазбаларымен  байланысқан,  ал    бағыныңқы  кестенің  бір  жазбасы  басты  кестенің 

бірнеше жазбаларымен байланысқан. 



4. Сілтемелі бүтіндік 

Аналық және туынды кестелерде жазбалар арасындағы байланысты жоғалтуға 

әкелетін өзгерістердің екі түрі болуы мүмкін: 

 



Аналық  кестедегі  жазбалардағы  байланыстың  өріс  мәнінің  өзгеруі  туынды 

кестедегі жазбаларға сәйкес келетін байланыстың өріс мәнінің өзгермеуі: 

 

Аналық  және  туынды  кестедегі  байланыстың  өріс  мәнінің  сәйкесінше 



өзгермеуі туынды кестедегі жазбалардан біреуінің байланыс өрісі мәнінің өзгеруі. 

Бірінші  және  екінші  жағдайларда  да  деректер  базасы  бүтіндігінің  бұзылуы 

бақыланады.  Бұл  ондағы  сақталған  ақпарат  дұрыс  емес  болып  бара  жатқандығын 

білдіреді. 



5. Деректер базасын жобалау кезінде кестелерді қарапайымдау 

Қарапайымдау деректерді қарама-қайшы емес және дұрыс редактрлеуді жүзеге 

асыруға  мүмкіндік  беретін  түрге  кестелерді  келтіру  мақсатымен  қайталанатын 

топтар  мен  басқа  қарама-қайшылықтарды  жою  жолымен  деректерді  қайта 

ұйымдастыру процесін ұсынады. 

Қарапайымдаудың соңғы мақсаты деректер базасының жобасын былайша алуға 

келтіріледі:  әрбір  факт  тек  бір  ғана  орында  пайда  болады,  яғни  ақпараттың 

артықтылығы  алынған.  Демек,  қарапайымдауды  реляциялық  деректер  базасында 

ақпараттың  артықтығын  төмендетуге  бағытталған  процесс  ретінде  анықтауға 

болады. 

6. Транзакция түсінігі 

Транзакция  деп  ДББЖ-мен  бір  бүтін  ретінде  қарастырылатын  деректер 

базасымен  жүргізілетін  операциялар  тізбегі  аталады.  Егер  барлық  операциялар 

табысты орындалса, онда транзакция сондай-ақ табысты орындалды деп есептеледі 

және  ДББЖ  осы  транзакциямен  орындалған  (яғни  сыртқы  жадыға  өзгерістерді 

енгізеді) деректердің барлық өзгерістерін тіркейді (commit). Егер де транзакцияның 

бір операциясы табысты аяқталмаса, онда транзакция орындалмаған деп есептеледі 

және  транзакция  орындалғанда  жүргізілген  деректердің  барлық  өзгерістерін 

болдырмау арқылы оның откаты (rollback) жүргізіледі. 

Транзакциямен басқару деректер базасының логикалық бүтіндігін қолдау үшін 


ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 

№ 1 басылым 

18.09.2013ж. 

40 беттің 6-сі   

 

қажет.  



7. Бөлшектелген ДББЖ терминологиясы 

Деректерді 

өңдеу 

технологиясы 

бойынша 


деректер 

базасы 


орталықтандырылған және бөлшектелген болып бөлінеді. 

Орталықтандырылған  деректер  базасы  бір  есептеу  жүйесінің  жадында 

сақталады.  Егер  бұл  есептеу  жүйесі  ЭЕМ  желісінің  компоненті  болып  табылса, 

мұндай  базаға  бөлшектеліп  кіру  мүмкін.  Деректер  базасын  пайдаланудың  мұндай 

әдісі ДК жергілікті желісінде жиі қолданылады. 



Бөлшектелген деректер базасы есептеу желісінің әртүрлі ЭЕМ-де сақталатын, 

бірнеше  мүмкін  қиылысқан  және  бірін  бірі  қайталайтын  бөліктерден  тұрады. 

Мұндай  базамен  жұмыс  істеу  бөлшектелген  деректер  базасын  басқару  жүйесі 

(БДББЖ) көмегімен жүзеге асырылады. 



 

Бақылау сұрақтары 

1.

 



Деректер базасы дегеніміз не? 

2.

 



Деректер базасын басқару жүйесі дегеніміз не? 

3.

 



Деректер моделінің қандай негізгі типтері бар? 

4.

 



Деректердің иерархиялық моделі дегеніміз не? 

5.

 



Деректердің желілік моделі дегеніміз не? 

6.

 



Деректердің реляциялық моделі дегеніміз не? 

7.

 



Өріс дегеніміз не? 

8.

 



Жазба дегеніміз не? 

9.

 



Кілттік өріс дегеніміз не? 

10.


 

Бастапқы кілт дегеніміз не? 

11.

 

Екінші реттегі кілт дегеніміз не? 



12.

 

Кестелер  арасында  реляциялық  қатынастың  қандай  түрі  бар  және  олар  нені 



білдіреді? 

13.


 

Қандай жағдайда деректер базасының бүтіндігі бұзылуы мүмкін? 

14.

 

«Сілтемелі бүтіндік» түсінігі нені білдіреді? 



15.

 

Қарапайымдау дегеніміз не? Қарапайымдау мақсаты неде? 



16.

 

Қандай қарапайым формалар бар және олар нені білдіреді? 



17.

 

Транзакция дегеніміз не? 



18.

 

Орталықтандырылған деректер базасы дегеніміз не? 



19.

 

Бөлшектелген деректер базасы дегеніміз не? 



 

Әдебиет: (2) 

 



ТАҚЫРЫП. 

ДЕРЕКТЕР 

БАЗАСЫН 

ПАЙДАЛАНАТЫН 

ҚОСЫМШАЛАР ҚҰРУҒА АРНАЛҒАН DELPHI ҚҰРАЛДАРЫ 

 

Дәріс жоспары 

1.

 

Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған құралдардың жалпы көрінісі. 



2.

 

ДБ-мен жұмыс істеуге арналған программалар ерекшеліктері. 



3.

 

Delphi-де қолдайтын ДБ типтері. 



 

ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 

№ 1 басылым 

18.09.2013ж. 

40 беттің 7-сі   

 

Дәрістің қысқаша мазмұны 



 

1.  Деректер  базасымен  жұмыс  істеуге  арналған  құралдардың  жалпы 

көрінісі  

Delphi  Enterprise  құрамына  ДБ  пайдаланатын  қосымшаларды  құру  және 

эксплуатациялауға арналған келесі құралдар кіреді. 

1. BDE (Borland Database Engine) 

Жергілікті  және  клиент-серверлі  деректер  базасына  төмендеңгейлі  кіруді 

қамтамасыз ететін DLL-кітапханаларды ұсынады. Бұл программа әрбір компьютерге 

орнатылуы  керек, ол  Delphi жазылған деректер базасымен  жұмыс істеуге  арналған 

қосымшаны пайдаланылады. 

2. BDE Administrator 

Нақты  компьютерде  деректер  базасының  псевдонимін  (атын),  деректер 

базасының  параметрін  және  деректер  базасының  драйверін  орнатуға  арналған 

программа.  Бұл  программада  барлық  деректер  базасына  ортақ  параметрлерді 

баптауды  жүргізуге  болады:  уақыт  және  күн  форматы,  тілдік  драйверді 

пайдаланатын сандарды көрсету форматы және т.б. 

3. Database Desktop (DBD) 

Деректер  базасын  құру,  өзгерту  және  көруге  арналған  құрал.  Программа 

жергілікті ДББЖ кестелерімен жұмыс істеуге үшін негізделген.  

4. SQL Explorer 

BDE  Administrator  және  DBD  көптеген  функцияларын  біріктіретін  әмбебап 

программа. Оның көмегімен деректер базасының псевдонимін құруға және көруге, 

деректер  базасы  кестесінің  құрылымын  және  ішіндегісін  қарауға,  SQL  тілінде 

деректер базасына сұраныс құруға, деректер сөздігін құруға болады. 



2. ДБ-мен жұмыс істеуге арналған программалар ерекшеліктері  

ДБ  жұмыс  істеуге  арналған  Delphi  программалар  көмегімен  құрылғандардың 

ерекшелігі оларда BDE пайдалану болып табылады. 

BDE  программа  мен  деректер  базасының  арасында  байланыстырушы  көпір 

рөлін  жүзеге  асырады.  BDE  өзіне  клиенттік  программаны  оған  қажет  деректермен 

қамтамасыз  ету  бойынша  барлық  төмендеңгейлі  жұмыстарды  алады.  Сондықтан 

жалпы жағдайда программаның деректермен өзара әрекеттесуі былайша жүреді: 

3. Delphi қолдайтын ДБ типтері: 

1. Локальды және файл-серверлі ДБ. 

2. Клиент-серверлі ДБ. 

3. Қосымша сервермен архитектура. 



 

Бақылау сұрақтары 

1.

 



ДБ  пайдаланатын  қосымшаларды  құру  және  эксплуатациялау  үшін  қандай 

құралдар Delphi құрамына кіреді және олар қандай функцияны орындайды? 

2.

 

ДБ-мен жұмыс істеу үшін Delphi көмегімен құрылған программалардың тән 



ерекшелігі не болып табылады? 

3.

 



Қандай ДБ типтері Delphi-де қолданылады және олар нені білдіреді? 

 

Әдебиет: (2) 



ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 

№ 1 басылым 

18.09.2013ж. 

40 беттің 8-сі   

 

3 тақырып. Database Desktop, BDE Administrator утилиттерімен жұмыс 

 

Дәріс жоспары 

1.

 



BDE Administrator міндеті. 

2.

 



ДБ псевдонимін құру. 

3.

 



STANDARD типті деректер базасының параметрі. 

4.

 



PARADOX драйверінің параметрлерін орнату. 

5.

 



Database Desktop міндеті. 

6.

 



PARADOX типті деректер базасының кестесін құру. 

7.

 



Кесте өрісінің типтері мен қасиеттері. 

Дәрістің қысқаша мазмұны 

BDE Administrator 

BDE Administrator – бұл нақты компьютерде деректер базасының псевдонимін, 

деректер базасының параметрлерін және деректер базасының драйверлерін орнатуға 

арналған  программа.  Бұл  программада  барлық  деректер  базасы  үшін  жалпы 

параметрлерді  баптауды  жүргізуге  болады:  уақыт  және  күн  форматы,  сандарды 

көрсету форматы, пайдаланылатын тілдік драйвер және т.с.с. 

 

ДБ псевдонимін құру 

Локальды  ДБ  кестелерімен  жұмыс  істеу  кезінде  (олардың  қатарына  Paradox 

және  dBase  ДББЖ  кестелері  кіреді)  деректер  базасының  өзі  дисктегі  каталогта 

орналастырылады және файлдар жиыны түрінде сақталады. Бір кестені сақтау үшін 

жеке файл  құрылады.  Осындай  жеке файлдар  кесте индекстері  мен  мемо-өрістерді 

сақтау үшін құрылады. 

ДБ-на  утилиттер  мен  программалардан  қатынау  деректер  базасының 

псевдонимі арқылы жүзеге асырылады. 

Псевдоним  –  бұл  деректер  базасы  кестесінің  файлы  орналасқан  жерді 

көрсететін қысқа атау. 

Псевдоним  BDE  Administrator  утилиті  көмегімен  нақты  компьютер 

конфигурациясының  файлында  тіркелуі  керек.  ДБ  псевдонимін  құру  үшін  келесі 

әрекеттерді орындау керек: 

1. BDE Administrator утилитін жүктеу керек (оны басты меню  Windows: Пуск \ 



Программы \ Borland Delphi 6 \ BDE Administrator көмегімен істеуге болады), 

2. Утилит терезесінің басты менюінен Object \ New элементін таңдау керек. 

3. Пайда болған терезеде (1-сурет) құрылатын ДБ типін өзгеріссіз (STANDARD) 

қалдыру және  ОК батырмасын басу қажет. 

4. ДБ администраторы терезесінің сол жақ өрісінде STANDARD1 атауымен жол 

пайда болады. Осы атауды өз қалауыңыз бойынша басқа атау беруге болады. 

5.  Оң  жақ  өрісте  ДБ  параметрі  көрсетілген.  ДБ  орналасқан,  каталогқа  кіру 

маршрутын  көрсететін  PATH  параметрін  өзгерту  қажет.  Жолды  қолмен  енгізуге 

болады,  бірақ  администратор  құралымен  пайдаланған дұрыс: ол  үшін  PATH  өрісін 

шерту керек және пайда болған оң жақ бөліктегі көпнүктелі өрісті басу керек. Содан 

кейін қажет каталогты таңдау және ОК батырмасын басу керек (2-сурет). 

 

 



ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 

№ 1 басылым 

18.09.2013ж. 

40 беттің 9-сі   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

2-сурет. ДБ псевдонимінің параметрлер терезесі 



6.  Енді  псевдоним  анықтамасын  толтыру  қажет.  Ол  үшін  ДБ 

администраторының  сол  жақ  терезесінде  псевдоним  атауын  тышқанның  оң  жақ 

батырмасымен шерту және қосымша менюде  Apply опциясын таңдау қажет. Пайда 

болған  диалогтік  терезеде  (онда  бізден  псевдоним  үшін  өзгерістерді  сақтаймыз  ба 

екендігі сұралады) ОК батырмасын шерту қажет.  

7. BDE Administrator утилитінің терезесін жабу: псевдоним құру аяқталды және 

оған басқа утилиттер мен қосымшалардан қатынауға болады. 

 

Database Desktop (DBD) 

Database  Desktop  (DBD)  –  бұл  деректер  базасын  құру,  өзгерту  және  көруге 

арналған  құрал.  Программа  локальды  ДББЖ  кестелерімен  жұмыс  істеу  үшін 

негізделген. 

 

Paradox 7 форматында кесте құрылымын құру 

1. Database Desktop программасын жүктеу. 

Delphi терезесінде DBD былайша жүктеледі: Tools| Database Desktop. 

2. DBD терезесінде File| New| Table командасын орындау. 

3.  Құрылатын  кесте  форматын  таңдау  (біздің  жағдайда  –  Paradox  7)  және  Ok 

шерту. 

4.  Кесте  құрылымын  анықтау:  өріс  атауын,  өріс  типін,  өлшемін  беру,  кілттік 



өрісті көрсету. 

5. Деректер базасы файлын сақтау үшін Save as… батырмасын шерту. 

6. Деректер базасы сақталатын буманы немесе псевдонимді анықтау, сонымен 

қатар    деректер  базасы  файлының  атауын  көрсету,  содан  кейін  Сохранить 

батырмасын шерту. 

7. Database Desktop программасын жабу. 



ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 

№ 1 басылым 

18.09.2013ж. 

40 беттің 10-сі   

 

 



Бір кестені сақтау үшін db кеңейтілімімен жеке файл құрылады.  

Кестені  деректермен  толтыруды  Database  Desktop  программасында,  не 

құрылатын қосымшаның өзінде жүргізуге болады. 

 

Paradox 7 форматында кесте үшін өрістер типі 

1. Alpha – символдық, яғни 255 символға дейінгі жол. 

2. Number – -10

308

-нен +10


308

 дейінгі сандар. 

3.  Money  –  Number  типіне  ұқсас,  бірақ  көрсетілу  кезінде  ақшаның  белгісі 

шығып тұрады. 

4. Short – -32768-ден +32767-ге дейінгі бүтін сандар. 

5. LongInteger - -2147483648-ден +2147483647-ге  дейінгі бүтін сандар. 

6. BCD – екілік және ондық жүйедегі бүтін және бөлшек сандар. Бөлшек бөлігі 

өте көп сандармен жұмыс істеу кезінде өте нақты нәтиже алуға мүмкіндік береді. 

7. Date – күн мәні. 

8. Time – уақыт мәні. 

9. Timestamp – уақыт және күннің мәні. 

10.  Memo  –  жолдық,  яғни  255  символдан  ұзын  мәндер.  Максималды  ұзындық 

шектелмеген. 1-ден 240 символға дейін кестемен бірге, қалғандары mb  кеңейтілімді 

Memo – файл түрінде сақталуы мүмкін. 

11. Formatted Memo – дербес ұзындықты форматталған мәтін. 

12. Graphic Fields – bmp, pcx, giv форматтағы графикалық бейнелер. 

13. OLE –OLE технологиясымен қолданатын форматтағы ақпарат. 

14. Logical – true немесе false мәнін қабылдайтын тип. 

15.  Autoincrement  –  жаңа  жазба  қосу  кезінде  өріс  мәні  автоматты  түрде 

есептеледі (бірлікке ұлғаяды), демек, бірдей мәндер болмас үшін, жазбалардан өріс 

мәндері қайта пайдаланбас үшін. Мәндер тек қана оқуға арналған. 

16. Binary – дербес ұзындықты екілік мән. Жеке файлда сақталады. 

17.  Bytes  –  1-ден  240  дейінгі  ұзындықты  дербес  екілік  мән.  Деректер  базасы 

кестесімен бірге сақталады. 

 


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 119/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1
umkd -> Математиканы оқыту теориясы 5B010900-Математика мамандығына арналған студенттерге арналған пәннің ОҚу бағдарламасы
umkd -> 3 деңгейлі смж құжаты поәК Е поәК 042-14-4-05. 20. 24/03- 2009 ж. ПoәК ««Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар»
umkd -> Оқу-әдістемелік материалдар «Математиканы оқыту теориясы және әдістемесі»
umkd -> Бағдарламасы «Дискретті математикалық логика»
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 113/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1
umkd -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 06/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым
umkd -> «тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» ПӘнінің

жүктеу 464.73 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет