Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 5.01 Kb.

бет3/11
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Медициналық психология - аурулардың пайда болуы және өту барысы, 
белгілі бір аурулардың адамның психикасына ықпалы, сауықтыру амалдарының 
оңтайлы   жүйесінің   қамтамассыз   етілуі,   ауру   адамның   микро   әлеуметтік 
ортамен   қарым-қатынасының   сипаты   және   олардың   басқа   жағдайлармен 
байланысының психологиялық заңдылықтарын қарастырады. 
Меланхолик - темперамент типі. Жүйке жүйесі әлсіз, сәл нәрсеге реакция 
білдіретін,   тұйық,   сөзге   сараң,   аса   баяу   қозғалатын,   жайбасар   адам. 
Темпераманттердің   әрқайсысы   жүйке   жүйесінің   туа   біткен   қасиеттерінен 
туындайтын, адамның тұқым қуалайтын, жеке дара қасиеті.
«Мен» тұжырымдамасы  - әркімнің өзін басқалардан ажырата алуынан 
көрінетін, өзінің жеке тұлға екенін білдіретін ұғым.
Механикалық есте қалдыру - заттар мен құбылыстарды ішкі мағынасын 
түсінбей жай қайталау арқылы еске сақтау.
Мнемоника  -   мүмкіндігінше   көбірек   мәліметтердің   есте   сақталуын 
18

оңайлату   үшін   қолданылатын   әдістер   мен   тәсілдер   жиынтығы,   жасанды 
байланыстар арқылы есте қалдыру әдісі.
Монокулярлық көру - бір көзбен қарау арқылы қашықтықтағы объектіні 
дұрыс анықтай алу. 
Монолог сөз  - белгілі бір жоспарға сәйкес, логикалық жағынан сөздің 
мағыналығы   мен   мәнерлігінің   үйлесімді   болуындағы   баядамашының, 
лектордың сөйлеуі. 
Моральдық сезімдер - қоғамдық өмірдің талабына сәйкес көрінетін адам 
сезімдерінің бірі. Оларға: жолдастық, достық, махаббат, адамдық, шыншылдық, 
ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ұят, ұлттық мақтаныш және т.б. енеді.
Мұрат  (идеал)   -   адамның   өмірден   өнеге   іздеуінен,   біреуді   үлгі   тұтып 
қастерлеуінен байқалатын қасиет. Мұрат – кісінің алдына қойған аса ардақты, 
ең асыл мақсаты. 
Мүдде - алға мақсат қойып, сол мақсатқа жету әрекетінің негізі. Мүдде - 
тұлғаның   іс-әрекетің   мақсатын   ұғынуға   бағыттылығын   қамтамассыз   ететін 
танымдық қажеттіліктің көріну нысаны. 
Мінез  -   адамның   өмірлік   бет   алысын   білдіретін,   оның   бір   сыдырғы 
тұрақты және тұрлаулы жеке дара қасиеті.
Мінез   бітістері  -   өмір   барысында   біртіндеп   қалыптасатын   мінез 
ерешеліктері.   Адамның   айналасына,   басқаларға   қатынасын   білдіретін: 
адамгершілік,   қайырымдылық,   адалдық,   қатыгездік,   зымияндық,   сотқарлық 
және тағы басқа жағымды және жағымсыз мінез бітістері кездеседі. 
Мінез-құлық - адамның генетикалық ерешеліктеріне байланысты болып, 
өмір   жағдайларына   сәйкес   және   солардың   ықпалымен   байқалып   отыратын 
тұрақты психикалық ерекшеліктердің жиынтығы.
Мінезтану – адам мінезін зерттейтін психология ғылымының бір саласы. 
Оның негізін салушы ежелгі грек оқымыстысы Феофраст.
Нақты   топ  -   бір-бірімен   өзара   қарым-қатынас   және   байланыс   жасай 
отырып,   алдарына   қойған   мақсат,   міндеттерін   орындауға   жұмыла   кіріскен 
адамдардың өмір сүріп тұрған бірлестігі. Нақты топ қысқа және ұзақ мерзімді 
болуы, сонымен қатар оған кіретін адамдардың саны аз не болмаса көп болуы 
мүмкін.
Негативизм  -   субъектінің   басқа   индивидтердің   немесе   әлеуметтік 
топтардың   талаптары   мен   күтулеріне   әдейі   қарама-қарсы   іс-әрекеттерінен 
көрінетін мотивацияланбаған мінез-құлық.
Нышан  - қабілеттіліктің қалыптасуының алғы шарты болып табылатын 
организмнің   анатомиялық-физиологиялық   және   негізінен   орталық   жүйке 
жүйесінің   ерекшеліктері.   Баланың   ата-анасына   ұқсап   туылуы   анатомиялық 
нышан, ал жүйке жүйесінің ерекшеліктері физиологиялық нышан деп аталады. 
Нышан   көп   мәнді   қасиет,   яғни   сол   нышанға   негізделіп,   адам   өмірінің 
мазмұндылығына қарай түрлі қабілеттіліктер қалыптасады.
Ой   қорытындысы  -   бірнеше   пікірлерден   жаңа   бір   пікір   шығарудағы 
19

ойлау формасы. Оның түрлері: дедукция, индукция, аналогия.
Ойлау  -   сыртқы   дүние   заттары   мен   құбылыстарының   байланыс 
қатынастарының   миымызда   жалпылай   және   жанама   түрде   сөз   арқылы 
бейнеленуі.
Олигофренопсихология  -   миының   жетілмегендігі   ауыр   нысандағы 
адамдардың   психикалық   дамуын   және   оны   түзеу   мүмкіндіктерін   зерттейтін 
арнаулы   психологияның   тарауы.  Олигофренопсихология   -   адамдардың 
психикалық   ақыл-ой   мешеулігінің   себептерін   (жүйке   жүйесінің   туа   біткен 
кемістігін, аурудың не жарақаттанудың салдарын) анықтайды, психологиялық 
ерекшеліктерін, кемістіктің білінуінің нысандары мен дәрежесін зерттейді.
Онтогенез  -   жеке   организмнің   туылғаннан   бастап   тіршілігін   жойғанға 
дейінгі   даму   процесі.   Бұл   терминді   1866   жылы   неміс   биологы   Э.Геккель 
ұсынды.
Ореол  (құрметтік)   эффектісі  -   адам   туралы   ақпарат   тапшы   болған 
жағдайларда ол жайындағы жалпы бағамдаушылық әсердің оның қылықтары 
мен   тұлғалық   сапаларын   қабылдауға   тарауы.   Адам   туралы   бірінші   әсерді 
қалыптастырып,   даму   кезінде   құрметтік   эффект   позитивті   жағымды   бағалау 
немесе негативті теріс нысанында болады.
Өзін-өзі   бағалау  -   адамның   өзіне   сындарлы   көзқараспен   қарап,   өз 
мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын 
түйіндеу қабілеттілігі. 
Өнер   психологиясы 
-   суреткерлік   әрекеттің   психологиялық 
механизмдерін   және   адам   өнер   туындыларын   жасау   және   ұғыну   кезіндегі 
тұлғалық көрінісінің ерекшеліктерін зерттейтін психологиядағы бағыт.
Парапсихология
 –   адамдардың   психологиясы   мен   мінез-
құлықтарындағы   ғылыми   негізі   беймәлім   гипноз,   елестету   сияқты   айрықша 
құбылыстарды   зерттейтін   психология   саласы.   Парапсихология   – 
экстрасенсорлық қабылдау, телепатия, түс көру сияқты табиғи айқындалмаған, 
функциялық   қызметті   тиянақсыз   психикалық   құбылыстар   туралы 
мәлеметтердің жиынтығы. Парапсихологиялық көріністер XIX ғасырдың соңғы 
кезінен бастап арнай ғылыми объек ретінде зерттеле бастады.
Патологиялық психология - ауырған адамның психикалық қызметі мен 
қасиетінің,   мінез-құлқының   ауытқу   заңдылықтарын   зерттейтін   медициналық 
психологияның тармағы.
Педагогикалық психология  - адамда оқыту мен тәрбиелеу барысында 
оның   болмысының   даму   заңдылықтарын   зерттейтін,   танымдық   қызметі   мен 
қоғамдық   қасиеттерін   жүйелейтін   психология   ғылымының   саласы. 
Педагогикалық   психология   терминін   орыс   педагогі   П.Ф.Каптерев   енгізген. 
Педагогикалық   психологияның   тармақтары:   тәрбие,   оқыту   және   ұстаз 
психологиясы
Практикалық   ойлау  -   мақсат   қоюмен,   жоспарлар,   жобалар   жасаумен 
20

байланысты және көбіне уақыт тапшы жағдайда өрістейтін, ойлаудың түрі.
Проприорецептивті түйсік  - дененің кеңістікте орналасу мен қозғалыс-
тірек аппараттарының күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін түйсік түрі
Психика - объективті шындықты психикалық процестер арқылы белсенді 
бейнелейтін   мидың   жүйелі   қасиеті.   Психика   сыртқы   дүние   заттары   мен 
құбылыстарының көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді.
Психикалық   детерминизм  -   барлық   психикалық   актілер   мен 
көріністердің өзіндік себебі мен мағынасы бар және олар бұрынғы нәрселердің 
күйіне тәуелді дейтін біржақты көзқарас. 
Психикалық процестер  - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының 
мидағы бейнесі. 
Психикалық   қасиет   -  тұлға   ерекшеліктері,   бір   адамды   екінші   бір 
адамнан   ажыратуға   негіз   болатын   ең   маңызды,   ең   тұрлаулы   (мінез, 
темперамент, қабілет, дүниетаным, сенім, талғам т.б.) ерекшеліктер.
Психикалық   қылып  (күй)   -   адамның   түрлі   көңіл   күйінің   тұрақты 
компоненттері.   Психикалық   қылып-психикалық   процестің   динамикалық 
көрінісін   және   индивид   психикасының   белгілі   бір   қалыптасқан   кезі   мен 
көрінісін айқындайтын ұғым.
Психодиагностика  -   адамның   психикалық   қасиеті   мен   күйін   ғылыми 
дәлелді   тәсілдер   арқылы   сандық   сипатта   бағалайтын   және   нақты   сапалық 
түрғыдан   талдайтын,   адамның   психологиялық   ерекшеліктері   туралы   дұрыс 
мәлемет беретін ізденіс аумағы.
Психолингвистика  -   адамның   сөйлеу   қабілетінің   қалыптасу   мен   бір 
қалыпты өтуін зерттейтін психология мен лингвистика аралығындағы ғылым 
саласы.   Психолингвистика   терминіне   америкалық   ғылымдар   Ч.Осгуд   пен 
Т.Сибеок ғылыми мағынасын енгізді.
Психология  -   психикалық   құбылыстардың   пайда   болу,   даму   және 
қалыптасу   заңдылықтарын   зерттейді.   Психологияның   зерттеу   салалары   сан 
алуан,   олар   психофизиология,   зоопсихология,   салыстырмалы   психология, 
педагогикалық психология, жас ерекшелік психологиясы, еңбек психологиясы, 
патопсихология,   инженерлік,   спорт   психологиясы   және   т.б.   «Психология» 
терминін ғылымға енгізген Х.Вольф.
Психофизиология - психиканы оның нейрофизиологиялық субстратымен 
бірлікте   зерттеуге   бағытталған,   психология   мен   нейрофизиологияның 
тоғысуындағы   пәнаралық   зерттеулер   саласы.   1830   жылы   француз   философы 
Н.Массиас   ұсынған   бұл   бағыт   нейрофизиология   мен   жалпы   психология 
аралығынан орын алады.
Пікір  - бір нәрсенің беймәлім жағын ақиқат не жалған деу тұрғысынан 
мақұлдайтын немесе теріске шығаратын ой формасы.
Регрессия - психикалық дамудың төменгі сатысына, бұрынғы жетілмеген 
түріне оралуын білдіретін ұғым. Регрессия психикалық даму сатысының белгілі
бір   күйін   ұйымдастыратын   шарттың   жетіспеуінен   немесе   бұзылуынан 
21

қалыптасады.
Реминесценция - алғаш есте қалдырған материалды кешігіп еске түсіру. 
Реминисценция терминін 1907 жылы серб ғалымы В.Урбанчич ұсынған.
Ресми   топ  –   бұйрық,   жарлық,   штат   кестесі   және   тағы   басқа   ресми 
құжаттар   негізінде   құрылады.   Ресми   топ   заңдық   тұрғыдағы   статусы   бар, 
мүшелері   қоғамдық   еңбек   бөлінісі   жағдайында   олардың   еңбегін 
ұйымдастыратын   әлеуметтік   тапсырысты   іс-әрекетпен   біріккен   нақты   не 
шартты әлеуметтік қауымдастық.
Ретикулярлық   формация  -   импульстерді   таратып,   тежеп,   күшейтіп, 
оларды ми қыртысына жіберіп отыратын нерв ткані
Референттік   топ  -   нақты   не   шартты   әлеуметтік   қауымдастық;   индивид 
онымен өзін эталон ретінде қатыстырады және өзінің мінез-құлық мен өзін-өзі 
бағамдауында оның пікірлерін, құндылықтары мен бағалауларын бағдарға алады. 
Рефлекс  -   организмнің   тітіркендіргіш   ықпалына   жүйкесі   арқылы   табиғи 
физиологиялық реакция. Пайда болған қозу орталық жүйке жүйесіне беріліп, бұған ол 
да қозу арқылы жауап береді, қозу эфференттік жүйкелер арқылы әр түрлі органдарға 
беріледі. Рефлекс терминінің ғылыми мағынасын ағылшын ғалымы Т.Виллис пен чех 
ғалымы И.Прохазки негіздегенімен, ми қызметінің рефлекторлық қағидасын олардан 
бұрын  француз  философы  Р.Декарт  анықтады.   Рефлекстің  шартты  және  шартсыз 
болып   бөлінеді.   И.П.Павлов   шартты   рефлекстің   жойылатынын   және   қайта 
қалыптасатынын эксперименттік тұрғыдан дәлелдеп берді.
Рецепторлар  –   жүйкенің   қозу   барысында   энергияның   қуатын 
тасымалдайтын талдағыш, сезімтал жүйке ұштары. Рецепторлар сезімтал жүйке 
ұштары   ретінде   сырттай   әсер   ететін   энергияны   қабылдайтын,   түрлендіретін 
және оны жүйке орталығына бағыттайтын динамикалық, икемді функциялық 
құрылым.
Рухани   қажеттіліктер  -   адамның   жеке   тұлғалық   шығармашылық-
тәлімдік   және   мәдени-әлеуметтік   қажетін   қанағаттандыратын   құндылықтарға 
ынталылық. Рухани қажеттіліктер жеке адамның өз мақсат мұратына жеткізетін 
саналы   іс-әрекеттің   бағдары   мен   жиынтығын   көрсетеді,   адамның   өмірін 
тұтастыратын және заман талабымен ұштастыратын идеялық және әлеуметтік 
әрекеттердің саналы, субъективтік арнасы.
Салыстырмалы   психология  -   адам   психикасының   шығу   тегі   мен 
дамуының, адам санасының қалыптасуының биопсихологиялық алғы шарттары 
мен   заңдылықтарын,   адам   мен   жануарлардың   психологиялық   қарекетіндегі 
жалпылық пен айырмашылықты зерттейтін психология саласы.
Сана - әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі адамның рухани белсенділігінің ең 
жоғары деңгейі. Бұл белсенділікке тән ерекшелік - шындық болмысты сезімдік 
және   ойша   бейнелер   нысанында   бейнелеу   адамның   практикалық   іс-әрекетінен 
бұрын болады және осы іс-әрекетке мақсатқа лайықтылық сипат береді.
Сангвиник  –   темперамент   типі.   Бұл   типті   адамның   эмоциялық   қозуы 
шапшаң,   күшті   болады,   бірақ   көп   тұрақтамайды.   Көңіл   -   күйі   әп-   сәтте 
өзгергіш, әсершіл, көтеріңкі мәнерлі сөйлейді, ақжарқын, ашық, басқалармен 
22

тез тіл табысатын, қызықтыратын іске бейімділігі, талабы, талпынуы көп, бірақ 
бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысты аяқсыз қалдыратын адам.
Сауалдама - алдын  ала әзірленген сұрақтар жүйесіне  жауап  алуды  көздейтін  сауал 
парақ.   Сауалдаманы   сауалданушыдан   қажетті   мәлеметтер   алу   үшін,   сондай-ақ   үлкен 
әлеуметік топтардың пікірін білу үшін жүргізіледі.
Сауда   психологиясы  -   саудаға   қатысатын   адамдардың   жан   дүниесін, 
мұқтаждығын, қызығуын, мақсаттарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Сезгіштік - адамның түйсіне алу қабілеті. Сезгіштік абсолюттік және 
айырма болып бөлінеді. Абсолюттік сезгіштік деп - сезім мүшелерінің өте 
әлсіз   тітіркендіргіштерді   түйсіне   алуы.   Айырма   сезгіштік   -  сезім 
мүшелерінің   тітіркендіргіштердің   арасындағы   болмашы   айырмашылықты 
түйсіне алуын айтамыз.
Сезімдер  -   адамның   айқын   білінген   заттық   сипаты   бар   және   біршама 
орнықтылығымен ерекшеленетін эмоциялық күйіну-сүйінулерінің айрықша түрі. 
Сезім - сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес 
келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процесс. 
Сенсибилизация  -   тітіркендіргіш   әрекетінің   ықпалымен   жүйке 
орталықтары сезгіштігінің артуын көрсететін психикалық құбылыс.
Симпатия  - адамның басқа кісілерге, олардың топтарына не әлеуметтік 
құбылыстарға орнықты мақұлдаушылық эмоциялық қатынасы; жарқын жүзбен, 
тілектестікпен, тәнті болып қараудан, қарым-қатынас жасауға, ілтипат білдіріп, 
көмектесуге дайын тұрудан және тағы басқа ізгі ниеттерден көрінеді.
Синестезия 
-   тітіркендіргіштер   сезім   мүшелерінің   біреуін 
тітіркендіргіштерде оған тән түйсіктермен қатар басқа сезім мүшелеріне де тән 
түйсіктердің пайда болуы. 
Сипай   сезу   түйсіктері  -   заттардың   теріге   үйкелуінің   нәтижесінде 
олардың тегіс, кедір-бұдыр, жұмсақ немесе қатты, құрақ не дымқыл екенін және 
тағы басқа қасиеттерін түйсіну.
Сот   психологиясы  -   сот   ісін   жүргізуге   қатысты   судьялардың, 
тергеушілердің   және   құқық   қорғау   органдары   мен   адвокатураның   басқа   да 
қызметкерлердің психологиясын, олардың кәсіптік қызметінің психологиялық 
мазмұнын,   іріктеу   және   оқыту   әдістері,   айыптаушылардың,   куәлардың, 
жәбірленушілердің   психологиясын,   тергеушілік   және   сот   іс-әрекетінің 
мәселелерін зерттейтін сала.
Социометрия 
-   шағын   топтағы   тұлғааралық   қатынастардың 
ерекшеліктерін   зерттеу   әдісі.   Бұл   әдісті   әлеуметтік   психолог   және   психиатр 
Дж.Морено   ұсынды.   Социометриядағы   негізгі   тәсіл   -   арнайы   сауалнамадағы 
сұрақтарға   жауап   бере   отырып,   топтың   әрбір   мүшесі   өзінің   басқаға   деген 
қатынасын   білдіреді.   Нәтижелері   социограммаға   (графикте   топ   мүшелерінің 
таңдаулары   бағдаршамен   көрсетіледі)   немесе   социоматрицаға   (топтың   әрбір 
мүшесінің таңдаулары есептелген кесте) енгізіледі.
Сөздік-логикалық   ойлау  -   міндеттерді   шешу   құралы   ретінде   сөздік 
23

абстракция   және   логикалық   пікірді   қызмет   ететін,   ойлау   процесінің   түрі. 
Сөздік-логикалық   ойлау   өз   функциясын   тілдік   құралдар   негізінде   атқарады 
және ойлаудың тарихи және онтогенездік дамуының неғұрлым кейінгі кезеңі 
болып табылады.
Сөйлеу  -   адамдардың   ақпарттарды   тарату   және   сақтау,   өңдеудегі   жазу 
белгілері   мен   символдарын,   дыбыс   сигналдарын   қолдану   системасы   және 
адамдардың   материалдық   өзгертуші   іс-әрекеті   процесінде   тарихи   тұрғыда 
қалыптасқан, тіл арқылы болатын қарым-қатынас. 
Спорт   психологиясы  -   жарыс   және   жаттығу   жағдайларында   адам 
психикасының   дамуы   мен   қалыптасуын   және   топтық   өзара   әрекеттестіктің 
заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының бағыты. 
Стресс  -   адамның   шамадан   тыс   зорлануы,   кез   келген   күшті   әсерден 
адамда пайда болатын психофизиологиялық күй. Стресс ұғымын 1936 жылы 
канадалық физиолог Г.Селье енгізді. 
Сублимация  -   аффектілік   елігулер   энергиясын   әлеуметтік   қарекет   пен 
мәдени шығармашылдық мақсаттарына өзгерту және сол бағытқа бұру болып 
шығатын психикалық процесс. 
Сурдопсихология – есту қабілеті бұзылған адамдардың психикалық дамуын, 
оқыту мен тәрбиелеу жағдайында бұл дамуды желтіру мүмкіндіктерін зерттейді.
Табандылық  -   адамның   алған   бетiнен   қайтпай,   көздеген   мақсатына 
қайткен күнде де жетудi көздеуде көрiнедi. Ол қажымай-талмай әрекет етiп, осы 
жолда небiр қиыншылыққа төзiп, оларды жеңiп отырады. Мұндай адамның ерiк 
күшi қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстiнде одан сайын нығая түседi.
Талант  -   арнайы   қабілеттердің   дамуының   биік   деңгейі,   бір   әрекетті 
шығармашылықпен   орындау   мүмкіншілігін   қамтамасыз   ететін   қабілеттердің 
ерекше қиысып келуі.
Тахистоскоп  - лабораториялық экперименттік зерттеу әдісінде, зейіннің 
көлемін анықтау үшін қолданылатын аспап. 
Тәртiптiлiк - адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тiлегiн әр уақытта 
ұжымның   ырқына   бағындыра   алу   қабiлетi.   Адамның   тәртiптiлiгi   оның 
жинақтылығымен, iс-әрекеттiң жоспарлығымен тығыз байланысты.
Тежелу  -   белсенді,   қозумен   ажырағысыз   байланысты,   жүйке 
орталықтары   немесе   жұмысшы   органдары   қызметін   кідіртуге   апарып 
соғатын   процесс.   Жүйке   орталықтарына   қатыстылар   орталық   тежелу, 
екіншілері   перифериялық   тежелу   деп   аталады.   Перифериялық   тежелуді 
кезбе   жүйкені   ырғақты   тітіркендіру   кезінде   жүректің   кідірлететінін 
анықтаған   ағайынды   Эр.   және   Эд.   Веберлер   1840   жылы   ашты.   Орталық 
тежелуді 1863 жылы И.М.Сеченов ашты.
Темперамент  –   жүйке   жүйесінің   тума   қасиеттерінен,   туындайтын 
адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Темперамент организмнің физиологиялық 
өзгешеліктерімен,   әсіресе,   жоғары   жүйке   қызметінің   тума   қасиеттерімен 
шарттас психикалық құбылыс. Жоғары жүйке қызмет типтерінің күшіне, тепе-
теңдігіне және қозғалғыштық ерекшеліктеріне сәйкес темпераменттің төрт түрі 
24

сипатталады. Олар: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик.
Тестілер - жеке тұлғаның даралық психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ 
білімін,   білігі   мен   машығын   салыстырмалы   шамалармен   өлшеуге   арналған 
стандартталған   тапсырмалар,   психологиялық   диагностиканың   негізгі 
әдістерінің бірі.
Тифлопсихология  - соқыр және нашар көретін адамдардың психикалық 
дамуын,   оқыту   мен   тәрбиелеу   кезінде   оны   түзетудің   жолдары   мен   әдістерін 
зерттейтін арнаулы психология саласы.
Толеранттық - қайсыбір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не 
бәсеңсуі, оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі.
Тоқтамға келгiштiк - адамның небiр қиын-қыстау кезеңдерiнде қажеттi 
шешiмдерге келiп, оны жүзеге асыруда қабiлетiнiң болуы. Тез тоқтамға келу 
үшiн   адам   асығып   аптықпайды.   Бұл   әрбiр   iстi   ой   таразысына   салуды   қажет 
ететiн қасиет.
Топ  –   іс-әрекетті   бірге   орындау   процесінде   бірлескен   адамдар 
қауымдастығының   әлеуметтік   типі.   Топтың   мөлшері   бойынша:   үлкен,   кіші 
топтар болып бөлінеді. Топтың даму деңгелері- ассоциация, корпорация, ұжым. 
Топтың түрлері: ресми, бейресми, нақты, шартты, диффузиялық, референттік 
топтар болып келеді.
Тұрмыстық   психология  -  күнделікгі   тәжірибеде   жиналған   білімдерге 
негізделуі   және  мәселенің   дұрыс   шешімін   тез   табуға   мүмкіндік   беретін 
интуицияның барлығы.
Түзеу   психологиясы  -   құқық   бұзушыларды   көбіне   еңбекпен   түзеу 
мекемелерінде түзеу мен қайта тәрбиелеудің жағдайлары мен ерекшеліктерін 
зерттейді. 
Түйсік -  сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің 
сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелер. 
Түрткі  - субъектінің өмір сүру жағдайы ықпалымен қалыптасатын және 
оның белсенділігінің бағыттылығын анықтайтын әрекетті туғызушы. Түрткі - 
адамды түрлі іс-әрекетке итермелейтін себеп.
Уақытты   қабылдау  -   бірізділікті,   жылдамдық   ұзақтылығын   санада 
бейнелейтін шынайы құбылыстар.
Ұстамдылық -  адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, 
бос   күйiп-пiсуден   бойын   тежей   алу   қабiлетi.   Ұстамды   адам   әр   кез   терең 
ойланып, iстiң тетiгiн аңғара отырып әрекет етедi. Мұндай адам өзiнiң бар күш-
жiгерiн тек алдындағы мақсатын орындауға ғана арнап отырады.
Ұжым  -   қоғамға   пайдалы   ортақ   мақсатқа   жұмыла   еңбек   ететін   және 
психологиялық   тұрғыдан   топтасқан   адамдар   тобы.   Ұжым   адамдардың 
әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы.
Ұмыту  -   меңгерген   материалдың   еске   түсіру   мен   қайта   жаңғыртылуы 
мүмкіндігінің біртіндеп кемуімен сипатталатын ес процесі. Ұмытуды ең алғаш
Г.Эббингауз зерттеп, мағынасыз вербальдық материалдың жадқа сақталуының 
25

уақытқа тәуелділігін эксперименттік тұрғыда анықтады.
Үйреншікті зейін – адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-
ақ, қажеті әрі құнды болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы. 
Флегматик  –   темперамент   типі,   эмоциялық   қозуы   әлсіз,   тез   қызып 
желікпейтін,   көңіл-күйі   байсалды,   орнықты,   қозғалысы   өте   баяу,   мінезі 
ауыр адам. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал