Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Геронтология - қартаю процесін және қарт адамдарды зерттеу. 
Гуманистік психология – психологияның ең басты пәні бірегей біртұтас 
жүйе болып табылатын тұлға болуға тиіс деп есептейтін бағыт. 
Ғарышкерлік   психологиясы  -   адамның   салмақсыздық   пен   әуе 
кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу кезіндегі қиыншылық 
жағдайдағы   психологиясын,   адамның   көңіл-күйімен   төзімділік   көрсету 
шараларын зерттейді.
Дағды  - алғашқыда саналы орындауды қажет ететін әрекеттің жаттыға 
беру нәтижесінде автоматты қалыптасуы. 
Данышпандық  - бүкіл адамзаттың игілігі үшін өшпес, өлшеусіз еңбек 
етіп,   ұлы   мәселелерді   парасаттылықпен   шеше   алатын   адамға   тән 
психологиялық қасиет.
Дарындылық  –   үлкен   нышаннан   туындайтын   қабілеттіліктің   түрі. 
Дарындылық адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қабілетілігі, өнердің бір 
түріне туа бейімділігі.
Дедукция - жалпыдан жекеге қарай жүргізілетін ой қорытындысы.
Дефектология  -   аномалиялы   балалардың   дамуының   психологиялық-
физиологиялық   ерекшеліктері,   оларды   оқыту   мен   тәрбиелеу   заңдылықтары 
туралы ғылым. 
Джеймстің   -   Лангенің   эмоциялар   теориясы  -   америкалық   философ 
және психолог У. Джеймс пен неміс психологі Г. Лангенің  XIX  ғасырдың 80 - 
90-жылдарында   бір-бірінен   бөлек   ұсынған   теориясы.   Бұл   теория   бойынша 
эмоциялардың   пайда   болуы   еріксіз   қозғалу   саласындағы,   сондай-ақ   жүрек, 
қантамыр,   секреторлық   қызметтің   саласындағы   өзгерістердің   сыртқы 
әсерлерінен   туындайды.   Эмоциялық   күйініш-сүйініштер   осы   өзгерістермен 
байланысты   түйсіктердің   жиынтығы   болып   шығады.   Джеймстің   ойынша, 
«жылағандықтан   мұңданамыз,   дірілдегендіктен   қорқамыз,   күлетіндіктен 
қуанамыз».   Джеймс   эмоцияларды   перифериялық   өзгерістердің   кең   тобымен 
байланытырса, Ланге қантамыр-қозғалу жүйесімен - иннервация күйімен және 
тамырлардың   саңылауымен   байланыстырды.   Осылайша,   әдетте,   эмоцияның 
салдары деп қарастырылатын перифериялык, органикалық өзгерістер олардың 
себебі деп жарияланды. 
Динамикалық   стереотип
 -   үнемі   қайталанып   отыратын 
тітіркендіргіштерге   организмнің   төселуін,   соның   нәтижесінде   ми   қабығында 
қозу мен тежелу жүйесінің жасалуы
Дисфазия  -   мидың   зақымдануынан   қалыпты   сөйлеудің   бұзылуы. 
Синонимі – афазия.
Диффузиялық топ  - құндылық-бағдарлылық топтасқандық болмайтын, 
11

қатысушыларының   қатынастарын   ортақтандыра   алатын   бірлескен   іс-әрекеті 
жоқ қауымдастық. 
Егіздік әдіс  -  біркелкі  (гомозиготалық) және  әркелкі  (гетерозиготалық) 
егіздердің психологиялық ерекшеліктері мен дамуын салыстыра зерттеу. Егіздік 
әдіс   адамның   психологиялық   қасиеттері   мен   мінез-құлық   ерекшеліктерінің 
қалыптасуына   тек   пен   ортаның   ықпал   деңгейі   туралы   мәселені   ғылыми 
тұрғыдан шешу мақсатында жүргізіледі.
Елестету, елес - бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар 
мен бейнелер жасауға саятын психикалық процесс. Елестету субъектінің заттық 
карекетінің   құралдары   мен   нәтижесін   ойша   құрудан,   проблемалық   жағдай 
белгісіз   сипатта   болғанда   іс-әрекет   бағдарламасын   жасаудан,   қарекетті 
бағдарламай,   алмастыратын,   тәріздендіретін   бейнелер   шығарудан,   объектінің 
бейнелерін жасаудан көрінеді. 
Еліктеу  - басқалардың мінез-құлқын не көшіру процесі. Еліктеу ерікті 
және   еріксіз   болуы   мүмкін.   Адамның   өз   әрекетін   басқаның   үлгісімен 
модельдеуге тырысуы. 
Еңбек   психологиясы  -   еңбек   қарекетінің   нақты   нысандарының   және 
адамның   еңбекке   деген   көзқарасының   қалыптасуының   психологиялық 
заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ерік  - адамның  өз   қызметін  және  әртүрлі  психикалық   процестерді   өзі 
детерминациялауынан   және   өзі   реттеуінен   көрінетін   қабілеті.   Еріктің   негізгі 
функциялары:   түрткілер   мен   мақсаттарды   таңдау,   іс-әрекет   мотивациясы 
жеткіліксіз   не   басы   артық   болғанда   іс-әрекетке   деген   ниет,   ынтаны   реттеу, 
психикалық   процестерді   адам   атқаратын   іс-әрекетке   барабар   жүйе   етіп 
ұйымдастыру, қойылған мақсаттарға жетуде кедергілерден өтетіндей жағдаятта 
физикалық және психикалық мүмкіндіктерді жұмылдыру. 
Ес - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, 
қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. 
Еске түсіру - ұзақ мерзімдік жадтан қажет ақпаратты іздеумен, қалпына 
келтірумен және алумен байланысты ақыл-ой ерекеті. Еске түсіру еске алудың 
ырықты нысаны ретінде көрінеді.
Есте сақтау, есте қалдыру - материалдың жадта сақталуын қамтамасыз 
ететін   процестердің   жалпылама   атауы.  Есте   сақтаудың   нетижелілігі,   ең 
алдымен,   жаңа   материалды   ұғынылған   байланыстар   жүйесіне   кіріктіру 
мүмкіндігіне   қарай   анықталады.   Есте   сақтау   процестерінің   іс-әрекет 
құрылымындағы   орнына   байланысты   ерікті   және   еріксіз   есте   сақтау   болып 
бөлінеді. 
Жалпы психология -  неғұрлым жалпы психологиялық  зандылықтарды, 
психологияның теориялық принциптері мен әдістерін, оның негізгі ұғымдары 
мен   санаттық   құрылысын   анықтайтын   теориялық   және   эксперименттік 
зерттеулер.
Жан  -   адам   мен   жануарлардың   психикасына   тарихи   тұрғыда   өзгеріп 
12

отырған   көзқарасты   бейнелейтін   ұғым;   дінде,   идеалистік   философия   мен 
психологияда   жан   материалдық   емес,   денеден   тәуелсіз,   тіршілік   пен   таным 
бастауы.   "Жан"   ұғымының   шығуы   ұйқы,   естен   тану,   өлім   және   тағы   басқа 
жағдайларды қарадүрсін-материалистік тұрғыдан ұғынған алғашқы қауымдық 
адамның анимистік түсініктерімен байланысты. 
Жас дағдарыстары - онтогенездің қауырт психологиялық өзгерістерімен 
сипатталатын,   уақыты   жөнінен   біршама,   ұзақ   емес   ерекше   кезеңдері.   Жас 
дағдарыстары жас тұрғысындағы бір сатыдан екіншісіне өтумен байланысты 
пайда   болуы   мүмкін   және   оның   әлеуметтік   қатынастар,   сана   саласындағы 
жүйелі сапалық түрленумен байланысты. 
Жас   психологиясы  -   адам  психикасының   дамуын   және   оның   жас 
тұрғысынан әртүрлі кезеңдерге ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы. 
Жас   психологиясы   бала   психологиясын,   ересек   адамның   жекелей   даму 
психологиясын және геронтологиялық психологияны (қарттық психологиясын) 
қамтиды.
Жасқа   қатысты   сензитивтілік  -   белгілі   бір   психологиялық   қасиеттер 
мен процестердің дамуы үшін қажет жағдайлардың белгілі бір жас кезеңіне тән 
оңтайлы ұштасуы.
Зейін  -  адамның   санасының   айналадағы   объектілердің,   болып   жатқан 
құбылыстар   мен   процестердің   ішінен   керектісін   бөліп   алып,   назарын 
тұрақтатуы. 
Зеректік - адамның белгілі бір ақпаратты қабылдау, санасына сіңіру және 
қорыту   қабілетінің   жоғарылығы.   Зерек   адам   дамудың   логикалык 
қағидаларының жетегімен бұрын жүріп көрмеген жолмен нысанаға жете алады, 
шығарып көрмеген есепті шығарады, шешіп көрмеген түйінді шешеді. 
Зиялылық 
-   адамның   мәдениетке,   парасатқа,   түсінуге   ден 
қоюшылығынан,   мәдениеттің   құндылығы   мен   қажеттілігін   түйсінуінен 
көрінетін қасиеті. 
Зият, парасат  (интеллект) - индивидтің ақыл-ой қабілеттерінің біршама 
орнықты құрылымы. 3ият ақпаратты мақсатты бағытты қайта өңдеуге, реттеуге, 
оқуға   қабілеттіліктің   күрделі   жүйелерінің   танымдық   іс-әрекеті.   3ият 
функциялары:   оқуға   деген   қабілеттілік;   символдармен   операция;   қоршаған 
болмыстың заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік.
Зият тестілері (тест интеллекта)- индивидтің ақыл-ой әлеуетін анықтауға 
арналған   психологиялық   диагностика   әдістемелері.   Зият   тестілерінің 
көпшілігінде   сыналушыға   арнаулы   бланкте   тестінің   міндеттері   солардан 
құрастырылған   терминдер   мен   ұғымдар   арасындағы   нұсқауда   көрсетілген 
логикалық   топтастыру,   ұқсастыру,   қорыту   және   тағы   басқа   қатынастарды 
анықтап белгілеу ұсынылады. Сыналушы өзінің шешімдерін жазбаша түрде, не 
бланкіде бар бірнеше варианттың біреуіне белгі қойып хабарлайды. Тестілер 
есептеріндегі   дұрыс   орындалғандарының   санына   қарап   сыналушының 
ойдағыдай өткені анықталады және зияттылық коэффициенті шығарылады. 
Зоопсихология - жануарлардың психикалық процестерінің онтогенездегі 
13

қалыптасуын,   психиканың   эволюция   процесінде   пайда   болуын   және   оның 
дамуын,   адам   санасының   биологиялық   алғышарттарын   және   оның   туылу 
тарихын зерттейді.
Идентификация  –   бір   нәрсені,   біреуді   тану   барысында   субъект 
объектінің   сыртқы   мінез-құлық   нысандарын,   басқа   адамның   ойларын, 
сезімдерін, әрекетін өзіне көшіруі. 
Идеомоторика  -   идеялармен   берілген   сыртқы   әрекет.   Бұлшық   ет 
қозғалысының сол қозғалысты орындауға өтуі (немесе қозғалысты қамтамасыз 
ететін жүйке серпіндерінің пайда болуы). Идеомоторика қимыл мүшелерінен 
түсетін кері байланыс сигналдарымен басқарылады.
Икемділік  - субъектінің алған білімдері мен дағдыларының жиынтығы 
арқылы іс-әрекетті орындауға қатысты меңгерген қабілеті. Икемділік жаттығу 
арқылы қалыптасады және іс-әрекетті үйреншікті жағдайда ғана емес, сонымен 
қатар өзгерген жағдайларда да орындауға мүмкіндік жасайды. 
Имандылық  - ар-ұятты, сенімді медениетті әрекетің көрінісі. Адалдық, 
инабаттылық, ізеттілік, ізгілік — имандылықтың белгісі. 
Импульсивтілік   -  адам   мінез-құлқының   ерекшелігі   (орнықты   нысанда 
мінез қыры); сыртқы ықпалдық әсерінен немесе эмоцияның әсерінен әрекет ету. 
Индивид   -  жекелей   табиғи   тіршілік   иесі.   Ноmо   sаріеns   түрінің   өкілі 
филогенездік   және   онтогенездік   дамудың,   туа   біткен   және   жүре   біткеннің 
біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам; 
адамзат   қауымдастығының   жеке   бір   өкілі;   табиғи   шектелу   шеңберінен   асып 
шыққан,   құралдарды,   белгілерді   пайдаланатын   және   осылар   арқылы   өзінің 
мінез-құлқы мен психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі. 
Индивидтің   өз   бетімен   дамуы   -  адамның   іс-әрекеттік   және   басқа   да 
тұлғалық сапаларын оның тұтас мақсатты қызметінің алуан түрлері барысында 
байыту процесі. Ол түрлі іс-әрекет барысында әлеуметтік тәжірибені игеру мен 
мәдениетке қол жеткізудің негізі болып табылады.
Индукция – жекеден жалпығы қарай жасалатын ой қорытындысы. 
Инженерлік   психология   -  адам   мен   машина   арасындағы   ақпараттық 
өзара әрекеттестік процестері мен құралдарын зерттейтін психология саласы. 
Интериоризация -  сыртқы әрекеттің ішкі психикалық әрекетке айналу 
процесі.
Интерио(ре)цепторлар  -   ішкі   мүшелер   мен   организм   ұлпаларындағы 
жүйкенің аяқталған бөлігі. Интероцепторлар ішкі мүшелер мен жүйкелердің іс-
әрекетін рефлекторлы реттеуге және гомеостаздың тұрақтылығын ұстап тұру 
үшін маңызды роль атқарады.
Интроспекция  - тұлғаның өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі 
жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі 
әлемін зерттеу.
Иіс   талдағышы  -   мұрын   кеңістігіне   әсер   ететін   иісі   бар   заттарды 
талдайтын   нейрофизиологиялық   жүйе.   Иіс   талдағышы   перифериядан   (иіс 
рецепторларынан),   арнайы   өткізгіш   жолдардан   (иіс   жүйкелері),   ми 
14

қыртысындағы жүйке құрылымдарынан тұрады.
Кәрілік   психологиясы  -   қартайған   адамға   тән   психологиялық 
ерекшеліктердің   жиынтығын   қарастыратын   психология   саласы.   Кәрілік 
психологиясына   тән   нышандарға   мыналар   жатады:   уайымшылдық, 
мақтаншақтық,   өткен   өмірінің   мәнсіз   кезеңдеріне   өкіну;   жастарды,   шуды 
жақтырмау;   тыныштық   іздеу,   ұйқының   азаюынан   мазасыз   болу;   сөздері   мен 
істерін қайталай беруі, белгілі деңгейде пессимизм, түңілу.
Кинестезиялық   (қозғалыс)   түйсіктер   -  адамның   өз   мүшелерінің 
орналасуын, қозғалуын және бұлшық еттерінің күшін түйсінуі. Кинестезиялық 
түйсіктер бұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда болатын арнайы рецепторлық 
құрылымдардың қозуы нәтижесінде пайда болады.
Клиникалық   психология  -   медициналық   психологияның   аурулардың 
пайда болуы мен барысының психикалық факторларын, аурулардың тұлғаларға 
ықпалын,   емдік,   шипалық   ықпал   әсердің   психологиялық   аспектілерін 
зерттейтін сала.
Когнитивтік диссонанс теориясы  - америкалык, психолог Л.Фестингер 
ұсынған (1957) және адамның мінез-құлқына когнитивтік элементтер (сенімдер, 
пікірлер,   құндылықтар,   ниеттер   жөне   т.б.)   жүйесінің   ықпалын   түсіндіретін 
батыс әлеуметгік психологиясы тұжырымдамаларының бірі. 
Когнитивтік   психология  -  қазіргі   шетелдік   психологияның   жетекші 
бағыттарының   бірі.   Когнитивтік   психология  XX  ғасырдың   50-жылдарының 
аяғында   АҚШ-та   үстемдік   етіп   тұрған   бихевиоризмге   тән   психикалық 
процестердің   ішкі   ұйымдастырылуы   ролінің   теріске   шығарылуына   реакция 
ретінде қалыптасты. Когнитивтік психология бихевиоризм мен психоанализді 
интеллектуалдық немесе менталдық позициядан сынайтын барлық бағыттарды 
қамтиды.
Конвергенция  -   бақыланатын   объектінің   бейнесі   екі   көзге   бірдей 
мейлінше   жақсы   көрінетін   алаңға   келетіндей   етіп   көздердің   қиысуы. 
Бақыланатын   нәрсе   неғұрлым   жақын   болса,   конвергенция   да   көз   остерінің 
қиысуы соғұрлым айқын болуы, демек, екі көз объекті тұрған нүктеден бірдей 
қашықтықта болып, бірдей конвергенцияланады. 
Конвергенция теориясы –  неміс психологі В.Штерн енгізген баланың 
психикалық дамуы туралы теория. Психикалық даму туралы екі теорияның - 
преформизм   (нативизм),   баланың   дамуындағы   ішкі   жағдайларға   -   тұқым 
қуалаушылыққа   және   сенсуалистік   теория   (эмпиризм),   біржақтылығын 
болдырмауға тырысудан туған. 
Конформдылық  -   адамның   өз   төңірегіндегі   топтың   ықпал-әсеріне 
берілгіштігі, көпшіліктің бастапқыда өзі қостамайтын ұстанымдарына сәйкес 
өзінің мінез-құлық ұстанымдарын өзгертуінен көрінеді. 
Корпорациялық топ  – тұлға-аралық қарым-қатынас топ мүшелері үшін 
өзара жеке мәнді сипатта жүзеге асырылатын топ.
Коррекциялық әдіс - психодиагностикалық әдістер негізінде психологтің 
15

тұтынушы   немесе   баланың   нақты   күйзелістерін,   тілектерін,   танымдық 
процестеріннің даму ерекшеліктеріне түзету жұмыстарын таңдау және жүргізу.
Көңіл-күй  -   индивидтің   психикалық   өмірінде   құптарлық   немесе 
құптамайтын   эмоциялық   фонда   жай   немесе   әлсіз   сапада   көрінетін   біршама 
ұзақ, орнықты психикалық күй. 
Көңіл-күйге   ортақтасу  -   субъектінің   эмоциялық   күйінің   басқа   бір 
тұлғаның (не әлеуметтік топтың) көңіл-күйіне ұқсауы; бұл орайда субъектінің 
индивидумдық санасында басқа адамның (не әлеуметтік топтың) ол тап болған 
оқиғаларға қатынасы бейнеленеді. 
Көрнекі   –   бейнелі   ойлау  -   ойлау   түрлерінің   бірі.   Жағдаяттарды   және 
олардағы өзгерістерді елестетумен байланысты. Көрнекі-бейнелі ойлау арқылы 
заттың іс жүзіндегі әртүрлі сипаттамаларының бүкіл сан алуандығы неғұрлым 
толық   қалпына   келтіріледі.   Көрнекі-бейнелі   ойлаудың   маңызды   ерекшелігі 
заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттен тыс, «ерекше» ұштасуларын анықтау 
болып табылады. 
Креативтілік   тестілері  -   тұлғаның   шығармашылық   қабілеттіліктерін 
зерттеп, бағалауға арналған әдістемелер жиынтығы.
Күй  -   ең   жалпылама   түрінде   кез   келген   жүйенің   оның   ортаның 
координаттық   объектілеріне   қатынасты   жағдайын   бейнелейтін   сипаттама. 
Адамның   күйі   қоршаған   орта   мен   жағдаятқа   бейімделудің   реттеушілік 
функциясы болып көрінеді.
Күйгелектік - белгілі бір істің, оқиғаның, құбылыстың байыбына бармай, 
оның келеңсіз салдарын үлкейте көрсетіп, оған қатысты өзінің жасауға тиісті 
әрекет жасай алмай, негізсіз абдырауы. 
Кішіпейілдік  -   адамгершілікті   көрсететін   мінез-құлық;   үлкенге, 
айналасындағы адамдарға иманжүзділік сыйласым көрсетудің көрінісі.
Қабылдау  -   сезім   органдарының   рецепторлық   беттеріне   физикалық 
тітіркендіргіштердің тікелей әсері кезінде пайда болатын заттардың, жағдаяттар 
мен   оқиғалардың   тұтас   бейнесі.   Қабылдау   заттар   мен   құбылыстардың   мида 
тұтас бейнелену процесі. Қабылдауда заттардың түсі, дыбысы, исі, дәмі, түрі 
және   т.б.   қасиеттері   тұтас   күйінде   қабылданады.   Қабылдау   -   ми   қабығының 
күрделі анализдік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізінде 
бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың өзара әрекетінен пайда 
болған уақытша байланыс жатады.
Қабылдаудағы   иллюзиялар 
–   түрлі   себептерге   байланысты 
шындықтағы   объектілерді   қате   қабылдау   немесе   қабылданатын   затты,   оның 
қасиетін   барабар   емес   бейнелеу.   Қазіргі   уақытта   неғұрлым   зерттелген, 
иллюзиялық әсерлер: екі өлшемді контурлы көріністерді көру қабылдауындағы 
иллюзиялық   эффектілер.   Олар   «оптикалық-геометриялық   иллюзиялар»   деп 
аталады.   Енді   бір   түрі:   контраст   айқындылығының   феномені.   Мәселен:   сүр 
жолақтың ашық түсті аяда күңгірт, ал қара түсті аяда жарық болып көрінуі.
Қабілеттілік - белгілі бір өнімді іс-әрекетті табысты орындаудың шарты 
16

болатын тұлғаның жеке дара психологиялық ерекшеліктері. Қабылдау тұлғаның 
жалпы   бағыттылығымен,   адамның   белгілі   бір   әрекетке   бейімділігінің 
орнықтылығымен тығыз байланысты. Қабілеттің түрлері: жалпы қабілеттілік
арнайы қабілеттілік, потенциалдық қабілеттілік, актуалдылық қабілеттілік. 
Қабілеттілік   тестілері  -   жалпы   алғанда   қайсыбір   мақсатқа   жетудің 
әлеуеттік   мүмкіндігін  өлшеу   үшін   құрастырылған   кез   келген   тест.   Арнайы, 
жалпы қабілетерді және көп жақты қабілеттерді мөлшерлеп анықтауға арналған 
түрлері құрастырылады.
Қажеттілік  -   адамның   дамуы   мен   өмір   жағдайындағы   белгілі   бір 
нәрселерге   мұқтаждануы;   қажеттіліктердің   түрлері:   биологиялық,   әлеуметтік, 
материалдық, рухани, аффилиациялық (бірігуге), жақындасуға, жетістік, таным 
және тағы басқа қажеттер. 
Қажу  -   организмнің   дене   және   ақыл-ой   жүктемелері   ұзақ   уақыт   әсер 
еткенде   қалыптасатын   және   жұмыс   қабілетінің   төмендеуімен   сипатталатын 
күйі. Организмнің әрекетті қамтамасыз ететін психофизиологиялық жүйелері 
жұмысының үйлесімсізденуінен білінеді. Бұл қан айналысының, тыныстаудың, 
терморегуляцияның және тағы басқа теңдес емес өзгерулерінен, ал ой еңбегінен 
қажығанда   зейіннің   босаңсуынан,   ойлау   процестерінің   баяулауынан,   жадтың 
(қайта жаңғыртудың) қателесулерінен көрінеді.
Қарым-қатынас   –  біріккен   іс-әрекет   қажеттілігін   туғызатын,   адамдар 
арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. 
Адамдардың танымдық хабарлар алмасу, өзара түсінусі, бір-бірін қабылдауы. 
Қарым-қатынастың   үш   жағы   бар-интерактивті,   коммуникативті,   перцептивті. 
Қарым-қатынас   деңгейлері   –   микро,   мезо,   макро.   Қарым-қатынас   түрлері   - 
рухани, іскерлік, манипулятивтік, премитивті және тағы басқа.
Қарым-қатынастың коммуникативтік жағы - ақпарат алмасу және оны 
түсімен   анықталады.   Қарым-қатынас   барысында   адресант   пен   адресат   ортақ 
белгілер   жүйесін   пайдалану   арқылы   қарым-қатынас   серіктестері   бір-бірімен 
ақпарат алмасады.
Қарым-қатынастың   интерактивтік   жағы  -   бірлескен   әрекетті 
ұйымдастыруымен   оны   орындаудағы   серіктестердің   қарым-қатынастарында 
анықталады.   Адамдардың   жұмысты   өзара   бөлісу,   келісім   бойынша   жұмыс 
істеуі. Зерттеулердің нәтижесінде өзара әрекеттесулердің түрлері анықталған: 
достық, бәсекелестік және қақтығыстық (конфликт).
Қарым-қатынастың перцептивтік жағы  -  қарым-қатынас серіктестері 
бірін-бірі қабылдап, түсінуімен сипатталады. «Әлеуметтік перцепция» термині 
алғаш   рет   1947   жылы   Дж.Брунердің   «Қабылдауға   арналған   жаңа   көзқарас» 
деген еңбегіне енгізілді.
Қиял  –   сыртқы   дүние   заттары   мен   құбылыстарының   субъективтік 
бейнелерін  қайтадан   жаңғыртып,  өңдеп   бейнелеуде  көрінетін  тек   адамға  тән 
психикалық процесс. 
Қозу  -   тірі   организмдердің   қасиеті,   қозатын   ұлпаның   тітіркендіруге 
17

беретін жауабы. Жүйке жүйесі үшін қозу – негізгі функция. Қозу процесі сырқы 
стимулдың берілген органға тән абсолюттік қозу табалдырығынан асып түсетін 
белгілі бір қарқындылығында ғана пайда болады.
Қозудың  шоғырлану   заңы  –   мидың   тар   шектелген   жерлерінде   жүйке 
процестерінің   жинақталуы.   Бұл   заң   бойынша   жүйке   процестерінің   таралуы 
жүйке   жүйесінің   функциялы   ұйымдасу   ерекшеліктеріне   байланысты.   Мұнда 
барлық   жүйке   клеткалары   бір-бірімен   өздерінің   талшықтары   арқылы 
байланысқан.
Қолданбалы психология - психологияның теорияларын, жаңалықтарын, 
принциптерін тәжірибеде іске асыру саласы.
Құмарлық - адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын 
күшті, терең, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады. 
Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық, 
бақ құмарлық, ойын құмарлықты ұнамсыз дейміз. 
Қызығушылық  -   дүниедегі   заттар   мен   құбылыстарды   белсенділікпен 
танып   білуге   бағытталған   адамның   жеке   ерекшеліктерінің   бір   көрінісі. 
Адамның   өзіне   тартып,   құмарттыратын   нәрсенің   бәрі   қызығушылықтың 
объектісі болып табылады. 
Қылмыстық   психология  -   құқық   бұзушылардың   психологиялық 
механизмдері   мен   олардың   психологиялық   ерекшеліктерін,   қылмыстық 
топтардың құрылуы, құрылымы, іс-әрекет жасауы және ыдырауы мәселелерін 
зерттейді.
Лидер  –   көшбасшысы,   жетекші.   Топтағы   бірлескен   іс-әрекетті 
ұйымдастыруда және топтағы өзара қатынастарды реттеуде шынайы орталық 
ролді атқаратын беделді тұлға.
Локализация  -   стимулдың   кеңістіктегі   орнын   анықтайтын 
перцептивті әрекет. 
жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет