Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 5.01 Kb.

бет6/7
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
112 
ЕКІНШІ ТАРАУ БОЙЫНША БЕКІТУ БЛОГЫ 
 
«М
АҚЫШ 
Қ
АЛТАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
»
 ТАҚЫРЫБЫ 
БОЙЫНША ӨТКІЗІЛЕТІН ТӘЖІРИБЕШІЛІК 
(
СЕМИНАР
)
 САБАҚ 
ЖОСПАРЫ
 
 
Сабақ  мақсаты:  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетінің  айтулы  өкілі 
Мақыш  Қалтайұлы  шығармашылығының  бағыт-бағдарын,  поэзиясының 
тақырыптық-мазмұндық,  көркемдік-идеялық  ерекшелігін,  ақының  қазақ 
әдебиетіндегі орнын, шығармашылық даралығын анықтау. 
 
Қарастырылатын мәселелер: 
1. Мақыш Қалтайұлы өлеңдерінің тақырыптық, мазмұндық өрісі. 
2. Сыншылдық  өлеңдерінің идеялық арнасы 
3. Ағартушылық өлеңдерінің негізгі бағыты. 
4. Мысал өлеңдерінің даралық сипаты. 
 
Сұрақтар 
1. Ақын шығармаларының жанрлық ерекшеліктерін көрсетіңіз.  
2.  Мақыштың  публицистикалық  шығармаларын  атаңыз,  мақалаларында 
қандай қоғамдық-әлеуметтік мәселерді көтерген? 
3.  Ақынның  сыншылдық  бағыттағы  өлеңдеріндегі  адамгершілік  мұрат-
мақсаттары қандай? 
4. Ақын өлеңдерінде әлеуметтік мәселелер қалай көтерілген? 
5. Оқу-ағарту, ғылым-білімге қатысты ақынның ұстаным қандай? 
6. Мақыштың мадх жанрындағы туындыларын атаңыз, кімдерге арналған, 
олардың тарихи тұлғасы туралы не білесің ? 
7.  Ақынның  мысал  жанрындағы  өлеңдерінің  көркемдік-идеялық 
ерекшелігіне тоқталыңыз. 
8. Мақыштың «Қазақ хәкімдері», «Ишандар хақында», Қожалар хақында» 
өлеңдерінің тақырыптық-мазмұндық ерекшелігі қандай? 
9.  Ақынның  «Насихат  қазақия»  жинағындағы  өлеңдерінің  көтерген 
мәселесі не? 
 
ӘДЕБИЕТТЕР

1.  Кенжебаев  Б.  Әдебиет  белестері:  зерттеулер,  мақалалар.

Алматы: 
Жазушы, 1986.

 400 б. 
2.  Кенжебаев  Б.  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеті.

Алматы:  Білім, 
1993.

248 б. 
3.  Кенжебаев  Б.Қазақ  әдебиеті  тарихының  мәселелері.

Алматы:  Ғылым, 
1973.

166 б. 
4. Ақмола: Энциклопедия.

Алматы: Атамұра, 1995.

400 с. 
5.  Сыдиықов  Қ.  Мақыш  Қалтаев  //  Кітапта:  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі 
қазақ әдебиеті (Қазан төңкерісіне дейінгі дәуір).

 Алматы,1994. 

 310 б.  

 
 
113 
6. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. 

Алматы: 
Білім, 1998.

256 б. 
7. Қожакеев Т. Сатира негіздері.

Алматы: Санат, 1996.

464 б. 
8. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет.

Астана: «Фолиант», 2002.

 474 б. 
9. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі.

Астана: Елорда, 2000.

344 б. 
10. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.  – 
Қарағанды: «Болашақ», 2010. – 420 б. 
11.  Мақыш  Қалтайұлы  шығармалары:  өлеңдер,  аудармалар,  мақалалар. 
Құрастырып,  алғы  сөзін  жазған  Еспенбетов  А.,  Әміренов  Ә.  –  Семей,  1998.  – 
137 б. 
12.  Діни  ағартушылық  әдебиет.  Хрестоматиялық  оқу  құралы.  1-2  бөлім. 
Құрастырған, алғы сөзін, өмірбаяндық анықтамалар мен араб  парсы сөздеріне, 
діни терминдерге түсініктеме жазған Ә.Әміренов- Павлодар, 2010. – 209 / 223 б.
 
 
ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ
 
 
1. 
Мақыш  Қалтайұлының  шығармашылық  бағытына  қатысты 
У.Қалижанұлы мен Д.Қамзабекұлы зерттеулері бойынша конспект жасаңыз. 
2. «Мақыш Қалтайұлының мақалалары» атты реферат дайындаңыз. 
3.  Ақынның  мысал  жанрындағы  өлеңдерін    талдап,  даралық  ерекшелігін 
анықтаңыз. 
4. Ақынның сыншылдық, ағартушылық бағыттағы өлеңдерін талдаңыз 
 
РЕФЕРАТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
 
 
1.
 
Ақынның мадх жанрындағы туындылары 
2.
 
Мақыштың діни ағартушылық өлеңдері 
3.
 
Мақыш Қалтайұлының қазақ журналистикасындағы орны 
4.
 
Мақыш Қалтаев және Мәшһүр Жүсіп: шығармашылық байланыс 
 
 
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ
 
1. Мақыш Қалтайұлының діни көзқарасы 
2. Ақын поэзиясындағы ағартушылық тақырыбы 
3. Мақыш шығармаларындағы жәдитшілдік және милләтшілдік ұстаным 
4. Мақыштың саяси-әлеуметтік өлеңдері 
5. Мақыш өлеңдеріндегі имандылық және адамгершілік тақырыптары 
 
 
 
 
 
 

 
 
114 
 
 
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
 
 
1. Мақыш Қалтаевтың өлеңдері: 
А) «Алтыншы назым», «Тақпақ назым» 
В) «Жыл келді», “Ақыл мен ғылым” 
С) «Ұршық”, «Өмірдің өтуі» 
Д) «Қазақ хәкімдері», «Хаж хақында» 
Е) «Заман», «Аждаһанның аузында» 
 
2. Мақыштың мысал өлеңдерін көрсет: 
А) «Сабырсыздық», «Есектің ойнауы» 
В) «Екі теке», «Арыстан мен түлкі» 
С) «Тышқан мен қоян», «Шымшық пен қарға» 
Д) «Қасқыр, түлкі, бөдене», «Бояулы суыр» 
Е) «Есек пен бұлбұл», «Ауыру арыстан» 
 
3. Ақынның сыншылдық бағыттағы өлеңі 
А) «Кәсіп әдептері» 
В) «Тұта білмек» 
С) «Жастар хақында» 
Д) «Мұғамала әдептері» 
Е) «Жақсылыққа жамандық» 
 
4. Мақыштың «Жастар хақында» өлеңі Абайдың қай өлеңімен үндеседі? 
А) «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» 
В) «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» 
С) «Интернатта оқып жүр» 
Д) «Заман ақыр жастары» 
Е) «Қор болды жаным» 
 
5.Ақынның «Халалын қызғанбау хақында» өлеңінің мазмұны 
А) оқу- ағартуға үндеу 
В) казақтың мал шаруашылығын сынау 
С) қалың мал мәселесін талқылау 
Д)* жастардың қымыз сату кәсібін сынау 
Е) үйлену шарттары туралы насихат 
 
6. Төмендегі өлең жолдары ақынның қай шығармасынан үзінді:  
Заманадан хабарсыз біздің халық, 
Болыс боларынша мың ақша салып. 
Ел қарату үшін де ақша беріп, 
Онысын қайта жияр пара алып. 

 
 
115 
Мұнысының үш-ақ жыл ақыр шегі, 
Орысша пәс дәрежеде қазақ бегі. 
Партия себебімен дау-жанжал боп, 
Үш жылға да жетпейді мұның көбі,  
А) «Ихтизар» 
В) «Қазақтың сахауаты» 
С) «Қожалар хақында» 
Д) «Ишандар хақында» 
Е) «Қазақ хәкімдері» 
 
7.  «Балалардың  қуыршақ  ойынындай,  Хақиқат  жоқ  істері  бәрі  жалған», 
деп ақын қай әлеуметтік топқа реніш білдіреді? 
А) ишандарға 
В) қожаларға 
С) әкімдерге 
Д) болыстарға 
Е) байларға 
 
8. Ақынның әлеуметтік топтарды сынайтын өлеңдері 
А) Қазаққа берілген теңдік», «Бар оқиға» 
В) «Қазақ хәкімдері», Ишандар хақында» 
С) «Фақырлық, байлық», «Садақат» 
Д) «Тұта білмек», «Тәдбир» 
Е) «Ата әдептері», «Ана әдептері» 
 
9. Өз жерінде кәмәлат таба алмайды, 
Мұсылманнан басқа да ғайри дінде. 
Дуаныңның ауылын көз алдыңа, 
Білсеңіз бар ма бірі туған мұнда. 
Әлде қайдан келтіріп қояды да, 
Оны дағы қоймайды бек көп жылға.., деп ақын кімдерді нысанаға алып 
меңзеп отыр. 
А) Түркістаннан келген сопыларды 
В) Орта Азилық қожаларды 
С) қазақ билігіндегі орыс отаршылдығын 
Д) орыс қарашекпенділерін 
Е) қазақтың болыс, билерін 
 
10. Мақыштың Абайдың 38- ғақылиясымен үндесетін өлеңі 
А) «Қария арасында мағұлым хақында» 
В) «Үміт қылу хақында» 
С) «Дүниенің керектігі хақында» 
Д) «Ишандар хақында» 
Е) «Бай молла садақа алу хақында» 
 

 
 
116 
11. Тәртіп жоқ, емтихан жоқ шуылдасып, 
Оқу деп ойнап жатыр талабалар, 
Әдепсіздік, жанжал мен қу төбелес 
Болады неше түрлі ғалабалар... 
Сағаттың жиырмасы ойын, ұйқы, 
Төртеуін оқыған боп болар харап, 
Екі ай сафсатамен күн кешіріп, 
Жазғытұры еліне кетер тарап, - деп ақын қандай оқуды сынайды 
А) таза қазақ мектебін 
В) қазақ-орыс аралас мектебін 
С) жаңа жәдид оқуын 
Д) сол кездегі орыс мектебін 
Е) ескі қадим оқуын 
 
12. Мақыштың педогогикалық, тәрбиелік көзқарасын көрсететін өлеңі 
А) «Ғылым әдептері» 
В) «Кәсіп әдептері» 
С) «Мұғамала әдептері» 
Д) «Сағи уа ижтиһат әдептері» 
Е) «Тұта білмек» 
 
13.Ақынның дін ғылымын насихаттайтын өлеңін көрсет 
А) «Ұстаз ренжіту хақында» 
В) «Ғылым үйрену парыздылығы» 
С) «Орысша оқу керектігі» 
Д) «Жәмғият әдептері» 
Е) «Рух, жан хақында» 
 
14. Өнерге жасбыспасаң іс бітпейді, 
Тең болмай дұшпан түгіл дос күтпейді. 
Өз көзің өзгелерден өткір болмай, 
Пайдаңды зарарыңмен шын таптайды. 
Айтпасаң арызыңды өзің тауып, 
Қажетіңді  қазеке  кім  жоқтайды, 

  деген  жолдар  ақының  қай  өлеңінен 
үзінді 
А) «Дүниенің керектігі» 
В) «Нәшір хақында» 
С) «Басқа жұрттар қандай халде» 
Д) «Қазақ сахарасын кезу» 
Е) «Өз пайдамызды білмеуіміз» 
 
15. Мақыштың мысал өлеңдері қандай атпен жарияланды? 
А) «Тура жол» 
В) «Насихат қазақия» 
С) «Қазақ айнасы» 

 
 
117 
Д) «Біраз ғибрат сөз...» 
Е) «Бар оқиға» 
 
16. Ақынның «Аз үміт көп зарар берер» деген мысалының сюжеті қайдан 
алынған? 
А) «Бабырнама» 
В) «Көроғлы» 
С) «Тотынама» 
Д) «Мың бір түн» 
Е)  «Кәлила мен Димна» 
 
17. «Аз үміт көп зара берер» мысалының басты кейіпкері 
А) ит 
В) есек 
С) қарға 
Д) алабұға 
Е) шыбын 
 
18.  Әлдінің  әлсізге  жасаған  қиянатын,  ынсапсыздықты  мазмұндайтын 
ақын мысалы қалай аталады 
А) «Садақат» 
В) «Қой, сиыр, ешкі, арыстан» 
С) «Сабырсыздық» 
Д) «Есектің ойнауы» 
Е) «Жақсылыққа жамандық» 
 
19. Сәбит Дөнентаевтің «Көзі тоймайтын ит» мысалымен Мақыштың қай 
мысалы  оқиға жағынан  бір-бірімен сәйкеседі? 
А) «Бал құрты мен шыбын» 
В) «Садақат» 
С)  «Аз үміт көп зарар берер 
Д) «Сабырсыздық» 
Е) «Фақырлық, байлық» 
 
20.  Ақынның  мақтаншақтық,  даңғойлықты  сынап,  қанағатшылыққа 
үндейтін мысалы қайсы 
А) «Садақат» 
В) «Қой, сиыр, ешкі, арыстан» 
С) «Есектің ойнауы» 
Д) «Фақырлық, байлық» 
Е) «Жақсылыққа жамандық» 
 
 

 
 
118 
21.  Оқиға  желісі,  идея,  тақырып,  кейіпкерлері  жағынан  әлемдік 
фольклормен  үндесіп  жатқан    Мақыш  Қалтайұлының  мысалы  қалай 
аталады? 
А) «Сабырсыздық» 
В) «Қой, сиыр, ешкі, арыстан» 
С) «Садақат» 
Д) «Есектің ойнауы» 
Е) «Жақсылыққа жамандық» 
 
22. Бұл қиссадан пайда алар сөзге түскен, 
Сабыр себеп тыйуға бұзық істен. 
Жақсылыққа тағы да себеп болар, 
Сабыр  қылып  сарғаю  келсе  күштен, 

  деген  ғибрат  ақынның  қай 
мысалынан алынған 
А) «Сабырсыздық» 
В) «Фақырлық, байлық» 
С) «Есектің ойнауы» 
Д) «Қой, сиыр, ешкі, арыстан» 
Е) «Садақат» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
119 
ТҮЙІНДЕУ 
 
ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  қоғамындағы 
әлеуметтік-экономикалық,  қоғамдық-саяси  жағдай  халықтың  рухани,  мәдени 
өміріне де өзгеріс әкелді. Бұл кезде қазақ даласы толықтай отарланды. Әсіресе, 
1862  жылдан  бастап  ресми  түрде  жүргізілген  миссионерлік  саясат  ХХ  ғасыр 
басында  өз  нәтижесін  берді:  қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  ұстанып  келе 
жатқан  мұсылмандық  наным-сенімін  аздырып,  халықты  шоқындырып 
христиандық  дінге  енгізу  арқылы  орыстандыру  саясаты  ашық  түрде  жүргізіле 
бастады. Бұл сұрқия саясат қазақ халқын ұлт ретінде сақталуы мен өмір сүруіне 
үлкен  қауіп  төндірді.  Осы  тұста  мойынға  түскен  бұғаудан  құтылудың  бірден-
бір жолы оқу-білімге, өнерге жетілу деген ағартушылық идея жайыла бастады. 
«Ағартушылық

жақсылыққа,  бақытқа  ұмтылған  күллі  елдің  бастан 
өткерер  жетілу  һәм  өрістеу  жолы.  Сондай-ақ  мұны  әр  ұлт  бір-біріне  ұқсай 
бермейтін  мазмұнда  қилы  жағдайда,  сан  түрлі  мерзімде  жүріп  өтеді.  Бұлай 
болуы  қоғамдық-тарихи  факторларға  байланысты, 

  дейді  Д.Қамзабекұлы,

  ... 
Қазақ  ағартушылығы  жат  жұртқа  бодан  болу  дәуірінде  туып,  қалыптасып 
дамыды. Бұл тұрғыдан ол отаршылдыққа қарсы күрес барысында жетілді»[129, 
1-4]. 
Отарлаушылық  әкелген  шоқындыру,  орыстандыру  саясатының  кесірінен 
заманның  азып-тозып,  адами-имандылық  хұлықтың  бұзылуына  қарсы  шығар 
жол 

  мұсылманшылық  жолы  деп  діни  ағартушылық  бағытта  жазған  ақындар 
шығармалары  халық  арасына  кең  таралды.  Солардың  қатарында  Мақыш 
Қалтайұлы та болды. 
Мақыш  Қалтайұлы 

  артына  мол  мұра  қалдырған,  өзіне  тән  қаламының 
қарымы  бар  ақын.  Ол 

  өткір  тілді  ақындығымен,  шәкірт  тәрбиелеп  оқытқан 
ұлағатты  ұстаздығымен,  дін-шариғат  ғылымына  жетік  ғұламалығымен  арқа 
жұртына танылып «мәшһүр» атанған ерекше тұлға.  
Қысқа  ғұмырында  ел  ішінде  атақ-абыройға  бөленген  Мақыш 
Қалтайұлының  өмір  жолы  маңызды  сәттерге  толы:  өз  заманының  атақты  дін 
ғұламаларынан дәріс алуы, ұстаздық жолға түсіп бала оқытуы, өз ортасындағы  
әйгілі  зиялы  адамдарымен,  татар  оқымыстыларымен  қарым-қатынаста  болып, 
пікірлесіп тұруы, ел-жұрт тану мақсатында қазақ сахарасын көктей өтіп аралап 
шығуы 

  оның  қоғамдық  көзқарасын,  азаматтық,  ақындық  тұлғасын 
қалыптастырған өмір жолының бел-белестері. 
Мақыш 
Қалтайұлының 
әдеби 
мұрасына,шығармаларының 
мән-
мазмұнына, ақындық өресіне қатысты аз жазылған жоқ. Осылардың барлығын 
сұрыптап-саралап,  безбендеп-өлшеп  қарағанымызда  ақынның  әдеби  мұрасы 
жөнінде  әр  түрлі  болжам-пайымдауларды,  бір-біріне  жанаспайтын  пікір 
қайшылықтарын  көреміз.  Мұның  өзі  мақыштанудағы  шешімін  таппай 
қордаланып жатқан мәселелердің көптігін аңғартады. Осы проблеманы ескеріп, 
зерттеу  барысында,  ақынның  Қазан  қаласы  баспаханаларында  басылған  өлең 
кітаптары  мен  аудармаларын  анықтап,  хронологиялық  басылымы  түзіліп, 
өлеңдерінің сан-сапасы сараланып, әдеби мұрасы бір жүйеге келтірілді. Мақыш 

 
 
120 
Қалтайұлы кеңестік дәуірде өзі тағдырлас Мәшһүр Жүсіп, Нұржан Наушабаев, 
Ғұмар Қараш сияқты басқа да ақындармен бірге орынсыз сынға ұшырап, өткен 
заманды  аңсаушы  діндар  ақын  атанып,  шығармалары  уақыт  талабына  қарай 
бағаланды.  Ақынның  әдеби  мұрасын  тұтастай  алып  бүгінгі  күннің  талғам-
таразысына  салып,  объективті  түрде  баға  бергенде  ғана  оның  ақындық 
тұлғасын,  шығармаларының  бағыт-бағдарын,  қазақ  әдебиетінде  алатын  орнын 
барынша ашып көрсетуге болады. 
Жұмысымызды  осы  бағытта  жүргізіп,  ақын  мұрасын  бір  қырынан 
зерттеп,  шығармаларының  тақырып-идеялық  мазмұнын  ашып,  мүмкіндігінше 
жан-жақты талдауға тырыстық. 
Мақыш халқының басына  отаршылдық қамыты біржола кигізіліп еріксіз 
жетекке  алған  кезде  ғұмыр  кешіп,  шығармашылықпен  айналысты.  Ақын 
өлеңдерінде  осы  дүрбелеңді  заманның  қат-қабат  сырларын  ашып,  өзі  өмір 
сүрген  қоғамның  сан-салалы  әлеуметтік  мәселелерін  көтерді.  Ол  діни 
имандылық,  адамгершілік,  оқу  мен  өнердің,  ғылым-білімнің  пайдасы,  өмірдің 
мәнісі сияқты тақырыптарды қозғайды. 
Мақыш  Қалтайұлы  ең  алдымен  сыншыл  ақын.  Ол  өз  ортасын,  қоғамды 
сөз  еткенде  әр  құбылыстың  мәніне  терең  үңіліп,  сыншыл  суреткер  ретінде 
көрінеді.  Әр  оқиғаға  өзінің  бағасын  ашық  айта  білетін,  әркімге  тиесілі 
анықтамасын  бере  алатын  шыншылдығын  танытады.  Ақын  өлеңдерінде 
өсекшілдік,  мақтаншақтық,  даңғойлық,  нәпсіқұмарлық,  зинақорлық  сияқты 
адам  хұлқын  аздыратын  кертартпа  әдет,  теріс  мінез,  даңғаза  дағды  біткеннің 
барлығы  өткір  сынға  алынып  әшкереленді.  Ақын  сыншылдығының  негізгі 
критерийі 

  қоғамдағы  кемшіліктерді  биік  адамгершілік  тұрғысынан  сынау. 
Сондықтан  ол  заман  шындығын  көрсеткен  өлеңдерінде  басты  тұлға  адам 
образын  пайдаланады.  Оларды  бай,  кедей,  еркек,  әйел  деп  бөліп  қарамайды. 
Ақын қоғам қайшылықтарын сөз еткенде ел билеуші әкім, болыстардан бастап 
руханилыққа, имандылыққа бастайтын дін қызметкерлері, тағдырына риза емес 
кедей-кепшікке  дейін  бәрі  бірдей  кінәлі  болып  табылады.  Қоғамдағы  қандай 
болмасын  кемшілікті  нысанаға  алғанда  оны  жеке  дара  алып  қарамайды,  бүкіл 
қоғам  бойындағы  дерт  деп  типтік  сипат  бере  сомдайды.  Бұл  жағынан  алғанда 
Мақыш  Абайдан  басталған  сыншыл  реализмді  дамытушы.  Мақыш  Қалтайұлы 
сыншылдығының  енді  бір  қыры 

  ол  заман  шындығын,  қоғамдық 
құбылыстарды  суреттегенде  оны  өзінің  ақындық  зердесімен  сараптап,  өзіндік 
таным-түсінігімен  ашып  көрсетеді.  Қоғамның  әлеуметтік  өміріндегі,  әдет-
ғұрыптағы,  адамдардың  мінез-құлқындағы  кемшіліктерді  сынағанда,  бұл 
келеңсіздіктердің  түп-тамыры  қоғамның  рухани  құнсыздануынан,  адамдар 
бойындағы 
діни 
мінез-құлықтың, 
мұсылманшылық 
салт-санасының 
әлсіздігінен деп түйеді. 
Мақыштың қоғам қайшылықтарын мұсылманшылық талғамда терең мән 
беріп, сын тезіне салуы, сол қоғамның шындығы мен сұранымынан туындаған  
діни  ағартушылық  мақсаттағы  сыншылдық  идея.  Ақынның  қоғам  өмірін 
суреттеген  шыншылдығы  да,  сыншылдығы  да,  наразылығы  да  осында.  Оның 
сыншылдық  өлеңдерінде  діни  әдеп,  мінез-құлық,  имандылық  сияқты 
категориялар бірден көзге түседі. Бұл Мақыш сыншылдығына тән ерекшелік. 

 
 
121 
Мақыш  Қалтайұлының  өлеңдеріндегі  негізгі  идеялардың  бірі 

 
ағартушылық  идея.  Ақынның  ағартушылық  мұраттары  ұзақ  уақыт  бодандық 
тепірешін көрген халықтар арасынан шыққан зиялы топтың отарлық саясатпен 
тиімді  күресу  үшін  барлық  түркі  халықтарын  ынтымақтастыққа  шақырып,  өз 
мүдделерін қорғау жолында бар пәрменімен халық санасын оятуға әрекет еткен 
мақсат-мүдделерімен  жалғасып  жатыр.  Оның  ағартушылық  идеялары  әр 
қырынан  көрініп  отырса  да  бір  арнаға  келіп  тоғысады:  мұсылманшылық, 
жәдидшілдік,  милләтшілдік  идеядағы  өлеңдері  айналып  келгенде  «қазақ 
ағартушылығының  негізін құрайды. 
Мақыш  өлеңдерінің  өн  бойында  желі  болып  тартылған  тақырып 

  оқу 
мен  білім,  ғылым  мен  өнерді  үйрену,  сол  арқылы  іргелі  елдер  қатарына  жету. 
Бұл  жағынан  келгенде  Мақыш  ең  алдымен  –  жәдидшіл  ақын.  ХІХ  ғасырдың 
соңында  Ресей  империясы  құрамындағы  мұсылман  мектептерінде    оқу  ісін 
жандандыру,  шәкірттерді  алдыңғы  қатарлы  педагогикалық  тәжірбиемен 
тәрбиелеу. Мұсылман балаларын «услу саутия» 

 дыбыстық жүйемен оқытуды 
қырым  татары  Исмайл  Гаспринский  бастады.  Ресей  мұсылмандары 
зиялыларына  тың  көзқарас  қалыптастырған  жаңа  оқу  жүйесі  «услу  жәдидті» 
қазақ  арасында  барынша  қуаттап  қолдағандардың  бірі 

  Мақыш  Қалтайұлы 
болды. Ол осы тәсілмен бала оқытқан ұстаз, өлеңдерімен насихаттаған ақын. 
Оқу-білімге  ерекше  мән  берген  Мақыш  «Ескі  менен  жаңаға  мәжіліс 
құрып, тәптиш етіп көрейін ақылдасып», 

  деп  қадим  мен  жәдидті  бір-бірімен 
салыстырып,  халықтың  заман  ағысымен  ілесе  алмай  артта  қалуының  себебін 
талапқа  сай  оқу-білімнің  жоқтығы  «Ескі  усулмен  оқытып  оқығанмен,  Кім 
жетілген  сахрауй  даласынан», 

  деп  ескі  жүйенің  білім  беруді  заманға  сай 
қанағаттандыра алмайтынын айтып, жаңа оқу  жүйесін қолдап,  «Жәдидпен тап 
осы  күн  балаларға,  Екі-үш  жылда  мүкәмәл  танытар  дін», 

  деп,  жаңа  үлгіде 
мұсылмандық білім беруді насихаттаған ақын.  
Мұсылмандық  білім  беретін  жаңа  оқу  жүйесіне  айырықша  көңіл  бөле 
отырып,  ақын  сондай-ақ  өмірлік  қажеттіктерден  туындап  отырған  орыс  тілін 
үйреніп, орысша білім алу керектігіне де баса назар аударады. 
Дін танытып екі-үш жылда  түркімізден, 
Орыс тілін білейік тұрған қамап, 
Қайыршы боп жүрмейді қолын жайып, 
Кәсібін өнер тапқан болар манап, 

 
деген  жолдар  ақын  өзі  өмір  сүрген  замандағы  ағартушылық  бағытпен  үндесіп 
жатыр.  Бұл  жерде  Мақыш  өзінен  бұрын  Абай,  Ыбырай  қалыптастырып 
дамытқан өрісті ойды жаңа жағдайда ары қарай жалғастырушы. 
Мақыштың  ғылымға  қатысты  өлеңдері  идеялық-тақырыбы  жағынан  әр 
алуан:  «Ғылым  үйрену  парыздылығы»  өлеңінде  дін  ғылымының  парыз-
уәжіптерін уағыздаса, «Ғылым әдептері» өлеңінде дүнияуй ғылымды сөз етеді. 
Мұнда  ақынның  педагогикалық,  тәрбиелік  ой-толғамдары  ғылыми  тұрғыда 
баяндалып,  оның  ұстаздық  тәжірибесі,  ғылыми-теориялық  көзқарастарымен 
біте  қайнасып  жатыр.  Бұл  Мақыштың  ағартушылық  тақырыпқа  арналған 
өлеңдерінде байқалатын ұстаз-ақынға тән басты қасиет. 

 
 
122 
Мақыш  Қалтайұлы  мысал  жанрында  да  қалам  тартқан  қаламгер.  Жазба 
әдебиетте  Дулат  Бабатайұлы  шығармашылығында  көрініс  беріп,  Ыбырай, 
Абайлар  дамытқан,  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев,  Спандияр  Көбеев,  Ахмет 
Байтұрсынов,  Бекет  Өтетілеуов,  Сәбит  Дөнентаев  шығармаларында  жалғасын 
тапқан  қазақ  мысал  жанрының  қалыптасып  дамуына  Мақыштың  да  қосқан 
өзіндік  үлесі  бар.  Оның  мысалдарының  ерекшелігі

дәстүрлі  мысал  жанрының 
құрылысын  сақтай  отырып,  сюжет  құруда,  оқиғаны  баяндауда  көлемді  етіп 
қисса  жанрының  үлгісіне  салған.  Сөйтіп,  екі  жанрды  тоғыстырып,  өлеңдерін 
қисса-мысал  дәрежесіне  көтерген.  Онда  өткір  сатираға  қарағанда  өнеге  айту, 
ғибраттау  сияқты  дидактикалық  ой  басым.  Бұл  Мақыштың  ағартушылық 
мұрат-мақсаттарынан туындап жатқан ерекшелік. 
Сонымен  қатар  Мақыш  қоғамдағы  ірілі-уақты  мәселелерді  баспасөз 
беттерінде  мақалалары  арқылы  көтеріп,  қоғамдық  ой-пікірін  білдіріп  отырған 
жорналшы-қаламгер.  Оның  қазақ  баспасөзін  қуаттап,  қолдап  жазған 
«Газетаның  керектігі  хақында»,  қазақ  қыздарының  жай-күйін  баяндайтын 
«Жолсыз  ғадеттеріміздің  бірі»  атты  мақалалары  және  қолжазба  журнал 
шығарып, ел ішіне таратуы осы пікірді айқындап, дәлелдей түседі. 
Осындай  шығармашылық  ерекшеліктерімен  танылатын  Мақыштың  
әдеби  мұрасы  қазақ  әдебиетінің  қазынасын  толықтыратын,  қазақ  сөз  өнерін 
байыта  түсетін  асыл  мұралардың  бірі  болып  табылады,  олай  болса,  Мақыш 
Қалтайұлы қазақ әдебиеті тарихынан лайықты орын алатын тұлға. 
 
 
 

1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал