Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7

АҒАРТУШЫЛЫҚ БАҒЫТ
 
 
Мақыш  Қалтайұлының  ақындық  өрісін  танытып,  жаңашылдық  бағыт-
бағдарын айқындайтын енді бір тұсы, оның ағартушылық идеядағы өлеңдері. 
Өз  қоғамының  шаруашылық,  мәдени,  рухани  болмысын  ақындық 
зердесімен саралай келе, оның дамуына кедергі болып тұрған кереғар тұстарын 
сын  тезіне  сала  отырып  ақын  ойы  бірте-бірте  ағартушылық  идеяға  қарай 
ойысады.  Мақыштың  өткір  сынға  құрылған  шығармаларындағы  наразылық, 
оның  діни  оянушылық,  жәдидшілік  мұрат-мақсаттарымен  ұштаса  келе, 
ағартушылық  өлеңдерінде  жалғасын  тауып,  бүкіл  шығармасының  өн  бойында 
негізгі  өзек,  желі  болып  тартылған.  Сондықтан  да,  ақын  өлеңдеріндегі 
ағартушылық идея, оның сыншыл реализмінің бір қыры болып табылады. 
Мақыштың  ағартушылық  бағыттағы  идеялары  «Ғылым  үйрету 
парыздылығы»,  «Орысша  оқу  керектігі»,  «Ғылым  әдептері»,  «Бар  оқиға», 
«Сахарадағы мешіттер», «Оқу парыз балаларға», «Басқа жұрттар қандай халде», 
«Өз  пайдамызды  білмейміз»  сияқты  өлеңдерінде  жарқырап  көрінеді.  Бұл 
өлеңдерінде  ақын  қоғамның  кертартпа  жақтарын,  надандықты  сынап-міней 
отырып,  одан  құтылудың  бірден-бір  жолы  өнер-білімге  ұмтылу,  кәсіп  жасап 
еңбек  ету  деп  халықты  оятуға  әрекет  етеді,  қазақ  қоғамының  заман  талабына 
сай  болмай  артта  қалуының  себебіне  үңіліп,  озық  ойлы  елдерден  үлгі  алуға 
шақырады. Бұлардың бәрінің идеялық мазмұны, ақынның негізгі идеясы – діни 
оянушылық, жәдидшілдік тұрғысынан қарастырылады.  
Ақынның  ағартушылық  идеясының  қалыптасуына  өз  дәуірінің  талап-
тілектерінен туындаған қоғамдық-саяси әлеуметтік жағдайлар әсер етті. 
ХІХ  ғасыр  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  басы  Ресей  мұсылмандары  үшін 
рухани  жандану  кезеңі  болды.  Ұзақ  уақыт  бойы  бодандық  тепірешін  көрген 
түркі халықтары арасынан шыққан жаңа зиялылар қауымы  отарлық саясатпен 
тиімді күресу үшін барлық түркі халықтарын ынтымақтастыққа шақырды. Олар 
өз  мүдделерін  қорғау,  ұлт  намысын  түсіндіру  үшін  бар  пәрменімен  халық 
санасын оятуға, ұлтжандылық ілімін таратуға әрекет етті.  

 
 
72 
Ресей  мұсылмандарының  зиялыларына  айырықша  әсер  еткен,  ой-
санасына  тың  көзқарас  қалыптастырған  көрнекті  ғалым,  қоғам  қайраткері 
Исмаил Гаспринский болды.  
И.Гаспринскийдің  үлкен  маңыз  артқан  мәселесі  –  мұсылман  мектеп-
теріндегі  оқу  ісін  жандандыру,  шәкірттерді  алдыңғы  қатарлы  педагогикалық 
тәсілдермен  тәрбиелеуді  насихаттау  болды.  Ол  ескі,  қадим  жүйесіндегі 
оқытудың  қиындықтарын  байқап,  араб  әліп-биін  түркі  тілінің  дыбысталу 
заңдылықтарына сәйкестендіріп жаңа дыбыс әдісін жасады. Бұл әдіс жаңа оқу, 
яғни  «усул-и-джадид»  немесе  «услу-с-саутия»  деп  аталды  және  түркі  тілдері 
тарихында  маңызды  үлкен  оқиға  болды.  Ағарту  саласын  жандандыруға 
бағытталған  жәдид  қозғалысы  қоғамның  басқа  да  салаларын  қамтыды. 
Жәдидшілік  Ресей  империясындағы  көптеген  түркі  мұсылман  халықтарына 
тарады.  Сондай-ақ  қазақ  зиялыларының  ағартушылық  көзқарастарының 
қалыптасуына  да  жәдидшілдіктің  игі  әсері  мол  болды.  Бұларға  қадим 
ағымындағылар  қарсылық  көрсетсе,  екінші  жағынан  Ресей  патшалығының 
ресми  органдары  да  тежеу  салып  қысым  көрсетумен  болды.  Бұл  жөнінде 
зерттеуші  Н.Нұртазинаның  пікірі  назар  аударарлық:  «Вместе  с  тем  неизбежно 
возникали  разногласия  с  духовенством  и  традиционалистски  настроенными 
элементами.  В  большинстве  своем  коренное  население  соотносило 
европейзацию  и  любое  обновление  с  политикой  метрополии  и  не  сразу 
поддержало  интеллигенцию.  Духовенство  понимало,  что  подлинное 
просвещение  (в  том  числе  и  в  вопросах  ислама)  приведет  к  ослаблению  его 
позиций.  Вообще  для  традиционалистов  отказ  от  средневековых  принципов 
обучения, введение светских предметов, в том числе русского языка (в старших 
классах  и  объязательно  в  высших  реформированных  мусульманских  школах 
медресе), новые правила (даже европейский костюм учителя) казались чуть ли 
не  изменой  народу.  Поэтому  в  Самарканде,  Коканде  и  других  городах  борьба 
джадидов  и  хадимистов  приняла  ожесточенный  характер.  Эта  борьба  между 
традиционалистами и реформаторами имела место, хотя в сглаженной форме, и 
на  казахской  почве,  о  чем  свидетельствуют  газеты  той  эпохи,  а  также 
творчество Миржакуба Дулатова, Гумара Карашева и др» [80,7]  
Осы дәстүршілдерге қарсы өз өлеңдерімен күрес ашқан ақындардың бірі 
–  Мақыш  Қалтайұлы.  Ақын  халықтың  заман  талаптарына  ілесе  алмай  өнер-
білімнен  кенже  қалып  отырған  қараңғылығын  олардың  өмір  сүріп  отырған 
ортасынан, айналасындағы ескі көзқарасты дүмше молдалардың надандығынан 
көреді:  «Ескі  менен  жаңаға  мәжіліс  ашып,  Тәптіш  етіп  көрейік  ақылдасып»  - 
деп  қадим  мен  жәдидті  салыстыра  отырып  ескі  бағытқа  қарсы  шығып,  сол 
жолдағы молдаларды өлтіре сынайды: 
Бастарымыз моллалар жұмақ көзі, 
Садақаның сауабы сөйлер сөзі. 
Жәдидті жамандайды жала жауып, 
Болмаса ихтибарсыз қалар өзі. 
Моллаға ерері не десе ғауам пақыр, 
Өзі надан болған соң таза тақыр. 
Би-д-дұғамен қорқытқан әулиелер, 

 
 
73 
Біздердің жолбасшымыз әуел, ақыр [54,18 ], 

  
деп жәдидті жақтырмайтын моллаларды ащы мысқылмен түйреп өтеді. 
Мақыштың  өз  заманындағы  рухани  өмірдің  ащы  шындығын  ашып 
көрсететін  шығармасы  «Сахарадағы  мешіттер»  деп  аталатын  өлеңі.  Ақын  бұл 
өлеңінде  ең  алдымен  сын  семсерімен  түйрейтіні  «Шәкірттерге  шабылып 
жатырмын  деп»  арамтер  болып  медреседе  дәріс  жүргізіп  жүрген  дүмше 
мұғалім-молдалар.  «Олардың  көпшілігі  Бұхара,  Самарқан,  Ташкент,  Қазан, 
Уфа,  Орынбор,  Тройцкі  сияқты  қалалардағы  медреселерде  оқып  келген  татар, 
башқұрт  болатын  еді  де,  біразы  жергілікті  жердегі  медреседе  оқып  шыққан 
қазақ  молдалары  болатын.  Олардың  кейбірі,  Абай  айтқандай,  құранды  теріс 
оқитын дүмше молдалар еді» [26,5 ]. Осы дүмше мұғалім-молдалардың тірлігін 
ақын былай көрсетеді: 
Қайсы бір қазақта бар таудай талап, 
Естумен бір хазретті барар қалап. 
Елі ихсанды болады деген сөзбен, 
Қаражатын апарар, өлшеп тамақ. 
Шәкірттерге шабылып жатырмын деп, 
Күйедей жатады екен өзі жалап. 
Пәлен шәкірт оқытып жатырмын деп, 
Хисабын көрсетеді елге санап. 
Оқуын һәм дүниесін табамын деп, 
Келген көбі хазретке жақын жанап. 
Қазақтың қамын жемей, малын жеген, 
Алдаушы әулиеден сақтан жарап [54,13 ], 

 
деп  ақын  балаларды  оқытып  жатырмын  деп  елді  алдап,  олардан  жинап 
алынатын зекет қаржысымен күнелтіп жүрген «Қазақтың қамын жемей, малын 
жеген»,  «Күйедей  жалап  жататын»  арамтамақ  дүмшелердің  образын  шебер 
суреттейді, бұндай типтерден халықты сақтандырады. 
Айта  кететін  жағдай,  қазақ  қоғамы  рухани  өміріндегі  бұндай  кеселдің 
бетін  ашып  көрсету  тек  Мақыш  Қалтайұлы  шығармашылығына  ғана  тән 
ерекшелік  емес,  сол  тұста  өмір  сүрген  ақын-жазушылар  шығармашылығының 
бәріне тән сипат.  
Бұл  жағдай  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  қазақ  зиялыларының  назарынан  да 
тыс  қалмаған.  Мәселен,  ХІХ  ғасырда  қазақтан  шыққан  зерделі  тарихшы, 
этнограф, дарынды публицист Мұхамбетсалық Бабажановтың «Қазақтың қазақ 
туралы  жазбалары»  еңбегінде  Бөкей  ордасындағы  қадим  оқуының  жай-
жапсары  реалистік  тұрғыда  жан-жақты  айтылған:  «Мұғалімнің  қарым-
қатынасы, қатаң тәртібі балаға да, қызға да бірдей, жауапкершілікті кең түрде 
талап  етеді.  Жарты  күнгі  уақыт  дауыстап  қайталап  оқуға  кетеді.  Оқта-текте 
мұғалім-молда  «дауыстап  оқыңдар»  деп  қояды,  қорқып  өскен  балалар  бар 
күшімен дауыстарын онан сайын қаттырақ шығарады... Оқу жүріп жатқан кезде 
оқушы тек қана дәптеріне қарап, үнемі дауыстап оқи беруі тиіс;  тентек болуға 
немесе  орыннан  тұруға  тиым  салынған,  бұл  ережені  бұзған  баланы  мұғалім 
шапалақпен,  жұдырықпен,  жеңіл  таяқша  не  шыбықпен  бір  тартып  жібереді, 
кейде аяғымен теуіп қалады. Тіпті бұл-бұлма, өте қатаң жазалап, қан шыққанша 

 
 
74 
құлағынан  тартады.  Егер  оқушының  біреуі  бір  сөзді  жаңылыс  қисық  оқыса, 
шаруа біткені, оған Алланың өзі жар бола көрсін. Ол уақытта молда оның тілін 
түзету  үшін  қайталап  айтады,  егер  бала  дұрыс  айта  алмаса,  баланың  тілінен 
тартып  (қолы  жылпып  кетпеу  үшін  баланың  тілінің  ұшына  шүберек  орайды), 
басын  көзінен  жас  шыққанша  бұлғақтатады,  кейде  аузынан  қан  шыққанша 
қайталатады. Мұны баланың тілін түзету деп атайды, ал осы қатыгездікті айтып 
шағынатын жер жоқ, қазіргі жүріп тұрған заң бойынша, молданың шыбығы мен 
таяғы тиген жерді тозаққа түссең де отқа жанбайды деп түсіндіреді»  [81,78 ], 

 
деп  қадим  оқуының  ащы  шындығын  жазса,  Мақыш  «Сахарадағы  мешіттер» 
өлеңінде өз заманындағы ескі оқыту жүйесінің жайын былай суреттейді: 
Тәртіп жоқ, емтихан жоқ шуылдасып, 
Оқу деп ойнап жатыр талабалар, 
Әдепсіздік, жанжал мен қу төбелес 
Болады неше түрлі ғалабалар... 
Сағаттың жиырмасы ойын, ұйқы, 
Төртеуін оқыған боп болар харап, 
Екі ай сафсатамен күн кешіріп, 
Жазғытұры еліне кетер тарап. 
Жатқанға мәз болса да медреседе, 
Жаны ашып кім оқытқан қадағалап... 
Қартайғанша қаңғырып хатты білмей, 
Жүргенге ескі оқумен қылмаймыз сын. 
Он жыл өйтіп оқуды оңдырмаған, 
Көрерсіз бар емес пе айтқанда шын [54,14]. 
Міне, ақын көзімен көріп отырған қазақ даласындағы аты бар да заты жоқ 
ескі оқудың жай-күйі осы болатын. 
Яғни,  ақынның  сөз  етіп  отырған  қадим  мектептерінде  жыл  аяғында 
емтихан тапсыру, мектеп бітіргені үшін ресми куәлік беру тәртібі сақталмаған, 
белгілі  оқу  жоспары,  оқушыларды  жас  шамасына  қарай  топтау,  оқу 
бағдарламасы бойынша сабаққа бөлу болмаған жүйесіз оқу еді. 
Әрине,  мұндай  мектептерде  дәріс  берушілер  де  дүмше  надандар. 
Сондықтан  да  ақын  «Он  баланы  оқытып  оңдыртпаған»  дүмше  молдаларды, 
«Дүнияуй  тіршілікте  бір  пайдасы  жоқ»  қадим  оқуын  қоғамды  рухани 
құлдырауға  түсіріп,  халықты  сауатсыздандырып  надандыққа  душар  ететін 
қатерлі  дерт  деп  біледі.  Сол  себепті  ол  рухани  өмірдегі  осындай  кеселдердің 
бас-аяғына көз жібере отырып олармен ашық күреске шығады. 
Бар мақсаты өз халқының көкірек көзін ашып, санасын ояту болған ақын 
ағартушылық  сипаттағы  өлеңдерінде  «Ескі  усулмен  оқытып  оқығанмен,  Кім 
жетілген  сахарауй  даласынан»  деп  пайдасыз  оқудан  халықты  сақтандыра 
отырып  жәдидшілікті  дәріптеп,  халықты  оянуға,  ілгері  ұмтылуға, 
жаңашылдыққа үндейді. 
Түрленді бұрынғыдан заманымыз, 
Қуанған бар, шошып тұр наданымыз. 
Замана зарлауымен үйретпесе, 
Жақсыға жармаспайды жаманымыз. 

 
 
75 
Туғандай дүние толған жаңа асылдан, 
Безгеннен болар ма екен аманымыз... 
Ақылға мақұл болған болсын қиямет, 
Қияметті өлшеп көру бізге міндет. 
Ғаламда ғалып болған өзгерістер, 
Сірә бір болса керек ижмағ үміт... 
Жаңа усул жаһан жүзін тегіс кезді, 
Пақырың көзбен, сөзбен мұны сезді. 
Күллі ғалам ынтымақ болған істен, 
Қазақтар хауараж боп неге безді. 
Біздерге де хақ еткен жаңа пікір, 
Болмайық қадірін білмей ниғмат кәпір. 
Ахмақтар аңдамайтын айта берсін, 
Ақылдымыз Аллаға қылса шүкір. 
Низамды хақ тәртіпті қабыл алып, 
Алдаушы әулиеңді бетке түкір. 
Ақылға шариғатпен салып көріп, 
Ұнаса жолыменен қорықпай жүгір [54,3 ], 

 
деп  ақын  «Бар  оқиға»  атты  ұзақ  өлеңінде  заманның  өзгеріп,  рухани  түлеудің 
таңы атқанын хабарлап жар салады.  
Бір қарағанда жалаң үгіт-насихат тәрізді көрініп өткір сынмен сабақтасып 
жатқан  бұл  өлеңде,  сонымен  қатар,  ақынның  «Жәдид  хан  өздерінше  бұзылған 
дер»  «Жаңа  төре  жақсы  болса  жан  сақтарлық»  сияқты  жолдардағы  «жәдид 
хан»,  «жаңа  төре»  тіркестері  арқылы  жәдидшіліктің  қоғамдық-саяси  астарына 
терең  мән  бере  түйіндейтін  жерлері  де  кездеседі.  Әрине,  бұл  өлеңді  саяси 
тақырыптағы туындылармен тең дәрежеде деп айтуға келмес, әйтсе де ақынның 
айналадағы  болып  жатқан  өзгерістер  мен  жаңаруларға  сергек  көзбен  қарап 
қоғам  құбылыстарына  өзіндік  үн  қосқанын  көреміз.  Бұл  орайда  зерттеуші 
С.Қирабаев пікірі  ой саларлық:  «Бір кезде ұран үлгісінде  жазылған өлеңдерді, 
риторика  мен  жалаң  үгітке  толы  жырларды  ғана  азаматтақтың  үлгісі  ретінде 
қараған  да  кездеріміз  болған  бүгін  соның  бәріне  қарсы  күресе  отырып, 
қоғамдық құбылысқа, адамның жан дүниесіне тән сипаттарға терең талдау бере 
білетін  жырлардың  бәрінен  де  азаматтық  үн  табамыз»  [82,  22  ].  Міне  Мақыш 
өлеңнің мазмұнын осы тұрғыдан түсінген жөн. 
Ақын  қоғам  өмірімен  араласа  бастаған  жаңашылдықты  (жәдидшілік  –
Ә.Ә.)  көпшілікке  хабарлай  отырып  оның  саяси  сипатынан  гөрі  ағартушылық 
мәніне  баса  назар  аударады.  Бұл  жағынан  алғанда  ол  жаңа,  төте  оқуды 
насихаттап, ескіге қарсы күресуде ілгерішіл ақын болды. 
Халықты  жаңаға  үндеп  оқу-білімге  шақыру  идеясындағы  Мақыш 
шығармаларының  ішіндегі  маңыздысы  –  «Сахарадағы  мешіттер»,  «Өз 
пайдамызды  білмеуіміз»  атты  өлеңдері.  Сыншылдық  та  көп,  халқын  ояту 
мақсатындағы  озғын  ой  да  мол  бұл  өлеңдерінде  ақын  ескі  оқудың  білім 
берудегі  мешеулігін  сынай  отырып,  халықты  ілгерлеушілікке  шақырып  жаңа 
оқудың  ғылым-білім,  өнерді  игерудегі  прогрестік  ролін,  жастарды  діни 
имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудегі рухани маңызын ашып көрсетеді. 

 
 
76 
Байлардан бұл жақсыдан үміт болып, 
Ғылым, өнер оқысын жастарымыз. 
Берейік молламызға жеті жаста, 
Өз дініміз танысын әуел баста. 
Үш-төрт жыл жәдидпенен дін танытып, 
Үшкөлге мұнан кейін апар таста [54,9], 

 
деп  «Өз  пайдамызды  білмеуіміз»  атты  өлеңінде  ақынның  халыққа  үндеп 
отырған  оқуы  төңкеріске  дейінгі  Ресей  империясы  құрамындағы  мұсылман, 
түркі халықтары рухани өміріне  сыналап  ене бастаған үш сатыда: бастауыш  – 
ибтидай,  орта  –  рушдия,  жоғары  –  ғалия  білім  беретін  прогрестік  бағыттағы 
жаңа  оқу  жүйесі.  Бұл  жөнінде  М.Смайылованың  зерттеуіне  назар  аударсақ: 
«Жаңа  әдістегі  мектеп  пен  медреселер  тарихи  маңызы  зор  педагогикалық, 
әдістемелік,  саяси-әлеуметтік  мәселелерді  тұңғыш  рет  күн  тәртібіне  қойды: 
біркелкі оқу жоспары мен бағдарлама жасау арқылы мұсылман мектептерін бір 
ізге түсіру, оқу жоспарына арифметика, география, жаратылыстану, тарих тағы 
басқа  пәндер  енгізу  арқылы  заман  талабына  сай  шәкірттерге  білім  беруді 
қамтамасыз ету, сауатсыз фанатик молдаларды тиісті білімі бар мұғалімдермен 
алмастыру, мектеп пен медресе бітіргендерге емтихан тапсыртып, оқушыларға 
тиісті куәлік беру т.б. 
Сондай-ақ  осы  мектептердің  материалдық  негізін  көтеру,  оқушыларды 
оқу  жабдықтарымен,  оқулықтарымен,  оқу  құралдарымен  қамтамасыз  ету 
мәселелері назардан тыс қалмаған» [83,20 ], 

 деп услу жәдид оқуының сапалы 
білім беруде оқу-әдістемелік, тәрбиелік ролінің жоғары болғанын айтады.  
Расында да схоластикалық ескі оқу мен жаңа жүйеде оқытудың айырым-
белгілері  көп  еді;  ескіге  қарағанда  жаңаның  артықшылығы  басым  жатты. 
Осының  бәрі  Мақыш  Қалтайұлы  өлеңдерінде  сөз  болады,  ол  ескінің 
кертартпалық жағын мансұқтап жаңаның прогрестік ролін дәріптеп, екеуін бір-
бірімен салыстыра отырып ашып көрсетеді. 
Діни  қадим  мектептерінде  сауат  ашу  жолын  араб  әріптерін  және  оның 
жазылуын  сегіз  мағынасы  жоқ  әбжад  әдісімен  жаттаудан  бастап,  кейін 
шәкірттердің  ынтасына  қарай  «Шарайт-ул-иман»,  «һафтиек»,  «Шурут-ус-
салат»,  «Фикһу  Қайдани»  сияқты  діни-тағылымдық  кітаптар  оқытылғаны 
белгілі.  Бұлардың  барлығы  араб,  парсы  тілдерінде  жазылғандықтан 
шәкірттердің  ұғымына  түсініксіз  еді.  Нәтижесінде  не  дін  ілімін,  не  дүнияуй 
ғылымды меңгермей шала сауатты болып шығатын. 
Өлеңін  де,  өмірін  де  ағартуға  арнаған  молла  Мақыш,  мұндай  түсініксіз 
тілде  шәкірттердің  білім  алуына  қиындық  туғызатын  оқытуға  мүлде  наразы 
болды. 
Түркиді менсінбейді бейшаралар, 
Бастан-аяқ оқыған парсы, араб. 
Бұл оқыған арабын көпсінбейміз, 
Арабтың тілін білсе іске жарап. 
Қыс оқыған арабы жаздың күні, 
Оқымаған секілді кетер тарап. 
Білсең дағы араб жоқ сөйлесетін, 

 
 
77 
Білгенімен бәрібір жүрер қарап. 
Өзінің де жас кезінде қадим мектебінде оқып, алған шала білімінің кейін 
еш  пайдаға  аспағанына  налиды.  Оны  өз  өмірінен  мысал  келтіре  отырып 
дәлелдейді: 
Мен де араб оқыдым мехнат тартып, 
Шет жерге сапар жүрдім ат арыттырып. 
Хиджазға барғанымда арабтармен, 
Сөйлесуге болмады көп жаратып. 
Шәкірттердің алды деп айтушы еді, 
Ғұмырды өткізіппін тіл қаратып [54,14 ], 

 
деп мағынасыз оқумен уақытының зая кеткеніне өкінеді ақын. 
Осы орайда айта кететін жайт – өлеңдеріндегі ағартушылық, сыншылдық 
сипаттар  арқылы  Мақыштың  Абай  поэзиясымен  де  сабақтасып  жататын 
жерлері кездеседі. Дәл осындай толқыныс-нала Абай ақында да бар: 
Жазу жаздық, 
Хат таныдық, 
Болдық азат молдадан. 
Шала оқудан, 
Не жарыдық, 
Қалғаннан соң құр надан. 
Бағасыз жастық, 
Бозбастық, 
Адастық [66,127 ], 

  
деп  ақын  «Тайға  міндік»  атты  өлеңінде  босқа  өткен  жастық  өмірге  өкіне 
қараған еді. 
Әрине, Мақыш өлеңдерінің идеялық-көркемдік қуаты Абай поэзиясымен 
деңгейлес  болмаса  да,  ақын  өзінің  ағартушылық  көзқарастарымен  белгілі  бір 
дәрежеде  өз  заманының  жүгін  арқалап,  үн  қосқаны  шындық.  Бұл  жерде 
шәкәрімтанушы Б.Әбдіғазиев пікірімен толық келісуге болады:  «Шын мәнінде 
Абайдан кейінгі реалистік әдебиет өкілдерінің бәрінің де Абайдан үйренгені, ол 
ашқан  идеялық,  көркемдік,  мазмұндық  және  формалық  жаңалықтарды  өз 
шығармашылығында қолданғаны, шама-шарқынша дамытқаны ақиқат» [84,18]. 
Ағартушылыққа  ерекше  мән  берген  Мақыш  халықтың  заман  ағысымен 
ілесе  алмай  артта  қалғанына,  қараңғылығына  күйзеле  отырып,  оның  басты 
себебі  заман  талабына  сай  оқу-білімнің  жоқтығы,  ескі  жүйенің  ол  ұсынысты 
орындай  алмайтын  әлсіздігінен  деп  біледі.  Сондықтан  ақын  услу  жәдидті 
барынша  қуаттап  халықты  жаңа  талаптарға  сай  білім  алуға  шақырады,  жаңа 
оқудың жүйелі білім берудегі ерекшеліктерін ашып көрсетеді. 
Бұл  әдіс  бойынша  мектептер  мен  медреселерде  ұлттық  тәлім-тәрбиеге 
негізделген  дін  пәндерімен  қатар  өмірге  қажет  пәндер  де  оқытылып,  дәріс 
шәкірттерге түсінікті ана тілінде жүргізілгені мәлім. 
Қазақтың  ағартушы  ақындарының  барлығы  да  жадид  оқуын  қолдап, 
мұсылмандық білімді халық арасына жүйелі, нәтижелі жүргізіп отыру жолында 
еңбек етті. Мәселен, Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылдықтың тұтқасы» 
деген арнаулы еңбегі халықтың қасиетті дінімізден қол үзбей имандылық мінез-

 
 
78 
құлыққа  тәрбиелеуге  бағытталған  жаңа  оқу  жүйесі  талаптары  негізінде  қазақ 
тілінде  жазылған  алғашқы  оқулықтардың  бірі  болды.  Осы  еңбегін  жазудағы 
мақсаты  жөнінде  ұстаз-жазушының  өзі  былай  дейді:  «...бұл  кітапты  жазып 
шығарған  себебіміз,  әркімге  мәлім  Кәләм  шариф  һәм  үлкен  ғылыми  кітаптар 
араб тілінде  жазулы. Араб тілін  әркімге білу һәм қиын, һәм көп  қара халыққа 
мүмкін де емес. Және сөздері араб не парсы тілінде болып, әр жұрттың лұғаты 
бөлек  болуынан  көп  оқымаған  адамдар  аят-хадисте  бұйырылған  һәм  әр 
мұсылманға керекті қысқа ғылымдарды да білуге қадыр бола алмайды. ... Мұны 
көріп  біз  фақыр  қарындас  халқымыз  қазақ  жұртына  пайда  келтірмек  ниетпен 
һәм қараңғы туғандарымызды түсінікті тілмен өз дінін түсіндіру үшін осы оқу 
құралын құрастыруға кірістім» [85,10 ].  
Демек,  Ы.Алтынсариннің  бұл  еңбегі  ана  тілінде  бастауыш  діни  білім 
беретін жәдид оқуының да қажетін өтегені сөзсіз. 
Қазан  төңкерісіне  дейін  қазақ  зиялылары,  әсіресе,  бастауыш  діни  білім 
беретін,  мектеп  мәселесіне  ерекше  назар  аударды;  Н.Нұрбаевтың  «Қазақша 
әліппесі»  (Уфа,  1910);  З.Ерғалиұлының  «Қазақ  әліп-биі»  (Қазан,  1910); 
И.Арабаев  пен  Х.Сәрсекеевтің  «Әліппе  яки  төте  оқуы»  (Уфа,  1911); 
М.Малдыбаевтың  «Қазақша  ең  жаңа  әліппесі»  (Уфа,1912);  Қ.Қожықовтың 
«Әліппесі» (Орынбор, 1912); Қ.Сырғалиннің  «Қазақша әліппесі»» (Қазан,1913) 
қазақ  балаларының  сауатын  ашу  мақсатында  жаңа  оқу  әдісімен  жазылған 
оқулықтар еді.  
Жас ұрпақты діни имандылыққа тәрбиелеп оқытуды мақсат еткен Мақыш 
Қалтайұлы  оларға  арнап  арнайы  оқулықтар  жазбаса  да,  мұсылмандық  білімді 
ана  тілінде  оқытып  үйрететін  жаңа  әдісті  барынша  қуаттап,  өз  өлеңдерімен 
қолдау көрсетеді. 
Жәдидпен балаларға тап осы күн, 
Екі-үш жылда мүкамал танытар дін. 
Өзіміздің түрікше тілімізбен, 
Тез білдіру болады қай жері мін... 
Ана тілмен табылса қажетіміз, 
Парыз ба ескіше оқу  оқу әдетіміз. 
Түркі тілде жәдидпен «Ғылым халды», 
Білсек қабыл болмай ма тағатымыз [54,14 ]. 
Сөз  болып  отырған  «Сахарадағы  мешіттер»  атты  өлеңінде  ақын 
жастардың  діни  тәлім-тәрбие  мәселесіне  айырықша  көңіл  бөле  отырып, 
сонымен  қатар,  өмірлік  қажеттіктерден  туындап  отырған  орыс  тілін  үйреніп, 
орысша  білім  алу  керектігіне  де  баса  назар  аударады.  Медреселерде  дін 
оқуымен  бірге  ғылыми  пәндерді,  орыс  тілін  оқытатын  тәртіп  енгізілсін  деген 
пікірді қолдайды. 
Дін танытып екі-үш жылда түркімізден, 
Орыс тілін білейік тұрған қамап. 
Қайыршы боп жүрмейді қолын жайып, 
Кәсібін өнер тапқан болар манап, 

 
деп ақын заманның өзі талап етіп отырған орыс тілін білу арқылы жастарымыз 
кәсіпке, өнерге қол жеткізіп өзгеге қор болмайды деп тұжырымдайды.  

 
 
79 
Мақыш  «Өз  пайдамызды  білмеуіміз»  атты  өлеңінде  дүниелік  оқуға 
шақырған ағартушылық ойын тереңдете түседі. 
Үш-төрт жыл жәдидпенен дін танытып, 
Школға мұнан кейін апар таста. 
Школда үш жыл барып оқыған соң, 
Адам болар адымын және хаста. 
Шаһадатнама берсе учительдер 
Мұнан соң қайда барса қалмас әсте [54,9 ], 

 
деген  өлең  жолдары  ақын  өзі  өмір  сүрген  замандағы  ағартушылық  бағытпен 
үндесіп  жатыр.  Жастарды  оқу,  білімге  жетелеу  туралы  толғанады.  Мақыш 
өзінен  бұрын  Абай,  Ыбырай  қалыптастырып  дамытқан  өрісті  ойды  жаңа 
жағдайда ары қарай жалғастырады.  
Ақын  заман  ағымына  байланысты  орысша  оқу  керектігін  түсінеді. 
Орысша  оқу  арқылы  білімді  тереңдетіп,  өнер,  ғылымды  меңгеруге  болады, 
сондықтан  талаптанып  оқып  білім  алғандардың  оқымағандардан  көші  ілгері 
деген  ой  айтады.  Бірақ,  ақын  орысша  оқып,  жеке  басының  қамы  үшін  қызмет 
істеп  жүрген  жемсауы  үлкен  ұсақ  шенеуніктер  мен  арам  пиғылды 
тілмаштардың тірліктеріне мейлінше наразы болды. 
Осы  тұста  айта  кететін  жағдай,  бұл  тек  Мақыш  басындағы  наразылық 
емес,  Абайдан  басталған  сыншылдық  ойдың  ХХ  ғасыр  басындағы  ағартушы 
ақындардың шығармашылығымен жалғасып жатқан дәстүр екендігі. 
Мәселен, Абай: 
Ойында жоқ бірінің, 
Салтыков пен Толстой. 
Я тілмаш, я адвокат, 
Болсам деген бәрінде ой [66,49 ], 

 
деп білім қумай мансап қуған жастарға қамыға налыса, Ахмет «Жиған-терген» 
өлеңінде Абай сынаған ойды тереңдете, кеңіте түседі: 
Оқытты жасын, 
Өсіріп шашын, 
Мал табуға салынды. 
Қаламнан, хаттан, 
Жауаптан айтқан, 
Білді жалғыз алымды. 
Кейбірі шен алмақта 
Дінін шаншып қармаққа [68,28 ], 

 дейді. 
Мақыш оқыған жастардың ұлттық сезімнен ада пасық ниеттеріне өзіндік 
көзқарасын білдіреді:  
Қазақта орысша оқыған тәржімандар, 
Кәпірлікті секілді еткен қаһар. 
Өз қазағын өздері күрһі көріп, 
Ықыласы халис болмай жүрер олар [50,11 ], 

 
деп,  білімді  атақ  пен  шенге  айырбастап,  өз  халқын  өздері  менсінбей  көкірек 
керіп жүрген оқыған жастардың жат пиғылдарына ақын күйінеді. 

 
 
80 
Түптеп  келгенде,  қазақ  қоғамындағы  мұндай  қиянпұрыстардың  етек 
алуы, яғни жастардың космополиттік дертке ұшырауының түп-төркіні – патша 
үкіметінің қазақ  елін рухани құлдықта ұстап, ұлттық сананы жою мақсатында 
жүргізген орыстандыру саясатында жатқаны мәлім.  
Бұл аяр саясаттың астарын С.Асфендияров былай деп ашып көрсетеді:  
«Әкімшілік  өзгерістермен  бірге  қазақ  даласына  орыстандыру  және  тұқым 
тоздыру  мақсатында  дінбұзарлар  қызметі  жолға  қойылды.  Патша  өкіметі 
шоқындыру-ағарту  ісін  өркендете  бастады.  Ашылған  «қырғыз  мектептері» 
татар  тілмаштарын  алмастыратын,  орыс  тілін  білетін  қазақ  мамандарын 
дайындауды  мақсат  етті.  Онда  патша  үкіметіне  шын  ниетімен  мойынұсыну 
бағытында  тәрбиеленген  мекеме  қызметкерлерін  дайындап  шығаратын. 
Оқушыларды  христян  діні  бағытымен  тәрбиелеп,  көздеген  мақсаты  орысқа 
айналдыру еді» [86,65 ]. 
Міне, Абай айтатын «Аз білімін көпсініп, Көп қазаққа епсініп» пысықсып 
жүрген  парақорлары  да,  Мақыштың  «Оңбаған  оқимын  деп  орыс  болып, 
Болыпты  неше  түрлі  мінез  пайда», 

  деп  қынжылатын  оқығандары  да  осы 
сұрқия саясаттың құрбандары болатын.  
Ахмет Байтұрсыновтың: «Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі де 
бір  тілде,  бір  дінде,  бір  жазуда  болу,  әр  халыққа  керегі  –  өз  діні,  тілі,  жазуы 
сақталу.  Солай  болған  соң  бастауыш  мектеп,  әуелі,  миссионерлік  пікірден, 
политикадан алыс боларға керек, яғни қазақтың тілі, діні, жазуы сұмдық пікір, 
суық  қолдан  тыныш  боларға  керек...  Олай  болса,  мектеп  арқылы  қазақтың 
дінін,  тілін,  жазуын  жоғалтып,  орысшаға  аударамын  деген  пікірден  хүкімет 
безіп,  тиісті  бастауыш  мектеп  екі  жаққа  да  зиянсыз,  пайдалы  болуын  көздеу. 
Солай  ойлағанда,  көңілге  ұнамды  мектептің  түрі  мынау:  бастауыш  мектептер 
оқуы  қазақ  үшін  5  жылдық  боларға.  Әуелгі  үш  жылда  балалар  кілең  қазақша 
оқу.  Соңғы  екі  жылда  кілең  орысша  оқу»  [87,268  ], 

  деген  жан  айғайы  оқу-
ағарту жүйесіндегі үкімет саясатына қарсы наразылықтан туған пікір еді. 
Оқу-ағарту  мәселесін  қозғаған  мұндай  қоғамдық  пікірге  Мақыш  та 
өзіндік үнімен қолдау көрсетеді.  Ол орысша оқыған  жастардың теріс тәрбиеге 
түсіп  кетуіне  басты  себеп  –  ұлттық-діни  тәрбиенің  жоқтығынан,  яғни 
имандылық  ар-ожданның  болмауы  жастарды  рухани  азғындыққа  түсіріп,  ой-
санасына кері әсерін тигізеді дейді. Сондықтан ақын: 
Дін ғылымын біліп алсаң әуел бұрын, 
Көкірекке кіргізсек ислам нұрын. 
Бұлардан соң баламыз орысша оқыса, 
Тауфиқты болған болса, кетпес қырын. 
Дінімізден бейхабар оқығандар, 
Адам білмес, Алла білер сырын. 
Қалтаевтың бұл айтқан насихаты, 
Сәулесі бар адамға болар шырын [50,12 ], 

 
деп өзінің ағартушылық мақсатын жайып салады.  
Яғни  ақынның  жастарға  ең  алдымен  өз  ана  тілінде  бастауыш  діни  білім 
беріп,  дін-дүниесін  танытқаннан  кейін  өзге  оқуды  оқыт  деп  қайта-қайта 
шегелей айтып отыруының мәнісінде – миссионерлік саясаттың кесірінен келер 

 
 
81 
жас  ұрпақ  бойындағы  рухани  асыл  қасиеттері  жойылып,  жымысқы  саясаттың 
жетегіне  еріп  жаттанып  кетпесе  екен  деген  айқын  мақсат-мүдденің  жатқанын 
аңғару  қиын  емес.  Ақынның  жәдидшілдік  көзқарасын  да  осы  тұрғыдан 
түсінуіміз керек. 
Мақыш жастардың оқып, білім алудағы міндеті өз халқының пайдасына 
жарау, ғылым, өнерден кенже қалған елін алдыңғы қатарлы елдермен теңестіру, 
оның  прогрестік  бағытта  дамуына  жол  ашу  деп  біледі.  Сондықтан  да  қазақ 
жастарының  ендігі  талаптанып  оқитыны  заманға  сай  орысша  оқып,  білім  алу, 
ондағы  мақсат  жеке  бастың  қамын  күйттейтін  шенеуніктік  қызмет  үшін  емес, 
ертеңгі  ел  игілігіне  жаралық  өнер,  ғылым,  кәсіпті  меңгеріп  халықтың,  ұлттың 
мүддесін  ойлайтын  саналы,  білімді  азамат  болу  үшін  оқу  керек  деп,  оны 
өлеңдері арқылы насихаттайды. 
Оқысын бай, фақырдың баласынан, 
Орыстардың кәмелетті данасынан. 
Петербор, Мәскеулердей биік жерде, 
Орыстың шаһаратты қаласынан. 
Барғанымыз басқадан кейін қалмас, 
Мұнда үйретіп жіберсек шаласынан. 
Заманаға жарарлық ғылым, білім, 
Таба алмас қазақтың арасынан. 
Білсін де дін-дүние қызмет қылсын, 
Табылса да «пуруснай» қарасынан [54,9 ], 

 
деген өлең жолдарынан қазақ жастарының болашағын көздеп, олардың ғылым, 
білімді игеруіне жол көрсетіп, бағыт сілтеген ақынның азаматтық үнін көреміз. 
Ақынның  бұл  үндеуі  сол  кездегі  заманның  талап-тілегінен  туған 
көкейкесті мәселенің бірі еді. Өйткені дәл осы кезеңде Ресейдің отарлауындағы 
Қазақстанда төменгі сатыда діни-тағылымдық білім беретін мұсылмандық және 
орыстандыру саясаты негізінде ашылған бастауыш  жалпы білім беретін  орыс-
қазақ аралас мектептері болғанымен, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа дайындап, 
ғылым-өнерге бағыт-бағдар беретін арнайы оқу орындары жоқ болатын. Оның 
себебіне  үңілсек,  миссионер  Н.И.Ильминскийдің: 
«Өз  қандастарын 
іздемейтіндей 
және 
осы  мектептен  алған  өнегесі  сол 
дәрежеде 
насихаттайтындай етіп тәрбиелеу – басты назарда болуға тиіс. Бұларды жоғары 
деңгейде  тәрбиелеу  пайдасыз  болмақ.  Тіпті  біздің  орта  дәрежедегі  оқу 
орындарына  қырғыздарды  жақындату  аса  зиянды»  [88,31], 

  деген  сөзі  көп 
нәрсені аңғартса керек.  
Солай  бола  тұрса  да,  патша  үкіметінің  құрған  миссионерлік  саясатына 
қарамастан,  қоғамдық  өзгерсітерге  сай  туындаған  рухани  талап-тілектердің 
жаңа  факторлары  халықтың  өнерге,  ғылымға  деген  талпынысын  туғызды. 
Сондықтан  бүкіл  отарлау  кезеңі  ішінде  Қазақстанда  арнайы  білім  беретін 
ұлттық  орта  және  жоғары  оқу  орындарының  болмауы  («Заманаға  жарарлық 
ғылым-білім,  Таба  алмас  қазақтың  арасынан»),  қазақ  жастарын  «Петербор, 
Мәскеулердей биік жерде, Орыстың шаһаратты қаласынан» білім алуға мәжбүр 
етті.  

 
 
82 
Кейбір  мәліметтерге  қарағанда  ХХ  ғасыр  басында  Қазақстанның  әр 
түкпірінен  шығып,  Ресей  қалаларындағы  орта  дәрежелі  арнайы  оқу 
орындарында  білім  алып,  түрлі  мамандықты  игерген  қазақ  жастарының  саны 
700-ге  жуықтаған  [89,47].  Тарихшы-ғалым  М.Қойгелдиевтің  зерттеуінде  Қазан 
төңкерісіне дейінгі кезеңде 120-ға жуық қазақ жастары жоғары білім алып қазақ 
зиялыларының  айтарлықтай  тобын  қалыптастырған  [90,141].  Сондай-ақ 
Ресейдің түрлі қалаларындағы медреселерде, сонымен қатар алыс шет елдерде 
оқып, діни жоғары білім алған қазақ жастары да аз болмаған [91, 141-145]. 
Олардың  арасынан  қазақ  халқының  мүдделеріне  адал  қызмет  еткен 
көрнекті 
қайраткерлер 
Ә.Бөкейханов, 
А.Байтұрсынов, 
Б.Қаратаев, 
М.Тынышбаев,  С.Асфендияров,  Ж.Ақбаев,  Х.Ғаббасов,  М.Шоқаев,  Ә.Ермеков 
сияқты  тағы  басқа  Алаштың  азаматтары  меторполия  оқу  орындарында  оқыса, 
Б.Майлин,  М.Жұмабаев.  Т.Жомартбаев,  М.Тұрғанбаев,  М.  Малдыбаев, 
Ж.Тілепбергенов  және  басқа  да  әдебиетші,  ақын-жазушылар  мұсылмандық 
жоғары  білім  беретін  медреселерде  білім  алып  қазақ  халқының  жоғары 
интеллектуалды зиялы тобын құрғаны мәлім.  
Миссионерлік  саясаттың  қылышынан  қан  тамып  тұрған  заманда  озық 
ойлы қазақ зиялы тобының қалыптасуына, сөз жоқ, ең алдымен «қоғамда орын 
алған  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  жағдайлар  әсер  етсе»  [92,5  ], 
екіншіден, Ыбырай, Абайдан басталып ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылар 
шығармашылығымен  жалғасып  жатқан  ағартушылық  идеяның  да  ықпалы  аз 
болмағаны сөзсіз. 
Сондай-ақ, ертеңгі ел тірегі болатын жастарға үміт артып, оларға болашақ 
даму жолындағы оқу-білімнің маңызын түсіндірген өлеңдерінен Мақыштың да 
осы ағартушылық бағытта өзіндік орыны барын айтуымыз керек. 
Ақынның  ағартушылық  сарындағы  шығармаларында  үнемі  алға 
тартылып  отыратын  идеяның  бәрі  де  осы  сөз  боп  отырған  «Өз  пайдамызды 
білмеуіміз» атты өлеңінде тоғысып жатыр. Кезінде ақынның бұл өлеңіне қазақ 
әдебиетінің  көрнекті  зерттеушісі  Ә.Дербісәлин:  «М.Қалтаев  сияқты  ақынның 
бай баласымен қатар жарлының баласы да оқысын және олар оқитын оқу қазақ 
даласында жоқ, сонау Москва мен Петербургта, орыс данасының қолында деуі 
айырықша  назар  аударатын  құбылыс.  Кезінде  мұндай  пікірдің  Қалтаев  тәрізді 
дінге жақынырақ тұрған адамның аузынан шығуы аса озық қадам еді» [8,70], 

 
деп  орынды  баға  берген  болатын.  Расында  да  ақын  өзінің  ағартушылық 
бағыттағы өлеңдерінде халықты бай, кедей деп тапқа, әйел, еркек деп жынысқа, 
жас,  кәрі  деп  жас  ерекшеліктеріне  қарап  жіктеп  бөлмейді.  «Ағартушылық-
ұлттық  сана-сезімді  ояту  үшін  қызмет  атқаратын  мәдени  саяси  құбылыс» 
[93,145], 

  деп  философ-ғалым  Ғ.Есімов  атап  көрсеткендей,  Мақыш  жеке  бір 
таптың  немесе  арнайы  бір  топтың  мүддесін  көздеген  ақын  емес,  өз  ұлтының 
тағдыр-талайына жаны ауырып, соның мұңымен бөлежарғысыз бірлікте болды. 
Өз  елінің  мәдени,  рухани  кемшіліктерін  халықтық  тұрғыдан  зерделеп,  қалың 
қауым халқының жоғын жоқтап, соның қамын жейді. Ахмет Байтұрсыновтың: 
«Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін 
танып, күйіне салып толғай білуінде» [87,407], 

 деп ескерткендей, Мақыш нені 

 
 
83 
айтса да жеке басының жайын күйттемей, халықтың мұңын мұңдап, тағдырын 
ойлайды.  
Ақын өз жұртының кемшілік, олқылық жақтарына кейіп сынап мінесе де:  
Хабарсыз жатқан қазақ бір тасада, 
Түсінбей қас көреді жоқтаса да. 
Сөкпектен сүңгі шаншып боқтаса да, 
Маслакум танқид қылу қазақтарды [49,19]  
немесе, оның надандық, қараңғылық қалпына налып, күйзелсе де: 
Әр ісіміз қарасақ, фалш болды, 
Жылдан-жылға дүниеге фитна толды. 
Басқа халық ғылым, өнер жолын ашса, 
Біз надандықпен аштық жолды [25,4] 
я, болмаса, жомарттығын айтып, насаттанып дәріптесе де:  
Ең бір тәуір жері бар бұл байғұстың, 
Құдайы қонақ келсе келсін дейді. 
Қой соймаса қонақтар қорбаңдасып, 
Ұялтып кеткен жаман елсің дейді [50,15] 
тіпті кейде өз басының жағдайын сөз қылса да: 
Топас болған қазақтың баласымыз, 
Жақсымызға көп болар таласымыз. 
Білек бірге болса да, бармақ басқа, 
Қазақтың қыпшақ деген саласымыз [50,16].  
Оның  өлеңдерінде  «қазағым»,  «халқым»,  «милләтім»  деген  ұғым  жиі 
ұшырасады, 
алуан 
түрлі 
тақырыптарды 
қозғай 
отырып 
оны 
шығармашылығының  негізгі  кілті,  мазмұны  есебінде  ұсынады.  Сондықтан  да 
ақын: 
Сөйледім қазағымның тіліменен, 
Хабардар болған үшін білімінен, 
Ғұрып-әдет тағы да дініменен. 
Айтпаймын қазағымның өзі жаман, 
Надандықпен көңілдің көзі жаман, 
Қас көріп болса дағы сөзі жаман. 
Хабарсыз жатқан қазақ бір тасада, 
Түсінбей қас көреді жоқтаса да. 
Сөкпектен сүңгі шаншып боқтаса да, 
Масалакум танқид қылу қазақтарды [49,20], 

 
деп  халқының  келешегін  ойлап  жаман  жақтарына  күйініп,  жақсы  жақтарына 
сүйсінетінін  ашық  білдіреді,  нені  айтса  да  өз  халқының  жағдайын  көрсетеді. 
Өзінің  өнер  мен  білімге,  мәдениетке,  кәсіп  жасап  еңбек  етуге  шақырған 
ағартушылық ұранын бүкіл қазақ қауымына, қоғамның барлық буынына арнай 
отырып,  ақын  білім-ғылымнан,  озат  мәдениеттен  кенже  қалған  халықтың 
мешеу тірлігіне налиды. Елдің рухани, мәдени жақтан дамып, өсуі үшін ғылым, 
білім, өнердің қажеттігін түсіндіріп, ештеңеден хабары жоқ марғау тіршілікпен 
өмір  сүріп  жатқан  халқының  ойына  қозғау  салады.  Өнер-білімді  ел  өмірімен 
байланыстырып, өз жұртының соған ұмтылмайтын парықсыздығына  күйзеледі. 

 
 
84 
Оны сын тезіне сала отырып түзетпек болады. Қам-қаракетсіз жатқан жұрттың 
көкірек  көзін  ашуды  өзінің  ақындық  борышы  деп  санап,  алдына  мақсат  етіп 
қояды. Осы ойын іске асыру үшін өзінің  өлең-толғауларын қару етеді. 
Замана қалай болды ғибрат алып, 
Көрмейміз көзді салып көп қатаны. 
Басқаларға күн шығып жарық болды, 
Білмеймін, бізге қашан таң атады [25,4], 

 
дейді  ақын  «Қалтайұлының  қазақ  ахуалынан  бахыс  еткен  манзумасы» 
кітабындағы өлеңінде. Ақын ойының заман талабымен қабысып жатқан осынау 
жолдардан оның туған жұртына деген жүрек толқынысы, жан сезімі жатқанын 
анық  көреміз.  Ақын  өз заман  ағысын  ақындық  зердесімен  саралай  отырып,  өз 
елінің тағдырына ой көзімен қарайды. Жайбарақат, алаңсыз жүрген халқының 
өмір,  тұрмыс-тіршілік  туралы  таным-түсінігінің  өзгеріп,  басқалардың 
қатарынан  қалмауын ойлайды. 
Басқалардың көрмейді атқан таңын, 
Парыз деп бақ көреді ескі заңын. 
Әрбір үй ойлайды өз пайдасын, 
Ойлаған бір адам жоқ көптің қамын, 

 
ақын өзінің жаңашыл көзқарасын таныта отырып, ескіліктің шырмауынан шыға 
алмай ділгіріп жүрген ел өмірінің парықсыз тұстарына сын айтады («Парыз деп 
бақ  көреді  ескі  заңын»).  Ақын  қазақ  қоғамының  табиғатындағы  артта 
қалушылықты  жоюдың  жолы  –  әркім  өзі  жеке  басының  қамын  күйтемей 
(«Әрбір  үй  ойлайды  өз  пайдасын»),  жалпы  халық  болып  өнер,  білімді  игеріп 
«Күні  шығып,  таңы  атқан»,  ілгері  озып  кеткен  елдердің  үлгісін  үйрену  керек 
деп, солармен терезесі тең ел болуға шақырады. Бұл тараптан алғанда Мақыш 
өзінің  алдындағы  Абай,  Ыбырай,  Шоқандар  салған  ағартушы  демократтық 
бағытты  дамытса,  екінші  жағынан  Шәкәрім,  Ахмет,  Міржақыптармен  үндесіп 
жатады. «Қазақ әдебиетінде халық, жұрт, ел тақырыбын көлемді, аумақты етіп 
арманы  мен  тілегіне  ден  қойып,  жай-күйіне  жіті  көңіл  бөліп,  жүрегі  қарс 
айырыла  жазған  –  Абай. 

  дейді  профессор  М.Базарбаев, 

  Кейінгі  дәуірде 
бұқарашыл ақындардың бұған тоқталмағаны кемде-кем» [94,244]. Бұл пікірдің 
Мақыш  Қалтайұлына  да  қатысты  екенін  айтуымыз  керек.  Өйткені,  ақын 
өлеңдерінде де осы тақырыптың, едәуір көтерілгенін көреміз. 
Мақыштың  ағартушылық  бағыттағы  өлеңдерінде  сыншылдық  сарын 
басым жатады. Бірақ, сонда да ол бір жағынан ренішін білдіріп, екінші жағынан 
көкірегі  қарс  айырылып  күйзеле  айтса  да,  көбіне  сынап-мінеп  жеткізсе  де 
ақынның мақсаты айқын – қалай болғанда да халқының санасын ояту болды.  
Халқына бағыт берудегі өзінің міндетін анық сезінген ақын ендігі жерде 
былай деп жырлайды: 
Әр милләтті қарасақ осы күнде, 
Өнер, ғылымын себепкер қылды дінге. 
Діннің де өнерменен тұрағы деп, 
Жаратпас біздің қазақ алса тілге. 
Көзі ашылған милләттар екі қолмен, 
Жабысар өнерлерге пайдалы ең. 

 
 
85 
Зарар болған өнерді кереке қылмай, 
Әр милләттан қор болып, біз қалдық кем [25,4]. 
Бұл  да  өмірдің  өз  талабынан  шыққан  сөз.  Бір  жағынан  елінің  болашақ 
күндерін  ойлап  алаңдаушылығын  білдіретін,  екінші  жағынан  халқының 
бойындағы кері тартар кемшіліктерге төзбестік сезімге толы бұл шумақтарда өз 
жұртының озық елдер қатарынан қалмауын ойлаған прогресшіл асыл  мұрат- 
тарымен қатар діни оянушылық мақсаттары да анық байқалады.  
Ақын  ғасырлар  бойы  қазақ  қауымының  салт-санасымен  біте  қайнасып, 
өмір салтының дәстүріне айналып кеткен ислам дініне жаңа заман жағдайында 
оған  өзгеше  мән-мағана  береді.  Қоғам  өміріндегі  ілгерішіл  ізденістерге  орай 
заманның талап-тілектерімен ұштастыра отырып, діннің жаңа тарихи кезеңдегі 
қоғамдық маңызын ашып көрсетпек болады. Дінді, өнер, білім, ғылыммен тең 
дәрежеде  қоя  отырып,  қоғам  көшін  алға  сүйрейтін  бірден-бір  қозғаушы  күш 
ретінде қарастырады. 
Мақыштың мұндай саяси-ағартушылық көзқарасына ХІХ ғасырдың аяғы 
мен  ХХ  ғасырдың  басында  Египетте,  Сирияда  басқа  да  мұсылман  елдеріндегі 
ислам  дініне  реформа  жасауды  батыл  қуаттаған  «Исламды  жаңғырту» 
ағымының ықпал еткені сөзсіз. Бұл идеяның аса ірі өкілдері Жамал-ад Дин әл- 
Афғани(1839-1897),  Мұхаммед  Абдо  (1849-1906)  болды.  «Нағыз  исламды 
соңғы  бұрмалаушылықтан  тазартып  алуға  ұмтылған  олар  ислам  қағидалары 
мен  нұсқаулары  буржуазиялық  демократия  принциптерімен  құру  және 
экономиканы  капиталистік  негізде  ұйымдастыру  идеяларына  қайшы 
келмейтіндей етіп дәстүрлі ұғымдарды жаңаша түсіндіреді» [95,24]. 
Ресей  мұсылмандары  арасында  бұл  идеяның  таралып,  өрістеуінің  көш 
бастауында  И.  Гаспринский  тұрды.  Ол  1874-75  жылдары  Стамбулда  болған 
кезінде Әл-Афғанимен пікірлес болып, Қырымға қайтып оралған  соң баспасөз 
беттерінде  өзінің  мақалалары  арқылы  діни-реформаторлық  ой-пікірлерін 
білдіріп  отырды  [52,30].  «Ислам  және  өркениет»  мақаласында  былай  деп 
жазады:  «Исследования  показывают,  что  ислам  предшествует  цивилизации  и 
что  Коран  заключает  в  себе  многое  в  этом  отношении.  Изречения  пророка  и 
лучших правил в смысле рациональной деятельности» [96, 32].  
Көрнекті ғалымның реформаторлық ілімі қазақ зиялылары тарапынан да 
қолдау  тапты.  Мұхаметжан  Сералин  И.Гаспринский  қайтыс  болғанда  жазған 
«Жуырда орны толмастай өлім» атты қазанамада былайша толғанады: «Россия 
қол астына қараған жиырма миллион мұсылман оқымастыларының барлығына 
да  Гаспринский  ұстаз  еді.  Мұнан  отыз  бес  жыл  бұрын  Россия  мұсылмандары 
қараңғы  түн  ішінде  жатқанын  көріп,  бұл  жұрттың  жоғалуына  көзі  жетіп, 
басшылық  туын  қолына  алып,  «Тәржіман»  есімді  газет  ашып,  айқайлап  шыға 
келді.  Бұл  күнде  Россия  мұсылмандары  сол  айқайдың    арқасында  оянып  осы 
күнгі  қалыпқа  келіп  отыр  ....  миссионерлердің  ислам  дініне  қарсы  жазған 
бірқатар  кітаптарын  оқып,  олардың  жазғандарына  көңілім  сенбесе  де,  қарсы 
айтарлық  дәлелді  жауап  болмаған  соң  көңілім  жабырқап  жүруші  еді.  Сол 
уақытта  марқұмның  «Мәдениет  исламия»  есімді  кішкентай  кітабы  қолыма 
түсті.  Бұл  кітапты  оқыған  соң,  манағы  жабырқап  жүрген  көңілім  жрақырап 
кетті. Бұл кітап мені келешек заманға зор үмітпен қарауға үйретті» [97]. 

 
 
86 
И.Гаспринскийдің  парасатты  ой-пікірлері  Алаш  қайраткерлерінің 
тұжырымдары мен іс-әрекеттеріне де әсер еткені сөзсіз. Оған Ә.Бөкейхановтың 
мына  бір  сөздері  дәлел  бола  түседі.  «Бақшасарайдан  «Тәржіман»  Ысмағұл 
мырза  Гаспринский  сиезде  болмады. 

  деп  жазады  «Мұсылман  сиезі» 
мақаласында, 

 Тарихи мұсылман басшысы Ысмағұл мырза науқас болып келе 
алмағаны өкініш болды». [98,177 ]. 
Сонымен  қатар  Ә.Бөкейханов  қазақ  халқының  отаршылдыққа  қарсы 
саяси санасының қалыптасуы негізінде діни-қоғамдық мәселені бірінші кезекке 
қойған ислам діни-саяси ағымының тууына себепкер болғанын айтады [99,  76]. 
«Дәл  сол  тұста  басылым  көрген  көркем  шығармаларда  ұлттық  сананың 
ояну процесін көрсете алған туындылар болуымен де ерекшеленеді» [45,192]. 
Мақыш  Қалтайұлы  ағартушылықты,  оқу,  білім,  өнерді  насихаттай 
отырып  өз  тұсындағы  қоғамдық  өмірдің  елеулі  тұстарын  орынды  көре  білген 
және  оған  өзінің  қатысын,  ой-пікір,  тұжырымдарын  білдіріп  отырған. 
«Газетаның  керектігі  хақында»  мақаласында  діни-қоғамдық,  реформаторлық 
көзқарасын  былай  көрсетеді:  «Ғайри  муслимдер  дарияларынан  алған 
балықтарының  қуатымен  дүнияуй  мағишаттарын  ислах  (реформа  –  Ә.Ә.) 
қылғандарын көріп тұрсақ та, біз ол дариялардан алынатын балықтарды у деп 
білеміз. 
Дүнияуй ислахатының дінімізге де тағылықи (байланысты) болуын инкар 
(жоққа шығару) қылушы болса болар, о да надандықтан деп занна (ойлаймын) 
қыламын. 
Бұл дүнияуй ислахтардың керектігін дінімізге де тағылықи барлығын һәм 
бек  мұқтаждарын,  іске  жарар  адамдарының  дәрежесін...  газета  би-т-тафсил 
(түп-түгел) баян қылып тұрады [49,23]. 
Қоғамның  жаңа  дәуіріндегі  тарихи-саяси  даму  жағдайларына  орай 
исламды бейімдеу процесін көтерген діни-қоғамдық ой-сананың қазақ даласына 
қанат  жая  бастауы  Мақыш  шығармашылығына  да  ықпал  етіп,  қоғамдық 
пікірінің  қалыптасуына  әсерін  тигізді.  Сондықтан  ақынның  қараңғылық 
құрсауын 
бұзып 
шығар 
жарқын 
болашаққа 
жеткізетін 
жолды 
мұсылманшылықтан іздеп, оның идеяларымен байланыстыруы өз заманындағы 
тарихи қажеттіліктерден туған заңдылық еді. Өйткені, «Үлкен әдебиет қашанда 
халық  өмірінің  белді  кезеңдерін  дәуір  тудырған  әлеуметтік  тартыстарды, 
қоғамдық саяси ағымдарды, психологиялық шытырмандарды айналып өтіп кете 
алмайды» [100,14]. 
Сондай-ақ,  қоғам  өмірінде  өрістей  бастаған  діни  оянушылықтың,  діни-
қоғамдық  идеялардың  Мақыш  өлеңдерінде  жалғастық  табуы,  оның 
прогресшілдігін көрсетеді.  
Ақын  дінді  жеке  адамның  жан-дүниесінен  бастап,  қоғамдағы  бүкіл 
процестерді реттеп отыратын рухани фактор деп таниды. Сол себепті ол діннің 
қоғамдық маңызын жоғары қоя отырып, елдің ілгерлемей отырғанын да дінмен 
байланыстырып, оған билік басында отырған парақор имансыз әкімдердің, дін 
қызметін  саудаға  салған  дүмше  дін  басыларының,  дүние  қуған  қайырымсыз 
байлардың, діннен айырылған қараңғы қара халықтың өздері кінәлі деп, жалпы 
ел-жұртына  айып  тағады.  Адамдар  өмірінің,  қала  берді,  бүкіл  халықтың 

 
 
87 
тұрмыс-тіршілігінің  төмендеуін  мұсылманшылықтың  тапталып,  қоғамның  
дінсізденуінен  деп  біледі.  Сондықтан  да  ақынның  өз  жұртына  айтатын  үлкен 
сынының  бірі  –  дінге  немқұрайды  қараушылық.  Оны  «Басқа  жұрттар  қандай 
халде?» өлеңінде күйзеле отырып былайша жеткізеді: 
Дүние тұрсын біздерде дін де нашар, 
Шарғымыз шақ  келмесе жырақ қашар. 
Жүз сом бар ма шығарған дінің үшін, 
Харам жерге дегенде мыңдап шашар. 
Намыстансаң қазағым ғамыңды жый, 
Бос қалған дүние жоқ біздей башар. 
Бірде-бірің көрмедің мінімізді, 
Тәп-тәуір деп бүгінгі күнімізді. 
Ерік қолда болмаған тұра-тұрсын, 
Қолда болған бос қойдың дінімізді. 
Салибет шын ықыласпен жоқтамаймыз, 
Дініміз деп безейміз тілімізді [54,10]. 
Мұндағы  наразылық  жеке  бастың  қам-харекетінен  туған  мұң  емес,  өз 
ұлтының  тағдырын  ойлап,  қайғыланған  ақын  жанының  ащы  зары.  Бірақ, 
қайғының төркіні отарлау саясатында жатқанын анық сезіне тұрып («Ерік қолда 
болмаған тұра-тұрсын»»), ақын өз халқына кінә артудан ары аса алмайды. 
Ақын  елінің  қараңғылық  халіне  налый  отырып,  өзге  жұрттың  өнегесін 
үлгі етіп, халқының санасын оятуға әрекет етеді. 
Әлемде үш жүз миллион бар мұсылман, 
Бес жүзде отыз бес бар христян. 
Сегіз жүздей миллион кітабы жоқ, 
Бұл күнде қандай халде осынша жан?!  
Үшбулардың бәрінен біз нашармыз, 
Айтқанды айыптамай бұл сөзге нан. 
Оянғалы көбіне талай болды, 
Оянбаған ояуға малай болды, 

 
деп  әлемде  болып  жатқан  қоғамдық  өзгерістерді,  саяси  жағдайларды  өзіндік 
таным-түсінігімен саралай келіп, оны одан әрі тереңдете түседі.  
Алты миллион ауғандар бірнеше мың, 
Өнерге тағылым үшін бала берді. 
Мұсылман өзіміздей діні хақта, 
Ханы бар арасында тәж бен тақта. 
Табиғи баһадүрлік саясында, 
Зордан зорлық көрмеген соны мақта [54,10]. 
Ақын  айналасындағы  алыс-жақын  елдердің  тұрмыс-тіршілігіндегі 
қоғамдық-әлеуметтік  өзгерістер  мен  жаңаруларға  сергек  көзбен  қарап,  оған 
өзінің  саяси  көзқарасын  таныта  отырып,  ағартушылық  идеясын  алға  тартады. 
Әлеуметтік  прогреске  жетудің  жолын  мұсылман  елдерімен  байланыстырып, 
соларды үлгі етеді. Өз халқының тағдырын мұсылман халықтары тағдыры мен 
сабақтастыра қарап («Мұсылман өзіміздей діні хақта»), олардың оянушылығын 
алға тартып, өнегесін үйренуге үндейді.  

 
 
88 
Мұның бәрі, сөз жоқ, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында азаттық 
үшін  күрес  жүргізіп  жатқан  Таяу  Шығыстағы  саяси  жағдайлардың  Мақыш 
көзқарасына, шығармашылығына әсер еткенін көрсетеді. 
Осы  орайда  айта  кететін  бір  жайт  –  Мақыш  өз  заманындағы  елдердің 
саяси жағдайларымен біршама жақсы таныс, өзіндік саяси-қоғамдық пікірі бар 
білімдар  ақын  болғандығы.  Оның  баспасөз  беттерінде  мақалаларын  жариялап, 
өз  заманындағы  алыс-жақын  елдердің  тұрмыс-тіршілігін  сөз  етіп,  саяси-
қоғамдық  пікірлерін  білдіріп  отыруы  бұл  сөзімізді  дәлелдей  түседі. 
Жоғарыдағы  мақаласында  ақын:  «Надандықта  біздің  серігіміз  Түркістан 
мемлекеті  еді  Станбұлды  низами  шарғи  (шариғат  жүйесінде  –  Ә.Ә.)  емес  деп 
дұшпан  көзімен  қарайтұғын  еді.  Өзінің  тұрмысына  ғурурланып  (масаттанып) 
Руссия елшілерін ілтипат қылмай, Инглиз елшілерін қатил (жазым) қылған еді. 
1865  жылда  Руссия  Тәшкенді  дабты  (басып  алу)  қылған  еді.  1868  жылда 
Бұхараны  химаясына  (отарлау,  протекторат)  алғанның  соңында  өзінің  қалай 
тұрғаны,  қалай  тұруы  керектігі  мағлұм  болды»  [49,24  б.], 

  деп  қалам 
тартуының  өзі  оның  саяси  сауатының  қандай  дәрежеде  болғанын  аңғартса 
керек.  
Сонымен қатар ақын өлеңіндегі сөз қылып отырған Ауғанстандағы 1832-
42  жылдардағы  және  екінші  рет  1878-80  жылдары  Ағылшын  отаршылдығына 
қарсы  шыққан  ұлт-азаттық  көтерілісін  («Табиғи  баһадүрлік  саясында  зордан 
зорлық  көрмеген  соны  мақта»),  ХХ  ғасыр  басында  Әмір  Әбдірахманның 
жүргізген  реформалары  негізінде  бүкіл  Таяу  Шығыстағы  тұңғыш  азаматтық 
колледждің ашылуы [101,196] («Алты миллион ауғандар бірнеше мың, өнерге 
тағылым үшін бала берді») сияқты т.б. қоғамдық-саяси жағдайлармен де жақсы 
хабардар болып, өлеңіне арқау еткенін аңғару қиын емес. 
Әрине,  бұл  жерде  біз  Мақыш  халықты  қару  алып  отаршылдыққа  қарсы 
күреске  шақырып  отыр  деуден  аулақпыз.  Ақынның  мақсаты  төңкерісшіл 
идеяда  емес,  негізгі  мақсат

қалайда  халықты  ояту,  оның  санасына,  сезіміне 
әсер ету («Оянбаған ояуға малай болған»). Мұсылман елдеріндеріндегі ұлттық 
ояну  өрістеген  жағдайды  алдыға  тартып  («Оянғалы  көбіне  талай  болған»), 
қараңғы қапастан құтылудың бірден-бір жолы солардың өнегесін ұстанып өнер-
білімге  ұмтылған  өршіл  талапта  екенін  жеткізу  («Өнерсіз  дұшпаннан  халық 
сақталмас деп, Бала берген өнерге үшбу шақта»). 
Ақын шығармаларының осындай идеялық - тақырыптық бағыт-бағдарын 
түсіндіруде  сол  кезеңдегі  қазақ  қоғамының  тарихи    жағдайымен,  әдеби 
процестің дамуымен есептескен жөн. 
ХХ  ғасыр  басында  халқымыздың  саяси  жағдайында  болған  айтулы 
өзгерістер сол кездегі көркем ойдың дамуына да жағдай жасады. Бұл өзгерістер 
ХІХ ғасырдағыдай отаршыл Ресей империясының  қажеттілігінен емес, ұлттық 
талап-тілектерден  туып  жатқан  еді.  «Отаршылдыққа  қарсылық  ендігі  жерде 
қарудың күші, найзаның ұшымен емес, саясат жүзіне, халықтың санасын оятуға 
бағытталған  игілікті  мәдени  іс-әрекеттерге  көшті»  [12,36].  Осы  тұстағы 
А.Байтұрсынов,  М.Дулатов  т.б.  халық  қамын  ойлаған  қайраткерлердің  көркем 
туындылары  ұлттық  сананы  оятатын  қазақ  әдебиетінің  дамуына  жаңа  бағыт, 
тың серпіліс әкелген шығармалар болды. 

 
 
89 
Міржақып «Оянған қазақ» (1909) жинағындағы  беташарында: 
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, 
Өткізбей қараңғыда бекер жасты. 
Жер кетті, дін нашарлап , хал харам боп, 
Қазағым енді жату жарамасты [48,19 ], 

 
деп алдына қойған мақсатын төрт-ақ жолға түгел сыйғызып, бүкіл даланы дүр 
сілкіндірсе, Ахмет, «Жиған- терген» өлеңінде: 
Қазағым елім, 
Қайқайып белің, 
Сынуға тұр таянып. 
Талауда малың,  
Қанауда жаның, 
Аш көзіңді оянып, 
Қанған жоқ па әлі ұйқың, 
Ұйықтайтын бар не сиқың [87,79 ], 

 
деп  қазақ  басындағы  қасыретті,  отаршылдық  ойранын  халық  санасына  әсер 
ететіндей  жеткізе  айтып,  қалың  ұйқыдан  оятуға  әрекет  етсе,  Мақыш  та  осы 
бағытта  ой  өрбітіп,  халықты  алға  ұмтылуға,  өнерге  талпынып  әрекет  жасауға 
үндейді.  
Өнерге жасбыспасаң іс бітпейді, 
Тең болмай дұшпан түгіл дос күтпейді. 
Өз көзің өзгелерден өткір болмай, 
Пайдаңды зарарыңмен шын таптайды. 
Айтпасаң арызыңды өзің тауып, 
Қажетіңді қазеке кім жоқтайды, 

 
дейді  ақын  «Басқа  жұрттар  қандай  халде?»  өлеңінде.  Бұл  өлеңінде  ақын 
қараңғылық бұғауын бұзып шығуға шақырып, өнері дамыған елдерді үлгі етіп, 
халықтың санасын оятуға күш салады. 
Мақыштың ағартушылық сарындағы өлеңдерінде «Өнерге тағылым үшін 
бала  берді»,  «Өнерге  жастарымыз  талап  қылсын»,  «Өнерге  жабыспасақ  іс 
бітпейді»,  «Өнерді  арттырарға  күннен-күнге»,  «Білге  өнер  ижтиһат  болмаса 
оңбас», 

  деп  өнерге  айырықша  мән  беріп,  үнемі  алға  тартып  отырады.  Оның 
өлеңдерінің  өн  бойына  өзек  болып  тартылған  өнер  тақырыбы  жалпы  адамзат 
баласының  алға  дамуының  бірден-бір  қозғаушы  күші  ретінде  қарастырылып 
отырады. «Бірақ қандай өнерге үндеп отыр, оны ажырата салаламайды, 

 дейді 
әдебиетші-ғалым Қ.Сыдиықов. 

  Реті,  ақын  өнер  деп,  оқу,  білім,  кәсіп  дегенді 
ұғынатын  сияқты»  [12,118].  Зерттеушінің  бұл  тұжырымына  әбден  қосылуға 
болады.  
Тек  бұған  қосарымыз,  ақынның  өнерді  жалпы  ұғым  ретінде  алып 
қарауында.  Яғни  оқу,  білім,  ғылым,  кәсіп,  мәдениетті,  жалпы  қоғам  дамуына 
ықпал  етіп  отыратын  рухани-мәдени  болымыстардың  барлығын  да  өнер  деп 
жалпылама  атайды.  Бұл  ерекшелік,  әсіресе  оның  озық  елдер  мәдениетін  сөз 
қылған  өлеңдерінде  анық  көрінеді.  Сондай  өлеңдерінің  бірі 

  «Қалтайұлының 

 
 
90 
қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы» жинағындағы «Атым Мақыш...» деп 
басталатын ұзақ өлеңі. Онда ақын былай дейді:  
Хакимдер бұл жерді беске бөлген, 
Суяхлар әр біреуін жүріп көрген. 
Бесеуіне бес түрлі есім беріп, 
Европа деген бірін усул жерден. 
Үш жүз де төрт миллион бар мұнда кісі, 
Он тоғыз үкімет бар үлкен-кіші. 
Дүниені тітірткендей айбатымен, 
Батпағын жер қалмады мұның тісі... 
Тағдырда бөлінген бе бақ бұларға, 
Мұсылманды оларға құл қыларға. 
Неше миллион мұсылман құлы болып, 
Жазған біткен оларды қор қыларға [25,3 ]. 
Мақыш  әлемдік  аренадағы  саяси  жағдайларды  ақындық  зердесімен 
саралай  отырып,  тарихи  дәуір  шындығын  бейнелі  тілмен  баяндап  көрсетеді. 
Ақынның  сөзі  де  дәлелді.  Расында  да  сол  дәуірдегі  империалистік 
мемлекеттердің отарлау аймағына көз жіберетін болсақ, бұл зобалаңның басым 
бөлігі мұсылман елдері басына түскен тарихи шындық екенінде дау жоқ. Тіпті 
алысқа  бармай-ақ  Ресей  империясы  отарлаған  елдердің  басым  көпшілігі 
мұсылман  дініндегі  халықтар  тағдырына  жазылған-ды.  Ақынның  «Тағдырда 
жазылған ба бақ бұларға, Мұсылманды оларға құл қыларға», 

 деп жүрек зарын 
жеткізе  айтып  отырғаны  да  осындай  дәуір  шындығынан  айтылған  сөз.  Бірақ 
ақын  осынау  шындықты  қаншама  сөз  қылса  да,  оның  саяси  астарына  терең 
бойлап бармайды. Өзінің айтар ойын ендігі жерде ақын былай жаслғастырады: 
Жоқ олар ижтиһатпен өнер тапты, 
Өнермен тартып алды біздің бақты. 
Бахас, тақат һәммәсін бізден алып, 
Есір ғып мұсылманды шетке қақты. 
Бұл  жолдардан  аңдап  отырғанымыздай  ақынның  негізгі  ойы 
ағартушылық  идеяда  жатқанын  көреміз.  Мақсат  отаршылдық  саясатты 
әшкерелеуде  емес,  соларды  тілге  тиек  ете  отырып  өнері  дамып  ілгері  озған 
елдер одан артта қалғандарға әлім жеттік жасап отыр дегенге саяды. 
Мұның бұлай дүниені алғандығы, 
Ілгері кеткендіктен әрбір ісі... 
Һиматпен, ижтиһатпен өнер тауып, 
Бұл күнде әркімдерге жеткен күші, 

 
деп ақын өнердің құдыретті күшін өзінің ағартушылық ойы арқылы осылайша 
жеткізеді. 
Осы  тұрғыдан  алып  Мақыш  қазақ  даласындағы  тамыр  алған 
кемшіліктерді,  өнерге  талпынбайтын  парықсыздықты,  жалқаулық  жайлаған 
кері  кеткен  сананы  еуропалық,  әлемдік  дамудан  осылайша  шет  қалудың 
салдары ретінде қарайды.  
Бұл дүниенің мысалы солай болды, 
Біздерге түн оларға атқан таңдай. 

 
 
91 
Еріншекке бұл күннен ертең оңай, 
Қорыққанға пана болмас қара тоғай. 
Өзімізше тәп-тәуір көрінсек те, 
Басқаның қатарынан болдық долой. 
Сондықтан  да  бұл  тығырықтан  шығудың  жолы  талпынып,  әрекет  етіп  өресі 
биік елдермен терезесі тең болу керек дейді ақын.  
Бала болмас еш уақыт қатын алмай, 
Бидай шықпас соқалап тұқым салмай. 
Сусын қанып ашыққан тоқ болмайды, 
Қолмен алып ауызға ішке бармай. 
Беру хақтан болса да себеп бізден, 
Жабысайық өнерге соңға қалмай. 
Себебіне жабысқан үкіметтер, 
Көзіңді ашып қара болды қандай [25,3], 

 
деп  өз  жұртына  өзге  елдердің  озық  өнерін  үлгі  етіп,  соған  жетуге  шақырады. 
Бұл  арада  ақынның  ағартушылық  идеясымен  қатар  терең    пәлсапалық  ой  да 
жатыр.  
Жалпы  ақынның  осы  сөз  болып  отырған  өлеңі  әртүрлі  тақырыптарды 
қамтыған күрделілігімен ерекшеленеді. Мұнда ақын өз дәуіріндегі тарихи-саяси 
жағдайларды  қозғай  отырып  қазақ  қоғамының  кері  тартар  кемшіліктерін  сөз 
қылған  сыншылдығымен  қатар  халқын  оятуға  әрекеттенген    ағартушылық 
ойлары,  тағдыр,  әрекет,  себеп-салдар  туралы  діни-пәлсапалық  толғамдары, 
жалпы  дін  туралы  имандылыққа  қатысты  мәселелер  бір-бірімен  қабысып, 
астасып  жатыр.  Осының  бәрін  тұтас  алып,  үңіле  қарайтын  болсақ,  бәрінің  де 
мазмұны  бір  арнаға  келіп  тоғысады.  Оның  негізгі  идеялық  мазмұны  ақынның 
реалистік  ой-түсінігінің  діни  ағартушылық  мұрат-мақсаттарымен  астасып 
жатқанын аңғару қиын емес.  
Мақыш өлеңдеріндегі ағартушылық сипаттың тағы бір ерекшелігі – ақын 
өнерді таза күйінде уағыздап қоймайды, халқының қараңғы қалпына, кенжелеу 
қалған  өзгенің  езгісіндегі  тұрмысының  себеп-салдарына  үңіліп,  халықтың 
санасы оянып алға жылжудың, бостандыққа ұмтылудың жолы ретінде қарайды. 
Халықты  қару  алып  күреске  шақырмаса  да,  «Оянбаған  ояуға  малай  болды» 
немесе «Періше емес тараққи тапқан адам, Бізді жаншып, сойып жеген тағам»,- 
деп  бодандықтың  бұғауын  халықтың  санасына  түртпектеп  жеткізіп  отырады. 
Одан құтылудың жолы – озып кеткен елдермен иық тірестіру, солар меңгерген 
өнерді  меңгеріп,  солардың  дәрежесіне  жету  керек  деп  үгіт-насихат  өлеңдерін 
қару етеді: 
Әуелгіден өзгерді әлем халқы, 
Бұрынғыдай көрмейік осы кезді. 
Көрерсіз көзі ашылған халайықтар, 
Соқыр күйі жатқанды  таптап езді. 
Қараңыз өнерменен осы күнде, 
Алтынға айналдырды бақыр жезді. 
Біздің қазақ басқаға мазақ болып, 
Мағарифтан осынша неге безді [50,10], 

 

 
 
92 
дейді ақын «Бергенге берік болуда» атты өлеңінде.  
Бұл  жолдардан  ақын  айналасындағы  дамыған  елдердің  тұрмыс-
тіршілігіне көз жібере отырып, өнерді ерекше бағалап, артық сезінген ағартушы 
болғанын  көреміз.  Өз  халқының  бойында  да  өнердің  тамыр  жаюы  –  ақынның 
ағартушылық  мұраты.  Сол  үшін  де  ол  өзінің  бүкіл  шығармашылық  жолында 
алдына  қойған  мақсатын  қайтсем  халқыма  жеткізсем  деген  арманда  болды. 
Оның  халқына  деген  күйініш-наласы  да  («Біздің  қазақ  басқаға  мазақ  болып, 
Мағарифтан осынша неге безді») осындай ағартушылық мақсаттан туып жатыр. 
Сонымен  қатар  ақын  өлеңдерінен  аңдап  отырғанымыздай,  оның  қоғам 
дамуының алғышарттары болып табылатын рухани-материалдық факторларды 
жалпы атаумен өнер деп отырғанын да ұғыну қиын емес. 
Бұл жерде Мақыш өлеңдерінде ғылым, еңбек тақырыбы да назардан тыс 
қалмаған. 
Ақынның  ғылымға  қатысты  өлеңдері  идеялық-тақырыбы  жағынан  әр 
алуан.  «Ғылым  үйрену  парыздылығы»,  «Ишандар  хақында»,  «Хаж  хақында» 
өлеңдерінде  дін  ғылымын  сөз  етсе,  «Ғылым  әдептері»  өлеңі  дүнияуй  ғылым 
туралы болып келеді.  
Алдыңғы  тарауымызда  Мақыштың  жаңа  пікірлі  молда  болып,  ұстаздық 
қызмет  атқарып  шәкірт  тәрбиелегені  жайында  айтқан  болатынбыз.  Оның 
ұстаздық  қызметі  мен  ақындық  өнері  бір-бірімен  тығыз  байланыста.  Осындай 
ұстаздық,  ағартушылық  идеясын  танытатын  өлеңдерінің  бірі 

  «Ғылым 
әдептері» өлеңі. Мұнда ақынның педагогикалық, тәрбиелік ой-пікірлері ғылым 
туралы көзқарастарымен біте қайнасып жатыр. 
Өлеңнің беташарында ақын ғылым туралы ойын былай жеткізеді: 
Ең зор себеп ғылым дүр сағадатқа, 
Әрбір кісі, әр қауым, әр милләтқа. 
Астық үшін не худр я мағр керек. 
Сол рәуіште ғылым керек адамзатқа. 
Ет болса да, ғылымды болмай нұқсан, 
Шарғымыз бағзы хақтар етер ихсан. 
Соның үшін әрбірің ғылым үйреніп, 
Рәуәж беріп жәрдем ет болмай дұшпан. 
Ғылымды халық өсер сағат һәм минөтте, 
Мағлұб болар ғылымсыз жақсы бекте [23,29]. 
Бұл  жолдарда  ақынның  терең  ойы  мен  кестелі  сөзі  парасат  өресі  мен 
көркем  санасы  мейлінше  айқын.  Мақыш  үшін  байлықтың  ең  үлкені  ғылым. 
Адамды  бақытқа  кенелтетін  де  ғылым.  «Астық  үшін  не  худр  (көктеу)  я  мағр 
(пісіп  сарғаю)  керек,  Сол  рәуіште  ғылым  керек  адамзатқа»,-  деп  ғылымның 
пайдасын  әсерлі  балама,  әрлі  бояумен  жеткізеді.  «Ғылымды  меңгерген  халық 
уақыт өлшемімен үнемі алға қарыштап дамып өседі»,- дейді ақын ойы. Өзінің 
алдындағы,  өз  тұсындағы  ағартушылар  тарапынан  да  айтылған  прогресшіл 
ортақ  ойды  ақын  осылай  дамыта  түседі.  Әрине,  мұндай  пікірдің  ХХ  ғасыр 
басында  айтылуы  аса  жаңалық  болып  көрінбесе  де,  ақын  өлеңдеріндегі 
ағартушылық көзқарасты танытатын жолдар екені даусыз. 

 
 
93 
Ендігі  жерде  Мақыш  өзінің  ғылым  туралы  ағартушылық  ойын  жаңа 
арнада өрістетеді: 
Тәртіппен тәрбие ет шәкірттерді, 
Мүнәсибте ғылым үйрет біліп халді. 
Ең бірінші дәреже мәсул болар, 
Тағылым берген мұғалім шәкірттерді, 

  
деп ақын ойын одан әрі тереңдете түседі. Оқу-тәрбие ісіне ерекше назар аудара 
отырып,  жас  ұрпаққа  білім  беріп  тәрбиелеудегі  мұғалімнің  жеке  басының 
талаптары,  ұстаз  бен  шәкірт  арасындағы  қарым-қатынас  сияқты  педагогтық 
этика туралы сөз қозғайды. 
Бағып тұр шәкірттердің харакетін, 
Талқин ет ғазиздерді хош әдеппен . 
Сөздерін, пиғылдарын тураландыр, 
Пәктетіп іші-тысын, заһир-батин . 
Әр кісі үлгі алғандай болған қадар, 
Дәрежеге жеткізу мухкам жарар. 
Ойнамаңыз, күлмеңіз шәкіртпенен, 
Жұмсақ бол мейірбанды етпе зарар. 
Барабар бол жүмләсін сөйле дұрыс, 
Пайдалы сөз үйретіп етіңіз шад. 
Керекті әдеттерді жүмләсінан, 
Хабардар ет болмасын құр шәкірт ат. 
Естігеннің жазыңыз жақсырағын, 
Жақсырағын жеткізіңіз оның тағы. 
Көңіліңізде болғанның  ең жақсысын, 
Сөйлеңіз көп ұзатпай етіп шағын [23,30], 

  
деп ойын үгіт-насихат үлгісінде жеткізеді.  
Оқу  мен  тәрбиені  бір-бірімен  байланыстыра  отырып,  ақын  адамгершілік 
қасиеттерді қалыптастыратын өнегелі тәрбиені алдыңғы қатарға қояды. 
Мақыш  ұғымындағы  адам  тәрбиелеу  –  оңай  қол  жететін  шаруа  емес. 
Адамды  тәрбиелеу  үшін,  ең  алдымен  өз  бойында  адамгершілік,  имандылық 
қасиеттерді  жинақтай  білуің  қажет.  Сондықтан  да  ақын  шәкірт  тәрбиелеудегі 
мұғалімнің роліне зор маңыз артады. Өйткені тәрбие ісі ұстазсыз болуы мүмкін 
емес. Ал ұстаздың ең бірінші мақсаты – шәкірт бойына тәрбиенің нәрін сіңдіре 
білу.  Ол  үшін  заман  талабына  сай  білікті  ұстаз  болуың  шарт.  «Білікті  ұстаз  – 
өнегелі шәкірт тәрбиелейді». Міне ақынның бұл өлеңінде айтар ойының негізгі 
нысанасы осындай. 
Мақыш – негізінен бала оқытқан жаңа пікірлі молла, сондықтын да оның 
ақындығы осы ұстаздық ісі мен идеясына сай келіп жатады. Осының барлығы 
ақынның  сөз  болып  отырған  өлеңінде  анық  сезіледі.Бұдан  ақынның  өзінің  де 
жас  ұрпаққа  білім  берген  кезде  әр  оқушысын  зерделей  бағып,  әрқайсысының 
психологиясын  терең  тануға  тырысқан,  өзіндік  оқу-тәрбиелік  әдіс-тәсілі  бар 
ұлағатты ұстаз болғанын аңғару қиын емес. 
Сондай-ақ,  Мақыштың  ұстаздық  қызметі  негізінде  өз  тәжірибесінен 
жинақтаған  ойларын  тұжырымдай  отырып,  оны  өлеңдеріне  арқау  етіп,  оқу-

 
 
94 
тәрбие  ісін  ғылым  ретінде  тануы,  оның  өлеңдерінің  тақырыптық-идеясын 
танытатын шығармашылық ерекшеліктерінің бірі болып табылады. 
Әрине,  бұл  жерде  Мақыш  тәрбие  мәселесін  қозғап  отырғанда,  ол  тың 
идея, жаңа тақырыпты жырлап отыр деуден аулақпыз. 
Жалпы адамды тәрбиелеу мәселесі, қай заманда болмасын адамзат ақыл-
ойын  үнемі  толғандырып  келген  өзекті  мәселелердің  бірі.  Бұл  арада  сан 
ғасырлар  бойы  жалғасын  тауып  біздің  заманымызға  жеткен  тәрбие  жөніндегі 
көне  заман  ойшылдарының  пәлсапалық  толғамдары  мен  осы  тақырыпты  өз 
туындыларында  көтерген  қазақ  ақын-жазушылары  ой-пікірлерінің  арасында 
тарихи  тамырластық  жатқанын  айтуымыз  керек.  Ондағы  мақсат  Мақыш 
шығармасындағы  тәрбие  тақырыбының  қайнар  бастаулары  сонау  көне 
заманнан  бері  жалғасып  келе  жатқан  дәстүр  екенін  ескерту.  Енді  осыған  көз 
жеткізу үшін бірнеше мысалдармен дәлелдеп көрейік. 
Бұл  жерде  ең  алдымен,  қыпшақ  топырағынан  шыққан,  мұсылман 
әлемінде  «Муаллим  әс-сәни»  –  Аристотельден  кейін  екінші  ұстаз  атанған  Әл-
Фарабиді  атауымыз  керек.  Ғұлама-ғалым  ретінде  әл-Фараби  ат  салыспаған, 
зерттеу  жүргізбеген  ғылым  саласы  жоқ  деуге  болады.  Ол  философия,  логика, 
математика,  тіл  білімі,  әдебиет  т.б.  ғылым  салалары  бойынша  қыруар  көп 
ғылыми  еңбектер  жазды.  Әл-Фарабидің  ғылыми-педагогикалық  мұрасы  да  аз 
емес.  Бұл  жөнінде  арнайы  зерттеулер  жүргізіліп,  монографиялық  еңбек  те 
жарық көрді [102]. Оның тәрбиеге қатысты философиялық ойлары «Қайрымды 
қала тұрғындарының көзқарастары», «Бақыт жолын сілтеу» т.б. философиялық, 
әлеуметтік-этикалық трактаттарында жан-жақты баяндалады. Осы еңбектерінде 
Әбу  Насыр  әл-Фараби  тәрбиеге  қатысты  көзқарасын  былай  білдіреді:  «Все 
естественные свойства нуждаются питании, основанном на воле, и воспитании 
посредством  вещей,  которые  предназначены  к  тому,  чтобы  довести  их  до 
наивысших  или  близких  к  наивысшим  совершенствам»  [103,119].  Яғни,  оның 
тұжырымдауынша  адам  ақыл  ойының  жан-жақты  дамып,  оның  ең  жоғарғы 
кемелдікке жетуінің негізі өнегелі тәрбиеде деп біледі. 
Адамға  дұрыс  тәрбие  беріп,  оның  ақыл-ойын  дамытып  тәрбие  нәрімен 
суару  әл-Фарабидің  философиялық  тұрғыдан  ерекше  көтерген  мәселелерінің 
бірі десек, осы ойды одан әрі моральдық философия тұрғысынан дамытқан ХІХ 
ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақтың  кемеңгер  ойшылы  Абай  Құнанбаев 
болды. 
Өз  заманындағы  қоғамдық  өмірдің  ең  көкейкесті,  ең  күрделі  және 
маңызды  мәселелерін  қозғаған  шығармашылық  жолында  ақын  тәрбие  ісіне  де 
зор  мән  бергені  мәлім.  Ол  өлеңдерінде  айтылатын  адамгершілік,  имандылық, 
тәрбие  туралы  ойларын  өзінің  қара  сөздерінде  терең  философиялық  ой-
толғамдарымен  дамыта  түседі.  Әсіресе  бір  тектес  ортақ  тақырыпты  құрайтын 
он  бесінші,  он  жетінші,  он  сегізінші,  жиырма  екінші,  жиырма  сегізінші, 
отызыншы, отыз сегізінші, т.б. қара сөздерінде терең толғаулы тәрбиелік ойлар 
айтылады.  «Махаббат  –  әуел  адамның  адамдығы,  ғақыл,  ғылым  деген  нәрсе 
бірлән. Мұның табылмақтығы себептер әуелі хауас сәлим (жақсы сезім) һәм тән 
саулық, бұлар туыстан болады, қалмысы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, 
жақсы  ұстаздан  (айналаңдағы  үлгілі  тәрбиеден)  болады...  Ғылым-білімді  әуелі 

 
 
95 
бастан  бала  өзі  іздеп  таппайды.  Басында  зорлықпен  яки  алдаумен  үйір  қылу 
керек,  үйрене  келе  өзі  іздегендей  болғанша.  Қашан  бір  бала  ғылым,  білімді 
махаббатпен  көксерлік  болса,  сонда  ғана  оның  аты  адам  болады»  [76,136], 

 
дейді Абай.  
Яғни,  Абайдың  пікірі  бойынша,  әрбір  талантты  жас  дүние  сырын  білу 
жолында  әуелі  туысынан  болатын  жақсы  сезім,  деннің  саулығы  ең  бастысы 
айналасындағы  үлгілі  тәрбиенің  әсерімен  ғылым-білімді  меңгеруге  ұмтылып, 
шын  махаббатпен  берілгенде  ғана  «оның  аты  адам  болады», 

  деп  ой  түйеді. 
Бұл  жерде  Абайдың  «кәміл  адам»  жөніндегі  ой-пікірлерімен  әл-Фарабидің 
адамның  жеке  басының  кемелдеген  үлгі-өнегесі  жайлы  танымымен  үндесіп 
жатқанын аңғару қиын емес. Бұл жөнінде: «Шындығында, әл-Фараби мен Абай 
дүниетанымындағы  кейбір  ой-пікірлер  сабақтастығын  да  салыстыра 
қарағанның  өзінде-ақ  белгі  беріп,  мен  мұндалап  тұратын  іліктесетіндер 
баршылық» [63,124], 

 дейді профессор М.Мырзахметов. 
Тәрбие  мәселесін  оқу-ағарту  ісімен байланыстыра қараған тұңғыш қазақ 
педагогы  Ыбырай  Алтынсарин  болды.  Ыбырай,  ең  алдымен,  орыстың,  қала 
берді  Европа  оқымыстыларының  педагогикалық  көзқарастарымен  оқыту, 
оқулықтар  жасау  әдістерімен  қарулана  отырып,  солардың  тәжірибесін  қазақ 
жастарының  талап-тілектеріне  қарай  бейімдеп  құруға  ерекше  көңіл  бөледі. 
Сондықтан  да  оның  шәкірттерді  жаңа  әдістермен  оқытып  тәрбиелеуде 
оқытушыларға  қоятын  талабы  да  жоғары  педагогикалық  деңгейде  болды.  «Ол 
балалармен  істес  болып  отыр,  егер  балалар  бірдемені  түсінбейтін  болса,  онда 
оқытушы  оларды  кіналауға  тиіс  емес,  оларға  түсіндіре  алмай  отырған  өзін 
кіналауға  тиіс.  Ал,  балалармен  сөйлескенде  ашуланбай,  жұмсақ  сөйлеуі, 
шыдамдылық  етуі  керек,  әрбір  нәрсені  де  ықыласпен,  түсінікті  етіп  түсіндіруі 
керек;  мәнерлі  сөз,  орынсыз  терминдерді  қолданбау  керек;  мұндай  сөздер 
оқушыларға  ғана  түсініксіз  болып  қоймайды,  басқа  тыңдап  отырған  
адамдардың құлағына да жақпайды; ондай шет тыңдаушылар бұл оқытушының 
терең білімі не ойы жоқ екенін, ол тек ғылыми терминдермен, сөздермен ғана 
мақтанғысы  келетінін,  ал  педагогтік  және  оқытушылық  әдістер  жөнінде  оның 
өте  тапшы,  үстірт  қана  түсінігі  бар  екенін,  немесе  жалпы  көрнекті  оқытудың 
бәрі  де  оқыту  әдістерінің  түсініктілігіне,  оқытушылардың  түсіндірулерінің 
ұғымдылығына  негізделуі  керек  екенін  ұмытып,  педагогтік,  оқытушылық 
әдістерге  екінші  қатардағы  бір  нәрсе  деп  қарайтынын  көрсетеді»  [104,201], 

 
дейді  педагог-ғалым  Торғай  облысы  мектептерінің  инспекторы  қызметін 
атқарып жүргенде жазған нұсқау хатында.  
Бұдан аңғаратынымыз Ы.Алтынсарин мен М.Қалтайұлының оқу-тәрбиеге 
қатысты  пікірлерінің  негізі  бір  екенін  тек  баяндау  түрі  басқаша  берілгенін 
көреміз.  Екеуі  де  өз  шығармаларында  мұғалімнің  ісіне  ерекше  мән  берумен 
қатар,  оны  жас  ұрпаққа  білім  нәрін  беретін,  өнегелі  тәрбиеге  баулитын, 
болашаққа жол ашатын басты тұлға деп қарайды. 
ХХ  ғасыр  басында  оқу-ағарту  ісінің  жандануына  байланысты  ұлттық 
мәдениеттің аса бір маңызды саласы тәлім-тәрбиеге қатысты ой-пікірлер жаңа 
арнада  өрістей  түсті.  Әсіресе  жаңа  оқу  жүйесінің    қазақ  даласына  қанат  жая 

 
 
96 
бастауы  халықтың  төте  оқуға  деген  құлшынысын  туғызды.  Бұл  талаптарды 
орындау мақсатында, айналасы үш-төрт жылдың ішінде жаңа әдіспен жазылған 
бірнеше  оқулықтар  жарыққа  шықты.  Ш.Елеукеновтің  келтірген  деректері 
бойынша  дәл  осы  кезде  отыздан  астам  оқулықтар  мен  оқу  құралдары  жарық 
көрген [55, 143]. 
Солардың ішінде педагогикалық әдептілік мәселесіне ерекше мән берген 
Кенжеғали  Серғалиннің  «Қазақша  әліппе»  кітабының  құндылығы  –  баланың 
талабы мен ықыласына айырықша ілтипат білдіреді: «Бір-екі сөз» деп аталатын 
кіріспе  бөлімінде  шәкірттің  жағдайын  түсіну,  жақсы  жақтарын  дұрыс  көрсете 
білу;  баланы  әрнәрседен  қақпайлап,  зәресін  ала  бермей,  қайткенде  де  оның 
жанына жол таба ынталандыра беру туралы автор мәнді пікір айтады: Сонымен 
қатар  автор  баланың  бос  уақытын  тиімді  ұйымдастырудағы  ата-ана  міндетіне 
де  ерекше  көңіл  бөлген:  «Біздің  қазақтың  ертеден  кешке  шейін  баланы 
сарғайтып  отырғызу  ғұрпының  балаға  һәм  сабаққа  зиянды  екенін  балаға,  ата-
анасына  түсіндіріп  әр  сағат  сайын  шәкірттердің  көңілін  алаңсыз  өте  жақсы 
болар еді» [105,2], 

 дейді. 
Осының  бәрін  түйіндеп  айтар  болсақ,  Мақыш  Қалтайұлының  тәлім-
тәрбие  жөніндегі  танымының  негізі  сонау  тереңнен  тартылған  тарихи 
дәстүрмен жалғасып жатуында демекпіз. 
Әрине  дәстүр  туралы  айтқанда  оның  мағынасының  өте  кең  екенін  де 
ескеруіміз керек. «Дәстүр мағынасына характер де, түр де, оқу мен өсу де, дами 
түсіп  өзгеру  де,  мазмұн  мен  сыртқы  сипат  көрік-күй  мәселесі  –  бәрі  де  түгел 
кіреді, 

  дейді  М.Әуезов. 

  Бұл  сөз  ғылымдық  жағынан  анығырақ  және 
көркемдірек ұғымды аңғартады» [106,375]. Сондықтан да бұл жерде біз Мақыш 
өлеңінде  тәрбие  жөнінде  көтерген  тақырыбындағы  дәстүрлік  сипаттың  тек 
мазмұндық жағына ғана тоқталдық. 
Мақыш Қалтайұлының ағартушылық бағыт-бағдарын танытатын енді бір 
тұсы  –  оның  дінге  қатысты  өлеңдері.  Ақын  негізінен  «Молла  Мақыш  қажетін 
сұрағанда,  Я  Алла  пақырыңның  тілегін  бер», 

  деп  өзі  айтып  отырғандай 
«Алланың  бір,  Құранның  хақтығына»  шәк  келтірмей,  бар  ниетімен  танып 
мойынсұнған  молла  ақын.  Бұл  жағынан  алғанда  ол  «Шала  молла  дін  бұзар» 
соқыр  сенімдегі  дүмше  молла  емес,  өз  заманында  мәшһүр  атанып  жұрт 
таныған, дін ғылымын жан-жақты меңгерген ғалым молла. Сондықтан да Алла 
тағаланың  көрсеткен  ақ  жолымен  жүріп,  адал  мұсылман  болу  Мақыш  үшін 
негізгі  шарт.  Оның  өзгелерге  қоятын  талабы  да  осы.  Ақын  өлеңдеріндегі  ар-
иман,  адамгершілік,  тәлім-тәрбие,  әдеп,  мінез-құлық  сияқты  мәселелердің 
барлығы  да  діни  талап-тілек,  мұсылмандық  амал  әрекеттер  тұрғысынан  өрбіп 
жатады.  Қандай  тақырыпты  қозғамасын  ислам  дінінің  парыз-уәжіптерін, 
қағида-шарттарын  үнемі  алға  тартып  отырады.  Дін  ғылымына  ерекше  мән 
беріп,  оны  адам  өмірінің  ең  қажетті  шарттары  ретінде  көрсетіп,  өзінің 
ағартушылық идеясымен тұтас бірлікте алып қарастырады. Оның ағартушылық 
өлеңдеріндегі  ғылым,  білім  туралы  идеясы  да,  негізінен  осы  дін  ғылымына 
қатысты болып келеді.  
Білуі шариғатта уәжіп болған, 
Шейлерді білмеуіміз кәуіп қолдан. 

 
 
97 
Һәм білуге тырыспау білушіні, 
Дос көрмесек харам дүр, ей, мұсылман. 
Аның үшін жәһил болса, болмас ғылым, 
Әмір еткен үйрен деп хақ Расулым. 
Ғылым іздеу хадиспен парыз болды, 
Парыз қою харам деп айттық бұрын [25,14], 

  
дейді ақын «Ғылым үйрену парыздылығы» өлеңінде.  
Яғни Мұхаммед пайғамбар хадисінде «Бахаса ильма мин әл-маһди илә-л-
ләһди-Ғылымды бесіктен бастап көрге кіргенше ізде» деген өсиеті Иман шартта 
«Инна  талаба  ильму  фарида  ала  кулли    муслимин  уа    муслимат  –  Барлық 
мұсылман ерлер мен әйелдерге ғылым үйрену парыз» [107,65], 

 деп бекітілген 
бүкіл  мұсылмандардың  орындайтын  міндетті  парызы  («Ғылым  іздеу  хадиспен 
парыз болды»). 
Ақынның осы идеясы «Атым Мақыш...» деп басталатын ұзақ өлеңінде де 
айтылады.  Тағдыр,  жазмыш,  себеп-салдар  сияқты  фәлсафалық  дүниелерді 
қозғаған бұл өлеңінде ақын: 
Еркіндігі бұл дүние ахиреттің, 
Азығын даярлауға адамзаттың. 
Жақсы азық даярлауға ғылым мен мал, 
Шарт деген мазмұнында жазған хаттың. 
Ғылым керек ғибадат қылса пенде, 
Һәм білгенін білдіру басқа жанға.  
Дін жолына малменен ихсан қылса, 
Себеп болып дін милләт кетер алға [25,5], 

  
деп тұжырымдайды.  
Мұнда ақынның діни ағартушылық идеясымен қатар Алла  мен адамның 
арасындағы қатынастар туралы діни фәлсафалық ойы да жатыр. 
Мақыштың  түсінігінше  Алла  тағала  күнделікті  істейтін  іс-әрекеттерінде 
адамдарға  ерік  берген.  Бұл  фәни  дүниеде  олар  өздерінің  істейтін  дін 
амалдарына  (парыз,  уәжіп,  суннәт  –  Ә.Ә.)  байланысты  имандылық  не 
имансыздық  жолды  таңдап  алады.  Бұл  іске  Алла  тағала  араласпайды.  Осы 
істеген  амалдары  арқылы  адам  баласы  бақи  дүниедегі  өздерінің  орынын 
белгілейді  деген  ой  түйеді  ақын  («Еркіндігі  бұл  дүние  ахиреттің,  Азығын 
даярлауға адамзаттың»). 
Жақсы  да  дұрыс  жолды  таңдап  алғандар  Алланың  әмірі  мен  мейріміне 
сенім  артып,  өмірдің  дін  ілімі  жинақтаған  біртұтас  жүйесі  –  Құран  мен 
Хадистегі  өсиеттерді  орындауға  тиіс.  Алланың  әмірі  бойынша  бұл  борышты 
өтеуді  ғибадат  деп  атайды.  Ал  ғибадат  тек  қана  дін  ғылымын  толық  меңгеру 
арқылы жасалатын құлшылық («Ғылым керек ғибадат қылса пенде»). 
Яғни, «Ислам дінінде ғибадат үш жолмен болады: 
1. Денемен болады: намаз, ораза сияқтылар. 
2.  Малмен  болады:  зекет  сияқты  («Дін  жолына  малменен  ихсан  қылса, 
себеп болып дін, милләт кетер алға»).  
3. Әрі мал, әрі денемен болады: қажылық сияқты» [53,449].  

 
 
98 
Мақыштың  дін  ғылымына  қатысты  ойы,  идеясы,  «Ишандар  хақында» 
атты  өлеңінде  жалғасып,  тереңірек  ашыла  түседі.  «Арам  сопы  ел  бұзар» 
ишандардың 
пасық 
ниеттерін 
әшкерелейтін 
бұл 
өлеңінде 
ақын 
шығармашылығына  тән  сыншылдық  сарын  мен  қатар  дін  ғылымын  егжей-
тегжей баяндайтын ағартушылық идеясы да бар.  
Ең әуелі ғылым парыз, хұп біліңіз, 
Ғылымсыз ғибадаттар болмайды тез, 
Ғылым үшін ақшаны сарф қылыңыз, 
Ишандарға бергенше нешелер жүз... [25,8] 
Мұсылманшылықтың,  Ислам  дінінің  ең  басты  парыздарының  бірі 

 
ғылымға  талаптану,  дін  ғылымын  теориялық  тұрғыдан  толық  меңгергеннен 
кейін жасаған ғибадат – шын пейілмен, адал ниетпен орындалған құлшылық –
ғибадат болып саналады. Ислам дінінің біртұтас теориялық жүйесін қамтитын 
ғылым – «Иман шарттары», сондықтан: 
Иманды білу керек шарттарымен, 
Басқада еш пайда жоқ бұл болса кем. 
Ең әуелі білу парыз – «болулықта», 
Иманға басқа парыз болмайды тең. 
Мұнан соң намаз, ораза, зекет, хажы, 
Ғылымын білсе болды Алла разы. 
Ақынның  «Ең  әуелі  білу  парыз  –  «болулықта»  деп  отырғаны  Иманның 
«Алланы танудағы» («Мағрифату Аллаһи» термині – Ә.Ә.) тоғыз шартының ең 
біріншісі «Лә иллаһа иллә Аллаһу Мухаммадун расул Аллаһ» – «Алладан басқа 
жаратушы  жоқ,  Мұхаммед  оның  елшісі»  дейтін  «Кәлимату  таийба»,  яғни 
«Көркем  сөз».  Сондай-ақ,  бұл  сөйлем  иманның  алғашқы  сатысы  болып 
есептеледі. 
Иманның бұдан басқа да шарттарын тілмен айтып, жүрекпен бекіткеннен 
кейін  Алла  тағалаға  сенім  орнығады.  Өйткені,  мұсылманшылық:  «Сену  әрі 
сенімі бойынша өмір сүру» [53, 244]. Мұны дін ғылымында «иман» дейді, яғни 
исламның бірінші парызы. 
Алла  тағалаға  иланып,  сенімді  арттырғаннан  кейін  қалған  төрт  парызды 
«...  намаз,  ораза,  зекет,  хажы  ғылымын  білсе  болды,  Алла  разы»  өз  бетімен 
орындау керек дейді ақын. 
Исламның  бес  парызы,  бес  тірегін  теориялық,  практикалық  тұрғыдан 
меңгеріп алған соң: 
Дініміз дүниемізге Хадис, Құран, 
Жатады, жатпайды деп қылмаңыз занн. 
Негізі Құран менен Хадис болса, 
Бұларға жабысайық келгенше хал [25,9]. 
Яғни,  барлық  мұсылмандар  үшін  діни  оқудың,  дін  ғылымының  қайнар 
көзі  болып  табылатын  Құран  Кәрім  мен  Хадис  Шарифті  де  өз  дәрежесінде 
білуіміз керек деп уағыздайды ақын. 
Мақыш  Қалтайұлы  өз  өлеңдерінде  дін  ғылымын  игеріп,  Аллаға  ғибадат 
етуге құр  насихаттап қана  отырмайды. Айтар сөзін Құран  аяттары, Мұхаммед 
пайғамбар өсиеттерімен дәлелдеп, сендіре отырып жеткізеді. 

 
 
99 
Шариғатта ерлерге қатын алмақ, 
Һәм қатындар на махрам ерге бармақ. 
Құранда аятпенен бір кетіліп, 
Һәм Расулдың әмірі дер білуіңіз хақ [25,11], 

 
дейді «Қазақтың қатын алуы» өлеңінде. 
Мұхаммед  пайғамбар  хадисінде:  «Үйленуге  жарамды  мүмкіндігі  бола 
тұрып  үйленбеген  адам  ислам  дінінде  емес»  [107,58]  десе,  Құранның  «Нұр» 
сүресінің 32-аятында  «Іштеріңдегі бойдақтарды, сондай-ақ қолдарыңдағы құл- 
күңдеріңнің  дұрыстарын  үйлендіріңдер» 

  деген  қағидаларды  ақын  «Құранда 
аятпенен бір кетіліп, һәм расулдың әмірі дер білуіңіз хақ» 

 деп жеткізіп отыр. 
Түйіндеп айтқанда, ақынның дінге көзқарасы оның шығармашылығының 
өзекті  мәселелерінің  бірі  болып  табылады.  Бұл  оның  өмірге,  дүниеге,  қоғамға 
деген  көзқарасының  өзіндік  танымын,  бағыт-бағдарын  ашып  көрсетеді. 
Сондықтан  ақын  қоғамның  әделетсіздігін,  тұрмыстағы  әралуан  жақсылық  пен 
жамандықтың бәрі дінге немқұрайды қарауымыздан дейді. Өмірлік мәселелерді 
дін  жолы,  шариғат  қағидаларымен  түсіндіреді.  Ақынның  шығармашылық 
бағыт-бағдары, ағартушылық мұраты да осы сипатта көрінеді. 
 

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет