Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
48 
БІРІНШІ ТАРАУ БОЙЫНША БЕКІТУ БЛОГЫ 
 
«М
АҚЫШ 
Қ
АЛТАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ
»
 
ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛЕТІН ТӘЖІРИБЕШІЛІК 
(
СЕМИНАР
)
 
САБАҚ ЖОСПАРЫ
 
 
Сабақ  мақсаты:  Мақыш  Қалтайұлы  шығармаларының  жарияланып, 
зерттелуін саралап, ақынның өмір деректерімен: туып, өскен жері, алған білімі, 
саяси-  әлеуметтік  ұстанымы,  қоғамдық  құлқы,  жалпы  азаматтық,  ақындық 
тұлғасының қалыптасуымен танысу. 
 
Қарастырылатын мәселелер: 
1. Мақыш Қалтайұлы шығармаларының зерттелуі. 
2. Ақынның әдеби мұрасының жарияланып, жарық көруі. 
3. Мақыш Қалтайұлының өмір деректері. 
 
Сұрақтар 
1.  Мақыш  Қалтайұлы  шығармашылығына  қатысты  алғаш  пікір 
айтушылар кімдер, олардың еңбектерін ата. 
2. Мақыш шығармаларын тілдік  тұрғыдан зерттеген лингвист ғалым кім, 
қандай еңбегі бар? 
3. Ақын кітаптары қай жерде, қандай баспаларда жарық көрді? 
4.  Мақыш  Қалтайұлының  татар  тілінен  аударған  кітаптарын  атаңыз, 
авторлары кімдер, қандай шығармалар қамтылған? 
5. Мақыштың алған білімі, оқыған мектептері туралы не білесің? 
6. Мақыштың отбасына  қатысты қандай деректер білесің? 
7. Ақынның діни ағартушылық қызметіне, діни атақ-лауазымына қатысты 
қандай деректерді білесің? 
 
ӘДЕБИЕТТЕР

1.  Жиренчин  А.М.  Из  истории  казахской  книги.

Алма-Ата:  Казахстан, 
1987.

144 с. 
2.  Каримуллин  А.  Книги  и  люди.  Казань:  Татарское  книжное 
издательство, 1985.

 310 с. 
3. Субханбердина У., Сейфуллина Д.Қазақ кітаптарының шежіресі. 1807-
1917.

 Алматы: Рауан, 1996.

287 б. 
4.  Елеукенов  Ш.  Шалғынбаева Ж.  Қазақ кітаптарының  тарихы.

Алматы: 
Санат, 1999.

192 б. 
5.  Сыдиықов  Қ.  Мақыш  Қалтаев  //  Кітапта:  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі 
қазақ әдебиеті (Қазан төңкерісіне дейінгі дәуір).

 Алматы: Ғылым,1994.

 310 б.  
6. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. 

Алматы: 
Білім, 1998.

256 б. 
7.  Кенжебаев  Б.  Әдебиет  белестері:  зерттеулер,  мақалалар.

Алматы: 
Жазушы, 1986.

 400 б. 

 
 
49 
8. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет.

Астана: «Фолиант», 2002.

 474 б. 
9.  Құрышжанов  Ә.  «Кітаби  тіл»  материалдарынан  //  Жинақта:  Қазақ  тілі 
тарихы мен диалектологиясының мәселелері. 2-шығуы.

Алматы: Қазақ ССР ҒА 
баспасы,1960.

175 б. 
10. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі.

Астана: Елорда, 2000.

344 б. 
11. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.  – 
Қарағанды: «Болашақ», 2010. – 420 б. 
12.  Мақыш  Қалтайұлы  шығармалары:  өлеңдер,  аудармалар,  мақалалар. 
Құрастырып,  алғы  сөзін  жазған  Еспенбетов  А.,  Әміренов  Ә.  –  Семей,  1998.  – 
137 б. 
13.  Діни  ағартушылық  әдебиет.  Хрестоматиялық  оқу  құралы.  1-2  бөлім. 
Құрастырған, алғы сөзін, өмірбаяндық анықтамалар мен араб барсы сөздеріне, 
діни терминдерге түсініктеме жазған Ә.Әміренов- Павлодар, 2010. – 209 / 223 б. 
 
ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ
 
 
1. Б. Кенжебаевтің, Ә. Жиреншиннің, Ү. Субханбердинаның, Ә. Кәримул-
линнің  және  т.б  зерттеу  еңбектерін  қарастырып,  Мақыш  Қалтайұлының  баспа 
бетін көрген кітаптарына қатысты  конспект жасаңыз. 
2. «Мақыш Қалтайұлы шығармаларының зерттелуі» тақырыбына реферат 
жазыңыз. 
3.«Мақыш  Қалтайұлы  шығармалары»  жинағынан  ақынның  ғұмыр-
баяндық өлеңдерін тауып талдаңыз. 
 
РЕФЕРАТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
 
 
1.  Мақыштанудағы  қазіргі  ізденістер  (У.  Қалижанұлы,  Д.  Қамзабекұлы 
т.б.) 
2. Мақыштану саласындағы Б. Кенжебаевтің еңбегі 
3.
 
Мақыш Қалтайұлының ғұмырнамасы. 
 
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ
 
 
1. Мақыш Қалтайұлы шығармашылығының зерттелуі 
2.
 
Мақыш шығармаларының жинақталып жарық көруі 
3. Мақыш Қалтайұлының қазақ әдебиеті тарихындағы орны 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
50 
 
 
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
 
 
1. Мақыш Қалтаевтың татар тілінен аударған кітаптары: 
А)“Мәшһүр Қалтаев”, “Бұлбұл құс” І-ІІ бөлім 
В) “Айна”, “Сақ уа сұқ халдері” 
С)“Тура жол”, “Қазақ айнасы” 
Д)“Қалтайұлының... манзумасы” 
Е)“Насихат қазақия”,“Терме” 
 
 
2. Мақыш Қалтаевтың өлең кітаптары: 
А) “Тура жол”, “Бар оқиға” 
В)“Хал-ахуал”, “Сарыарқаның кімдікі екендігі” 
С)“Қарлығаш”, “Өрнек” 
Д)“Манзумат қазақия”, “Алаш” 
Е)“Балалық”, “Балалықты сағыну” 
 
3. Мақыш Қалтайұлының ақындығы туралы алғаш жазған зерттеуші 
А) М.Әуезов 
В) У.Қалижанұлы 
С) Б.Кенжебаев 
Д) С.Қирабаев 
Е) Ы.Дүйсенбаев 
 
4. Мақыш Қалтаев туралы алғашқы зерттеу мақала қалай аталады 
А) «Мақыштың ақындығы» 
В) «Мақыш Қалтаевтің поэзиясы» 
С) «Дәуірі туғызған ақын» 
Д) «Мақыш Қалтаев» 
Е) «Діни көзқарастағы ақын» 
 
 
5.  «...М.  Қалтаевтің  өлеңдерінде  айта  қаларлық  тың  жаңалық  жоқ,  көп 
жағдайда  М.  Көпеев  пен  Н.  Наушабаевқа  үндес  келіп  отырады...»,  деген 
дәйексөз кімдікі? 
А) Ә. Дербісалин 
В) Б. Кенжебаев 
С) Т. Қожакеев 
Д) Ә. Құрышжанов 
Е) Ы. Дүйсенбаев 
 
6.  «Мақыш  Қалтаевтың  өз  дәуіріне  сай  өмір,  оқу,  білім,  мектеп,  өнер, 
қалың мал, отырықшылық сияқты елеулі мәселелрді қозғап, заманына, дәуіріне 

 
 
51 
өзінше  сын  көзімен  қарап  халықты  игілікке  үндеуі,  жастарды  оқу,  өнерге 
шақыруы ағартушылық, демократтық ниетін танытады» пікірінің авторы 
А) Қ.Сыдиықов 
В) Ә.Дербісалин 
С) Б.Әбдіғазиев 
Д) Т.Кәкішев 
Е) Т.Жұртбай 
 
7.  «Өз  заманының  бір  ғана  шындығын  мөлдірете  жырлауға,  тура  жүріп, 
тура  сөйлеуге  бір  жолата  бет  бұрған  Мақыш  өз  айналасындағы  ел-жұртты  да 
осы адал жолға бастауға бар жанын салған. Ол өзінің еліне деген ақ көңілі мен 
адал пейілін ісімен де, қылығымен де көрсете біліп, жұртқа ең керекті әділдікті 
барынша  терең  жырлауға,  шындықтың  құдіретін  халқына  түсіндіруге 
тырысқан», деп тұжырымдаған: 
А) Қ.М. Жүсіп 
В) Р. Нұрғалиұлы 
С) Б. Омарұлы 
Д) У. Қалижанұлы 
Е) Д. Қамзабекұлы 
 
8.  «...М.  Қалтайұлының  әдеби-эстетикалық  көзқарасы  ислам  зиялысына 
ортақ мәдениетті тану арнасынан табылады...», деген ғалым 
А) .Б. Ибрайым 
В) А. Еспенбетов 
С) Д. Қамзабекұлы 
Д) Қ. Сыдиықов 
Е) С. Қирабаев 
 
9.  «Кітаби  тілде  жазылған  шығармалар,  соның  ішінде  М.Қалтаев 
туындылары, сол кездегі түркі тілдерінде қолданылып жүрген араб-парсы, орыс 
сөздерін (оның ішінде қазақ тілінде баламасы жоғы қанша) пайдалану арқылы 
қазақ  тілінің  байи  түсуіне,  қорлана  беруіне  ат  салысты»,  деп  ақын 
шығармаларын тілдік тұрғыдан зерттеген ғалым: 
А) Ә.Қайдаров 
В) Ә.ҚҰрышжанов 
С) Б.Сағындықұлы 
Д) М.Томанов 
Е) Ә.Ибатов 
 
10. Мақыштың алғаш баспа бетін көрген кітабы 
А)  «Біраз ғибрат сөз...» 
В) «Насихат қазақия» 
С) «Қалтайұлының қазақ ахуалын бахас еткен манзумасы» 
Д) «Бар оқиға» 
Е) «Тура жол» 

 
 
52 
 
11. Мақыш Қалтайұлының татар ақыны Ғ.Ғ.Рашидиден аударған кітабы 
А) « Насихат» 
В) «Тура жол» 
С) «Бар уақиға» 
Д) «Айна» 
Е) «Сақ уа сұқ халдері» 
 
12. Мақыштың татар ақыны З.Каримиден аударған туындысы 
А)» Бар оқиға» 
В) «Манзумат» 
С) «Сақ уа сұқ» 
Д)  «Айна» 
Е) «Туғры йол» 
 
13. Мақыш Қалтайұлының туып-өскен жері 
А) Семей губернисы, Абралы болысы 
В) Батыс Сібір губерниясы, Көлборсы мекені 
С) Ақмола дуаны, Қарөткел аймағы 
Д) Түркістан аймағы, Қарнақ ауылы 
Е) Жетісу өңірі, Ақсу болысы 
 
14. Мақыштың орта білім алған медресесі 
А) Семейдегі Ахмет Риза медресесі 
В) Керекудегі Бижан медресесі 
С) Тройцкідегі Расулия медресесі 
Д) Түркістандағы Шаян медресесі 
Е) Ақмоладағы Сәдуақас Ғылмани медресесі 
 
15. Мақыш Қалтайұлының алғаш діни дәріс тыңдаған ұстазы 
А) Шамсуддин Хусайнов 
В) Абдолла Ешімов 
С) Зейнолла Расулов 
Д) Шиһабиддин Маржани 
Е) Ахмет Риза 
 
16. Мақыштың қажылық сапары қай кездері болуы мүмкін 
А) 1910-1911 жылдары 
В) 1900-1902 жылдары 
С) 1908-1909 жылдары 
Д) 1898- 1900 жылдары 
Е) қажылыққа барған жоқ 
 
 

 
 
53 
17.  Мақыштың  өмірінде  аралсып,  шығармаларына  арқау  еткен  тарихи 
тұлғалар. 
А) Ахмет Байтұрсынов 
В) Нұрмағанбет Сағынаев 
С) Шәкәрім Құдайбердиев 
Д) Мәшһүр Жүсіп Көпеев 
Е) Мұса Шорманов 
 
18.  Мақыш  шығармасына  арқау  еткен,  Ресей  Мемлекеттік  думасының 
депутаты болған тұлға  
А) Әлихан Бөкейханов 
В) Бақытжан Қаратаев 
С) Шаһимардан Қосшығұлов 
Д) Отыншы Әлжәнов 
Е) Смағұл Сәдуақасов 
 
19. Мақыштың өз отбасы жайлы мағлұмат қай жинағында берілген? 
А) «Біраз ғибрат сөз...» 
В) «Манзумат» 
С) «Бар оқиға» 
Д) «Насихат қазақия» 
Е) «Тура жол» 
 
20. Мақыш Қалтайұлының көзі тірісінде жарық көрген кітаптары қанша? 
А) үш 
Б) бес 
С) он алты 
Д) он 
Е) алтау 
 
21. Мақышпен хат алысып, қарым-қатынас жасаған татар баспагері 
А) У.Сағаддинов 
В) Ш.Маржани 
С) І.Бораганский 
Д) Ғ.Ибрагимов 
Е) М.Файызханов 
 
22.Мақыштың өмір кезеңі 
А) 1868 -1916 жж. 
В) 1858- 1911 жж. 
С) 1845-1900 жж. 
Д) 1853- 1908 жж. 
Е) 1890- 1932 жж. 
 
 

 
 
54 
2- ТАРАУ. МАҚЫШ ҚАЛТАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 
 
СЫНШЫЛДЫҚ БАҒЫТ
 
 
Артына  елеулі  әдеби  мұра  қалдырып  өзіндік  таным-талғамымен 
ерекшеленетін  кез-келген  ақын-жазушының  шығармашылық  мұратын 
айқындап,  дүниетанымдық  көзқарасына  әсер  ететін  рухани  нәр  алған  қайнар 
көзі болатыны даусыз. Кезінде М.Әуезовтің алғаш рет ғылыми тұрғыда жүйелі 
пікір  қозғап,  Абай  нәр  алған  үш  бұлағы  мен  асқаралы  поэзиясының 
бастауларын  бөліп  атауы  Абаймен  тұстас,  одан  кейінгі  ақындар  мұрасын 
зерттеушілерге  де  үлкен  ой  сала  отырып,  қаламгер  шығармашылығының 
табиғатын тануға бағыт сілтейтіні сөзсіз.  
Абай нәр алған рухани үш бұлақтың бірі 

  шығыс  мәдениетіне  қатысын 
зерттеген  М.Мырзахметовтың:  «М.Әуезов  Абайға  шығыстан  келген 
бұйымдардың  басы  ислам  діні  деп  көрсеткенде  бұл  пікірдің  түп-төркінінде 
үлкен  тарихи  шындық  жатқанын  ескертіп  барып  айтқан»  [63,39 ],  деген  пікірі 
ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушы ақындар шығармашылығына да тән екенін 
айтуға болады. 
Мақыш  Қалтайұлының  әдеби  мұрасының  жай-жапсарын  байымдап, 
дүниетанымдық  көзқарасына  байланысты  пікір  білдірген  Б.Кенжебаев: 
«Мақыш молда ақын. Оның дүниетануы, көзқарасы 

 діни. Мәселені түсіндіру, 
талдау әдісі 

 шариғатша. Мысалдары, дәлелдері шариғаттан, діни кітаптардан. 
Бірақ  Мақыш  қазақ  даласына  капиталистік  қарым-қатынастың  жайылуы 
әсерімен  капитализмнің  рулық-ақсақалдық,  ортағасырлық  қалдығына  қарсы 
күресу сарыны әсерімен оянған молда, сол сарында жырлаған ақын» [4,78 ], 

 
деп Мақыш шығармашылығының негізгі тірегі исламиятқа қатысты екенін атап 
көрсеткен болатын. 
Негізінен  Мақыш  Қалтайұлының  ақындық  өнерінің  айқындалып, 
әлеуметтік-саяси  көзқарасының  қалыптасуына  сол  кездегі  Ресей  империясы 
құрамындағы мұсылман зиялыларының ағартушылық, жаңашылдық (жәдидизм 
–  Ә.Ә.)  ой-пікірлері  әсер  етіп,  бодандық  бұғауына  қарсы  әрекет  еткен  «діни 
оянушылықтың»  ықпалы  болды.  Ақын  өз  заманының  көкейкесті  мәселелерін 
сөз  еткенде  исламның  қасиетті  кітабы  Құранға,  шариғат  заңдарына  сүйеніп, 
діни талап-талғам тұрғысынан түсіндіреді.  
М.Қалтайұлы  шығармашылығы  негізгі  үш  саладан:  поэзия,  аударма, 
публицистикадан  (әзірге  екі  мақаласы  белгілі  –  Ә.Ә.)  тұрады  десек,  соның 
ішіндегі  ең  сүбелі  саласы  ақынның  поэзиясы.  Бүгінгі  күн  тұрғысынан  алып 
бағалағанда  Мақыш  өлеңдерінің  идеялық-тақырыптық  ауқымы  кең,  өзіне  тән 
ерекшелігімен қайшылығы бар мол мұра. Негізгі мотиві  – қазақ қоғамы, оның 
әр  алуан  тұрмыс-тіршілігі,  адамдары,  олардың  арасындағы  қоғамдық 
қатынастар,  адал  еңбек,  адамгершілік-имандылық  секілді  сан  түрлі  өмірлік 
мәселелер.  Дәлірек  айтқанда,  өзі  өмір  сүрген  қоғамдық  ортаның  қат-қабат 
сырларын өлеңдеріне арқау еткен.  

 
 
55 
«Жалпы  алғанда  Мақыштың  ізгілік,  ағартушылық,  демократтық  пікірі 
басым, 

  дейді  Б.Кенжебаев.

  қазақтың  Қазан  төңкерісінен  бұрынғы  молда 
ақын-жазушыларынан  қазақ  өмірінің  бірталай  күрделі  мәселелерін  қозғаған, 
реалистік  бағытта  бірталай  көтерілген,  сыншыл  реализмге  жақын  келген  осы- 
Мақыш  Қалтаев»  [26,51].  Ғалымның  бұл  пікірі  ақын  өлеңдерін  нақты 
саралаудан туған баға деп білеміз. 
Шындығында  да  Мақыш  өлеңдерінде  сыншыл  реализмге  тән  сыр-
сипаттар аса мол. 
Айнадай көрсетемін жұрттың мінін, 
Қорқып ішке жимаймын сөздің шынын. 
Жақын - алыс, дос, дұшпан бәрі бірдей, 
Сөйлеймін жалтақтамай хақтың құлын. 
Немесе: 
Ауыруға ащыдан дуа қылар, 
Табиғаты көрсе де қанша салтын. 
Ащы айтты деп ашуы келгендердің, 
Бола қалмас қасында жүзім жарқын. 
Қисығын көре тұрып ішке сақтап, 
Басылмас сөйлеп алмай біздің қарқын [50,2 ], 

 
деген  өлең  жолдарынан  ақынның  өз  ортасын,  қоғамдық  құбылыстарды  сөз 
еткенде,  заманның  ащы  мәнін  ашуда  ешкімнен  тайсалмай  әр  оқиғаға  өзіндік 
бағасын айта білетін шыншылдығын байқаймыз.  
Қоғам  өмірі  кез-келген  ақынды  үнемі  толғандырып,  шығармашылық 
табиғатын  айқындайтын  маңызды  тақырыптардың  бірі.  Өйткені  «ақынды 
өсіретін  жағдай  –  қоғам  тіршілігі.  Оның  ой-пікірінің  қазығы  –  сол  тіршілік» 
[64,302 ]. 
Әдеби  процесске  ат  салысқан  қандай  ақын-жазушы  болмасын  қоғамды, 
өмірді,  адамдық  қатынастарды  сөз  еткенде  сол  қоғам  тіршілігін  өзінше  көру, 
жырлау  ниеттерін  білдіргені  ақиқат.  Мақыш  Қалтайұлының  да  қоғам  өмірін 
жырлаған  өлеңдерінде  өзіндік  көзқарасы,  мақсат-мүддесі  айқын  көрінеді. 
«Қазақ  өмірін  Мақыш  таңырқап,  қызықтап,  дәріптеп  баяндамайды.  Көбінесе 
сын  көзімен  қарап,  қоғамдық  даму  тұрғысынан  шенеп-мінеп  баяндайды» 
[27,147].  Шығармашылығының  тұтас  тұрқымен  діни  ағартушылыққа  бейім 
ақын  тұрмыс  пен  санада,  ел  билеу  тәртібі  мен  әдет-ғұрыпта  көп  жағдайдың 
ескіріп,  енді  олардың  жаңаруы,  өзгеруі  өмірдің  өзінен  ілгерлеу  қарқынымен 
туып  отырғанын  көре  білді.  Қоғамның  дамуына  ескі  атаулының  кедергі  бола 
бастағанын шындық күйінде суреттейді.  
Мақыш Қалтаев өзі өмір сүрген қоғам тіршілігін сөз еткенде оны сырттай 
ғана бақылап сараламай, бар нәрсенің қай-қайсысына да діни талап тұрғысынан 
терең мән беріп, шариғаттың мақұл көрген істерін  уағыздап, теріс әрекеттерін 
өткір  сынға  алады.  Өз  дәуірінің  ақыны  ретінде  ол  халықтың,  бүкіл  қоғамның 
басындағы кемшілік-кеселдердің тамырына балта шабудың жолын іздеді. Ақын 
қоғам  дертін  Алланың  көрсеткен  хақ  жолымен  емдеуге  болады  деп  осы 
жолдағы  барлық  ой-пайымдарын  өлеңдеріне  арқау  етті.  Осыдан  келіп  оның 

 
 
56 
ақындық  бітімі  қалыптасып,  адамгершілік-имандылық  категориялары  оның 
шығармашылығының негізгі нысанасына айналады. 
Ақын  сыншылдығының  ерекшелігі  де  ең  алдымен  өз  қоғамындағы 
кемшіліктерді  діни-ахлақ,  имандылық  тұрғысынан  әшкерелеуінде.  Тұрмыс-
тіршіліктегі  кертартпа  әдет-ғұрып,  надандық,  имансыздық,  жалқаулық  сияқты 
толып  жатқан  қоғамның  асқынған  ауруындай  болып  кеткен  дерттерге  ақын 
мейлінше наразы.  
Мақыштың  бір  топ  өлеңдері  адам  бойындағы  кездесіп  қалатын  теріс  іс-
әрекеттер мен мінез-құлықтарды сынауға арналған.  «Ғужуптік хақында» деген 
өлеңінде  адамдық  қасиеттен  жұрдай  ететін  мақтаншақтық  пен  даңғойлық, 
жалған намыс пен өсекшілдік сияқты мінездерге жиіркене қарайды. 
Мал біткендер ойлайды біздер тек пе, 
Білем деген салады әртүрлі епке. 
Бір кісіге шамасы келгендері, 
Келсең-кел деп тұрады жекпе-жекке. 
Көп болғандар көтеріп көкірегін, 
Кім батады деп жүреді біздің көпке. 
Екі кісі бас қосса сұрасады, 
Пәленшені пәленше солай деп пе. 
Алты аласы ішінде болмаса да, 
Бір-бірінде жүреді ішінде өкпе [50,4 ]. 
Аталған  кемшіліктер  адамдарды  азғындатып,  рухани  дамуға  тұсау 
болатын қасиеттер. Бұлардың барлығы да надандықтың белгісі. Надандығына, 
байлығына,  көптігіне  масайрап  тәкәппарлық  еткендерден  ең  жаман 
астамшылық  жоқ.  Ал  астамшылық,  өзін-өзі  жоғары  қою-Аллаға  қарсы  болу 
деген сөз. Құрани Кәрімде жазылғандай «Ұлылық тек Аллаға лайық». Көкірек 
керіп аз күндік дүниесін  масаттанушылар Аллаға шәк келтіргендік, сондықтан 
адам  бойындағы    шәктен  асқан  дүниенің  бәрі  де  харамдыққа  жатады.  Алла 
тағаладан  бұған  қатысты  мынадай  аяттар  түскен:  «Жер  бетінде  алшаңдама, 
аяғыңмен жерді оя алмайсың, биік таулармен теңесе алмайсың, Бұлай әспенсу 
Құдай  алдында  жаман»  (Исра,  36-37  аяттар).  «Тегінде  Алла  менмендер  мен 
мақтаншақтарды жаратпайды» (Ниса,36).  
Мұхаммед пайғамбар да мұндай қылықтарды құптамаған: «Кімде-кім өзін 
зор  тұтып,  жүріс-тұрыста  тәкәппар  болса,  ахиретте  Алланың  қаһарына 
ұшырайды»  [65,55].  Яғни  адамгершілікке,  имандылыққа  жат  іс-әрекеттің 
барлығы шариғат заңы бойынша зор күнә болып табылады.  
Ақын  қоғамдағы  қандай  да  болмасын  кемшілікті  нысанаға  алғанда,  оны 
жеке  дара  алып  қарамайды.  Жоғарыдағы  келеңсіздіктерді  сөз  еткенде  ол  бір 
адам  басындағы  кемшілік  деп  емес,  бүкіл  қоғам  басындағы  дерт  деп  типтік 
сипат бере сомдайды. Өз халқының басқа ел қатарына іліге алмай жұртқа мазақ 
болып  отырғаны  да  «Шариғатын  қойса  да  ғұрпын  қоймайтын» 
парықсыздардың надандық әрекеттерінен деп шенейді: 
Басқа халық күліп жүрер ғұрыпмыздан, 
Өзіміз қазақ болған соң күле алмаймыз. 
Сол әдетін қазекең қалдыра алмай, 

 
 
57 
Әр жұрттан үшбу күнде соң қалыпты. 
Жол көрсеткен адамдар жөндей алмай, 
Не қыларын біле алмай сандалыпты. 
Шариғат пен низамға жанаспайтын, 
Ғұрпымыздан басқалар таң қалыпты... 
Достық пен заманаша бол дегенді, 
Қас көріп біздің қазақ шамданыпты. 
Күннің көзін көрмеген жарқанаттай 
Надандығы сол жерден аңданыпты [49,5 ]. 
Мұндай фәни тіршіліктің қамын ғана ойлайтын «Суреті – адам, пиғылы – 
есектерді»  қоғамды  кері  тартатын  кереғар  күш  деп  таныған  ақын  олардың 
тірліктерін батыл сынап-міней отырып: 
Молла Мақыш Қалтаев қайғырады,  
Қазақтан қалмай жүрген мұндай кепке, 

 
деп жүрек наласын жеткізеді. 
Ақынның  өлеңдерінің  біразы  жастарға  арналған.  «Жастар  хақында», 
«Қарттан  қашу,  жасқа  жақындасу»,  «Халалын  қызғанбау  хақында»  сияқты 
бірқатар  өлеңдерінде  жастардың  бұзықтық  іс-әрекеттеріне  назаланып, 
зинақорлық  сияқты  халықтың  қадір-қасиетіне  кір  келтіретін  жат  пиғылдарын 
әшкерелейді.  Адамдықтан  азғындататын  мұндай  кеселдердің  себебіне  үңіліп, 
әділ сынға алады.  
Ақын  пенделер  бойында  кездесетін  бұл  азғындықтың  себебін  қоғам  мен 
адамдар  арасындағы  қатынас  мәселесінен  іздейді.  Қоғамдағы  мақсат-
мүдделердің  құнсыздануы  сол  қоғамдағы  адамдар  хұлқына  да  әсер  етеді. 
Адамдардың  азғындыққа  салынып  өзін  де  өзгені  де  сыйламай  жалған  тірлікте 
аз күн нәпсіқұмарлыққа түсуі де осыдан. Сондықтан ақын адамдарды аздырып, 
заманды тоздыратын әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің бәріне қарсы.  
Бір әдет бар қазақта осы кезде, 
Сырқаты жоқ көреді екі көзде. 
Масликум танқид қылу қазақтарды, 
Қатамыз болса дағы айтқан сөзде. 
Бұл әдет болған бізде неше заман, 
Қазақ жоқ осы кезде бұдан аман. 
Көп  түрлі бидғатымыз болса дағы 
Харамдықта әдет жоқ мұнан жаман [49,9 ], 

 
деп  ол  мұндай  дәстүрлерге  діни  сипат  бере  айыптайды.  Шариғатқа  жат 
қазақтың  ата-бабасынан  келе  жатқан  ескі  салт-дәстүрі  ретінде  кінәлайды. 
Жастардың  тәрбиесіне  теріс  әсер  етіп  оларды  айуандыққа  ұрындыратын 
дәстүрлердің бірі – жастардың шілдехана ойыны деп соған шүйлігеді. «Жастар 
хақында» өлеңінде мұны жеріне жеткізе сынап-мінейді. 
Бұл әдеттің айтайын асыл затын, 
Бала тапса хамила болған қатын. 
Шілдехана есімді мәжіліс құрып, 
На махрам бір-біріне болар жақын.., 
Қыз бен жігіт жиылып үйге толар, 

 
 
58 
Екеу-екеу отырып ойын қылар. 
Таң атқанша бірігіп бірге қонар, 
Ләззат алар қыз жігіт ойынынан. 
Құшақтасып отырар мойынынан, 
Ұстайтығын жігіттің уәзифасы 
Емшек деген ағзаны қойынынан. 
Жастардың  мұндай  жат  пиғылына  жиіркене  қарап  және  оның  барша 
сорақы  сипаттарын  ақтара  суреттеуі  ақынның  діни-имандылық,  адамгершілік 
мұраттарымен сабақтас.  
Ол  малын  бағып,  марғау  тіршілікпен  өткізген  ештеңеден  хабары  жоқ 
халқын оятуды мақсат етті. Ол үшін болашақ иесі жастардың көкірек көзін ашу 
қажет  деп  санайды.  Сондықтан  ақын  жастардың  уақытын  зая  етіп,  өмірін  тек 
ойын-сауықпен өткізіп жүргеніне назаланып олардың зинақорлық сияқты небір 
қиянпұрыс  тірліктері  оның  ашу-ызасын  тудырады.  Ақын  олардың  ішкі  арам 
пиғылдарын  іс-әрекет,  қимыл-қозғалыстары  арқылы  көрсете  отырып 
суреттейді.  
Қылжақтап бір қалжың бас тыстан келіп, 
Отырар етігімен төрге шығып. 
Қисайып жата кетер келген есер, 
Қыз-келіншек отырса әзілдесер. 
Әзілі шын жарасқан жеңге болса, 
Алып соғып дамбалдың бауын шешер,- 
деген  жолдарды  оқығанда  аман-сәлемі  жоқ,  есіктен  ыржалақтап  кіріп  келіп 
етігін  шешпестен  төрге  ұмтылған  есерсоқ  қылжақбастың  сиқын  көресің, 
әзілдеген  болып  істеген  дөрекі  әрекеттерінің  де  ішкі  есебін  танисың; 
қалжыңның астарында арам нәпсі жатыр. Жалпы алғанда Мақыш өлеңдерінде 
адамның  ішкі  пиғылын  іс-әрекеттері  арқылы  сырттай  суреттеу  жағы  басым 
болып келеді. 
Ақынның осы өлеңінде Абаймен үндестігі байқалады. Абай ақын «Заман 
ақыр жастары» өлеңінде жастардың мінез-құлықтарын сипаттай отырып: 
Күлміңдеп келер көздері, 
Қалжыңбас келер сөздері. 
Кекектеп секек етем деп, 
Шошқа туар сөздері [66,129 ], 

 
деп  тоғышарлық  жолға  түскен  жастарды  аяусыз  сынға  алса,  Мақыш 
өлеңдерінде осы сыншылдық жалғасын табады.  
Ақын  зинақорлық  сияқты  қоғамның  кесел  дертін  сөз  етіп,  жастардың 
тіршілігін сынағанда әйел-еркек деп жынысына қарап бөліп-жармайды. Екеуін 
бірдей  айыптайды,  екеуіне  де  үкімін  бірдей  шығарады.  «Қарттан  қашу-жасқа 
жақындасу» өлеңінде қыз-келіншектердің байларынан жасырынып, жігіттермен 
әзіл-қалжыңын жарастырып ойнап-күліп жүрген қылықтарын әшкерелейді. 
Қатын-қызы қарттардан жасырынып, 
Жастарға жалтаңдасып таңданыпты. 
Келіншектер жастармен әзілдесер, 
Жеңгеміз деп дамбалдың бауын шешер. 

 
 
59 
Қарттан қашып жастарға жақындасқан, 
Болмай ма шын ойласаң анық есер [50,11 ]. 
Байының  көзінше  әдепсініп,  сырт  айналғанда  айуандық  істерге  баратын 
қыз-келіншектердің  мұндай  дөрекіліктерін  ақын  айлакерлік  қана  емес,  шектен 
шыққан есерлік, жолсыздық деп санайды.  
Өмірін де, өлеңін де ағартуға арнаған, көкірегі иманды молла ақын үшін 
жастардың  мақсатсыз  тіршілігінің  бәрі  сорақы  көрініс.  Оларды  ақын  шариғат 
негіздеріне сүйене отырып айыптайды.  
Шариғат  заңында  зинақорлық  адам  өлтірумен  бірдей  күстаналатын  күнә 
болып табылады. Зина жасағандардың тартар жазасы да қатты, өйткені ондай іс 
қылған адамда адамгершілік қасиет те болмайды.  
Ақынның: 
Милләтті шарапатты қылатұғын, 
Мал-дәулет, әскер болмас белгілі әні. 
Білге дейін кәмілге себеп болған, 
Үй жамағат деуіміз дұрыс жауап [25,11 ], 

 
деп  өзі  айтқандай,  ұлтты  көркейтетін  отбасы,  жанұя  болса,  осыдан  келіп  өмір 
сүріп  жатқан  орта-қоғам  қалыптасады.  Зинақорлық  сол  отбасына  қол  сұғу, 
қоғамды  мансұқтау,  ұлттың  ар-намысын  аяққа  таптау.  Ондай  адамдардың 
бойынан  иманы  қашып,  ұятсыздық,  өтірік,  мейірімсіздік  пен  қылмысқа  жол 
ашылады.  Оларға  Алла  тағаланың  мейірімі  түспейді.  Құранда  бұл  туралы  өте 
жиі  ескертіледі.  «Зина  –  муминдер  үшін  харам  етілген  іс»  (Нұр,  3); 
«Зинақорлықтан  аулақ  болыңдар.  Ол  –  масқаралық,  бұзықтық»  (Исра,  32). 
Иманды мүсілімдер осыны әркез есте ұстап, шектен шықпаған.  
Адамдар  бойында  кездесетін  кемшіліктер  қай  заманда  болмасын 
халқының ар-намысын ойлаған ақындарды толғандырумен болған. Мақыш сол 
кемшіліктерді  көріп  қана  қоймай  («Адаммын  азғындықты  көретұғын»),  ол 
кеселдерді  жұртқа  жариялап  («Немене  көрсетпесем  әрбіріңе,  ихтиярым 
болмайды тәмамдарға»), оларға өз үкімін айтады. («Доңыздың дайусилік даңқы 
шындық»),  «Зина  мен  таһметті  жеңіл  көріп»  жүрген  жастарды  ақылсыз 
мақұлық доңызға теңей отырып ақын: 
Ғафифаны сеп қылған адамдарды, 
Жазалар имам сексен қамшы ұрып , 

 
деп бұ дүниедегі жазасын шариғат бұйрығымен кесіп, о дүниедегі тозақ отына 
күйетін жазасын айтып лағынеттейді. 
Жан  дүниесі  жамандықты  сүймейтін  өзі  діндар  ақын  жастардың  жаман 
әдеттерге бой ұрып бұзылғанына күйінеді. Осындай надандық белгілерін сынай 
отырып оны қоғамнан аластатып, түбірімен жоюға халықты шақыра отырып: 
Сағбаттың хақын білмес жастарымыз, 
Ағарған сафсатамен шаштарымыз.  
Қатасын іші біліп тұрса дағы, 
Ғұрпынан аса алмайды бастарымыз , 

 
деп көпшіліктің әдет-ғұрыптан аса алмайтынын, жалғыз өзінің шарасыз екенін 
айтып күйзеледі. 

 
 
60 
Мақыштың  осыған  үндес,  мазмұндас  келетін  енді  бір  өлеңі  «Халалын 
қызғанбау  хақында»  деп  аталады.  Бұл  өлеңінде  ақын  жастардың  қымыз  сату 
кәсібіндегі келеңсіздіктерді сөз етеді. 
Бір  қарағанда  қазақтың  қымызында  өлеңге  арқау  болатындай  ешқандай 
сонылық жоқ болып көрінседе, оның терең астарлы мәніне үңіліп, сөз қозғаған 
бірталай  ақындарымыз  бар.  Мәселен,  Абай  өзінің  «Осы  қымыз  қазаққа...»  деп 
басталатын өлеңінде: 
Осы қымыз қазаққа, 
Мақтаның ба, асың ба? 
Қымыз, семіз дегенің, 
Бір мақтан ғой жасырма [66,244 ], 

 
деп қымызды мақтан көріп лепіріп жүрген қазақтың даңғойлығын көрсетеді. 
Шат-бұт не қылсаң да сөзің дәмді, 
Кісі жоқ бұ жиһанда сенен сәнді. 
Қымызсыз маған салсаң, Аплатон бол, 
Көрмессің сөзің тыңдар ешбір жанды [67,82 ]. 
Бұл – Сұлтанмахмұттың «Қымыз» өлеңі. Ақынның түсінігінше, «қымыз – 
үстемдік  құралы.  Қымыз  –  әлеуметтік  теңсіздік  белгісі»  [43,89  ].  Сондай-ақ 
Ахмет  Байтұрсынов  «Ақын  ініме»  өлеңінде  қаламдас  інісіне  әзіл-қалжыңмен 
кеңес бере отырып: 
Аузымен орақ орып бәрін де етер, 
Қымызды шара-шара сапыр, інім. 
Ет пенен қымыз беріп сөйлеп көрсең, 
Айтқаның жұртқа балдай татыр, інім. 
Ақылың Аплатондай болса дағы, 
Қымыз бен етің жоқ құр татыр білім [68,40 ], 

 
деп қымыз арқылы мысқылмен астарлы ой бере отырып өлеңін тұжырымдайды. 
Яғни, ақындар қымызды өлеңдеріне арқау ете отырып, өздері өмір сүрген 
қоғамның 
қатпар-қатпар 
сырын 
ашып 
көрсеткен. 
Сол 
арқылы 
шығармашылығының ұлттық сипатын айқындады. 
Мақыш  Қалтайұлы  да  бұл  тақырыпты  өз  таным-түсінігімен  толғайды. 
Жалпы  ақынның  шығармашылық  табиғатының  ерекшелігі  оның  күнделікті 
өмірде  елеп-ескерілмей  көпшілік  арасында  өтіп  жататын  нәрсенің  өзіне  терең 
мән  беруінен  аңғарылады.  Мәселен,  жастардың  қымыз  сатып  пайда  тауып 
жүргенінде не тұр? Ақын осыны өлеңдерінде үлкен проблема қылып көрсеткен. 
Бұл  кәсіп  қоғам  өзгеруімен  қазақ  тұрмысында  пайда  болған  жаңалықтардың 
бірі. Экономика тілімен айтқанда жекеменшіктік сауда. 
Ақынның пікірінше қоғамның дамуы барысында халық тұрмысына енген 
жаңалықтардың  бәрі  бірдей  оңтайлы  жағдай  туғыза  бермейді,  керісінше  сол 
қоғамдағы  адамдар  өміріне,  тұрмысына  кері  әсерін  де  тигізеді.Осының  бәрін 
ақындық зердесімен саралай келіп: 
Бұл қалада қазақта бір кәсіп бар, 
Қылмас еді бар десе таңда махшар. 
Бойжеткен қыз, жас қатын қымыз сатар, 
Жас жігіттер отырар қатар-қатар. 

 
 
61 
Қымыз ішіп қызулап алғаннан соң, 
Не түрлі бұзық сөзді айтып шатар [50,13 ], 

 
деп ақын қазақ тұрмысына жаңалық боп салтқа кіре бастаған сауда капитализмі 
кейбір  элементтерінің  жастар  тәрбиесіне,  мінез-құлқына  зиянын  тигізетін 
кесапатын  меңзейді.  Сондай  жаңалықтардың  бірі 

  қымыз  сатуды  кәсіп  етіп 
жүрген  жас  қыз-келіншектердің  сорақы  тірліктері  ақынның  ашу-ызасын 
туғызады. Олардың бұзықтық істерін аяусыз әшкерелейді. 
Ұят-әдеп бұлардан сәпсем қашқан, 
Күні-түні на махрам бірге жүріп, 
Фасадтың неше түрлі жолын ашқан. 
Көз алдында ерінің ойнап күлер, 
Жасырынбақ жұмысын құдай білер. 
Сөзбенен күз көңілді көтерген соң, 
Нәпсі шіркін басқаны және тілер . 
Ақын өз елінде көрген жаңалықтың жай-күйін осылай суреттейді. 
Расында  да,  ақын  адам  құлқын  аздыратын  кертартпа  әдет,  даңғазаға 
дағды біткенге мейлінше  наразы болды. Ол үгіт-насихат өлеңдерінде халықты 
өнер-білімге,  мәдениетке  үндейді.  «Халалын  қызғанбау»  деп  өлеңінің  атында 
аңдатып отырғандай адал кәсіппен («Мүнәсіп кәсіп берер ықтияр ет», «Ниетіңді 
дұрыстап  кәсіп  етіп»)  еңбек  етуге  шақырады.  Жамандықтан  бездіріп, 
жақсылықтың  жаршысы  болды.  Ақын  өзі  толғаған  мәселелерді  діни-
тағылымдық  тұрғыдан  байыптады.  Оны  сынағанда  да  осы  тұрғыдан  сынады. 
Бұл  –  оның  шығармашылығына  тән  идеялық-көркемдік  ерекшелік.  Негізінен 
оның реалистік тәсілінің басты сипаттары да осыған саяды.  
Сондықтан да Мақыштың жоғарыдағыдай сыншыл өлеңдеріне қарап оны 
жаңалық  атаулының  бәрін  құбыжық  етіп  көрсеткен  «ескідегі  еркін»  де 
«тыныш» заманды аңсаған» [69,31 ] кертартпа ақын деген пікірді құптамаймыз. 
Бұл  –  ақын  шығармаларын  нақты  сараптаудан  тумай  сыңар  жақты  айтылған 
пікір деп білеміз.  
Мақыш  өз  ортасын,  қоғамды  бейнелегенде  әр  құбылыстың  мәніне  терең 
үңіліп сыншыл суреткер ретінде көрінеді. Әр оқиғаға өзінің бағасын ашық айта 
білетін,  әр  кімге  тиесілі  анықтамасын  бере  алатын  шыншылдығын  танытады. 
Ақын сыншылдығының ең басты критериі айналасындағы кемшіліктерді діни-
имандылық,  адамгершілік  тұрғысынан  сынау.  Бұл  оның  шығармашылығының 
негізгі  имандылық  нысанасы.  Сондықтан  ол  заман  шындығын  көрсеткен 
өлеңдерінде  басты  тұлға  адам  образын  пайдаланады.  Оларды  бай,  кедей  деп 
бөліп  қарамайды.  Қоғам  қайшылықтарын  сөз  еткенде  ел  билеуші  әкім-
болыстардан  бастап,  руханилыққа  тәрбиелейтін  қожа-молда,  тағдырына  риза 
емес пақырларға дейін бәрі бірдей кінәлі болып табылады.     
Адамдар  бойындағы  имансыздық,  нәпсіқұмарлық  сияқты  тағы  басқа 
жаман-жақсы  қасиеттердің  жиынтығы  қоғам  қайшылықтарын  көрсеткен 
бірден-бір фактор деп түсіндіреді. 
«Қазақ хәкімдері», «Ишандар хақында», «Бай молла садақа алу хақында» 
сияқты  т.б.  өлеңдерінде  ақын  парақор  әкім,  болыстар,  дүмше,  надан  қожа-

 
 
62 
молдаларды  қатты  сынға  алады.  Әсіресе,  Мақыштың  «Қазақ  хәкімдері» 
өлеңінде сол кездегі қазақ қоғамының реалистік суреті бар. 
Заманадан хабарсыз біздің халық, 
Болыс боларынша мың ақша салып. 
Ел қарату үшін де ақша беріп, 
Онысын қайта жияр пара алып. 
Мұнысының үш-ақ жыл ақыр шегі, 
Орысша пәс дәрежеде қазақ бегі. 
Партия себебімен дау-жанжал боп, 
Үш жылға да жетпейді мұның көбі [25,7 ], 

 
деп суреттейді ақын көзімен көріп отырған нақты жағдайды. Әкім-болыстарды 
парақор опасыз сұмдар ретінде көрсете отырып, билікке қолдары жеткен соң өз 
жұртын  тонап,  бұқара  көпшілікке  тигізіп  отырған  зияндықтарын  айыптайды. 
Олардың парақорлығын батыл әшкерелейді.  
Қалайша хәкім қылсын жемей жемін, 
Алған жоқ бұл мансапты өзі тегін. 
Әуелде көп расходпен өзі болды, 
Толтырмаса бола ма мұның кемін. 
Шариғат, низамменен болмас ісі, 
Мақсаты езу болар жетсе күші. 
Бірталай адам хақын жұқалап қалар, 
Басынан ұшқан шақта дәулет құсы,

 
деп қара бұқараның басына түсіп отырған ауыртпалыққа осылар кінәлы екенін 
ашық айтады. 
Бұл  жерде  ақын  қоғамдағы  әлеуметтік  теңсіздікті  таптық  тұрғыдан 
көрсетіп  отыр  деуден  аулақпыз.  Дегенмен  де,  ол  өз  заманының  ақыны 
болғандықтан  қоғам  қайшылығын  өзінше  көре  білді.  Соған  өзіндік  таным-
түсінігімен үн қосты. Соны жоюды аңсаған ағартушы ақын. 
Ақын парақор атқамінерлердің сұрқия тірлігін аяусыз әшкерелей отырып, 
билікке таласудағы партияшыл надандықтарына жиіркене қарайды. Қоғамдағы 
бұндай  келеңсіздіктерден  арылудың  жолын  іздейді.  Халықтың  қамын  жеп, 
елінің  жоғын  жоқтай  білетін  әкім  болу  үшін  дүнияуй,  ухрауй  ғылымдардан 
хабардар,  көкірек  көзі  ашық,  иманы  кәміл,  дін  жолына  қызмет  ететін  адамдар 
ел билеу керек деп соны уағыздайды. 
Сахаба заманынан бар таласу, 
Олардың мақсаты емес жұрттан асу. 
Олардың таласудан мақсаттары, 
Пайғамбар шариғатын жұртқа шашу. 
Бұлай болса ғылым шарт әкімдерге, 
Қазақша шарт емес, мал мен теңге. 
Билікке таласу да жарар еді, 
Дін үшін қызмет болса мақсаты елге. 
Яғни, ақын тарих дөңгелегін кері бұрып, ислам діні таралуының бастапқы 
кезіндегі  сахабалардың  (Әбу  Бәкір,  Омар,  Осман,  Әли)  ел  басқаруын  үлгі 
тұтады. Олардың дін жолында ұлттың өркендеуі үшін халықтың қамын ойлаған 

 
 
63 
әділ басшылар еді, 

 деп, соларды мадақтайды. Бұл жерде ақын исламдық өткен 
дәуірді  аңсап,  сол  заманды  қайтып  оралмайтын  арман  етіп  торығуға  салынып 
отырған  жоқ.  Ислам  тарихын  жақсы  білетін  Мақыштың  оларды  үлгі  тұтып 
мадақтауы  діни-пәлсапалық  көзқарасынан  туып  отыр.  Шындығында  да, 
мұсылман жазбаларында алғашқы төрт халифтың әділ билеушілер болғандығы 
туралы  мағлұматтар  көп  жазылған.  Мәселен,  Әбу  Бәкір  (572-634)  –  билікке 
құмарлағы  жоқ,  өте  биязы  мінезді  адам  етіп  суреттеледі.  Ол  мемлекеттік 
саясатқа ислам дінін негіз етуді алғаш енгізген адам [53,20 ]. 
Омар  бин  әл-Хаттабтты  (585-644)  суниттік  тарих  дәстүрі  асқан  әділетті 
билеуші  етіп  көрсетеді;  ол  тақуа  мұсылмандарға  адал,  жауына  рақымсыз, 
халифалармен салыстырғанда өте қарапайым, сыпайы болған [53,142 ]. 
Осман  бин  Аффан  (575-656)  өз  заманында  әдептілігімен  аты  шыққан 
үшінші тақуа халиф [53,143 ]. 
Сондықтан  да,  Мақыштың  осындай  ағартушылық  идеяларын  құптап, 
халық үшін қам жеген ақын деп бағалауымыз керек. 
Ақын  билікті  «мал  мен  теңгеге»  сатып  алған  әкімдердің  дін,  шариғатты 
білмейтін  надандығын  бетіне  басып,  оларды  имансыз,  адамгершіліктен  ада 
болған ел билеушілер деп шеней отырып: 
Хәкімдері осындай надан болса, 
Миләттің қалайшадан атсын таңы [25,7], 

 дейді. 
Яғни, көкірегінде иманы жоқ адамдар билікке жету үшін ар-ұяттың бәрін 
аяққа  таптап,  адамгершіліктен  ада  болып,  надандыққа  ұрынады.  Надандықпен 
өмір сүрген бұлар үшін арын да, ұятын да ақшаға, малға сатып жіберу түк емес. 
Иманы  жоқ  мұндай  адамдар  ел  билеп  те  оңдырмайды.  Ұлттың  іргелі  елдер 
қатарынан қалып өркендемей отырғаны да осындай надандардың басқаруынан 
деп тұжырымдайды ақын.  
Замана  жайын  өзінше  толғаған  Мақыш  өзі  өмір  сүрген  қоғамның 
қатпарлы, көлеңкелі тұстарын барынша батыл сынады, патша чиновниктерінің, 
би-болыстардың қарапайым халыққа жасап отырған озбырлығын қатты шенеді. 
Сөйте  тұрып  ақын,  өмір  құбылыстарын,  қоғам  болмыстарын  түйіп-бақылауда 
бірқатар  қайшылықтарға  да  ұрынды.  «Қайшылық  деп  жазушының  өмірге 
көзқарасында жағымды, жағымсыз қарама-қарсы екі пікірдің түйісуін айтамыз, 

  дейді  профессор  Қажым  Жұмалиев.

  Бір  алуан  өмір  құбылыстарын  шындық 
тұрғысында  ұғынып,  бұлжытпай  сол  қалпында  суреттеп,  дұрыс  қорытынды 
шығарса,  екінші  бір  құбылыстарды  теріс  түсініп  жалған  топшылаулар  жасап 
және осының екеуі де ақын творчествосынан бірдей табылып отырса, біз ондай 
ақын-жазушыларды қайшылығы мол ақындар қатарында қараймыз» [70, 56 ].  
Осындай  қайшылықтар  Мақыш  Қалтайұлы  шығармашылығында  да  бар. 
Мақыш  «Қазаққа  берілген  теңдік»,  «Қазақтың  ханы  болған  төрелер»  сияқты 
бірқатар өлеңдерінде «Россиялы басшымыз үлкен патша, бұл дәулет болмас еді 
қарап жатса» [54,4 ],  «Патша сондай құтқарды жамандықтан, ұлыс беріп бізге 
де  амандықтын»  [54,7], 

  деп  патшаға  деген  тілеулестігін,  оған  сенімін 
білдіреді.  Ресей  патшалығының  сұрқия  саясатының  астарына  мән  бермейді. 
Ақынның  мұндай  қайшылықты  көзқарасын  Ә.Дербісәлин  «Қалтаев  орыстың 

 
 
64 
еңбекші  халқы  мен  патшалық  үкіметін  бір-бірінен  айырып  тани  алмай,  содан 
қате пікірлерге ұрынды» [8,71 ], 

 деген еді. 
Мұндай  қайшылықты  пікірлердің  ағартушы  ақындардың  бірі  Мәшһүр 
Жүсіп Көпеев өлеңдерінде де кездесетіні М.Қараев  өз зерттеуінде айтып өтеді 
[71,132 ]. 
Жалпы,  Мақыш  Қалтайұлы  мен  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев  шығар-
машылығының  бір-біріне  ұқсастық  жақтары  өте  көп;  шығармаларының 
тақырыптық-мазмұндық, 
идеялық-көркемдік 
ерекшеліктері, 
пікір 
қайшылықтары, кітаптарының бір мезгілде Қазан қаласында жарық көруі, тіпті 
екеуінің  де  «мәшһүр»  атануы  ақындардың  шығармашылық,  ақындық 
тағдырластығын байқатады. 
Мәселен, Мәшһүр Жүсіп Көпеев: 
Ходқа алып тексермейді қазақ өзін, 
Жіберер келемеждеп оның сөзін. 
Сөтке, жұма, ай, жылда бір жауап жоқ, 
Сүзілтіп жүргенімен екі көзін. 
Дәнекер тамағына түспей қалса, 
Әдейі қиыстырар құрған тезін. 
Екінші құзырына келсе қайта, 
Ақырар мойынға сап сары жезін [51,30 ], 

  
деп  ел  билеушілерінің  тоғышар  тірлігіне  күйзеле  зер  салса,  Мәшһүр  Мақыш 
Қалтайұлы: 
Артымыз бос айтқанмен кітап сөзін, 
Артық айтсақ алартар екі көзін. 
Алса-алар тіл алмаса айып емес, 
Салбыратып тұрмаса сары жезін. 
Адамына қарамай айта берсек, 
Көрсетіп те кетеді екі безін [50,12 ], 

  
деп Мәшһүр Жүсіп пікірімен үндесе түйіндейді. 
Яғни, екі ақынның ой, мазмұн үндестігін айтпағанның өзінде «сары жезін 
салбыратып  тұрған»  детальдық  қолданыс  арқылы  болыс-билердің  типтік 
бейнесін ұтымды көрсетіп, көркемдік ерекшеліктерінің ұқсастығын да танытып 
тұрған жоқ па. 
Сондықтын ақындардың «ақ патшаға» мінажат етуінің себеп-салдарының 
да тоғысатын жері бір. 
«Мәшһүр Жүсіптің ақындық өнерінің үшінші кезеңі 1905-1912 жылдарды 
қамтиды, 

 дейді ақын мұрасын зерттеуші ғалымдар Қайым Мұхамедханов пен 
Қуандық  Мәшһүр  Жүсіпов, 

  бұл  кезеңнің  айырмашылығы  сол 

  патша 
үкіметінің  17  октябрьдегі  манифесінен  кейін  қазақ  халқының  наразылығы  өсе 
түсумен бірге, патшаға сеніп алданғаны Мәшһүр Жүсіп шығармаларынан анық 
көрінеді... Ақын патша манифесіне сеніп кеңшілік күтеді» [72,175 ]. 
Мақыш  Қалтайұлы  шығармашылығы  да  дәл  осы  кезге  (1907-1913  ж.ж.)  
тура  келетінін  ескерсек,  ол  да  патша  үкіметінің  1905  жылғы  17  октябрь 
манифесіндегі «баспасөз», «дін», «жер бостандығы» туралы жымысқы саясаты- 

 
 
65 
ның  астарын  түсінбеген,  «Ерік  беріп  елімізді  ойлап  тұр  ғой,  бірақ  мұны 
білмейміз надандықтын»,- деп патша үкіметінің «жомарттығына» құлай сенген.  
Осы  тұрғыдан  ақын  қазақтың  ескі  хандық  дәуірін  сөге  жамандап 
сынайды, хандық басында отырған төрелерге шүйлігеді: 
Хасиет жоқ төрелер ел билеген, 
Жеңіп-жаншып қазақты нанша илеген. 
Асса, кессе қазақты бес үй төре, 
Неше мың үй қарсы кеп бір тимеген. 
Ол төрелер низамды біле алмаған, 
Шариғаттың жолымен жүре алмаған. 
Истипдад залымдығы хадин асып, 
Байғұс қазақ қорқудан күле алмаған [54,5 ]. 
Яғни, ақын орыс патшалығына сенімділігі сондай, тіпті өткен тарихқа тас 
атып  мансұқтауға  дейін  барады.  Төрелердің  осындай  қорлығынан  құтқарған 
орыс  халқы  еді  деп  қазақтардың  Ресей  империясы  қол  астына  кіргеніне  тәуба 
етеді.  
Бұл қорлық қияметке кетпек еді, 
Түбіне залым төре жетпек еді, 
Рус халқы бұл қорлықтан құтқармаса, 
Қазақ өзі төреге не етпек еді [54,6 ], 

 
деп  ақын  орыс  патшалығын  қазақ  халқын  хандық  заманнан  құтқарған 
қамқоршысы  етіп  көрсетеді,  «Низамды  хақ  тәртіпті  қабыл  алып»,  «Низам 
бастар  тіршілік  күнімізге», 

  дей  отырып  үкіметтің  шығарған  заңдарына 
құлшылық ұрады. 
Қысқасы, ақын «патша үкіметінің жаңа низам» реформасының мәнін жете 
түсіне  бермейді,  қазақ  даласын  билеу  туралы  жаңа  ережелер  нәтижесінде 
хандық  дәуірдің  келмеске  кетіп,  бағзы  болыс-билердің  правосы  шектелуін 
патша үкіметінің қазақ халқына теңдік беруі деп жаңсақ ұғады» [12,116 ].  
Жалпы  Мақыштың  қоғамдық  құбылыстарды  танып-білуі,  оның  даму 
процесіне 
көзқарасы 
мейлінше 
күрделі. 
Ақын 
патша 
үкіметінің 
«кеңпейілділігін»  қолпаштап  жырлай  отырып,  кейде  «Құдай  құрған  тезімен 
түзеп болмас, үкіметтің көрсетпей құрған  тезін», 

  деп  үкіметке  наразылығын 
да  білдіреді.  Патша  үкіметінің  кейбір  саясатын  өлеңдеріне  сыналай  енгізіп 
тұспалдап көрсетіп отыратын жерлері де бар. 
Өз жерінде кәмәлат таба алмайды, 
Мұсылманнан басқа да ғайри дінде. 
Дуаныңның ауылын көз алдыңа, 
Білсеңіз бар ма бірі туған мұнда. 
Әлде қайдан келтіріп қояды да, 
Оны дағы қоймайды бек көп жылға [25,17 ], 

 дейді. 
Яғни,  ақынның  меңзеп  отырғаны  патшалық  Ресейдің  қазақ  даласын 
«бөлшекте  де  билей  бер»  дейтін  отаршылдық  принципке  негізделген  саяси-
әкімшілік  реформалар  жасап,  бар  Қазақстанды  облыстарға бөлумен  қатар,  сол 
облыстар уездерге уезд болыстыққа, болыстық ауылнайға жіктелгеннен кейінгі 

 
 
66 
жағдай. Осыны басқарудың басы-қасында орыс шенеуніктері отырғаны белгілі. 
Бұл әкімшілік губернатордан бастап уезд бастығына дейін қазақ халқын билеп-
төстеудегі патшалық Ресейдің құрған үстемдік  ету саясаты болды. Мақыштың 
«әлдеқайдан келіп дуан (уезд) ішінде қаптап жүрген мұсылман еместер» 

 деп 
тұмшалап  көрсетіп  отырғаныда  осы  патша  шенеуніктері.  Ақын  үкіметтің  аяр 
саясатын ашып айтпаса да олардың хикметін көңіл көзіңмен барлап танып-біл 
деп астарлай отырып ой тастайды: 
Бұлардың мұнысының хикметі бар 
Хикметін айтпады деп айып қылма. 
Өлең емес сөзімнің мағынасы көп 
Көңіл көзің жіберіп жақсы тыңда. 
Осындай  бірді-екілі  өлеңдерінде  патша  үкіметінің  саясатын  көрсетуге 
тырысқанмен  ақын  «Үмітімізді  үзбейік  рахметінен,  кигізілген  болса  да  басқа 
ноқта», 

 деп патшадан үміттеніп, одан рахымшылық күтеді, сөйтіп, қоғамдық-
саяси көзқарасының әлсіздігін танытады. Ақынның ең басты үлкен қайшылығы 
да осы. 
Әрине, жеке басының осындай кемшіліктеріне қарап ақынды жазғырудан 
аулақпыз.  Өйткені,  «шындап  келгенде  әр  адам  –  өз  ортасының,  тәрбиесінің, 
заманының  жемісі.  Сондықтан  оған  басқаша  болмадың  деп  талап  қоюға 
болмайды»  [73,158  ].  Біздің  мақсатымыз  –  Мақыш  Қалтайұлының  ақындық 
мұрасын  тұтастай  қарастырып,  қайшылықты  тұстарын  аша  отырып,  идеялық-
көркемдік  ерекшеліктерін  айқындап,  ақындық  болмысын  таныту.  Мақыш 
өлеңдерінің  кейбір  қайшылықты  жақтары  болғанымен,  қоғамдық  өмірдің 
кертартпа тұстарын көре біліп сынауы ақын шығармашылығының бағалы жағы 
деп білеміз. 
Мақыш Қалтайұлының сыншылдық өлеңдері өзіне дейінгі, өз тұсындағы 
замандас ақындар өлеңдерімен үндес екенін атап айтқан жөн. Басқа да ақындар 
сияқты  ол  да  өз  маңайындағы  адамдардың  жағымсыз  мінез-құлықтарын  іс-
әрекеттерін  сынады.  Әсіресе,  ақынның  «Ишандар  хақында»,  «Хаж  хақында», 
«Қария  арасында  мағлұм  хақында»,  «Бай  молла  садақа  алу  хақында»  атты 
өлеңдерінде ишан, молда, қожа сияқты дінбасыларының мінез-құлық, іс-әрекет, 
тірліктерін  сыни  тұрғыда  сипаттау  жағы  басым.  Бұған  біріншіден,  ақынның 
діни-ағартушылық,  жәдитшілдік  көзқарастағы  мұрат-мақсаттары  себеп  болса, 
екіншіден,  ол  ислам  дінін  уағыздаушы  дін  басыларын  халықты  имандылыққа, 
адамгершілікке тәрбиелейтін көзі ашық топ деп қарастырып, оларды қоғамның 
рухани жүгін арқалайтын зиялылық биіктен көрінуі қажет деген талапта болды. 
Түптеп  келгенде,  дін  басыларын  биік  адамгершілік,  діни-мораль, 
имандылық  тұрғысынан  сынау  қазақ  топырағында  сопылық  поэзияның    көш 
басшысы  Ахмет  Иассауи  хикметтерінен  бастау  алып,  қазақ  қоғамының  саяси-
рухани  өміріндегі  бетбұрыстарға  сай  Абай  лирикаларында  өрістеген  еді. 
«Тегінде,  Абай  тұсындағы  көпшіліктің  ұғымы  бойынша  надандық  пен 
молдалық  ұғымы  біріне-бірі  қарсы  тұрған  жайлар  сияқты  еді, 

  дейді  Мұхтар 
Әуезов, 

 Ал, Абай ұғымындағы надандық, ең алдымен, молданың өз басында 

 
 
67 
екенін  көреміз...  Ел  ортасына  жарық  әкелушілер  олар  емес,  өздері  қараңғы 
жолдағы қас надан, бұлардан жақсылық күтпе деп, әйгілеп береді» [74,150]. 
Әсіресе,  дін  өкілдерін  азған  заманның  азғындаған  бейнесі  ретінде 
көрсетіп, оны орыс отаршылдығымен байланыстыра ашына жырлаған зар заман 
ақындары  болды.  Ол  жөнінде:  «...  зар  заман  ақындары  діни  ілім  мен  дін 
өкілдерінің  іс-әрекетінің  арасындағы  қайшылықтарды  ашып  көрсетті.  Бұл  бір. 
Екіншіден,  қоғамдағы  ахуалдың  ыңғайына  қарай,  пейілі  өзгерген,  әзәзілдікке 
салынған  замана  Адамы  образдарының  галереясына  молданы  да  қосты. 
Үшіншіден,  жыр  жүйріктері  «Иман  алмақ  тиынға,  ақылы  жоқ  молдалардың» 
«кітап  артқан  есекке»  айналғанға  дейінгі  азғындау  процесінің  картинасын 
жасады. Төртіншіден, мұның себептерінің өзін дін қағидаларымен де түсіндірді 
(«Сайтан  болды  жолдасы»,  «Айдады  сайтан  жетексіз»).  Бесіншіден,  осының 
бәрін уытты, шебер тілмен жеткізе білді. Отаршылдық саясат өктемдік құрып, 
салт-дәстүріміз аяқ асты болған тұста дін тәрбиесінің кетеуі кетіп, молдалардың 
ақ жолдан тайып, күнкөрістің құлына айналуын зар заман ақындары осылайша 
жырға қосты» [75, 256-257 ] 

 деп тұжырымдайды қазақ әдебиетіндегі зар заман 
ақындарының  шығармашылығын  дәуір  құбылыстарымен,  ұлттық  мақсат-
мұратымен байланыстыра талдап-таразылап зерттеген ғалым Б.Омарұлы. 
Бұл  пікір,  тұжырымдардың  Мақыш  өлеңдеріне  де  тікелей  қатысы  бар. 
Өйткені  ақын  шариғат  заңын,  дін  ғылымын  жете  түсінбейтін  өздерінің  шала 
білімі мен түрлі діни лауазымдарын мансап етіп, халықты алдап, иманын нәпсі 
құлқына  айырбастап  жүрген  надан  дін  басыларын  қоғам  дамуына  зиянын 
тигізетін кедергі күштер деп санап қатты сынға алады.  
Жалпы айта кететін жағдай, Мақыш өлеңдерінің тақырыптық шеңберінің 
Абай  шығармашылығымен  үндестігі.  Мәселен,  ақынның  «Ишандар  хақында» 
дейтін  өлеңі  тақырыптық-мазмұны  жағынан  Абайдың  дін  иелерін  сөз  еткен 
ғақлияларымен сабақтасып жатыр. Ұлы Абай: «Моллалар тұра тұрсын, хусуан 
бұл  заманның  ишандарына  бек  сақ  болыңдар.  Олар 

  фитнә  ғалым  бұлардан 
залалдан басқа ешнәрсе шықпайды. Өздері хүкім шариғатты таза білмейді, көбі 
надан  болады.  Онан  асып  өзін-өзі  әһіл  тариқат  біліп  және  біреуді  жеткізбек 
дағуасын  қылады.  Бұл  іс  олардың  сыбағасы  емес,  бұлардың  жеткізбегі  мұхал, 
бұлар  адам  аздырушылар,  хәтта  дінге  де  зарарлы  дүр.  Бұлардың  сүйенгені  – 
надандар, сөйлегені – жалған, дәлелдері тасбиығы мен шалмалары, онан басқа 
ешнәрсе жоқ» [76,150], 

 деп қара сөздерінде ишандардың жалған ғалымдығын, 
дүниеқорлығын  беттеріне  басып,  солардан  елді  сақтандырса,  Мақыштың  да 
ишандарды  сынауы  Абай  қарасөзінің  заңды  жалғасы  іспетті.  Ақын  оны  жыр 
жолдарымен былай жеткізеді: 
Ол хазрет дұға сатқан ел аралап, 
Дұғасын алмағандар болар харап. 
Дұғасын алмағанды тозаққа атып, 
Алғанға ұжмақ берер анық қалап. 
Көзін жұмып тасбиғын тарсылдатып, 
Отырар анда-санда «я , Аллалап». 
Әліп-биді көрмеген надандарға, 
Тариқаттан сол хазрет бере сабақ. 

 
 
68 
Қой сойылып, қымыздар сапырылып, 
Алдына тағам келер табақ-табақ. 
Мақсаттары ет пенен қымыз болып, 
Хазретті мүридтері алар қамап. 
Ақшаны артығырақ бергендері, 
Отырар сол хазретті жақын жанап. 
Хазретте, жамиғат та зікір айтып, 
Шаршайды оңашада ақша санап. 
Зікірмен іші тамам нұрға толған, 
Аз ішіп жер бармайды артық тамақ. 
Ғауам халқын алдаған ебін тауып, 
Мұнан артық кім болсын дінге қарақ [25,8 ]. 
Бұл  қолына  таяқ  ұстап,  «тасбиғын  тарсылдатып,  я,  Аллалап»  өтірік 
зікірмен іші-тысын толтырып, жалған дұғамен халықты алдап, ет пен қымызын 
жалмап  отырған  «Шалмасы  үлкен,  шапаны  жасыл»  дін  уағызшысы  ишан-
хазреттің  тұрық-келбеті.  Өздерінің  дүмшелігіне  қарамай  ишандық  лауазымын 
желеу  етіп,  «әліп-биді»  таяқ  деп  танымайтын  мүрид-шәкірттер  дайындап, 
оларға  сопылық  жолы  тариқаттан  дәріс  бергенсіп,  өздері  сияқты  жалған 
діндарлар тәрбиелеп, болашақ үшін үлкен кесірін тигізді. Ақын осындай шәкірт 
іздеп  аласұрған  надан  ишансымақтардың  кесірінен  заманның  рухани 
қайыршылыққа  ұшырап,  ғылым-білімнің  аяққа  тапталғанына  күйінеді,  дін 
шапанын  жамылып  жүрген  алаяқтардың  алдауына  түскен  халыққа  жаны 
ашиды.  
Міне,  Мақыш  өлеңдерінің  Абай  дәстүрімен  сабақтастырып  жатқан  жері 
де өмір шындығын осындай шынайы әрі сыншылдықпен бейнелейтін реалистік 
тәсілінде. 
Ақынның «Келсе егер Түркістанның бірер сарты, Қазақ ишан өзі де оған 
мүрид»,  «Түркістаннан  шалмалы  біреу  келсе,  Мүрид  мұхлис  болады  жас  пен 
кәрі»  деп  сөз  етіп  отырған  ишандары  өзі  өмір  сүріп  жатқан  Қазақстанның 
орталығына  Түркістан,  Орта  Азия  жақтан  келген  дін  өкілдері.  Яғни, 
«Қазақстанға    діни  ұстаз-имамдар,  молдалар  Орта  Азия  Бұхара  мен  Ташкент 
жағынан  келетін-ді, 

  дейді  Ақжан  Машанов, 

  Бұлардың  дені  исламның 
ғылыми-ғақли  жағы  емес,  нақли-ғұрпи  жағында  тәрбие  алғандар  болатын. 
Ұлықбек  дәуірінде  ғылыми-ғақли  бағытты  құлатқан  елдің  сонан  кейінгі 
ғылымы  сыңаржақ  нақли,  софылық  немесе  бос  бақас,  сөз  таластық,  жаттанды 
түрге айналғаны белгілі» [77,90 ]. 
Жаңашыл көзқарастағы Мақыштың бұларға қарсы болатын басты себебі 
де  осы,  діннің  «ғылыми-ғақли»  жағынан  ештеңе  сезбейтін,  ишандық 
лауазымын  пайдаланып  өз  құлқынының  қамымен  жүрген  ишандылықтан 
жұрдай, рухани мүгедек жандар. 
Тариқат ғылымын білетін жандар қайда, 
Өзі білмей қылмақшы кімге пайда. 
Дүниеде аз ғана күн ғизатты боп, 
Мал табуға ишандық үлкен айла... 
Ғылымның қадірін білсе моллаларға, 

 
 
69 
Мүлкінің берер еді анық көбін. 
Екі дүние бақытына себеп болған, 
Ғылымның білмейді асыл тегін. 
Шын пайдалы хақ іске тастай қатар, 
Айламен алдамаса тауып ебін. 
Қорғасындай ерітер ишан, хазрет, 
Қазақтың болыс-биі, мырза, бегін, 

 
деп ақын сөз жүзінде ислам дінін уағыздаушы, шариғат сөзін сөйлеуші болып, 
іс  жүзіне  келгенде  «шариғат»,  «тариқат»,  «хақиқат»,  «мағрифат»  сияқты 
ұғымдарды  жете  білмей  сопылықты  құр  сандыраққа  айналдырып  дінге  хилаф 
келетін  сұрқиялықтарды  өздері  жасайтындықтарына  жиіркене  қарап,  оларды 
қоғамды рухани азғындыққа түсірген зиянкестер ретінде айыптай отырып: 
Балалардың қуыршақ ойынындай 
Хақиқат жоқ істері бәрі жалған, 

 
деп  ишандардың  жартыкеш,  дүмше,  сырт  көзге  ғана  білімді,  жалған  діндар-
лығын айтып өткір сынға салады.  
Осындай  кезбе  дәуіріштердің  «дінді  харап  қылып»  өз  құлқындары  үшін 
қараңғы халықты алдап пайда табуды ғана көздеген арам ниеттерін әшкерелей 
отырып,  сонымен  қатар  ақын,  ел  ішіндегі  «шала  молда  дін  бұзарлардың» 
бармақ астынан бүгіп жейтін жылмысқы әрекеттерін де сын тезіне салады: 
Дүниесі көп молдалар үлкен малдар, 
Айла-шарға қылып құдайды алдар. 
Байға берген садақа һибат болып, 
Парыз түсіре алмас талай жандар. 
Парыздары мойнынан түспей қалса, 
Соңғы күні кім жүктер көздің жасын. 
Мақсаты мал болған соң кімді аяйды, 
Аямаған адамдар өзі басын [50,3 ]. 
Молдалардың  зекет,  пітір,  садақаны  желеу  етіп  дінді  мал  табудың 
құралына  айналдырған  тірліктерін  айыптайды.  Олардың  шариғат  көрсеткен 
парыз,  уәжіптерді  біле  тұра  сөзі  мен  ісі  сәйкес  келмей  халықты  алдап-арбап 
садақа  жинап  жүрген  екі  жүзді  шалағайлықтарын  ащы  мысқылмен  ашып 
көрсетеді («Моллаекеңдер тапқан соң өз пайдасын, Ғауамдарға айтпайды сөздің 
расын»).  
Халықтың  садақаны  беру  жолдарын  білмейтін  діни  қараңғылығына, 
«арамза  молдалардың»  алдауына  сенген  аңқаулығына  күйінеді.  Ақын  дінді 
жамылған жалғандыққа қарсы бола отырып, өзінің ағартушылық идеясын діни 
үгіт арқылы халыққа жеткізеді: 
Аты молла, қожадан парыз түспес, 
Шариғат жеті түрлі орын таңдар. 
Сол жеті қандай жеті білген адам, 
Жегізбей жетекке ермей өзі қамдар... 
Парыз ада болмайды бермеген соң, 
Шариғаттың соңынан ермеген соң, 
Пақырларға бермеген бекер болар, 

 
 
70 
Ахиретте пайдасын көрмеген соң [50,4 ], 

 
деп садақаны беруді Құран, шариғат негіздеріне жүгіне отырып уағыздайды. 
Яғни,  Құрани  Кәрім  аяттарында:  «Қазыналарыңды  Құдай  жолынан 
аямаңдар, өз қолдарыңды өздерің байлап, сараңдық жасап, бастарыңды қатерге 
тікпеңдер. Жақсылық жасаңдар. Ізгі жандарды Тәңірі шын дос тұтады» (Бақара, 
195),-  деп  Алла  тағаладан  уахи  боп  жеткен,  Мұхаммед  пайғамбар  хадисінде: 
«Садақаның  абзалы  –  жетерлік  байлығы  болғанда  берілген  садақа.  Төмендегі 
алушы  құлдан  жоғарыдағы  беруші  құл  жақсы.  Қайыр-садақаны  өз  айналаңа 
беруден  баста»  [78,3],

  деп  мақұлданып,  шариғат  теориясында  бекітілген 
садақа  –  әр  мұсылманның  міндетті  түрде  беретін  Құдай  алдындағы  парызы 
(«Парыз  ада  болмайды  бермеген  соң,  Шариғаттың  соңынан  ермеген  соң»). 
Сондай-ақ:  «Садақа  тек  жоқ-жітікке,  көңілдерін  Исламды  сендіруді 
көздегендерге, құлдарды азат етуге, борышқа батқандарға Құдай жолына және 
қиналған  жолаушыларға  беріледі»  (Тәуба,  60).  Яғни,  дін  жолына,  қауымның 
қажетіне,  кемтарлардың,  пақырлардың  мұқтажын  өтеу  үшін  («Пақырларға 
бермеген  бекер  болар,  Ахиретте  пайдасын  көрмеген  соң»)  қайырымдылық 
мақсатында жұмсалады. Басқа мақсатқа жұмсалған садақамен парыз өтелмейді. 
(«Аты молла, қожадан парыз түспес, Шариғат жеті түрлі орын таңдар») және ол 
садақа болып есептелмейді (Бақара, 215, Ниса, 39; Тәуба, 34-35). 
Мұндай  дін-шариғат  мәселелері  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  көзі  ашық, 
көкірегі  ояу  қазақ  зиялыларының  да  назарынан  тыс  қалмаған.  «Пақырлық, 
мұқтаждық  деген  нәрселер  шаруа  мінез,  күн  көру  турасында  адам  баласының 
ділгірлікке  түсіп  дағдарып  тұруынан  ғибрат.  Бұл  дағдарыс  бір  кісінің,  бұрып 
айтқанда бірер молданың басында ғана емес, бүтін халықтың, ұлттың басында,- 
дейді Әлихан Бөкейханов  «Рамазан айы жақындау тақырыпты»  мақаласында,- 
Құрандағы  айтылған  «пақыр»  деген  сөздің    мағынасы  бір  кісінің,  болмаса 
көптің  мұқтаждығын  шығару  деген  сөз.  Бұған  ұлт  мұқтаждығы  да  кіреді.  Сол 
керегін жетілдіру үшін Алла тағала «садақаларыңды мұқтаж болған адамдарға 
беріңдер»  деп  көптің  қамын  ойға  салып  айтқан...  Мұнан  көрініп  тұр,  сүйген 
малдарыңнан садақа шығару бір кісіге ғана емес, бүтін ұлт ісі екендігі. Ол ұлт 
пайдасы  мектеп,  медресе  сияқты  жұрттар  салып,  бала  оқыту  секілді  істерде 
табылады. Міне, халық, садақа берілетін орындар осы айтылған негізгі жолмен 
болады» [79,306].  
Яғни,  Әлихан  Бөкейханов  садақаны  жұмсайтын  орынының    қоғамдық 
маңызын  айқындап  көрсетсе,  Мақыш  Қалтайұлы  Алланың  хақ  кәләмін 
тәпсірлей отырып: 
Тиіс жерге Алланың ризасы үшін, 
Садақа бер, хайыр ет жетсе күшің. 
Дін, милләт пайдасына сарфыласың, 
Таңда хақ,  мұнда халыққа мақұл үшін  [23,26 ], 

 
деп  хайыр-садақа  тек  молдаларға  ғана  тиесілі  емес  ұлттың,  халықтың,  дін 
мұқтаждығына  қайырымдылық  мақсаттарға  жұмсау  керектігін  Құран 
аяттарымен  дәлелдеп  көрсетеді.  Сөйтіп,  ақын,  дінді  теріс  уағыздап  жүрген 
дүмше  молдалардың  діни  сауатсыздығын  беттеріне  басып,  олардың 

 
 
71 
дүниеқоңыздық,  пайдакүнемдік  сияқты  арам  ниеттерін  әшкерелеп  сын 
семсерімен түйрейді. 
Ақын  өз  дәуірімен  үндесе  отырып  ескішіл  бағыттағы  дін  басыларына 
қарсы 
болды.  Олардың  теріс  пиғылдарын  әшкерелей  отырып,  діни 
сауатсыздықтарын  беттеріне  басты,  сөйтіп,  өзінің  сыншыл  өлеңдерімен 
қадимге  қарсы  күрес  ашты.  Мұның  өзі  Мақыштың  прогресшіл  бағыттағы 
жәдитшіл ақын болғанын көрсетеді. 
Бір  сөзбен  айтқанда,  Мақыш  Қалтайұлының  сыншыл  реализміне  тән 
ерекшеліктер  дегенде,  ең  алдымен  оның  өлеңдеріндегі  діни-оянушылық, 
жәдитшілдік  сияқты  жаңашылдық-көркемдік  ізденістер  көзге  түседі.  Ақын 
шығармашылығындағы  осындай  сыншылдық  идея  белгілі  бір  дәрежеде  өз 
дәуірінің жүгін арқалап, міндетін жүзеге асырғаны ақиқат. 
 
жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет