Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7

 
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 
 
 
 
 
 
 
 
Әміренов Әділбек Дәуітбекұлы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ДІНИ АҒАРТУШЫ АҚЫН 
 
 
ﻦﻴﻗﺍ ﻰﺷﯞﺘﺭﺎﻏﺍ   ﻲﻨﺌﺩ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Павлодар, 2012 

 
 

 
УДК 82 
ББК 83.3 (5 қ) 
Ә 58 
 
Баспаға Павлодар мемлекеттік педагогикалық иститутының Ғылыми кеңесі ұсынған 
 
Пікір жазғандар: 
Филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Қ. Жүсіпов 
Филология ғылымдарының докторы, профессор С.Н.Сүтжанов 
 
 
 
 
 
Ә 58     Әміренов Ә.Д 
            Діни ағартушы ақын. Оқу құралы.- Павлодар, 2012.- 131 бет. 
 
 
ISBN  978-601-267-174-2 
 
 
 
Кітапта  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетінің  дамуына  өзіндік  үлес  қосқан  діни 
ағартушы  ақын  Мақыш  Қалтайұлының  әдеби  мұрасы  барынша  толық  қамтылып, 
тақырыбына, идеялық-мазмұнына, жанрлық ерекшелігіне қарай жіктеліп, ақынның өмірі мен 
шығармашылық өсу жолы алғаш рет түбегейлі қарастырылып отыр.  
Оқу  құралы  екі  тарауға  жіктелген,  алғашқысы  ақын  әдеби  мұрасының  зерттеліп 
жариялануы,  өмірбаянына  қатысты  мағлұматтар  қамтылып,  екінші  тарауда  ақын 
шығармаларының  тақырыптық,  мазмұндық,  жанрлық,  көркемдік-идеялық  ерекшеліктері 
талданып  көрсетіледі.Сондай-ақ  оқу  құралының  құрылымдық  талаптары  ескеріліп  әр 
тараудың  соңында  бекіту  блогы  бар  семинар,  өздік  жұмыс  тақырыптары,  ұсынылатын 
әдебиеттер және тест тапсырмалары берілген. 
Кітап  филология  факультетінің  студенттеріне,  ғылыми  қызметкерлерге,  жоғарғы  оқу 
орнының оқытушыларына, магистранттар мен ізденушілерге арналған 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ББК 83.3 (5 қ) 
 
ISBN  978-601-267-174-2 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© Әміренов Ә Д., 2012 
© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институт, 2012 

 
 

АҢДАТУ 
 
Мақыш  Қалтайұлы  әдеби  мұрасы  өткен  ғасырдың  алпысыншы 
жылдарынан  бері  жоғарғы  оқу  орындарының  филология,  журналистика 
факультеттерінде  оқытылып  келеді.  Ақынның  шығармашылық  өмірбаяны 
алдымен  арнаулы  курс,  кейін  министрлік  бекіткен  типтік  бағдарламамен 
арнайы  пәнде  -  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетінің  өкілі  ретінде 
қарастырылып,  оқулықтарға  енгізілді.  Алайда  Б.Кенжебаевтің  авторлығымен 
шыққан бірнеше басылымдағы (1958, 1966, 1976, 1993)  оқулықтарда, Әдебиет 
және  өнер  институтының  құрастыруымен  басылған  авторлық  ұжымдағы 
зерттеуде  (1992)  және  Қ.Ергөбековтың  құрастыруымен  жарияланған 
хрестоматиялық оқу құралында (1993) ақынның үш- төрт өлеңі ғана қамтылып 
сөз  болды,  әрине,  бұлар  қаламгердің  шығармашылық  бағыт-  бағдарын, 
ақындық  аңсарын  ашып  айтуға  келмеді.  Мақыштың  өмірбаяны  туралы 
мағұлматтар да мардымсыз болды.  
Осыдан  арнайы  маманданып  жүрген  студенттер  тек  Мақыштың  ғана 
емес,  діни  ағартушылық  бағыттағы  өзге  де  ақындардың  шығармаларының 
жанрлық,    идеялық-көркемдік  ерекшелігі,  әдеби  үдерістегі  бағыт-бағдары 
туралы толық мағлұмат ала алмады.  
Оның  себептері  де  жоқ  емес.  М.  Қалтайұлы  кеңестік  дәуірде 
шығармашылық  мұрат-мақсаты  жағынан  өзі  тағдырлас  басқа  да  ақын-
жазушылармен  бірге  «ескішіл  бағыттағы»,  діни  көзқарастағы,  «кітаби  ақын»  
аталып, зерттеу объектісінен мақсатты түрде  шеттеліп келді. Екіншіден, бүкіл 
шығармашылығы    исламдық  көркем  ойлау  жүйесіне  негізделген  Мақыштың, 
өзге  де  ақындардың  туындыларындағы  араб,  парсы  тілінен  енген  діни-
имандылық, діни-пәлсафалық аталымдардың, сөз орамдарының мол ұшырасуы 
зерттеушілерге біраз қиындық тудырғаны да рас. 
Осы орайда ғалым Ш.Сәтбаева тәуелсіздіктің  алғашқы жылдарында былай 
деген  еді:  «ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетінің  аса  ірі  тұлғалары,  ақын-
жазушылардың 

  Шәкәрім  Құдайбердиевтің,  Ахмет  Байтұрсыновтың, 
Міржақып  Дулатовтың,  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың,  Сәбит  Дөнентаевтың, 
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Спандияр Көбеевтің, Ғұмар Қарашевтің, Нарманбет 
Орманбетовтің, 
Шәңгерей 
Бөкеевтің, 
Бернияз 
Күлеевтің, 
Әріп 
Тәңірбергеновтің,  Нұржан  Наушабаевтың,  Мақыш  Қалтаевтың,  Әкірам 
Ғалымовтың, әнші-композитор, ақындар өмірі мен шығармашылығы байсалды, 
объективті 
монографиялық 
зерттеулер, 
кандидаттық, 
докторлық 
диссертациялар  жазылуын күтіп тұр» [1,6]. 
Осы  аталған  ақындардың  көпшілігінің  әдеби  мұрасы  жаңаша  көзқараста 
зерделеніп әдебиет тарихындағы орындары айқындалды. 
Біз нысан етіп отырған Мақыш Қалтайұлының да әдеби мұрасы, ақындық 
болмысы, шығармашылық бағыт-бағдарына қатысты айтылған құнды пікірлер, 
тұжырымдар  аз  емес.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымын  әр  қырынан  зерттеген 
М.Әуезов, 
С.Мұқанов, 
Б.Кенжебаев, 
Ы.Дүйсенбаев, 
Ә.Дербісалин, 
Қ.Сыдиықов,  У.Қалижан,  Д.Қамзабекұлы  [2]  және  басқа  да  зерттеуші, 
ғалымдардың  еңбектерінде  ақын  мұрасына  тоқталып,  азды,  көпті  өз  ойларын 

 
 

білдіреді. Мұны мақыштану саласында жасалған игі қадамдар деп атап өтуіміз 
керек. 
Негізінде  Мақыш  Қалтайұлының  артына  қалдырған  мұрасы  өте  мол, 
өзінің  көзі  тірісінде-ақ  Қазан  қаласы  баспаханаларында  «Қалтайұлының  қазақ 
ахуалынан  бахыс  еткен  манзумасы»  (1907),  «Біраз  ғибрат  сөз...»  (1910), 
«Қазақтың айнасы» (1910), «Насихат қазақия» (1911), «Бар оқиға» (1912), «Тура 
жол» (1912) атты төл туындылары топтастырылған кітаптары мен «Сақ уа Сұқ 
халдері» (1913) және «Айна» (1913) аударма кітаптары жарық көрген болатын. 
Бұл  жинақтарда  Мақыштың  өлеңдері  мен  толғаулары,  мақалалары,  аударма 
туындылары қамтылған. 
Араб  әрпінде,  қадим  жазуымен  жазылған  жоғарыдағы  кітаптардың 
барлығын  топтастырып,  қазіргі  қолданыстағы  әріпке  түсіріп,  араб,  парсы 
сөздеріне түсінік жасап «Мақыш Қалтайұлы шығармалары» (Семей,1998) деген 
атпен жариялап, ғылыми айналысқа түсіріп зерттеген болатынбыз. Енді осыны 
қазіргі  оқу  үрдісіндегі  қажеттіліктерді  ескере  отырып  оқу  құралы  ретінде 
ұсынып отырмыз. 
Кез  келген  бір  ақынның  шығармашылығын  зерделегенде,  оның  өмір 
сүрген заманы, тарихи, әлеуметтік жағдайы, қоғамдық сана, ұлттық психология, 
ұлттық мәдени ахуал, қаламгердің қоғамдық құлқы т.б. жағдаяттардың барлығы 
қамтылатыны  сөзссіз.  Ақын  осыларды  өзінше  толғайды,  өзінің  санасынан 
өткізіп барып көркемдік ойлау жүйесіне салады. Мұның барлығы бір уақытта, 
ортақ кеңістікте өмір сүрген қаламгерлердің туындыларында көтерілетін ортақ 
тақырып.  Мәселені  қай  қырынан  шешіп,  қалай  келуіне  қарай  олардың 
шығармашылық  даралығы  айқындалады.  Шығармаларының  жанрлық, 
тақырыптық-мазмұндық  ерекшелігі,  көркемдік,  идеясы  нақтыланады.  Бұл 
көркемдік  ойлау  жүйесінің  бұлжымайтын  заңдылығы.  Сондықтан  Мақыш 
Қалтайұлы  шығармашылығын  сөз  еткенде  осы  ортақтық  пен  даралықты  қатар 
ұстадық, бұл арқылы сол тұстағы әдеби үдерістің даму динамикасын аңғаруға 
болады.  Себебі  бағыт  ортақ  –  діни  ағартушылық,  яғни  бір  қоғамдағы  барлық 
қаламгерге тән, тек қана түр, жанр, көркемдік, сөз қолданыс дара.  
Мақыш  Қалтайұлының  өмірі  мен  әдеби  мұрасының  алғаш  рет  жүйелі 
зерттеліп,  оқу  құралына  айналуы  бүгінгі  оқу  үрдісі  талаптарынан  туындап 
отырған қажеттілік. 
Оқу  құралының  негізгі  мақсаты 

  Мақыш  Қалтайұлының  аталған 
кітаптарындағы  және  одан  басқа  басылымдардағы  әдеби  мұрасын  барынша 
толық  қамтып,  оны  тақырыбына,  идеялық-мазмұнына,  жанрлық  ерекшелігіне 
қарай жіктеп, шығармашылығына, ақындық өресіне қатысты айтылған әрқилы 
пікірлерді, тұжырымдарды саралай  отырып жаңа талап тұрғысынан  зерделеп, 
ақын  шығармашылығын  өзі  өмір  сүрген  дәуірдің  қоғамдық-саяси,  әлеуметтік 
даму үрдісімен бірлікте қарап, әдеби-тарихи процестегі орнын, қазақ әдебиетіне 
қосқан  үлесін  анықтап,  шығармашылық  өмірбаянын  тың  деректермен 
толықтырып, ақынның өмірі мен шығармашылық өсу жолын түзіп шығу болды. 
Оқу  құралы  екі  тарауға  жіктелген,  алғашқысы  ақын  әдеби  мұрасының 
зерттеліп  жариялануы,  өмірбаянына  қатысты  мағлұматтар  қамтылып,  екінші 
тарауда ақын шығармаларының тақырыптық, мазмұндық, жанрлық, көркемдік-

 
 

идеялық  ерекшеліктері  талданып  көрсетіледі.Сондай-ақ  оқу  құралының 
құрылымдық  талаптары  ескеріліп  әр  тараудың  соңында  бекіту  блогы  бар 
семинар,  өздік  жұмыс  тақырыптары,  ұсынылатын  әдебиеттер  және  тест 
тапсырмалары берілген. 
Оқулықты  жазу  барысында  ақын  шығармаларындағы  діни  терминдердің, 
діни-пәлсафалық  сөздердің  түп-төркініне  үңіліп,  анықтау  мақсатында  араб, 
парсы сөздіктері қолданылды [3]. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 

1-ТАРАУ. МАҚЫШ ҚАЛТАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ӨМІРБАЯНЫ 
 
МАҚЫШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
 
 
Мақыш  Қалтайұлы  мұрасы  жайында  ой-пікір  айту  өткен  ғасырдың  
елуінші жылдарынан басталады. 
Ақынның бұл кезеңдегі бірден-бір зерттеушісі 

  филология  ғылымының 
докторы,  профессор  Бейсембай  Кенжебаев.  «Әдебиет  және  искусство» 
журналының 1950 жылғы он екінші санында ғалымның «Мақыш Қалтаев» атты 
көлемді  мақаласы  басылды.  Мақыш  шығармашылығы  зерттелуінің  алғашқы 
қадамы  болып  табылатын  мақалада  зерттеуші  ақынның  Қазан  қаласы 
баспаханаларында басылып шыққан кітаптарын саралай сүзіп, әрқайсына жеке-
жеке  тоқталып,  қысқаша  аңдатпа  жасайды,  жалпы  шығармашылығына  шолу 
жасап,  өлеңдерінің  тақырыптық-идеялық  мәнін,  мазмұнын  ашып  көрсетеді: 
«Мақыш 
дүниелік 
ғылым-білімнің, 
өнеркәсіптің, 
байлық-дәулеттің, 
мәдениеттің  қажетін,  пайдасын  ұғады;  қоғамның,  халықтың  шаруашылық, 
мәдениет  жөнінен  ілгері  дамуын  көксейді;  жұртты  оқуға,  мәдениетке,  ғылым, 
өнеркәсіп үйренуге, отанның өркендеуі жолында қызмет етуге үндейді. 
Осы  тұрғыдан  қарап  Мақыш  қазақтың  үйлену,  ауру-сырқауды  емдету 
жөніндегі  ескі,  зиянды  ғұрып-әдеттерін  сынайды;  бектік-феодалдық  қалып 
сарқыны 
болған 
надандық, 
жалқаулық, 
мансапқорлық, 
даукестік, 
партияшылдық сияқты жаман, кертартпа мінез-құлықтарын сынайды. Соларды 
дін  негізінде,  низам  жолымен  жаңғыртуды,  түзетуді  жөн  көреді»,

  деп  ақын 
өлеңдерінің  ағартушылық,  сыншылдық  бағыттағы  мән-мазмұнын  сипаттай 
отырып  оның  шығармашылық  бағытын  айқындап,  саяси-дүниетанымдық 
көзқарасына  әсер  еткен  саяси-тарихи  жағдайларға,  заман  келбеті,  дәуір 
тынысына  тоқталады:  «Мақышқа  бір  жағынан  1905  жылы  болған 
буржуазияшыл-демократиялық  революция,  екінші  жағынан  империалистік 
соғыс,  социалистік  революция  қарсаңында  болған  саяси-әлеуметтік  жағдайлар 
қатты  әсер  еткен.  Оның  саяси  ой-пікірі  барған  сайын  өсіп,  буржуазияшыл-
ағартушылық бағыты ілгерілеп отырған. 
Осыдан Мақыш қазақ халқының саясат, мәдениет, шаруашылық жөнінен 
артта  қалғандығын,  отар    болып  езіліп  отырғанын  барған  сайын  әрі  ашық,  әрі 
батыл айтады [4,78]. 
Әрине,  аталмыш  мақала  тоталитарлық  жүйенің  оты  өршіп  тұрған  кезде 
жазылғандықтан,  зерттеуші  Мақыш  шығармашылығын  кеңестік  танымның 
таразысына  салып  «буржуазияшыл-ағартушылық»  бағыттағы  ақын  ретінде 
тануға мәжбүр болды. 
Кейін,  елуінші  жылдардың  соңына  қарай,  қоғамдағы  «саяси  жылымық» 
кезінде  әдеби  мұраға  көзқарас  өзгеріп,  қараланғандар  ақталып  қайта  зерттеле 
басталса  да,  біраз  қаламгерлердің  шығармашылығына  әлі  де  болса  күдікпен 
жалтақтай  қарап,  саясат  ықпалында,  таптық  таным  тұрғысынан  зерделеніп 
жатты. 

 
 

Оның  айғағы 

  1959  жылы  Алматыда  өткен  қазақ  әдебиетінің  өзекті 
мәселе-леріне арналған ғылыми-теориялық конференциядағы баяндамалар мен  
пікірталастар. 
Солардың бірі Б.Кенжебаев жасаған «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті 
туралы»  деп  аталатын  баяндамасы.  Онда  ғасыр басындағы  әдебиетте  «кітаби» 
аталып жүрген ақындар жайында сөз болады (Бұл топта Мақыш Қалтайұлы да 
бар 

  Ә.Ә.):  «Кітаби  ақын,  жазушы  деген  атау  ол  топқа  жатқызылатын  ақын, 
жазушылардың  не  таптық  идеялық  көзқарасын,  не  көркем  әдебиеттік  бағыт-
әдісін  аңғартпайды,  кәсібін,  кітап  басып  шығарғанын  ғана  аңғартады»,

  дей 
келе  ғалым  олардың  әдеби  бағытын  жүйелеудегі  негізгі  ұстанған  принципіне 
тоқталады: «Оларды саяси-идеялық көзқарасына қарай жіктеген орынды. Сонда 
қазақтың  ХХ  ғасыр  басындағы  жоғарыда  айтылған  ақын,  жазушыларын 
феодалдық-клерикалдық,  буржуазиялық-либералдық  ақын,  жазушылар  деп 
атауға болады.  
Бұлардың феодалдық, діншілдік, буржуазиялық, либералдық ой-пікірлері 
көп  ретте  астасып  жатады.  Сонымен  бірге  бұларда  демократиялық- 
ағартушылық ой-пікірлер де байқалып отырады» [5,139 ]. 
Әрине, бұл зерттеушінің өз заманының ығында, саяси тұрғыдан айтылған 
тұжырымы. 
Тұтастай алғанда, Б.Кенжебаев жоғарыда сөз болған мақаласынан бастап 
өмірінің  соңына  дейін  Мақыш  Қалтайұлына  қатысты  зерттеулерден  қол  үзген 
жоқ. 
Ғалымның  докторлық  диссертация  қорғау  барысында  жазған  «Қазақ 
халқының  ХХ  ғасыр  басындағы  демократ  жазушылары»  (1958)  атты 
монографиясында,  осы  еңбегінің  негізінде  жоғарғы  оқу  орнында  оқитын 
студенттерге  арналып  жазылған  «ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеті»  (1966, 
1976,  1993)  оқулықтарында,  сонымен  қатар  «Қазақ  әдебиеті  тарихының 
мәселелері» (1973),  «Әдебиет белестері» (1986) сияқты күрделі зерттеулерінде 
Мақыш  шығармашылығы,  өлеңдерінің  тақырыптық-идеялық  ерекшеліктері 
жайында  тың  пікірлер  білдіріп,  оның  өмірі,  әдеби  мұрасына  қатысты  құнды 
деректермен толықтырып отырды. 
Жалпы,  Мақыш  мұрасын  тұңғыш  жинап,  оған  байыпты  бағасын  беріп 
қазақ  әдебиеті  сахнасына  алғаш  рет  алып  шыққан  Б.Кенжебаев  деп 
танығанымыз жөн. 
Алпысыншы жылдары М.Қалтайұлы ақындығы жайында біраз сөз айтқан 
Ысқақ Дүйсенбаев болды. Қазақ әдебиеті тарихына қатысты көптеген еңбектер 
жазған  Ы.  Дүйсенбаев  Мақыш  мұрасын  арнайы  зерттемесе  де,  сөз  арасында 
оның  шығармашылығына,  ақындық  өресіне  тоқталып,  өзіндік  ой-пікірін 
білдіріп отырды. 
Зерттеуші  Мақыш  туралы  бірінші  рет  1963  жылы  шыққан  «ХХ  ғасыр 
басындағы қазақ ақындарының шығармалары» атты оқулық-хрестоматияда сөз 
қозғады.  Кейініректе  1965  жылы  шыққан  «Қазақ  әдебиетінің  тарихында»  (2-
том,  2-  кітап)  және  «Эпос  және  ақындар  мұрасы»  (1987)  атты  зерттеуінде  еш 
өзгеріссіз қайталанып басылды. 

 
 

Осы  еңбектерінде  Ы.Дүйсенбаев  Мақышты  Мәшһүр  Жүсіп,  Нұржан 
Наушабаевтармен бірге пессимизм, мистицизмдерді ұран етіп, өмірден түңіліп 
күңіреніп  өткен  ақындар  ретінде  қарастыра  отырып,  оның  мұрасы  жайында 
былай  дейді:  «Мәшһүр  деген  атқа  ие  болған  ақынның  бірі 

  Мақыш  Қалтаев. 
Шығармаларының  тақырыбы,  көтерген  негізгі  мәселері  жағынан  алып 
қарағанда,  М.Қалтаевтың  өлеңдерінде  айта  қаларлық  тың  жаңалық  жоқ,  көп 
жағдайда  М.Көпеев  пен  Н.Наушабаевқа  үндес  келіп  отырады,  ақындық 
шеберлігі мен тіл байлығы да онша сүйсіндіре қоймайды. Солай бола тұрса да 
кезінде  әдебиет  майданына  белсене  қатынасып,  бірнеше  жинақтарын 
шығарғанын  тағы  да  ескермеске  болмайды, 

деп  күдікпен  қарап,  ілуге 
тұрарлық  ештеңе  таба  алмаған  ғалым:  «Сонымен  бірге  ескідегі  «еркін», 
«тыныш» заманды қайтып оралмайтын арман етіп аңсайды, өзіне арқа сүйейтін 
тіректі  дін  төңірегінен  іздеп  зарланады»  [6,172  ], 

  деп  ақын  шығармашы-
лығының табиғатына алыс, шындыққа жанаспайтын тұжырым жасайды. 
Әрине,  бұл  сол  кездегі  социалистік  идеология  жамылғысының  астында 
жатып  айтылған  пікір  екенін  де  ескеруіміз  керек.  Тек  айтарымыз,  мұндай 
сыңаржақты  тұжырым  ақын  мұрасын  зерттеуге  зиянын  тигізіп,  ұзақ  уақыт 
тежеу жасап келгені ақиқат. 
Мақыш  мұрасына  қатысты  пікір  білдірген  алпысыншы  жылдардағы 
зерттеулердің бірі 

 А.Нұрқатовтың «Абайдың ақындық дәстүрі» (1966) еңбегі. 
Абайдың  әдеби  мұрасын  жан-жақты  талдап,  оның  өзінен  кейінгі  ақындардың 
шығармашылығына  тигізген  әсерін  зерттеген  ғалым  М.Қалтайұлының 
ағартушылық  бағыттағы  өлеңдерін  Абай  өлеңдерімен  салыстыра  отырып 
мазмұн,  идея  жағынан  бір-бірімен  ұштасып,  сабақтасып  жатқанын  дәлелдеп 
көрсетеді [7, 175 ]. 
Сондай-ақ,  ХХ  ғасыр  басындағы  қаламгерлердің  әйел  теңдігі 
тақырыбындағы туындыларын тілге тиек ете отырып: «Осы тақырыпқа Мақыш 
Қалтаев пен Әкірам Ғалымов та  көп жазды» [7,178 ],

  деп  бір-екі  сөзбен  ғана 
қайырады,  Мақыштың  бұл  тақырыпта  жазған  туындыларының  аты  түстеп 
айтылмайды. 
Өткен 
ғасырдың 
алпысыншы 
жылдарының 
соңы, 
жетпісінші 
жылдарының басына қарай Мақыш мұрасының зерттелу аясы ауқымдала түсті. 
Осы  тұста  ақын  мұрасы  жайында  азды-көпті  пікір  айтқан  әдебиетші 
ғалым Ә.Дербісәлин болды. Ол «Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл 
әдебиеті»  (1966)  еңбегінде  Мақыш  өлеңдерін  тақырып  жағынан  топтап, 
мазмұн-идеясына  үңіліп  талдай  келе:  «Мақыш  Қалтаев  сияқты  ақындар  өз 
шығармаларында  көбінесе  діни  сенімдерді  уағыздауға  ойысқанмен,  дала 
тұрмысындағы надандықты көре білуде және сынауда, сондай-ақ оның өріс алу 
себебін  тануда  ара-кідік  дұрыс  пікірлер  де  білдіріп  отырды...  Өнер,  білімді 
қайдан,  қалайша  табу  керек  деген  мәселеде  Мақыш  Қалтаев  көп  ақыннан 
ілгері»  [8,59], 

  деп  қорытынды  пікірін  білдіреді.  Мақышты  өзі  тағдырлас 
ақындардан жоғары етіп көрсетеді. 
Сонымен  қатар,  Ә.Дербісәлин  қазақтың  ауыз  әдебиетіндегі  ақындық 
дәстүр  мен  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  поэзиясы  арасындағы  әдеби  көркемдік 

 
 

жалғастықты  зерттеген  «Дәстүр  мен  жалғастық»  (1976)  монографиясында 
Мақыш  Қалтайұлы  аударған  татар  ақыны  З.Каримидің  «Айна»  (1913) 
кітабындағы  «Қатындардың  бала  уатуы»,  «Қалам»,  «Айна»  өлеңдерін  халық 
ауыз  әдебиеті  жанрларымен  байланыстыра  қарастыра  отырып,  жалпы  Мақыш 
шығармашылығына  қарай  ойысады.  «Мақыш  Қалтаев  ХХ  ғасыр  басындағы 
қазақ поэзиясында айырықша ақындық талантымен дараланған қаламгер  емес. 
Әйтсе  де,  ол  өз  тұсындағы  әдеби  проблемаларға  хал-хадірінше  үн  қосып, 
өзіндік  пікірлерін  білдіріп  отырды,  сондай-ақ  жеке  фольклорлық  формаларды 
жаңарту,  жаңғырту,  тірілту  ісінде  өзінше  ізденіп,  өз  туындыларын  жасаған 
ақын. 
Жоғарыдағы  бесік  жыры  (Сөз  «Қатындардың  бала  уатуы»  жайында 
болып  отыр 

  Ә.Ә.)  поэзиялық  жағынан  онша  уытты,  өткір  болмағанмен, 
ақынның өзіне лайық іздену, жаңа туынды жасау қадамын танытады» [9, 184],

 
деп тұжырымдайды.  
Бұл  жерде  Ә.  Дербісәлиннің  Мақыш  туындылары  деп  нысанаға  алып 
зерттеген  өлеңдері  татар  ақыны  Зариф  Каримидің  төл  шығармалары  екенін 
тағы бір ескеруіміз керек, Мақыш тек оны аударушы ғана. Ол туралы сөз кейін. 
Жетпісінші  жылдары  Мақыш  Қалтайұлы  мұрасын  жинақтау,  зерттеу 
жайына  назар  аударған  зерттеушілердің  бірі 

  Әбусағит  Жиреншин.  Жалпы-
түркілік  ортақ  жазба  жәдігерліктерден  бастап,  Қазан  төңкерісіне  дейінгі 
шыққан  қазақ  кітаптарын  сипаттаған  «Қазақ  кітаптарының  тарихынан»  (1971) 
атты  еңбегінде  Мақыш  мұрасына  қатысты  біраз  жайттарды  баяндайды. 
Зерттеудің құндылығы 

 автор бұған дейін әр жерде айтылып, жазылып келген 
Мақыштың  баспа  жүзін  көрген  кітаптары  туралы  мағлұматтарды  жаңа,  тың 
деректермен  толықтырады,  кітаптардың  басылуы  мен  жариялануының 
хронологиялық  жүйесін  жасап,  бір  ізге  түсіруге  тырысады.  Ақын  өлеңдерін 
зерделей келе:  «Мақыш қазақтардың Россияға қосылуын прогресс деп түсініп, 
ел  билеген  ақсүйек  төрелердің  азғындығын,  қара  басының  қамын  жеп  елді 
жыландай  сорғандығын,  жүгенсіз  кеткен  зорлық-зомбылығын  сынайды»,

  деп 
ақынның  өз  өлеңдерінің  сыншылдық  мазмұнына  тоқталып,  ары  қарай:  «Ақын 
озат елдердің үлгісімен егін егу, қала салу, бау-бақша өсіру, газет-журнал, кітап 
шығарып, ақша, сауда ісін дамыту тәрізді прогрестік жолға түсуді дәріптейді» 
[10,113  ], 

  деп  ағартушылық  идеясын  ашып  көрсетеді,  шығармашылығына 
жалпы шолу жасап мазмұндық-идеялық жағына талдаулар жасайды. 
Филология  ғылымының  докторы,  профессор  Темірбек  Қожакеев 
«Сатиралық  жанрлар»  (1983),  «Сатира  негіздері»  (1996)  сияқты  қомақты 
зерттеулерінде  қазақ  сатирасының  жалпы  мәселелерін,  жанрлық  теориялық 
ерекшеліктерін,  даму,  қалыптасу  кезеңдерін  қазақ  әдебиеті  мен  баспасөзі 
мысалдары  негізінде  қарастыра  отырып:  «...  шайырлар  Шығыстың  дайын 
оқиғаларын пайдаланып мысалдар жазып қанағаттанып қоймай, басқа елдердің 
де  сықақ  дүниелерін  аударумен  де  айналысқан», 

  деп  ХІХ  ғасыр  соңы,  ХХ 
ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармашылық ерекшеліктеріне тоқтала 
келіп: «Соның ішінде Мақыш Қалтаев орыс, татар және Шығыс әдебиеттерінен 
он шақты мысал аударған. Бәрінде де қажетті мораль, ғибрат бар» [11,32 ],

 деп 

 
 
10 
Мақыш  өлеңдеріне  баса  назар  аударады.  Оның  мысал  өлеңдерінің 
ерекшеліктеріне тоқталып, сатира жанрын дамытудағы үлесін атап көрсетеді.  
Түйіндеп айтқанда, кеңестік дәуірдегі зерттеулерде Мақыш мұрасына  
қатысты  жоғарыда  айтылған  ой-пікірлерден  сол  кездегі  саяси  идеологияның 
әсер-ықпалы анық көрініп тұрады. Зерттеушілер, көбінесе, Мақыш мұрасының 
«діни  сарындағы»  өлеңдерін  тілге  тиек  етіп,  оның  діншілдігін  бетке  басып 
отырды,  өлеңдерінің  мазмұны,  идеясы  қандай  деген  сұрақтың  төңірегінен 
шықпады. 
Әйтсе  де  сол  уақытта  Мақыш  мұрасын  әр  деңгейде,  әр  дәрежеде  тану, 
танытуда  біраз  істің  атқарылғанын  көрмеу  көзжұмбайлық,  ол  еңбектерді 
саралап,  ақын  мұрасы  төңірегіндегі  айтылған  ойлар  мен  тұжырымдардың 
маңыздыларын айтпау ғылымға қиянат болар еді. 
Мақыш  Қалтайұлы  мұрасының  көркемдік  ерекшелігі,  дүниетанымдық, 
әлеуметтік  көзқарастары,  көркем  туындыларының  тілі,  идеялық-эстетикалық 
бағытын  бағдарлау  мәселесі  тәуелсіздікті  алғаннан  кейін,  тоқсаныншы 
жылдардан бері қарай қолға алына бастады. 
М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының  әзірлеуімен 
жарық  көрген  «ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеті»  (1994)  атты  ұжымдық 
зерттеуде әдебиетші ғалым Қ.Сыдиықов Мақыштың шығармашылығы жөнінде 
біраз  мәселелерді  көтереді.  Ақын  мұрасының  кеңестік  дәуірде  зерттеулеріне 
шолу  жасап,  сараптай  отырып,  соған  қатысты  өзінің  пікірін  білдіреді:  «Рас, 
М.Қалтаев  көптеген  мәселелерге  діни  тұжырым  жасайды,  сонымен  қатар  дін 
өкілдерін  де  сынап  отырады.  Ол  өз  дәуірінің  көптеген  әдет-ғұрпын,  атқамінер 
әкімдерін  сынайды,  бірді-екілі  өлеңінде  қазақтың  бұрынғы  бейқам  тіршілігін 
айна-қатесіз  көрсетеді,  бірақ  бұл  ақынның  өткенді  аңсауы  емес.  Демек, 
М.Қалтаевты  «еркін»  де  «тыныш»  заманды  қайтып  оралмайтын  арман  етіп 
аңсап,  арқа  сүйейтін  тірлікті  дін  төңірегінен  іздеп  зарланды  деуге 
келіңкіремейді» (сөз жоғарыдағы Ы.Дүйсенбаев пікіріне қатысты болып отыр 

 
Ә.Ә). 
Әр  ақынды  өз  шығармаларының  тақырып,  мазмұнына,  идеялық-
көркемдік ерекшелігіне қарай нақты бағалау керек. 
Мақыш  өлеңдерінде  (әсіресе  «Насихат  қазақия»,  «Бар  оқиға»,  «Біраз 
ғибрат  сөз»,  «Тура  жол»  жинақтарында)  араб,  парсы,  түркі  тілдерінен  алған 
сөздер  көп  кездеседі.  Демек,  М.Қалтайұлы  көптеген  тілдердің  элементтері 
араласқан қоспа тілде жазған. 
...сол  «кітаби  қоспа  тілді»  шығармаларында  мейлінше  мол  қолданған 
Мақыш  Қалтаевтың  өз  дәуіріне  сай  өмір,  оқу,  білім,  мектеп,  өнер,  қалың  мал, 
отырықшылық  сияқты  елеулі  мәселелерді  қозғап,  заманына,  дәуіріне  өзінше 
сын  көзімен  қарап,  халықты  игілікке  үндеуі,  жастарды  оқу,  өнерге  шақыруы 
ағартушылық,  демократиялық  ниетін  танытады»  [12,123-124  ], 

  деп  ақын 
өлеңдерін нақты талдаулардан туған салиқалы пікірмен тұжырымдайды. 
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ 
әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағымның тууы, дамуы, оның ұлт зиялыларына 
әсерін  терең  зерттеген  «Қазақ  әдебиетіндегі  діни-ағартушылық  ағым»  (1998) 
деген  еңбегінде  әдебиетші  ғалым,  филология  ғылымдарының  докторы 

 
 
11 
У.Қалижанұлы  діни-ағартушы  ағым  өкілдері  Ақмолла  Мұхамедярұлы, 
Әбубәкір  Кердері,  Нұржан  Наушабаев,  Шәді  Жәңгіров,  Мәшһүр  Жүсіп 
Көпеевтермен бірге Мақыш Қалтайұлының да әдеби мұрасын жаңаша көзқарас 
үрдісінде  пайымдайды.  «Өз  заманының  бір  ғана  шындығын  мөлдірете 
жырлауға,  тура  жүріп,  тура  сөйлеуге  бір  жолата  бет  бұрған  Мақыш  өз 
айналасындағы  ел-жұртты  да  осы  адал  жолға  бастауға  бар  жанын  салған.  Ол 
өзінің еліне деген ақ көңілі мен адал пейілін ісімен де, қылығымен де көрсете 
біліп,  жұртқа  ең  керекті  әділдікті  барынша  терең  жырлауға,  шындықтың 
құдіретін халқына түсіндіруге тырысқан» [13,24],

 деп өмірі мен өлеңдерін бір-
бірімен  байланыста  зерделейді,  сөйтіп  ақын  шығармашылығының  табиғатын 
ашуға  үңіледі.  «Мақыш  Қалтайұлының  өлеңдері  мен  аудармаларында  ескіден 
келе жатқан ақыл-нақыл, мақал-мәтелдер баршылық. Кейде суретпен бейнелеп 
сөйлесе,  көбінесе  баяндау  түріндегі  оқиғалар  тізбегі  болып  келеді.  Алайда, 
қазір ұмытқан жер-су аттары, тарихи атаулар шығармашылығында кездесіп те 
қалады,  бізге  кешегімізді  жақсы  білу  үшін  ақынның  шығармашылығы  әлі  де 
зерттеле  түсу  керек  деп  білеміз»  [13,248], 

  деген  байламы  Мақыш  мұрасын 
түбегейлі тың зерттеуді қажет ететін зәрулігін аңғартады. 
Осы жерде айта кететін бір жағдай  – У.Қалижанұлы татар ақыны Зариф 
Каримидің  «Ауырулықта»  деген  өлеңін  Мақыш  Қалтайұлының  туындысы 
ретінде талдау жасайды [13,23]. Кезінде профессор Б.Кенжебаев та осы өлеңді 
Мақыштікі  деп  қарастырған  еді  [14,  263].  Негізінен  З.Каримидің  бұл  өлеңі 
М.Қалтайұлы тәржімалауымен 1913 жылы Қазан қаласындағы  «Домбровский» 
мәтбуғасынан шыққан  «Айна» кітабында жарияланған болатын. Мұнда өлеңді 
жазған  Мақыш  Қалтайұлы  дейтін  ешқандай  дәлелді  сөз  жоқ.  Сондықтан  да 
өлең  иесі  –  Зариф  Карими,  ал  Мақыш  Қалтайұлы  өлеңді  аударушы  деп 
қарастырған жөн. 
Расында, татар тілінен аударған кітаптардың ішінде М.Қалтайұлының төл 
туындылары  да  бар,  олардың  соңында  ақын  «Мақыш  Қалтаев  Қараөткел» 
немесе жай «Мақыш Қалтаев» деп аты-жөнін көрсетіп, шығарма өзінікі екенін 
аңдатып  отырады.  Мақыштың  сондай  туындыларының  бірі  Ғ.Рашидиден 
аударған  «Сақ  уа  Сұқ  халдері»  (1913)  аударма  кітабындағы  «Оқу  парыз 
балаларға»  деп  басталатын  өлеңін  У.Қалижанұлы  Ыбырай  Алтынсариннің 
«Кел,  балалар,  оқылық!»  өлеңімен  салыстыра  саралап,  екі  ақынның 
ағартушылық мақсат-мұраттарының ортақтығына назар аудартып түйінді пікір 
айтады:  «Ы.Алтынсарин  де,  М.Қалтайұлы  да  өз  өлеңдерін  Алланы  айтып 
бастап,  болашақ  ұрпақты  адал  болуға,  білім-ғылымға  құштар  болуға,  ерінбей 
еңбек  етуге,  ата-ананы,  үлкенді  сыйлап,  кішіге  қамқор  болуға  шақырады. 
Екеуінде  де  педагогиканы  терең  білетін  ұстаз  екендіктерін,  көп  оқыған 
парасатты  жандар  екенін  көрсете  білді,  ұрпаққа  үлгі-өнеге  шаша  білді»  [13,  
243]. 
Шындығында  да,  Мақыш  Қалтайұлының  ағартушылық  бағыттағы 
өлеңдерінің  ішінде  мазмұн-идеясы,  көркемдігі  жағынан  оқшау  көрінетіні  осы 
өлеңі. 
Соңғы  жылдардағы  қомақты,  тың  зерттеулердің  бірі  Д.Қамзабекұлының 
«Алаш  және  әдебиет»  (2002)  еңбегінде  Мақыш  Қалтайұлының  ағартушылық 

 
 
12 
мұрат-мақсаты,  бағыт-бағдары,  көзқарасы  тың  концепциялардың  негізінде 
талданады. Мақыштың жәдидшілдік, милләтшілдік өлеңдерін саралай отырып, 
оның мұсылман ағартушылығындағы, жалпы қазақ ағартушылығындағы орнын 
ашып  көрсетеді.  «Заманында  мұсылманша  жетік  оқып,  Батыс  пен  Шығыстың 
бар  құндылығын  халқына  жеткізуге  тырысып  көп  кітап  жариялаған,  жаңалық 
атаулыны  елім  білсе,  меңгерсе  деп  армандаған  М.Қалтайұлының  әдеби-
эстетикалық  көзқарасы  ислам  зиялысына  ортақ  мәдениетті  тану  арнасынан 
табылады, 

  дей  келе  ақынның  сөздік  қорындағы  араб-парсы  сөздерінің 
ағартушылық  мәндік  түп-төркініне  үңіліп,  олардың  стильдік-көркемдік 
қолданыстағы ерекшеліктеріне тоқталады,- М.Қалтайұлының сөздік қорындағы 
сағи – талпыну, ұмтылу мағынасын берсе, сұңғаттың мәні – ілгерлеуге қатысты 
амал-тәсіл.  Біздіңше,  ақынның  өлеңмен  өрілген  жалпы  өнерге  байланысты 
тұжырымдамасының шығармашылыққа, әдеби процеске қатысы бар» [15,197]. 
М.Қалтайұлының әдеби мұрасын зерттеу ісі тілші ғалымдар тарапынан да 
назардан тыс қалмады. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап ақын 
өлеңдері  лингвистикалық  тұрғыдан  зерттеле  бастады.  Соның  ең  алғашқысы 
және  ең  сүбелісі  белгілі  тілші  ғалым  Ә.Құрышжановтың  «Кітаби  тіл 
материалдарынан» деп аталатын еңбегі. 
Бұл  зерттеуге  қатысты  Қ.Сыдиықов  та  жоғарыдағы  еңбегінде  біраз  өз 
ойларын айтқан болатын [12, 121]. 
Атынан  көрініп  тұрғандай,  Ә.Құрышжанов  ХІХ  ғасырдың  екінші 
жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында қазақ тілінде кітап бастыру 
ісімен қолданысқа енген жазба тілді яғни «кітаби тіл» жайында сөз қозғайды.  
Ә.Құрышжановтың  пікірінше:  «ХХ  ғасырдың  басында  қолданылған 
жазба  тілді  біздің  «қоспа  тіл»  болмаса  «кітаби  тіл»  деп  атағымыз  келеді. 
Өйткені  мұнда  «кітаби  тілдің»  өзінен  гөрі  оның  кейбір  (лексикалық  болсын, 
грамматикалық  болсын)  жұрнақтары  мен  сарқыншақтары  ғана  бар  да,  олар 
халық  тілінің  материалдарымен  аралас-құралас  қолданылып,  қосылып  кеткен. 
«Қоспа тіл», әрине, өз алдына бір тарихи тіл ретінде емес, «кітаби тілдің» жеке 
бір  көрінісі,  жалғасы,  тармағы  болып  танылуға  тиісті»  [16,74],

  деп  «қоспа 
тілді» «кітаби тілдің» жаңа бір көрінісі ретінде қарастыра келіп: «Кітаби қоспа 
тілде жазған ақындардың бірі – Мақыш Қалтаев.  
М.Қалтаев  өз  жанынан  тіл  жасап,  сөз  шығармаған  ақын.  Сонымен  бірге 
ол «тіл ұстартып, өнер де шашпаған». Бұл айтылған шығармалар өз заманының 
жазба  тілін,  оның  жайы  мен  күйін  көрсетеді,  сол  туралы  ғана  мәлімет  береді. 
Сондықтан М.Қалтаев шығармаларының саяси-идеялық мазмұнынан гөрі бізге 
тілдік  материалы  қымбат  [16,74],

  деп  ақын  шығармаларының  фонетикалық, 
морфологиялық,  лексикалық  ерекшеліктеріне  тоқталып,  тілдік  талдаулар 
жасайды.  Ә.Құрышжанов,  әсіресе,  Мақыш  шығармаларының  сөздік  қорына 
ерекше көңіл бөліп зерттейді. «М.Қалтаев шығармаларының сөздік қоры, күмән 
жоқ  қазақ  тіліне  тән  болып  есептеледі»  [16,88], 

  деп  Мақыш  өлеңдеріндегі 
сөздік  қолданысты  былайша  жіктеп  көрсетеді:  1)  діни  ұғымға,  рухани  өмірге 
байланысты сөздер: медресе, мешіт, мұсылман, хұдай, хайыр, пайғамбар, хадис, 
құран, тәфсир, нәфсі, ахырет т.б.; 2) әдеби тілден бөлек, жергілікті говорлармен 

 
 
13 
байланысты сөздер: бәрісі (бәрі), хайла (айла), бек (аса, тым, өте), нән (үлкен), 
уату  (жұбату),  түзін  (түзу),  шаршы  (орамал)  т.б.;  3)  орыс  тілі  арқылы  енген 
сөздер:  болосной  (волостый),  нашанлік  (начальник),  шорт  (черт),  рус  (орыс), 
народный содия (народная судья) мирауай содия (мировая судья) т.б.; 4) қазақ 
тілінде сирек қолданылатын, тарихи жағдайлар мен көркем әдебиеттің стильдік 
ерекшеліктеріне  байланысты  ғана  айтылатын  сөздер:  низам  (тәртіп),  милет 
(ұлт), лазым (қажет).  
Сондай-ақ,  Ә.  Құрышжанов  М.Қалтайұлы  өлеңдерінен  қазақ  тілінде 
мүлдем  қолданылмайтын  иадкер  (ескерткіш),  ләкін  (тек  қана),  хурият 
(бостандық),  хабаза  (қалжыңдау),  саһуат  (қателік)  сияқты  тағы  да  басқа 
бірсыпыра сөздерді атап көрсетеді. 
Мақыш  Қалтайұлы  шығармашылығына  қатысты  тілдік  зерттеуден  туған 
ойларын жинақтай келіп, Ә.Құрышжанов: «Кітаби тілде жазылған шығармалар, 
соның ішінде М.Қалтаев туындылары, сол кездегі түркі тілдерінде қолданылып 
жүрген  араб-парсы,  орыс  сөздерін  (оның  ішінде  қазақ  тілінде  баламасы  жоғы 
қанша)  пайдалану  арқылы  қазақ  тілінің  байи  түсуіне,  қорлана  беруіне  ат 
салысты. Ондай сөздер сол кездегі қазақ тілінде жазылған кітаптардан кең орын 
алып,  біртіндеп  шығармадан  шығармаға  ауыса-түйісе  жүріп,  келе-келе  қазақ 
әдеби тілінің негізі жасалғанда халық тілінің сөздік қорына енді де әдеби тілге 
аяулы  қызмет  етті.  Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда  азды-көпті  әдеби  мұра 
қалдырған  әрбір  ақын-жазушының  еңбектерін  көп  зерттеп,  кең  талқыға  салып 
отыру қажет. Оның әдеби тіліміздің даму тарихын зерттеу жұмысына қосылған 
зор  үлес  болып  табылатындығында  ешқандай  күмән  жоқ»  [16,90],-  деп 
қорытынды тұжырым жасайды. 
Кейінгі  жылдардағы  лингвист  ғалымдардың  тіл  проблемасы,  соның 
ішінде  әдеби  тілге  қатысты  еңбектерінде  де  М.Қалтаевтың  әдеби  мұрасын 
зерттеу  нысанасынан  тыс  қалмады.  Арнайы  жеке-дара  қарастырылмаса  да 
шығармаларының  мазмұн-идеясы  жағынан  ұқсас  Ақмолла,  Әбубәкір,  Мәшһүр 
Жүсіп,  Шәді  және  т.б.  бірге  М.Қалтаев  мұрасы  да  қазақ  әдеби  тілінің  даму, 
қалыптасу  тарихы  аясында  зерттеліп,  өлеңдерінен  мысалдар  алынып,  тілдік 
талдаулар жасалды [17,91-96 ]. 
Тұтастай  алғанда,  М.Қалтайұлының  көркем  туындылары  өз  кезеңінің 
шындығын  суреттеумен  қатар,  жаңа  қалыптасып  келе  жатқан  әдеби  тілдің 
дамуына да өз үлесін қосты.  
Тасқа басылып, жеке-жеке кітап болып жарияланған өлеңдеріндегі сөздік 
қолданыстары  арқылы  қазақ  тілінің  лексикалық  байлығын,  тіліміздің  сөздік 
қорын молайтуға тигізген пайдасы үлкен болды. 
Мақыш  Қалтайұлы  мұрасы  туралы  сөз  еткенде,  тағы  бір  көңіл  қойып, 
назар  аударатын  мәселе  –  күні  бүгінге  дейін  екі  ұшты  пікірге  ұрынып  келе 
жатқан ақынның өзі көзі тірісінде жарық көрген кітаптарының хронологиялық 
жайы және аударма кітаптарына қатысты пікір қайшылықтары. 
М.Қалтайұлының  әдеби  мұрасына  қатысты  алғаш  мағлұмат  берген 
Б.Кенжебаев:  «Мақыш  өз  жанынан  алты  кітап  жазған,  татар  тілінен  екі  кітап 
аударған.  Барлығы  ірілі-уақты  сегіз  кітап  бастырған.  Олар  мыналар:  1. 
«Насихат  қазақия»,  2.  «Қалтайұлының  қазақ  ахуалынан  бәйіт  еткен 

 
 
14 
манзумасы»,  3.  «Қазақтың  айнасы»,  4.  «Тура  жол»,  5.  «Мәшһүр  Қалтаев»,  6. 
«Бар  оқиға», 7.  «Айна», 8.«Сақ-сұқ» [4,72] 

  деп  ақынның  Қазан  қаласындағы 
«Университет»,  «Үміт»,  «Домбровский»,  «Өрнек»  баспаханаларынан  шыққан 
кітаптарын түстеп, аттарын атап санамалап береді де бұлардың хронологиялық 
басылып шығуы жағынан 1907-1913 жылдар аралығында деп көрсетеді. Соңғы 
екеуі  татар  ақындары  Зариф  Карими  мен  Ғабдулғалам  Рашидиден  аударылған 
кітаптар. 
Айта  кететін  бір  жайт  –  Б.Кенжебаев  Мақыштың  1910  жылы  шыққан 
кітабын «Мәшһүр Қалтаев» деп атайды және ғалымның кейінгі зерттеулерінде 
де осылай аталып жүр. Осының негізінде Мақыш Қалтаев шығармашылығына 
байланысты  сөз  болған  жерлердің  барлығында  бұл  кітап  «Мәшһүр  Қалтаев» 
делініп жүр [18-345 б., 434, 201 б.]. 
Ақынның осы жинағы 1910 жылы «Университет» баспаханасынан «Біраз 
ғибрат сөз һәм Абдолла мүдәристің тәржіме халі уа һәм Нұрмағанбет Сағынаев 
тәржіме халі уа һәм Ешімов пен Қалтаев сөздері» деген ұзақ атаумен басылып 
шығып  авторы  Мәшһүр  Қалтаев  деп  көрсетілген.  Мұндағы  Мәшһүр  Қалтаев 
дегені  Мәшһүр  Жүсіп  деген  сияқты,  өз  есіміне  қосылып  жазылған  лақап  аты, 
яғни «мәшһүр» араб сөзі – атақты, танымал, белгілі дегенді білдіреді. 
Мақыш  Қалтайұлының  осы  жылдан  бастап  шыққан  кітаптарында  өз 
есіміне  «мәшһүр»  лақап  аты  да  қосылып  жазылып  отырады.  Мәселен, 
«Қазақтың  айнасында»  (1910)  Мәшһүр  Мақыш  Қалтаев,  «Бар  оқиға» 
жинағында (1912) Мәшһүр молла Мақыш Қалтаев деп көрсетілген. Сондықтан 
да  ендігі  жерде  Мақыштың  бұл  кітабын  «Біраз  ғибрат  сөз...»  деп  өз  атымен 
атағанымыз жөн. 
Ә.Жиреншин қазақ кітаптарының тарихына қатысты зерттеуінде Мақыш 
Қалтайұлы  1904-1913  жылдар  аралығында  жеті  кітап  жазған  [19,105  б.],  1904 
жылы  алғаш  шыққан  кітабы  «Бар  оқиға»  [19,93]  дей  отырып,  енді  бірде 
ақынның  алғаш  жарық  көрген  жинағы  «Насихат  қазақия»  1907  жылы  шықты 
[19,134 ] деген бір-біріне жанаспайтын әр түрлі деректер береді. 
Татар  ғалымы  Ә.Кәримуллиннің:  «Будучи  первым  исследованием  по 
истории казахской дореволюционной книги, работа А.Жиреншина не охватила 
многих  сторон  этой  большой  проблемы.  Так,  в  работе  нет  общих  сведений  о 
количестве  казахских  книг  до  революций,  нет  сведений  по  годам,  а  так  же  о 
тиражах...Нет  анализа  содержания  дореволюционной  казахской  книги.  Кроме 
того,  работа  не  свободна  от  некоторых  ошибок»  [20,173], 

  деуіне  қарағанда 
Ә.Жиреншиннің жоғарыда келтірілген деректерінде жаңсақтық болуы мүмкін. 
Ү.Субханбердина  мен  Д.С.Сейфуллинаның  құрастыруымен  шыққан 
«Қазақ  кітаптарының  шежіресі»  (1996)  атты  библиографиялық  көрсеткіште 
Мақыш  Қалтайұлының  «Біраз  ғибрат  сөз...»  кітабы  1904  жылы  Қазанда 
«Университет» баспаханасында шыққаны көрсетілген [21,125 ]. 
Ал ақынның өзі осы кітабында: 
Қартайғанша қалмады қалжыңбасым, 
Асып кетіп барады қырықтан жасым [22,21 ], 

 
дейді.  Яғни  кітап  жазылғанда  ақын  41  жаста,  бұл  1910  жыл  (1869-1910=41), 
демек  Мақыштың  «Біраз  ғибрат  сөз...»  кітабы  1904  жылы  емес  1910  жылы 

 
 
15 
басылған  болып  шығады.  (Біздің  қолымыздағы  аталмыш  кітап  та  осы  1910 
жылы «Университет» баспасынан шыққан – Ә.Ә) 
Сондай-ақ «Насихат қазақия» (1911) жинағындағы «Руым Қыпшақ...» деп 
басталатын өмірбаяндық өлеңінде:  
Мың сегіз жүз алпыс тоғыз уәлиданым, 
Мың тоғыз жетіде әбиат хатым [23,47 ], 

 
деп  ақынның  өзінің  айтуынша  1907  жылдан  бастап  өлеңдерін  кітап  етіп 
бастырған.  Демек,  Мақыштың  алғашқы  кітабы  1904  жылы  шықты  дегенге 
ешқандай негіз жоқ. 
Енді  Мақыштың  алғаш  басылған  кітабына  келсек,  мұнда  да  әр  түрлі 
болжау-деректер келтіріледі.  
Б.Кенжебаев  алғашқы  зерттеулерінде  Мақыштың  бірінші  жинағы  1907 
жылы  жазылып,  1911  жылы  «Насихат  қазақия»  деген  атпен  Қазан  қаласында 
басылған дей отырып [4,72 ], кейінгі зерттеулерінде аталмыш кітап 1907 жылы 
басылып шықты [14,261 ] деген мағлұмат береді. 
Ал  енді  Қ.Сыдыиқовтың  зерттеуінде  [12,12]  және  «Қазақ  кітаптарының 
библиографиялық  көрсеткішінде»  М.Қалтайұлының  1907  жылы  алғаш  баспа 
бетін көрген жинағы «Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы» 
деп көрсетілген [21,93 ]. 
Ә.Кәримуллиннің  «Китап  доньясына  сәяхат»  (1979)  деген  зерттеуінде: 
«Татар  зиялылары  казакь  фольклорын  жыю,  язып  алу,  бастыру  белен  гана 
чикланмилар.  Шул  бай  фольклор  әсәрләрә  билән  татар  укучуларын  да 
таныштыру  юлларына  жеткеру  турасында  да  уйланар.  Шундай  тәржмәлер 
арасында  Гиылман  Саттаров  хәзрлеп  чыгарган  «Казакь  шигырьләрә»  (1909), 
Мақыш  Қалтаевтың  «Казакь  әхваленан»  (1907)  әсәрларн  санап  утерге  була» 
[24,115], 

  деп  Мақыштың  1907  жылы  шыққан  «Қалтайұлының  қазақ 
ахуалынан  бахыс  еткен  манзумасы»  кітабы  татар  тілінде  шыққаны  туралы 
мағлұмат береді. Кейінгі зерттеулерінде де Мақыштың осы кітабы татар тілінде 
жарияланғанын жазады [20,189 б.]. 
Демек,  Мақыштың  бұл  жинағы  бірінші  рет  татар  тілінде  басылған. 
Жоғарыда  Ә.Жиреншиннің  Мақыштың  жеті  кітабы  бар  деп  отырғаны  да,  осы 
татар тіліндегі кітабы болса керек. 
Сонымен, 1907-1912 жылдар аралығында, Мақыш Қалтайұлы өзінің көзі 
кітабын  бастырады.  Олардың  ішінде  «Қалтайұлының  қазақ  ахуалынан  бахыс 
еткен манзумасы» 1907 жылы татар тілінде, 1909 жылы қазақ тілінде  «Өрнек» 
баспаханасынан,  1910  жылы  «Домбровский»  баспаханасынан  басылып, 
барлығы үш мәрте жарияланады. Осы жинақтың алғаш қазақ тілінде басылған 
нұсқасының соңында ақын: 
Тәмәм қылдым тоғыз жүз тоғызында, 
Шамалап  ғылым  берген  Алла  құлға  [25,20  ], 

деп,  кітаптың 
жазылған жылын атап көрсетеді. 
1910  жылы  «Университет»  баспаханасынан  «Біраз  ғибрат  сөз...»  және 
«Қазақтың  айнасы»  кітаптары,  1911  жылы  «Үміт»  баспаханасынан  «Насихат 
қазақия»,  1912  жылы  «Домбровский»  мәтбуғасында  «Тура  жол»  және  «Бар 
уақиға» кітаптары басылып шығады. 

 
 
16 
Мақыштың  осы  аталған  алты  кітабында  әр  түрлі  тақырыпта–
ағартушылық,  сыншылдық,  адамгершілік,  діни  әдеп,  тәрбие  және  тағы  басқа 
мәселелерді  көтерген  77  өлеңі  (оның  тоғызы  мысал  өлең)  мен  екі  көлемді 
мақаласы басылған. 
Айта кетер жағдай – кітаптардағы кейбір аттары жазылмаған өлеңдер бір-
бірімен  қосылып  тұтас  күйінде  басылып  кете  берген.  Мәселен,  «Насихат 
қазақия»  (1911)  жинағында  «Айт  хақында»  (44-бет)  өлеңінен  кейін  «Руым- 
қыпшақ  халқы...»  (46-бет)  деп  басталатын  ақынның  ұзақ  өмірбаяндық  өлеңі 
қосылып жалғасып кетеді. Бұл екеуі тақырып-мазмұны жағынан бір-бірімен еш 
сәйкес  келмейді.  Алғашқысы  діни  дидактикалық  сарында  болса,  соңғысында 
ақын  өз  өмірінен  дерек,  мағлұмат  беретін  ғұмырнамалық  толғау.  Мұндай 
жайттар ақынның әр кітабында кездеседі. 
Қазан  төңкерісіне  дейін  басылған  қазақ  кітаптарындағы  осы  сияқты 
кемшіліктерді  кезінде  зерттеуші  ғалым  Б.Кенжебаев  орынды  атап  өткен  еді 
[26,12 ]. 
Мақыш  Қалтайұлының  әр  жылдарда  шыққан  өлең  кітаптарындағы 
осындай олқы кеткен, кемшін тұстарын ескере отырып, әр жинақтағы өлеңдерін 
тақырыптық-мазмұндық  жағынан  саралап,  жеке-жеке  атап  көрсетуді  жөн 
көрдік. 
«Қалтайұлының  қазақ  ахуалынан  бахыс  еткен  манзумасы»  (1909) 
кітабындағы  өлеңдері:  1)  «Атым  Мақыш,  Қалтай  дер  атам  атын»,  2)  «Қазақ 
хәкімдері»,  3)  «Ишандар  хақында»,  4)  «Шариғатта  ерлерге  қатын  алмақ»,  5) 
«Қазақтың  қатын  алуы»,  6)  «Ғылым  үйрену  парыздығы»,  7)  «Аллаға  ширкат 
қату»,  8)  «Ата-анасын  ренжіту  хақында»;  9)  «Ұстаз  ренжіту  хақында»,  10) 
«Салла-й рахим хақында», 11) «Әмір мағруф-Наһи мәнкур», 12) «Жалған ант», 
13)  «Фақырлар  хақында»,  14)  «Хаж  хақында»,  15)  «Үміт  қылу  хақында»,  16) 
«Болмайды болғанменен қарға сұңқар...» 
«Қазақтың  айнасы»  (1910)  кітабындағы  өлеңдер:  1)  «Қазақтың  айнасы», 
2)  «Қария арасында мағлұм хақында», 3)  « Бай молла садақа алу  хақында», 4) 
«Ғужіптік  хақында»,  5)  «Қарттан  қашу,  жасқа  жақындасу»,  6)  «Орысша  оқу 
керектігі», 8) «Дүниенің керектігі хақында», 9) «Халалын қызғанбау хақында», 
10)  «Ихтизар»,  11)  «Қазақтың  сахауаты»,  12)  «Шаһұлы  Сағаддинов  сізге 
сәлем». 
«Біраз ғибрат сөз...» (1910) жинағындағы өлеңдер: 1) «Мәшһүр Қалтаев» 
(кіріспе ретінде 

 Ә. Ә.), 2)  «Қой, сиыр, ешкі, арыстан», 3)  «Сабырсыздық», 4) 
«Есектің ойнауы», 5) «Аз үміт көп зарар берер», 6) «Бал құрты мен шыбын», 7) 
«Жақсылыққа жамандық», 8) «Фақырлық-байлық», 9) «Садақат», 10) «Абдолла 
мүдәрристің    тәржіме  халі»,  11)  «Нұрмұхаммед  Сағынаев  тәржіме  хәлі»,  12) 
Абдолла  Ешімовтің  Мақыш  Қалтайұлына  насихата  яки  фадихата  айтқан 
назымы», 13) «Қалтаевтың бұған жауабы». 
«Насихат  қазақия»  (1911)  кітабындағы  өлеңдері:  1)  «Үйлену  әдебі»,  2) 
«Ер әдебі», 3) «Қатын әдептері», 4) «Ана әдептері», 5) «Ата әдептері», 6) «Сағи 
уа  ижтиһад  әдептері»,  7)  «Өнер  уа  сунғат  әдептері»,  8)  «Кәсіп  әдептері»,  9) 
«Тұта  білмек»,  10)  «Тәдбир»,  11)  «Байлық,  жарлық  әдептері»,  12)  «Ғылым  

 
 
17 
әдептері»,  13)  «Отан  уа  милләт»,  14)  «Муғамала  әдептері»,  15)  «Жәмғият 
әдептері», 16)«Ғайд хақында», 18) «Руым қыпшақ халқы, асылым-қазақ...».  
«Тура жол» (1912) кітабындағы өлеңдер: 1) «Екі орынға ғибратпен салған 
көзін»,  2)  «Қожалар  хақында»,  3)  «Жастар  хақында»,  4)  «Бір  шахсы  болған 
кезде  балпып  жүрген»,  5)  «Рух,  жан  хақында»,  6)  «Мақсат»,  7)  «Нәшір 
хақында», 8) «Мақыш Қалтаев» (соңғы сөз орнына – Ә. Ә.) 
«Бар  оқиға»  (1912)  кітабындағы  өлеңдері:  1)  «Бар  уақиға»,  2)  «Қазақ 
сахарасын  кезу»,  3)  «Қазақтың  ханы  болған  төрелер»,  4)  «Қазаққа  берілген 
теңдік»,  5)  «Өз  пайдамызды  білмеуіміз»,  6)  «Басқа  жұртта  қандай  хәлде»,  6) 
«Сахарадағы  мешіттер»,  8)  «Қазақта  жалған  ант  беру»,  9)  «Дүниенің  керекті-
гі», 10) «Білген білмегенге жақпайды». 
Бұлардан  басқа  жоғарыда  атап  өткеніміздей  Ғ.Рашидиден  тәржімалаған 
«Сақ  уа  Сұқ  халдері»  аударма  кітабында  Мақыштың    алғысөз  ретінде  жазған 
«Оқу  парыз  балаларға»  атты  өлеңі  бар.  Ақынның  көзі  тірісінде  баспа  бетін 
көрген өлеңдерінің ұзын-ырғасы осылар. 
Кеңестік дәуірде Мақыш Қалтайұлы өлеңдері 1959 жылы Алматыда өткен 
қазақ  әдебиетінің  негізгі  проблемаларына  арналған  ғылыми-теориялық 
конференцияның қаулысынан кейін жариялана бастады. 
Қазақ  ССР  Ғылым  академиясы  баспасынан  1963  жылы  шыққан  «ХХ 
ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары» атты жинақта Мақыштың 
«Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы» (1909)  кітабындағы 
«Қазақ  хәкімдері».  «Пақырлар  хақында»,  «Хаж  хақында»  атты  өлеңдері, 
«Қазақтың  айнасы»  кітабындағы  (1910)  «Орысша  оқу  керектігі»  өлеңі,  «Біраз 
ғибрат  сөз...»  (1910)  кітабындағы  «Есектің  ойнауы»  атты  мысал  өлеңі  және 
татар  ақыны  З.Каримиден  аударған  «Айна»  (1913)  кітабынан  «Қалам», 
«Қаламның  айтқаны»,  «Алтынға»,  «Сәбие  бір  қызға»,  «Милләт»  аударма 
өлеңдері  енді.  1989  жылы  «Жазушы»  баспасынан  шыққан  «Бес  ғасыр 
жырлайды»  жинағының  екінші  кітабына  осы  аударма  өлеңдермен  қатар 
«Есектің  ойнауы»  мысал  өлеңі  және  «Қазақ  хәкімдері»  атты  өлеңі  кірді. 
Қ.Жарықбаевтың  құрастыруымен  1994  жылы  «Рауан»  баспасынан  шыққан 
«Қазақтың  тәлімдік  ой-пікірлер  антологиясына»  ақынның  «Ата-ананы 
ренжіту»,  «Ұстаз  ренжіту»,  «Жалған  ант»  өлеңдері  басылды.  Қ.Ергөбеков 
құрастырған  «ХХ  ғасыр  басындағы  әдебиет  хрестоматиясында»  (1994) 
«Фақырлар хақында», «Қазақ хәкімдері» атты өлеңдері топтастырылды. 
Ендігі  мәселе  –  Мақыш  Қалтайұлының  аударма  кітаптары  жайында. 
Б.Кенжебаев  алғашқы  зерттеуінде  М.Қалтайұлының  татар  тілінен  аударған 
«Айна» және «Сақ уа Сұқ халдері» кітаптарын атаса [4,72], кейінгі еңбектерінде 
аталған  екі  кітаптан  басқа  екі  бөлімнен  тұратын  «Бұлбұл  құс»  кітабын  қосып 
барлығы төрт кітап аударған деген мағлұмат береді [14, 261; 26,51; 27, 145 ]. 
Сондай-ақ,  1995  жылы  «Атамұра»  баспасы  шығарған  «Ақмола»  энцик-
лопедиясында Мақыш Қалтайұлы татар тілінен екі кітап аударды деп жазса [28, 
112 ], енді бірде төрт кітап аударған деп [28, 334 ] әр түрлі дерек келтіреді. 
Енді бір зерттеу еңбектерінде Мақыштың жалғыз аударма кітабы ғана сөз 
болады [13, 241 ; 29,345 ].  
Ал зерттеушілердің көпшілігі Мақыш Қалтайұлы татар тілінен екі кітап 

 
 
18 
аударды деген пікірді қуаттайды [12, 112 ; 30, 201 ; 31, 434 ]. 
М.Қалтайұлы  аударма  кітаптарына  қатысты  осындай  әр  түрлі 
қайшылықты  пікірлердің  орын  алуының  басты  себебі  –  жоғарыда 
Б.Кенжебаевтың  Мақыш  аудармасы  деп  атап  өткен  «Бұлбұл  құс»  кітабына 
қатысты  туындап  отырған  жайт.  Бұл  кітаптың  бірінші  бөлімі  1910  жылы 
Қазанда  Н.М.Чижова  баспаханасында,  екіншісі  1911  жылы  «Үміт» 
баспаханасында басылған. 
Ал  енді  аталмыш  кітапқа  қатысты  татар  зерттеушісі  Әбрар 
Кәримуллиннің  пікірі  мүлде  өзгеше.  Оның  айтуынша:  «В  начале  ХХ  века 
татарские издатели приступают к переводу и изданию произведений казахского 
фольклора,  акынской  поэзий  на  татарском  языке,  хотя  татары  благодаря 
большому  сходству  языков  могли  знакомится  с  произведениями  казахской 
литературы  непосредственно.  Издатели  стремились  довести  их  до  широкого 
круга  татарских  читателей.  Среди  переводных  изданий  укажем...  «Былбыл 
кош»  (Птица  певчая;  1910,1911)  Зарифа  Аксакии  в  переводе  выдающегося 
татарского  писателя  и  просветителя  Фатиха  Халиди,  издания  за  его  же  счет» 
[20, 189 ].  
Яғни «Бұлбұл құсты» керісінше қазақ тілінен татар тіліне Фатих Халиди 
аударды  дегенге  саяды.  Бұл  жерде  Ә.Кәримуллиннің  пікірінде  нақтылық  жоқ. 
Себебі  «Бұлбұл  құстың»  бірінші  бөлімінің  мұқабасында  «Шиғыр  Бұлбұл  құс. 
Қазақша әркім үшін оқуға жеңіл, жаңадан тасхих (корректировка, түзету- Ә.Ә.) 
етілді.  Зариф  Асакий.  Өткірбай  Алмасов  (аударушы  болу  керек,  мұқабада 
жазылмаған?!- Ә.Ә.) Нәшірі: Махдум Фатих Халидов» деп жазылса [32], екінші 
бөлімнің  титуль  бетінде  «Әсәр:  З.Кәрими.  Қазақша.  Бұлбұл  құстың  екінші 
пәресі. Мұхтарам қазақ қардаштарыма, хусусан үшбу заманымызда болған жас 
заттарға  «Бұлбұл  құс»  шиғыр  кітабіміздің  бірінші  пәресін  оқып  қарап 
пайдаланғандай екінші пәресін оқып қарап пайдалануыңызды өтінеміз. Нәшірі: 
Махдум Фатих Халиди» [33] 

 деп көрсетілген. 
Яғни, 
көріп 
отырғанымыздай, 
кітап 
татарларға 
емес, 
қазақ 
оқырмандарына арналған. Екіншіден, кітап авторлары: З.Асакий және З.Кәрими 
–  екеуі  де  татар  қаламгерлері.  Үшіншіден,  Фатих  Халиди  кітапты  аударушы 
емес, бастырып шығарушы (нәшірі) ретінде көрсетілген. 
Сонымен  бірге  «Бұлбұл  құсты»  кім  қазақшалағаны  жөнінде  де  нақты 
мәлімет берілмеген. Онда Мақыш Қалтайұлының ныспысы мүлдем аталмайды 
да.  Сондықтан  да,  бұл  жерде  «Бұлбұл  құсты»  М.Қалтайұлы  аударды  деуге 
ешқандай дәлел де, негіз де жоқ. 
Ал енді қалған екі кітаптың бірі – З.Кәримидің «Айна» кітабы да, екіншісі 
– Ғ.Рашидиден аударған «Сақ уа Сұқ халдері» кітабы. 
Мұндағы  татар  қаламгерлері  кімдер  дегенге  келсек,  Ә.Кәримуллин 
жоғарыдағы  еңбегінде  Зәриф  Кәрими  жөнінде  мынадай  деректер  келтіреді: 
«Татарские  мугаллимы-учителя  работавшие  в  казахских  мектебах,  отдельные 
татарские  просвещенные  люди  во  время  пребывания  и  работы  в  казахских 
землях  занимались  сбором  произведений  казахского  фольклора.Отдельные  из 
этих  собирателей  казахского  фольклора  сумели  издать  свои  материалы  в 
Казани, Оренбурге, Уфе... Татарский педагог З.Каримов совместно с казахским 

 
 
19 
писателем подготовил и издал такой же сборник под названием «Қазақша айна» 
(1913) [20, 188 ]. 
Бұл  жерде  З.Кәримидің  «Айна»  кітабы  қазақ  фольклоры  үлгілерінен 
тұрады  деген  Ә.Кәримуллин  пікірімен  келісе  қою  қиын.  Өйткені  кітапта 
«Қатындардың бала уатуы» атты бесік жырынан басқа ауыз әдебиетіне қатысты 
ештеңе кездеспейді. 
Ал,  З.Кәримидің  қазақ  сахарасында  бала  оқытып,  ұстаздық  қызмет 
атқарғанын толық қуаттауға болады. Оны ақынның өз өлеңдерінен де көреміз. 
Зариф  Кәрими  өлеңдерінің  басым  бөлігі  қазақ  тұрмыс-тіршілігіне 
арналған. Қазақтармен  етене араласып кеткендігі сондай, ақын өз өлеңдерінде 
қазақтардың  тұрмыс-салтын,  мәдени  өмірінің,  жалпы  тіршілігінің  кейбір 
тұстарын батыл, өткір тілмен сынап та отырады. «Шиғыр-жыр» атты өлеңінде 
ақын: 
Басылған қазақ тілде талай жырлар, 
Қаламға қарыс болған қолы құрлар. 
Пікірді тұт алдырып шерту үшін, 
Қарастырып кітап жазған қандай сұмдар. 
Жазғаны бәйіт емес, өлең емес, 
Мұндайды әдет қылу өнер емес. 
Хияли пікірменен  шіріген жүрек, 
Айдасаң тура жолға көнер емес. 
Көрген жан мұнан ғибрат шығар демес, 
Жыр емес, жазған сөзі роман емес [34,3 ], 

 
деп қазақ тілінде тасқа басылып шығып жатқан өлең-жыр кітаптарына қатысты 
өз ойын айтып сөз қозғайды да, солардың бір-екеуіне тоқталады: 
Оқыды құрбыларым сатып алып, 
Хиали бір  қиссаға таңға қалып. 
Қара жерді көтерген Әли батыр, 
Арыстан болған дейді дүниені алып. 
Диюменен Әлиді соғыстырып, 
Жазықсыз қан төгуге берер кеңес. 
Бұл  –  Кәшшафутдин  Шаһмарданұлының  «Хазірет  Әлидің  Жәнәділ  ша-
һарында  төбелескені  һәм  қиссасы»  (Қазан,  1899)  деп  аталатын  діни  қисса-
дастаны. 
Батырлық жырдан Шора батыр туралы былай дейді: 
Болыпты бір нән батыр аты  Шора, 
Қан ішіп ләззәт алған шыбын-сона. 
Соғысып қан төгісте қазақ жеңсе, 
Оқушы құрбыларға мақсуд бола. 
Яғни, бұл сол уақытта қазақ сахарасына кең тараған «Нәріктің ұлы Шора 
батыр» қиссасы (Қазан, 1884). Кітаптың авторы – Мұхаммеднәжиб Ғалиәкбаров 
[21,59 ]. 
Лиро-эпикалық жырлардың ішінен «Қыз Жібекті» де оңдырмай сөгеді:  
Мақтаулы жыр «Қыз Жібек-Төлегені» 
Өтірік хияли сөз сөйлегені. 

 
 
20 
Оқушыға не ғибрат болар екен, 
Жібектің бұқа іздеп күйлегені [34,4 ]. 
Мұнысы  –  Жүсіпбек  Шайхислямов  Қазанда  бірнеше  мәрте  бастырған 
«Қыз Жібектің хикаясы» болуы керек. 
«Милләт»  атты  өлеңін  ақын  қазақ  халқына  арнай  отырып  өзінің  ұлт 
бостандығы,  милләт  тәуелсіздігі  жайындағы  саяси  астары  бар  ойын  жеткізеді. 
Милләт – ұлт сөзінің саяси мәніне терең ден қойып соны қазақтарға жеткізбек 
болады. 
Ғұмырым ұзақ болып мың жыл тұрсам, 
Ақылды, ашық көзді білгіш болсам. 
Милләт деген бір сөздің мағынасын, 
Қазағыма мың жылда білгізе алман... 
Дем алмай жақ талдырып сөз сөйлесем, 
Бір сөздің мағынасын мың жыл сөйлеп, 
Қазағыма милләт халін білгізе алман... 
Мың түрлі мысалменен жол көрсетіп, 
Милләттің мағынасын сөйлесем де 
Сонда да қазағыма білгізе алман [34,5 ], 

 
деп  ақын  милләт  –  ұлт  мүддесіне  немқұрайды  қарап,  жайбарақат  жатқан 
қазақтарға өзінің өкпе-назын жеткізеді. 
Өлеңде ХХ ғасыр басында патшалы Ресейдің отаршылдық езгісіне қарсы 
өріс алған түрікшілдік идея анық көрінеді. 
Жалпы  Ресей  отаршылдығына  қарсы  түрікшілдік  бағытты  ұстанған 
азаттық  қозғалыстың  басы-қасында  көбіне  татар  зиялылары  болғаны  белгілі. 
Өйткені:  «Патшалық  Ресейдің  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени-
рухани отарлауына қарсы азаттық қозғалыстың татарлар арасында қалыптасуы 
заңды  құбылыс  еді.  Ерте  отарланған  татар  ұлтының  зиялылары  жаңаша  күрес 
бағытын  қалыптастыруда  зор  рөл  атқарды.  Сондықтан  да  патша  үкіметі 
татарлар  мен  қазақтарды  араластырмауға  барын  салып  бақты.  Мысалы,  1909 
жылы  5-ақпанда  Түркістан  генерал-губернаторы  өзіне  қарасты  бес  облыстың 
әскери губернаторына жолдаған нұсқау-хатында жергілікті халықтардың көңіл-
күйі  мен  болымысын  бақылап  отыруға  қатысты  тапсырмалар  бере  отырып, 
татарларға қатысты мынандай нұсқау береді: «Түздік тұрғындардың арасына өз 
айналасына  халықты  оқыту  үшін  немесе  жаңа  тұрпатты  үздік  мектептерге 
қатысты  пікір  алмасу  үшін  топтастыратын  татар  миссионерлері  кіріп  жатқан 
жоқ па? 
Татарлар  туралы  барлық  мәліметтерді  білу  керек:  олар  қайда  тұрады, 
немен  айналысады  және  жергілікті  тұрғындарға  қандай  ықпал  жасайды». 
Осылайша,  татарлар  барлық  жерде  қатаң  бақылауға  алынып,  олардың  емін-
еркін жүріп-тұруына, қазақ жеріне келуіне барлық кедергілер жасалды»[35,45 ]. 
Міне,  Зариф  Кәрими  де  қазақ  арасында  бала  оқытып,  ұстаздық  етумен 
қатар өз өлеңдері арқылы түрікшілдік, жәдидшілдік идеяны да уағыздаған татар 
зиялыларының  бірі  болған.  Ол  жоғарыдағы  өлеңінде  «милләт»  сөзі  арқылы 
жалпы түркілік ұлт идеясын көтере отырып: 
Шиғыр жазып, атақ алған шағир болып, 

 
 
21 
Әр сөзім сезілгендей әсер беріп. 
Жырлағанда тауды-тасты қозғасам да, 
Сонда да қазаққа дым білгізе алман, 

 
деп  жалпытүркішілдік  милләтшілдікті  қазақ  санасына  жеткізе  алмағанына 
налиды. 
Жалпытүркілік  идеядаға  ақын  қазақ  тұрмысындағы  келеңсіздіктерді 
айтқанда,  оны  бір  ұлттың  басындағы  кемшілік  ретінде  қарамай,  бүкіл  түркі 
милләтін  кері  кетіретін  қоғамның  ауыруы  ретінде  қарайды,  сол  тұрғыдан 
сынайды.  Сондай  сыншылдық  сарындағы  өлеңнің  бірі  –  «Иғлан»  (жария  ету, 
әшкерелеу  –  Ә.Ә.)  өлеңі.  Мұнда  ақын  қазақтардағы  діннің  нашарлығын,  дін 
бұзар дүмшелердің көбейіп, милләт іргесінің сөгіліп, кері кетіп бара жатқанын 
әшкерелейді. 
Өкпесіне құрттар түсті, 
Қорасына сырттан түсті. 
Кім болса сол тартып жеген 
Біздің милләт кең бір милләт. 
Бақсы, тасшы баста қалды 
Дін, шариғат әсте қалды. 
Солар милләт доңыздары... 
Жалғыз емес, дін көп мұнда, 
Жем қылғанға жем көп мұнда... 
Біздің милләт жансыз милләт, 
Дерті биік, зор, хәлсіз милләт... 
Өле қалса көмері жоқ 
Біздің милләт бір кем милләт [34,14 ], 

 
деп  қазақ  қоғамындағы  ауруды  жалпытүркі  милләтшілдігі  тұрғысынан,  сол 
намыста сынайды. 
Ал  енді  бір  досының:  қазақтарды  алдап,  басқа  дүмше  молдалар  сияқты 
өтірік бала оқытып, ақшасын, малын алып байып алмайсың ба, 

 деген кеңесіне 
(«Бір-екі сөз») былай жауап береді: 
Бай болуды мен де әбден жаратармын, 
Жаныма жақпас кәсіптен жай жатармын... 
Баланың басын байламай, бата сатпай, 
Сонда да жер басып тағам татармын. 
Қаламмен қайғырып қамын жесем де, 
Қазақша білмеймін кіммен қатармын 
Бір сөзімнен мың адам пайдаланса, 
Ихтимал сауабқа мен де батармын 
Мың сөзімнен біреу пайда көрмеген 
Шамамша қаламмен соны атармын [34,23 ], 

 
деп қазақ қамын, ұлт болашағын ойлап толғанады.  
«Ауырулықта»  атты  өлеңінде  (Бұл  өлеңді  кейбір  зерттеушілер  Мақыш 
Қалтайұлынікі деп жаңсақ пікірде болғанын айтқанбыз – Ә.Ә.) ақын заманның 

 
 
22 
өзгеретініне,  отарлық  езгіден  құтылып,  түркі  милләтіне  бостандық  таңы 
ататынына зор үмітпен қарайды. 
Өсер көк шөп, жер үстінде толқындап, 
Сайрар құстар неше түрлі мұңданып, 
Болар ол күнде әркімге бостаншылық 
Тек мен жатармын топыраққа былғанып... 
Біздің достар ол күндерде қуанар, 
Кезіп ерікті бостандықта жұбанар, 
Үмітім жоқ ол рахатты көруге, 
Емеспін ол уақытқа жете алар [34,20 ]. 
Өлеңнің  «Ауырулықта»  деп  атынан  көрініп  тұрғандай  және  өлең 
мазмұнындағы  күйзелісті  көңіл-күйіне  қарағанда  ақынның  қатты  науқастанып 
жүргенде жазған туындысы екені байқалады. 
Қысқасы,  заты  татар  З.Кәрими  қазақ  тілін  жетік  білмесе  де  («Қаламмен 
қайғырып қамын жесем де, қазақша білмеймін кіммен қатармын»), өлеңдерінде 
көбінесе, қазақ халқының басындағы ауыр халді айтып қайғырады, кері кетірер 
келеңсіз  тұстарын  сын  безбеніне  салады,  сөйтіп  жалпы  милләт  тағдырын 
ойлайды,  оның  жарқын  болашағына,  ерікті,  мәдениетті  ел  болатындығына 
сенеді, сол уақытты шын көңілмен тілейді. 
Осыдан  көрініп  тұрғандай  З.Кәрими  өмірінің  көбін  қазақ  арасында 
өткізіп,  қазақтармен  қоян-қолтық  араласып,  бірге  тіршілік  еткен.  Ол  Мақыш 
Қалтайұлымен  де  өте  жақын  таныс  болған.  Екеуінің  ел  ішінде  жүріп  бала 
оқытқаны, өлең жазып ақындықпен айналысқаны да ұқсас, яғни екеуі де молда-
ақын. Соның нәтижесінде Мақыштың көптеген өлеңдері мен З.Кәрими өлеңдері 
арасында мазмұн, идея жағынан  бір-біріне өте жақын. Өзінің ел тағдыры, жер 
тағдыры  туралы  айтқандары,  ағартушылық  ой-пікірлері,  сыншылдық 
сарындағы  өлеңдері,  жәдитшілдік,  милләтшілдікке  қатысты  ұстанымдары 
жөнінен қазақ ақыны М.Қалтаев пен татар ақыны З.Кәрими шығармалары бір-
бірімен үндесіп жатыр. 
Мақыш  Қалтайұлының  татар  тілінен  тәржімалаған  екінші  аудармасы  –
Ғ.Рашидидің «Сақ уа Сұқ халдері» деп аталатын кітабы.  
Ғ.Рашидидің  өмірі,  шығармашылығы  жөнінде  татар  зерттеушілері 
мардымды  ештеңе  айтпайды.  Ал,  қазақ  зерттеушісі  Тоқтар  Арыновтың  
дерегіне  сүйенсек:  «ХІХ  ғасырда  татар  ақыны  Ғ.Рашиди  деген  адам 
«Сүйінбике»  атты  көлемді  поэма  жазған.  Ол  поэма  араб  жазуымен  жеке 
кітапша  болып  басылған.  24  беттік  осы  поэманың  бір  данасы  Қазақ  ССР-нің  
Орталық архивінде сақтаулы тұр» [36, 287 ], 

 деген қысқаша мәлімет береді. 
Соған  қарағанда,  Ғ.Рашидидің  өзі  өлеңдерін,  көркем  шығармаларын 
жинақтап, кітап етіп бастырып отырған. Соның бірі 

 «Сақ уа Сұқ халдері» деп 
аталатын кітабы. 
Енді  осы  аударма  кітапқа  келсек,  бірінші  бетте  ең  алдымен  Мақыш 
Қалтаевтың  «Оқу  парыз  балаларға»  деп  басталатын  өлеңі  басылған.  Содан 
кейін  барып  «Әсәр:  Ғ.Ғ.Рашиди.  Мусахих:  Мақыш  Қалтаев.  «Сақ  уа  Сұқ 
халдері» делініп, ары қарай хикая басталады. 

 
 
23 
Айта кететін бір жағдай – халық арасында кең тараған осы аңыз негізінде, 
кезінде татардың классик ақыны Ғабдулла Тоқай да ұзақ хикая жазыпты. Осы 
хикаяға  байланысты  Ғ.Тоқай  былай  деп  мәлімет  береді:  «Сақ  Сұқ»  халық 
қиялынан  шыққан  бір  хикая.  «Сақ  Сұқтың»  мұңды,  зарлы  хикаясын  оның 
шерлі, мұңды жырын «Пәлендей адам айтқан... Пәлендей жерде шығарылған...» 
деп тура айтуға, негіздеуге мүмкін емес. Тек өзінің екі баласын: «Сендер Сақ-
Сұқ  болыңдар?»  -  деп  шешесінің  тілегінен  туған  ертегі.  Сөйтіп,  екі  баласы 
«Сақ-Сұқ» деген екі құс болып ұшып кетіпті-міс...» 

 деген қиялды хикая. 
Шешесі  балаларын  қарғаған  уақытта  әкесі  үйде  жоқ  екен;  содан  кейін, 
шешесі де балаларын іздеп, екеуі қосылып жылайды. 
«Сақ-Сұқ»  деген  құс  болып  орманға  ұшып  кеткен  балалар  да  соққан 
желмен,  жауған  боранмен  ғана  өздерінің  сағынышты,  мұңды  сәлемдерін  ата-
анасына жеткізеді екен... 
Осы  хикаяны  көптен  іздестіріп,  әркімнен  сұрастырып  жүргенімде,  бұл 
жырды  Қазан  саудагері  Мұхаммет  Фатих  Мусин  деген  адам  өтінуім  бойынша 
маған жазып әкеліп берді. 
Сонан  кейін,  осы  «Сақ-Сұқ»  жырын  өзімшелеп  кей  жерлерін  түзетіп 
(тәртіпке салып), қосыңқырап жинағыма кіргіздім. 
Халық  арасына  көп  таралған  бұл  жырдың  «Сақ-Сұқ»  атты  күйі  де  және 
өзіне арналған әні де бар. 
«Сақ-Сұқ» күйі аянышты күй. «Сақ-Сұқ» жыры мұңды жыр. Бұл – халық 
қиялынан туған хикая» [37,288 ]. 
Міне, Ғ.Рашиди жырлаған «Сақ уа Сұқ халдері» хикаясы да осы Ғ.Тоқай 
айтқан  сюжетке  құрылған.  Мазмұн,  идея  жағынан  да  екі  ақын  жырлаған  жыр 
бір-бірінен  алшақтамайды.  Мұнда  екі  жақты  мәселе  қаралған:  біріншіден, 
балаға  дұрыс  тәрбие  бермей,  оларды  ұрып-соғып,  қарғап-сілеген  ата-ананың 
өкінішті  хәлі  болса,  екіншіден  –  әке-шешенің  тілін  алмай,  дұрыс  жолға 
түспеген  тілазар  балалардың  құс  болып  ұшып  кеткен  қайғылы  жағдайы 
айтылады. Осы арқылы тәрбие мәселесі көтерілген. 
Тек, Ғ.Тоқайдың жыры түркі халықтарына ортақ фольклорлық үлгідегі 7 
буынды  шалыс  ұйқас  түрінде  болып  келсе,  Ғ.Рашиди  хикаясы  буын  саны 
жағынан бірде 7, бірде 8 болып алмасып түсіп отырады да, аралас ұйқасады. Екі 
жыр да қазақ тіліне қотарылған: Ғ.Рашидидің «Сақ-Сұғын» Мақыш Қалтайұлы 
тәржімаласа, Ғ.Тоқай жырлаған жырды Жақан Сыздықов аударды. 
Аталмыш  кітапта  Ғ.Рашидидің  осы  хикаясынан  басқа  башпағын 
жоғалтып алған татар шәкіртінің аянышты хәлі суреттелетін  «Бейшара шәкірт 
малай»  дейтін  ұзақ  оқиғалы  өлеңі  мен  кедейлігінен  оқу  оқи  алмай  өмірі 
қорлықта  өтіп  жатқан  татар  жігітінің  мұңды  монологына  құрылған  «Бейшара 
жігіт» өлеңі және алғаш рет самауырды көріп, ішінде қайнап тұрған суын ішіп 
көрмекші  болып  аузын  күйдіріп  алған  мұжықтың  ерсі  қылығын  сөз  қылатын 
«Бірінші самауыр» дейтін мысқыл өлеңі бар. 
Енді  осы  екі  кітаптың  аударылуына  келсек  –  екеуінде  де  М.Қалтайұлы 
есімі аударушы деп емес, түзетуші яғни «мусахих» деп көрсетілген. 
«Мусахихқа»  қатысты  Мақыш  өмірі  жайында  сөз  қозғағанда  біраз 
мәселенің басын ашып айтамыз. 

 
 
24 
Осыған  байланысты  енді  бір  мәселе  –  татар  мен  қазақ  халқының 
арасындағы  рухани  туыстық  байланыс.  Екі  халықтың  туыстық  қатынасының 
түп-тамыры  сонау  көне  тарих  қойнауында  жатқаны  мәлім.  Осындай  түбі  бір 
туыстық  (екеуі  де  түркі  тілінің  қыпшақ  бұтағы)  тарихи  тағдырластық  (Ресей 
империясы  боданында  өмір  сүруі)  қазан  төңкерісіне  дейінгі  кезеңде  екі  елдің 
әдеби,  мәдени  өмірін  бұрынғыдан  да  жақындастырып,  нығайта  түсті.  Әсіресе 
«ХХ  ғасыр  басында  татар  мәдениеті  мен  әдебиеті  ерекше  өрлеу  жолында 
болды.  Бұл  кезде  татар  мәдениеті  түркі  тектес  халықтар  мәдениетінің  көбінен 
жоғары  тұрды.  Осыған  байланысты  татар  мәдениеті  өзімен  көрші  туыстас 
халықтар әдебиетіне, оның ішінде қазақ әдебиетіне де өз әсерін тигізді» [38,8]. 
Осындай жағдай  екі  ел әдебиетін, мәдениетін, жалпы рухани өмірін бір-
бірімен  тоғыстырып,  ортақтастырып  та  жіберді.  Сондықтан  да  Мақыш 
Қалтайұлы  екі  ел  әдебиетін  бір-бірінен  бөле-жара  қарамай,  туыстас  екі  тіл 
арасындағы  біраз  айырмашылықтарды  ескеріп,  кітаптарды  татаршадан 
қазақшаға  сәйкестендіріп  «түзеттім»  яғни  баспа  терминімен  айтқанда 
корректировка жасадым деуі де осы себепті болса керек. 
Сондықтан аударма кітаптарда М.Қалтайұлы есімі мүтәржим (аударушы) 
орнына мусахих (түзетуші-корректор) болып жазылған. 
Мақыш  Қалтайұлының  тек  аудармамен  шұғылданып,  өлең  жазып,  сол 
туындыларын  кітап  етіп  бастырумен  ғана  айналыспай  әр  түрлі  тақырыпта 
қисса-дастандар жазғандығы жөнінде де зерттеушілер тарапынан айтылып жүр. 
Мұхтар Әуезовтің Е.В.Лизуновамен бірігіп жазған «Из истории казахской 
литературы»  атты  зерттеуінде  кітаби  ақындар  шығармашылығы  жөнінде  айта 
келе: «Есть поэты-книжники связанные с восточной-классической литературой 
и  писавщие  почти  исключительно  на  древние  книжные  сюжеты.  К  ним 
относятся Ораз молла, Майлыкожа, Мадели, Акылбек Сабал, Мауликей, Шади 
торе,  Макыш  Калтаев,  Кашафуддин,  Арип  и  др.  Их  произведения  в 
большинстве  своем  изданы  в  ХІХ  и  начале  ХХ  века,  и  составляют  в  целом 
свыше  100  поэм»  [39,341  ], 

  деп  шығыстың  сюжетке  поэма  жазған  ақындар 
қатарында  Мақыш  Қалтайұлының  да  есімін  атаса,  Сәбит  Мұқанов  та  осы 
пікірді  ары  қарай  қозғай  отырып:  «...  он  тоғызыншы  ғасырдың  соңы  мен  мен 
жиырмасыншы  ғасырдың  бас  кезінде  бұрынғы  Қарқаралы  уезінен  шыққан 
қиссашыл – Ақылбек Сабалұлының бір өзі ғана отызға жуық, Ақмола үйезінен 
шыққан Мақыш Қалтайұлы да қырықтан астам қисса қалдырған» [40, 142 ], 

 
деп Мақыштың қанша қисса жазғанына дейін мәлімет береді. 
Бұл 
деректер, 
әрине, 
ғұлама 
ғалымдарымыздың 
еңбектерінде 
кездескенімен  де,  күні  бүгінге  дейін  М.Қалтаевтың  қисса  жазғаны  жөнінде 
ғылыми негізге сүйенген нақты  дәлел жоқ. Соңғы кездері қазақ  фольклорына, 
соның  ішінде,  шығыстық  үлгідегі  қисса-дастандарға  қатысты  бірнеше  күрделі 
зерттеулер  жазылды  [41].  Бұлардың  ішінде  жоғарыда  аттары  аталған 
ақындардың  қисса-дастандары  туралы  түстеп,  талдап  айтылады  да,  Мақыш 
есімі мүлде аталмайды. 
Сондай-ақ,  ақынның  әдеби  мұрасын  жинап,  іздестіру  барысында  оның 
жазған қисса-дастандарын кездестірмедік. 

 
 
25 
Сондықтан да жоғарыда Мақышқа телініп жүрген (оның ішінде  «Бұлбұл 
құс»  та  бар)  шығармаларды  нақты  ғылыми  тұрғыдан  дәлелденбегендіктен 
оларды  ақынның  төл  туындылары  ретінде  қарастырудың  жөні  жоқ  деп 
есептейміз. 
Түйіндеп 
айтсақ, 
жоғарыдағы 
зерттеуші-ғалымдардың 
Мақыш 
шығармашылығы  жөніндегі  ой-пікірлері  ақын  мұрасын  тануда,  оның 
әдебиеттегі  орнын  айқындауда  сөзсіз  алға  басқандықтың  белгісі.  Сонымен 
қатар  бұл  зерттеулер  ақын  мұрасының  идеялық-эстетикалық  нысанасын, 
көркемдік әлемін тереңірек зерттеуге жол көрсетеді, бағыт сілтейді. 
 

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет