Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 5.01 Kb.

бет6/9
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 
 
Батпан құйрық 
(қазақ ертегісі) 
Қарны ашқан қасқыр тамақ іздеп, арсалаңдап келе жатады. Сол кезде түлкі 
жолығады.  
-
Қасеке,  жолың  болсын!  Қайда  жортып  барасың?  -  деп  сұрайды  түлкі 
жылмаңдап.  
-
Түкем, қарным ашты. Тамақ іздеп барамын.  
-
Қасеке-ай, менің де қарным ашып келе жатыр еді, өзің кездестің. Жолым 
болады екен. Бірге іздейік.  
-
Ал, түке, ендеше баста, - дейді қасқыр. Қасқыр мен түлкі жорта жөнеледі. 
Бір  мезгілде  төңкеріліп  жатқан  қойдың  тегенедей  құйрығына  тап  болады. 
Қуанғаннан қасқырдың екі көзі сексеуілдің шоғындай жайнап кетеді. 
Оп-оңай табыла қалған тамаққа таңырқап, түлкіден сұрайды:  
-
Түке, түке, бұл неғылған батпан құйрық, тегіннен тегін айдалада жатқан 
құйрық?! Түлкі ойлаған боп, қипаңдай жауап қайырды:  
-
Апырмай,  қасеке-ай,  бір  алаңғасар  базарға  барған  шығар.  Арзан  бағаға 
алған шығар. Қанжығасына бос байлап, содан түсіп қалған шығар.  
-
Ай, түке, сонда да мен осыныңнан қауіптеніп тұрмын.  
-
Қасеке, сен қауіптеніп, қорқатын болсаң, мен-ақ жей салайын, - деп, түлкі 
құйрыққа ұмтыла бергенде:  
-
Тоқта,  тоқта!  -  деп,  қасқыр  арс  ете  қалады.  Түлкі  жалт  беріп,  құйрығын 
бұлғаңдатып,  шоңқып  отыра  кетеді.  Ашқарақ  қасқыр  былқылдақ  құйрыққа 
ауызды салып кеп жібереді.  

79 
 
 
 
-
Қасеке, мені де ескерсейші! Олжаға ортақ емеспіз бе? - деп, түлкі өтірік 
мүләйімсиді. Қасқыр оған ала көзімен ажырая қарап, тісін ақситып:  
-
Был-жыр-рра-ма...-  дейді  де,  қойдың  тегенедей  құйрығын  төрт-ақ  асап, 
толғап-толғап,  қылғи  салады.  Қарны  тойып,  қарық  болған  қасқыр  аузын  кере 
қарыс ашып, ыңыранып, бір керіліп алады да, жорта жөнеледі.  
Іші біліп, мұртынан күліп, қасқырдың соңынан келе жатқан түлкі:  
-
Апырай,  қасеке-ай,  әлгі  май  құйрықтан  тым  болмаса  бір  асам  дәм 
татырмадыңыз-ау, ә?! - деп, күңкілдейді.  
-
Түке-ау,  мұрныңа  майдың  иісі  барғаны  да  жетпей  ме!  -  деп,  қомағай 
көкжал қарқ-қарқ күледі. Біраздан кейін қасқырдың көзі алақтап, тілі салақтап, 
жанын қоярға жер таппай, дөңбекшиді де қалады.  
-
Е-е... құйрық жейтін батырмысың, жан бергелі жатырмысың?! - деп, түлкі 
қусықылықтай кеп күледі.  
Емің бар ма, түлкіжан-ау... Түкешім, аясаңшы ағаңды, - деуге қасқырдың 
тілі әрең келіпті. У барған ішке су барса, тез өлтіретінін білетін түлкі:  
-
Удың емі су болады, қасеке. Су ішсең, жаның қалады, сәтін салса, - дейді. 
Қасқыр бар қалған күшін жинап, суды тілімен жалап-жалап алады да, қалпақтай 
ұшып түседі.  
-
Міне,  саған  батпан  құйрық,  айдалада  тегіннен-тегін  жатқан  құйрық!  - 
дейді де, түлкі өз жөніне кетеді 
 
Ақылды етікші 
(қазақ ертегісі) 
Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның әрбір тәртібін халқы 
екі  етпей  уақытымен  орындап  тұрады  екен.  Бір  күні  бұл  патша:  «Менің 
әрқашан  халық  пайдасына  еткен  әмірім  орнына  нақпа-нақ  келіп  тұрады  және 
халқым да мені жақсы көреді. Сондықтан да мен олардың пайдасын ойлаймын. 
Енді  мен  осы  халқыма  зиянды  бір  әмір  таратайын.  Халқым  тыңдап,  орнына 
келтірер ме екен? Жоқ, келтірмес пе екен?» - деп ойлап уәзірлеріне:  
 -
Халыққа  тегіс  хабарландырыңдар:  «Ешкім  басына  пайда  қылмасын!»  - 
деп,  әмір  қылады.  Бұдан  соң  уәзірлер  бұл  әмірді  халыққа  естіртіп  болып, 
патшаға:  
 -
Халқыңыз әміріңізді нақпа-нақ айтқаныңыздай орнына келтіретін болды, 

дейді.  Патша  уәзірлеріне  еш  жауап  айтпайды.  Түн  болған  соң  үстіне  бөтен, 
ескі киім киіп, әмірінің қалай орындалғанын көру үшін көшеде жүрсе, шеттегі 
бір  үйде  шам  жанып  тұр  екен.  Патша  қайыр  сұраған  кісі  болып,  шам  жанып 
тұрған  үйге  келсе,  үйдің  ішінде  бір  етікші  етік  тігіп  отыр  екен.  Етікші 
қайыршыны көріп тұра келіп, бір кішкене нан береді. Сонда қайыршы:  
  -
Сен  патшаның  әмірін  тұтпаған  не  қылған  адамсың?  «Ешкім  басына 
пайда қылмасын және шам да жақпасын», - дегені қайда? - дейді. Сонда етікші: 
«Сенің онда не жұмысың бар? Сондай әмір қылып отырған патша да ақымақ. 
Себебі, мен жарлы адаммын.  Күнде  төрт  теңге пайда қыламын  да,  төрт  теңге 
зиян қыламын. Міне, мен сонымен күн көріп отырмын. Патша ақылды болса, 
осыны білер еді», - дейді.  

80 
 
 
 
Патша  бұған  жауап  қайтармастан  үйіне  келеді  де,  ақылды  төрт  уәзірін 
шақырып алып: Сіздерді басқалардан ақылы көп деп, өзіме уәзір қылып едім. 
Енді менің сіздерден сұрайтын сауалым бар. Күніне төрт сом пайда, төрт сом 
зиян  қыламын.  Сол  пайдам  мен  зияным  не?  Үш  күн  ішінде  соны  табыңдар. 
Таба  алмасаңдар,  бастарыңды  аламын!  Өздерің  таппасаңдар  да  табатын  кісі 
тапсаңдар, жазадан құтыласыңдар! - депті. Уәзірлер үш күннің ішінде өздері де 
шеше  алмай  және  табатын  кісі  де  таба  алмаған  соң,  енді  патшаға  көрінбей, 
қашпақшы болып жүргенде, баяғы етікші уәзірлерге келіп:  
-
Мен патшаның сұраған сауалын тапсам, сіздер маған не берер едіңіздер? - 
дейді. Уәзірлер төрт мың ділда бермекші болады. Етікші уәзірлерден төрт мың 
ділданы санап алып, олармен бірге патшаға барады да:  
 -
Тақсыр, мен етік тігіп, әр күні төрт сом пайда, төрт сом зиян қылам. Ол 
былай: бір сомды қарызға беремін. Бір сомды ескі қарызымды төлеуге беремін, 
бір  сомды  құдыққа  тастаймын,  бір  сомды  әйеліммен  екеумізге  жұмсаймын,  - 
депті.  
Сонда патша:  
 -
Әйеліңмен  екеуіңе  жұмсалған  ақшаға  бәріміз  де  түсінеміз,  қалған  үш 
сомның жұмсалған орнын анықтап түсіндір, - депті. Бұл сөзге етікші былайша 
жауап қайырыпты:  
  -
«Бір сомды қарызға беремін», - дегенім: «Қартайғанда өзімді асырар», - 
деп  балама  беремін.  «Бір  сомды  ескі  қарызыма  беремін»  -  дегенім:  өзімді 
жасымда  асыраған  кәрі  әкем  мен  шешеме  беремін.  «Енді  бір  сомды  құдыққа 
тастаймын»  -  дегенім:  күйеуімен  тұрмай,  қайтып  келіп  отырған  қызым  бар, 
соған беремін дегенім, - депті. Сонда патша: «Бұл етікші ақылды адам екен», - 
деп, өзіне уәзір қылған екен.  
 
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР 
 
Айгөлек 
 
Айгөлек – халқымыздың ұлттық ойындарының бірі. Ойын шарты бойынша 
ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Олардың сандары да, жас шамалары да бірдей 
болулары керек. Екі топтың екеуінің де ойынды бастаушысы болады. Аралары 
10-
15 метрдей жерде қол ұстасып, қатарласа тұрған осы екі топ біріне-бірі сөз 
тастап,  күш  көрсетіп,  өнер  жарыстыра  бастайды.  Екі  жақтың  ойын 
бастаушылары орталарынан бір қыз бен бір баланы шығарып, олардың қолына 
бір ақ тас, бір қара тас береді. Олар екі тасты ешкімге көрсетпей, уысына қысып 
тұрады да: 
-
 
Сен қай қолдағы тасты қалайсың? - деп сұрайды. Бастаушылардың біреуі 
мен:  «Оң  қолдағы  тасты  қалаймын»,  -  дейді,  екіншісі  сол  жақ  қолдағы  тасты 
алады. Қайсысында ақ тас болса, сол ойын бастайды. 
 
Бірінші топ: 
Айгөлек-ау, айгөлек, 

81 
 
 
 
Айдың жүзі дөңгелек. 
Күші мығым, қуатты, 
Екпіні желдей өршіген 
Шепті бұзар ер керек. 
 
Екінші топ: 
Айгөлек-ау, айгөлек, 
Айдың жүзі дөңгелек, 
Күші мығым, қуатты, 
Екпіні желдей өршіген 
Саған қандай ер керек?- дейді. 
 
Алдыңғы топ: 
Айгөлек-ау, айгөлек, 
Айдың жүзі дөңгелек, 
Күші мығым, қуатты, 
Екпіні желдей өршіген 
Бізге ... (Ерсін) ер керек, 

деп бір ойнаушының атын атайды. 
 
Ол тобынан шығып, бір-екі адым ілгері басып: 
Айгөлек-ау, айгөлек, 
Айдың жүзі дөңгелек. 
Сайысқанда саспайтын, 
Самала күнге бастайтын, 
... 
деген ер шыққан, 
Топ бұзуға мен шыққам, 

деп  сол  жүгірген  бойы  қарсы  топты  жарып  өтпек  болады.  Ол  екпінді, 
күшті болса, топты жары өтіп, өзі қалаған бір қызды, не бір жігітті жетектеп өз 
тобына алып келеді. Егер ол топты жарып алмаса, сол топта өзі қалып қояды. 
Ендігі  шақыруды  екінші  топ  бастайды.  Сөйтіп,  ойын  жалғаса  береді.  Ойында 
дөрекілік  көрсетуге,  жұптасқан  жұдырықты  жүгіріп  келе  жатқан  ойыншыға 
қарсы қоюға болмайды. Жүгірген ойнаушы да ойын ережесін сақтауға тиіс. 
 
Асық ойыны 
 
Асық  ойыны  -  қазақ  халқының  дәстүрлі  ойыны.  Асық  ойыны  күндіз  де, 
түнде  де  ойналады.  Күндізгісі  –  мергендікке,  түнгісі  –  ептілікке  баулиды. 
Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап 
арнайы  қорғасын  құйылып  жасалғаны  –  сақа,  жақсылары  –  оңқай  аталады. 
Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), 
т.б.  
 
 

82 
 
 
 
Алшы ойыны 
 
Бұл ойында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. Сақа 
болатын  асық  салмақты,  ірі  болуға  тиіс.  Ол  көбінесе  еркек  қойлардың,  не 
қошқарлардың асығы болып келеді. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы 
тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет. 
«Алшы  ойынын»  ойнаушыларға  шек  қойылмайды.  Ойын  басталар 
алдында,  ойын  жүргізуші,  барлығының  сақаларын  жинап  алып,  ойында 
әркімнің  кезегін  белгілеу  үшін,  яғни,  кімнен  кейін  кім  асық  ату  керектігін 
анықтау  үшін,  сақаларды  иіреді.  Иірген  кезде  кімнің  сақасы  алшы  түссе,  сол 
бірінші, тәйке түссе екінші, бүк түссе үшінші, шік түссе одан кейін асық ататын 
болады. Атқан кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе, атқан асығын алып, әрі 
қарай  ата  береді.  Енді  бірде  асық  атқан  кезде  сақасы  алшы  түсіп,  асық  кез 
келген жағында жатса да асықты алады, тағы атады, ал сақа мен асық екеуі екі 
түрлі түссе, онда алмайды. Ол атуды тоқтатып, кезекті келесі ойыншыға береді. 
Екінші  ойыншы  өз  кезегінде  сақасын  иірген  кезде  тәйке  түссе,  онда  өзінен 
кейін кезекте тұрған ойыншы көмбеде тұрып оның тәйке түскен сақасын атады, 
тигізсе, сақа иесі ойыннан шығып қалады, тигізе алмаса, өзі ойыннан шығады. 
Кезек  алу  үшін  сақаларын  иірген  кезде  бүк,  шік  түскен  ойыншылар  өз 
кезектерімен көнге тігілген асықты ата береді. Осы ретпен көндегі асықты атып 
тауысқанға  дейін  ойнайды  да,  асықтарын  қайта  тігіп,  ойынды  жалғастыра 
береді. 
Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп түсуі. Ойын кезінде 
оған бірінші дәрежелі мән беріледі. 
 
Тәйке (таба) – асықтың иірілгенде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық 
түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие. 
 
Бүк  (бүге)  –  асықтың  иірілгенде  дөңес  жоны  үстіне  қарап,  етпетінен 
жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие. 
 
Шік  (шіге)  –  асықтың  иірілгенде  шұңқыр  құрсақ  жағы  үстіне  қарап, 
шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие. 
 
 
Үштабан 
 
Үштабан  ойнау  үшін  тақыр  жерге  көлденең  сызық  сызылады  да,  оған  әр 
ойыншы  бір  бірден  арасын  сиректеу  етіп  кеней  тігеді.Содан  соң  ойнаушы 
балалардың барлығының сақаларын біреуі  жиып иіреді. Кімнің сақасы шықса 
сол  бірінші  болып  сақасын  көннен  алысырақ  жерге  иіреді.  Сақасымен  тігулі 
кенейді  атып,  үштабаннан  артықтау  жерге  жіберуі  керек  үш  табаннан  кем,  я 
болмаса  сақасы  кенейге  тимей  кетсе,  ойынды  сақасы  шыққан  келесі  ойыншы 
бастайды. Ойын көндегі кенейді ұтып біткенше созылады.  

83 
 
 
 
Омпы 
 
Асық  ойынының  бір  түрін  «Омпы»  деп  атайды.  Омпы  –  асықтың 
тұмсығымен жер  тіреп,  тік  шаншылып  түсуі.Бұл  ойынды көбінесе бозбалалар 
ойнайды. Оны таза ауада жазық алаңда, не үлкен бөлмелерде ойнауға болады. 
Ойнаушылардың  санына  шек  қойылмайды.  Ойынның  мақсаты  -  асық  ұту. 
Ойнаушылар  арасы  20  қадам  екі  көн  сызады  да  біріншісіне  төрт  бұрыш 
жасайды  (оның  көлемі  өзара  келісіледі)  дәл  ортасындағы  сызыққа  әрбір 
ойыншы  өздерінің  асықтарын  тігеді.  Тігілген  асықтардың  ортасына  бір  асық 
мұртынан «Омпы» тұрғызады. Ойнаушылар екінші белгіленген жерден бірінің 
артына бірі тұрып әркімнің өз кезектері бойынша, қолдарыңдағы сақаларымен 
«омпыны»  ата  бастайды.  Егер  кімде-кім  омпаға  тигізсе  және  оны  төрт 
бұрыштың  шетіне  шығарса,  онда  көндегі  асықты  түгел  алады.  Ал  омпыға 
тимей, жанындағы асықтарға тисе, оны да төрт бұрыштың шетіне шығара алса, 
онда сол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, көнге асық қайтадан 
тігіліп отырылады. Ойын жалғаса береді. 
 
Асықты тігіп ойнау 
 
Бір  топ  бала,  жастар  жиылып  келіп,  тегіс  жерді  таңдап  алады  да  оны 
тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты ортасынан 
тең  етіп  екіге  бөледі.  Әр  жағының  қашықтығы  балалардың  жас  мөлшеріне 
қарай  белгіленеді.  Сонда  1-1,20  см  немесе  1,5  метрге  дейін  болады.  Мұны 
«көн» деп атайды. Сонда ойнаушылардың өзара келісімі бойынша көннен 4-5 
метр не одан да  көп  мөлшерде  асық ататын орын белгіленеді.  Оны  сызықпен 
белгілейді.  Ойыншылар  осы  жерден  тұрып  көндегі  асықты  ататын  болады. 
Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Сақасы 
алшы түскен ойыншы бірінші болып ату кезегін алады. 
Ойыншы асыққа дәл тигізіп, оны көнбе сызығынан шығарса, оны алады да, 
сақасы түскен жерден қайта атады. Сөйтіп көннен шығарғандарын ала береді. 
Егер  оның  сақасы  көндегі  асыққа  тимей  кетсе,  асықты  келесі  ойыншы  атады. 
Ал тігілген асықтарды бұзып, бірақ көннен шығара алмаса, қалған ойыншылар 
асықтарды  сол  жатқан  қалыбында  атып,  көннен  шығарып  алуға  тиіс.  Ойын 
көндегі  асықтар  бойынша  біткенше  ойнала  береді.  Көндегі  асық  біткен  соң, 
ойынға қатынасушылар бір-бірден көнге қайта асық тігіп, ойын қайта басталып, 
жалғаса береді. 
 
Алтыатар ойыны 
 
Көндегі кенейлердің бір шетіне түпте қалған ( сақасы шықпаған) баланың 
сақасы  тігіледі.  Кенейдің  арасында  саңлау  болмай  тіркестіріле  қойылады. 
Көннің екі жағына 1м жерден су (сызық) ал 5-6 м жерден қарақшы белгілейді. 
Кімде  кім  түптегі  сақаны  жұлып  кетсе  (судан  шығарса)  бүкіл  кенейді  сол 
алады.  Ал  сақаға  тимей  кенейді  ұшырса,  оның  судан  шыққаны  ғана  соныкі 

84 
 
 
 
болып табылады. Ату саны-6 рет. Алғаш сақасы шыққан бала, қалғандары одан 
кейінгі  кезекте  атады.  Алты  рет  атыстан  қалған  кенейдің  бәрі  түпте  қалған 
баланікі болып есептеледі. 
 
Атбақыл 
 
Асықпен ойналатын ойындардың бірі — «Атбақыл» немесе «Көтеріспек» 
деп аталады. Ойынға екі-екі баладан қатысады, қалғандары көрушілер болады. 
Ойынға  қатынасушылар  кез  келген  жерді  таңдап  алады  да,  өздері  тұрған 
жерлеріне белгі соғады. Сол белгі соққан жерден біреуі қолындағы асығын (не 
топайын,  сиыр  асығын,  «топай»  деп  атайды)  алыстата  иіріп  тастайды.  Екінші 
ойыншы қолындағы асығымен оны атады. Егер де ол тигізсе, бірінші ойыншы 
оны  сақасы  барып  түскен  жерге  дейін  арқалап  барады.  Енді  екінші  ойыншы 
сақасы түскен жерде тұрып, асығын алыстата иіріп тастайды. Бірінші ойыншы 
оны  атады.  Тигізсе,  сақасы  жатқан  жерге  дейін  екінші  ойыншы  арқалап 
апарады.  Егер  асыққа  тимей  кетсе,  келесі  ойыншы  атады.  Ойын  осылайша 
жалғаса береді де, ойыншылардың өзара келісімі бойынша тоқталады. 
 
Хан талапай 
 
Бұл отырып ойналатын, негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-
бес  үміткерден  қатысады.Ойын  үшін  он  асық  таңдап  алынады.  Он  бірінші 
асықтың  ерекше  өзге  түске  (қызыл,  не  көк)  боялған  болуы  шарт.  Бір-бірден 
асық  иіріледі  де,  қорытынды  бойынша  ойыншылардың  кезектері 
анықталады.Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға 
иіруі  керек.Қалған  ойыншылар  өзге  асықтардан  ерекшеленген  «ханға»  көз 
салады.Себебі, хан алшы түссе, барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды, 
хан  талапай  жасауы  тиіс.Хан  кімнің  қолында  кетсе,  келесі  үйірі  кезегі  соған 
беріледі  екен,  хан  мен  бірге  қолына  ілінген  асықтардың  санына  қарай  ұпай 
жазылады. 
Хан алшы түспеген жағдайда иірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі 
мен бүгін, шігі мен шігін, алшысыменалшысын, тәйкесі мен тәйкесін бір-біріне 
соғып,  бір-біріне  тимей  қалғанша  ұпай  жинайды.Көздеген  асығы  үшінші  бір 
асыққа  тиіп  кетсе  немесе  бөгде  асықты  қозғап  қалса  да,  ойынның 
бұзылғаны.Онда  кезек  келесі  ойыншыға  беріледі.Осы  ретпен  әр  ойыншы 
жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды. Межелі ұпай санын (100, 40) 
ойын жүргізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз 
болып саналады.  
Ескерту:  Асықтарды  бір-біріне  тигізу  кезінде  қолмен  сүйретіп  апаруға, 
орнынан  қозғап  түзетуге  болмайды.Ойынның  соңына  дейін  ханға  бірде-бір 
асық тимеуі керек.Себебі ол –хан. 
 
 
 

85 
 
 
 
Хан алшы 
 
«Хан алшы» - қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі асық ойынының 
бір түрі. Ойынға 5 немесе 10 бала қатысады. Көп асықтың ең ірісі қызыл түске 
боялады.  Бұл    асық  «Хан  асығы»  болып  саналады.  Асықтар  тізіп  қойған  соң, 
ойын бастаушы «Хан асығымен» оларды көздеп, құлатады. Құлаған асықтарды 
жинап  алады.  Егер  «Хан  асығы»  бүк,  шік,  тайқы  қалыптарымен  түссе,  ойын 
бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді. 
Егер  ойын  бастаушы  асықтарды  қолымен  құлатып  алса  немесе  басқа 
асықтарымен атса, онда ойынды келесі бала жалғастырады. Ең соңында, «Хан 
асығы» кімнің қасында қалса, сол бала жеңіске жетеді. Келесі ойынды жеңіске 
жеткен бала жалғастырады. 
 
Ақсерек-көксерек 
 
Бұл  ойынды  ойнау  үшін  балалар  екі  топқа  бөлінеді,  қолдарынан  ұстап 
тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.  
 
1-
ші топ.  
Ойынды бастайды  
Ақсерек-ау, ақ серек, 
Бізден сізге кім керек.  
 
2-
ші топ. 
Ақсерек-ау, ақ серек, 
Жаман-жаман бала ... (бала аты) керек. 
 
Аты  аталған  бала  келесі  топқа  дейін  жүгіріп  барып  ортасынан  ұстасқан 
қолдарды ажыратып кету керек.Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына 
алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады.Ойын осылай жалғаса береді. 
 
Соқыр теке 
 
Балалар дөңгелене тұрады. Топ ішінен бір баланың көзі байланады.  
Балалар:Бота,бұзау,қозы,лақ, 
Қайда кеткен құлыншақ. 
Соқыртеке бақ-бақ, 
Мені ізден тап-тап - деп өлеңмен айтады.  
Содан кейін Соқыр теке (көзі байлаулы бала) балаларды қуалайды немесе 
балалар  оның  жанына  келіп  түртіп  қашады.Соқыр  теке  ұстап  алған  баланың 
көзі  байланады  да  ол  «соқыр  теке»  рөлін  атқарады.  Ойын  осылай  жалғаса 
береді.  
 
 

86 
 
 
 
Тақия тастамақ 
 
Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар шеңбер жасап отырады. 
Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреуінің артына 
білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер біреу сезіп қойса, жүргізушіні қуып 
жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына тұра қалуға тырысады. 
Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді. 
 
 
 
Күш сынаспақ 
 
Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. 2 бала 
шынтақтарын столға тіреп, қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса, 
сол  бала  жеңіске  жетеді.  Ағаш  аттың  үстінде  аттың  басын  ұстап  тұрып  2 
білектен  тартысып  сынасуға  да  болады.Бірақ  баланың  қауіпсіздігі  қатаң 
бақыланады. 
Арқан тарту 
 
Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның 
екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. 
Қай топ арқанды өз жағына тартып алып келсе, сол топ жеңіске жетеді.  
Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы 
құлатса,құламаған бала жеңіске жетеді.  
 
 
Сақина жасыру 
 
Ойынды  бастаушы  және  сақина  жасырушы  бала  белгіленеді.  Қалған 
ойыншылар  жерге  отырып  тізелерінің  үстіне  алақандарын  жаяды.  Бастаушы 
жабулы  қолын  әрбір  ойыншының  алақанына  салысымен,  ол  бала  алақанын 
жаба  қояды.Бастаушы  бір  баланың  алақанына  сақина  салысымен, 
ойыншылардың  біреуінен-«Сақина  кімде»-деп  сұрайды.  Ол  сақинаның  кімде 
екенін  білсе,  сол  баламен  орнын  ауыстырады.  Ал  білмесе,  ол  өз  өнерін 
көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді. 
 
 
 
Қуыр-қуыр қуырмаш 
 
Оң  қолдың  бес  саусағын  бір  жерге  түйістіреді  де,  сол  қолымен  оны 
бүрмелеп қапсыра ұстайды.Содан соң екінші балаға: 

ортаңғы саусағымды тапшы, - дейді.Екінші балаға қарап байқап отырады 
да, міне, -деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады.Егер екінші бала 

87 
 
 
 
жасырушының ортаңғы саусағын дәл тапса, ұпайды бірінші бала тартады.Ұтқан 
бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек. 
Бас  бармақтан  бастап  шынашаққа  дейін,  саусақтардың  атын  түгел  атап 
береді:  басбармақ,  балан  үйрек,  ортан  терек,  шылдыр  шүмек,  кішкентай 
бөбек.Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бас бармағыннан бастап, былай деп 5 
саусақты түгел жазады. 
Сен тұр қойыңа бар. 
Сен тұр түйеңе бар 
Сен тұр жылқыңа бар 
Сен тұр сиырыңа бар 
Сен кішкентай әлі жас екенсің 
Қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр. 
Енді осы шынашақтың өзін алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да: 
Қуыр-қуыр, қуырмаш 
Балапанға бидай шаш 
Әжең келсе есік аш 
Қасқыр келсе мықтап бас 
Шынашақты шыр айналдырып, баланың алақанын қытықтайды. Осыдан 
соң: 
Мына жерде қой бар 
Мына жерде жылқы бар 
Мына жерде түлкі бар 

деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп, ең соңында мына жерде 
күлкі бар – деп қытықтайды. 
 
Аударыспақ 
 
«Аударыспақ»  -  өте  көне  дәуірден  келе  жатқан  қазақ  халқының  ұлттық 
спорт ойыны. «Аударыспақ» –қазақ халқының арасында кеңінен таралған ойын. 
Балалар екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей 
(балалардың жасына қарай), ұзындығы 70-80 сантиметрдей ағаш аттарға мінеді. 
Бір-біріне  қапталдас  орналасқан  ағаш  аттардың  ара  қашықтығы  екі  жақтан 
созылған қол жететіндей болса жеткілікті. Оларға мінген шабандоз балалар бір-
біріне  қарама-қарсы  отырып  қол  ұстасады.Төрешінің  белгісімен  бірін-бірі 
тартып,  не  итеріп, әйтеуір  қай  айласын,  не  күшін  асырғаны  қарсыласын  ағаш 
аттан аударып түсуі шарт.Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды. Онда ойын 
шарты  бұзылады.  Ойын  алаңының  айналасына  құм  немесе  жұмсақ  кілем 
төселуі керек.Қай топ жеңсе сол топ жеңімпаз атанады. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал