Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 344.91 Kb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата22.04.2017
өлшемі344.91 Kb.
1   2   3   4

 

 

19 

 

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МЕНІҢ ЖЕРІМ» ТӘРБИЕ-БІЛІМ БЕРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ 



ІЛГЕРІЛЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ – АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС 

Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне 

деген  жылы  сезім,  махаббаттан  бастау  алатын,  тұлға  есейген  сайын  біртіндеп  

ұлт,    халық,  әлеумет,  мемлекет  деңгейіне  көтеріле  беретін  бұл  сезім  адамның 

бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.  

Махаббат,  мейірімділік  туралы,  әсіресе,  «Мейірбанды  бала»,  «Шеше  мен 

бала»,  «Аурудан  аяған  күштірек»  деген  Ыбырай  Алтынсариннің  үш  әңгімесін 

алуға болады.              

Махаббат,  мейірімділік  ата  мен  ананың  үй-ішіне  деген  махаббатынан 

басталады. Адамгершілікті ту қып көтерген ұлы адамдар да алдымен өз атасын, 

өз  туғандарын  сүйеді.  Олардың  кейбіреулері  өсе  келе  тек  «атасының  баласы 

болмай,  адам  баласы»  бола  біледі.  Тек  өзіме  ғана  болсын  деген  мещандық 

көзқарасты аттап өтіп, адам деген ардақты атқа ие болушылардың шын бақыты 

үшін қол созады. 

«Мейірімді бала» әңгімесінде 13 жасар қыз патшаның үкімі бойынша қолы 

кесілуге  бұйырылған  әкесі  үшін  патшаға  арыз  етіп,  өз  қолын  кесуге  ұсынады. 

Қыз:  «Тақсыр,  жұмыс  жасап,  бала-шағаларын  асырайтын  атамның  қолын 

қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз», - дейді. Мұнда жас қыздың тек қана 

атасы емес, анасы мен бауырларына деген де махаббаты суреттеледі. 

Ананы қандай түрде бағалап, қалай сүюдің айқын үлгісін жазушы «Аурудан 

аяған күштірек» деген әңгімесінде айқын көрсеткен. Бұл әңгімеде аяғы сынған 

Сейт деген бала жанына аяғының ауруы қанша батса да, анасын ренжітпеу үшін 

қабақ  шытпағандығы  айтылады.  Автор  бұл  көріністі  былай  суреттейді:  «Сейт 

орам-ораммен  жүгіріп  бара  жатқанда, бір  арбалы  келіп,  аңдаусыз  соғып  кетіп, 

аяғын  сындырыпты.  Ойбайлап  жылап  жатқан  баласын  көріп,  шошынғаннан 

шешесі  талып  қалыпты.  Мұны  көрген  соң  Сейт  жыламақ  түгіл,  сынған  аяғын 

орнына  салып  таңып  жатқанда  да  дыбысын  шығармай,  қабағын  да  шытпай 

жатты. Сонда сынықшы кісі: «Аяғың ауырмай ма, қабағыңды шытпайсың?» - деп 

сұрайды.  Сейт  шешесі  шығып  кеткен  соң,  демін  алып,  сынықшыға  сыбырлап: 

«Ауырмақ түгілі, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын 

көрсе, әжем де қиналып жыламасын деп жатырмын», - деді. 

Сейт  шын  мәнінде  мейірімді  бала  болып  суреттеледі.  Мұндай  жастарда 

жалпы адамды сүйетін жақсы мінездің біртіндеп өсетіндігі сөзсіз. Бала кезінен 

әлпештеп өсірген анасының қадірін білген жас, алақанына салып аялап, тәлім-

тәрбие  беріп  отырған  ұлы  анасы  –  Отанын  сүйетін,  ол  үшін  де  өз  жанының 

ауырғанына  ыңқ  етпейтін  нағыз  отаншыл  болып  шығады.  Ыбырайдың  бұл 

әңгімесінің идеясы – осы. 

Әрбір  сабағымызда  Қазақстан  елінің  күнделікті  тұрмыс-тіршілігі,  оның 

жетістіктері  туралы  айтып  отырсақ,  оқушылардың  да  өз  еліне  деген 

сүйіспеншілік  сезімдері  қалыптасады.  Менің  ойымша  мұндай  ұстанымдар 

«шынайы  патриотизм»  түсінігінің  мәнін  ашып  көрсетеді.  Еліміздің  әрбір 

азаматы  өз  елінің  патриоты  болсын  десек,  оның  бойындағы  патриоттық  сезім 

отбасында, балабақшада қалыптасуы тиіс деп ойлаймын (5-кесте). 


20 

 

 



5-кесте – Патриоттық құндылықтары қалыптасқан тұлға 

 

Бала тәрбиесі – өте күрделі процесс. Оның күрделігі бесіктен бастау алып, 

үнемі  уақытпен,  бала  көңіл-күйімен,  жеке  қабілетімен,  икемділігімен,  тізгінді 

үнемі  қадағалау  қажеттігімен  ұғындырылады.  «Тәртіптің  ең  тамаша  мектебі  – 

отбасы», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»- дейді халқымыз.  

Ұрпақтың  тәрбиесі  –  қоғамның  болашағы  және  оған  аса  зор 

жауапкершілікпен қарау әрбір саналы азаматтың борышы. «Ел боламын десең, 

бесігіңді  түзе»,-  деп  М.Әуезов  көрегендікпен  дәл  айтты  емес  пе?!  Бала 

тәрбиесінің  дұрыс  жолға  түсуі  оны  қоршаған  ортаға,  әсіресе,  отбасы  мен 

ұстаздар  қауымының  парасаттылығына  байланысты.  Мемлекетімізде  қазіргі 

Патриоттық құндылықтары қалыптасқан 

тұлға  


Қазақстанның 

әлемдегі 

бәсекеге 

барынша 


қабілетті 50 

елдің қатарына 

кіруге өз 

үлесін қосатын 

патриот – 

азамат  


Жалпыазам

аттық және 

ұлттық 

құндылықт



арды 

меңгерген 

ҚР 

мемлекеттік 



рәміздеріне, 

халықаралық 

мәдениетіне, 

тарихына, 

дәстүріне, 

тіліне, дініне 

құрметпен 

қарау  


Халықтар 

арасында 

достықты 

нығайту 


Ұлттық және 

әлемдік нәрінен 

сусындаған, 

ғылыми-


техникалық 

прогресс көшіне 

ілесе алатын  

ҚР 


экономикалық 

байлығын 

дамытатын 


21 

 

таңда  сапалы  білім  берумен  қатар,  болашақ  жастарды  рухани-адамгершілікке 



тәрбиелеудің де зор қажеттігі туындап отыр. Әлеуметтік жағдайлардың өзгеріске 

ұшырауы  білім  беру  мекемелеріндегі  тәрбие  жұмыстарын  тоқырауға  әкелді. 

Қазіргі  кезеңде  тәрбиеге  және  тәрбие  жұмыстарына  деген  жаңаша  көзқарас 

қалыптасуда, олардың ізгілік мәні тереңірек ашылуда. 

Тәрбие жұмыстары әр баланы қайталанбас тұлға ретінде қарап, оның өзгеше 

қасиеттерін  дамытуы  қажет.  Әрбір  бала  –  тұлға,  өзінше  бір  әлем,  ал,  әр 

педагогтың міндеті әр тұлғаны көре білу, жүректеріне жол табу. Бүгінгі күнде 

барлық  педагогтардың  алдындағы  мақсат  өмірдің  барлық  саласында  белсенді, 

шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады. 

Халықтың  болашағы  –  ұрпағы,  ұрпақтың  тәрбиесі  –  педагогтарда, 

педагогтардың  мұраты  –  жетілген,  толыққанды  азамат  тәрбиелеу.  Ал, 

толыққанды  азамат  қалыптасу  үшін  –  ақыл-ой  тәрбиесі,  имандылық,  еңбек, 

эстетикалық,  тілдік  қатынас,  дене  тәрбиесі,  сонымен  қатар,  экологиялық, 

экономикалық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс.  

Тәрбиенің  қалыптасуы  –  педагог,  бала,  ата-ана  еңбегімен  байланысты 

екендігі  айқын.  Демек,  бұлар  береке-бірлікпен  жұмыс  істеп,  бұзылмайтын, 

айнымайтын  темір  тәртіпке  бас  игенде  ғана  іс  оң  нәтиже  таппақ.  Бұл  ұлдың 

еркіндігіне, қыздың шіркіндігіне қойылатын жоғары талап. Сондықтан да, осы 

үш негіз бірлесе отырып жұмыс жасаса өкінбейтініміз анық. 

Тәрбие мәселесін тек бала бақша мен педагогтар қауымының мойнына арта 

салумен  іс  бітпейді.  Оның  нәтижелі  болуы  ата-аналар  мен  қоғамдық  ортаның 

тәрбие  ісінен  шет  қалмай  белсене  араласуына,  адам  тәрбиелеудегі 

жауапкершілікті  бірлесе  көтеріп,  жұмыла  істеуге  тікелей  байланысты.  Ол 

жөнінде  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заң  жобасында:  «Ата-

аналар балалардың өмірі  мен  оқуы үшін  олардың денсаулықтарын, рухани әрі 

дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілігі жағынан дұрыс қамтамасыз етуге 

міндетті»,- делінген. 

Тәрбие  үрдісінде  педагогтың  білім  өрісі  мен  әдіскерлік  шеберлігі,  жеке 

басының  үлгісі,  шешуші  роль  атқаратынын  ұмытуға  болмайды.  Балалар  өз 

тәрбиешілерінің  жүріс-тұрысына,  мінез-құлқына,  іс-әрекетіне,  дүниетану 

көзқарасына  еліктемей  тұра  алмайды.  Орыстың  ұлы  педагогы  К.Ушинский: 

«Тәрбиенің  қайнар  көзі  тек  адамның  жеке  басының  өнегесіне  негізделген. 

Ешқандай жарғы да, бағдарлама да, ешқандай орынның жасанды әрекеті де оның 

орнын баса алмайды»,- деп текке айтпаған. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22 

 

Тәрбие сағат жоспары – ата-аналармен жұмыс 



 

№ 

Іс-әрекет мазмұны 

(шаралар) 

Қатысушылар 

«Бейбіт өмір сыйлаған Ата Заң» 



Ұстаздар 

«Конституция – ең маңызды Заң» 



Балалар, тәрбиешілер, 

қонақтар,  ата-аналар 

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық, бір ел, 



бір тағдыр» 

Балалар, тәрбиешілер, 

қонақтар,  ата-аналар 

Білім күніне арналған  тәрбие сағаттары 



Балалар, тәрбиешілер, 

қонақтар,  ата-аналар 

Отбасы күні 



Балалар, тәрбиешілер, 

ата-аналар 

Абайлаңыз, балалар! 



Балалар, тәрбиешілер,  

ата-аналар 

Мемлекеттік тіл −



 

менің тілім! 

Балалар, тәрбиешілер, 

ата-аналар 

Тұңғыш ғарышкер – Тоқтар Әубәкіровтың 



ғарышқа ұшқан тарихи күні 

Балалар, тәрбиешілер 

Тәуелсіз Қазақстанның рәміздері 



Балалар, тәрбиешілер, 

ата-аналар 

10 

«Мемлекеттік рәміздер − біздің еліміздің, 



тәуелсіздігіміздің ажырамас бөлігі» 

Балалар, тәрбиешілер, 

қонақтар 

11 


Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ 

Балалар, тәрбиешілер, 

ата-аналар 

12 


Бүкіләлемдік  балалар күні 

Балалар, тәрбиешілер,  

ата-аналар 

13 


Елбасымен жасампаздық жолында 

Балалар, тәрбиешілер,  

ата-аналар 

14 


Қазақстанның тарихи табыстары 

Балалар, тәрбиешілер 

15 

Елім менің 



Балалар, тәрбиешілер, 

ата-аналар 

16 

«Мемлекеттік рәміздерге деген көзқарасың»  



Балалар, тәрбиешілер,  

ата-аналар 

17 

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік! 



 

Балалар, тәрбиешілер,  

ата-аналар 

18 


Құқықтық сауаттылық −

 

құқықтық мәдениеттің 



алғы шарты 

Балалар, тәрбиешілер,  

ата-аналар 

19 


Өз еліңнің тарихын білесің бе? 

Балалар, тәрбиешілер 

 

20 


«Ұланымыз ұлы елдің» 

 

Балалар, тәрбиешілер,  



ата-аналар 

21 


«Бұл — біздің Ту», «Бұл — біздің Елтаңба», «Бұл 

— біздің Әнұран»

 

Балалар, тәрбиешілер 



22 

Армысың, әз-Наурыз! 

Балалар, тәрбиешілер,  

ата-аналар 

23 

12 сәуір — Дүниежүзілік авиация және 



ғарышкерлер күні 

Балалар, тәрбиешілер,  

ата-аналар 

24 


Бірлігі жарасқан- Тәуелсіз Қазақстан 

Балалар, тәрбиешілер,  

ата-аналар 


23 

 

25 



1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі  Балалар, тәрбиешілер,  

қонақтар, ата-аналар 

26 

Көп  ұлтты , тату елім −



 

Қазақстан! 

Балалар, тәрбиешілер,  

ата-аналар 

27 

Сайыпқыран сарбаздар 



Балалар, тәрбиешілер,  

қонақтар, ата-аналар 

28 

Құрметті күзет 



Балалар, тәрбиешілер,  

қонақтар, ата-аналар 

29 

Ұрпақтарға ұран болған Ұлы Жеңіс! 



Балалар, тәрбиешілер,  

қонақтар, ата-аналар 

30 

Сыңғырла, соңғы қоңырау! 



Балалар, тәрбиешілер,  

қонақтар, ата-аналар 



 

        Тәрбие сағатының тақырыбы: Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік! 

 

Тәрбие  сағатының  мақсаты:  Тәрбиеленушілердің  ойында  елжандылық 

сезімін  қалыптастыра  отырып,  туған  елі  мен  жеріне  деген  сүйіспеншілігін 

тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу. 

Тәрбие  сағатының  көрнекілігі:  Желтоқсан  жаңғырығы  тақырыбында 

шығарылған  плакат,  нақыл  сөздер  жазылған  плакат,  желтоқсан  оқиғасының 

құрбандарына,  желтоқсан  оқиғасына  байланысты  жасалған  буклеттер, 

магнитофон. 



Тәрбие сағатының барысы:  

Әнұраным жан ұраным  

Айтар әнім, сөйлер сөзім.  

Туған жерім – сағынарым  

Мәңгі бақи шырқалады,  

Республикам гимні. 

ҚР Әнұраны орындалады. 

Ортада С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі жай ғана ойнап тұрады.  



Тәрбиеші:  

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,  

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,  

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған  

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас  

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,  

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас  

Арқаның селі, желі, шөлі, белі,  

Ерлерді ұмытпаса  ел ұмытпас,  - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай 

дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген  ерлеріміз мәңгі 

есте қалары сөзсіз.  

Бүгінгі  «Қазақстан  −  елім  менің»,  деген  айдарымен  өтілетін  «Тәуелсіздік 

таңы - атқан күн!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.  

Көрініс: «Көңіл толқыны» күйі жай ғана орындалып, ортада Ана отырады. 

Сахна сыртынан Қайраттың рухы:  

Алижан Елбең, елбең жүгірген,  


24 

 

Ебелек отқа семірген.  



Арғымақ мінген жаратып,  

Ақсауыт киген темірден  

Алатаудай бабалар, 

Аруағыңмен жебей көр! – деген Қайраттың дауысы естілді.  



Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл үн 

кімдікі өзі? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен? Оқыстан шыққан 

айқай-шуды, сол шуға бүйірі қызған дарабоздың шабысындай мына үнді қайдан 

естіген едім? Ойпырмай, ия, ия, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, 

таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың 

үні ғой бұл. Ия, ия, дәл сол! Қалай болып еді өзі?! Асылбек күйі (Детство) ойнап 

тұрады. (Ана ортадан ақырындап кетеді)  

Тәрбиеші:  

Ия,  ол  күн  тәуелсіздіктің  туын  ең  алғаш  көтерген  әйгілі  86-ның  16 

желтоқсаны  еді.  Таңертеңгі  сағат  10-да  бар-жоғы  18  минутта  26  жыл 

Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан 

түсіріліп,  орнына  Генадий  Васильевич  Колбин  ешкімнің  пікірінсіз 

тағайындалған еді ғой.  



Арман:  

«Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,  

Қазаққа күйе жаққан күн.  

Базары кетіп бір күнде,  

Қайғыға халық батқан күн.  

Зарина:  

Темір құрсау біздерді бүргені шын  

Мұң шағады қапаста кімге құсың.  

Динара:  

Ақ-қараңды тексерер түрме деген  

Концлагерь болды ғой біздер үшін.  

Абдурахман: 

Дүр сілкінді қайдан да қоңыр аймақ,  

Бағы жана ма қала ма соры қайнап.  

Ескендір:  

Ұран жазып қып-қызыл ту көтерген  

Бізде шықтық алаңға «Елім-ай – лап».  

Аружан:  

Бас көтеріп шықты жастар алаңға  

Тәуелсіздік орнасын деп даламда, 

Қайрат, Ләззат, Ерболмен Сәбира 

Әрқашанда батырсыңдар санамда. 

 

     Ортаға Сәбира, Ләззат, Қайрат, Ерболдың суреттерін ұстаған төрт оқушы 



шығады.  

Алижан:  

Қайрат Қайрат деген атым бар,  



25 

 

Қазақ деген затым бар.  



«Еркек тоқты құрбандық»  

Атам десең атыңдар!  



Қарақат:  

Ләззатқа арнау  

Еліңнің сен намысы үшін  

Құрбан еттің жаныңды  

Мазақ етіп қорлай алмас  

Ешкім сенің арыңды.  



Абдуллах:  

Тәуелсіз ел азаттығың құтты болсын!  

Ынтымақ пен, бірлігің мықты болсын.  

Өрлесін ұлылық пен қазақтығың,  

Басыңнан арылмасын шуақты күн.  

 

Көрініс:  

Алаң. Құлпытас жаны. М. Шаханов және қыз бен жігіт, ана, оқушы.  

Жігіт: Алматыға жолым түсіп келе қалсам мен міндетті түрде Республика 

алаңына  соғамын.  Есіме  марғау  дүниені  дүр  сілкіндірген  қасіретті  де  қасиетті 

Желтоқсан  оқиғасы  түседі.  Себебі,  алаңға  егемендік  үшін  құрбан  болған 

Қайратпен бірге мен де болған едім.  



Наргиза:  Мен  де  осы  алаңға  келсем,  барлығы  маған  не  айтасың  дегендей 

болады. Ақтық сөзің армандарың хатта қалды Көріп жүрміз қиып ап сақтағанды 

Қайрат! Қайрат! Сен мені естимісің Лагерде сен шірітпей, ақтап алдың, - дегім 

келеді  және  келген  сайын  осы  сөзді  қайталай  беремін.  Ортаға  ақырындап  ана 

шығады. Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қояды. Жанында немересі болады.  

Ана: Ия, айналайын, балапандарым! 

 Өсер елдің қай сәттерде бірлік болмақ қалауы 

 Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!  

 Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің, 

 Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы.  

Желтоқсан  құрбандарын  еске  алып  1  минуттық  үнсіздік  жарияланады. 

(Залдан көрініс қоюшылар шығып кетеді)  

1992  жылы  4–маусымда  Президент  «Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды. Ал, балалар, 

елтаңба туралы тақпақтарымызды айтайықшы.  



Диас: Рәмізім − елдігімнің белгісі, Білу керек бала дағы ең кіші.  

Мади: Рәміздерім − әнұран, ту, елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.  

Даулетхан: Қазақстан Туы Көк аспандай көкпеңбек Қазақстан жалауы. Көк 

емес ол тектен-тек.  



Ақзере:  

Елдің ашық қабығы.  

Ақ ниеті – алтын күн,  

Асқақ арман-қыраны.  

Жалауы бұл-халқымның,  


26 

 

Мәртебесі, мақтаны.  



Аида:  Елтаңбасы  елімнің  Елтаңбасы  елімнің  Неткен  әйбәт,  әдемі! 

Тұнығындай көңілдің Нұрай: Ортада-аспан әлемі. Құт, береке, шаңырақ, Орын 

алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ.  

Нарлен:  

Екі жақтан көмкеркен.  

Тәуелсіздік жолында  

Талай-талай тер тамған...  

Билігім өз қолымда,  

Еркіндігім-Елтаңбам.  



Назерке:  

Гимн Гимнім – жанұраным, 

Айтар әнім − сөйлер сөзім.  

Туған жерім –

 

сағынарым, 



Мың қайталап айтам мұны.  

Айымжан:  

Тәуелсіздік – биігі бұл санамның,  

Тәуелсіздік – таза ауасы даламның,  

Тәуелсіздік – бұл арманы бабамның.  

Тәуелсіздік – бақ дәулеті баламның!  

Әбілмансұр:  

Тәуелсіздік – менің соққан жүрегім ғой,  

Тәуелсіздік – ата-баба тілегі ғой.  

Мухамедали:  

Бар Әлемді өзіне таң қалдырған,  

Тәуелсіздік – еліміздің тірегі ғой!  

Рахманғали:  

Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың,  

Жүректерге үміт боп жағылғансың  

Аяулысың білмеген алақаннан, 

Суып барып қайтадан табылғансың. 

 

 «Гулжазира Қазақстаным» әні орындалады (хор)  



 

Қорытынды:  

«Ынтымақты  елге  ырыс  енші».  Аталардан  қалған  аңыз  да  соны  меңзейді. 

Сондықтан бостандығымыз баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен 

жүздеген ұлт өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек. Мыңға жөн айтып 

алқалы  топты  аузына  қаратқан  қаз  дауысты  Қазыбек  би  бабамыздың  сөзімен 

айтқанда  «Біз  мал  баққан  елміз,  ешкімге  соқтықпай  жай  жатқан  елміз».  Бір 

сөзбен  айтқанда  қалайтынымыз  бейбітшілік,  тыныштық,  бостандық,  еліміздің 

босағасын  нығайту.  Тәуелсіздік  біздің  алдымыздағы  жарқын  болашаққа  жол 

ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз. Бір ата, бір ананың түлегіміз Бір 

болсын қайда жүрсек тілегіміз «Бірлік барда тірлік бар» деген бабам Бірлік деп 



27 

 

бірге  соқсын  жүрегіміз!  -  дей  отырып,  ашық  тәрбие  сабағымызды 



қорытындылаймыз! 

Мектептен  тыс  тәрбиені  кең  түрде  өрістету  үшін  педагог-ғалым  Н. 

Монаховтың  отбасының  тәрбиелік  мүмкіндігін  зерттеу  әдістемесіне  негіздей 

отбасының  тәрбиелік  мүмкіндігін  айқындаудың  диагностикалық  картасы 

жасалды.  

Ол үш бағытта жүргізіледі: 

1. Психологиялық-қатысымдық деңгейі.  

2. Адамгершілік бағыттылығы.  

3. Ата-ананың педагогикалық мәдениеті (6-кесте). 

 

Отбасының 



тәрбиелік 

мүмкіндігінің 

құрауыштары 

Тәрбиелік мүмкіндіктің даму деңгейінің сипаттамасы 

төмен (Т) 

орташа (О) 

жоғары (Ж) 

Патриоттық 

тәрбиенің 

мақсаты мен 

міндеттерін 

түсінуі 

Отбасында 

патриоттық  тәрбие 

мақсат,  міндеттері 

айқындалмаған 

Патриоттық тәрбиенің 

мақсат 

міндеттері 



қоғам талабына сәйкес 

емес 


отбасының 

мүддесінен 

келіп 

шығады 


 

Отбасы  тәрбиесінің 

мақсат  –  міндеттерін 

түсінеді. 



Педагогикалық 

және 

психологиялық 

мәдениет деңгейі 

Психологиялық-

педагогикалық 

білім 


деңгейі 

төмен. 


Педагогикалық 

оқуларға  бірнеше 

мәрте 

шақырғаннан кейін 



әрең келеді. 

Педагогикалық-

психологиялық  білім 

деңгейлері  бар,  бірақ 

әлсіз.  Педагогикалық 

оқуларға  келгенімен 

оған мән бермейді. Өз 

білімін 


көтерумен 

айналыспайды. 

Педагогикалықпсих

ологиялық  даярлық 

деңгейі қалыптасқан. 

Өз білімін көтерумен 

айналысады. 

Патриоттық 

тәрбие әдісі мен 

құралдарын 

өмірде қолдана 

білу мүмкіндігі 

Патриоттық тәрбие 

әдістері 

мен 


құралдарын 

мақсатты 

түрде 

қолдана алмайды. 



Патриоттық 

тәрбие 


әдістері 

мен 


құралдарын 

интуициясына сүйеніп 

қолданады, теориялық 

білімін 


өмірімен 

ұштастырмайды 

Отбасында 

патриоттық 

тәрбиенің 

әдістері 

мен 

құралдарын 



қолдана 

алады. 


Теориялық 

білімді 


өмірмен 

ұштастыруға 

қабілетті. 

Баланың 


Каталог: uploads -> files
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
files -> Облыстық «Жылдың үздік мұғалімі -2014» байқауының ережесі
files -> Алматы облысының ӘКІМДІГІ алматы облысының МӘдениет, МҰРАҒаттар жәНЕ
files -> 11 бет 3 стр. №16 (109) 20 тамыз, 2015 жыл АҢдатпа
files -> Жұмыс бағдарламасы Алматы, 2014 / бет
files -> Жұмыс бағдарламасы Алматы, 2014 / бет
files -> Жұмыс бағдарламасы Алматы, 2014 ф-пр-02 2-05-2014-02 Жұмыс бағдарламасы
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
files -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013

жүктеу 344.91 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет