Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


    ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ



жүктеу 259.9 Kb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата25.04.2017
өлшемі259.9 Kb.
1   2   3

 

11 

 

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ   



Инклюзивті білім беру саласын дамытуға арналған бағыттар 

 



Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың  мүмкіндігі 

шектеулі балаларды қабылдауына дайын болуы. 

 

Инклюзивті  білім  беру  идеясын  таратуда,  шектеулі  мүмкіндіктері  бар 



балаларға  толерантты,  дұрыс  қарым-қатынастың  қалыптасуына  бұқаралық 

ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз ету. 

 

Мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  жұмыс  істейтін  мамандар  арасында 



тәжірибе  алмасушылықты  қамтамасыз  ету,  дұрыс  тәжірибелерді  баспалар, 

бұқаралық ақпарат құралдары  арқылы тарату. 

 

Аймақтарда инклюзивті  білім  беру  мәселесі бойынша  Үйлестіру  кеңесін 



құру. 

 



Ата-аналар  қоғамдастығының  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  білім 

алуға  құқығын  және  мүдделерін  іске  асыруға  және  оны  қорғауға  қатысуы, 

оқыту үрдісінің өзіне және түзету көмегін іске асыруға қатысуы. 

 



Инклюзивті  білім  берудің  көп  аспектілік  мәселесіне  ғылыми  зерттеулер 

өткізу. 


 

Инклюзивті мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеу мақсатында педагогика 



қызметкерлерін даярлау; 

 



Педагогикалық  ЖОО  және  медициналық  колледждерде  кіші  жастағы 

балалармен жұмыс істеу мақсатында мамандарды даярлау жүйесін жасау. 

 

Арнайы  (түзету)  мекемелері  мен  жалпы  білім  беру  мекемелері  өзара 



сабақтастықта жұмыс жасау. 

 



Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  ерте  кезден  бастап  түзетуді  қолға  алу 

жүйесінің басымдылығын қолдау. 

 

Кіші  жастағы  балаларды  дамыту   қызметі  жүйесінің  жұмысының 



нормативті-құқықтық және ғылыми-практикалық негізін жасау. 

 



Мектепке  дейінгі  мекемелерде  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  дамыту 

үрдісінің  мониторингін  жасау. 

 

Жүйке  және  дене  дамуы  бұзылған  тәрбиеленушілерге,  жанұясына 



кеңестік  көмек  көрсету,  баласының  оқу  және  тәрбие  үрдісіне  ата-анасын 

қатыстыру,  өйткені,   оларда  даму  ерекшелігіне  деген  оң  қарым-қатынас 

қалыптастыру.  

Қазіргі  уақытта  инклюзивті  білім  беруді  дамытудағы  нақты 

факторлар: объективті және субъективті қиындықтар болып бөлінеді. 

Субъективті 

қиындықтар: стандарттық 

процедуралардың 

әзірленбегендігі 

мүмкіндігі 

шектеулі 

балалардың 

оқу 

дәрежесін                        



үнемі 

қадағалау 

мақсатында 

білімді 


мониторинг 

жүргізу 


үшін 

индикаторлардың  жоқтығы  және  қазақ  тілінде  оқу  әдістемелік  құралдардың 

аздығы. Оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбиеші педагогтардың арнайы 

білімдерінің  болмауы  және  мамандар  тарапынан  тұрақты  кеңестің  аздығы. 

Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымға келетін мүмкіндігі шектеулі балаларға 


12 

 

арнайы  көліктің  болмауы.  Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  жеке 



проблемаларының  болуы,  яғни  олардың  ауырып  қалуы,  мектепке  дейінгі 

ұйымға  тұрақты қатыспауы. 



Объективті  қиындықтар: материалдық  техникалық  базаның  төмен 

болуы.  Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқыту  процесінде  жеке  дара  тіл 

табудың қиындығы. Мамандарға арналған кабинеттердің жетіспеушілігі. 

Мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  жұмыс  істейтін  тәрбиешілерге 

біліктілігін арттыру курстарының ұдайы жүргізілмеуі.  Қазақ тілінде оқытатын 

педагог-дефектологтардың  жетіспеушілігі,  ауылдық  аймақтарда  арнайы 

мекемелер  үшін  тифлопедагогтар  мен  сурдопедагогтар,  логопедтер  санының 

жетіспеушілігі күрделі мәселе болып қалады. 



Инклюзивтік білім беруді шешу жолдары: 

 



мүгедектік мәселені қоғамда түсіну; 

 



қатарластарымен қарым- қатынас; 

 



толыққанды білім беру; 

 



қоғамға кіріктіру және бейімделу

 



мүгедек емес балаларды түсінуге, пікірлесуге тәрбиелеу. 

 



даму 

мүмкіндігі 

шектеулі 

балаларды 

ерте 

тексеру 


және                            

түзету- педагогикалық қолдау көрсету мекемелерінің көптеп ашылуы; 

 

балаға  міндетті  психологтық-  педагогикалық  жетелеу  жүргізіп,  жалпы 



білім беру үрдісімен кіріктіру; 

 



әр бала үшін кіріктірудің мүмкін және қажетті түрін анықтау. 

 



даму  мүмкіндігі  шектеулі  жандарды  ерте  анықтап,  кешенді  көмек 

көрсету. 

 

даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке  даярлау; 



 

ерекше сұранысқа ие балаларды қанағаттандыру мақсатында жалпы типте 



білім беру мекемелерін техникалық құрал-жабдықтармен толықтыру

 



инклюзивті  білім  беруді  дамыту  үрдісінде  қоғамдық  мекемелерде          

ата- аналарды қатыстыру. 

Мектепке  дейінгі  ұйымдардың  білім  беру  ортасы  баланың  білім 

беру үрдісіне қосылуын  және әр  тәрбиеленушінің  мүмкіндігіне  қарай  пайдалы 

таңдауына мүмкіндік жасайды. 

 Мүмкіндігі  шектеулі  балалар  инклюзивтік  білім  алуда  логопед, 

дефектолог, 

дене 

шынықтыру 



нұсқаушысы, 

психологтан 

жылдық 

жоспарларына  сәйкес  күннің  ІІ  жартысында  өзімен  жасты  балалармен 



қатынасады  (сурет  салу,  жапсыру  т.б.)  және  мамандардан  оқу-тәрбие  және 

танымдық-педагогикалық көмек алады. 

Даму  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  жалпы  топта  тәрбиешілердің 

ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттеріне  қатынасып  «Алғашқы  қадам»,  «Зерек 

бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша білім алады. 

Даму  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  бөбекжайдың   өміріне  белсене 

қатысады:  іс-шаралар  мен  ойын-сауықтарға  өзге  балалармен  бірігіп  қатысуы, 

ертегілер  мен  концерттерді  ұжыммен  көруі  олар  үшін  шынайы  мереке. 



13 

 

Осындай  шараларға  қатыстыру  арқылы  балалар  ұжымда  өмір  сүріп, 



құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Егер бала осы сатыдан өтсе, 

мектепте  оған  едәуір  оңайырақ  болады.  Ең  бастысы,  бұл  балалар  болашақта 

жалғызсырамай,  өздерімен  жасты  балалармен  бірге  тәлім-тәрбие  алуды 

жалғастырады.  

Мемлекетіміздің  әрбір  азаматы  –  ұлттық  құндылықтарымыз,  әр  баласы 

еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы 

білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.  

 

 



МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА БЕЙІМДЕУ 

Әр  адам  қайталанбас  тұлға  болып  есептеледі,  сондықтан  адам, 

адамгершілік  тұрғылық  қарым-қатынасқа  құқылы.  Әлеуметтік  ортаға             

енгізу  –  әлеуметтік  қатынастың  жалпы  жүйесіне  және  баланың  өз  жағдайына 

қарай  білім  алу  ортасына  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  әлеуметтік 

бейімделуін қалыптастыру. 

Бейімделу  –  бұл  жеке  тұлғаның  әлеуметтік  құрылымдарға  енуі. 

Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы

ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Мүмкіндігі шектеулі 

баланы  әлеуметтік  ортаға  енгізудің  екі  жолы  бар.  Бірінші  жолы,  мүмкіндігі 

шектеулі  баланы  қоршаған  ортаға  бейімдеу.  Бұл  жолдың  кемшілігі  – 

біржақтылығы.  Бұл  жолмен  керекті  нәтижеге  жету  мүмкін  емес,  әлеуметтену 

процесі  екі  жақтылы  болуы  керек.  Бұл  дайындық  процесінде  интеграцияның 

объектісі  ғана  емес,  сонымен  қатар  белсенді  субъектісі  болу  керек.  Екінші 

жолы  мүмкіндігі  шектеулі  баланы  әлеуметтік  ортаға  енгізу  дайындығымен 

бірге,  әлеуметтік  ортаны  мүмкіндігі  шектеулі  баланы  қабылдауға  дайындау. 

Негізгі факторы да осы.  

Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуында 

ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз 

етеді.  Қазақстан  Республикасының  азаматтарының  денсаулығын  қорғау 

жөніндегі  заң  құжаттарында  айтылғандай,  мүгедектер,  оның  ішінде  мүгедек 

балалар  және  бала  жасынан  мүгедектер  медициналы-әлеуметтік  көмек  алуға, 

оңалтылуға  (реабилитация),  дәрі-дәрмектермен,  протездермен,  протезді-

ортопедиялық  бұйымдармен,  жеңілдік  жағдайларда  қозғалыс  құралдарымен 

қамтамасыз  етілуге,  сондай-ақ,  кәсіби  даярлану  мен  қайта  даярлануға 

құқықтары  бар.  Лев  Семенович  Выготский:  «Бала  бойындағы  кемістігін 

толықтырудың  екі түрлі  ерекшелігі бар,  оның  бірі  – бала  психикасының даму 

шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі – кемістігін қалпына келтірудегі өз 

бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» - деп атап көрсетеді. Сондай-ақ, 

ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол 

үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін 

жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген. 



14 

 

Әлеуметтік-экономикалық  дамудың  қазіргі  кезеңінде  мүмкіндіктері 



шектелген  балалардың  жеке  даралық  ерекшеліктеріне,   қазіргі  қоғамдағы  

орнына, олардың мінез-құлық және мінез ерекшеліктеріне  мән бермеу бүгінгі  

қоғам  дамуында   мүмкін  емес.  Дегенмен,  «ерекше»  балаларды  оқыту  мен  

тәрбиелеу  және әлеуметтендіру күрделі  мәселе   болып отыр. Аталған балалар 

категориясын  қоғамға  интеграциялауға   дайындаудағы   жағымды  бет 

алыстардың  алдын-алу  үшін оларды оқыту, тәрбиелеу  және барлық  өмірлік  

әрекеттерін   ұйымдастыруда   арнаулы  (түзетім)   білім  берудің   қазіргі  

проблемаларын  талдаудан   шығатын  жаңа  теориялық  ықпал   жасауды  талап  

етеді  және   де  бұл   мүгедек  балаларды   әлеуметтік   қорғауға   қатысты 

медициналық, педагогикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және өзге 

де  проблемалар  комплексін ескере отырып шешілу қажеттігін туындатады.  

Мүмкіндігі шектелген бала ерекше қарауды қажет етеді. Осындай тұлғаны 

қалыптастыруды  нәтижелі   басқару  үшін,  түрлі  жас  кезеңіндегі   бала 

дамуының   өзіндік  психологиялық-педагогикалық   заңдылықтары  туралы  

терең  білу  керек.  Егер  адамды  тарих  пен  табиғаттың   бір  бөлігінің    өнімі  

ретінде  биоәлеуметтік   нәрсе   деп  қарастырар  болсақ,   мұнан   дамуға   әсер 

ететін   биологиялық  (табиғи)   және   әлеуметтік  (әлеуметтік  орта)   фактор 

шығады.  «Психологиялық ой  түйіндісі бойынша физиологиялық  кемшілік  

әлеуметтік 

тәртібі 


нормаларының 

бұзылуын 

туындатады. 

Осындай  

кемшіліктері  бар  балалардың   барлық   психологиялық   ерекшеліктері  

биологиялық  емес,  әлеуметті  құбылыс  болып   табылады».  (Л.С.Выготский) 

Психиканың   тарихи-мәдени   қалыптасу  теориясында   Л.С.Выготский  кез-

келген   кемшілік,  баланың  қоршаған  ортамен   қарым-қатынасын   шектеуде, 

оған адамзаттың мәдени, әлеуметтік тәжірбиесін  игеруге кедергі  келтіретініне  

баса назар аударады.  

Мүмкіндіктері  шектеулі  адамдарға  өзгелермен  бірдей  білім  алуға,  жұмыс 

істеуге, демалуға т.б.  яғни қоғамдық  өмірге араласуға құқық беру қажеттігі еш 

күмән  келтірмейді,  дегенмен,   бұны  шынайы   түрде  іске  асыру  оңай  еместігі 

белгілі.   Білім  алу,   қоғамдық  өмірге  араласу, түрлі  мүмкіндіктерді  игеру,  

мемлекет, жергілікті әкімшілік  білім беру жүйесінен қолдау таппаған жағдайда 

тек  қағаз  жүзінде   ғана  қалып  қояды. Арнаулы  білім  беру  мәселелерін   қайта 

қараудың   нақты  бағыттары  білім  беру  жүйесінде   мүмкіндіктері  шектеулі 

балаларды   интеграциялау   туралы  ұсыныстар   және   интеграциялық  оқыту  

практика  барысында  қолға  алынып,  практикаға   енгізіліп,  жақсы  нәтижелерге 

қол  жетіп  жүрген  инклюзивтік  оқыту  барысы  және  жалпы  білім  беру 

мекемелерінің   жанынан  ашылып  жатқан  арнаулы  (түзетім)  топтар  мен 

логопункттер.  

Психофизиологиялық ауытқушылықтары бар  балалармен психологиялық-

педагогикалық   оқытудың   тәрбиелік   сипаты,  көрнекілік,  жеке  ықпал  ету 

сияқты    жалпы  дидактика   принциптерімен  қатар  арнаулы   педагогикадағы 

түзете-дамыта  оқыту  және  практикалық  бағытта  оқыту  принциптерін  

басшылыққа  алады.   Дегенмен,   осы  балалармен  жүргізілген  жұмыстардың   


15 

 

нәтижелілігі   қосымша   факторларға  да  байланысты.  Ең  алдымен,  оқу 



сабақтарының   балаларды  қоғамдық   тәртіп  ережелеріне,  белсенділіктерін 

дамытуға,  коммуникабельдік дәрежесіне  сәйкес  келуі  үлкен  орын  алады.  

Сонымен  қатар,  барлық  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттері  арасындағы 

байланыс,  яғни  бір  тақырыптың түрлі  пәндерде  қаралып,  түсіндірулермен 

қатар,  жағымды  тұлға   қасиеттерін   қалыптастыруда   еңбекке  оқыту,   еңбекке  

баулу  ерекше  маңызды.  Практика  барысында  балаларда   болашақ  әлеуметтік  

бейімделуіне  өте  маңызды   ұжымда  бірлесе  жұмыс  істеу,  еңбек  етуге  деген 

икем, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттері қалыптасады. 

Жеке  тұлғаны әлеуметтік  бейімдеу  сабақта  және  сабақтан  тыс  

уақыттардағы   ұйымдастырылған   сабақтар  мен  экскурсияларда  өткізіледі.  

Сабақ  барысында  арнайы  құрылған  жағдаяттар  бойынша   балалар   қажетті  

тұрмыстық  икемдерді, қоғамдық  тәртіп ережелерін  игереді. Ол үшін сабақтан 

тыс  уақыттарда  «Дүкенде», «Шаштаразда», «Автобуста»  т.б. сияқты сюжетті-

рольді  ойындар   өткізіледі.   Балаларға  белгілі  бір  жағдайда   қалай  жасау 

керектігін  бірнеше   рет  қайтара   көрсету  керек.  Бірнеше   қайтара  жаттығу,  

жүйелі  қойылатын  талаптар  балаларда  қоршаған  ортаға  икемделуге 

көмектесетін   жағымды  әдеттерді  шыңдайды.    Ал,  танымдық   әрекеттерін 

дамыту   олардың  жеке  бас  қасиеттеріне   әсер  етеді.  Жас  ерекшеліктеріне  сай 

балалар  еңбек  әрекетін   сәйкес   бағалай  алады,  орындаған  жұмысының  

сапасына  да   жәй   қарамайды.   Тапсырманы  жаман  орындаса  қынжылып,   ал 

жақсы  бұйым жасаса  жолдасына,  тәрбиешісіне  көрсетіп, мадақтауды  ұнатады. 

Балалар  осылайша  еңбек  әрекетіне   қатысудың   маңыздылығын  түсіне 

бастайды. Бұның бәрі балалардың тұлғалық қалыптасуы туралы  айта отырып, 

олардың  өмірлеріндегі  еңбектің  рөлі  мен  адамдар  арасындағы   қарым-

қатынастың қалыптасуына әсер етеді. 

Тәрбиеленушілерді  әлеуметтік оқыту барысында көрнекі құралдар негізгі 

тиімді  әдіс  болып  табылады.   Бұл  жерде  көрнекілік  шынайылық   деген 

мағынаны  білдіреді.  Педагог  мүмкіндіктері  шектелген  балаларды  экскурсия, 

сюжетті-рольді  ойындар, ертегі қойылымдар, театрландырылған   қойылымдар 

барысында   сыртқы  ортаның  қасиеттерімен,  құбылыстарымен    таныстырады.  

Бұл  балалардың  мүмкіндіктерін   пайдалана  отырып,   өздеріне  қызмет  ету,  

тұрмыста  және  арнаулы   өндірісте   қиын  емес  еңбек  операцияларын  

орындауға,  мүмкіндігінше   қоршаған  ортаға  икемделуге   бағытталған 

жұмыстар.  Осындай  жұмыстар  барысында  дамуында  проблемасы  бар  балалар 

белсенділік  көрсетіп,  өз   беттерінше  жұмыс   істей   алуға,  түрлі  жағдаяттар  

барысына  сай  әрекет  етуге,  өзін  өзгелердің   бағалауына  парапар   ұстауға 

үйренеді.   Түзету  жұмыстары  барысында   жасаған  жұмыстарына   сын  көзбен 

қарауға   үйреніп  қана  қоймай,   салыстырмалы  түрде  бағалауға,  өзгелердің 

сындарын қабылдай және текшелей алуға, керек кезінде жолдастарын қолдауға, 

көмек қолын созуға үйренеді.  

Ерекше  балалардың  қоғамдық  өмірге  араласулары  үшін  әлеуметтік- 

тұрмыстық  білім   мен  икемдерін  қалыптастыру екенін  назарда  ұстай  отырып, 



16 

 

педагог арнайы сабақтарда балалардың қоғамдық орындарда өздерін ұстай алу, 



қажетті  хабарламалар  мен   жарнамалық  ақпараттарды  түсіне  бастауға  үйрету  

керектігін  де  басты  назарда  ұстайды.  Мысалы,  жаяу  жүргіншіге  арналған 

белгілер, ойнауға тиым салынатын белгілер, жақын жердегі асхана, емхана бар 

екені  туралы  айтатын  белгілерді  көріп,  керегіне  жарата  алу,  кез-келген 

жағдаяттан  шығатын  жол  болатынын  түсіндіру  әрине   білім  беру  барысында 

алатын біліммен байланысты.  

Мүмкіндіктері  шектелген балаларда  қоршаған орта  туралы  сәйкес  түсінік 

қалыптастыру көп жағдайда педагогтың оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдістері 

мен 

формаларын 



қолдана 

отырып, дұрыс 

педагогикалық 

процесс 


ұйымдастыруымен  анықталады.  Ерекше  көзқарасты  қажет  ететін  балардың 

дамуы  оқу  мен  тәрбие  барысында  практикалық  әрекеті  негізінде  құрылады. 

Сондықтан,  бұл  балаларды  өмірге  бейімдеу  экскурсия  және  сабақтар,  түрлі 

ойындар  формасында  ұйымдастырылып,  бала  дамуында  жетекші  орын 

алады. Егер  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде «Тағамдар»,  «Дүкенде» 

тақырыптары өтілсе, сабақтан тыс  уақыттарда тақырыптық эксурсия өткізудің 

маңызы  ерекше.  Бірақ балалар  белгілі  бір  объектіні  сырттай  бақылап  қана 

қоймай,  ересектердің  әрекеттеріне еліктей  отырып,  өздері  де  жас  шамаларына 

қарай  әрекет  ете  алатындай  етіп  ұйымдастыру  өте  маңызды.  Мысалы,  дүкен 

жұмысын  бақылаудағы  экскурсиялар балалар  сауда  залдарында  жүріп   түрлі 

бөлімдерді  белгілер  арқылы  анықтауға  болатынын,  сатушыдан  керектерін 

сұрауға,  дүкендегі  қалыптасқан  қоғамдық  тәртіп  ережелерін  сақтауға 

үйренетіндей   және  өздері  әрекет   жасайтындай   етіп  жоспарлану  керек. 

Мұндай  экскурсия  үлкен,  егжей-тегжейлі  ұйымдастыру  жұмыстарын  қажет 

етеді. Егер педагог әрбір ұйымдастырылатын әрекет, іс-шаралардың білімділік, 

дамытушылық,  тәрбиелік мақсатын,  алынған  материалдарын  игертіп  қана 

қоймай,  балаларға  (экскурсия  барысына  есеп  беру,  әңгіме  жазу немесе  бір 

оқушының  әрекеттерін  сипаттау)  т.б. тапсырмалар  жүйесін  дайындаса,  бұл 

мүмкіндіктері  шектелген  балаларды  өз  ісіне,  жұмысына,  берілген 

тапсырмаларды  орындауға  дағдыларын  қалыптастырумен  қатар,  балаларға 

үлкен  жауапкершілікті  сезіне  бастауға  дайындап,  жүктей  бастайды.  Мысалы, 

төменгі топтарда ұйымдастырылатын ойындардың өзінде жеке баланың әрекеті 

барлық  ұжымның  әрекетімен  тікелей  байланысты екенін  түсіндіру.   Яғни, 

«Кітапханада»  ойыны  барысында  бір  бала  кітапханашыдан  керек  кітабын 

сұрамаса, кітапханашы ол балаға керек кітабын тауып баре алмайтынын, ойын 

желісі  осы  жерден  үзіліп  қалуы  мүмкін.  Немесе  қимылды  ойындар 

барысындағы ойын ережесін қатаң сақтау керектігін түсіндіру. Ал ойын ережесі 

сақталмаған  жағдайда ойын  барысы  осы  жерден  үзілетіні  туралы 

түсіндірілумен қатар, ережені сақтамаудың себебі мен салдарын түсіндірудің де 

маңызы  ерекше.  Тәжірибе  мүмкіндіктері  шектелген балалар  жүйелі 

 жүргізілетін 

психологиялық-педагогикалық 

жұмыстар 

нәтижесінде  

компьютерде,  қылқаламмен  көптеген   әдемі  туындылар  жасай   алатынын,  т.б. 

белгілі  бір  еңбек  даярлығын,  кейін   түрлі  өндірісте  ұжыммен  бірлесе  отырып, 



17 

 

мүмкіндігіне  сай  айналыса  алатын  еңбек   түрін   анықтай  алатынын  көрсетіп 



отыр. 

Психикалық  дамуы  тежелген  балалардың  қоршаған  орта  туралы 

түсініктері  фрагментарлық,  зейіндері  тұрақсыз,  тұтас  қабылдау  мүмкіндігі 

бұзылған,  қимыл-қызғалыс  координацияларының  т.б.  жалпы  психикалық 

процестердің дамуында бұзылыстар байқалады. Сондықтан, психикалық дамуы 

тежелген балалардың танымдық қызмет саласының дамуындағы ауытқулар оқу 

процесінде  нақтылы  қиындықтарды  құрады.  Ал,  бұл  қиындықтарды  жою  мен 

оның алдын алу үшін мұндай балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау 

көрсету  қызметі  жұмыс  атқаруы  қажет.  Онда  психологиялық-педагогикалық 

қолдау  көрсету  қызметінің  барлық  бағыттарына  жетекшілік  ететін  қызмет 

координаторы,  мұғалім-дефектолог,  логопед,  психолог,  әлеуметтік  педагог, 

медицина  қызметкерлері  жұмыс  атқарады.  Яғни,  психикалық  дамуы  тежелген 

баланы  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету  қызметінің  тиісті 

мамандарымен  жүзеге  асырылады.  Психологиялық-педагогикалық  қолдау 

көрсету  қызметінің  әр  маманы  өз  бағыттары  бойынша  жұмыс  істейді.  Бұл 

біріккен  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету  қызметінің  басты 

мақсаты  –  мүмкіндігі  шектеулі  балаға  психологиялық-педагогикалық  қолдау 

көрсету.  Соның  ішінен  педагог-дефектологтың  психикалық  дамуы  тежелген 

балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске 

асырылады: 



I. Диагностикалық бағыт:  

- баланы алғашқы дефектологиялық тексеру;  

- баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына 

бақылау;  

-  баланың  даму  деңгейіне  әсер  еткен  әдіс-тәсілдер  мен  таңдалған 

бағдарламаның тиімділігін анықтау;  

-  мүмкіндігі  шектеулі  баланың  жеке  ерекшіліктерін,  танымдық  қызметін, 

ерік-жігер  саласын,  отбасындағы  тәрбиелік  жағдайдың  даму  ерекшеліктерін 

зерттеу;  

-  жалпы  білім  беру  ұйымдарының  бағдарламасын  меңгерудің  деңгейін 

анықтау;  

- компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу;  

-  баламен  жұмыстың  бағыттарын  айқындау  мен  бала  дамуындағы 

ауытқулардың алдын алу. 

Сонымен, диагностика келесі міндеттерді шешуге бағытталады. 

Баланы  алғашқы  тексеру.  Оның  мақсаты:  баланың  жақын  даму  аймағы 

мен  актуалды  даму  аймағын,  оқу  барысындағы  қиыншылықтардың  себептері 

мен  механизмдерін  анықтау.  Диагностикалық  зерттеу  жұмысы  қыркүйек  айы 

бойы жүргізілді. Бұл диагностиканың қорытындысы дефектологиялық тексеру 

хаттамасында, балаға дефектологиялық анықтама бергенде тіркеледі. 

Баланы  динамикалық  тексеру  –  оқыту  процесінде  оқушының  даму 

деңгейіне  таңдалған  оқытудың  түрі,  әдістері  мен  тәсілдердің  сәйкестігін 



18 

 

анықтау,  баланың  даму  динамикасын  бақылап  отыру  мақсатында  жүргізіледі. 



Динамикалық  тексеру  жылына  екі  рет  жүргізіледі.  Сонымен  бiрге,  баланы 

динамикалық  зерттеу  баланың  пән  бойынша  жеткен  жетістіктерімен  баланың 

даму  нәтижесін  салыстыруды  көздейді.  Баланың  оқу  дағдыларының 

қалыптасқандығын  (ақпаратты  қабылдауы,  оқу  қызметін  ұйымдастыра  алу, 

өзін-өзі бақылау) тексереді. 

Кезеңдік  диагностика  –  бұл  диагностиканың  түрі  баламен  жүргізілген 

түзете-дамыту жұмысының баланың оқу-танымдық қызметіне тигізген әсерінің 

тиімділігін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Түзете-дамытудың  бағдарламасының 

игеру деңгейінің нәтижесін бағалағанда баланың білім-білік дағдылары игеруге 

қажет  танымдық  қабілетінің  қаншалықты  қалыптасқандығына  ғана  емес, 

баланың  игерген  білімін  берілген  мәселеде  өз  бетімен  қаншалықты  қолдана 

алатынына көңіл бөлінеді. 

Ағымдық  диагностика  –  бұл  диагностика  әртүрлі  мамандар  тарапынан 

сұрау  бойынша  жүргізіледі.  Бұл  диагностиканың  белгілі  бір  өткізу  уақыты 

болмайды. Ол жыл бойына сұрау бойынша жүргізіледі. Баланы психологиялық-

педагогикалық  қолдаудағы  диагностикалық  бағыттың  тағы  бір  негізгі 

міндеттерінің  бірі  –  бастапқы  кезеңде  баланың  алда  кездесетін 

қиыншылықтары  мен  оқу  процесінде  бүгінгі  күні  бар  қиыншылықтардың 

себебін, механизмін анықтау болып табылады. 

Диагностикалық 

жұмыстың 

негізгі 


қағидалары: 

жан-жақтылық, 

кешенділік,  жүйелілік,  тұтастық.  Аталған  қағидаларды  ескере  отырып,  әр 

психологиялық-  педагогикалық  қолдау  көрсету  қызметінің  маманы  өз  бағыты 

бойынша  балаға  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсетеді.  Мұғалім-

дефектолог, психолог, логопед диагностиканы 12 бағыт бойынша жүргізеді:  

- Сенсорлы-перцептивті жағдай;  

- Зейіні;  

- Есте сақтауы;  

- Ойлауы;  

- Сөйлеу ерекшеліктері;  

- Өзін-өзі бағалауы;  

- Ерік-жігері;  

- Психомоторлық жағдайы;  

- Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы;  

- Оқу біліктілігі;  

- Еңбек біліктілігі;  

- Коммуникативтілігі; 

Әр бағыт арнайы диагностикалық әдістермен тексеріліп, қорытындыланып 

тиісінше  балл  қойылады.  Шығарылған  балға  сәйкес  психологиялық-

педагогикалық  профиль  толтырылады.  Профиль  –  баланың  даму  деңгейін 

көрсететін құжат. Профиль баланың қатер даму зонасын анықтап береді. 

Әр  маман  баламен  жүргізілген  алғашқы  диагностикалық  тексеру  бағыты 

бойынша  өзінің  қорытындысын  ұсынады.  Консилиумда  баланың  дамуының 



19 

 

мінездемесі,  оның  одан  әрі  дамуы,  балаға  түзете  дамыту  бағдарламасын  құру 



бойынша  мәселелері  қарастырылып  ортақ  шешімге  келеді.  Тексерудiң 

нәтижелерiн  талдау  баланың  одан  әрi  дамуының  болжамын  анықтап,  әр 

оқушыға оқыту процесінде тиiмдi әдiстерді іріктеп, түзете-дамыту жұмысының 

мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Диагностиканың нәтижесі баланың тек 

өзекті даму аймағының даму деңгейін ғана анықтау емес, баланың жақын даму 

аймағы деңгейін бағалап баланың ықтимал мүмкіндіктеріне бағытталады. 



Каталог: uploads -> files
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
files -> Облыстық «Жылдың үздік мұғалімі -2014» байқауының ережесі
files -> Алматы облысының ӘКІМДІГІ алматы облысының МӘдениет, МҰРАҒаттар жәНЕ
files -> 11 бет 3 стр. №16 (109) 20 тамыз, 2015 жыл АҢдатпа
files -> Жұмыс бағдарламасы Алматы, 2014 / бет
files -> Жұмыс бағдарламасы Алматы, 2014 / бет
files -> Жұмыс бағдарламасы Алматы, 2014 ф-пр-02 2-05-2014-02 Жұмыс бағдарламасы
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
files -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013

жүктеу 259.9 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет