Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


-қосымша Тірек  мектебі  (ресурстық орталық) жағдайында  бейінді  оқыту үшін



жүктеу 0.75 Mb.
Pdf просмотр
бет5/5
Дата01.06.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5

1-қосымша

Тірек  мектебі  (ресурстық орталық) жағдайында  бейінді  оқыту үшін

кәсіби-педагогикалық даярлау үлгісі.

Сабақта  жобалау әдісін қолдану  білім  алушының шығармашылық және

өзіндік жұмыс  істеу қабілеттерін қамтамасыз етуге  мүмкіндік  береді, өзін-өзі

дамыту жолдары мен тәсілдерін табуға көмектеседі.



Мақсаты: тірек  мектебі  (ресурстық орталық) жағдайында  мұғалімдердің

кәсіби дайындығын жетілдіру.



Әдістер:

- құзыреттілік;

- іс-әрекеттік;

- тұлғаға бағдарланған.

Даярлау компоненттері:

- бастамашылдық;

- іс-әрекеттік;

- шығармашылық;

- жағымды (психологиялық жағдай, кіші топтармен жұмыс кезінде

табыстылық жағдайы).



Базалық пәндер және ЖОО таңдау курстары.

Педагогикалық практика, өзіндік  жұмыс,  модульдік  оқыту,  интерактивті

технологиялар.  Болашақ мамандарға арналған  элективті  курс  бағдарламалары

бойынша  жобалар әзірлеу.  Сынып  жетекшісі  ретінде өз қызметін  жобалауы

(КТК  (көңілді  тапқырлар  клубы)  және  тақырыптық кештердің түрлері  мен

мазмұнын құру және т.б.



Нәтиже компоненті.

Болашақ


педагогтің

кәсіби


құзыреттілігі: 

когнитивті-білімдік,

дидактикалық-әдістемелік, жобалау.

Практика  сабақтарында өзіндік  ой-пікірлері  мен  білімдерін қолдану.

Сонымен бірге болашақ мамандардың белсенділігі еркіндікке, ал оқытушының

рөлі білім алушылардың өзіндік жұмысын басқаруға құрылады. Бұл әдіс ЖОО-

да  оқыту  сапасын,  тұлғаның дамуын қамтамасыз  етеді,  болашақ педагогтің

шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  көмектеседі. Өйткені  дәл  осы  секілді

шығармашылық 

қабілеттерді

қалыптастыру 

жобалау


құзыреттілігін

қалыптастыру негізіне жатады.

Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) бейінді оқытуға көшу жағдайында

мұғалімге қойылатын  жаңа  талаптар  педагогикалық білімді әрі қарай  дамыту

қажеттігін,  сондай-ақ педагогикалық кадрлар  біліктілігін  арттыруды  талап

етеді.


Бұл міндетті іске асыру үшін педагогикалық білімді ұйымдастыруда қазіргі

әдістер негізінде  тірек  мектебі  (ресурстық орталық) мұғалімдерін  кәсіби-

педагогикалық даярлау үлгісін әзірлеу қажет.


58

Осы  орайда  жоғарғы  оқу  орындарының базасында  тірек  мектепті

(ресурстық орталықты)  жоғары  білікті  мамандармен  (мұғалімдер,  педагогтер)

қамтамасыз ету мақсатында білім магистрлерін кәсіби даярлауды ұйымдастыру

керек.  Педагогикалық білімнің мамандықтары  мен  бағыттары  бойынша  тірек

мектебінің  (ресурстық орталықтың) сұраныстарын ескере  отырып, қажетті

мамандықтар мен бағдарламалар енгізу қажет.

Жоғарғы  оқу  орынында  ізденімдік  жағдайлар,  белсенділік  және

шығармашылық процесс құру  мұғалімнің кәсіби  шеберлігін қалыптастыруға

және  жетілдіруге  көмектеседі.  Сондықтан  оқыту  процесін  болашақ мұғалімнің

шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектесетіндей етіп құру қажет.

Болашақ мамандарды  жоғарыда  айтылған  білім  желілерін  ескере  отырып

оқыту:  болашақ мұғалімдер  базалық және  бейінді  деңгейлерге қойылатын

талаптарды  ескере  отырып,  пәнді  оқытуға үйрету, әртүрлі  педагогикалық

технологияларды

қолданып  (оның ішінде  интерактивтік

әдіс),  болашақ

мамандардың қабілеттері мен жеке қызығушылықтарын ескере отырып, негізгі

және қосымша әдеби  және  лингвистикалық дайындықты қамтамасыз  ете

отырып, элективті және факультативті курстар әзірлеу (яғни жобалау қызметін

жүргізу).  Мұндай  дайындық жоғары  оқу  орындарындағы  білім  мазмұнын

жаңартпаса,  орын  алмайтыны  сөзсіз.  Осыған  орай  маманды  даярлауда



когнитивті-білімдік,  дидактикалық-әдістемелік,  жобалау құзыреттеліктерін

қалыптастыру қажет.

Когнитивті-білімдік құзыреттілік білім  алушылардың  қажетті  ақпарат

көздерін  іздеу қабілеттерін қалыптастыруға  бағытталған,  яғни  көп  ақпараттың

ішінен  маңыздысын  бөліп  алу,  оны қорыту;  алған  білімді  барынша  игеру

үдерісін


ұйымдастыру; 

оқытудың 

ғылымилығы 

мен


қолжетімділігін

қамтамасыз ету.



Дидактикалық-әдістемелік құзыреттілік өз білімі  мен  кәсіби қызметінің

мақсаты  мен  міндеттерін  тұжырымдауға  және өзектендіруге қалыптастыру;

әртүрлі қызмет түрлерінің мазмұндық негізін модельдеуге; білім алушылардың

оқып-үйренуі мен тәрбие алуының деңгейін диагностикалауға; алған ақпаратты

қабылдауды және  игерген  білімін  шығармашылық тұрғыдан қайта  беруді

ұйымдастыруға;  танымдық және  кәсіби қызметінде өзін-өзі талдау әрі өзін-өзі

бақылау жұмыстарын жүргізуге және оны қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес

түзетуге негізделген.



Жобалау құзыреттілігі – материалды  шығармашылық тұрғыдан  ой-

санадан өткізу  және  оны  тәжірибеде қолдана  білу қабілеттілігі; қызығатын

мәселе  бойынша  озат  тәжірибені  жинақтау; өзінің кәсіби қызметімен қатар,

әріптестерінің практикалық  қызметін  талдау  білігі;  оқушылардың танымдық

қызметін ұйымдастыру.  Бұл  айтылғандардың бәрі  орын  алған  мәселені  көре

білу;  мақсат,  міндеттерді  таңдау; қойылған  міндеттерді  шешу  жолдарын

анықтау;  оларды  шешу үшін қажетті құралдарды іріктеу;  проблемалық

тапсырмаларды шешу барысында алған білімін, білім дағдыларын қолдана білу

деген сөз.


59

Әдістемелік тұрғыдан  арнайы  курстар ұйымдастыру  арқылы  болашақ

мамандар даярлауға болады. «Бейінді оқыту және болашақ мұғалімді даярлау»

арнайы курсын қандай болмасын пәнді оқытудың әдістемесі бойынша базалық

білімі  мен  жалпы  білім  беретін  сыныптарда  оқушылардың танымдық  әрекетін

ұйымдастыру бойынша білігі болған жағдайда жүргізуге болады. Арнайы курс

мазмұны бейінді оқыту туралы материалдардан, қазіргі жаңа технологиялардан,

бейінді  сыныптарда  жұмыс  істеу үшін  жаңа  біліктерді қалыптастыруға

бағытталған семинар сабақтарынан тұрады. Курстың мақсаты – оқушыларды өз

бетінше ізденіс жүргізуіне басымдық беру, кәсіби қызметке дайындау, саралап

оқыту. Одан мынадай міндеттер шешілуі тиіс:

- білімдегі мәселелерге қызығушылық тудыру;

- жаңа білім технологияларын игерту қажеттілігі;

- бейінді оқыту идеясымен таныстыру;

- белгілі бір пәннің мазмұны туралы түсінікті тереңдету;

- бейінді  оқыту идеясын  жүзеге  асыруда қазіргі  жаңа  технологияларды

қолдану мүмкіндіктерін көрсету;

-

жоғары  сыныптарда  бейінді  оқытуды  жүзеге  асыруға



қажетті

практикалық біліктерін қалыптастыру.

Арнайы  курсты  аяқтаған  соң білім  алушылар  мынадай  мәселелерді  біліп

шығады:


- Қазақстандағы түрлі  тарихи  кезеңдегі  білім  беру  жүйесінің түсініктері,

оның мақсатын,  міндеттерін және жай-күйін;  білім  саласындағы  инновациялар

мен реформалар туралы;

- дамыта  оқыту  түсінігі  туралы,  дамыта  оқыту  негізінде  оқу әрекетін

ұйымдастыру ерекшелігін;

- оқытудың іс-әрекеттік әдісінің ерекшелігін;

- белгілі бір пәнді саралап оқытудың ерекшелігін;

- бейінді  оқытудың теориялық негіздерін,  бейінді  сыныптарда  белгілі  бір

пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттерін; оларды беру тәсілдері мен әдістерін;

-

тереңдетіп  оқытатын  пәннің



бағдарламасы  мен  оқу-әдістемелік

құралдарын;

- бейінді  оқыту  кезінде  белгілі  бір  пәнді ұйымдастыру  түрлері  мен

тәсілдерін;

- қазіргі ғылымның даму бағыттары туралы түсініктерді.

Білім алушылар мынадай біліктер алып шығады:

- сабақты әзірлеу  барысында әртүрлі  педагогикалық технологияларды

қолдану;


- сабақта  проблемалық жағдаяттар құру;  сабақтарды  саралап,  даралап

оқыту негізіне құру;

- әртүрлі деңгейлік тапсырмалар мен жаттығулар таңдау;

- бейіналды және бейінді оқыту кезінде элективті курстар жоспарлау.



60

2-қосымша

«Бейінді  оқыту  және  болашақ

мұғалімді  даярлаудың»  арнайы

курстың жоспары:

Кіріспе


1. Білім – мәдениеттің элементі ретінде.

1.1 ХХІ ғасырдағы білімдегі мәселелер.

1.2 Қазақ тілі  мен әдебиеті  білім  саласының мәселелері. Қазақстандағы

қазақ тілі және әдебиеті білім саласының даму тарихы.

1.3 Мұғалім – білім беру үдерісіндегі басты тұлға.

2. Оқытудың жаңа технологиялары.

2.1 Проблемалық оқыту – дамыта оқытудың элементі ретінде.

2.3 Қазақ тілі мен әдебиетін саралап оқыту.

2.4 Қазақ тілін оқытудағы жобалау әдісі.

3. Бейінділік идеясы және оны жүзеге асыру.

3.1 Білімді бейімдеу.

3.2  Түрлі  бағыттағы  сыныптарда қазақ тілі  материалдары  мазмұнын

талдау.

3.3 Элективті және тереңдетілген курстар бағдарламаларын әзірлеу.



3.4 Қазіргі қазақ тілін  оқыту  барысында  оқушыларды  оқу-танымдық

әрекетке ұйымдастыру.

3.5 Бейімдеу саяхаттарын ұйымдастыру.

4. Оқушылардың ҰБТ тапсыру дайындығын ұйымдастыру.

5. Қорытынды сабақ.

Кіріспеде  курстың мазмұны,  мақсаты  мен  міндеттері,  оның мұғалімді

кәсіби-әдістемелік дайындаудағы рөлі қарастырылады.

1.1-1.3  дәрістерінде  мынадай  мәселелер қарастырылады:  ХХІ ғасырдағы

Қазақстандағы білім  жүйесінің  қазіргі  жай-күйі,  тарихи  экскурс. Әртүрлі

тарихи кезеңдердегі оқытудың мақсаттары. Білім жүйесіндегі реформалар, даму

болашағы мен бағыттары. Өзге елдердегі оқыту үдерісінің ерекшеліктері. Қазақ

тілін  оқыту  саласындағы қазіргі  зерттеу  еңбектері.  Мұғалім  мәдениеті. Қазіргі

мұғалімнің

бейнесі.  Педагогикалық  қызметтің

стильдік  ерекшеліктері.

Құзыреттілік туралы түсінік. Мұғалімнің жеке қасиеттері.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін, мысалы, қазақ

тілін оқытудағы педагогикалық жаңа технологияларға, проблемалық оқыту, іс-

әрекеттік оқыту,  саралап  оқыту  секілді  технологияларды қолдану  кезінде

танымдық  әрекетті құру ерекшеліктеріне  байланысты.  Осы  технологиялар

бойынша  оқушыларға  мына  мазмұндағы  дәрістер ұсынылады:  проблемалық

оқыту  негізінде  білім  алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру  ерекшеліктері:

проблемалық сабақ жоспарлау,  нақты  материалдарды  талдау,  материалдың

дидактикалық

мазмұнын

құру,  мәселелердің

шешімін  табу  бойынша

оқушылардың  өзіндік

әрекетін

ұйымдастыру,  проблемалық

оқытудың


61

технологиялық

сызбасы,  проблемалық

жағдаяттар

құрудың  әдістемелік

тәсілдері.



Саралап 

оқыту:

психологиялық-педагогикалық

негіздер, 

түрлері.


Саралаудың екі  түрі:  ішкі  және  сыртқы.  Оқушыларға  жеке әдіс  жүргізу

әдістемесі.  Мектепте қазақ тілі  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыс  түрлері.

Факультативтік  сабақтарды  жүргізу әдістемесінің

ерекшеліктері.  Таңдау

курстары.

Жоба  түсінігі.  Жобалау әрекетін ұйымдастыру  ерекшеліктері.  Тақырып

таңдау,  міндеттер қою,  мәселелерді  тұжырымдау,  шешу  жолдары. Қазіргі

мектепте жобалау әдісін қолдану ерекшеліктері.

Осы  секілді  дәрістерді  оқып  болған  соң, оқушылар  теориялық білімдерін

практикалық-семинар сабақтарында қолданады.

1.  Проблемалық

сабақты  жоспарлау  және  оны

өткізу

әдістемесі:



материалдарды  іріктеу,  оның мазмұнын құру;  проблемалық жағдаяттар құру;

мәселелердің шешімін  табу әрекетін ұйымдастыру.  Рефлексия  түсінігі,  оның

түрлері.  Проблемалық сабақта  рефлексияларды ұйымдастыру  тәсілдері  мен

әдістері.

2.  Мақсат қою;  материалдар  іріктеу,  сабақта қалыптасатын әрекеттерді

анықтау;  оқушылармен  бірге  жұмысты ұйымдастыру;  топтық жұмыс  тәсілін

қолдану; рефлексия ұйымдастыру.

3.  Саралап  оқытуды ұйымдастыру әдістемесі. Оқушылардың ақыл-ой

мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын  ескере  отырып,  жеке әдістерді  жүзеге

асыру. Бейінді сыныптарға арналған әртүрлі деңгейлік тапсырмаларды іріктеу.

Бейінді  оқыту  идеясын  дамыту.  Бейінді  оқытуды  енгізуге  сүйенетін

нормативтік құжаттар, қаулылар.  Жаратылыстану-математика  және қоғамдық-

гуманитарлық бағдарлардың ерекшеліктері.  Тереңдетіп  оқытатын  сыныптарда

қазақ тілін оқытудың ерекшеліктері. Түрлі бағыттағы сыныптарға арналған оқу-

әдістемелік құралдар.

Осыған байланысты мұғалімдер төмендегідей білім мен білікті меңгереді.

1.

Әртүрлі  бейінді  сыныптарда



қазақ

тілі  материалдарын  оқыту

ерекшеліктері. Бөлімді, тарауды ғылыми-әдістемелік талдау, базалық материал;

бөлімде оқытылатын негізгі түсініктер мен ережелер. Әртүрлі бейінді сыныптар

оқулықтары  бойынша  таңдаған  тақырыптарын  салыстыру  және  талдау,

түсініктерді анықтау тәсілдері мен әдістері.

2.  Элективті  курстарға  арналған  материалдарды  талдау  және  дайындау.

Құжаттамаларды ресімдеу  және  бекіту.  Элективті  курс  бағдарламаларын

әзірлеу. Түсінік хаттар мен элективті курсқа тақырыптық жоспарлар құру.

3. Әрекет  түрін  анықтау  бойынша  оқушылармен  танысу, ұйымдастыру

жұмыстары.  Жаңа  ақпараттық технологияларды қолдану  арқылы қазақ тілі

мәселелерін баяндауда мұғалім жұмысының ерекшеліктері.

4.  Экскурсия  міндеттері.

Өңірлік  компоненттерді  ескере  отырып,

экскурсия  тақырыптары.  Экскурсияның  қазақ тілі  курсымен  байланысы.

Экскурсияға алдын ала дайындау.



62

Курсқа оқушыларды ҰБТ-ға дайындау тақырыбы енгізілген. Өйткені ҰБТ

қазіргі мектептердің ажырамас  бөлігі  болып  табылады,оқушылар үшін ҰБТ

ұйымдастыру жөнінде  ақпарат  алудың маңызы  зор.  Бұл  дәріс  мынадай

мазмұннан тұрады:

ҰБТ


жүргізу 

ерекшеліктері.

ҰБТ-да

қолданылатын



қазақ

тілі


тапсырмаларының типтері. ҰБТ-ға дайындау  тәсілдері.  Жаттығулар  мен

тапсырмаларды  типтері  мен  күрделілік  деңгейіне  байланысты  жіктеу. Өте

күрделі тапсырмаларды шешу әдістемесі. Тестерді мұғалімдердің өздері құрып,

пән сабақтарында көрсетуі тиіс. Онда олар тест сұрақтары мен тапсырмаларын

талқылап, кемшіліктерін анықтайды, содан соң түзетулер енгізіледі.

Оқу үдерісін  осындай  курстар  арқылы ұйымдастыру  бейінді  оқыту

жағдайында қазіргі  мектептерде  студенттердің жұмыс  істеуге қажетті  білім,

біліктерді  алуына  мүмкіндік  береді,  ал  бұл өз  кезегінде  тірек  мектебі

(ресурстық орталық) мұғалімінің кәсіби  даярлығын  арттыруда үлкен  рөл

атқаратыны сөзсіз.



63

3-қосымша

Педагогикалық кеңесті өткізудің үлгісі

Педагогикалық кеңесті инновациялық тұрғыда дайындап өткізу белгілі бір

ережелер мен ұстанымдарды басшылыққа алуды талап етеді.

Олар:  педагогикалық кеңестің әрбір мүшесінің  құндылығын  ескеру,

ынтымақтасу, 

бірлескен 

шығармашылық,

жеке  бастамашылдық,

жеке

шығармашылық  үлес, әр  көзқарастың мәнінің болуы.  Мұндай үлгідегі



педагогикалық кеңестерді өткізуге мектеп басшыларынан бастап, директордың

орынбасарлары,

әдіс 

бірлестік 



жетекшілері, 

педагогикалық

кеңес

субьектілерінің



шығармашылық

зертханасы  деуге  болады.  Бұл

әрекет

рефлексивті,  бағдарламалық, теориялық, зерттеушілік,  талдау,  жобалаушылық,



ұйымдастырушылық-басқарушылық, 

өнімді-шығармашылық,

түзетушілік

сипатта болуы тиіс.



Рефлексивті.

Педагогикалық

кеңесті

ұйымдастыру 



мен

өткізу


барысындағы  модель  сыни  бағалау,  мәселені  шешудің мүмкін  жолдарын

ұсынуға бағытталған.  Сонымен қатар  педагогикалық  ұжымның белгілі  бір

мәселені шешу тәжірибесіне өзіндік баға беру арқылы жаңа белестерді белгілеу

болып табылады.



Бағдарламалық. Бұған  сәйкес  мектеп  басшылары  кезекті  педагогикалық

кеңесті  дайындап өткізетін  топты  анықтайды,  олар өз  кезегінде  кеңестің

мақсатын,  міндеттерін,  мазмұны  мен  жоспарын әзірлейді  ақпарат  жинақтау

тәсілдерін анықтайды, оны талдау мен сараптаудың құралдарын таңдайды.



Зерттеушілік. Бұл  жобада ұйымдастырылған  педагогикалық кеңеске

арнайы  шақырылған ғалымдар,  психологтар  мен  педагогтар  арнайы  дәрістер,

басқа да танымдық іс-шаралар өткізеді. Ал шығармашылық топтар:

1) педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі мәселеге орай психологиялық-

педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер, нормативті құжаттарға шолу жасайды;

2) қарастырылып  жатқан  мәселе  бойынша  біріңғай  терминдер  сөздігін

немесе глоссарий жасайды;

3) теориялық семинарлар өткізеді;

4) педагогикалық кеңес тақырыбының өзектілігін негіздейді;

5) әріптестерінің тәжірибелерін талдайды, көрсетеді;

6)  мектептің  құжаттарын  зерттейді,  сабақтағы  оқушы  мен  мұғалімнің

әрекетін бақылайды;

7) мұғалімдермен оқушылармен әңгімелер өткізеді;

8)  ата-аналар,  оқушылар,  мұғалімдер  арасында  сауалнамалар  жүргізіп,

оларды қорытындылайды.

Сараптамалық

педагогикалық

кеңесте  барлық

ақпарат  талданып

жинақталады  (мәліметтер,  сауалнамалар,  бақылау  нәтижелері  т.б.).  Шешілген

және әлі  шешімін  таппаған  мәселелер  анықталады.  Шешілмеген  мәселелердің



64

себептері  айқындалып, қосымша  мүмкіндіктер қарастырылады.  Нәтижелер

сараптамалық кестеге, сызба-нұсқаларға, диаграммаларға түсіріледі.

Жобалаушылық бағыттағы  педагогикалық кеңестерде шығармашылық

топтар қарастырылатын  мәселенің негізгі  бағыттарын,  формалары  мен  шешу

әдістерін алдын-ала жобалап, көпшілік назарына ұсынады.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық

бағытындағы 

педагогикалық

кеңестерді  дайындауда  мектеп  басшылары  кафедра  аралық  (әдіс  бірлестік

аралық) шығармашылық топтар құрады.  Топтардың міндеттері:  ақпараттарды

жүйелеу,  библиография  жасау,  картотека әзірлеу,  пікірталасқа  сұрақтар

дайындау, педагогикалық кеңестің өтілу формасын таңдау.

Өнімді – шығармашылық мақсаттарын  алдына қойған педагогикалық

кеңесті өткізуге  жауапты  адамдар қарастырылатын мәселе  бойынша ұжымдық

ойлау әрекетін (ой қозғау т.б.) ұйымдастырады. Бұған сондай-ақ хабарламалар,

баяндамалар,  экспресс-ақпараттар,  авторлық бағдарламаларды  талдау  жатады

және  оппоненттердің зерттеу  нәтижелеріне  байланысты  талдаулары  енеді.

Педагогикалық кеңестің нәтижесі  ретінде  талданған  мәселені  кафедралардың

(басқа да құрылымдардың) ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қорғауы танылады.

Түзетушілік іс-әрекет педагогикалық кеңес  біткен  соң жүзеге асады.

Шығармашылық топ  педагогикалық кеңестің шешімі  бойынша  педагогикалық

ұжымның жұмысына өзгерістер  енгізіп,  кемшіліктерді  түзету  барысында

мұғалімдерге жеке нұсқаулар мен кеңестер ұйымдастырады.

Мұндай

үлгідегі 



педагогикалық

кеңестер


өткізудің

мұғалімнің

шығармашылығының дамуына әсері  мол  екені  түсінікті.  Инновациялық

бағыттағы  педагогикалық кеңестерде  жалпы  алғанда  мәселенің обьективті

шешімін табу үшін демократия, диалог, полилог, пікірталасты тиімді қолдануға

жағдай жасалады; жеке адамға-қатысты қарастырсақ, шығармашылық әрекеттің

тетіктерін  меңгеру,  шығармашылық кеңістікке  шығудың мүмкіндігі, әдіс

таңдау  мен  ішкі  күштерді  жұмылдырудағы  еркіндік, өз  бетіндік әрекетті,

бастаманы, тапқырлықты ынталандыру жүзеге асады.

Педагогикалық кеңестерді  бұлайша ұйымдастырудың екінші  ерекшелігі

әр түрлі жастағы, психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейлері әрқалай,

қарастырылып отырған  мәселені  шешуге  деген қажеттіліктері  бірдей  емес,

оның

практикалық



маңыздылығы

әр 


текті 

түсінетін 

педагогтардың

шығармашылық жұмысқа  даралай  және  саралай  тартылуымен  сипаттталады.

Бұл үлгі әр  мұғалімге  теориялық білімнің және  практикалық біліктің  қажетті

минимумын  алуды қамтамасыз  етеді.  Сонымен қатар  шығармашыл  мұғалім

үшін

ол  минимумның



мөлшерін  арттыра  отырып,

өзін-өзі


таныту,

шығармашылық  әлеуетін  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Сипатталып

отырған

үлгінің  үшінші  ерекшелігі  оның  ұйымдастырылуындағы  және



әдістемелік жағындағы икемділік.

65

Қорытынды

Қазіргі таңда Қазақстан  Республикасында  жүргізіліп  жатқан  білім  беру

мазмұнын жаңарту әрбір  адамды  заманауи  білім  алуға қажетті  мүмкіндіктер

құруға бағытталған.  Еліміздің  әлеуметтік-экономикалық дамуын  жеделтету

міндеті жоғары оқу орнынан кейінгі білімді түбегейлі өзгертуді талап етеді.

Жоғары  кәсібилікке  ие,  бәсекеге

қабілетті,

қоғамның


өзгермелі

жағдайларына  тез  бейімделетін  жоғары  кәсіби  маман  даярлауға  бағытталған

қазіргі қоғам талап  ететін  талаптарды  тәжірибеде  іске  асыру қазіргі  білімнің

өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Бейінді  оқытудың тұжырымдамасы  білім  беру  жүйесінің мазмұны  мен

құрылымын өзгерту стратегиясын  анықтайды.  Бұл өзгерістер  білім  беру

сапасын  арттыруға  және  білім  алушылардың  әртүрлі  категорияларын  олардың

жеке  бейімділігі  мен  сұраныстарына  сәйкес  толыққанды  дайындауда  тең

қолжетімділігін орнатуға  бағытталған.  Осыған  байланысты  педагогикалық

қызмет


әлеуметтік-мәдени 

мәнге 


ие 

және 


мұғалім 

мәдени-тарихи

құндылықтарды біліп-танушы  ретінде  жаңа  жағымды  мәдени  мүмкіндіктерді

құру қабілетіне (үздік дәстүрлерді сақтау  немесе оларды өзгермелі әлеуметтік-

мәдени жағдайларға бейімдеу) де ие болуы қажет. Нәтижесінде, педагогикалық

білім мекемелерінің алдында тұрған міндеттер де біршама қиындай түседі. Бұл

өз кезегінде  білім  беру  жүйесіне  мамандар  даярлауда  тұжырымдамалық

әдістерді қайта қарастыруды талап етеді.

Тірек мектебі  (ресурстық орталық) мұғалімі өз қызметіне  сәйкес  жоғары

деңгейлі маман болып қана қоймай, сонымен қатар:

- білім  процесінің вариативтілігін  және  тұлғаға  бағдарлануын  (жеке  білім

траекториясын жобалау);

-

интерактивтік,  іс-әрекеттік



компоненттерді  енгізу  арқылы  білім

процесінің

практикалық

бағыттылығын 

(жобалау-зерттеу 

және


коммуникативтік әдістерді меңгеру);

- жоғары  сынып  оқушыларының бейіндік өзін-өзі анықтауын  және  кәсіби

білім  саласына  тиісті  білімді әрі қарай  жалғастыруға қажетті қабілеттер  мен

құзыреттіліктер қалыптастыруды қамтамасыз ету қажет.

Шағын  жинақты  мектептерді  біріктіретін тірек  мектепте  (ресурстық

орталықта)

мұғалімдердің

басын

қосып,


әртүрлі  бағытта

әдістемелік

жұмыстарды ұйымдастыру,  тәжірибе  алмасу  арқылы  олардың педагогикалық

шеберлігін жетілдіру – қазіргі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.



Тірек 

мектеп 

(ресурстық

орталық)

жағдайындағы

әдістемелік

жұмыстарды  мұғалімдердің жеке  педагогикалық шеберлігін  жетілдіруге әсер

ететіндей  етіп ұйымдастыру  педагогикалық  ұжымда  шығармашылық ахуал

орнатуға, шеберліктің биіктіктеріне көтерілуді нәтижелі ететін шығармашылық

қарым-қатынас

орнатуға, 

педагогикалық

оқшаулықты 

(кейде 

тіпті


жалғыздықты)  сезінбеуге,  педагогикалық

жағдаяттарды  бірлесе  шешуге

мүмкіндік туғызады.


66

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы / Астана, 2007 жылғы

27 шілде // Егемен Қазақстан. - № 254-256.

2.

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020



жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы.

3.  Альмухамбетов  Б.А.  Тенденции  развития  системы  повышения

квалификации педагогических кадров в Казахстане. – Алматы: «Ғылым», 2001.

– 290 с.


4.  Тұрғынбаева  Б.А.  Мұғалімдердің шығармашылық  әлеуетін  біліктілікті

арттыру жағдайында дамыту. – Алматы, 2005. – 208 б.

5. Каргин  С.Т., Қыпшақов  С.А. Бейіндік  мектепке педагог-мамандар

даярлау


педагогикалық-психологиялық

проблема 

//

Особенности



профессиональной  подготовки  педагогических  кадров  в  условиях  перехода  на

12-летнее  обучение:Материалы  респ.  Науч.-практ.  Конф.  (22  мая  2009  г.) –

Қарағанды: ҚРУ баспасы, 2009. – Б. 354-358.

6. Каргин  С.Т.,  Омаров  С.Қ., Мұқатаев  А.А. Қосымша білім  беру

бағдарламалары – оқытуды  бейіндік  саралаудың құралы //Теоретические  и

практические  проблемы  реализации  содержания  государственной  программы

развития  образования  в  РК  на  2005-2010  годы:  Материалы  респ.  Науч.-практ.

Конф. (30 марта, 2007). – Қарағанды: Санат, 2007. – Б. 129-134.

7.

Мукатаев  А.А



Профильная  дифференциация  обучения:  опыт

инновационных школ Казахстана. 2008. – P. 39-42.

8.  Кузьмина  Н.  В.  Профессионализм  личности  преподавателя  и  мастера

производственного обучения. – М.: Высшая школа, 1990. – 119 с.

9. Марков А.К. Психология профессионализма. – М.: Знание, 1996.

10. Зеер Э. Компетентностный подход к модернизации профессионального

образования  /Э.  Зеер,  Э.  Сыманюк  //  Высшее  образование  в  России. – 2005. –

№ 4. – С. 23-30.

11. Бобиенко О.М. Ключевые компетенции личности как образовательный

результат системы  профессионального  образования:  Дис... канд.  пед.  наук.

О.М. Бобиенко // Казань, 2005. – 140 с.

12.  Савинков  Ю.  А.  Специфические  педагогические  компетенции

многопрофильного педагога  сельской  малочисленной  школы  // Вестник

Воронежского  государственного  университета.  Серия:  Проблемы  высшего

образования, 2005.

13.  Ланцова  И.  О.  Педагогические  основы  развития  сельского  учителя:

Дисс… канд. пед. наук: 13.00.08. – Москва, 2008. – 197 с.

14. Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық. – Алматы, 2007. - 236 б.

15. Арутюнов  Ю.С.  Методика  разработки  конкретных  ситуаций:  Метод

рекомендации. - М.ВИНИТИ. - 1980. – 44 с.

16.  Левин  В.А.Когда  маленький  школьник  становится  большим

читателем.М.: «Лайда», 1994, 1994. - 192 с.



67

17. Джанбубекова М.З. Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп

мұғалімнің кәсіби  іс-әрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері.  Алматы. -

2010 ж. - 25 б.

18. Отарбаева  К.Ә. Оқу үдерісінде  ақпараттық технологияларды қолдану

арқылы  мұғалім  тұлғасын  дамытудың педагогикалық шарттары.  Автореферат

Атырау, 2010.


68

Мазмұны

Алғы сөз ...................................................................................................

3

1  Шағын  жинақты  мектеп мұғалімінің жеке  тұлғасына қойылатын



талаптарды анықтау және жүйелеудің мақсаты мен міндеттері ............

5

2 Шағын жинақты мектеп мұғалімінің жеке педагогикалық шеберлігін



жетілдіру әдістері ....................................................................................

18

1-қосымша. Тірек  мектебі  (ресурстық орталық) жағдайында  бейінді



оқыту үшін кәсіби-педагогикалық даярлау үлгісі .................................

57

2-қосымша. «Бейінді  оқыту  және  болашақ мұғалімді  даярлау»  арнайы



курстың жоспары .....................................................................................

3-қосымша. Педагогикалық кеңесті өткіздің үлгісі ...............................

60

63

Қорытынды ..............................................................................................



65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...........................................................

66

1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет