Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0.75 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата01.06.2017
өлшемі0.75 Mb.
  1   2   3   4   5

1

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімді

бейіндеп даярлау мәселелері

Әдістемелік құрал

Астана

2013


2

Ы.  Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім  академиясы Ғылыми  кеңесімен

баспаға ұсынылды (2013 жылғы 19 тамыздағы № 4 хаттама).

Тірек  мектебі  (ресурстық орталық) жағдайында  мұғалімді  бейіндеп

даярлау  мәселелері. Әдістемелік құрал. – Астана:  Ы.Алтынсарин  атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013. – 69 б.

Бұл еңбекте тірек  мектебі  (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімді

бейіндеп  даярлау  мәселелері  және  оларды  шешу  жолдары  жан-жақты

қарастырылып, бейінді  оқытуға  көшу жағдайында тірек мектебі  (ресурстық

орталық) мұғалімдерінің теориялық және  практикалық дайындығын,  яғни

педагогикалық шеберлігін, жетілдіру жолдары көрсетіледі.

Әдістемелік құрал  шағын  жинақты  мектеп  мұғалімдеріне,  тірек  мектебі

(ресурстық орталық) басшыларына,  білім  саласы әдіскерлеріне,  осы  саланы

зерттеушілерге арналған.

Бұл әдістемелік құрал шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне, білім саласы

мамандарына,

әдіскерлеріне,

осы  саланы  зерттеушілерге,  студенттерге

арналған.

© Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық

білім академиясы, 2013


3

Алғысөз

Білім  беру  жүйесін  жоғары  білікті  кадрлармен қамтамасыз  ету,  педагог

қызметкерлердің еңбегін  мемлекеттік қолдау  мен  ынталандыруды  күшейту,

жоғары  сыныптарда  бейіндік  оқытудың

мазмұнын  жүзеге  асырушы

мамандармен қамтамасыз  ету  мәселесі Қазақстан Республикасының  «Бiлiм

туралы»  Заңында [1], Қазақстан Республикасында  білім  беруді  дамытудың

2011-2020 

жылдарға 

арналған 

мемлекеттiк 

бағдарламасында

басым

бағыттардың бірі болып белгіленді [2].



Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  бері  білім  беру  мəселесіне  деген  көзқарастар

өзгерді. Жоғарыда аталған құжаттарда мектепке қойылатын негізгі талаптардың

бірі – білім  алушылардың белгілі  бір білімдер  жүйесін  меңгеріп қана қоймай,

сонымен  бірге қоғамда əлеуметтенуге  жəне  еңбек нарығында  белсенді

бейімделуіне  мүмкіндік  беретін  оқушы  тұлғасын  тұтас  дамытуға,  оның

танымдық жəне шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға бағытталу болып

табылады.

Сапалы  білім қоғам  дамуының негізгі  ресурсы екенін  ескерсек, білім

беруге деген  көзқарас  түбірімен өзгеруі  тиіс. Қазіргі

уақытта  мектеп

реформасына  көптеген өзгерістер  енгізіліп,  мектеп  ісінің ішкі-сыртқы  жүйесі

түбегейлі өзгеріп жатқаны белгілі.

Осы  орайда Қазақстан Республикасында білім  беруді  дамытудың 2005-

2010 жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  орта  білімнің жоғары

сатысында  бейінді  оқытуды  енгізу  жоспарланған  болатын. 2006-2007  оқу

жылында  еліміздегі  мектептердің  10-сыныптары  екі  бағыт  бойынша

(жарытылыстану-математика  және қоғамдық-гуманитарлық) бейіндік  оқытуды

саралауға кірісіп кетті.

Қазіргі кезде  осындай қалыптасқан  жағдайда  еліміздің педагогтерін  жаңа

бағытта, яғни шағын жинақты мектептерді біріктіретін тірек мектебі (ресурстық

орталық) жағдайында бейінді оқытуды жүзеге асыру бойынша даярлау мәселесі

күн тәртібінде тұрғаны анық.



Мақсаты: тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында шағын жинақты

мектеп


мұғалімдерін  кәсіби-педагогикалық

тұрғыдан  даярлау  мазмұнын

жетілдіру, мұғалімнің тәрбиелік,  мәдени-ағартушылық жұмыстар  мен оқыту

қызметін жүйелеудің теориялық негіздерін анықтау.



Міндеттері:

-

шағын  жинақты  мектеп мұғалімінің жеке  тұлғасы қалыптасуына  ықпал



ететін әлеуметтік,  экономикалық, экологиялық,  әлеуметтік-педагогикалық

жағдайларды танып-білу;

-

шағын  жинақты  мектеп



мұғалімінің

жеке  тұлғасына

қойылатын

талаптарды анықтау және жүйелеу;

шағын  жинақты  мектеп мұғалімінің жеке  педагогикалық шеберлігін

жетілдіру әдістерін  танып-білу мектептің біріккен  педагогикалық кеңестері,

әрбір мұғалімнің тұтас  педагогикалық  ұжым  алдында  шығармашылық есеп


4

беруі, әдістемелік  жаңалықтардың, сабақ  өткізу түрлері,  оқыту  тәсілдерін

таңдауда өзіндік ерекшелігі бар педагогикалық технологияларды анықтау.

Бейінді  оқыту үшін  бейінді  оқытуды  меңгертетін  маман  болу  керек.  Бұл,

әрине,  мұғалім, ұстаз,  оқытушы.  Ал  оны  даярлайтын  мекеме,  сөз  жоқ,

педагогикалық

институттар.  Сондықтан

бейінді  оқыту  мәселесі  мектеп

қабырғаларында

көп  сөз  болып  келсе  де,

жоғарғы  оқу  орындарында

айтарлықтай қолдау таппады.  Кез  келген  нәрсенің негізі  дұрыс  болмаса, одан

ештеңе өнбейтіні белгілі. Міне,  сондықтан  да  бұл  мәселе  алдымен ұстаздар

даярлайтын жоғарғы оқу орындарында арнайы пән ретінде енгізілуі керек.

Осыған  орай  шағын  жинақты  мектеп  мұғалімдерін  бейіндеп  оқытуға

даярлаудың бағыт-бағдарлары да  анықталмаған. Ал  оларды  даярлаудың бір

шарты мұғалімнің  ғылыми  деңгейін  арттыру,  тиісті  пәндік,  психологиялық-

педагогикалық және әдістемелік даярлықпен қамтамасыз ету болып отыр.

Осы  уақытқа  дейін  жүргізілген еңбектерді  зерделеу  барысында мұғалім

даярлауға қойылатын  талап, негізінен, мамандық бойынша  оқытылатын

пәндердің мазмұнын меңгеруге бағытталған, мұғалімдерді даярлау мəселесінің

кəсіби білім беру теориясы мен əдістемесі саласында бейінді оқыту жағдайында

жұмыс  істеу  дайындығы  жағынан əлі  де  болса қайта қарауды қажет  етеді,

өйткені шағын  жинақты  мектеп  мұғалімдерін  даярлаудың  өзіндік  ерекшелігі

бар.  Шағын  жинақты  мектеп  мұғалімі  барлық жағынан,  яғни  жаратылыстану,

сондай-ақ гуманитарлық бағытта  да  жетік,  оқушылардың психологиялық және

педагогикалық

ерекшеліктерін  меңгерген,  кәсіби-дидактикалық  құзыретті

болуы қажеттігінен туындайды.

Сондықтан да шағын жинақты мектепке маман даярлау мәселесіне кешенді

қарау ұсынылады. Болашақ маман әрбір жеке пәннің әдістемесін ғана емес, бұл

үлгідегі  мектептің

тұтас  жүйесін,

педагогикалық

мақсатын,  міндетін,

мазмұнын,  түрін,  оқытудың жаңа әдістерін  және  тәрбие  жүйесін  біртұтас

қабылдап  меңгеруі тиіс.  Педагогикалық процесте мұғалімнің іс-әрекеті  мен

кәсіби шеберлігі сабақтастықта орын алған жағдайда ғана болашақ мамандарды

өз дәрежесінде дайындау жүзеге аспақ.

Бүгінгі  таңда сыни  жəне  шығармашылық тұрғыда санадан өткізу,  озат

педагогикалық жəне  ақпараттық технологияларды қолдану  арқылы өзінің іс-

əрекетінің мазмұнын  жетілдіруге қабілетті мұғалімге  деген қажеттілік  күннен

күнге  арта  түсуде. Олай  болса,  мұғалім  білім  беру  жүйесінің  қай  саласына  да

бейім, өз  ісінің шебері  болуы  керек.  Осыған  орай  біз ұсынып  отырған

әдістемелік құралда тірек  мектебі  (ресурстық орталық) жағдайында білім

беруде  шағын  жинақты  мектеп  мұғалімдерін бейіндеп  даярлаудың  өзекті

мәселелері, оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылады.


5

1 Шағын  жинақты  мектеп мұғалімінің жеке  тұлғасына қойылатын

талаптарды анықтау және жүйелеудің мақсаты мен міндеттері

Еліміздегі  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  жүргізіліп  жатқан

реформалар  педагогикалық процеске жүйелі өзгерістер  енгізуде Қазақстандық

білім саласындағы елеулі өзгерістер жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы

сатысына  бейінді  оқытуды  енгізуге  байланысты.  Бұл  мақсатты жүзеге  асыру

мұғалімдердің

міндетіне 

жүктелді.

Алайда 

шағын 


жинақты 

мектеп


мұғалімдерінің тәжірибесінде  тірек  мектеп  (ресурстық орталық) жағдайында

жұмыс  істеуге  дайын  еместігі  байқалды. Сол  себепті,  шағын  жинақты  мектеп

мұғалімдерін  бейінді  оқытуға  кәсіби даярлаудың  қажеттілігі  айқындалды.

Мұғалімдерді дайындау  және қайта  даярлау әдістемелік  бірлестіктерде,  жас

мұғалімдер  мектебінде,  біліктілікті  арттыру  курстарында  жүргізіліп  отырды.

Бірақ бейінді  оқыту  процесін ұйымдастыру үшін  бұл  жеткіліксіз  болды.

Жүргізілген  сауалнамалар  бойынша  мұғалімдер  көптеген қиындықтарға тап

болғандығын көрсетті, атап айтсақ:

• кейбір  мұғалімдердің  өзіне қолайлы педагогикалық технологияны

қолдануда қиындықтарға тап болуы;

• педагогикалық технологияны  оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде  мектеп

басшылары тарапынан әдістемелік көмектің жеткіліксіздігі;

• ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгертуге материалдық

базаның әлсіздігі;

• педагогикалық технология негіздерін болашақ мұғалімдердің жоғары оқу

орнында 


толықтай

меңгермеуінен 

жас 

маманның


педагогикалық

технологияның ерекшеліктерін ұға алмауы;

мектептің



озат 

мұғалімдері

өз

тәжірибесінде



инновациялық

технологияны ғылыми тұрғыдан негіздей алмауы;

• жаңа білім технологиялары саласында жеткілікті ақпарат алмауы;

• оқушылардың зерттеу әрекетін ұйымдастыруда қиындықтар  туындауы;

таңдау  (элективті)  курстарын  жоспарлау  және ұйымдастыру  саласында

білімдерінің жетіспеуі, т.б.

Мұғалімнің

кәсіби 


шеберлігіне 

байланысты 

мәселелер 

көптеген


жауапкершілікті талап етеді. Қазіргі кезеңде білім беру мақсаттары күрделеніп,

оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары

және педагогикалық әсер етудің объектісі – оқушылар да айтарлықтай өзгеруде.

Осы  факторлардың барлығы  мұғалімнің педагогикалық кәсіби  шеберлігінің

деңгейін  жоғарылатуды  көздейді.  Оқу үрдісі  жаңаруының басты  шарты – кез

келген  педагогикалық жүйенің тұлғасы  болып  табылатын мұғалімдердің

педагогикалық шеберлігін арттыру.

Білім  беруге  кері әсер  ететін  факторлар – ескірген әдіснамалар  мен  білім

беру  мазмұнын  таңдау  принциптері. Оқулықтағы  мәтіндердің күрделенуі,

ақпараттың шамадан  тыс  болуы  оқушылардың оқуға  деген  ынтасының



6

төмендеуіне  және  денсаулығының нашарлауына әкеледі.  Оқыту  тұлғаны

дамытуға емес, немқұрайды нәтижелер алуға бағытталған.

Бейінді оқытуды ұйымдастырудың басқарушы ережелері ұстанымдарының

бірі – бейінді оқытуды іске асыру оқытудың тиімді технологияларын енгізумен

анықталған.  Оқу  бағдарламалары  тек қана  оқылатын  материалды ғана қамтып

қоймай,  жоғары  сынып  оқушыларының оқу процесідегі әрекет түрлерін  де

көрсетеді: зерттеу, пікірталас, құрастыру, жобалау және т.б. Сондықтан да тірек

мектебі  (ресурстық орталық) жағдайында бейінді  оқытуды  жүзеге  асыруда

мұғалім даярлау маңызды мәселе болып табылады.

Шағын 

жинақты 


мектеп

мұғалімі


тұлғасының 

қалыптасуына

педагогикалық практика  кезінде  атқаратын  жұмыстар  мен  сол  жұмыстарды

ұйымдастыру және өткізу әдістері үлкен әсер етеді. Ондай жұмыстар қатарына

мына төмендегі мәселелерді айтуға болады:

1. Оқытылатын пәндердің бағдарламалық талаптарын жете білу.

2. Шағын жинақты мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін

меңгеру.


3.  Оқушылармен  жұмыс  істеу  икемділігінің, білім, қарым-қатынас,

адамгершілік сапаларының қалыптасуы.

4. Ұйымдастырушылық шеберліктерінің болуы.

5. Тәрбие  мәселелері мен  оны ұйымдастырудың жолдарымен әдіс-

тәсілдерін білу.

6.  Сабақты ұйымдастыру  және  оқыту әдістерін  меңгеру.  Оған  көптеген

икемдіктер  енеді:  сабақты  жоспарлай  білу;  тиімді әдіс-тәсілдерді  таңдау;  жаңа

технологияны қолдану  шеберліктері;  сабақ барысында оқушылардың өздігінен

атқаратын жұмыстарды іріктей білуі; оқушылардың шығармашылығына жағдай

туғызу;  оқушылардың тілін;  ойлау қабілетін  дамытуға  көңіл  бөлу;  сабақ

барысында оқушылар белсенділігін ұйымдастыру, т.б.

Ұйымдастырушылық қабілеті,  педагогикалық ойы,  шешімділігі  мен

шапшаңдығы,  кез  келген жағдайда тиімді  шешім  табуға қабілеттілігі –

бұлардың бәрі мұғалім тұлғасының сапасына енеді. Ал коммуникативтік – бұл

тұлғаның адамгершілік,  интеллектуалдық деңгейінің нәтижесі.  Сол  арқылы

кішіні  де, үлкенді  де  сыйлаумен қатар,  кез  келген  ортада өзін  орынды ұстап,

қарым-қатысқа өз деңгейінде  түсе  білуі.  Бұл  жағдай  тұлғаның ерекше

педагогикалық, психологиялық ой-өрісін көрсетеді.

Дегенмен,  педагогикалық білім  беру  теориясына  сүйене  келе,  мектеп

тәжірибесінен  және шағын  жинақты  мектеп  мұғалімдерінің іс-әрекетінен

байқағанымыздай,  мұғалім әлі  де  болса  күннен  күнге  жаңарып  отырған  білім

беру міндеттерін шешуге дайын еместігін көрсетіп отыр. Сонымен қатар шағын

жинақты  мектептің оқыту  іс-тәжірибесіне  жүргізілген  талдау  соңғы  жылдары

оқушылардың көбі мектеп  бітірер алдында өткізілетін  бірыңғай ұлттық

тестілеуден  нәтижеге қол  жеткізетіндігіне  сенімсіздігі  мен  дайындықтың  өз

дәрежесінде  болмауынан  колледждерге,  техникалық мектептерге  көптеп  кетіп

жатуы, білімнің негізгі  сатысы мен  жоғары  сыныптарда  талап  етілетін  білімге


7

сай  болмай  отырғанын  байқатады.  Мұның тағы бір  себебі,  бейінді сынып

мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің жеткіліксіздігі, яғни олардың

пәндерді  оқытуды  тек  бағдарламалық материалдарды беру  деп  түсінуі, әр

пәннің мәнін ұқтырып,  оны өз  дәрежесінде  оқытудағы  мұғалімнің теориялық

және әдістемелік дайындығының төмендігі.

Шағын  жинақты  мектеп жағдайында  білім  беру  мәселесінің негізгі

мақсаттарын шешуде олқылықтар бар екені байқалды.

Осы  орайда  мұғалімдерді бейіндеп  даярлаудың технологиясы  мынадай

кезеңдерден тұрады:

- мұғалімді даярлау және мұғалім тұлғасының үлгілері;

- ғылыми және әдістемелік даярлығын кеңейту;

- оқытудың дидактикалық құралдарын әзірлеу (оқу құралдары, әдістемелік

нұсқаулар, т.б.);

- жоспарланатын  жұмысқа  мұғалім дайындығының деңгейін  объективті

көрсететін критерийлер мен көрсеткіштерді таңдау.

Мұғалімді  даярлау үлгісінің теориялық-әдіснамалық негіздерін  таңдау

кезінде  мұғалімді  бейінді  оқытуға даярлауда  тек  жоғары  деңгейдегі  маман

ретінде

ғана  емес,  сондай-ақ



білім

үдерісінің

вариативті  бағдарын;

оқушылардың бейіндік өзін-өзі анықтауын;  жоғары  сынып  оқушыларының

тиісті 

салада 


білімін 

жалғастыру

үшін

қажетті


қабілеттері 

мен


құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етуі  тиіс.  Сондықтан  жүйелі

дайындық пәндік-білімдік  және әдістемелік  дайындықтың  (мақсаты,  жағдайы,

ұйымдастырушылық әрекеті мен нәтижені қоса алғанда)  бірлігі  мен өзара

байланысына құрылған құрылымдық-функционалдық  үлгілер,  деңгейлік  және

кезеңдік бағдарламалар негізінде іске асырылады (1-қосымша).

Мұғалімдердің  қиындық

көретін  мәселелерін  зерттеу  мен  талдау

барысында, оның басты  себебі  оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  істеу

дағдыларын қалыптастыру,  оқу үрдісінің ырғағын  айқындау  мен  есепке  алуға

байланысты  болды.  Бұл

қиындықтар  олардың

кәсіби  педагогикалық

даярлықтарының жетіспеуінде  жатыр.  Тірек  мектебі  (ресурстық орталық)

оқушыларының оқуға  деген қызығушылықтары  мен  ынтасын қалыптастыру

жұмысына мұғалімдерді даярлау деңгейі педагогикалық оқу орындарының оқу

құралдарында, оқыту процесінде жатыр деп ойлаймыз.

Мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселесі көптеген ғалымдардың еңбектерінде

жан-жақты талданған. Мәселен,  мұғалімнің кәсіби  шеберлігін қалыптастыру

туралы  классикалық педагогика өкілдері  Я.А. Коменский,  И.Г. Песталоцци,

К.Д. Ушинский,  А.С. Макаренко және қазақ ағартушылары А. Құнанбаевтың,

Ы. Алтынсариннің,  Ш. Құдайбердиевтің, Ш.Уәлихановтың педагогикалық

мұраларында қарастырылған.  Сонымен қатар  Ж. Аймауытұлы,  М. Әуезов,  А.

Байтұрсынұлы, М. Дулатов,  Х. Досмұхамедұлы,  М. Жұмабаев,  Е. Омарұлы,  Т.

Шонанұлы  және қазақтың біртуар  зиялы  азаматтары  да  мұғалімдердің білімін

көтеруіне, әдістемелік дайындығына атсалысқаны белгілі.


8

Әр ғалым  педагогикалық зерттеу  барысында  тұлға қалыптастырудағы

педагогикалық практиканың мәніне  тоқтала  отырып, әртүрлі  анықтама  береді.

Мәселен, Б.А.Әлмұхамбетов өз  зерттеулерінде  біліктілікті  арттыру  жүйесінің

тарихы  мен  даму  болашағын еліміздің біліктілікті  арттыру  мәселесін шетелдік

тәжірибелермен  салыстыра  көрсеткен.  Біліктілікті  арттырудың

сапасын

арттыру, деңгейін көтеруге ықпал ететін жолдарды ұсынады [3].



Б.А. Тұрғынбаева  осы  саладағы ғылыми зерттеулерінде  шығармашылық

әлеует  адамды  кәсіби әрекеттің биігіне  шығаратын  сапа  деп  тұжырымдайды.

Ұстаздың акме жағдайға  жетуі оның  өз  бетінше  білім  алуына, өзін-өзі

тәрбиелеуіне, өзін-өзі  жетілдіруіне  және  осының бәрін  шығармашылықпен

қолдана алуына байланысты екендігін ғылыми негіздеген [4].

Білім


адамның  өзгеруін  басқаратын

процесс

болғандықтан,  ол



педагогикалық

мамандықтың

кәсіби 

біліктілік



қабілеттерін 

дамытуға


бағытталады.  Сондықтан  «адамды» өмір  сүру  барысында өзгеруге әлеуеті

жететін  ашық жүйе  деп қарастырғанымыз  жөн.  Ол  белгілі  бір  саладағы маман

болғандықтан,  «адамды» маман  тұрғысынан қарау  «біліктілік» ұғымына

шығарады.  Біліктілік – бұл  білімді  меңгерудегі,  тәжірибедегі  білімділікті,

құндылықты  бейнелейтін  жалпы қабілеттілік. Бүгінгі  күн – мұғалімнің

біліктілігін  арттыруды  жалпы қоғамдық мәселе  ретінде қарастыру қажеттігі

туған  кезең. Себебі  білімді  тереңдету,  молайту,  жетілдіру,  арттыру  жеке  басы

үшін ғана емес, қазіргі қоғамға қажет деп қабылдауымыз керек. Бұл мұғалімнің

өз қызметінде  табысқа  жетуін ғана  көздемейді,  оның аясын  одан әлдеқайда

кеңірек қарастырған жөн.

Мұғалім – бүгінгі оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге

дайындаушы.  Мұғалім  мамандығының  құндылығы  да  осында  деп  түсінгеніміз

дұрыс.

«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген



және  аңғарған  нәрселерінің бәрін  жадында  сақтайтын,  олардың ешбірін

ұмытпайтын,  алғыр  да  зерек  ақыл  иесі, өте  шешен, өнер-білімге құштар,  аса

қанағатшыл,  жаны  таза  және әділ,  жұртқа  жақсылық жасап, үлгі  көрсететін,

қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деп, шығыстың

ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби ұстаз болмысын осылай айқындаған екен.

Біліктілікті  арттыру  курстары  арқылы  мұғалімдерді  оқытуда  оқытушы

жетекшілік,  бағыт  берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді

атқаруы керек. Оқытушының осындай әрекетіне білім алушы мұғалімнің өзі де

бойындағы  бар  білімін  көрсете байланыс  жасағанда ғана  сапалы  нәтижеге

жетуге болады деп ойлаймыз.

Шағын  жинақты  мектеп  мұғалімдерінің өз  білімдерін  жүйелі  көтеріп

отырулары – олардың шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне  ықпал  ететін  негізгі

фактор.  Еліміздің білім  беру  саясатындағы  көкейтесті  мәселелердің бірі бұл

үлгідегі  мектеп мұғалімдері өз біліктіліктерін  жүйелі түрде арттырып  отыру

қажет.


9

Іс-тәжірибе  барысындағы қиындық мұғалімнің кәсіби-педагогикалық

қызметі  мен  даярлық деңгейіне қойылатын  талаптар  арасындағы  сәйкессіздік

салдарынан  туындайтыны  сөзсіз. Жас  мұғалімдер  оқушылардың  өздігінен

әрекет  ете  білу  дағдыларын

қалыптастыру,  оның  қарқынын  зерттеу,

оқушылардың  өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру  мәселелерінде,  сондай-ақ

оқушылардың пән  мазмұны  бойынша  білімді  меңгеруінен  емес,  сол  бойынша

жұмыс  істету әдістерінен қиындық көреді.  Сонымен  бірге  мұғалімдер  оқу

мақсаттарын қою,  міндеттерін  белгілеу  және оның нәтижесін  жоспарлау,

қиындықты  жеңу әдістерін  іздестіру бойынша  да қиындықтар  көретіндігі

байқалады.

Мұғалімдердің

көпшілігі

оқушылардың

оқу


әрекетін

ұйымдастыруда олардың даму деңгейлеріне жете мән бермейді, мысалы, белгілі

бір  тапсырманы  орындатуда әр  сынып  оқушыларына бірдей әдіс қолданады.

Мұндай  жағдайлар  болашақ

мұғалімді  кәсіби  даярлаудағы

мәселемен

байланысты деп ойлаймыз.

Ұлттық білім  берудің негізгі  бағыты – адамды қоғамның ең негізгі

құндылығы  ретінде  танып,  оның рухани  баюына,  саяси  көзқарасы  мен

шығармашылық белсенділігінің, кәсіби  іскерлігінің  қалыптасуына  толық

мүмкіндік  беру,  жағдай  жасау.  Сондықтан  жас  маманның бойында үш  түрлі

біліктілік қалыптасуы қажет:

а) пәндік  біліктілік. Пән  бойынша  алған  теориялық білімі  мен  іскерлігі

жатады. Теориялық білім пән арқылы беріледі;

ә) педагогтік  біліктілік. Педагогиканың негізін, ұстанымдарын, әдіс-

тәсілдерін, сабақты ұйымдастырудың негізгі нысандарын білуі тиіс;

б) технологиялық біліктілік. Білім  берудің сапасын  көтеру, өз  бетімен

іздену қабілетін қалыптастыру.

Білімді  де  білікті  маман  даярлаудың мақсаты – маманның бойында  іргелі

де  жүйелі  білім,  кәсіби  іскерлік  пен  дағды,  шығармашылық белсенділік  пен

еркіндік,  мәдени  ойлай  білу қабілеттерін қалыптастыру  болса,  ал  шағын

жинақты  мектеп  жағдайында  білім  берудің жаңа  жүйесі  нені  оқыту  (білім

мазмұны), қандай  жүйеде  оқыту  (құрылымы), қалай  оқыту  (педагогикалық

технология) мәселелерін шешуге бағытталған.

Шағын жинақты мектеп мұғалімі өз қызметін тиісті дәрежеде атқара алуы

оның біліктілігіне  байланысты.  Атап  айтқанда:  гностикалық, педагогтік,

қоғамдық-экономикалық, коммуникативтік.

Еліміздің бүгіні  мен  ертеңі – өскелең  ұрпақ еншісінде.  Ал  осы ұрпақты

бүгінгі  таңда  жан-жақты,  терең білімді,  интеллектуалдық деңгейі  жоғары,

өздігінен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны

шығармашылыққа  жетелеу.  Бұл  мұғалімнен  терең біліктілікті қажет  етеді.

Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады.

Бүгінгі  шағын  жинақты  мектепке қоғамның  қарқынды  дамуына  ілесе

алатын,  заман  талабына  сай  ойлайтын, ғылыми-әдістемелік  білімі  жеткілікті,

педагогика  мен  психологияны  терең меңгерген  ізденімпаз  мұғалім қажет.  Бұл

мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру процесі



10

мұғалімнің дайындық деңгейі  мен  мамандық сапасына үлкен  талап қояды.  Ол

мұғалімнің 

өзін-өзі 

дамуына,

өзіндік 


білім 

алуына 


және

өздігінен

шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі  уақытта  мұғалім  білім  беру  жүйесіндегі кез  келген өзгерістегі

педагогикалық  үдерістің негізгі  субъектісіне  айналып  отыр.  Сондықтан

мұғалімдерді  жаңа  заманға  бейім  болуға  жағдай  жасайтындай,  мүмкіндік

туғызатындай  кәсіби  білімдерін  көтеру  және қайта  даярлау  курстарының

мазмұнын өзгертіп,  жасақтау қажеттілігі  туындауы  заңдылық. Яғни  тірек

мектебі  (ресурстық орталық) мұғалімдері өзін-өзі  дамытуына  және өздігінен

білім  алуына  мүмкіндік  алады.  Мұғалімдердің жоғарыдағы  сапаларға  жетуі

үшін төмендегідей міндеттерді белгілеуге болады:

1. Шығармашылықпен еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызу.

2. Заман  талабы, қоғам  сұранысына, қажеттігіне  сәйкес әлемдегі  және

отандық озат іс-тәжірибелер,  жаңа  технологиялар,  инновациялық  әдістермен

ұдайы қаруландырып отыру.

3. Шығармашылық ізденісі  мен  еңбегіне  толық еркіндік  бере  отырып,

оқытуды ізгілендіру мақсатындағы талап, тілектерінің орындалуына, өзіндік іс-

тәжірибесін таратуға мүмкіндік туғызу.

4. Мұғалімнің зерттеушілік  мәдениетінің  қалыптасуы  мен  дамуы үшін

қажетті бағыт-бағдар беру.

5. Кәсіптік  шеберлігін  арттырып  отыруға  бағытталған  түрлі  іс-шаралар

өткізіп тұру.

6. 

Тірек 


мектебі 

(ресурстық

орталық)

мұғалімінің 

қоғамдағы

белсенділігінің артуы үшін  кәсіптік  мәртебесі  мен әлеуметтік  беделіне үнемі

көңіл бөлу.

Жоғарыда айтылғандарды талдау барысында:

-

қазіргі қоғам  сұранысының талаптарына  сай тірек  мектебі  (ресурстық



орталық) мұғалімінің кәсіби-дидактикалық  құзыреттілікті  меңгеру қажеттілігі,

сондай-ақ оны  педагогикалық жоғары  оқу  орындарында қалыптастырудың

ғылыми түрде негізделуінің жеткіліксіздігі;

- шағын  жинақты  мектеп мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін

қалыптастырудың  қажеттілігі  мен  оны  жоғары  оқу  орнында  жүзеге  асыру

әдістемесінің болмауы;

- шағын  жинақты  мектеп мұғалімін  дайындаудың  қазіргі  жағдайы  мен

педагогикалық

жоғары  оқу  орындарында  болашақ

мұғалімнің

кәсіби-

дидактикалық 



құзыреттілігін

қалыптастыру 

мүмкіндіктерінің

толық


пайдаланылмауы арасында сәйкессіздіктер бар екендігі анықталды.

Міне,  осы  орайда  шағын  жинақты  мектеп  мұғалімі  тек өз  бейініне  және

мамандығына сәйкес келетін жоғары деңгейдегі маман болып қана қоймай, оқу

процесінің көпнұсқалылығын  және  тұлғалық бағдарлануын  (жеке  білім  беру

траекториясын  жобалау),  интерактивтік,  іс-әрекеттік  компоненттерді  енгізу

арқылы  оқу  процесінің практикалық бағыттылығын  (жобалау,  зерттеу  және

коммуникативтік әдістерді  меңгеру),  бейінді өзін-өзі  анықтаудың аяқталуын


11

және  білім  алуды әрі қарай  жалғастыруы үшін қажетті қабілеттер  мен

құзырлылықтарды қамтамасыз етуі тиіс.

Қазіргі  заманғы  білім  беру  жүйесі  мұғалімдердің кәсіби  шеберлігі

мәселесін  күрделендіріп  отыр. Өйткені  дәл қазіргі  таңда  оқушылардың жалпы

және 


рухани 

мәдениетін 

мұғалім 

анықтайды. 

Көптеген 

еңбектерде

педагогикалық шеберлікке берілетін анықтама бойынша мұғалім өз тарапынан

балаларды  сүюге,  тәрбиелеу  және  білім  беруін  барлық уақытта  жоғары

деңгейде жаңалап отыруға тиіс.

Педагог – өз  ісінің шебері.  Бұл  дегеніміз – жоғары  мәдениетті, өз  пәнін

терең білетін, өзіне  тиісті ғылым және  мәдениет  салаларымен жақсы  таныс,

психологиялық мәселелерін  тәжірибелік  түрде  талдай  білетін,  тәрбиелеу  мен

білім  беру әдістемесін  терең меңгерген  маман. Осылайша, педагогикалық

шеберліктің маңыздылығын  кәсіби әрекеттерді ұйымдастырудың жоғары

деңгейін қамтамасыз етуші жекелік қасиеттердің жиынтығы деп көрсетеді. Бұл

қасиеттерге  оқытушы

әрекетінің

гуманистік  бағытталуы,  кәсіби  білімі,

педагогикалық ерекшеліктері және педагогикалық техникасы жатады.

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі – маманның соңғы қол  жеткізетін

дайындық деңгейі.  Ол өмірлік  тәжірибелер  негізінде қалыптасып  жүзеге

асырылатын үрдіс.

Шағын жинақты мектеп мұғалімдерін дайындауда, ең алдымен, қойылатын

талап – мектеп  бітірушінің мамандық түріне қызығушылығының, ынта-

ықыласының болуы.  Бұл әрі  шарт  ретінде қарастырылуы  тиіс.  Себебі,  жоғары

оқу  орындарын  бітірген  болашақ педагогтер өз  мамандығы  бойынша қызмет

етпей, басқа  салаға  ауысуы  көптеп  орын  алады.  Сол  себепті  де  мектеп

қабырғасынан  бастап педагогикалық  қызметке  кәсіптік  бағдар  жұмыстарының

жүргізілуі,  кәсіптік  жарамдылықты, үйлесімділікті  анықтауға  бағдарланған

жұмыстардың ұйымдастырылуы үлкен мәселе.

Мұғалімнің

кәсіби  білімі  мен  біліктілігі  жоғары  деңгейде  болып,

оқушылардың

тұлғалық 

қасиеттерін 

дамыту 


мәселелерін 

шешуге


шығармашылық  қабілеттері  болуға  тиіс.

Мұғалімнің

кәсіби  даярлығын

жетілдіруде екі негізгі міндетті орындау қажет:



Бірінші мәселе – ұстаз қызметінде тәрбие беру мәселесі;

Екінші мәселе – дидактикалық даярлығын арттыру.

Еліміздің жоғары  оқу  орындарында  мұғалім  даярлау  барысында  бірнеше

бағыт  анық байқалады.  Дәстүрлі  педагогикада  олардың ең негізгі  бағыттары -

әлеуметтік  сұраныстың  өсуіне  сәйкес  жеке  тұлғалық

мінез-құлықтары,

қоғамдық


тәрбие  саласындағы  мақсатты

талаптардың  өзгеруімен

қатар

тәрбиелік  жұмысына қажетті  дағдылар,  мүмкіндіктер,  білім  ауқымын  анықтау,



мұғалім  даярлаудың мінсіз  нәтижесін ұсыну  болып  табылады.  Мұғалімді

даярлау мақсатына қызмет  етіп,  оның бағдарламасын  айқындайтын өлшемдік

бейнелерге 

мамандық


моделін, 

кәсіби 


паспортын 

және 


біліктілік

сипаттамаларын жатқызуға болады.



12

Педагогикалық  қызметті,  оның  құрылымдарын,  міндеттік  бөлшектерін,

жүйелік ұйымдастыру қағидаларын  зерттеу  мәселелерін қамтитын  басқаша

бағыт  саласында  маңызды  теориялық және  тәжірибелік  мәліметтер  де

баршылық. Демек,  бұл  жерде ғылыми  білімдерді  теңестіру  кезеңін  көрсететін

мәліметтердің жеткілікті  көлемде  жинақталғанын  айтуға  болады.  Мұғалімнің

еңбекке  деген  ықыласы, өмірлік  көзқарасы,  кәсіби  бағыты  сияқты  жеке

жинақылық сапалық мінезін  зерттеу  және  іздестіруді  сипаттайтын қарсы

үрдістегі пікірлер де жоқ емес.

Педагогикалық  ғылымның  үздіксіз  білім  беру  мәселелерінің ойысуы

мұғалім қызметіне  байланысты  тақырыптарды  жаңа қырынан қарастыруға

мүмкіндік  туғызды.  Нәтижеде  мұғалім  даярлаудың  әдістемелік  мүмкіндіктері

мен кәсіби мазмұнына баса назар аударатын оқытудың мақсатты тәсілі де дами

түсті.

Болашақ мұғалім  жұмысының мазмұндық және  міндеттік қырларын

нақтылау қажетті  мәліметтерді  таңдап  алу  негізінде  жүргізіледі.  Негізгі

педагогикалық

ережелерді

ғылыми 

пайдалану 



дәрежесін 

арттыру,


педагогикалық  қызметті  игерудің сапасын  жетілдіру  де  осы  мақсатқа қызмет

етуге тиісті.

Дидактикалық дайындық – кәсіби-педагогикалық даярлықтың негізгі және

маңызды саласы.

Дидактикалық даярлық дегеніміз не? Бұл – күрделі ұғым. Шағын жинақты

мектеп  мұғалімдерінің дидактикалық даярлығына  жататындар:  олардың оқыту

процесінің теориясы мен тәжірибесі бойынша игерген білімдері, педагогикалық

қызметке деген ынтасы мен мүмкіндіктері. Нақты айтқанда, оқытудың мақсаты

мен  мазмұны, оны ұйымдастыруда қолданатын  тиімді әдіс-тәсілдерді  жете

біліп,  іске  асырудың

жолдарын  меңгеруді  дидактикалық

даярлықты

анықтайтын  белгілер  деуге  болады.  Осыған  орай,  педагогикалық  қызметті

атқаруға қажет  мұғалімнің бойында  мынадай  дидактикалық  қабілеттер  болуы

қажет: оқыту үрдісін жоспарлай білу, оны мақсатты түрде бақылау мен бағалау

ісін орындап отыру.

Мектептегі  оқыту  дидактикалық  үрдіс  болғандықтан, тірек  мектебі

(ресурстық орталық) мұғалімі өзіне  тән  психологиялық, педагогикалық

ерекшеліктерді  білуі  міндетті.  Оқыту үрдісінің басты құралы – оқытудың

мақсаты мен мазмұны. Оқушылардың рухани дамуына, ең алдымен, оқытудың

ғылыми мазмұны мен гуманитарлық бағыты орасан зор ықпал етеді.

Шағын  жинақты  мектеп  мұғалімдерінің дидактикалық дайындығын

арттыру үшін  оларды  оқыту үрдісінің заңдылықтары  туралы  психологиялық

тұжырымдармен,  белгілі  теориялармен қаруландыру қажет.  Соңғы  курстың

студенттері  мен  мұғалімдер  арнаулы  пәндерден  алған  білімдер  дағдыларының

сапасы  мен  деңгейі  психология,  педагогика, әдістемелік  пәндерге қарағанда

жоғары  екенін  айтады.  Мұғалімнің кәсіби  шеберлігі  мен әрекетінің дербес

әдісінің  құрылымдық негіздері  оқытудың  құрылымына қатысты  толық және

жүйелік жобаларды қамтиды.


13

Сондықтан  оқытудың және білім  берудің келіскен  және динамикалық

мақсаттарын  білім  беру процесінің өзгеріп  отыратын  барлық талаптарына

жауап  беретіндей  етіп өңдеу  керек.  Жаңа процестің белсенділігі – мұғалімнің

біліктілігін 

жоғарылату 

жүйесінде 

кәсіби 


шеберлігінің 

құрылуының

қорытындысы  болып  табылады.  ХХІ ғасыр  білім  беру  жүйесінің нақты

кешендерін  ескере  отырып,

қазіргі  заманғы  мұғалім

өзгермелі  оқыту

технологиясын тез арада жүзеге асыруға, балалармен инновациялық оқу үрдісін

жылдам ұйымдастыруға қабілетті болуы қажет деген тұжырымдамаға келеміз.

Білім  беру  жүйесін  түбегейлі  реформалау  жағдайында  оның барлық

деңгейлері  арасында үздіксіздік принципі  сақталуы қажет.  Бұл  дегеніміз –

жүйенің бір  бөлігі өзгеріске ұшыраған жағдайда  онымен  байланысты  басқа

компоненттер  де  соған  байланысты  икемделуі  тиіс.  Бұл, əсіресе жалпы  орта

білім  беру  мен  кəсіби  білім  беру  деңгейлері  арасындағы  байланысқа қатысты.

Себебі кəсіби білім беру жүйесі (нақтырақ айтсақ, оның ішінде педагогикалық

мамандар  даярлау  жүйесі) жалпы  орта  білім  жүйесіне тікелей қызмет  етеді,

екіншісінің сапасынан бірінші жүйенің сапасы тəуелді болады.

Бұл жағдай жалпы білім берудің жоғары сатысында бейінді оқытуға көшіп

отырған  бүгінгі таңда өзекті  болғандықтан  мұғалімдерді даярлауда  болып

жатқан өзгерістерді  есепке ала отырып  жүргізілуі  керек.  Яғни тірек мектептің

(ресурстық орталықтың) жоғары  сатысында  жұмыс жасайтын  мұғалім  бейінді

оқыту  жағдайында жұмыс  істей  алатын,  оның ерекшеліктерін  білетін, сол

бойынша қосымша  білім  бағдарламаларын  жасай білетін жəне  оларды  жүргізе

алатын болуы қажет. Міне, осы аталғандар пəн мұғалімінің пəндік, əдістемелік

дайындығымен  бірдей  деңгейде  көңіл  бөлінетін,  маман даярлау жүйесінде

қалыптастырылатын негізгі құзыреттіліктер  болуы  тиіс. Дегенмен, қазіргі

кəсіби білім беру жүйесінің аталған өзгерістерді терең әрі жүйелі есепке алмай

отырғаны белгілі. Оның үстіне, біліктілікті арттыру жəне қайта даярлау жүйесі

де бұл мəселеге тек үзік-үзік сипатта мəн беріп отыр.

Шағын жинақты мектеп жағдайында мұғалімдерді кəсіби даярлау жүйесі

мен біліктілікті  арттыру  институттарының жұмыс  жоспарларына  талдау

жасағанда

анықталды.

Сондықтан

шағын


жинақты  мектеп  жағдайында

мұғалімдер  даярлау  жəне қайта  даярлау жүйесінде  білім  беру мазмұнын қайта

қарастыру, жоғарыда аталған өзгерістерді есепке алу қажеттігі туындайды. Бұл

жерде  білім  беру  жүйесінің барлық деңгейлері,  оның ішінде осы  саланы

басқару органдары өзара бірігіп күш жұмсау керек.

Бүгінгі  күні  біздің еліміздің  ғалымдары  алдында  білім  беру  саласының

даму  жолын қайтадан, жаңа  көзқарас  тұрғысынан қарастыру  міндеті  тұр.  Бұл

қоғам сұранысынан жəне қажеттілігінен туындайды. С.Т. Каргин, С.Қ. Омаров,

А.А.Мұқатаев

[6]


өз  еңбектерінде

бейінді  оқытуды

саралап-даралап

ұйымдастырудың,

бейінді  оқытуды  іске  асырудың

кейбір  мəселелеріне

тоқталады. Осы  жəне  басқа  да  еңбектерде білім  туралы  сөз  болғанда

оқушылардың сұраныстарын, қызығушылықтарын  ескеру, оқыту процесін əр

бейінде, оқу  материалын  игерудің түрлі  топтарына  негіздеп құру  мəселелері


14

көтеріледі.  Мұның барлығы оқыту мақсатын  оқушылардың мүмкіндіктері  мен

тілектеріне  жəне

қоғамның


əлеуметтік,

саяси-экономикалық

сұранысын

қанағаттандыруға сəйкестендіруден шығып отыр.

Бейіндік 

саралауды 

жүзеге 

асырудағы 



отандық

жəне 


шетелдік

мектептердің жұмысы  мен мəселеге қатысты  педагогикалық əдебиетті  талдай

келіп,  А.А. Мұқатаев  мынадай қорытындылар жасайды: оқытуды  бейіндік

саралаудың:

а)  тарихи-педагогикалық алғышарты – педагогика  тарихымен  шетелдік

жəне отандық педагогика практикасындағы оның тəжірибесі;

ə)

ғылыми-педагогикалық



алғышарты

оны  білім  алушылардың



сұраныстарына,

қызығушылықтары  мен  бейімдеріне

байланысты  оқыту

процесінің принциптеріне негіздеп жүргізу;

б) құқықтық-нормативтік  алғышарттары  осы  кезеңде қабылданған  «Білім

туралы»  Заңдар, базистік оқу  жоспарлары,  Білім  берудің жалпыға  міндетті

стандарттары,

Қазақстан  Республикасы  гимназиялары  мен

лицейлерінің

жұмысын ұйымдастыру туралы ережелер болып табылады [7].

Жоғарыда  айтылғандарды

қорыта  келе,

«бейінді

оқыту


білім


алушылардың мүдделерін, бейімділігі  мен

қабілеттерін  ескере  отырып,

оқытуды  саралау  жəне  даралау  процесі,  білім  беру процесін ұйымдастыру»

деген анықтамамен келісуге болады.

Бейінді  оқытудың ең басты  ерекшеліктерінің бірі – білім,  іскерлік,

дағдылар қалыптастырудан құзыреттілік тұрғыға  көшу.  Бұл  дегеніміз –

оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыт  алу  деген  сөз.

Ал  ол үшін  бұрыннан қалыптасқан  кəсіби  білім  беру  процесін қайта құрып,

мамандар  даярлауда  осы  бағытта  жұмыс  жасауды  талап  етеді. Тірек  мектебі

(ресурстық орталық) жағдайында жұмыс  жасайтын мұғалімді даярлау нені

есепке ала отырып жүргізілуі керек жəне ол қандай құзыреттіліктерге ие болуы

қажет?


Шағын  жинақты  мектеп  жағдайында  мұғалім өзіндік идеялары  бар,  жаңа

оқу 


бағдарламаларын 

жасауға 


жəне 

жүргізуге

қабілетті, 

жоғары


интеллектуалдық əлеуетке  жəне ғылыми құзырлылыққа  ие, əдістемелік

даярлығы


қалыптасқан, 

сабақта 


оқушылардың

танымдық


іс-əрекетін

ұйымдастырудың түрлі əдістерін меңгерген тұлға болуы тиіс. Ол оқушылармен

бірге  олардың пəнге қызығушылығын арттыру  мақсатында  ізденімдік-зерттеу

жұмыстарын үнемі  жүргізуі қажет. Бейінді сыныптардағы  мұғалім  оқу,

ізденістік жұмысты ұйымдастырушы, кеңесші болып табылады.

Қазіргі кезде еліміздегі жалпы орта білім беретін мектептерде, оның ішінде

тірек  мектебі  (ресурстық орталық) жағдайында оқушыларды  кəсіпкерлікке

оқытуға және мұғалімдерді кəсіби даярлау мəселелерін шешуде жүйелілік жоқ

деуге негіз бар.

Елімізде қазіргі  жағдайда  кəсіпкерліктің мəні үлкен.  Бұл,  біріншіден,

Қазақстандағы нарықтық экономиканың өркендеуімен байланысты. Екіншіден,

меншік  формасының көптүрлілігімен,  еңбек мотивациясының  өзгеруімен,



15

экономикалық іс-əрекеттің субъектілері  арасында  бəсекелестік қатынастардың

дамуымен  тікелей  байланысты. Қазіргі  уақытта Қазақстан  экономикасында

кəсіпкерлік өндірістің барлық негізгі  факторларын қоғамның  қажеттілігін

қанағаттандыратын  тауар жəне қызмет  көрсетуді құрудың бірыңғай  процесіне

біріктіретін күшке айналуда.

Ресурстық орталық білім  кеңістігі өз қызметін  базалық және  тірек

мектептер  жүйесі  арқылы құрады.  Білім  жүйесіндегі қоғамдық  қозғалыстарды

қолдау бойынша  ресурстық орталықтың басты қызметі,  біздің ойымызша,

нормативтік-құқықтық, 

психологиялық-педагогикалық

және


ғылыми-

әдістемелік тұрғыдан ұйымдастыруға көмек көрсету. Әрбір аудандағы базалық

мектептер әдістемелік,  ақпараттық-талдамалық және  кеңес  беру қызметтерін

жүргізеді. Өзінің мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  оның базасында  ресурстық

орталық педагогикалық мамандарға  семинарлар  мен  кеңес  беру  жұмыстарын

жүргізеді;  тәжірибе  алмасу  мақсатында  балалар  бірлестігі  ресурсы  туралы

ақпараттар  жинайды; әртүрлі қызмет  бағыттары  бойынша  бағдарламалар

енгізеді және сынақтан өткізеді.

Тірек  мектебі  (ресурстық орталық)  қызметінің бір  бағыты қоғамдық

бірлестік  аясында  кеңес  беру  және үйлестіру  жұмыстарын ұйымдастыру.

Ресурстық орталықта желілік топтар қызмет атқарады. Желілік топтың құрамы

орталықтың  әдіскері  мен  түрлі  бірлестік, үйірмелермен  жұмыс  істейтін

мұғалімдерден  тұрады.  Желілік  топтың

жұмысының

барлық

кезеңінде



оқытудың проблемалық, зерттеу әдістері қолданылады;  мұғалімдер  нақты

практикалық тәжірибе  процесінде өз  біліктіліктерін арттырады.  Міне,  осы

секілді  желілік  жұмыс қазіргі  мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін  арттырудың

тиімді  түрі  болып  табылады  және  бұл  түрлі  жасөспірім ұжымдарымен өзара

тығыз қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.

Желілік топтар арқылы осы бірлестік, үйірмелердің қызметі үйлестіріледі,

әдістемелік

мәселелер, 

түрлі

ұйымдастыру-бұқаралық



жұмыс 

түрлері


талқыланады.  Мәселен,  ресурстық орталықтың желілік  топтары  жергілікті

жердің ерекшелігін  ескере  отырып құрылған  бірлестіктерден  тұруы  мүмкін.

Тірек  мектебі  (ресурстық орталық) осы қызметті үйлестіретін  басты звено

болып  табылады. Әрине,  кез  келген  бірлестік, үйірме өз  жарғысына  немесе

бағдарламасына  сәйкес қызмет  атқарады. Әлеуметтік  жобалар  мұғалімдерге

ұйымдастырушылық және  жобалық  қызметтерге қатысуға  мүмкіндік  береді.

Бағдарлама негізгі блоктарға-модульдерге бөлінеді.

1-модуль.  Отандық және  шетелдік үйірмелер  мен  бірлестіктердің тарихы

мен болашағы.

2-модуль.  Жастар қоғамдық бірлестіктерінің  қызметін құқықтық және

ақпараттық қолдау.

3-модуль. 

Жасөспірімдермен 

жұмыс


істеуде 

психологиялық-

педагогикалық аспектілер.

4-модуль. Жастар қозғалысының педагогикасы.



16

5-модуль. 

Жастар

қозғалысы 



саласында

әлеуметтік-тәрбие 

беру

технологиялары.



6-модуль. Балалар-жастар ортасы жай-күйінің мониторингі.

Әрбір модульдің мазмұны теориялық және практикалық сабақтардан және

жасөспірімдермен

өзара


әрекетінде 

білімін 


кеңейтіп, 

тереңдететін

педагогтердің түрлі өзіндік жұмыстарынан тұрады. Ұсынылып отырған арнайы

курста мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі: курстың басты мәселелері бойынша

дәрістер; семинар сабақтары, жергілік қоғамдық бірлестік жетекшілерімен бірге

дөңгелек үстел өткізу, жеке кеңес беру, әңгімелесу, жобалар қорғау, өз білімін

жетілдіру жұмыстары (өз бетінше үйрену), кері байланыс орнату.

Сабақтар мазмұны бойынша ғылымилығымен, жаңашылдығымен; ал сабақ

беру  түрі  бойынша

өкілдер  арасында  кәсіби  диалогке  бағытталған

интерактивтілігімен және проблемалық мәселелерге негізделуімен ерекшеленуі

тиіс.


Мұғалімдердің

психологиялық-педагогикалық

дайындық

деңгейі


жеткілікті  ескенін  ескере  отырып,  курс  бағдарламасы  бірлестіктер, үйірмелер

ерекшелігіне байланысты сұрақтарға, оны ұйымдастырудың түрі мен әдістеріне

байланысты құрылады  және  мұғалімдердің коммуникативтік  біліктері  мен

кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру бойынша тренингтер жүргізіледі.

Лекция  сабақтарында өтетін  тақырыпқа  байланысты  негізгі  идеялар,

теориялар  мен  принциптер қарастырылып,  талқыланады.  Курсты үйрету

процесінде мұғалімдердің өзіндік және жеке жұмыстарын жетілдіруге айрықша

назар аударылуы тиіс.

Сонымен, тірек мектебі  (ресурстық орталық) жағдайында  мұғалімдерді

бейіндеп даярлау дегеніміз – тірек мектебінде (ресурстық орталықта) білім беру

іс-əрекетінің əртүрлі формаларын кіріктіру, ашық білім беру ортасын жобалау,

баламалы білім беру мазмұнын жобалау жəне құрастыру, оқушылардың əртүрлі

деңгейдегі білім алу  іс-əрекетін ұйымдастыру құзыреттіліктерінің қалыптасуы,

ал  «мұғалімді  тірек мектебі  (ресурстық орталық) жағдайында кəсіпкерлік  іс-

əрекет  негіздерін  оқытуға  даярлау»  осы құзыреттіліктерді қалыптастыруға

бағытталған мамандарды кəсіби даярлау процесі болып табылады.

Қазіргі қоғамдық санада болып жатқан өзгерістер мен жаңартулар тұлғаны

жалпыадамзаттық құндылықтар мен өмірдің қарапайым ақиқаты тұтастығында

тəрбиелеуді нысана тұтады.

Адамдардың бойында білімді жоғары құндылық ретінде қарастыра алатын

қасиеттердің болуы олардың еліміздің болашағына деген жауапкершілік сезімін

ұлғайтып, əлеуметтік белсенділігін дамытады.

Қазіргі уақытта қоғам  тарапынан  жалпы  білім  беретін  мектепке,  оның

ішінде  тірек  мектепке  (ресурстық орталыққа) жаңа  талаптар қойып отырғаны

белгілі. Өйткені  адамның табысты өзін-өзі жүзеге  асыруы  оның білімділік

деңгейімен айқындалады.

Психологиялық-педагогикалық білімнің дамуының  қазіргі  деңгейі  басқа

оқу  орындары тəрізді  жоғары  оқу  орнында  болашақ кəсіби оқыту педагогы



17

даярлықтарының мазмұнын  жетілдіруді  көздейді.  Ақпараттар  легі өте  көп

болғандықтан, бүгінгі таңда мамандарға өмір бойына жететін терең білім беру

мүмкін  емес. Сондықтан  білімді  барлық  өмір  бойына  емес,  керісінше, өмір

бойы білім алу қажеттілігі туындайды. Бұл жоғары мəдениетті, шығармашылық

тұрғыдан  ойлай  алатын,

жаңашылдыққа

құштар  мамандарды

даярлау

барысында іске асырылуы тиіс. Мұның өзі кəсіби білім беру барысында кəсіби



іс-əрекеттің

негізгі  ерекшеліктерін  есепке  алуды  жəне  оларды  тиімді

пайдалануды қажет етеді.

Тірек  мектебі  (ресурстық орталық) жағдайында  кəсіпкерлік  іс-əрекет

негіздерін  оқытуға  даярлаудың  ғылыми  деңгейін  көтеру  іргелі ғылымдардың

жаңалықтары  негізінде  жүзеге  асырылады,  сондықтан  нақты  мамандықтың

қағидалары осы ғылымдардың заңдарына  сүйенуі  керек.  Сонымен  кəсіби

даярлық мазмұны,  ең алдымен, оның негізділігін  білдіреді,  яғни  мамандардың

жалпы ғылыми даярлығын жетілдіруді талап етеді.

Сонымен,  болашақ

тірек  мектебі  (ресурстық

орталық)


педагогінің

даярлығын

үнемі  жетілдіріп  отырудың  қажетті

шарты  жоғары  оқу

орындарынан  шығатын  маманның  қоғамның талаптарына  сəйкес  келуі  болып

табылады. Қазіргі  кезде қоғамдық-саяси  ойлаудың  қарқынды  дамуы  кəсіби

білім  беру  жүйесінде үнемі жаңа  идеяларды  іздестіріп  отыруды  жəне  оның

үздіктерін таңдап алуды міндеттейді.

Сондықтан қоғамдық  қатынастар  саласындағы  жаңалықтар  мамандарды

оқыту мазмұнында көрініс табуы тиіс, ал кəсіби білім беру мазмұны қоғамның

жаңару перспективасына сай жүзеге асырылуы тиіс.

Бүгінгі  жағдайда

қоғамға

қандай  адамдар



қажет?  Жалпы

қоғам


сұраныстарын  талдау қоғамның өзгермелі өмір жағдайларына,  экономикалық

даму


қарқынына  тез

əрі  жылдам  бейімделе  алатын

білімді,

ұтқыр,


шығармашыл,  бастамашыл, өзін-өзі жетілдіруге  мүдделі  жəне қабілетті

адамдарды қажетсінетінін көрсетеді. Осындай тұлғаларды қалыптастыру сөзсіз

үлкен, сапалы өзгерістерді керек ететін білім беру жүйесінің алдына қойылатын

ең басты міндет болып табылады.

Осы  айтылғандардың барлығы  бізге  жоғары  оқу  орындарында  болашақ

педагогты кəсіби  бейінді  мектеп жағдайында кəсіпкерлік  іс-əрекет  негіздерін

оқытуға даярлау қажеттілігін дəлелдейді.

Мұғалім 


тұлғасының

сапасын 


айқындау

қоғамның


жеке 

тұлға


дайындығына

қойып  отырған  талаптарынан,

қаулы-қарарлар  шешімінен

туындайды.  Олай  болса, қазіргі қоғамда  мұғалім  тұлғасына қойылатын  талап

өте жоғары  болғандықтан,  педагог тұлғасының  қалыптасуында  ең бірінші

мәселе оның кәсіби дайындығының жоғарылығы, оқу үрдісін ұйымдастыра білу

шеберлігі болуға тиіс.


18


Каталог: files -> blogs
blogs -> Сборник текстов на казахском, русском, английском
blogs -> А. И. Райымбергенов, С. Ш. Райымбергенова, Ұ. М. Байбосынова
blogs -> А. Райымбергенов С. Райымбергенова Ұ. Байбосынова
blogs -> А. Райымбергенов
blogs -> «Абайтану»
blogs -> «Абайтану»
blogs -> Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам жəне қоғам»
blogs -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

жүктеу 0.75 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет