Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



жүктеу 3.54 Kb.
Pdf просмотр
бет5/12
Дата15.01.2017
өлшемі3.54 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Дулат Бабатайұлы (1802–1874) өлеңдерінде де адам, оның 
мұрат-мақсаты,  еркіндік  сарыны  бағытында  философиялық 
ой-толғамдар  жетерлік.  Адамның  ерекшелігі  оның  нақты 
атқарып отырған ісіне қарай бағаланады, қолында билігі, қора-
қора қойы, табын-табын жылқысы бар адам тура жолдан тай-
май, ақиқатын айтып отыратын болса, ел оны қадір тұтатын 
еді. Қазақтың Әбілпейіз бен Абылай хандарының тұсындағы 
ауызбіршілікті, еркіндікті аңсайды. Еркінше өскен елінің кәпір 
салған  тамға  қамалғанын  қаламайды.  Елдің  отырықшылық 
тұрмыс  салтына  көшкеніне  қарсы  болды.  Адам  бойындағы 
жаман қасиеттерді де сын тезіне салды. Сөздің қасиеті кетіп, 
адамдар  арасындағы  сыйластыққа  сызат  түсті  дегенде,  жыр-
ларының  рухани  өзегі  дәстүрлі  қоғамның  ерекшеліктерін 
сақтап  қалуды  көксейді.  Көшпелі  қазақ  қоғамдық  болмы-
сын аздыруға негізделген мына келген заманның кесірлі деп 
таныған құндылықтарын сынға алады. 
Дулат ақынның толғауларында өзі өмір сүрген заманның 
қасіреті  мен  келешек  мәселелері  толғанылады.  Оның 

74
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
түсінігінде заманның ырқы жоқ, адам болмысының еркі мен 
еркіндігі қилы заманның жетегінде кеткен: 
Қилы-қилы заман-ды, 
Заманға сай адамды
Салғастырып қарасам...
Мынау азған заманда
Қарасы – антқор, ханы – арам,
Батыры көксер басы аман,
Бәйбіше – тантық, бай – сараң,
Бозбаласы – бошалаң,
Қырсыға туды қыз балаң,
Нары – жалқау, кер табан,
Құсы – күйшіл, ат – шабан
 [31, 198 б.]
Бұл  тұста  еркіндікке  қатысты  Дулат  философиясының 
мәні  тереңірек.  Заман  белгілі  бір  деңгейде  алға  қарай  жүріп 
отыратын  үздіксіз  үрдіс  бола  отырып,  өзінің  жағымсыз 
құндылықтарын  бірге  ала  жүреді.  Сонымен  қатар  адамды 
(қазақты)  ғана  емес,  басқа  да  тіршілікті  өзіне  елтіп  әкететін 
тоқтаусыз  әмбебаптанған  үрдіс.    Яғни,  адам  мен  тіршіліктің 
еркі  –  заманда,  заман  бүкіл  ырықтардың  бәрін  өзі  ғана  ием-
денген, бірақ оны тағдыр түсінігімен шатастыруға болмайды. 
Тағдырда  мүлтіксіз  бағыныштылық  және  ол  әрбір  пенде  мен 
тіршілік иелеріне жеке-жеке, дара, ешқайсысына ұқсамайтын 
тіршілік береді. Ал, заман оларды бір бағытқа, өзінің ыңғайына 
қарай тартады. Жоғарыдағы тоғаныстарға назар салсақ, заман 
ықпалының  субъективтіліктен  объективтілікке  қарай  өрлеу 
логикасын  байыптауымызға  болады.  Нақтырақ  айтқанда, 
«антқор», «арам», «сараң» қасиеттері таза субъективті, адамның 
өзіне  байланысты  болса,  «Қырсыға  туған  қыз»  –  тумысынан 
қырсық,  бірақ  ол  адамға,  оның  тегіне  байланысты  екендігін, 
кейіннен  тәрбиеге  де  қатысты  болатындығын  ескерсек,  осы 
тұста,  субъективтіліктен  объективтілікке  қарай  ойыса  түскен 
ықпалдарды  (заманның)  байқай  аламыз.  Ал  «жалқау  нар», 
«шабан  ат»  заманның  объективті  ықпалы  тәріздес.  Бұрынғы 
жалқау емес нар, кенеттен кер заманға лайықталып, ол да кері 
кеткен. Бәрін де заманға таңу бар.

75
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
Дулат шығармашылығынан адам мен тіршіліктің еркіндігі 
сол  заманның  шеңберіне  сыйғыздырылған  деген  тұжырым 
дәйектеліп  тұрғандығын  аңғаруға  болады.  Бұны  кейіннен 
материалистік  философияда  қалыптасқан  «Сананы  тұрмыс 
билейді»  деген  тұжырыммен  салыстыруға  болады.  Бірақ 
бұл  екі  тұжырым  бір-бірімен  тура  сәйкес  емес.  Дулатта  сана 
хақында  айтылмайды,  тұтас  адам  болмысы,  тіпті  тіршіліктің 
болмысы  тұтас  қарастырылады.  Сонымен  «сананы  тұрмыс 
билейді»  тұжырымына  «психиканы  тіршілік  билейді»  десек 
қана сәйкес келуі мүмкін. Бұдан Дулат идеясының неғұрлым 
кеңірек екендігін байыптай аламыз. Бірақ Дулаттың айтайын 
деген негізгі түйіні ол емес, жалпы ұстанған идеясы – мыңдаған 
жылдар  бойы  өзінің  оңды,  тиімді  жемісін  беріп  келе  жатқан 
көшпелілік  өркениеттің  аяқталауының  қайғысы.  Ал  нақты 
мазмұны  –  ұлттық  құндылықтардың  күйреп,  орнына  таным-
түсінікке  сай  келе  бермейтін  «құндылықтардың»  енуі;  ерік 
пен  еркіндікті  заманның  билеуі  деп  тұжырымдауымызға  бо-
лады. Себебі, бұл тұста Дулат бабамыздың логикасы дәйекті. 
Мәселен, әлеуметтік философияда ең бастысы, әрине, ел-жұрт 
пен халық, одан соң – хан, одан кейін – батыр, бәйбіше мен байы, 
одан кейін – ер бала, содан соң – қыз бала айтылады. Бұл қазақ 
қоғамындағы әлеуметтік мәртебелердің жүйесі. Бұл әлеуметтік 
жүйе  неліктен  тұтастай  азғындауға  ұшырайды?  Себебі,  за-
маннан  ешқайсысы  оқшау,  тыс  бола  алмайды.  Ал  үрдісті 
объективті түрде байыптап көре білу оның тек ақындығы емес, 
философиялық толғанысын тудырады. 
Біз  еркіндік  мәселесін  қозғап  отырғандықтан,  «дәстүрлі 
қоғамнан,  қалыпты  заманнан  қилы  заманға  өтіп  отырған 
осы  субъектілердің  еркіндігі  бар  ма,  олар  өз  ырықтарымен 
сол  заманауи  үрдіске  тоғысып  отыр  ма»  деген  сауалдар  ту-
ындайды.  Бір  қарағанда  олар  саналы  түрде  мойынсұнып, 
өз  еріктерімен  мойындап  отыр  немесе  заман  ағымының 
жағымсыз үрдісін жете бағалай алмаудан пайда болады. Бірақ 
пайымдай алғанның өзінде одан тыс бола алмайды. Міне осы 
тұста  ішкі  еркіндіктің  сыртқы  ырыққа  бағындырылуы  туын-
дайды.  Ол  сыртқы  ырықтың  ықпалының  түп  түрткісі  қазақ 
қоғамы  емес,  дамудың  «өзге»  саясаты.  Дәл  осы  сәтті  қазіргі 
замандағы жаһандану үрдісінің жағымсыздау ықпалымен са-

76
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
лыстырып қарауымызға болады. Жаһандану үрдісіне қатысты 
көзқарастарды үш топқа бөлсек: оңды, теріс, бейтарап. Онда 
осы терістеуші көзқарастағылар қазіргі қазақ қоғамының «зар 
заманшылдары»  деп  атуымызға  болады.  Ал  жаһандануды 
жақтаушыларды  сол  кезеңдегі  қазақ  ағартушыларының 
көзқарастарына  сәйкестендіруімізге  болады.  Әрине,  «бұл 
дұрыс  па,  теріс  пе»  –  біз  қарастыратын  мәселе  емес.  Бірақ, 
біз  үшін,  мәселе  –  осы  ХІХ  ғасырдағы  зар  заман  өкілдерінің 
толғанысының  мағынасын  тереңірек  түсінуге  қазіргі  заман 
тұрғысынан салыстыру арқылы мүмкіндіктер ашу. 
Зар заман ақындарының келесі бір белді өкілі – Шортан-
бай  Қанайұлы  (1818–1881).  Оның  басқаларынан  ерекшелігі 
өзінің  толғауларын  тереңнен  толғайды.  Жаратылыс  пен 
Ғаламның  сыры  туралы  көзқарастар  жүйесін  қамтып  өтеді. 
Абстрактылықтан нақтылыққа, жалпыдан жекеге өту қағидасы 
бойынша  осы  мәселелерден  адамзат,  қоғам,  заман  мен  адам, 
нақтырақ айтқанда, халық өкілі турасындағы мәселелерге ой-
ыса  келе,  халықтың  тек  саяси  ғана  емес,  мәдени-әлеуметтік-
рухани  бостандығы  туралы  түйінді  ойларын  үнемі  паш  етіп 
отырады. Мәселен, 
Атамыз – Адам пайғамбар
Топырақтан жаралды...
Сол адамнан таралды
Ұрлық пенен қорлықтан,
Өтірік, ғайбат, зорлықтан
Бойыңды тартып тек жүрсең
Көрмессің деген залады....
Немесе: 
Алақандай ай мен күн
Ғаламның орта жарығы
Жаббардың екі болмайды
Әмір қылған жарлығы, 
–  деген  жолдар  [31,  275  б.]  философиялық  толғаныстың  діни 
және  этикалық  ұстындарын  кіріктіре  жырлағандығының 

77
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
белгісі екендігі анық. Осыдан соң ол ақыр заман мен болашақ 
заман туралы толғаныстарын ұсынады. Осы тұста күрделі са-
уал  туындайды:  Жаратушы  арқылы  Адам  Атадан  таралған 
адамзат  осыншама  ақырзамандық  пиғылдарға  не  үшін  бара-
ды?  Бірақ  ол  бегілі  бір  деңгейде  жазылып  қойылған  тағдыр 
турасында  өз  ойларын  таратпайды.  Яғни,  адам  болмысының 
абсолютті еркіндігін белгілі бір деңгейде, жоғарғы күштердің 
тек  ұсынысы  арқылы  ғана  байыптайды:  «Өтірік,  ғайбат, 
зорлықтан, Бойыңды тартып тек жүрсең, Көрмессің деген за-
лады...».  Яғни,  «Көрмессің»,  –  деп  ескертіп  кеткендей  кейіпте 
баяндайды. Сонда адам еркіндігі белгілі бір шеңберде осындай 
онтологиялық  «императивтермен»  шектеледі,  бұл  да  шарт-
ты  шектеу  мен  жауапкершілік  деп  түсінгендігін  бағамдай 
аламыз.  Осындай  шартты  еркіндікке  тағайындалған  адамзат, 
әрине,  кей  кездерде  зұлымдық  пен  әділетсізік  әрекеттерге 
бара  береді.  Бірақ,  осы  тұста,  Шортанбай  өмірдің  шынайы 
заңдылығын, таза ақиқатын жырлап тұрғандығын атап өтуіміз 
қажет. Ол ислам дінін жақсы меңгерсе де, халықты тозақ оты-
мен үрейлендірмейді. Дегенмен, халқының азғындық жолына 
түсуін күйінішпен жырлайды. Міне, Шортанбай идеясындағы 
адам болмысының еркіндігі – рухани еркіндік, табиғи еркіндік, 
саяси бостандық, мәдени азаттық сияқты мәселелерді туында-
тып отыр. 
Осы  қайшылықты,  яғни,  жоғары  күштердің  қойған 
этикалық  талаптары  мен  оны  адамзаттың  мойындағысы  кел-
мей,  тіпті  кей  кездерде  бұзып  отырғандығының  арасындағы 
айырмашылықты  Шортанбай  өздігінше,  өмірдің  өткіншілігін 
еске салу арқылы шешкендей болады: «Мал дүниенің жарығы, 
Жаратып  шырай  көркіңе,  Қызықпаңыз  бес  күнге,  Бұл  дүние 
қалмас әркімге» (31, 276 б.) Шындығында, адамның абсолютті 
еркіндігін шектейтін, бұл – баршаға ортақ табиғи заңды өлім 
құбылысы екендігін де нақтылай түседі:
Ақиретте жалған жоқ...
Алтын күміс абзалың
Өлгеннен соң не керек.
 

78
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
Өзінің осындай экзистенциалдық сарындағы идеяларын ол 
бірнеше  жерде,  әр  түрлі  қалыпта  қайталап  отырады.  Ал  сол 
замандағы  қайшылықты,  әділетсіз  жағдайларды  ол  былайша 
толғайды:
Мейір кетті пендеден
Қасиет кетті төреден,
Ғаділдік кетті билерден,
Абырой кетті әкімнен,
Қайын енесі ас ішпес 
Қабағын түйген келіннен
 [31, 279 б.]. 
Бұнда жалпы адам болмысы емес, ұлттың болмысы, қазақ 
халқының өкілдерінің болмысы туралы толғанылады. Сонда бұл 
халықтың өз болмысынан ажырап қалуы өзіндік сана-сезімнің 
ырқының әлсіздігінен бе деген сауал туындайды. Шындығында 
да, сол дәуірде, ұлттық құндылықтардан осылайша бас таруға 
не себеп болды? Ал қазір ше? Бірақ, тарихи өткелдердегі «за-
ман ырқы» құбылысының бүгінгі күнге де сәйкес келетіндігін 
бағамдап,  сол  ырықтың  адам  еркіндігін  қалай  шектегендігін 
әуелі  тарихи  тұрғыдан  пайымдап  алуымыз  қажет  екендігі 
түсінікті. Ол үшін Шортанбай Қанайұлының келешек туралы 
толғауларына  назар  салып,  ақыр  заман  ұғымындағы  негізгі 
түйткілдерді  анықтап  алуымыз  қажет.  Оның  толғауларына 
құлақ  түріп  отырған  барша  қауым  оған:  «Ендігі  заманның 
адамдары  қандай  болар,  біздерге  бір  жауап  айтыңыз»  деп 
сұрау салады. Ол көп толғана келе, болашақ заманның сиқын 
жағымсыз құндылықтарға баса мән бере:
Жалғыз сиыры бар болса,
Соғымына сояды
Қағаздатып бұзауын 
Ноғайына қояды....
Қылымсыған қатыны
Қызыл көйлек киеді
Өзінің байын менсінбей
Көрінгенді сүйеді...
 

79
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
–  деп  сипаттайды    [31,  288  б.].  Ал  кей  сәттерде  бұл  бүгінгі 
заманның  шындығына  айналып  отырғандығы  сөзсіз.  Демек, 
бұл жерде еркіндік мәселесі «жанұялық билік» ретіндегі еріктің 
шектелуі туралы болып отыр. Адам санасын еркін бейсаналық 
елігулер  билейтіндігі  т.  б.  мәселелер  еркіндіктен  туындайтын 
сана мен бейсананың, әлеуметтік ықпал мен еріксіздіктің айқын 
көрінісі ретінде ойшыл туындыларынан көрініс табады. 
Зар-заман  ақындарының  келесі  ірі  өкілі  Мұрат 
Мөңкеұлы  (1843–1906).  Көшпелі  қазақтардың  тұрмыс-
тіршілігі жаз жайлауы, қыс қыстауы болған жерінің тарылуы 
зар-заман  ойшылдарын  алаңдатты.  Әсіресе  Мұраттың  «Үш 
қиян»  атты  толғауы:  «Еділдің  бойы  қанды  қиян,  Жайықтың 
бойы  майлы  қиян,  Маңқыстау  бойы  шаңды  қиян,  Адыра 
қалғыр үш қиян! Осы үш қиянның арасынан жеті жұрт кеткен. 
Асанқайғы, Қазтуған, Орақ, Мамай, Телағыс, Шораның шұбап 
кеткен жер. Қайырсыз болған неткен жер?» – деп күңіренеді. 
Бірақ  ашық  күреске  шақырмайды.  Көшпелілерде  жерді 
кие  тұтқан.  Олар  жерді  өздерінен  бөле-жара  қарамайды, 
керісінше  оны  өздерінің  тарихи,  тәни  және  рухани  өмірінің 
бір бөлігі әрі заңды жалғасы есебінде қабылдайды. Көшпелі 
ұғымында жер жансыз табиғи құбылыс – жәй ғана аумақ емес, 
ол – жанды бейне. Жанды болғанда қасиетті бейне – «Жер – 
Ана» келбетінде көрініс табады. Міне, осыдан келіп, жер мен 
көшпелі  арасындағы  ара  қатынас  өзара  тең  әрі  туысқан  екі 
субъект  арасындағы  моральдық  қатынас  түрін  қабылдайды. 
Көшпелі өзін Жер-Ананың баласы, соның перзенті деп есептейді. 
Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымындағы атамекенді кие тұту 
мифтік-поэтикалық ойлау жүйесінен бастау алады. Жыраулық 
поэзияда құтты қоныс (Жерұйық, Жиделібайсын) қой үстінде 
бозторғай жұмыртқалайтын заман туралы утопиялық нышан-
дар бейне-бедер тапты [33, 56 б.]
Еділді тартып алғаны,
Етеке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны,
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны,
Ойындағысы болғаны ... қоныстың бар ма қалғаны
 [30, 365 б.] 

80
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
–  деген  Мұрат  Мөңкеұлының  толғауы  жердің  отарға  айнал-
ғанына  ашық  жар  салып  тұрғандай.  Көшейін  десе  жері  жоқ, 
алды тұйықталған заманның үні. Мұнда отарлаушыларға қарсы 
күреске шақыру жоқ. Жазмыштық және ақырзамандық сарын-
дар  басымдық  танытты.  Зар  заман  ақындарының  дүниеауи 
толға-ныстарындағы сол кезеңнің өткір мәселелері еркіндік фи-
лософиясы тұрғысынан сараланады. Сонымен қатар көшпелілік 
дәстүрдің  аяқталуын  сезінген  идеялардың  трагедиялық  са-
рындары  байыпталып,  осы  ойшылдардың  болашақ  заман 
жөніндегі  ойтолғамдарының  еркіндік  мәселесіне  тоғысатын 
тұстары зерделенді. 
Халқымыздың ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы дүниетанымындағы 
еркіндік мәселесін сараптай келе, ондағы негізгі ерекшеліктерді 
байыптайтын болсақ:
  -  ерік  күшіне  қол  жеткізген,  өзінің  тәнін  бағындырған, 
қоғамда  да  белгілі  бір  деңгейде  шексіз  еркіндікке  ие  болған 
жандардың  еркіндіктерін  жауапкершілікпен  шектеп  отыру 
қажеттілігін  нақты  көрсетеді.  Мысалы,  хандарға,  батырларға 
батыл райларынан қайтару үшін айтқан сөздер. 
- Батыстық түсініктегідей таза рационалды емес, сезімдік, 
эстетикалық, этикалық категориялар жүйесімен қамтылған;
- жеке адам еркіндігінен ел мүддесі, жер мен мемлекеттілік, 
бостандық пен азаттықты жоғары қояды т. б. 
Еркіндіктің қадірін білген адам ғана халқын алға – мақсат, 
мұраттарына жетелейді. Ақындардың, шешендердің сөз сапта-
уынан ой еркіндігі мен сөз еркіндігінің тең келуін көреміз. 
Адамдар  көп  нәрсеге  тәуелді:  табиғатқа  да,  қоғамға  да, 
басқа  адамдарға  да  т.  б.,  бірақ  еркіндік  адамның  еш  нәрсеге 
тәуелсіздігі  емес,  ол  сол  тәуелсіздікті  мойындау,  не  мойын-
дамау, оған қарсы әрекет ету немесе оның алдында тізе бүгу. 
Бұл  адамның  өзі  шешетін  нәрсесі.  Осы  идеяны  біз  ақын-
жыраулардың шығармаларынан көреміз. 

81
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
1.4. Махамбет Өтемісұлының 
дүниені пайымдауындағы рух еркіндігі
 
Махамбеттің  еркіндік  идеясын  философиялық  тұрғыдан 
таразылау,  сол  дәуірді  тұтастай  қарастыру,  оның  қоғамдағы 
орнын  айқындау  шарттарымен  толыға  түседі.  Сондықан  біз, 
біріншіден, оның еркіндік идесын талдауда, алдымен қоғамдық-
тарихи жағдайдың заманауи мәнін ашып көрсетуге талпыныс 
жасаймыз.  Ойшылдың  өмірі  мен  шығармашылығынан  туын-
дайтын еркіндік сипаттарын және қоғамдық алғышарттар мен 
әлеуметтік жағайды еркіндік идесының туындауына байланы-
стыра қарастырып аламыз. 
Екіншіден, оның еркіндік идеясын философиялық тұрғыдан 
және  жалпы  халықтық  дүниетаным  негізінде  таза  теориялық 
деңгейде  таразылаймыз.  Бұл  Махамбеттегі  еркіндік  филосо-
фиясын  ашып  көрсетудің  негізгі  ұстындарына  сүйенуді  және 
әлемдік деңгейдегі еркіндік мәселесімен салыстырып, ақын идея-
ларындағы еркіндіктің ерекшеліктерін ұсынуға негіз болады. 
Махамбет  рухы  ғасырлар  бойы  өзіндік  арнасымен  да-
мыған  көшпенділер  өркениетінің  күйреуіне  қасқая  тұрып 
қарсыласқан, бүтіндей өзінің болмысымен, шығармашылық 
әлемі-мен  ерекшеленетін  құбылыс  болды.  Мағжан 
Жұмабаевтың:  «Егер  бір  адамның  қайраты  күшті  болса, 
сөзінен  ісі  айрыл-майтын  болса,  ондай  адамның  мінезі 
қайратты  мінез,  күшті  мінез»  –  деген  анықтамасы  дәл  осы 
Махамбет  бойынан  табылды  [34].  Махамбет  өзінің  дүниеге 
көзқарасын  берік  ұстанған,  оны  ашық  түрде  айта  алған, 
сөзіне ісі сай жалынды тұлғалық болмысымен ерекшеленді. 
Қайратты мінез, еркіндіктің белгісі.
Ол  көшпелілер  мәдениетінің  небір  асыл  інжу-маржанын 
өз  шығармашылығында  өре  білген  ерекше  шығармашыл 
Тұлға.  Махамбет  дүниетанымындағы  құндылықтар  жүйесіне 
Ә. Нысанбаев пен С. Нұрмұратов, әділеттілікті, азаттықты, сөз 
бостандығын  («бас  кеспек  болса  да,  тіл  кеспек  жоқ»),  ерлікті, 
адалдықты,  халыққа  шынайы  қызмет  етуді,  жауапкершілік 
пен  бостандығын  жатқызды.  Махамбет  әлеуметтік  әділетті, 
үйлесімді жаңа қазақ қоғамын орнатуды аңсады [35, 16 б.] деп 
жазды.

82
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
Асан-Қайғы,  Доспамбет  жырау,  Шалкиіз  ақынның  ізімен 
Махамбет  те  ауызша  көркем-сөз  мәдениетін  жалғастырушы 
болды.  Махамбеттің  өмір  философиясы  асқақ,  шабыт-
ты,  еркін  рухты  болуымен  ерекшеленеді.  Оның  толғаулары 
жорықта,  шайқас  кезінде,  жауымен  бетпе-бетте  ерекше  ша-
бытты  шақтарында  туды.  Ақындық  шабыттың  көрінуі  жай-
лы ауызша мәдениеттің қыр-сырын егжей-тегжейлі зерттеген 
Қ.Ш.  Нұрланова  жалпы  ақынға  сипаттама  бергенде  былай 
дейді:  «Ақын  адамның  елден  ерекше  елім  деген,  еліме  деген 
сана  астарында  бейсана  жүйеде,  кейде  тереңде,  кейде  тіпті 
бер жағына белгі бермейтін ойы бар. Ол ой күнделікті өмірде, 
кәдімгі  өмірлік  жүріс-тұрыста,  қарым-қатынаста,  жолдас-
жорағаттармен  араласу-дидарласуда  аса  көп  белгі  бермейді, 
бірақ іште ішкі рухани дүниесіне нәр болады да жүреді. Осы 
іштей  ойланып  толғанумен  қоса  жадында  интуиция  қатар 
жүреді.  Күндердің  күнінде  ел  басына  күн  туғандай  қиын 
жағдайда ақын жанпида деп ақтарылып олай емес былай ғой 
деп, немесе былай болуы тиіс деп айтқаны, «сөзі» өзінің де, өз 
елінің де тағдырына етене байланысты болып шығады, содан 
кейін ондай «сөз» тарихи, рухани мәңгілікке айналып кетеді» 
[36,  160  б.].  Махамбет  шығармашылығы  ол  оқиғаға  тікелей 
қатысуымен,  азаттық  жаршысы  ғана  емес,  жауынгері  болуы-
мен, рухтандырушылығымен сиаптталады. Ақын өзінің өмірлік 
мақсаты мен мұраты туған жері мен халқының бейбіт те тәуелсіз 
өміріне қауіп төнген кезде барлық жан-тәнімен, болмысымен 
қарсы тұра білді. Қоғамдағы Тұлға еркіндігін зерделеген неміс 
классикалық философиясының өкілі Канттың тұжырымдамасы 
еркіндік  жолындағы  Махамбетің  бейнесін  сипаттайтындай. 
Адам еркіндігі жайындағы Кант ілімінің ерекшелігі «еркіндік» 
пен «жеке тұлға» туралы түсініктің тепе теңдігінде болып та-
былады. Жеке тұлғаға ғана еркіндік тән, жеке тұлға жоқ жерде 
еркіндік те жоқ, еркіндік болмаған жерде жеке тұлға да жоқ. 
Канттың  пайымдауында  тұлға  дәрежесіндегі  адам,  ешқашан 
құрал  болмауы  тиіс.  Ол  былай  деп  жазды:  «Мен:  адам  және 
барлық зерделі жаратылыстар әртүрлі ырықтардың кез келген 
жерде қолданатын құралы ғана емес, өзіне өзі мақсатты өмір 
сүретіндігіне сендіремін» [37, 269 б.]. Жеке адам мен еркіндік 
жайында  Кант  келесі  тұжырымдасында  анығырақ  тоқталып 

83
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
былай дейді: «Бүкіл жаратылғандардан нені болса да және не 
үшін болса да тек қана құрал есебінде ғана болса, тек қана адам, 
сонымен қатар әрбір саналы тіршілік иесі өз өзінің мақсаты» 
[37, 414 б.]. 
Махамбет  Тұлғасын  көшпелілер  өркениетінің  соңғы 
тұяғы  десек,  осы  орайда  әдебиетші  ғалымдарымыздың  ой-
тұжырымдары  ден  қойдырады.  Махамбет  көшпелілер 
өркениетінің  осынау  жарық  дүниемен  шырқырап  тұрып 
қоштасқан соңғы үні. Жалына қол тигізбейтін көшпелілердің 
қыл  сағағын  тағдыр  тұзағы  қылқындырған  сәтте  асау  рухы 
Махамбет  болып  тұяқ  серпігендей.  Қазақты  ұлт  ретінде  да-
ралап  тарих  сахнасына  шығарған  көшпелілер  мәдениетінің 
буырқанып  келіп  жартасты  соққан  ақжал  толқыны  Махам-
бет  тәрізді.  Шыны  да  сол...  Махамбет  заманы  көшпелілердің 
айының батып, күнінің тұтылған кезі. Сондықтан да, көшпелі-
лер  мәдениетіндегі  этикалық  синкреттілік  Махамбет  болмы-
сымен түйінделеді [38, 220 б.]. 
XVIII ғасырдың аяғында Еділ мен Жайық арасын Каспий-
дің сырт қыратына дейінгі үлкен аймақты Кіші жүз қазақтары 
жайлады. Ол жерді Ішкі Орда немесе Бөкей Ордасы деп ата-
ды.  Бөкей  Ордасының  ханы  1824–1845  жылдары  Әбілхайыр 
ханның  немересі  орыстың  генерал-майор  шеніндегі,  орыс-
ша  білім  алған,  дворяндық  тәрбие  көрген  Жәңгір  хан  Бөкеев 
болды.  Тарихтан  белгілі  болғандай,  ХІХ  ғасырдың  бірінші 
ширегінде  Кіші  жүздің  Россияға  саяси  тәуелділігі  нығая 
бастаған кезі еді. Патша өкіметі Қазақ елін билеу ісіне белсе-
не араласты. Қазақ елінің бір орталыққа бағынатын өкіметінің 
болмауы  және  жергілікті  сұлтандардың  өзара  қырқысулары 
соғыстарға  жол  ашып  берді.  Кіші  Орда  жерінде  жергілікті 
биліктің  халық  алдында  беделінің  болмауынан,  сол  кездегі 
елдің ішкі жағдайларын Патша әкімшілігінің көмегіне сүйеніп 
шешіп  отырған.  Ал,  осындай  жағдайды  пайдаланған  сырт 
күштер  ақыры  құнарлы  жерді  тартып  алды  да,  қазақтарды 
сар далаға ысырып тастады. Мұнда Табын, Тама, Шекті, Ала-
ша т. б. руларының малға ықтасынды, сулы, орманды жерлері, 
қыстаулары, егін жайы кетті. Бұратана елді қанаудың бір түрі – 
алым, салық жинау. Патша өкіметі 1835 жылдан бастап линия 
бойында көшіп жүрген қазақ шаруаларының малын жайғаны 

84
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
үшін ақшалай алым жинауға нұсқау берді [39, 23 б.]. Кіші жүз 
елі  Ресей  патшалығының,  Хиуа,  Бұхар,  Қоқан  хандарының 
отарлық  езгісінде  болды.  Исатай  Тайманұлы  мен  Махамбет 
Өтемісұлы  сынды  қазақ  халқының  арыстарын  Тұлға  ретінде 
қалыптастырған  тарихи  кезең  осындай  еді.  Жеке  адамның 
Тұлға  дәрежесінде  қалыптасуы  ерлікпен  пара-пар  дейтін 
болсақ,  ерлік  –  батылдық,  ұстамдылық,  табандылық  сияқты 
қасиеттерді талап етеді. Адамдар арасындағы теңсіздік үлкен 
қақтығыстарға  әкелетіні  аян.  Осындай  қайшылықтарға  толы 
қазақ қоғамы озбырлыққа шұлғи беруден бас тартты. Одан әрі 
қарай төзу мүмкін емес еді. Өр мінезді, еркін халықтың намыс-
шыл ұлдары ашық күреске шықты.
Қоғамдағы  теңсіздік,  ондағы  қарама-қайшылықтарды 
шешу  жайлы  ағылшын  ойшылы  Томас  Гоббс  мемлекет  пен 
пен  ондағы  әлеуметтік  саяси  күресті  талдап  көрсетті.  Адам 
табиғатында  соғысты  тудыратын  себептер:  біріншіден  «күн-
дестік»  десе,  екіншісін  «сенімсіздік»,  үшіншісін  «даңққа  деген 
құмарлық» – дейді [40, 95 б.]. Бірінші себеп адамдарды тіршілік 
үшін  күресте  бірін-бірі  басып  жаныштауға  итерме-лесе,  екін-
шісі  жеке  қауіпсіздігін  қорғауда  іске  асады,  үшіншісі  жалған 
намысқа  итермелейді.  Бірінші  себепті  ұстанған  адамдар  басқа 
адамдардың  өміріне,  малына  қожайын  болуға  зорлық  етеді. 
Екінші себепті ұстанғандар өзінің жеке басын қорғау жолында 
басқаға зорлық көрсетеді. Ал үшінші жолдағылар не болса соған 
кектеніп,  басқаларға  қорлық  көрсетеді.  Адамдар  арасындағы 
қан төгіс қақтығыстар мен соғысты тудыратын адам табиғатына 
тән осы қасиеттерді талдаған Гоббс «адам адамға қасқыр» дейді. 
Сонымен  ағылшын  ойшылы  адамдар  табиғатынан  эгоистер, 
әркім өзін-өзін сақтауға, әрі өз құмарлығына ұмтылатындығын 
баса көрсеткен болатын. Ақырында осындай әркімнің өзімшіл 
ұмтылыстары  олардың  арасында  бітіспес  соғысқа  әкеледі. 
Соңында  осындай  бітіспейтін  жаулық  олардың  бірін-бірі 
жойып жібермес үшін өзара келісімге келіп мемлекет құруға, 
бәріне ортақ заң шығаруға, бәрі өз ырықтарын біріктіріп, оны 
билеушінің  жеке  ырықына  бағындырады.  Осылайша  әркім 
азаматтық қоғамда бейбіт өмір сүреді деп топшылады. 
ХІХ  ғасырдың  басындағы  жеке  Ордаларға  бөлшектенген 
қазақ  қоғамының  ауыр  тауқыметі  осындай  орталық  билікке 

85
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
бағынған  мемлекетті  қажет  етті.  Қоғамның  әлеуметтік-эко-
номикалық  қатынастарының  өрескел  бұзылуы  қайшылықтар 
туғызды.  Басқару  жүйесіндегі  хандық  билеудің  жойылуы 
басты  себептердің  бірі  болып  табылады.  Қазақ  даласы  Ре-
сей  Империясының  бодандығына  түскен  кезден  бастап  Хан 
Императордың қуыршағына айналды. 
Патша  өкіметі  мен  жергілікті  билеушілерден  озбырлық 
пен езгінінің неше түрлісін Исатай да басынан өткерген. Исатай 
мен Махамбет бастаған көтеріліс азаттық пен бостандық үшін 
саналы  түрде  ұйымдастырылған  еді.  Олардың  өзіндік  санасы 
алдымен  туған  жерін,  елін  сүюуі,  өмір  сүруінің  мәні  болған 
еркіндікке  деген  құштарлығы.  Ол  сана  Гегель  тілімен  айтсақ 
қожайын  сананың  деңгейіне  көтерілді.  Осы  өзіндік  сана  мен 
адам  еркіндігінің  диалектикасын  көреміз.  Адамның  дүниеге 
келіп  өзіндік  санасы  қалыптасқан  уақыттан  бастап  еркіндік 
пен бостандық туралы идея да өмір сүреді. Адам еркіндігі мен 
олардың  құқықтары  аясының  шектелуі  осы  әділетсіздіктерге 
қарсы ұлт-азаттық қозғалысқа түрткі болды.
Жәңгір  ханның  деректері  бойынша  көтерілісшілер  екі 
апта  бойы  Жасқұстағы  Орданы  қоршап  тұрған.  Олардың 
іс-қимылдарының  қауіптілігінен  сескенген  Жәңгір  губерна-
тор  Перовскийге  хат  жазып  көмек  сұрайды.  Исатай  бастаған 
көтерілісшілерді  басу  үшін  оларға  қарсы  Орал  казак  әскерін 
шығаруды өтінеді. Патша әскерінің күшіне сүйенген хан уақыт 
жағынан  ұту  үшін  көтерілісшілерге  елшілік  жібереді.  Бірнеше 
ғасыр бойы хандық билік құрған ел басқарудың өзіндік үлгісін 
қалыптастырған жүйе ендігі жерде қоғам ішіндегі мәселелердің 
өзін  сырт  күшке  сүйеніп  шешетін  жағдайға  жетті.  Бұл  кезең 
техникасы  мен  ғылымы  дамыған  көршілес  Ресей  мемлекетінің 
көршілес  дәстүрлі  қоғамда  өмір  сүретін  қазақ  даласына  от-
арлау  саясатын  жүргізе  бастаған  кезеңі  еді.  Әрине  оларға  бұл 
қоғамның алауыздыққа ұшырауы, орталық биліктің әлсіреуі өз 
үстемдіктерін  жүргізіп  иелік  етуге  жағдай  жасады.  Елшілікке 
жіберілген Еспембет би: – «Хан, артық айтқан сөзім, біреуге тая-
ғым, біреуге тілім тисе кешірсін. Халқымның қандай тілегі бар 
екен айтсын, ойланайын, сол үшін он күн мерзім берсін» – дейді. 
Ізгілік  пен  зұлымдық,  сатқындық  пен  адалдық,  өмір 
мен  өлім,  ақыл  мен  парасат  сияқты  адами  өлшемдердің 

86
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
мәселенің нағыз шешуші сәттердегі адам бойындағы ізгілікті 
қасиеттердің  көрініс  беруінің  айғағын  Исатай  қабылдаған 
шешімнен көреміз. Жағдайды ақыл таразысына салды. Байсал-
ды, ақылды, сақ, ұстамды Исатай бір жағынан өздерінің талап-
тілектерін бейбіт жолмен, сес көрсету арқылы орындатуға бо-
лар деп түсінсе, екінші жағынан Патша әскерінің қандай күш 
екенін  әр  түрлі  қалаларда  қамауда  болған  кездерінде  көзі 
көрген. Олардың қаруына қарсы қояр қару жоқ. Егер Патша 
әскері келсе бейбіт жатқан елді қырып салып, барды тартып 
әкететініне  күмән  жоқ.  Көтерілісшілер  екі  түрлі  ұйғарымға 
келді. Көтеріліс басшылары Махамбет, Қабыланбай, Үбі тағы 
басқалары хан сөзіне сенбеуге кеңес береді [39, 75 б.]. 
Хан баласы қабанды, 
қайырылып шапса жаманды,
Хан баласы қара жылан-ды,
Қайта айналса шағар-ды,
Шабар күнің бүгін-ді
Бүгіннен кейін қиын-ды
 [41, 67–68 бб.], 
–  деген  Махамбет  пікірінің  дұрыстығын  уақыт  дәлелдеді. 
Исатай ханмен келіссөз жүргізуге келіседі. Көтеріліс көсем-
дерінің  мақсат-мұраттарының  орындалмауы,  әлі  де  болса 
ханға  деген  сенімнің  басым  болуы,  сертте  тұру  сияқты  ізгі 
қасиеттердің әлі де болса басты құндылықтар болғандығында 
деп ойлаймыз. 
Гегельдің  анықтауынша  адамның  басқа  жаратылыстар-
дан  айырмашылығы,  ол  «ойшыл  рух».  Гегель  еркіндікті  бас-
қалардан тәуелсіз болу деп анықтай отыра: «Алайда рухтың 
еркіндігі  тек  басқадан,  осы  басқадан  тыс  қабылдап  алынған 
тәуелсіздік қана емес, қайта осы басқада қол жеткен еркіндік. 
Ол басқадан қашқақтап жүріп емес, бірақ оны еңсеріп барып 
іске асады» – дейді [42]. Гегель түсінігінде еркіндіктің белсенді 
сипаттамасы  пайда  болды.  Шынайы  еркіндік  рухта  тікелей 
бар әлдене емес, бірақ оның іс-әрекетінде әлі тек тууға тиісті 
ғана сондайлық әлдене. Сонымен, рух өз еркіндігін өзі жасай-
ды, сондықтан еркіндік іс-әрекет. Махамбеттің Исатай атынан 
жазылған  «Әй,  Махамбет  жолдасым»  деп  аталатын  даста-

87
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
нында Әйтеке бидің «Елдің бағын ашпаса, ер мұратқа жетер 
ме?  Ерінің  сағын  сындырса,  ел  мұратқа  жетер  ме?  Ел  тірегі 
ері,  ер  тірегі  елі  бола  білген  қауымның  басынан  бағы  кетер 
ме!» деген қанатты сөздері халық пен оның көшбасшысының 
ауызбірлігіне меңзейді. 
Ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылығы мен күн көру 
қаракетінің  бұзылуы,  ең  бастысы  жерінен  айрылуы  олар-
ды  қатты  күйзелтті.  Өздері  өмір  сүріп  отырған  уақыт  пен 
кеңістіктегі ел азаматтары жайлы «Ереуіл атқа ер салмай» атты 
толғауында:
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай
Қоңыр салқын төске алмай
Ерлердің ісі бітер ме?
 [43, 21 б.] 
–  деп,  жаугершілік  замандағы  нағыз  ерлер  өмірін  сипаттай 
келе, тебінгі терге шірімей, терлігі майдан ерімей, алты малта 
ас болмай, қу толағай жастанбай, ерлердің ісі бітер ме? Жы-
рау көшпелі қоғамдағы ер-азаматтардың түзде қаншалықты 
уақыт  өткізетінін  «өзіңнен  туған  жас  бала  сақалы  шығып 
жат болмай» – деп сипаттаса, темір қазық жастанбай деген-
де олардың далалық, жауынгерлік өмірлерін дәл суреттейді. 
Ерлердің заман талабына, жорық қиындақтарына төзімдерін 
шыңдай  түсуіне  қайрат  береді.  Бұл  сипаттамалар  жауын-
гер  ақынның  ой  ұшқырлығын  айғақтайды.  Махамбеттің 
дүниеге  көзқарасы  оптимистік  сарында  болды.  Ақын-
жыраулардың  тақырып  таңдауы  далалық  көшпелі  өмірді 
билеушілермен тең дәрежеде сөйлесуін, олардың болмыстың 
мағынасы  мен  мәні  жөніндегі  терең  пайымдауларын,  олар-
дың  шығармашылығының  асқақ  және  әмірлі  этикалық-ди-
дактикалық  рухы  олардың  тарихтың  субъектілері  ретіндегі 
белсенділігінің  нәтижесі  екендігі  жайындағы  Қ.  Әлжанның 
ой-түйіндеулері толығымен Махамбет шығармашылығының 
ерекшеліктерін көрсетеді [44, 49 б.] 
Бұл  дүниенің  өткіншілігі  туралы  ойшыл  терең  түсінген. 
«Жалған дүние» атты толғауында Қоғалы көлдер мен құм, су-

88
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
лар  кімдерге  қоныс  болмаған,  ер  қанаты  тұлпардың  да,  олар 
сүйген арулардың да қалатыны туралы толғана келе:
Ішелік те, желік
Мінелік те түселік,
Ойналық та күлелік, 
Ойласаңдар жігіттер
Мынау жалған дүние,
Кімдерден кейін қалмаған?!
 [43, 22 б.].
Адамдар  қарым-қатынасындағы  өзара  сыйластық,  жара-
сымдылық  сияқты  негізгі  ұғымдар  мен  түсініктерге  ерекше 
мән берді. Өмірдің мәні сыйластықта екендігін баса көрсетеді. 
Ойшыл дүниетанымындағы негізгі ұғымдар: намыс, жігер, ар, 
жалған дүние т. б. Махамбет бұл дүниенің уақыт пен кеңістікте 
өткінші  екендігін  түсіне  отырып,  оның  мәнділігін  жете 
зерделейді.  Жеке  бастың  өмірмәнділігі  оның  руының,  тіптен 
бүтін  халқының  тағдырымен  біртұтас.  Махамбет  тайсалмай-
тын іс-әрекетті тура айтты, шығармасына өзек етті. Ол насихат-
тамайды. Соны тікелей іске асырды. Жорық жырларында адам 
бойындағы жігер, қайрат, қайсарлық, табандылық, қаһарлану 
сияқты қасиеттерді оятып, қайрай түсті. Өр мінезі, уытты сөзі, 
қайрат пен жігерді қамшылады. 
Махамбет  мұрасы  тарихи  деректілігімен,  қаһармандық 
үнімен  қазақ  халқының  рухани  әлемінің  шыңына  шықты. 
Ойшылдың  философиялық  ой  тұжырымдарын  зерделеу 
ғылыми ой танымымыздың өсіп өркендеуімен толыға беретіні 
сөзсіз.  Адамның  мәдени-тарихи  даму  барысы  оның  түпкі 
онтологиялық  мәні,  ол  еркіндік.  Ішкі  еркіндігінің  арқасында 
өзін,  өз  әлемін  таңдауы  арқылы  шығармашылықты  тудыра-
ды. Асан Қайғы бабамыздың «Таза мінсіз асыл тас, су түбінде 
жатады.  Су  түбінде  жатқан  тас,  жел  толқытса  шығады.  Ой 
түбінде  жатқан  сөз,  шер  толқытса  шығады»  –  дегені,  Ма-
хамбет  жырларын  тудырған  замана  шерін  меңзегендей  еді. 
Махамбеттің  дүниетанымдық  түсініктері  адам  мен  қоғам 
арасындағы  қарама-қайшылықтар  тудырған  мәселелер  бол-
ды.  Осы  өмір  қажеттілігінен  туындаған  мәселелердің  ойшыл 
шығармашылығындағы  көріністеріне  философия  тарихы 

89
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
арқылы талдау жасағанда, олардың тұтас дәуірлерді қамтитын 
үрдістермен  астасып  жатқандығын  баса  көрсеткен  ләзім. 
Махамбеттің  дүниеге  көзқарасы  дәстүрлі  қазақ  мәдениетінің 
аясында  қалыптасты.  Өзіне  дейінгі  жыраулар  ізімен  өмірдің 
өздеріне  қымбат  құндылықтарын  поэзиясына  арқау  етті. 
Ақтамберді  жыраудың  «Күлдір  де  күлдір  кісінетіп,  күреңді 
мінер  ме  екенбіз»  деп  басталатын  толғауының  желісімен 
өмірмәнділікке балаған асылдарын:
Айналайын Ақ Жайық, ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз Орда, еңкеймей кірер күн қайда?
Кет Бұғадай билерден, ақыл сұрар күн қайда?
Еділдің бойын ен жайлап, шалғынға бие біз байлап,
Орнықты қара сабадан боз баламен күліп ойнап,
Қымыз ішер күн қайда? – деп аңсайды 
[43].
Махамбет дәстүрлі қазақ қоғамының мамыражай кездерін 
сағына толғайды. Бұл жолдарда көшпенді өркениетке ғана тән 
болған  құндылықтарға  деген  махаббат,  іңкәр  сезім  бар.  Хан 
Ордасына  батыл  кіріп,  билермен  емін-еркін  сұхбаттасудың 
өзінен сахарада  демократиялық үрдістер  басымдық танытып 
отырғандығын көруге болады. Махамбет өткен шақтың бейбіт 
те мамыражай, өзіндік қалпы мен болмысы арқылы күн кеш-
кен  көшпенді  халық  өмірін  суреттей  отырып,  осы  шақтың 
қысымшылықтарға тап болған кездеріне қарсылық білдіреді.
Жыраулар  шығармашылығының  басты  ерекшелігі  адам 
еркіндігін  ең  басты  құндылық  ретінде  тануында.  Көшпелі 
қоғамда  адамдар  арасындағы  әлеуметтік  теңсіздік  аз  болды. 
Әділеттілік, қанағатшылдық, бауырмашылдық сияқты құнды-
лықтар  басымдық  танытты.  Осы  қасиеттер  көшпелілердің 
бойына ізгілікті мол етті. 
Кемел  адамның  жан  дүниесін  бүкіл  Әлемге  теңгерсек, 
Махамбеттің  әмбебаптылығына  ерекше  тоқталып  өткеніміз 
жөн.  Махамбеттің  рухани  әлемінің  тұңғиығын  саралайтын 
болсақ «жігітке жеті өнер де аз» дейтін халқымыздың талап-
тілегіне Махамбеттей ер жігіттің сыны толғандай. Жыраулар-
дың  соңғы  тұяғы  Махамбет,  сөз  өнері  мен  саз  өнерін 
қатар  жарыстырып  мерейін  тасытқанын  бағамдаймыз. 

90
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
Сарбаз  ақын  өзінің  шешендігімен  топ  алдында  сөз  бастаса, 
ержүректілігімен  қол  бастаған  көсемде  болды.  Поэзияда 
асқақтық,  өршіл  рухты  паш  етсе,  музыка  саласында  күйдің 
көңілді дүр сілкіндірер ерекше сазын шертті. «Махамбеттің 
күйлері  адуын  мінезімен,  асқақ  сезімімен  дараланады. 
Кібіртігі жоқ ішкі толғаныстың тегеурінді күрсіні көкіректен 
лақылдап  ақтарылғандай.  Ең  ғажабы,  осының  бәрін  өзгеде 
жоқ әуен-сазбен өрнектеп отырады. Махамбет күйлері оның 
поэзиясының саз-сарынға айналған түрі. Ұлы мұрат жолында 
арқалы  қимыл  жасап,  атқа  қонған  ерлерге  сүйсінгенде 
«Исатайдың Ақтабаны-ай» күйін саңқылдатқан. Ата жаудың 
темір  торына  түсіп,  тар  есіктен  сығалап,  өр  кеудесін  өксік 
қысқанда  «Шілтерлі  терезе»  күйін  бебеулеткен.  Адыра 
қалаған  ата  мекен,  жатың  табанына  тапталған  туған  жер 
қасіреттің  үлкені,  қайғының  зоры  болып,  қабырғасын 
қайыстырғанда  «Қайран  Нарын»  күйін  сұңқылдатқан. 
Арманында  ақау  жоқ  үзеңгілес  серіктерінің  ер  тұлғасына, 
мәрт  мінезіне  арнай  «Тарлан»,  «Жұмыр  қылыш»  күйлерін 
күмбірлететін.  Қапыда  дұшпанның  қақпанын  басып,  Қиыл 
өзенінің  бойында  Исатай  бастаған  есіл  ерлер  қырғынға 
ұшырағанда  «Өкініш»,  «Қиылдағы  қырғын»  күйлерін  азы-
натқан...  Міне  осылай  жалғаса  береді.  Себепсіз  домбыраға 
қол  созу  жоқ.  Күйді  көңіл  көтеру  үшін  емес,  көкейдегісін 
жеткізу үшін тартатынын Махамбеттің өзі де жасырмайды. 
Махамбеттің күйшілігі оның біртұтас тұлғасын даралап қана 
қоймайды,  сонымен  бірге  дәстүрлі  көшпелілер  мәдениетін 
жасаушылардың  әмбебап  қасиетіне  де  жарқын  айғақ»  – 
деп  жазды  А.  Сейдімбек  [38,  372–373  бб.].  Махамбеттің 
философиялық ой-толғаныстары поэзия мен музыка түрінде 
қатар өрілді. Ол еркіндікке деген буырқанған құлшынысын 
алмастай  өткір  тілімен,  сазымен,  күйімен  айшықтай  алды. 
Махамбет шығармашылық әлемі арқылы бүкіл бір кезеңнің 
суреткері ретінде ерекшеленуі тиіс. 
Көтеріліс  басшысы  Исатайдың  тұлғасын  «Исатай  деген 
ағам бар» атты өлең жолдарында:
Төрт бес жылдай алысып,
Мына тұрған Иса-екем 

91
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
Ханның бір жауын қайтарған 
Ат туар ма шұбардай,
Ер туар ма бұлардай!
Мына тұрған Иса-екем
Дулығалы бас кесіп
Дұшпанының қанына
Ақ алмасын суырды-ай!
 [43, 32 б.]. 
Исатай  батырдың  іс-әрекетін  дәріптеу,  көтермелеу  ар-
қылы  рухтандырушылық  бар.  Осындай  еркіндік  жаршыла-
ры жайында А. Мейрманов: «Бодандық бұғауындағы ұлт пен 
ұлысты  елдің  қайғы  шері  мен  мұң-зары,  азаттықты  аңсаған 
ұлы арманы ел қамқоры ердің көкейінен жыр болып ақтарыла 
төгіледі»  [45,  224  б.]  –  деп  сипаттайды.  Махамбет  сынды 
ақынның  образы  философиялық  оймен  өрнектеле  келе  сом 
Тұлғаға айналған.  Жаугершілік заманның ақындары болсын, 
жыраулары болсын, батырлары болсын дүниеге көзқарастары 
негізінен мәрттік түрде болып келеді. Өмір қандай тәтті болса, 
Отаны одан да ыстық. Азаттығы мен еркіндігін одан да қымбат 
көрген. Олар толғауларында ұзақ өмір сүре тұра, қартайған 
шақтарының өзінде, табиғи өлімді сезініп тұрған шақтарында 
да  «Батырларша  жорықта,  өлмедім  оқтан  қайтейін»  деген 
армандайды  оқисыз.  Өлімдерінің  өзін  халқының  пайдасына 
жаратқысы келеді. Табиғи түрдегі ажалға қарсылық білдіреді. 
Өнер  алды  қызыл  тіл  дейді  халқымыз.  Халықтың  арман 
тілегін, көңіл-күйін, мұң-мұқтажының тізгінін ұстаған қол бас-
таған  ерлер  алдымен  шешендігімен  сөз  бастаған.  Махамбет 
сөзімен де, ісімен де дара. ХХ ғасырдағы технократтық дамудың 
нәтижесінде,  адамзат  ғылым  мен  техниканы  игергенде,  оны 
қандай  мақсатқа  пайдалану  жайлы  гуманистік  идеяларды 
ұстанған  философтардың  еңбектері  тасада  қала  берді.  Ақыл-
ой жетістіктерін игілікті істерге жұмсаудың адамзат дамуына 
оңды  ықпалы  мен  зұлымдыққа  пайдаланудың  теріс  ықпалы 
жайында ықылым заманнан бері философиялық ойдың негізгі 
мәселесі  болғаны  белгілі. 
 
Егер,  адам  табиғаты  өзімшіл  деге-
мен  келісетін  болсақ,  онда  жаппай  пайдагерлік  пиғылдағы 
отарлаушылардың  мақсат  мүдделері  бұратана  халықтарды 
еркіндігінен айырумен сипатталатын еді.  Исатай мен Махам-

92
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
бет көтерілісінің жеңіліс табуы қоғамдық даму үрдісінің енді-
гі  жерде  көшпенді  күйде  қалуға  болмайтындығын  ұқтырды. 
Отырықшы  өркениеттің  туындысы  болып  табылатын  отты 
қарулар зеңбірек, мылтықпен қаруланған Ресей патшалығының 
қарулы күштеріне төтеп беру мүмкін емес еді.
Ғылым  мен  техникасы  дамыған  көрші  елдер,  осы  же-
тістіктерін соғыс мақсатына жұмсап, көрші халықтарды құл-
дыққа салып жерлерін басып алу үшін пайдаланды. Осындай 
жымысқы сыртқы саясат ұстанған Ресей патшалығы алдымен 
үш  ғасыр  бойы  хандық  билік  құрған  көшпелі  елдің  билеу 
аппаратын  жоюдан  бастады.  Билік  жайында,  Қ.  Әбішев  «өз 
өзіңнің қожайының болу» басқаша айтқанда өз өзіңді билеу – 
дей келе, әрбір жеке адам еркіндігі, одан кейін барып адамдар 
қауымдастығының еркіндігі биліктің түп тамыры еркіндікте – 
деп анықтама берген болатын. Еркіндік – өзіңді өзің, өз өміріңді, 
өзіңнің сезімдерің мен ойларыңды, мақсаттарың мен уәжіңді, 
істерің мен қылықтарыңды, ең соңында, ең бастысы адамдық 
мәніңмен өз еркіндігіңді билеу екендігін тұжырымдайды [46,   
53 б.]. Іс жүзінде бұл кездері билік патша әкімшілігі ұсынған-
дай түрде жүргізілді. Қазақтың ел билеушілері билік тізгіні-
нен бірте-бірте айрыла бастады. Өз еліңнің тағдырын басқалар-
дың қолына ұстату, өз еркіңмен құлдықты мойындау деген сөз. 
Жеке  адам  өмірінің  үзілуімен,  ол  көтерген  мәселе  мен 
қоғамдағы  қайшылықтар  шешілмейді.  Біраз  уақытқа  тұн-
шығуы,  іштен  тынуы  болады.  Халық  жадында  Махамбет 
пен  Исатай  ерлігінің,  олардың  істерінің  ізгіліктілігі  мәңгіге 
сақталады.  Махамбеттің  ұлт  еркіндігі  мен  бостандығы 
жолындағы күресі оның халықты қарулы көтеріліске бастауы 
еркіндікті  ешқашан  өзің  қарсылық  көрсетіп  тартып  алмасаң 
ешкім бермейтінін ашық түрде жалынды жырымен де, нақты 
ісімен де көрсетті. «Бірақ ХІХ ғасырдағы Қазақстан жағдайын 
ескерсек  –  деп  жазды  О.А.  Сегізбаев  –  Махамбет  қоғамдық 
дамудың заңдарын түсіне алмады. Оның дүниеге көзқарасында 
стихиялық  материализм  мен  реализмнің  элементтері  ба-
сым  болғандықтан  ғылыми-теориялық  тұжырымдар  жасай 
алмады.  Сондықтан  да  Махамбет  Өтемісов  қанаушыларды 
аямай  сынай  отырып,  халықты  бостандық  үшін  күреске 
шақырып отырғанымен қазақ қоғамын әлеуметтік-саяси қайта 

93
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
құрулары жайында жобалар ұсына алмады. Езілген халықтың 
арманындағы еркіндікті, болашақта жаңа қоғамдық құрылыс 
атынан емес, әділеттілікті орнатудың негізі ретінде жырлады» 
[47, 178 б.]. Иә, Махамбеттің ұлттың азаттығы жолындағы жа-
лынды  күресі  жаппай  халық  көтерісіне  ұласа  алмады.  Оның 
басты себептерінің  бірі ұлттың намысы мен жігерін оятатын, 
күшін топтастыратын болашаққа жасалынған ұлттық идеядағы 
жоспардың болмауынан дер едік. Сонымен көшпелі өмір сал-
тымен артта қалған қазақ қоғамы, бодандықтың қамытын мой-
ындарына іліп алып жүре берді.
Махамбет өмір сүрген кезеңнің жалпы тарихи-әлеуметтік 
жағдайы,  оның  дүниетанымы  мен  рухындағы  еркіндік  пен 
азаттықтың қалыптасуының алғышарты және негізгі белгілерін 
ұсына келе, еркіндіктің таза теориялық көрінісін философиялық 
тұрғыдан  талдау  үшін,  алдымен,  оның  деңгейлерін  былайша 
топтап көрсетуіміз қажет: 
- Ішкі психологиялық еркіндік – ерік күші арқылы өзін-өзі 
билеу;
- Қоғамдағы еркіндік – саяси-әлеуметтік саладағы азаттық 
сарыны;
- Ұлттық рух еркіндігі  – тарихи-дәстүршілдік пен ұлттық 
психология;
Бұл үшеуі жеке дара оқшау, бір-біріне қатыссыз ұстаным-
дар емес, бір-бірінен туындап, бірін-бірі толықтырып, бірлесе 
әрекет  ететін  тұтас  еркіндік  аймағына  кіріктіріледі.  Сондық-
тан  да,  оның  таза  теориялық  деңгейлерін  психологиялық-
философиялық  тұрғыдан  таразылап  көрсетуіміз  қажет. 
Махамбеттің  еркіндік  шеңберін  талдай  келе,  оның  еркіндік 
рухының өзіне бағытталуына, ішкі күшінің қуаттылығына, өзін 
билей алуына байланысты оны «ішкі психологиялық еркіндік» 
деп  атуымызға  болады.  Ол  адамның  өз  еркін  бағындырудың 
еркінен  туындайтын  рухани  күшінің  басымдылығы  екендігі 
Махамбеттің  рухында  анық  байқалады:  «Мен,  Мен,  Мен 
едім...»  деп  басталатын  толғауын  ішкі  психологиялық  және 
ұлттық  рухтық  бағдарда  ажыратып  қарастыруымызға  бола-
ды. Шындығында, осы «Мен» поэтикасы әлемдік ақындардың 
толғауларында  аса  көп  кездеспейтін  ерекше  эмоционалдық 
сарын. Ал қазақ поэзиясында аз-кем болса да, кездесіп отыра-

94
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
ды. Мәселен, Ер Тарғын жырындағы Қартқожақтың өзін таны-
стыруында, ақындар айтысындағы өзін асқақтату тәсілдерінде 
т.  б.  қолданылады.  «Қазақ  философиясында  билер  мен  ше-
шендердің,  ақын-жыраулардың  өз  атынан  сөйлеп,  өз  ой-
түсінігін, «Менін» паш ете отырып, өздерін ақыл-ойдың субъ-
ект ретінде көрсетуі» [48, 154 б.] орын алғандығын  І. Ерғалиев 
атап  көрсеткен  болатын.  Дала  ойшылдарының  өздерін 
«Мен»  деп  атағанда  дүниеге  белгілі  дәрежеде  көзқарасы 
қалыптасқандығын,  халықты  уәжіне  сендіре  алатындығын, 
әділеттілігін  мақтанышпен  айта  алатындығында.  «Мен»  де-
ген  Кісілікті,  Дара  тұлғалықты  өздерінің  басқаларға  ұқса-
майтындығын сезінгенде айтылады. Махамбеттің «Мені» тура-
лы пайымдай отырып, оның хан-сұлтандарға, елі мен жеріне, 
досы  мен  жауына  осы  «Мені»  арқылы  қатынас  жасағанын 
көреміз. Өзіндік бағыт-бағдары айқын, нағыз өз дегенінде тұра 
алатын хас батырлығын паш етеді. 
«Меннің»  еркіндік  мәселесінен  туындайтын  асқақтығына 
мән  берген  Махамбет  философиясын  зерттеушілеріміз  оны 
экзистенциалистік  сарынмен  талдайды:  «Обективті  уақыт 
ағымы  –  оның  Мен  –  сенімділігімен  қайшылыққа  түседі 
де,  оның  тұтас  өмірі  шекаралық  жағдайлы  күйде  болады 
да,  өзінің  адамдық  мәнінің  қыспаққа  түсуі  өзіндегі  –  Менді 
онтологиялық  азаттыққа  итермелейді».  Бұл  пікірлерін  «Мен 
тауда ойнаған қарт марал», «Боз ағаштан биік мен едім» тәрізді 
табиғат  құбылыстарымен  бірегейлендіру  толғаулары  бойын-
ша дәйектеп қояды [49, 347 б.]. Бұл тұста оның дүниетанымын 
тек  батыстық  экзистенциалистік  бағытпен  шектеп  қоюға 
болмайтындығын атап өте отырып, ұлттық танымдық бағдар 
тұрғысынан әрі қарай зерделеуге болады.
Бірінші,  оның  түр  ерекшелігіне  назар  салсақ,  бұл  сөз 
қатарынан  бірнеше  рет  қайталанады,  толғаудың  ортасында 
немесе  соңында  емес,  басталғаннан-ақ  жүзеге  асады,  «едім» 
сөзі  арқылы  толықтырылады  да,  ол  әрбір  ойды  тиянақтап 
тұруға қатысады т. б. Яғни, осы формалық жақтар сөздің әсер 
ету  күшін  арттырады.  Бұл  әсер  ету  сарыны  ішкі  руханилық 
қуаттың күшінен туындап тұр. Осы тұста, ақын толғаған Мен-
нің  әлемдік  философиялық  ойдағы  Менге,  психологиялық 
Мен-ге  қаншалықы  қатынасы  бар  екендігін  байыптап  алуы-

95
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
мыз  қажет.  Мәселен,  Р.  Декарттың  «Ойлаймын,  демек  өмір 
сүремін» тезисінде «Мен» мәтін астарында орныққан. Ол өзінің 
өмір  сүретіндігінің  метафизикалық  деңгейін  ашып  көрсету 
үшін  алынған  нұсқа  және  рационалдықпен  шартталған  бол-
са,  И.Г.  Фихтенің  «Мені»  –  «Мен  емеске»  қарсы  қойылатын, 
өзін  сыртқы  дүниеден  ажырататын  және  сана,  ерік,  ойлау 
тәрізді  психикалық  процестерді  жинақтайтын  жалпы  түсінік 
болғандықтан, субективті идеалистік сипатта құрылған. Ал пси-
хология  мен  философиядағы  «Мен-Тұжырымдамасы»  адам-
ның  өмірлік  мақсаттары  мен  өзін  айқындауға  арналып,  шы-
найы, фантастикалық, идеалды т. б. формаларға тарамдалады.
Ол осы «Менге» маңыз бере отырып, оны орталық түсінікке 
айналдырады.  Осы  тұста  «Меннің  қаншалық  мағынасы  бар, 
ол неге қайталанып тұр» деген қарапайым сауал туындайды. 
Біріншіден,  ол  –  ішкі  рух  күшінің  толғанысы,  еркіндіктің  ай-
барлы,  белсенді,  әрекетшіл,  намысшыл  мазмұнын  қамтыса, 
екіншіден,  өкініш  пен  аңсаудың,  күйініш  пен  цикл  бойын-
ша  қайта  жігерленудің  құлдыраушылық  тұсы,  себебі,  онда 
трагедиялық  сарын  да  бар.  Үшіншіден,  өзін-өзі  айқындау-
дың,  өзін-өзі  ашудың  жеке  тұлғалық  үлгісінің  еркіндік  ру-
хына  тоғысуы.  Төртіншіден,  таза  бірегейлену  үдерісін  біл-
діреді.  «Мен»  сөзінің  қайталануы  арқылы  өзінің  болмысынан 
өзі  ажырап  бара  жатқан  сәттен  қайтадан  өзіне  оралуына 
ұмтылатын  өзіне  бірегейлену.  Бұны  өлең  мазмұндарынан-
ақ айқын аңғаруға болады. «Едім» түсінігі өткен кезеңнің ны-
шанын  сездіретін,  бұрынғы  Меннің  өткіншілігін  сипаттай-
тын және оның шынайылығын дәріптейтін еркіндік рухының 
солғындануын да білдіреді. 
Бұл Мен – Рухтың Мені, нақтырақ айтсақ, еркіндік рухы-
ның  Мені.  Махамбет  дүниетанымы  арқылы  ұсынып  отырған 
осы ішкі Рухтың еркіндігі ұлттық философиялық түсінік деп 
анықтай  аламыз.  Оның  бұл  жердегі  ерекшелігі  –  Еркіндік 
пен Еріктің тұтасып, Рух түрінде көрінуі. Себебі, осы ерікпен 
тұтасудың  мақсаты  тұлғаның  және  халқының  әлеуметтік 
еркіндігі мен саяси бостандығына келіп тоғысады. 
Махамбеттің  осындай  ішкі  психологиялық  еркіндігін  әрі 
қарай  сараптасақ,  оның  «Мені»,  жалпылай  алғанда,  халық 
рухының тұтасқан күйдегі еркіндігі, әлеуметтік – Мен. Ал же-

96
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
келей қарастырсақ, ол өзінің жалғыз еркіндігі мен рухын Иса-
таймен  бөліседі:  «Исатайдың  барында,  екі  тарлан  бөрі  едім». 
Махамбеттің  ішкі  еркі  Исатайдың  рухымен  тұтасады.  «Бөрі» 
тотемі  ұлттық  фольклорда  жиі  кездесетін  сарын.  Дегенмен, 
жоғарыда  атап  өткендей,  көшпелілік  өркениеттің  ақырын 
сезінген Махамбет поэтикасындағы «бөрі» және өзін «бөрімін» 
деп  атау  қазақ  дүниетанымындағы  соңғы  теңеулердің  бірі 
тәрізді. Осыдан біз бөріге еліктеген еркіндік рухының шабыт-
ты,  айбарлы,  әрекетшіл,  күрескер  көшірмесін  анық  байқай 
аламыз. 
Сондықтан,  Махамбет  дүниетанымы  арқылы  еркіндік-
тің  енжар,  жай  ғана  абстрактілі  ұғымдық  деңгейін  біз 
белсенді,  әрекетшіл  және  тәжірибелік  дәрежеге  дейін 
көтеріп,  оны  «өміршең  еркіндік»  деп  атай  аламыз.  Оны 
ұлттық  философиядағы  еркіндіктің  ерекшелігі  екендігін 
ашып  көрсетуімізге  болады.  Немесе,  оны  «ұлттық  еркіндік 
философиясының  рухтық  түрі»  деп  нақтылай  түсуіміз 
дұрысырақ тәрізді.  
«Қоғамдағы еркіндік – саяси-әлеуметтік саладағы азаттық 
сарыны» деп атап көрсеткен екінші деңгей, әрине, біріншіден, 
қоғамдағы әділетсіздіктен, екіншіден, Ресейдің отаршылық са-
ясатына төзбеушіліктен, үшіншіден, көшпелілік тіршілік ету 
дәсүрінің  күйреуіне  іштей  қарсылықтың  нақты  тәжірибелік 
көрінісінен туындайтындығын жоғарыдағы талдауларымызға 
сүйене отырып, дәйектей аламыз. Бұның саяси-әлеуметтік си-
паты  жеке  адамдық  еркіндік  шеңберінен  шығып,  тұтас  ұлт-
тың  еркіндігін  аңсаумен  байланысты.  Ол  –  шынайы  ұлттық 
рухтың нақты ұжымдық еркіндігі. 
Біріншіден,  ол  жалғыз  емес,  қолдаушылары  сол  қазақ 
халқының  өкілдері,  яғни,  ол  қоғамдық  санадағы  ұжымдық 
бейсаналылықтың  ішкі  сарындарының  сыртқа  шығарылған 
көрінісі. 
Екіншіден,  егер  К.Г.  Юнг  теориясына  сүйенсек,  байырғы 
намысшылдық  пен  жігер  архетиптерінің  оянуы,  құлдық  пен 
еркіндіктен айрылуға төзбеушілік. 
Үшінішіден,  Махамбет  осы  ұжымдық  ұлттық  рухтың 
сан  мыңдаған  жылдардан  бергі  жалғасқан  еркіндігін  жал-
ғастыруын қамтамасыз етуге ұмтылушы және оны аңсаушы 

97
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
тұлға болғандықтан, оның бойында ұлттық рух еркіндігінің 
нышаны бар жеке даралыққа айналады. Бұл даралық екінші 
қырынан  алғанда,  ұжымдық-ұлттық  рухтың  жалқы  өкілі, 
тұтастықтың бөлшегі. 
Бұл тұста «егер олай болатын болса, еркіндіктің көрінісі, 
іске  асуы  неге  тек  қана  жалғыз  тұлғаға  жүктелген»  деген 
сауал  туындайды.  Бұл  ұлттық  танымдағы  рух  еркіндігінің 
ерекшелігіне  байланысты.  Біріншіден,  оның  тарихи  сабақ-
тастығы  айқын.  Мәселен,  эпостық  дәуірдегі  өмір  шынды-
ғында  да,  рух  еркіндігі,  образдық  түрде  болса  да,  жалғыз 
тұлғаға жүктеледі. Екіншіден, ол Махамбеттің өзіне ғана тән 
даралық қасиеттеріне байланысты. Мәселен, оның ақындық, 
күйшілік өнері бұл тұста, көңіл көтеру қызметінен елді рух-
тандыру, азаттық үшін күреске шақыру, жігер мен намыстың 
терең  архетиптік  тамырларын  оятудың  психологиялық 
тетігіне айналады. Мәселен, ол Исатайдың серігі ғана екендігін 
ескерсек,  әйгіленуі  мен  танымалдығы  жөнінен  Исатаймен 
қатар  қойылады.  Өйткені,  ол  тек  қана  батыр  емес,  ақын, 
күйші,  әрі  жас  жағынан  да  кіші.  Сондықтан  Махамбеттің 
ұлттық  Рухтың  жаршысы  қызметін  атқаруы  тағдырдың 
таңдауы,  оның  ішінде  ұлт  тағдырының  талғамы,  заманның 
обьективті  қажеттілігі  болып  шығады.  Ол  –  «әлеуметтік 
таңдаулы тұлға». 
Махамбеттің  еркіндікті  жеңіп  алу  үшін  күресті  таңдауы       
Г.  Нұрышева  атап  көрсеткендей:  «Осылайша  жабырқаған 
ақын  жалғыздыққа,  өмірмәнділік  гиперрефлексияға  қарсы 
күш ретінде күресті таңдады және оны өмірінің ақырына дейін 
жүргізді.  Бұл  таңдау  оның  қиындыққа  мойымаған  ішкі  руха-
ни мықтылығын көрсетеді» [50, 276 б.]. Исатай мен Махамбет 
бастаған  көтеріліс  жеңіліс  тапқанмен,  ақынның  еркіндікке 
деген  ұмтылысын  жоя  алмады.  Ол  өмірінің  соңына  дейін 
шығармашылығы  арқылы  еркіндік  жолында  күресіп  өтті.            
Н.  Бердяев  еркіндік  –  адамның  ішкі  шығармашылық  күш-
қуаты деген болатын.
 
Оның ішкі рухани еркіндігін ешкім жоя 
алмады. 
Күрескер ақынның еркіндік буырқанған күш-қуатқа толы 
әлеуеті  шығармалары  арқылы  бүгінгі  ұрпаққа  патриоттық 
сезім күшін тудырары хақ. Оның әрбір өлең жолдары рухтан-

98
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
дырушылық  қызмет  атқаратын  рухани  қажеттілік.  Осы  тұста 
Е.Д.  Тұрсыновтың  жаугершілік  замандағы  қаһармандық 
дәстүрлерге  шолу  жасай  келіп,  қарсы  жақпен  болатын  сөз 
сайысының  сиқырлық  әрекет  етуші  қуаты  болғандығын, 
оны  түркілік  батырлардың  оңтайлы  пайдаланғандығын  [51, 
111–112  бб.]  атап  көрсетуіне  сүйене  отырып,  Махамбеттің 
толғауларында  осы  сарынның  сабақтасқан  нұсқасы  бар 
екендігін дәйектей аламыз. Бұдан біз әлемдік философиялық 
ой  ағымындағы  еркіндік  мәселесінің  қозғалуынан  ұлттық 
таным-түсініктегі еркіндіктің елеулі айырмашылықтарын тани 
аламыз. Атап айтқанда, бұл еркіндік парасатты ой-толғамның 
обектісі  болумен  қатар,  біріншіден,  тәжірибелік  тексерілген, 
оны  Махамбеттің  күрескерлігі  арқылы  анықтауымызға  бола-
ды. Екіншіден, ол эмоционалдық реңді жамайды. Үшіншіден, 
Рухтың белсенділігі, әсер етуі, ұжымды ұйымдастырушылығы 
және психологиялық дайындаумен астасып жатқандығы және 
іске асырылатындығы екендігін тұжырымдай аламыз. Махам-
бет  тұлғасы  еркіндіктің  осы  сапаларын  дәйектеудің  біз  үшін 
нақты мысалы. 
Осыдан – «Ол ұлттық рух еркіндігін неге жоқтайды», «Рух 
еркіндігі  осы  кезеңде  неліктен  өрши  түсті»  деген  сияқты  ту-
ындайтын  сауалдарға  байланысты,  еркіндіктің  саясиланған 
аренадан көрінуінің себебі, оның ішкі болмысына келтірілген 
нұқсанға байланысты. Еркіндік рухы өзінің болмысын сақтауға, 
өзін-өзі  үнемі  бірегейлендіріп  отыруға,  өзін  қайтадан  тануға 
ұмтылып  отыратын  табиғи,  биологиялық,  психологиялық, 
рухани  қуаттылық.  Осы  еркіндіктің  өміршеңдігі,  тайталасы, 
күресі,  өзін  сақтауға  ұмтылысы  –  Махамбет  әрекетінен  анық 
көрінетін  шынайылық.  Ал  оның  осы  сәтте,  нақ  осы  тарихи 
кезеңде өрістеуі мен өршуінің себебі еркіндік рухын шектейтін 
отаршылдық саясаттың ұстанымы екендігі түсінікті. Сондықтан 
да, оның еркіндікті аңсауындағы оқшаулығы – шартты, образ-
ды,  типтік  түрдегі  жалғыздық.  Махамбеттің  өмірінің  соңғы 
кезеңдеріндегі  оның  рухының  жасуы,  күрескерлік  санасының 
бәсеңдеуі  тек  батыр  тұлғаның  ғана  жеке  психологиялық 
күйініші  емес,  тұтас  ұлттық  рухтың  ұзақ  кезеңге  созылған 
жеңілісі болып табылады деп ой түйіндей аламыз. Бұны, тарих 

99
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
шындығы  көрсеткендей,  Махамбет  дәуірінен  бастап,  бүгінгі 
күнгі тәуелсіз Қазақстан кезеңіне дейін жалғасқан 200 жылдық 
отаршылдық дәуір дәлелдейді. 
Осылайша,  біз  Махамбеттің  ішкі  психологиялық  ерік 
күшінің  әлеуметтік  еркіндікке  жалғасқан  тасымалдануын 
тани аламыз да, еркіндіктің себеп-салдарлық қатынасын, ішкі 
мазмұндық бірлігін аңғарамыз. Мәселен, оның психологиялық 
ішкі  қуаттылығының  оянуының  себебі,  алдымен,  ішкі  потен-
циалды  күш  –  эндогенділік,  содан  соң,  сыртқы  мотивтер  – 
экзогенділік, яғни, саяси-әлеуметтік жағдай екендігі анық. 
Ал  «Ұлттық  рух  еркіндігі  –  тарихи-дәстүршілдік  пен 
ұлттық  психология»  деп  көрсетілген  деңгей  осы  екі  сатының 
түпбастамалық  негізі  мен  алғышарты,  толықтырушысы 
болып  табылады.  Ол  жоғарыда  атап  өткеніміздей,  жігер 
рухының архетиптерінің оянуы болып табылады. Ұлтымыздың 
намысшылдық  стереотиптердің  жандануы,  діліміздің  жауын-
герлік  рух  сабақтастығының  шынайылануы  сияқты  үдерістер 
арқылы іске асырылатын тарихи қалыптасқан рух еркіндігі. 
Сондықтан,  ол  тарихи  тұрғыдан  алғанда  да,  заңды  ло-
гикалық сабақтастық. Бұл сабақтастық сан мыңдаған жылдар 
бойғы  азаттық  сүйгіш  еркіндік  психологияның  сақталуының 
мирасқорлығы.  Бұл  мирасқорлық  генетикалық  қырынан, 
мәдени-әлеуметтік  жағынан  болсын,  тарих  шындығы  мен 
ұлтымыздың  тұтас  өмірінің  болмысы  дәлелдеген,  әрі  сан 
мәрте  рет  тәжірибеден  өткізілген  шындық.  Халқымыздың 
жаугершілік  дәстүрі  еріккен  әрекет  емес,  обективті  заман 
шындығынан  ырықсыз  түрде  шыңдалып  шыққан  еркіндікті 
аңсау  құндылығы.  Яғни,  осы  еркіндікті  басты  құндылыққа 
шығарған  ұлттық  дүниетаным  жаугершілдік  өмір  дағдысын 
тұрақты  түрде  қалыптастыруға  ден  қойған.  Махамбет 
Өтемісұлының  өмірмәнділік  әрекетінің  тарихи-дәстүршілдік 
тұғыры да осы деп айта аламыз. 
Мұнда  ұжымдық  архетиптік  көріністен  бастау  алатын 
еркіндік  сүйгіштіктікті  Махамбет  тұлғасы  сабақтастырушы 
аралық  буын  ретінде  жалғастырушы  қызметте  ғана,  ол  – 
өзінің байырғы дәстүрлеріне сүйенеді. Бұл еркіндіктің өзі ке-
мелденген  тәуелсіз  еркіндік.  Олай  дейтініміз,  біріншіден,  та-
рих  тәжірибесінде  тексерілген  ақиқат  болуымен,  екіншіден, 
құдайшылдық  пен  жоғарыдан  көмек  күтуге  сүйенбеуден, 

100
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
үшіншіден,  мистикалық  күштермен  толықтырылмай,  нақты 
күрескерлік  арқылы  жүзеге  асудан,  төртіншіден,  бөрілік  то-
темнің  рухтандырушылық  қызметінің  сарқыншақтарын  не-
гізге  алумен  анық  көрінеді.  Мәселен,  Махамбет  толғаулары-
ның шабытты немесе күйзелген тұстарында да құдайшылдық 
жоқ, «тәңір» сөзі еш жерде кездеспейді. Демек, еркіндік өзіне 
сенімділікпен көмкерілген. 
Махамбет  өзіне  табиғи  тұрғыдан  міндеттелген  еркіндікті 
сақтау  парызын  атқарды  ма,  деген  сауал  туындатсақ,  ат-
қарғандығын, бірақ мақсаты объективті себептерге байланыс-
ты  толық  орындалмағандығын  көреміз.  Себебі,  тарих  дәлел-
дегендей,  халқымыз  үнемі  жеңістерге  жете  бермеген,  жеңіліс 
те  болған.  Махамбет  осы  жеңілістердің  көп  құрбандарының 
бірі.  Бірақ  жеңіліс,  ұлттық  тарихи  рух  еркіндігі  тұрғысынан 
қарағанда,  түбегейлі  болып  табылмайды.  Себебі,  жеңіс  пен 
жеңіліс кезектескен өмір өткеніміздің өн бойында және өмірдің 
заңдылығы  ретінде  кездеседі.  Сондықтан,  жеңіліс  –  түбегейлі 
күйреу,  тарих  сахнасынан  мүлде  жоғалу  емес,  циклды  қайта 
жанданудың шарты іспеттес. Махамбеттің жеңілісі еркіндіктің 
жеңілісі  емес,  оның  қайта  жандануының,  өркендей  түсуінің 
негізі.  Бұның  нақты  мысалы  200  жылдан  кейінгі  1986  жылғы 
желтоқсан  оқиғасы.  Бұл  қозғалыс  та  тарихи  қалыптасқан 
еркіндік сүйгіш рухтың заңды табиғи, генетикалық, әлеуметтік, 
саяси  жалғасы  деп  айта  аламыз.  Тарихымыздағы  осындай 
нақты  өмірлік  картиналар  Махамбет  дүниетанымы  арқылы 
біз ұсынып отырған еркіндіктің тарихи-дәсүршілдік деңгейінің 
бар  екендігін  айғақтайды.  Қоғамдағы  демократиялық  прин-
циптердің  салтанат  құруы  тек  тәуелсіз  елде  ғана  жүзеге  аса-
ды.  Сондай-ақ,  шынайы  демократия  мен  халықтың  басым 
көпшілігінің  рухани  тұрғыдан  осы  демократиялық  бостан-
дықты  пайдалана  алатындай  кемелденуінсіз  мемлекеттің  тә-
уелсіздігін баянды ету де мүмкін емес [51].
Сонымен, Махамбет танымындағы еркіндік мәселесін тара-
зылай келе, біз оның ұлттық сипаттағы негізгі ерекшеліктерін 
анықтадық: 
• 
саяси  сипат  алғанмен,  ол  үстемдік  жүргізушілермен 
келісімпаздық, келісім шарт арқылы жүзеге аспайды;
• 
психологиялық  тұрғыдан  тек  рухтандырушылық  идео-
логияны  ғана  қабылдайды;  рухты  жасыту,  экзистенциалистік 

101
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
түңілу сарындары жоқ. 
• 
ақпараттық  күрес  түрлеріне  жүгінбейді.  Тек  шынайы 
тәжірибелік түрде ғана іске асады
• 
құдайшылдық,  мистикалық,  мифтік  нышандар  мүлде 
қатыспайды; 
• 
еркіндік  тек  теориялық  қағида  ғана  емес,  белсенді, 
әрекетшіл, өміршең сипатта құрылады; 
• 
еркіндік жалаң емес, көпқызметті, көптүрлі, құрылымды 
жүйе.  Мәселен,  ол  ерікпен  бірлікте,  халық  рухымен  тұтас, 
сезімдік мазмұнды болып күрделі синкреттік бірлікті құрайды 
т. б. 
Махамбет  Тұлғасы  арқылы  еркіндік  басты  құндылық 
болғандығы дәйектеледі. Қорыта айтқанда, Махамбет ақынның 
поэти-касындағы  еркіндік  мәселесінің  өзіндік  ерекшеліктері 
бар.  Ондағы  еркіндік  түпкі  мәнде  азаттық  идеясынан  туған 
рухтанушылықпен,  жігерленумен,  құлдыққа  төзбеушілікпен 
қаруланған.  Махамбет  шығармашылығы  рух  еркіндігін  күр-
секерлік  жолмен  орнатудың  нағыз  өнегесі  болып  табылады. 
Оның  рухтандырушылық  күші  ұрпақтары  үшін  әрқашан  на-
мыс пен жігерін маздататыны сөзсіз. Халық жадында Махамбет 
пен  Исатай  ерлігінің,  олардың  істерінің  ізгіліктілігі  мәңгіге 
сақталады.  Жыраулық  дәстүрдегі  рухани  дүниетаным  замана 
тынысы  арқылы  Махамбет  шығармашылығының  өзегіне  ай-
налды.  Махамбеттің  еркіндік  туралы  түсінігі  қоғамдық  еркін-
дікті  білдіреді,  ол  тұтас  ұлттың  еркіндігін,  шынайы  ұлттық 
рухтың еркіндігін аңсаумен байланысты. 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет