Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



жүктеу 2.91 Mb.

бет19/27
Дата11.01.2017
өлшемі2.91 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27

Қатпа Қорамжан баласы. Мен Абайдың аулына 17 жа-

сымда келдім. Содан екі жыл бұрын Әмірханмен еріп

атқосшы боп бардым. Қондық. 15 жастамын. Онда ән 

салатұғым. Басым шарт байлаулы. Бастың сыры ашылмай, 

құдай сақтап аман кеттім. Ән салғызды. Абайдан қорқам. 

Аулына көшіп келгенім 1901 жылы. Сонда бір “Сақау қыз” 

деген әнді Абай көбірек мауықтады. “Сақау қызды” Мауқай 

өлең қылып айтушы еді.

Шыңғыстағы қыстаудамыз. Абайға біздің ақсақал ба-

сында жолаңқырамай жүрді. Келгенде басым таз. “Ұялма, 

бұл ұяттың арты қорлық болады” деді. Тазым бар еді дедім. 

Шашымды алғызды. Жаздыгүні бұрқырап кеттім ғой, қотыр 

болған жылқыдай белгілі ғой. Шашымды қырғызып алдыр-

ды, қып-қызыл ала боп отырмын жаумен төбелескендей. 

Сонда Кәмәлия мен Пәкизатын шақырды. Ойбай, құдай-ай 

деп отырмын. Біріне тымақ, біріне тақия кигізді. Бұрынғы 

тымағымды өртетті. Жұма сайын босатпады, алғызады да 

отырады, ылғи жалаңбас отырғызады.

Алты айда жазды. Менен ұялмаған соң басқа кісіден де 

ұялмауың керек деді. Жазғытұрым көшіп келдік үйменен. 

Басымды емдеуі алдында қыс бойы болған. Жазғытұрым 

мал балалайтын кезде көшіп келдік.

“Немене істегің келеді?” деп сұрады. “Не істе десеңіз, 

істейім” дедім. “Ендеше, биылша торыны байқашы” деді. 

Үш торыны бағатын болдым. (Ол бір пәле ғой). Сол торы-

ны жаздай бақтым. Жоннан ел құлағанда торы бірге кетеді. 

Күздігүні қасқыр қатты. “Енді не етесің” деді де, “атпен мал 



300

күзетесің” деді. Мал күзеттім. Қасқырға бермегеніңе бәйге. 

Қораға қондық. Қой аман болды. Сонда биттей көзіңде 

ұйқы жүрсе, үйде жатып өзі біледі.

Ендігі қыста қыстамадық. Өзіміздің жерде қыстайтын 

болдық, өзіміздің қыстауға көштік.

Мал жайы. Келгенде жалғыз көкшолақ тай бар еді. 

Қайтқанда бес-алты қарамен қайттық. Үй ішін түгел 

киіндірді. Боташы келгенде, ал-ал дейді де отырады. 

Өзім қолында қалдым. Астыма жирен қасқа бие 

мінгізді. Ауылда Жылқыбай қыз алатын боп, екеуміз дала-

да екі қызбен жат та алыс. Зорға алып келдік. Абай келгенді 

есітіп қойыпты. “Кәні, қызды қайдан алдың?” деді. “Әй, 

Абай-Абай, қызды әрең алдық қой” дедім. Күлді-күлді де, 

“жалғыз-ақ тентек боп кетпе” деді.

Келесі жазында қайта көшіп келдік. Қыста көбінесе Абай 

аулына келіп, сонда жүрдім. Жаз келгенде түйе баққызды. 

Абайда 70 шамалы түйе бар. Түйеден шыққан соң ауылда 

қонақ күтетін, мал қарайтын болдым. Қолға су құям, мал 

қараймын. Жазғытұрым, ғинуар өткен соң, алып кеп бие 

байлатады. Қысыр сауғызады. Сол қысырға араласып ай-

дап келу, бағу маған – міндет, сауу – Жаманбалаға міндет. 

21 бие еді. Соған Бәйге жирен деген айғырды әкеп салды. 

Сол жазында Жанботаның қасына ертіп, бойдақ жылқыға 

шығарды. Қысыр сауған жылы жазғытұрым Мағаш ауру 

болды. Мартта Абай Мағаштың қасында болам деп, 

Ақшоқыға кетіп қалды. Майдың 12-де Мағаш өлді. Өлгенде 

өзі Мағаштың қасында болды. Жылап бардық. Дәулеткелді 

жылап келгенде:

– Ойбай, бергішім-ай, жомартым-ай, – дегенде, Абай: – 

Келе ғой, алғышым-ай, қайт дейсің-ай, – деп, күйіктің үсті 

болса да жаңағыны айтады.

Мағаштың өлімі ерлік пен ездікті сынайтын өлім ғой. 

Ез күнде өледі, ер бір күнде өледі деген Тәкежанға. Абай 

өлгенде ауыл Балашақпақта.

Шәукімбайдың бізі жоғалады. Абай түске ұйықтап 

жатқанда, Шәукімбай Абайды шақырады. “Уа, Ыбырай, 

қайдасың, біреу шабылып жатса!” дейді. “Тоқта, қой” деп 

жұрт айтқанда, Абай оянып: “Бұған кім тиді?” – дегенде, 


301

“Жалғыз бізіме шейін ұрлап қойды, мына әкең аузын...” 

дейді. Мені айтады.

Шәукімбай абақтыға салам дейді.. Өкпелегенде ол тезек 

термейім, ассыз отырасың дегені. Еркежанға айтады. Көші-

қон дейді. Сонда жалғыз-ақ соған дәмесі бар. Өкпелегенде 

көшем дейді.

Сорпасынан, не текеметінен осының деп, бізді құтырып 

кетті дейді.

Құрт езіп ішеді. Құрт қайнатып отырып пәлесіне қалам 

ба, өз құртымды ішіп отырмын.

Ырыстың тамағына неге қол сұғайын дегені – бәрі 

Кәмәлияның тамағы туралы. 

Еркежанды жақсы көреді. Бір жолда Еркежан: “Абай-

ай, есім шығып отырғаны”, – дегенде, “Осы, бәйбіше, сенің 

есің аттың е...і ме, кіріп-шығып отырады” деді. Анау кісі 

ұялып, теріс қарайды.

Тұрашты үш бөліп туған бала дейтін. Кеудесі өзім, 

сақалы сарт, беті шешесі дейді. 

Қорамжанға Әубәкірдің қайдан туғанын тап деді. 

Бірнеше күннен соң өзі мен таптым деді...

Қонақ жоқта бізді жиып алып, әңгіме айтқызады. Қонақ-

тарды Әубәкір екеуміз тіс арасынан жылы су жіберіп, ит са-

риды екен дегізіп, қайта дәрет алдырамыз.

Мен қой бағатын жылы бір тінту болды. Көп орыс. 

Бастығы ояз Набатский ауылды қамап тұрып, тінту жаса-

ды. Әбден болған соң Абай: “Тінтіп жүргенің не?” дейді. 

Еркежанға “сенің қалтаңда еді ғой, бер” деді. Еркежан ой-

байлап: “бермейім деп едім” дейді. Хат екен. Машур ма, 

біреуінен келген екен. Патшаға қарсы адам болу керек.

Өзі арабша жазады дейді. Ренжіңкіреп айтады. Хатты 

бергізеді.

Сол хат туралы Арқатқа шақырды жауапқа. Әлмағамбетті 

ертіп барып, жауап беріп қайтты. Омарбекті ерте келген ояз. 

“Апырай, орыстың маған оң қарайтынын білмейді. Алдын-

да екі хат жазып еді, тығып тастап ем” дейді.

Мүкаммаразды Қатпалардың қалжақ етуі. Абайға 

шағады. Абай тимеңдер дейді.

Күзет күзетіп жүргенде айтқан әнімді бір күні: “Осы 

сенің ойбай деген әнің не?” деді. Мен “бибай емес пе” 



302

дедім. “Сақау қыз” әні. Мен әңгімесін айтам қыздың. “Сол 

қыз байға тимей қап па?” дейді. “Тимеуі керек” дейім. Соны 

ұстанып, “сақау қыз байға тимей қапты” деп жүреді біздің 

Қатпа деп, жұртқа айтып отырады.

Бейсембай – Топай Жәнібектің баласы. “Қозы Көрпеш-

ті” айтушы еді. Сарнап айтушы еді. 

Жазғытұрым апрель ішінде қыстаудан көшіп, Бай-

төбетке қонады. Күзек қора бар. Одан Тақырбұлаққа, одан 

Көкүйірім, одан Қасқабұлақ, одан Тұмаға, кейде осылай да 

жылқыны келтірмей, топ өзі үстіне көшіп барады. Кейде 

Тақырбұлаққа қонбай, Ырсай көліне қонады. Құсын аулай 

да барады. Бұл көш бір жылғы көш. Қайта көшкенде кей-

де Ералыға қонып, ауызсуды Ералыдан ішіп, жылқыны 

Ырсай көлінен суғарады. Қыстауына майдың аяғында 

қайтады, бірақ шалғынына мал жібермей қорынады. Со-

дан сыртқа қарай Көлқайнар қонады. Тәкежан бір сиырды 

қориды. Сонда мына жалғыз қосты қақайтып, жалғыз си-

ырды бақтырмай-ақ, жығыңдар үйді, көшейік деп кетеді 

дейді. Домалақтөбе Шыңғыстың бөктері, содан Ақбұлаққа 

қонады – Көшекпен асады. Іркіт салатын, бәйбішелер 

мінетін арбалар болатын, сондықтан жайлы асумен аса-

тын. Ақбұлақ күнгейде – соған қонады. Одан Барлыбай 

жазығы, Тоңашаның өзеніне қонады. Одан көшкенде 

Әулиеатасының өзеніне түнейді. Шатқалаң болады, одан 

Жыланды қонады, одан кейін Байқошқарға қонады. Кей-

де Көкшеден қоныс сұрап алып, Бақанасқа да қонады. 

Қожагелді жеріне де қонады. Бақанасқа барарда Қарақұнан 

Боғаспен немесе Кішекеңмен көлденеңнен асады. Онда 

Саркөлге қонады. Қарақұнан – Ақбайталдың шығыс жағы, 

Қырғыз шатының батыс жағы.

Жиренше Тұмабайды Абайдан алам деп торып жүреді. 

Сүйіндіктің Асылбегіне кеп түскенде, Жиренше анаған: 

“Амансың ба, байғызым?” дейді. Анау: “Амансың ба, бәбісек 

көкегім?” дейді. Байғыз түбін санап жатырмын дейді. Мұны 

бәбісек дейтіні әр қи, әр түбірдің түбіне барып пыс-пыс деп, 

Олжайды тегіс түртіп, өргізіп жүресің дегені.

Жиренше Абайды ылғи Текебай тентек деп атайды дейді. 

Мағаш Жиреншені неге жүрсің, түлкібаз дегендей шалады. 

Сонда: “Сенде не ақыл бар, арқардың кәрі ешкісінің мойны 



303

кез иіндей болған Қабыланның қызын сұлу деп алған сенде 

не ақыл бар” дейтін еді.

Абай Жиреншеге Зейнеп төстенген құсың бар ма дейді. 

Ол бар. Жалғыз-ақ дәмегөй көзденген, Айымхан тұмсық-

танған құсым жоқ дейді. 

Жиренше көксау, даусы өшіп, жөтеліп жатып сыбырлап 

сөйлей беретін.

Нұрекенің қызы пәуескеге үш жирен ат жегіп, іздеп кеп, 

Тінібайдың үйінде Абаймен бірге жатады. Абай он бір күн 

қасына алып жатып, артынан көп сыйлар әперіп, төмен 

шығарып салады. Манас елден, қажыдан келеді. Жандарал 

Абайды айдайым деп, соған айдалып кетеді деп, үйде киім 

тіктіріп әзірленеді. Қажы тынышсызданады. Бұл көп арыз-

бен тергелген жас кезі. Сонда Манас қажының жіберуімен 

келсе, Абай қызды құшақтап ұйықтап жатады. Манас: 

“Үйде Алшынбай қызы жатыр, жүдеп жылап жүр, бұның 

не?” дейді. Соныңды біліп, жүгіріп шығып ем дейді.

Нұрекенің елін бұзам дейді (Уақ). Құнанбай, Нұреке 

екі баласы Тәкежан, Ысқақты тамыр қылысқан екен. Абай 

қызды алмай қайырғандықтан, артынан аулы өкпелі болыс-

ты.


Терістаңбалы Көшердің қызы Бірсалдының қатыны 

болған. Атақты Көшердің қызы – соның қойнына Абай 

барған.

Бірсалды – Ырғызбай. Тайжанның апасына да барған 



екен. Бастапқысы Мыңқаның қызы. Ол Әбеннің қатыны 

болған.


Көкбайға сенің адамға жаның ашымайды дейтұғын. 

Айдалғанға 50 сомын береді. Оспан киімін сатып алған әйел 

сұлу екен ғой дейді. Әйтпесе жаның ашымас еді ғой дейді.

Абайды көшеде біреудің боқтағаны...

Қажы тебін шыққанда өлген. Тегі, қысқы қыстауы Жи-

дебайда, Оспанның қолында болған. Әниді (Нұрғанымды) 

алғаннан кейін орны Ақшоқы болған.

Әбдірахман қари мен Мәлкаждар қари Наймандар. 

Солардан Семейдің бір саудагер ноғайын айтып, оны 

иманды ма деді. Жауап таба алмады. Қайтармағаны деді, 

түнеугі ноғай не болды дейді. Жауап айта алмады. Сон-


304

да: не біреуге де пайдасы жоқ адамды иманды деуге аузым 

бармайды деді.

Күйек бітіп, қой туғалы тұрғанда Көтібайға қой сой 

дейді. Көтібай күйек бітіп еді ғой дейді. Сойғызады. Арты-

нан он күннен соң: күйектен хабар бар ма деп, ырымды ма 

еді деп ұялтады. Көші-қонда ырымды елемейді.

Медресінің шәкірттерінің бас-аяғынан қарап тұрып: 

“Бейшаралар елді бұзады-ау. Өзі түк те білген жоқ әлі” 

дейді. Бақсылар, кісі оқитын молдалар үстіне кіре алмай-

тын. Баланы жақсы көретін. Тек ұсамақты жақсы көреді. 

Бала ауырғанда бақсылар әкеп, ауыл баққызғанда жындары 

түспеді.

Шәкер бақсыға қарсы Берікбайды қайрайды Абай. 

Берікбай – өз елінен Шәкер келгенде алып соқтым...

Кәмәлия келін боп 98-жылы түскен. Кәмәлия 82-жылы 

туған.

Қосқадам кеп отыр екен. Абайдыкіне Жиренше екеуміз 



келгенде, етті балпылдап жейді, тісі жоқ. Қосқадам деген 

Көтібақ, соған Мағаш мінеді деген бурыл атты беріп, ша-

пан кигізіп аттандырып салды. Анау бата берді. Абай қолын 

жаймай, жай қоштасты.

Құлайғыр (Жігітек), соған Құлаторы деген атты мінгізіп 

жіберді. Кәрі шағында жаяу қалды деп есітіп, шақырып 

алып берді. Жеккелі отырған аты еді. “Тамыр болдың – ай-

тыс жоқ, қолдан бердің – қайтыс жоқ” деп Абай айтқан. 

Ысмағұл, Әзімбай жақын боп жүріп, артынан Абайға ай-

тады. Әзімбай сонда Ысмағұлда жүрген Қаражырық деген 

бүркітті түнде ұрлап алады. Ысмағұл Абайға барады. Абай 

кісі жібереді: құсын берсін дейді. Анау ақыларын айтып 

бермейді. Сонда Абай әлгіні айтқан. Сол бергіде елге жол-

жора боп кетті.

Тіршілік – бәсеке, жарыс, дүние, бәйге үлестіру үшін 

Дәулеткелді бұдан былайғы есікті мен іздемейім деп, “ой-

бай, бауырым” салып келген кісіні қой қораға кіргізіп 

жіберген. Мәтел боп кеткен.



Мадияр Түсіпұлы. 70-те. Жанақ ақын қонаға Сабыр-

байдыкіне келіпті. Жанақ:

Дүниеден ғайып болды дұға алмай,

Қалды ғой төрт Қуандық жоғалып-ай.



305

Аңға – тамақ, жаяуға ат, киім еді,

Жасаған қарамады обалына-ай.

Сонда Сабырбай мақамдап сөйлейді екен жас баладай: 

Жел сөзін жүр екен ғой басқара алмай,

Сыбанда мыңды айдаған Жандауылдай,

Өлсе көрін ұрайын, жатсын солай. 

Алғашқы Жігітек жанжалы тұсында Абай туды ма, жоқ 

па білмейім. Бірақ Әбілғазы сол соғыста, Мұсақұлдағы 

соғыста төбелесуге жарапты. Әбілғазы Тәкежанмен жасты. 

Абай әбден бар. Мұсақұлдағы соғыс күз ел бауырға түсе 

болған.


Менің естуімде Майбасар мен қажы жақсы болмай 

жүреді. Бөжей Майбасарды аламын деп болыс сайлата-

ды. Қажы сайлап барып, өз бауырына қайта тартып ала-

ды. Бөжейді байлап алам деп келгенде, Әлжан оқтанып 

атпақ болады. Бөжей атқызбайды. Артыннан қажы Бөжейді 

ұстап әкеле жатқанда: “Мен сені оқтан аяп ем, сен отқа 

салдың ба?” дейді. Байсал арашасы. Араша бермедің деп 

“Көтібақтап” қосылып кетеді.



Жиренше әңгімесі. Сыбан, Тобықтының жер егесі. Абай: 

Мұқыр, Шыңғыс 500 сомнан берсін, мен жердің аралығын 

тоқтатам дейді. Жер үлесерде Қаратай: “Құнанбайдың мына 

қарашолақ баласы алдады-ау” дейді. Үлеспейді Көкше. 

Жиреншеден сәлем айтады. Жиренше Қаратай аулына 

бара жатқанын көрдім дейді. Абай: “Ол қарт бара жатса 

үлеспейді десеңші” депті. Қаратай: “Құнанбай жақсы еді. 

Мен жан сақтауға қанша берген едім. Байсал да жаман бір 

Құнанбайдан кем болғанға несі кетеді. Бөжей де ақылды 

емес, менің азғырғаныма алданды – ақылдысы қайсы. Мен 

Көкшені аман алып қалам деп алдадым”, – дейді.

Абайдың бала кезінде болыс аты – Қоңыркөкше. Қажы 

Омбыдан қайтқан соң қыстаулар тез қайтпайды. Әсіресе 

Мұсақұл үсті дау. Төлеқан қорасы деген бөлік бар, соны 

ұстанады. Беріге шейін сол сөз басылмайды.

Қажы алдым қылып, Мұсақұлға түйесін салып, қонып 

жүреді. Қағаздасып жүріседі. Әділхан окиғасы шығады.


306

Абай Базаралыны береді. 17 кісіден бөлек. Балағаз, Ба-

заралы Құдайсүгірдің жылқысын әкеп, сонымен кетеді. 

Абайдың жасында Сүйіндіктің Асылбегі болыс болады. 

Қажы Омбыға кеткенде Көркембай болады. Жабай да бола-

ды. 


Осылар қалып келгенде, Тәкежан бірден болыс болады. 

Содан беріде Абай болады. 

Тәкежан жылқысы алынды. Онда Күнту болыс. Бір қос 

жылқыны алып кеп, Кішекең қырып тастаған. Біздің ауылда 

старшын бар еді, соның қатыны қуғын кеп, теріні тапқанда, 

Абай аулынан қуыса келген шенеунікке үйдегі журналды 

дар айырып алып шығып: мынау отырған кісің жыртты, 

біз аталас боламыз, таңбамыз бір, ат өзімдікі деп алғызбай 

қалады. Мен Жігітекпен бірге аттанғам.

Қатын “қайда” деп, құлақтың бәрін жыртып тастайды. 

Онда болыс Күнту. Ол мені болыс сайлап, бұның не деп 

шалқалайды. Оразбай, Жиренше, Байғұлақ, Қаражан, Күнту 

бәрі боп Кішекеңе жылқы басы екі бестіден кеседі. Кішекең 

ішінде жылқы соймай, некен-саяқ аман қалғандар да бар 

екен. Соның бәрін төлетіп, Кішекең кедей болып ба уырда 

қалды. Жылқы алды деп қағаздасады. Шербешнай болады 

Семейде, 61 би орнады. Базаралы мен Абай жүгініседі. Би-

лер тыңдап, екеуің шыға тұр дейді. Екеуі шыққанда, Базара-

лы қалжыңдап:

– Мына жалпақ төбелер темекісін тартып, екеумізге 

кебісін күзеттірді-ау, – дейді. Содан билерге келгенде:

– Мынау Құнанбай баласының аты, асы, ақшасы да 

мол. Біле білсеңдер, мен көп бердім. “Не бердің” деген-

де: “Осы Құнанбай баласы құдайдан туды ма деп, тіксініп 

жүр едіңдер. Алдарыңа бір әкеліп жүгіндіріп бергенім емес  

пе!” – дейді.

Базаралыға Көкбай айтады. Абай барда кездесіп, өлең 

айтшы дегенде айтыпты:

Алашқа абыройың әлі дардай, 

Келбетің қырық бұт тартқан кара нардай.

Ішімнен тілеуіңді тілемесем, 

Жарияға тұрмын ғой аузым бармай.



307

Абай Қоңыркөкшеге болыс боп тұрғанда, Байкөкше 

акын бұл отырған үйге кіре береді. Абай:

Тақыр жерге кауындап шөп бітеді,

Кей адамға мал мен бас көп бітеді, –

деп, осының аяғын отырмай айтып жіберші дегенде, Бай-

көкше:

Кей жігітті пысық деп болыс қойсаң,



Қашан түсіп қалғанша жеп бітеді, – 

деп отыра кеткен.

Күнту болыс болғанда жортқаным-ай, 

Керей менен Матайды торытқаным-ай. 

Қазы менен қартаны кертіп шайнап, 

Абай болыс болғанда қорыққаным-ай. 

Әділхан Абайдың болыс күнінде қалаға жіберген пошта-

сын талайды. Содан көрсетіп, қағаздатып 17 кісіні айдайды. 

Әділхан қайта қашып келеді. Базаралы басқа жөнмен айда-

лып, артынан қағазы түзеліп қайта келеді,

Шербешнай. Әзімбай, Күнту болыс. Пригауар алып 

Мұқырға Кішекең, Бөбең шығады. Мұқыр болысы бұрын-

нан бар. Сайлауға Әміре Айтбақин барады. Көп ел шығып 

кетеді. Әмірені Қасқабұлаққа апарып, сайлау қылып, 

Оспанды болыс қояды. Күнту өзі Мұқырға шығып кетеді. 

Оспан 41-інде өлген.

Оразбай Әміре болған бүлікте. Оразбай бөлініп шығып 

кетіп, Оспан болыс болғанда қайта Шыңғысқа келеді. Со-

дан тағы кетеді. Оразбай Күнтуды аяп және жылқы алған 

пәледен корқады. Сөйтіп, қажы балаларына қайта кеп кіріп 

кетеді.

Жылқыны 33 кісі келіп, Қасқабұлақтан тиіп алдық. 



Төбелес болған жоқ. Қоста сонда Ақылбай отыр екен. 

“Қуырдақ қуырып жеп отыр едім” деген сөзі жұртқа күлкі 

боп кеткен.

Ақылбайдың малды қатты қарап тұрмын дегендегі бір 

күлкі мінезі.


308

Қарсон кыстауының үстінен Орданың Боқай жағымен 

асырады жылқыны. Мына жақ қуа барып, Ысқақ бастап 

Орданың Шілікті кезеңінен тосады. Аналар ар жағынан өтіп 

кетеді. Содан шиден өрлей сояды. Сол жылы Әбді, Сарыбас 

сияқты Кішекеңнің көп кісісі өледі. Соны ырым етеді. Жол 

болмады дейді. Базаралы өліп қалады.

Күнту болыс болудың арты тырым-тырақаймен бітеді. 

97-жылға шейін есе бермейді. Онда да Әзімбай Оразбайға 

шығып, сонымен есе алады дейді Мадияр.

Ысқақ 1901 жылы өлді.

Күнту 6олыс болғаннан кейін Абай партияға төгіп-төгіп 

кедей болды, тон киді. Бөрте айғырдың қысарағының әкесі 

бір айғыр, екі байтал ғана қалған. Еркежанды алуда осындай 

болған.

Айтқазы наследник Омбыға келгенде сонда барды. 700 



кісі жиылған екен дейді. Әркім әртүрлі салт көрсетті. Біреу 

күш көрсетті. Қасқыр, түлкіге бүркіт салды, қаршыға, шал-

ды. Кедей көші қарашолақ, мәстек көші өте сәнді бола-

ды. Жылқы айдап, қыздар ән салып өтеді. Айтқазыға ба-

рып қайтқан соң, Белағаш, Семей халқы жиылып, әңгіме 

сұрайды. Мұса бар, анау-мынау бөрі-бөрі жиылды. Бірақ, 

қысқасы, осы өздерің көріп жүрген Абай – бәрі де соған жер 

мен көктей жуық келетін бірі жоқ дейді.

Мағауия өлгенде 100 қаралы кісі ат қойып бардық. 

Ылғи Кішекең. Көрісейін деп ем, бәріне рең бермей қойды. 

Болмаған соң, қайта барып орныма отырдым. Сонда 

отырған соң шаршап қалдың-ау деді. Бейсенбі Бұланбайға 

айтты: Осында Күреңше айтты деп есітіп ем. Абай кісі-ақ 

қой, жалғыз-ақ осы бір тақыр баласы ғой деген екен. Бүгін 

өлгеннен кейін Абайдың бағы осы ғой, білімді ғой деп ай-

тады дейді. Осы құдай кәні, тірлігімде бір мақтарың бар ма 

деді. Мен білемін дедім мен. Айтқазы осыны айтты дедім. 

Сонда Айтқазы ол кісіге қосылмайды. Оны қой деді дейді 

(Осында Күреңше деген айтады деп естушем. Осы біреу 

тақсыр баласы шын бағын қайтарады ғой).

Абайдың бір сөзі: “Бай баласы көп ішсе, ішіп үйренген 

дейді, аз ішсе, негізі тойған дейді. Кедей баласы көп ішсе, 

көні кеуіп қалған дейді, аз ішсе, шілдесінде шық көрмеген 

дейді. Кедей баласының құтылары бар ма?”



309

Дүтбай мен Шүлембай тартысы 5 күндей шар салғанда 

тең шығады да отырады. Семейге алып кетеді, Ояз сайлауда 

екі елубасы екі ат алып Шүлембайға шығып кетеді де, сол 

жеңеді. Ағыбай екен сол кеткеннің бірі. Көкбай осыған на-

заланып көп өлең айтады (Өтебай жазып алған).

Мыңжасар дауы. Дегелеңдегі Шөптемістен 6 бие ұрлап 

әкеледі. Жолдыөзектің Оразбайы Абайға айыпты болады. 

Абай шақырады. Келсе, қу Құдайбергенмен құмалақ ойнап 

отыр екен. “Жылқы сенде – қайтар” дейді. “Алмадым” дейді. 

Сонда: “Апар, қарға көміп таста” дейді. Көмгізіп тастап, 

сағатына бір қарап, бәйбішесіне “құрт ездір” дейді. Бәйбіше 

кеп, “Мыңжасар, тірімісің” дейді. Басында жауап беріп, 

артынан үнсіз боп қалады. Бәйбіше (Ділдә) жүгіріп келеді 

өледі деп, өзі келіп: “алты бие бар ма?” дейді. “Жоқ” дейді. 

Ауыз үйге жатқызып, құрт береді. Қайтарады. Келесі жылы 

Шәкерім қайта сұратады, Абайға барып. Абай: “Шәкерімге 

айт, мен Мыңжасардан алты биені өндіріп алғам” дейді. 

Сөйтіп құтқарып жібереді. Алғаны рас екен.

Мадияр.  Ерболдың 6 сиыры жоғалды. Шақырды Абай. 

Келіп ем, “мынаның сиырын тарт” деді. “Алмадым” деп ем, 

“сөз өтпейді ғой, ертең бітімшілеп алады” дейді. Қаштым. 

Біреу айғайлады – Рүстем екен. Жөнін айттым. Сөйлетпейді, 

сөйлесем ғазапқа салатын дедім. Бата қиын. “Өлдім-ау енді” 

деп жылап жібердім. “Қайта жүрші, мен білуші ем, мен ай-

тайын” деді. Қайта келдік. Рүстем айтты. “Нақақ мынаны 

шаптырам ба, енді, ашық айтам. Ербол құдам болса, ұры 

да одан және жақыным еді. Бірақ енді мынаны өлтірем бе, 

көршім еді, айтам” деді. “Алған Қараша аулы” деді. Исабек, 

Әбір бар – Қараша келді. Рүстем: “Мына Мадиярды шапты-

райын ба, жігіттер. Енді жасырын жоқ, мен айтам” дегенде, 

Исабек: “Мен де шаптыра алмайым, алғаным рас” деді.

Белағашта жүрдім. Үйден кісі келді. Үйге екі түйе астық 

беріп қайтардым. Соғымда екі түйемен тағы біреу келеді. 

Күйіндім.

Мадияр, Мұхаметжан, Әжібай арасының 40 бұт астық 

дауы. Астықтары араласып, қалада Абай Қарасақаудан 

шақыртады. Қарасақау ыржаңдап “Айтқазы, Айтқазы” деп 

шақырды. Айтқазы ақырып, “неменеге арсаңдайсың” дейді.



310

Абайға келдім. Айттым. Абай ананы теріс деді. Мұха-

метжанға ұрсып, “елді бұзбағын, бұйырам” деді. Артынан 

тағы да Мұхаметжанды ұрсады. Сонда анау: “Ойбай, құдай, 

өзің біл дегенде, ал деген екен десем” дейді.

Қыстыгүні бір бөлек кісілер келіп отырғанда, мен келдім. 

Жайымды сұрасты. Сонда Ырғызбай, Кеңгірбай жайын ай-

тып, Кеңгірбайдың Ырғызбай өлгендегі тілегін айтып кеп, 

сол Кеңгірбайдың тұқымы бұл, сол Ырғызбайдың тұқымы 

менмін деді.

Мадияр: 

1. Насыбаы туралы. 

2. Аулабай туралы. 

3. Қазанбай, Айтқазы. 

4. Әжібай, Көкбай. 

5. Айтқазымен күрес.

6. Ұрыға айтқаны.

7. Қатпадан.

8. Қымыз туралы.

9. Құрманға келгені.

10. Жетібай туралы.



1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал