Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



жүктеу 2.91 Mb.

бет18/27
Дата11.01.2017
өлшемі2.91 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27

КӨНЕ ДӘПТЕР

Әрхам Ысқақұлы, Сыдық Махмұдұлының 

Абай жайындағы мағлұматтары

Сыдық. Көш-жөнекей өңгіме айт деп, артынан өзі ай-

татын. Ойнасын айтып, артынан: “мен осы ақымақ па, ол 

болса кемпір болды, не өлді ме. Мен болсам түрім мынау, 

осы кәрі не былшылдап келеді дейсің-ау”, – дейді екен.

Әрхам. Қажы өзінің қайны Ағанастан Ұзынқұлақ ат де-

ген атты сұрайды. Ағанас бермейді, күйеу басқа дүние ал-

майды. “Аттан залал көреді, түсімнен жаман нәрсе көріп 

ем. Бұзылған ат – жауға мініп шаппа, бәйгеге қоспа және 

үстінен бір үлкен қан көріп ем” деп соларды айтып береді.

Жылқыға жау тиеді. Қажы Ұзынқұлақ атпен шабады. 

Қуғыншылардан озады. Әкесі шылбырына оралады. “Бұл 

мені Жақып қылайын деп пе едің” деп болмай шауып 

кетеді.


1884 жылы өлді. Жасы 80-де еді. 76-жылы қажыға бар-

ды.


Тобықты старшыны болады Құнанбай. Аға сұлтан 

болған, қасындағы жақын атарманы Бөжей болыс қоймақ. 

Майбасар Бөжеймен құрдас, қолқа қылады: “Саған бір 

олжа түскелі тұр, соны маған қи” дейді. Қажы аға сұлтан 

болғанда: “Сен болыстықты алып қал, саған берем, басқаға 

бермеймін, Сүйіндік кандидат болсын” дейді. Болыс сайла-

нар жерде Майбасар тілегін айтады. Сол болыстың үстінде 

Тайшекенің әңгімесі. “Мен өлген соң Тайшеке құлды Таеке, 

Майбасар құлды Маеке дерсің, мен сендерді Таеке дермін” 

деп ат кекілін кесіп кетеді. Көкшеден ол күнде Қаратай, 



272

Көтібақтан Байсал, Торғайдан Құлыншақ, Кішекеңнен 

Түсіп.

Мырзаханның естегісі: Үш мешіт. Мағаш. Қоңыр үлгісі. 



Бопымен айтысы. Камали хазірет әңгімесі. Ақмырза мешіті. 

Осы Камали мешіті...



Әрхам. Бөжеймен ақылдасып, өзгелер болыстықты 

қайта сұрауға көндіреді. Бөжей келгенде, қажы: “Майба-

сардан өзің сұрап, өзің ал” дейді. Содан басын біріктіріп ап, 

қажыны жамандауға кіріседі.

Қажыны көрсету арқылы ол Омбыға кетеді. Майыр 

тергейді. Күнде көп жүріп, пара беріп: “Барлық жұмыспен 

бір-ақ терге” – дейді. Бар жұмысты майыр бір-ақ көрсетеді. 

Майырды бас салып, қағазды Мырзаханға отқа салдырып 

өртетіп жібереді. Содан қайтқан соң аман келіп, 14 қыстау 

айып алады. Кішекең, Көтекең, Торғай (оның жартысы), 

Көкше болып біріккендер.

Араздық уакытта Майбасарды да бөліп әкетеді Бөжейлер. 

Осы кезде Абай әжетке жарап, атқа міне береді.

Шешесі жайында. Абайдың сүндетке отырғаны 8-9 жа-

сында, ержетіңкіреп кеткен соң болыпты. Сонда Абай: 

“Құдайым-ай, бұдан да қыз қып жаратпаған екенсің” 

депті. Шешесі: “Аузыңа пәленше етейін-ау, қыз болса бала 

таппаспең, одан ауыр ма”, – дегенде, Абай: “Онысы тағы 

бар екен ғой” депті.

Қаратай аулында бір топ құрылады – қарсы кісілердің  

жиыны. Омбыға айдатар алдында Арғын, Найман арасын-

дағы шешендерді сөз қып отырады. Қисық, тағы басқалары 

кім шешен дегенде, Қаратай: “Құнанбай шешен” дейді. Бай-

сал бір қарап қояды. Мырза кім дегенде, тағы “Құнанбай” 

дейді Қаратай. Сонда Байсал: “Не оттап отырсың, ендеше 

неге алысамыз?” дегенде, Қаратай: “Мен Құнанбайдың өзге 

мінін табам ба, жалғыз-ақ “неғылайыны” жоқ қой” депті. 

Топ Қаратай сөзді өзі бұрып алды деп тарап кетеді. Осыны 

Құнанбай есіткенде: “Онысы рас, адамның не нәрсе қасиеті 

болса, сол нәрсе міні де болады” депті.



Жер таласы. Сыбан мен Тобықты арасы. Сыбан, 

Қаракерей Қисықты шақырады. Құнанбай сөйлеседі. Тең 

түседі деп майыр келеді. Жері Құндыздының бойы бола-

ды. Екі жақтан екі би шығады. Сыбаннан Қисық дегенде, 



273

Құнанбай Тобықтыдан Доғал болсын деген. Жұрт тіксінеді. 

Доғалдың аузының дуасы бар деп Құнанбай соны шығарады. 

Тобықты ұтылдық деп қорқады.                       

Байыс сонда қасына күнде қырық кісісін ертіп барып, 

құран оқи береді.  Атаның бейіті дейді. Сыбан қуана барады 

(Доғал Мамбетей), Қисық қуанбайды.

Сегіз қанат үй тігіледі. Қисыққа құс төсек, биік төсектен 

орын белгілейді. Доғал кеп жоғары отырады. Екі жақтан 20-

30 кісіден айтысқа шығады. Сыбан Тобықты ұрлығын ай-

тады. Құнанбай: “Екі жаққа аққан екі су, бірі – Құндызды 

біздің жаққа, Қосын – сендер жаққа ағады” дейді.

Билік не болды дегенде, екеуі де сөйлемей отырады. Ар-

тынан Доғал “Билік болды” дейді. Қисық ашуланып: “Доғал 

десе, доғал екенсің ғой, маған ақылдаспай неге айтасың?” 

дейді. Анау: “Қисық десе, қисық екенсің, мен Найманның 

най тартқан қарыған шалы сөйлейді екен деп отырам ба, 

ата-бабамнан билік айтып үйренгем, сөйлемей неге отыра-

йын” дейді. Осы билік боп қалады. Екі өзенді екеуі алады.

Ұлжан ауырып жатқанда, “Өлетінбісің, қалайсың?” 

дегенде, “Ой, шіркін, мен бұрын өліп көріппін бе, қайдан 

білейін” депті. Шектібай бауыры ылғи апа деп жүріп, бір 

күні әже дейді. “Қағынып кеткенсің бе” десе, Шектібай: 

“Е, жұрттың бәрі жүр күңіреніп. Әже-әже деп жүргенде, мен 

жаңа тілім шыққан балаша апа-апа деп отырам ба?” депті. 

Сонда Ұлжан: “Қыз болса мені іздеп келер ме еді, сөйтіп 

сөйлер ме еді. Сатып алсаңдар да, еркек болыңдар” депті.

Оспан мен Шектібай қалжыңы. Төрт жиенін орналас-

тырады. Тәңірберді ашуланып: “Аузыңды ұрайын, осы 

жүргенде жылқының отағасы жоқ болғандықтан қаңғып 

жүр ме едің, – дейді.

Сыдық. Абай бала күнінің естегісін айтқанда, жаман 

бала, бос бала болып, ел Ысқақ адам болады деседі екен. 

Өгіз бұзаулап жатыр десе де нанам дейді. Әкесі “осы боқ 

мұрын қарадан күтесің ғой не күтсең де” дегені есімде бар 

дейді екен. 

Байсалдар кетіп барады екен. Суға түсіп жатып алдары-

нан киініп шығып, сәлем беріпті. Байсал: “Сәлемін алып 

не қыласың антұрғанның баласының” депті. “Танып сәлем 

берейін дедім” депті. Байсал: “Жетпегірдің баласына не 


274

бата бер деушең” дегенде, Бөжей: “Әкеңнің үйретуі ме, өзің 

бе?” дегенде, “Өзім” дейді. Бөжей сонда: “Ей, Түсіп, Бай-

сал, – деп, – сен бата бермейім дегенмен, болайын деп тұр 

ғой” деп бата береді. Бірақ батасында жалғыз-ақ әкеңнің 

пәлендей мінезін бермесін. Үш жүздің басы бол, жүк енді 

саған қалады, жалғыз-ақ ауырма, дұрыс алып жүр дейді.

Әрхам. Есімде бары 15-темін. Әукештің отауында бол-

ды. Таңертең түстікке шейін әңгімемізді тыңдайды. Содан 

ол кісілермен сөйлеседі. Кешке шам жаққан соң шақырып 

алып, тақпақ, ертек, жұмбақтар айттырып, соны түзейді де 

отырады.

Жастарды алдында ойнату.

Махмұд әңгімесі. Қияспайға:

Үстіңдегі киімің киім емес, қызыл шу,

Жүрген жерің күнде шу.

Уайым жоқ, қайғы жоқ,

Атадан тусаң, сендей ту. 

Тамағым тоқ, уайымсызбын,

Япырмау, менің өзім неткен қу.

Аяғын өзің айт дегенде: әгірді, әгәгірді дейді.



Сыдық. Шәукімбай Абайға: балта қайра, жарамайды 

арамтамақ, енеңді ұрайын дейді екен.

Рақымшал жайы:

Балам аты – Рақымшал,

Ер жігіттің көркі – мал.

Сұлу аттың көркі – жал.

Дәулет – қызық, бала – бал,

Бал болатын бала бар.

Бал бола ма Рақымшал.

Берген балаң бұл болса,

Берген тәңірім өзің ал.

Мүкаммаразға:

Ауру астан болғанда, дау – қарындастан,

Мүкаммараз атандым бала жастан.

Мүкаммараз дейтұғын шайтан аты,

Қандай молда қойды екен аямастан. 



275

Абай айтып берді деп Мүкамараз айтқан.



Сыдық. Дари ма, өлең қалай болды деп ойлайсың деп 

сұрады. “Ұйықтап ояна салысымен қолыма қарындаш 

алып жазып тастаймын”. Сонысын айтып: “Бастығырылып 

ұйықтай алмай, оянып алып жазып тастасам, бойым сергіп 

қалады. Дарыған деген осы ма”, – дейтін.

Өлеңдері:

1.  Тәңірі қосқан.

2.  Амал жоқ, қайттім.

3.  Сегіз аяқ.

4.  Көзімнің қарасы.

5.  Қор болды жаным.

6.  Бойы былғаң.

7.  Ішім өлген, сыртым сау.

8.  Айттым сәлем, қалам қас.

9.  Біреу біреуден артылса.

10.  Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа.

11.  Өлсем, орным қара жер.

12.  Сен мені не етесің.

13.  Ата-анаға көз қуаныш.

14.  Сұрғылт тұман дым бүркіп.

15.  Сүйе алмадым, сүймедім.

16.  Мен көрдім ұзын қайың құлағанын. 

 

Ертектері: “Шәркей мен Марта”, “Төрт мүшкетер”, 



“Рүстем”, “Петр Великий жайынан ертек”, “Генрих Навар-

ский”, “Шаркен”, “Мың бір түн” – елде алғаш айта бастаған 

Абай.

Торайғырдың асына Керқұла атын апарып қосты. Бұл 



бұрын шаппаған ат еді. Соны көріп жіберіпті. Бәйге бола-

ды, осыны апарып қосам деп қосты. Бірдің соңынан келді. 

Жиында жұрт аттарын әкеп көрсетіп жатты. Атты таниды. 

Кейін сатып алып, оздыра алмай қойған уақыттары да бол-

ды. Жүздей ат шауып еді. Тұйықтың қоңыры деген ат келді 

артынан. Оразбаймен татуласқан соң, анау қажыға барып 

келген соң шақырды. Бардық. Абай екі ат апарды. Ақбас ат.

Берікбай бақсы да барды. Тәкежан аты қоңыр ат. 

Байбұлан аты торы ат. Қисатайдың сар аты. Берікбай шет 


276

әкетеді дейді. Абайға екі атың да келмейді дейді. Бір шатақ 

бар. Өскембайда бір ақ шатақ бар дей береді Берікбай. Абай 

менің атымның кежімін алған соң, сенің атың жүйрік екен 

ғой, қосшы дейді. Көмбеге жетерде Керей атының тобығы 

шығып кетеді, тұрып қалады. Сары ат өте шықты, ілесе 

менің атым келді. Керейге дауласып бәйге бермеуге айнал-

ды Тобықты. Абай Керейге бергізді. Қаза көріп тұр ғой, бұл 

ат та өледі. Керейге беріңдер дейді.

Палуан күресі. Омарды шығарды. Дүрбайды Керейден 

шығартты. Медеуге бас бәйгені қайтадан түйе қып тіккізді. 

Күнту, Оразбай жанжалы. Оразбайдың қайта қашуы. 

Бұл тұста Күнту болыс болғаннан кейін Оразбайды Оспан 

қаладан елге байлап әкелген. Төренің қатыны, Арқаттағы 

төренің қатыны.

Әнет Орымбек іспен сынайды Абайды. Жаяу бәйге. 

Қатындар. Орымбектің қатыны алдымен келеді. Орымбек 

қатынын тығады, бәйге ал дегенде қашады. Ұрсады, бәйгең 

не деп? Артынан мәнін сұрағанда: “Пәле болды десеңші, 

мұны естіген соң Абай мен Оспанның бірі тағы тартып әкетеді 

де және онымен қоймай біреуге беріп жібереді десеңші” 

дейді. Жұрт күледі. Осы сөз Абайға барады. Сонда Абай: 

“Қой, мынау күлкі емес. Антұрған таздың мынасы сынауы. 

Етімнен өтіп, сүйегіме жетті ғой, мынаны Оспанға айтшы, 

осы мінезді қоймаса болмайды екен. Мен де қояйын. Елге 

жүйрік ат, қыран бүркітті, тазы дегенді қоймайтын со бізбіз 

ғой. Арадағы бір саудагерше аламыз да, дереу өткіземіз елге. 

Бізді сынарлық сын бопты, мен қойдым, Оспан да қойсын” 

дейді.

Орымбек Шәкәрімді де сынайды. Сондықтан Күшікбай 



қарғайды. Себебі ол шолақ киінді деп, шолақ киіндің, ол тар 

киінді деп, тар киіндің дейді. Үлгің деп ұрсады.

Тәңірбердіге өлерінің алдында, Мағаштың қырқын бе-

рерде үш-төрт күндей тамақ ішпей отырып, сөзден де мүлдем 

тыйылады. Сонда кеп: “Қарағым-ау, шын бөтен дүниелік 

болғаның ба?” деп Тәкежан сұрағанда: “Ез күнде өледі, ер 

бір-ақ өледі” деп қана қойыпты.

Құсайын Ерденбаев Абайдың шығарған өлеңі деп біраз 

өлең айтады:


277

Сарттың соққан сары алқа сал мойныңа,

Көп сарғайтпай құдаңды ал қойныңа.

Белің шеш те, қолымды бос қоя бер,

Қолым сынса, обалым өз мойныма.

Орымбек келгенде, қара қатынды шақырып ап, астын 

ұстайды. Таздың іші күйсін дейді. Орымбек оған: “Менің 

несіне ішім күйеді. Сен бір тайынша бұқа болсаң, дәрменің 

болса бір сәрі. Ал сен де бір, Оспан үйіндегі тарғыл бұқасы 

да бір емес пе. Алдыңда қырық сиыр, құр иіскеп, мекіреніп 

тұрғаннан басқа не бітіресің”, – депті.

Жас жігіт айдаудан қашқан. Түрік Ерзеруннан хат алушы 

еді.

Қарамолаға бара жатқанда Абайға түсін айтатын ақын 



Байкөкше.

Қарамолаға барарда Әлімханды салып едік дейді екен. 

Зайсан, Өскемен үйезі, Уақ, Керей және Бура билері сөз 

қосып, Абайға қарсы тамыр істеп алған болады. Қаракерей, 

мұнда Найман, Уақ боп баталасып қойдық дейді. Рақыш, 

Әлімхан келгенде, Абай кешігіп келеді. Тобықтының 

ұрысын қорғап, келмей жатыр деп жамандайды. 

Әлімхан Мұрын Найман кетеді. “Сен бірге көшемісің, 

елдің сабасы кеткенде, сенің сабаңа қарап отырмақ па?” де-

генде, Рақыш шошып түрегеледі.

Абай төбе басы болады. 105–110-бап (статья) жасайды 

Абай. Сонда Абай кіргізген ереженің бірі: ұрының малы 

жетпегенде ағайыны тартсын, сүйеуші тартсын деген дейді.

Қарамола сиязының тұсында Арғымбай болыс. 95– 

96-жылдар шамасы. Көктұма сиязы және Балқыбекте бір 

сияз болған. Олар ары. Балқыбек өзені Тобықты, Найман 

жерінде. Көктұма Шәуешек тұсында.

Абайдың ескі қазақ ақынынан мақтайтыны Марабай 

мен Шөже ғана екен. Шын ақын осы екеуі, өзгенің бәрі 

бәлдір-батпақ қой дейді екен.

Қарабай жөнінде Жанақ айтқаннан кейін Абай Топай 

Бейсембайға: сен осыны өңдеп айт деп тапсырған. Осы 

міндетті Ақылбай, Мағаш бірге алады. Бейсембай сонан соң 

жаз шыға Қодарға, Қарабайға, Айбасқа – барлығына да ән 

салып айтатын болған. Өңдеуде Ақылбай араласқан болуы 

керек.


278

Құстың сыны туралы. Қандай бүркіт қыран болады деп 

Абай Жиреншеден сұрағанда: жәдігөй көзденген Айымхан 

мұрынды, Зейнеп төсті бүркіт түлкі қояды дейсің бе депті.

Саудагер болмаған. Оспаннан қалған сауданы Қорамжан 

азырақ істеген. Бертінде Мағаш азырақ сауда қылды. Бірақ 

Абай соның сауда малын жиған, қыстатқан, тайынша-

торпағын жұртқа беріп жібереді екен. Кісіге мол қылып 

беріп, керегінде, мысалы, он еркек қойды бір-ақ алдыра-

ды екен. Кісіден алу-беруде аткөпір болатын. Бір кісіге ат 

сынатып, “жақсы” десе, ендеше, сен ала ғой, жақсы көрген 

екенсің дейтіні де болатын.

Семейдегі Махмутовтардың Абай тұрған үйі: Устькаме-

ногорского, 39.



Тұмабай Наданбайұлы, жасы 59-да. Құнанбай Кеңгірбай 

жуандағы бойынша біздің елге зорлық ете береді. Жігітек пен 

Айдос жанжалы. Балағазға кім шығады дейді қажы. Сонда 

Тұрсынбай мен шығам дейді. Соғыс күні аттарын қоя берісіп 

жатыр екен.  Әуелі Айдостар аттарын қуып алады. Тұрсын-

бай, Балағаз жаяу балта ұстасып жүгіріседі. Бұл уақиға Бөжей 

қыстауының үстінде болады. Тоқпамбет жанында тұрады. 

Тығылғанның бәрін сабайды. Бөжейді аттан жығады, 

оны сабай бастайды, еті аппақ екен. Ұрма деп Пұшарбай 

үстіне жатады. Қажы өзін ұр дейді, сонда Көтібақ Байсал: 

“Боқты ұрарсың!” дейді. Ұрып жібереді. Сонда Көтібақ-

Жігітек боп қосылып, Құлыншақ дейтін бес батырдың әкесі 

бірге кетеді. Бесқасқа (бес батыр): Тұрсынбай, Садырбай, 

Мұңсызбай, Наданбай, Манас. Манас – ерте ержеткен не-

мере. Тұрсынбай баласы қасқаға қосылып кеткен.

Бостанбекті Өскембай асырап алған. Қауменнің баласы 

әлгі жанжал артынан Бөжей мен Құнанбайға: татулассын 

дейді ағайын. Екеуің кісі алыс дейді. Құнанбай Смағұлмен 

туысқан қызды асырауға Бөжейге береді. Ол қыз өледі. Жа-

ман асырап өлтірді деседі екен.

Бөжей өлгенде, Құнанбай бата қыла барады. Сонда 

Бөжейдің жас қызы дауыс айтады екен.

Шұбарлығың жыландай,

Жүйріктігің құландай.

Арғы атаң Ырғызбай,


279

Жаулығың сенің қырғызды-ай,

Айыпқа бердің бір қызды-ай.

Сонда Сарапаң дейтін Тоғалақ сарнай үн қосқан. 

Құнанбай кісісі ана жақтан отырып қоя береді:

Мына да қарлар не дейді,

Жақсыдан жаман көбейді.

Жақсының қалған сарқыты еді,

Ұрлап та көмдің Бөжейді.

Құнанбай “не дейді мына шіркіндер” деп отыр екен. 

Сарапаң отыра қалып, шапан бүркеніп, теріс қарап жаңа-

ғыны айта беріпті.

 Бөжей өлгеннен кейін, Омбыға айдалып бара жатқанда: 

артымнан арыз бергізбе, не алса бер Жігітекке дейді. 

Сонда артындағылар 15 қыстау береді. Мұсақұл, Ботқы, 

Шұқырқұдық тұмсығы, Мұздыбай қорасы. Байдалы арыз 

бергізбеймін дейді. Бірақ 15 қыстау бер дейді. Малдың есебі 

жоқ, Жігітек ала береді. Қажы мал жағына билік болмасын 

деп тапсырған. Қағаз бармайды, қажы қайтып келеді.

Біздің ауыл қажыға қиғаштау еді. Кенжеғұл – бес 

қасқырдың бірі. Соның Бөрте ат деген аты болады. Соны 

Құдайберді сұрайды – бермейді. Атшабарды жібереді Май-

басар. Сонда он кісі боп Манас айдап шығады. Сүйтеді де 

көшеді. Қарауылдан өткізіп алып, Жігітек, Көтібақ то-

сып тұрады. Артынан қайта көшіріп алам деп Майбасар, 

Құдайберді кешке барады. Болыс, тілмаш боп барады. 

Құлыншақ ауру екен. Көтібақ, Жігітек ақылдасқанда, 

дайын бол, не де болса бір қылайық дейді. Сонда сабайды, 

Құдайберді Құлыншақтың қойнына кіріп кетеді – талқан 

қып сабап тастайды. Садырбай далаға алып шығып, Май-

басарды жығып қойып, к...не құмалақ тығып кеп, міне 

кетеді.


Қажы қол жияды. Жігітек Мұсақұлға, қажы Жидебайға 

жібереді. Қалың төбелес. Аттың құйрығын сүзіп ап үш күн 

төбелеседі. Алдында Қареке. Пұшарбайдың баласы мал 

қарап жүреді. Сен не етіп жүрсің деп Ызғұтты пышақтайды. 

Төбелесте Қареке қолға түскенде, Ызғұтты Қарекені беттен 

қылышпен шабады.



280

Біздің ауылды ала алмайды. Әкем жығылады, астындағы 

Бөрте атты қажы жағы алып кетеді. Сүйтіп атым-ай деп 

күңіренеді.

Байдалы соғыста Құнанбайға қарсы кісіні қырып ай-

дап сап тұрады. Сонда бұлардан кісі көп түсе берген соң, 

Ақадырдан түйе құлата қуады. Қажы Қоңыр екен деп қап, 

кісісін тоқтатты.

Қажының айдалуы осы соғыстың артынан көп кісі жара-

лы болғандықтан, ауыл шапқандықтан туады. 

Еркежанды айттыру осыдан туады. Қажы кетіп бара 

жатқанда, Шақанның әкесі Бибақ жолда қонақ етеді. Содан 

барып қажы құда болады кейін.

Торғай, Көтібақ, Жігітек бәріне қыстайды. Қажы қайта 

келген соң біздің ауылды шауып алады. Садырбайдың үйін 

Өсерге, Мұңсызбайдың үйін Жортарға қосып береді. Өздері 

қажып, үйлері қоңсы боп қалады. Наданбай мен Санасыз-

байды Жетісуға аударады. Садырбайды Қарқаралының 

абақтысына салдырады.

Қарқаралыда арадағы Тәттімбет, Баймұрын бітім 

сұрағанда, қажы: “Көк шекпенді кигізіп, бойын кездетіп 

айдағанда тоқтамасам, одан бері тоқтамаймын” дейді. 

Бөжей, Байсал екеуі Садырбайдың жоқшысы. Баймұрынға 

айтады: “Көк шекпенді біздің мырза пішкен жоқ. Тәңірім 

пішкен. Кімге бұйырса, сол киер” дейді.

Баймұрын қажыға қарсы жақты бие сойып, қонаққа 

шақырып сөйлеседі. Құнанбайды шақырмайды. Қажы 

Алшынбайға (Арғынның ақ серкесі Алшынбай таз): 

“Менің жауыма неге асын береді?” дейді. Баймұрын 

есітіп, Алшынбайға кеп: “Шолақ байтал Тобықты менің 

қазанымды билемек пе!” деп, атты басқа сабап кетеді де, 

Арғынға бермеді сөзін деп. Қажының Омбыға кетуіне де осы 

себеп болады. Қайта келген соң аға сұлтан болды. Алдынан 

кісі шықпайды.

Жиренше мен Бөкебай Қосайұлының 77-жылы Тоқпам-

бет үшін дауласқаны. Ысқақ болыс. Жиренше торша жерден 

айрылып шығады.

Бөжей мен Байсал төрені ұстанды. Қажы төрені қалдырам 

деп, әуелі қазыны шығартады. Аға сұлтандықты туғызады. 

Кейін дауыс тұсында Құсбек нәсілі төре қызды басты деп 



281

Тәукеге айып тағады. Тобықты 450 сом беріп, қама дейді 

екен.

Кеңгірбай баласы Ералы. Одан Бөжей туып, Көсенің ба-



ласы Уайыс, одан Мадияр.

Көтібақ Байсал, Шоқа бір туысады.

9. Семипалат. областной суд. 13. 1894–97.

11. Прокуратура Сем. обл. суда. 31. 1880–85.

23. Семипал. областн. пр-во. 335. 1857–1886, кн. 6.

28. Семипал. окруж. приказ. 1861–64.

31. Военный губернатор Семипал. обл. 1004. 1856–1913.

50. Семипал. уездн. судья. 1. 1877–78, кн. №50.

62. Чингизск. волостной управ. 119, 185–86, кн. № 6.

89. Семипал. обл. перепись 8. 1896–97.

90. Семипал. уездн. город. перепись 9. 1895–97.

207. Мусульман. мечеть. 1851–69.

472. Киргизск. миссия. 1898–1912.

Абайдың екі шешесінің бірі –Айғыз (бұл адамның сұлуы 

болған). Қажы Көкшені Бақанасқа салам, бұл өзенге Ма-

майды салам дейді.

Онда Сүйіндік болыс. Жуантаяқты да көшіреді. Соны 

көшіре келе қажы бір сұлу қыз көреді. Бұның аулын 

көшірмейді. Қыз – Айғыз, соны алады. Ұлжанмен жатса, 

бала-шаға Айғызбен жатады, кезек жатады. Абайдың екі 

шешесі содан. Қалиқа, Тоғжан сияқты жеңгелері “Телғара” 

дейтін Абайды. Жұманның, Ызғұттының Боқай, Тоғжан-

дары болатын. Абай Сүйіндіктің қызының қойнына бара-

ды. Сүйіндік – қажы аға сұлтан болғанда, Бөкенші Сүйіндік 

болыс болады. Абай қызға барып қайтып келе жатса, Бай-

сал, Бөжейлер келе жатады. Ши ішінде жасырынып отырып, 

таң ата шығып келеді екен. Сүйіндік ара ағайын боп тұрған. 

Баласы Әділбек мырза мықты болған. “Сап-сап, көңілім” 

осыған айтылған. Қыз ағасы Әділбек к...ңе дүре салмай ма 

деген сөз болатын.

Әлгі жақсыларды көргенде, атынан түсіп, тымағын 

қолтығына алып, қолын қусырып сәлем береді (Қаратай 

да бар). “Ойпырай, не көрдіңдер?” деседі. Сонда көсемсіп 

(Жұмагелдінің айтуары) “Мойны шолақ екен, қолы молақ 



282

екен. Мінезі жеті атамызға жетпей тоқтамас” депті. Осы 

қыздың қойнына апарады екен, содан жақын боп кеткен... 

Бір жолы қыз қойнында жатқанында, таң атып кетіп, су 

түсіп кетіп, өте алмайды. Сасады. Ербол сонда жүрген мал-

шы. Сонда Абай шақырып алады. Бұрын таныс емес. Судан 

өткізіп сал дейді. Ербол өгізге мініп, ананы байталға мінгізіп 

өткізіп салады. Барар басқа ел жоқ. Өзеннің ар жағы жар, 

сондықтан қысылған. Ербол атарман қызды өзі де торуыш-

тайды екен, бұл жерде достық өтеді.

13 жасында Семейде Тінібай байдың үйінде жатады. 

Сабақ оқимын. Бұқаш билейді (шала қазақ сарт). Қала оры-

сы, жақсының бәрі қол артқысы келеді. Бұқаштың Оспаны 

мені қонаққа шақырды. Кіршіме беріп отыр еді. Әкем на-

сыбай атқызбайды. Қазы береді, жеңіз дейді. Құнанбаймен 

айтысына жылқы айтқан...

Бөтегелі белге бітем,

Бетегелі жерге бітем,

Белсенген ерге бітем,

Ер қолында найза болу керек.

Сол найза дұрыс, сондықтан ұстаймын дейді.

Бұл Асаубайдың қызын айттырып, құда түсе барған тойда 

болады. Қалың Тобықтының жақсылары барған. Қағаздасып 

жүрген Бөжей де барады. Бұғылының Асаубайы кісіні 

жөнелтіп, әке мен бала келе жатқанда, Құнанбай: “Маған 

тиген саған да тиген екен. Алдыма кісі шығармаймын деуші 

едім. Шіркін Қаратай-ай, Бөжеймен араз қып еді, сенімен 

мені де керістірді. Енді қазір халық көзінше менімен салыс-

па”, – дейді.

Бөкең Боқай деген бір шал болды. Абайға келді: түйе 

жоғалттым деді ол. Сары інгенім жыл сайын боталаушы еді. 

Баламның қайны еді – Жігітекке шығарып берді ме деп ба-

рып келем, – деді.

Абай: “Біздің бір сары інген солай боталаушы еді”, – 

деді, бір көзін қыса сөйлеп отырып.

16 жасымда қажы өз орнына мені жіберіп, Сарыбай 

қожамен қағысқанымда: “Тобықтыдан шылбыр берген 

сен ғана едің-ау” демеді. Малтабек өлгенде, Тобықтыда ат-



283

жалын тартып мінгелі бір шылбыр сұраған кісім осы еді-ау. 

Обал еткен екем ғой”, – депті. Бұқа іздеп барып өлген екен.

Бұрын топ пен тойға бармаймыз. Әкем қорқытады: бар-

ма, Құнанбайдың атшабары сабап тастайды деп. Орманды 

іздеп кеп ең алғаш көргем. Табысудан екі жылдай бұрын,  

95-жыл шамасы. Сен қайдан жүрсің дейді, түпкір үйде отыр 

екен. Орманға бұны қайдан тауып жүрсің деді. Ысқақ сонда 

Орманды салып, жас баланы үйір қып алғалы жүрмін деді.

Арғымбай болыс болды. Біздің артымыздан Даукейді 

берді. Бұғылы болды. Екі бөлінген. Арап пен Шәкәрім, Жи-

ренше өзі шыға алмаған соң, Мамай, Керейге береді. Құлын-

шақ аулын алма, Шыңғысқа тастап кет дейді. Сөйлескенде 

Арап Жиреншемен құда, оп-оңай көнгендей. Әкем Оразбайға 

барып түк алмадың дейді. Оразбай асқақтап қалған. Қол 

болып ел алып қалған, әкемді елемейді. Енеңді пәленше 

етейін сыңар е...к, тар жер, тар босағада мен бөлінбес-ақ ем. 

Жиреншенің қызының ... саттың, көріскенім осы деп былай 

шығады. Әзімбай сонда атты сұрауды көбейтеді. Орманды 

әкем соған бар деді. Орман Абайға айтып жүр едім, ертең 

келші, ақылдасайыншы деді. Абай Ғабдолланы жібереді. 

Мен билік ішіндемін, келе қойыңдар деді. Талай топта 

тығыла беретін аулымыз. Әзімбайға: “ақысын бер, биге бар” 

деді.


Абай Наданбай баласын маған берсін депті. Біз келдік. 

Келем дедім. Ендеше, бұдан былай жұмысына бір рет біздің 

ауылға келіп жүр. Жын сайға жолама деді. Шеттің адамдары 

бір сөзбен келіп отыр екен.

Бізге: “Ей, балалар, сендерге құдай береді. Аулың, 

отаныңа Абайды аға ғып берді. Күнде көресің, біз сорлы 

жылында бір-ақ көреміз, енді Абайдың аузын бізге де боса-

тып беріңдерші” деді.

Анау үйге барып қон деді. Содан келіп-кетіп жүрдім. 

Жаңа ояз, жаңа ұлыққа Абай амандаса бармақшы еді. 

Сондықтан олар алғаш шақырып отырушы еді. Абай тегіс 

бар елді жеңіп, баурап тұрды. Ысқақ болыс. Кішекеңді, 

Бұланбайды, Мақысбай, Тоғалақты – барлығын да өзі 

қолмен ұрып, Ысқақ өрескел қорқытып жеңді.

Асын жеп, түске шейін тұрмайды. Басылды. Жиренше 

көшіп келеді. Көш алдынан келсе, Ысқақ, Шорабек ел ша-



284

бады. Сол кезде Абай астында көкала атпен келе жатса, Жи-

ренше бүлк-бүлк желіп барады екен. Ысқақ түс деп айғай 

салады. Торғай да анау кетіп бара жатқан кім дейді. Ол сені 

түсіреміз деп жүр деп ашуланады.

Оразбай бар, барлық ел болыстықты өзімізге аламыз, 

бізге Ысқақты түсір дейді. Шәкәрім болады. Кәкешті 

сайлауға келеді.

Мүсірәлі мен Молдабай, Шаған екі бөлінем деп, өздері 

екеуі жұлысады. Екеуі де Абайға қызын беріп, құда болыса-

ды. Әшірден туған Мүстари деген қыз бар, Мұсатайға соны 

айтты. 


Мүсірәлі би Жақыптың қызы Дәмегөйді Мағашқа 

алғызады.

Абай бар болыстың сайлауын Жидебайда сайлатады. 

Елубасылар сонда сайланады. Жұрттың бәрі үй тігіп, келіп 

жатқан. Сарқар, жер қатқақ болады, ердің қасы сынады.  

... баталасады. Оразбай жоқ. Шәкені қояйық, өзге бола ал-

маса, сайламайық дейді. Оразбай Абралыға болыс болсын 

дейді.


Баталасады. Өзгелер уәделеседі. Оразбайға осыған 

байладық деп кеткенде: “Кәпір Жиренше-ай, сенсің ғой 

осымен мені аламын деп келдің-ау? Мен Абайдан кетпейім, 

бір барып келейін” дейді. Абайға кеп: “Осы ел бұзылайын 

дей ме, қалай осы, Шәкені қойшы” дейді. Абай: “Қояйын, 

қ... жепсің” дейді. Көндіре алмадым деп қайтады.

Кейін Шәкәрім барып: “ел бұралаңдады ғой деймін” 

деді. Ол шыға бергенде, осы баланың іші болыстықты қайта 

дәметіп жүр ме деп күңк етеді. Ақыры сайлау болады. Оспан 

мен Беркімбайдың Әбділдасы (соңғы кандилат), Абай осы-

ларды ұсынады. Басқа Күнту мен Абралыны сайлап кетеді. 

Абай тым құрмаса Ақылбайға билікті бер дейді. Ел оны да 

сайламаймыз дейді. Ерболға салмақ салады. Ербол жұртқа 

асылып көндіреді. Сонымен, Ақылбай зорға дегенде билікті 

өзіне алады.

Қазмола. Күнту болыс болып тұрғанда болады. Жанда-

рал теріс қарайды. Тамам ел теріс. Бәрі үстінен арыз береді. 

Абай төбе би болады.

Абай Еркежанды аларда Тәкежан: “мен үлкенмін” 

дейді, менікі емес пе” деп кісі салады Байғұлақ (Жуантаяқ), 



285

Қаражандар (Сақ) жүреді араға. Абай сонда: оларда жылқы 

пәленнен еді, Тәкежан, Оспан менің арқамда мал жиды. 

Мен қажы баласының жауымен алысып, 880 жылқымнан 

80-ақ жылқы ұстап қап отырмын. 8 ат – кісіден майын 

мінген ат. Енді мен бақтың бетін өзімен қайырдым, менікі 

емес пе дейді.

Айкөрімді алу жайы. Жиренше жүреді араға. Құлқай 

Байшораның басты кісісі. Беріп отырған жерінен, Аюбайдың 

Мұсасы мен Құлқай малды көп қайырып, бұрынғы жерінен 

бұзады. Жиренше өзің барып көріп, ұнатсаң, қажының 

рұқсатын ал дейді. Ол кезде Абай Қоңырға болыс. 

Қоңыркөкше болысы деп аталады. Сонда Көкше бес стар-

шын. Мамай Қызылмоламен қосыла болыс болады.

Онда Шыңғыста болыс Шәкәрім. Артынан Қоңыркөкше 

араздасып, екі бөлінеді. Қызылмола бөлініп шығады. Оған 

Ысқақты болыс қояды. Үшеуі қатар болыс болады. Қоңырға 

бір-ақ сайлау болыс болады. Қажы өлгенде Тұраш 7-де 

екен.

Қажы Күнту болыс күнінде өледі. Қоңырдан қайтарында 



Абай Шымырбайды болыс, Дүтбайды кандидат сайлай-

ды. Шымырбай бөлінген соң, Абайды менсінбей кетеді. 

Абай елге келгенде, бір шенеулікті алып, Шымырбайды 

түсіртеді.

Айкөрімнің Біржан жайындағы әңгімесі. Үш әнді ұғып 

алып салу.

Қорамжан Ділдә мен Айкөрім барында Абайдан жеңгетай 

тілейді. Абай Айкөрімге жатпай, Ділдәның қасына жатып-

жатып, маған жеңгетайға бір бие дейді.

Күнту болыс болғаннан кейін Оразбай тағы бір татула-

сады. Оразбай 400 үй бір татуласып, Оспанды болыс сай-

лайды. Артынан съезге келмейді. Артынан Оспан болыс 400 

үйге съез жасатады.

Балтабектің жылқысы ұрланады. Арап пен Күсенге 

абақты кеседі. Жақындары Балтабектің жылқысын әкелген 

Оразбай қалаға қашады. Оспан қалаға кеп ұстап, Күсен 

екеуін арбаға басып алып қайтады.

91-жылы Оспан өлді. Әлгі уақиға 90-жылы болуы керек. 

Оразбайды арбаға басудан өзі тергеулі боп қалып, Шәкенге, 


286

долынжы би еді – соған болыстығын береді. Кандилат Арап 

еді, анадан келдің деп, Арапты кандилат қоймайды. Арты-

нан араздасқан соң кесіп жібереді.

Сыбанбай – Торғай. Ақын екен.

Балуан Нұрмағамбет, Ысқақ күресі.

Абылғазы, Тұрғанбай, Жиренше, Абай боп Арқатқа 

барады. Тұрғанбай – Абайдың құсбегісі. Саршолақ деген 

құсқа алу алмайды. Абай Тұрғанбайдан басқаның бабын 

тыңдамайды. Жиренше айтқанын істете алмайды. Әбіл-

ғазы мен астыртын: мынау ертең қайтеді деп сұрағанда – 

ертең алмайды, мынау үстінен шығады дейді. Жем беріп 

отырғанда, Жиренше соны айтады. Дегені болады. Кешке 

Тұрғанбай жем беріп отырғанда, Жиренше ақырын тағы 

сұрайды. Ұша түсіп қолға қонып алады дейді. Айтқаны бо-

лады. Қайтсе алады дегенде, бүгін сойылатын қойдың бауыр 

қанына байлап, мойын етін отырғызып, жемсауы арқардың 

басындай боп шыққанда байлап таста дейді. Абай жай-

тын сұрағанда, Жиренше осыны айтады. Тұрғанбай ақжем 

бергісі келеді. Абай сонда бұл не білуші еді, анау аузыңды 

ұрайын отыр ғой, сен соның айтқанын істе дейді.

Шәке мен екеуіңнің аңда болуы. Бөшей, Сыбанбай. 

Бөшей – Жігітек, Ержанның ағасы. Айранды жалап ішетін 

Дәулеттің баласы және Қоржынбай бәрі де білтелімен ата-

ды. Содан кейін Абай бәрінің мылтығын қалаға әкетеді. 

Шүр салдырам деп ататындары ғой..

Шеке мен екеуінің қоста қап, шақыруға қарамай, қосқа 

шығып түлкі алуы. Сол күні қосқа жіберіп, сойысқа бір бие, 

екі тай алдырған. Және қостан үш-төрт ат алдырған еді. 

Қосқа келсе, қуырдақты қуырып әзір отыр екен. Алдында 

айтыспайық деп, артынан Шәке үйге кіргенде, мен әлгіні 

айтып қойдым депті.

Аңда жүріп Бижанның аулы қонаққа шақырып, сонда 

барады. Қарашегір деген Бижанның қыранын көрмек. Би-

жан – Сыбан ішіндегі сарт. Бижанның қатыны – Мұрын 

Тананың қызы Тұржан деген сұлу (аңға бару Қоңырға болыс 

боп тұрған кезінде. Онда Шәкәрім Шыңғысқа болыс. Бұл 

уақиғалар Күнту болыс болардың алдындағы бір үш жыл 

ішінде болу керек). Абай амандасып Тұржанға:


287

Тұржан, сарттың меңлі қызылын көрдің,

Қазақтың қышырлы қарасын көрдің.

Орыстың көк тамырын көрдің,

Осының қайсысы жақсы екен дейді. 

Тұржан: “Е, мырза-ай, кімді жақсы көрсең, соныкі 

жақсы да” депті. Абай кейін: “Тұржан жақсы еді-ау, ашу-

ланбай жаңағыдай жауап берді депті” дейді.

Құнанбайдың атшабары Бәкең Қарсыбай деген шешен 

шығыпты. Қарсыбай бір жолы елден Құнанбай бұйрығы деп 

құнан қой жейді. Құнанбай сонда бұл елде тұрмасын деп, 

арызын жыртып, айдап жіберіпті. Қарсыбай сонда қаңғып 

жүріп Танаға барады. Сонда Тана: “Құнанбай қызын атасы 

жоқ Тінібайға берді ме?” дегенде: “Әй, мырза-ай, қайдан 

білейін, біреуің асқа берсең, біреуің тасқа бересің”, – дейді. 

Тұржанды жамбыға, Бижанға бердің дегені. Құнанбай соны 

есітіп, Қарсыбайды қайта шақыртып ап, кешкен екен.

Қарашегірді алып қайтады. Әбілғазыға салдырады. 

Әбілғазы – Қараша баласы. Қараша – Бөжей екеуі туысқан 

немере.


Биік мансап, биік жартасты Көктұмада, Сұлусарының 

болысы Баеке, Қалбаныкі Мырзатайдың Бәкені, Шардың 

болысы Үсен деген. Осылар барып, үндеспей отырғанда, 

аналар: “Ыбырай, неге үндемейсің, мен де болыспын” депті 

Баеке. Сонда: “Ей, Баеке-ай”, – деп биік мансапты айтады 

екен Үсен қалжақ етіпті. Сонда Баеке: “Сендерге не, тіпті 

мен арқылы осындай жақсы сөз есіттің” депті. Баеке Алты-

бай Бура болады.

Жаймырзаға барған әйел – Әділхан Төренің қатыны. 

Мен бертінде көрдім. Ханым деуші ек. Сағындықтың қызы. 

Сағындық, Тоты бір туысады. Бұл Абаймен бірге жақсы 

болған еді. Әділханның қопасы деген қопа бар. Абайдың сол 

әйелді алып, қопаны қыстау қылам деген ойы болған еді, 

дейді екен Жиренше. Бірінші сұлуды көрдім. Етті емес екен, 

еркекше малдасын құрып, жұртпен жақсы мәжіліс құрып  

отырды. Әкесі Сағындықтың өзі де келісті болған. Өзі де 

сұлу екен деуші еді. Мен елге көшіп келгенімде шалдары-

мыз: “Көрдің бе, сұлу ма екен Бүбі” десті. Төре қатынын 



288

Бүбі дейді екен. Өз аты қалып, Бүбі атанып кеткен екен. 

Қасымхан төре де сыпайырақ болу керек. Хан қызы – хан-

ша аталады. 

“Көжекбайға” деген өлең. Құнанбай өлген күнде жаназаға 

шығаратын мал жөнінде Абай Оспан, Тәкежандарға бұйрық 

етіп, пәлен пәлендей шығарсын деп жатады. Олар әртүрлі 

орайлы ұсыныстар жасайды. Сонда Көжекбай Тәкежанның 

онысы дұрыс емес, Оспанның мынасы теріс дей бергенде, 

айтқан екен.

Мырзағұл мен Абай. “Саудайы-ай” деген өлең Мырзағұл 

емес, туысқаны Дүйсенғұлға айтылған. Мырзағұл қалжақ-

тап, бір қатынның бетін сипап, күліп сүйеді. Ескермедің 

дейді. Абай ... қайтем, ... қайтем дейді, енеңді ... Баяғыда 

Бұқаштың Оспанының қатыны үйге құс төсек көтеріп 

кіргенде, қолындағы шамын өшіріп жібер десе, соған 

жарамай, мен қатынды өз бетімен пәленше етіп тұрып 

болғанымда, сен ана қатынды ана бұрышқа бір, мына 

бұрышқа бір жүгіріп, түк бітіре алмай жүргенің қайда еді. 

Сонда қайда кеткен еді қылғышың дейді.

Қуандық пен Абай. Қуандық ұзатылып барған жерге 

Абай амандаса барады. Жиренше айтады: Аягөз дуаны, соған 

Асылбек бар – бәрі бара жатады. Сүйіндіктің баласы, өлең 

айтысады екеуі. Асылбекке бүгін Сабырбайдыкіне барамыз, 

балдызың Қуандықтың қойнына апар дейді. Қалжыңдасып 

отырып қызбен айтысып кетеді. Бұлар айтысып жатқанда, 

Сабырбай үй сыртынан тыңдап тұрады екен. Айтысып келісе 

бергенде, Абай бір жерінде:

Аулыңа мендей қонақ қонып жүр ме,

Қонақтың жолы сірә болып жүр ме? –

дей бергенде Сабырбай: “Уай, енді өлеңнің беті бұзылды” 

деп тайып кетіпті. Қызбен шеткі үйде табыспақ боп байла-

сады. Жолығады. Ертеңіне жолда Асылбекке қалжыңдап 

өлең айтып келе жатып:

Аулымның қонғаны бұлаң шиде,

Уәдеге балдызың мықты-ақ екен.

Іздеп барып жолықтым төменгі үйде.


289

Әлеке жауға шабарда айтқан бір-екі ауыз өлеңі бар еді, 

жақсы еді, ұмытып қалғаным. Керей Әлеке – Абаймен дос 

болып жүрген кісі.

Қажы айдалып кеткенде, Көкше Байыс баласы топқа ба-

рып кеп (өздері жамандасып жүрген ел ғой), “Құнанбай ай-

далыпты, келмейтін бопты” дегенде, Байыс күліпті. Баласы 

“неге күлесің, нанбайсың ба?” дегенде: 

Әкең Байтұрсын күледі-ау,

Бір нәрсені біледі-ау.

Сонау кеткен сынық мүйіз тарғыл бұқа,

Шабыңнан келіп іледі-ау. 

Айкөрім. Мақұлбай өлгенде Абай дауыс үйретті. Соны 

барып, дауыс қып айтты дейді екен.

Құлыншақ аулының кейінгі бір ботасы кетеді деген сөзі 

шығып қалғанда, Абай: Жиренше айтты, Еркежанды ойнас 

қып қойыпты дейді. Еркежан Көкеңе: “Мен ол кісіге не 

жазып едім” дегенде, өзі шешуін айтады. “Ділдә, Айкөрім 

бұрынғы ғой, ең соңғы, ең ыстығым сен едің. Сендей 

санаған құлыншағым кетті дегенім ғой” дейді.

“Әкімбайдың өліміне” дегеннің қисыны көп емес. 

Әкімбай жас өлген.

Кәкітай бас болмайды, мойын ғой деп, Мағашқа бір 

сиязға Оразбайдың жанжалының артынан Семейге Кәкітай 

кеткенде, өзің бар деп айтқан екен.

Майбасардың қызы Бибіні Жарқынбайдың Жұмақаны 

деген Сыбан Ақтайлақтың тұқымы алған. Ұра береді екен. 

Сол елдің жақсысы Торғай деген кісі болған. Жұмақан біздің 

Маекеңнің қызына шаң-шұң шығара береді дегенде, Торғай: 

“Ай, Абай-ай, үй іші, ыдыс-аяқ шаң-шұң етпей тұрушы ма 

еді” дегенімде, үндемеді. Бірақ содан кейін Жұмақан екеуміз 

үш сайлау бойында биліктен қағылдық депті.

Еркежанды қабағат жақсы көрген. Күндіз бір отырыста 

астын ұстап, үйдегі кісілерді шығарып жіберіп, алып жатып 

қалады.

Қаладан келе жатып Айкөрімге соққанда, атымыз қы-



дырып кеткен екен. Құнанбай ат жеккізіп кетіп қалды.

Сыртта. Біз тоқалдың аулына келіп: “Сен көш, мен бір 

күн еру болармын” деп, ат үстінде тұрады. Тоқал: “Түсіп, 


290

ұйықтап тұрмайсыз ба?” дейді. “Жо-жоқ, түспейім” деп 

сұрланыңқырап сөйлейді. Тоқал Тұмабайға бір қарап, жа-

сандап күлімсіреп тұрып қалды.

Жиреншемен бір келгенімде, тоқалға Жиренше: “ән сал, 

ән сал” дегенде: “е, өзіңіз ән салдырмай кеттіңіз ғой” дейді.

Еркежанды алғаннан кейін тоқалға бармай кетті. 

Біреудің жайын әңгіме қылғанда соның түсіне салып, 

денесімен де ырғалып көрсетіп, әртісше қозғалыстар жа-

сайтын. Күлгенде қарқылдап күлмейді, қықылдап күлетін. 

Көзінен жас аққанша күлетін.

Мауқай артіс. Алшынбайдың Түсібі, Сламбек я басқа 

бір күлкі адамы болып келеді. Абай шайға шақырғанда, 

қалада Махмұтовтардың үйіне келсем, ұйықтап жатыр 

екен. Түстім, аздан соң тұрды. Шай жасалды. Сонда: 

“Түсімде жаңа Мауқайды көрдім. Айдынды бір Алшекем, 

әруақты бір Қазекем, қолдай көр деп бір, дойбысын басты” 

деді. Мауқайды алдында қайтарған. Көп мал-сиыр беріп 

жөнелтіп жатқанда, Мауқай Абайдың өлеңдерін жаздырып 

алып, қойын-қонышына тығып жатып “Менің ана малым-

нан мына малым артық” дейді.

Орта семіз еді Абай. Мойны қысқа болатын. Сондықтан 

да ат үстінен бұрылып қарай алмайды. Ылғи атын бұрып, 

айналып қарайтын. Бір кітаптың ішіндегі әйел жайын оқып 

отырып: “Мынау әйел мойны ұзын Айса бала емес, мойны 

жоқ мен емес – аралық екен-ау” депті.

Базаралыны айдап келе жатқанда, Абай жайын сұрайды. 

Сонда: “Қол шатырдай немеңе мінгізіп ап, не жай болар 

дейсің” дейді. Абай Ырсалдының жайын сұрағанда, Базара-

лы: “Көзі қалай, көзі жаздыгүні қыбланамадай ойнақшыған 

бітік көзі шығып кетпей келе жатыр десеңші” дейді.

Ұрысы қолға түсіпті дегенде, Базаралы кімді торып еңдер 

дейді. Көтібақ Шоқаны дегенде: “Е, жамбасына шеңгел 

төсенген Шоқада нең бар еді, ығыңмен ашынып кіретін 

Ырсайға бармай” депті. Көтібаққа мал бітіп келе жатқан 

шақ екен.

Абай Базаралы туралы: “Ұрғашыша аузына жауабы 

тез түсетін Базаралыдай шапшаңды көргем жоқ” дегенде, 

Жігітек: “Мынау, міне, бізді тағы жамандады. Ұрғашыға 

теңегенін қарашы” дейді.



291

Базаралы қайтқанда Абай: “Орысша білдің бе?” дейді. 

Сонда Базаралы: “Е, қарағым, өзімнің көк милығым болма-

са, тәуір-ақ орысша білетін жерге жібердің ғой” деген екен.

Сүгірдің қызы Тәуке соған барған. Әділді сылдыр би, 

Қарақанды сылдырама би деуші еді. Нұрғожаның өлімінен 

соң ағайындары қатынға, мұраға дауласқанда, Нұрғожаның 

бәйбішесіне Абай: “Ай, шіркін Қапай, жақсы едің-ау. 

Сүгірдің қызы Тәукеге жолығамын деп тұрғанда, суықтан 

тоңып қалтырап тұрғанымда, “мына бойыңмен қайтіп 

барасың?” деп бауырыңа алып, жонымды, бауырымды жы-

лытып-жылытып жіберіп, өз орныңнан тұрып, қызды әкеп 

бердің-ау. Соныңды қайтіп ұмытайын” дейді.

Оразбайға халық жиылып тұрғанда, бір қатты боқауыз 

айтты дейді. Нұрке Абай сөзден тоқтаған кезде бір 

шенеунікке апарып, алдымыздың бәрін бір кесіп алды. 

Онан соң Жалпақта сияз құрып, Тобықтыны қыра кесік 

айтқызды. Соған Бура қосылып, Тобықты Нұркеге бір 

қылмақ болады. Сабамақшы болысады. Абай түрегелсін 

деп сол іске шақыртып алады. Абай келгенде, жұрт дуылы 

жүріп, Абайдың, ұлықтың үстіне кеп, Нұрбекті Қазыбек 

жағадан алып ұруға да бейімделіп қалады. Қолды сүйемейді. 

Абай ұлыққа бармақ болады. Оразбай омыраулау келеді. 

Өзі Абайдан бөлінген, жуансып қалған. Сонда Абай: “Ай, 

Оразбай-ай! Өзің де жуан, сөзің де жуан, қ... да жуан. 

Жалғыз-ақ қылатын а... аузын танымайтының бар-ау” деп, 

жұртты ду күлдіріпті.

Сүгірдің қызына Базаралы, Оралбай да құмар боп ар-

тынан алып қашады. Абайға қарсы шықты. Сол егеспенен 

олар да қойнына барады.

Дүтбайдың қатыны, Болғандардың шешесі – Сүгірдің 

тағы бір қызы. Оған да барады. Мырза Бөдейдің баласы –  

Мыңқа. Соның қызы Тайжанға барады. ... Осы Тайжан 

көзімен атып өзімді жеп жатты. Жайнаң қаққан түлкінің 

күшігіндей боп көзін алмады дейді екен.

Оразбай бөлініп айрылыпты. Болыс қойған Оспан өлді. 

Ел Абайды болыс қойды. Артынан болыстықты аман-есен 

өткізіп, келесі сайлауда Әзімбай болыс, Кәкітайды кандилат 

қойды. Келесі сайлау боп келе жатқанда Қызыладырда Әбен 


292

болыс. Оның түскісі келмейді. Ояз келеді, Абай сайлауға 

барады. Оразбай, Абралы Тәкежандыкіне қарағанды 

қабырғада отырғанда келіп түстеніп отырып, сонда өзіне 

келгенін айтты дейді. 

Ыбырай Құнанбайдың баласы емес, Құнанбай халыққа 

тең болатын, өз басына жинамайтын. Және Ыбырай осы 

топқа бармасын, барса бүлік болады депті. Ол кеткен күні 

Абай кешке өз бетіне о да жүреді. Қасында жолдасы бар. 

Оразбай бұрын ұры болған. Қатты жүреді, астында аяңшыл 

ақжал ат. Барса, Бөкенші, Жігітек, Жаман Тобықты екі бо-

лыс дауласып, Көкше бітіседі. Анау бірыңғай боп жатыр 

екен. Мырза-Жөкең бірігеді, жүгініс билігіне солар шығады. 

Көкше жалғыз қалады. Абай барғанда, Әбен жағы елді ала-

тын біз, бірақ Ыбырай кеп ұлықпен тағы алып кетеді дейді. 

Оразбайға ақылдасады, ол сабау керек дейді. Абай таңертең 

жүрмейді, Ысқақ, Орынбай келіп жүреді. Кешігіп барып 

қонып, таңертең тұрып, ұлыққа бармақ боп отырғанда ана-

лар ду қаптап қоя береді.

Абайдың айтуында: “Есімде бары Әбен, інісі қамшы-

ларын көтеріп, аузыңды ... қара төбет, соңымнан қалмай 

қойдың деп бір-екі салып қалады”. Сонда Жаман Тобықты 

Сопының Уәйісі Абайдың үстіне бүркей жата қалады. Әбен 

де Жаман Тобықты, ішінде Таз деген ауыл. Абай: “Үстіме 

жығылғанын білем. Жақтан түртіп жүр. Өлмейім деген 

ойым жоқ еді”. Көкбайды сабайды, ол атқа міне шабады. 

Кәкітайды сабайды, ол қашып, оязға барып хабар айтып, 

өлтіреді деп, ояз стражниктерді шығарады. Олар мылтық 

атып, ел сонан барып айығады. “Ояз айықтырып алды, 

есімнен адасыңқырап қалған екем. Басып тұншығып 

қаппын. Ұра бергенде үстіме жығылған кісілер көп боп-

ты”.


Оразбай Шыңғыстан қорқып қашып өтпек болады, 

бірақ Абай қимылдатпайды, қозғалдырмайды. Біз есітіп, 

жиыла шаптық. Амандасып отырғанда Ырсай жылады. 

Абайдың бойы кішірейіп, өңі жүдеп қалған сияқты. Ыр-

сай жылағанда, бір көзін өзі де сипағандай боп: “Ей, Ыр-

сай ағай, босқа жылайсың ғой, Тәкежан екеуің тірі тұрсаң, 

бұл маған түк емес қой” деді. Ел алып жүрем дегенде, Абай: 

“Ояз протоколымды жібермей отыр, жібертем, жібермесе, 



293

өзімен ұстасам деп, бізді шаруаларыңды істе” деп шығарып 

жіберді.

Қайта кеп үй тігіп, ұлықты күтіп отырысты. Абайдыкінде 

Сейітхан бір түймені тауып, осы Абайдың түймесі болса ке-

рек десті. Жанжал болған жер Көшбике Ақшатаудың бергі 

ық беті. Шыңғысқа қараған Теріскей беті. Абайдың қасында 

ноғай Ыбырай отырды. Абай сонда: “Жаман достан жақсы 

дұшпан артық” деп пішіні сұрланып, мұңайып отырды.

“Бейсембай қандай екен?” деп Жиренше сұрағанда, 

Абай: “Әй, қайдам білейін, ініңді бері қаз десе, ары қазатын 

кісі екен” депті. Жылы ұшырамайды дегені.

Сөйтіп отырғанда бір шу шығады. Абай кеп айтқанда: 

“Қоршап қуыңдар” деді, маған “сен қал” деді. Мен қасында 

қалдым. Ербол қуып кетті. Оразбай жіберген Қиқым 

екен. Ақылбай үйінен шыққан. Кәкітай ат деген ат еді. 

Соны танып, ел іздеп барып, атының бауырында Қиқым 

тығылып отыр екен. Оразбай Тәкежанға жіберген болу ке-

рек. Абайдың астында Есентайдың сұр жорғасы еді. Жүр 

деді. Мен астымда көк ат, күнбатысқа, Буратигенге қарай 

жөнелдік. Ауыл оязға Балашақпақта үй тіккен. Алдында 

сар желіп келем, бір кезде Тұмабайлап мені шақырған. Үнін 

есіттім. Шәкәрім, Ысқақ екен. Шақырып келеді дедім. Абай 

тоқтап аяңдады. Аналар мені қайта шақырды. Абай: “Жоқ, 

бұл елде тұрмайым, кеттім” деді. “Маған ұстап беретін жөні 

бар емес пе, астыртын тілдесіп отыр. Жауым арылған жоқ

мұнда екен” дейді. Аналар жабысып алып келеді.

Болыстық сөз болады. Шәкәрімнің де болғысы келеді. 

Әзімбайда да ниет бар. Сонда Ақылбай келіп: “Маған 

болыстық бересің, болмаса Оразбайға кетем” деп қиғылық 

салады. Оған болыс бол деп жіберген екен. Көнбей тұрып, 

аяғы Тәкежан өз баласын қойсын дейді. Мағауияны бо-

лыс, Ақылбайды кандилат қояды. Содан үш шербешнай 

шақырылады. Абай биге жеңіп, сонымен Оразбайдан кек 

алмақ. Айтпақшы, болыс сайланарда бидің бәрін де Абай 

атайды. Елубасыларға сайлау алдында келіп: “Ей, елуба-

сылар, осы сайлауда бидің бір шары ауыспасын. Бір де шар 

қате түспесін” дейді. Бұрын Абай айтатын да, дегені бо-

латын. Елубасы шарға ие емес-ті. “Мынау биге де бір тас 

ауы сып түспесін, тасын ауыстырған елубасы болса, менің 



294

осы ісімнің ауыртпалығы соның басында болады” дейді. 

Дегені болады. Әуелі келесі жылы Балқыбекте шербешнай 

болды. Оразбай ылғи сұр ат мініп барады дейді. Биді Абай 

жеңіп ала алмады. Екінші шербешнай Арқатта болды. Онда 

ояздың үйі өртенеді. Тобықты өртеді деседі. Ол жазғытұрым 

май ішінде. Өзі ел мал төлете берген соң үйді, қағазды тұтас 

өртеп жіберген. Үшінші тағы Арқатта боп, Мағаш кеп биге 

теңелді. Жықпаса да, Оразбайды әлсірете тарқады. Бірақ 

қыста тағы Семейде шербешнай боп, сонда жеңуге айнал-

ды. Бірақ Шәкәріммен екі арасы өкпелеседі. Омарбек Ме-

деу мен Мағашты татуластырады. 100 түйе құн төлеспек, 

500 сомды Әбен бұрын берген. 40 түйені Медеу Жігітек, 

Бөкеншіден әпереді. Медеу, Арап өкпелеседі. Оразбайдың 

өзінен түк бермейді. Кішекеңдер өзінен төлемеді, бізді 

ұстатты деп Бейсембай бастық боп, содан Кішекең қайтадан 

Абайға кеп табысады. Жиренше ол кезде астыртын бүлкіл 

өсек болмаса, Оразбайға ашық дос боп шыға алмады. Сол 

кезде өз басына 7-8 жүз бітіп, Шоқаға 2,5 мың жылқы біткен 

еді. Ол содан кейін жылқының аман болуын, жайылыс 

табу жайын көп ойлап, жұртқа жорғақтап кетті. Астыртын 

кісі шағыстыру, әлгі бір-бірді шағыстыру сияқты болмаса, 

Абайға қарсы болған жоқ. Тәкежан да қол қайратын істеп 

жібер дегенді айтпады демесек, Оразбайға шыққан жоқ еді. 

Айдос түгелге жақын еді.

Анада елден кетемін дегенде, қайда кететінін айтқан 

жоқ, бірақ қатты ашуланып айқайлап айтты. Қолында ша-

тыры бар еді, күн жауып тұр еді. Сонда кебісінің басына су 

құйылыпты, менің үстім су боп қалды. Қиқым құтылып кет-

кен, кісі таныған соң кетіп берген. Тапай тал түс еді. Біз кел-

сек, ел Абай үйіне қайтып кетті деп қойған екен.

Сиязға, биге берген арба, шана, ат та беріп жатқан. Арақ, 

сыра, сый беріп жатқан. Екі жақтың шығыны көп. Араптың 

ат-шанасы биге беріліп, Медеудікін алған. Сондай бір 80 сом 

Шәкәрімге түскенде беріп жатқан көп шығынның қалғаны 

ғой. Шәкәрім төлемейді.

Мағаш, Кәкітай Олжай баласы боп сонда келіспей 

қалады. Өмірі арамызға сызат түскені сол дейді. Сол сиязға 

қалаға Әзімбай келе жатып, Абайға сәлем береді. Абай: 


295

“Мағашпен бірігіп бір жерден шығыңдар” дейді. Сонда 

Әзімбай: “Ұлжан болсам екем” дейді. Абай: “Ұлжан талти-

ған қатын ғой, Құнанбай болсам десеңші” депті. Шәкәрімді 

Әзімбайдың шеттеткені – соны аңдату. 

Осы соңғы шербешнай 1903 жылы болды. Мағаш сон-

да ауру, төсекте жатып сөйлейді. Сонан қайтып барып, ауру 

боп жатып өлді.

Арқаттағы шербешнайда Нұркені Тәуірбектің боқтауы. 

Ысқақ апарып татуластырады. Аяғына жығылады. Қыста 

қостан бір байтал мініп келгенімде, 25-ке билетпей ақылы 

билеп келген. Байтал мініп келгені сол ғой. Тұмабай ақылды 

кісі болды деген бір сыны бар еді.

Бүркітке шыққанда екі үй тігіп жүреді. Бір үйде қосшы, 

өзгелер отырады. Бір үйде өзі, Шәке, Салсары – Мақыштың 

Смағұлы ғой, атын әдейі өзгертіп жеңгелері қойған.

Әубәкір ет жұлып жеп жатқанда, мынасы баламыздың 

торымы дейді.

Сыбанбайдың баласы Ілеймен әңгімесі. Қалыппен кір-

піш құйғанда, жылқы баққанда екі күннен соң бармайды. 

Жау әкетеді. Сен қасқыр тартқан қозының к...н күзетшіге 

тістетіп жұлдырасың. 800 жылқыны бір кісісі баға алмайды 

екен. Жылқышың ұйықтап қалады, жауға алдырып, к...е 

дүре соқтырам ба дейді. Сонда сен сөзден сылақ салған ең, 

мен сөз құмар ем. Болмас, бір құнан мініп үйіңе қайт депті. 

Алдында қалып: ой, сөз баққан-ай деген екен. 

Асылбай ат байлатпағанда, маған өз орнына байла-

шы деді атты. Ілейменнің інісі Қырықбай ұрлықтан Үркіт 

айдалған. Ілеймен пішен үстінде Абаймен тағы жауаптаса-

ды. Сонда: “Әй, бұл антұрған болмайды, жүр, Тұмабай” деп 

ертіп кетті. Сөзге тоқтағыш еді.

Байдың қызы боп жүріп, ұрыға қашып келген Төбейдің 

Байділдасының қатыны алғашқы ұрлық етін жегенде: 

“Бісмілда, боқ жегеннің алды осы” депті. Мәтел боп кеткен.

Баянды айдалып келгенде, Жәкуттан қашқан деп, оның 

қорқытуы. Жас түрік қашқынының аты Әліп екен. Қыс келсе, 

жыл айналғанша сақтап, Боқайға мал айдағанша сақтайды. 

Ат мінгізіп, киім кигізіп, жөнелтіп салады. Оны көп уақыт 

мәжілісіне шақырып сыйлап отырады. Әңгімелесе береді.


296

Сыбанда Тұлақтың Қарашолағы деген бүркітті Елеусізді 

жіберіп, алып қашқызып ап, артынан Қамбар мен Жалының 

баласы Қаратай сұрай келгенде: он түйе сұрағанын шолаққа, 

сол сұрағаны мына екеуіне бергізді.

Ғабидолла барып хат апарғанда, айыптың 500 сомына 

қосқаны болу керек, Қаратай бес ат береді.

Бала тәрбиесі жөнінде Тәкежанның боқтампаздығы. 

Қажының алды тар еді, содан малшы үйіне барып, аузы-

на келгенін айтқыш болған деп, өз алдын балаларына кең 

қылған. Дүтбай балаларға ашуланшақ, ұрысқақ. Ол туралы: 

“Дүтбай балаға ақылын бермейді, ашуын береді. Оған бала 

ашуланады, ақылын ұға алмай қалады” дейді екен.

Абай, Әбіш айтысқанда, Абай: “Ақ артық па, қара 

артық па?” дейді. Әбіш қара артық дейді. Мысалға көздің 

қарашығын айтады. Әбіш: “Сіздің зәріңіз қатты ғой 

халыққа” дейді екен. Кісіге кіріп келгеннен қадалып, көзін 

алмай тесірейе қарап отырып қалатын. Кіргеннен отырып, 

орнығып болғанша қарайтын. Есінен ауыстырып жібереді 

көп адамды.

Келінін, қызын жасырмайды. Пәкизатты ұзатарда жау-

лық кигізді. “Балам, ақ ноқта деген осы” дейді. Пәкизат 

киіп ап, әкесіне қарайды. Абай анау шыққан соң көзінің 

жасын бір іркіп ап: “апырай-ай, балам, қарашы дегендей 

қылды-ау деді” дейді.

Келінге сәлем қылма, ұялма, үстіме кір. Ол ұялатын іс 

емес, ұялатын басқа жұмыс, бізден тәлім ал, атадан үлгі алу 

жат емес деді.

Арғымбай қатыны Мәтіш. Күйеуі ұрғанда Абай есітіп: 

“Құнанбайдың қызын алғанда қызық көрем деп алды, 

қорлық көрем деп пе екен. Ұрмасын, Қаражанға айт, тый-

сын келінін” дегізеді.

Ақылбай қызын Найман ала келгенде, қызды бермей, 

өз үйінде сақтайды. Соған да: “Бала қызық көрмекке керек, 

қасына берсін” деді.

Оразбай қыздарын Араптарға әбден алғанша бермейді. 

Қасына жатқызбайды екен. Соған Абай: “Енеңді .., қызы 

одан өзге еркекті таба алмайды деп жүр ме екен. Онан да 

қызының күйісін бастырып алсашы” дейді екен.


297

Есіктің алды тастақ та,

Тастақтың алды баспақ та, –

деп Абай айтқанда, қу шал:

Атасы басқа жау жеңге,

Күйеудің қасына тастап та, –

депті. Ақылбай қызының тұсында.

Ділдәні алған соң қайнына бұрынғының әдетімен қайта 

барады. Не қалайды депті. Қарақасқа қысырақтың үйірін 

сұрайды. Алшынбай: “Оны алма, батамды ал” дейді. “Бата 

беретін шал өзімде де бар, берсең қысырағыңды, бермесең 

атымды тарт” деп жүріп кетіпті.

Түсіптің қызын Алшынбай бәйбішесінің өзі асырай-

ды екен. Сол бәйбіше келе жатыпты. Онда Абай тоқалды 

алған екен. Анау енесі: “Ыбырайдың тоқалы қайсы?” деп 

көріспейді. Және Абайға: “Мен кеткенше, тоқалдың қасына 

жатпасын” дейді. Абай тоқалға сол күні, қаладан келген күні 

төсек салғызып жатып қалады. Тыңдамайды.

Қажы еншіге Абайға да, Тәңірбердіге де 50 жылқыдан 

беріпті. Содан Қоңырға болыс боларда 880 жылқы бар дейді 

екен. Оспан өлгенде, үйлерін үлесерде Абайда 80 жылқы 

қалған. “Мен елге шашам, олар жия берген. Тартып алды, 

бос алды. Мен себепші едім. Оспанның малында, мен бол-

масам, Тәкежан, Ысқақтың не үлесі бар еді” деген.

Әзімхан, Кенжебек қалада ноғайдыкіне келдік. Бірге 

Ақылбайдыкіне бардық. Айбек сартты шақыртты...

Бәйге ат. Кедейқұланы бәйгеден келгенде бес түйе 

беріп Абай алады. Мұрын Бұлан дегеннің аты еді. Мол-

даш түйелерді алып тұрып, баласына ақылдасқан боп, бұл 

елімізге атымызды алдырдық деп барар ма екеміз, қайтер 

екеміз дегенде, Абай тағы бір ат бергізді.

Ас арғыда көп болатын. Бертіндегі соңғы үлкен ас 

Сәтидің асы. Тұрғанбайдың асы.

Борамбайдың асында Көкшеге өкпелеп Дүйсен бастаған 

қалың мырза Мамайдан кетіп барады екен. Абай кешігіп 

кеп: “Шал-ау, шешең атын ұмытып қапсың ғой” дейді. 

Сонда Қоңыр-Қоңыр дейді. Аста жан қалмады дейді.


298

Мұқаға домбыра тартқызып, Кәкітай Тұрашқа үйреттіріп 

отырады өз алдына.

Ақтышқан деген жұтта Алшынбай жылқысы келіпті. 

Түсіп өзі алып келген екен. Сонда Құндыздыға жіберіп, Жи-

реншеге баққызыпты. Со да қорлық дейді екен Жиренше.

Көктұма сияқты тартыста Абайдың салатын жүйрігі Жи-

ренше болады. Долгополов Жиреншені көріп қайтып, жол-

дастарына Семейде Абайдың шешені осылай сөйлейді екен 

деп, скрипканың смычогын бұлғаңдатады екен.

Долгополов қыдырып жүріп, қажыныкіне келіп көрем 

дейді екен. Ол Абайға: “Әкеңнің басын музейге бер” деп 

сұрайды. Абай: “Әкесін үлкен баласы мен кенжесі билейді” 

дейді. Сонан соң Жиреншені салып аналардан сұрайды. 

Олар беруге көніп қалады. Мен атты байлағанша жүгіріп 

кеп, Абайға айтып жатыр екен. Абай күледі де: “Мені қазақ 

иянаттайды онан соң” дейді. Долгополов: “Әкең өлмес еді. 

Адамға бітпеген басы бар екен, бермедің, жарамайсың” 

дейді екен.

Мөржанның сіңлісі, Қабыланның қызы келгенде, Тұраш 

қайда еді депті. Ол Семейге кетті дегенде: “Ой, сөзіңді ...-

ай” депті.

Байтас деген ағасы (Жақыптың баласы) ойнасшы, 

сауыққой болған. Сол сейіл құрып жүріп аулына қайтып 

келе жатып:

Көшкенде жүк артамын ерке атанға,

Не бетімді айтамын Ойке апама, –

деп өз қатынын Ойке апа дейді екен. Абай соны көргенде, 

Ойке апаға не дедің деп отырады екен.

Көтібайдың қатыны Қарақатынмен жақын еді дейді. 

Бәшей – Абайдың аспазшысы. Бұл қатыннан бала туған.

Байлаудың қызы, Бақаштың қатыны Абайдың қызы 

болу керек.

Тоқа деген Қарабас өзінің бір Мамайымен даулы боп, 

құнан даулайды. Абай айтқызбай анаған құнанын бер дейді. 

Тоқа сонда құнанды бергізбей тұра тұрып, екіндіге дейін 

сөзімді тыңдашы дейді. Айта бер дейді. Абай намазға шейін 

тыңдап-тыңдап алып, анаған енді сен құнанды берме дейді. 



299

Неге дегенде: “Құнан саған тиген еді, өзің сөзге саттың” 

депті (содан қырт атанады Қарабас). Бір дауда екі асайсың 

ба дейді.

Қатпаның колхозда аудан қызметкерлері атыңа айғыр 

айырбаста дегенде, айтқан қалжыңы: “Айғырлар Тұмабай-

дың будасын басқан ақ бурадай” – дейді.

1. Абайдың Жігітекті айдатуы.

2. Абайдың пішіні.

3. Айдалған кісілер.

4. Қоныстар.

 



1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал