Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



жүктеу 2.91 Mb.
Pdf просмотр
бет14/27
Дата11.01.2017
өлшемі2.91 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27

болып, арасына жүріп көреді. Бірақ екеуі де тыйылмай,  

жауласып кетеді. Осы жаулық тоқтамайтын болып ұлға-

йып өсіп, тағы да Шыңғыстың шегінен асып, Тобықтыға 

жетіп, Тобықтының лаңы басқа сырт елдерге де жаңадан 

жайыла бастайды. Ол араздықтың түбі тағы да Абайға кеп 


185

мықты соғады. Оның себебі Оразбай тобының әуелден 

өші Абай. Өштік түбі күндестік, қызғаныштан, өзімшіл 

бақталас, бәсекеден шыққан. Олар Абаймен бір қатарда 

атқа мінеді де, Абайдың өздерінен артқанын көтере ал-

май, үнемі іштен күйіп жүреді. Көп елдің, көп момынның 

сенетіні, қадірлейтіні Абай болғаны да бұларға удай тиеді.

Әділ, көреген, шыншыл, алыс-жақынға бірдей даңқты 

және өзі білімді, онан соң халық ақылын, өсиетін, өлеңін 

көксеген Абай оларға тең жау емес. Үнемі Тобықтының 

өз ішінде де, әсіресе Оразбайларды білмейтін, білгісі де 

келмейтін шет ел ортасында да Абай бұлардан асып түсіп 

отырады. Абаймен сол тұстағы барлық Арғын, Найман, 

Керей, Уақ таныстықты, жақындықты, достықты іздейді. 

Кезіге қалса, ұстаздығына ынтығады. Өсиет, мәжіліс, өлең, 

үлгісіне жабысады. Ол ғана емес, талай күндік жерден, та-

лай жылғы қиын түйін дау-шары болса, таза адамшылық 

жолымен ақиқат айтатын дананы іздесе, бәрінің шұбырып 

кеп табатыны Абай болады. Бұл жәйдің барлығы үйде оты-

рып, алыспай отырып жеңіп отырған, тартыспай отырып 

елді алып отырған Абайды жаңағы дүлей топқа әл жет-

пес ұлы күш ете береді. Сол күш халық ортасына өсиет 

сөзі жайылып, ірілеген сайын Оразбайлар өзінің қыңыр 

қиястық, қаскөй надандығымен Абайға өшіге береді.

Абайдың қайғысы онымен алысатын топтың ерекше 

надан соқырлығы болған. Өйткені Абай өле-өлгенше сол 

өмір бойы бірге жасасып өткен Оразбай, Жиренше, Күнту, 

Абыралы сияқты адамдар халық жастарына, халықтың са-

налыларына Абайды Абай етіп, қымбат, қимас, қадірмен 

дос етіп жатқан ақындық еңбегін білген де емес. Олардың 

бірде-бірі Абайдың өлеңін оқытып, ақындық асыл 

қазынасын біліп, болжап көрген емес. Оразбай, Жирен-

ше екеуінің де жасы Абайдан үлкен еді. Екеуі де бері келіп, 

Абайдан кейін өледі. Бірақ жәй жиын, талас үстінде Абай 

сөйлеген сөз болмаса, Абайдың бірде-бір өлеңін жадына 

алып, ұққан, қадірлеген кісілер емес.

Ал кісілік жөнінің өзін алғанда да Абай ержетісімен өзі 

тұрғы жастан дос етіп, қасына ертіп адам қып шығарған 

кісілері ең алдымен осы Оразбай, Жиренше, Ерболдар бо-


186

латын. Дәл Жиренше басына еткен сан жақсылығының 

бірі – көп сайлаудың бірінде “тентек ояз”, “қара ояз” деп 

атанған бір сотқар ояз Жиреншеге дүре салмақ болғанда, 

Абай оязбен қатты жанжалдасып, ара түсіп, сабатпай, 

ананың арын, намысын қорғап шыққан. Арғын, Най-

ман арасына барса, өмірінде жалғыз-ақ рет, жас шағында 

Көкшеге болыс болса, Абайдың сенімді, белді би қып ерт- 

кен кісілері осы Жиренше мен Оразбай еді. Ол екеуі Абай-

дың ығында жүріп, елеусіз халден белгілі адам қалпына 

жеткенде, малданып, әлденіп күшейген күндерінде Абайға 

ең алдымен қас боп шығады. Сол жауығардың алдында 

бұрын ондайлық бай болмаған екеуі мейлінше байып, лық 

толып алады. Әрқайсысында мың-мыңнан жылқы болған. 

Оразбай бертінде жылқы санын үш мыңға да жеткізген. 

Ал Абайдың өз басында ешбір уақытта ондай байлық 

болған емес. Қайта өмірінде талай рет “шағын дәулет, 

шолақ дәулет” дейтін күйлерге жақын қалып жүрген. Мы-

нау екеуі өздері байып, әлденіп алған соң Абайға қарсы 

жаулықты тобынан бұрын бастайды. Ең алғаш араз болған 

сылтау себебі де өзгеше. Бір жылы Тобықты, Найман ше-

карасында Абайлар жүргенде, Найманның екі руы – Сы-

бан мен Мұрын арасында қатты қырқысқан дау туады. 

Жесір дауы. 

Абай, тегі, әйел басына азаттық әперуде талай дауға 

кіріп, өз заманының қатал қалпын өзгертіп, азаттық үшін 

алысам деп сан рет қатты пәлеге ұшырап, өз басы арандап 

жүрген. Мынау жолда да соның бір кезі болады. 

Мұрын қызы күйеуін тең көрмей, өзінің сүйгеніне 

кетеді. Сыбан қызды қайтарып алмақ. Пәле ұлғайып, 

ел шабысарман болған соң екі жағының сөзі Абай ал-

дына келгенде, Абай бітім-тоқтау айтыңдар деп өз аты-

нан Жиренше мен Оразбайды жібереді. “Мұрын қызына 

азаттық әперіңдер” деп арнап тапсырады. Жиренше-

лер Абайдың айтқанын орындап, қыз басын босатарман 

болғанда, Сыбанның біреуі: “Жол осы ма еді, Кеңгірбай 

әруағы, қайдасың!” – деп ұрандап, әруақ шақырады. 

Осыған қайысқан Оразбай Кеңгірбай жолын бұзғысы 

келмей, Абайға келгенде, ол: “Кеңгірбайдан әйел әділдік 


187

көрген жоқ. Әйел үшін ол “Қара қабан” атанған”, – деп, 

өз айтқанын істетеді. Мұрын қызына еркіндік әпереді. Ал 

Оразбай мен Жиренше: “Абай асқан екен, Кеңгірбай жолын 

бұзумен тұрмай, “қабан” деп тілін тигізді. Енді бұдан біз 

кеттік, жауластық”, – деп, өзді-өзі серттесіп алады. Жол-

шыбай елге қайтқанда екеуі жарыс салып, Абайдан озып, 

бөлініп кетеді. Абай бұлардың бетін аңғарып, “білдім” де-

генде, “білсең сол” десіп, тағы жарысып кетіпті. Осыдан 

кейін екеуі жар құлағы жастыққа тимей, қалың Найман 

алдында: “Абай Кеңгірбайға тілін тигізді”, – деп, өздеріне 

ұсаған бай-жуанның басын құрай бастайды. 

Байғұлақ, Күнту бар, жиыны 16 атқамінер Абайға 

қарсы шықпақ боп серт байласады. Бұл серттері Жирен-

ше қыстауының үстінде, “Ши” деген жерде, Кеңгірбай 

бейітінің қасында жасалады. Кеңгірбайдың әруағын ата-

сып, бейітіне бет берісіп тұрып баталасады. Жауламақ, 

жықпақтары – Абай. Оның еткен “жаманшылығы” әлгі. 

Міне, Күнту болыс болудың алды осы еді. Содан бері 

Оспан болыс болған шақта да тыйылмай жүрген күндестік, 

араздықтың түбі үнемі Абайға сарықпай тұрмайды. 

Тартыс үстінде Оспан Оразбайды жазаға іліндірмек бо-

лады. Оразбай қалаға қашып кетеді. Оспан ел ішінде би-

лер сиязын өз дегенінше өткізіп алып, қалаға Оразбайды 

қуа барады да, ояз кеңсесінің алдынан өз қолымен ұстап 

алып, “қорлық көрсін” деп, өзі мінген арбасының артына 

таңып алып, елге әкеледі. Бұрын қорлыққа бойсұнбаймын, 

көнбеймін деп тіресіп жүрген Оразбайға мынау істеген 

іс “құлақ естіп, көз көрмеген” кекті жаза болады. Бірақ 

Оспанның осы істеген ісінің арты көп арыз, көп қуғын бо-

лып, ең алдымен өзі болыстығынан түседі. Орнына кан-

дидаты Арапты қоймай, сол кездегі “долынжы би” (бұл 

болыс пен кандидат екеуі де орнынан тайса, уақытша 

болыстық міндетін атқаратын бірінші би) Шөке деген 

інісін болыс қояды. Осы араздық, жаулық арты Абайға 

ең зор дұшпандық, ең салмағы ауыр міндет боп тағы кеп 

ошарылады. Оспан жаңағы ұлы пәленің артынан, үлкен 

тартыс енді молайып келе жатқанда, 1891 жылы қайтыс 

болады. Мұның өлімі Абай көрген қатты ауыр қазаның 


188

бірі еді. 1892 жылғы өлеңдерінің көбінде Абай Оспанның 

өлімінен уланып, дерттенген жайын көп жерде сездіреді. 

Осы өлімнің өзіне арнап та өлең айтады.

Оспан өлген соң, барлық жаудың азабы мен әлегі 

түгел келіп Абайдың жеке басына түседі. Еңбекке толы 

тыныштық өмірі бұзылады. Барлық ішкі қуат-сезімімен 

бұрынғыны барынша жек көріп, жиреніп алған Абай 

қайтадан сол әуелгі қалыпқа келген соң, тіршіліктің бұл 

сыбағасын ас орнына у тартқандай көреді. Бірақ қалайда 

болса, кіріспесіне болмайды. Кірісу міндет болып алған. 

Өсиет көксеп, мәжілісін іздеген жастарға медресе есігі 

уақытша жабылғандай болады. Өлеңдері де бұрынғы 

сияқты тыныштықпен отырып жазылмай, ерекше ты-

нышсыздық, алыс-жұлыстың үстінде жазыла жүреді.

Осы жылдарда Абайдың өлеңімен қатар, аудармалары 

көп орын ала бастайды. 1891 жылғы жаулық тағы да ұзаққа 

кетеді. Тартыс бір ел емес, әлденеше елдің ішінде, әлденеше 

жұмыстардың тұсында бола келіп, 1897 жылға шейін созы-

лады. Бұл әредікте шет елде болған тартыс – Тобықты мен 

Уақтың тартысы. Ол пәленің басы да Оразбай болады.

Оспан өліп, ел ішіндегі үлкенді-кішілі істерге өзі бас 

боп жүрген Оразбай енді Абайды түрткілеп қоздырып, бір 

пәлеге тартуға құмартады. Осы орайда Абай мен Уақтың бір 

ірі адамы Нұрке деген кісінің екі арасын шиеленістіретін 

бір кез келеді. Бұрын Абай мен Нұрке аса тату, дос еді. Нұр- 

ке – Көкен болысының қазағы. Жері мен елі Семей қала-

сына жақын. Өзі малды, өзі адамшылық абыройы зор, 

қала мен қырға бірдей беделді адам болатын. Сол Нұркенің 

бойжеткен қызын Абайдың баласы Мағауия аламын деп, 

әуелде бір қысырақтың үйірін қарғыбауға жібереді. Ар-

тынан Мағауия қызбен көрісе келе ұнатпай, алғысы кел-

мей, сырт беріп жүреді. Қыздың көңілін тұрақтатқан 

құдалық та жоқ, азаттық та жоқ, жіпсіз байлау болады. 

Соны ауырлаған қыз Айтқазы деген адамға өздігінен сөз 

салып, тием дейді. Айтқазы – Ертістің ішкі жағындағы 

Белағаш деген болыстың ең жақсы адамы. Өзінің түбі 

Көкше (Тобықты), Абаймен қатты дос, шешен, алғыр 

адам болған. Бұның да жасы Мағауияға құрбы, жасынан 


189

озғын шыққан адам еді. Нұрке қызына Айтқазы қызығады 

да, алып қашып алады. Осы жөнінде Айтқазының өзі де, 

Оразбай сияқты ел пәлесін тілеушілер де “Абай ашуланар, 

сойқан басталар, Абай мен Айтқазы, Нұркелермен қиян-

кескі жауласатын болар” деп ойлайды.

Бірақ Абай түк намыс та етпейді, сөз де айтпайды. Аз 

күн ішінде Айтқазыға “саспа” деп басу айтып тыныштан-

дырып, Нұркемен де қабақ шайыспай, бұрынғы достық 

күйінде қалады. Қыз сүйгеніне тиді, ерік алды. Әйел еркіне 

зорлық болмасын деп, ізге түсіп, жол айтып жүрген Абай 

өз басына келгенде сол жолынан тайған жоқ. Осыған айы-

зы қанбай, бармағын шайнап қалған Оразбай өз бетімен 

пәле бастайды.

Көкен үстінде, Жалпақ деген жерде болған бір ояз елдің 

сиязына Тобықты шонжарларын ертіп кеп, Нұркеден 

Абай үшін жесір даулайды. Даулайтыны – жаңағы бітіп 

тынған Нұрке қызының басы. Сылтауы: Абай көнгенмен, 

Тобықтының әруағы көнбейді. Ол намыс етпесе, біз на-

мыс етеміз деп, Тобықты билерін шүйлеп алып, Нұркені 

сиязға шақыртады. Абай мен Нұрке бұл сиязда жоқ. Нұрке 

Абайдың өзі дауламаса, өзгеге берер жауабым жоқ деп бар-

майды. Оразбай билерге салмақ салып, Нұркенің сырты-

нан ақы мен айып кескізеді.

Осыдан Тобықты жуандарымен ұстасқан Нұрке жер 

дауына кіріседі. Тобықтының Бұғылы, Шыңғыс деген 

болыстары мен Уақтың Көкен болысының шекарасы 

бөлінбеген еді. Нұрке қаладан жер өлшеуші шығартып, 

Оразбайдың болысы Бұғылының жерінен және бірнеше 

Олжай жуандарының жерінен жер кескізіп алады.

Тобықты қуып арыз береді. Соның аяғы Арқат сия-

зы деген екінші сияз болады. Онда Нұркеге бар Тобықты 

жабылмақ еді, бірақ Нұрке оязға дегенін істетіп, Тобықты 

жуандарының ұрлық-зорлығын айтып, өздерін ығыртады. 

Ұлық кәрінен қашқан Оразбайлар сияз басына жолай ал-

майды. Тобықты еседен айырылып, ұлық кәрін түйеді, 

көрші елдерге істейтін талайдағы зорлық енді Тобықты 

жуандарын опық жегізіп, састыра бастайды. Өз дәрмендері 

кеткен соң барлығы Абайға жабысады. Елдіктен кетеміз, 


190

ара түс дейді. Абай амалсыз кірісіп, Нұркеге хат жазып, кісі 

жібереді. Нұрке Абайдың тілін сыйлайды. 91-жыл қайта 

қозған араздық пен 98-жыл арасындағы бір алуан хал осы 

еді.

Осы екі арада Абай өмірінде болған үлкен өзгерістер,  



96-жылы Оспанның үйіндегі (бұл Құнанбайдың үлкен 

үйі) Еркежан деген келінін алады. Оспан өлгенде артын-

да қалың дәулетпен үш қатыны қалған. Бірақ ешбіреуінен 

бала жоқ. Оспанның үш қатынын Тәңірберді, Абай, Ысқақ 

сияқты үш ағасы алып, ауылдары мен мал-мүліктерін 

де, келіндері отырған орындарға қарай бөлісіп алады. 

Көп сыбаға үлкен келін мен Абайға тиісті болады. Бірақ 

бұл уақиғаның үстінде де көп әңгіме болған. Абайдың 

Еркежанға үйлену ойында жоқ еді. Еркежан өзі де 

Ырғызбайдың үлкен үйінде отырған мінезді, байыпты, 

тоқтамды адам еді. Ол Оспанның артын күтіп, байға ти-

мей отырып қалам деген. Абай соны мақұл көрген. Оспан 

тірісінде өз баласы болмаған соң, Абайдың Ақылбай деген 

үлкен баласынан туған немересі Әубәкірді асырап алған  

еді. Еркежан қолында қазірде сол бала болады да, үлкен 

үйдің иесі боп тұратын болады. Осы халді Тәкежан 

(Абайдың үлкен ағасы) қош көрмейді. Үлкен үй Абай 

қолында боп қалады деп қызғаныш етеді. Еркежан-

ды әйелдікке өзі алам дейді. Тимеген соң, өзінің баласы 

Әзімбайға ти дейді. Жесір қатынның тыныштығын бұзып, 

мезі қылған соң, Еркежан “Абайдың өзі алсын, тисем 

соған тием” дейді. Бұл күнде Оспан үйіне Әубәкір жас 

болған соң мал-басқа ие болуға кіргізіп берген Кәкітай 

дейтін Ысқақтың баласы бар еді. Ол – 12 жасынан Абай 

тәрбиесінде өскен, Абайдың өзінен туған баласындай боп 

кеткен аса таза және өздігінен Абайша оқып, көп білім 

тапқан ерекше қадірлі жас еді. Сол Кәкітай бар, Оспанның 

басқа жақын дос-жарлары бар – барлығы Еркежанның ба-

сына Тәкежан тыныштық бермейтін болған соң, Абайға 

“өзің ал” дейді. Абай сонда да алмауға байлайды.

Енді өзі ала алмаған Тәкежан Еркежанға жаңа шарт 

қояды. Тиыш қоямын, тек қолыңнан Абайдың немересі 

Әубәкірді кетір дейді. Ол – Оспан мен Еркежанның бесікте 


191

бауырына салған, туғандай баласы еді. Еркежан осы соңғы 

салмаққа шыдамай, Абайға сәлем айтып: “Не мені алып, 

үлкен үйіне тыныштық тапқызсын, немесе ренжімеймін, 

рұқсат етсін, Әубәкірді алып төркініме көшемін”, – дейді. 

Осыдан кейін Оспан өлгеніне 5 жыл толғанда, 1896 жылы 

Абай Еркежанды алады. Еркежанмен қоса Оспанның, 

Құнанбайдың үйіндегі мол байлықтың бәрін Абай өзі 

түгел баспайды. Оспанның өзге екі қатынын алған екі 

туысқаны Тәкежан, Ысқаққа көп қылып мал мен қыстау, 

қоныс енші бөліп береді.

Бірақ Еркежанды өзі ала алмай қалып, қызғаныштан 

арылмаған және Абай алғанның бәрін көпсінген Тәкежан 

осыдан кейін Абайға іштей қыжыл, қарсылық сақтап 

қалады. Абайдың абыройын қызғанған Оразбайлармен 

оның да демі бірігіп кетеді. Жанаса жүріп Оразбайлар-

мен құда болады. Сол іштегі кірненің бәрі тез-ақ барып 

белгі береді. 97-жылдың пәлесінде Абайдың Еркежанды 

алғанын Тәкежанның кешпегені білінеді.

Еркежанды Абай өле-өлгенше жақсы көрумен кеткен. 

Мұны алған соң, өзге екі әйелінен, әсіресе соңғы кез-

де көңілі қалған Әйгерімнен алыстап кетеді. Ділдә ерте 

қартайып, балаларының анасы болған қалпында жәй 

ғана сыйлас досы боп қалады. Ендігі әйелі өзге екеуі емес, 

жалғыз Еркежан болғанға ұқсайды. Қыс болса, олардың 

қыстаулары да Еркежан қыстауынан (Жидебайдан) алыс 

болады. Абай үнемі осы Оспан үйінде, үлкен ауылда 

орнығып тұрып қалады.

Абайдың үлкен әйелі – Алшынбай аулының қызы 

Ділдә. Екіншісі – тоқал алған Әйгерім. Алғашқы әйелінен 

Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия деген балалары, Күлбәдан 

деген қызы болған. Екінші әйелі – Әйгерімнен туған бала-

лары: Тұрағұл (Тұраш), Мекайыл, Ізқайыл және кіші қызы 

Кенже.


Абай Еркежанды алмай тұрғанда, көбінесе Ділдәнің 

аулында болып, кіші әйелінің балаларын сол ауылда 

өз қасына алып жүріп, Мағауиямен бірге тәрбиелеген. 

Әйгерімнің қыстауы Аралтөбеде, ол Еркежан қыстауынан 

70 шақырым жерде болады. Өзі Оспан аулына орнаған соң, 


192

балаларының көбін қысы-жазы өзімен бірге ұстаған. Өз 

қолында болмаған баласы оқудағы Әбдірахман ғана.

Ол Семейде үйездік школды бітірген соң, Түменнің 

Реальное училищесіне барып, соны бітіреді. Содан кейін 

Петербурға барып, Семейде үйез болған Лосовскийдің 

мәслихаты бойынша Михайловская артиллерийская 

школаға түскен. Басында Абай Технологический инсти-

тутқа түс деп жіберіпті. Сабаққа кешігіп келіп, түсе алмай-

тын болған соң, жаңағы Лосовский айтқан мектепке түсіп, 

соны бітіріп шыққан. Әбдірахман Абайдың қатты сүйеніш 

көріп, қатты үміт қылған баласының бірі болған.

Бұл жаңағы мектепті бітіруімен де қанағат қылмай, енді 

Әскерлік артиллерия академиясына түсемін деп жүргенде, 

костоед (құрт ауру) болып, 1895 жылдың ғинуарында 

қызмет етіп тұрған жері Алматы (Верный) қаласында 

қайтыс болған. Оспанның өлімінен соң Абайды қатты 

күйіндірген өлімнің бірі осы болады.

Бұл баласы Абайдай әке өмірінің жалғыз бір үлкен 

жұбанышы еді. Соның мұратына жете алмай, ерте өлгені 

артында қалған әкесін қатты қайғыға салған. Ел орта-

сында “етекбастыны көріп” жүргенде, Абайдың аңсап 

тілеп, көп күткені сол баласының келешегі еді. Көп үшін 

өнімді еңбек істеп, мағыналы адамшылық ұрығын ша-

шады деген жалғыз үміті сол еді. Соның ерте өлгендігі 

Абайдың жүрегінен тағы да қатты толқынып келген көп 

зарды шығарады. Әбіштің (Әбдірахман) өліміне арнап 

айтқан өлеңдері Оспанның өліміне айтылғаннан да зар-

лы, шерлі сөздер болады. Бұл өлім де осы кездегі барлық 

басқа өлеңдеріне қайғы мен өкініштің, қалың арманның 

уытын жайғандай болады.

Әрине, бұл уақыттарда Абай терең, даналықпен 

толғайтын ақынның өзі болатын. Сыртқы өмірдің у қосып 

тартып жатқан сыбағасы бар. Өз ішінде қалыптанып 

толған сыншы ақылдың бұны табынан ұзатып әкететін 

жалғыздығы бар. Оның үстіне, жанына сүйеніш санап, 

тіршілігіне жұбаныш қылған сүйікті жандарының өлімі 

бар. Осының бәрі жиналған соң, бар сотқармен алысып 

жүрсе де, Абай өлеңді өз жүрегінің тынысы сияқты қылып 


193

алған. Сондықтан Лермонтовтай ақындардың өлеңдерін 

қазақшаға аударса, сол сөздерді құр ғана сыртқы келісімін 

сүйгендіктен аудармайды. Барлығын да өз жүрегіне 

түсінікті, өз халіне жанасатын, өз қиялына дәл келетін, 

ерекше бір жақындығы болғандықтан аударады. Өзі 

шығаратын өлеңдерімен қатар, аудармалар ақынның өз 

жүрегінен толқып шыққан қайғылы шердің де айнасы, 

толас-тынысы сияқты болады. Кезі келгенде айта кету ке-

рек, Абайдан қалған аудармалар тегіс бірдей емес. Кейбі-

рін, мысалы, Крылов мысалдарының көп жерін немесе 

Лермонтов өлеңдерінің бірқатарын ақын дәл аударады. 

Сонымен қатар сол Крылов, Лермонтовтың және, әсіресе 

Пушкиннің “Евгений Онегинін” әдейі бір кең толғаумен 

өзінше еркін жырлап жеткізеді. Бұнысы – аударма ғана 

емес, Еуропа, Шығыс әдебиет тарихында көп ғасырлар 

бойында тәжірибеде болған сарын қосу сияқты бір жол. 

Алдыңғы ақын сезіміне, әңгімесіне, ой толғауына сүйсіне 

отырып, өз ішінен де соған үндес қоғамдық сыршылдық, 

эстетикалық сыр шығарып, қосыла күңіреніп, қатар 

шабыттанып кетеді. Бұл түрдегі сезім, ойларды өзгерте 

жырлауы әдейі істелетін өзіндік тұлғаларға жақын боп 

шығады. Сондықтан бұл алуандас ақындық еңбегінің 

бәрін бұдан былай құр аударма деп қарамай, Пушкин, 

Лермонтов, Байрон сарынынша жазылған шығармалар 

деп тану керек. Осындай болып қалыптанған ақындық 

күйі Абайдың соңғы күндеріне шейін біржолата нығайып, 

орнығып алған арнасы еді. Әредікте қыс болсын, жаз бол-

сын, ел сөзінен қолы босап, аз да болса орнығып отыратын 

уақыт болса, 1889–1890 жылдардай тағы да тәрбиешілік, 

ұстаздық етеді. 

Бұл уақытта жалғыз өз өсиетін айтпай, шығыс пен 

батыстағы өзі таныс болған бұрын-соңғы данышпан, 

ғалым, ақын, жазушы атаулының бәрінен мысал келтіріп 

отырады. Ұдайы ойшылдыққа салына бермей, көркемдік 

тәрбиені де көп ойлайды. Сол ретпен, өзі оқыған қызықты, 

шебер романдарының көбін өз тілі, өз аудармасы редакци-

ясымен әсем әңгіме қып айтып береді. Абай мектебінен 

тараған осындайлық жаңа, соны әңгімелердің ішінде 


194

өз уақытында жаңа болған “Мың бір түн”, “Шаһнама”, 

“Бақтажар”, “Ләйлі – Мәжнүн”, “Көрұғлы сұлтан” сияқ-

тылардан басқа, Еуропаның да талай романдары бол-

ды. Абайдың айтқанынан тараған А. Дюманың “Үш 

мушкетері”, “Он  жылдан соңы”, “Король қатын Мар-

госы”, Пушкин әңгімелері және Батыс Еуропада орта 

ғасырда инквизиция сотының заманын суреттейтін 

“Қызыл сақал” деген роман, онан соң Америка, Афри-

када жабайылар ортасында күн кешкен “жаһанкездер” 

жайындағы романдар да көп айтылатын болған. Абай 

тәрбиесінің тағы бір ерекшелігі – ол өзін “шығыс адамы 

едім”, “мұсылман едім” деп, дін тұсауына бағындырмаған. 

Жастарға үлгі, тәлім етіп айтқанда, өлеңінде Толстой, 

Салтыков-Щедринді ұсынғаны сияқты, ауызша өсиетте 

де Сократ хәкім, Аристотель сияқтыларды көп айта-

ды. Ұлттық тар көлемде де қалмайды. Сондықтан өзінің 

тәрбиесінде болған жас ақындарға әңгімелі поэмалар 

жазуға тақырыптар бергенде құлашты тіпті кең жаяды. 

Көкбай сияқтыларға қазақ тарихының ескілігін баяндай-

тын тақырыптар берсе, Мағауияға патшалықпен алысқан 

Шамильдің жәйін поэма еткізеді. Және сол Мағауияға 

“Медғат – Қасым” деген поэмада Африкадағы планта-

тор мен намыскер ер құлдың алысқанын дастан еткізеді. 

Ақылбайға Кавказдағы Дағыстан жайынан, Африка- 

дағы зұлыстар жайынан поэма жазғызады. Міне, 

жастардың ұстазы болған Абай ең алдымен осындай 

көркем тәрбиеші, аға ақын боп зор қызмет етеді. Бірақ 

жаңағы атқамінерлер пәлесі тағы да ырық бермейді.

Оразбаймен ұстасқан жаулық 1891 жылдан бастап 1897 

жылға жетеді. Бұл кезде Абайдың ел ұстарлық Ақылбай, 

Мағауия сияқты балалары, Кәкітай сияқты немере інілері 

жетсе де, Абайдың соңынан ерген ел, жалпы тартыс бол-

сын, ел ішінің келелі кеңес-билігі болсын, үлкен шербеш-

най сияздар мен болыстық сияздары болсын, барлығынан 

да Абайды босатпайды.

Жоғарыда біз Абай өмірінің сыртқы өзгерістерін 

баяндаған уақытта, көбінесе партия басы, жуан бұзық-

тармен тартысқанын айттық. Соның өзінде де Абайдың 


195

ел ішінде ең үлкен, ең дана, әділ басшы болғанын еске 

алу керек. Қарамолада бірнеше елдің бас қосқан сиязына 

төбе би болған сияқты, Көктумадағы Жетісу мен Семей 

болысының бас қосқан шербешнай сиязында Абай тағы 

төбе би болған.

Мұндай жерде Абайдың білімі мен жүйріктігіне және 

көлденеңге айтатын шебер, әділ билігіне талай рет көзі 

жеткен атқамінерлер, іштей жау болып жүрсе де, сырт-

тай ешуақытта қарсылық көрсете алмаған. Өйткені бұны 

ақылдасатын қалың момын ел тілейді. Есемізді әділетпен 

әпереді деп тілейді. Өз беттерінде ру араларының дау-

шарын шеше алмайтын ұлық та, бұл сияқты “сахара” 

заңына жетік адамға еріксіз жол беретін.

Сол шербешнайларда ақылдасатын елдердің қашанғы 

істерін қандайлық жол-жобамен қарау керек, соған жал-

пы ереже жасалады. Осы ережелер халық ортасына салы-

нып, тексеріліп өткен соң, қаулы боп бекіледі де, ақыры 

жұмысты тергейтін “третей билер” түгелімен сол ережені 

қолданады.

Абай жаңағы ереже атаулының барлығын өзі жазып, 

көптің сынына салып өткеріп отырған. Мәселен, Көктума 

сиязында Абай жазған ереже 92 (бап) статья еді деседі. 

Патша үкіметі қазақ елінің ішкі өмірін білмей, жалпы 

әкімшілік жұмысын ешуақытта жөнге сала алмай қойған 

соң, жалғыз тапқан шарасы осы болатын.

Осы тұста айтылған ерекшелігінен басқа, Абайдың би 

болуын көп-көп елдің тілейтініне тағы бір себеп, Абайдың 

билігі өзге рубасылардың парашыл, бұра тартқыш билігі-

нен басқаша болған. Дәл өз басы, өз алдына келген билікке 

шамасынша әділ болуға тырысқан. “Басшылық, ұстаздық

ел түзеуші” тез болу жайында ұдайы айтатын тазалықты 

Абай осы тұста өзі толық орындауға тырысқан. Мұның 

белгісіне Абайдың сырт елдердің талай-талай үлкен дау-

ларына билік айтуынан басқа, дәл өз елінің ортасындағы 

биліктерін де мысал қылуға болады. Тобықты ішінде жер 

дауы, жесір дауы, құн дауы сияқты үлкен сөздер болғанда, 

Абайға келіп билік айтқызуға әрқашан жау жағы ынтық бо-

лады екен. Өзгені қойып, Құнанбай заманынан бері қарай 


196

ұдайы жаулықпен күн кешірген Жігітек ішінің рубасыла-

ры да үлкен даудың тұсында алдымен сол Абайға баруға өзі 

ұмтылады. Тіпті дауласқан кісі Абайдың тілеуіндегі адам 

болса да соны істейді. Ырғызбайдың зорлықшылдарын ең 

алдымен аямай жазалайтын Абайдың өзі болады.

Мінеки, осындаймен 1897 жылдарға шейін Абай ел сөзі 

мен ел жұмысынан шыға алмай қойғанда, көбінесе әділ 

билікпен тыныштық орнатып, тым болмаса дау-шарды 

тоқтатармын деген үміті болған. Әйтеуір босатпайтын 

болған соң, “тым болмаса осымен бірдеңе істеп болмас 

па екен” дегендей. Мұндағы жолға Абайдың түскені осы 

соңғы жылдарда ғана емес, бұдан көп бұрын, 80-жылдардан 

бастау керек. Бірақ берірек келген сайын, ел сөзінен шы-

нымен қашып жүрсе де, еріксіздік кірістірген уақытта көп 

еңбегін осы жаққа салады.

Болды да партия,

Ел іші жарылды.

Әуремін мен тыя

Дауың мен шарыңды, –

дейді. Бірақ 1897 жылға шейінгі ісі жалғыз бұл емес. Ораз-

бай партиясы бір Шыңғыс, бір Тобықтымен тоқтамай, 

тағы үлкен ауданға, кең майданға шығып кеткен. Абай 

неғылса да бұл тартыс тыйылмайды. Оразбай кегі сондай 

күшті болған. Үндемей отырайын десе, тыныштықпен 

отырғызбайды. Еріксіз келіп түрткі салып, соқтығып, ерік 

алдына қоймай, майданға алып шығады.

Оразбай өз болыстарымен қанағат қылмай, көрші 

болыстардың барлығының сайлауына барып, Абайға 

қарсы болатын жаулардың басын құрап, сайлау басында 

партия, тартыс шығарады. Сонымен, жауы баратын бол-

ған соң, ықтиярсыз Абай да барады. Балаларын, інілерін 

жібергеніне бөтен елдегі достары қанағат қылмай, өзін ке-

рек етеді. Осындайдың әлегімен жүріп, 1897 жылдың сай-

лауына келгенде, Абайдың үнемі арманды болып өткізген 

өмірінің ең мағынасыз қорытындысы сияқты болып, бір 

үлкен оқиға туады. 


197

Бұл оқиға Мұқыр болысының сайлауында болған. 

Мұқырға сайлаушы үйез келер кезде, берісі Тобықты, ары-

сы барлық Семей үйезінің шеңберінде түгел партия бо-

лып, барлық болыстар қақ жарылып, жартысы Оразбай 

жағында, жартысы оған қарсы ниетте жүреді. Оразбайдың 

бұл кезде байлығы асып, қайраты қатал боп, көпті 

қорқытып, дәуірі Тобықты ішінде басымдап келе жатқан.

Осы кезде Мұқыр сайлауының дәл алдында ел орта-

сынан тағы бір тың әрекет шығады. Ол Бәзілдің қызы 

Қадишаның дауы. Бәзіл – Тобықты, Жуантаяқ ішіндегі 

бай жуанның бірі. Құнанбай тұстас кісі. Бұның Байғұлақ 

деген баласы – Оспан мен Оразбай аралығында “тең тарт-

та” жүретін елеулі атқамінерлердің бірі. Соның қарындасы 

Қадишаны айттырып отырған жері Оразбайдың туысы 

Есболат екен. 

Қыз атастырған жігітіне ырза болмай, Абыралыдан 

келген жолаушы Қаракесек Олжабай деген жігітке ғашық 

болады. Екеуі көңіл қосып, қашуға әзірленіп жүрген түні 

Сақ-Тоғалақ руының бес жігіті аңду салып, ұстап алады. 

Байғұлақ, Оразбайлар қыз бен жігіттің екі аяғына бір кісен 

салып, өз қолдарымен жаза кесіп, Олжабайды өлтірмек 

болған. Жаны қысылған жастар көмек тілеп Абайға тілхат 

жібереді.

Абай сол арада бұл жандардың ауыр халіне ара түсіп, 

тез бұйырып, Олжабай мен Қадишаны өз аулына алдыр-

тады. Сонда Қадиша Абай алдына жақындап, есіктен кіре 

бергенде, жастық арызын өлеңмен айтады:

Шығады бүркіт алған қыр басына,

Алаштың болдым жолдас мырзасына.

Бір кісен жеке тимей аяғыма,

Олжабай, ортақ болдың бір басына.

Олжеке, тартынасың неге жүрмей,

Бағана қалсаң еді маған ермей.

Бір жұмыс не де болса істеген соң,

Қарада жан қала ма дауға кірмей.

Алдыңа келіп тұрмын, Абай аға,

Бар шығар сізде-дағы мендей бала.



198

Айдайды кісен салып аяғыма,

Ісіне құдіреттің бар ма шара?! –

дейді. Абай Жуантаяқ пен Есболаттың қарсылығына 

қарамай, Сақ-Тоғалақтың аңдушы жігіттерін де айыпты 

етіп, Олжабай, Қадишаға азаттық әпереді. Екеуін қосып, 

Абыралыға аман-есен жөнелтеді. Мұқыр сайлауының дәл 

алдында болған осы билік Абайға қыз төркіні Жуантаяқты, 

қыздың қайны Есболатты, айып тартқан Сақ-Тоғалақты 

да өкпелі, араз етеді. Оразбай тобына жалған намыс 

жоқтаған, қалың шоғыр тың руларды қосады. Ол Ораз-

байды бұрынғыдан да қоздыра түседі. Алыстағы Мұқыр 

сайлауына омыраулап араласып, асыға қимылдап, пәле 

шақырып жүреді.

Сонымен, сайлау жақындаған соң Мұқыр болысында-

ғы Абайдың тілеулестері: “Сайлауға өзің жүрмесең бол-

майды. Оразбай келіп, сүйген адамын болыстыққа сайлап 

алып, басымызға пәле жаудырады”, – деп, Абайды еркіне 

қоймай алып барады.

Екі жақ та осы елдің сайлауын бір ірі түйін деп білген 

болады. Шынында, көп алысқан Оразбай бұл болыстың 

ішінде дендеп тұрады. Қарсы жағында бұрынғы барлық 

Қоңыркөкшеден жалғыз ғана азғана ру Көкше қалады. 

Одан басқа Мырза-Жөкең деген ел және бұрын Шыңғыс-

тан Құнанбай балаларынан қашып, осында шыққан 

Жігітек, Бөкенші болысының барлығы да Оразбай ниетін-

де болады. Осы сайлауға шейін Мұқырдың болысы боп 

келген Әбен де Оразбайдың досы. Ол мықты, ожар, берік 

адам еді. Бұлардан басқа Шыңғыстың өз ішінен және тіпті 

Құнанбай балаларының арасынан да Оразбайдың өзіне 

қаратып, астыртын тілеулес қып алған адамдары болатын. 

Соның бірі – Абайдың ағасы Тәңірберді, бұл Оразбаймен 

құда. Және болыс боп тұрған баласы Әзімбай сыртына 

шығармай, Абайға білдірмей, іштей Оразбайға ақыл да, 

сыр да қосып қояды. Мұқырға ояз келіп, сайлау болғалы 

жатқанда, өз елінен Оразбай да аттанады. Ол жолшыбай 

Тәңірбердінің аулына қонып отырып: “Абай бұл топқа 

бармасын, барса бүлік болады”, – дейді.

Абай бұның алдында үйде тыныш отырып, ақындық, 

ұстаздық еңбек етіп жатқанда, Оразбай, Жиреншелер 



199

және Жігітек, Бөкеншіден Бейсембі, Күнтулар, Жөкеңнен 

Әбендер тыным алмай пәле қоздырып жүреді. Осы 

топтың анық бүлік, жанжал басы екеніне солардың сыр-

мінезін жақсы білетін Асылбектің дәл сол орайда айтқан 

бір сөзі айғақ. Сүйіндік баласы Асылбек ру жігі бойынша 

Күнтулармен бірге болса да, кесір іске бармайтын адал 

адам болған. Абайға өз басы дос, үйде жатқан момын жан 

екен. Соған бір күні Жиренше кеп амандасқанда:

– Аманбысың, байғызым! – дейді де, – Тастың арасын-

да тек жатып, түбін ойлап жатырсың ғой! – дейді. Асылбек 

соған орай:

– Аманбысың, бәбісегім. Бәбісек көкекше әр қидың 

түбіне барып, бір “пыс!” деп, исі Олжайды түртіп 

тұрғызып жүрсің ғой! – деп мысқылдайды. Тағы бір орай-

да Жиреншенің мінезін жақтырмай әжуалап:

– Қосаяқ қой бұл. Күні бойы тек жатып, кеш батқан 

апақ-сапақта екі аяқтап, шаңдатып жортады! – дейді.

Бұл айтқаны, Жиреншелердей тынымсыздардың елді 

пәлеге айдап, сол Мұқыр сайлауындай тартысқа әзірлеп 

жүрген сұмдықтарын танытады. Олар, бір жақтан, бейбіт 

елді бөріктіріп “жау жетті” деп жүріп, екіншіден, өз ара-

ларын да нықтап, шүйлей береді. Сол күндерде Оразбай 

өз алдына әлденеше тәсіл-айланың, қастық, жаулықтың 

жолын атап, белгілеп ап, осының байлауын енді “Жер 

табанға берейік” дейді екен. “Жер табан” деп ат қойғаны – 

сол кездегі Жігітектің қайсар, қыңыр биі Бейсембі. Өздері 

түртпек салып жүрсе де, араздық туын Жігітекке ұстатпақ. 

Соларды найза басы етіп, алдына салып алмақ. Сол үшін 

Жігітектің “Жер табан” таймас, қайсар Бейсембісі топтың 

байлауын өз аузымен бекітсін дейді. Мұқыр сайлауында 

болатын оқиғаның бұ да бір астар жағы, әзірлігі еді.

Ақыры Абай да, Оразбай да сайлау басына барады. 

Оразбайға Әбен: “Елді алатынбыз. Бірақ Абай келді. Енді 

тағы алып кетеді”, – дейді. Оразбай сонда Абайдың аз 

кісімен келгенін біледі. Және Әбен жағында ел күшінің 

көп жиылып тұрғанын көреді. Өзінің жаулық ниеті іске 

асатын бір кезеңі осы деп түсінеді. Сонымен, қол қимылын 

істеп жіберуді тапсырады. Әбен мен Жігітектерге тапсыра-

ды.


200

Айтқанындай, Абай келген жерде Әбеннің өзі бастаған 

бір топ кісі Абайдың үйіне қаптап келіп, жабылып кетеді. 

Абайға таяқ тиеді. Әбендер Абаймен қоса Көкбайды да са-

байды. Ол оязға барады. Ояздар мылтық атып барып, ара-

шалап алады. Арашалаушылар келгенше, Абайдың үстіне 

жығылып, оған тиетін таяқты өз үстіне соқтырған бірнеше 

кісі бопты. Соның бірі – Кәкітай.

Бұл оқиға ел ішін астан-кестен етеді. Елдің Абай 

үшін күйзелген жігітінің бәрі тегіс атқа мінеді. Жарым  

жұрт жол тосып, өз еліне қашып кеткен Оразбайды ұстап 

алып, өлтірмек те болады. Ашу үстінде әртүрлі ірі жаулық-

тың жолдарын айтысады. Бірақ Абай оның ешбірін де 

қостамайды. Қол қимылынан елді тоқтатады. Жалғыз-

ақ дәл сол күні Оразбайдың Тәңірберді аулына тілдесуге 

жіберген жансызы сезіліп қалады. Абай осыны білген 

жерде: “Менің жауым бауырымда отыр ғой, бүйткен елде 

қайтіп тұрам, кетем!”, – деп, атына мініп, қасына жолдас 

болған бір жігітті ала күнбатысқа беттеп қашады. Артынан 

қуа келген Ысқаққа: “Бұл елде тұрмаймын, жоғаламын”, –  

дейді. Бірақ қуғыншылар шылбырына оралып, атын жете-

леп, қайта әкеледі.

Барлық осы уақиғаның терең тамыры жалғыз партия 

таласында емес, одан әріде жатыр. Бұл жанжал Абайға 

ескішіл, қараңғы надан феодалдардың өштігін көрсетеді. 

Олар үшін Абайдың білімі, әрі өлеңі де, жаңа жарық дүние-

ні іздеуі де жат жаңалық болып көрініп еді. Жуандардың 

шірік ортасы намысқа дақ салғанда, өздерінің қаншалық 

нәрсіз, құнсыз екенін көрсетіп еді. Осы уақиға үстінде сол 

рубасылар ортасының іштей шіри бастағанын Абай жал-

ғыз Тәңірберді мінезі емес, көп жерден көреді. Өзімен-

өзі боп ойланып басылған соң, біртүрлі жуасып, шөгіп 

қалады.

Осы жай туралы елдің айтатыны: “Мұқыр уақиғасы-



ның артынан ағайын-туған, ел-жұрт, бала-бауырлары жи-

налып, біз де пәлен-түлен етеміз, өлеміз, өлтіреміз, бітім 

жоқ дескенде, Абай: “Барша жамандықтан жамандық туа-

ды, жақсылық тумайды. Өлеміз, өлтіреміз, бітім жоқ” де-

ген сөз дұрыс емес. Мен бұл бітімсіздікті қостамаймын!” –  

деп, елді тоқтатты” – дейді.



201

Бұл уақыттағы Абай елден азайып, қайраттан кетіп, 

таршылық көрген жоқ-ты. Оразбай істеген іске он есе артық 

істеп, жазамен қарсылық көрсету 1897 жылда да қолынан 

келуші еді. Бірақ өзі көрген өмірдің барлығына Оразбай 

сияқты әншейін қазақтан, сонағұрлым бөтен көзбен қа- 

рап, Абай жаңағы оқиғаны Құнанбай тұқымының бүлік-

тігіне жаза санап, іштей әдейі тоқтаған сияқты. 80-жыл-

дардан бастап екі кісі болып бөлінген Абайдың сыртқа 

көрсетіп жүрген тонын осымен өртегісі келеді.

98-жылғы өзі айтқан өлеңдерінің көбі осы сөздерге 

ашық дәлел. Оразбайлар мінезіндей қастық, жаулықтан 

тыйылғанына тағы сол кездің бірнеше уақиғасы куә. Абай-

ды Оразбайлардың сабағанын естігенде, Тобықтының 

өз іші емес, алыс-жақын көп қазақ күйзеледі де, намысы 

қозып, ызаға мінеді. Абай үшін ең алдымен Керей, Най-

ман жоқшы боп шығады. Керейден Бегеш деген кісі Абайға 

елші боп кеп: “Ерге жара түйін деген. Үрімді мылтық өзі 

атып, өзі түзеледі. Біз Керей, Найман елміз, қасыңдамыз. 

Ағайыныңа не қыл дейсің?” – дейді.

Абай сонда да жаулықты қостамайтынын айтып: “Ел 

жамайтын ер туса, ерік бермейтін ез емеспін”, – деп, билікті 

өздеріне береді. Содан кейін Найманнан Серікбай, Керей-

ден Бегеш болып Оразбайлар мен Әбенге, Жігітектерге 

билік айтып кеседі. Соны кесіп бұйырып отырып, барлық 

жұртқа паш қып айтқандары: “Бұл екі адам құны. Өйткені 

Абай жалғыз Тобықтының Абайы емес, Орта жүзге ортақ 

жақсымыз. Біз, Арғын, Найман, Керей, Уақ, Абайдың 

құнын мол қып жоқтамай қоя алмаймыз. Басқа жүзбен 

бас қосқанда Абайдай адамын құнсыз жіберген деген 

сүйегімізден кетпес таңба, билігіміз осы”, – деген де 

мойынсұндырған. Абай өзі бұл билік, бұл сөздің маңында 

да болған жоқ. Ал егер күшпен, елмен Оразбайларды жа-

залаймын десе, жаңағы қалың қазақ Абайдың жасағынан 

табылатыны даусыз еді.

Оразбай жөнінде тағы осындай бір іс 1898 жылдың 

жазында да болған. Тоғалақ руынан шыққан Ержігіттің 

Бейсембайы деген жас жігіт бір жолы Оразбай айтқан 

бір бұйрықты орындамайды. Соған ашуы келген Ораз-


202

бай кәр қылып, қорламақ болып, көр қаздырып, Бейсем-

байды тірідей көмдіреді де, өлімші ғып жазалап, зорға 

босатады. Сол ісіне ызасы келген көп Тобықты бірігіп 

алып, Бейсембайдың намысын жоқтап, аттанып барып 

Оразбайдың аулын тал түсте шауып, желісін кескілеп, үш 

мың жылқысына тиіп алады. Елдің осы ашуында Абай 

кегі де жоқ емес еді. Абай тілесе, бұл жолы Оразбай қайтып 

тұра алмастай соққы көрер еді. Бірақ Абай басы онда да 

жаулық қумайды. Одан соң сол тұстағы барлық басқа ісі 

мен мінезі де осы айтқан сөзді дәлелдейді.

Одан соң, 1899 жылдың жазында землемер болыс-

болыстың арасына меже салып, шек жүргізгенде, бұрын 

Мұқыр болысына Абаймен араздасып шығып кеткен және 

сол жылғы жанжалдың кіндік енесі болған Жігітек, жер-

қоныс ыңғайы бойынша Шыңғысқа қарап қалады. Бұл 

оқиға болғанда ел әңгімесі бойынша Жігітек: “Ашулы 

арыстанның алдына қол-аяғын байлап тастаған адамның 

ойын ойлады. Бірақ Абай сол араз ағайынның бар адам-

дарын шақырып алып: “Қырық жыл елдік, қырық жыл 

жаулық болмайды. Бұрынғы араздық кекті тастайық”, – 

деп, Жігітекпен де шын татуласты”, – дейді.

97-жыл оқиғасының тұсында бұрынғыдай ашулан-

бай, ашуланғысы келмей, кек аламыз деген жақындарын 

тоқтатып, өзінің де қатты өзгеруінің тағы бір белгісі – Абай 

бұл жұмысты ұлыққа да шақпаған. Заң-закүн арқылы кек 

алуды да іздемеген. Және 98–99-жылдың қысынан кейін 

Семейге біржолата бармайтын болған.

Жаңағы жылдарда бұрынғыдан біржолата тыйылмағы-

на өмірден суынып, қажи бастағаны да себеп болған. 

“Алды – үміт, арты – өкініш” өмірден енді шын түңілген 

сияқты.


Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?

Бір бес күннің орны жоқ аптығарға.

Қай қызығы татиды қу өмірдің,

Татуды – араз, жақынды жат қыларға?! –

дейді. Бірақ Абайдың өз басы осы күйде болғанымен, 1897 

жыл уақиғасының арты Тобықты ішінде із-тозсыз өшіп 



203

қалды, партия, пәле, алыс-жұлыс тыйылды деп ойлау ке-

рек емес. Рубасы, атқамінер атаулыға ол әуе мен су сияқты 

тыныс болып, қорек ететін талшығы! Сондықтан Абайдың 

өз бала-інілері де Абай жаңағыдай қарады деп тоқтап 

қалған жоқ. Енді солар кекті боп, солар қуғыншы болады. 

Күштерін ел келесін алуға салады. Абай мен Оразбайдың 

жас кезіндегі әдіс-тартыс қайта қолданылады. Ел келесін 

алу деген – Тобықтының өз ішінде тілеулес, достарды 

қай жағы көп алады, соның тартысы. Елді көп алғандық 

шербешнайларға тоғысатын билерді көп алудан білінеді. 

Биді молайтып, басып алған жақ кесікті өз қолына алып, 

түпкі кекті сол кесік жазаларымен орындайды. Абайдың 

намысын, ісін қуған іні-баласы барды осы шербешнайлар-

ға салады. Сол аталған топтың барлығын да екі жағы бірдей 

би атаулыға мал мен пұлды кезек беріп, қатты шығындап 

жатады. Бұл тартыс-таластардың тұсында жандарал, ояз 

кеңселері де, әсіресе, жасырын тыңшы полиция кеңселері 

де тек отырып қалмайды. Тегінде, орыс халқының ішінен 

шығып, патшалыққа қарсы алысқан төңкерісшіл топтар-

мен іштей де байланыс жасаған Абайға патшалықтың рес-

ми орындары, кертартпа ұлықтары көптен қадала қарап 

жүргендер. 86-жылы Абай аулына айдаудағы Долгополов 

барып, қадірлі қонақ боп жатқан жаздың өзінде де Семей 

жандаралы қаланың тыңшы кеңсесі полицмейстері арқы-

лы Абай аулына астыртын жансыз бақылау жасатқан. Кейін 

жылдан жыл өткен сайын қазақ сахарасына өлең-өсиет, 

үгіт тарап, қалың елге, әсіресе еңбек еліне қадірі артып бара 

жатқан Абай – патшалықтың болыс, ұлықтарын шенеп, 

жерлеуші Абай жәйлі кісі, жақын кісі боп саналмайтын. 

Сондықтан оның ортасындағы әсерін әлсіретіп, қанатын 

қырқатын дүлей күш қазақтың өз ішінен табылып, оны 

жандарал кеңселері әлдеқашан құптап, қостаушы болуға 

әзір жүретін. Оразбайларға астыртын дем беріп отыратын 

өздерінің де ішкі саясаты бар еді. Олардан Абайды жаман-

дап түскен арыз болса, ерекше ықыласпен тыңдап, сондай 

жасырын шағым мына тұста да аз болмайды. Соның бірін 

сылтау, себеп етіп 1903 жылы қырдағы Абай аулына жан-

дарал бұйрығымен Семейдің тыңшы кеңсесінің бастығы 


204

полицмейстер өзі бастап, бір топ жандармдармен кеп, 

қатты тінту жасайды. Ниеті Абайды бір жазаға іліктіру еді. 

Бірақ ақынның халық арасындағы зор атақ, даңқынан, 

қадірінен жасқанып, батыл әрекет істей алмай кетеді. Сол 

жолы Абайды астыртын көрсетіп отырған тағы да бүлік, 

бұзық рубасылар, сатымсақ болыстар еді. Абайдың бар-

лық өмірінің бойында халқына еткен қасиетті еңбегіне өш 

болған қараңғы кертартпа, қанаушы топ.

Абайдың “ел мінезі” деп рубасылар мінезін алып, 

торығып, зарлап жырлауы осы халдерден туады. Ақын 

тіршілігінің ең ауыр қорытындысы, әсіресе, сол 1897 жыл-

дарда және өзі тоқтаған жылдарда тіпті айқын боп шығады. 

Абай енді жылдан жыл өткен сайын түңіліп, шөге береді. 

Осы жылдарда өлімді де ойлай бастайды. Сондықтан 

өзі кешірген ерекше дертті, өмірдің барлық қайғысын, 

өкінішін еске ала отырып, қазақ әдебиетінде мәңгілік 

ұмытылмайтын “Өлсем, орным қара жерді” жазады.

1898 жылы осы өлең жазылған соң ғана, өзінің бұдан 

бұрын жазған өлеңдерін “жинасын” деген. Бізге бұл 

жұмыс қаншалық ғажап көрінсе де, осы 1898 жылға шейін 

Абайдың өлеңдері бір араға топталып жиналмаған бола-

тын. Абай өзі бір жазып тастаған өлеңін қайтадан жоқтап, 

жинап отырмаған. Әрқашан, кейде кітап оқып отырғанда, 

кейде жай бір ойлармен қозғалып отырғанда, қолына бір 

табақ қағаз бен қарындаш алып, айтпақ өлеңін жазып тас-

тайды екен. Соны қасында отырған балалары, інілері я 

жәй адамдар болса да, қалтасына салып алып жүріп кетеді. 

Содан бірден-біреу жазып алып жаттайды. Кейбірін әнге 

қосып, домбырамен айтып жүреді.

Өлең жазу қызметі осы сияқты болғандықтан, қазір-

де біздің қолымызға Абайдың өз қолынан жазылған 

қолжазбасының бірде-бірі жетпей отыр. Барлығы да ел 

жігіттерінің қалтасында, қойны-қоншында жүріп, жоға-

лып кеткен. Осы ретіне қарағанда: “Абай бергі жазған 

талай өлеңі ешкімге мәлімсіз болып, біржолата жарық 

көрмей, шығысымен жоқ болып кетпеді ме екен?” – деген 

күдік туады.

Өйткені жасынан біткен әдет бойынша Абай біреудің 


205

оғаш мінезін көргенде, ылғи қалжың-мысқыл өлең айтқыш 

болатын. Осындай сөздерінде әрқашан өз жанында жүр-

ген жақындарын, ағайын-туысқандарын мысқыл етіп, 

солардың мінді мінезін күлкі ғып айтады. Сол кісілердің 

көбі қолына өлең түсісімен, өз мінін айтқан сөздердің көзін 

жоғалтуға тырысқан. Онан соң, кейбіреулер Абайдың өзінен 

жалынып-жалпайып сұрап алып та, көзінше жыртып та-

стайтын болған. 

Мысалы, Көкбайға, Қыздарға шығарды деген өлеңдер 

осындай күйге анық ұшыраған. Онан соң тағы бір алуан 

өлеңдерінде жақын туысқан, жақын туыстарын қатты 

мінеп айтқандықтан, інілері мен балалары “ана кісілер 

өкпелер”, – деп, жасырын жоғалтып жібергені де бар 

сияқты. Осындай өлеңдердің турасында еске алатын бір 

нәрсе: Абай кісі мінін айтып, өлең шығарғыш болғанда, 

сол құралды ешуақытта нағыз жауына жұмсамаған. 

Өлеңімен мысқыл қылатыны ылғи жақыннан шыққан ат-

қамінерлер болады. Сондықтан бұлардың Абай сөзін жоқ 

қылып жіберуі өзгеден сонағұрлым оңай болған. Қайта 

өлеңдеріне қарағанда, Абайдың қара сөздері көбірек, 

түгелірек сақталған сияқты.

90 жылдардан бастап ұстаздық, үгітшілік жолына 

түскен соң Абай өлеңді аз жазса да, “қара сөзбен” айтатын 

өсиетті көп жазатын болған... “Ғақлия” деген өсиеттері 

сол 90-жыл мен 98-жылдардың арасында жазылған. 1891 

жылдан соң өлеңмен айтпақ болған сөздерінің талайын 

қара сөз үгітіне айналдырып жіберген. Кей уақыттарда 

бірталай өлеңдерін сол қара сөзде айтқан пікірлерінен 

шығарып, өлең қылып кеткені де бар.

Қалай да болса, Абай соңғы 10-15 жыл ішінде осы 

сияқты жаңа түрді тауып, соған кейде өлеңнен де көп уақыт 

бөледі. Бұл кездерде Абай сөзін қадірлі көріп, әрбір шыққан 

жаңа өлеңдеріне ынтық болып отырған ел оқушылары 

“қара сөздер” шыға бастаған соң, мұны өлеңнен кем 

көрмейтін болып алған. Қайта берірек келгенде, ел 

ішіндегі оқушының барлығы да Абай сөздерін молдаларға 

ақша беріп жазғызып, көшіртіп алып жүргенде, ең алды-

мен қара сөзді тілейтін. Үйде отырып оқығанда да өлеңін 


206

қойып, ылғи ғана қара сөзін оқып, соған көп ынтығатын. 

Тегі, “қара сөздер” кім болса соның қолында кетпей, жа-

зылысымен маңайындағы сауаттылардың қолына түсіп, 

соларда шашылмай, аман сақталып қалған сияқты. Бұл 

ретте Абай сөздерінің шашылмауына, жоғалмауына 

мезгілімен тізіліп, жазылып, елге тарап отыруына көп 

еңбек еткен молдалар бар. Олар Кішкене молда, Самар-

бай, сонан соң әсіресе Мүрсейіт. Баспаға шыққанынша 

жыл бойы әлденеше рет Абай жинағын көшіріп отырып, 

Мүрсейіт бір кітапты бір қойға сатушы еді.

Өз өлеңдерін 1898 жылға шейін жиғысы келмегені 

Абайдың өлең сөзге өте үлкен сынмен қарап, үлкен шарт-

тар қойғандығынан болған. Өлең Лермонтов, Пушкин 

сөздеріндей болмаса, одан берідегі сөздері өз сөзі болса 

да, толық қанағат қылмаған. Барлық қазақ әдебиетінің өзі 

білген ескілігінен жалғыз Марабай мен Шөжені ғана “на-

ғыз ақын” дейді екен. Бірақ Абай Махамбет, Мұраттарды 

ести алмаған сияқты. 

Абайдың әдетінде бір жазған өлеңін қайта түзеп жазып, 

қайтадан қарастыру аз екен. Жалғыз ғана “Сегіз аяқ” деген 

өлеңнің басын қайта бір түрлі қылып айтып еді деген сөз 

бар. Басқа жалпы өлеңдері туралы: “Қайта жазсам, бұдан 

жақсырақ, толығырақ болар еді” деген. Өлең сөзге келген-

де азға місе қылмай, қатты сынайтын Абай өз сөздерін сы-

наумен қатар, маңында өлең жазатын жастарға да сондай 

мінез істеген. Тегінде, Абайдың өсиеті, үгіттері, білімді, 

мағыналы кеңестері мұның маңына өз тұсындағы талапты 

жастардың талайын жинаған дедік.

Сол жас шәкірт ақынның бәрі де, қысқа өлең, өсиет 

өлең айту Абайдың жолы, дағдысы болғандықтан, өздеріне 

Абайдан алған үлгіге қосып тың бір түр іздеген сияқты. 

Сондықтан көпшілігі ұзақ, әңгімелі өлең жазады. Ақыл-

бай – “Дағыстан”, “Зұлыс”, “Жәррах” деген поэмаларды; 

Мағауия – “Медғат – Қасым”, “Шамиль”, “Еңлік – Ке-

бек” поэмаларын жазады. Және Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай 

сияқты жастардың Әбдірахман науқасына, өліміне арнап 

жазған ұсақ өлеңдері де көп. Бұлары мұңды-шер өлеңдері, 

нағыз сезім лирикасы.


207

Қазақ әдебиеті сол күнде баспа жүзінде шығып 

отырарлық жайға жетсе, Абай айналасынан, Абай мекте-

бінен шыққан ақындар түгелімен Абайдың ізін баса 

шыққан күрделі әдебиет ағымын көрсеткен болар еді. Абай 

бұл жастардың өлең жазуын өте жақсы қабылдаған. Бірақ 

бұлардың өлеңдеріне де жалпы өлеңге қоятын қытты сынын 

түгел қояды. Сондықтан сөздері ұнамаған уақытта міндерін 

өлеңге қосып та жібереді. Мәселен, Көкбай, Әріптердің 

өлеңдерін еске алып:

Сөз айттым “Әзірет Әлі, айдаһарсыз”,

Мұнда жоқ “алтын иек, сары ала қыз”.

Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,

Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз, –

дейді. Алғашқы жолдағы “Әзірет Әлі, айдаһарды” Көкбай-

ға арнаған. Оның діншіл қисса сарынымен жазған бір 

өлеңін жақтырмай айтқан. “Алтын иек, сары ала қызды” 

Сыбан Әріп деген ақынның “Зияда” деген қиссасына 

арнаған. Әріп қыз көркін айтқанда:

Ақ тамақ, алтын иек мойындары,

Ұжмақ, жұпар иісі қойындары.

Бағдат, Мысыр қызығы ұқсамайды,

Бұлардың сауық қылған ойындары, –

деген. Сұлу қызды сипаттаймын деп “иегі алтын, көзі 

гәуһар” деп, түсіне қарамай, асыл тастарды санай береді. 

Соған айтқан.

Абайдың сын сөздері ақындардың барлығына да ауыр 

тиген шығар. Бірақ іштерінде, әсіресе Әріп қатты на-

мыс қылып, кектеніп, Абайдан есесін қайырмақ болып, 

“Біржан – Сараның” айтысына Абайды жамандау сияқты 

көп сөздер қосқан деседі. Қалайда болса, осы айтылған 

мысалдар ақын боламын деген жастардың сөзіне Абайдың 

қатты сынмен қарап, үлкен шарт қоятынын анық 

көрсетеді.

Абай сөздері көбірек жайыла бастаған соң, Тобықты 

іші болсын, басқа көрші елдер болсын, барлығы да мұның 



208

жазбаларының ұдайы оқушысы, тыңдаушысы болады. 

Бұларға ол сөздерді жеткізетін жалғыз жазу ғана емес, қайта 

көбінесе домбырашы, әнші жігіт болады. Осы жағынан 

қарағанда, Абай өлеңдерінің тыңдаушысы мен жаттаушы-

лары хат білетін, арнаулы аз адамдар ғана болмай, жалпақ 

ел болады. Фольклор мен жазба, баспа әдебиеттің жапса-

рында шыққан ақынның шығармалары әрі ауызша, әрі 

жазба әдебиеттің күйін бірдей кешеді.

Абай айналасында өлең айтып, ән саламын деген әнші-

ақын болса, қыз-келіншек, жас-кәрі болса – барлығының 

да топта, ойын-тойда айтатын жырларының көбі Абай 

сөздері, Абай әндері болады.

Біз бұл уақытқа шейін Абайдың нәрлі еңбегін айтқанда, 

ылғи ақындығын сөз қып келдік. Енді, осымен қатар, одан 

қалған мәдениет мұраларының ішінде үлкен, елеулі орны 

бар композиторлық еңбегін де атау керек. Абай өзі жақсы 

домбырашы болған. Қазақтың ескі ән-күйін жете білген, 

барынша сүйген. Елдің ән-күйін елти сүйіп айтқан:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, –

деген өлеңдері бұған дәлел. Және сол ән баян еткен ескі 

халді ойлап, толғанып кеп:

Есіткендей болады

Құлағым ескі сыбырды.

Ескі ойға көңілім толады,

Тірілтіп өткен құрғырды, –

деген жолдары бұның өз еңбектерінің терең тамырлары сол 

қазақтың өткен өнер, мәдениетімен жалғасып жатқанын 

көрсетеді. Осы сияқты әр кезде, көп өлеңінде Абай ән-

күйге талай-талай сұлу, мағыналы жырларын арнайды. 

Ол – музыкаға ақын боп қосқан үні. Сонымен қатар Абай 

музыканың өзіне композитор болып та атсалысады. Абай-

дан қалған 16-17 ән бар. Бұлардың көбі – өзі жазған жаңа 



209

әуез, жаңа ұйқас, жаңа түрлі өлеңдеріне арналған әндер. 

Мысалы, “Сегіз аяқ”, “Сен мені не етесің”, “Қор болды 

жаным” сияқты 6, 7, 8 жолды өлең түрлерін шығарса, сола-

рын жұрт құлағына жұғымды, сіңімді ету үшін қосарлық 

әнін де шығарады. Бұл ісі осы сияқты өлеңдерін өте 

даңқты қып, көпшілік әні қып әкетеді. Сол тәрізді Пуш-

киннен аударған Татьяна, Онегин хаттарына да арнаулы 

әндер шығарады. Қазақ көпшілігіне әншейінде ұғымсыз, 

тосаң көрінерлік орыс жастарының аттарын, өмірін, 

сезімдерін мынау әндер арқылы аса түсінікті, әсерлі және 

өте даңқты етіп жібереді. 1890 жылдардан бастап Онегин, 

Татьяна аттары қазақ сахарасында халықтың өзі тудырған 

жырларындағы адамдар атындай белгілі аттардың бірі бо-

лады.

Абайдың композиторлық еңбектерінде де, ақындық 



еңбегі сияқты, өзіне тиісті үлкен жаңа өзгешеліктер бар. 

Бұрынғы ауызша әдебиетке Абай көп еліктемей, жалпы 

сөз қорын пайдалана отырып “Сөз түзелді, тыңдаушы, сен 

де түзел” деп өзінше жаңа мазмұн, жаңа түрлі өлеңдер жаза 

бастағаны сияқты, әнде де бұрынғы әннен гөрі өзгерек 

түрлерін шығарады. Бұрынғы әнді өзі бұрынғы әдебиеттен 

сонағұрлым артық бағалағанмен де, ендігі өз әнін жақсы 

жазған болса да, жаңаша үлгімен айтпақ болады. Шырқауы, 

айғайы аз, көбінесе құлақ күйіне ұқсаған қоңыр, баяу 

әндер. Және, әсіресе не бәйіт, не орыс пен Еуропаның ка-

мерный әніне, романстарына ұқсаңқырап келеді. Бұрынғы 

қазақ әнінен мүлдем басқаша әндер болады. Бұл да өзінше 

жаңа жол табам деп, нық ізденудің нәтижесі. Абайдан 

қалған мәдени мұраның бұ да бір күрделі, үлкен саласы 

болып саналады. Жеке әндерінің шығарылған жылдары 

дәлді мәлім болмаса да, әйтеуір жиыны 1886 жыл мен 1897 

жылдар арасында шықты деседі. Өлеңі қою шыққан жыл-

дарда әндері де шығады.

Енді ақындығының соңғы жылдарына оралып келсек, 

Абай 99-жылы өлеңді едәуір жазады да, осы жылдан соң, 

алғашқы жаза бастаған 80-жылдары сияқты, өлең сандары 

тағы азая бастайды. Көп жазылған жылы 4-5, әйтпесе 2-3 

өлеңмен 1903 жылға келеді де, содан кейін біржолата өлең 

жазылмай қалады.



210

1903 жыл мен 1904 жылдың қысында Абайдың тірі 

қалған балаларының ішіндегі ең жақсы көретіні – Мағауия 

бұрын көптен әлсіретіп жүрген құрт аурудан төсек тар-

тып жатып қалады. Мағауия әке ұғымынша да және өз 

ортасының бағалауынша да Абайдың барлық баласының 

ең жақсысы, ең ірісі деп саналған. Бұл ақындығының 

үстіне ерекше мінезді кісі болған. Жасынан денсаулығы 

нашар болғандықтан, қаладан толық тәрбие ала алмаса да, 

әкесінің үнемі өз қасында ұстап, шын жақсылап тәрбиелеп 

шығардым деген баласы осы болатын. Елде отырып Еуро-

па тәрбиесін алған адамдардай ақыл, мінез, адамшылығы 

түгелімен мәдениетті кісінің қалыбында болған. Бұл да 

әкесі сияқтанып қырда отырып, көп оқып, өзінен-өзі 

қарастырумен көп білім алып қалған адам еді.

Ел жұмысына кіріссе, әкесінің міндетін өз мойнына 

алған. Жұмсақ мінезді болып, ел көпшілігіне аса сүйікті 

болған. Сол Мағауия 1903 жылы қыс бойы төсек тартып 

ауырып келіп, жазғытұрым қайтыс болады.

Абайдың өзі бұл өлімнен бұрын да өмірден қажып, 

талып, ендігі тіршілігін артық нәрседей санай бастаған 

еді. Өз ойынша, ажарсыз, мағынасыз өткен дәурені 

жалғыздық дертімен құлазытып, жүдетіп, тоздыруға ай-

налып еді. Соның барлығының үстіне Мағауия өлген соң, 

Абай бір алуан ауруға айналады. Төсек тартып жатпаса да, 

отырып ауырады. Ешкіммен сөйлеспейді де, ешнәрсемен 

өзін жұбатпайды. Ауруын емшіге көрсетпейді де. Мұның 

бәрін керексіз деп біледі. Сонымен, Мағауияның өлімінен 

кейін қырық күн отырып, 23 маусымда 1904 жылы алпыс 

жасында қайтыс болады. Абайдың сүйегі Жидебайда, Ер-

кежан қыстауының жанына қойылады.

* * *


Абайдың өмірбаянын зерттеп, толықтырып жазу 

жұмысы әлі жетер өрісіне жетіп, аяқталған жоқ. Бірақ 

бұл күнге шейін ақын шығармаларының әрбір толық 

басылымының тұсында сол өмірбаянына кіретін тың 

дерек, жаңалықтар қосыла түсіп, өсіп келеді. Осы басы-

лымда беріліп отырған өмірбаяны да бұрынғы жазылған 



211

сөздерден молайып, ұлғая түсті. Енді бұнан былай ел аузы-

нан жиылатын естегілері, жалпы әңгімелер де жамала бе-

руге тиісті. Сонымен қатар ерекше бір көңіл бөліп, кейінгі 

зерттеушілердің есіне әсіресе салып өтетін бір жай: ақын 

жөніндегі орыс тілінде сақталған деректер туралы.

Бұл күнге шейін біз Абайдың достары болған орыс 

оқымыстыларының: Михаэлис, Долгополов, Гросстардың 

не хат, не күнделік, не мақала сияқты еңбектерінде Абайды 

сөз қылған бөлімдерін жинай алмадық. Тек бір табылған 

аз сөз Америка жазушысы Кеннанның “Сібір және айдау 

жазасы” деген кітабында Абай жайында айтылған бір де-

рек. 

Анығында, Абайдың өмірбаянын оқыған кісінің 



бәріне мәлім нәрсе, оның патшалық ұлығымен, ұлықтар 

кеңселерімен аса көп рет кездесуі туралы болады. Кре-

стьян начальнигі, ояз начальнигі, жандарал, округ 

соты, Омбыдағы корпус (генерал-губернатор) кеңселері 

барлығының архивтерінде Абай жөнінен көп жаңалық 

табуға болар еді. Орыс достарының өзара хаттары, 

естеліктері, күнделік жазбалары да Абай жөнінен нелер 

қымбат, қызық жаңалықтар айтса керек.

Осымен бірге тағы бір ескеретін нәрсе, бұл күнге шейін 

Абайдың өмірбаянын жазғанда барлық әңгіме, дерек 

Тобықтының ішінен және әсіресе Абайға анық жақын 

болған туыстан, достан алынып келген. Тек осы соңғы 

жылда ғана көршілес Керей, Уақ, Найман елдерінің азды-

көпті әңгімелері енді ғана кіріп отыр. Бұдан былай сол 

сыбайлас елдердің Абайды өз көзімен көріп, әңгімелескен 

адамдарынан қалған ертегі, аңыз емес, нақтылы деректері, 

жаңалықтары болса, соларды көп қосу қажет.

Бұның бәрінің үстіне, әлі де Абайдың өзі туып-өскен 

елдің ішінен Абайдың үлкенді-кішілі істері, сөздері, 

мінез-машықтары туралы айтылатын қосымша әңгіме, 

естегілер теріліп жазылып, тізіле беру керек. Осындай 

“неше саладан сарқылып келерлік жаңалықтар әлі де бар, 

мол” деп сенгендіктен, біз әлі ақынның өмірбаяны үстей 

береді, өсе береді дейміз. Кейіндеп барып көп жағынан әлі 

де толығады дейміз.


212

Абайдың жайына соңғы жылдарда қосылған өмір-

баянының осы соңғы түріне кірген ірі деректерден басқа 

бірталай ұсақ, бірақ аса қажет, елеулі әңгімелер бар. Олар 

Абайды әр жағынан мінездейтін бағалы деректер. Осы 

жолғы өмірбаянын соның біразын айтумен аяқтаймыз.

Бұл әңгімелердің көбі 1935 жылдан бері қарай, әсіресе 

соңғы жылдарда Абай ауданындағы немесе жалпы Се-

мей облысындағы колхозшы еркек, әйелдердің аузы-

нан жазылып алынған. Бұнда Абайдың жас жігіт кезінің 

әңгімелерінен бастап, өлер шағына шейінгі жайлары ара-

ласа жүреді. Әңгімелер ақын Абай, әзілқой, мысқылшыл 

Абай жайын айтады. Өнер мен өнерпазды, аңшылықты, 

ас пен тойды, ат қосуды сүйетін Абайды суреттейді. Және 

аса бір бағалы естегілер кедей көршіге, жалпы еңбек иесі 

бұқараға берік дос болған Абайды танытады. Балаға, келін, 

жасқа тәлім айтып, ұстаздық, ағалық етіп отырған ақынды 

кейіптейді. Сондай әңгімелердің бір алуаны Абайдың 

қалжыңды қадірлегенін көрсетеді. Қалжың, әзілді Абай 

өлеңімен де, қара сөзбен де айтып, айтысып отырады екен. 

Абай Қоңыркөкшеге жас жігіт кезінде бір рет болыс бола-

ды. Сонда бір күні Байкөкше ақын Абай отырған үйге кіре 

бергенде, Абай қарсы алдынан өлең бастап:

Тақыр жерге қабындап шөп бітеді,

Кей адамға мал мен бас көп бітеді, –

дей салып, “ал осының аяғын отырғанша айтып жіберші” 

дегенде, Байкөкше:

Кей жігітті пысық деп болыс қойсаң,

Қашан түсіп қалғанша жеп бітеді, –

деп қалжыңдаған.

Өлең, қалжың Абайда аса көп болған. Ұлы сөзде өрелгі 

жоқ болса, зіл де жоқ. Жалпы айтыстың еркіндігі бойын-

ша “Сөз тапқанға қолқа жоқ” деп, екшесе берген. Абайдың 

Ақылбай деген баласынан туған немере қызының күйеуі 

келіп жатады. Сол кезде күйеуді ертіп келген құда шал 

отырғанда, Абай өлең бастап:



213

Есіктің алды тастақ та,

Тастақтың алды баспақ та, –

дей бергенде, жаңағы құда шал:

Атасы басқа жау жеңге,

Күйеу қасына тастап та, –

деп ойын-сауық өлеңінің ізіне салып жіберген. Абай кей-

де әзіл сөзді қара сөздей қолма-қол айтып салып, сол ара-

да қайта есіне алмай қалдырып кете берген. Осындай бір 

қалжыңды Ағыбай туралы айтады. Біреу кеп: “Ағыбай 

тағы да алдап, сырт беріп кетті” дегенде:

Адам деп есеп қылма Ағыбайды,

Анттан қорқып құдайды танымайды.

Сабын жаққан терідей жылп-жылп етіп,

Шіркін-ай, бір орыннан табылмайды, –

дейді. Кейде Абай оқыс бір сұраумен ел кісілерін сынай-

ды. Керей Шақантайдың Төлтай, Ошыбай деген кісілері 

келгенде, Абай: “Қаттыда не қатты, тәттіде не тәтті?” деп 

сұрайды. Соған Ошыбай: “Құрттың ақ малтасына қосып 

жеген қанттан не тәтті бар дейсіз бе?” деп бастағанда, Төл-

тай құрдасы: “Ой, ит, оттама. Қатты дегені – жоқшылық, 

тәтті дегені – жан емес пе!” – депті. Абай күліп: “Жарай-

сың, Төлеуім! Құдай ақымақты да, ақылдыны да 

Шақантайға берген екен!” – дейді.

Қалжыңды билік үстінде де қолданып, мылжың 

даугерді мысқыл, әжуа етеді екен. Мамай Қарабас руынан 

шыққан Тоқа деген кісі өзінің бір туысынан құнан дау-

лап Абайға келеді. Екі жағы бір-бір рет айтқаннан кейін 

Абай жауапкерге: “Мына Тоқаның құнанын бер!” – дейді. 

Тоқа дауқұмар, мұндай тез билікке айызы қанбай: “Абай, 

сөзімді екіндіге шейін тыңдашы!” – дейді. Абай қозғалмай, 

үндемей тыңдап-тыңдап алып, енді жауапкерге: “Сен енді 

құнанды берме!” – дейді. Тоқа: “Е, бұның не?” дегенде: 

“Сен құнаныңды бағана алып ең, өзің дауға саттың” деп, 

мылжыңдық, даукестікті жазалайды.


214

Тағы бір әзіл үкімді баласы Мағауияға айтқан. Көжек-

бай, Тезекбай деген ағайынды екі адамның жер дауы бола-

ды. Көжекбай – бай, Тезекбай – кедей. Көжекбай жағынан 

Мағауия алып мінген бурыл ат болады екен. Соған сеніп 

Көжекбай Тезекбайға зорлық етеді. Тезекбай Абайға келеді. 

Сол тұста Абай Мағауияға: “Бурыл аттың алдына сен, ар-

тына мен мініппін. Тезекбайдың есесі қайтіп тиеді?” деп 

баласын ұялтып, Тезекбайға Көжекбайды жығып беріпті.

Абайдың ел ішінде өзіне тартып, дос тұтып, серік 

етіп жүретіндері неше алуан өнерпаздар болған. Кав-

каз адамы, айдаудан қашқан бір зергерді ұзақ сақтап, 

елдің зергерлерін жиып, әлгі қашқыннан күміске қарала 

жүргізуді үйреттіреді. Сонда Абай ою-нақысқа қазақтың 

өз оюларын салғызып, үлгі таратады.

Өнер иесінің ішінде құсбегі, аңшы, мерген, ат бапшы-

лы болса – бәрі Абайдың сыйлас адамдары болады. Жа-

сынан Тұрғамбай құсбегі, Бәшей мерген, өз інісі Шәке 

сияқты кісілерді ертіп, “салбурынға” бүркіт пен түлкі 

аулауға көп шығып жүрген.

Ал ән-күй өнерпаздарынан жасында Біржанды сақтап, 

қонақ еткеніндей, бертінде Мұқаны, Әсетті, Әлмағамбетті 

сақтап және өзінің барлық балаларын ән-күй өнеріне 

қатты зер салдырған. Өз әйелі Әйгерімнің әншілігін 

өсірмек боп, Біржаннан жаз бойы ән үйретеді. Кейін 

Тәкежанның Мақұлбай деген баласы өлгенде, Әйгерімге 

жоқтау өлеңді өзі шығарып беріп, жаздай жақсы әуенмен 

жоқтау айтқызады.

Белгілі әнші-күйші емес, жәй орташа айтушыларға да 

халық жырларын немесе өз тұсындағы ақындар жазған 

дастандарды жырлатып отырады. Топай Бейсембай де-

ген ақынға “Қозы Көрпешті” Жанақ үлгісімен жырла деп 

тапсырады. Бірақ бар өлеңін бірқалыпты әуенмен айту 

жол емес деп, Қарабай, Қодар, Тазша, Сақау қатын, Баян, 

Қозы барлығына кей жердегі өзді-өзі сөздерін, өз әуенімен 

айтқызатын болады.

Халықтың қайрат-өнер спортын да Абай қатты 

қызықтаған. Өз тұсында болған ірі астардың барлығына 

Абай барып отырады. Бәйгесіне ат қосып, күресіне бал-

уан түсіріп, үнемі өз қызығы етіп тамашалайды. Абайдың 



215

жолдасы, серігі боп кеткен Құдабай, Нұрмағамбет сияқты 

“түйе балуандар” болған. Өз тұсындағы “Бозамбай асы”, 

“Торыайғыр асы”, “Мұрын Бұланның асы” деген сияқты 

толып жатқан талай асқа нелер жүйрік бәйгелерді апарып, 

қызықтап қосып жүрген.

“Кедей құла”, “Айдапкелдің ақтабаны”, “Ақбас ат” де-

ген сияқты талай ірі бәйге аттарды біреуден көп төлеп са-

тып алып, біреуден базыналықпен сұрап алып, сол арада 

өзінен сұрап келген сыйлас адамдарына бере салып, ыр-

залай жүрген. Бәйге ат, қыран құс, алғыр ит сияқты көп 

қызығы болатын асылдардың бір-ақ кісінің қолында бол-

май, әркімнің, әр ортаның қызықтауында жүргенін мақұл 

көреді. Осындай естегілер қатарында Абайдың аулына 

малшы, жалшы, қоңсы-көрші болған әйел-еркектің, жас-

кәрінің әңгімелері де аса бір қымбатты дерек боп отыр.

Еңбек сүйген адамды Абай зор бағалаған. Өз аулына 

көрші, малшы болған сондай еңбекшіл адамның тала-

йын Абай байытып шығаруға тырысады. Оспан үйіне мал-

шы боп, артынан Абайдың қарамағында болған Жетібай, 

Көтібай деген екі кедейді 600 қой, 100 қарасы бар ауқатты 

ауыл етеді.

Абай аулынан Байсүгір, Дарқан, жаңағы Жетібайлар 

сияқты талай жандар малданып, әлденіп көшкен. Кейбір 

пысық, мықты жігіттер кедейліктен ұрлыққа салынып 

кеткенде, ұрлығыңды қой деп серт, уәде алып, “енді саған 

ерген кедейлік итті мен көрейін” деп, алдына аз жылда 

мал салып, тоқ, ауқатты үй етіп жіберген. Тіпті бұрынғы 

жау Жігітек ішінен де сондай еткен, жақсы көрген адам-

дары болған.

Кейін барлық бала-шағасымен Абайдың шын берік  

досы болып қалған Қорамжан сондай адам еді. Мұсабек 

деген Жігітек ұрысының адам болуына да Абай көп 

көмек еткен. Қорамжанның баласы Қатпа әуелі мал-

шы болып жүріп, артынан Абайдың туған баласындай 

ет-бауыр жақыны, дос інісі боп кетеді. Осы Қорамжан, 

Қатпалардың Абай қолына жаңа көшіп кеп, кедей боп 

жүрген кезінде бұрын көп байып алған Жетібай Қатпаны 

боқтап қорлайды. Абай Жетібайдың кедейліктен шығып 

ап, енді кешегі өзіндей кедейді ренжіткеніне қатты ашула-



216

нып, бір-ақ күннің ішінде қасынан көшіріп жібереді. Бірақ 

көшіргенмен, алты жүз қой, жүз қарасы бар Жетібайларға 

жер беріп, қыстау беріп көшіреді.

Кейін Қорамжан білікті, беделді кісі боп, өзінің 

Жігітегі ішіне Абай ырзалығымен қайта көшкенде, 15 бие  

байлаған желісі бар, көп мал иесі боп көшеді. Осындай 

бұрын ұры болғанның талайын Абай кісі етеді. Әрине, кісі 

болғысы келгенін, негізі бұзық емесін танып, соны кісі 

етеді. Болмаса жалпы ұры дегенге Абай аса қатал, қатты 

болған. Сондықтан да бір ұрының өлеңінде:

Күнту болыс болғанда жортқаным-ай,

Керей мен Матайды торытқаным-ай.

Қазы менен қартаны кертіп шайнап,

Абай болыс болғанда қорыққаным-ай! –

дейтін сөз бар. Тегінде, Абай жас шағында бір-ақ рет бо-

лыс болған. Мынау орайда болған емес, бұнда Абайдың 

айтқанын істейтін біреу болыс болғандығын айту керек.

Ұрлық, сотқарлықтың себебі боп, көп уақытта, көп 

жігіттің басында кедейлік ызғары жүргенін Абай жақсы 

біледі. Кедейліктің ауыр дерттері ұры емес, момын көп-

шіліктің бәрін де езіп жүргенін терең түсініп, Абай өлең, 

өсиетінде сол қазақ кедейінің жайын көп толғайды. 

Ырысты еңбек жайын сол кедейге құтқарушы, көмекші 

есебінде көп үгіттеп, көп ұсынады. Адал еңбек иесі адам-

нан артық ол сахарада Абай сүйген адам болмаған. Сол 

аңғарда өлеңдерінде, қара сөз толғауларында кедейдің 

үнемі жақтаушысы болған.

Кедейдің өзі жүрер малды бағып,

Отыруға отын жоқ үзбей жағып…

Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,

О да қылған кедейге үлкен сыйы, –

дегенде, Абай еңбекқор кедейге жақын дос, қамқор боп кеп, 

оның еңбегін қанайтын байды “қара қиына” шейін сатып 

беретін құлқыны жаман, арсыз қанаушы етіп жерлейді.

Еңбек қылсаң ерінбей,

Тояды қарның тіленбей, –


217

деген сияқты толып жатқан өлеңдері халық ішінде 

Абайдың ең жақыны еңбек адамы, еңбек қауымы екенін 

көрсетеді. Бір күнгі мәжілісте кедей баласын мінеген тоқ 

мырзалардың сөзін естіп отырып: “Бай баласы көп ішсе, 

ішіп үйренген дейді. Аз ішсе, негізі тойған дейді. Кедей ба-

ласы көп ішсе, көні кеуіп қалған дейді, аз ішсе, шілдесінде 

шық көрмеген дейді. Осы кедей баласының кінәдан 

құтылары бар ма?!” – деген.

Кедейдің момыны, адалы көмек тілеп келген кезде 

Абай жәрдем етпей қалған емес. Баласы мініп жүрген атты 

алып беру, өзі жеккелі отырған семіз атты Құлайғыр деген 

шалға бере салу сияқты істері толып жатады.

Осы тәрізді естегілердің соңында Абайдың күндегі 

тіршілікте балаға, келінге, үй ішіне істейтін достық, 

аталық, кішіпейілділік мінез-әдеттерінің кейбірін айтуға 

болады. Өзінен туған бала мен айналасын қоршаған 

ініге істейтін ұстаздық бір алуан. Олардан ақын, білгір, 

оқымысты адамдар, ел қайраткерлері сияқты ересек аза-

маттар өсіріп, білімді адамдармен достастырып жүреді. 

Сол тәрбиешілік, ұстаздық мінезді үлкендер емес, мектеп 

жасындағы балаларға да көп істеген. Абайдың қолында, 

ауылында өскен шәкірт балалар, жас қыздар, көп келіндер 

де Абайдың алдын көріп, көп-көп өсиеттеріне қанып 

қалған. Әрқайсысының шамасына қарай, өзінше ұстаз-

дық, тәрбиешілік үлгі, өрнек табады. Жас балаларға өлең, 

тақпақтар жаттату, қыз немерелеріне ертегілер айтқызу, ән 

салғызу, малшы көршілерге де ертек қиссалар айтқызып 

отыру, соны өзі елтіп тыңдау аса көп болған. Абай үйі 

бөгде қонақ, үлкен кісілер жоқта неше алуан қызық ермек, 

халық сауығының үйі болады. Осындай дағдыдан барып 

Абайдың досы Баймағамбеттей ертекшілер ысылып, ұстаз 

көріп шығып, кейін Абай айтқан әңгімелерді үлгі етіп 

көпке таратқан.

Сондайлық тәрбие, үлгі, өсиет үстінде Абайдың өлең- 

дерін өз аузынан ұғып жаттаған Пәкизат, Уәсилә, Әсия, 

Рахила сияқты оқымысты, тәлімді қыздар (Абайға не-

мере қыздар) өсіп, ұзатылар уақыттарында жасау сан-

дықтарының түбіне ең асыл бұйым етіп, Абайдың өлең 

жинағын әкететін болған.



218

Балалықтың мінезін, сырын білмей, қаталдық еткен 

ата-ананы мінеп отырған: “Балаға ақылын бұрын бермей, 

ашуын бұрын берген атадан бала үлгі ала алмайды. О да 

ашуланады” дейді.

Келін, күйеу туралы да Абай көзқарасы жұрттан 

басқа, кеңдік, еркін, теңдік қалпында ұстауға тырысады. 

Өз қолында соңғы жылдарда болып, Абайды өзі күткен 

Кәмәлия (Кәмәш) деген келініне алғаш түскен күннен 

бастап бетін ашып жүруді шарт етеді. Бар жайдан ұялмай 

сөйлесіп отыруды тілейді. Сол келініне Абай өзі өлерден 

бұрын, ауырмай тұрып, “мен биыл өледі екем, түсімнен 

ұқтым” деп, ішкі сырын ең алдымен айтады.

Елдің бұрынғы әдетінде келінді ұялтқандай, күйеуді 

де именту болатын. Абай бұған әсіресе қарсы болған. 

Өз аулына келген күйеу еркін, ерке болады. Бір уақыт 

Тәкежанның бір келіні сол Тәкежан аулынан қыз ала кел-

ген бір күйеуді ұрыпты дегенде, Абай соны ерсі көріп, кісі 

жіберіп: “Қаражанға (бұл Тәкежанның әйелі) айт, күйеуі 

қыз алып, қызық көрем деп келеді, Құнанбай аулында таяқ 

жеп, қорлық көрем деп келген жоқ. Ұрғызбасын, келінін 

тыйсын” – деп бұйырады.

Осындай жас атаулының бәріне көнтерлі, кең, дос-

жарға көбіне мәжілісі ортақ аға болғандықтан, Абай 

маңынан елдің талапкер, өнерлі, саналы жасының бәрі 

арылмаған. Үнемі айналасын, аулын, үйін қоршап, Абай 

тәрбиесін кең алып, мейлінше қызықтап жүрген. Сол 

себепті шет елдің бір үлкен адамдары Абайға келгенде, 

жаңағы жастар тағы да Абай қасынан шықпай отырғанда:

– Жастар, сендерге бақ берген. Ол бақ – күнде ортаңда, 

қолыңда, бәріңе неше алуан ұстаздық, үлгі, өнер үйретіп 

отырған Абай! Жылында Абайды бір-ақ көретін бізді 

айтсаңшы! – дейді.

Шынында, Абай малшы, көршіден бастап, солардың 

баласынан, жасынан бастап, айналасындағы барлық 

 

естияр жанның, үлкенді-кішілі қауымның, жұрттың бәрі-



не бойында барын түгел, үнемі үлеске салып отырған. Сол 

арқылы өзі тіршілік еткен ортасына тағы да мол сәуле 

төгіп, нәр беріп отырған Абай ақын Абайдың өнегелі сыр-

сипатын танытушы еді.


1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет