Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі балалар қҰҚЫҚтарын қОРҒау жөніндегі комитет қазақстан педагогикалық Ғылымдар академиясы



жүктеу 2.8 Kb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата04.04.2017
өлшемі2.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7

1
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ 
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ
ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР 
АКАДЕМИЯСЫ
КӘМЕЛЕТКЕ 
ТОЛМАҒАНДАР 
АРАСЫНДАҒЫ 
БЕЙНЕЗОРЛЫҚ
Талдаушылық есеп
Алматы 2009 жыл

2
УДК 
ББК 
        К 42  
ISBN   
 
 
 
 
 
УДК 000000 
 
 
 
 
 
 
 
ББК 000000
 
 
 
          
   
 
 
      
Рецензенттер:
Жарықбаев Қ. Б. – педагогика ғылымдарының докторы
психология ғылымдарының докторы, профессор,  әл-Фараби 
атындағы ҚазҰУ «Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология және 
этнопедагогика орталығының» директоры 
Шерьязданова Х. Т. – психология ғылымдарының докторы, 
профессор, ҚазМемҚызПУ «Теориялық және практикалық 
психология» кафедрасының меңгерушісі
Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  бейнезорлық.  
Талдаушылық  есеп.  /  Құсайынов  А.  Қ.,  Сапарова  И.  А., 
Мун М. В., Маханова П. Ш., Лашкова Е.И.– Алматы, ROND-
&A баспасы, 2009. –  104 бет.
ISBN 978-601-80019-4-9
Кітапта  Қазақстанның  әртүрлі  аймақтарындағы  балаларға,  жас-
өспірімдерге,  ата-аналар  мен  мұғалімдерге  бейнезорлықтың  балалар  мен 
жасөспірімдердің  құқық  бұзушылықтарының  деңгейіне,  психологиялық-
физиологиялық жай-күйіне ықпал етуі проблемасы бойынша жүргізілген 
социологиялық  саулнаманың  нәтижелері  берілген.  Нәтижелерде  соны-
мен  бірге  ата-аналар  мен  мұғалімдердің  бейнезорлық  ықпалына  қарсы 
тұруға  дайындығы  да  көрініс  тапқан.  Кітап  ата-аналарға,  мұғалімдерге, 
психологтарға,  әлеуметтанушыларға,  журналистер  мен  жұртшылықтың 
көпшілік қауымына арналған.
К 42
© «Қазақстан Педагогикалық 
    
Ғылымдар Академиясы» ҚБ, 2009

3
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................4 
I  тарау.  Кәмелет  жасына  толмағандардың  арасындағы 
бейнезорлық проблемаларына талдау жасау............................6
1.1. ТМД елдері мен қазақстандағы бейнезорлық проблемалары 
......................................................................................................6
1.2. Бейнезорлықтың  балалар  мен жасөспірімдердің  психика-
сына  ықпалы............................................................................13
1.3.  Интернет  пен  компьютерлік  ойындардағы  зорлық  көрі-
ністерінің балалар мен жасөспірімдер психикасына ықпалы.
....................................................................................................24
1.4.  Баланың    көру-есту    саласындағы  құқықтарын    қорғау 
жөніндегі  шетелдік  тәжірибелер..........................................35 
II тарау. Қазақстандағы кәмелетке толмағандардың арасындағы 
бейнезорлық проблемалары бойынша социологиялық зерт-
теу .....................................................................................................44
2.1.  Социологиялық  зерттеуді  ұйымдастыру және  өткізу.......44
2.2. Социологиялық   зерттеу  нәтижелері....................................58
2.3. Зерттеу  кезінде  алынған  нәтижелерді талдау.....................75 
Қорытынды.............................................................................................97
Ата-аналарға арналған жаднама...........................................................99
Әдебиеттер............................................................................................101 

4
КІРІСПЕ
Кәмелет жасына толмағандардың арсындағы бейнезорлық проб-
лемалары  бойынша  әлеуметтанушылық  зерттеу  Қазақстан  Респуб-
ликасы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау 
жөніндегі  Комитетінің  тапсырысы  бойынша  жүргізілді.  Зерттеу 
Қазақстан Республикасы Конституциясына, БҰҰ балалар құқықтары 
туралы  Конвенциясына,  Қазақстан  Республикасының  2002  жылғы 
8  тамыздағы  №345–ІІ  «Қазақстан  Республикасындағы  ба-
лалар  құқықтары  туралы»  Заңына,  2004  жылғы  9  шілдедегі 
№591-2  «Кәмелет  жасына  толмағандардың  арасындағы  құқық 
бұзушылықтардың  алдын  алу  мен  балалардың  қадағалаусыз 
және  қараусыз  қалуынан  сақтандыру  туралы»  Заңға  сәйкес 
өткізілді.
Адамзат тарихында ақпараттық процестер бастапқыда тамырла-
ры мінез-құлық және қарым-қатынас тетіктеріне, жеке тұлғаның да-
муы мен сәйкестікті сақтауға кететін маңызды рөл атқарады. Олардың 
адам өмірінің барлық жақтарына ықпалы орасан.
Жеке  тұлғаның  дамуында  еліктеуге  арналған  үлгілердің  елеулі 
рөл атқаратыны белгілі. Психологиялық тұрғыда теледидарлық бей-
нелер, мінез-құлық пен қарым-қатынас анағұрлым маңызды, өйткені 
олар  әрқашанда  эмоцияларға  толы  болады.  Бәрінен  бұрын  бейне-
мен  және  сезіммен  жанамаланған  мінез-құлықтық  таптаурындар 
көшіріледі. Міне сондықтан да бүгінгі күні теледидардың жастарды 
тәрбиелеудегі айқындаушы рөлін мойындаған жөн. 
Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), бәрінен бұрын 
теледидар мен Интернет іс жүзінде жеке тұлғаны тәрбиелеумен ай-
налысады. Осы ақпараттың электрондық құралдары бүгінгі күні неге 
тәрбиелеуде? Сұрақ өте маңызды, өйткені біз адам құбылыстар мен 
заттардың  шынайы  бейнелерімен  емес,  олардың  витруалды  орнын 
басумен істес болатын ақпараттық қоғамда өмір сүреміз.

5
Дүниежүзінің  әртүрлі  елдеріндегі  зерттеушілер  атап  көрсет-   
кендей, бүгінгі БАҚ зорлық-зомбылық көріністеріне толы.
Соңғы 40 жылда дүниежүзінде теледидар мен кинематографтың 
балаларға  ықпал  етуіне  арналған  1  000-нан  астам  зерттеулер 
жүргізілді.  Зерттеулер  дүниежүзінің  көптеген  елдерінде,  әртүрлі 
нәсілдерге, ұлттарға және әлеуметтік топтарға жататын балалар мен 
қыздардың  арасында  жүргізілді.  Соған  қарамастан  зерттеулердің 
нәтижелері іс жүзінде бірдей болды: экрандағы озбырлық балалар-
ды  адамдарға  және  жансыз  заттарға  қатысты  неғұрлым  озбыр  ете-
ді.  Америкалық  Педиатрия  Академиясы  бұл  зерттеулерден  төрт 
іргетастық қорытынды жариялады. 
Біріншіден,  зорлық-зомбылық  көріністері  бар  хабарларды  көп 
көретін балалар зорлық-зомбылықты, қақтығыстарды шешудің заңды 
тәсілі ретінде қабылдайды. 
Екіншіден,  зорлық-зомбылық  көріністерін  көру  адамды  нақты 
өмірдегі зорлық-зомбылықтан неғұрлым қорғансыз етеді.
Үшіншіден,  бала  экраннан  зорлық-зомбылық  көріністерін 
көбірек  көрген  сайын,  оның  зорлық-зомбылықтың  құрбаны  болу 
мүмкіндіктері көбірек болады.
Төртіншіден,  егер  бала  зорлық-зомбылық  көріністері  бар 
телебағдарламаларды  көруді  ұнатса,  онда  оның  озбыр  адам  бо-
лып  өсуі  мүмкін,  тіпті  қылмыс  жасауының  анағұрлым  жоғары 
ықтималдылығы болады [2].
Осылайша, айқын көрінетін байланыстылық байқалады – қандай 
да бір елде қылмыскерліктің деңгейі онда теледидар пайда болғаннан 
кейін 10–15 жылдан кейін артқан [9].
Осы  фактілермен  байланысты  ғалымдар  жаңа  терминді  – 
экрандағы зорлық-зомбылық немесе бейнезорлықты енгізді.

6
І тарау
КӘМЕЛЕТ ЖАСЫНА ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ 
БЕЙНЕЗОРЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
1.1. ТМД ЕЛДЕРІ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЕЙНЕЗОРЛЫҚ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
ТМД елдерінің алдында бейнезорлық проблемасы жақында ғана 
пайда болды. Бұл жердегі жалпы түпмәтін былай болды:
Көпшілікке белгілі бұл елдерде ХХ ғасырдың 90 жылдарының 
шегінде  болып  өткен  бұқаралық  ақпарат  құралдарына  цензура 
жойылғаннан кейін кино/теле/бейне/компьютерлік экрандардан (рес-
ми қабылданған жастық шектеулер іс жүзінде сақталмастан) зорлық-
зомбылық көріністері мыңдаға отандық және шетелдік шығармалар 
көрсетіле  бастады.  К.  А.  Тарасов  былай  деп  жазады:  «ТМД  елде-
ріндегі  экрандық  өнерлердегі  зорлық-зомбылық  бейнелеуінің  кең 
көлемді  тұсау  кесері  бәрінен  бұрын  кино  шығармашылығында 
коммерцияланудың  болып  өтуімен,  кинематографтың  ТД  мен  бей-
не  өнердің  дүниежүзілік  нарыққа  енуімен  және  соған  байланысты 
бұқаралық  киномәдениетінің  голливудтық  стандарттары  бойынша 
жаһандануымен  түсіндіріледі.  Барынша  көп  пайда  табуға  бейім-
делген  заманауи  индустрияның  шеңберінде  зорлық-зомбылықты 
егжей-тегжейлі  сипаттау  фильмнің  неғұрлым  экономикалық  тиім-
ді  элементі  болып  табылады.  Байыпты,  сонымен  бірге  көпшілікті 
толғандыратын көптеген мәселелерді қозғайтын тартымды картина-
лар жасау шығармашылық жағынан өте күрделі көп күш пен уақытты 
талап ететіні міндет фильмді төбелестермен, атыстармен, қуғанмен, 
т.б.  толықтыру  жасаушыларға  бұларды  қысқа  мерзімде  орындауға 
сюжет пен сипаттар тартымдылығының төмендігін, актерлердің әлсіз 
ойынын жасыруға мүмкіндік береді, қандай да бір мәнді тақырыптың 
жоқтығы көркемдік және әлеуметтік жағынан дамымаған көрермен   
назарын өзіне еркісіз аударады. Зорлық-зомбылықта фильмде санының 
артуы сонымен бірге америкалық киножасаушылардың айтарлықтай 
дәрежеде  шетелдік  тұтынушыға  тәуелділігімен  және  жаһандық 
аудиторияға  кедергісіз  қабылдайтындай  сюжеттерді  табуға  мәжбүр 

7
болатындығымен  түсіндіреді.  Сондай  әмбебап  қосындылардың 
бірі  зорлық-зомбылық  бейнелері  болып  табылады.  Құқықтық 
ұсынымдарға  қатаң  ресми  бақылаудың  жоқтығы  жағдайларында 
зорлық-зомбылық  көріністері  бар  экрандық  шығармалардың  ТМД 
елдеріндегі  балалардың  аудиториясына  жағымсыз  ықпал  етуі  іс 
жүзінде барлық жерде байқалуда» [4, 123-125 бет].
Қазақстанда  бұл  проблемаға  өткірлікті  жасөспірімдер  жасаған 
қылмыстар  санының  өсуі  берді.  «Казахстан  Сегодня»  ақпараттық 
агенттігінің деректері бойынша 2008 жылы Қазақстанда кәмелет жасы-
на толмағандар 1 054 ауыр және 91 аса ауыр қылмыстар жасаған, оның 
ішінде 61 адам өлтіру, 167 қарақшылық шабуыл, 754 тонау оқиғалары 
бар. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық істері жылына 12–15%-
ға  өсуде. Жас қылмыскерлер жасаған құқық бұзушылықтардың жал-
пы санында ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлесі артуда. Оның 
үстіне олардың әртүрлі қарулар қолданып, қылмыстық іс-әрекеттер 
жасауы басым бола түсті. 
Кәмелет  жасына  толмағандар  жасаған  қылмыстардың  топтық 
сипаты тұрақты белгіге айналуда. Қылмыстардың 60%-дан астамын 
топ болып жасаған қылмыстар құрайды. Оның үстіне кәмелет жасы-
на толмағандардың топ болып жасауы барған сайын ұйымдасқандық 
белгілерге ие болады. Қазақстанда кәмелет жасына толмаған 4 000 
нашақор  тіркелген,  олардың  700-ден  астамы  мүлдем  жас  балалар 
болып табылады. Көптеген әлеуметтік себептердің ішінде көптеген 
мамандар катализатор ретінде төмен талғамды атыс-шабыстық филь-
мдерді атайды [11].
«ТД орталық арналардың кинобағдарламалары (ресейлік негіз-
гі алты телеарнаға 2001 жылы сәуір-мамыр айларында мониторинг 
жүргізілді) зорлық бейнелерінің прайм-таймын әрбір фильммен дер-
лік тарата отырып, көрермендерге әлеуметтік дүниенің құбыжықты 
бұрмаланған бейнесін ұсынады.  Талдау жасаудың барысында талдап 
алынған 29 фильмнің тек біреуінде ған зорлық-зомбылық көріністері 
жоқ  екендігі  анықталды.  Қалған  фильмдерде  олардың  саны  1-ден 
15-ке дейін ауытқып отырады. Оның үстіне фильмдердің 17%-ында 
зорлықтың 8–9 көрінісі, 7%-ында 14–15 көрінісі болады. Орташа бір 
фильмге шамамен 6 зорлық көрінісі келеді. Әрбір төртінші фильмде 
зорлық көріністері 9-дан 31 минутқа дейінгі уақытты алады. Әрбір 
екінші  фильмде  5-тен  31  минутқа  дейін  созылады.  ТД  зорлықты 
таза көрсетуге экрандық уақыттың 9,5%-ын бөледі. Ең ауыр қылмыс 

8
– адам өлтіруді егжей-тегжейлі сипаттау әрбір екінші фильмде бар. 
Зорлық негізінен шынайы көрсетілген (82%)» [5, 70-71 бет].
Бұл ақпарат репертуарында америкалық киноларды көру бірінші 
орынды алатын, ал ресейлік теледидар да алғашқы орындардың бі-
рінде болатын қазақстандықтар үшін маңызды. 
Халықтың арасында қылмыскерліктің артуы мен теледидар пай-
да болуының арасындағы ажырамас байланыс бірқатар зерттеулерде 
тіркелген.  Мысалы,  теледидар  неғұрлым  қызу  қарқынмен  дамыған 
60-шы жылдары АҚШ пен Канадада адам өлтірушіліктің саны 2 есе 
өскені анықталды. Осыған ұқсас салдар 1975 жылға дейін теледидар 
болмаған Оңтүстік Африкада ұлттық теледидар хабарлары таратушы 
пайда болғаннан кейін шықты  [6].
Астана  қаласы  бойынша  ҚР  МК  басқармасының  аға  прокуро- 
рының  мақаласында  былай  деп  атап  көрсетілді:  «Қазақстандық 
арналардың  барлығындағы  фильмдер  мен  хабарларда  кісі 
өлтірушілік  пен  қанды  зұлымдық  әрекеттер  көрсетілетінін  сана-
малау  қиын  емес.  Біздің  теледидар  жас  көрермендерге  зорлықты 
көрсетуі  бойынша  көрсетілген  проблемаға  ерекше  назар  аударуы 
тиіс. Егер жасөспірімдер күніне экран алдында орташа үш сағаттан 
төрт сағатқа дейін уақытын өткізсе, онда бекіп біте қоймаған бала 
психикасына бұл қорқыныш-үрей тасқыны қалай әсер ететінін және 
әлеуметтену процесіндегі рөлін еске алу қажет». Алайда бұл бірден 
бір  себеп  емес.  «Кәмелетке  толмағандардың  арасында  өсе  түскен 
қылмыскерлік  жастар  мен  балалар  қоғамнан  тыс  қалып,  одан  бой-
ын аулақ салатын жаһандық «әлеуметтік қатынаспаудың» салдарына 
ұқсайды. Бұл әлеуметтену процесінің тапшылығы нәтижесінде болып 
өтеді, ол стихиялық, басқарылмайтын сипатқа ие болады. Жеткіншек 
ұрпақтың  қалыптасу  процесіне  әлеуметтендірудің  отбасы,  мектеп, 
балалар  мен  жастар  ұйымдары  сияқты  дәстүрлі  құрылымдардың 
көмегімен  әлеуметтік  бақылау  жасау  жүйесінен  айырыла  отырып, 
біздің  қоғам  өз  маңызын  жоғалтады,  олардың  орнына  «көше  мен 
бұрыш-бұрыш»  сияқты  құрылымдардан  басқа  ештеңе  келмейді. 
Нәтижесінде жасөспірімдердің әлеуметтену процесі бұрынғыдан да 
жағымсыз  сипатқа  ие  болды,  кәмелет  жасына  толмағандар  қазіргі 
уақытта  азаматтық  қоғамның  құрылымдарының  емес,  қылмыстық 
дүние  мен  оның  құндылықтары  рухани  қыспағының  жоғары 
дәрежесін бастарынан өткізуде. Жастар мен балалар әлеуметтенуінің 
дәстүрлі  құрылымдарының  арасында  қылмыскерлік  өсіп  жатқан 
қоғамдардағы бірден бір тұрақты болатын фактор» [12].

9
Қазақстанда жеткіншек ұрпақты бейнезорлық зиянынан қорғауға 
арналған  бірқатар  заңдар  қабылданды.  Алайда  бұл  заңдардың  бәрі 
іс  жүзінде  жұмыс  істемейді.  Қазақстан  БҰҰ-ның  бала  құқықтары 
жөніндегі  Конвенциясына  қол  қойды,  конвенцияда  кәмелет  жасы-
на  толмағандар  аудиториясының  медиамен  қатынасының  қолайлы 
жағдайларын  жасау  қағидаттары  жарияланған.  Бұл  Конвенциядан 
бізді қызықтыратын проблемаға қатысты үш бапты бөліп алуға бо-
лады: 
3-бап
1.  Балаларға  қатысты  қолданылатын  іс-әрекеттердің,  оларды 
әлеуметтік  қамсыздандыру  мәселелерімен  айналысатын  мемле-
кеттік немесе жеке мекемелердің, соттардың, әкімшілік немесе заң 
шығарушы  органдардың  қабылдағанына  қарамастан,  бәрінде  де  ең 
бірінші кезекте баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз ету-
ге көңіл бөлінеді.
2.  Қатысушы мемлекеттер заң бойынша бала үшін жауапкерші-
лікті мойнына алған оның ата-анасының, қамқоршыларының немесе 
басқа да адамдардың құқықтары мен міндеттерін назарға ала отырып, 
баланың игілігі үшін қажетті қорғау мен қамқорлықты қамтамасыз 
етуге  міндеттенеді  және  осы  мақсатпен  барлық  тиісті  заң  шығару 
және әкімшілік шараларын қабылдайды.
3.  Қатысушы  мемлекеттер  балалардың  қамқорлығына  немесе 
оларды қорғауға жауапты мекемелердің, қызмет көрсетуші орындар 
мен  органдардың  құзыретті  органдар  белгілеген  нормаларға,  атап 
айтқанда қауіпсіздік пен денсаулық сақтау саласында және олардың 
персоналының  саны  мен  жарамдылығы,  сондай-ақ  құзыретті 
қадағалау тұрғысынан да сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
13-бап
1.  Бала  өз  пікірін  еркін  білдіруге  құқылы;  бұл  құқыққа 
шекараларға  қарамастан  ауызша,  жазбаша  немесе  басылым  ныса-
нында,  көркемөнер  шығармасы  нысанында  не  болмаса  баланың  өз 
таңдауы бойынша басқа да құралдардың көмегімен әртүрлі ақпарат 
пен идеяларды іздеу, алу және беру еркіндігі кіреді.
2.  Осы құқықты жүзеге асыру кейбір шектеулерге апарып соғуы 
мүмкін, алайда, бұл шектеулер тек заңмен көзделген және:
а)  басқа  да  адамдардың  құқықтары  мен  абыройын  құрметтеу 
үшін; немесе
ә) мемлекеттік қауіпсіздікті немесе қоғамдық тәртіпті (ordre pub-

10
liс) не болмаса халықтың рухани ізгілігін қорғау үшін қажет шектеу-
лер ғана болуы мүмкін.
17-бап
Қатысушы  мемлекеттер  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 
маңызды  рөлін  таниды  және  баланың  әртүрлі  ұлттық  және 
халықаралық материалдар көзіне, әсіресе баланың әлеуметтік, руха-
ни және моральдық тұрғыдағы рухани ізгілігіне, сондай-ақ тән және 
психикалық жағынан салауатты дамуына жәрдемдесуге бағытталған 
материал  көздеріне  деген  бостандығын  қамтамасыз  етеді.  Осы 
мақсатта қатысушы мемлекеттер:
а)  бұқаралық ақпарат құралдарының бала үшін әлеуметтік және 
мәдени  тұрғыда  және  29-баптың  рухында  пайдалы  ақпараттар  мен 
материалдарды таратуын көтермелейді;
ә) әртүрлі мәдени, ұлттық және халықаралық ақпарат көздерінен 
алынған  осындай  ақпараттар  мен  материалдарды  даярлау,  алмасу 
және таратуда халықаралық ынтымақтастықты көтермелейді;
б)  балалар  әдебиетін  басып  шығаруды  және  таратуды 
көтермелейді;
в)  бұқаралық ақпарат құралдарының қайсыбір азшылық тобына 
немесе  жергілікті  халыққа  тиесілі  баланың  тілдік  қажеттіліктеріне 
ерекше назар аударуын көтермелейді;
г)  13  және  18-баптардың  ережелерін  ескере  отырып,  баланың 
әл-ауқатына  залал  келтіретін  ақпараттардан  және  материалдардан 
оны қорғаудың тиісті қағидаттарын әзірлеуді көтермелейді.
Алайда  зорлықтың  медиалық  бейнелеуіне  мемлекеттік 
бақылау  жасалатын  және  балаларды  экрандық  агрессиядан  қорғау 
бағдарламалары бар, баланың психикалық зиян келтіретін адамгер-
шіліктік ақпарат алу құқығын сақтайтын көптеген батыс мемлекет-
теріне  қарағанда  Қазақстанда  БҰҰ-ның  бала  құқықтары  жөніндегі 
Конвенциясының көптеген ережелері өкінішке орай, әлі де болса игі 
ниеттер дәрежесінде қалып келеді.
«Қазақстанның  2030  жылға  дейінгі  даму  Стратегиясы», 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы 
№80  «Қазақстанның  2030  жылға  дейінгі  даму  Стратегиясын  іске 
асыру  жөніндегі  шаралар  туралы»  Жарлығы  сияқты  аса  маңызды 
құжаттарда  жастар  саясатына,  ҚР  жастарында  рухани-өнегелік, 
отаншылдық  қасиеттерді  тәрбиелеуге  ерекше  көңіл  бөлінеді.  ҚР 
МАМ-нің  2009–2011  жылдарға  арналған  Стратегиялық  жоспа-

11
рында  саланың  ағымдағы  және  перспективалық  проблемалары  ре-
тінде  қазақстандықтардың  әлеуметтік  оптимизмін  қалыптастыру 
шеңберінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдірудің қажетті-
лігі;  мемлекет  дамуы,  Стратегиясы  мен  дүниежүзінің  бәсекеге 
неғұрлым қабілетті 50 елінің қатарына ену жөнінде жүргізіліп отырған 
мемлекеттік саясатты отандық БАҚ-тың ақпараттың қолдауы сапа-
сын арттыру мен кеңейтудің қажеттілігі атап көрсетіледі.
ҚР  МАМ-нің  2009–2011  жылдарға  арналған  Стратегиялық 
жоспарында  сондай-ақ  отандық  ақпараттық  саланың  бәсекеге 
қабілеттілігінің төменгі деңгейі де атап өтіледі. 
ҚР Қылмыстық кодексінің «Қатыгездiк пен күш қолдануға бас 
ұруды  насихаттайтын  туындыларды  заңсыз  тарату»  атты  274-ба-
бында  былай  делінеді:  «Қатыгездiк  пен  күш  қолдануға  бас  ұруды 
насихаттайтын кино- және бейне материалдарды және басқа туын-
дыларды тарату немесе жарнамалау мақсатында заңсыз жасау, тара-
туды, жарнамалау, көрсету, сондай-ақ қатыгездiк пен күш қолдануға 
бас  ұруды  насихаттайтын  баспа  басылымдарын,  кино-  немесе  бей-
не материалдарды заңсыз сату – бес жүзден сегiз жүз айлық есеп-
тiк  көрсеткiшке  дейiнгi  мөлшерде  немесе  сотталған  адамның  бес 
айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы 
мөлшерiнде  айыппұл  салуға,  не  бiр  жылға  дейiнгi  мерзiмге  түзеу 
жұмыстарына, не қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихат-
тайтын туындыларды, сол сияқты оларды жасау немесе молықтыру 
құралдарын тәркiлеп, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан 
айыруға жазаланады». 
ҚР-ның «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу үшiн жа-
уапкершiлiк негiздерi» атты 25-бабында былай делінеді:
2-1.  Бұқаралық  ақпарат  құралының  меншiк  иесi,  бас  редак-
торы  (редакторы)  Қазақстан  Республикасының  конституциялық 
құрылысын  күштеп  өзгертудi,  оның  тұтастығын  бұзуды,  мем-
лекет  қауiпсiздiгiне  нұқсан  келтiрудi,  соғысты,  әлеуметтiк, 
нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-таптық және рулық артықшылықты, 
қатыгездікті,  зорлық  пен  порнографияны  насихаттап,  үгіттейтін 
хабарлар  мен  материалдарды  таратқаны  үшін,  олардың  алынған 
көздеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының заң актілерінде 
белгіленген жауаптылықта болады.

12
ҚР  «Бала  құқықтары  туралы»  Заңындағы  «Бала  және 
бұқаралық ақпарат құралдары» атты 39-баптан мына жолдарды 
табамыз:
1.  Балаларға  арнап  нәсiлдiк,  ұлттық,  әлеуметтiк  және  дiни 
өшпендiлiктi  өршiтуге  бағытталған,  тектiк-топтық  ерекшелiк-
тi,  соғысты  насихаттайтын,  конституциялық  құрылысты  күштеп 
өзгертуге  және  Қазақстан  Республикасының  аумақтық  тұтастығын 
бұзуға  шақыратын  үндеулерi,  порнографиясы  бар  немесе  баланың 
рухани және имандылық жағынан дамуына өзгеше зиян келтiретiн 
ойыншықтарды,  кинофильмдердi,  дыбыс-  және  бейнежазбаларды 
көрсетудi,  сатуды,  сыйға  тартуды,  көбейтудi  және  прокатқа  берудi 
жүзеге  асыруға,  әдебиеттердi,  газеттердi,  журналдарды  және  басқа 
бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға тыйым салынады. 
2.  Осы  баптың  1-тармағында  аталған  әрекеттердiң  жасалғаны 
үшiн  Қазақстан  Республикасының  заң  актiлерiнде  белгiленген 
жауаптылық шаралары қолданылады. 
Осылайша, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары іс жүзін-
де  БҰҰ  құжаттары  ҚР  Заңдары  белгілеген  балалар  құқықтарын 
бұзады,  экрандағы  зорлық  көріністерін  (бәрінен  бұрын  теледи-
дар  бойынша)  көрсету  кезінде  жас  мөлшеріне  қарай  шектеулерді 
сақтамайды,  сондай-ақ  ҚР-ның  жастар  саясаты  саласындағы  аса 
маңызды құжаттарын бұзушылыққа жол береді.
Міне,  сондықтан  да  қазақстандық  балалар  аудиториясында, 
зорлық  көріністері  бар  экрандық  шығармалардың  танымалдық 
дәрежесін;  бейнезорлықтың  жасөспірімдердің  психологиялық-
физиологиялық  жағдайына,  олардың  жеке  тұлғасына,  уәждемесіне 
ықпал  ету  дәрежесін;  кәмелет  жасына  толмағандардың  арасында 
қатігездік  пен  арсыздықтың  кауіпті  көріністерінің  таралу  дәрежесі 
мен олардың бейнезорлық көріністеріне қарсы тұруға құқықтық және 
әлеуметтік дайындығы дәрежесін айқындау соншалықты маңызды.
Сондай-ақ  баланың  көру-есту  саласындағы  құқықтарын 
қорғауға, оның ішінде жас мөлшері рейтингілері жүйесіндегі, зорлық 
көріністерін  көрсету  үшін  экрандық  уақытты  шектеуге  және  т.б. 
қатысты  басқа  елдердің  қолданыстағы  құқықтық  тәсілдеріне  тал-
дау жасау мен салыстыру; жұртшылық (ата-аналар, педагогтар және 
басқалар) пен мемлекеттік құрылымдар үшін баланың адамгершілік-
ті, зорлық көрінісі жоқ көру-есту ақпаратын алу құқығын сақтауға 
қатысты ұсынымдар дайындау да маңызды іс.

13


жүктеу 2.8 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет