Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақмола облысының білім басқармасы



жүктеу 33.62 Kb.
бет2/6
Дата11.02.2022
өлшемі33.62 Kb.
#17166
1   2   3   4   5   6
ЖПТ ФБ-32 қб силлабус
28.01.22 дауыс қою жоспар (1), оқу жұмыс бағдарламасы (2) — копия (Автосохраненный), БМ-42 КБ, 4 КУРС 08 02 2022, Қысқа мерзімді жоспар

АЛҒЫ СӨЗ

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесінің даму шарттарын айқындауды тапсырады. Осыған орай, бәсекеге қабілетті маман даярлауда мемлекет оқытушылардың алдына келесі мәселелерді қойып, оның шешу жолдарын қарастырып, осы жолда нәтижелі еңбектену міндетін жүктеп отыр.

Оқу процесіне заманауи педагогикалық технологияларды кеңінен енгізу жайында ғалым К.Бұзаубақова «Жаңа педагогикалық технологиялар» атты еңбегінде: «Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал, жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі», – деп атап көрсетеді.

Сондықтан болашақ маман жаңа педагогикалық технологиялар пәнінен терең білім алса, қазіргі жаңартылған білім беру жүйесінде еркін дәріс бере алады.

Пәннің бағдарламасында (силлабусте) қазіргі заманғы жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері, мақсат-міндеттері, ерекшеліктері, қолдану әдістемесі жан-жақты көрсетілді.

Сонымен қатар пәннің бағдарламасында (силлабусте) студенттің оқыту-шының жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмысы, студенттің өзіндік жұмысы қоса ұсынылды.

Қорыта айтқанда, жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың дидактикалық теориясы, практикалық жүйесі жан-жақты зерделенді. Психологиялық, педагогикалық мақсаттар: жаңа педагогикалық техноло-гияларды тарау-тарауға бөліп берерде технологиялардың ерекшелігі, атқаратын қызметі ескерілді. Кәсіби білім алушы студенттің меңгеруіне де икемделді.

Жаңа педагогикалық технологиялар пәннің бағдарламасы (силлабус) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ҚР МЖМБС 4.05.115-2010) негізінде жасалған оқу бағдарламасына (үлгілік оқу бағдарламасы, Астана қаласы, 2010 жыл, 4 қыркүйек) негізделіп жасалды.

Пәннің бағдарламасы (силлабус) 0105014 – «Бастауыш білім берудің қолданбалы бакалавры» біліктілігі студенттеріне арналып жазылды.



жүктеу 33.62 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет