Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Р. Ерментаева



жүктеу 4.86 Mb.
Pdf просмотр
бет1/48
Дата14.01.2017
өлшемі4.86 Mb.
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

А.  Р.  Ерментаева

Ж О Ғ А


ы

кт

Алматы, 2012



Щ Ш х



0 6 3

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

А.  Р.  Ерментаева

ЖОҒАРЫ  МЕКТЕП 

ПСИХОЛОГИЯСЫ

Оқулық

Алматы,  2012

ӘОЖ  

159.9 (075.8)

КБЖ 88.4 я73 

Е 69

Қазақстан Республикасы 

Білім және гылым министрлігі бекіткен

Пікір бергендер:

Намазбаева 

Ж. Ы.

  -


 

психология 

гылымдарының докторы,  профессор; 

Шерьязданова 

X.  Т. -  психология 

гылымдарының докторы,  профессор; 

Жақыпов 

С. М.

  -


 

психопогия 

гылымдарының докторы,  профессор.

Е рм ен гаева 

А . Р.

Е 69 

Жоғары  мектеп  пси



«Дэуір», 2012.1 492 бет.

Оқулық -   Алматы:  ЖШС  РПБК



ІЗВЫ 978-601-217-396-3

Оқулыкга  экологиялық  биогехнологияның  қоршаған  ортаны  қорғау  саласын-

аспекттері

зіргі  кезеңде  биотехнологияны  қолдану  салалары  және  оның  дамуының  қысқаша

тазарту

тазартудың

гиялық  әдістері,  биотехнологияда  жасуша  иммобилизациясын  қолдану,  минерал- 

ды  шикізатты  бактериялық  сілтіден  айырудың  жэне  органикалық  қалдықтарды 

компосттаудың келешегі, сонымен  қатар биотехнологияны ауыл шаруашылығында

жэне жылу энергетикасында қолдану мэселелері баяндалған.

Оқулықгың,  биологиялық  жэне  экологиялық  бағыттағы  жоғары  оқу  орында- 

рының  оқытушылары  мен  студенггері,  орта  мектептердің  биология  мұғалімдері 

биотехнология,  экология  жэне  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  мамандар

________________________ ______________________________________________________________________________



үшін пайдалы болады.

С.Тор*Йғыров

ӘОЖ 159.9 (075.8) 

КБЖ 88.4 я73

атындағы 

П М У -д ің  



акадөмик  С.Бейсем"

І8ВЫ 978-601-217-396-3

атындағы

*ыпё'Е&

КІТАПХА

Ш


АЛҒЫ СӨЗ

Қазіргі кезде жасына, әлеуметтік жағдайына,  білім деңгейіне, ма- 

мандығына  қарамай-ақ,  адамдардың  психология  ғылымьша  назар 

аударуы,  қызығушылық танытуы айқын аңғарылады.  Бұл қоғамның 

ізғілікті  бағытта,  адамдардың  рухани  ділінің  дамуын  қамтамасыз 

етуде  психолоғияның  маңызды  рөл  атқаруы  тиіс  екендіғінен  шыға- 

тын  болуы  керек.  Әрі  психологиялық  білімнің  осы  заман  адамда- 

рының  әрқайсысының  күнделікті  өмірі  мен  іс-әрекетінде  шешуші 

орын алатыны көпшілікке мәлім. Әсіресе, білім беру жүйесінің бар- 

лық  буындарьгадағы  педагог-мамандардың  іс-әрекет  пен  қарым- 

қатынасты  субъект  ретінде  жетілдіруі  үшін  психологиялық  даяр- 

лықты жоғары дәрежеде танытуы қажетті шарт.

Жоғары білім беру жүйесінде педагогикалық проңесті ұйымдас- 

тыратын жэне ғылыми-зерттеу жүргізетін болашақ маманды психо- 

логиялық  дайындау  өзекті  мэселе  болып  табылады.  Бүл  мәселені 

шешуге  негіз  болатын  пәндердің  қатарында  «Жоғары  мектеп  пси- 

хологиясы»  (ресми  қүжаттарда  «Психология»  деп  аталған)  курсы 

белді  орын  алады.  Сондықтан,  аталмыш  оқулық жоғарыдан  кейінгі 

білім  беру  саласында  магистранттарды  психологиялық дайындауға 

арналып, жазылды.

«Жоғары  мектеп  психологиясы»  пэнінің  мазмүны  жоғары  мек- 

теп  оқытушысының  ғылыми-педагогикалық  іс-әрекетіне  жэне  сту- 

денттердің  оқу-кэсіби  іс-әрекетіне  қатысты  психология  ғьшымда- 

рындағы  теориялық-әдіснамалық  жэне  тэжірибелік  мэселелерді 

қамтиды.  Аталмыш  пэннің  оқу  мазмүны  жоғары  мектепте  психо- 

логиялық  дайындаудың  нақгы  технологияларын  білуге  де  бағыт- 

талады.

«Жоғары  мектеп  психологиясы»  курсының  оқу  мазмүны  басқа 

да  психологиялық  пэндермен,  жоғары  мектеп  педагогикасымен, 

элеуметтік-ізгілікті  жэне  жаратылыстану  ғылымдарымен  байла- 

нысты.  Осыған  байланысты,  оқулық  мазмүны  жоғары  оқу  орнын- 

да  психологиялық  білім  беру  мәселесі;  оқытудың  жэне  дамытудың 

психологиялық теориялары  мен технологиялары;  студенттердің оқу 

әрекетінің  психологиялық  негіздері;  педагогикалық  қарым-қатынас 

психологиясы; оқытушылар мен студенттердің психологиялық ерек- 

шеліктері  мен  типологиясы;  жоғары  оқу  орнындағы  психология- 

лық  қызметгің  мақсаты,  мазмүны  және  негізгі  бағыттары  туралы 

білімді қамтиды.

3


Мүнда  қарастырылатын  тақырыптардың  мазмұны  республи-

канншжоғарыдан  кейін  білім  беру  саласында  магистранггарға

Ш І   беоү  талаптарына  сэикес  жасалған.  Оқулық

мазмұны  адам  психикасына  қатысты  ғылыми  тағаиындалып,  тұ 

рақталған  ұғымдар,  аныктамалар,  ілімдер,  жіктемелер,  сипаттама

қағидалар, тұжырымдар

психикалық

заңдылықтар  студенттер

оқытушысының

1С 11 


і   у 

-------  

-  



ғылыми-эдіснамалық  негіз  ретінде  қалыптасқан  білімге  сэикес



мазмұны  магистранттардың

педагогикалық  іс-эрекеттщ

тісі ретінде  психологиялық  сауат  арттыруын  қамтамасыз  етіп,

құзіреттілікке  жетуіне

ахуал

магистранттардың



білім  алуын  олардың  психологиялық  дайындау  іс-эрекетінде

ұдаиы


белсенділік,  жауапкершік,  дербестік,

танытуымен

ды.  Сондықтан,  окулықта  қарастырылатын  тақырыптардың  маз- 

мұны;  эрбір  тақырыпқа  қатысты  теориялық  білімді  қайталау 

сұрақтары;  республикада  жоғарыдан  кейін  білім  беру  жүиесінде 

магистранттарды  дайындаудың  мемлекеттік  стандарттарындағы 

психологиялық  білім  беру  талаптарына  сәйкестікті  қамтамасыз

тапсырмалар

тізімі  беріледі.  Оған  қоса,  болашақ  мамандардың  дербес  немесе

жұмыс  арқылы  ақпаратгарды

тұрғылардың,  бағыттардың

салыстыруы,  психологиялық  сөздік,  глоссарий  жасау  мүмкіндікте-



• 

V/ 

11

 



: іі і _- I  Ж 

К

 _ __________ ___ ___  П / * т т і г / % г т / ч т і т і л т  

т т г  

Т Т Р и Г Р М П Р П Ш

Магистранттар

эдебиеттерді

реферат


Ерм ентаева  Ардақ  Ризабекқызы 

— психология 

гылымдарының 

тпоры, қауымдастырылган профессор

4

1. ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ

НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ

1.1. Жоғары  мектеп психологиясының пәні,

міндеттері және құрылымы

Ж огары   м е к те п   психопогиясы

  —  болашақ  маманның  кәсіби 

білім  беру  жүйесіндегі  психологиялық  дамуы  туралы  деректерді, 

заңдылықтар  мен  механизмдерді  зерттейтін  педагогикалық  пси- 

хологияның  бір  саласы.  Болашақ  маманды  кэсіби  дайындау  про- 

ңесінің  күрделі  болуы  жогары  мектеп  психологиясының  зерттеу 

пэнінің  көпжақтылығын  анықтайды.  Осыган  орай  жоғары  мектеп 

психологиясы  студенттерді  оқыту  проңесін,  олардың  маман  және 

түлға  ретінде  даму  көрсеткіпггері  мен  өлшемдерін,  қарым-қа- 

тынас  саласын,  оқытушылардың  психологиялық  ерекшеліктерін 

қарастырады.

Жоғары  мектеп  психологиясы  кэсіби  білім  берудегі  кокейтесті 



психологиялық  мәселелерді

  шешуге  бағытталады.  Жоғары  мектеп 

психологиясының  теориясы  мен  тэжірибесіндегі  озық  жетістіктер- 

ді  қолдану  арқылы  оқу-кәсіби  іс-эрекет  субъектісі  ретіндегі  бола- 

шақ  маманның  зияткерлік  жэне  түлғалық  дамуын  тиімді  ету  мүм- 

кіндігі артады.

Жоғары  мектеп  психологиясынан  ғылым  ретінде  кэсіби  білім 

беруде орын алатын психологиялық құбылыстарды зерттеу, түсінді-

ру жэне сипаттап беру күтіледі.

Олай  болса,  жоғары  мектеп  психологиясында  кэсіби  білім  беру 

үдерісіндегі деректерді, заңдылықтар мен механизмдерді теориялық 

жағынан  зерггеп,  негіздеу ғана емес,  сонымен  бірге,  оларды  қазіргі 

кездегі  кэсіби дайындау тэжірибесіне ықпалдастырып,  ендіру өзек-

ті мэселе болып табылады.

Сондықтан, 

ж огары  м е к те п  психологиясының  нысаны

 — жоға- 

ры  оқу  орнында  білім  беруге,  психологиялық  дамуға  бағытталған

оқу-тәрбие процесі.

Ал, 

ж огары   м е к те п   психологиясының  пәні

 -   жоғары  оку  ор- 

нында  білім  беру,  даму  бойынша  психологиялық  деректер,  заңды- 

лықтар, механизмдер жэне шартгар.

Сонда,  жоғары  мектеп  психологиясы  студент  пен  оқытушының 

өзара әрекеттесуін,  олардың түлғалық дамуын қарастырады.  Нақгы

5


айтқанда,  жоғары  мекгеп  психологиясы  1)  оқу-кәсіби  іс-эрекет 

су&ьекгісі  ретіндегі  студенттің  психикалық  даму  заңцылықгарын;

2)  оқытушынын  гылыми-педагогикалық  іс-эрекеттерінің  заңды-

лықтарын  жэне  3)  студенттер  мен  оқытушылардың  кэсіби-педа-

гогикалық қарым-қатынасының элеуметтік-психологиялық ерекше-

ліктерін зерттейді. 



.

 . я 


V*.

Теориялық  негіздемесі  тұжырымдалған  эрі  қолданбалы  пэн

ретінде  жоғары  мектеп  психологиясы  кэсіби  білім  беру  үдерісін

психологияландыруға бағытталады. 

’ 

'■



Жогары м е к те п   психологиясының негізгі м ін д е т т е р і:

-  студенттердің  толымды  психикалық  даму,  тұлғалық  жетілу

механизмдерін зертгеу; 

1; Ц і


-  студенттердің  маман,  зияткер  жэне  тұлға  ретінде  дамып,  же-

тілуіне қажетті психологиялық жағдайды қамтамасыз ету;

-  кәсіби  білім  беру  субьектісінің  өзіндік  дамуы  мен  жетілуіне 

барынша  ықпал  ететін  әлеуметтік-психологиялық,  педагогикалық

жағдайларды анықтап, жобалау;

1  студенттің  маман  жэне  тұлға  ретінде  даму  ерекшеліктерін

анықгауға  жэне  жобалауға  мүмкіндік  беретін  әдістемелік,  психо-



диагностикалық кұралдарды жасау; 

• 

•  ••• 

|

-  кәсіби  білім  беру  субъектілерінің -   оқытушьшардың,  экімші-

ліктің,  ұжымның  психологиялық  ерекшеліктерін  жэне  олардың 

студенттің психикалық дамуына ықпал ету механизмдерін зерттеу.

Жогары  м е к те п   психологиясының  ңұрылымына

 

жоғары  оқу 



орнындағы  а)  оқу  әрекетінің  жэне  оқыту  психологиясы,  э)  даму 

психологиясы,  б)  педагогикалық кэсіби  іс-эрекет  психологиясы  бо-

йынша эр жақгы білім қамтылады.

Жогары  м е к т е п т е г і  оқу  әрекеті  және  оқ ыту  психологиясы 

болашак  мамандардың  оку-танымдық  жэне  оқу-кэсіби  іс-әрекеті- 

нің  психологиялық  негіздерін;  оқу  эрекетінің  жетілу  ерекшелік- 

терін;  кэсіби  білім  беру  жағдайында  танымдық  даму  мәселесін; 

окыту  зандылықтарын;  студенттің  шығармашьшық  элеуеті  мен  су- 

бьектілік  қасиеттерінің  дамуындағы  оқытушының  рөлін  зерттейді. 

Жоғары  мектептегі  оқыту  психологиясының  негізіне  болашақ  ма- 

манның  білімі,  икемділіктері,  дағдьшары  орнығьш,  жетілуін  жэне 

психологиялық  денсаулығын  қамтамасыз  етуге  бағытталған  оқыту 

және  оқу  теориялары,  олардың  формалары  мен  әдіс-тәсілдері  қам- 

тылады. 

-  •  ,

6


Ж огары   м е к т е п т е г і  даму  психологиясы

  студенттік  жас  ке- 

зеңіндегі  психологиялық  ерекшеліктерді,  кәсіби  білім  беру  бары- 

сында  болашақ  маманның тұлғалық даму  заңдьшықтарьш  зерттей- 

ді; студенттердің психологиялық қиыншьшықтары мен мәселелерін; 

олардың  психологиялық  типологиясын;  оқу-тәрбие  үдерісінің  су- 

бьектілері  арасындагы  өзара  әрекеттестік  пен  өзара  қатынастың 

тиімді жолдары мен амалдарын анықгап, жобалайды.



Ж огары   м е к т е п т е г і  педагогикалық  іс-әрекет  психологиясы  

оқытушының  оқыту,  тәрбиелеу  іс-әрекетін,  оның  тұлғалық  және 

қарым-қатьшас  жасаудагы  психологиялық  ерекшеліктерін,  кэсіби 

жетілу  сатылары  мен  заңдылықтарын  зерттейді.  Педагогтердің 

кәсіби  жэне  түлғалық  дамуын  қарқынды  түрде  жүзеге  асыруға, 

білім  беру  проңесіндегі  өзара  әрекеттесудің  оңтайлы  жағдайын 

жасауға  мүмкіндік  беретін  психологиялық  технологиялар  да  атал- 

мыш  бөлімнің  нысаны  болады.  Сонымен  қатар,  мүнда  оқытушы- 

ның  педагогикалық  проңесті  үйымдастыруындағы  психологиялық 

негіздер;  тұлғалық  жэне  кәсіби  үстанымдар;  оқытушының  кәсіби 

деформаңиялары,  оның  себептері,  шешілу  тәсілдері  қарастырьша-

ды.


Жоғары  мектеп  психологиясы  педагогикалық  психологияның

саласы болып табылады.

Сонымен  қатар,  жоғары  мектеп  психологиясы  басқа  да  пси- 

хология  ғылымдарымен  тығыз  байланысты.  Өйткені,  жоғары  оқу 

орнында  кәсіби  білім  берудің  мәселелерін  шешу  үшін  психология 

ғьшымдарының  көптеген  салаларындағы  -   жалпы  психология- 

ның,  түлға  психологиясының,  жас  ерекшелік  психологиясының, 

элеуметтік  психологияның,  даму  психологиясының,  дифферен- 

циалдық психологияның, еңбек психологиясының, тәжірибелік пси- 

хологияның,  психогенетиканың  жэне  т.с.с.  білімдер  жүйесі  қолда- 

нылады.

Нысанының,  пәнінің  күрделі  болуына,  жалпы,  адам  жайлы 



гылымдардың  өзара  байланыстарының  тығыздығы  бойынша  жо- 

ғары  мектеп  психологиясы  пэнаралық  ықпаддастықпен  сипатта- 

лады.  Жоғары  мектеп  психологиясы  философия,  педагогика,  мәде- 

ниеттану,  элеуметтану,  құқықтану,  анатомия,  физиология,  тіпті, 

математика,  медицина  сияқгы  көптеген  қоғамдық,  элеуметтік-ізгі- 

лікті  жэне  жаратылыстану  ғылымдарындағы  білімдермен  өзара  кі- 

рігіп, өзара сабақтастықга дамып, жетіледі.

7


Қазіргі  қогамдағы  елеулі  өзгерістерге  жэне  ғылым-білімнің 

каркынды  дамуына  байланысты  жоғары  мектеп  психологиясының 

алдында  жаңа  міндеттер  де  шыкты.  Сондықтан, 

ж огары   оқу  ор- 

нында  психологиялық  дайындаудың,  психологиялъщ   қызмет 

көрсетудің  туж ы ры м дам алары н  дәйектеп,  оларды  жүзеге  асы- 

рудың  гылыми  негізделген  т и ім д і  те хн о ло ги я ла р ы н   ж обалау

және  жүзеге  асыру

  аса  көкейтесті  болып  табылады.  Осы  орайда 

білім беру мен ғылым саласындағы психологияның орнын түсінуге

мүмкіндік беретін тұрғылар қарастырылады:

-  психология  болашақ  маманның  өз  дамуын  қарқынды  жэне

дәлме-дәл жүргізуіне, жеке-дара ерекшеліктерді ескере отырып, оқу

эрекетін жетілдіруге бағыт бере алады; 

ь 

%

-  психологиялық  мэдениет  кэсіби  білім  беру  субъектілерінің

оку-кэсіби  іс-эрекетіндегі,  қарым-қатынасындағы,  даму үдерісінде-

гі мэселелерді тиімді шешуге негіз болады;

-  психологиялық даярлық студенттердің,  оқытушылардың  пси-

хологиялық  жағынан  саулықты  сақтауын,  арттыруын  қамтамасыз

етеді. 


'■ 

|

Сонымен,  жоғары  мектеп  психологиясы  жоғары  оқу  орнын- 



дағы  кэсіби білім беруді жетілдіруге және оның субъектілерінің да-

муына жағдай, шарт болады.



1.2. Жоғары мектеп психологиясының әдіснамасы

Жоғары  мектеп  психологиясында  жинақталып,  қордаланған 

барлық  білімді  салыстырмалы  түрде 

теориялы қ

  жэне 


эмпирика- 

лық

  деп  ажыратуға  болады.  Білімді  осылайша  топтастыру  әлбетте 

шартты  болады.  Себебі,  психологиялық  заңдылықтарды  ескеретін 

кез  келген  әрекет  эрқашан  алынатын  нэтижені  болжап,  түсіндіре- 

тін тэсіл ретіндегі  қандай да бір ғылыми,  тіпті  стихиялық теорияға 

негізделеді.  Ал,  екінші  жағынан,  ақиқатты  түсіндіретін  өзара  бай- 

ланысты  идеялар,  қағидалар  жүйесі  ретіндегі  нақгы  бір  теория  тэ- 

жірибе барысында алынатын эмпирикалық жайттарға арқаланады.

Теория,  соның  ішінде  психологиялық  теориялар  да  ақыл-ой 

нәтижесі  ретінде  сараланып,  түзілетіндігі  белгілі.  Сондықтан  «дұ- 

рыс»  жэне  «дұрыс  емес»  теория  деген  ғылымда  болмайды.  Бірақ, 

теориялар  белгілі  бір  дәрежеде  негізделген,  түсіндірілген,  сенімді,

8


объективті  болып  қабылданады.  Қазіргі  кезде  психологиялық 

жайттардың  бір  мэнді  анықталмауына  байланысты  психология- 

да  эр  құбылыстың  бірнеше  теориялық  түсініктемесі  бар.  Мыса- 

лы,  тұлғага  қатысты  бірнеше  теориялар  бар;  студенттік  жас  кезе- 

ңіне  байланысты  бірнеше  ұстанымдар  белгілі;  жоғары  мектеп 

оқытушылары  мен  студенттердің  түрлі  типологиялары  жасалған; 

кэсіби  білім  беру  жүйесіндегі  субъектілердің  танымдық  ерекше- 

ліктері,  эмоциялык  дүниесі,  мотивация  саласы  т.б.  бойынша  көп- 

теген  тұжырымдамалар  қорытьшған.  Бірақ,  психологиядағы  тео- 

риялардың  көптігі  психологиялық  білімнің  нақтылығына  шек 

келтірудің  салдары  емес.  Психологиялық  теориялардың  сан-алуан 

болуы  соңғы  жылдары  психологиялық  білімге  деген  сұраныстың 

ерекше  артуына;  психологиялық  білімнің  адам  өмірінің  барлық 

саласындағы  қажеттілігіне;  білім  беру  мен  дамытудың,  оқытудың 

жаңа  бағдарламаларьшың,  тұжырымдамаларының  көбеюуіне;  кэ- 

сіби  дайындау  жүйесінің  жетіле  түсуіне  байланысты.  Сонымен  қа- 

тар,  психологиялық құбылыстарды түсіндіретін теориялардьщ көп- 

тігі оларды эр жағынан ашуға мүмкіндік береді.

Ғылыми  психологияда,  нақгы  айтқанда,  жоғары  мектеп  психо- 

логиясьшда  білім  алу,  оны  жинақтап,  қордаландыру 



гы лы м и  әдіс-

т е р

 арқылы болады.

Жоғары мектеп психологиясының эдістерін сипаттау үшін «әдіс- 

нама», «әдіс» жэне «әдістеме» ұғымдарын анықгап алу керек.

Кез  келген  ғыльши-зерттеу  негізін  оны  ұйымдастырып,  жүзеге 

асырудың  элдеқайда  жалпыланған  қағидалар  мен  тәсілдер  жүйесі 

құрайды. Бұл қағидалар мен тәсілдер зерттеушінің дүниетанымына, 

ғьшыми  ұстанымы  мен  көзқарасына  тіректеледі.  Теориялық  білім 

алу жэне құру тәсілдерін, сондай-ақ, іс-эрекетгі ұйымдастыру тәсіл- 

дерін анықгайтын осындай жүйе 



әдіснама

 деп аталады. Нақты зерт- 

теу тәсілдері мен алынған нәтижелерді түсіндіру әдіснамаға тэуелді 

болады.  Сол  себепті  бихевиоризм,  психоанализ,  гештальтпсихо- 

логия  сияқты  психологиялық  бағыттардың,  тұжьфымдамалардың

өзіндік дербес әдіснамасы болады.

Сонда, «эдіснама» термині эдіс жайлы ілім дегенді білдіреді.

Сонымен, 



әдіснама

  -  


сыртқы  о р та н ы   т а н у   мен  тү рлендіру- 

дің,  теориялық   және  практикалы қ   іс-ә р е к е тті  ж узеге  асыру- 

дың  элдеқайда  ж а лп ы ла н га н   қагидалары,  қурылымдары,  уйы м -

9


да сты р у  қисыны,  эдіс-тә сілдері  мен  қүралдарының  жүйесі, 

сонымен  бірге,  осы  ж у й е  ж а й лы   ілім .

  Әдіснама нақты, объективті

ғылыми нәтиже алуға бағдарлаиды. 

|   | 


Ш  1

Психолоғиялық  құбылыстарға  талдау  жасау  әдіснаманың 



ж а л -

пыфилософиялық  (бәріне  ортақ ),  ж а лпы гы лы м и   (нақ ты -гы лы -

м и)  ж эн е   арнайы  (дербес-гылыми)  деңгейлерінде

  жүзеге  асыры-



лады. 

I  

'4'

  ү /

Ж алпыфилософиялық 

эдіснама

  элемді  танудың  жалпы  эдісте- 

рін,  адамдардың  рухани  іс-эрекеттерінің  жалпы  тэсілдерін  қамти- 

ды. Сонда, бұл деңгейде философияда қалыптасқан заңдар мен қағи- 

далар  басшылыққа  алынады.  Ғылыми  ұстанымдарына  байланысты 

эр зерттеуші түрлі  философиялық жүиелердегі  бір түрғыны  негізге

алады.

Психологияның 



ж алпы гы лы м и  эдіснамасы

  зерттеу  жұмыста- 

рында  қоғамтану,  жаратылыстану  жэне  техникалық  ғьшымдардың 

жетістіктеріне негізделуді  алға қояды.  Бұл деңгейде  нақгы  бір  сала 

бойынша  ғана  емес,  бірқатар  ғылымға  қатысты  ғылыми  таным- 

ның ықпалдасқан,  әмбебап  қағидалары,  құралдары,  формалары жа- 

салады. 

Арнайы   эдіснама

  психологиядағы  негізгі  қағидалардың 

жиынтығы  болып табылады.  Бұл  деңгейде  зерттеу  объектісінің  құ- 

рылымын, қатынастар жүйесін анықгау, психологиялық теория түзу

мүмкін болады. 

ч 

-  , 4 



а

 ±

Қазіргі  кездегі  біздің  елдегі  психология  ғьшымдарындағы  бас- 

ты  қағидалар  1930-шы  жылдары 

С.  Л .  Р у б и н ш те й н ,  Л .   С.  В ы - 

го тс к и й ,  А .  Н .  Л е о н ть е в

  т.с.с.  ғалымдардың  еңбектері  нэтижесін- 

де  тұжырымдалған.  Кеңес  кезінен  осы  күнге  дейін  келе  жатқан 

психологиядағы  негізгі  әдіснамалық  қағидаларға 



детерм инизм

  қа- 


ғидасы;  сана  мен  іс-эрекеттің  бірлігі  туралы  қағида; 

дам у

  қағида-

сыжатады. 

іг,  ....  .



Д етерм инизм   қагидасы

  психикалық  құбылыстар  адамның 

тіршілік  жағдайымен  аныкталатынын,  тіршілік  жағдайындағы  өз- 

герістер психиканың да өзгерісіне  себепкер  болатынын  дәйектейді. 

Сонда,  кез  келген  психикалық  құбылыстардың  себебін  анықгауға,

ескеруге, негізге алуға мүмкін болады.



С. Л .  Р у б и н ш те й н

  1933-жылы тұңғыш рет 



сана м ен  іс-э р е к е т- 

тің   бірлігі

  туралы  қағиданы  тұжырымдаған.  Бұл  қағида  сана  мен 

іс-әрекеттің  бір-біріне  ешқашан  қарама-қайшы  келмейтінін,  тепе-

ю


тең  келмейтінін  ашып,  олардың  өзара  бірлікте  болатынын  бшдіре- 

ді.  Сана іс-әрекеттің ішкі жоспары,  бағдарламасы болып табылады. 

Сана  мен  іс-әрекетгің  бірліғі  жайлы  қағида  іс-әрекет  барысында 

ғана тұлғаның дамуы, жетілуі мүмкін деп анықтайды.



Д а м у  қагидасы

  психикалық құбьшыстарды  үздіксіз даму  бары- 

сының өнімі жэне іс-әрекет нәтижесі ретінде қарастыру арқылы ға-

на дәлме-дәл түсінуге болатынын білдіреді.

Сонымен  қатар,  зерттеу  жүргізудің  негізі  ретінде  әдіснама 

қолданылатын  әдістерді  анықгайды.  Сондықтан, 



әдіс

  психикалық 

қүбылыстарды зерттеудің нақты тэсілдері мен амалдарының жиын-

тығы болып табылады.

Қандай  болмасын  ғылыми  түрғы  жэне  әдіснамалық  қағидалар 

нақгы 


з е р т т е у   ә дістері

  арқылы  түзіледі. 



Б е л гіл і  бір  та н ы м   т э -  

сілін  ұ йымдастыру формасы з е р т т е у  ә дістері деп а та ла дъ и

Әдіс -

 ғылыми зерттеу жүргізудің жолдары немесе қандай да бір 

ақиқатгы тану тәсілі. Сонда, ғылыми эдіс белгілі бір обьектіні зерт- 

тегенде қолданылатын амалдардың жиынтығы болып табылады.

Әдіс  психологияның  зерттеу  пәні  негізінде  қарастырылатын 

объектіге қатысты 



гы лы м и  тұргыны

 қүрайды.  Ғылыми түрғы әдіс- 

намальгқ  қағидалар,  яғни  зерттеу  тәсілдері,  сипаты  мен  бағыттары

арқылы анықталады.

Өз  кезегінде  психологияның  кез  келген  әдісі 

з е р т т е у   әдіс- 

тем есіне

 басты  қүраушы болады.  Әдістеме  нақты бір зерттеу жүр- 

гізудің  ережелер  жиынтығымен  таньшады.  Әдістеме  зерттеудің 

нақгы мақсаттары мен міндеттеріне қатысты алынады. Оған зерттеу 

объектісі  мен  процедураларын  сипаттау;  зерттеу  арқьшы  алынған 

мәліметгерді  шегендеу мен өңдеу тәсілдері  кіреді.  Әдістемеге зерт- 

теуде қолданылатын құралдарды, заттарды сипаттау кіреді. Әлбетте, 

эдістеме  арқылы  зерттеу  эрекетгерінің  реті,  мерзімі  анықгалады.

Сонымен  қатар,  психологиядағы  зерттеу  эдістемесі  зерттелушінщ 

жас  ерекшелігін,  жыныстық  айырмашылығын,  ұлттық  өзгешелі- 

гін,  мамандығын  ескереді.  Олай  болса,  психологиядағы  нақты  бір 

эдіс  бірнеше  нұсқада  көптеген  эдістемеге  кіре  алады.  Сондықган, 

нақты  бір  эдіс  негізінде  көптеген  әдістемелер  құрастырылуы  мүм- 

кін.  Мәселен,  психологиядағы  эксперименттік  эдіс  танымдық  про- 

цестерді,  тұлғалық  ерекшеліктерді,  эмоциялық  кейіпті  және  т.б. 

психикалық құбьшыстарды зерттейтін эдістемелерден тұрады.

11


Кез келген психологиялық зерттеу жүргізу -  

с а ты л ы   процесс. 

Жогары  мектеп  психологиясы  шеңберінде  зерттеулер  көбіне 

мынадай негізгі сатылардан, қадамдардан тұрады:

-  зертгеу  мэселесін,  нысанын  жэне  пэнін,  мақсат-міндеттерін

нақтылау; 

и



-  зерттеу болжамын келтіру; 

'



і

!4>


-  зерттеуден  алынған  нэтижелерді  алғашқыда  қойылған  бол-

жам негізінде бағалау, талдау; 

"•

-  зерттеуден  алынған  нэтижелерді  жалпьшап,  корытындылау



жэне талдап, түсіндіру. 

'

Зерттеу  мэселесін,  нысанын  жэне  пәнін,  мақсат-міндеттерін



нақтылау 

г



Жоғары  оқу  орнындағы  оқыту,  тэрбиелеу,  дамыту,  кэсіби  да- 

йындау  процестерінде  қандай  да  бір  психологиялық  қүбьшыс  бү- 

рын-соңды  мүлде  немесе  кейбір  қырлары  бойынша  қарастырьш-

маған  жағдаида,  зерттеу  нысандарына  қатысты  ошім,  жаиттар, 

ғьшыми түсініктер жеткіліксіз немесе қайшылықта болғанда, эмпи- 

рикалық  мәліметтер  арасында  қайшьшықтар  орын  алғанда  зерттеу 

мэселесінің  пайда  болғандығын  көрсетеді.  Сонда  кәсіби  дайындау 

жүйесінде  психологиялық,  педагогикалық  мэселе  орын  алса,  оны 

ғылыми түрғыдан зерттеу қажет екені белгілі.

Психологиялық  з е р т т е у   мәселесі

  1)  психологиялық  ғылым- 

білімдегі,  тәжірибедегі  жеткіліксіз  жайттарды  аңғару;  2)  психоло- 

гиялық  ғылым-білімдегі,  тәжірибедегі  зэрулікті  жоюдың  қажет- 

тілігін  аңғару;  3)  байқалған  психологиялық  мәселені  ғылыми 

тұрғыдан сипаттау арқылы қойылады.



З е р т т е у   нысаны

  таным  процесінің  неге  бағытталғандығын 

көрсетеді.  Жоғары  мектеп  психологиясы  аясындағы  зерттеулердің 

нысаны  студенттерге,  оқытушыларға,  кәсіби  дайьшдау жүйесіндегі 

субьектілердің  қандай  да  бір  тобына  қатысты  психологиялық  кү- 

былыстар, психологиялық ерекшеліктер болып табылады.



З е р т т е у   пәні

  зерттеу  нысанының  нақты  бір  жақтары,  қасиет- 



%

тері,  қатынастары  болып  табылады.  Психологиялық  зерттеу  пэні 

жеке-дара психикалық қасиеттер, психикалық жай-күйлер, психика- 

лық процестер,  психикалық  функциялар,  іс-эрекет,  қарым-қатынас, 




жүктеу 4.86 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет