Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі қ. И. СƏтбаев атындағЫ Қазақ Ұлттық техникалық


№ 15 дəріс тақырыбы. Экономикалық дамудың халықаралық аспектілері



жүктеу 0.79 Mb.
Pdf просмотр
бет7/7
Дата30.04.2017
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

№ 15 дəріс тақырыбы. Экономикалық дамудың халықаралық аспектілері.

Халықаралык, экономикалық  қатынастардың  дəстүрлі  жəне  ең  кең  дамыған

нысанына  сыртқы  сауда  жатады. Дүние  жүзіндегі  елдердің  барлығы  үшін  сыртқы

сауданың рөлі ерекше маңызды.

Американ  ғалымы  Дж. Сакстың  пікірінше „қандай  бір  ел  болмасын  оның

экономикалық  жетістігі  сыртқы  саудаға  байланысты. Дүниежүзілік  экономикадан

оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жок.

Халықаралық экономикалық қатынастардың мынандай:

      1. Халықаралық еңбек бөлінісі.

      2. Тауарлар жəне қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы.

      3. Капиталдар мен шетел инвестицияларының қозғалысы.

      4. Жұмысшы күшінің халықаралык, миграциясы.

      5. Халықаралық   валюта-қаржы  жəне несие қатынастары.

      6. Халықаралық экономикалық интеграция.

Халықаралық  сауда  —  еңбек  бөлінісі  негізінде  əр  түрлі  елдердің  тауар

өидірушілер  арасыда  пайда  болатын  байланыстардың  нысаны  жəне  олардың  өзара

экономикалық тəуелділігі.

Ғылыми-техникалық  прогрестің  ықпалымен  экономи-када  жүріп  жатқан

қүрылымдық  өзгерістер, өнеркəсіп  өндірісінің  мамандануы  мен  кооперациялануы

ұлттық  шаруашылықтардың  қарым-қатынасын  күшейтеді.   Мұның  өзі  халықаралық

сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

Халықаралық  сауда  дегеніміз — дүние  жүзі  елдері  арасындағы  төлемді,

жиынтық тауар айналысы.

Сыртқы саудада „фритредерствоны" (еркін сауда), немесе „протекционизмді" (өз

тауар  өндірушілерін  қолдау)  таңдап  алудағы  ымырсыздық  өткен  уақыттардың

еншісінде қалды. Қазіргі кезде бүл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.



54

Фритредерство  саясатын  ең  алғаш  А. Смит  өзінің „Салыстырмалы

артықшылықтар теориясында" анықтаған. Ол: „айырбас қандай елге болса да қолайлы;

əрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады",— деп жазған.

XX ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен

жедел дами бастады.

Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар əсер етті:

1) халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісгі интернационалдаудың дамуы;

2)  экономикада  жаңа  салалардың  пайда  болуына  жəне  негізгі  капиталды

жаңартуға игі əсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;

3) дуниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;

4) тарифтер  мен  сауда  туралы  Бас  келісімнің  шаралары  арқылы  халықаралық

сауданың реттелуі;

5)    көптеген  елдердің  импортына  кедергілердің  жойылып,        кеден        бажы

төмендеп,     еркін    экономикалық аймақтардың құрылуы;

6)  сауда-экономикалық  интеграция  процестері  дамып, жалпыға  бірдей

рыноктардың қалыптасуы;

7)   сыртқы   рынокқа   бейімделген   экономикасы   бар  „жаңа индустриалды

елдердің" пайда болуы т. б.

Халықаралық сауданың көрсеткіштері:

Сыртқы сауда айналымы=Экспорт+Импорт;

Сауда байланысы=Тауарлар экспорты мен импорт айырмасы;

Белсенді  сальдо – экспорттан  түскен  табыс  сомасының  импортқа  кеткен

шығынынан артық болуы.

Енжар сальдо – импортқа кеткен шығын сомасының экспорттан түскен табыстан

артық шығуы.

Экспортты  квота – экспорт  шектеулі  болған  жағдайда  экспортқа  шығаруға

рұқсат етілетін тауарлар саны.

Халықаралық  еңбек  бөлінісі  дамуының  негізгі  бағыты  халықаралық  мамандану

мен өндірісті кооперациялауды мейлінше кеңейту жəне тереңдету.



Халықаралық  еңбек  бөлінісі  дегеніміз—қоғамдық  еңбектің  еларалық  бөлінісінің

жоғарғы  сатысы. Ол  жекелеген  елдердің, экономикалық  пайдалы  ендіріске  түрақты

түрде маманданып, белгілі сандық жəне сапалық арақатынастар арқылы басқа елдермен

өндіріс өнімдерімен алмасуы.

 Мамандану  мен  кооперациялау  халықаралық  еңбек  бөлінісінің  нысандары,

сонымен  қатар  оның  мəнін  анықтаушы  категориялар.   Кəсіпорындардың  жекелеген

өнімдерді  өндіруге  мамандануы  қазіргі  ғылыми-техникалық  прогреске  тікелей

байланысты. Өндірістің  технологиялық  құрылымының  күрделенуі  өнім  өндіру  үшін

пайдаланатын бөлшектер мен тетіктердің сандық мөлшерін көбейтіп жібереді.

Халықаралық  еңбек  бөлінісінің  дамуына  ең  алдымен  əсер  ететін  факторларға

еңбек  өнімділігін  арттыру,  өндірістің  жоғары  тиімділігіне  жету  жəне  өндіріс

шығындарын мейлінше төмендету факторлары жатады.

Халықаралық  еңбек  бөлінісінің  тартымдылығы  сонда, бұл  процеске  қатысушы

əрбір  субъект  одан  өзінің  экономикалық  мүддесін  қанағаттандыратын  мүмкіндіктерді

іздеп табады.

Халықаралық 

еңбек 

бөлінісінің 



артықшылықтарына 

экспортталатын

тауарлардың  халықаралык, жəне  ішкі  бағалары  айырмашылығынан  жəне  тиімді

импортты ынталандырудан түсетін пайдаларды да қосуға болады.

Дүниежүзілік  шаруашылык, жүйесі  құрылуының  өзі  халықаралық  еңбек

бөлінісінің біріктіруші қызметінің арқасында мүмкін болды.



55

Валюталық  қатынастар  дегеніміз — дəстүрлі  ақша  қызметінің  дүниежүзілік

ақша  қызметіне  ауысуымен  байланысты  жүзеге  асатын  экономикалық  қатынастардың

жиынтығы.

Дүниежүзілік  ақша  сыртқы  сауда  мен  қызмет  көрсетулерді, капиталдар

қозғалысын, пайданы  инвестицияларға  аударуды, несие  жəне  қарыз  беруді, ғылыми-

техникалық  айырбасты, туризмді, заңды  жəне  жеке  тұлғалардьщ  ақша  аударуын

қамтамасыз етеді.

Валюталық  қатынастар  ұлттық  жəне  халықаралық  деңгейде  жүзеге  асады.

Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды.

Ұлттық  валюта  жүйесі  дегеніміз — мемлекеттік  заңдармен  бекітілген, елдің

валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны (формасы).

Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:

· Ұлттық валюта бірлігі;

· ресми алтын-валюта қорының қүрылымы;

· Ұлттық  валютаның  паритеті  мен  валюта  курсын  қалыптастыратын

механизмі;

· валютаиың  айырбасталу  мүмкіндігі (обратимость, конвертируемость

валюты);

· валюталық шектеулердің деңгейі;

· мемлекеттің  сыртқы  экономикалық  есептеулерді жузеге асыру тəртібі.

Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы (құны) мен

паритеті жатады.

Валютаның курсы дегеніміз — жекелеген елдердің валюталарының ара қатысы

немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасының „бағасы".



„Паритет  — валюталардың  алтын  мөлшеріне  сəйкес  ара  қатысы. Паритет

валюта  курсының  негізі, бірақ  валюта  курсы (құны) оның  паритетіне  дəлме-дəл

келмейді.

Халықаралық  валюта  жүйесі  дүниежүзілік  шаруашылық  шеңберіндегі

валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.

Бұл  жүйе  дүниежүзілік  капиталистік  шаруашылықтың  бірте-бірте  қалыптасуы

нəтижесінде 

пайда 


болып, кейінірек 

мемлекетаралық 

келісімдер 

арқылы


заңдастырылған.

 Халықаралық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

· ұлттық жəне ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;

· халықаралық өтімді (ликвидный) активтердің құрамы мен құрылымы;

· валюталық паритеттер мен курстардың (валюта құнының) механизмі;

· валюталардың өзара айырбасталу жағдайы;

· халықаралық есептеулердің нысандары;

· халықаралық  валюта  рыноктары  мен  дүниежүзілік  алтын  рыногындағы

орныққан тəртіп;

· халықаралық валюта-қаржы қозғалысын реттеуші ұйымдар     (Халықаралық

валюта     қоры — МВФ,     Халықаралық даму банкі — МБРР жəне т. б.)

Халықаралық  Валюта  жүйесінің  негізгі  міндетттеріне  тұрақты  экономикалық

өсуді, инфляцияны  ауыздықтауды, сыртқы  экономикалық  айырбас  пен  төлем

айналымын  тепе-теңдікте  сақтауды  қамтамасыз  ету  шеңберіндегі  халықаралық

есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.

Халықаралық  Валюта  жүйесі  халықаралық  экономикалық  қатынастарды

кеңейтуге, немесе, керісінше шектеуте əсер ететін ең маңызды механизмдердің бірі.

Негізгі əдебиеттер: 8 нег. [4-13], 25 нег. [1-16], 12 нег. [1-9], 10 нег. [1-26]



56

Қосымша əдебиеттер: 11 қос. [1-14], 12 қос. [1-12],

Бақылау сұрақтары:

1) Халықаралық  экономикалық  қатынастар  жүйесіндегі  Қазақстанның  орны

қандай?

2) Сауда балансы дегеніміз не?



3) Халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз не?

4) Валютаның курсы дегеніміз не?

5) Халықаралық сауданың көрсеткіштері.

2.3 Тəжірибелік (семинар) сабақтарының жоспары

1-тапсырма.  Экономикалық дамудың жалпы теориясы

Əдістемелік  ұсыныстар: Экономикалық  дамудың  жалпы  теория  ұғымдарының

мəнін ашу қажет. Осы ұғымдарға түрлі мысалдар келтіріңіз. Экономикалық теория əр-

түрлі  жəне  жеке  тану  əдістерін  пайдаланады. Экономикалық  теорияны  игеру  үшін

ғылыми  абстракция, индукция, дедукция, тарихи, логикалық, талдау, синтез,

нормативті, позитивті  əдістерді  пайдаланады  жəне  қолданады. Экономика-

математикалық  моделдерді, кестелерді, схемаларды, графиктерді  құрастыру  əдістерін

ұйреніп білу қажет.

Негізгі əдебиеттер: 1 нег. [1-7], 2 нег. [3-25], 3 нег. [5-30], 7 нег. [1-78]

Қосымша əдебиеттер: 5 қос.  [1-8], 15 қос. [1], 16 қос. [ 1-3], 17 қос. [ 1],

Бақылау сұрақтары:

1) Экономикалық теорияның құрылымын талдап беріңіз

2) Экономикалық теориядағы категориялар дегеніміз не? Қандай заңдар мен

проблемаларды білесіз, соларды атап беріңіздер.

3) Экономиканы зерттейтін əдістерді атап жəне мысал келтіріп беріңіздер

4) Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері мен атқаратын

функцияларын атап жəне мысалы келтіріп беріңіздер

5) Экономикалық теорияның даму кезеңдері мен теориялық мектептерді атап

жəне мысал келтіріп беріңіздер.

2-тапсырма.

Қоғамды  экономикалық  ұйымдастырудың  негізгі

проблемалары.

Əдістемелік ұсыныстар: экономика екі іргелі экономикалық аксиомаларға жəне

үш  мəселесіне  негізделетініне  назар  аударыңыз. Бир  игіліктер  шектеусіз  мөлшерде

болады,  ал  екіншісі  –  шектеулі,  осыны  ажырату  білу  қажетті.  Шектеулі  ресурстар

жағдайында  таңдау  мəселесі  туындайды. Мүмкіндік  нұсқаларын  таңдау  жасалуын

дəлелдеу. Өндіріс  мүмкіндіктердің  қисық  сызығы, өспелі  баламалы  шығындар  заңы,

экономикалық  тиімділік  туралы  есептерді  шығару. Экономикалық  жүйенің  түрлеріне

сипаттамаларды беру жəне мысал келтіру.

Негізгі əдебиеттер: 7 нег. [27-28, 43-58], 9 нег. [10-33], 10 нег. [8-17], 11 нег. [1-

10], 14 нег. [1-10]

Қосымша əдебиеттер: 11 қос. [ 1-10], 13 қос. [3-57]

Бақылау сұрақтары:

1) Экомиканың негізгі аксиомаларын атап жəне талдап беріңіздер.

2) Ресурстар дегеніміз не? Қандай топтарға жəне түрлерге жүктеледі: Ресурстар

мен мұқтаждықтар қандай мөлшерде болады?

3) Қоғамның өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы сызба графикте көрсетіп

жəне талдап беріңіздер.

4) Экономиканың негізгі үш мəселесін анықтап жəне белгілеп беріңіздер?

5) Альтернативтік шығындар мен экономикалық тиімділік дегеніміз не?


57

6) Экономикалық  жүйенің  түрлері  мен  жіктелу  критерийлерін  белгілеп

беріңіздер.

3-тапсырма.  Экономиканың  негізгі  ұйымдастыру  формалы. Нарықтық

экономика.

Əдістемелік  ұсыныстар: нарықтың  пайда  болу  жағдайлары  мен  атқаратын

қызметтеріне (функцияларына) назар аударыңыз. Нарық түрлерін жіктеу, принциптері

мен сипаттамаларын анықтау. Нарықтық инфрақұрылымын кесте ретінде көрсету жəне

мысалы келтіру. Нарықтық экономика субъектілерінің өзара əрекет ету үлгісін суретте

сызба ретінде көрсету. Нарықтық артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.

Негізгі əдебиеттер: 2 нег. [40-78], 4 нег. [4-56], 6 нег. [1-34], 7 нег. [ 18-43],  9

нег. [ 50-74], 13 нег.[ 1-12]

Қосымша əдебиеттер: 11 қос. [1-8]

Бақылау сұрақтары:

1) Натуралды жəне тауарлы шаруашылықтардың пайда болу жағдайлары мен

негізгі белгілерін атап беріңіздер.

2) Тауар дегеніміз не? Өнімнің қандай айырмашылығы бар? Тауардың

қасиеттерін белгілеп беріңіздер.

3) Ақшаның пайда болу жағдайлары мен атқаратын қызметтерін атап беріңіздер.

4) Нарықтық экономиканың негізгі белгілерін анықтап беріңіздер.

5) Нарықтың пайда болу жағдайларын, мəнін жəне атқаратын қызметтерін

(функциялары) белгілеп беріңіздер.

6) Нарықтың түрлерін жіктеп беріңіздер.

7) Нарықтың инфрақұрылымы дегеніміз не? Мысал келтіріп беріңіздер.

8) Нарықтық шаруашылықтың субъектілері не болып табылады?

4-тапсырма.  Капиталдың айналымы жəне қайтармалы айналымы.

Əдістемелік  ұсыныстар: өндіріс  жəне  ұдайы  өндірісті  ажыратып  білу. Ұдайы

өндірістің  мəні  мен  құрылымының  белгілеп  беру. Ұдайы  өндіріс  үрдісінің  құрамды

бөлшектерін  анықтау.  Өндірістің  мəні  мен  факторларын  (жұмыс  күші,  еңбек,  капитал

мен  кəсіпкерлік) анықтап  алу. Ұлғаймалы  ұдайы  өндірістің  типі  мен  көрсеткіштерін

анықтау. Қоғамдық  ұдайы  тиімділігінің  экономикалық  көрсеткіштерін  белгілеу.

Капиталдың  қайтармалы  айналымының  мəнін  анықтау. Қор  жинау  мəні  мен

жағдайларын анықтау. Қор жинау мəні мен жағдайларын анықтау. Есеп шығару.

Негізгі əдебиеттер: 4 нег. [3-85], 6 нег. [1-35, 9 нег.[1-39],11 нег.[1-7]

Қосымша əдебиеттер: 5 қос. [38-89]

Бақылау сұрақтары:

1) Қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен пропорцияларын формулалар

арқылы көрсетіп беріңіздер.

2) Жай  жəне  ұлғаймалы  ұдайы  өндіріс  кезіндегі  өткерілу  шарттарын  белгілеп

беріңіздер.

3) Негізгі жəне айналмалы капиталдарды ажыратып жəне мысалы келтіріп

беріңіздер.

4) Амортизацияны жəне амортизациялық төлемдер дегеніміз не?

Амортизациялық төлемдер мөлшері қандай формулалармен есептеледі?.

5) Негізгі капиталдың ескіруін (тозуын) қалай белгілеуге болады.



5-тапсырма. Бəсеке жəне монополия.

Əдістемелік  ұсыныстар: нарықтық  бəсекенің  мəнін  анықтау  жəне  түрлерін

ажырата  білу. Бəсеке  нысандарына  назар  аударып, атап  жəне  сипаттамаларын


58

беріңіздер. Бəсекелілік  күрестің  əдістемелері  мен  салаға  кіру  тосқауылдарын, кəміл

жəне  жетілдірілмеген  бəсекелерін  атап, сипаттамаларды  беру. Монополияның  пайда

болуының  негізгі  себептерін, мəнін, мақсаттары  мен  мақсатқа  жету  амалын,

ұйымдастыру  түрлерін  жəне  əлеуметтік-экономикалық  зардаптарын  атап  беру.

Монополиялардың  пайдасын  барынша  көбейтуін  жəне  монополияның  сұраныс  пен

шекті пайдасының ауытқымасын сызбалар арқылы қарастыру.

Негізгі əдебиеттер: 3 нег. [ 52-63], 6 нег. [12-18], 7 нег. [140-159], 12 нег. [1-5], 13

нег. [1-8]

Қосымша əдебиеттер: 13 қос. [35-67]

Бақылау сұрақтары:

1)  Бəсекелестік күрестің жəне бағаны бақылау əдістерін белгілеп беріңіздер.

2) Бағалық  кемшіліктердің  іске  асу  шарттары  мен  зардаптарын  анықтап

беріңіздер.

3)  Шоғырланудың негізгі бағыттарын жəне бағаны бақылау əдістерін белгілеп

беріңіздер.

4) Монополиялардың ұйымдастыру түрлерін атап жəне сипаттамаларын

беріңіздер.

5) Монополияға қарсы заңдылықтарының мəні мен ҚР нормативті-құқықтық

актілер мен адал емес бəсекенің түрлерін атап беріңіздер.



6-тапсырма. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің теориялары.

Əдістемелік  ұсыныстар: AD жиынтық  сұраныс  көлемінің  серпініне  əсер  ететін

бағалық  факторларын  атап  жəне  сипаттамаларын  беру. AD жəне AS қисықтарының

жылжуына  əсер  ететін  бағалық  емес  факторларын  белгілеп  беру. AS жиынтық

ұсынысының ұлғаю зардаптарын жəне Храповик эффектісінің сызбаларда көрсету жəне

қарастыру. Жиынтық  сұраныс  жəне  жиынтық  ұсыныс  пен  байланысты  негізгі

ұғымдарды  анықтап, айырмашылықтарын  белгілеу. Ұлттық, мемлекеттік  жəне  жеке

ақша  жинақтарына  сипаттамаларды  беру. Тұтыну  жəне  жинақ  ақша  функция

формулаларын белгілеп, ажырата білу.

Негізгі əдебиеттер: 3 нег. [52-63], 7 нег. [140-159],  8 нег. [130-146],

Қосымша əдебиеттер: 13 қос. [27-39]

Бақылау сұрақтары:

1) Жалпы  экономикалық  тепе-теңдік (жиынтық  сұраныс  пен  жиынтық

ұсыныстың) моделін суретте график арқылы көрсетіп беріңіздер.

2) Храповик  эффектісі  нені  көрсетеді? Суретте  график  арқылы  көрсетіп  жəне

сипаттамасын беріңіздер.

3) Тұтыну  жəне  жинақтау  кестесін  орташа  бейімділіктер  дегеніміз  не? Қандай

формулалармен белгіленеді?

4) Тұтыну жəне жинақтау кестесін Самуэльсон қалай атаған жəне не сияқты?

7-тапсырма.  Экономикалық өсудің теориялары.

Əдістемелік  ұсыныстар: əлемнің  барлық  елдерінің  алдынада  тұрған  басты

мəселесі-экономикалы  даму  болып  табылады, осыған  назар  аударту. Экономикалық

кезеңнің  фазаларын  атап, мəні  мен  ерекшеліктеріне  сипаттамалар  беріп, сызбада

қарастыру. Экономикадағы  кезеңдік  ауытқуларға  əсер  ететін  факторларды  белгілеу

жəне анықтамаларды беру. «Қазақстан - 2030» стратегиясындағы экономикалық өсудің

міндеттерін жəне жүзеге асыру бағыттарын атап беріңіз.

Негізгі əдебиеттер: 11 нег. [1-12], 12 нег. [8-14],

Қосымша əдебиеттер: 6 қос. [1-7]


59

Бақылау сұрақтары:

1)  Экономикалық адмудың типтерін жіктеп беріңіз.

2)  Экономикалық өсудің моделдерін атап, сипаттамаларын беру.

3) Мультипликатор (көбейткіш) мен акселератордың өзара əрекетінің моделі

қалай аталады?

4) Акселератор жəне мультипликатордың өзара əрекетінің моделі қалай

аталады?


5) Дағдарысқа қарсы саясаттың мəнін жəне шараларын кезең бойынша

ажыратып беріңіз.



8-тапсырма.   Нарықтық  жағдайындағы  қаржы-несие, банк  жүйелері  мен

қазына саясаты.

Əдістемелік  ұсыныстар: Қаржы  қызметтері  мен  қаржы  жүйесінің  мəнін  жəне

құрылымын  белгілеу. Мемлекеттік қаржылар  мен мемлекеттік  бюджетін кірістері мен

шығындарын  атау. Мемлекеттік  бюджеттен  төленетін  төлемдерді  атап  жəне  жіктеп

беру. Салықтартардың  мəні  мен  атқаратын  қызметтерін, салық  салудың  негізгі

принциптерін, салық  элементтерін  белгілеу. Несие: мəні, атқаратын  қызметтері,

нысандары, институттары, несие  беру  принциптері, несие  жүйесін  атап  беру. Банк:

мəні, экономикалық  рөлі, атқаратын  қызметтері, негізгі  операциялар, коммерциялық

банк, банктердің  кірісі, міндетті  жəне  артық  резервтер. Несие – ақша  саясаты:

мақсаттары мен құралдары.

Негізгі əдебиеттер: 10 нег. [1-12], 13 нег. [8-14],

Қосымша əдебиеттер: 6 қос. [1-7]

Бақылау сұрақтары:

1)  Қаржы жəне финанс ұғымдарының айырмашылығын көрсету.

2)  Мемлекеттің бюджеттің тапшылығының себептері мен төмендету шаралары

не болып табылады?

3) Лаффер қисық сызығын сызу жəне талқылау.

4) Ақшалай мультипликатор дегеніміз не? Мəні мен формуласын келтіру.



2.4 Оқытушының  жетекшілігімен  орындалатын  студенттердің  өзіндік

жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (СОӨЖ)

 1-тапсырма. Өтпелі экономиканың теориялық негіздері.

 

Əдістемелік  ұсыныстар:   Əлемдегі  индустриалды  дамыған  елдерді  қандай



белгілермен  ажыратуға  болады. Өндіргіш  күштер  мен  өндірістік  қатынастар

арасындағы  қайшылықтары  қоғамда  қандай  жағдайларды  тудырады. Өтпелі

экономиканың түрлерін, нысандарын, сипатын жəне міндеттерін  атау. ҚР-ң  нарықтық

экономикаға өтуінің ерекшеліктерін белгілеу.

СОӨЖ өткізу түрлері: презентация, талқылау

Ұсынылатын әдебиеттер:  7 нег. [130-139], 9 нег. [1-24], 10 нег. [1-12]



2-тапсырма. Мұқтаждықтар жəне қоғамның ресурстары.

Əдістемелік  ұсыныстар: Мұқтаждықтардың  мəнін  талқылап  жəне  түрлерін

жіктеу. Мұқтаждықтарды  қалыптастыру  факторларын  атау. Адамдар  қоғамының

тіршілік етуі  үшін процесс керек. Өндіріс құрылымын жіктеу. Өндіруші күштер жəне

өндірістік қатынастар.

СОӨЖ өткізу түрлері: презентация, талқылау

Ұсынылатын әдебиеттер: 7 нег. [73-91], 9 нег. [25--36], 10 нег. [1-12]

3-тапсырма. Нарық механизміндегі сұраныс пен ұсыныс.

Əдістемелік  ұсыныстар: Нарық  механизмінің  элементтерін  белгілеу.

Сұраныс  пен  ұсыныс  заңдарының  мəні. Тепе-теңдік  бағаны  белгілеу. Сұраныстың


60

қисық  сызығы  жəне  ұсыныстың  қисық  сызығы.  Сұраныс  пен  ұсыныстың  бағадан  тыс

факторларын атау жəне талқылау.

СОӨЖ өткізу түрлері: презентация, талқылау

Ұсынылатын әдебиеттер: 7 нег. [140-159], 8 нег. [130-146], 8 нег. [130-146],

13 қос. [27-39]



4-тапсырма. Меншіктің экономикалық мəні жəне түрлері.

Əдістемелік  ұсыныстар: Кесте  ретінде  меншіктің  нысандары  мен  түрлерін,

объектілер  мен  субъектілер  айырмашылығын  көрсету. ҚР  жекешелендірудің  заңдық

негізі. Мемлекетсіздендіру  жəне  жекешелендіру  ұлттық  бағдарламалары. ҚР

мемлекеттік меншікті жекешелендірудің негізгі бағыттары мен кезеңдері.

СОӨЖ өткізу түрлері: презентация, талқылау

Ұсынылатын әдебиеттер: 3 нег. [435-438], 6 нег.[70-118]

5-тапсырма. Өндіріс шығындары мен пайда теориялары.

Əдістемелік  ұсыныстар: Өндіріс  факторларын  сатып  алуға  жұмсалған

шығындары  мен  өндіріс  шығындарын  ажырату. Шығындардың  түрлерін  атау  жəне

талқылау. Пайда  мен  шығын. Пайда  мен  табыстардың  түрлері. Пайданы  барынша

көбейту ережесін формула арқылы көрсету жəне талқылау.

СОӨЖ өткізу түрлері: презентация, талқылау

Ұсынылатын әдебиеттер: 7 нег.[182-199], 8 нег. [18-30], 9 нег. [68-72]

6-тапсырма. Нарықтық жүйеде бағаны құру.

Əдістемелік  ұсыныстар: Бағаның  мəні  жəне  пайда  болу  жағдайларын  атау.

Құн (өзіндік  құн) жəне  пайдалылық  баға  құру  факторларын  атау. Нарықтық  бағаны

құру механизмі. Бағаның түрлері жəне атқаратын қызметтері.

СОӨЖ өткізу түрлері: презентация, талқылау

Ұсынылатын  әдебиеттер: 4 нег. [20-27],  6 нег. [1-35], 7 нег. [200-227], 8

нег.[28-45]

7-тапсырма. Макроэкономика жəне оның көрсеткіштері.

Əдістемелік  ұсыныстар: Микроэкономикалық  жəне  макроэкономикалық

талдау. Макроэкономикалық  саясаттың  мақсаты  мен  құралдарын  белгілеу. Ұлттық

шоттар  жүйесінің  мəні  мен  негізгі  шоттарын  анықтау. Ұлттық  өндірістің  көлемін

өлшейтін көрсеткіштерін атау. Олардың сипаттамалары жəне айырмашылықтары.

СОӨЖ өткізу түрлері: презентация, талқылау

Ұсынылатын әдебиеттер: 4 нег. [28-47],   7 нег. [228-244], 8 нег.[31-44]

8-тапсырма. Жұмыссыздық: мəні, түрлері  жəне  əлеуметтік-экономикалық

салдары.


Əдістемелік  ұсыныстар: Жұмыссыздықтың  табиғи  деңгейі  жəне  құрамы.

Жұмыссыздықтың мəні, көрсеткіштері, түрлері жəне сипаттамалары. Жұмыссыздықпен

күресу шаралары. Жұмыссыздықтың экономикалық жəне əлеуметтік салдарын атау.

СОӨЖ өткізу түрлері: презентация, талқылау

Ұсынылатын әдебиеттер: 3 нег. [123-131],    4 нег. [48-67],   7 нег.[245-260]

9-тапсырма. Табыстар теориясы жəне тұрғындарды əлеуметтік қорғаудың

мəселелері.

 Əдістемелік  ұсыныстар: Əлеуметтік  қорғау  принциптерін  атау.  Жалақы

жүйелері, нысандары  жəне  түрлерін  кесте  ретінде  жіктеу. Жалақы  салымын

анықтайтын  критерийлерін  белгілеу. Табыстардың  түрлерін  атау  жəне  құрамын

көрсету. Табысты  бөлудегі  теңсіздік  деңгейі. Табысты  қайта  бөлудің  мемлекеттік

саясатын атау.

СОӨЖ өткізу түрлері: презентация, талқылау

Ұсынылатын әдебиеттер: 7 нег.[261-271]

10-тапсырма. Инфляция: мəні, түрлері мен əлеуметтік-экономикалық

кемшіліктері.



61

Əдістемелік  ұсыныстар: Ақша  жүйесінің  мəні, жəне  ақша  жиынтығын

анықтау. Ақша  жүйесінің  элементтері  жəне  сипаттамалары. Ақша  айналымының

жылдамдығы  жəне  ақшаның  сандық  теориясы. Инфляция  түрлері, себептері,

факторларын қарсатыру. Инфляция деңгейін өлшеу формуласы.

СОӨЖ өткізу түрлері: презентация, талқылау

Ұсынылатын әдебиеттер: 7 нег.[305-324]

11-тапсырма. Нарықтық жағдайындағы қаржы жүйесі мен қазына саясаты.

Əдістемелік  ұсыныстар: Қаржының  атқаратын  қызметтерін  атау. Қаржы

жүйесінің мəні жəне негізгі субъектілерін атау. Қаржы құрылымының сипаттамалары.

Мемлекеттік  қаржыларын  атау. Салықтардың  атқаратын  қызметтері, Салық  салудың

негізгі принциптері. Лаффер қисық сызығын талқылау.

СОӨЖ өткізу түрлері: презентация, талқылау

Ұсынылатын әдебиеттер: 7 нег.[325-336]

12-тапсырма. Нарықтық жағдайындағы несие-банк жүйесі.

Əдістемелік  ұсыныстар: Несие  жəне  несие  жүйесі. Несие  беру  принциптері

жəне  несиенің  атқаратын  қызметтері. Несие  жүйесінің  негізгі  элементтері  мен  несие

институттары. Банктің  мəні  мен  экономикалық  рөлі, атқаратын  қызметтері.

Коммерциялық  банктің  құрамы. Банк  кірісі, маржа, міндетті  жəне  артық  резервтері.

Ақшалай мультипликатор. Несие-ақша саясатының мақсаттары жəне құралдарын атау.

СОӨЖ өткізу түрлері: презентация, талқылау

Ұсынылатын әдебиеттер: 7 нег.[357-379]



13-тапсырма. Халықаралық экономикалық интеграция.

  

Əдістемелік  ұсыныстар:  Еуропалық  экономикалық  қауымдастықтың



құрылуы. Солтүстік  Америка  жалпы  нарығының  құрылуы. Тəуелсіз  мемлекеттер

достастығы (ТМД). Латын  Америка  территориясында  экономикалық  сада  тобының

құрылуы.

СОӨЖ өткізу түрлері: презентация, талқылау

Ұсынылатын әдебиеттер: 7 нег. [380-403]

      14-тапсырма. Тұтыну қылығының негізгі теориясы.

Əдістемелік  ұсыныстар: Тұтыну  қылығы  кординалистік  жəне  ординалистік

концепция  тұрғысынан  қарастыру. Кординалистік  көзқарасы  жəне  ординалистік

теориясы. Пайдалылықтың  ординалистік  теориясы. Ординалситік  көзқарасы  қандай

қисықта қолданылады. Тұтынушының таңдау факторларын атау жəне талқылау.

СОӨЖ өткізу түрлері: презентация, талқылау

Ұсынылатын әдебиеттер:  7 нег.[406-454]

 15-тапсырма. Экономикадан Нобель сыйлығының лауреаттары.

Əдістемелік  ұсыныстар: Мəліметтер  мен  ақпараттарымен  танысу, ауызша

талқылау жəне жауап алу.

СОӨЖ өткізу түрлері: презентация, талқылау

Ұсынылатын әдебиеттер: 7 нег.[455-463]

2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (СӨЖ)

1-тапсырма. Қазіргі нарықтың теориялары жəне оның даму тарихы.

Əдістемелік ұсыныстар: Экономикалық теорияның  классикалық метебіндегі

нарықтың  мəселелері. Экономикалық  зерттеудегі  нарық  туралы  теориялар. Нарықтық

дамудың  қазіргі  экономикалық  теориялары. Статистикалық  аралас  əлеуметтік

бағытталған нарықтық экономикаға көшу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 3 нег.[4-51], 7 нег.[455-463]



2-тапсырма. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялары.

62

Əдістемелік  ұсыныстар:   Экономикалық  үрдістегі  мемлекеттің  рөліне

теориялық  көзқарастары. Нарықтық  экономикадағы  мемлекеттің  экономикалық

қызметі. Бағдарламлау жəне болжау. Мемлекет жəне бизнес.

Ұсынылатын әдебиеттер: 3 нег.[22-45]

3-тапсырма. Кəсіпорын өндірісінің бастапқы буыны.

Əдістемелік ұсыныстар: Кəсіпкерлік қызметтің теориясы мен кəсіпорынның

ұйымдық  нысандары. Нарықтық  тəуекел  жағдайындағы  кəсіпорынның  қызметі  мен

мінез-құлқы. Шаруашылық  жəне  коммерциялық  есептер  кəсіпкерлік  қызметтің  тəсілі

ретінде. Кəсіпорын табыстары жəне оларды бөлу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 3 нег. [52-149], 7 нег.[130-271], 8 нег.[1-78]



4-тапсырма. Фирма экономикасының теориялары.

  Əдістемелік  ұсыныстар:  Микроэкономика  теориясындағы  фирманың

экономикасы. Фирма  стратегиясының  теориясы  жəне  оның  шаруашылық  жүргізудегі

негізгі ережесі. Шығындар мəселесі, олардың құрылымы мен фирма пайдасын көбейту.

Ішкі фирмалық жоспарлау теориясы.

Ұсынылатын әдебиеттер:  3 нег.[76-95], 7 нег.[130-271]



5-тапсырма. Басқару теориясы жəне менеджмент негіздері.

Əдістемелік  ұсыныстар: Менеджмент  ғылым  ретінде. Басқарушылық  ойлар

теориясының  революциясы. Басқарудың  дəстүрлі  емес  жүйесіне  көшудің  объективті

қажеттілігі  мен  заңдылығы. Менеджменттің  қызметі, тəсілі, құрылымы  мен

принциптері. Кəсіпорын менеджері жəне басқарудың тиімділігі.

Ұсынылатын әдебиеттер: 3 нег.[132-149], 7 нег.[228-245], 8 нег.[1-78]



6-тапсырма. Маркетингтік  басқару  теориясы  нарықтық  қызметтер  жүйесі

ретінде.


Əдістемелік  ұсыныстар: Маркетингтің  теориясы, мəні  мен  атқаратын

қызметтері. Кəсіпорынды  басқару  жүйесіндегі  маркетингтік  алатын  орны. Маркетинг

тұжырымдамасы. Маркетинг – нарыққа əсер ететін белсенді жүйе.

Ұсынылатын әдебиеттер: 7 нег.[150-192]



7-тапсырма. Ақша жəне оның эволюциясы.

 

Əдістемелік  ұсыныстар: Ақшаның  пайда  болуы, мəні  мен  атқаратын



қызметтері. Ақшаның  металдық  жəне  номиналдық  теориялары. Ақша  айналымының

заңы. Ақшаның тұрақтылығы жəне оның конверсиялану мəселелері. Ақша айналымын

тұрақтандырудың əдістері мен нысандары.

Ұсынылатын әдебиеттер: 7 нег.[54-79]



8-тапсырма. Реттеудің нарықтық механизмі: теориясы мен тəжірибесі.

Əдістемелік ұсыныстар:  Нарық механизміндегі сұраныс пен ұсыныс. Тепе-

теңдік бағалар. Тұтыну іс-əрекетінің теориясы. Бəсекем  - нарықтық механизмнің басты

элементі.

Ұсынылатын әдебиеттер: 3 нег.[1-210], 4 нег.[1-167], 11 қос.[1-16], 18 қос.[1-

11], 19 қос.[1-9]



9-тапсырма. Өзгерген пайда түрлерінің теориялары.

Əдістемелік  ұсыныстар: Сауда  капиталы, сауда  пайдасы  мен  айналым

шығындарының  теориясы. Сауданың  түрлері. Қарыз  капиталы, қарыз  пайызы  жəне

кəсіпкерлік табыс теориялары. Акционерлік капитал, дивидент, құрылтайшылық пайда.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2 нег.[1-27], 3 нег.[1-36], 10 нег.[5-13], 2 қос.[1-9]

10-тапсырма. Ренталар теориясы жəне аграрлық қатынастар.

Əдістемелік  ұсыныстар: Аграрлық  қатынастардың  мəні  мен  ерекшелігі.

Рента жəне оның түрлері. Агробизнес жəне агроөнеркəсіптік интеграция.

Ұсынылатын әдебиеттер: 20 қос.[1-5], 21 қос.[1-7]



11-тапсырма.

Баға  құлымының  теориясы  жəне  нарықтық  қатынастар

жүйесіндегі салық салу.


63

   Əдістемелік  ұсыныстар: Бағаның  қалыптасуына  теориялық  көзқарастары.

Бағаның  қызметі. Баға  жүйесі. Бағаның  экономикалық  табиғаты  жəне  оның  төменгі

шекарасы. Салықтар жəне салық салудың теориялық негіздері.

Ұсынылатын әдебиеттер: 22 қос.[1-11], 23 қос.[114-116]

12-тапсырма.   Табыстар  теориясы  жəне  тұрғындарды  əлеуметтік  қорғаудың

мəселелері.

 Əдістемелік ұсыныстар: Бөлу теориясы: өткені мен бүгіні. Бөлу принциптеріне

теориялық  көзқарастардың  эволюциясы. Тұрғындарды  əлеуметтік  қорғаудың

мəселелері. «Көлеңкелі» экономкианың табыстары жəне оның қалыптасу ерекшелігі.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2 нег.[1-192], 3 нег.[1-356] , 24 қос.[18-20]



13-тапсырма. Халықаралық еңбек бөлінісінің теориясы.

Əдістемелік ұсыныстар: Дүниежүзілік шаруашылықтың мəні мен оның пайда

болу  негізі. Дүниежүзілік  шаруашылықтағы  елдердің  құрылымы. Халықаралық  еңбек

бөлініс  теориясының  мəні  мен  ақиқаты  жəне  елдердің  өзара  байланысының  өсуі.

Халықаралық  экономикалық  интеграция. Қазақстанның  халықаралық  экономикалық

қатынастар жүйесіндегі алатын орны.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2 нег.[112-127], 3 нег.[1-36]

14-тапсырма. Дүниежүзілік сауда теориялары жəне халықаралық экономиканы

басқарудың түрлері.

  Əдістемелік  ұсыныстар: Дүниежүзілік  сауданың  мəні, түрлері  жəне

құрылымы. Қарыз  капиталының  дүниежүзілік  нарығы  жəне  олардың  қозғалысының

тенденциясы. Қазіргі кездегі валюталық жүйе, валюталық қатынастар жəне валюталық

механизмі.

Ұсынылатын әдебиеттер: 8 нег.[1-6]

15-тапсырма.   Қазіргі ғаламдық мəселелердің экономикалық жақтары.

Əдістемелік ұсыныстар: Өркениеттіліктің ғаламдық проблемалары, мəні мен

топталуы. Қарусыздану – ғаламдық  мəселелерді  шешудің  басты  кілті. Ақапараттық

өркениеттіліктің проблемалары.

Ұсынылатын әдебиеттер: 7 нег.[406-455]

СӨЖ орындауға жалпы əдістемелік нұсқаулар. Студенттердің өздік жұмысы

қойылған мəселелер бойынша үй жұмыстарын орындау, материалдар жинау мен əрекет

ететін  стандартқа  сəйкес  көлемі 15-20 бет  реферат  жазуды  біріктіреді. Рефераттарды

қорғау мерзімі оқу үрдісінің күнтізбелік графигіне сəйкес қойылады.



2.6 Курстық жұмыстың сипаттамасы мен тақырыптары

Жұмыс  мақсаты – теориялық  білімдерді  бекіту, экономикалық  теорияның

мəселелерін  айқындау, қазіргі  жағдайларда  экономикалық  жағдайы  бойынша

мəселелерді шешудің дағдысын жасап шығару.

Жұмыс  мазмұны: Əрбір  студентке  жобалық  менеджменттің  бір  бөлімі

бойынша курстық жұмыстың нақты тақырыбы ұсынылады. Берілген тақырып бойынша

жұмыс  істеу  үрдісінде  студент  сəйкес  басылымдарды  оқиды, мəселенің  өткен  жəне

қазіргі  жағдайын  талдайды, таңдалған  тақырыптың  проблемалы  аспектілеріне  көңіл

аударады жəне жалпылама қорытындылар жасайды.

Əдістемелік  ұсыныстар: курстық  жұмысты  орындауда  ұсынылған  əдебиетті

пайдалану қажет.



Негізгі əдебиеттер: 1-13 нег.

Қосымша əдебиеттер: 1-13 нег.

Курстық жұмыстардың тақырыптары:

1. Қоғамдық ұдайы өндіріс тұжырымдамалары

2. Қоғамның даму кезеңдерін анықтап талдаудың ғылыми-əдістемелік

тұжырымдамалары



64

3. Осы күнгі экономикалық теорияда экономикалық ресурстар ұғымын талдап

анықтау бағыттары

4. Өндіріс факторлары: біріктіру əдістері жəне тиімділік.

5. Табиғат ресурстарының ұдайы өндірісі жəне олардың пайдалану тиімділігі

6. Экологиялық проблемалардың экономикалық аспектілері

7. Қоғамдық ұдайы өндірісзаңдары

8. Экономикалық өсу: үлгілері жəне факторлары

9. Қоғамдық шаруашылықтың тарихи үлгілері

10. Көшпенділік: оның қазақ қоғамының дамуындағы орны мен маңызы

11. Тауарлы шаруашылықтың тарихи үлгілері

12. Азиялық өндіріс əдісі, оның ерекшеліктері жəне осы күнгі əлемдегі орны

13. Феодалдық өндіріс əдісі жағдайында тауар-ақша қатынастарының дамуы

14. Алғашқы капитал қорын жинау мəселесі жəне оның əртүрлі елдердегі

шешімі

15. Постиндустриалдызаманда капитализмнің түпкілікті өзгерістерге ұшырауы



16. Аралас экономика: үлгілері, нақты мүмкіншіліктері

17. Нарық: мəні, құрылымы, постсоциалистік экономикада қалыптасу механизмі

18. Қазақстанда нарықтың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары

19. Еңбек нарығы: Қазақстан Республикасында қалыптасу ерекшеліктері жəне

проблемалары

20. Қазақстан Республикасында нарық инфрақұрылымның қалыптасу мəселесі

21. Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы жəне дамуы

22. Тауар биржалары: мəні жəне даму бағыттары

23. Қазақстандық құнды қағаздар нарығының қалыптасуы

24. Экономикалық заңдар: олардың объективті сипаты жəне пайдалану

механизмі

25. Сұраныс пен ұсыныс заңы

26. Шекті пайдалылық теориясы

27. Ақшаның пайда болуы жəне мəні

28. Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны нығайту мəселесі

29. Қазақстанның несие жүйесі жəне банктердің экономиканы тұрақтандыруға

рөлі

30. Қазақстанның мемлкеттік бюджеті: қалыптастыру жəне пайдалану мəселесі



31. Қазақстанның салық саясаты: мақсаттық бағыттары жəне қызмет атқару

механизмі

32. Қазақстанның қарды жүйесі

33. Инфляция жəне ҚР-ның инфляцияға қарсы саясаты

34. Нарықты экономикада табыстардың қалыптасуы жəне бөлінуі

35. Халық шаруашылығының құрылымы жəне Қазақстан Республикасы

экономикасында құрылымды өзгерістердің қажеттігі

36. Қазақстан Республикасында инвестициялық саясат

37. Экономиканы монополиядан тазарту жəне Қазақстанның монополияға қарсы

саясаты


38. Нарықтық экономикаға көшуде мемлкеттің рөлі

39. Қазақстанның экономикалық жүйесіндегі жеке сектор

40. Қазақстан экономикасы мемлекеттік секторын жекешелендіру

41. Кəсіпкерліктің мəні, формалары жəне бағыттары

42. Қазақстанда кəсіпкерліктің дамуы

43. Қазақстанда ауылшаруашылығын жекешелендіру

44. Шаруа қожалықтары, олардың даму болашағы

45. Меншікті мемлекет иелігінен алу жəне жекешелендіру: формалары, əдістері,

проблемалары


65

46. Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу мəселесі

47. Меншіктің акционерлік формасы: артықшылықтары мен кемшіліктері

48. ТМД елдерінің ортақ экономикалық кеңістігін қалыптастыру мəселесі

49. Əлемнің дамыған елдерінде экономикалық жəне əлеуметтік үрдістерді

мемлекет тарапынан реттеу тəжірибесі

50. Əлеуметтік бағытталған нарық концепциясы: əртүрлі елдерде оны қолдану

тəжірибесі

51. Орталық жəне Шығыс Европа елдеріндегі экономикалық реформалардың

мақсаттары, кезеңдері жəне нəтижелері

52. ТМД мемлекеттерінде экономиканы реформалау мəселесі

53. Қазақсатнның тəуелсіз мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы

54. Ұсақ бизнес: шетелдік тəжірибе жəне ҚР-да қалыптасып даму мəселесі

55. Осы күнгі ФТР: негізгі белгілері жəне бастапқы бағыттары

56. ҚР өнеркəсібінде негізгі капиталды жаңартып-ауыстыру мəселесі

57. ҚР-ның өнеркəсіптік-инновациялық саясаты.



Бақылау жұмыстарының тақырыптары:

 1-модуль бойынша бақылау жүргізудің сұрақтары:

1. Экономикалық теорияның пəні не болып табылады?

2. Экономикалық теорияның құрылымын кесте арқылы көрсетіп беріңіздер.

3. Экономика, экономикс, политэкономия, микроэкономика, макроэкономика

ұғымдарына анықтама беріңдер.

4. Экономикалық заңдар мен категорияларға мысалдар.

5. Позитивті (оң) жəне нормативті экономикаға мысалдар.

6. Игіліктерге жəне экономикалық игіліктер.

7. Экономикалық саясаттың негізгі міндеттері.

8. Толық «құқықтар шоғырын» тап берңіздер.

9. Шаруашылықтың түрлері жəне еркешеліктері.

10. Құн жəне шекті пайдалылық теориясының мəні.

11. Кардиналистік жəне ординалистік концепцияларын мəні.

12. Нарықтың пайда болу жағдайы.

13. Нарықтың атқаратын қызметтері.

14. Нарық түрлерінің жіктелуі.

15. Сұраныстың  қисық  сызығын  жəне  ұсыныстың  қисық  сызығын  суретте

график арқылы көрсету.



2- модуль бойынша сұрақтар тізімі:

1. Макроэкономика жəне макроэкономикалық талдау дегеніміз не?

2. Макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары.

3. Жалпы ұлттық өнімнің өсу факторлары.

4. Экономикалық өсудің типтері, факторлары, өлшеудің əдістері.

5. Экономикалық өсудің модельдері.

6. Жиынтық  сұраныс  пен  жиынтық  ұсыныс  моделін  суретте  график  арқылы

көрсету.


7. Ақшаның өтімділігі жəне атқаратын қызметтері.

8. Ақша жүйесінің элементтері.

9. Ақша агрегаттары (ақша ауқымының көрсеткіштерін) схема арқылы көрсету.

10. Инфляцияның жағымды жəне жағымсыз кемшіліктері.

11. Жұмыссыздықтың түрлері жəне сипаттамасы.

12. Жұмыссыздықтың экономикалық жəне əлеуметтік салдарын.

13. Филлипстің қисық сызығын суретте график арқылы сызу жəне талқылау.

14. Жалақының  жүйелерін, нысандарын  жəне  түрлерін  кесте  ретінде  көрсету

жəне мысал келтіру.


66

15. Табыстардың түрлерін атау жəне құрамын көрсету.



2.7 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары:

1. Əкімшілдік-əміршілдік экономика қалай сипатталады:

A) Өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікпен

B) Орталықтандырылған басқарумен.

C) Нарықтық процестерге мемлекеттің қатысуымен.

D) Мəдени  жəне  идеологиялық  құндылықтардан  тəуелді  шешімдер

қабылдаумен.

E) Ұсыныс пен сұраныстың қатынасының нақты мехенизмімен

2. Төмендегі экономикалық жүйелердің қайсысы шынайы өмірде болмайды:

A) Таза капитализм.

B) Дəстүрлі капитализм.

C) Орталықтандырылған.

D) Аралас экономика

E) Əкімшіл-əміршіл.

3. Өзін-өзі реттейтін нарықтық жүйе кепіл береді:

A) Баға механизмі əрекетінің нəтижесінде тауар массасының тапшылығы мен

артықшылығының жойылуына.

B) Сұраныс пен ұсыныстың тұрақты өзара əрекетіне.

C) Тауарлардың дефициті мен артықшылығының мүмкін еместігіне.

D) Товарлар дефицитінің тұрақты ұзақ мерзімді болуына.

E) Рыноктың үнемі тауарлармен толтырылуына.

4. Швеция қандай экономикалық жүйеде дамып келеді?

A) Əміршілді-əкімшілдік.

B) Дəстүрлі нарықтық.

C) Аралас.

D) Таза нарықтық

E) Таза капитализм.

5. Нарықтық жүйеде  болатын фундаменталды мəселе:

A) Инвестициялар.

B) Өнеркəсіп.

C) Тұтынушы.

D) Сиректік.

E) Технологиялар.

6. Аралас экономика жүйесі дегеніміз:

A) Дамуы, мемлекет жетімі жəне нарықпен реттелетін алуан түрлі меншік

нысандарына негізделген экономикалық жүйе

B) Шаруашылық дамуы, баға тетігі мен мемлекеттік басқару арқылы реттелетін,

жеке меншікке негізделген жүйе

C) Мемлекеттік, орталықтандырылған жəне жоспарлы реттеу əдістерне

негізделген экономикалық жүйе

D) Өндіріс ресурстарының іс жүзінде қолданыс табуы дəстүрлер мен өндірісті

жоспарлау арқылы анықталатын экономикалық жүйе

E) Нарықтық жəне дəстүрлі реттеуге негізделген жүйе


67

7. АҚШ-қа қандай экономикалық жүйе тəн?

A) Нарықтық

B) Дəстүрлі.

C) Əкімшілді-əміршілді.

D) Таза капитализм.

E) Аралас.

8. Дəстүрлі экономика:

A) Əкімшілікті басқарудағы экономика

B) Ұлттық көзқарастары қалыптасқан экономика

C) Таза рыноктық қатынастарға негізделген экономика.

D) Халықтық дəстүр, əдет-ғұрып, табиғи заңдар тұрғысынан басқарылатын

экономика.

E) Дəстүрлі рыноктық жоспарлау қалыптасқан экономика.

9. Орталық Африкаға қандай экономикалық жүйе сəйкес келеді:

A) Аралас жүйе.

B) Əкімшіл-жоспарлы

C) Тоталитарлы.

D) Бұйрықшыл

E) Дəстүрлі.

10. Аралас экономиканы не сипаттайды:

A) Экономиканың əлеуметтік  бағыттылығын нығайту.

B) Экономиканы мемлекеттік реттеу.

C) Экономикада мемлекеттік сектордың бар болуы.

D) Жеке меншіктің бар болуы.

E) Экономиканы əкімшіл-əміршілдік басқару.

11. Экстенсивті даму жолының көздері қандай:

A) Жаңа өнертабыстар мен технологиялар

B) Қызметкерлердің біліктілігін көтеру.

C) Өндіріс факторларының санын көбейту.

D) Қазіргі техника.

E) Өндіргіш күштердеің  дамуындағы саналық секіріс

12. Интенсивті даму жолының көздері қандай:

A) Жаңа кен көздері.

B) Жаңа технологиялар.

C) Жаңа жерлерді игеру.

D) Жұмыс күші санының өсуі.

E) Өндірістік қуаттарды көбейту.

13. Нарық экономиканың қай жағы əміршіл-əкімшіл жүйе өмір сүрген

уақытында орын алды:

A) Бəсеке

B) Жер мен кəсіпорынға жеке меншік

C) Кəсіпкерлікті таңдау   бостандығы

D) Мемлекеттік емес нарықтағы тауар мен қызмет бағасының бостандығы

E) Меншікті жекешелендіру.

14. Негізгі капитал бұл:



68

A) Өндірісте толық жұмсалатын жəне өз құнын біртіндеп сіңіретін капитал.

B) Өз құрамына қажетті құралдарды қосатын негізгі капитал.

C) Бағалы заттар, соның ішінде жылжымайтын мүлік.

D) Өндірісте біртіндеп жұмсалатын жəне өз құнын бірден сіңіретін капитал.

E) Айналмалы өндірістік капитал.

15. Еңбек өнімділігі қатынасымен өлшенеді, төмендегілердің қатынасымен:

A) Капитал  шығынының еңбек шығындарына.

B) Өнімнің нақты көлемінің сағаттар санына.

C) Жұмыс уақыты  сағаттар санының өнімінің нақты  көлеміне.

D) Өнімнің нақты көлемінің халық санына.

E) Капитал шығынының өнімінің нақты көлеміне.

16. Төмендегі ғылыми мектептердің қайсысы байлықтың көзі ауыл

шаруашылығында деп есептеген:

A) Ағылшын классикалық мектебі.

B) Физиократтар мектебі.

C) Меркантилистер мектебі.

D) Маржиналистер мектебі.

E) Кейнсиандық мектеп.

17. Айналмалы капитал – бұл:

A) Шикізат, материалдар, ресурстар, отын, электр қуаты.

B) Жалгерлік ақы, банктік пайыз жəне сақтандыру төлемдері.

C) Ғимарат, станоктар, жабдықтар.

D) Бағалы материалдар (құнды металдар, тастар) .

E) Өндіріс жүйесінде айналыста болатын капитал.

18. “Капитал” мəніне қатысы дұрыс емес жауапты табыңыз:

A) Бұл өндіріс құрал-жабдықтары.

B) Бұл ақша.

C) Бұл жаңа құн əкелетін құн.

D) Бұл ғимарат, құрылыстар.

E) Бұл станоктар мен жабдықтар.

19. Импорт-бұл:

A) Сыртқы нарықта құнының орны толатын тауарларды сыртқа шығару.

B) Өндіріс шығындары əлемдіктен жоғары тауарларды  сыртқа шығару.

C) Ішкі нарықта құнының орны толатын тауарларды сыртқа шығару.

D) Тауарларды экономикалық жағынан өндіруі тиімсіз елдерге кіргізу.

E) Сыртқы нарқта құнының орны толатын тауарларды кіргізу.

20. Ішкі нарықты қорғауды қарастыратын сауда саясаты:

A) Қазыналық саясат.

B) Протекционизм саясаты.

C) Еркін сауда саясаты.

D) Тауар демпингі саясаты.

E) Ақша-несиелік саясаты.

21. Банк жүйесінің құрылымы мынаны қамтиды:

A) Орталық банк, Коммерциялық банктер, жинақтаушы банктер.


69

B) Жинақтаушы  банктер, инвестициялық  банктер, зейнетақы  қорлары,

сақтандыру компаниялар.

C) Қаржы  министрлігі, орталық  банк, коммерциялық  банктер, жəне  жинақ

банкілері.

D) Орталық банк, коммерциялық банк, арнаулы  қаржы несие ұжымдары.

E) 1-ші жəне 2-ші деңгейдегі банктер жəне барлық жинақ банкілері.

22. Деноминация – бұл:

A) Жаңа валютаны  оның атаулы  мазмұнының өсуімен енгізу.

B) Инфляцияны жою үшін ақша санын азайту.

C) Мемлекетпен  ақша бірлігінің атаулы  мазмұнын  төмендету.

D) Мемлекет пен ақша бірлігінің алтын құрамын  көбейту.

E) Ақша бірлігінің атаулы мазмұнын көбейту.

23. Валюта бағамы  дегеніміз:

A) Банк резиденттің валютасын сатып алатын бағамы.

B) Ұлттық ақша бірлігінің бағамын шетел бағамымын бекіту.

C) Екі ақша бірлігінің айналысының арақатынасы.

D) Сатып алушы бағамы мен сатушының бағамының арасындағы

айырмашылық.

E) Қолма-қол жəне жедел  мəмле  бағамы.

24. Вексель дегеніміз ?

A) Мемлекет, кəсіпорын, əр-түрлі ұйымдар шығарған, мерзімі  белгілі уақытпен

шектелген (3-5 жыл) , ал уақыты өткен соң өтеліп, пайыз  түрінде  табыс беретін

құнды қағаз.

B) Айналысқа  акционерлік  қоғаммен  шығарылатын  жəне  оның  иесінің  осы

қоғам  капиталына  белгілі  ақша  сомасын  салғанын  жəне  жыл  сайын  оның

пайдасынан  табыс  алуға  жəне  басқаларуға  құқығы  бар  екенін  мойындайтын

құнды қағаз.

C) Ешбір  жағдайлармен  қарыз  міндеттемесі  мен  пайымдалмаған,  белгілі

көрсетілген  мерзімде  сөзсіз  төленуі  тиіс  ақша  сомасын  көрсететін  нақты

бекітілген құнды қағаз формасы.

D) Депозиттік құжаттармен қазыналық міндеттемелер түріндегі құнды қағаздар.

E) Дивиденд əкелетін құнды қағаз.

25. Коммерциялық банк – бұл:

A) Ең алдымен депозиттер ашу мен  қарыз беруге байланысты қызмет көрсету

диапазоны кең банктер.

B) Ақша  айналымын  бақылайтын, ақша-несие  саясатын  жүргізетін, кассалық

қызмет  көрсету  жəне  есеп  айырысуды  ұйымдастыратын,   ұлттық  валютаның

тұрақтылығын қамтамасыз ететін банктер.

C) Өнеркəсіптік  жəне  сауда  кəсіпорындарын  несиемен  қамтамасыз  етудегі

əмбебап операцияларды халықтың салымдары негізінде  жүргізетін банктер.

D) Компаниялардың  қаржылық  есебін  бағалау, қызметтерін  жүзеге  асыратын

жəне олардың тиімді жəне пайдалы қызмет етуін  қамтамасыз ететін банктер.

E)  Салымшылардың  жəне  ұйымдардың  қорына  қызмет  көрсететін  қаржылық

мекеме.

26. Коммерциялық несие дегеніміз:



A) Банктер тарапынан қысқа жəне ұзақ мерзімді қарыз түрінде берілетін несие

70

B) Пəтер, үй, көлік  сияқты қозғалмайтын мүлікті кепілге алу арқылы берілетін

несие

C) Бір  кəсіпорындардың  екінші  кəсіпорындарға  төлемін  кейінге  қалдыру



шартымен тауар сатуы

D) Екінші деңгейдегі банктердің халыққа беретін несиесі

E) Ұлттық банк тарапынан коммерциялық банктерге берілетін несие

27. Банктік несие – бұл:

A) Банктермен, арнайы  несие  мекемелерімен,  иеленушілермен  ұсынылатын

ақшалай қарыз.

B) Қарызгер  ретінде  жергілікті  органдар  немесе  мемлекет  болып  табылатын,

несие қатынастарының  жиынтығы.

C) Қарыз  капиталының  халықаралық  банктер  мен  ұйымдар  арасындағы

қозғалыс.

D) Жылжымайтын мүлікті кепілге  қою арқылы  алынған  ақшадай қарыз.

E) Сатып  алушылармен  төленетін,  дүкендердің  тауарларды  сатып  алу  үшін

банктің беретін ақша құралдары.

28. Ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларды сатып алу үшін жеке тұлғаға

берілетін несие аталады:

A) Мемлекеттік.

B) Коммерциялық.

C) Ипотекалық.

D) Тұтынушылық.

E) Банктік.

29. Банк – бұл:

A) Шағын кəсіпкерлерден  өнеркəсіп  инвестицияларына  салу үшін  жинайтын

қаржы мекемесі.

B) Қаржыны жандандыратын жəне басқа клиенттерге  несие түрінде беретін,

сонымен қатар басқа операцияларды  орындайтын қаржы-несие мекемесі.

C) Бөлектенген  қаржы  құрылымдарына  жəне  несиешілерге бақылау

орнататын  акционерлік, қаржы-несиелік мекеме.

D) Ақша резервтерін  жəне ақша массасының эмиссиясын  сақтайтын қаржы

мекемесі.

E) Қаржы-шаруашылық қызметін бақылайтын қаржы мекемесі.

30. Акция бағамы мынаған тəуелді болады:

A) Бағалы қағаздар нарығының жағдайы мен қарыз процентінің мөлшеріне.

B) Шығарылған бағалы қағаздар санына.

C) Экономиканың жалпы жағдайына.

D) Дивиденд шамасына жəне қарыз капиталының мөлшеріне.

E) Қарыз процентінің мөлшеріне.



Тест жауаптары

Сұрақ


нөмірлері

Дұрыс


жауабы

Сұрақ


нөмірлері

Дұрыс


жауабы

Сұрақ


нөмірлері

Дұрыс


жауабы

1

В



11

С

21



D

2

А



12

В

22



С

3

А



13

D

23



С

4

С



14

А

24



С

71

5

D



15

С

25



А

6

А



16

В

26



С

7

Е



17

А

27



А

8

D



18

В

28



D

9

Е



19

D

29



В

10

Е



20

В

30



D

2.8 Курс бойынша емтихан сұрақтары:

1. Экономикалық теорияның пəні мен əдіс-тəсілдері.

2. Экономикалық теорияның құрылымы, функциялары мен принциптері.

3. Экономика, экономикс, политэкономия, микроэкономика, макроэкономика

ұғымдарының экономикалық маңызы мен қолданысы.

4. Экономикалық заңдар мен категориялар.

5. Позитивті (оң) жəне нормативті экономика.

6. Игіліктер жəне экономикалық игіліктер.

7. Экономикалық саясаттың негізгі міндеттері.

8. Толық «құқықтар шоғыры» талдау.

9. Шаруашылықтың түрлері жəне еркешеліктері.

10. Құн жəне шекті пайдалылық теориясының мəні.

11. Кардиналистік жəне ординалистік концепцияларын мəні.

12. Нарықтың пайда болу жағдайы жəне мəні.

13. Нарықтың атқаратын қызметтері.

14. Нарық түрлерінің жіктелуі жəне топталуы.

15. Сұраныстың қисық сызығы жəне ұсыныстың қисық сызығы.

16. Макроэкономика жəне макроэкономикалық талдау

17. Макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары.

18. Жалпы ұлттық өнімнің өсу факторлары.

19. Экономикалық өсудің типтері, факторлары, өлшеудің əдістері.

20. Экономикалық өсудің модельдері.

21. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс моделдері.

22. Ақшаның өтімділігі жəне атқаратын қызметтері.

23. Ақша жүйесінің элементтері.

24. Ақша агрегаттары (ақша ауқымының көрсеткіштері).

25. Инфляцияның жағымды жəне жағымсыз кемшіліктері.

26. Жұмыссыздықтың түрлері жəне сипаттамасы.

27. Жұмыссыздықтың экономикалық жəне əлеуметтік салдары.

28. Филлипстің қисық сызығын талдау.

29. Жалақының жүйелері, нысандары жəне түрлері.

30. Табыстардың түрлерін  жəне құрамы.

31. Салық жүйесі жəне трансферттік төлемдер.

32. Қаржының атқаратын қызметтері.

33. Мемлекеттік бюджетінің құрамына кіретін кірістері мен шығындары.

34. Лоренц қисық сызығын талдау.

35. Ұлттық шоттар жəне оның түрлері.

36. Акселератор мен мультипликатордың өзара əрекетінің моделдері.

37. Жоба стратегиясы мен оның құрауыштары.

38. Дағдарысқа қарсы саясаттың маңызды шаралары.

39. AD серпінінің көлеміне əсер ететін бағалық факторлары.

40.  AS қисығының жылжуына əсер ететін бағалы емес факторлары.

41.  Ақшаның сандық теориясы.

42.  Ақша айналымының принциптері.

43.  Халықаралық сауданың негізгі сипаттамалары.


72

44. Салыстырмалы артықшылықтар принциптері.

45. Монополияның əлеуметтік-экономикалық кемшіліктері.

46. Банктердің атқаратын қызметтері жəне негізгі принциптері.

47. Несиенің нысандары.

48. Несие беру принциптері жəне несиенің атқаратын қызметтері.

49. Тепе-теңдік баға.

50. Жекешелендірудің түрлері.

51. Лаффер қисық сызығы.

52. Жұмыс күшінің саны жəне оның принциптері.

53. Жұмыссыздықтың дəрежесін талдау.

54. Ақшаны сатып алу қабілеті.

55. Негізгі капиталдың тозуы.

56. Шығындардың түрлері жəне олардың топталуы.

57. Бағалардың түрлері жəне атқаратын қызметтері.

58. Меншік құқығының түрі жəне сипаты.

59. Ақша жүйесі жəне ақша жиыны.

60. Экономикалық теорияның даму кезеңдері.

61. Қоғамның өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығын талдау.

62. Қазақстан Республикасындағы мемлекет қарамағынан алу жəне

жекешелендіру үрдістері.

63. Өспелі баламалы шығындар заңының мəні.

64. Инфляцияның түрлері, себептері жəне факторлары.

65. Экономикалық тиімділік.

66. Ұлттық өндірістің көлемін өлшейтін көрсеткіштері.

67. Жалпы ұлттық өнімді шығындар жəне табыстары.

68. Жалпы ұлттық өнімнің дефляторы.

69. Пайдалылық шегі жəне пайдалылық заңының мəні.

70. Атаулы жəне нақты жалпы ұлттық өнім.

71. Экономикалық игіліктері.

72. Субситут пен комплементарлық тауарлар.

73. Шешімді қабылдаудың негізгі критерийлері.

74. Өндіріс жəне ұдайы өндіріс.

75. Капиталдың техникалық жəне экономикалық тозуы.

76. Амортизация жəне амортизациялық төлемдер.

77. Экономиканың аксиомалары.

78. Альтернативтік шығындар.

79. Жекешелендірудің мүдделері, тəсілдері жəне түрлері.

80. Қарапайым жəне капиталистік тауарлы өндірістің типтілігі жəне

айырмашылықтары



Глоссарий

Əлеуметтік  енжарлық – жоба  командасы  мүшелерінің  іс-құлығының  түрі,

мұнда оның кейбіреулері пайда болатын мəселелерді шешуге ынта білдірмейді де, оны

басқа біреу істейді деп ойлайды.

Басқарушылық резерв – бюджеттегі ақша-қаражаттарының резерві, ол жобада

белгісіз тəуекелдердің пайда болу мүмкіндігін есепке алады.



Абсолютті  шектеулік - өндірістік  ресурстардың  қоағм  мүшелерінің  барлық

қажеттіліктерін бір мезгілдеқанағаттандыруға жетіспеушілігін айтады.



Абстракция – заттың  негізгі, мəнді қасиеттерін басқа  қасиеттерінен  ажыратып

алып бөліп көрсету; жекеше тыс ойлау; көбінесе нақты болмыстан тыс жəне тек ойда,

елес ретінде түсіндіріледі.


73

Баламалы (альтернативтік) шығындар  –  бұл  қалаулыға  жету  үшін  бас

тартуға тура келетін нəрсе.



Бағалау – өндірілген өнімдердің əр түріне, тауарға немесе жұмыстың белгілі бір

түріне қойылатын баға, белгіленген еңбек ақы мөлшері.



Гипотеза – алдын ала тексерілмеген қағида.

Дедукция – жалпыдан  жекеге  қарай  қозғалу  немесе  жалпы  ережелер  негізінде

жеке қорытынды шығару.



Еркін  экономикалық  аймақ –  басқару  тəжірибесіндегі  əлеуметтік-

экономиканың  тез  дамуына  жəне  шет  елдің  прогрессивті  технологиясын  тарту

мақсатында ерекше құқықты  шаралар мəселесінде еркін  экономикалық  еркін  аймақты

құру.


Кешіктірмеу – төлемді бөліп-бөліп бірнеше мезгілге төлеуге белгілеу.

Конверсияланған  еркін  валюта – валюта (ақша), басқа  бір  мемлекет

ақшасымен еркін жəне шексіз айырбасқа түсе алады.



Инвестициялар  шығындарының  орнын  толтырудың  дисконтталған

мерзімі –  жобаның  қаржылық  тиімділігінің  көрсеткіші,  ол  таза  дисконтталған

табыстың  мəні  оң  болған  уақыттан  өз  мəнін  жобаның  аяқталу  уақытына  дейін  сақтап

тұратын уақыт кезеңін айқындайды.

Игілік - өз  бойында  белгілі  бір  жағымды, белгілі  бір  қажеттілікті

қанағаттандыратын  жəне  адамдардың  мүдделері  мен  мақсаттарына  жауап  беретін

нəрсенің бəрі.

Игілік  пайдалылығы –  осы  адамның  осы  уақыт  сəтінде  игіліктердің  табиғи

қасиеттеріне кешенді субъективті баға беруі.



Игілік  құндылығы  –  игіліктің  адам  үшін  жағымды жəне  жағымсыз  мəнділігі,

игіліктің басқа игіліктерге белгілі бір пропорцияда айырбасталу қабілеті.



Игіліктің  балама  құны  –  осы  игілікті  алу  үшін  құрбан  етілуге  тиіс  басқа

игіліктердің саны.



Инвестиция  шығындарының орнын  толтыру мерзімі – жобаның қаржылық

тиімділігінің  көрсеткіші, ол  алынатын  таза  табыс  есебінен  жоба  инвестициялары

қандай мерзімде толық өтелетінін көрсетеді.

Индукция – жекелеген  фактілерден  жалпыны  шығару  немесе  көптеген

деректерді зерттеу нəтижесінде жалпы қорытынды жасау.



Мердігерлік – белгілі бір жұмысы бойынша орындайтын адамы немесе ұжымы,

жəне мекемесі.



Облиго – кəсіпорындардың вексель бойынша жалпы қарыз соммасы.

Овербот – тауардың өте артық сатып алудың арқасында, бағаның тез көтерілуі,

бағаның өсуі орынды шегіне жетуі.



Оверсолд  – бағаның орынсыз шегіне дейінгі төмендеуі, нарыққа тауардың өте

көп түсуіне қарай, белгілі тауардың бағасының кенет төмендеуі.



Овертайм – көтеріңкі  тарифте  жұмыстан  тыс  уақытқа  жүкті  тасу-түсіру

операцияларына төлеуді жүргізу.



Омольгациялау – тауарды тұтынушыға стандарт талабына сəйкес, немесе салт

бойынша сатылған тауардың параметріне, мінездемесіне келтіруді сұрау.



Онкольдық қаржы – өзі келгенге дейінгі несие, яғни несие беруші кез-келген

уақытта тəуелді талап ете алады.



Оф-шор  – дүниежүзілік  қаржылықтарын, сондай  ақ  банк  операцияларының

кейбір түрлерін сипаттау үшін теримні.



Пагамент – төлем тікелей ақшамен жүргізілуі.

Патент – əртүрлі саладағы жаңалық ашқан адамға өзі ашқан ерекше жаналықты

пайдалануға рұқсат беретін құжаты.



Пауперизм – табыстың  төмендегінен, жұмыссыздықтан  жаппай  жоқшылыққа

ұшырау.


74

Пационалдық  төлем  – «ноу-хау»-ға  берілген  лицензияға  төленетін  келісімі

бойынша белгіленген нақты сыйға беру төлемі.



Пейнвелоп – еңбек ақы төлеу конверті.

Пеня – белгілі бір нəрсені мерзімінде төлемегені үшін алынатын айып-пұл.

Постер – жарнама  құралына  хабарландыру, арнаулы  плакат, афишалар

қолданады.



Құқықтық титул – жеке меншікті мүлікті иемденушіге оның  ішінде, жерді де

иемденуін анықтайтын құжаты.



Прейскурант – баға анықтамасы жəне тариф.

Пролонгация –  келісім  шарттардың  қай  мезгілге  болсын  күшінде  сақтау  үшін

ұзарту.


Рейтинг – бағалау, топқа, дəрежеге немесе категорияға жатқызу.

Рантье – несиеге  берілген  ақшалай  капиталдан  немесе  бағалы  қағаздардан

түскен табыспен (пайызбен) күн көретін адамдар.



Репатриациялау – өз  елінің  ішкі  инвестициясына, шет  елден  салынған

капиталды қайтару.



Риэлтор – қозғалымсыздық саудагері немесе агенті.

Секвестер – тиісті  мүлікті  пайдаланғаны  үшін  немесе  иеленгені  үшін

мемлекеттік үкімет салатын тиым немесе шектеу.



Синекура – ауыспалы  мағынада, атқаратын  міндет  онша  ауыртпалықты  емес

жəне жақсы төленетін ақша.



Слоган –

жарнама  идеясының  қысқа  да  түсінікті  қолдауға  жеңіл

тұжырымдамасы.

Субвенция – жергілікті мемлекет мекемелерінің немесе жекелеген шаруашылық

саласын беретін, мемлекеттік қаражат белгілі бір мақсатқа берілетін көмегі.



Стагнация — өндіріс көлемінің азаюуы.

Стагфляция — бұл  бір  жолға  өндіріс  көлемінің  азаюуы  жəне  инфляция

бағаның өсуі.



Саяси экономия – қоғамдық щаруащылықтың заңдары туралы ғылым.

Топтық  пікір (ойлау)  –  команда  мүшелері  əрекеттерінің  алқалығы  жұмыс

сапасына қарама-қайшы болатын үрдіс.



Тиімділік – экономикалық əсердің, экономикалық мінездеменің өте жақсарған

тəсілі. Триггерлік əсер – бағытталған басқаруды жүзеге асыру есебінен

компанияның алатын əсері.

Таза табыс - қаржылық тиімділігінің көрсеткіші, ол жобаны жүзеге асырудан

түскен қосынды экономикалық нəтиже (табыс) мен жобаны жүзеге асырумен

байланысты қосынды шығындардың айырмасымен анықталады.

Таза  дисконтталған  табыс  –  қаржылық  тиімділігінің  көрсеткіші,  ол  ақша

ағындарының  қосынды  дисконтталған  құны  мен  жобаның  бастапқы  немесе

дисконтталған инвестициялар шамасының арасындағы айырмамен анықталады.

Жинақ ақша –  бұл табыстың тұтынбайтын бөлігі.

Жеке  ақша  жинағы – тұтыну  мен  мемлекеттік  сатып  алуды  шегеріп

тастағандағы экономикалық табыс. Ұлттық ақша жинағы жеке жəне мемлекеттік ақша

жинағынан тұрады.

Project Management Center

– Халықаралық  бизнес  университетінің

Менеджмент орталығы (Алматы қ.)

Фрирайдинг («free riding» - ақысыз жол ақы) – команданың кейбір мүшелерінің

оның басқа мүшелерімен салыстырғандағы əдейі интенсивсіз жұмысы.



75

        Шығу туралы мəліметтер

       СП ОƏК  Өнеркəсіп экономикасы

        кафедрасының мəжілісінде

талқылынған

        2010 ж. «5» қазан № 3  хаттамасы

        СП ОƏК Экономика жəне бизнес

институтының  Ғылыми-

əдістемелік кеңесінде талқыланып,

мақұлданған

   2010 ж. «28» қыркүйек № 1

хаттамасы

5В050600, 5В050700, 5В050800, 5В090800, 5В090900 -

 мамандықтарына арналған

Экономикалық теория пəні бойынша



ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Құрастырушы



Данабаева Д.И.

Басуға __.__.20__ж. қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Кітап-журнал қағазы. Көлемі

__,__ес.-б.т. Таралымы __ дана. Тапсырыс №___.

Қ.И.Сəтбаев атындағы баспа типографиясында басылған



Алматы қаласы, Ладыгин көшесі, 32

Document Outline

  • СТУДЕНТТІҢ ПӘНДІК
  • ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
  • Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу
    • Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу
      • Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу
        • Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу
    • 1. Жиынтық  сұраныс және оның қисық сызығы
    • Экономикалық теорияны зерттеудің маңызды әдісі ілгеріде атап өткендей бір өлшемді (тепе-теңдік) әдіс болып табылады. Өткен тарауларда бұл принцип осы немесе басқа тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің, сол сияқты барлық өзара байланысты тауарлар, еңбек, капитал рыноктарында сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің постулаты ретінде танылды.
    • 2. Жиынтық ұсыныс және оның қисық сызығы
    • 1 Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы
    • 2 Ақша айналысының сипаттамасы және оның заңы
    • 3 Инфляция ұғымы және оның себептері
  • 2. Экономикалық өсу - қоғамның дамуының негізі бағыты
    • 2. Экономикалық өсу - қоғамның дамуының негізі бағыты
      • Алматы қаласы, Ладыгин көшесі, 32

Каталог: sites -> default -> files -> books
books -> ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы
books -> Қолданбалы экология
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Ж. Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты «Көтеру-тасымалдау машиналары мен гидравлика» кафедрасы
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Студенттің ПƏндік оқУ-Əдістемелік кешені

жүктеу 0.79 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет