Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі қ. И. СƏтбаев атындағЫ Қазақ Ұлттық техникалық


№ 12 дəріс тақырыбы. Ақша жəне инфляция



жүктеу 0.79 Mb.
Pdf просмотр
бет6/7
Дата30.04.2017
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

№ 12 дəріс тақырыбы. Ақша жəне инфляция.

1 Ақшаның пайда болуы жəне оның тауарлы жаратылысы

Айта кететін жəйт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі адам еңбегі

жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өңделмеген тың жер, өзендер мен теңіздер,

жабайы  жемістер, т.б. Сонда  құн  деген  не? Құн  дегеніміз -тауар  өндіргенде

жұмсалатын  еңбек  жиынтығы.  Қоғам  дамуының  негізі  -  еңбек.  Сондықтан,  тауарға

сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады.



Ақша деген  тауардың  жалпы  эквивалентінің  тиянақталған  түрі, құнның

эквиваленттік  формасымен  тұтыну  құны  біте  қайнасқан  ерекше  тауар. Немесе ақша

деген тауар өндіру мен оны айрыбастау процесінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан

ерекше тауар, оның айырықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент)

ролін атқару.

2 Ақша айналысының сипаттамасы жəне оның заңы

Ақша  айналысы — шаруашылықтағы  тауарларды  өткізуге, сондай-ақ  тауарлы

емес  төлемдерді  жəне  есеп  айырысуларды  жүзеге  асыруға  қызмет  ететін  қолма-қол

жəне қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.

Ақша  айналысының  объективтік  негізіне  де  тауар  өндірісі  жатады. Тауар

өндірісі тұсында тауарлар əлемі: тауар жəне ақшаға бөліне отырып, олардың арасында

өзара  қарама-қайшылықтар  туады. Қоғамның  еңбек  бөлінісінің  тереңдеуіне  жəне

жалпы  ұлттық  жəне  дүниежүзілік  нарықтардың  қалыптасуымен  байланысты

капитализм тұсында ақша айналысы да əрі қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитал

айналымына  қызмет  ете  отырып, барлық  жиынтық  қоғамның  өнім  айналысы  мен

айырбасына  дəнекер  болады. Ақшаның  қолма-қол  жəне  қолма-қолсыз  формаларының


45

көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік жəне жалған капиталдың қозғалысы

жүзеге асырылады.

Ақша  айналысының  құрылымына  қолма-қол  ақшалар  айналысы  мен  қолма-

қолсыз ақшалар айналысы кіреді.

Қолма-қол  ақшалар  айналысы  нақты  ақшалар  қозғалысын  білдіреді. Оған

банкноталар, монеталар  жəне  қағаз  ақшалар (қазыналық  билеттер) қызмет  етеді.

Дамыған  елдерде  нақты  ақшалар  айналысының  едəуір  бөлігін  орталық  банктерден

шығарылған  банктік  билеттер  құрайды. Ақша  шығарудың  кішкене  бөлігі (10 %-ға

жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.

Қолма-қолсыз  ақшалар  айналысы — қолма-қолсыз  ақшалар  айналымынын

ақшаларының қозғалысы.

Мұндағы, қолма-қолсыз  ақшалар — чектер, пластикалық  карточкалар

электрондық  аударымдар  көмегімен  пайдаланылатын  клиенттердің  шоттардағы

сақтаған ақшалары (депозиттер).

Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара

тəуелділік  бар. Ол  ақшаның  үнемі  бір  айналыс  сферасынан  екінші  біріне  өтіп

отыруынан  байқалады. Айталық  қолма-қол  ақшалардың  банктегі  депозитке  салынуы,

олардың  қолма-қолсыз  ақшаға  айналуын  білдірсе, ал  банктен  жалақы, жəрдемақы,

стипендия, зейнетақы  жəне  т.с.с. төлеу  үшін  ақша  алған  жағдайларда  қолма-қолсыз

ақшалардың қолма-қол ақшаларға ауысуы байңалады.

Құн  заңы  жəне  оның  айналыс  аясында  пайда  болу  формасы, яғни  ақша

айналысының  заңы  тауар-ақша  қатынастары  қалыптасқан  барлық  қоғамдық

формацияға  тəн  болып  келеді.  Құн  формаларының  дамуына  талдау  жасай  отырып,  К.

Маркс ақша айналысының заңын ашқан болатын.

Оның пікірінше, ақша айналысының заңының мəні ақшаның айналыс қызметін



атқаруға  қажетті  ақша  саны, сатылатын  тауарлар  бағасы  ақша  айналысының

жылдамдығына  қатынасын  білдіреді. Ақша  айналысының  заңы  айналыстағы  жүрген

тауарлар  массасы  мен  олардың  бағасының  деңгейі  мен  ақша  айналысының

жылдамдығы арасындағы экономикалық тəуелділікті бейнелейді.

Ақша  айналысының  заңы — тауарлар  айналысы  үшін  қажетті  ақшалардың

санын (Ата) анықтайды.

Ата   =


саны

ң

айналымыны

Ақша

сомасы

ң

бағаларыны

Тауарлар

Бұл  жерде  бір  айта  кететіні, ақшаның  төлем  құралы  қызметін  атқаруымен

байланысты бұл формула да нақтылануды талап етуде.

Айналысқа қажетті ақша санын мынадай формуламен бейнелеуге болады:



ос

тс

тс

ТБ

тб

к

А

О

М

Н

С

А

+

+



+

мұндағы Ақ — айналысқа қажетті ақша саны;

Стб    — сатылатын тауарлар бағасының сомасы;

Нтб. — несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы;

Мтс    — міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы; г

Өтс   — өзара өтелетін төлемдер сомасы;

Аос — айналыс жəне төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа саны.

Осындай  жағдайларда  айналысқа  қажетті  ақша  санына  өндірістің  дамуының

шарттарына  тəуелді  болып  келетін  əр  алуан  факторлар  ықпал  етеді. Оның  біріне

айналыстағы  тауарлар  санының  өзгерісі  жатады. Сондай-ақ  шаруашылықтағы  ақшаға

деген  қажеттілік  тауарлар  жəне  көрсетілетін  қызметтер  бағаларының  деңгейіне

байланысты да анықталады.



46

3 Инфляция ұғымы жəне оның себептері

Инфляцияның  мазмұны  мен  оқыған  əрбір  оқулықта  əр  түрлі  болып  шықты.

Мысалы, "Ақша, несие, банктер" деген 1998 жылы, Мəскеуден  шыққан  көлемді

оқулықта: "инфляция, бағаның жоғарлағанын, тауардың жетіспеушілігінен  жəне тауар

мен  көрсетілген  қызметтің  сапасыздығынан  шыққан  ақшаның  құнсыздануы, оның

сатып алу мүмкіншілігінің төмендеуі болып көрінеді",- делінген.

Менің  ойымша, бұл  анықтаманың  басты  кемшілігі, айналымдағы  ақша

белгілерінің аса көбейіп кетуінің инфляцияға тигізетін əсері айқын көрініс таппаған.

1999 жылы, Алматыда  шыққан "Толық  экономикалық, орысша  қазақша

сөздікте" инфляция былай сипатталады: "Ақшалай табыстың тауарлар мен көрсетілетін

қызметтерден  асып  түсуі, рынокта  қаржы  активтерінің  көбеюі  салдарынан  тауарлар

мен көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі".

Бұл  анықтамадан  байқайтынымыз, ең  басты  мəселе  табыстың  өсуінде  сияқты.

Соның, салдарынан  айналымда  ақша  көбейіп  кетеді  деген  ой  туады. Бірақ, бұл  да

толыққанды  түсінік  емес  тəрізді. Əңгіме  табыста  емес. Ол  өскен  жоқ, ал  тауар  мен

қызмет  жетпегендіктен, олардың  сапалары  төмен  болғандықтан, ұсыным  азайып,

сұраным көбейгеннен кейін, айналымда ақша көбейген сияқты болып көрінеді.

«Инфляция (латын. inflatio, аудармасы — «қабыну», «ісіну») — бұл  бағаның

өсуінен, тауарлар  тапшылығынан  жəне  тауарлар  жəне  қызметтер  сапасының

төмендеуінен  туындайтын  ақшаның  құнсыздануы, сондай-ақ  оның  сатып  алу

қабілетінің төмендеуі» - деп жазыпты Мақыш С.Б. өзінің оқулығында.

Инфляция — бұл  кез  келген  экономикалық  даму  үлгісіне  тəн  объективті

құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс жəне өндіріс саласында орын алады.

Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:

1) Ақша  айналысының  факторларына: бюджет  тапшылығын  жабуға

пайдаланылған  шексіз  көп  ақшаның  эмиссиялануы  есебінен  айналыс  аясының  артық

ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.

2) Ақшалай 

емес 

факторларға: қоғамдық 



өндірістегі 

теңсіздікке,

шаруашылықтың  шығындық  механизміне, мемлекеттің  экономикалық  саясаты, онын

ішінде, салық  саясаты, баға  саясаты, сыртқы  экономикалық  саясатына  байланысты

факторлар жатады.

Аталған  факторлардың  қанат  жаюына  байланысты  инфляцияның  екі  типі

болады: сұраныс жəне шығын (ұсыныс) инфляциясы.

Сұраныс инфляциясы мынадай факторлардың əсерінен туындайды:

• əскери  шығыстардың  өсуі, яғни  əскери  техникалардың  азаматтық  салаларда

пайдалану  қажеттігінен, нəтижесінде  ақша  баламасы  айналыс  үшін  артық  болып

қалады;

• мемлекеттік  бюджет  тапшылығы  жəне  ішкі  қарыздардың  өсуі, яғни



мемлекеттің  қысқа  жəне  орта  мерзімді  міндеттемелерін  шығару  есебінен  бюджет

тапшылығын жабу, нəтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;

• несиелік  экспанциялау, яғни  елдің  орталық  банкінің  коммерциялық  банктер

мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;

• импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар

айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютаның эмиссиялануы;

• ауыр өнеркəсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.

Шығын  (ұсыныс)  инфляциясы  —  бұл  баға  белгілеу  процесіне  əсер  ететін

мынадай факторлардың болуымен сипатталады:

• еңбек өнімділігінің өсуін азайту жəне өндірістің құлдырауы;

• көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;

•  бір  өнім  бірлігіне  жұмсалатын  шығынның  өсуінің  жеделдетілуі,  əсіресе

жалақының өсуі;

• энергетикалық дағдарыс.



47

Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:

• алтынға;

• тауар;


• шетел валютасына.

Бірінші  жағдайда  қағаз  ақшамен  берілетін  алтынның  нарықтық  құны  артады.

Екінші  жағдайда  тауарлардың  бағасы  өседі. Үшінші  жағдайда  шетел  валютасына

қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді.

Инфляцияны мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

1) Инфляциялық процестің сипатына қарай:

•  ашық  инфляция,  яғни  бағаға  ешқандай  да  кедергі  болмайды,  оның  еркін  өсуі

байқалады;

• жабық  инфляция, яғни  тауар  тапшылығы  жағдайында  бағаға  мемлекет  қатаң

бақылау жасап отырады;

• инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.

2) Таралу орнына қарай:

• локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;

• дүниежүзілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық, ғаламдық

экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.

3) Бағаның өсу қарқынына қарай:

· баяу инфляция — баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;

· орташа  инфляция — баға  тез  қарқында  жылына 20-дан 200%-ға  дейін  өседі,

мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық жəне əлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;

· ұшқыр инфляция — баға жылына 500-ден 1000%-ға дейін жəне одан жоғары

қарқынмен  өседі. Ұшқыр  инфляция  ақша  жүйесінің  құлдырауына  əкеліп  соғады.

Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.

Негізгі əдебиеттер: 7 нег. [272-404], 13 нег. [1-7]

Қосымша əдебиеттер: 7 қос. [1-15], 8 қос. [1-6], 9 қос. [1-10], 10 қос. [1-7]

Бақылау сұрақтары:

1) Ақшаның мəні мен атқаратын қызметтері?

2) Ақша жүйесінің элементтері

3) Инфляция дегеніміз не? Инфляцияның факторлары мен түрлерін атап беру?

4) Инфляцияның ішкі жəне сыртқы себептері.

№ 13 дəріс  тақырыбы. Экономикалық  өсу  жəне  экономиканың  кезеңдік

ауытқуы.

1. Экономикалық өсу жəне əсер етуші факторлар

Кез-келген ұлттық экономиканың қалыпты жағдайы қоғамда əрекет ететін

қарама-қайшылықты 

күштердің 

динамикалық 

тепе-теңдігін 

көрсетеді.

Сондықтан  экономикалық  өсуді  жəне  экономиканың  дамуын  қарастырғанда

макроэкономикалық  параметрлердің  жалпы  экономикалық  тепе-теңдіктен

ауытқуын  көрсететін, қалыпты  жағдайлар  туралы  да  сөз  қозғалады. Яғни

экономикалық өсу барасында  экономикалық бір тепе-теңдік деңгейден  екіншіге

ауысуына талдау жасау.

Сонымен экономикалық өсу дегеніміз – бұл қоғамдық өндірістің өсуі жəне

сапалы  түрде  жетілдірілуі. Экономикалық  өсу  белгілі  бір  уақыт  аралығындағы

ұлттық-экономиканың дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың, нақты

ЖІӨ-ң  артуы  кезіндегі  ұлттық  шаруашылықтың  дамуы. Мағынасы  бойынша,

экономикалық  өсу  өз  құрамына  өндіріс  нəтижелерімен  қоса  жаңа  прогрессивті

пропорциялардың  қалыптасуын  қосатын, экономикалық  даму  процесінің  бір



48

формасы  болып  табылады. Экономикалық  дамуға  оң  жəне  теріс  экономикалық

динамикалар  жатады. Ал  экономикалық  өсу  экономикалық  дамудың  оң

динамикасын сипаттайды.

Оны графиктік түрде де көрсетуге болады (1.1-сурет).

ЖҰӨ


                                 экономикалық

бумы                                          өсу

                        бум

                                                      жандану

                             құлдыр. тоқырау

                                                                      t  (жылдар)

                                     40-60 жыл

1.1-сурет

Экономикалық  даму  циклы 40-60 ж  аралығында  жүреді. Экономикалық

циклдың  сипаты  халық  шаруашылығының  экономикалық  өсу  жəне  құлдырау

жағдайында да болатындығын білдіреді.

Экономикалық  өсудің  базасы  болып  өндіріс  жəне  ұдайы  өндіріс  тиімділігі

табылады. Өндіріс  пен  ұдайы  өндіріске  анализ  жасалмай, экономикалық  өсу  мүмкін

емес. Сонымен, экономикалық  өсу – бұл  экономиканың  дамуының  оң  динамикасын

сипаттайтын, экономикалық  элементтердің (жұмыссыздық, баға, өндіріс, т.б.) даму

тенденциясы. Мысалы, жай  экономикалық  өсу  емес, тұрақты  экономикалық  өсу.

Сонымен қатар экономикалық өсу – бұл номиналды жəне нақты ЖҰӨ-ң өсуіне əкелетін

қозғалыс, яғни  елдің  экономикалық  қуатының  артуының  негізі. Сондықтан

экономикалық өсу – мемлекеттің экономикалық саясатының басты мəселесі.

Экономикалық  өсу  тиімділігі «өндіріс  тиімділігі» түсінігінің  барлық

құраушыларын жақсарту қарастырылады. Оған жататындар:

· тауар  мен  қызмет  сапасын  жақсарту, олардың  отандық  жəне  əлемдік

рыноктағы бəсеке қабілеттігін арттыру;

· қанағатталынмаған  қажеттіліктерді  қанағаттандыруға  мүмкіндік  беретін

жаңа тауарлар өндірісін игеру;

· халқаралық 

еңбек 

бөлінісі 



жүйесіндегі 

елдің 


территориялық

артықшылықтарын  есепке  ала  отырып, өндірісті  мамандандыру  мен

қауымдастыруды тереңдету;

· өндіріс  ресурстарының  сала  жəне  аймақ  бойынша  аллокациясын

жаңарту;

· белгілі бір өнім шығару үшін шектеуші ресурстардың шығындарын жаңа

технологияларды игеру арқылы минималдау, т.б.

Экономикалық өсудің кезкелген түрі, мейлі ол өндiрiс масштабын  ұлғайту

немесе  оның  сапалы  сипаттамаларын  жаңарту  болсын, қосымша  инвестицияны

талап  ету  мүмкіндігі  экономикалық  өсудің  негізгі  қозғаушысы  мен  реттеушісі

болып  табылады. Инвестициялық  процесті  жүзеге  асыру  қоғамнан  бірқатар

объективті алғышарттар жасауын талап етеді.

Өндірістік  мəселелерді  шешудің  қиыншылығы  нақты  себептерге: нашар

тамақтану 

мен 

əлсіз 


денсаулыққа, өмір 

деңгейінің 

төмендеуіне;


49

институционалдық  жағдайлар  мен  еңбек  рыногының  жетілмегендігіне

байланысты. Оның  ойынша, кейнсиандық  бағытты  бұл  елдерге  қолдауға

болмайды. Мюрдаль  бойынша  дамуы  төмен  болудың  себебі – шетелдік

капиталдың  жетіспеушілігінде  емес, еңбек  ресурсын  толық  пайдаланбауда

болып табылады.



2. Экономикалық өсу - қоғамның дамуының негізі бағыты

Экономикалық  өсудің  негізгі  мақсаты  болып  халықтың  материалдық  əл-

ауқатын  көтеру  жəне  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  табылады.

Материалдық  əл-ауқатты  көтеру  экономикалық  өсудің  басты  мақсаты  ретінде

келесі негізгі құраушылармен нақтыландырылады:

1. Халықтың  орташа  жан  басына  шаққандағы  табысы. Бұл  мақсатқа  қол

жеткізу  өз  көрінісін  жан  басына  шаққандағы  ұлттық  табыстың (ҰТ) өсу

қарқынынан табады.

2. Бос  уақытты  көбейту. Бұл  мақсат  елдің  нақты  ЖҰӨ  немесе  ҰТ

көрсеткiштерiнде  көрiнбейдi, бiрақ  қажеттi игiлiктiң  бiрi болып  табылады.

Сондықтанда  бұл  мақсатты  бағалау  кезінде  жұмыс  күнінің  немесе  аптаның

белгілі  бір  қарастырылып  отырған  уақытта  қысқаруын, қызметкерлердің  еңбек

қызметтің ұзақтығын ескеру қажет.

3. Халықтың  əртүрлі  əлеуметтік  топтары  арасында  ҰТ-ң  бөлінуін

жақсарту. Егер  нақты  ҰТ  өсіп, дұрыс  бөлінбесе, онда  экономикалық  өсу

халықтың  көпшілік  бөлігі үшін тиімсіз  болар  еді, себебі олардың  əл-ауқаты бір

қалпында  қалады  немесе  одан  да  нашарлай  түседі. Сондықтанда  экономикалық

даму процесінде əлеуметтік қорғаушылық принципі ұсталынуы керек.

4. Өндірілетін  тауарлар  мен  қызметтердің  сапасын  жақсарту  жəне

əртүрлендіру. Бұл  көрсеткіш  те  нақты  ҰТ-ға  тікелей  көрініс  алмайды. Бірақ

жоғары 

сапалы 


жəне 

дифференцияцияланған 

тауарлар 

тұтынушылық

қажеттіліктердің  қанағаттандырылу  деңгейін  жоғарлатады, ол  өз  кезегінде

тауарлар  мен  қызметтерге  шығыстауды  көбейтеді,  ал  олардың  жиынтық

мөлшері өндірілген ҰТ көлемiн сипаттайды.

Экономикалық  өсу  мақсаттары  өндірушілер  мен  тұтынушылардың  мінез-

құлықтың  мотивтерін  сипаттайды. Өндіруші  үшін  ұзақ  мерзімде  экономикалық

пайда  алу  болса, үй  шаруашылығы  үшін  өз  əл-ауқатын  көтеру. Осы  мақсатқа

жету  үшін  олар, біріншіден, табыстарының  бір  бөлігін  жинақтайды, екіншіден,

өндіріс  факторларының  сапасын  жақсарту  үшін  табыстарының  бір  бөлігін

инвестицияға жұмсайды.

Экономикалық  өсудің  негізгі  мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін, яғни

халықтың  əл-ауқатын  көтеру  үшін, алдымен  өндіріс  тиімділігіне  қол  жеткізу

қажет.


Негізгі əдебиеттер: 7 нег. [337-356]

Қосымша əдебиеттер: 9 қос. [1-10], 10 қос. [1-7]

Бақылау сұрақтары:

1) Экономикалық өсу дегеніміз не?

2) Экономикалық кезеңнің фазалары мен олардың ерекшеліктері?

3)  Акселератор мен мультипликатор дегеніміз не?

4) Акселератор мен мультипликатордың өзара əрекеттестігі?

5) Экономикалық өсудің өлшемдері мен факторларын атау?



50

№  14 дəріс  тақырыбы.  Мемлекеттік  қаржы  жəне  несие – банк  жүйелері

мен қазына саясаты.

Қаржы  дегеніміз – қоғамның  ақшалай  қаржы  қорларын  құру  мен  пайдалану

жөніндегі  экономикалық  қатынастар  жиынтығы. Қаржылық  қатынастардың  ақша

қатынастарынан айырмашылығы сол, ол жеке тұтынушыларға қызмет етеді.

Қаржы қызметтері:

1) Шоғырландыру – мемлекеттің өмір сүруінің материалдың негізін жасау жəне

оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

2) Бөлу – жалпы ұлттық өнімді жəне ұлттық табысты бөлу жəне қайта бөлу.

3) Реттеу – жұмыс істеп тұрған субъектілерді қызметін ынталандыру.

4) Бақылау – қаржы ресурстарын пайдалануды бақылау.



Қаржы  жүйесі – бұл  заңмен  бекітілген  нормативтер  негізінде  тиісті

институттар  мен  мекемелер  арқылы  қаржы  қорын  жасау  мен  пайдалану  жөніндегі

экономикалық субъектілер арасындағы жеке тұтынушыларға қызмет етеді.

ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Мемлекеттік  қаржылар: Мемлекеттік  бюджет, Мемлекеттік  несие,

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қаржысы.

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ:

Мемлекеттік бюджеттің төленетін төлемдері:

-

Қаржы  бөлу – мекемелер  мен  кəсіпорындарды  қаржыландыруға  берілетін



ақшалай қаржы;

-

Субсидиялар – мемлекеттік ақшалай көмек түрі;



Қаржы:

-

мемлекеттік;



-

мекемелер мен ұйымдардың

(меншік түрі əр түрлі)

-

салалар мен аймақтардың;



-

үйшаруашылығының (жеке

қаржылары).

Қорлар:


-

мемлекет қажеттілігіне жұмсалатын ақшалай

қаржы қорлары;

-

өндірісті дамытуға жəне əлеуметтік



мəселелерді шешуге жұмсалатын қорлар;

-

бірге тұратын жəне ортақ шаруашылық



жүргізетін жеке тұлғалар қажеттілігіне

жұмсалатын ақшалай қаржы қорлары

Республикалық

     Жергілікті (облыс, аудан, қала)

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ

МЕМЛЕКЕТТІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ АРАСАЛМАҒЫ

Шығындар:

- Экономиканы қаржыландыру;

- Əлеуметтік-мəдени бағдарламалар жəне

ғылым;


- Мемлекеттік басқару;

- Қорғаныс;

- Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге

асыру;


- Мемлекеттік қарыздарға қызмет ету.

Кірістер:

- Салықтық жəне салықтық емес

түсімдер мен алымдар;

- Капиталмен операциялардан

түсетін кірістер;

- Ресми трансферттер.


51

-

Субвенциялар – дамудың  нақты  мақсаттарына  арналған  мемлекеттік



ақшалай көмек;

-

Дотациялар – шығындарды жабуға арналған ақшалай қаржы.



Салықтардың қызметі:

1. Фискалды: мемлекет табысын жасау;

2. Реттеу: экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандыру немесе

тежеу;


3. Қайта бөлу: жиналған салықтың түсімдері қаржыландыруды қажет ететін

бағдарламалар пайдасына сəйкес қайта бөлу.



Салықтың элементтері:

-

Салық субъектісі: заңды жəне жеке тұлға (төлейтін адам);



-

Салық объектісі: салық есептелетін база (табыс, мүлік, тауар, мұра, жер)

– не үшін төленетіні;

-

Салық көзі: жалақы, кіріс, дивиденттер (неден төленетіні);



-

Салық мөлшері: шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік (салық мөлшері);

-

Салықтық жеңілдіктер: салық мөлшерінің немесе салықтан толық босату.



Лаффер қисығы салық мөлшері қандай болғанда салықтық түсімдері ең жоғары

көрсеткіштерге  жететінін  көрсетеді (М  нүктесі). График  көрсеткендей, салықтық

түсімнің көлемі (200 мың доллар) салық мөлшері 10 % жəне 65 % болғанда қамтамасыз

етіледі  (L  жəне  M  нүктелері).  Салық  мөлшері  өскенде  (графикте  35%-тен  жоғары)

салықтық  түсімдері  азаяды, өйткені  еңбек  етуге  жəне  кəсіпкерлік  қызметке  ынта

төмендейді жəне кəсіпкерлердің көбі «қалтарыс экономикаға» енеді.

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ

ТАПШЫЛЫҒЫ – шығыстың кірістен асып

түсу шамасы

Себептері:

- Экономиканың дағдарыс

жағдайындағы кірістің құлдырауы;

- Экономиканың көлеңкелі

сектрының өсуі;

- Акциз салығының азаюуы;

- Бюджет шығыгының көбеюуі.

Төмендету шаралары:

- Қаржыландырудан несие беруге көшу;

- Мемлекеттік заемдар;

- Салық салуды қатайту;

- Мемлекетті басқару жөніндегі

шығындарды қысқарту.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ – бұл өткен жылдардағы

жиналған бюджет тапшылығының жалпы сомасы

Сыртқы-шет мемлекеттерге,

Ішкі-үкіметтің өз елінің

фирмаларға, ұйымдарға қарыз

азаматтары алдындағы қарызы



52

График 1. - Лаффер қисық сызығы – салық мөлшері мен салық түсімінің көлемі

арасындағы байланысты көрсететін қисық сызығы



Мемлекеттің қаржы саясатының екі аспектісі бар:

Біріншіден, бюджеттік  процестреді  реттеу – секвистерлеуді-өндірістің

құлдырауы, инфляция  дағдарыстың  шиеленісуі, т.б. ерекше  жағдайларда  мемлекет

шығындарының кейбір  баптарын қысқартуды  қосқанда өз  бюджеттік саясатын жүзеге

асыру арқылы бюджеттік тепе-теңдік қол жеткізу;

Екіншіден, Фискальды  саясат-табыс  табу  мен  шығындарды  жүзеге  асырудың

қаржылық тетіктері арқылы экономиканы реттеу.

Дискрециялық фискальды  саясат тауарлар  мен  қызметтерді мемлекеттің сатып

алуы, мемлекеттік  тарнсферттер  мен  салықтар  арқылы  жүзеге  асырылады. Олардың

көлемінің  өзгеруі  шығындар  жиынтығының  өзгерісіне  əкеледі. Осылай  жиынтық

сұранысқа ықпал жасай отырып, фискальды саясат біркелкі таза ұлттық өнім көлеміне

əсер етеді. Дискрециялық фискальды саясат сипатына экономика жағдайы да əсер етеді.

Құлдырау кезеңінде, əдетте ынталандыратын фискальды саясат жүзеге асырылады. Ол

артық сұраныс жағдайында тежегіш сипатта болады.

ДИСКРЕЦИЯЛЫҚ ФИСКАЛЬДЫ САЯСАТ:

Банктердің қызметтері:

-

несие беруде жəне төлемдерде делдалдық ету;



-

ақшалай табыс пен жинақ ақша бөлігін капиталға айналдыру;

-

айналымның несиелік қаржысын (вексельдер, чектер, банкноттар) жасау.



Қаражаттар:

-

мемлекеттік шығындар;



-

салықтар


Фискальды саясаттың мақсаттары мен құралдары:

Экономиканың тұрақтануы:

-

өндірістің көбеюуі;



-

жұмыссыздықтың төмендеуі;

-

инфляцияның төмендеуі



53

Банктердің экономикаық рөлі – ақшалай капитал жинақталып жатқан экономика

саласынан оны алып, пайдаланып жатқан экономика саласына беруді қамтамасыз ету.



Банктердің  қызметтері  жəне  операциялар  сипаты  бойынша  жіктелуі:

Орталық  эмиссиялық, коммерциялық  депозиттік, инвестициялық, жинақтық, арнайы

мақстақа арналған.

Банктердің  негізгі  операциялары: Енжар –ақша  ресурстарын  жұмылдыру:

депозиттер  қабылдау, акциялар  мен  басқа  банктерден  басқа  бағалы  қағаздарды

несиелерді  сату; Белсенді-ақша  ресурстарын  тарату: несиелер  беру, акциялар,

облигациялар, сатып  алу, лизинг, факторинг, банк  инвестициялары, вексельдер  мен

операциялар.

Банк  кірісі (маржа) – несиелер  мен  салым  ақшалар  бойынша  пайыз  мөлшері

арасындағы айырма.

Негізгі əдебиеттер: 3 нег. [45-5, 79-84], 4 нег. [38-156]

Қосымша əдебиеттер: 5 қос. [135-189]

Бақылау сұрақтары:

1) Банк қызметтері жəне негізгі операциялары

2) Қазақстан Республикасы банктерінің қанша деңгейі болуы мүмкін?

3) Ақшалай мультипликатор дегеніміз не?

4) Қаржы жүйесінің мəні жəне негізгі субъектілерін атап беріңіз?

5) Салық салу дегеніміз не? Салық салудың негізгі принциптерін атап беріңіз?

6) Банктің мəні мен экономикалық рөлін, атқаратын қызметтерін белгілеп жəне

атап беріңіз?



Каталог: sites -> default -> files -> books
books -> ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы
books -> Қолданбалы экология
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Ж. Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты «Көтеру-тасымалдау машиналары мен гидравлика» кафедрасы
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Студенттің ПƏндік оқУ-Əдістемелік кешені

жүктеу 0.79 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет