Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі қ. И. СƏтбаев атындағЫ Қазақ Ұлттық техникалық


 Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы



жүктеу 0.79 Mb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата30.04.2017
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы

Ұлттық  шоттар  жүйесі (ҰШЖ) ұлттық  кіріс  пен  соңғы  өнімнің  қолданылуын

сипаттайтын  өндірісті, оларды  тарату  мен  қайта  таратуды  сипаттайтын  өзара

байланыстағы  көрсеткіштерді  білдіреді. Ұлттық  шоттың  негізін  жинақталған  шоттар,

ұлттық кіріс, инвестиция, үй шаруашылығының кірістері мен шығыстары жəне мемлекеттік

мекемелері, ішкі  экономикалық  операциялар  құрайды. Сонымен  қатар, ҰШЖ-не

жинақталған  көрсеткіштерді  ашып  беретін  немесе  өз  бетінше  мағанасы  бар  баланстық

кестелер кіреді.

Жалпы  ұлттық  өнімді  екі  түрлі  əдіспен: қоғамның  өндірілген  тауарлар  мен

қызметтер  жұмсаған  барлық  шығындар  жиынтығымен, немесе  осы  жылғы  өндірістің

нəтижесінде алынан өнімнің ақша табыстарын қосу жолымен өлшеуге болады.

Жалпы ұлттық өнімді шығындар бойынша есептеу:

GNP=C+I+G+NX

C - тұтыну бұл үйшаруашылықтарының тауарлар мен қызметтерге кететін

шығындар;



36

I - инвестициялар жабдықты, жылжымайтын мүлікті жəне т.б. алуға кететін

шығындар;

G - мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік өкімет органдарының өздеріне қажетті

тауарлар мен қызметтерге кететін шығындары;

NX - таза экспорт, экспорт пен импорт көлемдерінің айырмасы.

Y=W+R+I+P

W - жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы;

R - жерді, тұрғын үйді жəне т.б. жалға беру арқылы алынған рента;

I - пайыз (үйшаруашылығында жиналған ақша капиталынан түскен табыстар

түріндегі);

P - пайда (бейкорпорациялық пайда+дивиденттер+бөлінбейтін пайда).

ЖҰӨ дефляторы=Атаулы ЖҰӨ/Нақты ЖҰӨ*100;

Атаулы  ЖҰӨ - тауарлар  мен  қызметтер  өндірісінің  ағымдағы  бағаларымен

көрсетілген көлемі.

Нақты  ЖҰӨ - тауарлар  мен  қызметтер  өндірісінің  тұрақты  бағаларымен

көрсетілген көлемі.

Негізгі əдебиеттер: 3 нег. [52-63], 6 нег. [12-18], 7 нег. [140-159], 13 нег. [1-5]

Қосымша əдебиеттер: 13 қос. [35-67]

Бақылау сұрақтары:

1) Макроэкономика жəне макроэкономикалық талдау.

2) Макроэкономикалық саясаттың мақсаты.

3) Ұлттық шоттар жүйесі.

4) Жалпы ұлттық өнімді шығындар жəне табыстар бойынша формулалары.

5) Атаулы жəне нақты жалпы ұлттық өнім.

6) Жалпы ұлттық өнімнің дефляторы.



№ 10 дəріс  тақырыбы.  Макроэкономикалық  тепе-теңдік  жəне  оның

өзгерісі.

1. Жиынтық  сұраныс жəне оның қисық сызығы

Экономикалық  теорияны  зерттеудің  маңызды  əдісі  ілгеріде  атап  өткендей  бір

өлшемді (тепе-теңдік) əдіс болып табылады. Өткен тарауларда бұл принцип осы немесе

басқа  тауар  рыногында  сұраныс  пен  ұсыныстың  тепе-теңдігінің, сол  сияқты  барлық

өзара  байланысты  тауарлар, еңбек, капитал  рыноктарында  сұраныс  пен  ұсыныстың

тепе-теңдігінің постулаты ретінде танылды.

Экономиканың  макро  дəрежесін  зерттеумен  байланысты  өзімізге  мынадай

сұрақтар  қоялық, жиынтық  халық  шаруашылық  көрсеткіштердің  категорияларын:

ұлттық  табысты, инвестицияны, жинақты, жұмыспен  қамтуды  т. б. талдауда  тепе-

теңдікті осы  қолдана  беруге  бола  ма? Əрине  болады. Енді бүкіл экономика  көлемінде

қоғамның  кірістері  мен  шығыстарының  тепе-теңдігі  бірінші  кезекке  шығады. Бұл

ұсыныс (өндірілген  ұлттық  табыс) пен  сұраныстың (пайдаланылған  ұлттық  табыс)

арасындағы  тепе-теңдіктің өзіндік  көрінісі. Мұндағы  маңызды  мəселе мына жағдайды

анықтауда: жұмыспен  толық  қамтылған  жағдайда  кіріс  пен  шығыстың  тепе-теңдігін

рыноктық  тетік  өздігінен  қамтамасыз  ете  ала  ма? Егер  бұл  сұраққа  жауап  жағымсыз

болса, мемлекет  көмегімен  рыноктық  тетікке  түзету  енгізуге  араласудың  қажеттігі

өзінен өзі туындайды.


37

Сонымен  қоғамның  жиынтық  табысы  деген  не?  Ілгеріде  атап  өткендей  бізге

белгілісі  —  бұл  ұлттық  табыс.  Ал  жиынтық  шығын  бұл  ұлттық  табысты  тұтыну  мен

қор жинауға жұмсау. Алайда халықтың тапқан табысының бəрі жұмсалмайды, оның бір

бөлігі  жинақталады, яғни  кейінге  калдырылады. Сонымен  бұл  тарауда  тек  ұлттық

табыс, инвестиция, тұтыну  ғана  емес, кор  жинауды  талдау  да  орын  алады. Аталып

өткен  мəселелердің  əр  қилы  жақтары  Дж.М.Кейнстің  көптеген  еңбектерінде

қарастырылған. Ұлттық табысты зерттеу, оның дəрежесін анықтауға біз атап өткен П.

Самуэльсонның  оқулығында  да  үлкен  көңіл  бөлінеді. Оның  логикасын  негізінен  қор

жинау мен тұтынудың мəнді мəселелерін талдауда қолданамыз.

Жиынтық  өлшемдерге  көшпес  бұрын  тағы  бір  ескертетін  жай, Дж.М.Кейнс

теориясы  экономикадағы  психологиялық  факторлардың  зор  маңыздылығын  ерекше

көрсетеді. Кейнс  теориясының  терминдерінің  өзі  психологиялық  ой  елегінен  өтеді:

"бейімділік",  "артықшылық",  "күту",  "ұмтылу"  т.  б.  сияқты  толып  жатқан  эпитеттер

бұрыннан таныс "тұтыну", "жинақтау", "өтімділік" категорияларымен біте қайнасқан.

Макроэкономикалық  теңдікті  табу  үшін, міндетті  түрде  жинақталған  сұраныс

пен жинақталған ұсыныстың категориясын қарастырамыз.

Жиынтық  сұраныс - бұл  ұлттық  өндірістің  нақты  көлемі  тұтынушының,

кəсіпорынның, мемлекеттің кез келген баға деңгейінде сатып алуы. Жиынтық сұраныс

тауар  рыногында  ұсынылған  соңғы  тауарға  жəне  қызметке  барлық  сұраныс

қосындысын көрсетеді:

Сондықтан  жинақталған  сұраныстағы  анықтаушы  факторларды, шартты  түрде

жоғарыда  көрсетілген  төрт  топқа  бөлеміз  жəне  солардың  əрқайсысының  жинақталған

сұранысқа ықпалын талдайды.

Ұлттық  өндірістің  нақты  көлемі  мен  баға  деңгейі  арасындағы  тəуелділік

сұраныстың  қозғалысына  кері  немесе  қайшы  бағытта  болады. Ұқсас  тəуелділік  жеке

тауар сұранысында да бар. Бірақ сұраныс қисық сызығының төмен жəне оңға ауытқуы

жеке  тауардың  пайда  тиімділігін  жəне  орнын  басуы  болып  түсіндірілсе, ал  жиынтық

сұраныс  қисығының  үйлесу  ұқсастығы  басқа  факторлармен  байланысты. Оған

келесілер жатады:

1. Проценттік  ставканың  көтерілу  деңгейі, яғни  несиені  пайдалану  бағасы.

Бағаның  өсуі  тұтынушылармен  өндірушілерді  қарызға  ақша  алуға  мəжбүр  етеді. Бұл

жағдай проценттік ставканы жоғарылатады, сондықтан сатып алушы саудасын кейінге

қалдырады, ал кəсіпкерлер инвестицияны қысқартады. Нəтижесінде жиынтық сұраныс

азаяды. Осы құбылыс "проценттік ставка əсері" деп айтылады.

2. "Кассалық  қалдық  əсері" немесе "байлық  əсері". Байлық  элементтері  акция,

облигация, жедел  активтерінің  құндық  бағасының  көтерілуімен  халық  тұтынысы

төмендейді, кедейленеді. Нəтижесінде жиынтық сұраныс қысқарады.

3. Импорттық  тауарлар  əсері. Ел  ішінде  баға  өсуі  отандық  тауарға  сұранысты

қысқартады, ал  арзан  импортқа  сұраныс  өседі. Барлық  бұл  əсерлер - баға  деңгейі

өзгеруімен байланысты. Графикалық түрде жиынтық сұранысы қисығы қозғалысымен

бейнеленеді.

Бағалық  емес  факторлар  сұраныс  қисығын  жиынтық  сұранысы  өскенде  оңға,

сұраныс төмендегенде солға ауыстырады.

Бағалық емес факторға жататындай:

1) тұтынушы  шығыны  өзгеруі, тұтынушы  жағдайының  деңгейі  өзгеруімен

байланысты;

2) инвестиция   шығынының   өзгеруі,   яғни   өндіріс құралын сатып алу көлемі

де өзгереді;

3) мемлекеттік шығынның өзгеруі жəне басқалар;

4) таза экспорт көлемінің шығынының өзгеруі.

Қарастырылған  факторлар  ұлттық  өндіріс  көлемінің  өзгеруімен  жиынтық

сұранысы өзгеруі байланысын болжауға мүмкіндік береді.


38

2. Жиынтық ұсыныс жəне оның қисық сызығы

Жиынтық  ұсыныс - бұл  əр  түрлі  баға  деңгейінде  ұсынуға  мүмкін  тауар  мен

қызметтің  жалпы  саны. Жиынтық  ұсыныс - жалпы  ұлттық  өнімге  тең  немесе  ұлттық

табыс көлеміне теңестіруге болады:

Бағалық  факторлардың  ішінен  жиынтық  ұсынысқа  ықпал  ететін, жеке  тауар

рыногында  ұсынысқа  өзгерту  əкелетін  өндіріс  технологиясы, шығындар  жəне  т.б.

(микродеңгейде).

Экономиканы  жүргізу  қабілеттілігі  ол  немесе  басқа  тауар  мен  қызмет  көрсету

көлемі, қолданып  отырған  өндіріс  факторының  саны  мен  сапасына  ықпал  етеді (жер,

еңбек капитал).

Өндіріс  факторының  санының  өсуі  немесе  сапасының  көтерілуі  өндіріс

қуаттылығының өсуіне əкеледі, демек жинақталған ұсыныс өседі.

Қорытынды: Жиынтық ұсыныс баға деңгейіне тəуелді. Өте жоғары баға өндіріс

тауарын  жəне оған ұсынысты ынталандырады. Ал, өте  төмен  баға  керісінше өндірісті

жəне тауарға ұсынысты қысқартады.

Егер жиынтық сұраныс жинақталған ұсынысқа тең болса, тауар рыногында тепе-

теңдік орнайды. Бірақ нақты өмірде ол бұзылады.

Ауытқу варианттарын қарастырамыз:

1. Жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан көп делік:

Тепе-теңдікке шығу үшін екі варианты болуы мүмкін.

- өндіріс көлемін өзгертпей, бағаны көтеру;

- шығарылатын өнімді кеңейту.

Егер  фирмалар  екінші  жолды  таңдаса,  онда  шығарылатын  өнім  көбейеді,  не

өндіріс  жиынтық шығыны  өсуіне  əкеледі.  Сондықтан,  жаңа  нүктеде  теңестіру  өндіріс

көлеміне үлкен мағынада сəйкестенеді.

Қорытынды: Ұлттық табыс өседі.

2. Жиынтық сұраныс ұсыныстан төмен болса делік:

Мұнда да екі варианты болуы мүмкін:

- өндірісті қысқарту;

- өндіруді өзгеріссіз қалдырып,  бірақ бағаны  азайту жолы.

Кəсіпкердің  бірінші  қимылы: өндіріс  көлемін  қысқартып, тауарды  тиімді

бағамен  қоймадан  сатып  көрсін. Егер  мақсатқа  мұнымен  жетпесе, онда  дереу  бағаны

азайту керек. Бұл жұмысшыларды босату басталмағанға шейін жүріп отырады.

Қорытынды: Ұлттық табыс төмендейді.

3.  Егер  жиынтық  ұсыныс  өссе  -  онда  фирма  тауарын  көп  ұсынады,  тұтынушы

арзан  бағасымен  алады. Нəтижесінде  баға  деңгейі  түседі, ал  сату  көлемі  немесе

тауарларды  шығару  өседі, онда  жаңа  тепе-теңдік  нүктеде  тауар  көп  шығару  мен  баға

деңгейі төмендеуі сəйкестенеді.

Қорытынды: Ұлттық  табысқа  əсері  белгісіз, өнім  көлемі  мен  баға  əр  түрлі

бағытта болады.

4. Егер жиынтық сұраныс төмендесе, онда өнім шығару жəне баға түседі. Баға

деңгейі азаюы қарқындап жұмысшыларды босатуға дейін алып келеді.

Қорытынды: Ұлттық табыс төмендеуіне əкеледі.

3. Тұтыну  жəне  қор  жинау:   өзара  байланысы  жəне ерекшелігі. Тұтынуға

жəне қор жинауға шектік бейімділік.

Маңызды  агрегаттық  көрсеткіш  болып, жиынтық  сұраныс  жəне  жиынтық

ұсыныспен бірге жинақталған тұтыну табылады.

Тұтыну - басты  жиынтық  шығыннан  тұрады. Тұтынудың  негізгі  көзі - табыс.

Табыстың қалған бөлігі қор жинауға кіреді.

Қор жинау - бұл тұтынылмайтын табыс бөлігі.



39

Қорытынды: Тұтыну сияқты, қор жинау да табыс деңгейіне тікелей тəуелді жəне

сол факторлардың əсер ету ықпалы байкалады:

Табыс = қор жинау + тұтыну

Тұтыну = табыс - қор жинау

Қор жинау = табыс - тұтыну.

Табысы  ортаңғы  деңгейден  жоғары  семьялар  қор  жинайды. Кедейлер  қор

жинауы аз болады, ал ең кедейлер нольдік қоры бар, қарызға өмір сүретіндерде - теріс

қор  жинау  болады.  Қор  жинауға  қарағанда,  тұтыну  барлық  семьяда  бар.  Ал,  оның

төменгі  деңгейі  құн  көрістен  түспеуі  керек. Тұтыну  ағымды  керекті  қанағаттандырса,

қор жинау болашаққа. Тұтынуға орта бейімділікті жəне қор жинауға орта бейімділікті

ажыратуға болады.

Тұтынушы  ортаға  бейімділік - бұл  тұтынудың  табысқа  қатынасы, процентпен

берілген.

Қолда  бар  табыс  пен  тұтыну  арасындағы  байланыс  тұтыну  функциясы  деп

аталады. Қордың  қолда  бар  табысқа  тəуелсіздігі  қор  жинау  функциясы  деп  аталады.

Елдің табысы өзгеріп отырады (түседі, көтеріледі). Сондықтан бізге білу керегі, елдер

осы табыстың қай бөлігін тұтынады жəне қай бөлігін жинайды.

Табыстың тұтынатын бір бөлігін немесе үлесін (өсетін, қысқаратын) - тұтынуға

шекті бейімділік деп айтылады (МРС).

Кез келген табыстың  өсу үлесі, қор жинауға баратын түрі - қор жинауға шекті

бейімділік деп аталады (МРS).

МРS жəне  МРС  жинағы, кез  келген  табыс  өзгерісінде, салық  төленген  соң

барлық  кезде  бірге  тең  болуы  керек, яғни  табыс  өсуі  не  тұтынуға, не  қор  жинауға

барады. Сондықтан, тұтынудың (МРС) үлесі  жəне  қор  жинау (МРS) үлесі  табыстың

өсуін өзіне сіңіру керек:

МРС + МРS = 1.

Адамның тұтынуға жəне қор жинау бейімділігінің табысқа əсерлілігі пікірталас

тудырып  келеді. Ұзақ  жылдар  бойы  табыстың  өсу  мөлшері, өсуімін  азайып  баратын

бөлігін  тұтынады, ал  қорлану  көбейеді  деген  тұжырым  орын  алады. Ал, қазір  көп

экономистердің  айтуы  бойынша  экономикаға  МРС  жəне  МРS əрқилы  қатынаста  əсер

етеді.


Осыған  дейін  тұтыну  мен  қор  жинаудың  табысқа  тəуелділігі  қаралуда.  Бірақ

оларға басқа факторлар да əсер етеді:

1. Байлық. Семьяда қаншалықты жиналған байлық болса (жылжымайтын мүлік

+ бағалы қағаз), соншалықты тұтыну мөлшері көп, қор жинау мөлшері аз болады.

2. Баға  деңгейі. Баға  көтерілуі  тұтынуды  азайтады, баға  түсуі  тұтынуды

көбейтеді.

3. Күту. Егер баға көтерілуі мен тауар дефициті күтілсе, онда тұтыну өседі, қор

жинау  төмендейді. Онда  адам  керегінен  мол  алады, болашақтағы  жоғарғы  бағадан

сақтанады.

4. Салық  салу. Салықтар  тұтыну  мен  қор  жинау  арқылы  төленеді, сондықтан,

салықтың  өсуі  тұтынуды  да  қор  жинауды  да  азайтады.  Ал  салықтың  түсуі  оларды

көтереді.



4. Инвестиция жəне оның функционалдық белгілері. Инвестиция мөлшеріне əсер

ететін факторлар

Таза шығынның тұтынудан кейінгі компоненті - инвестиция. Инвестиция - бұл

табыс  алу  мақсатында  елдің  ішіндегі  жеке  салаларға  жəне  шетке  ұзақ  мерзімге

мемлекеттік жəне капитал салымдарын айтады.

Инвестиция бағыттары:

- жаңа өндіріс ғимараттары құрылысын салуға;

- жаңа техника жəне технология, жаңа жабдықтар сатып алуға;


40

- шикізат пен материалдарды қосымша алуға;

- əлеуметтік нысаны жəне пəтер құрылысына. Осы бағыттарға байланысты:

- негізгі капитал инвестициясы;

- товарлы-материалдық қорлар инвестициясы;

- адам капиталы инвестициясы бөлінеді.

Бұдан басқа жалпы жəне таза инвестициялар болып бөлінеді.

Жалпы  инвестициялар - ескі  жабдықтың  орнын  басуға  кеткен  шығындар

(амортизация) + өндірісті ұлғайтуға кеткен инвестиция өсуі.

Таза  инвестиция - негізгі  капиталмен  амортизация  қосындысын  шегергендегі

есептелген  жалпы  инвестиция. Егер  таза  инвестиция  мөлшері  тұрақты  болса,

экономика  өседі, дамиды. Егер  таза  инвестиция  нольдік  мөлшерді  құраса (жалпы

шығынмен амортизация  тең болса), онда  экономика статика шамасында болады. Егер

таза  инвестиция  теріс  мөлшерді  құраса (жалпы  шығын  амортизациядан  төмен), онда

іскерлік белсенділіктің төмендеуін көрсетеді.

Инвестициялық сұраныс факторына жатады:

- табыс мөлшерінің күтімі;

- банкілік процент ставкасы.

Бұл жердегі тəуелділік табыс мөлшерінің күтімі жоғары болса, онда инвестиция

өседі. Проценттік  ставка – бұл  фирманың  қарызға  ақша  капиталын  алғанда  төлейтін

бағасы. Егер  табыстың  мөлшер  күтімі (мысалы 10 %) процент  ставкасынан (айталық

7%) болса, онда инвестициялау табысты болады жəне керісінше.

Қорытынды: Инвестицияға  сұраныс  тəуелділігі, процент  мөлшеріне  кері

пропорционалды.

Инвестицияға сұраныс қисығына басқа да факторлар ықпал етеді.

а) инвестицияның  табыс  күтімін  өсіруге  əкелетін  фактор  қисықты  оңға

ауытқытады (инвестицияға сұраныс өседі).

б) инвестициялық табыс күтімін төмендетуге əкелетін фактор, ол қисықты солға

ауытқытады (инвестицияға  сұраныс  төмендейді). Бұл  факторларға  жатады: жабдықты

пайдалануға  кеткен  шығын  кəсіпкерлерге  салық, инфляция  т.б. Сондықтан, ағымдық

инвестицияны 

базистік 

жылдың 

инвестициясымен 



салыстырғанда "нақты

инвестициялар" пайдаланылады.

Өндірістік  басқа (тəуелді), автономды (тəуелсіз) инвестиция  болып  бөлінеді.

Табыспен инвестицияның тəуелділігі мультипликаторда көрінеді.

Мультипликатор (лат. - көбейтемін) - бұл  инвестиция  мен  табыс  мөлшері

арасындағы  өзгерісті  көрсететін  коэффициент. Инвестиция  өскенде, ЖҰӨ-де  көп

мөлшерге  өседі. Бұл  өсудің, көбейткіш  əсерлі  мөлшері -мультипликаторлық  əсер  деп

аталады.


Мультипликатор - бұл  сандық  коэффициент  инвестиция  көлемі  көбейгендегі

ЖҰӨ мөлшері көбеюін көрсетеді.

2. Халықтың қосымша қор жинауы көп болса, онда мультипликатор мөлшері аз,

сəйкесінше, жетілдірілген  ЖҰӨ  жетілдірілген  инвестиция  көлемімен  берілген. Табыс

өсуінің инвестиция өсуіне əсерін белгілеуге акселератор ұғымы керек болады.

Акселератор (лат. - тездеткіш) - осы  жылғы  инвестицияның  өсуінің, өткен

жылғы ұлттық табыс өсуіне сандық қатынасын көрсететін коэффициент.

Негізгі əдебиеттер: 3 нег. [52-63], 7 нег. [140-159], 8 нег. [130-146]

Қосымша əдебиеттер: 12 қос. [27-39]

Бақылау сұрақтары:

1) Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің негізгі моделі.

2) Жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныс.

3) Тұтыну жəне жинақ ақша

4) Инвестиция жəне оның функционалдық белгілері.



41

№ 11 дəріс тақырыбы.  Жұмыссыздық жəне халықты əлеуметтік қорғау.

1.

Қазіргі экономикадағы жұмыссыздықтың негізгі түрлері

Тұрғындар – тарихи қалыптасқан  жəне адам өмірін  қайта қалыптастыру үрдісінде

жаңғырылып отыратын, əрі қоғамның басты құраушысы болатын адамдардың  жиынтығы.

Тұрғындар  құрамында  еңбекке  жарамды, яғни  психофизиологиялық  қасиеті  бойынша

жарамды  жəне  еңбекке  қабілеті  жастағы  адамдар  ерекшеленеді. Тұрғындардың  еңбекке

жарамды базасы арқылы  еңбек қорлары, яғни қоғамдық өндіріске қатысуға дайын немесе

оған  қатысып  жүрген  бөлігі  қалыптасады. Еңбек  қорының  құрамын  табыс  табатын

экономикалық  белсенді  тұрғындар, жəне  жұмыссыздар, яғни  ақылы  жұмыс  іздеп

жүргендер  құрайды. Экономикалық  белсенді  тұрғындар  халық  шаруашылығында  еңбек

ететін  адам  санымен  жəне  сол  ортада  қосымша  жұмысқа  бөлінген  белсенді  халықпен

анықталады .

Жұмыссыздық – қоғамдық  өндірісте  жұмыс  істеуге  ынтасы  бар, еңбекке  жарамды

халық. Қазақстан  Республикасының  жұмыспен  қамту  құқығына  сəйкес, өздеріне

байланысты  емес  себеп-салдардан  еңбек  ақы  алмайтын, мемлекеттік  жұмысбастылық

қызметінде  есепке  алынған  жұмыс  істеуге  дайын, бірақ  жұмыс  істейтін  орыны  жоқ

азаматтар жұмыссыздар   деп саналады.

Жұмыссыздардың бірнеше түрі болады:

1 Өндірістің  құлдырауына  байланысты, жұмысшы  саны  жұмыс

орындардан едəуір көп болса, айналымдық жұмыссыздық орнайды.

2 Фрикциялы  жұмыссыздық – жұмысшылардың аймақтық, кəсіптік

жəне жасына байланысты ауысуы (жаңа мекен-жайға көшуі, жаңа мамандық

игеру, оларға күтім жəне т.б. байланысты).

3 Құрылымдық  жұмыссыздық  жұмысшы  күшіне  сұраныстың

құрылымдық  өзгеруін  туғызатын  өндірістегі  технологиялық  өзгерістерге

байланысты. Жаңа  құрылымдағы  жұмыс  орнына  бұрыннан  қалыптасқан

құрылымдағы  жұмысшылар  күшінің  құрылымының  сəйкес  келмеуі  де

өндірістен жұмысшылардың бір бөлігін шығарып тастауға əкеледі.

Нарық  экономикасында  жұмыс  пен  толық  қамту  фрикциялы  жəне

құрылымдық жұмыссыздығына байланысты. Бұл жұмыссыздықтың қалыпты деңгейі жəне

ол 5-7 % шамасын көрсетеді. Айналымдық жұмыссыздықта толық жұмысбастылық бұзылады.

Жұмыссыздықтар   көрсеткіштері:

1. Жұмыссыздар  деңгейі – пайыз  түріндегі  жұмыссыздар

санының жұмысбастылар санына қатынасы.

2. Жұмыссыздық ұзақтығы.



2. ЖІӨ мөлшеріне жұмыссыздықтың ықпалы. Оукен заңы.

Оукен  заңы  жұмыссыздық  пен  экономикалық  белсенділіктің  сандық  өзара

байланыстылығын сипаттайды. Осы заңға сəйкес ЖІӨ-ның жыл сайынғы өсімінің жобамен

2,7 %-ы  жұмыссыздықтар  есебінен  құралады. ЖІӨ-ның  қосымша 2 %   өсімі

жұмыссыздықтар  үлесінің 1%-ын  төмендетеді. Дəл  сол  сияқты, əрбір  ЖІӨ  өсімінің 2%

төмендеуі  жұмыссыздықтың 1% артуын  анықтайды. Əлеуметтік-экономикалық

жұмыссыздықтың салдары төмендегідей:

1. Жұмыссыздық  ЖІӨ  деңгейін  төмендетеді  жəне  эқономикалық  жоқшылыққа

ұшыратады.

 2. Жұмыссыздық  табыстың  жоғалуына, өмір  деңгейін  төмендетуге, қылмыстық

əрекеттің өрлеуіне, өлімнің көбейуіне ықпал етеді.

3. Созылмалы жұмыссыздық кезінде жұмысшылар біліктілігі жойылады.

Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудегі негізгі төрт түрлі бағытын атауға  болады:

1. Жұмысбастылықты  өсіруді  жəне  мемлекеттік  сектордағы  жұмыс

орын көбейтуді ынталандыру бағдарламалары.


42

2. Жұмысшы күшін дайындау жəне дамыту бағдарламалары.

3. Жұмысшы күшін жалға беруге жəрдемдесу бағдарламалары.

4. Жұмыссыздықты əлеуметтік сақтандыру бағдарламалары.

Еңбек нарығының негізгі элементіне еңбек биржасы жатады. Еңбек нарығы – сату-

сатып алу мəмлелерін жасауда жұмысшылар мен кəсіпкерлер арасында дел-далдық  қызмет

жүргізетін жəне жұмыссыздарды тіркейтін мекеме.

3. Қазақстан  Республикасындағы  жұмыссыздықтың  өзіндік  түрлері  мен

себептері

Көптеген  жылдар  бойы  ҚР  жүргізіліп  келе  жатқан  қатал  монетарлық  саясат -

инфляцияның өсуін ауыздықтауды жұмыссыздық арқылы жүргізуге мəжбүр етті.

ҚР-да жұмыссыздық барлық жоғарыда айтылған түрлерде сипатталады:

1. Елдегі экономикалық тоқыраудың нəтижесі ретіндегі айналымдық

жұмыссыздық.

2. Тұғындардың  жаппай  жақсы  жұмыс  іздеу  мақсатымен  басқа

мемлекетке көшуі нəтижесінде қалыптасқан фрикционды жұмыссыздық.

Көптеген  жылдар  бойы  экономиканың  сырт  əлемге  жабық  болып  жəне  нарықтық

қатынасқа  көшудегі  құбылыстарға  сəйкестендірілуіне  байланысты  қалыптасқан

құрылымдық жұмыссыздық .

Осы  формалармен  қатар  негізгі  пайызды  жасырын  жұмыссыздық  құрайды. Ол

біріншіден  толық  емес  жұмыс  күні  тəртібіне, өндірістің  төмендеуіне, мезгілсіз  еңбек

ақысыз  демалысқа  жіберуге  жəне  екіншіден  адамдардың  еңбек  биржасының  жетілмеуі

себебінен өздері жұмыс тауып орналасуына байланысты қалыптасады.

ҚР-ның   еңбек нарығында төмендегідей мəселелерді атауға болады:

1 Жұмыспен қамту деңгейі əртүрлі аймақта бірқалыпты емес

түрде дамуда.

2 Жұмыссыздықтың ұзақтығы өсуде.

3 Жұмыссыздықтың əлеуметтік құрылымы өзгеруде.

4 Жанама жұмыспен қамту өсуде.

5 Материалды  өндірісте  жəне  ғылыми  салада  жұмысшылар

саны азайуда.

6 Жұмыссыздар арасында əйелдер мен жастар саны өсуде.



4. Инфляция, оның  себептері  жəне  қазіргі  əлемдегі  негізгі  түрлері

Инфляция  –  ақша    айналымының    бұзылу    заңы.  Ол    қоғамдық    қайта    өндіріс

үрдісінің  диспропорциясынан  жəне  экономикалық  саясаттың  жетіспеушілігінен

туындайды. Бұл  айналымдағы  ақша  массасының  кəдімгі  мұқтаждықпен  салыстырғанда,

одан  артылуы  жəне  ақшаның  құнсыздануы. Инфляция  түрлері  əртүрлі. Оларға  мыналар

жатады:


1.

мемлекеттік  бюджеттің  тапшылығы, оны  жабу  мақсатында  қағаз  ақша

шығарылады;

2.

мемлекеттің  биік  деңгейідегі өнімсіз  шығындары;



3.

тауар  тапшылығы;

4.

бөлек  тауар  өндірушілердің  монополиялық  жағдайы, бұл  олардың тауар



бағасын  жəне  қызметті қисынсыз  жоғарылатуына  мүмкіндік  береді;

5.

өндірістің  төмендеуі  жəне  т.б.



Сұраныс  пен  ұсыныс  инфляциясының  концепцияларын  инфляцияның  əртүрлі

себептері  қарастырады.

Сұраныс  инфляциясы  біріккен  сұраныстың  өзгеруінен  пайда  болады. Ол

біріккен  сұраныстың  əр  жылдық  даму  қарқынының  өнім  шығару  қарқынынан  асып

кеткен  жағдайда  туындайды.

 Ұсыныс  инфляциясы  өндіріс  шығындарының  өсу  салдарынан  пайда  болған

бағаға  тəуелді (жалақы, шикізат, матариалдар жəне т.б).

Орта  жылдық  бағаның  жанама  өсім  қарқынына  байланысты баға былай бөлінеді:



43

1. бірқалыпты  немесе  жылжымалы  инфляция – əдетте  ол  жылына 10%-тен

артылмайды;

2. жай  шоқырақ  инфляция – жылына  200%-ға  дейін;

3. гиперинфляция – жылына  200%-ға  жоғары.

Пайда  болу  түріне  байланысты  инфляция  ашық  жəне  жабық  (басыңқы)  болып

ерекшеленеді. Ашық  инфляция  – ортақ  баға  деңгейінің  биіктігінің  көрнекі  көрінісі

болып    табылады.  Жабық    инфляция    мемлекеттің    тұрақты    бағасының    мүмкіндігінше

табанды  жəне  «ресми»  биіктемейтін орталықтандырылған экономикасына  тəн.

Сонымен  қатар  күтілген инфляцияны  мен  күтілмеген  инфляциядан  айыра  білу

қажет. Күтілген  инфляцияны  белгілі  бір  уақыт  аралығына  болжауға  болады немесе  ол

мемлекеттік  үкімет  тарапынан  «жоспарланады». Күтілмеген  инфляцияға  кенет бағаның

секірісі тəн, бұл  ақша  айналымы  мен  салық  салу  жүйесіне  қолайсыз  əсерін  тигізеді.

Баға  көтерілуіне байланысты  əртүрлі  тауарларға  теңгерілген жəне  теңгерілмеген

инфляцияны бөледі. Теңгерілген инфляция  кезінде  түрлі  тауар  бағасы  біреуі  басқасына

қатысты ұдайы пропорцияда ауысып  отырады. Теңгерілмеген  инфляция  əртүрлі  тауарға

деген  əртүрлі  өсу  қарқынын  көрсетеді.

5. Инфляцияның  əлеуметтік  жəне экономикалық  салдары

Инфляцияның  бірнеше негізгі  салдары бар. Біріншіден, қоғамдағы табыстарды:

а) кəсіпорын-монополистерге;

б) қаржылық  құрылыстарға (талаулы  пайыз бен ақша  саудасынан  туады);

в) көлеңкелі  экономикаға;

г) басқа  салалар  мен  бөлек тұлғаларға қайта бөлу. Бұл жағдайда көбінесе  тұрақты

бекітілген табыс алушылар (зейнеткерлер, студенттер, бюджет саласындағы  жұмысшылар)

көбірек  зиян  шегеді. Екіншіден, қатты  инфляция  жағдайында  əдеттегі  əлеуметтік-

экономикалық  қатынастар  бұзылады. Ақша  құнын  жоғалтады  жəне  өз  функцияларын

орындауды  тоқтатады. Тауар  айырбас  үрдісі  ұйымдастырылуы  тоқтатылыды. Өндіріс

қысқартылады. Үйшаруашылық  байланысы  үзіледі. Қаржылық  алып-сатушылық  арта

түседі, кəсіпорын банкротқа ұшырайды, қоғамдық-саяси ретсіздік  жəне  т.б. орнайды.

 Антиинфляциялық  саясат –  ақша  айналымын  реттеу, ақша  көлемін  ығыстыру

жəне  тауар  бағасының  тез  көтерілуін  тоқтату  мақсатында  қабылданған  мемлекеттің

бағытын  таңдап  жəне  оларды  орындалу  шаралары. Нарық  экономикасы  дамыған

мемлекеттердің  антиинфляциялық  саясатының  негізгі  объектісі  шығындар  инфляциясы

болып  табылады. Сондықтан  осындай  саясаттың  орындалуының  негізі – шектен  тыс

іскерлік  белсенділікті  несиені  қымбаттату  арқылы  тоқтату, кіріс  пен  бағаның

жоғарылауына  шектеу  қою. Сұраныс  инфляциясы  нарықтық  экономикаға  өту

кезеңіндегі мемлекеттерге  басты  қауіп  көрсетеді. Ол  негізінен  несие-бюджеттік  сипатқа

ие  жəне  бұл  мемлекеттердің  саясаты  ең  алдымен  мемлекеттік  бюджеттің  реттелуіне

сүйеніп, оның  тапшылығын  жою, инвестиция  саласында  мемлекеттік  шығындарды

азайту, кəсіпкерлерге дотация беру, əскери шығындар, əлеуметтік  бағдарламаларды түзету

секілді  шараларды  жасауы  қажет. Сондай-ақ, қатал  салықтық  жəне  несиелік-ақшалай

тəртіпті, пайдалануға  негізделген  қаражатты  реттеуді жүргізу маңызды болады.

6. Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасы. Филлипс

қисығы

Инфляцияның  төмендеуін  уақытша  жұмыссыздықтың  өсу  себебі  деп  жиі

қарастырады. Инфляция  мен  жұмыссыздықтың  бір-біріне  бағыныштылығын  Филлипс

қисығы сиаттайды, ол осы арақатынасты тапқан экономисттің құрметіне аталған.



44

Бағаның өсу қалпы

                                               Жұмыссыздық деңгейі

Мемлекет  экономикада  ақша  шамасын  кеміткенде, тұрғындардың  тауарлар  мен

қызметтерді  тұтынуға  шығыны  қысқарады. Тұрғындардың  шығындарын  қысқарту  жəне

бағаға  бəсең  əсері  тауарлар  мен  қызметтердің  көлемінің  қысқаруына  əкеліп  соғады. Сату

көлемінің  төмендігі жұмысшыларды  жұмыстан  шығаруға  мəжбүр  етеді. Осылайша, ақша

көлемінің азаюы жаңа бағаның жағдайына толық үйренгенше жұмысыздықтың өсуіне алып

келеді.

Негізгі əдебиеттер: 22 нег. [1-12], 23 нег. [8-14]



Қосымша əдебиеттер: 6 қос. [1-7]

Бақылау сұрақтары:

1) Жұмыссыздық дегеніміз не?

2) Жұмыссыздықтың түрлері

3) Жұмыс күші дегеніміз?

4) Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс?



Каталог: sites -> default -> files -> books
books -> ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы
books -> Қолданбалы экология
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Ж. Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты «Көтеру-тасымалдау машиналары мен гидравлика» кафедрасы
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Студенттің ПƏндік оқУ-Əдістемелік кешені

жүктеу 0.79 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет