Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі қ. И. СƏтбаев атындағЫ Қазақ Ұлттық техникалық


№ 4 дəріс  тақырыбы. Нарықтық  экономика: мəні  мен  əлеуметті-



жүктеу 0.79 Mb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата30.04.2017
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

№ 4 дəріс  тақырыбы. Нарықтық  экономика: мəні  мен  əлеуметті-

экономикалық мазмұны.

Қоғамдық шаруашылық нысандарының критерийлері:

· Жеке еңбекті қоғамның жиынтық еңбегіне еңгізу тəсілі;

· Экономикалық қызметті үйлестіру тəсілі;

· өндіріс пен тұтыну арасындағы байланыс сипаты;

Шаруашылықтың  бірінші  тарихи  нысаны  натуралды  шаруашылық  болып

табылады.  Онда  өндіріс  пен  тұтыну  тікелей  қосылған,  ал  қызметті  үйлестіру

патриархалды  дəстүр  мне  еңбекке  экономикадан  тыс  мəжбүр  ету  негізінде  іске

асырылады.

Натуралды 

шаруашылық – бұл 

адамдар 


өздерінің 

қажеттіліктерін

қанағаттандыру  үшін  өнім  жасайтын  ұйымдастырудың  экономикалық  қатынастар

жүйесі. Бұл жүйе келесі қасиеттерге бөлінеді:



19

· тұйық шаруашылық;

· тікелей шаруашылық нысандары;

· əмбебап еңбек.



Натуралды шаруашылыққа тəн сипаттар:

· ұйымдастырушы-экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы;

· ерекшеленген түрлерге бөлуді жоққа шығаратын əмбебап қол еңбегі;

· өндіріс пен тұтыну арасындағы тура тура экономикалық байланыстар. Ол

мынандай формула бойынша тарайды: өндіріс бөлу тұтыну.

Натуралдық  шаруашылық  алғашқы  тайпалық  құрылыс  қалыптасуы  кезеңінде

туып, құл  иеленуші  мемлекеттерде  үстем  етті  жəне  феодалдық  экономикалық  басты

қасиеттерінің  бірін  құрады. Қазіргі  кезде  ол  индустрияға  дейінгі  өндіріс, дəстүрлі

экономика басым дамушы елдерде сақталып қалды.

Шаруашылықтың  ең  кең  таралған  нысаны  тауарлы  шаруашылық  болып

табылады. Онда  өндіріс  пен  тұтыну  арасындағы  байланыс, экономикалық  қызметті

үйлестіру  бəсеке  жағдайында  нарықта  тауарларды  сатып-алу  сату  жолы  арқылы  іске

асырылады.

Тауарлы шаруашылық – бұл пайдалы өнімдер нарықта сатылу үшін жасалатын

ұйымдастырушы  экономикалық  қатынастар  жүйесі. Мұндай  жүйеде  ерекшеліктерін

сипаттайтын белгілері:

· ашық шаруашылық;

· еңбекті бөлі;

· жанама шаруашылық байланыстары.

Дайындалған (өндірілген) өнім  нарыққа  басқа  бұйымдарға  айырбасталуы  үшін

түседі, содан  кейін  ғана  тұтыну  сферасына  барады. Нарықтық  айырбас  тауар

өндірушілер  мен  тауар  тұтынушылар  арасында  экономикалық  байланыстарды

орнатады.

Тауарлық өндірістің пайда болу жағдайлары:

· еңбекті қоғамдық бөлу;

· өндірушілерді меншік иесі ретінде бөліп көрсету.

Тауарлық өндірістің даму себептері:

· еңбекті қоғамдық бөлу;

· адамдардың шаруашылыққа қарай бөлінуі.

Тарихи  тұрғыдан  шаруалар  қарапайым  тауарлы  шаруашылығы  пайда  болады.

Бұл кезде нəтижесі ғана емес, адамның жұмыс күшінің өзі де тауарға айналады.

Тауар – бұл  сатып  алу-сату  жолы  арқылы  айырбасқа  арналған  еңбек  өнімі

немесе  экономикалық  игілік, яғни  шексіз  көлемде, айырбасқа  арналған  жəне  төлем

қабілетіне  сұранысы  қойылған  игілік. Тауарды  тепе-тең  өнімге  айырбастау  кезінде

нарықта айырбас құнына ие болады.

Тауардың қасиеттері: 1) тұтыну құны (пайдалылық); 2) айырбас құны.

Айырбас  құны – бұл  тауардың  белгілі  бір  сандық  пропорцияда  басқа  пайдалы

заттарға  айырбастала  алу  қабілеті. Айырбас  пропорциясы  тауарларға  енгізілген  құн

көлеміне байланысты болады.

Құнның еңбек теориясының негізгі мазмұны келесі қағидалардан көрінеді:

1. Нарықтық айырбастың түрлі өнімдері бірдей құнға ие болады. СОдндықтан

олар  белгілі  бір  айырбас  пропорциясында  бір-біріне  теңестіріле  алады. Барлық

тауарлардың құны тауар өндірушілердің қоғамдық еңбегімен жасалады.

2. Құн – тауарға еңгізілген еңбек.

3. Құнды  құрайтын  еңбектің  өзі  оның  күрделілігі  немесе  сапасы  бойынша

ерекшеленеді. Еңбек қарапайым жəне күрделі еңбек  болып саналады. Күрделі еңбек –



20

бұл  көбейтілген  қарапайым  еңбек. Күрделі  еңбектің  барлық  түрлерін  қарапайым

еңбектің белгілі бір санына əкелу – бұл еңбек редукциясы.

Еңбектің ішкі өлшемі бар – ол жұмыс уақыты.

Жеке  жұмыс  уақытын (қызметкер, кəсіпорын) жəне  қоғамдық  қажет  жұмыс

уақытын  бөліп  көрсетеді. Тауар  құны  жұмыс  уақытының  қоғамдық  қажеттілігімен

анықталады.

Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты – бұл төменде көрсетілген кездерде өнімдерді

дайындауға жұмсалатын уақыт:

-

өндірістің қоғамдық дұрыс жағдай (саладағы ең көп тараған) кезінде;



-

жұмыстың орташа шапшаңдығы кезінде;

-

қызметкерлердің орташа біліктілігі кезінде.



Құн  заңына  сай  пайдалы  заттардың  нарықтық  құны  қоғамдық  қажетті  жұмыс

уақытымен анықталады.

Нарықтық  экономика - өндірушілер  мен  тұтынушылар  нарық  арқылы  əрекет

ететін шаруашылықты ұйымдастыру нысаны. Осыған сүйенсек, нарық  - бұл нарықтық

экономиканың  іске  асырылу  механизмі, бұл «не, қалай, кім  үшін  өндіру  керек?»

мəселелері  баға, сұраныс  пен  ұсыныстың  көмегімен  шешілетін  өндірушілер  мен

тұтынушылар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі.

Жеке меншік№ Мұнда меншіктің мүліктік құқықтары маңызға ие.

Жеке мүдделілік. Нарықтық экономикада жеке мүдделілік нарықтық бағалардың

жүйесі  арқылы  жүргізіледі: тұтынушылар  тауарды  ең  төменгі  бағалар  арқылы  алады;

кəсіпкер  кірісті  максималдауға  тырысады; ресурс  иеленушілер  өздерінің  ресурстары

үшін ең жоғарғы бағаға алуға тырысады.

Таңдау  еркіндігі.  Оның  кепілдігі  ретінде  жеке  меншік  танылады.  Бұл  өзінің

қызметі үшін ең жарамды деген ресурстарды жəне тауарларды нарықта сату, қандай да

болмасын тауарларды алу: ұшақтар, зауыттар, аралдар жəне т.б., қалаған жерде жұмыс

істеу еркіндігімен көрінеді.

Бəсекелестік.

Еркін баға белгілеу жүйесі. Бағаларда фирмалардың жəне жекелеген тұлғаларды

таңдауы тіркеледі.

Шектелген мемлекеттік араласу. Нарықтық шаруашылықтың субъектілері:

1. Үй  шаруашылықтары – адамзат  капиталының  өндірісін, қайта  өндірісін

қамтамасыз  ететін, қандай  да  бір  фактордың  меншік  иесі  болып  табылатын, өз

Қарапайым жəне капиталистік тауарлы өндір-

істің бір типтілігі мен айырмашылықтары

Еңбектің қоғамдық бөлінуі өндіріс құралдар-

ына деген жеке меншік. Сатуға арналған өн-

імді өндіру. Өндірістің стихиялық жоспарсыз

сипаты


Қарапайым тауарлық өндіріс                  Капиталистік тауарлық өндіріс

- өндіріс құралдары өндірушінің тік-  -өндіріс құралдары капиталистке тиесілі;

елей иелігінде; өнім өндірушінің         өнім өндіріс құралдарынан айырылған

жеке еңбегімен жасалады; өнім өн-    жалдамалы жұмысшыларымен жасалады;

дірушіге тиесілі; жұмыс күші тауар    өнім капиталистке тиесілі; жұмыс күші

емес; тауар өндірісі өндірістің жалпы тауар болып табылады; тауарлық өндіріс

нысаны болып табылады.                     Жалпы сипатқа ие.


21

мұқтаждықтардың  максималды  қамтамасыз  етуге  талаптанатын, шешімді  жеке-дара

қабылдайтын  құрамында  бір  немесе  бірнеше  тұлғалар  бар  экономикалық  бірлік, яғни

мұның бəрі тұтынушылар.

2. Фирма (кəсіпорын) - өнімдерді  сату  мақсатында  дайындау  үшін  өндіріс

факторларын  қолданатын, пайданы  максималдандыруға  талпынатын, жеке-дара

қабылдайтын экономикалық бірлік.

3. Мемлекет – бұл үкіметтік жəне мемлекеттік мекемелер.

Нарықтық  шаруашылықтың  бұл  субъектілері  əрқашан  сатушы  жəне  сатып

алушы рольдерін атқарады.



Нарықтың пайда болу жағдайлары:

-

Қоғамдық еңбек бөлінісі;



-

Өндірушінің дербестілігі, экономикалық еркіндігі;

-

Өндірушілердің жеке меншік шеңберіндегі экономикалық оқшаулануы.



Нарық функциялары:

*Реттеуші; * Ақпараттық; * Делдалдық; * Сауықтыру; * Баға белгілеу.



НАРЫҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ:

Нарықтық қатынас объектілерінің

экономикалық мүдделері бойынша:

· Тауар мен қызмет нарығы

· Өндіріс факторларына нарығы

· Қаржы нарығы

· Ақпарат нарығы

Сатылу сипаттамас бойынша:

· Көтерме сауда нарығы

· Бөлшек сауда нарығы

· Фъючерстік сауда нарығы

Бəсекенің шектелу деңгейі

бойынша:

· Монополиялық нарық

· Олигополиялық нарық

· Жетілдірілген бəсеке нарығы

· Монополиялық бəсеке нарығы

Заң нормаларына сəйкестігі

бойынша:

· Ресми нарық

· «Қара базар» немесе «көлеңкелі

экономика»

Географиялық орналасуы бойынша:

· Жергілікті нарық

· Аумақты нарық

· Ұлттық нарық

· Дүниежүзілік нарық

Сала бойынша:

· Автомобиль нарығы

· Компьютерлік нарығы



22

НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ӨЗАРА ƏРЕКЕТ ЕТУ ҮЛГІСІ:



НАРЫҚТЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ:

Нарықтың артықшылықтары:

· Ресурстарды тиімді орналастыру;

· Өзгеретін жағдайда икеміділк пен бейімделу;

· Нарықтық үрдіске қатысушыларды таңдау жəне əрекет еркіндігі;

· ҒТП жетістіктерін шығындарды төмендету мақсатында пайдалану;

· Бағаны төмендету мақсатындағы бəсекегің дамуы.



Нарықтың кемшіліктері:

· Өндірістің үйлесімісіз дамуының мүмкін болуы;

· Қоғамдық мəселелерді шешпейді;

· Құмыспен қамтамасыз етпейді;

· Қоғамның бай жəне кедей топтарына бөлінуіне күшеюуі;

· Бағаның тұрақтылығы мен табыстың алынуына кепілдік бермейді;

· Іргелі зерттеулерді қамтамасыз етпейді.

Мемлекет – заңдық жəне саяси билікті жүзеге

асыратын үкімет мəселелері

Үй  шаруашылығы – тауар  мен

қызметтерді 

сатып 


алады,

өндіріс  факторларына  ие, өз

меншіктерін  фирмалар  мен

үкіметке сатады.

Фирмалар – тауар 

мен


қызметтерді  өндіреді, өндіріс

факторларын  тартады  жəне

пайдаланады

Тауарлар мен қызметтерге ақы

төлеу

Таурлар мен қызметтер



Тауар мен қызмет нарығы.

Өндіріс факторларының

нарығы.

Тауар биржалары, көтерме жəне



бөлшек саудакəсіпорындары,

аукциондар, жəрмеңкелер, делдел

фирмалар.

Қаржы нарығы: ақшалық,

валюталық, бағалы қағаздар

Еңбек нарығы

Ақпараттық нарық

Банкілер, сақтандыру

компаниялары, қор биржалары

Ақпарат орталықтары,

жарнамалық агенттер, заң

мекемелері

Еңбек биржалары


23

Негізгі  əдебиеттер: 9 нег.[10-33], 10 нег. [8-17], 11 нег. [1-10], 12 нег. [1-8], 13

нег.[1-11], 10 нег. [1-3]

Қосымша əдебиеттер: 11 қос [1-10]

Бақылау сұрақтары:

1) Қарапайым  жəне  капиталистік  тауарлы  өндірістің  типтілігіне  жəне

айырмашылықтарына сипаттама беріңіз?

2) Тауар дегеніміз не? Кез келген зат тауар бола ала ма?

3) Жұмыс  уақыты  мен  қоғамдық  қажетті  жұмыс  уақытының  арасында

айырмашылығы бар ма?

4)    Құн  заңына  сай  пайдалы  заттардың  нарықтық  құны  қандай  жұмыс

уақытымен анықталады?

5) Нарықтың пайда болу жағдайларын атап беріңіздер.

№ 5 дəріс тақырыбы.   Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері.

Сұраныс. Сұранысқа əсер етуші факторлар. Сұраныс заңы

Сұраныс белгілі бір уақытта жəне белгілі бір орында сатып алушының тауар мен

қызметтің  санын  сатып  алу  мүмкіндігі. Сұраныс  заңы: сұранысқа  əсер  етуші

факторлардың  басқалары  тұрақты  болғанда, тауар  бағасы  төмендеген  сайын, тауар

саны өседі.

Сұранысқа əсер етуші факторлар:

1. Қызмет жəне тауар бағасы.

2. Тұтынушы талғамы.

3. Тұтынушы табысы.

4. Үй шаруашылығында табысты бөлу.

5. Алмастырушы тауар бағасы.

6. Нақты қызмет жəне тауарды жалпы сатып алушылар саны.

7. Инфляцияны күту.

    Р


                                      D

                                    Q

P – тауар бағасы, D – сұраныс қисығы, Q – сұраныстағы тауар саны.

Сұраныс  қисығының  бойындағы  қозғалыстар  сұраныс  көлемінің  өзгерісі  деп

аталады. Ол  сатып  алынған  тауар  санының  өзгеруін, яғни  тауар  бағасының  өзгеруін

көрсетеді. Бағалық  емес  фактордың  өзгеруі, сұраныс  мінезінің  өзгеруіне  əкеледі. Бұл

жағдайда, сұраныстың бағалық емес факторының өзгеруіне  байланысты тұтынушылар

көп немесе аз тауар  сатып алады. Сұраныс қисығы оңға жылжыса – сұраныс өседі, ал

керісінше солға жылжыса – сұраныс төмендейді.


24

1. Ұсыныс. Ұсынысқа əсер етуші факторлар. Ұсыныс заңы

Ұсыныс  белгілі  бір  кезеңдегі  нақты  бір  бағаға  шығарылған, нарықта  сатуға

жіберілген өнім немесе тауар саның көрсетеді.

Нарықта тауар ұсынысына əсер етуші факторлар:

1. Тауар бағасы.

2. Өндіріс  бағасы. Егер  жаңа  технология  пайдаланған  болса, онда  шығын

азайып, өнім көлемі өседі. Ол ұсыныс көлемін ұлғайтады.

3. Экономикалық ұсыныс бағасы. Ресурс бағасының  төмендеуі, тауар снаының

ұсынысын өсіреді.

4. Салық жəне субсидиялар. Салықтың өсуі ұсынысты төмендетеді, ал субсидия

өндірістің кеңеюіне əкеледі.

Ұсыныс  заңы  тауар  бағасы  мен  нарықтағы  ұсыныс  көлемі  арасындағы

тəуелділікті  көрсетеді.Баға  мен ұсынылып отырған өнім  арасында тура  байланыс бар:

баға өскенде, ұсыныс көлеміде өседі немесе керісінше.

P                           S

                        Q

Ұсыныс  қисығы – графиктегі  тауар  ұсыныс  көлемінің  өзгеруі  баға  деңгейіне

байланысты.

S – ұсыныс қисығы.

Ұсыныс қисығының өзгеруі ұсыныс заңын көрсетеді.

Ұсыныс  көлемінің  өзгеруі  ұсыныс  қисығының  бойымен  қозғалады  жəне нақты

шарттардағы  бағаның  өзгеруінде  сатуға  арналған  тауар  санының  өзгеруін  көрсетеді.

Егер  ұсыныс қисығы солға  жылжыса, онда  ұсыныс азаяды.  Оңға  жылжыса – ұсыныс

өседі.


2. Сұраныс пен ұсыныс арасындағы əрекеттесу. Нарықтық тепе-теңдік

Нарықтық тепе-теңдігі сатушы сатқысы келетін тауар көлемі мен сатып алушы

алғысы  келетін  тауар  көлемі  сəйкес  болғанда, яғни  тауар  бағасы  мен  тауар  көлемі

теңдігі болған жағдайда болады.

P                           S

                          D



           Qо           Q

Баға Pо  нарықта  ұсынылған  тауар  саны  сұраныстағы  тауар  санына  тепе-теңдік

бағада берілсе. Ал басқа бағалар теңсіз деп аталады.

Pо бағасына сəйкес Qо тауар көлемі теңдік тауар көлемі деп аталады.



25

Сұраныс пен ұсыныстың төрт ережесі бар:

· Сұраныстың ұлғаюы, тауар бағасы мен тауар көлемінің өсуіне əкеледі.

· Сұраныстың төмендеуі, тауар бағасы мен көлемінің төмендеуіне əкеледі.

· Тауар  ұсынысының  өсуі, бағаның  төмендеуіне, бірақ тауар  көлемінің  өсуіне

əкеледі.


· Ұсыныстың  азаюы, тауар  бағасының  өсуі  мен  тауар  көлемінің  азаюына

əкеледі.


 P                           S

 P2


 Pо

 P1


                  D

                      Qо           Q

Егер нарықта баға P1(P1кішіP0) болса, онда сұраныс көлемі ұсыныс  көлемінен

жоғары болады. Бұндай жағдайда нарықта тауар дифициті болады(артық сұраныс). Ал

егер теңдік бағадан баға жоғары (P2үлкенP0) болса, онда сұраныс көлемі ұсыныс көлем

деңгейіне жетеді. Бұл жағдайда артық ұсыныс орын алады (артық өндіру).



3. Икемділік түсінігі. Сұраныс жəне ұсыныс икемділігі

Икемділік  –  бір  экономикалық  ауқымдылықтың  екіншісінің  өзгеруіне  əсер  ету

деңгейі, процеенттік қатынастың  өзгеруі. Баға бойынша сұраныс икемділігі  мен табыс

бойынша сұраныс икемділігі деген түсініктер  бар. Баға бойынша сұраныс икемділігі –

сұраныс  көлеміне  əсер  ететін  басқа  факторлар  өзгермеген  жағдайда, сұраныстың 1%

қысқаруына  байланысты  сұраныс  көлемінің  өсуі. Икемділік  өлшемі – коэфицент,

бағаның 1%-ке өзгеруінен сұраныс проценті қаншаға өзгеретіндігін көрсетеді.

Ed=(QxP) / (PxQ);

Сұраныс  икемді, егер  икемділік  коэфиценті  сұраныс  бірлігінен  көп  болса;

сұраныс икемсіз, егер, бағалық икемділік бірден төмен болса; икемділік 1-ге тең, егер

сұраныс Ed=1 болса.

Табыс  бойынша  сұраныс  дегеніміз  тауарға  сұраныс  деңгейінің  проценттік

өзгеруі, ол  көбінесе  табыстың 1%-ке  өсуімен  байланысты. Табыс  бойынша  сұраныс

икемділігінің коэфиценті:

Ed=(QxI) / (IxQ)

мұндағы     I – халық табысы.

Ұсыныс  икемділігі – ұсыныс  көлеміне  əсер  ететін  басқа  факторлар  өзгермеген

жағдайда, ұсыныс  көлеміндегі  тауар  бағасы 1%-ке  өсуі. Баға  бойынша  ұсыныс

көлемінің коэфиценті:   Es=(QxP) / (PxQ).

Негізгі əдебиеттер: 7 нег. [27-28,43-58], 12 нег.[1-10], 11 нег. [5-8], 13 нег. [1-7],

Қосымша əдебиеттер: 13 қос. [3-57], 14 қос. [60-86]

Бақылау сұрақтары:

1) Нарықытқ экономиканың шаруашылықты ұйымдастырудың басқа

нысандарына қарағанда тек өзіне тəн қандай негізгі белгілері бар?

2) Икеміділік  дегеніміз  не? Ұсыныстың  икемділігіне  ықпал  ететін  маңызды

факторы не болып табылады?

3) Нарықтық бағаның тепе-теңдігі дегеніміз не?

4) Сұраныс жəне ұсыныс икемділігі?



26

5) Ұсынысқа əсер етуші факторлар. Ұсыныс заңы дегеніміз не?

6) Сұранысқа əсер етуші факторлар. Сұрынс заңы дегеніміз не?

№ 6 дəріс  тақырыбы. Кəсіпорын  капиталының  айналма  қорлары  жəне

инвестицияның түрлері.

Кез-келген  кəсіпорынның  экономикалық  қызметі  үздіксіз  процесті  көрсетеді.

Кəсіпорын өзінің экономикалық қызметінде еңбек заттары мен құралдарын сатып алу –

сату  жолымен  ала  отырып, өндіріс  процесін, тауарлар  шығаруды  ұйымдастырады.

Өндірілген  өнімдерді  өткізгеннен  кейін, алдын-ала  жұмсалған  ақша  қаражаттары

кəсіпорынға  қайта  келеді. Бұл  қаражаттар жұмсалған  ресурстардың  орнын  толтыруға,

сондай-ақ  еңбекке  төлем  ретінде  жұмсалады. Бұл  процесс  үнемі  қайталанып

отырғандықтан кəсіпорын капиталының ауыспалы айналымы деп аталады.

Кəсіпорын  капиталының  ауыспалы  айналымында  олардың  бір  нысаннан

екіншіге, ақша  ысанынан  өндірістік, кейін  тауар  нысанына  өтуі  жүзеге  асады. Бұл

формула түрінде былай көрсетіледі:

өндіріс құрал-жабдықтары

А – Т


жұмыс күші                   ...........Q.......Т

1

– А



1

 Бұл  формулада  ақша  капиталы, өндірістік  капитал  жəне  тауар  капиталы

нысандарының қызметтері көрінеді. Капитал кезегімен үш сатыдан өтеді:

1. Мұнда ақша капиталы өндіруші капиталға айналады. Өндірісті ұйымдастыру

үшін алғы шарт жасайтын қажетті өндіріс құрал-жабдықтар сатып алынады жəне еңбек

ақы төлеу үшін ақша авансыланады.



1- саты

өндіріс құрал-жабдықтары

А – Т


жұмыс күші

2. Өндіріс құрал-жабдықтарын, жұмыс күшін өндірістік тұтыну процесі жүреді,

ол  тауардың  құны  мен  тұтыну  құны  жəне  оған  қосымша  өнім  құнын  қосқандағы

тауарды жасаумен аяқталады.



2- саты

           өндіріс құрал- жабдықтары

Т                                                              ...........Q.......Т

1

               ж ұмыс күші

3. Өнімді өткізу жүзеге асады, тауар ақшаға айналады.



3- саты

    Т


1

– А


1

Сонымен  капиталдың  ауыспалы  айналымы – өндіріс  жəне  айналыс  процесін

қамтиды  жəне  бастапқы  ақшалай  нысаннан  капиталдың  келесі  басқа  қызметтік

нысанына ауысуын білдіреді. Капиталдың айналым санфы мынаған тең:

N=Ө/У;


Ө-жылғы жалпы өнім, уақыт айналымының бірлігі ретіндегі өлшем;

У-бір капиталдың уақыт айналымы;

N-айналымдар саны.

Пайда  алу  мақсаты  кəсіпкерді  өз  капиталын  ауыспалы  айналымға  жұмсауға

итермелейді. Капитал қозғалысы үздіксіз жүруі үшін қажет:

1) капитал бір нысаннан екінші нысанға үнемі ауысып отыруы тиіс.



27

2) əрбір  кезеңде  қызмет  етуші  капитал  бір  мезгілде  ақшалай, өндірістік, тауар

нысанында  болуы  тиіс. Капиталдың  құн  нысандарының  үнемі  бір-біріне  үздіксіз

өзгеріп отыруы ауыспалы айналымның бірлігін сипаттайды.



Капитал  айналымы – үнемі  жаңарып, қайталанып  отыратын  процесс. Яғни

кəсіпкердін жұмсаған бастапқы ақша капиталының қайта айналып келу циклі. Капитал

əртүрлі жылдамдықпен қозғалады, яғни өндіріс жəне айналыс уакытының ұзақтығына

тəуелді.


Берілген əрбір уақыт сəтінде кəсіпорын капиталы белгілі бір үлесте  барлық үш

формада  болады: ақшалай, өндірістік  жəне  тауарлы. Олардың  екіншісі  өндіріс

саласының  негізі  болса, ал  ақшалай  жəне  тауарлы  нысандары  айналыс  саласында

қызмет етеді.

Кəсіпорын капиталының айналымы өндіріс уақытынан жəне айналыс уақытынан

турады. Айналым уақытын қысқарту өндіріс тиімділігін көтеруде маңызды орын алады,

басқаша айтқанда  сол  уақыт  кезеңінде ресурстардың  сол көлемінде көп  өнім  өндіруге

мүмкіндік береді.

Кəсіпорын капиталының айналым уақыты төмендегілерден құралады:

· өндіріс  уақытынан (шикізаттар, материалдар  жəне  жабдықтардың

өндірістік  запастарда  болу  уақыты, яғни  еңбек  заттары  тікелей  адамның  өзгертуіне

ұшырайтын  уақыт; адамның қатысынсыз табиғи  процестердің  əсер ету  уақыты; еңбек

процесіндегі үзілістер уақыты);

· айналыс уақытынан (өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға жəне жұмыс

күшінің өндірілуін қамтамасыз етуге, тауарларды өткізуге кететін уақыт).

Айналым  уақытын  қысқартудың  маңызды  шараларына  жатады.: ғылыми-

техникалық  жетістіктерді  игеруді  жеделдету, өндірісті  ұйымдастыруды  жақсарту,

жабдықтарды ауыстыру коэффициентін көтеру, жұмыс уақытын бос өткізуді қысқарту,

экономикалық  байланыстардың  прогрессивті  формаларын  дамыту, көтерме  сауда  мен

көлік жұмысын жетілдіру жəне т.б.

Кəсіпорынның  өндіргіш  капиталының  айналымын  талдау  нəтижесінде  оның

бөлімдері əртүрлі жылдамдықпен айналатынын жəне  дайындалатын тауарға өз құнын

көшіруі бірдей болмайтынын көруге болады. Осыған байланысты кəсіпорын капиталы

негізгі  жəне  айналмалы  болып  бөлінеді. Мұндай  бөлудің  материалдық  негізі  еңбек

құралдары мен еңбек заттарының арасындағы айырмашылық болып табылады.

Негізгі  капитал-  көптеген  өндіріс  циклы  ішінде  өзінің  натуралды-заттық

нысанын  өзгертпейтін  жəне тұтыну құнын жоғалту  дəрежесіне қарай өз құнын өнімге

көшіретін  өндірістік  капиталдың  бір  бөлігі. Негізгі  капитал  өндіріс  процесіне  қатысу

сипатына қарай өндірістік жəне өндірістік емес негізгі капитал болып бөлінеді. Негізгі

капиталға ғимарат, жабдықтар, құрылғылар, машиналар жəне көлік, т.б. жатады.

Негізгі  капитал  тозуға  ұшырайды. Физикалық  тозу  дегеніміз  негізгі

капиталдың  тұтыну  құнын  жоғалтуы. Физикалық  тозу  негізгі  капиталдың  қызмет  ету

процесінің  нəтижесінде  орын  алады. Моральдық  тозу  негізгі  капиталдың  физикалық

тозуына байланыссыз, олардың құнының төмендеуінен көрінеді.

Бірінші  топтағы  моральдық  тозу  негізгі  капитал  өндіретін  салалардағы  еңбек

өнімділігінің  жоғарылауынан  туындайды. Бұрын  шығарылған  маши-налардың

өндірісіне аз шығын жұмсалады  жəне олар арзандайды.

Екінші топтағы моральдық тозу  өндіріске барынша өнімділігі жоғары құрал-

жабдықтарды  енгізу  мен  технологиялық  процестерді  жəне  өндірісті  ұйымдастыруды

жетілдірудің əсерінен болады.

Тозған негізгі капиталдың орнын толтыру амортизациялық аударымдар арқылы

жүзеге  асырылады. Амортизация-  негізгі  капиталды  толық  қалпына  келтіру  үшін

олардың құндарының өндірілетін өнімге біртіндеп көшірілуі.



Каталог: sites -> default -> files -> books
books -> ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы
books -> Қолданбалы экология
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Ж. Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты «Көтеру-тасымалдау машиналары мен гидравлика» кафедрасы
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Студенттің ПƏндік оқУ-Əдістемелік кешені

жүктеу 0.79 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет