Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



жүктеу 282.35 Kb.

бет9/33
Дата09.01.2017
өлшемі282.35 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

ДЕРЕкТЕР НЕ ДЕйДІ?
Алдымен,  Алтын  орда  ханы  Өзбекұлы  Жәнібектің  ата-
бабасының  шежіресін  тарқатайық.  Әл-Ахаридің  «Шайх-
Увайс»  дерегіне  сенсек,  бұл  әулеттің  шежіресі  Жәнібек-Өзбек-
Тұғрылша-Мөңке 
Темір-Тоқан-Бату-Жошы-Шыңғыс 
хан 
(Сборник  материалов,  относящихся  к  истории  Золотой  Орды. 
Т.2. М-Л., 1941. с.62.). Басқа дереккөздерден біз Өзбектің шын 
мәнінде  Тұғрылшаның  ұлы,  демек  Батудың  ұрпағы  екенін 
талассыз  айғақтайтын  мәлімет  таппаймыз.  М.Г.Сапарғалиевтің 
пікірінше, Батудың тұқымы Тоқтамен бітуі, ал Өзбек уақыт өте 
бүкіл  билікке  қол  жеткізген  жалған  атты  болуы  әбден  мүмкін 
(Сапаргалиев  М.Г.  Распад  Золотой  Орды,  с.65-71.)  Му’ин  ад 
–  дин  Натанзидің  «Мунтахаб  ат  –  таварих  –  и  Му’ини»  деген 
еңбегі  Қазақстан  тарихын  зерттеу  үшін  құнды  деректеме 
болып табылады. «Ескендір анонимі» деген атаумен белгілі бұл 
ортағасырлық  қолжазбаның  авторы  Өзбек  хан  хақында:  «Ол 
әділ және мейірімді патша еді, асқан діншіл әрі тақуа болғаны 
сондай,  пайғамбар  жолын  ұстанды;  кемшілігі  үшін  пұшайман 
болып, қажет еткен кісілерге қайыр, жақсылық көрсетіп, кешірім 
өтінді. Ол билік еткен жылдарда Дешті Қыпшақ, Аллаға сенетін 
елге айналды» (Му’ин ад – Дин Натанзи. Аноним Искандара //
Тизенгаузен  В.Г.  Сборник  материалов,  относящихся  к  истории 
Золотой Орды: Извлечения из персидских сочинений М.Л.,1941. 
Т.2.С.126  –  138)  деп  жазуы  назар  аударарлық.  Әйгілі  шығыс 
зерттеушісі Лев Гумилев: «Өзінің алдындағы хан Тохтуды (Тоқта 
деп  те  жазылады  –  Ж.Ж.)  у  беріп  өлтірген  өктем  билік  иесі 
аяушылығы  жоқ  басқыншы  және  қатыгез  Өзбек»  (Гумилев  Л. 
Мені евразиялық деп атайды. – Алматы. Жалын 1991. 12,14-б.), 
деп атап өткен. Жәнібектің әкесі Өзбектің өмірі мен жеке басының 
қасиеттері  туралы  деректер  қайшылықты.  1341  жылы  Алтын 
Ордада Өзбек хан кенеттен дүние салды. Өзбек хан өлімі оның 
ұлдарының,  яғни  тақ  мұрагерлері  арасында  ауызбірліктің  жоқ 
екендігін көрсетіп қана қойған жоқ, Алтын Орда мемлекетінде 
ішкі  қайшылықтың  бар  екенін  айқындап  берді.  Өзбек  хан  өзі 
тақ  мұрагері  ретінде  атап  кеткен  ұлы  Тыныбек  «Шайх-Увайс» 
жазбасына  қарағанда,  көп  ұзамай  бауыры  Жәнібектің  қолынан 
мерт болған (Тизенгаузен, Т-2. с.101.) Ал «Тарих ал-Малик ан-
Насир Мухаммед ибн Кулан уа ауладуху» дерегінде Жәнібек пен 

37
жылдары  Батыс  Қазақстан  облыстық  тарих  және  археология 
орталығының  ғылыми  қызметкерлері  Жәнібек  ауданындағы 
Жаңатұрмыс  обасынан  1353-1354  жылдары  Гүлстандағы  теңге 
сарайында  құйылған  Әз  Жәнібек  хан  дәуірінің  теңгесін  тапты 
(2-сурет) (Сыдықов М.Н. Батыс Қазақстан облысының тарихи-
мәдени  және  табиғат  мұралары  ескерткіштері.  –  Орал,  2009ж. 
–  Жәнібек  ауданы.  Т.10.  184-б.).  Деректерге  сүйенсек,  Жәнібек 
хан  кезінде  Гүлстан  ірі  портты  қалаға  айналады.  1347  жылы 
осы  Гүлстан  портында  Жәнібек  Венеция  саудагерлерімен 
сауда  келісімін  жасаған.  М.Әбсеметовтің  пікірінше,  бұл  порт 
бүгінгі  Атырау  қаласының  маңы  болуы  мүмкін  (Абсеметов  М. 
Таможенное дело Казахстана. А., 2001. с.41.). Нумизмат тарихшы 
Әз  Жәнібек  бақилық  болғаннан  кейін  де  әйгілі  ханның  есімі 
бедерленген  теңгелердің  құйылғандығы  хақында  хабарлайды. 
Біз  үшін  аса  құнды  жәдігер  саналатын  сол  теңгелердің  бірінде 
«әл-сұлтан  әл-мархұм  ғазиз  Жанибек  хан»  (3-сурет)  деген 
тіркес  оймышталған.  П.С.Савельев  зерттеген  нумизматикалық 
деректерге  қарағанда  Жәнібек  хан  билікке  келгеннен  кейін 
құйылған  алғашқы  теңгелерде  «әз»  (ғазиз)  атанбаған,  тек  он 
шақты жылдан соң ғана осы атақты иеленген тәрізді. Оған дәлел, 
теңгенің бір бетінде «әл-сұлтан әл-ғадл Жанибек хан», ал екінші 
бетінде «хәрб/сы/Харезм әл-джәдид 754» (4-сурет) деген сөздер 
ойып жазылған (Савельев П.С. Монеты джучидов, джагатаидов, 
джалаиридов  и  другие,  обращавшиеся  к  Золотой  Орде  в  эпоху 
Тохтамыша. Вып. 2. СПб., 1858, с299,304-305). Бұл деректі қазақ 
оқырмандарына тұңғыш рет журналист М.Имашев таныстырса, 
бертін  келе  ақын  Б.С.Қошым-Ноғай  аталмыш  мәселеге 
жұртшылықтың тағы бір мәрте назарын аударды. 011 (8) Шыңғыс 
ұрпақтарынан болған хандардың өздерінің ұстанған саясаттарына 
сай  келетін  тарихтарын  жаздырып  қалдыруы  ертеден  дәстүрге 
айналған болатын. Хиуа ханы (1645-1663), шығыс әдебиеті мен 
мәдениетінің асқан білгірі Әбілғазы баһадүр ханның «Шежіре-и 
түркі»  («Түркі  шежіресі»)  атты  тарихи  шығармасының 
деректемелік  маңызы  өте  зор.  Ол  өзінің  еңбегінде:  «Өзбек  хан 
өлгеннен  соң  оның  ұлы  Жәнібекті  хан  көтерді.  Жәнібек  хан 
ғажайып мұсылман патша болды, өзі ғұлама, ибалы, ақылды кісі 
еді. Сарайшық шаһарында таққа отырды, шариғатты қатаң сақтар 
еді… Ұлы Бердібекті Әзербайжанға әкім етіп, өзі жұртына қайтып 
келді. Одан соң ауруға шалдығып, ол ұзаққа созылды. Хан: «Енді 
мен  бұл  аурудан  жазылмаймын»,  –  деп  Әзербайжандағы  ұлы 
Бердібекті  шақыртты.  Бердібек  хан  келіп  жеткенше  Жәнібекке 
уақыт  болды.  Ол  қайтыс  болар  алдында  халқын  жиып  оларға 
көп насихаттар айтты. Хижраның жеті жүз елу сегізінші жылы 
қайтыс  болды,  ол  он  жеті  жыл  патшалық  құрды,  Сарайшықта 
жерленді» (Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы: Ана тілі, 2006. 
114-115-бб.), деп жазды. Му’ин ад-дин Натанзидің дерегінде, Әз 
Жәнібектің өлімі басқаша анықталып, оқиғаның қалай өрбігені 
төмендегіше  баян далады:  «Бердібек  таққа  отырғасын  6  айдан 
соң,  Жәнібек  хан  науқасқа  шалдықты.  Мемлекетіндегі  бас ты 
тұлғалардың  бірі  Тоғлу  бай  (деректерде  Туғлы-би,  Тавлубий, 
Тувлубий  –  Ж.Ж.)  Әзербайжанға  жедел  кісі  аттандырады, 
Бердібекті шақыртады. Әкесі көз жұма қалса, таққа ие болатын 
сол. Дешті Қыпшақ тағын тақымына бір қысуды көксеп жүрген 
Бердібек  Әзербайжанды  тастап,  Дербент  арқылы  жеделдете 
Ордаға жөнеледі. Он шақты серігімен түн жамылып келіп, Тоғлу 
байдың үйіне түседі. Күтпеген жерден Жәнібек хан беті бері қарап 
басын  көтереді,  айыққандай  болады.  Сөйтіп,  ертеңіне  кеңеске 
қатысқысы келетінін айтады. Сенімді кісілерінің бірі Жәнібекке 
Бердібектің келгенін жеткізеді. Мына хабар мазасын қашырған 
ол  мұны  Тоғай  Тоғлу  хатунға  айтады.  Хатун  ұлын  қорғаштап, 
мұның  жалған  екеніне  сендірмек  болады.  Жәнібек  одан  Тоғлу 
байды  жеке  қабылдауына  шақыртады,  осының  бәрін  бастап 
жүрген сол Тоғлу бай екенін білмейтін хан мына жайды құпия 
түрде оған да айтады. Тоғлу бай бірден секем алып, мән-жайды 
біліп  келейін  деген  сылтау мен  тысқа  шығады  да,  ізінше  өзіне 
жақтас бірнеше адаммен қайта кіреді, сол жерде бірден Жәнібекті 
жайратып салады» (Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда 
и ее падение. Москва – Ленинград: «издательство Академии наук 
СССР».1950.  269-270-бб.;  Бегалин  Қ.  Алтын  Орда  хандары.  – 
Алматы:  «Адамар»,  2007.  147-148-бб.).  Сонымен,  қазақ  халқы 
алтынордалық  Жәнібек  ханды  «Әз  Жәнібек»  атандырған,  ал 
бұл  атаудың  отандық  тарих  ғылымында  Қазақ  хандығының 
негізін салушы ретінде мойындалып келген Жәнібек (Әбу Саид) 
Барақұлына еш қатысы жоқ. Өйткені, Мұрат Мөңкеұлының «Үш 
қиян» толғауындағы: «Алты жыл балшық бастырып, Тоғыз жыл 
керіш соқтырып, Сусынын шайға қандырып, Хандығына жұртын 
нандырып, Адыра қалғыр, Аштархан, Әз Жәнібек хан салдырып. 
Ақылын кәуірге алдырып, Айласы құрып кеткен жер», – деген 
жыр жолдары Алтын Орда билеушісі, Жәнібек Өзбекұлына ғана 
қатысты. Келтірілген әртүрлі тарихи деректер: нумизматикалық 
жәдігерлерді, жыр-аңыздарды, толғауларды, кәсіби мамандардың 
тың  ойларын  саралай  келе,  біз  осыған  дейін  Әз  Жәнібек  деп 
жүрген  ханның  Қазақ  хандығының  негізін  қалаған  Барақұлы 
Жәнібек  емес,  Алтын  Орда  ханы  Өзбекұлы  Жәнібек  екендігін 
тағы бір мәрте еске сала кетсек дейміз. Бұдан Қазақ хандығының 
негізін  салған  әйгілі  Жәнібек  ханның  мәртебесі  мен  беделінің 
еш төмендемесі хақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытаудағы 
ұлт туралы толғанысында Алтын Орданың Қазақ мемлекеттілігі 
тарихындағы  ірі  белес  екенін  айдай  анық  қылып  айтты. 
Өкініштісі,  Тәуелсіздігімізге  20  жылдан  асса  да,  академиялық 
басылым  Қазақстан  тарихының  2  томы  мен  жалпы  орта  білім 
беретін мектеп оқулығындағы Әз Жәнібек хан туралы мағлұмат 
көңіл көншітпейтін тәрізді. 
Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ, 
тарих ғылымдарының кандидаты 
Орал 

38
Биылғы  жылдың  тамыз  айының  басында  ерке  Ертіс 
жағасындағы  кешегі  Алаш  астанасы  атанған  Семей  қаласы 
мен ұлылар мекенінің орталығы Қарауылда хакім Абайдың 170 
жылдығы өз мәнінде аталып өтілді. Олай деп отырған себебіміз 
сол,  бұл  өзі  ресми  түрде  атаулы  мерекеге  жатпағанмен,  оның 
мүмкіндігінше  насихатталуы  данышпан  ақын  мұрасына  деген 
халқымыздың  зор  құрметін  аңғартса  керек.  Артық  ешқандай 
дабыра,  даңғазалыққа  жол  берілмей,  керісінше  ақын  өмірі  мен 
шығармашылығы рухани тұрғыдан сарапқа салынып, ой тезінен 
өткізілген  бұл  ауқымды  шараның  мән-маңызы  өз  алдына  бір 
әңгіме. 
Ал біздің бүгінгі әңгімеміз басқа тақырыпқа арналады. Яғни, 
осы  мазмұнды  мереке  аясында  аты  ардақталып,  атақ-даңқы 
әспеттелген Мамай батыр туралы сөз қозғасақ дейміз. Қарауыл 
мен Қарауылтөбеде хакім ақынға арналған әдеби, мәдени шаралар 
мен спорттық сайыстар ең алдымен аудан орталығында Мамай 
батырдың  ескерткішінің  салтанатты  жағдайда  ашылуымен 
басталды. Павлодарлық мүсінші Марат Абылқасымов сомдаған 
жалпы  биіктігі  бес  метрге  жуық  ат  үстіндегі  батырдың  алып  
бейнесі жұртшылық көңілінен шықты. 
«Білесің, білген соң айтасың» демекші, сонау ел басына күн 
туған  қилы  кезеңде  қалың  қазағына  бір  кісідей  еңбегі  сіңген 
батырдың ескерткішін орнатып, оның етігімен қан кешкен ерлік 
жолына  арналған  кітап  шығару  семейліктердің  көптен  бергі 
арманы  еді.  Айтпақшы,  екі  мыңыншы  жылдардың  басында 
қалың  көпшіліктің  ынта  жігерінің  арқасында  Семейдегі  іргелі 
бір  көшеге  батыр  есімі  берілген  еді.  Солайша  «күн  көсем» 
туралы  дастан  жазған  орыстың  төңкерісшіл  ақыны  Маяковсий 
есімі    егемендік  жолында  қазақтың  туын  сайын  дала  төсінде 
асқақтатқан  Мамай  батыр  есіміне  ауыстырылған  болатын. 
Сол тұста бұл игі шаруаның басы-қасында кезінде осы өңірдің 
Мақаншы,  Абай  аудандарын  іскерлікпен  басқарған  Орал 
Арғынбеков сынды азаматтың болғандығын, бұл кісінің мұның 
алдында  ұлылар  елінде  Мамай  және  Тоқтамыс  батырлардың 
үш  жүз  жылдық  тойларын  өткізіп,  бастарына  Маңғыстаудың 
мәрмәр тасынан күмбез орнатуға бірден бір себі тигендігін айта 
кеткеніміз жөн болар. Ал біз болсақ осы игілікті шаруаға қалам 
қаруымен үлес қосуға тырысып, ел газеті «Егемен Қазақстанда» 
батыр  баба  туралы  танымдық  мақала  жариялағанбыз.  Өйткені, 
бұл әлі де төл тарихымызды біле алмай жатқан қандастарымыз 
бен  басқа  да  жұртты  өткенімізден  хабардар  ету  мақсатынан 
туындаған әрекет еді. Сондай сондай ұйымшылдықпен бірлесе 
атқарған  игі  шаралар  нәтижесінде  көше  атын  ауыстыру  аса 
қиыншылықсыз шешілген.
Ал  мұнан  кейінгі  жердегі  қолға  алынған  келелі  істің 
басында батыр ұрпақтары, ағайынды Сағындық және Базарбай 
Бейсенбаевтар  мен  аты  осы  өңірге  кеңінен  танымал  кәсіпкер 
Исағали Омаралинов, жергілікті белгілі этнограф, шежіреші қарт 
Молдабек  Жанболатов,  Абай  ауданының  басшысы  Тұрсынғазы 
Мүсәпірбеков және тағы басқа азаматтардың, қалың көпшіліктің 
осы шаруға бір кісідей үн қатуымен шешілген. Аудан басшысы 
демекші, Тұрсынғазы Жантұяқұлы ұлылар елінің тізгінін қолына 
Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Саржал 
ауылында  1949  жылдың  ақпан  айында  өмірге  келген.  Алматыдағы  Қазақтың 
Мемлекеттік  университетінің  журналистика  факультетін  бітірген  соң  екі  жыл 
взвод командирі болып әскери борышын өтеген. Ал одан кейінгі жерде облыстық, 
республикалық,  еларалық  басылымдарда  мамандығы  бойынша  және  соның 
аралықтарында облыстық әкімшілікте қызмет жасаған. 
Дәулет Сейсенұлы ел газеті «Егемен Қазақстанда» ширек ғасырдан астам уақыт 
өңір тілшісі болып қызмет атқарған. Соған орай бұл жылдарда қажырлы еңбегімен 
түрлі деңгейдегі марапаттан кенде болған жоқ. Соның айғағындай, ол Елбасының 
Алғыс хаттары және «Алтын барыс» төсбелгісімен, ел Тәуелсіздігінің, халықаралық 
«Невада-Семей»  қозғалысының,  Ұлттық  ядролық  орталығының  20  жылдық 
мерекелік  медальдерімен,  Абай  және  Әуезов  медальдерімен  марапатталған.  Екі 
мәрте Қазақстан Журналистер одағы және үш мәрте облыс әкімінің сыйлықтарын 
иеленген.  Дәулет  Сейсенұлы  -  Қазақстанның  құрметті  журналисі,  Семей  қаласы 
мен  Абай  ауданының  құрметті  азаматы,  Шәкәрім  атындағы  Семей  Мемлекеттік 
университетінің  құрметті  профессоры.  Оншақты  кітаптың,  соның  ішінде  Астана 
мен Алматыда екі рет жарық көрген «Шәкәрім» атты ғұмырнамалық және «Ядролық 
сынақ  аймағы:  кеше  және  бүгін»  атты  деректі  кітаптардың,  балаларға  арналған 
«Ертөстік» пьесасының авторы.
МАМАй 
БАТЫРДЫ 
БІЛЕМІЗ БЕ?
Дәулет сЕйсЕНҰЛЫ,
  Қазақстанның құрметті    
журналисті

39
кемеңгері Әуезовтің ілтипатына бөленген Нұрлыбек Баймұратов, 
Төлеу  Көбдіков,  Сапарғали  Әлімбетов  сынды  айтыс  өнері 
майталмандарының ізін басып, солардың сапында болғандығын 
бүгінде біреу білсе, біреу білмес.
Ал  енді  мұның  алғашқысын,  яғни  Мұсайын  ақынды 
бүгінгілердің көбі дерлік білмейтіні рас. Бірақ оған ақын емес, 
сол ақынның асыл жырын шығартпаған, керісінше ел жадынан 
өшіруге  тырысқан  кешегі  озбыр  заман  кінәлі.  Болмаса  сол 
поэма атақты Сегізсері Бахрамұлының бел баласы Мұсайынның 
(1843-1920)  қабілетінің  төмендігінен  халық  жадынан  ұмтылды 
дегенге кім сенеді? Соны қазақ әдебиетін зерттеуші, зейнеткер 
Қаратай Биғожаұлы « біздің бала кезімізде, яғни мектепте оқып 
жүрген  шағымызда  Солтүстік  Қазақстан  облысының  Преснов 
ауданында  Мұсайынның  «Ер  Мамай»  дастанын  жатқа  білетін 
ақсақалдар  көп  болы»  дей  келіп,  олардың  алды    елуінші, 
соңғылары алпысыншы жылдардың ортасында о дүниелік болып 
кеткендерін,  сөйтіп  өкінішке  қарай  аталмыш  поэманың  толық 
нұсқасы сақталмағанын айғақтайды.
Ол  солай  дей  келіп,  Мұсайын  ақсақалдың  бұл  поэманы 
әкесі  Сегізсері  жинап,  құрастырған  халқымыздың  жылнама 
шежіресінде  жинақталған  оқиғалар  негізінде  жазғанын 
ескерте кеткен. Мұның бәрі батырдың тікелей ұрпағы Ұлықбек 
Байырманұлы құрастырып, 1998 жылы «Қағанат-ҚС» баспасынан 
шығарған  «Мамай  батыр»  жинағында  жанжақты  баяндалған. 
Бірі Қызылжар өңірінде, бірі Семейдің Көкпекті жағында түрлі 
кезеңде өмір сүрген екі ақынды ортақ тақырыпта тоқайластырған 
Ер Мамай, батыр бабаның асыл рухы болса керек. Батырдың аты, 
ғалымның хаты өшпейді деген осы болса керек!
 
                 
ххх
Ер Мамай туралы деректер осы екі шығармамен шектелмейді. 
Соның айғағындай, ол туралы ел аузында сақталып қалған аңыз 
әңгімелер де қаншама! Осының бәрі батырдың 1702 жылы туып, 
1799  жылы,  яғни  жасы  жүзге  тақап  барып  дүниеден  озғанын 
айғақтайды.  Батырдың  үш  жүз  жылдық  тойы  ұлылар  елінде 
кеңінен  аталып,  басына  сәулетті  күмбез  орнатылғанын,  оның 
бәріне сол кездегі аудан басшысы Орал Арғынбеков ерекше үлес 
қосқанын жоғарыда айтып өттік. Сол шақта екі жарым ғасырдай 
алғаннан  бергі  мерзімде  Қарауылда  халқымыздың  тарихынан 
ойып  тұрып  орын  алатын  Әнет  баба  мен  Кеңгірбай  биге,  дала 
данышпаны атанған Шәкәрім қажыға, қазақ өнерінің аспанында 
жарқ жұлдыздай жарқырап өткен Жәнібек Кәрменовке ескерткіш 
орнатылғанын да айта кету парызымыз деп білеміз.
Биылғы  жыл  қазақ  хандығының  уығын  тіктеп,  шаңырақ 
көтергеніне  550  жыл  деп  жатырмыз.  Содан  бергі  кезеңдегі 
Мамай  батыр  сынды  ардагеріміздің  де  атын  аспандатып 
отырсақ, ол елдігіміздің белгісі, егемендігіміздің арқасы десек, 
кім  дау  айтады!  Хакім  ақын  тойы  аясында  ашылған  батырдың 
ескерткішімен  бірге  ол  туралы  жарық  көрген  іргелі  еңбек  те 
қолға  тиді.  Оны  жоғарыда  есімдері  аталған  Молдабек  ағамыз 
құрастырса,  ал  Исағали  бауырымыз  қаржылай  демеуші  болды. 
Жинақта  Мамай  батыр  туралы  арғы  Қожаберген  жыраудан 
бастап,  бергі  Тыныштықбек  Әбдікәкімұлының  толғаулары 
енгізілген. Бүгінгі күні қазақ әдебиетінің белді бір өкілі айналған 
Тыныштықбек ақын батыр ұрпағы болып табылады. Ал бұдан сәл 
ертеректе Мамайдың жиені Нұрлан Бозтаев батыр бабасы туралы 
деректі  фильм  түсіріп  қана  қоймай,    Бегалин  деген  жазушы 
досына ол туралы орыс тілінде деректі хикая да жаздыртқан еді.
Осындай  құрметтерді  иеленіп  отырған  Мамай  батыр  кім 
еді,  ол  туралы  не  білеміз?  Иә,  білетініміз  аз  да  емес  секілді. 
Солай  болғанның  өзінде  біздің  білгенімізді  алыста  жүрген 
ағайындар  біле  ме?  Міне,  көңілдегі  сондай  сауалдарға  жауап 
беру мақсатымен қолға қалам алған едік.
 
 
               
ххх
Ғасырлар  бойы  армандап,  асыға  күткен  ел  тәуелсіздігімен 
ере  келген  жыл  құсындай  жақсылықтың  бір  нышаны  айбарлы 
хандарымыз, батыр бабаларымыз бен ақылгөй даналарымыздың 
есімдерінің жаңғырып қайта оралуы десек, оған ешкім дау айта 
қоймас. Болмаса арғы патшалық, бергі қызыл империя тұсында 
ел  көсемі  мен  сөз  ұстаған  шешенін,  қол  бастаған  батырларын 
қашан  төбемізге  көтеріп,  ардақтай  алып  едік.  Сондықтан 
тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі жерде сол ел ардақтыларына 
арналған  жиын  той,  ас  көбейіп  кетті  деген  орынсыз  пікірлерге 
қосылуға болмас. Осындайда «өлі риза болмай, тірі байымайды» 
дегенді неге ұмытамыз. Егер егемен ел атанып, ұлт болып ұйыса 
бастасақ,  ол  сол  аруақтардың  желеп  жебегені,аруақтардың 
сондай  ризашылығынан  туындап  жатқан  береке,  бірлік  деп 
түсінгеніміз жөн. Ал осы орайда әркім өз тайын аламан бәйгеге 
қосуға тырысып жатса, ол енді басқа әңгіме.
Әрине,  бұрынғы  өткен  заманда  өмір  сүрген  қасқалар  мен 
жайсаңдарды бір-бірінен оздыруға тырысып, жарыстырып қою 
да дұрыс емес. Яғни, әр нәрсе өз орнымен, сабақты ине сәтімен. 
Егер жүйесін тауып іздестіре білсек, сол ел ардақтылары туралы 
есті сөз, ескілікті әңгіме жетіп артылады. Бүгінгі сөз жоғарыда 
айтқандай  соның  бәрін  қайта  жаңғыртып,  әлсін  әлі  ауысып 
жататын кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатынан туындап жатуы тиіс 
деп білеміз. Соның бір парасы биылғы жылы кеңінен сөз болып 
жатқан  қазақ  хандығының  550  жылдық  мерейтойы  тұсында 
айтылып жатса, жарасып тұр емес пе!
Жасында  Ер  Мамай,  ал  тоқсаннан  асып,  жүзге  тақаған 
шағында  батыр  баба  атанған  тобықты  Мамай  батыр  сондай 
асылдардың бірі ғана емес, бірегейлерінің қатарында болыпты. 
Оны жоғарыда айтқандай, ескіден қалған есті сөздер айғақтайды. 
Және сол сөздердің иесі кімдер еді дейсіз ғой. Айтайық. Ол - сонау 
зарлы заманның гимні іспеттес «Елімайдың» авторы, арғыдағы 
Қожаберген жырау, Мұсайын, Шәкәрім, Көкбай, Әріп, Мұсағали, 
Есентай,  Байкөкше,  ол  -  бергі  Шәкер,  Қалихан  болып  жалғаса 
береді. Солардың ішінен Мұсайын мен Қалиханның жөні тіптен 
де  бөлек.  Өйткені,  бұлар  Мамай  батыр  жөнінде  жеке  дара  сөз 
қозғап, әрқайсысы поэма жазған жандар. Халық ақыны Қалихан 
Алтынбаевты  көзіміз  көрді.  Бұл  ағамыз  Көкпекті  аудандық 
газеті  редакторының  орынбасары  болып  қызмет  істеді.  Сөйте 
жүріп  кешегі  кеңес  заманында  халқымыздың  төл  өнері  болып 
табылатын айтыс өнерінің туын тіктесуге бірден бір үлес қосқан 
ардагер  ақындардың  бірі  болып  табылады.  Қалихан  ақынның 
сонымен  бірге  қылышынан  қан  тамған  кеңес  заманында,  бай 
мен  бағлан,  батыр  мен  би  тәрк  етілген,  коммунизм  мәңгіге 
орнығады  деп  межеленген  сонау  сексенінші  жылдары  Мамай 
батыр туралы дастан жазуы да үлкен ерлік. Оның сол заманда ұлт 

40
патша, жетпіс жылдан астам қызыл империяның езгісінде болып, 
жігері мұқалған елдің рухани тұрғыдан алғанда дүр сілкінгенін 
ешкім жоққа шығара алмас!
Сонымен  тобықты  Мамай  батыр  Жұмағұлұлы  1702  жылы 
халқымыздың  ежелгі  ата  қонысы  Сыр  бойында  өмірге  келген 
екен.  Сол  шақта  бір  тобықты  ғана  емес,  басқа  да  тайпалармен 
бірге  қалың  арғынның  Сыр  бойында  жүрген  кезі  болса  керек. 
Зар  заман  қыспағымен  тобықтының  хан  Шыңғыстан  ауа  көшіп, 
осы  киелі  өңірді  сан  ондаған  жылдар  мекен  еткені  де  тарихи 
шындық. Сол себептен де батыр Мамай, ер Мамайдың кең байтақ 
қазақ сахарасының қай түкпірінде болмасын ата жауы қалмаққа 
қарсы ұрыс салғаны рас десек те, негізінен оның ерлік өмірбаяны 
еліміздің батыс өңірінде қалыптасқанын баяндайтын дерек басым.
Бір  аңыз  дерек  жас  Мамайдың  ұрысқа  ең  алғаш  он  үш 
жасында  енгенін,  сол  ұрыста  кешегі  әз  Тәукенің  сүйікті 
батырларының бірі болған Көкенайдың мерт болғандығын, соған 
орай  сол  шақта  жасы  тоқсанның  үстіндегі  Әнет  бабаның  ақ 
батасын алғандығын айғақтайды. Әрине, аңыз болған соң мұның 
жасы  әсірелеп  тым  кішірейтіліп  айтылуы  да  әбден  мүмкін. 
Бірақ қалай десеңіз де, осыдан кейін-ақ Мамай батырдың ерлік 
жолы жалғаса берген секілді ғой. Қалай десеңіз де, оның ұзаққа 
созылған  ғұмырында  жүзге  жуық  жекпе  жекке  шыққаны  да, 
қайтпас  қасарлығымен,  ерен  ерлігімен  Абылай  хан  тарапынан 
алмас  қылышпен  марапатталғаны  да  шындық.  Халқымыздың 
ұлы ханы Мамайға, әсіресе Шыңғыстауда, Қоңырәулие маңында 
өткен қиын шайқаста ерекше риза болған. 
Тегінде  батыр  еңсегей  бойлы,  алып  адам  болыпты  деседі. 
Оны  анау  мынау  ат  көтере  алмапты  дегенде  аңыз  сөз  бар. 
Қазақ батырларының қалмақтармен жекпе жекте көбіне мерейі 
үстем  болып  жеңіске  жетіп  жатуы  бір  жағынан  рухтарының 
биіктігі болса, екіншіден анадан асыл жаратылып, алып болып 
туғандарынан  ба  дейміз.  Ендеше  қазақта  екінің  бірі  батыр 
болыпты деп оларды көпсінбейікші! Кең байтақ жеріміз көздің 
қарашығындай сақталып, бүгінгі ұрпаққа аманат ретінде жетіп 
отырғаны сондай алып жүректі, сом білекті батырларымыз көп 
болғандықтан емес пе!
Жоғарыда жас Мамайдың ұрысқа алғаш рет он үш жасында 
қатысқанын  айттық.  Ал  ол  алғаш  рет  жекпе  жекке  шыққанда 
жасы  небәрі  он  сегізде  екен.  Ер  Мамайдың  келбеті  аңызда 
болсын, жырда болсын, ұзын бойлы, көкшіл көзді, жүзі ақшыл 
сары, жанары оттай өткір, өзгеше жаратылған күш иесі ретінде 
суреттеледі. Алакөл мен Көкше теңіз арасындағы қызыл қырғын 
соғыста жас Мамай ең алдымен  қалмақтың Жәңгір батырымен 
жекпе  жекке  шығып,  оны  жер  жастандырғаны  сол  екен,  соған 
намыстанған  оның  туған  інісі  Зеңгі  деген  кезегін  күтпестен 
бұған тап береді. Қанша соғыс дегенмен сол шақта бұл дегенің 
көргенсіздік, тексіздік саналады екен. Сондықтан да бойын ашу 
қысқан  Мамай  әлгіні  найзасымен  іліп  әкетіп  ат-матымен  шаң 
қаптырады.
Тектілік дегеннен шығады, заманнан заман өтсе де, ел есінде  
қалған мына бір оқиға Мамайдың кісілігін көрсетсе керек. Яғни, 
1723 жылғы Еділ-Жайық, Арал бойындағы ауыр шайқастардың 
бірінде жасы жиырмадан енді асқан жас Мамай қапылыста жау 
қолына түсіп қалады. Әйтеуір, қолөнер қабылеті арқасында көп 
қорлық көре қоймайды. Яғни, аяғына кісен салғанмен, қолын бос 
қояды. Сөйтіп, батырға да жан керек дегендей, бұл дұшпандарына 
ағаш  бұйым  жасап,  амалдап  күн  өткізеді.  Оның  үстіне  Мамай 
сыбызғыны  сызылтып  тартады  екен.  Мұның  ақыры  бір  сұлу 
қалмақ қызының бұған ғашық болуымен, ақыры екеуінің кісен 
бұғаудан амалын тауып қашып шығуына ұласады.
Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні  демекші,  қысқартып 
айтатын  болсақ,  қалың  қалмақ  қоя  ма,  солардың  ішінен  Жора 
деген  батыры  бұларды  қуып  жетеді.  Сонда  екеуі  бірін-бірі  ала 
алмай  ат  үсітінде  де,  жерде  де  ұзақ  шарпысыпты.  Жас  Мамай 
қалжырап бара жатқан бір сәтінде ғашығынан көмек өтінсе, әлгі 
қай жеңгенің менікі деп тұр дейді. Сол шақта бойын ыза кернеген 
Мамай  бір  жақ  қолын  аса  шапшаңдықпен  босатып  алып,  әлгі 
қалмақты  құлақ  шекеден  бір  қойып  есеңгіретіп  тастайды  да, 
іле  селебе  пышақпен  шабынан  есіп  жібереді.  Содан  қалмақ 
батырының  атын,  оған  қоса  барлық  асай-мүсейін  және  қалмақ 
қызын алып, елге тартып береді. Бірақ жол бойы қалмақ қызына 
бір ауыз сөз айтпайды.
Ал елі болса жас батырдың аман-есен, оның үстіне олжалы 
оралғанына  үлкен  той  жасайды.  Сонда  бұл  әлгі  қалмақ  қызын 
өзін жас та болса бастай көріп сыйлап жатқан Қанжығалы елінің 
мырзасы Нұрғожаға беріпті. Бірақ ағасына мұны өзі де, баласы да 


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал