Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



жүктеу 282.35 Kb.
Pdf просмотр
бет4/33
Дата09.01.2017
өлшемі282.35 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

ЛЕБІЗДЕР ЛЕгІ
мүмкіндіктер  туралы  алыс-жақынның 
бәрі айтуда. 
Ендеше ертеңнен күтер үмітіміз мол. 
Ізгілік жолымен алға баса берейік! 
Жасаған жар болғай! 
әбіш кЕкІЛБАйҰЛЫ, 
Қазақстанның Еңбек Ері.
МәН-МАҢЫЗЫ ЕРЕН МЕРЕкЕ
Қазақ  хандығының  550  жылдық 
мерейтойы 
тәуелсіз 
еліміздің 
тарихындағы  елеу лі  оқиғалардың  бірі 
ретін де  жылнамаларға  алтын  әрі п-
тер мен  жазылары  сөзсіз.  Мерейтой 
қазақстандықтардың  мәр те бесін  өсіріп, 
ынтымақ-бере кемізді одан әрі арттыратын 
шара  екендігі  анық.  Ол  –  тек  Қазақ 
хандығын  құрған  бабаларымыздың  ғана 
емес,  бүгінде  береке-бірлігі  жарасқан 
барша отандастарымыздың ерен еңбегіне 
де  көрсетілген  құрмет.  Тарихи  сананы 
жаңғыртудың  жаңа  сапа  мен  деңгейге 
көтерілуінің белгісі.
Бүгінде  тәуелсіз  еліміз  саяси-
экономикалық,  әлеуметтік-мәдени  және 
өзге де салаларда толайым табыстарға қол 

16
жеткізді. Мерейтой – осы жетістіктерімізге 
сүйініп,  алдағы  қадамдарымыздың  нық 
болуына  да  өз  үлесін  қосатын  маңызды 
іс-шара. Ең бастысы – Қазақ хандығының 
550  жылдық  мерейтойы  Елбасының 
«Мәңгілік Ел», «Ұлы Дала» идеяларының 
қырларын  әлемге  паш  етеді.  Біз  осынау 
ұлан-асыр мереке арқылы достарымызға, 
әлемдік 
қоғамдастыққа 
терең 
тарихымызды танытудамыз. Әрі ұрпақтар 
сабақтастығының  жүздеген,  мыңдаған 
жылдарға тамыр тартатындығын тағы да 
айғақтай түстік. 
Бүгін  еңбек  етіп,  бала  тәрбиелеп, 
өндіріс 
пен 
өркениетті 
дамытып 
жатқан 
барша 
отандастарымыз 
мемлекеттілігіміздің  нығаюына  қызмет 
жасауда. Бұл – Қазақ хандығы дәуірінен, 
тіпті, одан да терең замандардан жалғасып 
келе жатқан дәстүрге, аманатқа құрмет, әрі 
адалдықтың белгісі. 
Асқар МЫРЗАхМЕТОВ, 
«Нұр Отан» партиясы 
Төрағасының бірінші орынбасары. 
АБЫЛАйДЫҢ ОРЫНДАЛғАН 
АРМАНЫ
Қазақ  хандығының  550  жылдығын 
атап  өтуді  еліміздің  еңсерген  тағы  бір 
белесі  деп  атауға  болады.  Бұл  шара  ата-
бабаларымыздың  биік  рухынан  тәлім 
алуға  да  өзіндік  үлес  қосатыны  анық. 
Тағы  бір  айта  кетерлігі,  «Өшкеніміздің 
жанып, 
өлгеніміздің 
тірілгені» 
Елбасының  сөзі  арқылы  әсерлі  шықты. 
Ұлт тарихына деген халық сенімі де осы 
жерде  алға  тартылды.  Алтайдан  анау 
Қап тауына дейінгі аралықты мекендеген 
түркі  халықтарының  мемлекеті  күшті 
болғандығы, Қазақ хандығы туралы жақсы 
ойлар айтылды. Әсіресе, хандардың елдікті 
сақтау жолында жорықтарда қаза тапқаны 
көп нәрсені аңғартады. Хан деген сөзден 
шошып  қалған  халықпыз  ғой.  Олардың 
ел  билеп,  тәуелсіздігін  сақтау  үшін 
күрескендігі ашып айтылмайтын. Азаттық 
арманының  халық  бойында  қалғаны, 
Абылайдың  арманы  орындалғаны  жиын 
барысында  ерекше  аталды.  Сондықтан 
да  қазақ  тарихының  болашағы  ұлттың 
тәуелсіздігімен  байланыс ты  екендігін 
уақыттың өзі дәлелдеп отыр. 
серік ҚиРАБАЕВ, академик. 
БІРЛІк ПЕН ТІРЛІк жЕМІсІ
  «…Бұл  той  бабалар  рухына  тағзым 
етіп,  тағдырдың  алуан  қиындықтарынан 
өткен  ата  тарихынан  тағылым  алу  үшін 
өткізіліп отыр. Тағдыр талайымен бөлініп 
кеткен,  тілі,  ділі,  діні,  тегі  бір  түркі 
халықтары ХХІ ғасырда ынтымақ жарас-
тыруы  қажет»,  –  деді  торқалы  тойда  сөз 
сөйлеген  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 
Назарбаев.  Осы  ойдың  тереңіне  мән 
берсеңіз үлкен мағына бар. Өйткені, түбі 
түркінің тамырын қуалай келсеңіз, ортақ 
діңгегі  қарт  тарихтың  қалың  қабатынан 
табылады.  Сол  себепті  құндылығы, 
құрмет  сезімі  ортақ  жұрттар  бір-бірімен 
тез  табысады,  мүдде-мақсаттың  түбіне 
жылдам 
топтасады. 
Ұлы 
Даланы 
мекендеген  халықтың  тұрмысы  мен 
тұғырының  мығымдығы  осынысында. 
Өзара  жарасқан  татулығы  мен  туыстық 
қарым-қатынасында. 
Тағы  бір  сөзінде  Елбасы  бабалар 
тұлпарының  тұяғымен  жазылған  ата 
тарихымыздың  әр  парағы  ерекше 
қымбат  екенін  мәлімдеді.  Демек,  Қазақ 
хандығының 550 жылдық торқалы тойын 
атап өтудің маңызы өте жоғары. Өйткені, 
тарихыңды  білмесең,  тағдыр-талайыңды 
танып-білу  қиын,  өткеніңе  дұрыс  баға 
бере алмасаң, келешегің бұлыңғыр деген 
сөз.  Ендеше,  550  жылдық  мереке  жалпы 
бірліктің,  тірліктің  тойы  деп  санаймын. 
Ұлы Даланың ұлан-ғайыр белінде кімнің 
шамшырағы  жанбады,  кімнің  өрісі 
кеңімеді,  кімнің  шабыты  шалқымады? 
Әсіресе, осылардың ішінде тілі, түрі, діні 
ортақ  түбі  түркі  баласының  бір-бірімен 
етене  жақын  қалпы  мұндағы  тіршіліктің 
жарасымды  тініне  айналып  үлгергені 
қашан. Ең басты байлығымыз Тәуелсіздік 
десек,  сол  құндылықтың  құрағы  мен 
бұлағын  сақтап,  барынша  нығайтуда 
халық  достығы  мен  өзара  туыстық, 
ынтымақтастықтың  атқарар  рөлі  өте  зор 
екеніне толық сенімдімін. 
Розақұл хАЛМҰРАДОВ, 
Парламент Мәжілісінің депутаты. 
ҰЛТ ТАМЫРЫН ҰЛЫҚТАғАН 
жиЫН
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаевтың 
бастамасымен 
Қазақ 
хандығының  550  жылдық  мерейтойын 
мемлекеттік  деңгейде  атап  өту  біздің 
тамыры  терең  ел  екенімізді  әлемдік 
қоғамдастық алдында тағы да дәлелдеді.
Керей  мен  Жәнібек  құрған  Қазақ 
хандығының  тарихи  жалғасы  –  бүгінгі 
өркениетті  Қазақстан.  Еліміздің  өзіндік 
стратегиясы 
қалыптасқан, 
әлемдегі 
алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарынан 
орын  алуы  –  Қазақстанның  Тұңғыш 
Президенті 
Нұрсұлтан 
Әбішұлы 
Назарбаевтың  ерен  еңбегі  мен  көреген 
саясатының жемісі. 
Елбасының  «Мәңгілік  Ел»  идеясы 
қазірдің  өзінде  елді  біріктіруші  күшке, 
ұлттық  идеологияға  айналды.  Ол  – 
«Қазақстан-2050» 
Стратегиясының, 
сонымен қатар, XXI ғасырдағы Қазақстан 
мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры, 
ұлттың рухани құндылығы. 

17
еңбек етуге тиіспіз. Бұл ретте ел тірегі – 
жастардың  бірігуі  және  отансүйгіштік 
қасиетті  бойына  сіңіруі  маңызды  болып 
табылады. 
светлана ФЕРхО, 
Парламент Мәжілісінің депутаты. 
***
Елбасының 
Қазақ 
хандығының 
550  жылдығына  арналған  салтанатты 
жиындағы сөйлеген сөзі көпшілікке үлкен 
әсер етті, әсіресе, тарихшыларға. Өзімізді 
Ұлы  даланың  мұрагері  ретінде  сезіндік 
және  әр  қазақтың  жүрегіне  солай  жол 
тартты деп ойлаймын. Себебі, тарихымыз 
тым  тереңде  жатқанына  көзіміз  жетті. 
Елбасы  тарихқа  бастан-аяғына  дейін 
тоқталып,  бүге-шігесіне  дейін  айтып 
берді.  Көпшілік  Қазақ  хандығы  Алтын 
Орданың  заңды  мұрагері  екендігін 
білді.  Дешті  Қыпшақ  мемлекеті,  Түрік 
қағанаты, үйсін, ғұн мемлекеті бар, оның 
арғы  жағында  сақтардың  мемлекеттілігі 
бар,  солардың  бәрінің  басты  мұрагері 
Қазақ  елі  болып  табылады.  Себебі, 
олармен біздің тіліміз, діліміз, дәстүріміз, 
тарихымыз  бен  тағдырымыз  бір.  Міне, 
бұл  әрі  қарай  тарихшыларға  артылған 
үлкен  жауапкершілік,  тереңдей  түсуіміз 
керек.  Қазір  жасалып  жатқан  жұмыстар 
аз  емес,  бірақ  атқаратынымыз  одан  да 
көп.  Тарихшыларға  жүктелер  жұмыстың 
салмағы өте ауыр екенін біз жақсы білеміз 
және  ол  жүкті  Қазақстан  тарихшылары 
көтереді деген нық сенімдемін. 
Елбасы айтқан Ұлы Дала өркениетіне 
келсек,  Ұлы  Дала  өркениетінің  елі  біз. 
Сондықтан  осы  еліміздегі  мәдени  мұра 
бүкіл  түркі  әлеміне  ортақ.  Сол  үшін 
өз  тарихымызбен,  өз  мәдениетімізбен, 
мемлекеттілігімізбен  қашанда  мақтана 
аламыз.  Себебі,  біздің  мәдениетіміз 
бай,  тарихымыз  мол,  рухымыз  биік. 
Осы  рухымыз  арқылы  қандай  дағдарыс 
болсын  өтеміз  және  Ұлы  Дала  жеріндегі 
Мәңгілік Ел боламыз. Сондықтан бүгін гі 
басқосу Қазақ хан дығының 550 жылдығы 
ғана емес, үлкен ой салған жиын – нақты 
деректер айтылды, айқындалды. 
Бір 
сөзбен 
айтқанда, 
біз 
Тәуелсіздігіміздің, 
Елба сының 
көрегендігінің арқа сында тамаша егеменді 
ел  болдық.  Дүниежүзіне  танылып, 
әлем  сыйлайтын  дәрежеге  жеттік. 
Экономикамыз  көтерілді,  көркейді,  ұлт 
пен ұлыстардың арасындағы ынтымақ пен 
бірлік нығайды. Қазір 130 ұлт пен ұлыстың 
өкілдері  Қазақстанды  жерұйық  ретінде 
мекендеп,  тату-тәтті  өмір  сүріп  жатыр. 
Осылардың  барлығы  үлкен  саясаттың 
және  қазақ  халқының  ақылдылығы  мен 
Елбасының  кемеңгерлігінің  арқасында. 
Олай болса, осы жиырма жылдың ішінде 
Ұлы  Дала  елінің  мәңгілігінің  негізі 
Қазақ  хандығының  мерейлі  мерекесі 
аясында жыл басынан бері елімізде түрлі 
шаралар ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі 
күні  елордамызда  ұйымдастырылып 
отырған  осы  салтанатты  жиын  және 
«Мәңгілік  Ел»  халықаралық  ғылыми-
практикалық конференциясы – осындай игі 
шараның  бірі.  Мерекелік  шарада  Елбасы 
«Батыр бабаларымыздың биік рухы, ерлік 
пен өнегеге толы жолдары халқымыздың 
ұлт  тарихына  деген  мақтанышын  оятты. 
Қазақ хандығы осыдан бес жарым ғасыр 
бұрын шаңырақ көтерсе, оған дейінгі сақ, 
үйсін  мемлекеттері,  түркі  қағанаттары 
өз  заманында  іргелі  ел  болды.  VIII 
ғасырда  алдау  мен  арбауға  түскен  түрік 
қағанаттары 
ыдырап, 
дербестігінен 
айырылды.  Осындай  тарихи  оқиғаларды 
жас ұрпақ ұмытпай, өткеннен сабақ алуы 
тиіс, – деді. Мұндай мазмұны терең жиын 
Қазақстанның әлемдік өркениеттегі орнын 
тағы бір айшықтайтын болады. Сонымен 
бірге, елдігімізді одан әрі нығайтады. 
Ел  экономикасын  дамыту,  әлемдік 
қаржы  дағдарысынан  қиналмай  өту 
жолында  нәтижелі  жұмыс  жасау  әрбір 
қазақстандықтың 
алдында 
үлкен 
жауапкершілік  жүктеп  отыр.  Ал  бүкіл 
әлем  халықтары  толық  мойындаған 
ауызбіршілік,  ел  ішіндегі  түсіністік  – 
бізді  қандай  қиындықтардан  да  алып 
өтетін ең басты байлығымыз. Сондықтан 
тәуелсіз  еліміздің  осы  құндылықтарын 
сақтай  отырып,  Елбасымыздың  сарабдал 
саясатын  жүзеге  асыру  жолында  аянбай 
еңбек ету – біздің азаматтық парызымыз. 
Қылышбай БисЕНОВ, 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің 
ректоры.
***
Бүгін  бойымызға  еселенген  күш-
қуат  сылайтын  атаулы  күн.  Елбасының 
бастамасымен  Қазақ  хандығының  550 
жылдығын,  ұлы  датаны  тойлаудамыз. 
Бұл жай дата емес, оның мәнісі тереңнен 
бастау  алатын  қазақ  халқының  тамыр-
тарихына  қайта  шолу  жасауда  жатыр. 
Ұлттың  тарихын,  Қазақ  хандығының 
мерекесін  жүрекке  орнықтыра  түсетін, 
асқан мақтанышқа толы ел қуанышын атап 
өтудеміз.  Мемлекет  басшысының  ұдайы 
назарында  болғандықтан  тарих  саласына 
қатысты соңғы 10 жылдықта заңнамалық 
база нығая түсті. Мәдениет ошағы болатын 
тарихи жәдігерлерді қастерлеу жөнінде де 
үнемі бастама көтеруінің өзіндік маңызы 
зор.  Ұлтты  ұйыстыра  түсетін,  бірлік  пен 
ынтымаққа  жол  сілтейтін  Елбасының 
«Мәңгілік  Ел»  идеясы  барысында  кемел 
де  келісті  келешектің  жарқын  күндері 
алыс  емес.  Сол  себепті,  біз  ұлт  болып 
осы идеяны жандандыру жолында аянбай 
қаланды деп толық айта аламыз. 
Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні, 
Елбасы баяндамасы Ұлы Дала тарихының 
академиялық 
бағыт-бағдары 
деп 
санаймын. 
Ерлан сЫДЫҚОВ, 
Л.Н. гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университетінің ректоры
Қазақстан тарихшылары ұлттық
 конгресінің төрағасы, ҰғА 
академигі. 
***
Бүгінгі  той  –  қатар да ғы  көп 
тойлардың  бірі  емес.  Ол  –  бүкіл  әлем 
жұрт шылығын  құлақ  түргізген  дүбірлі 
той.  Бұл  күн  –  біздің  аталарымыздың 
сан  ғасырғы  армандарының  жүзеге 
асып  жатқан  күні.  Елімізге  шексіз  еңбек 
сіңірген  ұлы  бабаларымыз  елінің  қамын, 
жерінің  тыныштығын  ойлап  аттан 
түспей  жүргенде,  550  жылдан  кейін 
ұрпақтары аттарын атап, еңбектерін елеп, 
есімдеріне алғыс айтатынын, осындай той 
тойлайтынын ойлады ма екен. Міне, бүгін 
ұрпағына  риза  болған  олардың  аруағы 
орнынан  аунап  түсіп  жатқан  шығар  деп 
санаймын. 
Тәуелсіздігін  алған  Қазақ  елі  еңсесін 
тік көтеріп, бүкіл дүниежүзіне жар салып, 
бабаларының 
еңбегін, 
батырлығын, 
елдігін,  ерлігін  бар  дауыспен  айтып, 
алғыстарын  жеткізіп  жатыр.  Қаншама 
айқас, шапқыншылық болса да, «мың өліп, 
мың  тіріле»  отырып,  Ұлы  Даламызды 
шашау шығармай, бүгінгі күнге жеткізген 
бабаларымызды  қалай  мақтасақ  та 
артық  емес.  Мен  бүгінгі  ұрпақтарымыз 
да  осы  бабаларымыз  сияқты  елін, 
жерін  сүйетін  патриот  болса  екен  деп 
тілеймін.  Елімізді  осындай  дәрежеге 
көтеріп, керемет алпауыт елдермен үзеңгі 
қағыстырып,  қатар  тұруға  жеткізген 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сияқты 
азаматтардан  ұрпақтарымыз  тәлім  алса 
екен деймін. 
Марфуға АйТхОжиНА, ақын, 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
***
ХV ғасырда құрылған Қазақ хандығы 
қазақ та рихында ерекше орын алады. ХІІІ-

18
ХІV ғасырларда қалыптасқан қазақ ұлты оған 
Қазақ  хандығы  деп  атын  берді.  Сондықтан 
бұл датаның біздің халқымыз үшін маңызы 
ерекше. Қазақ хандығының арқасында қазақ 
хал қының ой-ниетінде мемлекетшілдік сана 
пайда бола бастады. ХVІІІ ғасырдағы жоңғар 
шапқыншылығы  тұсында  біз  ұлт  ретінде 
жойылып  кетуіміз  мүмкін  еді.  Алайда, 
мемлекеттік  сананың  қалыптасқандығының 
арқасында  күш  біріктіре  алып,  шетелдік 
жауға тойтарыс бердік. 
Сонымен,  Қазақ  хандығы  деген 
сөзді  Қазақ  мемлекеті  деген  сөзден 
ажыратпау  керек,  екеуінің  мағынасы 
бір.  Қазақ  мемлекеттілігі  үшін  күрес 
барлық  ғасырларда  жүріп  жатты.  Исатай 
Таймановтың,  Жоламан  Тіленшиевтің, 
Кенесары  Қасымұлының  және  т.б. 
күрестері, Алаш қозғалысы – осының бәрі 
Қазақ мемлекеттілігі үшін күрес болатын. 
Тіпті,  кеңестік  идеологиянықабылдаған 
қазақ зиялылары да Қазақ мемлекеттілігі 
үшін күресті. Соның бәрі бүгінгі Тәуелсіз 
еліміздің  тарихына  ұласқаны  –  қазақ 
халқының  бақыты.  Сондықтан  бұл 
датаның маңызы өте ерекше. 
Мәмбет ҚОйгЕЛДІ, 
тарих ғылымдарының докторы
профессор. 
                                                  ***
Бұл  мерекенің  маңыз дылығы  барлық 
қазақ  үшін  ерекше.  Қазақ  хандығын 
құрған  тайпалардың  тарихы  сонау 
шошақ  бөрік  қыпшақтардан,  ғұндардан 
бастау алады. Содан бері қарай жарқ етіп 
Қазақ  хандығы  құрылған.  Әрине,  ішкі 
ынтымақтың берік болмағандығынан оны 
сыртқы дұшпандар көп рет жаулады. Енді, 
міне,  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
бастамасымен  Тәуелсіз  елімізді  қайта 
құрағаннан кейін жоғалған дүниелерімізді 
қайта  тауып,  үзілген  жерін  жалғап, 
тарихты  өз  қалпына  келтіру  үстіндеміз. 
Президенттің  осы  мәселені  көтергенін 
мен  өте  зор  данышпандық  деп  танимын. 
Осы  іс-шара  біздің  ұрпағымыздың  өз 
тарихын білуіне үлкен түрткі болады. 
Екіншіден,  Қазақ  хандығы  туралы 
білімін тереңдетеді. Үшіншіден, бұл біздің 
ұлтымыздың  рухын  кө тереді.  Ал  кейбір 
керауыз,  біздің  жетістіктерімізді  көре 
алмайтын  дұшпан да ры мыздың  аузына 
құм  құя ды.  Сондықтан  бұл  оқиғаның 
маңызы  өте  терең.  Қытайдағы  қазақ 
бауырлар  да  бұл  оқиғаға  қатты  қуанып 
жатыр. Қазір орталық радиодан берілетін 
қазақ  хабарлары  бұрын  8  сағат  қана 
болушы еді, қазір соны 18 сағатқа бір-ақ 
көтерді. Соның ішінде «Ұлағат» деген 29 
хабарды мен жүргізіп, қарапайым халыққа 
ұлтымыздың  тарихы  туралы  лекция 
оқыдым.  Қытай  мемлекетінің  қазақтарға 
жасап отырған осы қамқорлығын да Қазақ 
хандығының  550  жылдық  мерейтойы 
құрметіне жасап отырған қолдауы деп ұғу 
керек. Сөйтіп, ҚХР-да осындай әрекеттер 
жасалып жатыр. 
сұлтан жАНБОЛАТ, 
Қытай халық Республикасының 
азаматы, жазушы. 
***
Қазақ  халқы  жаңа  ғасырда  шынайы 
тәуел сіз дікке  қадам  басты.  Соның 
арқасында бұрын атын айтуға қаймығатын 
Қазақ  хандығының  550  жылдығын  бүгін 
тойлап жатырмыз. Мен оны өте маңызды 
шара деп білемін. Барлық Қазақстан халқы 
біртұтастықпен оны атап өтуде. Сонымен 
қатар,  бұл  той  еліміздегі  қазақтар  үшін 
ғана емес, шетелдерде жүрген 5 миллион 
қандасымызға  да  үлкен  мереке  болып 
отыр. 
Бүгінгі 
тойға 
алыс-жақын 
шетелдерден  ондаған  бауырларымыз 
келіп,  тойымызға  қатысуда.  Соның 
ішінде  Моңғолиядан,  Қытайдан,  Еуропа 
елдерінен көптеген ағайындарымыз келді. 
Сондықтан  Қазақ  хандығының  550  жыл-
дық  тойы  жалғыз  қа зақстандықтар  үшін 
ғана  емес,  бүкіл  әлемдегі  қазақтардың 
да  тойы  деп  есептейміз.  Бүгінгі  ғылыми 
конференцияда  қазақ  халқының,  Қазақ 
хандығының  тарихы  шетелде  жақсы 
жазылғаны  туралы  айтылды.  Сон-
дықтан  шетелдерде  жазылған  Қазақ 
хандығы  туралы  еңбектерді  бір  арнаға 
тоғыстырып, елімізде басып шығару керек 
деп  санаймын.  Таразда  болатын  тойға 
да  шетелдегі  бауырларымыздан  үлкен 
делегациялар келетін болады. 
сұлтанәлі БАЛғАБАЕВ, 
Дүниежүзі қазақтары 
қауымдастығы 
төрағасының орынбасары. 
***
Өз 
басым 
талай 
мерекелік 
қойылымдарды 
тамашалап 
едім, 
мына  шараға  өте  риза  болдым.  Негізі, 
театрландырылған  концерт  басынан 
аяғына  дейін  бес  жарым  ғасырлық 
тарихымызды  жүйелі  түрде  көрермен 
назарына  ұсынуы  –  бағдарламаны 
жасаушылардың  көрегендігі,  білгендігі 
деп түсінемін.  
Басталымның  өзі  Ұлы  Дала  келбетін 
ажарландыра  аша  түсіп,  онда  мекен 
еткен көшпенді жұрттың болмыс-бітімін, 
алып  бәйтерек  жанындағы  көпшіліктің 
табиғатпен  үйлескен  тыныс-тіршілігін 
заңғар  көкте  шарықтаған  алып  қыран 
бірден  өзіне  баурап,  бір  сәт  сонау  тарих 
қойнауына  сүңгітеді.  Келесі  көріністе 
Күлтегін жазбалары көрініс беріп, Жібек 

19
негізінде 
әлемнің 
түкпір-түкпірінен 
5  мыңнан  аса  құнды  тарихи  жазба 
материалдар  жинақталды,  118  тарихи 
жәдіргерлеріміз  қайта  жөндеуден  өтіп, 
600-ден  аса  төл  тарихымызға  қатысты 
зерттеулер жарық көрді. Міне, осылайша 
біз  тамыры  тереңде  жатқан  халық 
екенімізді көпке танытып жатырмыз. 
Шетелде 
жүрген 
Қазақстанның 
өкілдері  бірқатар  алдыңғы  қатарлы 
мемлекеттерде  –  Ресей,  Түркия,  АҚШ, 
Ұлыбритания, 
Нидерланд, 
Польша, 
Қытай,  Моңғолия,  Белоруссия  елдерінде 
Қазақ елін дәріптеу мақсатында 40-тан аса 
іс-шаралар ұйымдастырды. Ел тарихымен 
қанық болған әлемнің жетекші Еуроньюс, 
ЕуразияНэт,  АСЕАН  Таймс,  Нодо  ди 
Джордио, Станбул таймс және т.б. ақпарат 
құралдары  Қазақ  хандығына  арнайы 
мақала арнап, жарыса жазуда. 
Бұл  халықтың  ортақ  қазынасы  – 
тарихи-мәдени  мұрасын  жандандыруға 
септігін  тигізді.  Жас  ұрпақ  санасына 
рухани байлық қалдыру жолында жасалып 
жатқан шаралар Елбасының және барлық 
орта  буын  өкілдерінің  ортақ  парызы 
саналмақ. 
Қазақ  хандығының  550  жылдығы 
–  Қазақстан  жерінде  өмір  сүрген 
барлық 
халықтардың 
айнымас 
мыңжылдық  тарихы,  сондықтан  барша 
қазақстандықтар  Қазақ  хандығының  550 
жылдығын аса қуанышпен атап өтуде. Бұл 
–  Мәңгілік  Ел  тұрғысында  халық  жадын 
жаңғыртар оқиға.
әбілғазы ҚҰсАйЫНОВ
Қазақстан кәсіподақтары 
федерациясының төрағасы 
жолы бойымен өткен керуен тізбелері де 
тарих қойнауынан сыр шертеді екен. Одан 
бергі  қойылым  Шыңғыс  хан  дәуірінен, 
Алтын  Ордадан  мағлұмат  беріп,  хан 
сайлау, оны көкке көтеріп барып, үш алып 
–  Төле,  Қазыбек,  Әйтеке  билер  туралы 
Ұлы  Дала  ғұламалары  туралы  поэзия 
тілімен әңгіме өрбітуі өте үйлесім тапқан. 
Іле-шала  бергі  ғасырдағы  Сүйінбай, 
Абай,  Шоқан,  Құрманғазы  сияқты  алып 
тұлғалардың  шығармаларынан  үзіндінің 
орындалуы  қалың  көпшілікті  ерекше 
әсерге бөледі. 
Содан 
кейін 
Қазан 
төңкерісі, 
ашаршылық  пен  қуғын-сүргін  туралы 
тарихи  мағлұматтардың  бейнежазбалар 
арқылы  көрініс  табуын,  Ұлы  Отан 
соғысында  қаза  тапқан  Кеңес  Одағының 
Батырларының  тізімінің  жариялануын 
көпшілік  ерекше  тебіреніспен  қабыл 
алды.  Ал  тың  және  тыңайған  жерлерді 
игеру,  қасіретті  полигон,  «Байқоңыр» 
ғарыш  айлағы  туралы  үзік  сырлар  өз 
айтарын көрерменге нақты жеткізе білген. 
Содан  соңғы  тәуелсіздік  жылдарындағы 
ерен  жетістігіміз  бен  береке-бірлік 
сияқты  басты  байлығымызды  паш  еткен 
маңдайалды 
әртістеріміздің 
ерекше 
тебіреніспен  орындаған  әндері  қандай 
ғажап десеңші! 
Көрген 
көріністерді 
ерекше 
тебіреніспен 
айтып 
отырғаным 
– 
ақынжанды  менің  өзіме  өзгеше  әсер 
етіп,  халқымыздың  хандық  дәуірінің  550 
жылдығына  арналған  бұл  қойылымның 
келешек ұрпаққа берері көп деп шештім. 
Сондықтан,  мұндай  тәуір  дүниені  уақыт 
өте  жетілдіре  түсіп,  әркез  басқа  да 
мерекелер  кезінде  қайталап  ұсынудан 
ұтпасақ, ұтылмаймыз. 
Несіпбек АйТҰЛЫ, ақын, 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
***
Тарихты  білмей,  бола шақты  бол жау 
мүмкін  емес.  Тарих  –  халық тың  бүгіні 
мен  болашағын  айқын дайтын  бірден-
бір  ерекше  сала.  Сондықтан  мәні  де, 
маңызы  да  жоғары  Қазақ  хандығының 
550 жылдығы – бір күнде, бір аптада емес, 
жыл бойы тойланатын мемлекеттік мереке. 
Бұл  алқалы  жиын ның  ұлтқа  қызмет  етер 
ұлағатты шара ретінде маңызы зор.
  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің 
«Тарих  толқынында»  атты  кітабында 
«Қазақ хандығы – Орталық Азиядағы тұң-
ғыш ұлттық мемлекет. Егер біз мемлекет 
болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді 
ұзақ  уақытқа  меңзеп  құрғымыз  келсе, 
онда  халық  руханиятының  бастауларын 
түсінгеніміз  жөн»,–  деген  болатын.  Бұл 
Қазақ  хандығының  құрылуының  мән-
маңызын  ашып,  қазақ  жеріне  қатысты 
бүкіл  тарихты  зерделей  келе  жасалған 
тұжырым  екені  анық.  Осы  тұста  Қазақ 
хандығының  құрылуы  екі  бірдей  тарихи 
үдерістің  қорытындысы  екенін  айтуға 
тиіспіз. 
Біріншісі  –  бірнеше  мың  жылға 
созылған 
этногенезі 
нәтижесінде 
Ұлы  Даладағы  мемлекеттіліктің  да-
муы  Қазақ  хандығымен  ұлттық  сипат 
алды.  Екіншіден,  «қазақ»  деген  сөз  сол 
кезде  ұлттық  сипатқа  ие  болып,  ұлттық 
мемлекеттілігіміздің, 
ұлт 
ретіндегі 
рухымыздың  негізін  қалады.  Сөйтіп, 
еуразиялық  үлкен  аймақ та  мемлекет 
болып  қа лыптасып,  өркениетті  ел  болу 
деген ұлы арман даңғылына түсті. 
Кезінде  «Үш  жүздің  ханы»  атанған 
Абылай ханның: елімді бейбіт өмірге жет-
кізсем,  қала,  кент  салсам,  елдің  басын 
біріктірсем деген үш арманы болған екен. 
Бүгінгі күні халқымыздың ғасырлар бойғы 
асқақ арманы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаевтың 
бастауымен 
ақиқатқа 
айналды.  Бірлігі  жарасқан  еліміздің 
дамуы,  бейбіт  өмір  сүруіміз,  әсем  қала 
Астананы  салу  жолында  халқымызды 
Тұңғыш Президентіміз біріктірді. 
Қазақ  хандығының  550  жылдық 
мерейтойы  –  ұлттық  рухтың  жаңа  биігі. 
Биік  ұлттық  рух  –  Мәңгілік  Ел  негізі. 
Яғни,  мерейтой  Қазақ  елі  болашағының 
жарқын боларына сенімді нығайта түсуде. 
жүктеу 282.35 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет