Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



жүктеу 282.35 Kb.

бет3/33
Дата09.01.2017
өлшемі282.35 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

11
кей  жағдайда  өзін-өзі  кемсітуге  бейім  тұратыны  бар.  Бұл  арғы 
жағындағы  бодандықты  былай  қойғанда,  КСРО  заманындағы 
бодандық  табынан  шығар,  жасқаншақтық,  жалтақтықтың 
әлі  де  жойылмай  келе  жатқаны.  Әйтсе  де,  бір  қуанарлығы  сол 
бодандықты көрмеген жас ұрпақтың қаулап өсіп келе жатқаны. 
Болашақта  олар  ата-баба  тарихын  ұялмай  айтумен  қатар, 
өздеріне  тірек  ете  алады.  Ондай  бетбұрыс  кейінгі  толқынның 
бойынан  табылады.  Ондай  жалынды  жас тар  жаһандануға  да 
төтеп  береді.  Белсенділік,  ілгері  ұмтылыс,  талғам  молынан 
табылуы да сүйсінтеді. Жиырма жыл ішінде төрткүл дүниеден өз 
орнын алған мемлекет алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге қол 
жеткізеді  деген  үкілі  үмітімді  ашық  айтуды  парыз  санаймын», 
деді. 
«Назарбаев  Университеттің»  Гуманитарлық  және  әлеуметтік 
мектебінің Ұлыбританиядан шақырылған профессоры Александр 
Моррисон,  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  Қазақ  хандығын  тайға 
таңба басқандай жазып кеткен «Тарих-и-Рашиди» еңбегі туралы 
айтып, ондағы деректерден мысалдар келтірді. Мәселен, Әбілқайыр 
ханнан бөлінген Керей мен Жәнібек туралы ой тербеп, өзі дәріс 
үстінде  Қазақ  хандығы  туралы  еңбектерді  жиі  пайдаланатынын, 
әйтсе де, әлі де болса ізденістердің қажеттігін еске салып, Елбасы 
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Қазақ  хандығының  550  жылдығын 
атап  өту  жөніндегі  ұйғарымынан  кейін  көптеген  жұмыстардың 
атқарылғанын,  тың  деректердің  жариялана  бастағанын,  бұл  өзі 
секілді шетел ғалымдарының қазақ жұртын танып-білуге ерекше 
септігін тигізіп отырғанын тілге тиек етті. Әсіресе, көшпенділердің 
өмір сүру өнегесі өркениетті деген елдерден кемдігі жоқ екеніне 
соңғы кездері көзінің жеткенін де атады. 
Осыдан кейін шағын үзіліс болған соң конференция жұмысы 
секциялық  отырыстарда  жалғасты.  Тарих  ғылымдарының 
докторы,  Мемлекет  тарихы  институтының  директоры  Бүркітбай 
Аяған  мен  АҚШ-тың  Колумбия  университетінің  профессоры 
Рафис  Абаз  модераторлық  еткен  бірінші  секцияның  тақырыбы 
«Қазақ  хандығы  және  Н.Назарбаевтың  «Мәңгілік  Ел»  идеясы» 
деп аталды. Онда бірінші баяндаманы Ресей Ғылым академиясы 
Жалпытарих  институты  директорының  орынбасары  профессор 
Ирина  Коновалова  жасады.  Оның  баяндамасының  тақырыбы 
«Қазақ  хандығы  мен  Ресейдің  арасындағы  қарым-қатынастар» 
деп аталыпты. Ғалым көптеген тарихи құжаттарға сүйене отырып, 
екі  елдің  арасындағы  қатынастардың  ұзақ  жылдар  бойы  бейбіт 
болғанын  атап  өтті.  Сонымен  қатар,  мүдделер  қайшылығына 
байланысты  тарихтың  кейбір  кезеңдерінде  бұл  қатынастардың 
салқындаған  сәттері  де  болғанын  көлденең  тартты.  Қалай 
болғанымен,  осы  қатынастар  бүгінгі  Қазақстан  мен  Ресей 
арасындығы тығыз қатынастардың негізін салды, деді шешен. 
Секцияда екінші баяндама жасаған Қазақстан Республикасы 
Ұлттық  ғылым  академиясының  мүше-корреспонденті  Меруерт 
Әбусейітованың  тақырыбы  «Мәдени  мұра»  және  «Халық 
тарих  толқынында»  мемлекеттік  бағдарламаларының  Қазақ 
хандығын зерттеуге қосқан үлесі» деп аталыпты. Шешен аталған 
бағдарламалардың Қазақ хандығы тақырыбын ашудағы рөлі мен 
маңызы туралы тереңнен толғады. Осы бағдарламалар аясында 
жарық  көрген  еңбектер:  кітаптар  мен  мақалалар  жөнінде  де 
әңгіме қозғады.
«З.Тоғанның  еске  алулары  башқұрттардың  күнделікті 
өмірдегі құқының негізі» атты тақырыпта жасаған Ресей Ғылым 
академиясының  Уфадағы  ғылыми  орталығының  директоры 
Фирдауси Хисамединованың сөзін де ғалымдар үлкен ыждағатпен 
тыңдап, көптеген сұрақтар берді. Баяндамада қазақ пен башқұрт 
халықтарының  үй-ішілік  құқындағы  жақындықтары  барынша 
айқын көрінді. 
Ресей  Ғылым  академиясы  Дағыстан  ғылыми  орталығының 
жетекші  ғылыми  қызметкері,  тарих  ғылымдарының  докторы 
Даниял  Қыдырниязовтың  «ХVІ-ХІХ  ғасырлардағы  ноғай-қазақ 
қатынастарының  тарихы»  атты  баян дамасы  да  қызықты  және 
құнды  деректерімен  есте  қалды.  Жалпы,  секция  отырысында 
бұлардан да басқа оншақты 
баяндама 
тыңдалып, 
талқыланды, 
ғалымдар 
жасалған  баяндамалардың 
бәріне  қызу  араласып, 
белсенділік 
көрсетіп 
отырды. 
Л . Н . Г у м и л е в 
атындағы  Еуразия  ұлттық 
университетінің  ректоры, 
Қазақстан  Республикасы 
Ұлттық 
ғылым 
академиясының  академигі  Ерлан  Сыдықов  пен  Ш.Уәлиханов 
атындағы  Тарих  және  этнология  институтының  директоры 
Ұлттық  ғылым  академиясының  мүше-корреспонденті  Ханкелді 
Әбжанов  модераторлық  еткен  екінші  секцияның  тақырыбы: 
«Қазақ  хандығынан  Қазақстан  Республикасына  дейін:  белгісіз 
негіздер,  жаңа  тұжырымдар»  деп  аталыпты.  Мұнда  да  елімізге 
белгілі  ғалымдар  мен  шетелдік  қонақтар  оннан  артық  ғылыми 
баяндама  жасады.  Олардың  ішінде  Қазақстан  Ұлттық  ғылым 
академиясының  академиктері  Болат  Көмековтің,  Сейіт 
Қасқабасовтың,  Ғарифолла  Есімнің  және  т.б.  баяндамалары 
тыңдалды.  Мәселен,  С.Қасқабасовтың  «Бабалар  сөзі  –  ұлттық 
рухтың  негізі»  атты  баян дамасы  отырғандар  арасында  үлкен 
қызығушылық тудырды. Ал Ғ.Есімнің «Ұлы Дала құндылықтары 
және  ақыл-ой  азаттығы»  деген  тақырыптағы  қазақ 
философиясының  тақырыбын  қозғаған  баяндамасы  шетелден 
келген қонақтар үшін өте қызықты болғаны көрініп тұрды. 
Тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  Зиябек 
Қабылдиновтің  «Ұлы  Дала  тұрғындарының  әскери  өнері  мен 
жауынгерлік  дәстүрлері»  тақырыбында  жасаған  баяндамасы 
да  ұзақ  талқыланған  еңбектердің  бірі  болды.  Осы  секцияда 
Өзбекстан  ғалымы,  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор 
Виктор  Шулико  «Ұлы  Дала  жауынгерлерінің  соғыс  кезіндегі 
ерліктері» деген тақырыпта баяндама жасады. 
Конференцияның  үшінші  секция сы  Жоғарғы  Соттың 
ғимаратында  Жоғарғы  Сот  Төрағасы  Қайрат  Мәмидің 
модераторлық етуімен өтті. Мұнда Ресей ғылым академиясы Тарих 
институтының  бас  ғылыми  қызметкері,  тарих  ғылымдарының 
докторы  Найля  Бекмаханова,  Рим  университетінің  профессоры 
Фабио  Грасси  және  т.б.  белгілі  ғалымдар  мен  судьялар 
баяндамалар жасады. Секцияның тақырыбы: «Қазақ құқығы мен 
билер сотының әлемдік өркениеттегі орны» деп аталыпты. 
Төртінші  секция  «Назарбаев  Университеттің»  президенті 
Шигео Катсудың модераторлық етуімен «Қазіргі Қазақстанның 
бүгінгі  әлемдегі  орны»  деген  тақырыпта  өтті.  Мұндағы 
баяндамалар  тарихтан  гөрі  әлемнің  бүгінгі  күнгі  саясаты  мен 
экономикасына арналды. Мәселен, Білім және ғылым министрі 
Аслан  Сәрінжіпов  «Адам  капиталының  дамуы»,  Қазақстан 
халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов 
«Ішкі саясат» деген сияқты тақырыптарда баяндама жасады. 
Секция жұмыстарында ғалымдар мен сарапшылар өздерінің 
неше түрлі ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, 
өздерін толғандыратын мәселелерге байланысты жауаптар алды. 
Сонымен,  Қазақ  хандығының  550  жылдығына  арналған 
«Мәңгілік  Ел»  атты  халықаралық  ғылыми-практикалық 
конференция  өз  жұмысын  аяқтады.  Конференция  қарарында 
қатысушылар  барлық  Қазақстан  азаматтарына  мемлекеттің 
тәуелсіздігіне  сенімді  тірек  болған,  халықтың  қайнар  көзіне 
айналған  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясының  терең 
мағынасын түсінуі қажет деп үндеу жасады.
Сүлеймен МӘМЕТ, Жақсыбай САМРАТ
Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ

12
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Барыс» мұз айдыны сарайында 
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған 
мерекелік  қойылымды  тамашалады.  Іс-шараға,  сондай-ақ, 
Түркітілдес  мемлекеттер  ынтымақтастығы  кеңесі  бесінші 
саммитіне  келген  Әзербайжан  Президенті  И.Әлиев,  Қырғыз 
Республикасының Президенті А.Атамбаев, Түркия Ұлы ұлттық 
жиналысының  спикері  И.Йылмаз,  Түркітілдес  мемлекеттер 
ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы Р.Гасанов қатысты. 
«Қазақстанның  тәуелсіздігі  деген  –  өте  қасиетті  ұғым. 
Бабалардың  аңсағаны  біздің  буынның  бақытына  келді.  Оны 
сақтау – бәріміздің парызымыз. Керей мен Жәнібек 1465 жылы 
алғашқы  хандықты  құрды,  қазақтың  мемлекеттілігінің  тарихы 
сол кезден бастау алады» деген Елбасының «Тарих толқынында» 
атты  кітабы  –  театрландырылған  мерекелік  шараның  негізгі 
арқауына айналды. 
«Барыс»  мұз  айдыны  сарайында  ине  шаншар  жер  жоқ,  иін 
тірескен  халықтың  бар  зейіні  театрландырылған  көрініс  өтетін 
орталық  алаңға  ауған.  Тәубе,  хандығымыздың  550  жылдығын 
тойлаудамыз,  елдігімізді  ертеңге  апарар  ұрпағымыздың 
санасы  азат,  тәуелсіздік  таңы  буырқандырып  қанды  ойнатқан 
рухымыз  биік,  осының  бәріне  мың  шүкір  деген  аға  буынның 
да, бойларындағы жастық қуаттарын бүгінгі тойдан алған әсер 
ерекше тасытып түлеткен жастардың да жүздері жарқын, алдағы 
қойылымнан  әлдебір  жан  тебірентер  тағылым  мен  тарихтың 
қатпарларын  көз  алдыңа  әкелетін  қойылым  күтіп  алабұртқан, 
әлдилі сезім билеген сәтті сағат. 
Алдын  ала  берілген  баспасөз  парағынан  ұққанымыз  – 
мерекелік  қойылым  Қазақ  елінің  үш  мың  жылдық  тарихы  мен 
қазіргі заманауи келбетін тарау-тарау арқылы сахналауды мақсат 
тұтып, әрбір тарауда еліміздің халық болып дамыған, ұлт болып 
қалыптасқан тарихи кезеңдері ән-күй, жыр-терме, хореография, 
хор секілді әртүрлі жанрлар арқылы қамтылуы тиіс. Күткен сәт 
те келіп жетті. 
Аспан  мен  жер  арасындағы  Ұлы  Дала  тарихы.  Көне  саз. 
Ырғатыла иіле, сәмбі талдай майыса, көлге біткен балқұрақтай, 
өртеңге  шыққан  өлеңдей  зипа  бойларынан  пәктік  пен  сұлулық 
төгілген  арулар  көнеден  жеткен  күмбірге  нәзік  қимылмен 
үн  қосқан.  Халықаралық  байқаулардың  лауреаттары  Риза 
Қанатқызы мен Фархад Буриевтің және Қазақстан театрларының 
балет  труппалары  сайын  даланың  кеңдігі  мен  өрлігін,  бұла 
қайраттың  тасыған  күшін  көрсетіп,  маң  даланы  қорғап  қалған 
бабалардың қанын тамырларында ойнатып, бұлқына шыққанда 
би рухты аспандатып жіберген еді. 
Халықтық  болмыс-бітім,  табиғатпен  үйлескен  тыныс-
тіршілік, аспанға қол созған Өмір ағашы – алып бәйтерек, түпсіз 
көк  аспанды  қанатымен  көмкерген  алып  қыран,  көсіле  жатып 
керіліп,  құшағына  кіргендерді  мейірімімен  қойнына  басып 
жылытқан  Жер-Ананың  бір  пұшпағы–  Қазақ  даласындағы 
өмір, тыныс би тілімен өріліп, көне күмбірмен көрерменге сыр 
саудырған.  Оған  Жұбан  Молдағалиевтің  «Қыран  дала»  жырын 
оқыған  Асанәлі  Әшімовтің  дауысы  қосылып,  композитор 
Дженкинсонның  халықтық  көне  әуендер  мен  халық  әндерінің 
негізінде  жазған  «Туған  жер»  хореографиялық  композициясы 
шерткен сыр үйлесім үлгісін паш еткен. 
Енді бір сәт, айбынды сақ, сармат, ғұндардың салтанаты сарай 
ішін кернеді. Әлемдік өркениетке олжа әкелген көне мәдениет бұл 
жолы композитор Төлеген Мұхамеджанов пен Хамит Шанғалиевтің 
«Сақтар» атты сазымен көмкерілген театрландырылған көрініспен 
өрнектелді.  Пазырық,  Берел,  Қарғалы,  Есік  Едірей,  Бесшатыр, 
Тасмола,  Үйғарақтан  табылған  өркениет  іздері,  металл  өңдеудің 
шыңына  жетіп,  әсемдіктің  шегіне  жеткен  зергерлік  бұйымдар 
жасаған  бабалар  тағылымының  сахналануы  Алтын  адамның 
алаңға  келуімен  жарқырағанда  жиналған  жұрттың  кеуделерін 
мақтаныш  кернегені  рас.  Осы  сезім  сөнуіне  мұрша  берместен 
сахнаға  елді  сыртқы  жауға  қарсы  ұйымдасқан  күреске,  ежелгі 
ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеген Күлтегін 
(Жәнібек  Иманқұлов)  шыққан  айбарлы.  Би  тілімен  айбынды 
бабаны  сомдаған  Жәнібектің  қимылынан  түркілердің  қайсар 
рухы  өріліп,  ол  бүгінгі  заманғы  жауынгерлердің  үнімен  үндесе 
шалқығанда, Түрік қағанаты мен бүгінгі Қазақ елі арасында жібек 
желі тартылғандай әсер бергені рас. 
Әртіс Бақыт Хаджибаев Мағжан ақынның «Отты күннен ғұн 
туған» жырын оқыған сәтте өрлік рухы, өлмес ерлік рухы сіздің 
де жаныңызға қуат, жүрегіңізге айбар ұялатады екен. Сарайшық, 
Түркістан,  Сығанақ,  Тараз,  Отырар,  Сауран  сынды  Ұлы  Жібек 
жолының  жауһар  қалаларының  мәдениеті  «Көш  керуеннің» 
сылдырына  сыңғыр  қосып,  сахнада  қызған  сауда  көріністері 
әуенмен өріліп, Ұлы Дала ізгілік пен ілімнің ордасына айналып, 
ғұламаларды  тудырған  орта  ғасырлардағы  біздің  қалалар  көз 
алдыңызға келеді. Тарих баба өнер тілімен тіл қатып, ұрпақтарын 
ұлағатқа, бірлік пен ынтымаққа, ымыра мен татулыққа шақырып 
тұр дерсің. 
Сахналандырылған  қойылымның  үшінші  тарауы  хандық 
дәуірге  құрылыпты.  Алтын  Орда,  Көк  Орда,  Ақ  Орда  тарихы 
сөйлеп,  әртістердің  қимылы  мен  киімдері  сол  кезеңдерді  көз 
алдыңызға әкелгендей. Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен 
Жәнібек хандар (әртістер – Қуандық Қыстақбаев, Әділ Ахметов) 
бастауымен  Шу  бойына  қоныс  тепкен  Қазақ  ордасының  сыры 
Доспамбет жырау ізімен толғауын Қазыбек Адыкей қылқобызға 
қосылып  аңыратқанда,  жүректерді  дір  еткізді.  200  театр,  цирк 
әртістерінің  көмегімен  ұлтымызға  тән  ақ  киізге  отырғызып 
«Хан  көтеру»  көрінісі  сахналанғанда,  толқымаған  жан  сирек. 
Атқа  мініп,  айбынданып  сахнаға  кіріп,  киізге  отырғызып  хан 
көтергенде,  Тұран  даласындағы  жұртына  адал  болуға  Керей 
хан ант бергенде қиял шарықтап, бәлкім, біздің бабамыз да сол 
рәсімге қатысқан болар, сонда қандай сезімді бастан кешті екен 
деп те кеткендейсің. 
Ұлт қалай ұйысады? Аузы дуалы, сөзі уәлі, ұлағаты мәуелі 
ұлы  абыздары  болмаса.  Сахнадан  келешекке  үн  қатқан  дала 
ғұламалары  –  қазақтың  үш  биі  Төле  (Бауыржан  Қаптағай), 
ӨНЕРМЕН ӨРІЛгЕН ТАРих

13
Қазыбек (Айдос Бектеміров), Әйтеке (Саят Мерекенов) билердің 
өршіл, асқақ дауыстары қайраттана шыққан. 
Ендігі  тарау  «Дала  ренессансы»  деп  аталып,  ол  Сүйінбай 
Аронұлының  «Қарасай  батыр»  дастанынан  үзінді  Қазақстан 
Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ақан Әбдуәли және 
«Көк түріктер» этно-фольклорлық тобы орындауында көпшілікке 
ұсынылды.  Кино  және  театр  актері  Ержан  Нұрымбетов  Федор 
Достоевскийдің  Шоқан  Уәлихановқа  жазған  хатын  оқып, 
халықаралық байқау лауреаттары Медет Шотабаев, «Royal» тобы 
және «Астана Опера» МОБТ хоры Абайдың өлмес әні – «Желсіз 
түнде жарық айды» әуелетті. 
Сахнада – өткен ғасыр. Бірінші эпизодта 1917 жылғы төңкеріс 
көрінісін  тапса,  екіншісінде  жүректерді  қан  жылатқан  нәубет–
ашаршылық пен репрессия бейнеленеді. Бірінші көріністе 1917 
жылғы  Қазан  төңкерісі  сахнадағы  қызыл  кірпіштен  жасалған 
қабырғадағы  бейнесуреттер  арқылы  жеткізіледі.  Ал  1932 
жылғы ашаршылық пен репрессия туралы тарихи мағлұматтар 
бейнематериалдар  мен  хроникалар  арқылы  көрініс  табады. 
Ауыр тағдырлар, қыл көпірден өтердей қиямет азап. Алғашқысы 
бойынша композитор Сыдық Мұхамеджановтың «Ғасырлар үні» 
«Астана Опера» МОБТ хоры орындауымен көркемделсе, зұлмат 
жылдар Қуат Шілдебаевтың, Ибрагим Исаевтың сөзіне жазылған 
«Отан Ана» (кантата) Қазақ ұлттық өнер университетінің балалар 
хорының,  ал  Сыдық  Мұхамеджановтың  «Шаттық  Отаны» 
«Астана Опера» МОБТ хорының орындауында шырқалып, өршіл 
әуен рухы «Барыс» түндігін көкке қарай серпілтіп тастады. 
Сахнадан  1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысы 
тұсындағы  ерлік  шежіресіне  орын  берілгенде  Сейдолла 
Бәйтерековтің  Бәкір  Тәжібаевтың  сөзіне  жазылған  «Әлия» 
әні  халықаралық  байқаулар  лауреаттары  Жанар  Дұғалова, 
Айна  Қалмағамбетова,  Жәнел  Болат  орындауында  шырқалды. 
Артынан 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан 
Кеңес Одағының Батырлары – қазақтардың тізімін жазу арқылы
сол сұрапыл жылдардан хабардар етті. 
Театрландырылған көріністер толастар емес. Соғыстан кейінгі 
жандану. Тың игеру, бірімен бірі астасып, жалғасып жатқан тарих. 
Евгений Родыгиннің көпке әбден таныс «Едут новоселы» әніне 
жасалған вокалдық-хореографиялық композиясын халықаралық 
байқаулардың лауреаттары 
Төлеген 
Рақымбаев, 
Андрей Трегубенко, Игорь 
Благодарный, 
Евгений 
Чайников  орындап,  көпті 
желпіндіріп 
тастаған 
сәттен 
соң 
экраннан 
«Байқоңыр» ғарыш айлағы 
көрініс  тапты.  Олжас 
Сүлейменовтің  «Адамға 
табын,  Жер  енді»  жыры 
кадр  сыртынан  оқылып, 
Георгий 
Свиридовтың 
«Время,  вперед»  музыкасына  композицияны  Алматы 
қаласындағы Қазақ мемлекеттік цирк әртістері орындады. 
Жылдар  бойына  қазақ  даласына  уын  төккен  Семей 
ядролық полигонының жабылуы тарихтан тыс қала ма?! Ахмет 
Жұбановтың  «Ақ  көгершін»  шығармасы  Қазақ  ұлттық  өнер 
университетінің балалар хоры орындауында беріліп, полигоннан 
төгілген  заһардың  уы  бейбітшілікті  ұлықтаған  балалар  үнімен, 
келешектің  даусымен  келмеске  кеткенін  дәлелдеді.  Концертті 
тамашалаған  адамның  зердесіне  бір  сәт  тыншу  жоқ,  бірде 
ойланып, бірде қуарып, бірде қуанып, сан түрлі сезімге бөленген 
толқулы минөттер. 
Қуаныштың  тасыған,  көңілдің  шаттығының  шалқуының 
нағыз  ойнар  шағы  тәуелсіздік  таңы  атқан  кез.  Елбасы 
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  сөзіне  жазылған  «Жерім  менің»  әнін 
Қазақстанның  еңбек  сіңірген  әртісі  Майра  Мұхамедқызы, 
халықаралық  байқаулардың  лауреаттары  Мейір  Байнешов, 
Йоанис  Кайсиди  шырқата  салды.  Осы  бір  мезетте  күтпеген 
жерден 500 домбырашы күй дүбірін жасап 
жіберді.  Бірыңғай  ақ  түсті  киім  киіп, 
шарт  жүгініп  отыра  қалып,  домбыраның 
үнін  күмбірлеткен  жігіттерге  ел  дән 
риза. Әнмен өрілген шаттықтың жалғасы 
Астанада  өрілетіні  аян  ғой.  «Бәйтерек» 
лазерлік шоуы көрсетіліп, «Елімнің жүрегі 
– Астана» әнін Лаура Оганесян, Жанерке 
Хасенова,  Ахмет  Сұлтан,  «VoiceKZ» 
тобы, Астана қаласындағы жетекші ЖОО 
студенттерінің  орындауында  көпшілік 
таразысына  салды.  Ән  салтанаты, 
әсем  қаланың  ару  бейнесі  жастардың 
сұлулығымен бірге қанат қағып жатты. 
Келесі  кезекте  Жеңімпаздар  шеруі 
алға  шығып,  құрметті  қарауыл  ротасы 
мен  «Жас  Ұлан»  әскери  мектебінің 
курсанттарынан құралған құрама оркестр 
өз өнерлерін ортаға салды. Қазақстанның 
мәдениеті  мен  өнері  майталмандарының 
үлкен  шоғыры  шыққан  «Тәуелсіздік» 
тарауының келесі эпизоды сахнаға айтулы 
өнер шеберлерімен қауышумен халықтың 
қөзайымына  айналған.  Қазақстанның 
Еңбек 
Ері 
Айман 
Мұсақожаева, 
Қазақстанның  халық  әртісі  Жәния 
Әубәкірова,  Қазақстанның  халық  әртісі 
Гауһар Мырзабекова, Қазақстанның халық 
әртісі Нұржамал Үсенбаева, халықаралық 
байқаулардың 
лауреаттары 
Нүрия 
Кәрімбаева,  Еркебұлан  Сапарбаев,  Дияр 
Қасенов,  Рахат  би  Абдысагин,  Салтанат 
Ахметова,  Жәмила  Жарқымбаева,  Ольга 
Лукашева,  Мәдина  Исламова  ҚазҰӨУ  виолончелистер  мен 
скрипкашылар  ансамблі  шыққанда  «браво,  браво»  деген  үндер 
тұс-тұстан  естілді.  Өнер  бағасы  халықтың  аузынан  алғыс 
болып төгіліп, өнер шеберлерінің оларға деген ізет-құрметімен 
жалғасып, жарасымын тапты.
«Барыс» алаңында «Назарбаев Университеттің» және Астана 
қаласындағы жетекші ЖОО студенттері орындаған «Жастар алға» 
шығармасына  жалғасқан  Қазақстанның  достық  бесігі  екендігін 

14
бейнелейтін  «Түркі  әлемі»  музыкалық-
хореографиялық  композициясын  «Көк 
түріктер»  ансамблі  орындаса,  Мұқан 
Төлебаевтың  «Мереке  биі»  музыкалық-
хореографиялық 
композициясын 
Қазақстанның  би  ұжымдары  орындап, 
сахна  төрі  жайлау  төсіндей  түрлі  түске 
боянып, жарқырап кетті. 
Театрландырылған 
қойылымның 
соңғы  тарауы  «Мәңгілік  Ел»  аталыпты. 
Қаныңды 
қыздыратын, 
жаныңды 
жадырататын  ең  тәтті  мұрат,  ең  бір 
арманды  мақсат  –  осы  Мәңгілік  Елдің 
мәңгілік  мұраты.  «Қазақ  елі  осындай» 
вокалдық-хореографиялық  шоу  ортаға 
шыққанда  танымал  әртістер  –  Алмас 
Кішкенбаев, Димаш Құдайберген, Рүстем, 
Мирас, 
Мұхамедәлі 
Жүгінісовтер, 
«Кешью»  және  «Ай-Ару»  топтары  мен 
барлық  қатысушылар  алаңды  толтырған 
концерттің  шешуші  сәті  де  келіп  жетті. 
Күндікте  бір  деммен  барлық  тарихтың 
көшін көз алдынан өткізген көрермен тегіс 
орнынан  тұрған.  Толқулы  сәт,  қуанышты 
сәт.  Мемлекеттік  әнұран  орындалды, 
көрермен әлі қолын соғуда. 
Жалпы  саны  2500-ден  астам  адам 
қатысқан  концертке  «Наз»,  «Салтанат», 
«Туған  жер»,  «Рухсара»,  «Жорға», 
«Шалқыма»,  «Алтынай»,  «Аққу»,  «Көк 
түріктер»,  «Ақжайық»  би  ансамбльдері, 
Астана және Алматы қалаларының опера 
және  балет  театрлары  мен  М.Әуезов 
атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық 
драма  театры,  Қ.Қуанышбаев  атындағы 
Қазақ 
мемлекеттік 
музыкалық-
драма  театры,  Құрманғазы  атындағы 
Қазақ  мемлекеттік  ұлттық  аспаптар 
академиялық  оркестрі,  Қ.Қожамияров 
атындағы  Республикалық  мемлекеттік 
ұйғыр  музыкалық  комедия  театры, 
Республикалық 
мемлекеттік 
корей 
музыкалық  комедия  театры,  М.Горький 
атындағы  мемлекеттік  академиялық 
орыс  драма  театрларының  әртістері, 
Құрманғазы  атындағы  Қазақ  ұлттық 
консерваториясы,  Т.Жүргенов  атындағы 
Қазақ  ұлттық  өнер  академиясы,  Қазақ 
ұлттық  өнер  университеті,  Алматыдағы 
Қазақ 
мемлекеттік 
циркі, 
Астана 
қаласындағы 
қуыршақтар 
театры, 
Астана  қаласындағы  «Жастар»  театры, 
Ж.Елебеков  атындағы  Республикалық 
эстрада-цирк  колледжі,  П.Чайковский 
атындағы  Алматы  музыкалық  колледжі, 
К.Байсейітова 
атындағы 
дарынды 
балаларға 
арналған 
Республикалық 
мамандандырылған  музыкалық 
орта 
мектеп-интернаты, 
А.Жұбанов  атындағы  Респуб-
ликалық 
музыка 
мектебі, 
М.Жұмағалиев 
атындағы 
этностық сән театры қатысты. 
Қорыта айтқанда, қойылымда 
қазіргі 
заманғы 
Қазақстан 
аумағында үш мың жыл бойында 
өткен 
айшықты 
оқиғалар 
бейнелеп 
көрсетілді. 
Қазақ 
хандығының  300  жылдық  даму 
кезеңі  салтанаттың  ең  жарқын 
тұсына, ал тәуелсіз Қазақстанның 
қалыптасу  кезеңі  қойылымның 
шарықтау шегіне айналды. 
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, 
Суреттерді түсіргендер 
С.БОНДАРЕНКО, 
Б.ОТАРБАЕВ

15
ЕРТЕҢгЕ ДЕгЕН НЫҚ сЕНІМ
Тарихи оқиға туралы терең толғанысқа 
толы  Елбасы  сөзі  бәрімізді  де  толқытты. 
Нұрсұлтан Әбішұлы ұлттық тарихымызды 
көктей  шола  өтіп,  ұлы  тұлғаларымызға 
лайықты  бағаларын  берді,  олардың 
асыл  аманатын  ақтау  бүгінгі,  болашақ 
буындардың биік мұраты екенін айшықты 
айтты.  Президенттің  ел  тарихының 
бастау-бұлақтары  әріде  жатқанын  атап 
көрсетуінің мәні үлкен. 
Иә,  біз  ежелден  Еуразияны  ен 
жайлап  келе  жатқан  халықпыз.  Құрлық 
өміріндегі 
түбегейлі 
өзгерістерден 
соң,  мемлекеттігіміз  де  сан  өзгеріп, 
сан  құбылды.  Бағзы  Ғұн  елдерінің  де 
құрамында болдық. Тарихтың алдымызға 
тартқан 
ащылы-тұщылы 
сыбағасын 
молынан  таттық.  Жеңіп  те,  жеңіліп  те 
көрдік.  Тауқымет  пен  тақсіреттерді  де 
тарттық. 
Алтын  Орда  ыдырағанда  өз  алдымызға 
ту  көтердік.  Бұрынғы  Дешті  Қыпшақ, 
кейінгі  Жошы  ұлысы  мекендеген  далалық 
аймақта  осыдан  550  жыл  бұрын  тәуелсіз 
Қазақ  хандығын  құрдық.  Халық  қалаған 
Керей мен Жәнібек хан көтеріліп, ел биледі. 
Қасым  мен  Ақназар  тұсында  Алтай  мен 
Еділдің арасындағы ұлан-ғайыр жерді алып, 
ырзық-несібеге  кенелдік.  Тобыл  бойларын 
жайлап, Мырзашөл бұйраттарын қыстадық. 
Асан Қайғы болып, желмая мініп жер кездік. 
Қазіргі ата-қонысымызды негізінен сол кезде 
басыбайлы еттік. 
Соңғы  ғасырларда  жез  шайнап, 
мыс  түкірген  жержүзілік  империа-
лизм  теперішін  біз  де  бір  кісідей  көрдік. 
Зіркілдеген зеңбірек семсерін сермелеген 
талай  сабаздың  қаралай  мысын  құртты. 
Бүгежектеп  бұқпадық,  еңсемізді  жық-
падық. Біз ол зобалаңды да жұртпен бірге 
көріп алдық. 
Тәуелсіз  даму  жолына  тым  беріде 
түстік.  Ширек  ғасырдай  қысқа  кезеңде 
тым биікке самғадық. 
Прогресс  үшін  адамзат  біздің  тарихи 
таңдауымызды бірден мақұлдады.
Ғылыми-техникалық 
прогресс, 
экономикалық  өрлеу,  әлеуметтік  ке-
мелдену,  демократия  жолымен  жеткен 
жетістіктерімізге бүгінгі дүние түгел куә. 
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық. 
Еуропадағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақ 
ұйымына  төрағалық  еттік.  Дүниежүзілік 
сауда  ұйымына  кірдік.  Халықаралық 
ЭКСПО-2017  көрмесіне  әзірленудеміз. 
Ядролық қырып-жойғыш қарудан әлемде 
бас тартқан әзірге жалғыз мемлекетпіз. 
Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. 
Әлемдегі  7  мыңнан  астам  халықтың 
тек  200-дейі  ғана  өз  мемлекеттігіне  ие 
бола алып отыр. Көпшілік үшін әлі алыс 
арман. 
Біреуді  көріп  пікір  ет,  біреуді 
көріп  шүкір  ет  деген  осы.  Құдайға 
шүкір,  Қазақстанның  алдындағы  мол 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал