Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



жүктеу 282.35 Kb.

бет29/33
Дата09.01.2017
өлшемі282.35 Kb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

110
Ли  қожаңның  жатар  орынын  ұғысып,  одан  кiлт  сұрап 
алдық та, ағарту  бөлiм кеңсесiне барып жаттық. Екiншi күннiң 
сәскелiгiне  iлiнгенде  бiз  отырған  бөлмеге  мөлдiреген  екi  қыз 
кiрiп  келдi.  Бүрмелi  етек,  ақ  шифон  көйлек  киiп,  бұрымдарын 
қошқар  мүйiздей  түйiп  тастаған.  Сән  салтанатты  екенi,  немесе 
кiрпияздығы  екенi  белгiсiз  гүлдi  қол  жаулықтарын  биязданып 
бiлезiк орнына таңып алып.
- Ағарту кеңсесi деп жүргендерi осы ма?!
- Басқарушысы қайда екен мұның?
-  Ли  қожан  дегендерi  кiм?  -  дейдi  өздерiнен  сұрағандай 
бейтарап   әуезбен. Тамға асылған шашақты ту, қызыл ала мақтау 
қағаздарға  үңiлiп:  Үрiмжi  ауданы  дегенiмiз  осы  де!  –  деп  шаң 
тозаңнан  үрккендей  жалт  берiп  мәз-мереке  күлiсiп  қояды.  Кiсi 
бар екен-ау, жөн сұрасайық дейтiн емес, иен үйде жүргендей. Тар 
бөлменiң босағасындағы орындықта отырған  Мұқатай екеумiздi 
етектерiмен қаға, түре өтiп кеткен болатын, ендi әлгi  мәз-мейрам 
күлкiден соң мұрындарын басып далаға шығып кеттi. Бөлме  iшiн 
толтырған әтiр иісi сейiлiп бүксiген қапырық ауа қайта қалпына 
келдi.
- Бұлар кiм өзi? - дедiм мен наумез үнмен.
Құралай көз, құлаң шаш,
Алма мойын қиғашқас.
Сүйген  сәулем  сенсiң  Қарлығаш!  -  деп  Мұқатай  ыңырсып 
отыр. Маған екi қыздың астамдығы ұнаған жоқ.
- Үрiмжi ауданы дегенi осы де! - деп дүйiм ауданды, кеңседе 
отырған  бiздi  келеке  еткендей  сыңғырласуы  намысымды 
шапалақтап қиялдана түсемiн.
-  Әлгi  қарлығаштарың  қайда  кеттi?  -  дедiм  бiр  қауым 
үнсiздiктен кейiн   Мұқатайаға мойнымды бұрып. Ол әлде нендей 
ой кешiп, күйзелiп отыр едi,  менiң бетiме аңыра қарады да.
-  Е-ит  бiле ме! Өздерi перi  ме, перiште ме!? -  деп  беталды 
сандырақтады. 
Сырттан  бiреулердiң  даңғыр-дүңғыр  сөйлеген  дауысы, 
тапырлаған    аяқ  дыбысы  естiлдi.  Есiк  ашық  тұрған,  Мұқатай 
екеумiз аулаға қарадық. Қара барқыт сым-шапан киiп, бума-бума 
кітап қолтықтаған ұзынтұра екi  кiсi самайларынан моншақтаған 
терлерiн сүртпестен бiз отырған бөлмеге кiрiп келдi. 
-  Хал  қалай,  азаматтар?  Кеңсе  кадрларынан  жан  пенде 
болмаған ғой, сірә! Не ғып шыжып кеттi құрығанның қу күнi! - 
деп  қолтығындағы    бумаларды  үстел  үстiне  тастап,  мойынын, 
кеудесiн  орамал  шытымен  ысқылап  сүртiп  жатыр.  Жұқалтаң 
өңдi аққұба жiгiт сүртiнген сайын   ысылдап, көзiнiң құйрығын 
үшбұрыштап бiзге күлiмсiрей қарайды. Түсi  жылы, мiнезi кәдiмгi 
қазақ  азаматынан  гөрi,  шығарма  кейiпкерiне,  әсiресе  Гоголь 
кейiпкерлерiне көбiрек ұқсайды. «Ел жатса да, енекем жатпайды 
дегендей иен үйде екеуiң ғана шоқайып қалыпсыңдар ғой, жайша 
ма?! - дейдi салқындай бастағанына сүйiне аузын шүршитiп.
-  Жайша  емес!  -  дедiм  мен  бiр  сөздi  екi  бөлiп:  -  институт 
тауысқан  оқушылар  едiк,  Гангу  орта  мектебiне  қалай 
барарымызды бiлмей, дағдарып  отырмыз.
- Оһо, жолы болар жiгiттiң жеңгесi алдынан шығады деген, 
жаңа  саптастарымыз  сiздер  екенсiздер  ғой!  Мына  кiсiнiң  аты 
- Абай, менiң атым  Кукен. Оқулық алу үшiн Гангуден арнайы 
келгенбiз - дедi  қалың қара қасты, қара жiгiт Кукен. Сөйлеген 
сайын  өз  сөзiне  өзi  мәз  болып,  басын      қисаңдата,  маңайына 
ыржиып қарап қоятын әбес қылығы да бар екен.
- Мақал-мәтел қолданып салиқалы пiкiр толғау неңдi алған, 
Кукен. Алдыдан шыққан жеңге сен болмасаң, мен емеспiн. Бұл 
екi соқталдай азаматтың жеңгелік қисыны тiптi келмейдi. Одан 
да жаңа  таныстарымыздың аты жөнiн ұғайықшы, жарықтығым! 
- дедi Кукендi  жаратпағандай болған аққұба азамат Абай.
Мұқатай екеумiздiң есiм-фамилиямызды, оқыған кәсiбiмiздi  
таныстырды. 
-  А,  Ғалым  Қанапияұлы  сен  болсаң  қарсы    аламыз,  қарсы 
аламыз! - дедi Абай қуана орнынан тұрып. Көңiл күйiнде шұғыл 
өзгерiс  болған  кезде  әлгiбiр  жасанды,  кербездiк  ұшты-күйлi  
жоғалып, бар еңсесiмен құлайтын, ақ  көңiлi қопарыла көрiнедi 
екен. Сендер 59 жылы Задақан, Жақсылық, Оразхандар қарайлас 
мектеп  тауысатын  секiлдi  едiңдер  ғой,  батыр  болып  кешiктiң 
бе, әлде татыр болып  кешiктiң бе?! - деп, қолымызды сілкілеп 
жатыр.
-  Алдағы  дәурен  талай  сырымызды  ортақтастырар,  Абай, 
аттың  жалы,    түйенiң  комында  бiр  ғана  ауыз  жауап  берсем 
өтiрiк  айтамын.  Өтiрiк  айту,  ұрлық  қылу,  болмысты  бұрмалау, 
ең  зор  қылмыс  екенiне  он  жасымда  ант    iшкемiн.  Сол  анттан 
таймаймын,- дедiм.
Абай бұл тiлегiме тiптi  қуанды. Менi тартып кеудеме кеудесiн 
соғып: 
- Алысқан қол, айқасқан құшақ деген осы! – дедi тебiренiп.
Абай    Боранбайұлы  1959  жылы  Шынжаң  институтының 
химия  факультетiнен  оқып  бітірген.  Газет-журнал  беттерiнде 
өлеңi  көп  жарияланған,  жұртқа  таныс  автор.  Ойлы,  күйлi, 
лирикалары,  жана  пiкiр,  тапқыр  тiлi  бар.  Айналайын  ата-ана, 
қазақтың  ұлы  әруағын  мәңгi  жоғалтпау  тiлегiмен  атын  Абай 
қойған. Болмаса да ұқсаған сол Абай осы. 
Бiз  жаңа  тыныс  тауып  жол  бағдарын  ұғынып,  әжептәуір 
желпiнiп отырған кезiмiзде бағанағы екi қыз тағы келдi. 
- Ақау, өзiмiздiң Абай мұнда отыр екен ғой. Гангуге бастап 
баратын    ауылдасыңды  ендi  таптын,  Қадиша!  -  деп  сартылдап 
сөйлей кiрдi екi қыздың үлкенi. Қадиша деп құралай көздi қара 
торы  қыз  бұл  жолы  маған  ұяң  мұңды  көрiндi.  Шалқып,  кейде 
төңкерiлiп  қарайтын  көз  қарасы,  қақпанға  түскен  кiнәсiз  киiк 
лағын еске түсiредi екен.
-  Мектебiмiздiң  мұғалимасы  болдың  ғой,  қарғам,  қарсы 
аламыз, қарсы аламыз! Машина қазiр жолға шығады. Тақ болып 
отыр!  -  деген  Кукеннiң  жартылай  ойғырша,  жартылай  қазақша 
бауырмалдығынан да  қысылатын тәрiздi, қызара мөлиiп жерге 
қарай бердi.
Ол  жылдарда  қазіргiдей  автобус  қатынасы  болмайды.  Иiсi 
Нансанға    жолаушы  апаратын  машина  бiреу-ақ.  Хушиа  деп 
аталатын кен районына  барып қайтады. Үстi кенеппен жабылған 
әскери  өндiрiсшiлердiң  қара  машинасы.  Апыр-топыр  соған 
шығып, билет сатып алдық. Мұқатай екеумiздiң мұқтажымызды 
сезген  Абай  құрылыс  ақшасынан  бес-бес  сомнан  қарыз  бердi. 
Мектеп iргесiнен аттамай жатып мүсәпiр  болғанымызға, қарыз 
алғанымызға  қысыламыз.  Сағидияның  айы  өтейiн  дедi.  Гангу 
орта  мектебiне  оқытушы  болып  баратынымызды  Сағатай,  
Аймұхаметтерге айтпай, қаржы сұрамай, жасырынғандай болып 
бара жатқан өзiм. Ендi бiреуден қарыз алғанымды Қадиша сезбесе 
екен деп  ойлаймын. Менiң осы қымтанған жерiмдi ашқандай:
-  Қарызды  мектепке  қайтарасыңдар  ғой,  Ғалым.  Жейтiн 
бiрдеме алып алыңдар жолда не табылар дейсiң! - деп Абай тағы 
да бес сом ұстатты. 
Мынау  қылмиған  қыз  бiзге  сын  үшiн,  жәбiр  үшiн 
қосылғандай. Сөзiм азайып, мiнезiм ауырлап, жат ортаның мысы 
басып тұрғанын сеземiн. 
- Не оқыдыңдар бес жыл iшiнде? - деп тақымдаған Абайға, 
қысқа  көңiлсiз  жауап  қайырғаным  да  сондықтан.  Институтта 
болса    Шекспер  драматизiмi  деймiсiң;  Ли  Бай,  Ду  Фу,  Байрон 
романтизiмi    деймiсiң;  Пушкин,  Лерментов,  ой  образдылығы  
деймiсiң; Балзак, Толстой, Мұхтар аренасы деймісің; ақты-бозды 
сыдыртар  едiм-ау!  Қасым  Аманжоловтың,  Хамит  Ерғалиевтың 
қазақ  әдебиетіндегi  еңбегiн,  мәнерін  тәп-тәуiр  тарататынмын. 
Шынжаң  әдебиетiндегi  формализiм    және  оның  қоғамдық 
қайнары  туралы  жазған  дисертатциялық  мақалам  да    бар. 
Амал  не,  отырған  орным  институттың  сабақханасы  емес,  дала 
қатынасының  шарқылдақ  машинасы.  Оның  үстiне  мынау  жұрт  
айтқаныңды  дұрыс түсiнсе жарайды. 
Машина Үрiмжiден отыз километр суырылып шыққан соң, 
бiздi  Иуңфыңчуй деген жерге қотарып  тастады да, көз ұшында 
бұлдыраған  қаратауға  сiңiп  көзден  ғайып  болды.  Ызыңдаған 
жел  кiсiнеген  кез  құйрық    үнiнен  басқа  дыбыс  өшкендей. 
Иуңфыңчуй  тау  сағасында  көсiлiп,  күнсiп  жатқан  қара  татыр 
екен.  Тынбай  толқыған  бұлдыр  сағым  iшiнен  үйрiм-үйрiм 
тораңғы  бараны,  қаракөк  түтін  будақталған  қоржалар,  елбең 
еткен  қаңбақ  байқалып  қалады.  Бiз  түсiп  қалған  жер  тоғыз 
жолдың торабы, шаңы  аспанға шығып жататын ауылдық округ 
орталығы  болып  шықты.  Бейпiл  жүрген    пенде  жоқ.  Қоянның 
тарлан қабырғасынан келетін аламыш атыздардың  iшiнен кейде 
қарға, ұзак, кейде орақ бау-ши көтерген  ер-әйел нарау  елбең етiп 
қалады. Құдай берсе алып, бермесе налып, жүрелеген жүрістен 
бiр тынбай қыбырлаған ел сияқты.

111
Абай мен Кукен Теректi дейтiн жерден жаяу асатын болып, 
кетiп қалған.  Бiздi алып қайтуға орта мектептiң арбасы келетiн 
көрiнедi.  Соны  тосып    жол  шетiнде  үшеумiз  ошақтың  үш 
бұтындай  шошайып  отырмыз.  Қадишаның  қауашақтай  ернi 
аңызғақтан жарыла кеберсіп маңайға мұңайып қарайды. Мұқатай 
екеумiз көңiлсiзде болса өзара әңгiмемiзге оны араластырмаймыз. 
Қаладан  алып  шыққан  аз  бунан,  пiрандiгiмiздi  өзiмiз  бөлiсiп 
жедiк.  “Қане  кел,  пiрандiк  ал!”  дегемiз  де  жоқ.  Бiр  ғажабы  ол 
бiзден ондай пейiл де дәметпеген-дi. Бiз тамақтанып бола берген 
кезде, қол сумкасын ашып таза қағазға оралған бiр жiлiк, піскен 
ет алып шықты да, алдымызға қойды.
- Сiздер жеңiздер! - деп күрсiне күлiмсiреп сумкасының аузын 
жауып жатыр. Мұнысы несi, «бермегендi берiп ұялт» дегенi ме, 
жоқ тағы да бiздi  көзге ұрған астамдығы ма! 
Ет,  неше  жылдан  берi  көзден  бұлбұл  ұшқан  семiз  ет,  мына 
қыздың сумкасын мекенденiп алыпты. 
-  Көкталдағы  атты  әскерлер  полкындағы  әпкем  кеше  алып 
келген екен, сiздерге бұйырыпты! - дедi қыз, зорлана езу тартып. 
Оның көзiндегi мұң сонда да айықпады.
Менiң  есiме  Қадишаны  дәмге  шақырмаған  ұятымнан 
бұрын,  өткен    жылы  Шағылбайдың  әкесi  Қамзаның  басы 
көлкiлдеп  өлгенi,    сақа  оқытушы  Камел  арықтың  iшiнен  шыға 
алмай    қалғаны,  Құсайынбайдың  кербез  бәйбiшесi  Ықыш 
көмусiз  қала  жаздап,  Ақбақан  сыңар  қолымен  сүйретiп,  жер 
ошақтай  ор  тырналап,  бетiн  зорға  жасырғаны  сияқты  ауылым 
жақтан  естiлген  суық  хабар  құлағымның  түбiне  ызындагандай 
болды.  Қышыманың  басын  сыпырып  жесек  те  тiрi    қалған  бiз 
бақыттымыз ғой қалайда!  Осыны бiле ме екен Қадиша?!  Әлде, 
мансап-мәртебенiң  мамық  төсегiнде  туылып,  ырғын  тұрмыс 
iшiнде    ержеткен  сылқымның  бiрi  ме  бұл  деп  ойладым  да 
орнымнан қалай тұрып  кеткенiмдi бiлмей қалдым. Жаутаңдаған 
қыз  көзiнен  дат,  шағым,  айыптау,  өкпе  сезсем  де  еттен  ауыз 
тимедiм. Аштан өлген туысымның аузынан  тартып алған атау-
кере емес пе дегендей етке өшiге қалдым.
Күн тас төбемiзден ауған шенде Гангуге бұрылатын шаңдақ 
жолдан үш ат жеккен  арбаның қарасы көрiндi. Аттары егей ме, 
алде арбакеш жындыбас па, жолдың шаңын шүйкедей шалқытып, 
ұйтқытып  келедi.  Жуықтай  бере  қияқ  мұртты,  қиықша  көздi, 
сарғыш  жiгiттiң  аттардың    қабырғасына  делбенi  сатыр-сұтыр 
соғып  түрегелiп  тұрғандығы    байқалды.  Бiздiң  жүгiмiз  үйiлген 
жерге жете бере, жалындай жалт бұрылған үш баран Қадишаны 
қағып кете жаздады. 
-  Дыр!  –  дедi  арбакеш  танаураған  аттарын  сабырға 
шақырғандай  ершiмдi  дауыспен:  -  Дыр…  р!  Әлгi  орта  мектеп 
мұғалiмi  сендер  ме?  -  деген  кезiнде  танауынан  мырыс  етiп 
дыбыс  жарыса  шықты.  Шаң-тозаң  басқан  түрiмiздi,  уыздай 
жастығымызды  қомсына  ма,  қусырылған  етсiз  танауымен, 
қиықша  сұрғылт  жанарында  айықпас  бiр  күлкi,  қытық  тұр. 
Иен  жер  болса  “мәссаған  мұғалiм!”  деп  iшек  сiлесi  қатқанша 
күлетiн  сияқтанады. Үстiмiздегi жай трико сым, шапан. Момын 
қара  деп  аталатын  шүберек  шақайымыз  да  оның  күлкiсiн 
асқындыратындай.
- Гангу орта мектебiне баратын жаңа мұғалiмдердi iздеп келген 
болсаңыз, бiз! - дедiм мен, оның комсынғанына намыстанып.
Арбакештiң желбезегi бүлк ете түстi. Аты - Мұқаш екен.
-  Кұлмұқаш  дейдi  менi.  Ақсүйектiң  ұлы  болған  соң,    менi 
солай  атайды,  -  деп  арбаның  қажалғанындай  қиқ  етiп  күлiп 
қойды. - Ал, сенiң атың Мұқатай екен. Тарбағатайлық көрiнесiң. 
Бiзде  тарбағатайлық  шешен,  iлелiк  көсем  дейтiндер  иттiң 
басына  төгiледi.  Алтайлық  әлкеуде  ғана  кем  болып  тұрғаны. 
Алтайлықтарың жоқ па  мұнда?! - деп Қадишаға көзiнiң қиығымен 
жымын еттi де, бишiгiн үйiре ысқырып қалды Мұқаш. Үш баран 
ат  жегiлген  арбаны  жұқа    қозғалтқанда  Мұқатай  шалқасынан 
құлап, Қадиша екеумiзге келiп соғылды. 
- Е-еу! мен жалғыз баласымын Жанұзактың
Ойнастан туған деген аңыз аппын.
Шешеме куә өзiң деп көп жабыстым,
“Оттама!” дейдi , өзiм де доңыз ақпын-ай. 
Ахау, боз бала-ай,
Өттi-ау, заман. 
Қош бол аман
Жиырма бес қайта айланып келмес маған! - деп ән шырқап 
барады Мұқаш.
Тосыннан  көтерiлген  әнге  елегiзе  құлақ  тiккен  Мұқатай 
екеумiз мәз-мейрам болып күлдiк. Қадиша төмен қарап  қызара 
езу тартты.
Өз  тумысы  үшiн  шешесiн  куәға  тартқан  Мұқаш  мiнезi  әрi 
аңғал, әрi әдiл сезiлдi маған.
-  Айғақ  –  керішiнi  бұлтартпастай  жерден  iздеген  екенсiз,- 
деймiн күле тұрып.
- Жұрт қысай берген соң, ендi қайтейiн! - дейдi Мұқаш мiз 
бақпастан.
Бiз  Мұқаш  айтқан  жаяу  қалжақ,  дарбаза  әңгiмеге  елiгiп 
Гангуге қалай  жеткенiмiздi сезбей қалыппыз.
Гангу  (Құрғақсай)    аталғанмен  жаман  жер  емес  екен.  Бел-
белестерден    самырсын–шетенi  мiнбелеп,  жасыл  тепсең,  сай-
саласы  қолтығын  созып  бұта-бүргенi  шалқыған  кең  аңғардың 
аузына мектеп пен ауылдық үкімет қатар орналасыпты. Мектептiң 
алдын кесiп ағатын әжептәуiр бұлақ суы  аңғарды қуа созылып, 
бұзау, лақ, қаз, үйрек, бала-шағаны бойына жиған. Мұқаш бiздi 
бұлақ бойына түсiрдi де:
- Жә, мектептерiң анау, бара берiңдер! Бұл маңдағы тiрi жан, 
тiстi  бақа    бүгiн  Гүлтекше  деген  жерде,  ет  пен  қымызға  бөгiп 
жатыр.  “Көсе  бала”  бағана  сендердi  алып  келуге  менi  жұмсап, 
несiбемнен қаққан болатын. Ендi опырып келейiн мен сол жерді! 
- деп өрлей жөнелдi. 
«Е, еу! Мен жалғыз баласымын Жанұзақтың…» Ән ауылдық 
үкімет  кеңселерiнiң  тұсына  дейiн  естiлiп  тұрды  да,  онан  әрі 
алыстан әлсiреп, ақыры естiлмей кеттi. 
- Қызық кiсi екен! - деп күлдi Қадиша. 
- Жақсы азамат екен! - дедi Мұқатай. Менiң көңлiмде осыған 
жуық бiр сезiм пайда болған - ды.
Бiз  бұлақ  суына  жуынып,  шайынып,  таудың  таза  салқын 
ауасынан жұтынып рахаттанып калдық. Маңайымызға аңыстап 
қарап қоямыз, түсі таныс бiреу, балажан қазақ кемпiр көрiнбес пе 
екен деп емекситiн болсақ  керек. Бар танығаным Абай, Кукен, 
Мұқаш. Олардың ықыласы өздерiмен  бiрге кеткен.
Бұлақтың ар жағындағы жүз метрдей жерде ғана мектептiң 
оқыту ғимараты көрiнiп тұр. Сырты ізбеспен жаңадан ағартылған, 
терезелерi там бойы, он-жиырма кластың төбесi шатыршаланып 
бiр-ақ жабылған, таза мектеп танысымыздай жылы ұшырайды. 
Бiздiң ендiгi  тұрағымыз, қоғамдық тағдырымыздың  бесiгi  осы. 
Кiм  боламыз,  қандай  талқыға  түсемiз,  не  мiндетке  жегiлемiз  - 
оған көз жетпейдi. Мұғалiм деген есiм ғана қасиеттi, ұлы есiм!.. 
Сол ұлылықтың  табалдырығына жетiп тұрмыз бүгiн. Жүрегiм 
дүрсiлдеп қоя бердi. Қуаныштан да, қорқыныштан да дүрсiлдей 
бередi ғой бейбақ жүрек!
Оқыту ғимаратының  шығыс солтүстiк қанатынан көлденең 
созылған  бiр  корпус  жатаған  үй  байқалған-ды.  Соның  арғы 
шетiнен  далаға  шыққан  жастау  екi  қыз  бiзге  қарап  жүрдi. 
Үстiлерiнде қызыл мәліскен көйлек, барқыт желетке, балағының 
аузын бүрген шалбарлары бар. Жүк шамаданымызға қарағыштап 
бiрiн-бiрi түрткiлей бiзге жақындап келедi. 
- Жаңа келген мұғалімсіздер ме? - деп қалды өжеттеу бiреуi. 
-  Арбадан  әзiр  түскен  едiк,  жатар  орынның  жөн-жосығын 
бiлмей тұрмыз! - дедiм мен, әлгi екi оқушыдан бетер қипақтап. 
Үлкен инабатты кiсiлерден сескенбейтiн көңiлiм, бұл балалардан 
қалай  сескенгенiне  қайран  қалдым.  Кейiн  ойласам  әкемнiң 
қарапайым халықшыл қасиетi екені менi  сескендiрген.
-  Бүгiн  мектепте  ие  боларлықтай  кiсi  жоқ,  мұғалімдер 
жатағына  кiргiзiп,  тамақтандыра  тұрайық.  Кешке  бiр  жөнi 
болар! - дедi екi оқушының  өжеттiрегi серiгiне сөйлеген болып, 
бiзге  баратын  орынды  нұсқады.  Жас  басымен  салыстырғанда 
байыпты, сұңғыла, кiсiнiң порымын танытады. Аты - Бижамал 
екен. Жетiншi сыныпта оқитын көрiнедi. 
Бiз  асты-үстi  тақтайлы  жатаққа  кiрiп  дем  алдық.  Ретсiз 
жиналған  көрпе-жастық, киiм – кешектерден - ақ бұл тұрақ ер 
мұғалiмдер жатағы екенi бiлiнiп тұр. Қадиша жатақ iшiне қарап 
аз отырған соң, миығынан күле жүрiп бәрiн де реттедi. Едендi 
сыпырды. Төсек-орындарды қырлап жинады. Қалай болса, солай 
тасталған  киімдерді  iлiп  қойды.  Қыздың  қолы  тигеннен  кейiн 
жатақтың iшi кәдiмгiдей әрленіп, жұтына қалды. 

112
Тау табиғатына сай құбылыс бұл жерде де айқын екен. Күн 
таудан  аса  бере-ақ  ымырт  үйiрiледi.  Байғыз,  үкi,  ит  дауысы 
күшейiп, күндiзгi ыстық орнын ауыр салқын ауа басты. 
Шаршап келген Мұқатай екеумiз тамақтанып бола сала кез 
келген  төсекке  қисая  кеткенбiз.  Ел  жатар  уақыт  болса  керек, 
залдың iшi ара түскендей гулеп,  ию-қию болғанына ояндық.
-  Әй,  Құлмұқаш-ай,  әй,  қояншық  неме!  -  дейдi  бiр  айғай 
өзеленiп:  -  Қоя  бер  анау  аттарыңды.  Аузы  араққа  тиген  соң-ақ 
өсти қалады бұл жынды.
-  Қақ,  қақшы  қалтаңды,  Рақа!  -  деп  пысуы  асып  кеткен 
iрiмшiктей шұрқылдайды бiреу. Аздан кейiн бiз жатқан жатақтың 
есiгi ашылып әлгi топ қотарыла кiргендей болды. Ол кезде Гангуге 
электр жарығы бара қоймаған, бiреуi кiрпiш пештiң мойнындағы 
майшамды тамызып, жатақ iшiне сәп салғандай болды. 
-  Мiне  қызық,  мынау  қасқыр  қайдан  келе  қалған  адамзат 
мекенiне?!  -  дедi  шiңкiлдеген  дауысты  біреу.  Мұқатай  жатқан 
төсек жақтан.
- Оһо, мынауың кiм? Мынауымның жатысы бөлек екен. Менiң 
әкем  Мұсабектен  бетер  баса  көктеп  терiсiн  жайып  тастапты 
мүлдем. Қасқыр екенi рас болса арланы осы  шығар! - дейдi бет-
аузынан бiр қазан ет шығарлық семiз бiреу менiң бетiме фонарик 
сәулесiн түсiрiп.
-  Есен-сау  келдiңiздер  ме?!  -  дедiм  мен,  жарықтан  көзiмдi 
қашыра, басымды  көтерiп.
- Бiз ғой есен–саумыз, әкетай, ал өздерiң  ауырып-сырқағаннан  
амансыңдар ма? - деп тарбақ танауын шүйiре тартып маған үңiле 
қарап қойды, Мұқатайдың қасына отырған бұйра бас қара жiгiт.
-  Ау,  Оразан,  Рақымжан,  хал-жағдайымызды  осы  жерден 
қайырып алайық. Жаңа көрiскен жолдастарға таныстық берудiң 
орнына, тасыраңдай жөнелсек әдепсiздiк болмай ма?!. Малшы, 
қойшы емес, оқытушы, ұстазбыз ғой бәрiмiз - дедi үлкен шегір 
көзді  жалпақ  бетті  қызылсары  жiгiт:  -  Алдымен  таныстық 
жасайық. Менiң атым - Ұлтуған, геометрия, саясат сабақтарын 
берем. Мынау жылым қараның аты - Ғинаят. Ғинаят Абылқақұлы 
көрнектi әдебиет сыншысы, жоғары кластарға әдебиет сабағын 
өтедi.  Анау  таңқы  танаудың  аты  -  Рақымжан.  Рақымжан 
Оралханұлы  тарих  сабағынын  маманы,  музыкант,  қызға 
қырындаудың  да  шеберi.  Мынау  жуан  бас,  қызыл  көздiң  аты  - 
Оразан. Оразан Мұсабекұлы талантты әртiс, әрi талантты аспаз. 
Ет болса қазанға салып қайната беруге, нан болса  шикiлi–пiсiлi 
шайната  беруге  жарайтындай.  Мынау  күлекеш,  қыр  мұрынды  
жұқалтаң жiгiттiң аты - Оразиман. Мектебiмiздiң оқыту бөлiмнiң 
меңгерушiсi,  сұр  бойдақ,  ал  өздерiң  кiм  боласыңдар,  әлгi 
Мұқаштың сiлекейiн шұбыртқан, сұлу мұғалималарың қайда?  
Соңғы сұрау өзгелердiң де делебесiн қоздырып жiбердi.
- Иә, сол қайда?! 
- Көкетайымды екi қасқыр жаукемдеп қоймады ма екен деп 
ойлағанымда қымыз кеңiрдегiмдi  қырық түйнемедi ме менiң! – 
деп әңгiмеге елеурей араласты Оразанман.
Мен  аты  жөнiмiздi,  оқып  келген  кәсiбiмiздi  қысқа 
таныстырып,  жатаққа  рұқсатсыз  жатқан  айыбымызға  кешiрiм 
сұрадым. Қадишаны қайда алып кеткенiне бұлар тұрмақ, өзiмiз 
зар  болып  отырмыз.  Бағана  тамақтанып  болған  соң  оқушы 
балалар  оны  ертiп  шығып  кеткен.  Содан  оралған  жоқ.  Мүмкiн 
қыздар  жатағына  барып  жатқан  шығар,  мүмкiн    семьялардың 
бiрiне  барып  қонған  шығар.  Алғашқы  астамдығы  үшiн  iшке 
бүккен  өкпе-сақпамыз  болса  да,  мына  мұғалiмдер  Қадишаны 
бiздiң туысымыз есептеп лақабына табыттарын қағып отыр ғой. 
Ойласа ойлай берсiн, солай-ақ. Қадиша ұятқа қалдырарлық қыз 
емес сияқты. Оған жақын саналғанымыз үшiн Мұқатай екеумiз 
де ренжiмеймiз.
Ертеңiнде  мектептiң  оқытушы,  қызыметкерлерi  және  сабақ 
бастауға    алдын  ала  жиылған  оқушылары  болып,  жүз  елудей 
адам бiздi қарсы алу  жоралғысын өткiздi. 
-  Жолдастар,  сабақтастар!  -  дедi  кең  кластың  алдындағы 
оқытушы  мiнбелерiне көтерiлген Оразиман аузын кәрi қыздай 
бүрiстiрiп.  -  Ұлы  Жұңго    (Ұлы  Қытай)  комунистiк  партиясы 
мен  ұлы    көсемiмiз    Мау  Зыдұңның  дана  басшылығында,  үш 
қызылтудың  жебеуiнде,  автоном  райондық  парткомның  теңдiк, 
береке  саясатының  арқасында,  мектебiмiздiң  оқу-ағарту  iсi 
қарыштап  Шынжаң    педагогика  институтын  тауысқан  бiр 
топ  жаңа,  жас  мұғалiмдер  кеше  ғана    босағамыздан  аттады!,  -  
танауы қусырыла күлiмсiреп, көсiле түсетiндей  сыңай байқатты 
Оразиман.
- Сонда қарсы аламыз ба, қуып шығамыз ба? - дедi арт жақта 
отырған Оразан, моп-момақан ғана сұрау қойып.
-  Е,  қарсы  аламыз  -  деп  жаңғалақтана  шапалақ  соқты 
Оразиман.  Класс  iшi  желі  басына  мың  жылқы  келгендей 
дүрлiгiп басылды. Партаның төбесiн, тақтай едендi  дүсiрлетiп 
отырғандар жоқ емес.
-  Жә,  жә,  тынышталыңдар!  -дедi  Оразиман  әлде  не  себептi 
кiлт ете  түскендей, құлағы тебiнгiдей қалқиып, қызарып кеттi. 
- Мектеп меңгерушiсi  Молдаш жолдасты сөзге ұсыныс етемiз.
Тағы  да  шапалақ  үнi  дүрiлдедi.  Отырғандарға  бiз  қандай 
жат, жаңа сезiлсек, олар да бiзге сондай жат, жаңа сезiледi. Киiм 
үлгiсi,  мiнез  құлқы,  сырғуаң,  одағай,  жас  мөлшерi  де  әркелкi 
өзiмiзге жете қабыл, тiптi  өзiмiзден ересек оқушылар да, кенже 
туған қозы-лақтай бүлдіршін балалар да бар. Қарсы алуға пейiл 
бергенi де, қарсы алуды ермек, қызық көргенi де аз емес.
Жұрт қатарында ойланып отырған бота көздi, қыр мұрынды, 
қызыл  кепештi,  көсе  жiгiт  орнынан  тұрды  да,  алдымен  кеше 
келген үшеумiздiң қолымызды  бiрден, бiрден алып: 
-  Қарсы  аламыз,  жас  мұғалiмдер,  ыстық  ықыласпен  қарсы 
аламыз сiздердi! - дедi бауырмал үнмен. Ол сөйлеп жүрiп мiнбеге 
көтерiлдi:  -  Сiздердiң  жолға  шыққандарыңызды  кеше  таңертен 
ғана  аудандық  сыртқы  сауданың  бiр  кадрынан  естiп,  сейiл–
серуенiмiздi  кешiктiре  алмаған  едiк.  Иен  мектепке  келiп,  бiр 
күн болса да, алаң-ашық сезiнiп қалдыңыздар-ау!  Кешiрiңiздер, 
жолдастар, кешiрiңiздер! 
Мұқаштың  кешегi  “Көсе  бала”  дегенi  осы  кiсi  болды.  Бет 
аузында бiр   тал  қылтанақ жоқ. Қызыл кепеш,  ақ көйлек, қара 
желеткесiмен  қазақтың  кәдiмгi  бозбаласындай  көрiнгенiмен, 
бiлгенi мол, саналы азамат сияқтанды.
Молдаштың  сөйлеген  кезiндегi  салауатты  қимыл-
қозғалысындағы, көз қарасындағы мысы басым екен. Сөйлеген 
сайын  салмақ  тартып,  iрiлеп,  бөгде  қимыл,  бөстекi  сөздi  ойлы 
қабағымен тиып, баурап алды. 
-  Гангу  мектебi  бастауыш,  толықсыз  кластардан  дамып, 
орта  класс  ашқанына    биыл  үш  жыл  болды.  Мынау  Оразан, 
Масия, Тұрдығазы алғашқы толық  орта класымыздың түлектерi 
болатын.  1958  жылы  Құлжа  педагогика  мектебiн  тауысып, 
Есімбек,  Рақымжан,  Ұлтуған,  Бейсенбайлар  келдi.  Шынжаң 
институтың, Үрімжi дарылфынын тауысып Абай, Ғинаят, Кукен, 
Әмiрбай, Гүлзиялар жеттi. Мiне, сiздер келiп қалдыңыздар бұл 
ұлттық мәдениетiмiздiң қуанышы, халықтық оқу–ағартумыздың 
қуанышы,  халықтық  оқу-ағартудың  мақсаты,  жұрт    арманы!,- 
дейді Молдаш. 
Молдаштың  мiнезiнде,  сөзiнде  титтей  жасанды,  жалған 
жарамсақтық жоқ, табиғаттай мерейлi, үстем екен. Сол шаттықты 
алақайлағандай  шапалақ үнi дауылдай көтерiп, гулеп кеттi.  
- Мен гоминдан уағында оқыған адаммын, - дедi ол, әлденеге 
күмiлжiгендей болып: - Бар-жоғы жетi жылдық оқуды тауысқан 
соң,  жаңа  өкiметпен  бiрге  қызметке  шықтым.  Қабiлетiм 
шектi,  бiлiмiм  саяз,  институт,  университет  таусып  келген  iнi–
қарындастарыма ғылыми жақтан жетекшiлiк ете алмайтынымды, 
заман  көксеп  отырған  жаратылыстық,  қоғамдық  пән  жүйесiн 
меңгере  алмайтынымды  бiлемiн.  Оның  үстiне,  саяси    идеялық 
жұмысты қалай жүргiзу керектiгiн өзiм де түсiнiп кеткенiм жоқ. 
Тек сiздерге сүйенiш болып, қазақ оқу-ағартуын заманға лайық 
бiр деңгейге көтере алсам дейтiн арманым ғана бар!
Меңгерушiнiң  шын  тебiренiсi    бүлк-бүлк  ете  алқынған, 
қобалжыған  өңiнен бiлiнедi. Кеңiрдегiне келiп кептелiп, аузынан 
шықпай тұрған талай  мұң, мұқтаж, саяси қамдау, қоршау, шырға, 
махаббат, арман жатқан секiлдi. Ендi сөйлесе төгiлiп кетердей, 
көз шарасында мөлдiреп шық тұр. Соны  сезген Мұқатай, Қадиша 
үшеумiз  ереуiлдегендей  шапалақ  ұрдық.  Бiзге  аз    дағдарып, 
аңыра  қараған  өзге  оқытушы,  оқушылар  да  шапалақ    соқты. 
Шын сөздiң, шын ниеттiң құндалуы тұңғыш рет болып отырған 
бiр  аңтарылу  байқалды.  Бұрын  керексіз,  елеп  ескерiлмейтiн 
iстердiң де  маңыз алатынын сезiнгендей бiр күй. Абай, Ұлтуған, 
Кукен,  Рақымжан    төртеуi  бiзге  тiлектес  екендiктерiн  бiлдiре 
шапалақтарынан,  көздерiнен      нұр  бөлiп  берiп  жатыр.  Бiздiң 


1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал